Latin Common Turkic

Көңіл көмбесі - 08

Total number of words is 3886
Total number of unique words is 2289
26.4 of words are in the 2000 most common words
38.8 of words are in the 5000 most common words
45.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
1983 жылы Ташкенттегі Бүкілодақтық фирмадан «Жетісу әуендер» күйтабағы, 1995 жылы
Қытайда үнтаспасы шықты. Беріде Алматыдан «Шу толқындары» өлеңдер жинағы жарық
көрді.
Аязды көзі қарақты, көңілі ояу қазақ алақанында аялайды.
Кенекеңнің тойына шымкенттіктер делегациясы құрамында келген, Шудан шыққан талантты
жазушы Қарауылбек Қазиев Аязды көрген бойда құлап түсіп еді. Аяздың ән, термелері
Қарауылбектің үзбей тыңдайтын үнтаспалары жинағынан түскен емес. Тіптен, Аязды Оңтүстік
өңіріне арнайы шақырып, қазақтың құйқалы ел-жұртына өнерін тамашалатқанын қайтерсің.
Аяздың үнтаспасының Қытайдан жарық көруіне кезіндегі «Ақбақай» кен байыту АҚ
президенті Төлеухан Оспанбеков демеушілік көрсетіпті.
1999 және 2000 жылдары Мәскеуде тұратын қазақтар Аязды арнайы шақырып, туған жер
өнерін тамашалап, мауқын басты. Аяздың бұл сапарларына Жәнібек Елікбаев деген ұлтжанды
азамат қолдау жасады.
Осыдан бірер жыл бұрын қазақ телевизиясы белгілі қаламгер Орысбай Өбілдаевтың отбасы
туралы бейнефильм керсетті. Ол кісінің өзі де, балалары да домбыра тартып, ән айтады екен.
Бәрі бір кісідей ездерін Аяздың шәкіртіміз деп отырды.
Шынында, Аязды ақын, әнші-термеші ретінде ұстаз тұтқан өнерпаздар аз емес. Өзімбек
Жанқұлиев, Базарбай Асқаров, Бейбіт Шошабаев тәрізді белгілі енерпаздар - Аяздың
шәкірттері. Бұлардың кейбіреуі айтыста Аяз жеткен биіктен асып түсті, бірақ бір нәрсе анықолар Аязға еліктеп ақын, әнші болған, ал, Аяздың әншілік, жыршылық енерінің өріне
көтерілген шәкірт табыла қояр ма екен. Домбыра мен әуезді соншама жымдастырып, сөздің
мағынасын мейлінше жетік түсініп, сазды сан құбылтып айту Аязға ғана тән десек артық
айтқандық емес. Айтысты Аяз қойғанымен, айтыскерлер Аяздың әнімен және мақамымен
айтудан аттай алмай келеді. Өйткені Аяз - айтысқа нағыз халықтық әуен әкелген сазгер. Оның
ерекше бір атап етерлік таланты шығыс поэзиясының жауһары Омар һәйәм рубайларын өзгеше
мақаммен жырлауы болды. Омардың теңдессіз тәржімашы Қуандьщ Шыңғытбаевтың
қазақшалаған рубайлары Аяздың орындауында жұртшылықтың іңкәр дүниесіне айналғалы
қашан. Бұл күнде ол Омар һәйәмның Арғынбай ағасы аударған рубайларын, Арекеңнің Омарша
толғаған төрт тағандарын нәшіне келтіріп айтып жүр.
Аяз - тамаша жыршы. Есте сақтау қабілеті ерен, бір ғана Омар һәйәмнің 1000 жылдан астам
жырын жатқа айтады екен. Бұл -ерекше өнер.
Аяздың өзі шығарған әндері де бір төбе. Өзі, әнші жары Гүлшара Сәуірбайқызы, қызы
Айзада, сазгер-термеші шәкірті Бейбіт Шошабаев болып Аяз әндерін айтқанда үлкен бір
концерт түзіледі екен. «Жұлынған гүл», «Қызғалдақ», «Сағыныш» сияқты лирикалық әндерді
әр жерден естіп жүрміз.
Әкесі Бекетай майданға аттанғанда артында ұлдары - төрт айлық Аяз бен бес жасар
Сарноғайды жас жары Дәнебала құшақтап қала берген екен. Ана солдат түтінін өшірмей, екі
ұлын да ел қатарына қосты. Сол қос жетім ұлдың бірі - бүгінде қалың қазаққа талантымен
танылып отырған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет» орденінің
иегері Аяз ақын.
Өнерің өрге басып, өмірің өсе берсін, арқалы ақын, жезтаңдай жыршы, саңлақ сазгер, Аяз!
Інім!
ЖАНЫ ІЗГІ ІНІ
Болат екеумізді жақындастырған менің «Шаншар атай» атты драмам. «Шаншар атай» 1979
жылы Жамбыл облыстық драма театрында сахналанды. Пьеса кейіпкерінің дені - балалар.
Спектакльді қоюшы-режиссер Тұрар Дүйсебаев балалардың рөлін ойнауға Жамбыл мәдениағарту училищесінің бірнеше түлегін шақырыпты. Ішінде Болат та бар екен. Болаттың еншісіне
сотанақ, сонымен бірге ақ көңіл, ақылды бала Санатбай тиді. Болаттың өзі де сондай бала-ау
деймін, Санатбайды сан түрлі етіп құбылтып, құлпыртып, ең бастысы өмірдің езіндей етіп
ойнады.
