Latin Common Turkic

Көңіл көмбесі - 10

Total number of words is 3961
Total number of unique words is 2343
29.0 of words are in the 2000 most common words
42.9 of words are in the 5000 most common words
50.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Шаруасы бітіп, хатшыны разы етіп, көңілі орнына түскен соң Юрий Константинович:
- Сіздің айтқаныңыз рас екен, менің сұрағыма кітапханашылар кәдімгідей дүрдиіп қалды,
бірақ сыйлап ештеңе демеді. Шынында да, Бауыржан Момышұлының өмір жолын, әскери
қызметі баспалдақтарын қазақтың бәрі біледі екен. Біздің хатшы неге білмейді? - деп ойланып
қалды.
- Юрий Константинович, сіз оған қиналмай-ақ қойыңыз, халық білсе болды. Хатшыға сіз
боп, біз боп жазып береміз, - дедім күлімдеп.
- Бұл күлетін жай емес, ұят. Момышұлын бәріміз білуіміз керек екен. Мен кітапханашылар
әкелген мына кітаптарды түгел оқып шығып барып, қайтарамын өздеріне, - деді Руденко
құлшынып.
- Көріңізші, олардың ішінде «Волоколамское шоссе» бар ма екен?
- Бар.
- Онда алдымен соны оқыңыз.
Юрий Константинович - түсінігі мол адам, ешқандай артық-ауыс сөзге келмей, менің
айтқанымды істеді.
Оның романды оқып шыққаннан кейінгі қуанғанын көрсеңіз. Сондағы маған айтқандарын
бір кездегі Растрышннің айтқанының тұп-тура кешірмесі дерсіз! Сондықтан оны қайталап
жатпай-ақ ең бастысын айтайын, ұлы орыс халқыныңтағы бір сауатты, ақылды азаматы
қазақтың ұлы перзенті Бауыржан Момышұлына тәнті болып еді сонда.
Ал, халқымыздың маңдайына біткен бірден-бір біртуар перзенті жөнінде дымды да білмейтін
хатшының бұл күнде ұлтжанды азамат болғансып жүретінін қайтерсіз?
ЕКІ ДҮНИЕ АЙЬІРЫҒЫНДА
Жамбыл облыстық Абай атындағы қазақ драма театры жергілікті қаламгер Елен
Әлімжановтың «Жанталас» атты драмасын сахнаға шығарды.
Оқиға 1920 жылдың көктемінде Жетісуда өтеді. Бұрын әлденеше повесть, әңгімелер жазып
төселген прозаик, қаламы жүрдек журналист көрермен ынтығып отыратын оқиғалар тізбегін
құрып, тарихи шындықтан қылпықтай да ауытқымай, сол бір аумалы-төкпелі заманның
шытырман шырғалаңы көп тірлігін кең ауқымды, сонымен бірге тұтас та шымыр етіп сомдаған.
Жаңа заманның өзгеше тірлігі Шалқар байдың ақ ордасын шайқалтып тұр. Жырынды бай
біраз адамның басын қосып, «мынау кілең дінсіздер жайлаған өлкеде орын жоқ» екенін, ар
жаққа кешу керектігін айтады. Енді қас пен көздің арасында драма кейіпкерлерінің бар
болмысы, бетперделері ашылып жүріп береді. Ауыл ақсақалы Әбілаһат ата мекенінен аяқ аттап
кете алмайды, осында оның ата-бабасының сүйегі жатыр. Оқыған жігіт, алашорда партиясының
бұрынғы мүшесі Шәкіртте қытай өтіп кетуге қарсы, ол - халықпен бірге болуды ойлайтын
азамат, Шалқардың күйеу баласы осы қазір кешуге пейіл, оның көкейін тескен - байдың қалың
жылқысы.
Осылайша екі дүние айқасы басталады.
Сахнаға енді жасағымен Кочкарев шығып, оқиға мүлде шиыршық ата түседі. Бұл - ақтардың
штабс-капитанының Қытайға өтіп бара жатқан беті. Ол күні өткенін іштей сезсе де сырттай жалын күдірейтеді. Әбден ашынған жаралы жыртқыш бейбіт ауылға лаң салады. «Ұлы Россияның
шекарасын аттайтын күнді үлкен «той» жасап етпек?!
Кочкаревтің ойраны екі дүние айрығында тұрған адамдарды шұғыл белсенді әрекетке
бастайды.
Шалқар бай тобы Кочкаревтің айтқанына көніп, айдауына жүріп, елпең қағады. Ойлағандары
- қайткенде де малын, дүниесін аржаққа аман-есен алып етіп кету. Кочкаревтің ауылды
басынып, қызы Сәнімді қорлауы Шалқар байдың жанын ауыртпайды.
Ақтарды өкшелеп қуып келген Әділет бастаған қызылдар от-ряды халық қайғысына ара
түседі. Халық дәулетін әкетіп бара жатқан Шалқар мен Кочкарев жазалануы керек. Әділет
дереу шара қолданып, аржаққа ететін жалғыз аяқты жауып тастайды.
Жолы кесілген жаулар қызылдар алған қылтадан ету үшін айла ойластыруда бірінен-бірі
асып түседі. Кочкарев қалың жылқыны қаптатып, сонымен араласып етіп кетпек. Шалқар бай
Әділеттің осал жерін нұсқайды, оның туысқандарын, ауылдың кедей-кепшігін алға салып
барып етуді үйретеді.
