Latin Common Turkic

Көңіл көмбесі - 05

Total number of words is 3942
Total number of unique words is 2457
28.8 of words are in the 2000 most common words
41.6 of words are in the 5000 most common words
48.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
адамгершілік пен ар тазалығы, жақсы мен жаманның теке-тіресі суреттелген.Повестің соңғы
бетін жапқаныңызда алуан түрлі тағдырлар тай-таласына жете үңіліп, олардың әрқайсысының
жеке басындағы қайғы-мұңына, қуанышы мен шаттығына ортақтасасың. Повестің тілі көркем,
ойы айқын. Мейірханды мұнда даңғайыр қаламгер ретінде танимыз.
Повесть бір жағынан «Жалғыз жидені» толықтырады, екінші жағынан соның жалғасы
іспетті. «Жалғыз жидедегі» геройлар өмір сахнасына қайта шығады. Повестің екінші бөлімінде
елуінші жылдардың оқиғасы қамтылған. Аш-жалаңаш, ер-азамат майдан-да қыршынынан
қиылып жатқан шерлі заманда да адамдардың бір-біріне деген сенімі, мейірбандығы
жоғалмаған еді, ал есжиып, етек жиған бейбіт өмірде қастандықтың, зұлымдықтың тиылмайтыны қалай? Егер сіз повесті оқысаңыз, тағдырлар тайталасымен бетпе-бет жолығып, бұл
сұрақтың нақты жауабына қанығасыз.
Мейірхан -Жамбыл ауданының су аяғындағы «Қызыл Октябрь» колхозындатуып өскен бала.
Су тапшылығы, оның халық тұрмысын жақсартуға, әлеуметтік-рухани өсуге тигізер зияны,
біздіңше, Мейірханды сол бала кезден көп-көп ойға қалдырған. Содан болар оның
шығармаларының денінде өмір өзегі - су проблемасы қабырғасы қайыса отырып суреттеледі.
Бүл ретте оньің «Жолайрық» атты кітабының атына ие болып тұрған повесі өте сәтті шыққан
дер едім. Жалпы, бұл кітабында М.Қуанышбаев кәдімгі майталман прозашы үрдісін танытады.
Байыпты баяндау, адам сезімінің иірімдері, табиғат суреттері шебердің қолынан шыққандығын
аңғартады. Ең бастысы - адамдар характерлері «Өркенді» колхо-зына су беруге тиісті Құмтүйін
тоспасының жобасынан бастап салынуына дейінгі аралыктағы алуан оқиғаларға оралып
ашылады. Кітапта күні кеше ғана өмірде орын алған әкімшіл-әміршіл жүйенің тісін ақситқан
жырынды өкілдері де, оларға қарсылық білдірген өркенді өскіндер де жеткілікті. Шолақ
белсендіден колхоз бастығы дәрежесіне жетіп алып, енді содан айырылмаудың айласын ойлаудан басқаны білмейтін Құрман, оның өз таяғын соғуға бейім ұлы Қияс елдің көсегесін
көгертіп, көрпе-жастығын ұзартуды ойламайды. Оған керісінше, мұраб, дала академигі атанған
Нұрбек, оның ұлы Жұмаш - ел қамын жейтін ерлер. Осы екі әулет арасындағы тартыс ескі мен
жаңаның, махаббат пен зұлымдықтың, жақсы мен жаманның, ақ пен қараның күресі дәрежесіне
көтеріледі. Автор өзі тартқан алтын арқау - тоспа құрылысы төңірегіне түрлі деңгейдегі қарапайым, лауазымды адамдарды топтастырады да, оларды бар болмысымен жарқырата
көрсетеді, қоғамды ілгері апарар игіліктерді, кейін тартар кесепаттарды геройлардың іс-әрекеті,
мінез-құлқына бөлеп ашады. Әлбетте, мынандай шағын мақалада бәрін қамтып айта алмайсың,
әйтпесе «Жолайырық» - кең толғап
әңгімелейтін туынды.
Мейірхан Қуанышбаевтың «Гүл нәз» хикаясы - оның азаматтық, жазушылық, суреткерлік
қарымын анық аңғартатын шығарма. Қазақты «Мың өліп, мың тірілген» дегенде оның ұзақ
тарихи жолында Шығыстағы көршісі жоңғарлардың сансыз шапшыншылығынан көрген
қорлығы алдымен көзге елестейді. Біздің ата-бабаларымыз халықтың тәуелсіздігі үшін небір
қидаласқан соғысты бастан өткеріп, аттарымыз ауыздығымен су ішкен. Сөйтіп жаны жомарт
қазақ елін, алып қазақ даласын сақтап қалған. Біздің ұлтымыздың үлы рухын бейнелейтін
тарихи шығармалар шоғыры қазір біраз болып қалды. Солардың ішіндегі бірегейінің бірі осы
«Гүлнәз» хикаясы дер едім.
Қошауыт тайшысы Ядамсурэннің қанды жорықтарының бірінде мерт болған қазақ мергені
Саранжаптың жары Алқаның құрсағында кеткен Гүлнәз қыз кейін бойжеткен соң ұлтын сүюдің
ерен үлгісін көрсетеді. Реңіне қызығып Алқаны әйелдікке алған Ядамсурэн жалғыз «қызы»
Гүлнәз - Геренгерольдты өлгенше жақсы көреді. Адам қанын судай шашудан ләззат алатын
баскесер қызын өз жолын қусын деп қанды жорыққа алып шығады. Аюандық шеңгеліне бүріліп
қан құсқан адамдарды көргендегі қыз жанның шырқырағанын көрсеңіз! Ауру анасының
бауырына тығылып еңірегенде екі мұңлықтың етегі жасқа толады. Ана бар сырын ақтарып,
қызы мен зындандағы қазақ батыры Ақберен екеуінің қашып құтылуына жол нұсқайды.
