Latin Common Turkic

Көңіл көмбесі - 02

Total number of words is 4026
Total number of unique words is 2329
29.2 of words are in the 2000 most common words
41.9 of words are in the 5000 most common words
49.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бокс секциясына алмай қояды Мұрат бойындағы қайтпас жігерге, спортқа құштарлыққа
ешнәрсе тосқауыл бола алмады.
Мұратты мұратына жеткізген Николай Трофимович Денисенко. Н.Т.Денисенко - бойында
барын шәкіртіне сіңіретін абзал ұстаз. Спортты жанындай сүйетін спортшы. Соны шәкірттеріне
егеді.
Спорт десе, аза бойы қаза болатын Тоқмолда образын Бердібек тамаша шығарған. Балалар
әдебиетінде үлкен адамдарды сүттен ақ, судан таза ғып керсетушілік ауру бар. Керісінше, олай
болмауы керек. Олардың жағымсыз бейнесін керсетудің де түк оғаштығы жоқ. Бала күнделікті
өмірде үлкендермен қарым-қатынас жасайды. Олай болса, үлкеннің жақсы-жаман екенін білмей
тұра ма? Түк мүмкін емес.
Ауылдық жерде Тоқмолда сияқты спортты сабақ деп бағаламайтын бастықтар, жасыратыны
жоқ, әлі де бар. Бердібек бұл ретте батыл жазған. Онысы өте жарасымды. Жалтақтық жасамай,
тура жазу керек. Алдаған екенсің, балалар қолын бір-ақ сілтейді де, ондай кітапты қайтып
қолына алмайды. Бердібек өмірлік қызықты жағдайлармен геройларын «тірілтіп» жібереді.
Бердібек - балалармен қызықты юмормен сейлесе алатын бақытты жазушы. Қазақ
жазушыларының юморы күштілерінің ең алдыңғыларының бірі. Балаларға арналған шығарма
юморсыз болуы тұзсыз аспен тең. А.М.Горкийдің: «Нам нужна и веселая забавная книжка,
развивающая в ребенке чувства юмора» деуі тегін емес.
Осы кітапты оқытып, қызықты етіп тұрған Тоқмолда образы. Бердібек Тоқмолданың
тоғышар, надан, пасықтығын мейлінше айқын суреттеген. Жазушы алғашқы таныстықта
Тоқмолданы жайып салмайды. Тоқмолданың Тоқмолдалығы іс-әрекеті арқылы біртіндеп
ашылып отырады. Дәңкеуде, дүмше Тоқмолда Николай Трофимовичпен тартыста бейшаралық
халге түседі. Тоқмолданың қуыс кеуделігі оқушының езуін жиғызбайды. Сондай да адамзат
болады екен, турниктің не екенін білмейді-ау. Ол ол ма Францияны картадан іздеген түрін
қараңдар:
- Сонда мұның Трансиясы қайсы? деп сұрады Ұлжан шешей.
- Трансия емес, Прансия деңіз - Тоқмолда орнынан түрегеліп картаның қасына келді.
Саусағын имите шошайтып «Прансияны» іздеді. Солтүстік Американы шарлап, одан Оңтүстік
Америкаға түсіп, Прансия деген жазуды одан да таба алмай дал боп тұр еді,
Роза кіріп келді.
- Роза, әлгі Прансия қайда еді? Көрсетіп жіберші?
- Бұл Американың картасы ғой. Мұнда Франция қайдан болады? - деді Роза.
- Е, Американың картасында Прансия болмай ма екен?
- Франция ол Европада ғой.
Ыңғайсызданып қалған Тоқмолда қолын бір-ақ сілтеді.
Мен осы карта дегеніңе шорқақпын.
Соқпақбаев осы бір эпизод арқылы сорлы Тоқмолданың тек карта емес, барша дүниеден
шорқақтығын тауып көрсеткен. Тоқмолда - кекшіл, аяушылығы жоқ қаныпезер.
Балалардың өздерінше ұйымдастырған бокс секциясын тал түсте қойға шапқан қасқырдай
ойран қылады. Алаңғасар Айнабеков екеуінің балалар романтикасын аяққа таптаған жүгенсіз
әрекетіне ішің қайнайды. Сондай да айуандық болады екен!
Бір-екі эпизод арқылы-ақ жазушы бөспе, алаңғасар Байқұлақ Айнабеков образын тым әсерлі,
жанды көрсеткен. Байқұлақ- Денисенкодан кейінгі физкультура пәнінің оқытушысы. Сабақты
әскерде жүргенде естіген, есінде еміс-еміс қалған командалармен жүргізеді. Оқып отырып
адамның ішегі қатады. Бұл - тегі Тоқмолдадан да өткен аусар. Сабаздың сабақ берген түрі
соғысты ойыншыққа айналдырып, жоқ өтірікті бөсу. Қала берді команда беру, онысы мынадай
боп келеді.
- Но дба станобис! Направу! Прямі шәгім арш! Рас-тва! Рас-тва! Куру-ғом! Рас-тва! Тағы да
куру-ғом! Бигом арш! (107 бет).
- Лажис! Короткий перебежка би-род! По пластунский би-род! Көтерме басыңды! Би-род!
Бирод! Атаку! Ур-р-а! (109 бет). Дәл осылай болмағанмен, физкультура сабағын осылай қор ету
әлі де бар. Осындайды құрту керек деген идеяны автор қызықты
оқиғамен бүркемелеп қалай әдемі айтқан.
