Latin Common Turkic

Көңіл көмбесі - 04

Total number of words is 3896
Total number of unique words is 2302
28.4 of words are in the 2000 most common words
39.5 of words are in the 5000 most common words
45.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
берген. Ал, жазушылықпен елу жыл айналы-сты. Абырой-атақтан да кенде емес, Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
ЖАҚСЫ АҒА
Белгілі өнер зерттеушісі, ұлағатты ұстаз, отбасы иесі. Кімдерге арналып айтылмаған бұл
сөздер. Бұл сөздерге лайықадам бұрын да болған, қазір де арамызда жүр. Сөйте тұра бұл сөздер
Яхаңа, Яхия Шынәсілұлына арналып айтылғанда ерекше реңк алып, шын мағынасына ие
болады.
Өмірде бетінен нұры таймайтын, иманымен, ибасымен ерекшеленіп тұратын адамдар
болады. Біздің Яхаң - сондай адам. Яхаңды бұлай ететін ұлы күш жоғарыда біз атаған
анықтауыштар.
Алдымен ол - белгілі театр сыншысы, зерттеуші. Мұндай болу Яхаңның арманы еді. Сол
арманға жету үшін Яхаңа өмірдің небір бұралаң жолдарынан өтугетура келді. Ал, өмір Яхаң
құралпыларды еркелеткен жоқ.
Осыдан дәл жетпіс бес жыл бұрын, яғни, 1920 жылы қыркүйек айында қазіргі Байзақ
(Свердлов) ауданындағы Теспе ауылын-да дүниеге келген сәби Яхия бұғанасы бекіп, қабырғасы
қатпай жатып әкесінен айырылды. Жеті жетімекпен қалған шешесі оны Қостөбедегі балалар
үйіне тапсырды. Бұл кәдімгі Қазақстанда «Кіші Октябрь» орнатушы Голощекиннің
«құдіретімен» келген наубет жылдары еді. Жетім бала түгілі жетіскен баланың көбі жер
жастанған сол қиямет-қайымнан аман қалғанына өзге тұрмақ өзі де таңданады бүгінде
Яхаңның. Көрер күн өшпеген, татар дәм таусылмаған екен, жас өскін өмір өріне қарай өрлей
берді. Об-лыс орталығындағы Жамбыл атындағы орта мектепті үздік бітірді. Он құрсақ көтеріп,
замана зауалына соның алтауын берген анасы Сапаркүл медет күтіп, қолқалап үйлендіргенде
Яхия 19-да, алған жары Райкүл 17-де еді. Әскери комиссариаттағылар сен жаңа үйленгенсің,
жар қызығын көр, шешең байғұстың қолын ұзарт, жетім бауырларына пана бол дегенді білуші
ме еді, оны әскерге шақырды, Яхияға анасына басу, жарына жалынарлық сөз айтуға тура келді.
Ел қатарлы қызмет ету - міндет. Еркек кіндіктің еншісі - осы. Бәрі көнді, құдай ертерек
қауышуға жазсын деген тілек-токтам болды. Сөйтсе ер жігітке етігімен су кешу, жарға
сарғайып күту еншісі тиген екен.
Жауынгер Яхия Шынәсілов Екінші дүниежүзілік соғыстың алапат майданында болып, өз
замандастары көрген қиындықтың бәрінің дәмін татты, әлденеше рет жарақат алды, кеудесіне
орден, медальдар тақты.
Соғыс, әлбетте, жерді жүдетті, сонымен бірге оның от-жалынды күндері, небір
ауыртпалықтары адамдарды керемет-тей шындықтырды да. Кешегі балаң жігіттер есейіп, атпал
аза-мат болып оралды, сағыныш сарғайтқан келіншектердің ақ білегі қайта асылды жар
мойнына. Шейіт болғанға амал қайсы, аман қалғандар жапа-тармағай өмір сүруге лап қойды.
Кешегі жауынгердің жалаулаған көңілі жайбарақат тапты. Алда ұзақ өмір жатты. Зерек жігіт
оқысам, білсем, мамандық алсам, сөйтіп барып еңбек етсем деген ойға кетті. Сөйтті де
Ташкентке жол тартты, мақсаты - тарихшы мамандығын меңгеру еді, бірақ ол жаңа ашылып
жатқан өнер институтының театр сыны факультетіне құжатын тапсырды. Институт
қабырғасында өткен жылдарда Яхия әдебиет пен енерді мейлінше меңгерді. Институтты үздік
бітірді, қазақ драматургиясы жайлы қорғаған диплом жұмысы ерекше бағаланды. Сол кезде бұл
жайлы «Правда» газетінде хабар жарияланып, Я.Шынәсіловтің Ташкент театрөнері
институтынан театр зерттеушісі мамандығын алып шығып отырған Қазақстанның тұңғыш өкілі
екендігі атап жазылды. Ойы анық, жазу бояуы қанық жас маманға Москвадағы
А.В.Луначарский атындағы мемлекеттік театр өнері институтының аспирантурасына жолдама
берілді.
Тапшылық кімді табандатпаған. Әкеден ерте айрылған, соғыстың от-жалынынан өткен,
үйленген, үбірлі-шүбірлі бола бастаған Яхаңа қызметке араласудан басқа жол жоқ еді.
