Latin Common Turkic

Көңіл көмбесі - 15

Total number of words is 3883
Total number of unique words is 2306
29.2 of words are in the 2000 most common words
42.0 of words are in the 5000 most common words
49.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
құлағыңызға ән-күй сазын әкеледі. Кәдімгі, Абай айтқандай, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
бөтен сөзбен былғанбаған сөз сарасы - нағыз поэзия тілі шебер қаланып, өмір жырын өрген.
Аттан құлап, аяғы сынып, айдалада қалған Алданыштың (Әлдештің) көзімен сол заманның
келбеті кинолентадай өтіп жатыр, өтіп жатыр. Ашаршылық та, соғыстан кейінгі жылдар да,
колхозға ұжымдасқан ел тірлігі де - бәр-бәрі.
Бір сымның бойына тартылып, шебер ширатылған сюжет ә дегеннен-ақ оқырманды жетелеп
ала жөнеледі. Бас кейіпкер Алданыш аттан құлағаннан бастап «енді не болар екен?» деп
тағатсыздана оқи бересің, оқи бересің. Оқиғалар бірінен бірі туындап өрби береді, өрби береді.
Әуелі Алданыштың өз өмірі еліктіріп әкетеді. Сөзді оның өзіне берейікші:
«Мен шешемді «әкпе», әкемді «жезде» деймін. Оның мәнісі - мені нағашы апам мен жарық
дүниеге келмей тұрып өзіне меншіктепті.
Менің шешем Әміржан - апамның үлкен қызы. Мен шешемнің інісі Әлдижан ағам ер жетіп,
сіңлісі Бүбісара бойжеткен кезде туыппын. Ағамды әскерге қызмет етуге шақырған, әпкемді
болашақ жездемнің әкесі Әжіке атам айттырып келген жылы, яғни 193,9 жылдың наурыз
айында туғанмын мен. Баласы мен қызының алысқа аттанып кетіп, жалғыз қалатынын білген
апам: «Әміржан аман-есен босанса, ұл болсын, қыз болсын, өз пешенемнен, асырап аламын», дейді екен. Үлкеннің айтқанына кім қарсы келсін, апамның ұйғарғаны болыпты. Маған апама
алданыш болсын деп, Алданыш деген есім беріліпті. Сөйтіп, мен емшектен шығысымен
қоржын тамның шығыс жақ басындағы өз жұртымнан батыс жақ басындағы нағашы жұртыма
қоныс аударып, «Айшаның баласы» атаныппын. Ізінше Әлдижан ағам әскерге шақырылып,
Бүбісара әпкем тұрмысқа шығып кетіпті.
Содан бер мен - апамның бар арманын артқан баласымын. Біз, есебі екі түтін болғанымен,
бір үйміз. Апам біздің бәрімізді де - ағам Шәкенді де, қарындастарым Ізбала мен Бағдагүлді де,
інім Бекежанды да жақсы көреді. Сөйте тұра апам мені туған баласы санап, ерекшелеп,
бөлектеп отырады. Мен сөйтіп кішкентайымнан апама тән болып, тілім әкемді «жезде»,
шешемді «әпке» деп шыққан».
Енді сол апасының баласы Алданыш тыным таппай ала өкпе боп жүретін Вовамен намысқа
тырысып, ат жарыстырамын деп жүріп жығылып жатысы мынау. Қозғалуға шамасы жоқ. Вова
үйлеріне хабар беруге кеткен. Өзі өтіп пұшайман болып жатып, апаларын аяп езіліп, егіліп
кетеді. Вовадан ести салысымен апалары екі екпесін қолына ұстап ұшып келе жатқан шығар.
«Айналайындар-ай, азапқа салдым-ау мен сендерді!» - деген өкініш өзегін өртейді. Амал жоқ,
тістеніп шыдау керек. «Мынау мүшкіл халіме енді көз жасым қосылса, апам мен әкпем мүлде
шермеңде болып өксіп өкірер».
Апасы бәрібір шыдай алмады. «Қайттік енді, күнім-ау!» - деп, дауыс шығарды.
Екеуінде де өң-түс жоқ, бет-ауыздары пора-пора тер.
Алданыш байқап қалды, әкпесінің де екі көзі білеуленіп қызарып кетіпті. Екеуі де аяғының
сынғанын Вовадан естіген сәттен бастап көз жастарына ерік берген.
Әкпесі өзін-өзі қаншама тоқтатып, көз жасын көрсетпейін-ақ дегенімен, ол құрғыры демнің
арасында мөлт етіп кірпігіне қонақтай қалады. Әкпесі теріс бұрыла беріп кезін асығыс сүртіп,
балаға қайта қараған сәтте бір тал кірпігі бетінің ұшында жабысып тұрды.
Ақырында, екі ана да көз жастары мен еңіреген дауыста-рына ерік береді. Көп отырады, не
істерін білмейді, өздерінен басқа ересектер де жоқ, бәрі тіршілік қамымен жан-жаққа кеткен.
Қалқабай да алыста. Мына екі ғаріптің баланы орнына қозғауға да, үйге жеткізіп алуға да
мұршасы жоқ. Сонымен үйдегі балаларға қарауға әкпесі қайтып кетеді, айдалада апасы екеуі
қалып қояды. Түні түскір де суытып қалған, от жағуға тура келеді. Бірақ ол отқа Алданыштың
іші де, сырты да жылыр емес. Өне бойын өкініш қысып дірдектетіп өтеді.
