Latin Common Turkic

Көңіл көмбесі - 17

Total number of words is 4139
Total number of unique words is 2362
32.2 of words are in the 2000 most common words
44.9 of words are in the 5000 most common words
51.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Қырғыздың Алатауы қапталдасып қалар емес. Зеңгір көгінде сол ақ қардан үзіліп-үзіліп
қалғандай ауық-уық ақ шулан бүлттар ұшырасады. Терезе тұсында Әлдекең тауға ма, әлде
өзінің болмысынан аумаған мына кең пішілген адырлы сартап далаға ма көз алмай қарап
қалыпты. Әлдекең мен арғы Алатаудың арасы -жомарт күз.
Тау жақ терезеге қараймын. Әлдекең Мәдина әншінің орындауындағы «Айқаракөзге» үйып
қалыпты. Сәл түксие қалған қабағы, дөңестеу келген мүрыны, ақ шулан тартқан шашы бәрі-бәрі
дәл бір өзі ес біліп, етекжапқалы алыстан сонау Кербұлақтың жондарынан ауық-ауық көз
салып, арманына арқау еткен алып Алатаудың мың-миллион мәрте кішірейтіп қойған макеті
іспетті.
Қасиетті қара жол қалықтата тербейді.
Мәдинаның қайталанбас нәзік те назды үнімен ән тамылжиды...
...Күндіз естен кетпейсің,
Түнде түстен
Тал бойыңда мінің жоқ,
Жасыл желек.
Айқаракөз жүрмісің,
Сау-сәлемат, қызыл гүлім-ай.
- Әне, анау бел-белес, одан әрі Жайсаң жотасы, оның ар жағында Кербұлақ, - деді Әлдекең
ән біте бере сонау жоңғар Алатауларынан сілемдене белініп, батысқа қарай ұзыннан-ұзақ сұлап
жатқан қарақожыр қолатты жатаған жоталарды нұсқап.
Бұл кезде жол да солай қарай сәл қиястай түсіпті.
Таяуда ғана мемлекеттік тапсырыспен Астана қаласындағы Отырар кітапханасы сериясы
бағдарламасы бойынша жарық көрген «Мен - апамның баласымын» атты романын оқып
шығып, іштей ерекше сезімде жүрген болатынмын. Сондықтан маған бұл өңір сол шығарма
арқылы алақанымдағыдай айқын да таныс. Қызмет орнында шығармаға деген ризашылығыңды
білдіру де ыңғайсыз, әрі ол сенің бастығың болса. Оның есесіне республикамызға белгілі
сыншылар, жазушылар бұл туынды жайлы шын бағасын беріп, ризашылық ықыластарын
бірінен соң бірі білдіріп те жатқан. Сондықтан менің пікірім аса қажет те емес шығар.
Дегенмен, міне, енді сол туынды жайлы маған да Әлдекеңнің өзімен ой бөлісудің орайы бүгін
мынадай еркін уақыт, ыңғайлы сәтте келген сияқты.
Әлдекең де, мен де әлі Айқаракөздің сағынышты әуезіне шырмалып, шыға алмай
отырғанымызда әңгімені әдемі әзілден бастап жібергім келген.
Сазды серенада
- Мына өзіңіз мейлінше әдемі суреттеген Кербұлақ тауларымен сілемдес жатқан Қордай
таулары да сізге бөтен емес-ау шамасы, Әлдеке, - деп қойдым әңгімені екі ұшты сабақтап.
«Онымен не айтпақсың» дегендей Әлдекең маған қарай бар денесімен ыңғайланып отырды.
- Кешегі романыңызда бала махаббатыңыз Базаркүл Айқаракөз осы Қордай асуына ұзатылып, сағымға айналып кетеді,бала қиялмен бәсірелеп бәйге
етсем деген Бозтайды Әсел апай қалап әкетсе, «тағы да бір бозтай туып берер» деп оқырман
көңіл
демдейтін оның енесі Бозбиені де осы Қордайдан төркіндеп келген Бүбісара әкпеңіз мініп
кетеді.
Әлдекең «Айқаракөздің» сарынынан өлі шыға алмай, әдемі сезімде отырған күйі сәл
жымиып алды да әңгімені әзіл емес, байсалдылыққа бұрды.
- Сен білмейді екенсің «Айқаракөз» әні жігіттің қызға арнаған әні емес, қыздың қызға, яғни,
қыздың құрбысына арнаған әні, сағынышы. Мен білетін мұндай қыздың қызға арнғана әні,
бәлкім,
қазақта жалғыз-ақ осы болар, - деп бір қойды. Содан соң сәл ойланып отырды да:
- Өзің айтып отырған кітаптағы балалық махаббатты айтсақ, ондай ұшпа сезімді әр
жасөспірім бастан кешері заңдылық. Бірақ ол сол Базаркүл ме, басқа ма, көркем шығарма үшін
бәрібір. Әйтеуір, шынайы сезімді болса болғаны емес пе? Ад, әлгі Бозтай, Бозбиелер
оқиғасының түбінде қазақтың бауырмалдығы, мәрттік, өзге халықтарда кездесе бермейтін
кіндік шеше деген сыйлы анаға құрметі, жолы жіңішке жатжұрттық болған қызға деген ізеті,
содан барып қыздың төркінге деп туындайтын мәңгі сағынышы жатқан жоқ па?
Нықтап-нықтап айтқан дәлелі менің тура шығармадан түйгендерімнің төбесінен түсті.