Сонымен Жандайдың жалғыз аяғы қызылдар қолында, одан өту үшін халықты алдына салып
айдап ақтар келеді. Оқиға өзінің кульминациялық шарықтау шегіне жетеді.
Спектакльдің негізгі өзегі, бас кейіпкері - халық тағдыры. Жеке-леген кейіпкердің
барлығының әрекеті, сөзі осы халық тағдырына байланысты туындап, өрбиді. Ақтар оны алға,
яғни оққа тосып аржаққа өтпек болса, қызылдар қутқарып алмақ. Халық қауқарсыз емес.
Халықтың бір өкілі Далабек Кочкаревтің өктемдігіне мойынсұнбай, дүре соғуға тиіс солдатты
өлтіріп қашып кетеді. Сол қайсар жігіт ең шешуші кезеңде халқын құтқару жолында қаза
табады. Халықтан шыққан тағы бір кесек тұлға - Әбілаһат. Ол Далабектің сүйегін аттап
өтпеймін, деп ата жолын алға тартады. Қайда да халқыммен бірге дейтін оқыған жігіт Шәкіртті
де халық өкіліне жатқызуға болады. Ішіне жарылғыш зат салынған сандықпен ол ақтардың
кейін серпіліп, қызылдардың ауыл адам-дарын құтқарып алуына үлкен көмек көрсетеді. Сөйтіп
халық қатерлі өткелде өзін-өзі құтқарады.
Режиссер Әскер Құлданов осылайша халықты алдыңғы планға шығарып, спектакль шешімін
дұрыс іздестіреді. Бірақ бұдан басқа кейіпкерлердің әрекеттеріне ешқандай да көлеңке түспейді.
Осы орайда пьесаның басты-басты екі ерекшелігін айырықша атап өткен ләзім. Біріншіден,
ондағы барлық характерлер дараланған. Бәрінің де аласапыран кезеңде үстанған өз
позициялары бар. Әрбір образ біртендеп дамып, өрбіп, идеялық нүкте қойылып отырады.
Азамат соғысының талай шығармаға арқау болғаны аян. Алайда автор бұл тақырыпқа өзінше
келген. Пьесада өмірлік позициялар мен идеялық позициялар кескілескен қақтығыстарға түседі.
Автордың қызылдар мен ақтарды кездестірулері, міне, осыған қызмет етеді.
Екіншіден, пьеса тілі шұрайлы. Әрбір кейіпкер өз сөйлеу мәнерімен ерекшеленеді. Мәселен,
Әбілһат би шешен болса, Шалқар байдың күйеу баласы, қызыл командир Әділеттің ағасы
Қасым томырық. Сөз арасында «жануар» деген сөзді қосып отыруы оның характерін, өзінің де
малдан өзгені білмейтіндігін көрсетеді. Ал, қызыл әскер Қойшыбай әзілқой болса, қазақшаға
еркін тілі келмейтін Петр шымшыма. Сөз реті келгенде айта кетейік, қарапайым шаруа екілдері
- қызыл әскерлер қарым-қатынасы оқиғасы қою да ауыр спектальдің өн бойында
көреремендерді серпілтіп отыратын шұрайлы бейнелер. Және де бір жақсы ерекшелігі екі үлт
өкілінің сол ерте кезеңнің өзіне лайық әдемі әзілдерінің жарасып түруында жатыр.
Көрермендер аса жылы қабылдаған осы екі бейнені театр артистері Ә.Тінәлиев пен Қ.Қасымов
сәтті сомдай білген.
Қазақ сахнасында көп кездесе қоймаған тың образ деп байдың қызы - Сәнімді айтса болар.
Аздап қала көрген, өмірде сүрініп үлгерген бұл қызды әкесі аласапыран шақта мал-жанына бас
көз болар деп жалшы жігіт Қасымға қосады. «Айдай толықсыған - азиатка» Кочкаревтың
қармағына ілігеді. Тағдыр оны қызылдардың лагеріне алып келеді. Ақтар алтын бар деп ұққан,
ал шын мәнісінде, ішіне қызылдар жарылғыш зат салған сандықты жолдың ортасына әкеліп
қою міндеті осы бір кеудесінде суық жел азынаған әйелдің үлесіне тиеді. Ақыры бір жағы
қызылмен, бір жағы қарамен боялған сахнадағы екі лагерьдің шартты шекарасында ақтардың
оғына ұшады. Осы күрделі бейнені театрдың екі бірдей белді актрисалары М.Әлімбетова мен
Г.Қыпшақова ойнай-ды. Екеуі де кейіпкерінің ішкі драматизмін тап баса біледі.
Әлбетте спектакльдегі басты кейіпкер-қызыл командир Әділет. Оқиға диалектикасына орай
сиректеу көрінгенімен бүкіл оқиға тізгіні соның қолында. Спектакльге нүкте қоятын да сол.
Артист Ү.Әлжановтың сомдауында ол құры қимылдың, соғыстың ғана адамы емес, жарқын
заманның, жаңа идеяның күрескері. Шәкіртпен, Кочкаревпен, ағасы Қасыммен бұрынғы сүйген
қызы, қазір Шалқар байдың тоқалы Толқынмен кездесіп, сөйлескен кездерінде оның ұлы
мұратқа берілгендігі кереметтей жарқырап көрінеді. Екінші актіде, спектакльдің шешімді
тұстарында Ү.Әлжанов Әділеттің өркенді әрекеттерін шыншылдықпен алға тартады.