Ұйқы деген қайда. Алданыштың көз алдынан өткен өмірі тізбектеліп өтіп жатады, ауыл
адамдарының бірінен соң бірі, олардың іс-әрекеттері елестейді. Кейде әбден қалжырап барып
қалғып кетсе де ол көріністер түсінде жалғаса береді. Ол тіпті өзінің не ояу жатқанын, не
ұйықтап жатқанын біле алмай қалады. Қалай жатса да қалың ойдың шырмауынан шыға
алмайды.
Ересектер бірер күннен кейін ғана рыдаун арбамен үйіне жеткізгенімен, ол сол шымшытырық ойдың шырмауында жата береді. Жақын жерден не дәрігер, не сынықшы
табылмайды.
Алданыштың күні енді не болар екен?!
Қойыңызшы, әйтеуір «үһ» деп бір дем шығарғанымда кітаптың 151-ші бетіне бір-ақ келіп
кідіріппін. Сонда да тоқтамайтын ба едім, бас кейіпкеріміздің сынған аяғына он төртінші күн
дегенде осы арада жан біткеніне айрықша тебіреніп кеткенім.
Сөйтіп, Әлдихан Қалдыбаевтың «Фолиант» баспасынан «Отырар кітапханасы» сериясымен
шыққан «Мен - апамның баласымын» атты роман-эссесі оқырманның сезімін сан құбылтады,
қилы-қилы қиялға батырады. Адамгершілік, адалдық қайырымдылық, мейірімділік секілді
қасиетті үғымдарды жан-жүрегіңізбен қабылдауға әсер етеді.
Романда көптеген адамдардың алуан түрлі образдары сомдалған. Айша мен Әміржанның тек
қана мейірбандықтан жаралған тұлғалары өз алдына. Осы екеуінің бейнесін баяндап берудің
өзін бір мақаланың көлемі көтере алмас еді.
Қалқабайдан бастап, бір-біріне ұқсамайтын ауыл адамдары, кейбір пендешіліктері
болғанымен, сайып келгенде бәрінің жүрегі мейірімге толы. Тіпті жесір кемпірдің қара тайын
ұрлаған Көпесбай да үяттан өле жаздайды, тайдың өтеміне биесін жетектетіп жібереді.
Қалқабай - ерекше жаралған жан. Көп артық сөзге жоқ, тек адал еңбекпен күн көруді
мұраттұтқан. Балаларға қол жұмсауды, ұрсуды білмейді. Өзінің ойын көз қарасымен-ақ
үқтырады. Шіркін, Қалқабайдай сенімді, адал жақындарың көп болса ғой, деп армандайсың. Ол
Алданышқа ағынан ақтарыла: «Сенен басқа баланы оқытуға жағдай жоқ, сен оқы. Оқуың
жақсы. Сен - менің үміт артқан баламсың», — дейді. Қалқабай - алған бетінен қайтпайтын адам.
Романда бірер рет көрінсе де жарқ ете қалатын Оңғарбай ата да ауылдың дана қарттарының
жиынтық бейнесі іспетті. Өзінің оспадарлау баласы Әлібектің кекіліктің жұмыртқасын алып
келгеніне қалай ашуланды десеңші. «Бұл жұмыртқалардан шыққан балапандар өріп, кекілік
болып, ертелі-кеш беткейде қақылықтап жүрсе, жаман ба еді? Қап. Тобылғылы сай қаңырап бос
жататын болды енді!» - деп өкінеді кәрие. Кітаптағы Вова, Әлібек, Мәтен, Базаркүл секілді
балалардың іс-әрекет, қылықтарын оқығанда өзің де балалық дәуірге қайта оралғандай
боласың, сол кезде балалықпен жіберген кем-кетіктеріңе өкінесің.
Романда кейіпкерлердің бейнесі өздерін қоршаған табиғат, жан-жануарлар әлемімен біртұтас
болып ашылған. Жылқылардың, түйенің, аң-құстардың жан-дүниесіне бойлап кетесің.
Осы арада роман жайлы әңгімеден сәл шегініс жасап, авторды мұндай кесек туындыға
жеткізген шығармашылық жолына қысқаша шолу жасасақ деймін.
Өткен ғасырлардың сонау алпысыншы жылдарының басында «Көк дөңгелек» атты суретті
кітапшамен және «Қос тентек» атты әңгімелер жинағымен ойда жоқта танысқаным бар.
Шығармаларда балалардың жан дүниесі нанымды да шебер суреттелгені сонша, мен өзімнің
ұмытылып кеткен балалық шағымның кейбір бедерлі беттерін көз алдыма қайтадан елестеткен
едім. Мен авторды Алматыда түратын мықты жазушылардың бірі шығар деп ойлағанмын.
Өйткені, «Қос тентекте» Алматы маңындағы жерлер аталады.
Содан бірер жыл өткенде әлгі авторымыз Тараз қаласындағы мен қызмет істейтін мекемеге
келіп тұр. Өзіміздің жерлесіміз екен. Содан бергі қырық жылдан астам уақыт ішінде бұл
ініммен қаламгер, азамат, ағайын ретінде сырлас, мұңдас жандардай өмір кешіп келеміз.
