Latin Common Turkic

Қарауыл Төбедегі Оттар - 16

Total number of words is 3938
Total number of unique words is 2281
31.4 of words are in the 2000 most common words
45.9 of words are in the 5000 most common words
53.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
көріп жүрген біреу шығар десіп топшыласты.
Барлық аталықтардан бөлініп шыққан князьдар жазықтың ортасындағы
төбеге көтерілгенде азат скифтер рудың жиынында шаруалары жоқтай өз
ошақтарының басында отыра берді, екі рет шақырушы жіберіп
князьдардың кеңесін тыңдасын дегенде бұлар олардың шешімдерін құптау
үшін емес, азат азаматтар ретінде өз беттерінше мəселе шешуге
келгендіктерін айтып жауап берген болатын. Араларынан бес адам іріктеліп
төбенің басына көтерілді де, бірнеше қатар болып дөңгелене қалған жиын
кеңесінің арасына барып, сығылысып отырды.
Aт жабуының үстінде отырған кəрі князь Тамир орнынан көтеріліп,
дірілдеген қолдарын кекке жайып, күбірледі:
— О, құдіретті қолдаушымыз, Папай! Сақ, халқының тағдыры мен
бақытты болашағы шешілетін істің əділетті үкімі айтылуына күш пен
кемеңгерлікті езін беріп жарылқай гөр!—деді. Тамир азат скифтердің
арасында көзіне дейін тұмшаланып оранған Будакен тұрған жаққа
қарамауға тырысты. Ол Будакенді əлдеқашан байқаған, бірақ, жиынның
соңынан кесек атып, найзалап, төбеттерден қашқан қасқырдай етіп қууы да
мүмкін деп ойлап, бұрынғыдай арсалаңдап барып күллі халықтың көзінше
құшақтай да алмады.
— Бізге Будакеннің опасыздығы жайлы айт! Сол азғынды қолымызға
бір берші!—деген айқайлар шықты. — Мұнда келуге қорыққан ғой.
Алтынын арқалап, сақтардың даласынан зытқан шығар!
Жаралы аю сияқты арс етіп ақырған Будакен шекпенін жерге лақтырып
жіберді:
— Будакенді ғайбаттап тұрған кім? Будакен осында рудың ұлы
жиынының алдында тұр! Кім мені айыптайды? Басқалардың сыртына
жасырынбай көзбе көз бетіме айтсын. Мұны айтып тұрған сақ па, əлде
бөтен рудың қорқауы ма, кім өзі білейінші?
Тамирдің шел басқан көзі жан-жақты тіміскілей қарады. Содан кейін
көршілерімен сыбырласты да:
— Сəлем саған, ардақты, Будакен!—деді Тамир жиынның абыр-сабыры
басылған сəтте. Топтың арасынан жеңіл сыбыр естілді де тына қалды.—
Мұнда келіп сен үлкен адамгершілік жасадың. Бірақ əрқашандағыдай
бірден тура келіп неге арамызға отырмадың? Өгей қыздың тойына
келгендей шеттеп тұрғаның қалай? Осы күнге дейін қайда болдың,
кімдермен кездестін, соларыңды айт? Сенін сапарың жайлы елде қаңқу сөз
көп.
— Мені опасыз деп лақап таратқан адам өзінің кінəсін мойындап
алдымда тұрмайынша ешнəрсе айтпаймын. Өтірігіне соншама нанғандай
рудың ұлы жиынын шақыртқан сол құрттың өзі қайда, көрсет кезіме?
Сол кезде Тамир князь Гелон жаққа бұрылды. Ол жүрегіне улы қанжар
сұққан сарбаздай сұп-сұр болып отыр еді. Бірақ бұрынғыдай байсалдана
орнынан тұрып, Будакенге сыртын беріп, оның əр сөзін қағып алып, кеңесті
қоршап, айнала отырған жұртқа қарап сөйлеп кетті:
— Жақындап қалған жауды елге жеткізбей жаншып тастауға сақтар
əрқашан дайын болулары керек деп қашаннан да айтып жүрмін.