Республикадағы мекен-саяқ мамандық иесін Министрлер кеңесі жанындағы өнер басқармасы,
Қазақстан Ғылым академиясы қызметке шақырды. Бәріне рахмет айтуға тура келді. Жамбыл
қаласында жаңа ашылып жатқан мәдени ағарту училищесінде эстетика және өнер саласының
оқытушысы болып жұмыс істей бастады. Осы жерден енді біздің Яхаңды ұлағатты ұстаз
ретінде әңгімелеуі басталуы тиіс еді. Оны сәл қоя тұрып, алғашқы әңгімемізді аяқтап алайық.
Яхия Шынәсілұлы - театр енері, драматургия туралы түрлі газет-журналдарға 200-ден астам
сын, зерттеу мақалалар жазған автор. Бұл айтар ауызға оңай, әйтпесе, көзмайын тауысып сан
спектакль көріп, пьеса оқып, пікір түйіп, олар жөнінде ұғынықты да түсінікті тілмен төгілтіп
жазу, соның бәрінде қара қылды қақ жарған әділдік таныту - қиынның қиыны. Мен осылардың
бәрінде де Яхаң ешкімді пір де, кем де тұтпай шын сөзін айтты десем, ешқандай артық
кетпеймін. Әдебиет пен өнердің бір пұшпағына үнемі қолымыз тиіп келе жатқандықтан жақсы
білемін. Яхаң өзі көркемдік кеңесінің мүшесі болып жүрген театр спектакльдерін қабылдау,
қойылатын пьесаларды оқу кезінде шешімді сөзін айтады. Өз басым Яхаңның пікірлерінің талас
туғызғанын көрген емеспін. Яхаңның айтқанына автор да, қоюшы да, орындау-шы да тоқтайды.
Неге? Аса білікті маман, терең білімдар адам шығарманың да, қойылымның да тамырын дәп
басып, тағдырын тануда жаңылыс басып көрген емес. Жалпы бұл Яхаң - өмірден әділдіктің
ақтуын ұстап өтетін, адал жолдан айнымайтын, өкінішке орай, қазір шанда бір кездесетін кісі.
Қазақ драматургиясы мен театрына жетік, ал біздің облыстық драма театрын киім ілгішінен,
сахнасына дейін бес саусағындай жетік білетін Яхия өзінің жақсы ағасы Қазақстанның халық
әртісі Шәріпбай Сәкиевтуралы «Мәртебе» атты повесть-зерттеу жазып, 1993 жылы «Өнер»
баспасынан жарқыратып тұрып шығарды. Егер Сіз бұл тамаша кітапты оқып шықсаңыз, тума
талант Шәкеңнің бала шағынан бастап, өнегелі өнер өріне көтерілуіне дейінгі жо-лын түгел
бағамдар едіңіз. Бұл кітап - сонымен бірге өнердің қара шаңырақтарының бірі - Жамбыл
облыстық қазақ драма театрының қаз тұрған күнінен бүгінгі өріне дейінгі тарихының
жылнамасы. Шәріпбайдай таланттың өмір сүргені, оның өнер құдіретін осыншама тебірене
түсініп жазатын қалам иесінің болғаны қандай жақсы еді. Яхаң бүгінле жамбылдық
қаламгерлер жазған драмалық шығармалар, олардың қойылымдары жайлы көлемді еңбек
жазып жүр. Көңілдес, пікірлес адамдар ретінде бұл туындының алғашқы тарауларын
оқығанымыз бар. Театрдың білгірі оны тереңнен тартып, әдемі өрнектеп жазып жүр екен. Кітап
оқырман қолына ерте ме, кеш пе бір тиер. Нарық-парық деп жатпай, игі іс тындыруға бекініп,
бұл адамның қолға алғанын аяқтап шығатынына біз кәміл сенеміз. Ол бастағанын жарты жолда
қалдыратын адам емес.
Яхия Шынөсілұлының қажыр-қайратын, білімін мейлінше мол жұмсаған қызметі - ұстаздық.
Өмірінің отыздан астам жылын арнаған бұл салада Яхаң бар болмысымен жарқырай керінген.
Жамбыл мәдени-ағарту училищесінің оқу ісін меңгерді, болашақ енер қызметкерлеріне дәріс
берді. Егер адамның еңбегі марапат қағаздарымен, сыйлықтармен өлшенеді десек, Яхаңа оның
сан түрі берілді. Ең бастысы - Яхия Шынәсілұлы мәдени-ағарту училищесі ұстаздар
қауьімының аса сыйлы адамы болды. Бұл құрметке ол бір кезде езінің қызметтесі Н.Самороков
жазғанындай, ғұлама білімдарлығы мен іскерлігімен, ізеттілігімен, принципшілдігімен ие
болған еді. Шынында, Яхаң - осы сипаттамалардың бәріне әбден лайық адам. Шет жағасын
өзіміз де көргенбіз, ол ортада. Яхаң айтқан сөз алға озып, пікірлері шешімді нүкте қоюға ұласар
еді. Мамандығының қыр-сырына қанық, ойы озық, білімі мол, ісін беріле атқаратын,
адамгершілігіне қылпық түсірмейтін, мейлінше әділ, әріптестерінің жақсысына шын жүрегімен
қуанып, жаманына жирене білетін адам неден қаймықсын, бәріне қатаң талап қоятын. Ол осы
қасиеттерімен тұлғаланатын. Ұстаздар да, шәкірттері де осы бір арлы адамның алдында ұятқа
қалмасам дейтін ұлы қасиетке ұмтылатын. Қазір солардың барлығы дерлік Яхаңның
талапшылдығы нәтижесінде алға талпынғандығын қуана әңгімелейді.
