Latin Common Turkic

Көңіл көмбесі - 13

Total number of words is 3800
Total number of unique words is 2279
29.7 of words are in the 2000 most common words
42.7 of words are in the 5000 most common words
50.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Тұрсынның аузынан қаншалықты мұңлы болып шыққанын түсіндірмесе де болар.
Шаншар атай - үлкен тәрбиеші, ел қамқоры. Ол кейбір ауыл азаматтарына зәбір көрсетіп,
сүзетін көк сиырды тәртіпке салмақ болады.
Повестің шарықтау шегі, кулминациясы - Шаншар атайдың Оңтүстік Америкадағы үлкен
стадион алаңдарында ел алдында бұқалармен айқасып, ойын көрсететін адамдардай, қолына
шапан ұстап, көк сиырмен болған жекпе-жегі. Нанымды, әдемі көрініс: «...ұйықтап кеткен
екенмін, деп Рахман ағай қозғалақтап еңсесін көтеріп отырды.
Даланы бірдеме тарсылдатып алып барады. Шошып кеттім.
Киінуге де шамам келмей еңбектей жеттім далаға, бір жерде көк сиыр тұр, бір жерде
қолында шапаны бар атай тұр. Екеуі де өкпелері ырсылдап ентігіп тұр. Екеуі де солықтарын
баса алмай ентігеді.
Бір уақыт көк сиыр басын шайқап-шайқап атайға қарай тұра ұмтылды. Атай шапанын
мүйізіне тоса қойды да жалп дегізіп сиырға құр ауаны сүзгізіп, өткізіп жіберді. Көк сиыр қайта
бұрылып еді, атай тағы да сөйтті. Көк сиыр ұмтыла алмай өкпесін соғып тұрып қалды.
Атай жерде жатқан ақтаяғын алып, көк сиырға қарай жүрді. Көк сиыр атайға қарай жүре
алмай тайқып шықты. Атай тұра қуып барып, көз ілеспес жылдамдықпен көк сиырдың үстіне
қарғып мінді. Мен тіптен де байқай алмадым. Сиырдың арқасына қолы тиген-дей болып еді,
үстіне қона кетті.
Көк сиыр меңкімеді, тек енді ұрады-ау, дегендей болып, басын біресе төмен салып, біресе
қайқайтып арлы-берлі алып қаша берді. Мен де: «Атай енді ұрады-ақ қой» деп едім, өйтпеді.
Қақпалап мініп барып сиырға қосып жіберді де, кері қайтты». (Әлдихан Қалдыбаев, «Автобус
аялдамасы», 91-бет).
Міне, көріп отырсыздар, үлкен мама ағашты жұлып алып, ашу шақырып Шаншар атайға тап
берген көк сиыр енді сабасына түсіп, тәрбиеге көніп отыр. Өте қызық уақиға. Мұны оқығаннан
кейін 3-4 күн көз алдымнан долданған үлкен көк сиыр кетпей қойды.
Бұл жазушының гротескіні орынды қолдануының нәтижесі дейміз. Повестің тақырыбы соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, оның ішінде Шәкір мен Әлдендердің өмір-тіршілігі, қимыләрекеттері өте нанымды етіліп беріледі. Әлдихан шығармаларын оқып отырып орыстың атақты
сыншысы В.Г.Белинскийдің «... балаларға арнап бүкіл дүниеге, бүкіл табиғатқа жан беріп,
меңіреу тасты да, қырдың қылтанағын да, сарқыраған бұлақты да, майда қоңыр желді де
сүйіспеншілік тілімен сөйлету керек» деген пікірін дәл басқандай боласың.
Енді Әлдиханды оқып көрейік...
«...Бұл кезде ай арқан бойы көтеріліп қалған болатын. Оның аппақ сүттей сәулесі
сонадайдағы Жолдысай, Ноғайбасай, Қиынсай сияқты басаттың адырларынан асып келіп, ауыл
үстіне мол шашыраған: күндізгі абыр да сабыр бәсеңсіп, ауыл демалып жатыр. Әншейінде ауыз
жаппайтын иттер де тыншыған. Күндіздің өзінде бізге қорқынышты болып көрінетін әңірейгенәңірейген адырлар қазір көлеңкеленіп, қоңыр тартып, мүлгіген ауыл үстіне төне түскендей.
Белгісіз үрей әкеледі. Ол ай сәулесімен келіп, біздің бойымызға шым-шым сіңіп жатқан сияқты.
Үлкендер бұл адырларда түрлі жыртқыш аңдар, ұры-қары жүреді дейді. Олары бүлдірген,
шие теруді сылтаутарып қаңғып кететін біздерді қорқыту үшін айтатын сөздері болуы керек.
Бүлдірген мен шие піскен кезде кім шыдап тұрсын.
Талайбардық, бәрінде аман сау оралып жүрдік.Рас,әр нәрседен секем алып, қашқанымыз да
бар. Бірақ ол біздер үшін таусылмас әңгіме емес пе? Жүрегіңді қолыңа алып зулау қандай рақат
десеңші! Артта қалып қоятын балаларды білмеймін, алдыңғы топта болатын маған, әйтеуір, сол
сатыраған жарыс қызық көрінеді де тұрады. Немесе: «... кезеңге шыға келгенімде ауыл маған
ұзақ мерзім көз жазып қалған, сағынып көргендей ыстық боп жарқырап жатты. Әр үй, әр қора:
«Балам келе жатыр, балам келе жатыр!», -деп қуанып құшақтарын жайып, өзіне қарай тартатын
сияқты. Мен бойым балқып тұрып қалдым.