Әсіресе, жас жазушының балаларға арнап жазған екінші кітабы «Қос тентек» атты жинағын
әдебиет сүйер қауым жылы қабылдады. Баспасөзде жарияланған мақалаларда қазақ ба-лалар
әдебиеті қаламгерлерінің қатарына жаңа талант иесі қосылғаны атап көрсетілді. «Қазақ
әдебиеті» газетінде басылған рецензиясында Рамазан Тоқтаров былай деп жазды: «Әлдихан
Қалдыбаевтың балауса балдырғанға арналған «Қос тентек» атты жинағының алғашқы бетіненақ біз әуелі өзімізді, өзімізден алыстай бастаған күмбірлеген былдыр тілді бір әлемді көз
алдымызға әкеліп, жас баладай мұңсыз қуанышқа бөленеміз... Автордың балалар дүниесін
жақсы білетіндігі әрбір әңгімесінен айқын сезіліп тұр. Ол бүлдіршін жас кейіпкерлерін өз
ыңғайымен жүргізе бермей, қалаған бағытына шығарып сап, соңдарынан қатал тәрбиешідей
бағып, бақылап отырады».
Ал, Сатыбалды Нарымбетов «Жұлдыз» журналында жарияланған мақаласында: «Оқушың - о
да бір өзіңнің көңілдесің. Ә дегеннен Ә.Қалдыбаев бауырмалдығын сездіріп қалды, оқырман
жүрегін баурап, бас-аяғыңды сүзіп шығып, көргенін қағылездікпен көз алдыңа тоса қойып,
ашық жарқын сыршылдығын танытты», -деп жазды.
Әлдиханның алғашқы аяқ алысынан талантты балалар жазушысын таныған
республикамыздың белгілі қаламгерлерінің осындай болжамжарын жас жазушы өзінің кейінгі
творчестволық жолында толығынан ақтады.
Қырық жылдан астам уақыт Әлдихан балаларға арнап шығармалар жазып келеді, ол жас
оқырмандарына он бес кітап сыйлады. Оның ішінде әңгімелер жинақтары да, ровестері де бар.
Қазақстан Жазушылар одағының балалар мен жастар әдебиеті жөніндегі кеңесі кезінде өзінің
кеңейтілген мәжілісін түгелдей Әлдихан Қалдыбаевтың творчествосын талқылауға арнады.
Онда пікір айтқан белгілі әдебиетшілер Әлдиханның республикамызда балалар әдебиетін
дамытуға қосып келе жатқан елеулі үлесіне ылайықты баға берді.
Ал, балалар жазушысы болу оңай ма? Осындай сұрақ алдына қойылғанда Максим Горький:
«Балаларға арнап сәл жақсырақ жазу керек», - деп жауап қатқан. Бұдан балаларға арнап
шығарма жазу кез келген жазушының қолынан келе бермейді деген қорытынды туады. Бір
қарағанда, балалар әдебиеті оңай тіршілік құсап көрінетіні бар: сөйлемдері де қарапайым,
желісі де күрмеусіз тартылған, ұғынуға жеңіл. Бірақ мұндай қарапайымдылықтың астарында
асқан шеберлік, айырықша талант пен сезімталдық жатқанын байқай бермейміз. Өзі бала жанды
жазушы ғана балаларды баурап алатын туынды тудыра алады. Шынымызды айтайықшы, біздің
бәріміз бірдей сәбилік пәк сезімімізді есейген шағымызда да кіршіксіз мөлдір күйінде сақтай
алдық па? Балалық балдәуреннің мөлдір сезімін өмірдің бұралаңдаған, буырқанған
ағыстарында ылайлап алмау қиынның қиыны. Мұндай қасиет жұрттың бәріне бірдей дари
бермес.
Ал, Әлдиханға бұл қасиеттің молынан дарығанын мынау жаңа кітабы - «Мен - апамның
баласымын» атты роман-эссесі барынша айқын дәлелдеп отыр. Алданыш роман оқиғасының
даму барысында бір кезде әкесі Қалқабай айтқан «Сен - менің үміт артқан баламсың», дегенін
ақтап шығады. Оның апасының баласы ғана болып қалып қоймай, адамның баласы болып қалай
қалыптасқаны шығармада асқан шеберлікпен бейнеленген.
Тараздағы Абай атындағы орталықтандырылған кітапханада осы романның тұсаукесеріне
арналған оқырмандар жиыны аса қызу дүбірлі кітап мерекесіне айналды. Оған қатысушылар
мұндай сүбелі шығарманың соңғы кезде балалар әдебиетінде сиреп бара жатқанын, оның бір
себебі - әдебиеттің бұл саласына бұрынғыдай жеткілікті назар аударылмай жүргендігін ауызға
алды.. Мәселен, бұрын Республиканың Мемлекеттік сыйлығы балалар әдебиетіне де міндетті
түрде бөлінуші еді. Қазір ол ұмытылды. Сондықтан мынау романды Қазақстанның Мемлекеттік
сыйлығына үсыну қажет, деген пікірлер айтылды.
Романда жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру мәселелері де аса көркем кестеленген. Сондықтан
мектептерде қосымша тәрбие сағатында пайдаланған жөн, бұл үшін кітапты қосымша тиражбен
басып шығару керек, делінді.
