Latin Common Turkic

Көңіл көмбесі - 06

Total number of words is 3934
Total number of unique words is 2278
28.3 of words are in the 2000 most common words
40.6 of words are in the 5000 most common words
47.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
арқасында өзі жасайды.
БІЗДІҢ БӘКЕҢ
Қашан болмасын, өзің жақсы көретін адам туралы жазу қиын, ал ол оның үстіне қаламгер болса,
қиынның қиыны, әне, сол.
Ойламаған жерден «Ар-Ай» газетінің редакциясынан шұғыл тапсырма алғандағы менің көңіл-
күйімді сұрамасаңыз да болады, тегі. Мен аяқ астынан жазушы, драматург, журналист Бақытяр
Әбілдаұлының алғашқы қыры - жазушылығы туралы пікір жазып беруім керек екен.
Есіме бірден өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының екінші жартысында КСРО
жазушыларының «Пицунда» шығармашылық үйінде демалғаным түсті. Қазақстаннан отбасымызбен
үш жазушы - Сейдахмет Бердіқұлов, Әбіш Кекілбаев және мен барыппыз. Марқұм - Сейдағаң спорттың адамы, мен талай жердің суында жүзген малтығышпын. Екеуміз әй, бір емін-еркін
шомылдық-ау Қара теңізге. Әбіш болса, теңіз жағасындағы көлеңкеде Л.Н.Толстойды оқыды да
жатты. Содан көп ұзамай «Социалистік Қазақстанның» бірнеше бетіне Әбіштің Толстой жөніндегі
көлемді мақаласы жарияланды. Оқып шығып, Қара теңізден көрген рахаттан әлдеқайда артық әсерге
беліндім.
Әрине, Әбілдаұлы Толстой мен Әбіш емеспіз.
Дегенде, Жазушы жөнінде бірдеңе жазу үшін Әбіш құсап оны әбден зерделеп оқуың керек.
Сөйтейін десем, уақыт жоқ, жазбайын десем, қиылып сұраған журналист баланың көңілін қимадым,
келісімімді бердім. Әлбетте, көңілге медеу қыларлық жайттар аз емес еді.
Мен Бәкеңді танығалы, қаламгер ретінде бірлегі қырықжылдан асты. Осы жылдар ішінде бірбіріміздің қаламымыздан туындаған дүниелерді қалт жіберіп көрген емеспіз.
Бәкең әдебиетке журналистиканың қызық-шыжығын өте көп, тым мол көріп келді. Алпысыншы
жылдардың соңында «Еңбек туына» (қазіргі «Ақ жол») топтала қалған жас жазушылар жапатармағай әңгіме, хикаят жазып жүргенде Бәкең сол кездің ең ұшқыр журналисі ретінде
машинисткалардың жанына отырып алып, әдеп газет нөміріне баратын материалдарды қойша тоғытар
еді. Бір көрініп қойғысы келді ме, бірде газетке «Жұмаш үйінің түтіні» атты әңгімесін жариялады.
Соғыстан оралмай қалған ұлының түтінін өшіргісі келмей, ескі жұртта қалып қойған
кейуананың адам аярлық халін соншама шыншыл, жан тебірентерлік етіп баяндаған бұл әңгіме
оның авторының келешегі кемел екенін бірден байқатқан. Енді Бәкеңді іш тартып, жақсы керіп
кеттім, мұның үстіне ағайындығымыз барболып шықты. Содан бері біз өмірде де,
журналистикада да, жазушылықта да қатарласып келеміз.
Бәкең «Жұмаш үйінің түтінінен» кейін «Айша бибі» хикаятын жазды. Бұл «ұйықтап жатқан
көңілді оятқан» шығарма болды. Қазақ оқырмандары ғана емес, қазақ қаламгерлері де дүр
сілкінді. Айша бибі туралы аңыздың ұзын сұлбасын ғана тыңдап, біліп ескен жұртжаппай
Б.Әбілдаұлының ізімен өлең, поэма, прозалық, драмалық шығармалар жаза бастады.
Кейбіреулер тіптен Айша бибінің авторын ұмытып, шектен шығып бара жатты. Осы тұста
Бәкеңе Айша бибі жайлы трагедия жазуға кеңес бергенім бар. Бәкең Айша бибі кешкен
заманның тамырын дәп басқан тамаша туынды әкелді өмірге. Трагедия еліміздің бірнеше
театрларында қойылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Бақытяр Әбілдаұлының көп қалам тербеген тақырыбы - тарихи роман. Қаршадайынан хатқа
жүйрік әкесі мен көкірегіне көп нәрсе тоқыған шешесінің тәлім-тәрбиесіне қанығып өскен зерек
бала ел, жер туралы әңгімелерді көп білетін. Мұның үстіне ол -оқу-білімнің ұшпағына шыққан
адам. Бұл жерде біз оның мектепті медальмен, университетті қызыл дипломмен бітіргенін
айтсақ, артықтық етпес дейміз. Оқу бар да көңілге тоқу бар. Біз білетін Бәкең осының екуіне де
аса бейім.
Еліміз тәуелсіздік алып, халқымыз тілімізге, ділімізге, дінімізге мықтап оралудың жаппай
белең алғаны мәлім. Біздіңше, қазақ әдебиетінде бұл тақырыпқа ең өндірте жазған жазушы Бақытяр Әбілдаұлы. Бұл жөнінде Қазақстан жазушыларының XII құрылтайында атап көрсетілді
де. Ел тарихына қанық Бәкең хал қымыздың бостандығы жолында жаумен жан аямай
жағаласқан Жауғаш, Сыпатай, Байзақ, Саңырақ, Наурызбай батырлар, аяулы айтыскер қыз
Ұлбике жайлы романдар топтамасын жазды.