- О-о, ол кісі - ғажап педагог - дегені бар бізге бірде Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері,
белгілі күйші-сазгер Әбдімомын Желдібаевтың.
Сахнаның белгілі шеберлері Оразғали Әбділмановтың, Әлібек Әмзеевтің, Гүлбаршын
Өскенбаеваның, Аманкелді Сембиннің, Алтынбек Қоразбаевтың, Ерсайын Тәпеновтың және
басқалардың да ұстаздары туралы айтары тек осындай алғыс пен ізетке толы сөздер екеніне өз
басым еш күмән келтірмеймін. Біз достас болған училищенің сол кездегі ұстаздары Садыхан
Әубәкіров, Бағдат Шайкеновтер де Яхаңды әкесіндей сыйлайтын, аяғын ша-лыс басуға
қаймығатын.
Ұстаз өмірі шәкіртімен жалғасады. Яхаңның шәкірттері, оның өнер-білім деп төккен терін
өтеді. Қазіргі әдебиет пен өнердің барлық саласында жемісті еңбек етіп жүрген сан-сан
қызметкерлер тұлғаға айналған азаматтар кезінде тал ант қайнарын Яхаң ашқанын ұмытпайды,
жақындағылары амандасып, алыстағылары хат жа-зып, хабарласып тұрады. Өмірдің сан тарау
соқпағынан жол табуды сұрайтындары да бар. Ұстазға бұдан артық мерей болған ба!
Яхаң - сүттей ұйыған үлкен отбасының иесі. Анасының айтқан тілін алып үйленген жары
Райкүл екеуі алты бала тәрбиелеп өсіріп, олардан жиырмаға тарта немере сүйіп отыр. Солары
кәдімгі адамға тән қуаныш, реніш әкеледі. Асқар әке, абыз ата бәріне жөн сілтеп, билеп-төстеп
отырады. Адамға бұдан асқан бақыт болған ба?
Біздің бүгінгі әңгімемізге арқау болған сексеннің сеңгіріндегі Яхия Шынәсілұлы
әлітың,бауырында-балалары, аузында-тағылымы, қолында - қаламы, Яхаңды нұрландырып,
қажырландырып, ша-быттандырып отырған үщ қайнар кез - міне, осылар.
ӨРЕЛІ ӨНЕРШІ
Қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл есімімен аталатын облы-сымыз таланттан кенде болып
керген емес. Арғыны айтпағанда, кешегі Кенен, Бауыржан, бүгінгі Шерхан, Әкім, Күләш,
Асанәлі, Тұңғышбай - қазақ әдебиетін, енерін бұларсыз кезге елестете ал-майтын тұлғалар.
Талантты енерші қауымның бір топ өкілі қазір де ез туған жерінен табан аудармай еңбек етіп
жүр,Солардың бірі - Қазақстанның мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, КСРО киноөнерінің
үздігі, театр және кино режиссері, қаламгер Тұрар Дүйсебайұлы.
Түрекең бүгін жетпіске толып отыр. Жетпіс - бұл біз жасап көрмеген жас, дегенде,
байқаймыз ғой, жетпіске адам әжептәуір ентігіп жетеді. Ал, біздің Тұрекең жігіттей. Әлбетте,
уақыт өз дегенін істемей қоймайды: бір кездегі тұтасқан қара шаш сиреген, гүлдеген, қайрат
теуіп тұратын сом тұлға босаң тартқан. Сон-да мен жігіттей деп неге айтып отырмын, ол Тұрекеңнің ерен еңбек қорлығын, шығармашылық құштарлығын мойындауым, бұл тұрғыда
оның өзінен үлкеннен де, кішіден де еш кем соқпайтынын алға тартқаным.
Мен Тұрекеңді соңғы жиырма жылдың бедерінде білемін. Жамбылда біз атжалын тартып
мініп, қоғамдық-рухани өмірге белсене араласа бастаған тұста Тұрар Дүйсебайұлы Алматыда
жүр екен. Сонда Жамбыл театрында мықты бір режиссер болғаны, оның бозым жігіт екені
жайында өң бір әдемі әңгімелер айтылатын. Жүрек түкпірінде сол бір режиссерді көрсем-ау,
таныссам-ау дейтін бір ынтазарлық оты маздайтын. Сөйтіп жүргенде Тұрекең өз театры-на
директор болып келді. Содан бері біз ағалы-інілі адамдардай сыйласып келеміз. Жеке өмір
дейсің бе, өнердегі өмір дейсің бе, аралас-құраласпыз.