Тоқмолданың оң көзі, қалай илесе де көнімпаз Сәйбек қарттың образы да екі-үш эпизодта
көрінгенімен, тамаша жанды шыққан. Сәйбек Тоқаңның ақылшысы, сырласары. Сәке деп
дандайсытқанға өзінше шаруақор боп пысықсып жүреді. Сәйбектің өз сөзімен айтқанда:
- Директор ысказал - начальник ысказал... Тоқмолда приказ давай. Мен быполнай, сынок.
Басқа нишауа низнаю!Мұраттың досы Шәкір образы жөнді шықпаған. Әр жерде Мұраттың
қылықтарын аша түсу үшін көрініс алып қана қояды. Мұрат өзін секцияға алмай қойса да бокспен
өзінше айналысады. Ол үшін боксқа қатысып жүрген біреуден үйрену керек. Ол -Шәкір. Садық пен
Марат оңаша бокстаспақ болады. Төрешілікке біреу керек. Ол - Шәкір. Шәкір осылай оқиға
шылауында елпектеп ұшып жүргені болмаса, өзінше дараланбайды. Бұлыңғыр қалып қояды.
Бала үлкен өмірге ұшар алдында алдымен отбасы аумағынан қаннаттанады. Содан бөлініп өзіндік
пайда бола бастайды. Автор мұны да өте орынды көрсеткен. Мұраттың өсу эволюциясы, міне, осыны
алақанына салып аялаған қамқор Ұлжан ана мен Батырбай қариядан аулақтанудан басталады. Пионер
лагеріне барғанда артынан келгештей берген әке-шешесінің қылықтарын Бердібек әдейі әжулап отыр.
Б.Соқпақбаев «Жекпе-жек» повесіне көп еңбек сіңірген. Идеясын көркем бейнеге келтіруге
лайықты тіл тапқан. Повестің тіл мәдениеті өте көркем. Автор тарапынан баяндаулар сирек
ушырайды. Адам образдары іс-әрекеті арқылы ашылып отырады. Кейіпкердің характерін ашуда
жазушы диалогты шебер пайдаланған.
Повесте ұшырайтын майда детальдардың өзі тым жанды. Кішкене нәрсе арқылы-ақ көп жайды
аңғартқыш. Мұраттың Москвада бірінші орын алғанын автор Николай Трофимовичтің жубайы
Дусяға жазған тілдей хаты арқылы-ақ білдіреді. Мұрат финалға шыққан шетел газеттерінің
сәуегейлік даурықпаларын қалай қисынымен келтірген.
«Жекпе-жек» повесі жеткіншектерді спортты сүюге баулитын аса қызықты шығарма. Біздің
елімізде жастардың қай салада Гіолсын, шарықтап өсуіне жол ашық. Ол үшін тек қажырлы еңбек,
қызуы басылмас жігер оты керектігін Мұрат Батырбаев жолы арқылы әдемі бейнелеген құнды
еңбек бұл.
Жазушының «Алыстағы ауылда» повесі кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде азаматтардың бәрі
майданға кетіп, тылдағы ауыртпалықтың бәрі аналар мен белі бүгілген шал-кемпір, буыны қатпаған
балаға түскен кезді суреттейтін реалистік шығарма.
Повестің негізгі идеясы - Отанды сүю. Осы негізгі идеялық арқау шығарманың басынан аяғына
дейін үзілмейді. Еңбекшілдік, достық, ұжымшылдық сияқты жанама идеялар негізгі идея ағынын
толықтырып астасып, әдемі өріліп, жымдасып отырады.
Жазушы ел басына күн туған соң бір ауыр күндердің бір-ақ жағын суреттеу арқылы сол дәуір
шындығын елестетер со-вет балалардың патриоттық істерін асқақ бейнелейтін шығарма берді.
Повесті ашып оқи бастаймыз. Геройларымыз жол үстінде. Жұрттың бәрі жолда. Дүрбелең
қауырт қимыл. Форма киініп лек-легімен Отан қорғауға тік көтеріліп аттанып бара жатқан
халық. Идет война народная - Война священная.
Майданға аттанбақ ағасының үйіне жеңгесіне қолғабыс болуға кетіп бара жатқан Болат.
Қаршадайынан әкесінен тірі, шешесінен өлі айрылып, балғын денесін жау оғы жарадар еткен
Сережа. Сережаны госпитальдан алып кетуге келген Жұлдыз. Бәр-бәрінің көңілінде бір
күйкілжің. Бәрі асығыс.
Повесте біз түрлі кейіпкерлермен танысамыз. Соның ішінде іс-әрекетімен, мінез-құлқымен
дараланған төрт кейіпкер бар. Олар - Болат, Сережа, Қожаш, Досан. Бұлардың алғашқы екеуін
өмір толқыны айдап келіп отыр, ал соңғы екеуі «жаңаөмірліктер».
Болат қалада өскен. Ауыл өміріне шорқақ. Колхоз жайлы газет-журналдардан ғана оқыған,
колхоз келбетін машинамен зулатып үстінен өткенде кергені бар. Түк өмір көрмеген сарыауыз
балапанның өзі. Қызыл атты ақ ат деп, қалай жүгендеуді білмей, желген аттың екпініне
машинадан ауып түсетін Болатты дүрбелеңді, қайнаған қауырт өмір өзгеше шыңдап, еңбек иесі
етіп шығарады.