Затында, Бәкең - өте тез жазатын қаламгер. Күніне газеттің бір бетін машинкаға айтып
тастауды бұйым құрлы көрмейтін ол роман жазуда да сол жүрісінен жаңылған жоқ. Ең бастысы
- романдарының бәрі әр кезде халқына қалқан болған батырларымызды ұлықтаудың үлгісіндей
болып шықты.
Өне бойы іс-қимыл үстінде жүретін жазушы ағам Бақытяр Әбілдаұлы бүгін де үлкен
тірліктің үстінде, өз атасы Қойгелді батыр туралы роман жазу қамымен жүр.
Менің түсінігімше, Бәкең бұл романға барын салатын іспетті. Батыр бабамыз Қойгелдінің
кесек тұлғасының келісті болып шығатыны еш күмән туғызбайды.
Бақытяр Әбілдаұлы - әдебиеттің теориясына да, тарихына да өте жетік қаламгер. Осы
облыста тұратын қалам ұстаған үлкен-кішіміздің, бәріміздің дерлік шығармаларымызды білгір
саралаған мақалаларын жариялаудан жаңылған емес.
Ал, енді оның коммунистік режим тұсында, өзі университет студенті бола жүріп, әдебиеттегі
социалистік реализм әдісін жоққа шығаруы адам таңқаларлық оқиға. Мұндайды қалт
жібермейтін үш әріп қызметкерлерінің кәріне ұшырай жаздаған албырт жастың айтқаны
айнымай келгеннің куәсі болып отыр емеспіз бе, қазір. Ал, Бәкеңнің әдебиетке кештеу келуінің
де төркіні, міне, осында Ол өзі мансүқтаған социалистік реализм әдісімен жаза алмаған Еліміз
егемендікке ие болған соң тынысы ашылған жазушы жемістіктің үлгісін көрсетіп отыр. Сөзі
алымды, қаламы қарымды жазушының бүл шабысынан жаңылмайтыны айдан анық.
Құдайым сізге қуат бергей, аға!
ӨНЕРІҢ ӨРГЕ ЖҮЗСІН, СӘКЕ!
Сазгер-әнші Серік Әбдікерімүлы Әденов екеуміз бір ауылда естік. Серік маған көп ересек
болып көрінуші еді, сөйтсем үш-ақ жас үлкен екен. Ол Жамбыл облысының Шу ауданындағы
Жамбыл ауылында 1936 жылғы қыркүйектің 24-інде туған.
Балаң кезімізді еске алсам, көзіме сахнада баян құшақтап тұрған Серік елестейді. Серік
баянды құйқылжыта тартар еді. Әзін де, өзгені де сүйемелдеп саз төгетін. Ауылдың кішкентай
клубы үлкен театрға бергісіз еді бізге. Клуб меңгерушісі болған Серік осында керкеменерпаздар
үйірмесіне жетекшілік етті. Ауылдың драма үйірмесі облыста алғашқылардың бірі болып халық
театры атағына ие болды.
Жасынан домбырашы әкесінің ықпалымен ән-күйге жақын болған Серіктің арманы сазгер
болу еді. Оның алғашқы туындысы - «Сәулешім» әні. «Сәулешім» - Серік шығармашылығының
шыңы десем, артық айтқандық емес. Бүл ән кең байтақ республикамызға кеңінен тарады, оны
қазақ әншілері тамылжыта орындады. Оның Роза Бағланованың репертуарына енгеніңің өзі көп
нәрсені аңғартса керек. Кірпияз жезтаңдай әнші айтатын әнін таңдай білген.
Әмірдің қайнаған ортасында жүрген Серік әндерінің тақырып ауқымы өте кең. Туған жерді,
еңбеккер елді әнге қосады, өмірдің өзін өрнектейді сазгер.
«Біздің ауыл осындай» әнінің шығу тарихы тіпті қызық, - дейді Секең. -1968 жылы жазда үйге
бір топ ақын-жазушы келді. Аман-тай Байтанаев, Оспанхан Әубәкіров, Бек Тоғысбаев,
ӨтегенКүмісбаев дастархан басында көңілді отырды. Бір кезде ұжымшар төрағасы Қожамберді
Омаров: «Іштеріңде ақындар бар екен. Біреуіңіз Серікпен бірге күйсандыққа жақындаңыздар,
Серіктабан астында ән шығарады, сөзі сіздерден болсын», - деді. Біз Өтеген Күмісбаев екеуміз
күйсандыққа таядық. Сөйтіп өмірге жаңа ән келді.
Серік Әденов - облыстық, республикалық фестиваль-байқаулардың жүлдегері, мәдениет, оқу
министрліктерінің грамоталарымен марапатталған өнерші.
Сазгердің шабыты қазір де шау тартқан жоқ, жаңа ән, күй жазып жүр.
Өнерің өрге жүзе берсін, Секе!
ӘБЕКЕҢ-БІРӘЛЕМ
Мәдениетті қолдау жылы мәдениет қызметкерлеріне берілген награда иелерінің көшбасында
Әбекең, Әбдімомын Желдібаев тұрды.