Спектакль Бүкілодақтық байқаудың бас жүлдесіне ие болып, даңққа бөленді. Мен қазір
ойлаймын: Санатбайды Болат сомдамағанда спектакль діттеген жерден шықпас еді. Ауылдың
қағілез әдемі баласы Болаттың оң жамбасына келгендігі сонша (спектакльді көрген адам қайран
қалатын.
Мен Болаттың талантты жас екенін бірден таныдым, екеуміздің арамызда ағалы-інілі әдемі
қатынас орнықты. Содан бері сыйластығымыз бір мысқал да пәсең тартқан емес.
Болат біраз уақыт өнер ауылын жағалап жүрді де ат басын журналистикаға біржола бұрды,
осы саланың жоғары білімді маманы болып алды.
Біз бір ұжымда бірге еңбек еттік. Сол жылдары облыстық «Ақ жол» газеттің басшылығында
істейтін мен Болаттың азаматтық өсу, кәсіптік шыңдалу жолын өте жақсы білемін. Намысқой
екен, демде-ақ аз жазса да саз жазатын қаламгер болды, журналистиканың қатты-қайрым
шаруасының барлығын атқара беретін дәрежеге жетті. Осы тұста облыстық «Ар-Ай» жастар
газеті ашылып, оның вас редакторлығына Болат Бекжанов тағайындалды. «Адамды сынағың
келсе, қолына билік бер» - деген сыңайлы бір сөз бар, сол рас. Бас редакторлық Болаттың
сыналар кезінің келгені еді.
Болат бұл жұмысты ұршықша үйіріп әкетті. Облыс баспасөзінің қара шаңырағы «Ақ
жолдан» жақсы тәрбие алып, жеткілікті шыныққан екен, газет жұмысының барша ыстықсуығына қайыспай, «Ар-Айды» байыпты, іскер басқарып отыр.
Мен «Ар-Айдың» жас журналистерімен аз-кем араласқан сайын Болаттың адам
танығыштығына қайран қаламын. «Ар-Айға» журналист ағайындарға да, оқырмандарға да
беймәлім өң өрімдей жастарды жинап, жақсы газет шығару, әлбетте, оңай шара емес, ал Болат
сондай тәуекелге барды. Қуаныштысы, ол іріктеген жастар сенімнен шықты. Біреуін атасақ,
өзгесінің көңілін қалдырар, бәрі жазғыш жастар газетті қазір тамаша етіп шығарып жүр.
Болат ол жастарға ақылшы аға, қамқор да қатал талап қойғыш бастық болып отыр.
Шығармашыл ұжымды алуан тақырыпқа қайрап салып, жастардың жазғанын ұқсатып жариялау
бас ре-дактордан мол білім-біліктілікті талап етеді. Бас редактор ез қызметкерлерінен оқ бойы
озық болуы керек. Болат қазір дәл сондай бас редактор. Ол, шын мөнінде, облыс, тіптен
республика бас редакторлар корпусының саңлақ сардарының бірі, ақын, жазушы-драматург.
Сол Болат, жас Болат елуге келіпті. Тәйірі не, елу - ердің жасы.
Сенің таланттың сәйгүлік торысына қамшыны аямай басатын, қызмет бас палдағына
жасқанбай ерлейтін жасың бұл, Болат. Әмісе сені өрден керейік, Жаны ізгі іні!
АУЫЛ АДАМЫН АСҚАҚТАТҚАН
Шулық журналист-жазушы Ахметжан Қосақов телефон шалып, «Қанатбай қарт биыл
сексенге толады. Кітап жазылыл еді, оқып шығып, алғысөз жазып берсеңіз қайтеді?» - деп
сұрады.
Сыйлас, ауылдас ініме етқызумен «Мақұл», - деп қалып, біраздан соң әлейім-жәлейім
күйгетүстім. Сондағы мені мазалаған ой - кейбір қарттардың қолдарынан келмейтініне қарамай,
белесті жасқа жетті екен, әдеп кітап шығарып жататыны. Нәтижесінде жылымшы бірдеңелер
жарық көріп, оларды мақтайтындар да табыла кетеді. Шу еліне мол қадір-қасиетімен сыйлы,
ғибратты өмір кешіп келе жатқан қарт Қанатбай Рысмендиев те осындай тірлікке барса, қайтем,
мақтап ала женелемін бе, жоқ... Өз-өзімнен өстіп азапқа түстім.
Бай болғыр Ахметжан қолжазбаны ізін суытпай қолыма тигізгені, алғашқы сөйлемдерін
оқысымен, кеудем кеңіп сала берді. Ахмет-жан ақсақалды қинамай, оның өмір жолын өзі
жазыпты. Енді гәп басқа, кітап, жақсы ма, жаман ба, ол жағы - Ахметжанға сын.
Мен Ахметжанды асыра мақтамайын деп өзімді-өзім тәк-тәктап отырмын, әйтпесе, қаламдас
інім бір деммен оқитын әдемі, татым-ды туынды әкеліпті өмірге. Оның ең басты жетістігі қаламгер өз кейіпкерін өте жақсы біледі. Шығармаға ең әуелі керегі - автордың ез кейіпкері
болмысының барлық қатпарына ендеп те, бойлап та қанық болуы. Ахметжан кітабының табысы
да осы.