Бірінші актідегі оқиғалардың дені шекарадан өзегі өртеніп өтіп бара жатқан ақтың офицері
Кочкаревтің лаңын көрсетуге құрылған. Республикалық «Жігер» жастар фестивалінің лауреаты
Ж.Әбіхалықов штабс-капитанның ішкі иірімін де, сыртқы пішімін де, одыр мінезін де тап
басып ойнауда тамаша шеберлік танытады.
Спектакльде Әділет пен Кочкарев екі рет келіссөз жүргізеді. Осы жерде екі дүние егесі,
идеялар қақтығысы шырқау шыңына жетеді. Бірақ олардың шарпысуы жалаң сөз, құрғақ ұран
емес, нақты жағдайға, яғни ауыл адамдарын бейтарап қалдырмайтын, жүрегін шымырлататын
сөздер.
Идеялар қақтығысы демекші, ол көп кейіпкерді қамтиды. Соның бірі - оқыған азамат
Шәкірт. Бір кезде алаш партиясының мүшесі болған, енді ол дүниеге киіз үйдің іргесінен қарап
жатыр. Бірақ ол енді халқымен бірге болмақ, не көрсе де сонымен бірге көрмек. Әділетпен
кездескенде: «Сендер де қару ұстап келдіңдер ме халыққа?» десе, Кочкаревтің ар-ұятын оятпақ
болып айты-сып қалады. Кочкаревтің жандайшабы Сұлтановқа «арын, нәмін, намысын сатқан
азғынсың» дейді. Спектакльдің өн бойында ол үлкен эволюциялық өсуден өтеді. Актер
А.Сәтібеков кейіпкерінің интеллектісін дәл табады, дегенмен кейбір мизансценаларды со-зып
жіберетіні бар.Сұлтанов - жас совет өкіметінің нағыз кас жауының бірі. Оның зұлымдығы,
қаскөйлігі Кочкаревтан асып түспесе, кем емес. Бір кезде «алаш» деп ұран тастап, кейін
Колчактың, спектакльде Кочкаревтың қолжаулығына айналған. Кочкаревқа қызмет көрсететін
ол өз халқын қырады. Шәкіртке қарсы оқ атады. Кочкарев ішсе, аузына арақ тосады, сөйлесе
шапалақ ұрады, билесе гармон тартады. Бір сөзбен айтқанда, ол - сатқын. Алайда бұл күрделі
образды театрдың ең тәжірибелі актерларының бірі М.Бақытжанов бірсыдырғы ойнағанымен,
әдеттегідей жанып кете алмады.
Спектакльдегі барлық оқиғаның қақ ортасында Шалқар бай (артист Қ.Сатқанбаев) жүреді.
Олай болуы заңды да, біз алдыңғы планда халық тұр десек, сол халықтың антиподы - Шалқар.
Соған қарап тіпті режиссер спектакльді Шалқар арқылы шешуі керек пе еді деп те ойлайсың.
Ақтар келеді. Оның жылқысына, алтынына көзін алартады. Күйеу баласы Қасымның (артист
С.Мұқышев) да мақсаты - оның малын түгел иемдену. Қызы Сәнім болса, өлген анасының
тайтұяқ алтын жамбысы үшін адамдықтан шығып, кішкентай бауырының кеңірдегіне қол
салады. Қызылдар сол дүниені - халық байлығын аржаққа өткізбеуі керек. Сахнадағы
жанталасудың материалдық негізі - осы Шалқар иемденген байлық. Осындай тығырыққа
тірелген Шалқардың әрекет-сөзін шынайы етіп жеткізуде Қ.Сатқанбаевтың шеберлігі айқын
ашылады. Аукыл адамдарын жинап, сөз бастап, сыр аңдап отырған Шалқар - Қ.Сатқанбаев паң
да салмақты, ақтардың алдында -көлгір, екі жүзді, қызылдармен сөйлескенде қыңыр-қырыс,
күйеу баласымен кездескенде аяр. Қ.Сатқанбаевтың трактовкасында бай өстіп сан қырынан
көрінеді.
Спектальге қатысқан актердің барлығы бірдей мінсіз ойнады деу артық болар еді. Театрдың
жас актрисалары М.Қабышева мен А.Атымтаева Шалқардың тоқалы Толқын бейнесін өз
дәрежесінде жасай алмады. Бұл жас актрисалардың үлкен рольді алғаш рет ойнағандары,
тәжірибесіздіктері анық байқалып тұрды. Екеуі де халық тіліне терең мағына беріп айта
білмейді. Режиссер осы жағына жете мән бермегенге ұқсайды.
Сахнаның шешімінде де кемшілік көрініп тұрды.Сценографиялық шешім станок арқылы
берілді. Оның үстінде бесік ілулі тұрды. Бұл - символ. Ол - халық бесігі, өмірдің жалғасы.