Өзен жаққа қарадым. Балалар әлі суға келе қоймапты... жайпақтан бір қыз су алып жатыр.
Бірден таныдым - Бибіайым. Ылдиға қарай жүгіре жөнелдім».
Міне, Әлдиханның кейіпкерлері өскен ауылының келбеті...Кейіпкерлер дегенде Шаншар
атайдай типтік образ жасау әрі оны М.Шолоховтың Дед Щукарындай ерекшелеу - елге әйгілі
таланттылық нәтижесі деу керек. Оқушылардан Әлдихан деген жазушыны білесің бе десең, ә,
дегенде ойланыңқырап, ал Шан-шар атайды білесің бе десең: «..Е, әлгі шертпек алатын
Шаншар атай ма?» дейді.
«Шаншар атайдың шертпегі» атты драмалық шығармасы Әлдекеңнің Бүкілодақтық
жасөспірімдер мен балалар сахнасына лайықталған пьесалардың байқауында бірінші орынға ие
болған.
Әлдиханның «Қос тентек», «Рахима», «Оқуды аңсаған Арал», «Бауыржан деген бла бар»
атты повестері - уақиғаларының қызғылықтылығымен, кейіпкерлерінің мінез-құлықтарының
оқшаулығымен ерекшеленетін туындылар.
«Қос тентектегі» қызғаншақ Марат, кішкентай Рахима, «Оқуды аңсаған Аралдағы» - Арал,
«Бауыржан деген бала бар» деген повесіндегі ақылды Бауыржан әдемі шыққан образдар. Осы
жағын қазақтың белгілі жазушысы Машқар Гумеров байқап, жақсы бағалаған: «Автор
кейіпкерлердің бейнесін даралап көрсетуге шебер, оның жоғарыда аттары аталған
шығармаларындағы Шаншар атай, Шәкір, Қамау, Бибіайым, Рахима, Арал, Бауыржан сияқты
кейіпкерлері өздеріне тән кескін-келбет, мінез-құлқымен есте қалады. Әлдихан қай
шығармасында болса да, өз оқырмандарын ізгілікке, мейірімділікке баулиды.
Ол құрғақ уағызды айтудан аулақ, әлбетте. Идеясын шығармаларының өң бойынан табиғи
түрде өз-өзінен туындап жатады».
«Шаншар атайда» автор балалар өмірін ауыл өмірімен баланыстыра, біріктіре отырып бір
тұтас дүние етіп береді. Әлдекең көлемді повестермен бірге балаларға арнап көп әңгімелер
жазған. Оның: «Жаңа дос», «Су тасушы Әшірбек», «Дөңгелек стол», «Әліппе», «Автобуыс
аялдамасы», «Ағайдың ауырмағаны жақсы» және басқа да шығармаларында тәрбие мәселесі сөз
болады. «Бір арқа отын» деген әңгімесінде бір арқа жусанды босатпай жатқан Жолдыаяқты
таспен ұрып, қумақ болғанда, ит Асқардың балтырынан бір қарпып алады. Жазушы әңгіменің
түйінін екі-үш-ақ сөйлемнен шешеді: «... Көзін ашып алса, жолдыаяқ артына қарап қойып, бір
нәрсені тындырып тастағандай алшаң басып, үйді айналып барады екен. Балтырына үңіліп
Асқар отыр. Айжан Асқардың жанына жүгіріп келді.
Не болды, Асқар? Қауып алды ма?
Қапса қапсын, отынды босатса болды.
«Тыртық сыры» әңгімесінде Ахмет образы жақсы шыққан.Сондай-ақ «Бүлдірген тере барғанда»
әңгімесіндеп лирикалық герой - Рахтайдың еліктің лағын ұстап алғандығы, «Қара сиырдағы»
сиырдың бұзауына деген мейірімі тамаша беріледі. Әлдихан әскер қатарында жүрген уақытын
босқа өткізбеген. Оның солдат кезінде жазған шығармалары болашақ солдаттарға, балаларға
арналған тәрбиелік мәні зор шығармалар қатарында.
Осы тақырыптағы оның көлемді шығармаларының ішінде «Сағындым сені, інім» атты
повесть басқа шығармаларына қарағанда өзгешелеу хат арқылы баяндалады. Повестелирикалық
герой - «Мен» армиядағы жағдайды айтып, ауылдағы інісі Бекенге жазып, солдат өмірін, оның
құпия сырларын, солдаттың міндетті атқару жолындағы кездескен уақиғалар қақында тебірене
толғана жазады. Өте жеңіл оқылады. Жастарды әскери-патриоттық сезімге тәрбиелейтін жақсы
шығарма.
Осындай күрделі шығармаларымен бірге ол солдат өмірінен біраз әңгімелер де жазған.