А.Қосақов кітабын «Өмір-өкініш», «Өмір-өнеге», «Өмір-өзен» атты үш белім етіп түзген,
сейтіп, әр белімнің атына сай келетін етіп Қанатбай Рысмендиевтің өмір шежіресін шерткен.
Осы бөлімдердің бірінде Ахметжан жазушы, бірінде ақын, бірінде журналист болып қалам
тербейді. Дегенмен, мақсат біреу - ол Қанатбай қарттың толыққанды бейнесін жасау.
Ахметжан бұл мақсатына жеткен. Ал, шындығында, Қанатбай ақсақалдың өмірі бүдан үлкен
кітапқа да арқау боларлықтай өте бай. Қанекеңнің емір жолы беті жай жылжып жататын, асты
алапат ағынды езен іспетті. Әмісе сыпайы, ойлы жүретін, жан ,баласын ренжітіп көрмеген бұл
қария - сейлесе қалсаң, шежіре, айтар ақылы, лұғаты мол абыз. «Ақырын жүріп, анық басқан»
ақсақал - өмірдегі өз үлесінен құры қалмаған бақытты, бақуатты адам. Шырайлы да шынайы
жары Әсембала екеуі өмірге он бала әкеліп, тәлім-тәрбиелі етіп есірген. Әттегенайы, аяулы
жары өмірден озған. Сол ғана қартты қамықтырады.
Қанекең - қызмет деп аталатын бәйгеде де оза шапқан аға. Бір ғажабы - ол кісі өмірінде бірақ қызметті қаузаған – ауылдық кеңестің хатшысы, төрағасы болған. Мұндай өмірінде бір-ақ
адамды сүйіп, өсіп-өнген, бір-ақ қызметтің баянын көрген адам некен-саяқ. Кітап кейіпкерінің
оқырмандар ғибрат аларлық ең ғажап тұсы ді осы болар, сірә.
Алғыс сөздің діттейтіні көпіртіп мақтау да, тұқыртып даттау да емес, тоқ етерін әділ де нақты
айтуға сайса керек. Осы тұрғыдан келер болсақ, Ахметжан өз кейіпкерінің - Қанатбай қарттың
өмір кезеңдерін әдебиет пен журналистиканың барлық құралдарының басын тоғыстыра отырып
толғап, үлкенге үлгі, кішіге өнеге боларлық әдемі кітап жазған.
Бұрын Кеңес Одағының батыры Сәду Шәкіров ағамыз жөнінде кітап жазған, драма
жанрында да қалам қарымын байқаған, өлеңдері баспасөз бетінде жарияланған, ән мәтініне
айналған Ахметжан мына кітабы арқылы көп өскенін көрсетіп отыр. Осы бағытыңнан таймай
сілтей бер, інім!
Сенің назарыңа өмірі нұрлы, ғибратты Қанатбай іспетті қарттар бәрімізден бұрын түседі.
Өйткені сен - өмірдің қайнаған ортасында жүрген қаламгерсің. Осы қалпыңнан айныма,
бағытыңнан тан-ба, Ахметжан!
Ал, Қанекеңе, Қанатбай ақсақалға айтарым: бала-шағаңызға бас-көз болып жүре беріңіз!
Сіз - Қанатбай ақсақал - бақытты қартсыз!
ЖАСТАР ҚЫЗЫҒА ОҚИТЫН ШЫҒАРМА
«Жазушы» баспасынан жыл сайын біздің облысымыз қаламгерлерінің туындылары өз әлқадарынша жарық көріп келеді. Міне, биыл да сондай дүниелердің бірі - жас жазушы Әлімқұл
Бүркітбаевтың «Мұғалім» деп аталатын кітабы өмірге жолдама алып, оқырмандар қолына келіп
таді.
Әлімқұлдың есімі баспасөз бетінде соңғы үш-төрт жылдың бедерінде керіне бастады. Сол
кезде осы өзіміздің «Еңбек туы» газетінің мәдениет және тұрмыс бөлімінде істеп жүрген маған
«Мына жігіттің жазған повестері бар екен. Оқып көрші», - деп таныстырып еді Әлімқұлды бір
дос. Жас қаламгер творчестволық жолын әдебиеттің кішігірім жанрынан бастау керек деген
ұғым бар. Бірақ ол шартты емес, әрине. Оны әдебиет алыптарының да, қазіргі әр деңгейде
жүрген қаламгерлердің де жүріп еткен жолы дәлелдеген.
Дегенмен әу дегеннен әдебиеттің етегінен емес, шалғайынан алған жігіттің жазғандарына
белім қызметкерлері қызыға көз салып едік. Бірден байкағанымыз: Әлімқұл өзі керген өмір
үзіктерін жап-жақсы баяндай алады екен. Жетіспей жатқан жері көп-ақ, автор тілді еркін, жатық
пайдалана алмайды. Осы іспетті сын-ескертпелер айтылып еді, Әлімқұл қызарақтамады,
керісінше қуанып, сыннан қорытынды шығаратындығын білдірді. Арада екі-үш күн өтпей ол
редакцияға қайтып келді. Бүл жолы біз мына жігіттің еңбекқорлығына таңданып қалдық.
Жылдам жазатын алғыр сергек жігіт болып шықты Әлімқұл. Осы мінезінен ол күні бүгінге
дейін айныған емес.