Айтыңыздаршы саңлақ сарбаздар, осындай басымызға қатер төнген
күндері біздің белгілі княздарымыздың бірі дұшпандарымыздың алдынан
шығып, сыйлыққа алтын алса, бұл адам төзетін жағдай ма? Қандай еңбегі
үшін сый алады? Жау тек қана өзіне пайда, біздерге зиян тигізгені үшін
тарту-таралғы жасайды. Будакен менің туған қайын атам бола тұрса да, əр
сарбаз үшін туған халқының тыныштығы мен бақыты қымбаттырақ. Мен
шындықты айтып тұрмын ба?
— Шындық! Шындық!— деген дауыстар естілді.
Əрине, Қосмүйіздің тұтқынында, бұғауда ұлы болғандықтан Будакенді
кешіруге болады. Ұлына əкелік жүрегі елжірегендіктен оны құтқарғысы
келген шығар. Сондықтан Будакеннің үлкен басын сыйлап, жазасын
жеңілдетуді сұраймын. Бізде ақылынан алжасып, қолы қалтыраған
қариялардың күнəсын кешіретін ежелгі дəстүр бар. Будакенді азғырған
сақтар соғысқа дайындалуда ма, не істеп жатыр, соны білу үшін елге келген
тыңшы, əлгі қаңғыбас қой. Ол бейбіт халықты қырып жойған Қосмүйіздің
жансызы болып шықты. Міне, сол сұмырайдың өзі Будакенді қарғыс атқан
яванның алдына апарып жүздестіріпті. Азат туған сақ үшін неткен масқара!
— Бұл бекер, ол жансыз емес!— деп айқайлады азат скифтер.— Біздің
Шеппе-Тэмен халықтың досы, санына өзінің таңбасын басу үшін бүкіл
малды өзінің қолы астына жинап алған сен сияқты емес.
Скифтердің бірі «Будакенді өлтіру керек!» десіп айқайласа, екіншілері
оның ақталып сөз сөйлеуін талап етісті. Орындарынан ұшып түрегелген
азат скифтер Гелонның кеңірдегіне семсер сұғамыз деп қорқытты.
Орнынан тұрған Тамир сарбаздың қолындағы скифтердің береке жəне
аналық құдайы Артимпаса бейнеленген дабылды алды. Барлықтары қажет
болса ізінен еріп ұрысқа да кіретін, өлімге де баратын рудың бас дабылды
сақтаушысының əмірін күтіп тына қалысты.
— Сақтар, айыптыны тыңдамай тұрып, оны жазалай алмаймыз.
Алдымен Будакенді тыңдайық. Айтшы, князь Будакен, жүзі былғанбай
əрқашан таза сақталған болат семсеріннің атынан ант беріп айтшы,
Қосмүйізге барғаның, онымен келіссөз жүргізгенің рас па?
Құм үстіне лақтырып тасталған, ауаны қармай жұтқан балық сияқты
ауызын ашып, күреңітіп кеткен Будакеннің тілі күрмеліп сөз айта алмады.
Барлығы да тап қазір ол құлап түсіп, жантапсырар деп ойлаған болатын.
Бірақ Будакен күркірей күлді де:
— Мен шалмын ба? Мына қаны басқа князьсымақ мені ақылынан
алжасқан деді ме? Ендеше мұның растығын қазір іс жүзінде көрейік. Ата бабалардың дəстүрін, бізге сақтарға үйретуге талпынған тохарлық князь
Гелоннан жақсырақ білемін. Біздің аталарымыздың егер кімде-кім біреуді
шал деп айыптаса, ол өзін кіналаушыны соңғы шайқасқа шақырып,
бұлшық еттерінің босамағанын, қолының қаруы қайтпағанын дəлелдейтін
ғұрып бар, тек жекпе-жектен кейін барып мен Қосмүйізді көрдім бе, одан
сыйлық алдым ба, сосын айтамын.
— Жекпе-жек! Жекпе-жек! Екеуі де жекпе-жекке шықсын!— десіп
айқайласты барлық сақтар.
— Мен жаяу емес, ат үстінде шайқасамын! Төменге жазыққа түсейік!—
деп айқайлады князь Гелон.