Иә, кітап құры босқа жазылмайды. Айтары жоқ адам әдебиет деген құдыретті де киелі істен
аулақ жүргені абзал екенін мен де ептеп түсінемін. Ұлы Абай да «Мен жазбаймын өлеңді ермек
үшін» демей ме. Шығарманы сыдыртып оқып шығу бар да, оның астарына, айтайын деген
тустарына үңілу, түсіну бар. Мен де сол Әлдекеңнің аталмыш романының негізгі-негізгі айтпақ
ойын, түп тамырын тап басып түсінгеніме іштей марқайып қалғам. Ақыры не бітірем, үн-түнсіз
отырам ба, әңгіме керек. Әрі жол қысқарады, ойымды ары қарай сабақтадым:
- Оқырман ретінде «кітап жақсы, ұнады» деп айта салу оңай, әрине. Ал, мен әдебиетші
ретінде бұл шығармадан бірнеше бағытта ой түйдім. Бәлкім, сіз автор ретінде келісерсіз,
келсіпессіз, қазақтың қай ауылында болмасын кездесіп жататын, оны тіпті сол қазақ өздері
елеусіз көретін атасы бөлекті сәл ісі оңға баса «қаңғыған пәленше» деп руымен атап, көпекернеу кемсіте салатын ұлттық мінезімен шығарманың өн бойында отаншылдық
туындатыпсыз. Туған жерге деген мәңгілік сағынышты керсетіпсіз. Оны тағдыр талайымен өзге
ауылда жүрген Қалқабай арқылы беріп, екі ұлы Шәкен мен Алданыш-Әлдештің үнемі іштей
құмығып, булығып өсуі арқылы жүрегіне мәңгі өшпестей етіп қалдырыпсыз. Солармен бірге
күйініп, солармен бірге күйзеліп отыратын оқырманның да жүрегіне туған жерге деген қасиетті
ұғымның құдіретін мықтап тұрып шегелепсіз. Одан ары, дәл осы ойды Кербұлақтағы
Атабайдың Ақтазысы күшіктеген үй артындағы жер астынан барып асырап алғаннан бастап
Алданыштың, қала берді бір үйдің сенімді серігіне, ең бір қимасына айналған ҚарауызЛашынның әбден қартайып барап өлер кезінде жоқ болып кетіп, ақыры сол баяғы өзі туған
ұясы жарқабақтың астынан елігінің табылуы, қанжардай қатып, Қордайдың Қасық ауылынан
шығып, туған жерін аңсап Топарға қарай қашып бара жатқан Құла ат арқылы бейнелепсіз. Және
бұл ұлы ұғымды, адамзат баласы ғана емес, жан-жануарда түсінетінін осындай ғажайып ұлттық
мінезбен әдемі әрлепсіз, - дедім шын ризашылығымды әрі әдебиетті түсінгіштігімді білдіргім
келіп.
Әлдекең бұл оймен келісті ме, келіспеді ме, ол жағын жауапсыз қалдырды. Оның есесіне:
- «Мен - апамның баласымын» - деді ол, сәл үнсіздіктен соң.
- Сондыктан ұлы әжені де ұмытқам жоқ. Жалпы бұл шығармада бәрі-бәрі он ойланып, жүз
толғанып барып пішілген. Жазушы деген бәрін сақтап, қаттап отыратын бейне бір қойманың
иесі сияқты.
Бәрін есептеп отырады.
Енді мен үнсіз қалдым. Кітапты түгел кез алдыма әкелдім. Шындығында да, солай. Иә,
тақырыбы да солай. Шығармадағы Алданыштың апасы Айша - керемет адам. Ол ақтарылған –
ақ тілек, тұнып тұрған - мейірім. Бала үшін жанын да қиятын алып ана. Ол романның
эпилогында шөбересі үшін ақыры солай да етпеді ме.
Пай-пай-пай... Әдебиет дегеннің құдыреттілігі де, құндылығы да осында болады екен-ау. Тап
осы кезде романдағы жалғыз ұлынан айырылып, Алданышты алданыш етіп ақыры бар
ғұмырын сонымен сабақтастырып жіберген кейуана Алданыштың Айша апасы бар
болмысымен көз алдыма келіп, жүрегімді езе елжіретті. Өзім көрген, қазір өмірде жоқ мәңгі
сағынышқа айналған әжелерімді көрдім ол көріністен.
- Әлгі шөбересі Бауыржан ауырғанда бір құдіреттің күшімен ол кісі өліп кетіп, баланың беті
бері қарап, тірі қалатын шын болған оқиға ма, - деппін әдебиеттің исі мұрныма бармайтын бала
құсап.
Әлдекең күліп жіберді. Сасқанымнан өзім де күліп жатырмын.
- Ол солай болды ма, болмады ма, кітап солай деп тұр ғой, - деп Әлдекең одан сайын
насаттана күлді.