Әлімқұл спорт тақырыбына қалам тартады. Мұның өзі өте заңды да. Өмірді білмейінше
өміршең дүние тумайды. Әлімқұл Бүркітбаев кезінде белгілі спортшы болған, бокстан СССР
спорт шебері, қазір «Алатау» футбол командасының бастығы. Осыдан кейін Әлімқұлды
споршылар өмірін білмейді, деп айта алмайсыз. Сонда да болар Әлімқұл геройларының
барлығы спортшы.
«Алтын» Әлімқұлдың алғашқы повесі осылай аталады. Алғаш «Жалын» альманағында
жарияланған бұл повесть ауыл балаларының совет жастарына тән оқуды, еңбекті, спортты сүю
сияқты асыл қасиетке ұмтылуын ұтымды бейнелеген шығарма. Жасынан ер балаша киініп,
еркешора болып өскен Алтын ауыл балаларының жаны, ордалы ойынның, алыс-жұлыстың
ортасында жүреді. Нәтижесінде қыз қайсар, өзімсінген балаларды талай рет жер қаптырған
қарулы болып өседі. Балалық базары асыр ойын, ерке күлкісімен өте шығады. Самат пен Алтын
арасындағы жіңішке достық жібі екеуін махаббат деген құдыретті сезімге әкеліп жалғастырады.
Колхоз бағында ай астында қауышқан құшақ бұл екі жасты мәңгіге бір болмаққа серт
байлатқызады. Әстіп жүргенде Самат мектеп тамамдап астанаға арман қуып жол тартады да,
Алтын туған ауылында қалып қряды. Алтын да спортқа алғашқы қадамын сәтті жасаған, езін
енердің осы бір қызықты өлкесіне арнаған жас еді. Мезгілсіз соққан бір кара дауыл Алтын
арманын қиып кетеді. Өгей шеше езі бас болып Алтынды мүлде сүймейтін жігіт Сейілхан үйіне
келін етіп түсіреді. Бірақ Алтын өзі сүймеген адамына асыл жар бола алмайды. Алғашында
түсініспестжтен алшақ кеткен Самат Алтынын қайта табады. Екеуі де енді өздері мақсат тұтқан
арман биігіне қол ұстасып ұмтылады.
Бұл повесть жас қалам иесінің алғашқы адымын, болашақ алымын танытатын шап-шағын,
жұп-жұмыр, шымыр дүние.Кітапқа спортшылар өмірін арқау еткен тағы үш әңгіме енген. Оның
алғашқысы «Мұғалім» деп аталады. Мұны біз проблемалық әңгіме дер едік. Олай дейтініміз
ауылдық жерде спортты дамыту - күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келе жатқан
толғақты мәселе. Жасыратыны жоқ, мектептерде дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің
жетіспеуінен кездейсоқ адамдардың еншісіне тиіп кетіп жүр. Содан да бұл мәселе
жеткіншектер келешегін ойлайтын әрбір адамға түрткі салмай кете алмайды. Спортшы-жазушы
да өміріміздегі осы бір ақаулықты аттап ете алмаған. Ауылға келген арнайы білімі бар ұстаз
Әділбек мектептегі спортжұмысын жандан-дырып жібереді. Соның нәтижесінде
денешынықтыру сабақтары жүйеге түсіп, қыз балалар әлі күнге етектен тарта беретін ескілік
сарқыншақтарын әлдеқайда серпіп тастап, волейбол секциясында шеберлік шыңдайды.
Нәтижесінде мектеп командасы аудан чемпионы болып, облыста жүлделі орынға шығады. Бұл,
әрине, үлкен жеңіс. Алайда ең бастысы ауыл жастарының жүрегіне спортқа деген сүйіспеншілік
орнайды. Өзін өрелі іске бағыттаған осы жігіт жұмысқа жан-тәнін сала беріле істеп, қайта
асқынған ауруын өлемей еренсіздік етіп жүріп ауруханаға түседі де, қатарға қайтып
қосылмайды. Осы бір жалт еткен жарқын өмірді өзінің ізбасарлары жалғастырады. Әділбек
ауыл жастарының санасында әр кез тағылым тұтатын адамы болып қалады.
Әлімқұлдың ендігі екі әңгімесі «Қасымда сенсің, Раушан», «Көк телпек» деп аталады. Бұл
лирикалық әңгімелер алғашқы жеңіс дәмін татқан жастар жайлы сыр шертеді. Әңгімелердің
геройлары Раушан мен Сандуғаш велосипедші қыздар. Боксшы-жазушы Әлімқұл спорттың бұл
түріне де жетік екен. Велосипед спортында кездесетін кездейсоқ қиындық, оны жеңу
жолындағы спортшыға тән қайсарлық, спорт табыстырған татулық, махаббат осылардың
барлығын Әлімқұл нанымды суреттейді. Жығылып тұрып жарыс жолын жалғастырған Раушан,
жаттығудан жалықпайтын Сандуғаш еңбексүйгіштік, өжеттік деген әдемі күй шертеді.
«Көк телпек» атты әңгімені мен характер қақтығыстары бар, жас жазушының осы жинақтағы
ең жақсы туындысы, дер едім. Жас бала Сағын, жаттықтырушы Сайлау, бұрын босаға көрген
Сандуғаш арасындағы алуан түрлі сезімдер жасандылық танытпай жақсы бейнеленген.