Ақберен мен Гүлнәз қосылып, үлкен қол жиып, елді жоңғар шапқыншылығынан қорғау
қамына кіріседі. Алты бақан ала ауыз біздің халқымыз, оның Қарпы іспетті қара ниет байы
Ақберен мен Гүлнәздың бұл тірлігін көре алмай, Жолбарыс ханға жамандап, бастарына қатер
бұлтын төндіреді. Олар жалғыз ұлдары Толешті кепілдікке тастап кетіп барып Ядамсурэнді
тірідей қолға түсіріп, хан алдына алып, келеді. Өкініштісі, Гүлнәзға оқ тиіп, әлсіреп келіп
«Төлеш! Құлыным!..» деген тәрізді төрт-бес сөзге ғана тілі үйіріліп барып, көз жұмады.
Бұл - хикаяның ұзын ырғасы. Оны оқыған адам сол бір жаугершілік замандағы қазақ
ауылдарының да, қонтайшы қосындары мен сарайларының да тіршілік-тынысынан мол
хабардар болады.
Ең бастысы хикая - өз елін, жерін жаудан қорғауға жанын пида етуге әзір аталарымыз бен
аналарымыздың биік рухы алдын-да тағзым етіп, тәуетерлік шығарма деңгейіне көтерілген.
Хикая бас алмай оқырлықтай қызық, артық-ауыс ештеңе жоқ, кіл бір мөлдіреген сырлы сурет,
автордың айтарына бағынған оқиға. Автор қаламына іліккен жайдың бәрі оның түпкі
мақсатына қызмет етеді.
Кезінде Мейірхан Әулиеата жерінен шыққан большевик-тер шоғырындағы жарық
жұлдыздардың бірі - Қарымбай Қошмәмбетов жөнінде «Кек қылышы» атты повесть жазған
болатын. Кейін «Қазақстан» баспасынан оның «Дала перзенті» атты деректі романы жарық
көрді. Бұл екеуі - бір дүние. Жазушының бір жазғанына қайта оралып, оның тақырыбын
байытып, кейіпкерлерінің бейнесін сомдап, жетілдіре түсуі - әдебиет та-рихында көп кездесетін
қүбылыс. Мейірхан да сөйткен. Жазушы өмірбаяндық деректерге ерекше жауапты қарап, архив
мәліметтері мен естеліктерді шебер пайдалана отырып, шыншыл дүние жазған. Әулиеата
большевиктік тобы мүшелерінің кезеулі мылтық, жалаң қылыштан тайсалмай жүріп атқарғаң
істері нанымды көрініс алған.
Өлкемізде Кеңес өкіметі орнағанымен де, ішкі, сыртқы жау әрекеті тиылмағаны, қайта
өршелене түскені тарихтан мәлім. Осындай сын шақтарда Әулиеата гарнизоны біріккен
қосынның жетекшісі Қарымбай Қошмамбетовтың әскер басылық танытып, жеке өнегесі ерекше
жарқырап көрінеді. Үш жылдай төтенше комиссия сапында ысқырған оқпен күнбе-күн дерлік
кездесіп жүрген Қарымбай әрі аштықтпен де, сауатсыздықпен де күрескен.
Романда
жиырмасыншы-отызыншы
жылдар
шындығы
айшықты
кестеленген.
Коллективтендіру кезінде жіберілген кемшіліктер, Голощекиннің халық мүддесінен аулақ
әпербақан саясатының салдары да ашық айшықталған. Өлке тарихының от-жалынды бөлігіне,
жиырмасыншы-отызыншы жылдардың шытырман оқиғаларына кейіпкерін араластыра отырып
көркем суреттеуі, сөз жоқ, жазушының еңбекқорлығының, халық жүріп өткен жолды зерделей
алатындығының айқын көрінісі.
Мекең үлкен журналист болатын. Облыстық «Еңбек туы»(қазіргі «Ақжол») газеті
редакторының орынбасары болды, облысәдебиетшілерінің жүмысына басшылық жасады.
Қорыта айтқанда, Мейірхан Қуанышбаев жақсы азамат, шебер жазушы-журналист болып,
мәнді өмір сүрді.
«КӨКТӨБЕДЕП КЕЗДЕСУ» ЖАМБЫЛ САХНАСЫНДА
Лениндік және мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, қырғыздың халықжазушысы
Шыңғыс Айтматов пен белгілі қазақ драматургы Қалтай Мұхамеджановтың драмалық
шығармалары біздің облыстық театрының сахнасынан дәйім орын алып, көрермендер игілігіне
айналып келеді. Абай атындағы қазақ драма театрының коллективі тамырын тереңнен тартатын
өздерінің осы бір тамаша дәстүрін тағы да жалғастырып отыр. Олар жуырда осы екі
қаламгердің «Көктөбедегі кездесу» деп аталатын екі бөлімді психологиялық драмасын театр
сахнасына шығарды.