Өте дұрыс еді.
Елбасы жарлыққа қол қойғанға дейін марапатқа ұсыну деп аталатын үлкен марафон жатады.
Алдымен кандидатураны облыс басшылары іріктеп ұсынады. Осы тұрғыдан алғанда облыс
басшылығы, дәлірек айтар болсақ, облыстың сол кездегі әкімі Серік Әбікенұлы Үмбетов
әділдіктің ақ туын аспандатты.
Енді кандидатура түрлі сүзгіден өтеді. Меніңше, Әбекең кандидатурасының ең қатал деген
сарапшының талғамынан шығатыны айдан анық. Әбекең қандай наградаға ұсынса, соған лайық.
Әбдімомын Желдібаевты білмейтін қазақ жоқ, егер болса, ол қазақ емес.
Әбдімомын Желдібаевты бүкіл қазақ «Әбеке» дейді.
Оның баланың болмысынан-ақ келешекте қазақ халқының «Әбекесі» болары білініп
түратын.
Бүгінде Әбекең туралы жазу қиын.
Әбекең ән-күй жазуға алғаш да қойған кезде мен «Тұла бойы түнған күй» атты очерк
жазғанмын, оңай жазғанмын. Әбекең ол кезде «көз көріп, қолға ұстайтын жерде» еді, қазір ол үлкен әлем.
Қазақ баспасөзінде Әбдімомын Желдібаев туралы жазғандар аз болған жоқ. Бәрінің
тамсанатыны - «Ерке сылқым». Сөз бар ма, «Ерке сылқым» - жұлдызды шығарма. «Ерке
сылқым» Әбдімомын Желдібаев есімін бүкіл елімізге, түрік әлеміне мәшһүр етті ғой. Түркияға
барғандар айтып келіп жүр, онда да біздегі сияқты қолына домбыра ұстаған кәрі-жас «Ерке
сылқымды» тартады екен. Бұл күй - адамзат игілігіне айналар шығарма. Қазақ топырағында
Әбдімомынның тұсында «Ерке сылқымға» пара-пар күй туды ма екен, қайдам? Бұл сөзім,
әлбетте, даулы, ал, мәселе күйдің халық арасына кең тарауына келіп тірелгенде, «Ерке сылқым»
алдына күй салмайды. «Ерке сылқымның» республикамыздың бас өнер ұжымы - Құрманғазы
атындағы ұлттық оркестрімізден бастап қанша оркестрде, ансамбльдерде, жеке күйшілердің
орындауында күмбірлейтінін санап шығуға бір музыка зерттеушісі керек болар.
Әбекең бұл күйді тартқанда талай рет: «Саусағыңнан айналайын», - деп едім. «Ерке сылқым»
- сезімнің күйі.
Әбекең - «сұлулардың ауылына көп жантайған» жігіт. Әсем күй әдемі қызға арналған.
Адамзат сезімінің шыңы - махаббат. Бұл күйде ер жігітті тәнті еткен сұлудың ерке қылығы, ер
жігіттің сылқымға үзіле ынтығуы бар. Сезім қылының ең жіңішке ішегін басатын күй өте нәзік,
өте күрделі. Бұл күйді дәулескер күйшілер болмаса, тарта алмайды.
Шын шығармашы адамның тамсантарлық туындысы аз болмайды, бірақ соның біреуі ғана
оны даңққа бөлейді, атын шығарады... «Ерке сылқым» - сондай күй.
Әбекең шығармашылығын өзінен кейін жақсы білетін адам, сірә, мен шығармын. Оның
кейбір күйлері меніңше, «Ерке сылқымнан» артық та болуы мүмкін, бірақ «Ерке сылқым» Әбдімомын Желдібаевтың төлқұжаты. Мен бұл жайды Әбекеңе айтып та көргенмін, ол
мұндайда үндемегенді қалайды. Әр шығарма –автордың төл перзенті. Өз перзентін талқыға
салғанды кім жақсы көрсін.
Әбекең әлеміне бойлау - өте қиын.
Әбдімомын - домбыраны тым ерте өңгерген бала.
Әбекең екеуміз - бір ауылдың төліміз. Мен қазір Әбекеңді дом-бырасыз елестете алмаймын.
Ол ауылдағы үлкенді-кішілі жиын-тойдың бәрінде домбыра тартар еді. Балалардың бәрінен
сүйкімді болып көрінетін.
Әбдімомын Желдібаев Жамбыл мәдени-ағарту училищееінде, консерваторияда оқыған
жылдары да домбырашы болды. Республикаға шебер орындаушы ретінде танылды.
- Көресің, әлі-ақ жұрт тамсанатын күйлер шығарамын, - дейтін сонда Әбекең.
Бірде мен: Енді қашан? - деп асықтырдым.
- Мен халық композиторларынан әлі үйреніп біткенім жоқ. Алдымен соларды насихаттауға
қызмет ету керек, - деді Әбекең.
-Жөн,-дедім.
Оқу, еңбек дейтін жолда Әбекең ауылға, Новотроицкіге, мен қалаға, Жамбылға тұрақтадық.
Мен Шуға барған сайын, Әбекең Жамбылға келсе, бір-бірімізді іздеп табамыз.
Сондай бір ұшырасуда Әбекең қоңыр домбырасын қолға алып, мен естімеген керемет бір
зарлы күй тартты. Шертпе күй екен, домбыра сөйлеп кетті. Қандай да бір адам аһ ұрып ащы
зарын айтты.