Сережа жас та болса емір талқысынан өткен. Қан майданға бір сүңгіп шыққан. Өмір оньі
мәймеңке, шыбын тимес шыңқ етпе мінездердің баршасын алыс ысырып турашыл,
тындырымды нық шеге қылып қатырып тастаған. Темірдей тәртіпке үйренген. Өмір жасына сай
емес ересекке тән мінездер еккен. Бұл мінездері сырт көзге дөрекі қара дүрсіндеу көрініп
қалатыны бар. Алғаш Болат та жақтырмай қалады. Досан ғой безе қашады. Сауыққой, қызба
Досан үнемі жарысып, жеке шауып колхоздың күш атына күн көрсетпейді. Міне, осы Досанның
шаба беретін атын алып, шабан «трактор» қараны бермек болғанда Досан былай бәлсінеді.
Ендеше, мен машина айдамаймын.
- Айдамасаң, жалтырат табаныңды! Бұл масылдарды асырайтын орын емес. Қазір соғыс кезі
сенің қылтың-сылтыңын мен еркелігіңді көтере алмаймыз...
- Балалар тезірек аттарыңды ұстаңдар. Біздің бір минутымыз өлгенше, неміс фашистерінің
бір солдаты өлсін.
Міне, осы кішкентай үзіндіден-ақ Сережаны қатал, жалқауға ымырасыз еткен не екені айқын
көрінеді. Ол кішкентай жүрегімен, сәби жанымен Отанын сүйеді.Қожаш - әр іске тындырымды,
колхоз өмірін жетік біледі, повестің ұзына бойында Болаттың ұстазы іспетті.
Повестегі ең сәтті шыққан образ - Досан. Бердібек - Досан сияқты сатиралық геройлар
образын жасауға өте ұста жазушы. Оған жеткілікті ойнақы тіл де таба біледі. Лайықты уақиға
да табады. Досан - сауықшыл, ерке-бұлан. Өз дегенім болсын дейтін өлірме, мақтан сүйгіш.
Керекті жерінде әділ-айласын асыратын өтірігі де бар. Жұмыстан қашып келіп, егіннің шөбін
отайтын уақ Балаларға бригадир болдым деп әжесін алдай салады. Досанды құртып жүрген не?
Ол дүниеге турашылдықпен қарамау. Бұл жерін Досанның Сережамен тілдесуі арқылы жақсы
бейнелейді. Елдің бәрі жұмыста. Досанның іші көгереді. Досан жолаушылап ол аралайды.
Барлық жерде қызу еңбек. Жұрт көзіне күйік болады. Өстіп жүріп бір үлкен игі істен шеттеп
қалады. Ол - «Жаңа өмір» балаларының барша аудан балаларына үндеуі. Досан бар пәле
Сережадан деп ойлайды. Повесть соңында өз кінәсін мойындап, Досан Сережамен дос боп
ажырасады. Жазушы Досанды өз қатесін мойындаттырып, бір әдемі сезім ұялатады. Ол
батырдың інісі болды. Ағасы Сайран Совет Одағының батыры атағын алады. Осы эпизодты
жазушы өте әсерлі баяндайды. Бұл күн колхоз өмірінде дүбірлі той болады.
Жанама кейіпкерлер де бірлі-жарым көрініп-ақ жанды әсер қалдырады. Олар ақын бала
Әнуар, күзгі сынға қалған Құрмаш.
Колхозбастығы Жұлдызды, яки бригадир Балабекті, Сережаның өкесі уәкіл Вороновты
қашан кермейік, үнемі қймыл үстінде жүреді. Кеңседе қақиып отыру, немесе сен сүйт, сен бүйт
деп тақылдау да жоқ. Бірақ, бір кемшілігі бұлардың, яғни үлкендердің іс-әрекеті күңгірт. Тек
балалармен қарым-қатынаста ғана көрініс алады.
Кей сыншылар бұл шығармада пионер вожатый жоқ, комсомол басшысы жоқ дейді.
Біздіңше, ол - қате пікір. Үлкен-кіші түгелдей ардақты борышқа жұмылып, қауырт қимылдап
жатқанда жұрт «көпірдей» бастыққа қат па еді. Жазушы мұны дұрыс көрсеткен. Мәселен,
Балабек шабылған шөпті өлшеп, күндік норманың орындалу көрсеткішін іліп отырады. Басқа
шаруасы қанша. Неге бұл күндегідей есепші жоқ, бәрін өзі істеп жүр? Адамдарды отанды
сүюшілік асқақ қасиеті бір кісідей жұмылдырған жұмысқа. Жазушы мұны тамаша керсеткен.
Досан жекжатшылап қыдырғанда алдынан текжұмыс шығады. Қайда барса қызу еңбек.
(Қорқыттың алдынан кер шығатынындай).
Шығарманың көркемдік дәрежесін сез етсек, Бердібек еңбек тақырыбын тартымды
уақиғамен, қызықты суреттеулермен бала-лар қызығып оқитындай ете білген. Балалар
образдары, еңбек картинасы, дала табиғаты - бәрі тартымды, қызықты суреттеледі.
Композициясы да ширақ. Барша тартыс, іс-әрекет бір-ақ нәрсеге бағынып отырады. Ол Отан алдындағы жауапкершілік.
Шығармада психологизмге көп көңіл аударылған. Жазушы көп жағдайда геройларының
толғанысын дәл басып отырады. Диалогтарды да шебер пайдаланады. Пейзажды суреттеуге де
төселген. Дегенмен, олақ сөйлемдер ұшырасып қалатыны бар.