Ұлттық тәрбие дегеннен шығады, біздің ойымызша, бұл кітап бойынша балаларға арнап көп
сериялы фильм түсірсе жөн болар еді. Оған авторды тарту керек, ол - драматургия саласныда да
дарынын танытқан жазушы. Мұның өзі жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің көркемдік құралына
айналар еді. Қазіргі кезде көрерменді әбден мезі қылған шетелдік шылдыр-былдыр арзанқол
балалар фильмдерінен бір мезгіл тынығуға мүмкіндік жасар еді.
ШЫНДЫҚ ТҰНҒАН ШЫҒАРМА
Профессор Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ.
Қазақтың танымал балалар жазушысы Әлдихан Қалдыбаевтың өткен ғасырдың орта
тұсындағы қазақ ауылының тұрмыс болмысын шебер суреттеп жазған романы бас кейіпкер бала Алданыш - Әлдештің мақтанышқа толы сезіммен айтатын «Мен - апамның баласымын»
деген сөзімен аталыпты. Бұл шығарма балаң оқырман арасында ғана қызығушылық
туғызбайды, ересек оқырмандар назарын да өзіне ентелете тартады. Бүгінде оқырман
атаулының жан дүниесіне еніп, еліктіре алатын шығармалар ғана оқылатын болып жүр ғой.
Осы тұрғыдан шығарма табиғатына назар салсақ, роман желісіндегі оқырман санасын баурап
алатын ерекше ізденістен туған шеберлік белгісін аңғарамыз.
Жазушы шеберлігінің қарапайым болмысы қайталанбас сәттілік әкелген. Ол, біріншіден,
ойға оралмайтын, күтпеген жерден басталып кететін эпизодтық оқиғадан желі тартып кетеді.
Шығарма сюжетінің шымырлығы құрылысында қиыннан қиыстырылып берілетін Алданыш Әлдештің аттан жығылып, аяғының сынуы бүкіл оқиға желісінің өзегіне айналуында жатыр.
Өйткені бүкіл ауыл баласы мен сол тұстағы ел өмірінің жанжақты қамтылып, толық көрініс
беруі романның композициялық құрылысындағы қайталанбас осы ерекшеліпне келіп тіреле
береді. Романда қазақ ауылының, қазақы мінез-құлқының заман ауыртпалығы тудырған
шындық желісіне орай өрбіп отыратын рухани болмысындағы құбылыстар жазушы тарапынан
асқан білгірлікпен суреттелген. Шығармадағы қарапайым сан алуан кейіпкерлер тағдырының
оқиға желісіне қарым-қатысы аттан жығылып, аяғы сынған бала Әлдештің іс-әрекеті арқылы
көз алдымыздан өтіп жатады.
Шығарманың сюжеттік желісінде алып бара жатқан күрделілік жоқ. Бүкіл оқиға атаулының
бәрі шегініс тәсілімен Әлдештің бастан кешкендерін бала тілімен баяндауы арқылы
шыншылдықпен берілуі шығарма құрылысының өзекті арқауына айналған. Оқиға атаулының
бәрі де осы түйінді өзектің маңайына үйіріліп, өмір болмысының қатпарлы қабаттары да осы
арқылы ашылып көрініс беріп жатады.
Шығарманың композициялық құрылысындағы бұл жай аса сирек ұшырасатын сәттілікке
айналған, жазушы шеберлігінің бұлтартпас айғағы. Барлық оқиға желісіндегі өмір белестері
аяғы сынған бала әңгімелеуімен берілуі оқырман атаулының назарын өзіне тартып баурап
алудың ұрымтал тәсілі болған, шығарманың елеулі ерекшелігі осында жатыр. Бұл тәсіл
оқырман атаулыны өзіне тартып, балалық өмірдің балдәурен кезеңін алдыңа жарқырата жайып
салады.
Жазушы романындағы қайталанбас кейіпкердің елеулісі - Әлдештің әжесі Айша.
Жас баланың мінез-құлқы мен дүниетанымын қалыптастыруда теңдессіз орны бар әже
образының көркем әдебиетте суреттелуі - аса нәзікте күрделі тақырып. Нағашы әжесі Айша
қазақы жолмен жиен немересі Алданыш - Әлдешті баурына басады. Әлдештің балалық шағы,
ержетіп өсуі мен дүниетанымының біртіндеп қалыптасу жолындағы аналық махаббатынан
туындаған әже әрекетін жазушының аса бір білгірлікпен, жаныңа нұр себер әсерлі жылылықпен
суреттеуінде терең мән жатыр.
Жаңа буын - жас ұрпақтың рухани жағынан іштей түлеп, толысып өсуіндегі әжелердің орны
қазақ әдебиетінде жазушы М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың әжесі Зере
немесе Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасындағы немереге деген жан дүниесі
елжіреп тұратын Ақәжесі арқылы толық көрініс береді емес пе.
Ашығын айтсақ, асыл әже бейнесін жасауда Әлдихан осы екі ұлы қаламгерлерден бір де кем
соқпайды.