Бұл не? - деді Әбекең.
Күй. Қандай қайғылы еді!
- Әлеке, дұрыс таптың. Сен түсінесің ғой. Бұл - өзің білетін Ыдырыс жәкемнің зары. Осы
жақында Жаңа жылды бірге қарсы алайын деп Ыдырыс жәкемнің үйіне бардым. Ыдырыс
жәкем -менің әкемнің досы, екеуі түйдей құрдас. Білесің ғой, ол кісінің перзенті жоқ.
-
Білемін.
- Ыдырыс жәкем Ұлы Отан соғысынан оралған соң жесір жеңгесіне үйленген. Екеуі перзент
көрмеді. Қарияның көңілін көтерейін деп домбырамды ала барғанмын. Әй, бір күйді аямай
төктім-ау. Байқаймын, шал қатты толқыды.
Қайтатын кез келді. Желдібай өлмеген екен, деген сөзді Ыдырыс жәкем есіктің көзінде
тұрып зорға айтты. Енді болмаса кемсеңдеп кететін түрі бар.
Үйге келген соң дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Баласыз, бақытсыз шалдың сөзі көкейімнен
кетпей қойды. Болмаған соң, түн ортасынан орнымнан тұрып, домбырамды қолға алдым.
Ыдырыс жәкемнің өмірі күй болып төгілді.
Алдымен «Ыдырыстың шертпегі», кейін «Ыдырыс» аталған бұл күй - кешегі ерді жерден,
белден айырған сұм соғысқа айтылған лағнет. Бұл - поэзиядағы Қасым Аманжоловтың «Дариға,
сол қызына» пара-пар шығарма. Соғыс жайлы көркемсөзде «Дариға, сол қыз» өлеңі тұтас бір
поэма, роман жүгін көтеріп тұрмай ма, «Ыдырыс» күйі тұтас бір симфонияға татиды.
1984 жылғы қарашаның 11-інде Әбекеңнің жақсы көретін інісі Қарауылбек Қазиев қайтыс
болды. Боздақ дейтін жаста кетті. Қарауылбек Қазиев - оқырмандарды дәмді шығармаларымен
тамсандырған жазушы еді. Ақынжанды, лирик жазушы болатын. Жаны да жайсаңтын. Осыдан
біраз уақыт өткенде қазіргі «Баласағұн» мәдениет орталығында Әбдімомын Желдібаевтың
шығармашылық есебі болды. Сол жолы Әбекең «Бозжігіт» күйін тартты. Күйді бастамас бұрын
былай деді:
- Бұл - өмірден ерте озған, талантты жазушы інім Қарауылбек Қазиевке арналған күй.
Қарауылбек республикалық байқауда бас бәйгеге ие болған «Иманжапырақ» повесіне
«Бозжігіт» деген
бүркеншік ат қойған екен. Мен де күйімді «Бозжігіт» деп тартамын.
Домбыра боздады. Боздақ кеткен аяулы азаматты аһ ұрып жоктады күй.
Жұрт сілтідей тынды. Залда Қарауылбекті де, Әбдімомынды да білетіндер көп еді, әсіресе,
солар қатты тебіренді.
Мен де толқыдым.
Шығармашылық кеш соңында үш-төрт адам сахнаға шығып Әбекеңді құттықтайды.
Мән де микрофонды қолыма алдым.
- Қарауылбек екеуміз домбыраның қос ішегі едік. Қарауылбек өліп, бір ішек үзіліп еді.
Әбеке, сіз үзілген ішекті қайта жалғапсыз - деп Әбекеңді құшактап сүйдім.
Көз алдым мұнартып кеткен.
Кейін ақын ағам Жақсылық Сәтібеков айтты:
Сенің сөзіңе Әзиза жеңгең жылады, - деп. Жақа, күйге жылаған шығар, - дедім.
Ия, күйге жылады. Жылайтын күй ғой.
Бұл кез жаеы, бұл сез - күйді ң бағасы.
Бұл күйге жылаған адамды мен кеп кердім. Ал, Қарауылбектің немере әкпесі Дәметкен
алғаш естігенде жұбана алмай, солқылдап жылаған.
Адамның қуаныш-қайғысын жеткізуге күйден құдыретті не бар екен?!
Әбдімомын Желдібаев күйлерін көктей шолып қараған адам халық өмірінің тұтас бір
шежіресі түзілгенін байқар еді. «Жетісу сазы», «Күй көкөшолақ», «Төле би толғауы»,
«Жыртолғайды Жам-был ата» осылай желі тартатын күйлер Әбекеңнің өз халқының өміріне
сергек үн қататынын көрсетсе керек. Тарихымызды қайта танып, елгеніміз тіріліп, өшкеніміз
жанып жатқан мына тұста Әбекеңнің осылай күй толғауы ете құптарлық.
Мен білетін Әбекең халқының еткенін де, бүгінін де жақсы біледі, келешегінің кемел екеніне
де сенеді. Пайым-парасаты мол, емірден ұққаны жиған-тергені жеткілікті, болмыстың барлық
оқиғасына сергек, әсерленгіш жан Әбекең. Мұның бәрінің үстіне ол - аса шебер домбырашы
ғой. Күй жазатын сазгерге бұл ауа-дай қажет қасиет. Қандай да музыкалық шығарманың
халыққа тарауы, ең алдымен, оның орындалуына байланысты. Бұл жөнінен Әбекең күйлерінің
бағы жанған. Әбдімомын күйлерін өзіндей етіп орындай алатын адам шанда бір кездесер. Оның
Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет күйлерін қалай тартатынын мен әлі ұмыта қойған жоқпын.