Ендігі әңгіме арқауы «Менің атым Қожа» повесі - жазушының оншақты жыл ізденісінің
көрсеткіші тәрізді белеңді шығарма.
Повестің үлкен өзегі - ой-арман. Бас кейіпкер Қожа - жазушы болуды арман еткен сотанақ
бала. Сотанақ деймін, солай ма өзі? Ақылды бала емес пе? Иә, Қожа әрі ақылды, әрі сотанақ,
содыр бала.
Өмірде сықиып қалған жақсы бала, яки жақсылық атаулыдан жұрдай жаман бала болуы
мүмкін емес. Адамның өзі жаман емес, қылығы жаман. Қалыптасып бітпеген балаға өмір несін
сыйламай-ды. Бәрін сыйлайды: қуаныш пен қайғы, қызғаныш пен достық, масаттану мен азап бәр-бәрін сыйлайды. Осының бәрін қызықты әрі байсалды баяндап беруге не жетсін!
Міне, осы құбылыстың бәрітүгелдей Қожабасынан өтеді. Соның бәрін өмірдегідей етіп
көрсетуге Бердібек қандай әдемі әдістапқан. Кітап оқығандай емес, Қожамен әңгімелесіп
отырғандай боласың. Әңгіме айтып, сырын ашып елжіреп отырған адамға сен қоя тұр, кейін
айтарсың деу қалай қиын болса, бастап оқыған адамға повесті бітірмей жабу да солай қиын.
Қожа повесть беттерінен тұрып кеткендей болады. Бұған себеп, біріншіден, Соқпақбаевтың
жазу әдісі десек, екіншіден, шығарманың кереметтей шындығында. Шындық дегенді әдейі
айтып отырмыз. Шығарманың шындық дәрежесіне көтерілуі - талант құдыреті. Ойындағысын
тура өмірде болған уақиғадай етіп көре біліп, оқушыға көрсете білгенде емес пе талант.
Флебердің ауырып қалуы, Л.Н.Толстойдың «геройларыма ие бола алмай қалам» деуі
шынтуайттап келгенде осыған саймай ма. Бердібектің Қожасы да жазушыға тәуелді емес,
бағынбайды. Бердібек Қожаға еш қылықты әдейі істетпейді. Мәселен, Қожа тентек екен, оған
тентектік істету керек, ол қиялшыл, қиялдауы керек, ол ойшыл, ойлауы керек деп күні бұрын
әзірлемейді. Қайта бәрі өмір заңдылыктарымен туындап отырады.
Қожа өзін таныстырмақ болды. Бала жатып қиналады. «Менің атым...» - дейді де аржағын
айта алмайды. Себебі аты сүйкімсіз, күлкілі. Балаға дұрысырақ ат қою керектігін қандай әдемі
әжуалайды.
Қожа - әкесіз жетім. Әкесін соғыс жұтқан. Жазушы мұны да оп-оңай, еш қиындықсыз білдіреді.
Себебі Қожа фамилиясын айтады. Сөйтеді де әкесі Қадырдың жоқтығын айтып: «Еһ, қайран
әкем. Кім біледі, жер-әлемді шулатып сотқар Қожа атанып жүргенім әкесіз жетім өскендігім де
шығар» деп жүрегі қарс айрылады.
Қожа - ойшыл, арманшыл, намысшыл. Сотанақтығының салдарынан көп қағажу көреді. Сол
үшін кейде ретсіз қыжыңдайтын үлкендерге наразы болады. Шынында, үлкендердің баланы
орын сыз басынатыны бар.«... адам әуелі үлкен болып жаралса, өмірдегі озіне тиісті қызмет
мамандығын атқарып болғаннан кейін барып, балаға айналса. Сонда маған Майқанова қалай
қарар еді?» деп ойлайды Қожа. Балағатән әдемі аңғал қиял. Қожажайлауға кетпек болды. Көлік
жоқ. Неге? «Белсенділердің әрқайсысында бірнеше аттан бар. Үстеріне өздерінен басқа шыбын
жорғалатпайды. Жазда жайлауға қоя беріп, семіртеді де, қыстыгүні қаншырдай етіп жа-ратып,
қасқыр, түлкі қуып шығады. Сонда олар бұл үшін колхозға төлей ме бірдеңе? Түк те төлемейді.
Әкем Қадыр осы колхоз құрылған күннен бастап, ұста болып істеді, мамам - сауыншы. Бір
аттың бір күндік терін пайдалануға менің неге қақым жоқ?
Шынында солай. Қожаның орнында кім де болса солай ойлайды. Бастықтардың әкесінің
малы ма еді? Мінсін Қожа да. Бұлай ойлауы Қожаның тентектігі емес, дүниеге сын көзбен
қараушылығы.
Қожаның бүлдіріп бара жатқан ештеңесі жоқ. Қайта Қожаны қорсыну бүлдіріп бара жатыр.
Қожа бұған көнгісі келмейді. Қайсар бала. Қожа ешқандай бұзықтықты істейтін деп істемейді,
өзі қалай істеп, бүлдіріп алғанын бір-ақ сезеді. Ол ісінің оң-теріс екенін де біледі. Бірақ кейін
өкінеді. Қожаның Сұлтанмен дос болуын автор жайдан жай алмаған.