Ары қарай мазалағам жоқ. Өз ойыммен өзім болып кеттім. Иә, рас, мүндағы көркем бейнелер
бар өз болмысымен, өз мінезімен, өз тұлғасымен дара-дара сомдалған екен. Тек қазақтарда ғана
кездесетін үлкендер бауырына басатын бала жайы және оны олар өздерімен бірге бөліп-жарып
бір жаққа алып кетпейтіні, қайта ол екі жақтың ой-ақылын тел еміп, жүректі азамат болып
өскендерінің талайын көзіміз көріп жүр. Дейтұрғанмен оның да өзіндік көзге көрінбес, ауызбен
айтылмас қиындықтары бар. Ол осы романдағы өз әкесін әке дей алмай, анасын ана дей алмай
іштен тынып жүретін Алданыш, үлкен кісі Айшаның сезіміне қылаудай кір түспесін деп өз
ұлдарын балам дей алмай жүретін «жезде» мен «әкпе», содан соң нағыз қазаққа ғана тән әбжіл
де қайсар мінезді Мұхтар бейнесі, шаранасы үшін шырылдап атқа түспекке бар Мәрия, жалғыз
әкеге қолқабыс ету үшін оқу да іздемейтін, тіпті солай болу керек сияқгы қалыптасқан
қарапайым ғана тіршілікті қанағат ететін шаруа - Шәкен. Бәрі-бәрі жүрегі бар адамды бейжай
қалдыра алмайтын тас түйін бейнелер.
«Бүткіл әдебиет әлемінде бар болғаны отыз төрт қана тақырып болады» - дейді екен әдебиет
зерттеушілері, Демек, бүкіл дүние-әлем жазушылары оған әр қырынан, әрқайсысы өзіне ғана
тән, өзіне ғана берілген талант-тылсымымен келеді. Осының ішінде бір күрделі де күрмеуі
қиын тақырып бар. Ол - ұрпақ сабақтастығы. Әлемге әйгілі Эрност Хемигуэй мен адамзаттың
Айтматовы атанған өзіміздің Шыңғыс та осы тақырыптың кілтін тауып, шағын
шығармаларындағы әдемі детальдармен бере білген болатын. Ой тасқыны қайта мазалады.
Буырқанған сұрақтарға өз ойымның жауаптары аздық ететіндей ақыры еркімнен тыс әңгімені
қалай бастап кеткенімді өзім де сезбей қалыппын.
- Әлдеке, сіз ұрпақ сабақтастығы дегенге қалай қарайсыз осы?
- Әй, сен мені шаршатарсың. Қазір кездесу. Ол жерде де көптеген сұрақтар болады. Онда да
кемінде екі сағат сөйлейтін шығармын.
-Әлдеке, мен де ерігіп отырған жоқпын. Мен жуналистпін және ану-мынау емес, облыстық
газеттің тілшісімін. Осы отырысымда мен жұмыс істеп отырмын, - дедім барымша байсалды
кейіпке еніп.
Әлдекеңнің маған бақырая қараған көздері едәуір тоқтап тұрып қалды. Сонда барып оның:
«Ә-ә, мәселенің төркіні мұнда жатыр екен ғой. Сен, қу бала, әңгімені әріден бастап, жазбаққа
кіріскен ойың бар екен ғой» дегенін айтпай түсіндім.
- Әй, сен манадан бері сөйлетіп қойып, суыртпақтап сыр тартып келеді екенсің ә? Ал мен
оны білмей көсіліп отырмын. Ойпырмай-ә, әй, Қанат, артық-ауыз бірдемелер айтып қойған
жоқпын ба? - деп Әлдекең жүргізушісіне қарап жорта қауіптенген болып рахаттана күлді.
- Әлдеке, дегенмен?.. - деп енді мен жұмсара бастағам. Осы кезде:
- Сен осы мені қанша жылдан бері білесің? - деп Әлдекең өзіме тосын сұрақ қойғаны. Мен
мүдіргем жоқ.
- Жиырма бес жыл. Тура осыдан жиырма бес жыл бұрын Шу өңірінде Санатбай болып
өзіңізбен бірге келгеннен бері, - дедім әдейі нықтап-нықтап тұрып.
Әлдекең риза болды ғой деймін, мейірлене қарады. Секундтар арасында көз алдынан сол
кезеңнің сан суреттері сатырлап-ақ өткен шығар-ау.
- Ендеше, - деді Әлдекең менің иығыма қолын салып тұрып - менің сен білмейтін сырым
жоқ. Оның үстіне қырағы көзді журналиссің, жаза бер, - деді де жайбарақат отыра берді.
- Жарайды, дедім. Өнер адамы мақтаншақтау келеді ғой. «Ендеше еш сұрақ сұрамай-ақ
керсетейін қалай жазу керек екенін» - дедім іштей тас түйін бекініп. Сөйттім де әлгі «ұрпақ
сабақтастығы» деген сұрағыма өзім ойша жауап іздеп кеттім. - Әлдеке, - дедім іштей - мен
мұны сізден неге тәптіптеш сұрай бердім, білесіз бе? Оны сұратып отырған маған қатты әсер
еткен өзіңіздің романыңыздағы айқайлап айтылмай-ақ шығарманың өн бойында жатқан нағашы
атаның аты өшпесе екен деп бастауыш мектептерде Алданышты Ыдырысов деп жаздыратын
шарасыз қазақи хал. Бұл көп қазақтың басында кездесетін жәйт. Апаның, әкпелердің соны
медеу тұтып өз көңілдеріне жұбаныш етуі, өз жеке басы дегеннің қызығын, рахатын ұмытып,
ғұмыр бойы ұрпақ үшін деп өмір сүретін қайсар қазақ Қалқабайлардың тірлігі.