Әбекең ән де шығарады. Оның жақсы әндері аз емес. «Қызыл гүлім - қызғалдағым»,
«Шырайлым», «Сұлутөр», «Қызыл елік», «Бәйдібектің жайлауы», тағы басқа әндері - маржан
дүниелер. Әбекең әндерін Зейнеп Қойшыбаева, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжановтар
үзіп-жұлқып дегендей айтқан болды. Әнді әншілерге айтқызу деген - бір азабы мол шаруа.
Содан да оның әндерін көбінесе көркемөнерпаздар деп аталатын қауым орын-дайды. Сөйтіп,
әттең, әдемі әндер кеңтарай қоймады.
Қазір енді жағдай басқа. Әбекеңнің ұлы Талғат әуенді мың құбылтатын музыкант, келіні
Сәуле жезтаңдай әнші. «Сұлутөр» мен «Бәйдібектің жайлауын» Сәуленің орындауында естіп
қуанып жүрмін.
- Әбеке, Сәуле өң сіздің әндеріңізден бір концерттік бағдарлама әзірлесе, қалай болар еді? дегенім де бар.
Әбекең қостағандай жымиған.
Ол күн де келер.
Мен бірдеңе білсем, қазақ мәдениетіне бұл әулет қосар үлес аз болмайды әлі.
Әннің музыкасына сөзі сай келгенде ғана бағы жанады. Әбекең мұны жақсы біледі. Қазақтың
қара сөзінің терең қатпар-қатпарына дейін қанық ол өзіне ұнаған мәтінге ғана ән жазады.
Дегенде, Әбекеңнің кейбір әндерінің көңіл жықпастықтың жемісі болғаны байқалады. Жаман
мәтін - жақсы әуеннің жауы. Мен мұны Әбекеңе айтқанмын да, ол күліп қана қойған, білгені де.
Білгенін айтамын, Әбекең-ән сөзіне аса кірпияз.
Мен ақын емеспін. Атам қазақтың бір ауыз өлең шығара алмайтыны жоқ, мен соның
біреуімін. Өмірдің өте бір қимас, алыста қалған сағынышты сәтін өлеңге айналдырып, Әбекеңе
бердім, ұнатса, ән жазуын өтіндім. Содан бері бірер жыл өтті, ән жоқ. Әбекеңе несі ұнамады,
білмеймін. Өлеңде өрілген өзек өртер өкініш екеуімізді де шарпыған. Біздің жастық шағымызда
ауылымыздың екі шетіндегі екі шеткі үйде тұрған екі гүл-қызға арналған өлең - бұл.
Соны жария етсем, несі айып?! Ол мынау:
Сонау бір шеткі үй ақ шаңқан, Балалы үй еді бақ шалған. Гүл-қызы болған сол үйдің Қимасым,
алыс шақ қалған.
Келдім, шеткі үй, еңселі,
Өмірді біраз еңсеріп.
Ақ қызың жоқ, аһ ұрып,
Тұрысым мынау теңселіп.
Жылжыды жылдар, өтті күн, Білмеймін өшті, өсті кім? Болды,ескіүй, есті қыз -Өмірі өшпес
өксігім.
Шеткі үйде жүр басқа қыз.
Өшіпті біздер басқан із.
Адасып қалған ай қабақ,
Қайтейін енді басқамыз.
Әбеке, жанға айтпайтын сырымыз ғой бұл. Өмірі өшпейтін, тұтанбайтын қоз.
«Өлең, шіркін, өсекші» - деп Абай атам тауып айтқан. Өлеңімді, соны біле тұра, жария етіп
отырмын, мақсатсыз емес, әрине.
Әбекең - үлкен отбасының иесі.
Лиза жеңгей екеуі ұлдарын ұяға ұшырып, қыздарын қияға қондырып отыр.
Әбекең - азамат. Ол - атаның емес, адамның ұлы. Қазактың ғасырда бір туар ұлы.
Елі, оның басшысы Әбекеңді «Құрмет» орденімен марапаттап отырса, бұл - оның талантына
құрмет.
Әбекең - бұл құрметті азырқанбайтын адам, біз, халқы, көпсінбейік.
Мен осы хабарды Әбекеңе жеткізіп тұрып:
- Бұл - үлкен құрмет, - дедім.
- Сен білесіңғой, белсің, - деп көңілі босады Әбекеңнің.
Әй, айналайын Әбеке-ай, өлмейтін, өшпейтін, халықпен бірге
жасайтын күйлерің сені күнде құрметке бөлей береді.
Нарық деген шіркін қалталыны шірентіп, былайғыны тұқыртқан бұл кезде енер жолы
жіңішке болып түр ғой. Әбекең қаржы тапшылығынан күйлері мен әндерінің тарауының
кемшін болып жүргенін айтып қояды.
Әбеке, әлі-ақ жақсы күндер келеді, халыққа қажетті дүние халықты табатын болады. Тек
соларды туындата беріңіз.
ТҰНЫҚ ТАЛАНТ ЕДІ
Қарауылбек екеуміз құлын-тайдай тебісіп бірге өетік. Екеуміз егіздің сыңарындай едік.