«Әй Сұлтан, Сұлтан. Сенің бойында кісі қызығарлық өнер-қабілеттер толып жатыр-ау.
Асауға шалманы қалай діл тастайсың. Бие сауғанда шөпілдетіп жібересің. Жолдасыңа қоң
етіңді ойып бе-руден тартынбайтын батылсың да жомартсың. Бірақ, арамдығың да бар: өтірік
айтасың, ұрлық істейсің. Егер оқуды тастамасаң, әлгі айтылған қылықтарыңнан азат болсаң,
сенен түбінде жаман азамат шықпас еді» (67 бет).
Бұл - Қожаның Сұлтан жөніндегі пікірі. Иә, мұны ойлап отырған баланы қалай жаман бала
дерсің!
Өзін ең болмаса Жантас құрлы көрмегеніне Майқанова апайына ерегісіп, Қожа Сұлтанға
ілесіп жайлауға кетіп қалды. Сұлтанмен достығы басталды. Жаздай ұжымнан аулақ болды.
Сұлтан өзін оңдырмай масқара етті. Ал, ауылдағы балалар қайткен? Ұйымшылдықпен шөп
шабысқа барған, даңқтары республикаға жайылып абырой алған.Осыған Қожаның өкінішін
автор қалай әдемі берген. Шөп шабыста болған балалармен бірге газетке суреті шығады. Алғаш
мақтанып қап, кейін өкінеді. Бұл өкініш - кепшіліктен шеттеп қалғанының жазасы.
Қожа - Отанын жан-тәнімен сүйтетін патриот. Оны да Қожекең өзі айтып береді. Немене
осының бәрін айтып отырып мақтанып кеткен жоқ па? Керек десеңіз Қожа дәл балаға тән
аңғалдығымен, романтикалы ұшқыр қиялымен білдіреді. Совет Одағының батыры болуды
арман етеді. Өйткені келешекте жақсы адам болудың бәрі Қожаға қазіргі жамандық
қылықтарына ара тұрар мият боп отырады.
Ұжым күші, оның адамға творчестволық әсерету күші Қожаға өзі істеген, немесе қатысы
болған бұзықтық әрекеттердің бәрін қайта ойлатты. Бұзықтық, жаман болу аяқ астынан екенін
аңғартты.
«Әрине, бәріне өзім айыптымын. Осының бәрі тәртіпсіздіктің, мінез-құлқымның
нашарлығының кесепаты. Әйтпесе, ана Темір құсап езімді үлгілі ұстап, текжүріп, тектұрсам,
мұндай жағдай болар ма еді! Аяулы алтын мамам арып-талып жайлаудан жұмысын тастап
келер ме еді? Жоқ, жетеді! Ақымақтықты енді доғаруым керек! Түзелуім керек».
Бірақ ауру қалса да әдет қала ма? Әзіне-әзі осылай үкім айтқанымен, Нүрила кемпірдің қара
қаншығын ұрмақ болып жерден тас алады. Бұл - бұрынғы Қожа қылығы. Ал, мына жаңарған,
ұятқа піскен Қожа қайтеді? Тесін ұстап тұрып бір ой келді басына: «Япыр-ау, бұл ит маған не
істеді? Мен оны неге ұрамын? Сосын иесі шықпай ма жүгіріп. Қарғап, тілдемей ме мені?
Тәртіпсіздік деген, міне, осындайдан туады екен ғой». Бұл - Қожаның оңалуға жасаған алғашқы
адымы.
Майқанова апай - Қожаның қас жауы. Қожа жегідей жек көреді. Неге жек кереді? Майқанова
Қожаны кезексіз қулықпен кітап алғалы тұрған жерінен қуып шыға жаздайды. Қожаға өне бойы
ұрсып, күн керсетпейді. Бірақ Майқанова жек кере ме Қожаны? Жоқ. Педсоветтен шығып бара
жатып мектеп директоры Ахметовке:
Қадыров - түбінде адам болатын бала, - деді Майқанова.
Майқанованың осы сезі Қожаның бойына нұр жүгіртті. Автор балалар үшін от пен суға түсіп
жүрген мұғалім бейнесін орынды керсеткен. Мұғалімнің күйініші мол қиын еңбегін қайта
неғұрлым анық жазса, балаларға соғұрлым сүйкімді болмақ.
Жазушы Сұлтан образын тым орынды көрсеткен. Сұлтансыз-ақ содыр бала образын жасауға
болушы еді ғой. Бірақ Сұлтан керек. Әне нағыз қисық боп есіп бара жатқан бала - Сұлтан. Қожа
ше? Қожа Сұлтанға астар бола ма, тәйірі.
Соқпақбаев - шындықты бүркемей, батыл жазатын жазушы. Бердібекті кейбіреулер
балалар махаббатын жазасың деп жазғырады. Қазақ балалар әдебиетінің кернекті жазушысы
С.Бегалин Бердібекке мынадай мін таққан:
«Бердібектің «Балалық шаққа саяхат» деген повесінде өзінің жеңгесінің жат суық
жүрісін сөз етіп, оны езі көріп, жас оқушыларына әшкерелеп отырады.Тағы сол повесте өзі
қаршадай болып, екі қызға көңілі кетіп, махаббат ұшқынына душар болады. Бердібектің 1960
жылы басылып шыққан «Менің атым Қожа» деген повесінде өзінің шешесіне Қаратай дегеннің
сөз айтқанын тындап, Қаратаймен ешігеді. Біз Бердібекке махаббат жайында жазба демейміз,
жаз, бірақ жас буынға арналған шығармада, үлкен адамдардың арасында болатын келіссіз,
дерекі махаббат жайын сез ету орынсыз деп ойлаймыз. Осы кейінгі повестің 9-бетінде:
«Шешеме әкем не үшін керек, білем» дейді. Бұл да жас оқушыларға арналған шығармаға
қонымсыз әбес жәйт. Әсіресе, жас буындарға арналған шығармада мұндай сөз ерсі болып
тұрады».