Қазақ әжелері немерелерін халықтың ұлттық әдет-ғұрыпы мен салт-санасының бесігінде
тербей отырып жетілдірген. Сөйте тұра баланың дүниетанымына ұлттық рухты сіңдіріп
қалыптастыру жолындағы күнделікті тұрмыстағы әжелер әрекетінің баға жетпес құндылығына
назар сала бермейтін керенаулығымыз бар екенін несіне жасырамыз. Бұл романнан бір
отбасының осындай бас тәлім тәрбиешісі қызметін өзінің күнделікті қарапайым тірлігі арқылыақ табиғи қалпын бұзбай орындап жүрген Айша әжейді, яғни Әлдештің апасын көреміз.
Әлдештің әжесі сол тұстағы қазақ ауылының тұрмыстық салт-санасы мен ұлттық әдетғұрпының рухани қоймасы десе болғандай. Аяғы сынған немересінің ем-домына байланысты
ұғым-танымдары, түс жоруы, бата беруі, ауырған баланы тас бұлауға салуы, өз өмірін өлеңмен
өрнектеп, әнмен сыр шертуі, халыктың сөз өнеріне деген құштарлығы мен ел әңгімесін
Әлдештің санасына сіңдіруі - бәрі де романда мейлінше қарапайым табиғи қалпымен-ақ
оқырман жанын баурап отырады.
Әженің қасіретті тағдыры мен тар жол, тайғақ кешуде өткен шерлі өмір жолындағы небір
бұралаң тұстары Әлдешті ойға шомылдырып, санасына қозғау салар жайларына оқырман да
ортақтасып, іштей толқып отыратыны бар. Әжесінің соғысқа барлық денсаулығын беріп келіп
қаза болған ұлын айдалада отын шауып жүріп көз жасын төге жоқтаған өлеңінде:
Белімді үзіп көтерген шырағым-ау,
Қайтіп қана қайғыңа шыдармын-ау?
Бұрын кетсем өзіңнен деп тілеп ем,
Болмады ол, көз жасын шыладым-ау!
Әкең кеткен артта бар тұяғым деп,
Мен жүр едім арманым, қиялым көп.
Тіріліп кеп сорлы әкең сұрар болса,
Қайтап айтам: «Үзілді қияғың» деп...
Тұлдыр қалдым, тұл қалдым мен қанатсыз,
Жүрем енді аһ ұрып ел санатсыз.
Құдайым-ау, ажалың қайда сенің,
Құбылаға басымды тез қаратқыз,
- деп егіле зарлауы тас жүректі адамды да егілдіргендей отты сезімге орайды...
Өзіне өлім тілеген әжей өмірден үмітсіз емес, ендігі тілегі мен үміттірегі-немересі
Әлдеш.Тасбұлауға түсіріп жатқан немересінің жолына мойнына бұршағын салып, өзін
құрбандыққа қиған: «Уа, құдіреті күшті Құдайым-ау, байымды, баламды алғаның аз ба еді?
Ыдырысты қойшы, Әлдижанды алдың, көндім. Енді Алданышыма көз алартпашы. Мені ал.
Әлдижанымды қалдыр дегеніме де көнбеп едің, мен енді өмізді Әлдештің жолына кұрбандыққа
шалдым. Мені ал, баладан аулақ! Бар болсаң, сөйт, айналайын-ақ Құдай!» - деп көзінен жасы
парлаған әженің-ұрпағын сақтау парызын орындау жолындағы қазақы дүниетанымнан
туындайтын ғажап ерлікке пара пар әрекетіне құлай сенеміз. Әрине, мұның сыры жазушының
қазақы өмір салтына қаныққан дүниетанымынан туындап жатқан, бала тілін таба жазатын
шеберлігінде жатса керек.
Романның эпилогында Айша әженің Әлдешінен туған шөбересі Бауыржан ауырып хал
үстінде жатқанда, үй ішінен басқаларды тысқа шығарып жіберіп, құдайдан ақтық тілегін тілеп,
бала қалып, өзі бақилық өмірге аттанып кетуі - ұрпағын сақтау жолында өмірін қию, бойындағы
рухани бар асылын ұрпағының санасына сіндіріп кетуі - қазақы әжелердің отбасы тәлімтәрбиесіндегі шешуші тұлға екендігіне жазушы бізді нандыра алады.
Жазушы әжелер туралы бізді терең ойға жетелейді. Құдайға шүкір, бұл іспеттес асыл әжелер
сарқыты ауылдық жерде баршылық. Ал, қалаларда ше? Әй, қайдам? Өйткені қаладағы, тіпті,
аудан орталықтарындағы оқыған, көзі қарақты, бірақ қазақы салтынан ажырап қалған
«цивилизованная» әжелер ше? Олардың ұрпағын сақтау, халқының салт-санасын жас ұрпақ
бойына сіңдіру сияқты отбасылық тәлім-тәрбиеде жанкешті тәуекелге бара қоюы екі талай
екендігін көріп те жүрміз ғой... Өйткені олардың үлгі тұтар «молдасы» қазіргі күнде рухани
жағынан жидіп жатқан Европаның тән құмарының ұшына шыққан ультрамәдениетсымағы емес
пе? Бауыржан Момышұлының анасының бесік жырын, әжесінің әлди үнін есітпеген баланың
көкірегі соқыр болар деп уайым жегені тектен-тек емес.