«Көктөбедегі кездесу» - дүниені дүрілдете келген туынды. Алғаш орыс тілінде
жазылғандықтан ба, авторлар қалауының со-лай болғандығынан ба, әйтеуір әу дегенде
Отанымыздың астанасы Москваның талғампаз өнер сүйермендерінің игілігіне айналып,
көркемөнердің аса білгір салиқалы сарапшыларының аузына ілікті, солардың жоғары бағасына
ие болды. Сөйтіп осыдан екі жылға жуық уақыт бұрын Москваның «Современник» театрында
қойылған бұл шығарма өресін кеңге тартып, әлемнің атышулы таңдаулы сахналарынан орын
ала бастады.
Бұл драма біздің замандасымыз деп аталатын бүгінгі адамдардың, соның ішінде әсіресе,
мынау қазіргі бақытты өмір үшін сан алуан сынға түскен аға ұрпақтың барша болмысын,
асқаралы арын, замана алдындағы парызын, жауапкершілігін ке-реметтей шыншыл бейнелейтін
кесек туынды.
Драманың әу бастағы аты «Восхождение на Фудзияму». Ал қазақшасы - «Көктөбедегі
кездесу». Фудзияма - Жапониядағы заңғар биік тау. Фудзияма - будда дінінің әрбір өкілі өмір
бақи армандап өтетін, басына шыға қалған күнде құдайға жақын келіп тұрып, бар сырын
ақтаратын, барлық күнәкер тірлігінен баз кешіп, кешірім сұрап жалбарынатын тау.
Спектакльдегі Көктөбеге мына жұрт мүлде бұл ниетпен шыққан жоқ, оларды ойын-сауық
қуып келді. Барлығы - Көктөбе баурайындағы совхоздың агрономы Досберген Мұстафаевтың
(артист Ж.Шүленбаев) қонағы. Қаршадайынан бірге өсіп, кешегі сұрапыл соғыста қанқұйлы
жауға қарсы тұруға жастарына жетпей өздері сұранып аттанған, соның бар ауыртпалығын
мойымай көтеріп, туған жерге аман оралған, қазір өмірдің алуан түрлі саласында қызмет
атқарып жүрген төрт дос көңілді демалыс құруға қызу әзірленіп жатады. Алатау баурайында,
маужыраған табиғат құшағында думанды отырысқа бет бұрған бұл төртеудің өмірге көзқарас
топшылауы сан қилы. Шатыр құрып жатқан жігіттердің алғаш аузын ашқан жеңіл қақтығысы,
қалжыңдасатын сөздерінің өзі-ақ олардың тірлік деңгейін бірден айқын аңғартады.
Мәмбеттің турашыл, маңғазсынуды сүймейтіндігі, Өсіпбайдың мансапқұмар, атқарған ісінен
«тындырдымы» көп даңғазалылығы, Досбергеннің орынсыз оңды-солды бораған пәлсапаны
сүймейтін, шаруаға бейім, істің адамы екендігі, Исабектің өз басына шаң жуытпай ақталуға
әзір, өзінің қандай да болмасын қылығын жасы-рып, бүркемелеуге келгенде айлакерлігі бірден
белең алады.
Енді сахнаға бұлардың әйелдері шығады. Олар да түрлі мінездің адамдары.
Думанды ортаға ақырында мына төрт жігітті оқытқан, бұлардың балалық бал дәуренін,
соғысқа аттанған алғашқы азаматтық қадамын жақсы білетін аяулы ұстаз Айша апай келеді.
Төрт құбыласы түгелденіп, көңілдері тасып, арақ-шарап ұрттап, ептеп қызып алған топ енді
желігеді. Фудзияма, дін, құдай, ар, адамдық туралы әңгіме желі тарта бастайды. Бәрі Көктөбені
Фудзиямаға балап, өздерінің бар құпиясын қалтқысыз алға жайып салмақ болады,
Міне, осы тұста Айша апай (Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі А.Ружева) мына төрт
жігіттің досы Сабырды еске алады. «Сен-дерге қарап отырып, есіме Сабыр түседі. Өзі бір
ерекше жалын атьіп тұрған жан еді...» - дейді.
Осы сәттен бастап сахнаға сол Сабыр тағдыры шығады. Сабыр - талантты ақын. Ол
майдандық газеттің редакторы болып жүргенде қойын дәптеріне жазып жүрген, көп қайнауы
өлі де іште жатқан, пісіп жетілмеген «Дабыл үні өшкенде» деген поэмасының кесірінен өмірден
біраз көз жазып қалады. Оның мұндай поэма жазғандығын штабқа хабарлап, ушықтырған біреу
бар. Тағдыр Са-бырды қазір таланттан, ақындықтан айырып, азғындатып, ішкіш етіп жіберген.
Көктөбе басындағы жұрт Сабыр тағдырының осы-лай басқа арнаға ауысып кетуіне себепші
болған қанды қол опасыз жанды аласұра іздей бастайды. Ол мына тертеудің біреуі.
Реппродуктордан Сабырдың «Мәңгі талас, мәңгі дау» атты елеңі оқылады.
Мәңгі талас, мәңгі дау Қайткенде адам қалады адам болып?
Қан сасыған соғыста да сол сұрау Қайткенде адам қалады адам болып?
Ұрандаған жорықта да сол сұрау Қайткенде адам қалады адам болып?
Тура ажал кеп, қорыққанда да сол сұрау Қайткенде адам қалады адам болып?