Жекпе-жек
Өмір емес өлімге бас тігіп шайқасатын скифтердің ең құмартатын
қызығы мына жекпе-жекті тамашалау үшін барлықтары да төбеден түсіп,
аттары|і іздеді!
Будакеннің күші əлі кайта қоймаған, бірақ тым толып, ебедейсіздеу
болып кеткен,— десті скифтер.— Гелон жас əрі күшті, шебер найзагер.
Егер жаяу шайқасса Будакен кəрі аю сияқты оны мытып, қабырғаларын
қаусатар еді, ал ат үстіндегі Гелонға найзамен шаншу оңайырақ.
Тамирдің əмірі бойынша айнала шапқан бірнеше жігіт қаумалаған
қалың топты кейін ығыстырып, ортада кең алаңды босатты. Оның екі
шетінен атқа мінген қарсыластар бір сəтте көрінді. Олар садақты
пайдаланбай, тек қана найза жəне ақинақпен шайқаса алатын. Екеуі де сол
қолына өгіз терісінен жасалған шағын қалқан ұстаған.
Гелон биік массагет арғымағынын үстінде, бойшаңдығы мен күші
жағынан Будакеннің астындағы айғыр да одан еш кем емес. Бірақ
тақымындағы басқа біреудің аты болғандықтан тықыршып, ауыздығымен
алысады, Будакенге жінішке ұзын найза ұстатты, оның əлеуетті қолы
найзаны алған бойда сындырып жіберді. Сосын сақ баһадүрлерінің бірі
оған жуандау найзасын берді. Шыр айналдырып көңілі жай тапқан Будакен:
— Жарайды!— деді.
Тамир дабылды соғып қалғанда екі салтатты бір-біріне дүрсе қоя берді.
Тұяқтарынан будақ - будақ шаң көтерген тұлпарлар қарама-қарсы ағызып
келеді. Қалқанды жамылып, бүгіліп отырған Гелон жоғары көтерген
қолымен найзасын айналдырып, лақтыруға дайындалуда.
Жауырынды, денесі жалпақ Будакен қалқанмен тек басын ғана жауып,
найзасын шынтағымен қысып, тохар қолданатын айланың алдын алу
қамын ойлады.
Беттесуге бірнеше қадам қалғанда Гелон Будакенді көздеп найзасын
жіберіп қалды. Найза емшектіктен сəл төменірек, төс тұсына барып тиген
кезде барлығы да болаттың ұшы шыға келеді деп Будакеннің арқа тұсына
көз тастаған болатын.
Бірақ Гелонның найзасы Будакеннің кеудесінен серпіліп барып, басы
сынып жерге түсті.
Екі салтатты да жандарынан ағызып өте шықты, айнала тұрған жұрт
арындаған тұлпарлардан жан-жаққа бытырай қашысты.
Енді қолында ауыр найзасы бар Будакеннің бағы жанбақ.
Қарсыластар бір - бірлеріне тағы да бетпе-бет тұрысты. Гелонның оң
қолында қысқа семсер, қалқанын жамылып, өзіне қарсы ұшқан ажалды
қағып тастамақ.
Кенет əйелдің ащы айқайы шықты.
— Өлтір оны, аяма!— деп дауыстады, бірақ дуылдаған көпшілік оның
сөздерін Будакенге анық есіттірмеді.
Топтың арасынан қызы Зариканы байқады. Қара бие мініп, қызыл киім
киген ол, жұртты киіп-жарып, «өлтір оны!»—деп айқайлайды. Бірақ
Зариканың кімді өлтір дегенін: өзінің күйеуі Гелонды ма, əлде əкесін бе,
ешкім ажырата алмады.
Қарсыластар енді желдей жүйткіп емес, сақтық жасап бір-біріне
ақырын шоқытып қана жақындады. Найзасын айналдырып, оның мұқыл
жағын алдына кезеп, атының жалына жабысқан Будакен жауына қаһарлана
ұмтылды.