Мейлі екеуміз бір көктемде дүние есіген ашқан ауылдың адамдары, мейлі екеуіміз бірге оқыған
университеттің оқытушы, студенттер қауымы, мейлі кейін ол да, мен де сапына тұрған жазушы
ағайындар болсын, бізді бір-бірімізден бөлектеп көздеріне елестете алмайтын. Мені көрсе,
Қарауылбекті, оны көрсе, мені сұрайтын. Енді мені көрсе, Қарауылбекті ешкім сұрамайды, еске
алады. Қарауылбекті білетін дос-жаранның, ағайын-туғанның ендігі еншісі - осы, еске алу. Сұм
ажал оны арамыздан тым ерте, 46 жасқа қараған шағында алып кетті. Ал, оның талассыз
талантын құрметтейтін қалың қауым то-лассыз мәңгі жастықжырындай, табиғат ананыңтамаша
суреттері жүрек шымырлататын шығармалары арқылы қауыша береді. Та-лант құдіреті уақыт
дегенге бағынбайды, қайта жыл өткен сайын тұлғалана түседі. Қарауылбек Қазиев - сондай сом,
халқымыздың рухани өмірінен ойып тұрып орын алған қаламгер.
Жақсының артында - сөз, жаманның артында - бөз қалады. Қарауылбектің артында сөзі
қалды. Оның сөзі әлденеше кітап болып өз ана тілімізде, орыс, украин және басқа тілдерде
жарық көрді. Қарауылбек талантын құрметтейтін баспагерлер оның әр жылдары жарияланған
шығармаларының басын қосып, 1988 жылы «Ақ шуақ» деген атпен үлкен кітап етіп шығарды.
Жинақты екеуі тұңғыш рет бір тақырыпқа жарысып, «Ақбантик» атты әңгіме жазған, бірге
оқыған досы Ерғали Ахметов құрастырды. 2003 жылы тағы бір досы, белгілі ақын Есенбай
Дүйсенбайұлы құрастырған «Көктемгі күн күркірі» кітабы жарық көрді.
Қарауылбек - менің балаң балалығым, солқылдаған жігіт Шағым.
Біз мектепте оқып жүргенде ақын болуды армандайтынбыз. Бірақ ақындықтан көңіліміз ерте
қалды.
Қойын дәптеріне жасырып өлең жазып жүретін ұяң жігіт Қарауылбек 1957 жылы Алматыға
оқуға түсуге барып, жолы болмай қайтты. Сол жолы «Лениншіл жас» газетінің редакциясына
өлеңдерін апарыпты. Ондағылар Қарауылбекке өлеңдерінің дүмбілез екенін айтады.
Қарауылбек намысшыл жігіт еді, екі беті от боп жанды. Сынды мойындамайды, сыншыны
байқамақ болып, ертеңіне Мұса Жәлелдің бір өлеңін көшіріп апарады, тағы сыналады.
Керемет жақсы көретін ақынының:
Екеуміз де алыстанбыз,Ертеден-ақ таныс жандай
Жүректен қол алысқанбыз, - деп сорғалап тұрған жан сыры сынға ұшыраған соң Қарауылбек
ақындық аулақ жүретін тірлік екен деген тұжырымға келді. Мен де өлең дәптерімді қолға
алғанды қойдым.
Келер жылы екеуміз бірге барып, университетке түстік. Ауылдың аңғал балалары болсақ та
екеуміз де зерек, алғыр едік. Университет бағдарламасы әдебиеттің арғы-бергісін кең молынан
қамтиды, білім керек екенін білдік те біз одан да тереңдеп кеттік. Лекция, одан шығып барып
А.С.Пушкин атындағы көпшілік кітапхана жабылғанша отыру - бізді тез жетілдірді, өсірді.
Біз, ақын-жазушы боламыз дейтін біраз жігіт, редакцияларды жағалай бастадық. Қарауылбек
жазуға асыққан жоқ, бірақ жазушы болатыны, онда да мықты жазушы болатыны белгілі еді.
Көрген-білгеніміз, оқыған-тоқығанымыз жөніндегі пікірталас кездерінде оның шоқтығы
биіктігі байқалып тұратын. Қарауылбек бесінші курста оқып жүргенде барып алғашқы
әңгімесін жазды. Қыздың балауса шағының бойжеткендікке ұласуының айғағы - ақ бантик
тағуды тастау екенін өмірде өзім құралпы жігіттерден бұрын мен көрдім. Сол жайды Ерғали
мен Қарауылбекке айтып едім, екеуі қатты қызықты, жатпай-тұрмай әңгіме жазды.
Қарауылбектің әңгімесі іле «Қазақстан әйелдерінде», көп ұзамай Ерғалидікі «Жұлдызда»
жарияланды. Екеуі де елді елең еткізіп, талантты жастар екендіктерін танытты.
Қарауылбек қаламы енді жүрдек тартып жүріп берді. Дегенде Қарауылбек - көп жазбаған
жазушы, талғампаз талант. Қазір оның аз жазғаны үлкен өкініш болып отыр. Қолына журналист
пен жазушы қаламын қатар ұстаған адам үшін Қарауылбектің жазғаны аз да емес. Қызметі
үнемі қарбалас қимыл үстінде жүруге мәжбүрлейтін журналист ағайынның жазушылық жолда
да бірдеңкелер тындыруы оңай шаруа емес. Ал, Қарауылбек артына бірдеңкелер емес, өңкей
бірегей дүниелер қалдырып кетті.