Алайда әуеде салбырап тұрып алған бесік көңіл бұрып, көз көлегейлейді. Пьесада оқиға екі-ақ
жерде - бірінші актіде Шалқардың үйінде, екіншісінде таудағы асуда ететін еді. Спектакльде
станок көп айналып, оқиғаны бөлшектеп, үзік-үзік етіп жібереді. Кейбір көріністердің нүктесі
болмай, спектакль созалаңқы тартады. Сонымен ертеректе, шекарада өткен осы оқиғаны қазіргі
керерменге ұсынғанда автор не айтты, режиссер оны қалай жеткізді? Е.Әлімжанов азамат
соғысы деп аталатын аумалы-төкпелі кезеңге бүгінгі күннің биігінен көз салған. Режиссер
Ә.Құлданов пен театрдың бас суретшісі В.Волжанкин автордың сол позициясын дамытпаса,
алшақ кетпеген. Спектакль финалындағы төрт өлім бұған жақсы дәлел. Бай қызы Сәнім екі
дүние айрығында қалды. Ақтың солдаты Матвей: «Бұл өмірден не көрдім, не бітірдім, құдайымай?» деп елді. Толқын: «Жалғызым!» деуге ғана шамасы келіп, Шалқар байдың қолынан қаза
тапты. Көрермендердің сүйіктісіне айналған ақкөңіл әзілқой - Қойшыбай: «Менің алған
азаматтығым осы ма, енді аз ғана шыдағанда отырар едім орталарыңца. Апа!» деп кез жұмады.
Бұл сөзді ол апасына, жоқ, әлде залда отырғандарға, бүгінгі ұрпаққа арнап айтты ма, оны ұғу –
көрерменнің өз шаруасы.
Жеңіс үшін өлгендердің рухы мәңгі жасайды. Жаңа заман үшін күресіп, жеңіске
жеткендердің мерейі биік. Бірақ қызыл командир Әділет масаттанбайды. Рас, ол өзіне берілген
тапсырманы орындады - алтын қолға түсіп, ауыл адамдары ажалдан құтқарылды. Енді шаттанса
да болар, бірақ небір қырғынды көрген қызыл командир қаруластары жатқан бейіт басында
басын иіп жылап тұр. «Олардың арасында біздің де жатуымыз мүмкін еді» - дейді Петр.
«Мүмкін еді, бірақ біз тіріміз. Сондықтан да өзімізді кінәлідей сезінуіміз керек. Біздің
мойнымызда екі дүние айрығында жатқан осынау қаруластарымыздың өтелмеген борышы
қалды», - дейді Әділет. Автордың да, спектакльдің де айтары осы.
МҰРАТТЫ МЕН ЕНДІ ТАНЫДЫМ
Атам қазақ кәдімгі қара өлеңмен-ақ соқталы ой айта алған. Қараңыз:
Қолда бар алтынның қадірі жоқ,
Қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ау,- деп қайыратыны бар.
Мұны кім айтпаған, кімге айтпаған. Мұны бүгін мен Мұрат Сыздыққа арнап отырмын. Мен
Мұраттың алтын екенін көзі тірісінде біліп, қадіріне жеткенмін.
Мұнымды Мұраттың өзі де білетін.
Ал, менің өзек өртеген екінішім-өзімнің еншім, Мұрат білмейді.
Қайран Мұратжан
қынаптан суырып алған қылыштай жарқырап жүрген жасында қыршын кетті.
«Қазақ әдебиеті» газетінің 1996 жылғы 2 шілдедегі санында жарияланған қазанамада
«41 жасқа қараған шағында талантты жазушы, журналист Мұрат Сыздықов автомобиль
апатынан қайтыс болды»,- делінген.
Біз бүгін осындағы «таланттың» алдына «аса» деген сөзді қоссақ, түк артық емес.
Мен бүгін Мұраттың қазасынан бір жыл кейін достары құрастырып шығарған «Қуатым менің»
атты қомақты кітабын оқып шығып, осындай ой түйіп отырмын.
Жамбылдық жазушылардың бір тобы - Қазақстан Жазушылары ХІ съезінің делегаттары Одақ
үйіне екпіндеп келсек, бізді далада Толымбек Әлімбеков күтіп түр екен. Қашан көрсең, езуінен
күлкі кетпейтін Толымбек жабырқаңқы, сүлесоқ көрінді.
«Мұнысы қалай?» - дегенімше болған жоқ Толымбек:
- Мұраттан айырылып қалдық! - деді көкірегі қарс айырылып. Бәріміз сілтідей тындық. Ендігі
бір сәтте есін жиған жазушылар маған көңіл айта бастады. Мұның жөні бар.
Мұрат - менің інім. Екеуміз - бір ауылдың төліміз. Бір-бірімізді қара тартатынбыз. Аталас
емеспіз, рухани інім.
Мұратпен менің таныстығым, ұмытпасам, 1977 жылдың басынан бастау алады. Сол
жылдың алғашқы айларында облыстық «Еңбек туы» газетінің редакциясына ҚазМҰУ-дің
бірнеше студенті өндірістік тәжірибеден өтуге келді. Олар бұдан бір жыл бұрын, мен облыстық
партия комитетінде қызмет істеп жүрген кезде де келген екен. Облыстық газеттің кімнің кім
екенін алғашқы аяқ алысынан-ақ аңдайтын аға журналистері Анарбек Айтбаев, Мейірхан
Қуанышбаев, Арғынбай Бекбосынов, Бақтияр Әбілдаев Мұрат қаламының қарымын қалт
жібермепті, үлкен үміт артады екен.
Облыстық деңгейде үлкен бір жиын өтетін болып, қапелімде со-дан есеп жазатын
сақа журналист табылмай, сасқалақтап қалып едім, бөлім меңгерушісі Мейірхан Қуанышбаев:
- Мұрат Сыздықов деген практикант бала бар, соны жұмса -деді.