Астындағы аты жалт бұрылып, топқа қарай шаба жөнелгенде ауыр
найза қағып түсірген Гелонның табаны ғана жалт етіп, қымыз құйған
торсық тəрізді жерге жалп ете түсті. Есінен айрыла зеңгіген ол қолын тіреп
əрең дегенде төрттағандап тұрды да, басын салбыратып, ажал əкелетін
соңғы соққыны мойынсұна күтті.
Будакен ғұрып бойынша жауын атпен таптауға да, өлтіріп жіберуге де
ерікті еді. Бірақ айқай салған қызынын қатқыл жүзін көрді де, күйеуіне
кешірім жасауды жалбарына сұрап тұр ғой деп ойлады.
Дегенмен Гелонға бұрылып, шаншып жерге шегелемек болып найзасын
жоғары көтерді.
Гелон қолын созып, аттың тұяғына жармасып, ерніне, маңдайына
тақады, бұл жеңілгендігін мойындаудың, кешірім сұраудың белгісі
болатын.
Əкесінің жанына жүгіріп жеткен Зарика:
— Көзін құрт оның! Неге аяйсың?— деп айқайлады.— Жұрттың бəрін
тонап бітті. Сен оның орнында болсаң кешірмес еді, найзаны маған берші,
өзім - ақ өлтірейін...
Көзіне қан толып, орнынан тұрған Гелон шайқасқа тағы да дайын еді.
— Мұны, маған бұрын неге айтпадың?— деп сұрады Будакен.
Қолын бір сілтеп биесіне қамшы басқан Зарика артына қою шаң тастап,
шауып бара жатты.
Ақсаңдай басқан Гелон Будакенге жақындады:
— Мен сені əдейі өлтіре шанышқан жоқпын,— деді ол күлімсіреуге
тырысып.— Сенің киім ішінен сауыт кигеніңді білетінмін, бірақ халыққа
бұрынғыдай шебер найзагер, күшті екендігіңді, əлі де рудың көсемі бола
алатындығыңды көрсеткім келді...— Ол Будакеннің атының шылауына
оралып, кеңес жиналған қорған төбенің басына жетектеп апаруға тырысты.
Бірақ Будакен астындағы массагет арғымағын қос айыр өрім қамшымен
тартып - тартып жіберіп, жоғары секіртті де:
— Күлді қанша үйгенмен тау болмайды, опасыз ешқашан батыр
болмайды!— деп ақырды.
Өгіздің көңі
Төбенің басына шауып шыққан Будакен жиын ошағының қасына жетіп
тоқтағанда, шуылдаған топ оны қаумалай қоршап алды.
Ізіне семсерлерінің балдақтарын қыса ұстаған, бай князьдан сый мен
мейірім дəметкен тохарлар мен жақтастарын еріткен Гелон да осы жерге
жетті.
Aт үстінде тұрған Будакен жұртқа жар сала сөйледі:
— Менің мойныма жаланың бұлғалығын тастағысы келді, халайық!
Алдарында тұрған мен, Будакенмін, Қосмүйіз патшаны Темір Қақпа
шатқалында көргенім де рас. Ол үш парсы арғымағын жеккен күймеде келе
жатты. Менің үстімде бақташының киімі, қолым матаулы болатын,
сондықтан сұмырай явандар аямай таяқтады. Əлі күнге дейін иықтарымнан
таңбасы кетпеген Қосмүйіздің сыйы сол. Жауымыздың күші қандай
екендігін білу үшін барлығына да шыдадым. Мені шаруалар тауып алып,
тірі қалуыма себепші болғандықтан, елге оралдым, енді бөгде адамға үрген
ит сияқты сендердің жазғыруларыңды естіп отырмын. Менің айтарым:
Қосмүйізден қорыққанымыз дұрыс, бірақ оның жауынгерлерінің біздің
ержүрек баһадүрлерімізден күштілігінен емес, оның өзінің шабуыл
жасауында, бауыздау үшін басқаның кеңірдегін іздеуінде. Оған
көмектесетін күштілігі емес, одан қашқандардың қорқақтығы. Қосмүйізді
асқар таулар мен асау өзендер де тоқтата алмайды, қашан табандарын
жалтыратқанша алға ұмтылып, ұрыс салсақ қана, оны тежеп тосқауыл
болатын, тіпті жанши алатын да тек біздер, сақтар ғана. Ал мені туған
халқыма опасыздық жасады деп айыптаған шиебөрілер қазір кезек-кезек
жекпе-жекке шықсын. Бəрін жер жастандыруға дайынмын.