«Балалық шаққа саяхат» туралы кейінірек айтармыз. «Менің атым Қожа» туралы
Сапарғали ақсақалға айтар дауымыз бар. Қожа повестің үзына бойында Қаратай мен шешесінің
ләм-мим деген «дөрекі махаббат» жайлы бір сөзін тыңдап көрді ме? Жоқ. Қожаныкі - тек
балалық күдіктен туған қызғаныш. Қаратайдың Миллатта көңілі болып жүргені сезіледі.
Мүмкін «дөрекі махаббаттары» да бар шығар. Бірақ ол повесть рамасынан сыртта, көрініс
алмаған. Мүмкін Қаратай өзеуреп келіп жүрген шығар.
Отбасында болатын қуаныш яки қайғы - барлық отбасы мүшесіне ортақ. Мұндай
құбылыс баланы да шаттандырады, мүңға батырады. «Кейде Миллат мамам әкемнің суреттерін
ақтарып қарап отырады да мүңға батып, бір түрлі егіліп кеткендей болады. Кірпігі жасқа
шалынады... Мен сол кезде маматайымды керемет аяп кетем. Бірақ аяғанмен не пайда, білем,
сезем неге күйзелетінін».
Шешесі тұрмақ Қожаның өзін аяп кетесің. Сапакең соңғы сөйлемді кішкене бұрмалаңқырап
отыр. Сөйлем мағынасы екі ұштылау екені рас. Бірақ автордың ойы әкесінен айрылған баланың
ерінен айырылған ана трагедиясына ортақтасуы ғой деп ойлаймыз. Отбасындағы ата-ананың
мінез-құлқына сын көзімен қарамау, одан шет жүру балаға еш мүмкін емес. Ал мұның өзі тек
Бердібектің ғана жазғаны, соның ғана ашқан жаңалығы емес. Гәп осыны қалай жазуда.
Сапарғали Бегалин дұрыс сақтандырып отырған болар, бірақ автор әбес жәйтқа бармаған
сияқты. Әбес жәйт деп мынаны айтуға болады. «Қос есігінен сығалаймын. Садыр келген беттеақ жантая беріп өгей шешемнің мықынына қол жүгіртті:
Мықыныңның өзі немене, өлген қойдың жамбасына ұқсап шодырайып кетіпті ғой!»
Бұл Сафуан Шаймерденовтың «Мезгіл» повесінен үзінді. Мұны да бала керіп, біліп отыр.
Ал, Бердібектің Қожасы ше, мұндайдың бірін де көрген жоқ. Тек қызғанады. Себебі шешесін
қатты сүйеді. Повестің кульминациясының өзі жер-дүниені бүлдіріп жүрген Қожаның
шешесімен бетпе-бет анық сөйлескенінде емес пе.
Повестің қызықты беттері Қожаның «махаббатына» арналған. Қожа мен Жанар дос, бірақ
Қожа осыны махаббатқа саяды. Жанарды сағынып өлең жазады, үйінің маңынан әдейі
жүргіштейді, хат та жазбақ болады, қызыл бұзауды әдейі айдап келіп Жанар ауласына кіргізіп
жібергені қандай қызық. Бәрі - күлкілі.
Бердібек Соқпақбаев бұл жерде дұрыс жазған. Нағыз баланың басында болатын сезім.
Қожаның жәй ойы. Ол ешқандай махаббат емес. Махаббат еді деуден автор да аулақ. Қайта
жеңіл юмормен әжулайды. Мұндай сезімді айтуға тіл жоқ. Баланы піспеген сүюшіліктен жеңіл
күлкімен сақтандырып отыр.
Қожаның Миллат мамасы - «ақылды тәрбиелі адам». Аудандық советке депутат. Көпшілік
алдында беделді, сыйлы. Мамасының осы қасиеттерінің бәрі Қожаның содырлығы арқылы
ашылған. Шеше мен бала арасындағы қатынас повесті әдемі, жылы лирикаға белеп тұр.
Повестің тілі көркем. Басынан аяғына дейін желіп отырып оқисың. Қожа сез арасында былай
дейді.
«Өзінің тырнақ алды прозалық туындысын шағын повесть түрінде бастап отырғанын автор
бір де бір минутке есінен шығармайды. Сондықтан да адамныңбасынан кешетінтұрмыстың
ұсақ-түйек құбылыстарына онша жүгіне бермейді».
Қожаның осы сөзін қайталап айтуға тура келеді. Бердібек ұсақ-түйек емес, өмірдің нағыз
керектісін теріп жазған да шап-шағын.әдемі повесть еткен.
Жалпы Бердібек повестерінің аумағы 100 беттен әзер асып жығылып жатады. Бұл дегенің қысқа деген сез. Негізінде осылай жазу керек. Балаларға оқығанда сары тап қып жалықтырып
жіберетін сала құлаш кітаптар түкке керек емес.