Жаудан қашып, жасығанда сол сұрау Қайткенде адам қалады адам болып?
Жауды жеңіп, тасығанда сол сұрау Қайткенде адам қалады адам болып?
Кім бізді осы дау-таласқа қалдырған,
Қашан болсын шыға келер алдыңнан.
Айтыңдаршы,
Қайткенде адам қалады адам болып?
Сұмдық құдіретгі өлең құйқа тамырыңды шымырлатады.
Бұл өлең- шығарма лейтмотиві.
Адам болып қалу! Күллі адам атаулының биікке асқақтата көтеретін туы, мәңгі таласып,
мәңгі талпынып өтетін арайлы алтын аймағы, міне, осы. Жап-жас кезінде дәл осындай ғажайып
ой айтқан адамның қайғылы тағдыры жаныңды жегідей жейді.
Сол адамдықты аттап, жат қылыққа барған жан қолымен істегенді мойнымен көтеруге
жарамайтын, «Сабырға опасыздық жасаған мен едім» деуге батылы жетпейтін қорқақ болып
шығады. Бұлардың біреуі әйтеуір айласын асырып, ұстатпай бара жатқаны аян. Ол кім? Бұл
сұрақ өз шешімін Көктебе басындағылардың барлығының өмірдегі бүгінгі ересін алдымызға
жайып салып барып табады.
Спектакльдің екінші бөлігінде бұлардың төбе басынан ермек етіп атқылаған тасынан етекте
кетіп бара жатқан әйел қаза табады. Милиционердің «Істің анық-қанығына жеткенше төбе
басындағылар ешқайда кетіп қалмасын» деген сәлемін орман жұмысшысы (артист
А.Омарбеков) айтып келген сәтте төбеден жай түскендей болады. Өсіпбай мен Исабек
(артистер Ә.Әбдіманов пен Б.Қапжаппаров) түрлі сылтау тауып жылыстап жөнеп береді.
Гүлжан мен Алмагүл (артистер Г.Әскенбаева және Ш.Ақжолова) де кетеді. Төбе басында
Мәмбет, Анар (артист Р.Мағпирова), Досберген қалады. Спектакльді көріп отырып, Сабырға
жасалған опасыздық үшін Өсіпбай мен Исабекке күдік артуға болатын еді, бірақ шешімді ойға
келе алмайтынсың. Енді анық сезінесің. Қанша қиын болғанымен, адам болып қалатын
адамдарды көресің. Көресің де ой арқалайсың.
Аса талантты жазушы мен дарынды драматургтың бүгінгі адамдардың өмір тынысын
соншама образды, соншама шынайы, шебер бергеніне қайран қаласың. Бұл шығармада совет
адамына тән асыл қасиеттің бәрі бар. Олардың әр қимылы мен сөзіне сүйсіне қол соғасың.
Мұнда ізгілікке ұмтылған жанға қас, аяққа оралғы болар оңбағандықпен де бетпе-бет келесің.
Оларға зығырданың қайнап, лағнет айтасың. Іс мұнымен де бітпейді, адамды арналы ойлар
оқтын-оқтын тереңіне тарта береді. Бүгінгі жасампаз еміргө жаңа еткір кезбен жіті, сергек
үңілесің.
Бағанадан бері актерлардың орындаушылық деңгейі туралы сөз қозғамай жатуымызда бір
себеп бар. Шығарма қимылға емес,ойға құрылған. Мұнда, біздіңше, терең мағына
арқаламайтын, ұтқыр ой айтпайтын кейіпкер кемде-кем. Сондықтан артистер ал-дына сөз
құдіретіне мейлінше көңіл бөлу міндеті қойылған. Ар-тистер ойынын да осы тұрғыдан
бағалауды жөн көрдік. Осылай дер болсақ, артистердің барлығының да өз рольдерін жете
түсініп ойнағандығын бірден аңғарамыз. Сонда да болса Гүлжан ролін атқарған
Г.Өскенбаеваның, Мәмбет бейнесіндегі Қ.Сатқанбаевтың ойындары өмірге тіптен жақын,
жанды болып шыққан.
Ақымақтың ортасына түскен дананың дірмәні қашпақ. Дана өзімен ой жарыстырар ортада
ғана ерен жарқылдап шабыттанбақ. Сол тәрізді әрбір артист те өзімен бетпе-бет келетін адам
иық тірестірер мықты болғандағана айшықты ойынымен ашыла түспек. Сондықтан мен бұл
шығарманың сәтті болуына артистердің бірі қалмай аянбай мол еңбек сіңіргендер едім.
Іс бар жерде, кеміс болады. Мұнда да солай. Бұл жөніндегі кейбір пікірімізді Айша апай
ролінен бастайық. Айша апай -өмірде көпті көрген, замана ағымының алдыңғы сапында болып
еңбек етіп, соған лайықты құрметке бөленген абзал ана. Бұл рольде театрдың белді артистерінің
бірі Алтын Ружева ойнайды. Бұл актрисаның осы театр сахнасында жасаған алуан түрлі сәтті
бейнелерін біз жақсы білеміз. Мына Айша апай образын солардың ішіне апарып араластырып
жіберсек, еш дараланбай, көптің бірі болып қалатындай екен. Алтын бұл жолы ана образы-на
ауадай қажет мол мейір, толғақты толғау беріп ойнай алмады. Айша апайдың жазды күн
шілдедегі киімі оны оқыған басалқалы анадан гөрі үстіне жаздық, күздік киімді елеп-екшеп
жатпай оңды-солды қабаттап іле беретін кейбіреулерге көбірек ұқсатады.