Бір-біріне жалтақ - жалтақ қараған скифтер үн шығарған жоқ, тек жай
күлкі ғана шошақ төбе қара қалпақтарды жағалай алыстағы найзағайдың
гүрілі сияқты сырғып өтті. Будакеннің ауыр найзасының ұшына ілініп
əлгіндегі Гелонның кейпін құшуға кімнің тəуекелі бара қойсын?
— Будакенді сатқын деп айқайлаған кімдер? Шығыңдар ортаға!—деген
дауыстар төбенің əр шетінен естілді.
— Мұны кең далаға жайып жіберген «ұзын құлақ» хабар ғана! Ешкім де
істің байыбын білмейді. Саған сенеміз, Будакен! Атыңнан түсіп, ұлы
жиынның ақ киізіне отыр, біздермен бірге бір тостақ қымыз іш!
Бірақ аяғымен жер тарпыған тұлпардың үстінде тапжылмай отырған
Будакен отырмайтынын білдіріп, басын кекжитті де таңдайын қақты. Дауыс
саябырсыған кезде ақыра сөйледі:
— Менің сендерге тағы да қайталап айтарым — жеңіске қорғанған
емес, қарсы шабуылға шыққан адам жетеді. Сақтар жорыққа
дайындалыңдар! Қанжарларымызды қара тасқа жанитын күн туғанда мен
сендермен қаперсіз отырып қымыз іше алмаймын. Өгіздің көңіне отырып
барлықтарыңның менімен бірге жауға аттануларыңды қалаймын!
— Мен де өгіздің көңіне отырамын,— деген жабдан жылқыларды бас
білдіруші Кидрейдің дауысы сыңғырлап естілді.— Маракандаға жорыққа
аттанайық! Соғдылардың қанына тойған жолбарыс сияқты масаң
явандардың қазір қимылдауға қауқары жоқ. Тамир, бізді Маракандаға
баста!
Айқай-шу су сепкендей тиылып, барлық сақтардың көздері Тамир
қарияға қадалды. Қақпыштай қатқан оның етсіз арық қолының бір сілтенуі
соғыс бастала ма, əлде алаңдаған бейбіт күн кешуге тура келе ме, соны
шешетін еді. Бірақ тізесінің үстіндегі қолы қимылдамаған Тамир
Яксарттың шыршаларының ар жағынан көрінген жарық шоқжұлдызға
тесіле қарады.
— Тоқтаңдар, тыңдаңдар. Соғдианадан жаушылар келді!..— деген арт
жақтан дауыс естілді.
Отырғандарды итере - митере, иықтарынан аттап өтіп, үсті-басы
жыртылған адам оттың басына жақындап келе жатты. Басына қызыл мата
ораған ол жас, əрі жауырынды екен. Шан басқан жүзіне тер құйылып, ауыр
демалады.
Оттың қызыл жалынымен нарттаиған жаушы ру ақсақалдарының
алдына келіп тоқтады.
— Сақтар!—деп ақыры сөз бастады ол.— Үш атты алмастырып,
Маракандадан шауып жеткен бетім осы. Явандар Маракандаға беттеп келе
жатыр. Олар ұзамай осында гүл жайнаған Шаш 1 алқабына да жетеді. Жан
- жақтарындағы елді мекендерді жермен жексен етіп, өртеп, шаруаларды
ұрып-соғып үлкен улы əбжылан сияқты ұлы керуен жолымен жайлап
жылжып келеді. Бірақ біздің аңшыларымыз қандай жыланды болса да
ұстап алып құйрығын жерге қадай алады ғой. Явандардың жалмауыз басы
ұзамай осында, біздің даламызда да көрінеді, бірақ қанішерді кейін қашуға
мəжбүр етпейміз бе? Əбжыланды белден шабу үшін батыр жігіттеріңді
ізіме ертіңдер. Біздер, төрт жүздей сарбаз жиналып явандардың соңынан
келе жатқан керуендерді шауып ала бастадық. Жасағымыздағылар əйелдері
мен бала-шағаларын жау бауыздап, егіндерін өртеген шаруалар. Бірақ біз
азбыз жартымыздың семсеріміз жоқ, балта, кетпен - келдектермен ғана
қаруланғанбыз. Азат өскен сақтар, бізге көмек беріңіздер.