Романның өзге кейіпкерлері жөнінде де көп таратып айтуға бо-лар еді, мақала ауқымына
сыймайды. Дегенде, жазушы шиеттей балашағасын асыраймын деп арқа еті арша, борбай еті
борша болып жүрген Әлдештің анасы Әміржан мен әкесі Қалқабайдың образдарын шымыр да
шынайы етіп сомдағанына сүйсінбей тұра алмайсың. Тараздық жазушы Кәрім Баялиев «Ёгемен
Қазақстан» газетінде бұл жөнінде тым әдемі жаза келіп, былай деп тамсанды: «Қалқабай ерекше жаралған жан. Көп артвық сөзге жоқ, тек адал еңбекпен күн көруді мұрат тұтқан.
Балаларға қол жұмсауды білмейді. Өзінің ойын көзқарасымен-ақ ұқтырады. Шіркін,
Қалқабайдай сезімді, адал жақындарың болса ғой, деп армандайсың».
Балалар жазушысы Әлдихан Қалдыбаевтың «Мен - апамның баласымын» романында бүгінгі
аға ұрпақтың өткен ғасырдың бел ортасындағы емірі мен тағдырына ортақ балалық дәурені кең
қамтылып суреттелген. Бүгінгі аға ұрпақтың әрбір өкглі осы романды оқуы арқылы өзінің
қайталанбас өмір жолындағы балалық бал дәурені қалай өткенін салыстырмалы түрде көз
алдынан өткізе алады. Бүгінгі жаңа буын - жас ұрпақ өкілдері, тағдыры қиын сол кезеңнің
қайталанбас болмысын, қазақы қалпын, салт-санасын, ауыл балаларының бастан кешкен
тұрмыстық қимыл-әрекетін терең сезініп, өмір болмысынан молынан хабардар болмақ. Жазушы
романның бас кейіпкері Әлдештің басынан өткерген ғажайып өмір жолын өрнектеу арқылы
бүгінгі балғын ұрпаққа рухани азық боларлық мол қуатқа ие, тағлымы мол туын-ды әкелген
дүниеге.
БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА ЕСКЕРТКІШ
Бақытяр ӘБІЛДАҰЛЫ, жазушы.
Жақында - сәуір айының 26 күні жолаушылап Ташкентке барғанымызда сонда тұратын
қандасымыз, ақын Мекембай Омаровтың Өзбекстандағы қазақ мектептері үшін қазақ әдебиеті
және ана тілі оқулықтарына тараздық жазушы Әлдихан Қалдыбаевтың да шығармаларын
классикалық үлгі ретінде енгізгенін естіп, біраз қуанғанымыз бар еді. «Сырт көз - сыншы» дейді
ғой. Қасымда қатар, қанаттас жүргендіктен, жазғандарын күнделікті оқып, біліп, көптеген
әріптестерінің оны классик деп айтып жүргенін талай естігем, қазақ балалар әдебиеті
классиктерінің бірі Бердібек Соқпақбаев Әлдихан Қалдыбаевтың әңгімелері туралы «ғажап»
деп тамсана жазса, белгілі жазушы Машқар Ғұмар біздің жерлесімізді «аса шебер қаламгердің
бірі де бірегейі» деп бағалағанын оқығанымыз бар. Сондай-ақ Әбіш Кекілбаев, Мұхтар
Мағауин, Сайын Мұратбеков, Рамазан Тоқтаров, Сансызбай Сарғасқаев, Сатыбалды
Нарымбетов сияқты атақты қаламгерлеріміз де Әлдихан Қалдыбаев шығармалары туралы
жоғары пікір айтқанын білетінбіз. Өзбекстандағы ақын, жазушылар өкілдерінің бірі Мекембай
Омаровтың әлгіндей бағасы да қуантарлық жай еді.
Жақында ғана сол бағамды тағы да таразылап көруге мүмкіндік бергендей Астанадағы
«Фолиант» баспасынан Әлдихан Қалдыбаевтың «Мен - апамның баласымын» атты романы
жарық көрді. Роман қазақ әдебиетінің ең таңдаулы шығармалары топтастырылып жатқан
«Отырар кітапханасы» сериясына еніпті. Ал, бұл сериямен Қазақстан Республикасы Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бағдарламасы бойынша шыққан кітаптар
еліміздегі барлық кітапханаларға тегін таратылатындығы тағы белгілі. Осының өзі-ақ талай
жайды аңғартса керек.
Жазушы-драматург Әлдихан Қалдыбаевтың романын қолға алғанда ол ташкенттік ақын
Мекембай Омаровтың бағасына дәл келе ме, жоқ па деген сауал көкейімізде тұрған еді.