Әлдиханның «Ата» деген әңгімесі де өте жоғары бағаланады. Белгілі жазушы С.Омаров бұл
әңгіме жайлы жақсы пікір айтқан. Жалпы алғанда, Әлдиханның қаламынан туған көп әңгімесі республикалық көлемдегі жарияланған бәйгелердің жеңімпазы. «Балдырған» журналының жыл
сайынғы бәйгесін біраз жыл Әлдекеңнің әңгімелері алып жүрді. Оның ішінде «Әліппе», «Ата»,
«Көк дөңгелек», «Көк қозы», т.б. бар. Әлдихан шығармаларының тілі жатық, ойлы, түбінде
мақал, мәтел, нақыл сөздерге айналып кетер сөйлемдер құрай отырып, оларды орынды қолдана
біледі. Мысалы, «Солдаттың тұрған бойы сағыныш», «Адамда Отанды қорғаудан асқан борыш
болушы ма еді, жоқ, болмайды. Солдат болу - сол әзірліктің басталуы», «Әскер құпиясын
сақтау - әскери антқа адал болудың басты белгілерінің бірі.
Әлдиханның жасөспірімдерді тәрбиелеу ісіне белсене араласқаны ескеріліп, оған Қазақ ССРі Білім министрлігінің «ҚР білім беру ісінің үздігі» белгісі берілген. Оның жазушылық
жұмыспен бірге журналистік қызметті қатар атқарып келе жатқанын ел біледі. Ол көп жылдан
бері облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарады.
Журналист ретінде оның атқарып жүрген еңбегі ерен. Проблемалық матераилды көп
көтереді. Оның «Атланта... Жоқ, Америка сапары» атты жолжазбалары мен ақын-жазушылар,
замандастары қақында жазған публицистикалық мақалалары көпшілік көңілінен шығып жүр.
Әлдекеңнің осынау ересен еңбегі еленбей қалған жоқ. Президентіміз
Нұрсұлтан
Назарбаевтың
1998
жылғы
22 қазандағы Жарлығымен
Әлдихан
Қалдыбаев
«Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» қайраткерлік атағына ие болды.
Әлдекеңнің шығармашылық күш-қуаты, қабілеті бойында. Балалар өмірінен әлі де талай
шығармалар беретініне кәміл сенеміз. Сөз соңында осы жолдан таймай, талмай еңбек өте
беріңіз демекпіз.
БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ БАЛ ДӘМІ
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.
Бала жанын, оның сәуір аспанындай бірде бұлтты, бірде шуақты құбылғыш көңілінің нәзік
күйін тауып, алдарқату қандай қиын болса, олартуралыжүректебірентерлікшығарма жазып,
балдырғанның мелт-мөлт еткен тамшыдай пәк сырларын керкемдік әдіспен қағазға түсірудің
тауқыметі одан да ауыр.
Егер әдебиетіміздегі алдыңғы толқын ағалардың алғашқы тұсау кесер шығарламарын
балаларға арнап жазып, кейін оған қайтып оралмай, ылғи бір балалар еншісіне тиетін нәйеті
бір-екі беттік әңгімені немесе 50-60 беттік повесті менсінбегені емес, қайта жүрексінгені деп
түсінуіміз керек. Бір кездегі албырт сезімнің әсерімен көзді жұмып кірісіп кеткен «оңайлау»
тақырыбының бүгін ақыл тоқтатып, атағы мәшһүр жазушы болған кезінде оның періштелер
мекендеген киелі бақ сынды жұмбақ та сырлы әлем екенін мойындап, түсінгені.
Бірақ, осы бір базарлы бақтың лүп-лүп соққан қан тамырын жүрегімен сезіп, біліп отыратын
тамыршыдай бағбаны, тыңдағанда құлағыңның құрышын қандьіра сайрайтын құмыр көмейлі өз
бұлбұлдары болады.
Белгілі балалар жазушысы Әлдихан Қалдыбаевты, міне, сол өз бағының адал бағбанына
баласақ артық емес. Оның алпы-сыншы жылдардың басында университетте оқып жүрген
кезінде жазған «Көк дөңгелек» деген шағын әңгіме-кітабынан бастап В.И.Лениннің туғанына
110 жыл толуына байланысты Москва-да өткен жасөспірімдерге арналған пьессалардың
байқауында бірінші жүлдеге ие болған «Шаншар атай» комедиясына дейінгі және одан кейінгі
шығармаларын жұрт жақсы біледі. Жақында жазушының «Жалын» баспасынан жарық көрген
«Автобус аялдамасы» атты кітабы да, міне, осы біз айтып отырған әдебиеттегі «оңай» да қиын,
қиын да қызықты тақырып - балалар өмірі жайлы туындыларының көз тартар мәуесі іспетті.
Кітап оқырмандарына өзінің алғашқы беттерін белгілі «Шан-шар атай» повесімен ашады.
Ал, Шаншар атай - бәрімізге таныс кәдімгі сақалы қауқиған қара шал. Ол әр ауылда бар. Егер
түрі мен тіліне бөлмесек, оны қырғыздардың айылынан, өзбектердің қышлағынан да
кездестіреріміз хақ. Иә, оның шарт ете қалатын шікәмшіл мінезі де, жөн сөзге жығыла кететін
мәрт қасиеті де, тіпті ауылды бастарына көтеріп асыр салған қара сирақ балаларды көрсе
арқасының «ақ сайтаны» қозып, барлығын тоз-тоз қылып тұра қуатын қиқарлығы да... бәр-бәрі
таныс көрінеді. Автордың бір жетістігі де, міне, осында болса керек. Бұған мысал ретінде кез
келген эпизодты алуға болады.