Топ гуілдеп кетті.
— Саудагер сарттарға тиіспегелі қашан, ал шаруаларымен ешқашан
соғысып көрген жоқпыз!
— Бұл батыл жігіт кім, өзі? Будакеннің Көкдауылын бас білдірген ер
ғой! Бұл Шеппе емес пе? Сол, солақай - шөңгенің өзі.
Жан-жақтан барқыраған дауыстар естілді:
— Тамир, баста бізді явандарға! Пайдасыз жатқан найзаларымыздың
жүзін тот басты!
Теке сақалын шошаң еткізген Тамир сұп-сұр қолын жоғары көтерді. Шу
бірте-бірте басылды...
— Сабыр сақтаңдар,— деді Тамир.— Кім біздің омыртқамызды
сындырғысы келсе, соған ғана қарсы шабуылға дайын тұруымыз керек.
Ешнəрсені де ақылға салмай асығыс жасауға қақымыз жоқ. Əуелі елші
жіберіп Қосмүйізбен көзбе-көз кездесіп қандай ойы бар екен, соны білейік.
Суы бал татыған шекарадағы өзенімізден бері жүзіп өтуге оның батылы
бара қоймас. Яксарттың оң жағасында еркін жатқан даламызға табанын
тигізген бойда-ақ Қосмүйіз отыз сан скифтердің ызалы
1 Шаш — қазіргі Ташкент қаласы орналасқан жердегі ертедегі елді
мекен
ырылын есітер. Ұйыған бойларын жазып яван əбжыланының құйрығын
шапқысы келген баһадүрлер табылса батыл аңшы Шеппе-Тэменнің соңына
еріп, жорыққа аттансын. Əрқайсысының шайқаста жаудың сауытын тартып
алуына тілектеспін. Біз оларды қолдап отыруға дайынбыз. Қарауыл
төбелерге от жағыңдар!
Кең даланы көңілді гүріл шайқалтты:
— Сактар, атқа қоныңдар! Семсерлеріңді жаныңдар! Явандарға
жорыққа аттаныңдар!
Аттарына жүгіріп жетіп секіріп мінген дабылшылар көліктерінің екі
қапталдарына ілінген қыш, ағаш күбіге кептелген есектің шандыр терісін
таяқтарымен дүмпілдетіп соға бастады.
Жан-жақтан айқай естіліп, тайпалар мен аталықтарға бөлінген скифтер
ұрандарын шақырысып, топ-топ болып жиналды. Барлығы да жас
батырлары мен ақылгөй қарияларын қоршап, қолды кімдердің
бастайтынын, арттарынан азық-түлікке бөлінген астық, пен қойды
кімдердің жеткізіп тұратындықтарын шешісіп, ойласып жатты.
Будакен өгіздің көңі тур алы əлдекашан ойланған екен, Кидрей
анадайдан салқы тос, иір мүйіз, ашулы көзі қанталаған үлкен шұбар өгізді
айдап келді. Қолында сыбызғысы бар, үсті басына салпыншақтар ілген
бақсы құрбандыққа шалатын өгіздің қанын аңсаған аруақтардың
дауыстарын салып, бақырып-шақырып, ысылдап өгізді айнала биледі.
Басын салбыратып, шегіншектеп, тұяқтарымен жерді қазған өгіз өкіреді.
Бақсы ентігін басам дегенше төрт аяғы аспаннан келген егіз шалқалап
арқасымен жатты да, мал союға ұста скифтер қайқы пышақтарымен буы
бұрқыраған еттен теріні сыпырып жатты. Барлық қан меске құйылды да
зікір салған бақсы Будакен отырған отты айналдыра үлкен шеңбер жасап,
қанды айналдыра төгіп етті.