Тұрекең сол Жамбылға оралған алғашқы жылдары театрда балаларға арналған спектакль жоқ
екенін айтып, сол олқылықтың орнын толтыру үшін маған пьеса жаз деп қолқа салды. Мен құп
алып, «Шаншар атай» атты комедия жаздым. Комедиям Тұрекеңе ұнап, министерлікте
қабылдату, репертуарға енгізу дейтін мехнаттың бәрін өзі көріп, өзі сахналады. Мен әдебиетті
жақсы түсінетін, өнер десе алған бетінен қайтпайтын күрескер адамға кез болдым. Комедиямды
өзіме де билетпей, жандырып, жарқыратып қойды. Көрермен керемет қуана қарсы алды,
бүкілодақтық, республикалық, жергілікті баспасөз құралдары бірауыздан мақтай жөнелді. Шын
мәніндегі өнертуындысы өмірге келгенін тамсана жазды. «Шаншар атай» балалар мен жастарға
арналған сахналық қойылымдардың бүкілодақтық байқауында бас бәйгеге ие болды. Үлкен
кеңес энциклопедиясының жылдық кітабына шықты. Менің драматург ретіндегі қадамым
осылай басталып еді. Қазір осы бір ерен оқиғаны Тұрекең де, мен де аса разылықпен еске алып
отырамыз.
«Шаншар атайды» Тұрекеңнің сонша сәтті қоюында үлкен сыр жатыр. Тұрар да менің
кейіпкерлерім тәрізді арманшыл, еңбекқор бала болған, Шаншар атай тәрізді ұлағатты
қарияның алдынан қия өтпеген, солардыңөнегесімен өскен. Ақыл айтып, жөн сілтерәкесі, астыүстіне түсіп аялаған шешесі болған. Тұрар ат жалын тартып мінгенде алдында өмірдің тараутарау жолы жатқан. Дүйсекең қария баласын інісі Нұрбайдыңжолына салғысы келіп, заң
оқуына түс деген, отағасының айтқанына мақұл марқұм шешесі Күлжан мұны құп керген. Әке
сөзін екі етуді білмейтін жас Алматыдағы заң оқу орнына түскен де тастап кеткен. Осы тұста
Жамбыл театрының директоры болып істейтін немере ағасы Төленді: «Сенің тегі өнерге икемің
бар. Ташкентте жаңадан ашылған театр өнері институтының режиссерлық факультетіне бар» деп кеңес береді. Ағасы директор Тұрар театр спектакльдерінің бірін жібермей көретін. Алдар
көсе, Қобыланды батыр тәрізді халықтың аяулы ұлдарының сахналық бейнелері албырт жасты
бейтарап қалдырмайтын. Осылардай болсам-ау, осындай алып тұлғаларды өзім де жасап, халық
кәдесіне жаратсам-ау дейтін бір арман қылаң беретін. Сол мүмкіндіктің туғаны ғой мынау. Өзі
пір тұтатын Шәріпбай, Мұқаметқали, Жомарт, Саралармен өнерлес болады бұл оқып шықса.
Балаң жігіт енді Ташкенттегі өнер институтынан бірақ шықты.
Институттан режиссерлық мамандық алып, 1953 жылы Алматыдағы республикалық
жасөспірімдер театрында Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлова туралы спектакльді
қойып, дипломдық жұмысын үздік қорғаған Тұрекең содан бергі 45 жыл бойы қазақ театрында,
кино өнерінде, әдебиетінде жемісті еңбек етіп келеді.
Мәдениет министрлігі Тұрар Дүйсебайұл ын сол 1953 жылы Жам-был облыетық қазақ драма
театрына бас режиссер етіп жіберді. Осы жерде айта кету керек, Тұрар біздің театрда тұңғыш,
ал республикада қазақ жастары арасындағы төртінші дипломды режиссер болды. Жамбыл
театрында істеген жылдары білімді де талапшыл режиссер көрермендерге көркемдік дәрежесі
биік көптеген спектакльдер ұсынды. «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Ер Тарғын», «Аршын
малалан», «Ақан сері - Ақтоты», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Иванов». Тұрар Дүйсебайұлы
қойған бұл спектакльдер Жамбыл театрының тарихына алтын әріптермен жазылды.
Тұрекең бұдан кейін бірер жыл Гурьев облыстық драма театрында бас режиссер болды.
Мұнан соң ол «Қазақфильм» кино-студиясына қызметке шақырылып, сонда ұзақ жылдар
жемісті еңбек етті. Қазақ кино өнерінің көшбасшысы Шәкен Айманов бұл салада білім алған
қазақ кадрлары аз болғандықтан, театр мамандарын тартқан еді. Солардың бірі - осы Тұрекең.
Шәкен мен Тұрар ағалы-інілі адамдардай сыйластыктан танбай, өнер өріне бірге өрлеген.
Қазірде Тұрекең: «Менің ¥лы ұстазым - Шәкен Ай-манов, - деп отырады.
Тұрар Дүйсебайұлы - кино өнеріндегі шағын жанр-құжатты фильмдер шығаруға
маманданған режиссер. Құжатты фильм түсіру - көркем фильм түсіруден машақаты бір мысқал
да кем емес ауыр тірлік. Ел өмірі, адам тағдыры құжатқа құрылған, шындықтан тұратын фильм
жасау режиссердан мол білімдарлықты, жетік кәсіптік шеберлікті талап етеді. Тұрар
Дүйсебайұлының «Мұхтар аға» атты құжатты фильмі жөнінде¥лы Әуезовтың тұлғалы шәкірті
академик Зейнолла Қабдолов: «Тұрар, мына дүниең үшін саған филология ғылымының
кандидаты атағын берсе, артықтық етпес», - деген екен. Тұрекеңнің «Бейімбет Майлин»,
«Сәкен Сей-фуллин», «Біздің Күләш», Алма Оразбаевыа жайлы «Дәуір үні» атты құжатты
фильмдері халқымыздың аяулы ұл-қыздарының кесек тұлғаларын кемел сомдаған шығармалар
болса, «Шұбартау Оттары», «Тракторшы қыздар», «Өнерде өскен өмір», «Туған мекенің», тағы
басқа туындылары - өз заманына қызмет етудің үлгісі.