Кемпірі Әлипаны сүзіп өлтіріп қоя жаздаған Әлденнің көк сиырының мүйізін кесіп тастамақ
болып, терісіне сыймай ашу-ланып келген шал сиыр босанып кетіп (дұрысы Әлден сиырына
жаны ашып, оны ағытып жібереді) одан бетер шала бүлінеді.
«...Сол қолында шумақталған бір бума арқан, оң қолында кішкентай қол ара Шаншар атай
кіріп келеді есіктен. Ашулы, бетіне қаны шауып, қара сұр жүзі түтігіп, аппақ қудай сақал-мұрты
едірейіп кетіпті. Онсыз да қызыл көзі қанталап, бәрімізді бір-бір сүзіп етті. Зәрлі сұс
өңменімізді тесіп, бір уыс болдық. Дастарханның да берекесі кетіп қалған еді.
Жәке, төрлетіңіз.
-Төрлеткенде не, ана терің жайылғыр босанып кеткен соң!
- Апырай, күрмеп, тас қылып-ақ байлап ем. Қолы бар ма, немене?
- Мойның астыңа келгірдің екі мүйізін тып-типыл ғып қырқып тастағанда көрер әлі! Кешке
болсын.
...Шаншар атай табалдырықты аттай бере тағы бір одырайып қарады. Біз жер шұқып,
дастарханға үңіле түстік: онда он шақты құрт, жарты кесе май бар еді. Бір түйір де нан жоқ
болатын.
Айша, мына балалардың біреуін қазір жібере қойшы үйге. Біздің үйде қаптың түбінде қалған
бірер пұт ұн бар сияқты еді. Соның бір табағын бергізіп жіберейін, - деді.
Біз еңкейген басымызды жерден көтеріп алдық.
Шаншар атай үйден шығып кете барды».
Мінеки, Кербұлақ ауылындағы балалар түгіл, үлкендердің өзі мінезінен қаймығып, бетіне
тура қарап сөйлей алмайтын Айыр жәкеміздің (Әлденнің апасы осылай атайды) түптеп
келгендегі шын болмыс-бітімі мен жан-дүниесінің қандай екенін осы үзіндінің өзі-ақ
алдымызға жайып салып тұр емес пе? Ал, мұндай шынайы суреткердің қаламынан ғана туып,
кейіпкердің образын жан-жақты сомдауға таптырмайтын сәтті штрихтер повестің өне бойына
бірін-бірі үнемі толықтырып отырады.
Иә, соғыс кезіндегі ауыл өмірі көп жазылды. Бірақ, ол қанша жазылса да әлі түрен тісі
түспеген тың түбектері көп, таусылмай-тын тақырып, «Шаншар атай» да негізінен осы
тақырыпты - соғыс кезіндегі ауыл балаларының өмірін қаузайды. Қаузағанда да ол балалар
ұғымынасай шынайы айшықтармен өрнектелген. Мыса-лы, кейбір тыл өмірінен жазылған
шығармада балалардың басына бар ауыртпалық атаулыны үйіп-төге беретіні бар. Ал, шындап
келгенде, бала қай уақытта да бала ғой. Ойнайды, күледі, мұңаяды. Әрине, бес саусақ бірдей
емес. Сөйте жүріп зерделі, зерек ба-лалар ересектерше аңғарып, ойлана да жүреді. Повестегі
Әлден - міне осындай көпшіліктің көңіліне қарап қозғалатын зерек әрі ақылды бала.
Шығарманы оқи отырып, оның Шаншар атай туралы, талай балаларды қан қақсатып
жылатқан Қамау және еркетай Марат тура-лы ойынан оның жан дүниесіндегі шарпысқан
сезімдер арпалысына қосылып кетесіз. Сөйтіп, Әлденнің әрбір дұрыс қадамына, адал көңіліне
сүйсініп отырасыз. Өйткені, ол өмірдегі оқиғаны, сол оқиға шырмауындағы адамдардың
қадамдарын өзінше бағалап, өзінше ой қорытады.
Шығармада балалар әдебиетіндегі махаббат тақырыбы да бар. Бірақ, бір қуанарлығы - ол
жазушының «Әй, осы бір желіні де ұмыт қалдырмайыншы» деген жасанды ниетінен, жалған
сезімінен тумаған. Тек өмірдегі әр баланың басынан өтетін біреуді ұнату, сүю, ғашық болу
секілді сезімнің самал желдей желпіген алғашқы лебін қаз-қалпында мөлдіретіп береді.
Повестің бала көңілінің нәзік шегін шертіп (ересек оқырманның да), жанын мұңға бөлейтін
жері Шаншар атайдың ауырып жатып, өзінің жарық дүниеден өтерін сезгендей Әлденді үйіне
шақыртып алған жері.
«...Атай ентігіп әзер сөйледі:
- Кел. Әлден, кел.
Мен состиып тұрып қалдым, Атайдың жанары солып, көзі-басы кіртиіп қалыпты.
Қозғалақтап ұмтылып барып, түрегеліп отырды.
- Әлден, кер биеге мін де, төменгі мұрыннан басын қоя беріп, сонау жоғарғы Айдардың
желкесіндегі кезеңнен бір-ақ тарт. Мен көріп отырайын. Сені сол үшін шақырдым.
Жарайды...»
Әлденге атқа шабуды алғаш үйреткен әрі өзі жақсы көретін атасы осылай деп өтінеді.