Шұбар тері сыпырылып, жерге жайылған соң өгіздің қыр арқасының
тұсына Будакен малдас құрып отырды. Жанында қызы Зарика, оның қара
көзінде кек пен өшпенділік оты ұшқындаған, жүзі құп-қу. Жан-жағына
алақтап тез кез жүгіртіп еткен ол, Гелонмен емес, əкесі Будакенмен қатар
отырғандығын, енді үйіне қайтып келгендігін, бірақ күйеуі мен оның
қолшоқпарларының қарақшылықпен шабуыл жасай ма деп қауіптенетінін
ру ақсақалдарына айтты.
Өгіздің етін семсермен мүшелеп бөлген Кидрей аузын ашып, табандары
ішке қараған қисық аяқтарымен маймаңдап жүріп, қыз қууда бірге болған
Зарика жаққа жылышыраймен күлімдеп қарап қояды. Енді басы бос. Сонда
тəкаппар сақ сұлуынан гөрі жабдан жылқыны бас білдіру оңай болғаны ма?
Спитамен бастаған сарбаздар Маракандаға жақын тұстан Қосмүйіз
жасағының ту сыртынан соғуға тиіс болатын.
Ошақтағы оттар айналада қаптай жанып барлықтары да найзаларының
ұштарына ілген өгіздің етін қақтап пісіруде. Найзаларына бір-бір түйір ет
шаншып, шеңбердің ішіне кірген əрбір сақ соғысқа аттанып жасақтың
қатарына қабылданып, не жауының басын олжалап алып қайтуға, не ұрыс
даласында ажал табуға ант беретін.
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
СКИФТЕРМЕН ҰРЫС
Біздің жасын жебелерге ажал өзі табынған,
Қорамсақта тұр ғой қалғып,майдан күтіп қағынған.
(Саксафардың жырынан)
Қосмүйіз Соғдиананы отқа орауда
Сақтардың ұлы жиыны ешкім де тарап кетпесін деп жəне Соғдианада
не болып жатқандығын сырттан бақылауға шешім қабылдады. Тамир қария
өзінің қонысын Яксарттың жағасына қондырып, оған көрші болып басқа
князьдар мен Гелонның жұрттары да отырды. Осы жердей соғысқа жиналу
жайлы барлық руларға бұйрық алған жаушылар жан-жаққа аттанып жатты.
Бұрын соғдылардың тұтқынында болған, жатжерліктермен шүйіркелесе
алатын екі скиф өздерінің көзтаныс саудагерлеріне, Соғдианаға жүріп кетті.
Басқаларға көз қылу үшін сатамыз деп бір бума тұздалған өгіз терілерін де
өздерімен бірге ала кеткен олар көпестермен Қосмүйіз жайлы не естісе
шеткі қорғандарда тұрған сақтарға сауда жасаған болып келіп, барлығын
айту туралы келісуге тиіс еді.
Он бір күннен соң Қосмүйіз жайлы алғашқы хабар да келді. Оның
жауынгерлері Наутек шаһарының жанындағы барлық елді мекендерді
өртеп, барлық тұрғындар ең қымбат дүние-мүліктерін алып, бас сауғалап
тауға қашыпты. Бірақ Қосмүйіздің өзі жауынгерлерін бастап, босқындарды
қуып жетіп, олардың барлық байлығын тартып алып, өзара бөліске салған
көрінеді.
Қорқыныштан көздері атыздай болып, сол жақтан қашып келген
көптеген адамдар Қосмүйізді көргендіктерін; басқа жауынгерлерімен бірге
ұрысқа кірген оның өзі семсерін сілтегенде қашқындарды сол иығынан он
жамбасына дейін шауып түсіретінін жарыса айтысты. Явандарға таудан тас
лақтырған сарттардың арасындағы құралайды көзге атқан бір мергеннің
нысанаға Қосмүйізді алып атқанда үш жебесінің темір құрсанған кеудесіне
тиіп сынғанын, бірақ бір жебенің ашық тізесіне барып қадалғанын, одан
əйелден туған барлық пенделер сияқты қызыл қанның саулап аққандығын,
Қосмүйіздің жүрелеп құлағанын айтты. Жүгіріп жетіп демеген
жауынгерлер патшаларын сулыққа салып көтеріп. алып кетіпті.