Енді Мәмбет ролін жақсы шығарды деген К.Сатқанбаевтың ойыны туралы бірер сөз.
Жамбыл көрермендеріне кейінгі кездері жүздесіп жүрген бұл артистің үнінде, кейіпкер
күйзелісін беруінде ұтқыр сәттер көп-ақ. Алайда, оның жаны қиналған сәтте қайта-қайта
маңдайын басып, жер тесіп, шашын жалбыратып отырып қала беретіні біздің ұлттық
характерімізге сай келе қояр ма екен?
Исабек рөліндегі жас артист Б.Қапжаппаров көрермендер көңіліне жылы ұялады. Бұл жігіт
жай қимылды, кекесіні басым, кемсітуі дайын сатиралық кейіпкерлерге бейім артист екен.
Исабек жаман да болса жазушы. Оның жанында Б.Қапжаппаров аша алмаған иірімдер әлі көпақ. Өнердің адамы басалқалылау болуы керек.
Басқа артистеріміздің де кей тұстарда дікіңдеп, кіжініп, орын-сыз сөйлейтіні, немесе сөздің
соңын жұтып қоятыны, тым сыз-дана бас шұлғуы көңілге қонбайды. Бірақ бұлардың
ешқайсысы да драманың адам санасына арқалатар ар-абырой жүгін түк те жеңілдетіп тұрған
жоқ. Сауатты, ойлы көрерменмен бетпе-бет келген сайын айшықты сипат алып, ысыла түсетін
кемшіліктер.
«Көктөбедегі кездесу» сөйтіп республикамызда тұңғыш рет әрі сәтті болып біздің
облысымыз театрының сахнасына шықты. Екінің бірі еркін бара бермейтін бұл күрделі
туындыны Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, театрдың бас режиссері Ма-ман
Байсеркенов қойған. Оның бұған көп еңбек сіңіргені көрініп-ақ
тұр.
Иә, сонымен Жамбыл сахнасында «Көктөбедегі кездесу» жүріп жатыр. Бүгінгі
замандасыңмен, оның барша болмысымен, өзіңнің адамдық арыңмен, бетпе-бет кездескің,
абайламай жүріп бойыңа біте бастаған пендешілдігіңнен айырылғың келсе, соны көруге кел,
ойлы көрермен.
СӨЙЛЕНБЕГЕН СӨЗ
Жақсылық Сәтібековтің өлеңдерінде, прозалық шығармаларын да ең көп оқыған адам, сірә,
мен болармын. Жақаңның жетпіс жылдық тойына ерте қам жасағандардың да бірі мен
шығармын. Сондағым - ақынның «Айырөткел» таңдамалы жырлар жинағын тағы бір оқып
шықтым. Тағы бір дейтінім - бұл кітаптың редакторы менмін.
Кітап оқу дейтін ғажап қасиет қожырап кеткен қазіргі тұста көз жазуға болмайтын кітаптар
бар болса, соның біреуі - осы «Айырөткел».
Адам өлеңді еліп бара жатқан сезімдерін тірілту үшін оқыса керек. Өмірде сондай елең
кітаптар бар болса, соның біреуі - осы «Айырөткел».
Жақаңды мен аға тұтам.
Дегенде, Жақаңмен менің жас айырмашылығым анау айтқан алшақ емес, белгілі құрдастыққа
балайтын бестен де аз, өз ай-тысында үш, құжат бойынша екі-ақ жас. Өміріміз ұқсас, Жақаң
көргенді көріп, сезінгенін сезініп келемін. Содан да оның жырлары маған етене жақын, ерекше
түсінікті.
Ақынның елу, алпыс жылдық мерейтойларында негізгі баяндаманы мен жасаған едім, міне,
енді жетпіске толғанында кішкентай лебіз білдіру де бұйырмай, денсаулықтың кесірінен
тойына қатыса да алмай отырмын. Сол себепті сейленбеген сөзімді қысқа ғана түйіп айтуға
тура келіп тұр.
Жақа, сіз аса білімдар азамат, ғажап ақынсыз. Сіз әдебиет сүйер қауым тарапынан әлдеқашан
лайықты бағаңызды алған талантсыз, бірақ ол тым-тым аз. Шындығында, Сіз - қазақтың мандай
алды ақынысыз. Мұны, әлі-ақ, білмей, білсе де сізге қимай жүргендердің бәрі-ақ айқайлап
айтатын болады.
Жақсы жыр жырақта қалмайды.
Сіздікі өте жақсы жырлар.
Сіз аса дарынды ақынсыз, аға!
АЗАМАТ, АҚЫН
Бүгінде ойлап отырсам, біздің курста оқитындардың өлең жазбайтындары жоқ болатын. Тегі
бәрі өлең арқалап келген. Солардың көбі бір-бір өлеңімен есте қалыпты.
Тұрар Молдабаевтың курстасымыз Нарбай Ыбыраевты өлеңмен былай әжуалағаны бар:
Жігіт пе десем, ұстамды,
Шешіп тастап штанды,
Көтеріп жатыр штагы,
Мойнына тері үш тамды.
Есенбай Дүйсенбаевтың ғашық қызы Тыныштыққа арнаған «Сенің көзің» деген өлеңі
бәрімізді таңдантқан.