Қарауылбек Қазиев-уыз жастық жазушысы. Ол өте әсершіл еді, сергек, сезімтал, сұлулыққа
ғашық болатын. Кеудесі күмбірлеген күй еді, музыканы өте жақсы көріп түсінетін.
Флобер: «Эмма - ол менмін», - деген. Ұлы жазушының өзін Бовари ханыммен теңдестіруінде
аса терең ұғым бар. Жазушы бейнелеген көркем, озық образ - оның өзі. Жазушы өз бойындағы
барша арман-аңсарды, ізгілік атаулыны өзі жақсы көріп бейнелеген кейіпкеріне қиып береді,
сол арқылы өз болмысын алға жайып салады. Осы тұрғыдан алсақ та, шындықтың өзіне
жүгінсек те, Қарауылбек шығармаларындағы Қайрош, Қаржау, Қалау, Қайыржан - оның өзі.
Жазушы құдіреті өмірдің өзіндей шығарма Жазуында. Қарауылбек таланты осысымен, өзі
көрген өмір үзіктерін шынайы өрнектеуімен үздік. Жазушы ешқашан фотограф болған емес,
қандай да оқиға жазушының азаматтық алғырлығы, қаламгерлік қарымдылығы, таным
таразысы, суреткерлік сүзгісі арқылы еленіп-екшеліп барып әдеби шындыққа айналады.
Қаруылбек шығармаларының шыншылдығы сондай олардың бәрін өмірбаяндық екен деп
қаласың. Рас, олардың өмірбайдықтары да, ұшқыр қиялынан туғандары да бар. Оны
жасымыздан қанаттас болып бірге өскен, әдебиет айдынында қаламдас болып қатар ұшқан мен
білмесем, басқалар аңғара бермейді. Қарауылбек өмірбаяндық хикаяттарында өз есімін
бүркемелеп, кейіпкерлерінің атын өзгертпей жазады. Содан да шындықты жазуға онсыз да
шебер жазушының шығармалары тым «жанды» болып шығады.
Қарауылбек өзі аралас-құралас болған ауыл адамдарының, аяулысы санаған қыз-жігіттердің
сан алуан мінез-құлқын, мысқал-мысқал сөзін, үзік-үзік сырын, аяулы арманын - бәр-бәрін
әңгімелері мен хикаяттарына қүлпыртып енгізеді. Олардың жазушы мақсат еткен образды
ашуға қызмет етіп,өзгеріск ұшырайтын, яғни басқа мінез-құлық танытатын кездері де болады.
Біздің ауылдың адамдары Қарауылбек жазғандағыдан ай-нымай ма, жоқ па, ол бір басқа,
бастысы - кітап бетінде өң өмірдегі адамдар шүпірлеп тұрғандай. Олардың бәрі - әйбат,
кеуделері толған арман-аңсау, өмір қойнауларын кеулеп кету-ге әзір. Бірақ енді олар
Қарауылбек қаламына ілікпейді. Алай-да, жазушы өмірден іңкәр болып өткен қыздар - Гүлзат,
Мақпал, Зина, Назыкен, балалықтың бал дәуренін бірге өткізген достары - Әбдімомын, Нүсіп,
Әділхан, Аралбек, Рақтай, Орынбасар, Сай-лау, тағы басқалар осы кітаптағы қалыптарымен-ақ
ыстық, замандас. Өйткені Қарауылбек - өткінші емес, өмірлік дүниелер жазған жазушы.
Алғашқы «Ақ бантик» әңгімесімен-ақ Қарауылбек табиғаттың ғажайып жыршысы екенін
аңғартқан. Ол сол үдерісінен жаңылған жоқ, қайта үдете түсті. Қарауылбектің суреттеуінде үш
Кербұлақ, Шу бойы бар реңкімен мөлдір, тұнып тұрады. Табиғат ананың адамдардың көңілкүйімен астасып, бірге қуанып, бірге мұңайған райын дәл Қарауылбектей жетік біліп, жеткізе
жазу хас шеберлердің ғана еншісі, айырықша қасиет. «Ирек-ирек із астында қалған қара
қошқыл қою раң жығылып түсіп, апыл-ғұпыл қайта түрегеледі. Түкті бастарын сілкілеп көпке
дейін ес жия алмайтын сияқты». «Айнадай ағын уыстап шашқан жұлдыз дастарқанындай.
Шайқала жанып, қос-қостан үйіріліп, дірілдеген су астынан сілкінеді. Білегіңді түрініп жіберіп,
қолынды жүгіртсең, жып-жылы сәуле сынықтарына тиетін тәрізді».
Бұл кітапта осы тәрізді жүрек елжіретер суреттер өте көп. Аңғарымпаздықты, шеберлікті
былай қойғанда, жазушыны мұндай биікке шығарған құдірет туған жерге деген шексіз махаббат
деп білген мақұл. Шудың биік аспаны, жыпырлаған жүлдызды түндері, Кербұлақтың бай
хайуанат, өсімдік әлемі, тау өзендерінің таусылмас күрілі қайда жүрсе де, не жазса да
Қарауылбек қаламынан қақас қалып көрген емес.
Қарауылбектің толысқан, оңын-солын таныған шақтағы өмірі Шымкентте өткенімен, ол
туған жерін, оның адамдарын шығармаларына алтын арқау етіп кетті. Ол әркез Шуды, біздің
ауылымызды сағынып жүретін. Машинасына балаларын салып алып, жолай маған соғып, туған
жерге тартатын. Содан біраз уақыт өткенде өзі де, бала-шағасын да шаршап-шалдығып
Шымкентке қайтап бара жататын, бәрі жарастықты болатын.