Тұрекең - өзі туып өскен Жамбыл облысының киношежіресін жасау жолында көп тер төккен
өнерші. Талас ауданындағы «Талас» кеңшары шопандарының, Меркі ауданындағы Киров
атындағы ұжымшары қызылшашыларының жасампаз еңбегі Тұрар Дүйсебайұлы түсірген
ленталар арқылы сол кезде республика, одақ еңбеккерлеріне үлгі ретінде ұсынылды. Жамбыл
қаласы туралы түсірілген фильм Орталық телевизия экранына шықты. Бұларға облыстың
атақты адамдары Б.Кейкиев, М.Әшіров, А.Костянкин, Т.Мүсірәлиев, Қ.Шотбақов туралы
құжатты фильмдерді қоссақ, Тұрекеңнің қаншалықты игілікті іс атқарғанын аңғару қиындыққа
түсе қоймас.
Құжатты киношы Тұрар ағасы жөнінде қазақтың белгілі ақыны Жақсылық Сәтібеков былай
дейді: «1963 жылы сол кездегі Оңтүстік өлкесінің орталығы Шымкент қаласында өлкелік
ақындар айтысы өтті. Сол айтысты киноға түсіру ұйғарылып, Алматыдан режиссер Тұрар
Дүйсебаев бастаған топ келді. Айтыстан кейін режис-сер өзіне қажет деген бір топ ақынды бір
ай бойы әуре-сарсаңға салды. Ақыры «Айтыс» атты екі белімді фильм дүниеге келді. Өзімізді
өзіміз, дос-жарандарымызды экраннан көргенде төбеміз көкке жете қуандық».
Міне, Тұрар Дүйсебайұлы - осындай, өз өнерімен елге қуаныш сыйлаған өнерші, режиссер.
«Қазақфильм» киностудиясында еңбек еткен жылдары Тұрекең құжатты фильмдер
түсірумен ғана шектелмей, көркемсуретті ки-нофильмдер жасауға да белсене атсалысыпты.
«Алыстағы тауда», «Менің атым Қожа», «Менің арманым», «Сенің достарың» атты
көркемсуретті фильмдерге екінші режиссер болған. Балалар әдебиетінің классигі Бердібек
Соқпақбаевтың «Меніңатым Қожа» повесі бойынша түсірілген фильмнің Бүкілодақтық,
халықаралық фестивальдарда жеңімпаз атануында Тұрекеңнің де қолтаңбасы болғанына
мақтансақ керек.Әдебиет пен өнер адамы еш уақыт екі қолын алдына салып қарап отыра
алмайды. Ол -жасампаз. Ал, жасампаз өмір бойы іс үстінде болады. Әсте тынымы, тынышы жоқ
өмір кешу жазылған пешенесіне бұл жұрттың. Соның айқын бір мысалы - Түрекең өмірі.
Түрекең зейнеткерлікке шыққалы он жыл болды. Осы он жыл ішінде осы адам, режиссер,
қаламгер атқарған істерді сара-лар болсақ, оның бүрын жасағаны көп пе, кейінгісі көп пе мәресәре күй кешер едік. Өйтіп бас қатырып қайтеміз, Тұрағаңның жасампаздығына, үнемі іс-әрекет
үстінде жүретіндігіне дәлел ретінде оның соңғы жылдары «Тараз-Тұрарфильм» атты
жекеменшік киностудия ашып, фильмдер шығара бастағанын айтсақ та жеткілікті болар.
Тұрекең 1990 жылы «Мосфильмнің» тапсыруымен «Қырғызфильм» киностудиясының
режиссері Бақыт Қарақұлов түсірген «Ат үстінде мығым бол» фильмінің сценарийін жазды.
Енді жекеменшік студиядан сценарийін өзі жазып, өзі түсірген фильмдер шыға бастады. Бұл
ретте оның республика, ТМД елдері экрандарын аралап кеткен. «Апиын», «Жыртқыштар»
көркемсуретті фильмдерін айтқан ләзім.
Тұрар Дүйсебайұлы жетпісіне дені сау, шығармашылық шабыты шалқар шағында келіп
отыр. Дәл осы айтулы күн қарсаңында заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматовтың
«Ұлыммен кездесу» әңгімесі бойынша пьеса жазып, облыстық драма театрының сахнасына өзі
қойды. Бес беттік әңгімені елу беттік пьесаға арқау ету - Тұрекеңнің қарымды қаламгер екенінің
айқын көрінісі. Бұл Тұрар - кезінде Сәбит Мұқановтың бес жүз беттік «Ботакөз», «Мөлдір
махаббат», Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романдарын да елу беттік пьесаға
айналдырған драматург. Сонда Сәбең: «Ә, Тұрар, неткен пәлесің сен! Менің көлдей романымды
қайтіп қана сыйғыздың кішкентай пьесаға? Дұрыс, бәрі дүрыс, сен кілтін тапқансың
шығарманың», - деп таңғалыпты.