Сенің кезің әдеміден әдемі,
Мөлдірейді сұлулықтың әлемі,- деп бастап, жылап отырып оқыр еді Есенбай бұл ұзақ өлеңін.
Жорабай Молдақұлов тырнақалды өлеңін туған жеріне, оның өзіне ыстық өзені Таласқа арнады.
Қойнауы бақша құлпырған, Өлкемнің құты - Таласым. Жатырсың жалғап бір туған Қырғыз бен
қазақ арасын,- деп түйіндеді Жорабай өлеңін.
Мен курстастарымның ішінен үш жігіттің өл еңдерінен үзінділ ерді неге келтіріп отырмын?
Өйткені бұлардың үшеуі де ақын болды. Өлеңді ең көп жазып, бір де кітап шығармаған Тұрар
да, қазіргі қазақ әдебиетіндегі көрнекті ақындардың бірі Есенбай да, аз жаз-са да саз жазатын
Жорабай да ақын.
Әке-шешесі ерте о дүниелік болған Жорабай Молдақұлв университетке өмірдің біраз
мектебінен өтіп келіпті. Кәсіптік-техникалық училищені бітіріп, теміржолда еңбек еткен,
коммунистік партияның мүшесі, бір сөзбен айтқанда; заман талабына сай жігіт.
Жорабай біздің топтың старостасы болды, озат оқыды. Оның тірлігінің барлығы орнықты, бірге
оқыған қыз-жігіттер арасында беделді болатын.
1963 жылы университетті бітіріп, екеуміз жолдамамен Қызылорда облысының Арал
қаласына бардық. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып, ұстаздық жолымызды
бастадық. Мені көп ұзамай Кеңес әскері қатарына шақырып әкетті де, Жора-бай Аралда қалып
қойды.
Жоғары білімді коммунист жігіт аудандық партия комитетіне жұмысқа шақырылыпты. Ол
кезде жолдамамен барған жерде екі жыл істемей, ешкімге диплом берілмейтін. Жөкең ол екі
жылдық мерзімді өтеп, Аралдың Бағдагүл аруына үйленіп, дипломын алып туған қаласына,
Жамбылына оралды.
Мен де екі жыл әскер қатарында болып, тағдыр айдап Жамбылға келдім. Достық құшағымыз
қайта айқасып, өмір деп аталатын алып кемеде бірге жүзіп келеміз.
Жорабай Молдақұловтың ең жақсы жылдары Жамбыл ауда-нында өтті. Аудан алғаш қайта
ашылған 1966 жылдан аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі болды.
Біраз уақыт аудандық оқу бөлімін басқарды. Одан кейін бірыңғай педагогтік жұмыспен
айналысты, бірнеше мектептің директоры, аудандық оқу бөлімінің аға инспекторы қызметін
атқарды.
Жокең қай жерде қызмет атқармасын, лайықты бедел мен құрметке ие болды. Мен онымен
тікелей қызметтес болмасам да көріп, біліп жүрдім, ол - нағыз ұстаз, Қазақстан Республикасы
білім беру ісінің озық қызметкері. Мен білетін Жорабай еш уақыт асып-тасуды білмейтін
біртоға, бір сөзді азамат. Меніңше, Жокеңнің жақсылығын, мейірім-шапағатын көрген адамдар
өте көп. Аудан мұғалімдері оны ұстазы тұтады.
Жөкең өзі ерекше сүйетін әдебиеттің ерен білгірі. Әңгімелескен сәттерімізде оның
хрестоматиялық шығармалар ғана емес, бүгінгі күнгі қаламгерлер туындыларын да көп оқып,
саралап отыраты-нын аңғаратынмын. Сонымен бірге ол сол оқығанынан тоқығанын баспасез
бетінде жариялап отырады.
Жокеңнің ақындығы туралы ерекше айтсақ болады.
Сөзімнің басында мен оны «Аз жазса да саз жазатын» - дедім.
Жокеңе бұдан басқа сөз тауып айту қиын.
Сонау студенттік жылдардың өзінде курстағы жігіттердің алды болып, «Лениншіл жас»
(қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Балдырған» журналында өлеңдері жарияланып тұрған жігіт
том-том кітап шығарса керек, екі-ақ кітабы жарық керді.
Жокеңнің жазғандары менің жұмыс үстелімде жатады, оқтын-оқтын парақтап қоямын,
шығармаларының бәрі маған өзіндей ыстық. Табиғат суреттері, махаббат лирикалары, арнаулары,
поэмасы - бәр-бәрі тебірентеді мені.
Кербұлақтың торы тобылғысының арасында өскен мені Жокеңнің «Тобылғысы» қалай
толқытпасын.
Тасасында шың, құздың,
Құлпырасың сонша сен.
Иілсе де ұл-қызым,
Сынбас сендей болса екен!
- деп жырлаған ақынды табиғатты, оның тау-тасын, шөп-бұтасын «Керемет біледі екен-ау!»
демеске әддің қайсы.
Жорабай, заты, табиғат лирикасын жақсы жазады. Ақын табиғат сұлулығын құры
қызықтамайды, өз сезімімен астастырып, әдемі ой айтады. Бұл сөзіміздің дәлеліне оның кез келген
өлеңін келтіруге болады. Әрине, оны газет мақаласы көтермейді, сонда да «Күз» өлеңін оқып
көрелік.