- Оның жөні қалай болар екен? - деп жүрексіндім мен.
- Мұратты практикант дейтін емес. Рас, жиналыстан есеп жазу - жастарға қиын. Сенгін Мұрат
ешқайсымыздан кем жазбайды, әуелім артық жазады, -деп итермелеуін қоймады Мекең.
Журналистік қызметтің қырсырына қанық журналист, жақсы жазушы Мейірхан
ағаның ешнәрсені асырап та, жасырып та айтпайтыны белгілі, көндім, Мұратты
жұмсадым.Шынында, Мұрат шымыр жас болып шықты, жиналыстың есебін өте біліктілікпен,
иін қандырып жазып әкелді.
Әңгімелестік. Мұрат мен туып өскен Шу ауданындағы Жамбыл атындағы кеңшардан
шыққан тұңғыш жоғары білімді зоотехник әрі педагог Жұман Сыздықовтың баласы екен. Әкесі
мен шешесі студент кезінде үйленіп, Мұрат Алматы қаласында егіздің сыңары болып дүниеге
келген. Сыңары шетінеп кетіп, Мұрат ана кекірегін жалғыз емген. Інілері, қарындастары бар
көрінеді.
Нұрбековтер - үлкен әулет. Мұраттың әкесі Жұман - үш ағайынды кісілердің кішісі.
Үлкендері Ыдырыс пен Сәрсембектің фамилиялары - Нұрбеков, Жұмандікі - Сыздықов.
Мұраттан біліп отырмын, Жұманды кішкентай кезінде Нұрбектің інісі Сыдық асырап алыпты.
Сөйтсе, ауылдық кеңестің хатшысы Жұманды Сыздықов деп жазып жіберіпті. Сөйтіп, Жұманға
өз әкесінің де, асырап алған әкесінің де есімін алып жүру бұйырмалты. Мұрат та осы бөтен
фамилиямен өтті өмірден.
Ыдырыстың үлкен ұлы Сайлау екеуміз аудан орталығындағы орта мектепті бірге бітіргенбіз.
Алматыға оқуға түсуге де бірге барғанбыз. Екеуміздің де жолымыз болып, қалаған оқуға түсіп
кеткенбіз.
Оқуды бітірер жылы, яғни 1963 жылы қысқы каникулда Алматыдан келе жатып Сайлаумен
бірге Жұман ағайдың үйіне бардым. Жұпар жеңгеміз жолсоқты болып шаршап әрі тоңып келген бізді қуана қарсы алып, жақсылап тұрып шай берді. Онсыз да көңілденіп отырғанбыз,
жеңгей алдымызға бір топ кітап әкеліп жайып салды, ішінде менің «Көк дөңгелегім» де бар
екен.
- Қайным, Мұратжан осы кітапты өте жақсы көреді. Мұның ағасының кітабы екенін біледі.
«Үлкейгенде мен де Әлдихан ағаға ұқсап жазушы боламын», - дейді деп балалар бақшасындағы
баласын мақтан қылды.
- Мұрат әйбат бала екен онда, - дедім қуанып отырып. Менің Мұратқа әдеби ықпалым
тұңғыш рет осылай тиген.Мен де, Мұрат та осы жайды сүйсініп еске алатынбыз.Мұрат алғашқы
кітабын «Әйбат бала» деп атады.Мұның сырын екеуміз де білетінбіз, бірақ білмегендей болып
жүретінбіз.
Мейірхан ағам дұрыс айтыпты. Мұрат өндірістік тәжірибе кезінің өзінде-ақ келешегі
ешкімнен кем болмайтынын байқатты.
Сол тұста облыстық газетте қалыптасқан жақсы бір дәстүр бар еді. Ол - редакция
қызметкерлерінің қатарын тәжірибеден өткен студенттердің жарамдыларымен, яғни
таланттыларымен толықтырып отыру. Мұрат сондай тандауға ие болды, тәжірибесін өте жақсы
өткізгенімен қоса Баспасөз министрлігі мен университетке редакция тарапынан шақыру
қағазын да алып кетті. Мұндай шақырту алған Болат Мәуленовтің де, Толымбек Әлімбековтің
де, Мұрат Сыздықовтың да, Қуаныш Иембердиевтің де кейін редакцияда қызмет істеп, газет
жұмысына қанық, қайыңқаптал журналистер болып шыққаны әмбеге аян.
Облыстық газет жанындағы жас журналистер мектебіне мен жетекшілік ететін едім. Қазір
ойлап отырсам, ол жас журналистер ғана емес, жас әдебиетшілер мектебі де болған екен. Сол
мектептен өткен Мұса Рахманбердиев, Мұрат Сыздық, Толымбек Әлімбек, Көсемәлі
Сәттібайұлы белгілі қаламгерлер болды. Болат Мәуленов, Сапарғали Өлібаев, Айзада Баекова,
Рахметбек Өзбеков, Әбілда Сәрсенбиев, Мақұлбек Малдарбеков, Қуаныш Иембердиев облыс
журналистерінің кешін бастады. Соларға кезінде азды-көпті ақыл айтып, жол сілтегенімді мен
қазір мақтан тұтамын. Олардың әрқайсысы кең толғап сөз етуге тұрарлық жігіттер.
Адамды бір-бірімен салыстырып әңгімелеу - әбестік. Әр адам - өзінше тұлға.