Ия, шағын жинақпен әдебиетке жас жазушы келді. Ол біз жоғарыда тізіп еткен көптеген
жақсы жақтарымен қоса кемшіліктерімен де келді. Олары қайсы енді? Алдымен мен
Әлімқұлдың тілге салақтау қарайтынын айтар едім. Жазушы елегінен өткен ой маржан болып
тізілгенде ғана оқушысын толғандыра алмақ. Осы тұрғыдан келгенде Әлімқұлдың олақтық
керсетіп, мені айт деп тұрған әдемі ойларын жеткізе алмай қалатыны бар. Кейбір сөздердің ез
мағынасында айтылмайтыны да кездеседі. Әйтпесе жалғыз ағасы еліп, шырылдап жылап
жатқан Айгүлді «ол да бір бейбақ екен» (27 бет) деуге кімнің аузы барады?!
Жас жазушы баяндауға, баяндау болғанда да тізбектеп кетуге әуестеу. Баяндаудың өз
ырғағын таба алмаған жерде кісіні мезі етіп, ойды көмескілендіріп кететіні бар. Әсіресе
әңгімеде баяндаудың аз болғаны жақсы. Жас қалам иесінің осы жағына көңіл аударғаны, жанр
ерекшелігін жақсы білгені дұрыс дер едік.
Шығармаға арқау боларлық әр құбылыстан сол дәуір, дәуір туғызған өмір шындығы керініп
тұруы керек. Осы тұрғыдан да Әлімқұлға сын айту ләзім. Әлімқұл шығармаларын оқып
отырғанда уақыт тынысын аңғара алмай қалатынымыз бар.
Мұның бәрі әрбір жас жазушыға тән кемшіліктер болуы да мүмкін. Дегенмен көрген-түйгені
мол Әлімқұл сиякты жастың шығармаларынан ендігәрі кездеспесе құба-құп болар еді. Қандай
да бір жақсы шығарманың оқушысына оп-оңай жол табатыны сиякты, Әлімқұл Бүркітбаевтың
«Мұғалімі» де жастардың қызыға оқитын шығармасы болатынына біз кәміл сендік. Әсіресе
спортты сүйетін жеткіншек қолынан кеп керінетін дүние бұл.
САУЫТБЕКТАНУДЫҢ САУАТАШАРЫ
Тараз мемлекеттік университетінің баспасынан С.М.Исматованың «Сауытбек ақын» атты
монографиясы жарық көрді.
Сауытбек Ұсаұлы - XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Шу өңірін өн мен жырға
бөлеген әуезді әнші, сыршыл сазгер, асқан айтыскер ақын. Соншама әріде емес, бері де ғана 1870-1934 жылдары өмір сүрген Саукең шығармаларының сиырдың бүйрегіндей бөлтек-бөлтек
болып, шарбы бұлттай шашырап кеткені өкінішті-ақ. Сауытбектің ел-жұрты білетін төл туындыларын кейбіреулердің иемденбек болған әрекеттері де көрініс бергені таңдандырады әрі
реніш туғызады. Тіптен ақын, әнші-сазгердің ел-жұртқа кеңінен танымал болған «Ақбөпе» әнін
жинақтарға біресе халық әні деп қосып, біресе көл-кесір ән сөзінің бір-ақ шумағын енгізіп
шұнтитқанын қайтерсің?
Алмас кездік қап түбінде жатпайды. Жүйелі сөз иесін табады. Сауытбек мұрасы да сондай,
тұмшалауға, көлегейлеуге көнбей, сан-алуан жылға тартып өзін таба берген. Әлбетте, бұл оның шын талант екенінің белгісі.
Шығармашыл адамның көп жазғаны, әрине, дұрыс, сөйте тұра оны бір-ақ шығармасы даңққа
бөлейтіні бар. Сауытбек те сон-дай..Саукеңді әдебиет, енер әлемінің төрінен ойып тұрып орын
алғызған туындысы - «Ақбөпе». Мұны белгілі бір жанрға таңбай, туынды деп отырғанымызда
бір сыр бар. «Ақбөпе» ән, «Ақбөпе» - дастан, «Ақбөпе» - айтыс.
Ия, Сауытбек Ұсаұлы - бүкіл қазақ жартына осы «Ақбөпелерімен» мәшһүр. Дегенде,
Саудекеңнің басқа да айтыстары, өлеңдері, әндері де аз емес еді. Әкініштісі, олары
«Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кеткен.
Міне, енді сәті түсіп, әжептеуір дерлік бір ізге түсіпті. Бұрынғы өткен өнерпаздың барлығы,
сөз жоқ, зерттеушіге зәру. Зерделі, адал, ізденгіш зерттеушінің зейінін аударған ақын, әнші,
сазгердің бағы жанар болар.
Тараз мемлекетітк университетінің аға оқытушысы Сәрсекүл Исматованың монографиясын
осындай ойлармен қолға алған едік. Бірден айту керек, автор Сауытбек Ұсаұлының эпик, лирик,
айтыскер ақын ретіндегі болмысын бірқыдыру тындырымды зерттеп, танымды дүние ұсына
білген. Біздің «әжептәуір», «бірқыдыру » деп пәстарта сөйлеуіміздің ұштығы С.Исматоваға
емес, С.Ұсаұлы шығармаларының тым шашырап кеткендігіне барып тіреледі. Дегенмен,
Сауытбек шығармашылығы әдебиет зерттеушілерінің назарынан ешуақыт қағыс қалып керген
емес.