Театр заңдылығын жақсы білетін режиссер Тұрар Дүйсебайұлы қазақ қаламгерлерінің
бұлардан басқа да біраз туындыларын сахна тілінде сөйлеткен. Ал Шыңғыс Айтматовтың
«Бетпе-бет» повесі бойынша жазылған пьесасы әлемнің 86 театрының сахна-сында қойылды,
солардың бесеуін Т.Дүйсебайұлының өзі қойған.
Тұрекеңнің бұл жанрдағы өз төлтумалары да жетерлік, проза да жазады. Астанада тұрып еңбек
еткен, ой мен өнердің алыптармен аралас-құралас болып, аяулы күндер өткізген Тұрекең қазақ
зиялылары жөнінде үлкен эсселер кітабын баспаға тапсырып отыр.
Саңлақ режиссер, қарымды қаламгер, үлкен азамат Тұрар Дүйсебайұлы туған халқымыздың
рухани қажеттілігін өтерлік толымды туындылар беріп қарсы алып отыр жетпісін.
Ол - үлкен отбасының иесі. Құдай қосқан қосағы, отандасқандарына елу жыл толған Зиякүл
екеуі бес баласын ұяға үшырып, қияға қондырып, олардан он бір немере сүйіп отыр.
Өнерде дәйімі өрге жүзіп, өмірде әмісе оза бер, Тұр-аға!
«КҮМІС ҚОҢЫРАУ» СЫҢҒЫРЫ
Бұл күндері өзінің ойлы да мазмұнды өлендерімен жақсы танымал болып отырған талантты
ақынымыз Қадыр Мырзалиев әу баста балалар әдебиетіне қалам тартқан болатын. Бұл салада
жемісті, енімді еңбек ете білген ақын жас оқырмандарына 6-7 жылдың көлемінде 8-9 кітап
беріп үлгерді. Кейін балалар өдебиетімен қош айтысып, үлкен арнаға түсті. Ол мұнда да
жеміссіз болған жоқ. Соңғы он жыл поэзиясындағы Қадыр үнін қазір әрбір оқырман жақсы
біледі.
Қадыр балалар әдебиетімен біржола қош айтыспапты. Ба-лалар жазушысы болып туған
Қадырдың жуырда ғана кітап сөрелерінен балаларға арналған бір дүниесі - «Күміс қоңырауы»
орын алады. Қадыр поэзиясын сыйлайтын үлкен-кіші ол кітапты қызыға оқуда. Кітаптың алғы
сезінде былай делінген: «Күміс қоңырау» - сұрыпталған, іріктелген, сегіз-тоғыз кітаптың жаңа
одағы, творчестволық он-он бес жылдың мәуелі жемісі. Бұл -жалғыз бөбектерге, балаларға,
мектеп оқушыларына ғана емес, тәрбиешілерге, мұғалімдерге, ата-аналарға да арналған еңбек».
Міне, Қадыр Мырзалиевтің «Күміс қоңырауы» осындай кітап. Онан сіз балаларға арналған
өрнекті елеңдерді, мысалдар мен жұмбақтарды, жаңылтпаштар мен ертегілерді құныға оқисыз.
Олардың тақырыбы сан алуан. Отанды, туған жерді сүю, татулық-достықты құрметтеу,
еңбекшіл, епті, шыныққан шымыр, тапқыр болу, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену - бәрбәрі бала үғымына жеңіл, ойнақы тілмен әдемі бейнеленген. Алғашқы өлеңдердің бірін оқып
керейік.
Жалбыр-жалбыр жүні ұзын
Жабағыдай
Жөңкіген бұлт көк жүзін
Жабады ұдай.
Тұрамыз,
Өтеді деп
Нұр селдетіп.
Кетеді тек
Құр желдетіп.
Шөлдеткенде алтын күн
Егістікті
Жауа алмаған бұлтыңның
Несі мықты!!!
Бұл «Бұлт» деген өлең. Бұлтты өркім әртүрлі жырлап келеді. Қадыр осылай жырлаған. Әзі
сотанақ, өзі қуақы, ақылды бала тақпақтатып соғып тұрған сияқты. Сөзді қастарлейтін балаға
жатта демесең де тіліне орала кететін әуезді өлең бұл. Қадыр табиғатты осылай жырлайды. Бәрі
бала ұғымына жеңіл, табиғат сол бала болмысымен астасып, кірігіп кетеді.
Кітапта баланың алуан түрлі мінез-құлқын бейнелейтін жырлар өте көп. Оның біреуі
баланың аңғалдығын, біреуі жалқаулығын, біреуі салақтығын, біреуі сотқарлығын айтады.
Жақсы, ізгі қасиеттерді арқау ететін жырлар да кеп. Бала психологиясын жақсы білетін ақын
осылардың қайсысын жырға қосса да: «Қарағым, әйбет бол. Нағыз жігіт болып ес», - деп
баланың маңдайынан сыйпап тұратын сияқты. Ешқандай «өйт-бүйт» дерекілігі, тап беруі жоқ
әдемі айту ол. Әр елең баланы езінше ойлауға жетелеп, ақынның айтпағын езінше дамытып
барып, лайықты қорытынды түюге бастайды.
Бір кенеп ап тамағын,
Бастады ағай сабағын.
Есебімді көрді де,
Шыта қойды қабағын.
Мынауың не?
Қатаңа
Қояйын ба екілік.
Ол «екіні» бұл жолы
Қойыңыз, сіз атама.