Бозғылт бұлт іркес-тіркес шұбатылған,
Бір тізбек ерді оған қыратымнан.
Алыстан үн келеді тыраулаған,
Талдың басын күзгі ызғар қыраулаған.
Содан кейін тырнаның талады үні, Дала -тыныш, бұл, бәлкім, даналығы, Қарсы алдым мен тағы да
ойлы күзді, Алыс қалды ойсыз шақ бала күнгі.
Жорабайдың махаббат жырлары да әдемі-ақ, жүрек лүпілі бар. Өмірдің өзінен ойып өрнектелген
өлеңдер оқыған адамды бей-жай қалдырмайды.
Екеуміздің сөзіміз жараса ма.
Рас па Ләйлі-Мәжнүн бары Асада?
Ел құлағын көтеріп не қылайын,
Әміріне жүректің бағынайын.
Жеңіл-желпі сөз емес, бұл - шындығым,
Сырласуға көңілім құлшынды мың.
Дүрсілдеумен жүрегім қажыды әбден,
Құр сүйреумен сезімнің қыл шылбырын.
Жокең осылай қысқа да нұсқа етіп, шымыр ой айтып аяқтайды өлеңдерін. Мұнысы - үйренерлік
үрдіе, ұлттық нақыш.
Осыдан бірер жыл бұрын Алматыда кездескенімізде Есен-бай ақынның Жокең жайлы сұрап,
«Арнау өлең жазып жүр ме? Жорабайдың арнау өлеңдері әйбат», - дегені бар.
.
Үйге келген соң Есенбайдың «сол сөзінің түбіне бір барып қайтайын» деп Жокеңнің
«Тектұрмас түлегі» кітабын қолыма алып, арнауларын бас алмай оқып шықтым. Есенбай дүрыс
ай-гыпты, Жокеңнің арнаулары бас-аяғы жұп-жұмыр, ғибраты мол шығармалар екеніне тағы
бір рет көз жеткіздім. Оқырмандар да ой түйсін деген ниетпен Жокеңнің «Менің әжем» деген
арнау өлеңін түгел келтіруді жөн көрдік.
Өзі баптап келтірген есесін де,
Қаймақ қатқан қою шай-кесесінде
Әжем көрші кемпірмен ауыз ашып,
Сәресі ішіп, сырласты кеше осы үйде.
Әлдекімге сөз арнап, ұдайына: «Қүлшылықта етпейді қүдайына», «Ел қатарлы ораза
түтпайды» - дер «Сол кәпірді неге тез жұтпайды жер!»
Бұл сөз маған тіпті де дарымайды, Ыстық нанға жағып жеп сары майды, Таңдайына кейде әжем
құрт сап қояр, Мейірленіп бал шайын ұрттап қояр.
...Болған сол бір әңгіме сәресіде, Оразада түскенді тағы есіме.
Әне бір жылдары Жамбыл ауданының орталығы Аса ақын-жазушылар ауылы болғаны мәлім.
Осы Жорабай Молдақұлов белгілі қазақ ақыны Совет Әлімқұлов, арынды ақын, қаламы жүрдек
прозашы Базар Қилыбай, қарымды қаламгер Жорабек Мәмбетәлиев, Болат Жаппаров Асаны
дүрілдетіп жататын.
Базар Таразға қоныс аударып, Жорабай құрдасына өлеңмен хат жазуға кірісті.
Жорабай да қарап қалмады, өлеңмен жауап қатты. Сол тұста «Егемен Қазақстанда»
жарияланып жататын Шерхан Мұртаза мен Камал Смайыловтың хаттары тәріздендіріп мен
Базекең мен Жокеңнің өлең-хаттарын «Ақ жолда» жария-ладым. Екі ақын өз хал-қадерінше
ауыл, аудан, ел жайын сұрақ-жауап етіп жырға қосты. Бұл өлеңдерде сол кездегі өмірдің ащы
шындығы бар еді.
Халі нашар, күйі жоқ,
Отбасылар бар әлі,
Баспанасы, үйі жоқ
Жоқтықтан жан жаралы. Оқымайтын бала да, Табылады ауылдан. Ой түссе бұл салаға Күйіп
жаның ауырған.
Күні кеше Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздігіміздің 15 жылдығына арналған салтанатта
сөйлеген сөзін тыңдап, оқып отырып, көңілімізді шексіз қуаныш кернеді. Өмір оң жағына
өзгерді, өлең де өзгерді енді.
Көрген-білгені мол, білім жеткілікті Жокең эпикалық жанрға да қалам тербей алатынын
байқатқан. Оның «Достық» атты ұзақ жыры, «Тектұрмас түлегі» поэмасы - бұл айтқанымыздың
жарқын дәлелі. Ең бастысы, оларда оқырманды қызықтыратын адам тағдыры бар. Жақсы оқиға
тапқан ақын әдемі жырлай да алған. Бас-аяғы жұп-жұмыр, шымыр шумақтар өрнектеген.
Қорыта айтар сөз мынау: Жокең - ақындықтан азаматтықты жоғары қойған адам. Мен
білемін, ол қызметін, бала оқытып, тәрбиелеуді өте жақсы атқарған. Мұғалім өз баласынан гөрі
елдің баласына көбірек жұмсайды білім-білігін. Жорабай мен жары ұстаз Бағдагүл де сөйтті,
сонымен бірге үш перзенті Жақсылық, Жанар, Жансерікті инабатты, мейірімді, жақсы менен
жаманды ажырата алатын етіп өсірді. Үшеуі де жоғары білім алып, абыройлы қызмет атқарып
жүр.