Әлдекеңенді магнитофонға өзі арнайы алып шыққан Кенекеңнің (Кенен Әзірбаев) өз
орындауындағы үнтаспасын қойғызып қойып ептеп көзін жұмып келеді. Бәлкім, қалың ойда,
бәлкім бір сәттыны-стап алмаққа мызғып отыр. Ол жағы маған бегісіз. Маған керегі өз ойымды
өзім дәлелдеп шығу. Шынында да, салыстырмалы түрде ойымнан кетпей қойған әлгі бір
Хэмингуэйдің әңгімелеріндегі «әкем доктор еді, өзеннің арғы бетіндегі бірнеше күн бойы
толғатқан бір әйел бала теріс келіп босана алмай жатыр екен» деп шақырып келіпті. Әкем
екеуміз қайықпен бардық. Бір бөлмелі ағаш үйде әйел қиналып жатыр. Жоғарғы сәкіде жатқан
индеецер адам бізге бір қарады да жата берді. Әйелінің қиналуынан ол тіпті мүжіліп кеткен
сияқты. Жылы су, оны-мұнысын дайындап, әкем операция жасауға кіріскенде ер адам тістеніп
бетін арғы қабырғаға беріп аударылып түсті. Пышақтиген сайын шыңғырған, тістене
ыңырсыған әйел нәрестенің шар ете қалған үнімен бірге саябыр тапты. «Ұл» деді әкем, баланы
жоғары көтеріп, дауыстап. Жоғарғы сәкіден жерге тырс-тырс тамып жатқан қанды көрдім.
Байқасам, индеец өз күре тамырын өзі кесіп жіберіпті. Өмірге аман-есен ұрпақ келді» мақсат
орындалды, бітті дегені ғой» деген сияқты ой еді ол. Сондай-ақ, теңізде қайықпен адасқан
атасы, баласы, немересі. Құтыдағы азғантай ғаңа ауыз суға ортақ болмайын деп бір түнде
атасының өзін-өзі теңізге тастауы, екінші түні әкесінің жоқ болып шығуы, бірақ суды мұқият
бала оңай табатын жерге ыңғайлап қойып кететіні, таңертең бала жалғыз екенін көріп аң-таң,
тек төбесінде шарқ ұрған шағалалар» - деп жағалауға жақын қалғанын білдіруі - бәр-бәрі әлгі
ұрпақ сабақтастығы үшін емес пе.
Ал, осылардан «Мен - апамның баласымындағы» ұрпақ үшін жанын жұмбақ жағдайда пида
еткен Айша апаның, бір ұрпаққа зар болып жарты ғұмыр іштей өксікпен өткен Мұхтардың,
Ысқақ төренің іштей күйзелістерінің, күңіреністерінің, сәбиінен айырылып өмірден баз кешкен
жапан даладағы құшнаш кейіптегі Мәрияның - қай-қайсысының басындағы трагедия кем
соғады содан? Кем емес. Бірақ, біз оны көре бермейміз.
Әй-әй-әй!.. Қолда бар алтынның қадырін білмейміз-ау кейде. Әйтпесе, татардың мықты
ақыны Тоқай: «Әттең ұлтым татар, әйтпесе Пушкинмен болар ем қатар» дер ме еді. Ал, Әлдеке,
мейлі сіз жауап беріңіз, бермеңіз мен тура осылай түсіндім, тура осылай жазамын. Осылайша
жазушымен іштей ақылдасып отырғанымда:
- Тоқтатшы - деді кенет Әлдекеңнің өзі. Қанат жылдамдықты бәсеңдетіп жолдың жиегіне
келіп тоқтады.
- Біз уәделі уақыттан сәл ерте келе жатырмыз. Аялдап, тысқа шығып, біраз аяқжазып
алайық, - деді Әлдекең.
Дала диалогы
Сәскеге тырмысқан күн шуағына қыздырмасыз қазанның майы еритіндей. Сол қанатымызда
жапырақтары ептеп сыйдам тартқанымен, қоңырқай күзбен жарасым тауып, рулы ел, ұялы терекке айналған іргелі ауыл мен мұндалайды.
- Міне, мынау үшінші, төртінші сыныптарда мен оқыған, білім алған Қайнар ауылы. Бұрын
Буденный ұжымшары атанған. Одан соң«Көкқайнар» кеңшары болған. Қазір Қайнар аталады.
Ауылдың мына оңтүстігін кемерлей Шу өзені ағып жатыр. Су сынып, сәл күннің көзі қыза
бастағаннан бүкіл ауыл балалары бейне бір сауыры күнге шағылысып жалт-жұлт еткен ақшабақ
балықтардай осы судан шықпайтын едік. Әне, анау ауыл сыртындағы жатаған жоталар
Тарылған тауы деп аталады. Арғы Қордай тауларынан тарам-тарам болып келіп бір арнаға
жиылып, Жайсаңнан кемерлене ағып келген тау өзені дәл осы екі таудың қылтасына келгенде
тарыла түседі. Сондықтан жергілікті жердің жұрт тауды да, өзенді де Тарылған атап кеткен, дейді Әлдекең сонау ауылдың арғы тұсындағы қолат-қолат қырқалардан көз алмай тұрып.
- Бәсе, шындығында да, кетеуі кетіп, берекесі қашып тарылған ауылдың өзі, сыртқы
сықпытынан-ақ белгілі болушы еді. Бұл ауыл мына едәуір қараң-құраң тірліктерімен-ақ бақуат
тұрмыстың жай-ын аңғартқандай екен - дедім тағы қарап тұрмай көрегенсіп.