Мұрат жөніндегі бүгінгі азды-көпті әңгімемді мен осы ұстаныммен өрбітіп отырмын.
Мұрат, менің түсінігімде, ерен жүйрік журналист, шын талантты жазушы, ғажап жігіт еді.
Ол кезде облыстық газет аптасына бес рет шығатын, жігіттердің жазғанын жазғандай
жалмайтын. Мұндай бас айналатын екпінге біреу төтеп, біреу сансырап қалатын.
Мына бір әңгіме ойға оралады.
Сол тұста облыстық партия комитетінің бір бөлім меңгерушісі ақын інісін редакцияға
жұмысқа қабылдауға редакторға айтып, ықпал етуімді сұрады.
ініңіздің обалына қаласыз, - дедім.
Неге? - деп шошып қалды белім меңгерушісі.
- Газет редакциясында еңшең сен тұр, мен атайын жігіттер істейді. Ініңіз оларға астар бола
алмай, қор болады. Өзінен өзі түңіледі.
Бөлім меңгерушісі ойланып қалды, қайтып бұл әңгімені жаңғыртқан жоқ.
Шынында да, сондай еді ғой, ең бір сайдың тасындай жігіттер шоғырланып еді редакцияға.
Мұрат қажуды білмейтін қайратты жігіт, ойлы, алғыр, алымды қаламгер еді.
Ол газет жанрының бәріне жетік те жүйрік болатын. Хабар дейсің бе, очерк дейсің бе,
проблема яки сын дейсің бе – бәр бәрін білгірлікпен орындайтын. Өз басым оның сапасыз
материал жазып, қызарғанын көрген емеспін.
Мұраттың талантын бүкіл республика таныды. Облыстық газетте аз ғана мерзім әдеби
қызметкер болды да бөяім меңгерушілігіне жоғарылатылды. Содан соң «Жалын» журналының
жауапты жатшысы, «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы бойынша тілшісі, Баспасөз
және ақпарат істері женіндегі Ұлттық агенттігі бас басқармасының бастығы, Жамбыл облысы
өкімінің баспасөз хатшысы болды. Осы қызметтің бәрін ол ойдағыдай атқарды.
Облыс әкіміне еріп ел аралаған сапарлардан жолжазбалары қандай еді, шіркін! Көркем
очерктәрізді болатын. Ел, жер туралы тебіреністертін.
Журналистік қызметінде шашасына шаң жұқтырмаған Мүрат жазушылығымен де көзге ерте
түсті.
Бердібек Соқпақбаевтың: «Менің байқауымша, алғаш бастап жазатындардың көпшілігі
әуелгі кезде балалар, жастар баспасын жағалайтын тәрізді», - дегені бар. Мұрат та сөйткен,
балаларға арналған әдемі әңгімелер, повестер жариялаған. Жастар қызыға оқырлық
фантастикалық шығамалар жазған. «Әйбат бала», «Жаздың соңғы күндері» атты кітаптары
әдебиет сүйер қауымның жоғары бағасына ие болған. Мұраттың «Күміс сақалды арыстан»
хикаясы балалар мен жастарға арналған республикалық жабық бәйгеде екінші орын алған.
Баспасез және ақпарат істері женіндегі Ұлттық, агенттікте қызметтес болған достары Мұрат
дүниеден озған соң ізін суытпай, 1997 жылы «Қуатым менің» деген атпен әңгімелерін,
повестерін, пьесасын топтастырып қомақты кітабын шығарған болатын. Кітапты қүрастырған
Райхан Сыздықова маған өз қолымен тапсырғанды. Мұрат екеуміздің бір-бірімізді қара тартып
жүретінімізді әдебиеттің айналасында жүргендердің бәрі білетін.
Қуат - Мұраттың өзімен бірге автомобиль апатына түсіп, аман қалған ұлы, тұлпарының
тұяғы.
Достары кітаптың атын тауып қойған, Амал қанша, ұлының қылығына сүйсініп айтылатын
сөз өкініш болып айтылған.
Осы эссені жазбас бұрын мен «Қуатым меніңді» байыппен оқып шықтым. Менің Мұрат
жөнінде бірдеңе білемін деп жүргенім бекер екен, нағыз талантты жазушыны енді таныдым.
Қандай ауыр жұмыс тапсырсаң да мақүлдан басқаға жоқ елгезек, жан адамның көңілін
қалдырып көрмеген сергек, ақпейіл, аяулы ініміз жомарт жазушы екен.
Заты Мұрат кеп оқыған, көкірегіне көп ой тоқыған жігіт еді. Мұнысы мына кітабында
бірден байқалып тұр. Шығарманы бұлайша сауатты, адам өмірінің ең бір қиын, күрделі
иірімдерін ешбір тайсалмай, бабын келтіріп, бояуын қанық етіп жазу білімді, білікті
қаламгердің ғана қолынан келеді. Мұрат туындыларында адамға тән қуаныш-қайғы, сүйінішкүйініш, өшіп-жану - бәр-бәрі қамтылған. Жазушыны құдды бір артында қалған адамдарға
әмісе естерінде жүрер, сабақ алар жайларды әдеби көркем об-раздармен айтып кеткен дерсің.
Мені тағы бір таңдандырғаны - Мұрат адам тап болып қалатын шетін жағдайлардан адам
болып шығуы, адам болып қалуы керек деген ұлы идеяны берік ұстанған. Ең ғажабы,
жастығына қарамай, Мұрат классик жазушылар құсап кейіпкерлерін еш аямай, небір қиын
жағдайларға салып, солардан тайсалмай толғап, толық қанды адам етіп алып шығады.