Сондықтан да ол ауыл иттерінен үркіп жығып кете ме деп жүрексінсе де атасының бір кездегі:
«Міне, үйрендің. Енді күнде мініп тұрасың. Әрі-беріден соң сен бәйгеге шабатын боласың. Ол
керек те. Жеңіс күнгі тойда сен шаппай, кім шабады мұнымен» деген сөзін есіне алып,
жүрегінде өжеттік пайда болған бала «шу, жануар» деп кер биеге қамшыны басып жібереді...
Бірақ шалдың тілегін орындап қайта оралғанда ол бұ дүниеде жоқ болып шығады. Елдің
айтуынша Әлден Шаншар атайдың үйінің тұсынан шауып өтіп бара жатып қолын бұлғағанда
«Тәуба. Бар екен ғой...» деп бақилық сапарға жүріп кете барыпты. Былайғы жұртқа
білдірмегенімен, жанын жегідей жеген «баласы қашқын» деген сөздің жалған болып шыққанын
да ести алмай кетеді, сөйтіп.
Жинаққа, сондай-ақ жазушының «Қос тентек», «Рахима», «Оқуды аңсаан Арал», «Бауыржан
деген бала бар», «Сағындым сені, інім» деген повестері мен көптеген әңгімелері, ертегілері,
мысалдары енген. «Шаншар атай» повесі сияқты бұл шығармалардың да қай-қайсысының өзіне
тән ерекшеліктері, идеясы бар.Тәрбиелік мәні де жоғары. Мысалы, «Рахима» атты повесті оқып
отырған сәбилердің балдай тәтті қылығы тура өмірдегідей көз алдыңа келіп, өзіңнен өзің
жалғыз отырып та күлесің. Жазушы шеберлігі балалардың қылығына деген бойындағы ынтызар
сезімді еріксіз оятып, адамзаттың осынау кішкентай ұрпақтарының тыныс-тіршілігіне басқаша
көзбен қарауды үйретеді.
Жазушы Ә.Қалдыбаевтың творчествосына тән тағы бір ерекшелікті айту керек. Ол - аз
сөзбен көп нәрсені жеткізуі болып табылады.
Кемеңгер жазушы Л.Толстой «Тіл шеберлігінсіз көркемдік жоқ та, көркемдік жоқ жерде тіл
шеберлігі жоқ. Бұл екі арадағы бірлік - мазмұн мен тіл бірлігінің ерекше бір көрінісі болып
табы-лады» деген сөзін еске алсақ, Ә.Қалдыбаев шығармаларындағы көркемдіктің бәрі оның
нәрлі тілінен туған деп білеміз. Жинақтағы шығармалардың тілі тек осы жазушыға ғана төн. Ол
біреуге еліктемейді. Кез келген шығармасына бай, әрі халықтың қарапайым тілін қолданады.
Сондықтан да оның шығармалары балаға да, ересекке де қызықты.
Тоқсан ауыз сездің тобыктай түйінін айтсақ, белгілі балалар жазушысы Ә. Қалдыбаевтың
оқырмандарына бұрыннан таныс шығармалары топтастырылған «Автобус аялдамасы» атты бұл
жинағы әрбір кітапқұмар үшін жоғалып табылған дүниесіндей қастерлі ғой деп ойлаймыз.
ШЫНАЙЫ ДА ШЫРАЙЛЫ ШЫҒАРМАЛАР
Мұрат СЫЗДЫҚ.
Республика оқырмандарына есімі кеңінен мәлім, балалар әдебиетінің төрінен әлдеқашан
лайықты орынын алған жазушы Әлдихан Қалдыбаев жайлы көп сөз айтуға болады. Алғашқы
кітабы университет қабырғасында оқып жүргенде-ақ жарық көрген уақыттан бергі кезенде
оның балалар мен жасөспірімдерге арналған жетпіске жуық әңгіме және ондаған хикаят
жазғанын еске алсақ, қаламгердің осынау қомақты қазынасына, өзіндік әлеміне толыққанды
талдау жасаудың батпан салмағын бар жан-тәнімізбен сезінуге тура келеді. Ол қолына қалам
ұстағалы басқа жанрға көп сырғақтамай, балалар әдебиетінің қызық-шыжығын көріп,
қиындығын қайыспай көтеріп келеді. Бір кездері әдебиеттің мәуелі бағына жас жазушы қадаған
балғын шыбық бүгінде үлкен дараққа айналды.
Әлдекең туралы қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев бір кездесуде былай
деген еді: «Балалар дүниесін әдемі меңгерген және балауса ұрпаққа ғажап әңгіме, ертегі,
хикаяттар берген Әлдихан біздің әдебиетімізге қайталанбас жарқын беттер қосты». Бердібек
ағадан жазушы туралы естіген осы сөздің қаншалықты шын әрі әділ баға екеніне кейін менің
көзім әбден жетті.
Шындығында, Ә. Қалдыбаев қаламынан туған шығармалар өзіндік қолтаңба-бедерімен
айшықталады.
Жазушының
әрбір
шығармасынан
адамгершіліктің,
адалдықтың,
парасаттылықтың, кіршіксіз мөлдір сезімнің лебі есіп тұрады.