- Иә, бұл шаруашылық осы өңірдегі шаруасын шашау
шығармай, «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» дегендей, берекелі тіршілік кешіп
отырған ауыл, - деп көсіле түсті Әлдекең. Әлдекеңнің біреуге шын ықыласы ауса болды
біржолата құлай берілетін әдеті. - Бұл ауыл өзім оқып, балалағымның бір бөлігі еткен жер
болғандығынан ғана емес, жалпы облыстық газеттің басын ұстап отырғандықтан әр аудандағы
осындай ісі ілгері басқан шаурашылықтардың тәжірибесіне құлақ тігіп отыратынымыз бар ғой.
Бұл елді қазір Варшакидзе деген азамат басқарады. Бір қызығы оның аты таза қазақша Өмірәлі. Тынымсыз тірліктің ұйымдастырушысы да, ұйытқысы да сол жігіт. Шаруашылық
негізінен егіншілікпен айналысады. Бірқатар сауын сиырлары да бар, - деп қояды риза
пішінмен.
Былай қарағанда күніне газеттің «майын» ішіп, кабинеттен шығуға мұршасы келмей
мұрнынан шаншылып жүретін редакторымның облыс орталығынан бірнеше жүз шақырым
шеткері жатқан ең шалғай аудандардың бірі жайлы күнде қоян-қолтық араласып жүргендей
әңгіме соққанына қайран қалып мен тұрмын. Онысымен де қоймай:
- Бұл Қордай жері ертеректен-ақ шаруашылық жүргізудің түрлі технологиялық тәсілдерін
меңгерген. Қордай ауылының бір шетін алып жатқан шаруашылық Ақбұлым өндірістік
бірлестігі аталады. Бірлестік жүгері, бидай, т.б. астықтың асыл тұқымын өндірісімен
айналысады. Бұрнағы жылы облыс әкімі Серік Әбікенұлы Үмбетов осы шаруашылық
тәжірибесіне сүйеніп Қазақстан Ауыл шаруашылығы академиясының егіншілік жөніндегі білгір
маманы, академик Оразалиннің жетекшілігімен облыстық семинар-кеңес өткізген болатын. Ол
жиын мұнда егіншілік мәдениетін едәуір алда екенін көрсеткенді, - деп алды да өндіріс
саласына ауысты.
Биыл ғана жаңа технологиямен заман талабына сай жаңаша жұмысқа кіріскен былғары
комбинаты жайлы біраз ақпарат беріп өтті.
Өндірістің ілгері-кейінгі тарихынан қаузай отырып, кешегі Кеңес өкіметі тұсындағы сонау
соғыс жылдары осы Степной, Талапты ауылдары, маңында кендір өндіретін арнайы зауыт
болғанын, ол кезде ол техникалық дақыл ретінде өсірілгенін, оны бау-бау етіп орып арнайы
тоспаға тастап, әбден бабына келген соң одан кендір қап, арқан, тағы басқа тұрмысқа қажетті
өнімдер өндіргенін, кеңес өкіметінің сол бір орашолактау қарадүрсін іс-әрекеттері бүгінде
үлкен дертке айналып, сол дақыл тұқымы келе-келе Қордайдың желімен жылжи-жылжи Шу
даласына түсіп, табиғи өзгеріске ұшырап, қоғамдық кесапатқа, марихуанаға айналып кеткенін
сыр етті.
Қайта келікке аяқ арттық.
Аудан орталығына қарай жосығантақтайдай тегіс жол жиегіндегі талдарақтардың бітімболмысы өзгешелеу көрінді. Және бір-екі қатар ғана жолаққа емес, едәуір қанатын жайып, біраз
аумақты ала жолдың қос қапталын тоғайға айналдыра орналасқан ағаштар жатағандау көрінген.
Задында жазушы деген қызық халық қой өзі. Өзгелерден бөлекшелеу түйсік көзі бола ма,
ойламаған жерден біздің ішімізді оқып отырғандай:
- Мына жолдың екі шетіндегі ағаштар кәдуілгі қарағаш емес, жеміс ағаштары. Осыдан 10-15
жыл бұрын осы ауданда жол құрылысы басқармасын басқарған Әлімбаев деген азамат болған.
Қазір зейнетте болуы керек. Сол азамат, міне, осы ағаштарды өз бастамасымен отыртқызған
екен. Шіркін, мұны жазда көрсең. Алма, өрік, шие, тағы басқа түрлі жемсітер мәуелеген кезде
ұзын жолмен ары-бері еткен жолаушылардың көз құрты, - деп риза кейіп танытты.
Нағыз сауапты іс екен-ау, - дедім іштей, қимас, думанды кезеңін артта қалдырып, күз дәуірін
бастан кешіп сидым-сидым бұтақтарының әр-әр жерлерінде қалтылдаған сары жапырақтары
ұшындағы көгілдір шық тамшылары күн сәулесімен жалт-жұлт етіп тұрған ағаштардан көз
алмай отырып.
Иә, бұл негізі кейінгі азаматтар ғибрат алатын да шаруа екен-ау. Бала күнімде «Ұзын жолдың
бойына үш жыл қатарынан қауын-қарбыз егіп, жолаушыларға тегін үлестіріп отырған адам бұл
фәнидегі бар күнәсінен арылады» деп отыратын қарияларды көрген едім. Міне, мынау соның
нағыз өзі емес пе. Кім болсаң да рахмет саған ағасы - деп өзім көрмеген Әлімбаев деген азамат
ағаға алғысымды айттым іштей.
Ізгілік романсы
Межелі жерде бізді Қордай ауыл шаурашылық колледжінің директоры Барлыбай Рысбеков
күтіп алды да, қырқа-қырқа жоталардың арасынан сидым-сидым теректері кекке шаншылып
құстың ұясындай ғана бір шоғыр болып жатқан ауылға қарай бастады. Бұл - ЬІрғайты ауылы.