Екі-ақ шумақ шағын елең бұл. Үңіліп қарасаңыз кішкентай ғана қаратас, атан түйе кетере
алмастың өзі. Сабағын өзі жасай ал-майтын жалқау, үй-ішінің кемегіне сүйенетін әздек, өз
мінін шын-дап мойындайтын тоңмойын бала бірден келеді көз алдыңызға. Ақын оны
жамандаған да, жақсылаған да жоқ. Бірақ оның кім екені белгілі болды да қалды. Енді ол бала
жайлы, «анау-ақ, мынау-ақ»деп жатудың түкке қажеті жоқ. Ал жас оқырмандар үшін осындай
қысқа, тұжырымды жазудың қажет екені көптен белгілі жайт. Бірақ сол бақытқа көп ақынжазушының қолы жете алмай жүр, Ал Қадыр болса оны жақсы меңгерген бақытты ақын.
Төрт түлік мал, хайуанат туралы бұрынғы-соңғы ақынның көбі жазған әлі де жазып жүр.
Солардың біразы мысал өлеңдер, біразы сол жан-жануарларды балалар ұғымына түсінікті етіп,
лайықтап жырлау болып келеді. Қадырда мұның екеуі де бар. Кадырдың хайуанаттары сондайақ ертегіге герой да болып кетеді. Қадыр хайуанаттар туралы көп біледі екен. Сонысын әдемі
жыр өтеді. Оның бәрі баланың ой-өрісін кеңейте түсуіне мол мүмкіндік
Қай баланың тілге жүйрік, ойға ұшқыр болғысы келмейді!? Ал оны шынықтыратын
жаңылтпаш пен жұмбақ екені мәлім. Ендеше Қадыр «Күміс қоңырауда» мұны да ескерген.
Ақын баланың өз түсінігіне жақын етіп жазады, жаңылтпаш етіп сөз ойнатады.
Ызақор бұғып жатыр,
Ашуын тығып жатыр.
Пиязды ақын осылай жұмбақтайды. Әдемі емес пе. Қадырдың жұмбақтарының бәрі осындай
ұтқыр да ғажап. Баланың өздері ойлап тапқан жұмбақ дерсің. Осындағы «ызақор» деген сезді
тек бала ғана айтпай ма. Ендеше жұмбакты баланың өзі ойлап тапқан демеске лажың қалмайды.
«Күміс қоңыраудағы» жаңылтпаштар - бұрын қазақ поэзиясын-да көп кездестірмеген
жаңылтпаштар.
Ісіңе сен кеш кіріссең,
Тындырмайсың ешбір іс сен.
Көбейсін атұстар,
Болмасын атыстар.
Болса мол атыстар.
Қалмайды атұстар.
Біз бұл екі жаңылтпашты тегіннен-тегін мысалға алып отырған жоқпыз. Қадыр
жаңылтпашты бұрынғыша «Ей,Тайқарбай, қойыңды көк шағылға жай Тайқарбай» деген сияқты
шым-шытырық сез жарысыдеп қарамай, оны ойға бағындырып, құдіретті етеді екен. Оны осы
екі жаңылтпаштан жақсы аңғаруға болады.
«Күміс қоңырау» шыққалы бері республикалық газет беттерінде бір қауым рецензия
жарияланып үлгерді. Бұл әрине кітаптың құндылығынан деп білетін жәйт. Шынында, қазақ
балалары, жалпы қазақ оқырмандары өте бір ақылды кітапқа ие болды. Ол - «Күміс қоңырау».
Ол өмірдің сан-салалы тармағында өз үні -«Күміс қоңырау» сылдырын қақты, қаға бермек.
Талантты ақын Қадыр Мырзалиевке алдағы уақытта да жас қауымды осындай кұнды
дүниелерімен қуанта беруін тілейміз.
ӨМІР - ӨЗЕНДІ ӨРНЕКТЕГЕН
Адам баласының мықтап бір ұстанар кредосын Абай айтып кеткен: «Ақырын жүріп, анық
бас».
Белгілі жазушы, марқұм Мейірхан Қуанышбаев - осы талаптан табылған адам еді. Біртоға,
асып-тасуға жоқ, беті ақырын ағып, асты буырқанып жататын қуатты өзен іспетті болатын ол.
Кеудемсоқтығы, қулығы жоқ, бірақ шаруасына пысық, бас-аяғы жинақы адам болып өмірден
кетті Мекең.
1966 жылы «Жазушы» баспасынан Мейірхан Қуанышбаевтың «Жанар» атты повесі жарық
көрді. Отыз бес жасында алғашқы кітабын оқырманға ұсынған жазушыны жас дей алмайсың,
әрине. Шынында да, Мекең жас емес еді, журналистика саласында әбден ысылған, оқтын-оқтын
мерзімді баспасөзде әңгімелері жарияланып жүрген қарымды қаламгер болтын.
Әдебиет сүйер қауым «Жанарды» аса жылы қабылдады. Біз ол кезде қызметтес едік. Мекең
облыстық газетте бөлім меңгерушісі, мен әдеби қызметкер болатынмын. Қалай сапарлас болып
қалғанымыз есімде жоқ, әйтеуір екеуміз менің туған жерім - Шу ауданында бірге болғанымыз
бар. Газеттің Шу ауданындағы сол кездегі меншікті тілшісі Бердібек Атаевтың үйінде қонақта
отырғанбыз. Мен дастархан басындағыларға М.Қуанышбаевты «Жанар» повесінің авторы деп
таныстырдым... Сол кездегі таңданысты көрсеңіз. Қазіргі классик күйші (мен мұны шын
ниетіммен айтып отырмын) «Ерке сылқымның» авторы Әбдімомын Желдібаев та бар еді
арамызда. Ойы сергек, тілге шешен Әбекең қатты таңданып келіп:
- Мұндай кітапты күйші-домбырашы ғана жаза алады, - деді.