Жорабай мен Бағдагүлге ендігі қалғаны - немерелерінің қызьіғын көру. Жокең болса, мұның
үстіне көзіне көзілдірігін киіп, қолына қаламын алып, алдына ақ қағазды жайып тастап ойға
шомады. Сондағы мақсаты - сөз теру, өлең жазу, із қалдыру.
Шығармашыл адам - осы жарғақ құлағы жастыққа тимейді.
Өлең - өзен өз толқынына түскен талантты жағаға теппейді, айдын көлге апарады.
Менің досым Жорабай Молдақұловты да сөйткей.
АР-АҒА
Соңғы кездері қазақта бір жақсы үрдіс қалыптасты. Ол аса сыйлы, беделді адамның есімінің
алғашқы буынына «аға» сөзін қрсып айту. Мысалы, Сер-аға, Шер-аға. Бұл екеуінің алғашқысы Серке Қожамқұлов, соңғысы - Шерхан Мұртаза. Екеуі де қалың қазақтың арыстары, Біз бұларға
Ар-ағаны қосып айтып жүрміз. Ол - Арғынбай Бекбосын. Ар-аға да қазақтың нар жүгін көтеріп
жүрген атпал азаматы. Ар-ағаң бір кітабына маған «Қанаттас, қаламдас іні-досқа» деп автограф
жазып берген еді. Бұл - шын көңілден шыққан шынайы сөз. Мен еткен ғасырдың жетпісінші
жылынан бері Ар-ағаңмен бір арман, бір тілекпен өмірдің сан тарау жолдарынан бірге етіп,
қиыр-қияларында бірге ұшып келе жатырмын.
Журналистік қызметте, яғни, «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газетінде бір кезде мен оған
бастық, кейін ол маған бастық бол-ды. Екі жағдайда да екеуміз керемет сыйластықпен еңбек
еттік. Газеттің ауыр жұмысын екеуміз де қопарып тастайтынбыз. Екеуміз де бұл жұмыстың
ұшығына шықтық - бас редактор болдық. «Ақ жол» Ар-ағаның кезінде республикадағы
таңдаулы басылымдар қатарына қосылды. Мен оны сол қалпында ұстауға тарыстым.
Мен білетін Арғынбай Бекбосын - феномен, яғни ерекше жаралған, ерен қабілетті адам.
Арғынбайдың феномені - бір оқиғаны санасына құйса, ол өшпестей болып қатып қалатын,
яғни ерекше зерек, алғыр адам.
Оқу бар да, оқығанды кеңілге тоқу бар. Ар-ағаң мұның екеуіне дежетік.
Оқыған мен тоқығанды ұстану, жүзеге асыру екінің бірінің қолынан келе бермейді, әрине.
Ал, Ар-ағаң бұған кәнігі ұста.
Ар-ағаңмен жұрт бас қосқан жерде әңгіме өрби қалса, оның езі құралпылардан ойы озық,
еңсесі биік екені бірден аңғарылады. Ел мен жердің еткені мен бүгіні, келешегі жөніндегі ой
толғамдары кісінің кеңілін кеңітіп, өмірге құштарлығын арттырады, түрлі ойға бөлеп, мерейін
өсіреді.
Ар-ағаң - қызметтің, халыққа қызмет етудің абыройлы жолы-нан еткен азамат. Он жыл «Ақ
жолды» басқарды, Республика Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Мұның екеуінде де
айтулы істер атқарды.
Ар-ағаң-соншама қауырт жұмыс атқара жүріп, қолына ақындық, жазушылық қаламын
ұстауды ұмытпаған талант. Басқасын былай қойғанда, Омар һайямды аударып, соның жолына
түсіп кеткені таңданарлық құбылыс болды. Міне, енді екі мыңнан астам рубаятың басын
қайырып тастап отыр. Толстой, Пушкин, Лермонтов, Мольерді аударуы да үлгі аларлық іс. Өзі
жазған пьесалары республика, облыс театрларының репертуарынан түспей келеді.
Ар-ағаң - ардың адамы.
Ар ұялар іс қылып кермеген кісі.
Ар-аға, әмісе Осы биігіңнен керіне бер!
Ар-ағаң - көпті көрген кесем, сейлеп кетсе шешен қария;
Біз Ар-ағаңа тек денсаулық, ұзақ ғұмыр тілесек керек. Баскасын Құдай берген талантының
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Көңіл көмбесі - 06
  • Parts
  • Көңіл көмбесі - 01
    Total number of words is 3763
    Total number of unique words is 2285
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 02
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2329
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 03
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2283
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    40.3 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 04
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2302
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 05
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2457
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 06
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2278
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 07
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2330
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 08
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2289
    26.4 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 09
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2307
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 10
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2343
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 11
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2235
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 12
    Total number of words is 3733
    Total number of unique words is 2126
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 13
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2279
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 14
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2232
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 15
    Total number of words is 3883
    Total number of unique words is 2306
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 16
    Total number of words is 3951
    Total number of unique words is 2327
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 17
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2362
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 18
    Total number of words is 3868
    Total number of unique words is 2160
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 19
    Total number of words is 3827
    Total number of unique words is 2321
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    35.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 20
    Total number of words is 2843
    Total number of unique words is 1812
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.