Айналасын көз тіретіп дөңгеленте тау-жоталары қоршаған ауылдың батысынан ғана азғандай
жер бейне бір қақпасы іспетті алыс көкжиекті зорға көрсетіп тұр.
Қаладағы атынан ат үркетін кептеген университеттерге бұйыра бермеген арнайы жобада
салынған зәулім ғимарат, білім ордасының ат шаптырым акт залы лық толы. Әлдекең екеуміз
сахна төрінен орын алдық та, кездесу бірден басталып кетті.
Колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тұрсын Әбдрашева кешті бастап,
Әлдекеңнің өмірі, шығармашылығы жайлы аз-кем әңгімелеген соң әдеттегідей жазушының өзі
сөз алды. Жазушы ілгері-кейінгі әдебиет жайлы, оның жас жеткіншектерге берері жайлы ой
толғады. Әлдекеңнің оқырмандарымен кездесуі бір бұл емес екенін, әңгіменің әуенін сәл-сәл
іркіп, алдағы сұрақ-жауапқа сақтап отырғанын, әрине, мен жақсы түсініп отырмын.
Жалпы жазушы келеді дегеннен, колледж оқытушылары мен
білімгерлері
аса
жауапкершілікпен
барынша
байыпты дайындалған сыңайлы. Бірден сахнаға көтерілген
білімгерлер Әлдекеңнің әр шығармаларындағы кейіпкерлері аузына салған балалар бойындағы
жаман қылықты әжуә ететін шығармаларын нақышына келтіре орындады. Бәлкім, дайындалған
ба алғашқы сұрақ «Алғашқы «Көк дөңгелек» атты кітабыңыз студент кезіңізде жазылыпты. Ол
қалай туындады?» - деген сауалдан басталды.
- «Көк дөңгелек» - менің тырнақ алдым. Ол кезде суретті кітапша деген болатын. Мен негізі
университетте оқып жүріп екінші, үшінші курстан жаза бастадым. Алғашқы әңгімелерімді
«Балдырған» журналына алып барғанмын. Атақты балалар жазушысы, қазақ балалар
әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев шығармамды оқып шығып, «Жақсы екен. Сен
жазушы боласың» дегені. Енді, сондағы сезімді сөзбен айтып жеткізу, әй, қиын шығар. Көшеге
шықтым. Құдай салмасын, адамдардың бәрі аласа, мен ғана биік. Дәл сол жерде жазушы
дегенді қолыма ұстата салған сияқтымын. «Жақсы сөз - жарым ырыс» деп жақсы адамның,
жақсы ағамның, жақсы жазушының сөзі талпынуыма, бойымда кішкене бір таланттың сәулесі
болса, ашуға ұмтылуыма септігін тигізгені анық.
Кешті жүргізуші Тұрсын апай да әдебиетші емес пе, сары майдан қыл суырғандай қып
сыпайы ғана сауал өрбітті.
- Әлдеке, сіз сомдаған Шаншар атайдың балалар тәрбиесінде орны ерекше. Қазір ел қамын,
ұрпақ болашағын ойлайтын қарттар неге аз? - дейді күрмеуі қиын сауал тастап.
- Соғыс жылдары ауыл шыныда да, иесіз қалғандай еді. Сол балалардың, олардың жесір
қалған аналарының, тіпті, малдың - бәр-бәрінің сұрауы біздің ауылда. Оспанбек деген қарияда
болатын. Бірау науқастанып қалса да, біреу-біреуден жапа шексе де, тіпті, бір малдың аяғы
сынып қалса да бәрінің ортасында шарқ ұрып сол қария жүретін.
Қазір заман сәл бөлектеу. Дегенмен жақсы абыз қарттар әр ауылда бар ғой. Тек олардың
жақсылығын балаларға үлгі етіп көрсете білу керек, олардың тәрбиесін ала білу керек шығар, дейді Әлдекең.
- Біз сізді осы заманның «Шаншар атайы» деп ойлаймыз, - деп көтермелеп те алады
жүргізуші.
- Мүмкін, мен балалар жазушысымын ғой. Шын балалар жазушысы - ол әрқашан тәрбиеші, дейді жазушы.
Тіпті, кейде Тұрсын апай кеш жүргізушісінен гөрі экранда сұхбат жүргізіп отырған
тележурналистке көбірек ұқсап кетеді. Онысы да жымдасып жарасым тауып тұр.
- Шығармаңызда, сырқат әкеңізді соғысқа шақырғанда әлі буыны беки қоймаған Бекет
ағаңыз әкеңіздің орнына мен барайын дейді. Қазіргі жастардың бойынан осындай
отансүйгіштікті көре аласыз ба? - дейді тағы тосын сұрақ тастап.
- Ол кезде кеңестік жүйе қалыптастырған өзінше патриотизм болатын. Қазір басқаша. Жеке
мемлекет, егемен елміз. Оның болашағы үшін өте күшті, ол кездегіден де керемет әрі шынайы
патриотизм болуы керек. Ол бар және біртін-біртін дамып, қалыптасып келеді, - дейді Әлдекең.
Мұндайда ойдан ой туындап, жүрек түкпірінде бұғып жатқан тылсым сұрақтарға жауап
ізделініп, сұраққа сұрақ ұласып кететіні бар емес пе. Осылай жазушы мен оқырмандар
арасындағы сұрақ-жауап қыза түсті.