Қарауылбек - әр сөздің бояуын қандырып, жан беріп жазатын жазушы. Оның қолдануында
күнделікті жұрт аузында жүрген қарапайым сөздің өзі ерекше жарастық тауып, жанып, ісәрекетке айналып жүріп береді. Ол - кейіпкерлерін мүсіндеудің, сөйлетудің айтулы шебері.
Өмірдің өзінен ойып алған бейнелер кітап бетінен бері жаңыңызға жақындап, өзіңізбен
араласып кеткендей болады. Қарауылбек өмірде аса көңілді, тапқыр қалжың, өткір әзіл-оспаққа
өте жүйрік жігіт еді. Шығармаларында бұл мінезі жақсы көрініс алған. Ешкімді ренжітпейтін
оралымды юморды күлдіріп отырып салмақты сатираға ұластыруға келгенде ол жан адамға
жеткізбейді. Қарауылбектің тіл байлығын бағамдап отырып, мен оның пайдалануындағы
екеуміз туған ауылдың адамдарының аузында жүрген сөздердің соншама оралымды,
образдылығына тәнті болдым.
Салиқалы прозашыға тарихтың, мәдениеттің, әдебиеттің арғы-бергісін көп білу керек, ол
жағы Қарауылбекте жеткілікті болатын, университетті үздік бітірген. Дегенде, бүгінгі қайнаған
өмірдің өзінен көз алған қайнардың мөлдір болатынын Қарауылбек шығармалары дәлме-дәл
дәлелдей түседі. «Балауса машақат», «шынайы ықылас-шырыны», «сабыры сұйылып», «бәсіре
пешене», «бүйығы бүкпесіз». Тұтас бір сөйлемдерді былай қойғанда, осы сияқты ұрымтал,
айшықты ұғым білдіретін сөз үйлесімдерін Қарауылбек көп түзген. Және де олардың бір де
біреуі қазақ прозасында бұрын қолданылмаған, бәрі - Қарауылбек талантының таңбасы.
Шебер прозашы қаламы жүрдек, ойы ұшқыр журналист, жалынды көркемсөзші де еді.
Журналистік қызметін Жамбыл радиокомитетінде бастаған ол өмірінің ең әдемі, толысқан
жиырма жылында Шымкентте тұрып, облыстық радиохабарларын тарату жоне телевизия
комитетінің бас редакторы қызметін атқарды. Ол жпзған дәмді очерктер мен толымды
ойтолғаулар Қазақ радиосынан да жиі беріліп тұратын. Оларын Қарауылбектің өзі оқитын.
Оның үні атақты дикторлардан бір кем соқпайтын. Біз бесінші курста оқып жүргенде Қазақ
радиосы дикторлыққа жариялаған конкурста озып шығып, біраз уақыт ел құлағын елеңцеткені,
яғни, диктор болғаны бар.
Ол мұның бәрінің үстіне сүттей ұйыған тату отбасының бас иесі еді. Әкесі Қазы Ұлы Отан
соғысына аттанғанда екі жаста қалған оны «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай»
өсірген шешесі Ермекке жазушы мәңгі ескерткіш орнатып кетті. «Біз аби-іурент едікте»
Қаржаудың сүйген қызы Мақпал мен сүйікті шешесі Ермектің таразының екі басына түсетіні
бар, сонда албырт жас ана-сы жағына шығады. «Менің шешем» әңгімесінде: «Сен - алыпсың,
колхоз өміріне кірген бақ пен дәулеттің, қыдыр мен ырыстың барлығында сенің үлесің жатыр,
соның көбі сенің жұмыскер қолыңнан өткен», - деп тебіренеді жазушы. Әбден аяулы шындық бұл. Қант қызылшасын өсіретін шаруашылықтарды ұшпаққа шығарғандар аналар болғаны
біздің ұрпаққа жақсы мәлім.
Соңғы жылдары Қарауылбек екеуміздің өрісіміз бөлек болды, сағынысып кездесетінбіз,
достығымыз пәс тартқан емес, құшақтасып көрісіп, аңқылдап сыр айтысатынбыз. Қарауылбек
кейін қатты есейген, көпті көрген. Солардан түйген соқталы ойлары күрделі шығармалар
жазуға жетелейтін. Роман жазып жүргенін айтқан соңғы кездескенімізде. «Оңтүстік Қазақстан»
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Көңіл көмбесі - 07
  • Parts
  • Көңіл көмбесі - 01
    Total number of words is 3763
    Total number of unique words is 2285
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 02
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2329
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 03
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2283
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    40.3 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 04
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2302
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 05
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2457
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 06
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2278
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 07
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2330
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 08
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2289
    26.4 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 09
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2307
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 10
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2343
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 11
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2235
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 12
    Total number of words is 3733
    Total number of unique words is 2126
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 13
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2279
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 14
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2232
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 15
    Total number of words is 3883
    Total number of unique words is 2306
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 16
    Total number of words is 3951
    Total number of unique words is 2327
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 17
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2362
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 18
    Total number of words is 3868
    Total number of unique words is 2160
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 19
    Total number of words is 3827
    Total number of unique words is 2321
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    35.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 20
    Total number of words is 2843
    Total number of unique words is 1812
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.