Шығарманың басты тақырыбы - балалық шақ. Он төрт-он бес жастағы бозбаланың тағдыр
талайы, мінез-құлқы, арман-мақсатының бағыт-бағдары қалай қалыптасатындығы сол балалық
шағына да көп байланысты. Балалық шақ жақсы, бақытты болса, жұрт балдәуренге теңейді. Ал
ащы да ауыр болса, жас шыбықтай қатая қоймаған бала қисық-қыңыр болып өсуі яки
қиыншылықтардан қайысса да морт сынбай, пайымды болып шығуы мүмкін. Балалық дәуренін
Ұлы Отан соғысы кезінде күйзелген ел есін енді-енді жинай бастаған кезде басынан өткізген
Әлдиханның бұл романын автобиографиялық деуге әбден болады. Жазушы басты кейіпкерінің
есімін Алданыш деп атағанымен оны көбінесе Әлдеш деп жазады. Әкесі Қалдыбай - Қалқабай,
ол басқа кейіпкерлердің барлығы дерлік өздерінің төл есімдерімен берілген. Бұған қарап
романды өмір шындығын сол қалпында өзгертпей жазған натуралистік көшірме деуге мүлдем
болмайды. Әдетте кейбір адамдарды фотосуретке немесе кинофильмге түсіргенде фотогенді
немесе киногенді деп жатады ғой. Әлдихан Қалдыбаевтың балалық шағы роман оқиғаларында
боямасыз-ақ көркем суреттелген. Өмірдің өзі арнайы болашақ жазушы үшін дайындағандай
қызғылықты. Рас, сол балалық шақтың кейбір ауыр тұстары, мәселен, бас кейіпкердің сол аяғы
санынан морт сынып, бір жыл бойы мектепке бара алмай қалуы өмірдегі нақты Әлдеш үшін,
әлбетте, қызғылықты болмағаны анық. Айдаладағы Кербұлақта - екі-үш үйлік шағын ауылда
күз айларында мешел адамдай жылжи алмай, үйдің төрт қабырғасы ішінде қамалғандай отыру
бас кейіпкердің зерделі болып өсуіне, пайымдылығының орта түсуіне мықты ықпал еткен
тосын жағдай екені сөзсіз. Шын-туайтына келгенде, кейіпкері мектепті бір жыл кеш
бітіргенімен өмір деген үлкен мектептің көп ауыртпалығын балаң шағында -14 жасында бастан
өткеріп, азамат, тұлға ретінде тағдыр қазанында қайнап, шыныққанын да жазушы өте шебер
көрсетеді. Тіпті роман әуел бастан сол аяқтың сынуынан жазылуына дейінгі оқиғаларға
құрылғандай көрінгенімен, әлі толыспаған бозбаланың осы мерзім ішінде көрген-білгенін,
ұққан-түйгенін өзінше пайымдап, өмір мектебінің табалдырығынан сүрінбей өткендігін
оқырмандар жүрегіне сыздықтата көркем тілмен, мұңы мен юморы аралас сезімге бөлей табиғи
жеткізеді.
Романның «Мен - апамның баласымын» деген атауы-ақ көп жайды аңғартады. Бас
кейіпкердің екі ұшты жағдайда шындықты қалай қабылдап, өмірге бейімделуінің драмалық
тұстары оның рухани өсуіне де айрықша ықпал етеді. Әлдеш өзінің туған анасын - әкпе, туған
әкесін - жезде деп өседі. Жұбайынан да, соғысқа қатысып жарымжан болып оралған жалғыз
ұлы Әлдижаннан да айырылған, сондықтан да туған жиенін алданыш көріп, асырап алған
нағашы әжесі Айшаның баласы болып саналады. Мұның өзі бір жағынан тағдырдың осындай
тәлкегімен жас баланың жалтақ, ынжық, тіпті екі жүзді болып есуіне итермелейтін қолайсыз
жағдай ғой. Жұмыс істеп жүрген Пішпекте туберкулез ауруына ұшырағандықтан ұстаханасын
амалсыз тастап, қайын жұртының шақыруымен Кербұлаққа көшіп келген Қалқабайды, оның
ұлдары мен қыздарын жаңа ауылдастары кірме санап, көзге түрткі етуі де бас кейіпкер жанына
жағымды әсер ете қоймайтындығы белгілі. Тіпті, Әміржандай ардақты қыздарының баласы
саналатын Алданышты ағасы Шәкенге қоса «қаңғыған күнту» деп ат үстінен жұлып алған
оспадар ауыл жігіті Бәкірдің қызғаншақтық қылығы да жүрекке жара салатын жай.
Міне.осындай келеңсіз қағыту, қорлау әрекеттері жасынан аңғарымпаз, зерделі Алданышты
әкесін - жезде, шешесін - әкпе, нағашы әжесін апа - деп айтқызса да, сезімтал, сергек бала
жалғыз ұлынан айырылған әжесін етжүрегімен аяп, өзінің ата-анасын іштей біліп, өмірге
бейімделе өседі.
Психологтар арасында адам тағдыры көбіне мінезге байланысты деген қағида бар. Ал, сол
мінезді өскен орта, әлбетте, ең алдымен ата-ана, бауырлар, ағайын-туыстар өнегесі, олардың
өзара қарым-қатынасы, содан соң сыртқы жағдай, кейде тіпті табиғат қиыншылықтары да
қалыптастырады. Бас кейіпкер Алданыштың бесіктен белі шығысымен көргені де, түйгені де
көп. Оның жүрек көзі басқа жұрт онша елей бермейтін нәрселерді байқағыш, құлағында
айтылған жайларды құйып алатын қалтасы бар. Бұл күндері алпыс деген асудан асқан
жазушының жарты ғасырдай бұрын болған оқиғаларды қолымен қойғандай көркем, көрікті,
табиғи сөздермен қиюластыра қалағаны тәнті етеді. Әсіресе, жазушының табиғатты, мінген
аттары - Көкбайталды, Жамбасторыны, Қарагерді, қара бураны, қарауыз тазы Лашынды
бейнелеуі ғажап. Қаламгер өзі өскен Кербұлақтың сай-саласы, қыраттары туралы қарасөзбен
кесте тігіп, қыстың, көктемнің, жаздың, күздің жанды көріністерін суреттегенде оқырманның
өзі сол жерлерді автормен бірге аралағандай әсер алады. Бұл табиғат мылқау емес, роман
кейіпкерлерімен бірге мұңаяды, қайғырады, қуанышы сел болып тасып, кейде ойланады.