Әлдиханның бірден өзінше кітапша болып шыққан тырнақ алды туындысы - «Көк дөңгелек»
әңгімесі әдебиет сүйер қауымды өлең еткізген. Сол кездегі балалар әдебиетінің алдыңғы
сапында жүрген жазушылар таңдай қағып, уәлі сөзін айтқан. Әдебиеттің қасиетті қақпасын
шын талантты да талапты жастың келіп қаққанын таныды бәрі. Бірақ тумысынан биязы,
сабырлы, артық сөзі жоқ жас жігіт алғашқы табысқа масаттанып, кеуде қағудан бұрын
әдебиеттің сырт көзге рахат-молшылығы басым көрінетін, ал, шынтуайтқа келгенде, бұралаңбұлтарысы, қия-соқпағы басым жолының қиындығын ерте сезген тегі.Өйткені университет
қабырғасында «аттың жалы, түйенің қомы», «инемен құдық қазған» қызығы да, қиындығы да
басым студенттік шақта тұсау кесері «Көк дөңгелегін» шығарып, балалар әдебиетінің
білгірлерін дүр сілкіндірген. Жазушылар одағында талқыланып, қолжазбаны оқып пікір айтқан
Бердібек Соқпақбаев, Сансызбай Сарғасқаев, Сайын Мұратбековтерді жазу мәнерінің
жаңашылдығы, айқындығы, ба-лалар психологиясындағы көлденең көк атты байқай бермейтін
нәзік сезімді тап басатын тапқырлығымен тандандырған «Қос тентек» хикаят-әңгімелер
жинағын баспаға тапсырып, аяғын ал-шысынан басқан дипломды жас жазушының астанадан
қиналмай қызмет табатынына достары шүбә келтірмегенді. Алайда ел-жұртты, бәрінен бұрын
«бала, жазушы боламын десең осында қал» деп ақыл қосатын әдебиетші ағаларын айран-асыр
қалдырған Әлдихан жолдамасын қалтасына салып, салт ба-сты, сабау қамшылы өмірді бетке
алып, үлкен жолды таңдады - ұстаздық қызметті бастау үшін ауылға аттанды. Осы арадан әскер
қатарына алынды.
Жазушымын деп айтуға әлі де қымсынатын, көңілінде жүрген тосын ой, сәулелі сезімді қолы
қалт еткенде қағазға түсіруге құмар жігіттің «Қос тентек» атты екінші жинағы ол әскер
қатарында жүргенде жарық көрді. «Әлдихан кез келген әңгімесін қысқа жаза-ды да, көп айтып,
көп қамтуға ұмтылады. Жинақылық бар. Керемет бір шытырман оқиға, шиқан қызыл сюжет
жоқ. Тек қана кішкентай адамның характері, кішкентай пайымдау түйсігі. Әңгімедегі әрбір
деталь, әрбір сөйлем осы харектерді өрбіту, өркендету маңында автордың айтпақ ойымен
астасып жатады». Бүгіндегі белгілі жазушы, кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов осы кітапқа
«Жұлдыз» журналында осындай баға берсе, Рамазан Тоқтаров «Қазақ әдебиеті» газетінде былай
деген екен. «Автордың бала-лар дүниесін жақсы білетіндігі әрбір әңгімесінен айқын сезіліп тұр.
Ол бүлдіршін жас кейіпкерлерін өз ыңғайымен жүргізе бермей, қалаған бағытына шығарып сап,
соңдарынан қатал тәрбиешідей бағып, бақылап отырады. Бұған «Қос тентек» желісі толық куә».
Сөйтіп әдебиетке таудай талаппен келген жас жазушының бұл екінші кітабы да әдебиетшілер
тарапынан жоғары бағаға ие болды. Кез-келген жанның жалына қол артқанын жаратпайтын
тарпаң мінезді әдебиет тұлпарды шілдерлеген жас талап осылайша үлкен өріске беттеді.
Осыдан кейін-ақ ол мектеп жасына дейінгі балалар мен төменгі класс оқушыларына арнап
өндірте жазды. «Су тасушы Әшірбек», «Байнаш - солдат», «Әзен жағасында» және басқа
кітаптары арқылы Әлдихан Қалдыбаев бір кезде өзіне үлкен үміт артқан Б.Соқпақбаев,
М.Гумеров сынды балалар әдебиетінің алдыңғы толқын өкілдерінің, сондай-ақ, Р.Нұрғалиев,
Ә.Кекілбай, М.Мағауин сияқты өзі құралпы талантты қаламгерлердің сеніміне қылау түсірмей,
әркімді сынаққа алатын жылдар баспалдағын абыроймен аттай білді.
Әлдихан Қалдыбаевтың балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармаларындағы үрдіс
өнеге, жаңашылдық дәстүрі - оның балалардың әрқайсысына тән психологиясын әртүрлі
бояумен, шеберлікпен жеткізе білуінде. Образ жасауда әрбір кейіпкер үшін тосын әрекет пен
тың қаламға еркін барады. Жазушы шығармалары, мейлі ол кішкентай балдырғандардың
өмірінен жазылсын - шынайы шындықтың өзі, әрбір сурет, әрбір эпизод оқушысын селкеусіз
иландырып, шашау шығармай соңынан ертіп отыратындығымен ерекшеленеді. Бұған қоса
Әлдихан Қалдыбаев әңгіме-хикаяттарында еріксіз езуіңе күлкі үйіретін жеңіл, шуақты юмор
жеткілікті. Ал мұндай суреткерлік шеберлікті әдемі меңгерген саусақпен санарлықтай
қаламгерлердің санатында Әлдекең де бар десек, жазушы шығармасының салмағы қаншалықты
арта түсетінін оп-оңай пайымдауға болар.