Диалогтары қандай жанды. Сұлтанның бұзық екені, оқуды тастап кеткені белгілі.
«Тоқта, тоқта, келген жерімді белгілеп қояйын.Мына бір мылтық ұстаған адам ба, албасты ма,
осы бетке келіпсің».
Бұл Сұлтанның Қожа «Робинзон Крузоны» оқып жатқанда қолынан жұлып алып, жауып
жатып айтқаны. Әкем-ау Сұлтекең бала біткеннің бәріне әйгілі Робинзонды да білмейді. Надан
боп қалды-ау бишара бала! Мұны жазушы диалог арқылы ашып отыр.
Қожаға үнемі араша түсетін жарықтық әжесі де тек диалог арқылы тұлғаланбай ма?
«Менің Қожашым тірі болса, ешкімнен кем болмайды. Өсе келе өзі-ақ түзеліп кетеді.
Сабырбек нағашысына тартқан. Ол да жас кезінде осы секілді шығаннан шыққан сотанақ еді.
Бұл қайта оқу оқып, мұғалімдерінің айтқанын орындап, кейде өтіншік боп жүр ғой».
Жантас қу да тек сөзімен қу. Шақпа ащы тілі қандай жанды. іс-әрекетімен емес, тек
диалогпен Жантас боп тұр.
Жазушы портрет жасауға да ұста. Аз сезбен кеп мағына аңғартады «Ахметов - қатал адам.
Шынымды айтсам, мен оның алдына барған сайын қалтырап тұрам. Сусылдаған қызыл-күрең
шашы желп-желп етіп, қабағы түксиіп шүйлігіп қарағанда, сұп-суық кездері адамның
өңменінен етеді». Осы кіп-кішкентай суреттеу мектеп директорының қатал бейнесін жанды
елестетеді.
Табиғат суреттері де Қожаның көңіл күйімен байланыста суреттеледі. Қожа кеңілсіз, ит
жайлаған күңгірт түн. Қожа бар пәледен құтылды, арылды, бар жиһазын тағынған айлы түн.
Повестің соңғы сейлемдері табиғат суреті мен бас кейіпкер Қожаның көңіл-күйінің
астасуымен бітеді. «Ай нұрынан орнаған күміс көпір белдеулеп бет алдымда, ауылдың дәл
іргесінде өзен жатыр жарқырап. Мөп-мөлдір мына ғажап дүние «Ұш! Самға! деп, қолтығымнан
қанат бітіретін, арман нысанасына қарай алып ұшатын тәрізді. Лаула! Лаула жігер оты! Самға
қиял құсы! Асығатыным да, аңсайтыным да ертеңгі болашағым».
Повесть аяқталды. Қожа оқушымен қалай қоштасты? Қандай әсер қалдырды? Бұл ретте біз
П.Косенконың мына пікіріне қосыламыз.
«Читатель верить в счастливое будущее Кожи в то, что он будет думающим и ищущим,
беспокойным и страстно любящим жизнь человеком. Во всяком случае идеала умеренности и
аккуратности он не примет никогда».
Жазушының «Балалық шаққа саяхат повесі 1960 жылы жарық керді, орыс тіліне аударылып
басылды.
Повесть жаңадан мойын серік құрып, қаз тұра бастаған қазақ
ауылын, сол кездегі ауыр өмірдің шындық болмысын, алғаш ашылған совет мектебінің
оқушылары өмірін суреттейді.
Повестің бас кейіпкері - Бектас. Бектас кім? Лирикалық герой ма, автордың өзі ме? Автордың
өзі. Бұлай деуіміздің себебі повестің узына бойына өткен уақиғаны жік-жігін ажыратып, дестедесте қылып есіне түсіріп, оқушыға баяндап отырған автор позициясы бар. Ол барша
болмыстың таразышысы, ой елегінен өткізіп, балалық базарлы күндеріне қайта үңіліп, өткенді
қазбалап тауып саяхаттаушы. Әдетте саяхатты таныс емес жат жерге жасамайтын ба еді. Ия,
балалық күндер де алыстап, бұлыңғыр, көмескі тартқан. Міне, автор сол ұмытылып бара жатқан
еміріне саяхат жасайды. Сонда бұл қандай шығарма? Бұл ретте біз ақын Әбілда Тәжібаевтың
автобиографиялық повесть деген пікіріне қосыламыз.
«Повестегі бас геройдың аты Бердібек емес, Бектас. Сондықтан бұл шығарманы
автобиографиялық деуге сия ма деушілер де табылуы мүмкін. Бұл әңгіменің формальдық жағьі
одан шығарманың табиғаты өзгермейді».
Осы баяндамасында Әбілда Тәжібаев Бердібек туралы былай дейді:
«Бердібек туралы бірінші айтарымыз: ол, сөз жоқ, талантты жазушы. Өмір детальдары мен адам
мінездерінің алуан сипаттарын, психологиялық нәзік құбылыстарын аңғартқыштыққа, соларды
сипаттарлық сөз табуға келгенде Бердібек балалар прозасындағы ең күшті жазушьі десек, артық
айтқан болмаймыз. Юморы қандай жақсы! Оқығанда жортып отырғандай сезінесің».
Бердібектің жазушылық шеберлігіне бұдан артық сөз тауып мақтау да, таңдану да
мүмкін емес.
Осы баяндамасында Ә.Тәжібаев повестке әжептеуір сын айтқан. Біз оның көбіне
қосыламыз да:
«Дүние қоңыр, адам бишара, жер жұтаң, ән-күй көңілсіз болып сезілді маған...