Мұрат әңгімелері мен хикаяттарындағы жер аттары маған жақсы таныс. Бәрінде Мұрат
тәрізді менің де ізім қалған. Адамдар да маған таныс десем болады. Сол жерлерде бұрын-соңды
өткен оқиғалар, адамдардың сан-алуан тағдырлары Мұратқа басқа ой салған, сөйтіп ол Шу
өңірінің көркем шежіресін жасаған.
Мұраттың оқиғаны баяндауы басалқалы, әсіресе, шығарма шарықтау шегіне келгенде шебер,
ой айтар тұсы тұғырлы.
Мен Мұрат шығармаларын талдауды мұрат тұтып отырған жоқпын, сонда да сөзім жалаң
болмас үшін шет жағалап, оқырман аңдарлық етіп айтайын. «Қуатым меніңнің» беташары
«Көңіл көзі» әңгімесін алып қарайық. Соғыстан екі көзінен бірдей айырылып қайтқан
сырнайшы қарт Жақайдың тірлігі адам аярлық емес, қайта кесек. Өзін мүсіркемек болған
жігіттердің екі аяғын бір етікке тығады. Соңғы шайқаста ие болған «Қызыл Жұлдыз» ордені
араға ұзақ жылдар салып барып тапсырылғанда сырнайшы шал ежелгі серігі - сырнайын
құлаштай көріп, боздата безілдетеді. Ол шырқаған «Жарық дүние» әнінде «Соғыста
қыршынынан қиьшған әндір жастардың дариға арманы; ерте солған қыз-келіншектердің
көзайым мұңы; қайғы-қасіретке қарсы лағнет қарғысы бар еді» -деп аһ ұрады жазушы.
Мұрат өзі құралпы жазушылардан оқ бойы озып кеткен қаламгер екен. Мұраттың
жасындағылар жастық кешу қызықтарын айналсоктап, өрі кетсе, махаббат мұңын маңайлап
жүргенде ол еліміз жүріп еткен тағдырлы, күрделі, ауыр жолды жасқанбай жазыпты. Мұратты
жас емес, жасамыс жазушы деп қалғандайсың. Мұрат қаламынан шыққан «Көк кептер»,
«Моцарттың мүсіні», «Әйел махаббаты», «Ем», «Жынды», «Қияңдағы қаза», «Шатқалда»
тәрізді әңгімелерді бүгінгі классик атанып жүрген жазушыларымыз да жаза алмаған. «Қияңдағы
қаза» мен «Шатқалда» әңгімелерінде шырқыраған шындықбар. Алғашқысында «халықжауы»
деген жаламен қамалған Қылышбек, жанында үш тұтқын бар Тасеева түбіндегі Лагерьден
қашып шығып, түнде үш қуғыншы - қызыл әскерді жайратып салады. Таң атқанда мәлім
болғанындай, олардың біреуі кішкентай кезінде нағашы жүрты асырап алған өз ұлы болып
шығады. Сондағы Қылышбектің өкіре айқайлағаны самай шашыңызды жүлғандай тітірентеді.
Осы жан түршігерлік оқиға кеңестік кезеңде, 1947 жылы өткенін ескерсек, Мұраттың жап-жас қалпымен
халық трагедиясына қапысыз қанықтығына қайран қаласың.
Ақкөз көтерілісіне қатысқан екеу - Аманқос пен Жетпіс жазалаушылар отрядынан құтылып-ақ
кететін еді, Үңгірлі шатқалында екі мұңдыққа кез болады. Тығырыққа тығылған төртеудің тағдыры қыл
ұшында тұрады. Жазалушылар екі қашқын бірілмесе, жазықсыз екеуді жайрататынын айтып шарт
қояды.
- Аманқос, бейкүнә жандардың обалына қалып, қанын мойнымызға жүктесек, нағыз ит өлім сол
болмақ - деп тебіренеді Жетпіс.
-Ағалар-ау, мен үшін бастарыңды ажалға тіктіңдер ме?! - деп шырқырайды жас қыз.
Екеу қаруларын тастап, өлімге кетіп барады.
Қандай аянышты! Қандай мәрттік! Кішкентай ғана штрихқа ерлердің ерен ерлігін сыйғызған
Мұратжан!
Мұрат осындай кең қарпып, кемел ой айтатын жазушы болған екен. Әттең, ерте өлді!
Жамбыл облыстық драма театры Мұраттың «Жетісі берілмеген өлім» пьесасы бойынша спектакль
қойып, премьерасына «Ақ жолдың» бір топ қаламгерлері бірге бардық.
Театр залы толы көрермен сілтідей тынған. Біздің қоғамдағы парақорлық, сыбайлас жемқорлық,
адамдардың қатыгездігі, сатқындығы, опасыздығы, кеудемсоқтығы, жағымпаздығы, ең ақырында
жадысыздығы аямай сынға алынған спектакльден бәріміз ой арқалап қайтқанбыз.
Аңғал ата, қатыгез келін әдебиетте көптен бар геройлар, әлбетте, оны әркім әрқалай бедерлейді.