Тағы да бір ерекше тоқталып өтетін жай, жазушы кейіпкерлерінің жан сұлулығына,
адалдықты, мейірімділікті, бауырмалдықты әрқашан жоғары ұстауға жетелейтін сезім
байлығын лайламай мөлдіреген қалпында беруге көп ден қояды. Сондықтан да болар, оның
шығармаларындағы кейіпкерлердің арасында жатып ішер жалқау, ұр да жық есерсоқ, орынсыз
шошаңдап өзінің де, елдің де берекесін алатын жеңілтек желөкпе жоқтың қасы. «Сонда қалай,
жазушының шығармаларынан оқушысын тартып әкететін тартымды сюжет, күлкіге қарық
қылатын тосын оқиға іздеудің керегі жоқ екен, онда оның несі қызық?» демек болған оқушыға
жазушы шеберлігін айқын да анық дәлелдейтін бір-екі шағын мысал айтқанның артықтығы
болмас, сірә. «Су тасушы Әшірбек» атты әңгімесінің басты кейіпкерлері - ұжымшар ауылдың
балалары Әшірбек пен Тілеген. Әңгіме Тілегеннің атынан баяндалады. Ол - қуақы, аңқылдақ,
бірақ сезімтал бала. Өз досы Әшірбек туралы сырын, шынын жеткізеді. Досын таныстырған ол
былай дейді: «Егерле Әшірбекті кімде-кім көргісі келсе, ертеңгілік менің атаммен бірге оянуы
керек. Қолында жүгені бар Әшірбек сарайға, атына кетіп бара жатады. Құрысын, ол уақытта
мен сендерге оны көрсете алмайды екенмін. Сол үшін ұйқымнан қалып жүрейін бе?».
Осының өзінен-ақ екі бала өмірінің біраз қырлары алға тартылады. Автор бұл арада Тілегеннің
жалқаулығын «сол үшін ұйқымнан қалып жүрейін бе?» деген бір-ақ сөзбен дәлелдеп тастайды
да одан әрі ұжымшар трактористеріне су тасып, көмектесіп жүрген Әшірбектің
еңбекқорлығына қызыққан Тілегеннің рухани өсуін, яғни, еңбекке өз еркімен араласатын тұсын
нанымды деталь-эпизодтар арқылы шынайы жеткізеді. Әрбір жанрға тән көркемдік
компоненттерді шығармаларында шебер пайдалана білетін жазушы оқушыларына жалған
өсиет, арзан ақыл айтуға мүлдем әдеттенбеген. Базбір шығарманы оқыған сәтте әсіре ақылсу,
ділмарсу көзге ұрмай ма. Ондай шығарма, ең әуелі, үлкен сыншы - оқушысын мезі етеді. Ал, Ә.
Қалдыбаев прозасының жаңадан жаза бастағандар ғана емес, баршамыз сабақ алар тұрқы биік
тұсы - оқушысын кейіпкерлерінің іс-әрекетіне сендіре білу шеберлігі.
Бұл орайдағы жазушы табыстары талас тудырмайды. Өз басым, оның «Шаншар атай»,
«Рахима», «Оқуды аңсаған Арал», «Қос тентек» атты хикаяттарын қазақ балалар әдебиетінің ең
озық үлгілері қатарына жатқызамын. Бұл шығармалардан адамгершіліктің, бауырмалдықтың,
балалар психологиясындағы мөлдіреген таңғы шықтай тазалықтың, олардың өздеріне тән
харакетеріндегі ерекшеліктердің артық бояуы жоқ, кәдімгі өмірдің өзінен ойып алынған көркем
суреттерін көрген кезде жазушының шеберлігіне тәнті боласыз.
Ауылдың май топырағын тобықтан кешіп жүрген бала кездегі көңіл-санада мәңгі өшпестей
жатталып қалған елес-суреттер зейінімізде зерделенген шақта жүрек тұсымыздың шымырлап
қоя беретіні бар. Жазушының аталмыш шығармаларында сол ертегідей ғажайып әлемнің көзге
таныс, көңілге ыстық суреттері өте көп. Оларды оқыған сайын балалықтың соңымызда қол
бұлғап қоштасып қалған сағыныш күндерімен тағы да қауышып, рахат сезімге бөленеміз.
«Оқуды аңсаған Арал» хикаяты бір есептен ұлы Толстойдың «Филиппок» деген шағын
әңгімесін еске түсіреді. Бірақ мұндағы кейіпкер Аралдың айналадағы ортаға көзқарасы, оның
таным-түйсігі арқылы беріледі де кішкентай балдырғанның үлкендерге еліктейтін өзіне тән
бала қиялы әртүрлі іс-әрекеттері арқылы әсем еріледі. Ал «Рахима» хикаятының басты
кейіпкері - екі жасар сәби Рахима. Әлі жендеп тілі шықпаған, аяғын апыл-ғұпыл басқан
нәрестені хикаяттың басты кейіпкері етіп алып, соның теңірегінде қызыкты оқиға құра білу, ең
әуелі, жазушыдан бала психологиясының қатпар-қалтарысын тамыршыдай тап басуды және
оқушысын жалықтырып алмау үшін әр тарауды мейлінше шебер құруды тілейді. Дайындығы
мол жазушы Әлдихан Қалдыбаев мұны жақсы біледі.