Қазақтың қазіргі ғұлама ғалымдарының бірі - Мырзатай Жолдасбеков, әдебиетші
Б.Адамбаев, жазушы Әбді Шынбатыров, шымкенттік Ө.Оспанұлы, шулық әдебиетшілер Уәш
Асатов, Жақан Қожағұлов, Бақытжан Текебай, марқұм Қарауылбек Қазиев, халық ақыны
Ж.Жантөбетұлы, т.б. там-тұмдап болса да Сауытбек шығармаларын әр жерден қолдарына
іліккендерін жариялаған болатын. Солардың көбісінің көп үңілген көзі Саукеңнің жиені айтыс
ақыны Смайыл Қалипанов болатын. Смайыл ақсақалдың қолындағы Сауытбек шығарадалары
бір чемодан екен. Қулық-сұмдықтан ада Смайыл ата нағашысының шығармаларын жария бола
берсін деп сұрағанға бере берген ғой. Оның қаншасы адал. Қаншасы арам қолға тап болды екен,
бимәлім. Монография авторы да бұл жайды жақсы аңғарған.
Сауытбек Ұсаұлының өмірі мен шығармашылығы мені көптен қызықтыратын, азды-көпті
білетінім де бар. Саукең - менің аталас атам, күнту. Содан да болар, ол кісі жөнінде үлкен-кіші
бас қосқан жерде әңгіме бола қалса, қандай да бір дерек-дәйек күткендер маған қарайды.
Ұлтымыздың мақтанына айналған ағамыз Шерхан Мұртаза: «Сен неғып Сауытбек жөнінде
шығарма жазбай жүрсің?» - деп тұқыртып та алған. Осы тілекті қазіргі қатарымда жүрген
қаламгерлер де айтады. Әрине, белгілі тұлға жөнінде шығарма жазу үшін бір ғана аталас
болғаның аз. Ол үшін. кейіпкерің болар тұлғаның өскен ортасын, өмірін, егер ол өнер адамы
болса, шығармашылығын жақсы білуің керек. Міне, маған осылар жетпей жүретін, Сәрсекүл
Исматованың монографиясымен танысқан соң менің Сауытбек Ұсаұлын тану көкжиегім қандай
да бір әрекетке баруға жетерліктей болып кеңіді.
Сауытбекті жұрт көбіне «Ақбөпе» әнінің авторы деп бағалайтын. Ия, көзін көргендердің
айтуынша, ол - сөзін де, әнін де өзі шығарған, өзі тамаша орындаушы да болған кәдімгі қазақ
сал-серісінің асқан өкілі. Мен өзімнің «Мен - апамның баласымын» атты романына «Ақбөпе»
дастанын енгізіп, отбасы түгел отырғанда дауыстап оқып бергенімді жаздым. Сонда әкемнің
мынандай сөз айтатыны бар:
- Жөн екен. Бұл бәрі емес, біразы екен. Саукең мұны бір түн жырлайды екен. «Ақбөпенің»
әні де бар.
Әкемнің осы сөзінің анықтығына С.Исматова монографиясынан толық жауап алып отырмын.
Сәрсекүл былай деп тұжырымдайды: «...Сауытбек сол күйікпен сол жерде атақты «Ақбөпе»
әнін шығарып, әлемге бақытсыз махаббатын жария етеді. Ән артынан ақын «Ақбөпе» дастанын
тудырады. Сауытбектің Ақбөпемен айтысы, «Ақбөпе» өлеңі мен «Ақбөпе» әні, «Ақбөпе»
дастаны ортақ бір тақырыпта үш жанрдың бірлескен циклы ретінде қазақ мәдениеті тарихында
бұрын-соңды болмаған өзгеше құбылыс». Өте дұрыс, әділ баға.
С.Исматованың мына монографиясын оқыған соң Сауытбектің әдебиет пен өнердің барлық
саласында өрен жүйрік екенін ерекше сезініп, ерен қуанышқа кенеліп отырған жай бар. Әмісе
Саукеңнің «Ақбөпе» әніне ауып келген көңіл құрғыр оның басқа жанрда басын оздырғысы
келмейді. Алайда, Саукең айтыс өнерінің ақтаңгері екен. Оның біз бұрыннан білетін інісі
Сыбанбекпен айтысы Сәрсекүл талдаған Майса қызбен және Ақбөпемен айтыста-ры нағыз
інжу-маржан деген ой түйгізіп отыр.
Саукең айтыстарында өмірдің боямасыз шындығы бар. Сауатбектің айтыс өнеріне ден қоюы
інісі Сыбанбекпен сөз қағыстырудан басталады. Ағайынды екі ақын осы айтыстарында
өздерінің кедейліктерін ашына жырлайды, алайда армандарына жететіндіктеріне сенімді
екендіктерін реалистік тұрғыда жария етеді.
Сауытбек алты ағайынды: Зәуірбек, Күсебек, Сауытбек, Іңкәрбек, Тәтелбек, Сыбанбек.
Бұлардың Сауытбегі мен Сыбанбегі - ақын, Тәтелбек - күйші, қалғандары - шаруа. Сауытбек
пен Сыбанбектің айтысында ағайынды алты кедей жігіттің хал-ахуалы адам аярлыктай болып
көрініс алған.
Қараңыз, Сауытбек:
Сыбанжан, жүр дегенде қалдың неғып,
Өте ме сенің күнің жылқы бағып.
Бола ма тәуір жігіт деп ойлаушы ем,
Қор болдың Жеріндіктің отын жағып, - деп қағытса Сыбанбек:
Басыма жарасымды кидім тымақ,
Ауылым Майтөбеден кетпейді ұзап.