Табиғаттың тамыршысындай дөп басып, не жазса да көркем жазатын Әлдихан
Қалдыбаевтың әрбір кейіпкерін тип деуге болады.
Мәселен, естияр болған құрбы-құрдастары Вованың, Әлібектің бейнелері олардың ісәркеттерінен де, тек өздеріне ғана тән сөз саптауларынан да аңқып тұрса, шешесінің перзентсіз
бауырына асырауға берген бір жасар қарындасы Рахизаның мінез-құлқы, іс-әрекеттері оқырман
жанашырлығын оятады. Немесе Алданыштың романда аты аталмаған нағашы жесір жеңгесінің
әлі жігітке жете қоймаған балаң қайнысынан әмеңгерлікті үміт еткен әрекеттері де осы бір
қасіретті жанның тағдыры жүрек қылын тербетеді, түсіністік туғызады. Бас кейіпкердің
қамқоршыл анасы Әміржан бейнесі де қайталанбас тұлға ретінде жазушының шебер қолынан
жұп-жұмыр болып шыққан. Алданыштың Ұлы Отан соғысында шейіт болған ағасы Бекеттің
әрекеттері де оның батыл екендігін танытады. Ұстаздар Оршыбектің, Эмма Яковлевнаның
мінездері де бір-біріне ұқсамайды. Ауыл адамдарының бірі - тазысының жаңа туған күшіктерін
пұлдайтын Атабай төренің, жақындарының, таныстарының малына қол салатын Қамаубай
ұрының әрекет-амалдары да өмірге енді қадам басқалы тұрған Алданыштың санасына өшпес
іздерін қалдырғандығы шығармадан айқын аңғарылады. Бірінің саудасына күлсең, екіншісінің
ұрлығынан жиренесің. Сондай-ақ, Қалқабай үйінің үміт артқан Көкбайталын улап өлтіретін
қаскүнем Хамиттің, арақты өлгенше ішетін, тіпті қар астында түнеп қалған Әліпбайдың
характерлері де жақсы дараланған.
Романдағы басты кейіпкер Алданыштың әкесі ұстамды, әр сөзін ойлап айтатын Қалқабай
ұстаның өз әулетінің, балаларының тағдырлары жөніндегі жан аямас қамқорлығы оқырман
жүрегін елжіретеді. Оның сөздері сараң болғанмен, әрекеттері өте орынды, кесек. Теңіз суының
дәмін бір тамшысын-ақ татып білуге болады ғой. Жазушының роман эпилогынан бір үзінді:
«Әкемді армансыз адам санағанмын.
Сөйтсем...
Әкем қайтыс болған кезде мен облыс орталығында қызмет істеймін, естісімен құстай ұшып
жеттім.
Хабар алған кезде де, жолда да жылай алмадым. Қайтіп жылаймын, әкем менің «жездем» ғой.
Жездеге де жылай ма екен?
Қаралы үйге жақындап келеміз.
Бану да, Бекежан да, Күләш келін де көз жастарына ерік берді.
Ата-а!
Атам-ау, атам-ау!
«Мен не деп жылаймын, әке! «Әке» десем, елден үят, «жезде» деуге бүгін тілім келмейді,
әке!».
Мен улап-шулап көрісіп жатқандардың ешқайсысына қарамай, түпкі бөлмеге кіріп, бір
бүрышқа отыра кетіп, солқылдап жылай бастадым. Сол сол-ақ екен, әкеме деген керемет сөздер
кеудеме сыймай, тілімнің ұшына тығылды, бірақ бір де біреуін айта алмадым.
Фәни дүниеден бақи дүниеге аттанып бара жатқан мына алып адамның маған әке екенін өзі
де, мен де білеміз, ел де біледі.
Біраз адам менің не деп жылағанымды көрмек болып ентелеп тұр.
Мен естіртіп «әке» дей алмадым, іштей мың мәрте айттым.
Айналайын жаратушым-ау, сені «әке» демей, кімді «әке» дейін?!
Бізді арқа етің арша, борбай етің борша болып жүріп асы-рап, қатарға қосқан, қасиеттім-ау,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Көңіл көмбесі - 16
  • Parts
  • Көңіл көмбесі - 01
    Total number of words is 3763
    Total number of unique words is 2285
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 02
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2329
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 03
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2283
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    40.3 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 04
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2302
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 05
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2457
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 06
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2278
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 07
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2330
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 08
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2289
    26.4 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 09
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2307
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 10
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2343
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 11
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2235
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 12
    Total number of words is 3733
    Total number of unique words is 2126
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 13
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2279
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 14
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2232
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 15
    Total number of words is 3883
    Total number of unique words is 2306
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 16
    Total number of words is 3951
    Total number of unique words is 2327
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 17
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2362
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 18
    Total number of words is 3868
    Total number of unique words is 2160
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 19
    Total number of words is 3827
    Total number of unique words is 2321
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    35.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 20
    Total number of words is 2843
    Total number of unique words is 1812
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.