- Ата-аналар қазір балаларын тәрбиелемейді, тек
қаржыландырады деген ұғым бар, осыған келісесіз бе? – дейді бір қыз бала.
- Киім де керек, тамақ та керек, - дейді жазушы. - дегенмен, рухани азық ешқашан атаананың да, баланың да қаперінен бір сәт шықпауы тиіс. Әдебиет, кино, сурет, саз - бәрі тәрбие
құралы.
Десек те, әдебиетке тең келері жоқ. Оны оқып, өзіңмен өзің ой кешіп, өзіңше түсініп, түйсініп
отырғанға не жетеді. Адамға ауа, су, нан қандай қажет болса, әдебиет те сондай қажет, - дейді
жазушы.
Зал ортасынан орта бойлы, қыраулы самайынан, киім киісі, өзін-өзі ұстасынан-ақ ұлағатты
ұстаз екенін айтпай танитын қағылез қария көтерілді де өзін Нәзкен Исанов деп таныстырды.
- Әлдеке, біздің ұжымға арнайы ат терлетіп келдіңіз. Үлкен рахмет. Негізінен біздің аудан
облыс орталығынан едәуір алыста жатыр. Сондықтан да әдебиет әлемінде не болып жатқанын
білеалмай қаламыз. Мына кездесу біздің балаларға үлкен тәрбие қалдырары хақ. Бұл оқу
орнында негізінен кәсіби мамандық алушылар оқиды, десек те, бұлардың арасынан да кешегі
осындай техникумда оқыған Шыңғыс Айтматов сияқты жазушылардың шықпасына кім кепіл, дей келіп, - орталықтан шалғай жатсақ та облыста болып жатқан игі істерді сіз басқарып
отырған «Ақ жол» газеті арқылы ғана біліп отырамыз. Тараздың 2000 жылдығына орай газет
өңіріміздің тарихы жайлы кең көлемде жазып, көзімізді ашқандай болды. Осы үрдіс жалғасын
тапса және жастар тәрбиесіне көңіл бөлініп, әсіресе, ауыл жастарына арнайы бет беріліп тұрса, деген ұсыныс-тілегін білдірді.
Бас редактор ұсынысты құптады.
Бұл кездесуге жақын маңдағы ауылдардан да әдебиет сүйер біраз азаматтар арнайы келгенге
ұқсайды. Көрші ауылдан келген Рза Қунақова атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқытушысы Күләш Нүсіпованың:
- Атыңызды атап, мақтан етіп жүретін аға, мына сіз отырған төр бір жылдары Кенен атаңыз,
Бексұлтан Нұржекеев, Марал Ысқақбаевтай қаламдастарыңыз отырған қасиетті жер еді. Енді
біздің шақыруымызды қабыл алып келген сізді де сол тізімге қосып мақтанышпен атып
отыратын болдық деп, - ағынан жарылған.
Көкрермендерден жазбаша сұрақ қаптап кетті. Оның бәрін дәл осы жазбамызда тәптіштеп
айтып беру мүмкін де емес. Бірақ бәрі де керек, көкейкесті сұрақ. Оған сол жерде жауап
табылды да. Енді соның бірін бір әрпін де өзгертпей сөзбе сөз келтірсек:
- Қазіргі кезде жастар арасында ауылдық екенін жасыру бой алып тұрғандығы, ауыл
жастарының мәртебесінің төмендігінен екендігі ащы шындық екені рас па? Мысалы, бүгінгідей
кездесу - таптырмайтын табыс. Себебі, бұл он жылда бір болатын көрініс.
Осының өзі ауыл жастарын елемеушілік емес пе?
Сұмдық сұрақ. Әдебиетші ретінде де, ұлтыма, ұлтымның болашағына жаным ашиды деп
ойлайтын азаматтардың кез келгені ұялып, көзімен жер шұқып қалатын-ақ сұрақ. Амал не, ол
осылай қойылды. Әлдекең әл-қадірінше жауапқа кірісті.
- Қала мен ауыл арасында айырмашылық бар екені рас.
Ол бола да береді. Мына менің романымда бір деталь бар. Жан-жақтағы ауылдан бастауышты
бітіріп келген балаларға Шоқпарда бір мұғалім: «Ауылдың балалары қайбір есеп біледі,
бақылау жазғызамын да «2» алғанын 4-сыныпқа, 4,5 - деген баға алғандарын 5-сыныпқа
отырғызамын» дейді. Көппен бірге маған да 2 қойыпты. 5 алған Шоқпардың балаларының
есебіне қарасам, менікі дұрыс. Ақыры дәлелдеп шығамын. Міне, көрдіңіздер ме ауыл баласын
қорсыну бұрыннан болатын. Бірақ оны түбінен терең ойлап көру керек. Статистикаға сенсек,
ұлы адамдардың 80 пайызы ауылдан шыққанын көреміз. Алысқа бармай-ақ Президентіміз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қараңыздар, нағыз ауылдың түлегі. Облыс әкімі Серк
Әбікенұлы Үмбетов ауылда оқып, одан соң дәл осы сіздердің ауылда, дәл осы оқу орнында
алғашқы ауыл шаруашылығы мамандығының әліппесін ашқан азамат. Ауыл әлі-ақ өркендейді.