Баққаным менің жылқы зиян емес,
Бөркімді киіп жүрсің тойға сұрап, - деп жауап қатады.
Бүған Сауытбек былайша ренжігендей болады: Бетіме бір бөркіңді еттің салық, Мінеки, қимай
тұрсаң, қалғың алып. Саған міндет қылып мен неге айтпаймын, Жасыңда арқалаттың жетім
қалып.
Сыбанбектің жауабы тіптен әдемі:
Рас-ау, жас күнімде асырадың,
Намыс қып оның несін жасырамын.
Отын жақ Жеріндіктің дегеніңе,
Азырақ бауырлықпен ашынамын.
Осы бір кішкентай үзіндіде үлкен өмір бар.
Жасынан жетім қалып, Жеріндік деген бай әйелдің жылқысын бағып жүрген іні
Сыбанбектің, оны арқасына салып асыраған қамқор, бүгінде тойға киер киімі жоқ ақын
Сауытбектің шер-мұңы - бұл айтыс. Сол заманның шындығы шырқырайды мұнда.
С.Исматова Сауытбектің Майса қызбен айтысын тамаша талдайды, «...көркем қыз бен жігіт
айтысының қорын байытатын озық тумалардың бірі» деп қорытынды жасайды.
Біздіңше, Саукең - көп айтысқан ақын. С.Исматова да оның біразын атап өтеді. Ақын
айтыстарының ішіндегі шоқтығы биігі -Ақбөпемен айтысы.
Кенесары хан жасағының құрамында келіп Шу бойына тұрактан қалған отыз үйлі
қыпшақтың қызы, ақмаңдай ару Ақбөпе мен Сауытбектің айтысы - бағасын толық алып
болмаған айтыс. Сәрсекүл Исматова бұл ретте орнықты да батыл қадамға барған.
Тор жайсам деп едіңіз тұйғын құсқа,
Оралсын. Торыңыздың жолын нұсқа.
Ойлаған мақсатыңыз орындалсын,
Созыңыз қолыңызды, қолымда ұста.
Сауытбек, ақ тұйғынға қолыңды кер,
Қолыңа қондырсаң, жұрт орында дер.
Қосамын тілегімді мен де сізге,
Қолымды қысып ұста, қолыңды бер.
Ақбөпенің бұлай ағынан жарылуы бұл айтыстың ХІХ ғасырдағы басқа айтыстардан озық
екенін көрсетеді. Осыны жақсы аңғарған С.Исматова мынадай ой түйеді: «Біржан мен Сара
айтысында Біржан да Сараға теңі емес адамға ұзатылып бара жатқанын айтқанда, Сара мүдіріп,
айтыс токтайды. Ал, «Сауытбекпен Ақбөпе айтысында» Сауытбек Ақбөпенің теңі емес адамға
ұзатылып бара жатқанын айтқанда, Ақбөпе мүдірмейді, одан шығатын жол іздеп, айтысушы
жігітке қолын ұсынады, әрекет ойлап, қайшылыкты шешу қамына кіріседі. Сауытбек те таққан
мінінде тұрып қалмай, қыз әрекетін дұрыс керіп, серт байласады. Драма шешілмейді,
жалғасады».
Монографияда Саукеңнің әнші, сазгерлігі жайлы да кеңілге ұялатарлық пікірлер айтылады.
Саукеңнің өлеңдері мен айтыстарына ешкімнің таласы жоқ, ал қазақ өнінің ең әдемісінің бірі
«Ақбөпеге» суық қолын сумаңдатпақ болғандардың аз болмағаны мәлім. С.Исматова
зерттеуінде «Ақбөпенің» Сауытбектің өні екендігіне еш күмән туғызбайтыкдай болып
дәлелденген.
«Сауытбек Ұсаұлының «Ақбөпе», тағы басқа әндерін алғаш нотаға түсіріп, ұлттық мәдениет
қорына енуіне себепші болған адам - Сәкек Сейфуллин» деп жазады С.Исматова.
Бұл ретте, әсіресе, осы еңбекте келтірілген Б.Ерзакович пікірі ерекше құнды. Ендеше, музыка
білгірінің пікірін келтірейік: «озық классикалық үлгісіне «Ақбөпе» өнін де жатқызамыз. Оны
XX ғасырдың сонау басында-ақ қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы Сәкен Сейфуллиннің
(1894-1939) әндетуімен А.В.Затаевич жазып алған. Алайда А.В.Затаевичтің жазғанымен
(мәтінсіз) біздің үлгіміз арасында біршама айырмашылық бар, Әннің көркемдік құндылығы мен
әлеуметтік мәнділігі жоғары. «Ақбөпені» бізге қазақ өнерінің белгілі қайраткерлері, халық
әндерінің әрі үлкен білгірі, әрі тамаша орындаушысы Құрманбек Жандарбеков айтып берді. Ол
«Ақбөпені» Сауытбекпен кездескенде автордың өзінен үйреніп алған».
Музыка білгірі Б.Ерзакович Саукеңнің «Ақбөпесін» әдемілепталдап, жоғары бағалайды.