Мұрат та сөйткен, ай-налайын атаны аяйсың, кер келінге кектенесің. Мәселе мұнда емес, мәселе
Мұраттың біз орынды-орынсыз күстәналай беретін жастарға ерен жанашырлығында, атасының да,
әкесінің де үмітінің ендігі егесін жібі түзу ұл етіп көрсетуінде. Шешесі баласы Қайсарды өліп
жатқан әкесіне қаратпай, АҚШ-қа оқуға аттан деп қиғылық салады. Сона Қайсардың: «Қателесесіз.
Әкемің соңғы сапарына қолымды бір сілтеп, оқуға кетіп қалсам, оның өзекті өртер өкініші өмір
бойы жанымды жегідей жеп өтпей ме?» - деп көнбеуі драматургтің осындай саналы ұл өссе,
қане дегенді меңзейді. «Қара атан өлсе, сойылар, хан әкем өлсе, қойылар» -деген жетесіз ұлдан
мына Қайсар анағұрлым артық. Мұрат жақсы тәлім ұсынған.
Мұраттың соңғы кітабы - «Қуатым менің» мұраттанудың алғашқы кітабы дерік.
Өзгені қайдам, мен Мұратты аса талантты жазушы ретінде енді таныдым. Ол шын мәніндегі
шебер прозаик екен. Мұратты аңдап, байыбына жетіп оқыған адам оның қырқында, қыршын
жасында қиылған өміріне қатты өкініп, оның осыншама татымды, тамаша шығармалар
қалдырып кеткенін көңілге медеу етер.
«Жақсы адам Құдайға да керек» - деген сөз бар. Солай ма екен, Мұраттың өмірі ерте үзілді,
ал рухани өмірі жалғаса береді.
«Қуатым меніңнің» алғы сөзін жазған Мұраттың қарамағында істеген, бүгінде Қазақстан
Жазушылар одағы басқармасының хатшысы Талаптан Ахметжан: «Талантты жазушы Мұрат
Сыздықтың шығармашылығы жайлы айтылар сөз әлі алда. Қамшының сабындай қысқа
ғұмырында артына үлкен еңбек қалдырған жазушының қадірін білетін де, бағасын беретін де
төрешісі өздеріңіз», -дейді.
Талаптан дұрыс айтады, Мұрат туралы айтылар әңгіме, көрсетілер құрмет алда. Қуанарлығы
- Мұрат құрметтен қазір де құры алақан емес. Таразда Мұрат тұрған үйге ескерткіш тақта
орнатылған, атамекені - Шу ауданының орталығы Төле би ауылының бір көшесіне есімі
берілген, осындағы ол оқып бітірген М.Әуезов атындағы орта мектепте оның өмірі мен
шығармашылығына арналған бұрыш бар.
Сөз жоқ, Мұрат шығармалары - қазақ әдебиетіне, оның әңгіме деп аталатын ақ айдынына
қосылған әдемі ағыс, сез ұғарлық адамға мол ғибрат.
ӘДЕБИЕТ - «ҰЛАННЫҢ» ҰЛЫ ҰСТАЗЫ
Белгілі балалар жазушысы Әлдихан Қалдыбаевпен сұхбат
- Балалар жазушысының балалық шағы кімді де болса қызықтырмай қоймасы анық. Сіздің
бал-балалық шағыңыз қалай өтті?
-Жиырмасыншы ғасырдың ұлы жазушысы Эрнест Хемин-гуй: «Үлкен жазушы болу үшін
талант, біліммен қоса бақытсыз балалық керек», - деген екен. Менде осылардың бәрі белгілі бір
дәрежеде бар, десем, әдепсіз болмаслын, деп ойлаймын. Өйткені осылардан мақұрым болсам,
жазушы болмас едім. Ал, бұлардың қайсысына қаншалықты дәрежеде иемін, оны енді
таразылау маған тиесілі емес. Адам тәңір берген деңгейден асып кете алмайды. Осы тұрғыдан
айтсақ, менде азды-көпті талант бар, жинаған білім де бар, бір басыма жетеді, ал балалық...
Сенің сұрап отырғаның осы ғой. Оны білу үшін мені оқу керек.
Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, біз құралпы жазушылардың бәрінің дерлік
кітабының редакторы болған, яғни біздің, оның ішінде менің шығармашылығымды аса жетік
білетін Машқар Ғұмар «Шаншар атай» хикаятымды өмірбаяндық депті. Соғыс жылдарғы ауыл
өмірі суреттелетін бұл хикаяттың басты кейіпкері Әлден - бастауыш сынып оқушысы. Ал, мен Әлдихан соғыс басталғанда екідегі, аяқталғанда алтыдағы баламын. Хикаяттағы суреттелетін
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Көңіл көмбесі - 11
  • Parts
  • Көңіл көмбесі - 01
    Total number of words is 3763
    Total number of unique words is 2285
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 02
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2329
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 03
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2283
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    40.3 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 04
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2302
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 05
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2457
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 06
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2278
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 07
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2330
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 08
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2289
    26.4 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 09
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2307
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 10
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2343
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 11
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2235
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 12
    Total number of words is 3733
    Total number of unique words is 2126
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 13
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2279
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 14
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2232
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 15
    Total number of words is 3883
    Total number of unique words is 2306
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 16
    Total number of words is 3951
    Total number of unique words is 2327
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 17
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2362
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 18
    Total number of words is 3868
    Total number of unique words is 2160
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 19
    Total number of words is 3827
    Total number of unique words is 2321
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    35.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 20
    Total number of words is 2843
    Total number of unique words is 1812
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.