Рахима - Бекеннің керші ұжымшарда тұратын әкпесінің қьізы. Апасы қонаққа барған
жерінен бір мезгіл балалардың қасында жүрсін деп алып келген жайы бар. Шағын хикаят
негізінен кішкентай балалар арасындағы туысқандық, бауырмалдық сезіміне арналған. Бекен,
Алтын, Бауыржандардың Рахиманы айналып-толғанып үйірсектеуі, бір-бірінен қызғануы
оқушысын жалықтырмай, еріксіз жетелеп отырады. Жазушының Рахиманы туған ауылына
шығарып салуын баяндайтын сәті оқырманды бей-жай қалдырмайтын, көңілге қымбат әсер
қалдыратын әдемі сурет. Әлдихан Қалдыбаев өзінің шығармаларында тіпті отбасы, ошақ
қасындағы көзге үйреншікті жайлардың өзін құлпыртып, жандандырып жіберуде үздік
шеберлік танытады. «Рахима» хикаяты - кішкентайлар да, үлкендер де үздігіп оқитын шығарма.
Балалар әдебиетінде көп жылдан бері тынымсыз тер төгіп келе жатқан жазушының
шығармашылық лабораториясына үңілген кезде Әлдекеңнің ақсақалды атасының тұлымшақтан
сипап, маңдайдан иіскеген мейірімін сезініп өспеген қырқыншы, елуінші жылдардың қадауқадау ұрпақтары үшін таныс та бейтаныс - ата мен немеренің, балалар мен қарияның
арасындағы ара қатынасты көркем тілмен кестелеу дәстүрі басым екенін байқаймыз. «Қос
тентек» жинағындағы «Шаншар атайдың шертпегі» атты әңгіме бертін келе көлемі он баспа
табаққа жуық хикаятқа айналды. Кейін жазушы өзі ерекше сүйсініп-толғаныспен жазатын
тақырыбына қайта айналып соғып, екі бөлімді «Шаншар атай» немесе шертпектен шеке зардап
шекпейді» комедиясын жазды. Жамбыл облыстық Абай атындағы драма театрының сахнасында
қойылған бұл драмалы шығарма балалар мен жастарға арналған спекталкльдердің
Бүкілодақтық байқау-конкурсында бірінші орынға ие болды.
Жазушы шығармашылығындағы өзгеше бір белес болып табылатын «Шаншар атай» хикаяты
- өмір туралы, адамдардың өздеріне, айналадағы қым-қуыт та қым-қиғаш оқиғаларға, сол
ортадағы орны мен мақсат-мүдделеріне, ертеңгі күнге көзқарасы, адамгершілікжайлы шығарма,
хикаят кейіпкерлерінің дүниесіндегі терең психологиялық сезім иірімдері алуан түрлі ойларға
жетелейді.
Хабарсыз кеткен баласы Базар туралы сатқын деген жайсыз қауесеттің желдей есіп
тұрғанына көремастан, Шаншар қарт ауылдағы кәрі құртаң мен шикі өкпе балаларға басие бола
біледі. Хикаятта соғыс жылдарындағы шағын қазақ ауылыныд бүкіл қасірет-шындығы бүкпесіз
баяндалады. Базар сатқын емес деген айғақты дәлел айғайлап тұрмаса да оқырман қауым
Шаншар қарт сияқты үлкен жүректі адамның перзенті туған жұрт, ата мекен алдында сүйекке
таңба салатын «бір шикі жұмыртқаның» санатына қосылмайтынына кәміл сенеді. Жазушы
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Көңіл көмбесі - 14
  • Parts
  • Көңіл көмбесі - 01
    Total number of words is 3763
    Total number of unique words is 2285
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 02
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2329
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 03
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2283
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    40.3 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 04
    Total number of words is 3896
    Total number of unique words is 2302
    28.4 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 05
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2457
    28.8 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 06
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2278
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.6 of words are in the 5000 most common words
    47.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 07
    Total number of words is 3919
    Total number of unique words is 2330
    27.1 of words are in the 2000 most common words
    39.8 of words are in the 5000 most common words
    48.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 08
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2289
    26.4 of words are in the 2000 most common words
    38.8 of words are in the 5000 most common words
    45.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 09
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2307
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 10
    Total number of words is 3961
    Total number of unique words is 2343
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 11
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2235
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    40.9 of words are in the 5000 most common words
    48.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 12
    Total number of words is 3733
    Total number of unique words is 2126
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    42.5 of words are in the 5000 most common words
    49.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 13
    Total number of words is 3800
    Total number of unique words is 2279
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    42.7 of words are in the 5000 most common words
    50.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 14
    Total number of words is 3795
    Total number of unique words is 2232
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.5 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 15
    Total number of words is 3883
    Total number of unique words is 2306
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 16
    Total number of words is 3951
    Total number of unique words is 2327
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 17
    Total number of words is 4139
    Total number of unique words is 2362
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 18
    Total number of words is 3868
    Total number of unique words is 2160
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    48.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 19
    Total number of words is 3827
    Total number of unique words is 2321
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    35.3 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көңіл көмбесі - 20
    Total number of words is 2843
    Total number of unique words is 1812
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.