Саукеңнің аса дарынды сазгер екендігін құяды құлаққа. «Акбөпе» өнін қазақтың белгілі
әншілерінің көбісі орындаған, Жамал Омарованың, Құрманбек Жандарбековтің, Ғарифолла
Құрманғалиевтің орындауындағы «Ақбөпе» радио-концерттерде өлсін-өлсін естіліп қалады. Бір
ғажабы әртүрлі екпінмен, мақаммен шырқалады. Біз өз ауыздарынан естіп жүрген бүгінгі Аяз
Бетбаев, Асылхан Шүңіреков орындаған «Ақбөпе» де екі түрлі ырғақпен әндетіледі. Бұл
Сауытбектің Ақбөпесі тура-лы әртүрлі жағдайда әрқалай зар төккенін білдірсе керек. Жә,
«Ақбөпе» әні әйтеуір бар, ал «тағы басқалары» қайда? Олар Саукеңнің кезін көріп, әнін
тыңдаған қарттармен бірге келмеске кетіп барады. Олар Сауытбек туралы монография жазып
отырған С.Исматованың да қармағына ілінбеген.
Сәрсекүл Исматова монографиясының ең табысты тұсы – Оңтүстік Қазақстан облысының
Түлкібас ауданында тұрып, өмірден өткен (1902-1966ж.ж.) халық ақыны Белгібай
Бектұрғановтың деректері. Белгібай - кезінде Саукең ауылында алты ай жаз жатып, айтулы
ақын, әнші-сазгердің өз аузынан «Ақбөпені» де, тағы басқа шығармаларын да жазып, үйреніп
алған ақын. Осы бай материалдарының негізінде «Ақбөпе мен Сауытбек» деп аталатын ұзақ
дастанжыр жазады. Сәрсекүл Қазақ Ұлттық Ғылым Академиясының қорына Белгібай ақын
тапсырған қолжазбаны тауып оқып, ғылыми айналымға түсірген.
Біз «Ақбөпені» өзі жоқта ұзатылып кеткен сүйген қызын Ұланның тұмсығына дейін қуып
барып, ұлып қалған Сауытбектің зары деп білуші едік. Белгібай ақын түнемелдеп отырған
көштің арты-нан қуып жетіп, ебін тауып Ақбөпесімен жолыққан Сауытбектің бақытты да
қайғылы халін жырға қосыпты.
Көрінді таңның жарығы,
Құшақтасып қайғырып,
Кеттік деп енді зарығып,
Таң ата жылап айырылды,- деп аһ ұрады Белгібай ақын қос ғашықпен бірге.
Сәрсекүлге рахмет айтсақ, болар, өмірдің, өнердің драмасын алға тартып отыр.
Монография авторы Саукеңнің өмірде көрген қуаныш-қайғысы жөнінде өлеңдерінің қолына
түскендерін келтіріп, олардың қандай жағдайда туындағаны жайлы жақсы талдау түсінік
береді. «Садыр болысқа», «Сауытбектің Солтыбайға амандасуы» тәрізді жырлары - өмір
шындығы. «Сауытбектің Тұрармен амандасуы», «Сәкенге жолдауы» Саукеңнің ұзақ толғауға да
сарабдалдығын көрсетеді. Сонымен бірге,ақынның соқтықпалы, соқпақсыз өмірінен мол
дерекбереді.
Біз Сәрсекүл Исматованың осы шағын, тап-тұйнақтай ғылыми еңбегіне таңданыс білдірсек
те болады. Мұнда ел аузында онсыз да еленіп жүрген Сауытбектің өмірі мен
шығармашылығының мәлім және беймәлім тұстары жылы, сондай-ақ жинақы, ғылыми
тұрғыдан нақты да дәлелді өрнектелген. Ең бастысы, зерттеуші Сауытбектің бағасына жеткен.
Оның бәрін айтып жату артық болар, дегенмен Сәрсекүлдің «Сауытбек - айтулы айтыскер
ақын. Қыз-жігіт айтысының озық үлгілерін жасаған майталман жүйрік... Сауыт-бек өлеңдері,
дастандары-көркемдігі биік тұрған шығармалар», т.б. пікірлерін разы көңілмен атап өткен
ләзім.
Монография әдебиет білгірі профессор Мекемтас Мырзахметұлының, филология
ғылымдарының докторы Зейнол-Ғабден Бисенғалидың пікірін білдірулерінен кейін барып
жарық көрген. Мұның өзі де бұл еңбектің құндылығының айғағы.
Ежелден қалыптасқан дәстүрмен «әттеген-айларды» да айта кету керек шығар. Бұл тұрғыда
кітаптағы әріп қателеріне көп көңіл бөлінбегені өкінішті. Өйткені, әріптердің ауысып түсуі
сөздің мағынасын өзгертіп жібергуе дейін барған. Автордың осы жағына мұқият болғаны жөн
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Көңіл көмбесі - 09
  • Parts
  • Көңіл көмбесі - 01
    Total number of words is 3763
    Total number of unique words is 2285
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 02
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2329
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 03
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2283
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    40.3 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 04
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2302
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 05
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2457
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 06
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2278
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 07
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2330
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 08
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2289
    26.4 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 09
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2307
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 10
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2343
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 11
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2235
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 12
    Total number of words is 3733
    Total number of unique words is 2126
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 13
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2279
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 14
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2232
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 15
    Total number of words is 3883
    Total number of unique words is 2306
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 16
    Total number of words is 3951
    Total number of unique words is 2327
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 17
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2362
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 18
    Total number of words is 3868
    Total number of unique words is 2160
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 19
    Total number of words is 3827
    Total number of unique words is 2321
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    35.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 20
    Total number of words is 2843
    Total number of unique words is 1812
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.