Елбасымыз бұл мәселені «Ауыл жылдары» бағдарламасында жан-жақты көтеріп отыр. Ол, сөз
жоқ, өркендетеді. Қала жастары да біздің ұландарымыз. Дейтұрсақ та, таза ұлттың үлгісі де,
негізі де сендер, ауыл балаларысыңдар.Орысша оқып, амалсыз ұлттық болмыстан сусындап нәр
алудан кенже қалған замандастарыңа еліктеудің жөні жоқ, қайта кейін оларға сендер ұлттың
құндылықтарын түйсінуіне, түйіндеуіне өз істеріңмен көмек ететін боласыңцар.
Ұстаз Бақыт Айлауова жазушыға деген алғыс сезімін өлеңмен өрсе, ауыл әкімі Зәуре
Бүрімбаева Әлдекеңе деген ризалығын «Осындай қарапайымдылығыңыздан танбаңызшы» деп
түйіндеді.
Кездесуді колледж кәсіподақ ұйымының төрағасы Қораласбай Әбдірәлиев қорытындылаған
соң, әдемі концертке кезек берілген.
Колледж білімгерлері егіз ұл Нұрдәулет, Нұрқасым Райымқұловтар «Үш қоңыр» әнін
шалқытты, күй күмбірледі, би қалықтады. Әлдекең сан-қилы сұрақтардан соң арқасынан ауыр
жүк түскендей рахаттана тыныстап отыр. Кенет жүргізуші: «Жас ұстаз, әнші Нұрсұлу
Қалиеваның орындауында халық әні «Айқаракөз» дегенде күй ырғағымен тербеле қалықтап
отырған жүрегім лүп-лүп етіп келіп атқақтай соқсын. Сол баяғы нәзік те назды минорлы ырғақ
белгілі бір биіктікке дейін жүрек қылын үзердей шығандай кетеріп алды да ән басталып кетті:
Күндіз естен кетпейсің,
Түнде түстен,.
Тал бойыңда-ау, мінің жоқ, жасыл желек,
Айқаракөз
Жүрмісің, сау-сәламат, қызыл гүлім-ай...
Әлдекеңе қараймын. Үн-түнсіз қашанғы қалыпты қалпы. Тек екі көзі бір нүктеге қадала
қалыпты.
Бәсе, бәсе айттым ғой Айқаракөз - Базаркүл осы Қордай жакта. Япырау, тіпті, Нұрсұлу
соның қызы болмаса неғылсын?! Бұл тіпті де кездейсоктық есім шығар. Бүгін жол бойы
Айқаракөзбен көңілдің сонау алыс түкпіріндегі тәтті сезімдерді қозғаған, енді келіп күтпеген
жерден мынандай сәйкестік туындатқан тылсым күштің құдыреті шығар бұл, - дей бердім
іштей.
Әлдекең сол күйі үнсіз. Не ойлап отырғаны беймәлім. Ал, мен.. Әнші қызға қарай бердім,
қарай бердім...
Ой эпилогы
Бізді қайта Таразға жеткізуге жанын салып бебеу қаққан мотордың үнін де естімеймін. Тағы
да өзіммен-өзім. Адам де-ген мұншама жұмбақ болады екен-ау дейді ойым. 25 жылдан бері
білетін Әлдекең жайлы тіпті аз біледі екенмін. Іштей ыңғайсыздандым. Себеп:
...Әлдекеңнің мерейтойы қарсаңы болатын. Ұстаз-аға ретінде ешкімге ұқсамайтын жырдан
тарту тартқым келген. Ол орындалды да. Алдын ала Әлдекеңнің өзіне оңашада оқып бергем. Ол
үн-түнсіз тыңдап болды да, «Жақсы екен. Өте жақсы. Сен тіпті мені әбден зерттеп жүріпсің ғой.
Бұл сенің өзіңде болсын, әләзір жария етпейік, кезі келер» деген. Бәлкім, сонда мен оны да тани
алмадым ба? - деймін іштей. Басы қалай еді өзі:
Тербетіп тал бесік,
Шу бойы төккендей мейірді.
Кең пішіп, мол кесіп,
Қазақы шекпендей,
Жаратқан пейілді.
Ой тыңдар, зерделі, зейінді,
Жазуға-сызуға бейімді.
Қайсың бар,
Айтыңдар!
Әлдихан ағаның,
Алдынан етпеген,
Бұрынғы, кейінгі.
Сезініп биікті,
Сөз ұғып сияқты
Хас талант мықты адам,
Кімің бар, өнеге тұтпаған,
Ағаны-сүйікті, -дей келіп, жастарға қамқорлығын:
...Өскіннен,
Енді-енді,
Бүр жарып, қылтиған.
Күтеді ризық,
Әр бағбан, әр дихан.
Міне, сол секілді
Үрпиген-кекілді.
Журналист болуға үмтылған
Балғынға Әлдихан-Емтихан.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Көңіл көмбесі - 18
  • Parts
  • Көңіл көмбесі - 01
    Total number of words is 3763
    Total number of unique words is 2285
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 02
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2329
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 03
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2283
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    40.3 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 04
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2302
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 05
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2457
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 06
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2278
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 07
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2330
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 08
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2289
    26.4 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 09
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2307
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 10
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2343
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 11
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2235
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 12
    Total number of words is 3733
    Total number of unique words is 2126
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 13
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2279
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 14
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2232
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 15
    Total number of words is 3883
    Total number of unique words is 2306
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 16
    Total number of words is 3951
    Total number of unique words is 2327
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 17
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2362
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 18
    Total number of words is 3868
    Total number of unique words is 2160
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 19
    Total number of words is 3827
    Total number of unique words is 2321
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    35.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 20
    Total number of words is 2843
    Total number of unique words is 1812
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.