...Қап-қара түнді жазып отырғанда түннің не бір үрейлерін сипаттауға болады. Бірақ, ертең күн
шығатынын да оқушыға сездіріп отырған жөн. Онсыз дұрыстық бұрмаланған болар еді.
Бердібек Соқпақбаев жолдастың кітабында осылар жетіспейді».
Ол рас. Жазушы балалығы өткен дәуірге үңілуден гөрі жеке өз басының күйкі жәйттарына
кебірек үңілген сияқты. Бектас үйінің тұрмысы ауыр, бірақ барша ел тұрмысы олай боп
көрінбейді. Ақ нанды кертіп жеп жүретін Жанбосын үйі, Бектастың жездесі Әлқожа үйі, бір
отарлы жан бола түра ішіп-жемге тарықпай, қасық «смирно» тұратын тамаққа бай Қағазбай
нағашысының үйі жалғыземес. Олар көп. Бектастың үйі сияқты там-тұм тамақтанатын үйлер де
болған. Бұл күндегідей жұрт еңбегінің зейнетін түгел көре қоймаған. Бірақ келешек үшін,
жарқын болашақ үшін күресіп жатқан момын шаруа қазақ ауылын көрдік. Біз оқып шыққан соң
Әбекең құсап шаршамадық, қайта жігерлендік. Бектастың: «Тірі болсам, осы жыртық-жәутік
күйімде тұрып қалмай, түбінде адам болып шығатыныма сенімім кәміл» дегеніне «Иә, оның
рас! Сүйтпегенде ше?» - деп сырласқымыз келді.
Арнайы мақала жазған Н.Ғабдуллин де, баяндамасында шолып өткен Ә.Тәжібаев та Бектас
психологиясын жете түсінбеген сияқты. Сыншылар Бектасты ештеңе білмейтін көр бала
ретінде ғана таниды. Мүлде олай емес. Бектас оқуға келмей тұрып-ақ «жер жүзіне шам шырақ
орнатқан» көсеміміз Ленин жөнінде көп естіген, оқуға келген соңелімізде социализм,
коммунизм орнайтынын білген, көрші Қытай туралы хабардар көзі ашық жігерлі бала, Отанын
сүйетін, болашаққа кәміл сенетін патриот бала. Үй-іші қытайға етпек болғанда заставаға барып
хабарлауы, өзімен қас Баймырзалардың жәшік астына төңкеріп кеткенде Отан бақыты үшін
жапа шеккен революционер-патриоттарға еліктеп тапжылмай жатуы Бектасты кеп нәрседен
хабардар етіп керсетпей ме. Осындай бала неге ғана «ертең күн шығатынына сенбесін». Әбден
сезеді. Олай болса, біз Әбекең кішкене артықтау кеткен бе дейміз.
«Мен өз басым ауыр жылдардың ауыр шындығын айтуды қостаймын» дейді Әбділда
Тәжібаев. Ендеше, шығарма езегі осы ауыр жылдардың жүрегінде қалдырған күйініш-сүйініші
ғой.
«... Жаңылудың себебі, ең алдымен, өмірді қанық білмеуден туады деп тура айта аламыз.
Өмірді жіті білмеудің салдарынан тіршілік тұрмыста әр кезде, әр уақытта болып жататын түрлітүрлі құбылыстар жайында ұшқары қорытындылар жасап қоюымыз әбден ықтимал»-дейді
Н.Ғабдуллин.
Н.Ғабдуллиннің бұл пікірі Бердібек Соқпақбаевты емірді жете білмейсің деп кіналауға
саяды. Біз бұған мүлде олай емес дейміз. Әбділда сөзімен: «Бердібек - талантты жазушы. Оның
білген, түйгендері аз емес, айтуға да шебер, суреттеуге де ұста» дейміз.
Н.Ғабдуллин осы повестен Сағатбай мұғалім мен Әсбет шешейден басқа бірде-бір жағымды
кейіпкер кездестіре алмайды. Ол екеуіне де разы емес. Повестің бас геройы Бектасты ру намысын жыртқыш, төбелесқой, ұры, өтірікші деп жазғырады.
Осы жерде айта кетейік, Нығымет Ғабдуллин шығарма табиғатына түсінбеген.
Автобиографиялық повесть екендігін білмейді. Сөйтеді де Бектасты автордан беліп алып,
авторға геройды өиткесің-бүйткесің деп кінә қояды. Бектасты жазғырады. Жоқ, олай емес, ауыр
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Көңіл көмбесі - 03
  • Parts
  • Көңіл көмбесі - 01
    Total number of words is 3763
    Total number of unique words is 2285
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 02
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2329
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 03
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2283
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    40.3 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 04
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2302
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 05
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2457
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 06
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2278
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 07
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2330
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 08
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2289
    26.4 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 09
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2307
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 10
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2343
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 11
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2235
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 12
    Total number of words is 3733
    Total number of unique words is 2126
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 13
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2279
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 14
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2232
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 15
    Total number of words is 3883
    Total number of unique words is 2306
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 16
    Total number of words is 3951
    Total number of unique words is 2327
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 17
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2362
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 18
    Total number of words is 3868
    Total number of unique words is 2160
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 19
    Total number of words is 3827
    Total number of unique words is 2321
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    35.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 20
    Total number of words is 2843
    Total number of unique words is 1812
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.