Мекең мұны растап, домбырашы екенін айтты. Сөйтсек, Мейірхан шебер домбырашы,
бірнеше күйдің авторы екен.
Енді екі домбырашы кезек-кезек күй тартып, үй іші кішігірім кон-цертзалына айналып кетіп
еді.
Мейірхан Қуанышбаев - сол алғашқы повесімен-ақ әдебиет аталатын қасиетті ғимарат
қақпасын жасқанбай қаққан қаламгер. Повестің негізгі идеясы - сол кездегі жастардың рухани
әсемдігі, пәк сезімі, мөлдір махаббаты болатын.
Повестің басты геройы - Жанар көзі ашық, көңілі сара қыз. Ол әкеден жастай айрылған. Сөйтіп
от басы, ошақ қасында күні өткен, ескі салттан арыла қоймаған шешенің тәрбиесінде өседі. Ұяң
қыз шеше ықпалынан шыға алмай, көпшіліктен аулақтанып жүреді, білім алудан да күдерін үзе
бастайды. Тіптен шешесі ұйғарған адамға қосылуға көнгендей де болды.
Осындай мәре-сәре халде жүргенде ол Бақыт тартқан өзінің өмірімен өзектес «Жетім бала»
күйін тыңдайды. Автор осы жерде күйдің құдіретіне Жанарды ғана емес, оқушысын да елітеді.
Күй арқылы түсініскен екі жастың жүрегі бірге дүрсілдейді.
Өз жерінен өнер адамы шыққан ел - бақытты. Ақын-жазушының қаламына ең әуелі сол өзі
туып-өскен жер мен ел ілігеді. Бұл тұрғыдан келгенде Мейірхан Қуанышбаевты Аса өзені
аймағы елінің өмірін жалықпай жазып келе жатқан жазушы да таныған ләзім.
«Жанардан» кейін жарық көрген «Жалғыз жиде» повесі, біздіңше, өмірбаяндық туынды.
Олай болса, кітап геройлары өмірде бар, туған жер табиғаты түнған күйінде қағазға түсірілген.
«Жалғыз жидеге» Ұлы Отан соғысы кезінде Аса бойындағы шағын колхозда өткен өмірді
өзек етеді автор. Кітаптың алғашқы бетінде-ақ сол кездің қайғылы көрінісі суреттеледі. Үйіне
қарай колхоз бастығы бастаған бір топ ауыл адамдары келе жатқанын көріп «Дәрменнің
келіншегі Ұлғаным тұла бойы мүз қарығандай селкілдеп, төсек тартып жатқан әжесінің қасына
буыны құрып өрең жетеді».
Отан басына қатер төнген сол қиын шақта алыстағы ауылда жас-кәрі демей түгел еңбекке
жұмылған еді. «Жалғыз жиде» ге-ройлары да сондай - соғысқа кеткен боздақтардың, әкелер мен
ағалардың орнын жоқтатпай жүргендер. Олар ішсе тамаққа, кисе киімге жарымайтын күй
кешкендер. Ішіп отырған быламығы төгіліп қалғандығы кейіпкерлер халін автор былай
бейнелейді: «Ұлғаным да, Еркебұлан да төгілген асқа тесіле қарап қалыпты. Екеуі де ауыр
күрсінді». Оқырман да ауыр күрсінеді. Сол кездің ащы шындығы - бұл. Нарық экономикасы
қыспағына алды деп байбалам салып жүргеніміз жәй бір пендешілік екен-ау дейсің. Кітап
геройларының рухы биік, еңсесі көтеріңкі. Қырық бірдің келіншектері Ұлғаным, Күлпарша, жас
жігіт Еркебұлан - өмірдің өзінен көшірілген жанды бейнелер. Олардың барлығы да есте
қаларлық әрекет-тірлігімен ерекшеленген.
Мейірхан Қуанышбаевтың келесі кітабы «Тайталас» повесінде де Ұлы Отан соғысының
қиын-қыстау кезіндегі ауылдың ауыр тұрмысы, адамдар арасындағы қарым-қатынас,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Көңіл көмбесі - 05
  • Parts
  • Көңіл көмбесі - 01
    Total number of words is 3763
    Total number of unique words is 2285
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 02
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2329
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 03
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2283
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    40.3 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 04
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2302
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 05
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2457
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 06
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2278
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 07
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2330
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 08
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2289
    26.4 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 09
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2307
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 10
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2343
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 11
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2235
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 12
    Total number of words is 3733
    Total number of unique words is 2126
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 13
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2279
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 14
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2232
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 15
    Total number of words is 3883
    Total number of unique words is 2306
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 16
    Total number of words is 3951
    Total number of unique words is 2327
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 17
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2362
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 18
    Total number of words is 3868
    Total number of unique words is 2160
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 19
    Total number of words is 3827
    Total number of unique words is 2321
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    35.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 20
    Total number of words is 2843
    Total number of unique words is 1812
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.