Сол кезде жұрттың бəрі Қосмүйіз ешқандай құдай емес, өздерін
Агурамазданың ұрпағымыз деп есептесе де ажалдан қорқатын барлық
парсы патшалары сияқты оның да өлгісі келмейді деп шешті.
Соғды қамалдарынан ұлы жиын отырған төбенің басына қарай
жаушылар үздіксіз ағылып келіп жатты. Сол жақ бетіне князь Тамирдің
таңбасы басылған оқымысты құл жаушылар əкелген былғары
орамалдардағы хабарларды бір жылдары бақытты, бейбіт өмір кешкен
Соғдианада не болып жатқанын, ұлы жиынның кеңесіне дауыстап оқып
берді. Енді бұл ел қайғы құшағында, шаң басқан жолдары қан сасиды.
Көпестен Қосмүйіздің Мараканданы ұрыссыз алып, оның қақпаларын
күзетшілерінің шаһарға кіріп шыққандардың барлығынан кіре ақы
алатындықтарын да жеткізді.
Ақыры жаушылар Қосмүйіздің шолғыншылары Күрешат шаһарының
маңынан да қылаң берді деп хабарлады. Алыстан қою түтін будақтап елді
мекендер өртеніп жатты. Бесстың əскерлері қаруларын тастап, жай
дихандарша киініп, көпшілікке араласып кетіпті. Оксиарт бастаған бір топ
князьдар үйлі - баранымен тауға қашыпты, кейбіреулері масқаралыкпен
құлдық ұрып, Қосмүйіздің алдына барған көрінеді.
Осы күнгі скифтердің барлық қарауыл төбелерінде алаулап оттар
жанды. Соғдианадан көпестер жеткізетін хабарлар да тына қалды.
Барлаушы сақтар шекарадағы қамалдардың бірінен соң бірінде қап-қара
қою түтін көтерілгендіктерін, бұлардың арттарында отқа оранған үйінділер
ғана қалдырап келе жатқан явандар екендіктерін айтты.
Далада кенеттен пайда болған явандардың бір тобы сақтардың қарулы
мұнарасына жақындап тоқтады да, жез кернейлерін күмпілдетіп белгі
берді. Жазықпен олай-бұлай ойқастап шапқан салтатты сақтар олармен
бірқалыпты арақашықтықты ұстады. Бірақ явандардың арасынан үшеуі
бөлініп шығып, асықпай скифтерге қарсы жүрді. Араларындағы біреуі сақ
тілінде бұлардан қорықпауларын, келіссөз жүргізу үшін олардың да үш
сарбаз жіберуін өтінді. Сақтардың арасынан құла жирен мінген Кидрей мен
тағы екі адам бөлініп шықты. Олар бір-біріне жүз жиырма қадамдай
жақындады да, айқайлап сөйлесе бастады:
— Сендер кімсіңдер?—деп сұрады явандар.— Біздер Азияның
жеңімпаз патшасы Александрдың жауынгерлеріміз, оның алдында
барлықтарын жерге құлдық ұра жығылып, бас июге тиіссіңдер!
— Біз жеңілу дегенді білмейтін сақ жұрты боламыз. Сендерде
жеңілмейтін тек патшаларың ғана, біздің арамызда жеңілуді білмейтіндер
көп.
— Мұнда не істеп жүрсіңдер? Мына далада кесіртке мен шегіртке ғана
бар ғой.
— Біз кесіртке сияқты кез келген жерде өмір сүре аламыз, шегірткеге
ұқсап бір жерден екінші жерге ұшып, көше де білеміз. Жапыраққа біткенді
жалмап жеп қоятын шегіртке сияқты қаптап, қаласақ Соғдианаға да жетіп,
басқалардың дəулетіне кептеп толтырған қаптарыңды да тартып алуға
құдіретіміз жетеді.
— Өздеріңіз бері жақындаңдаршы, кімнің кімнен тартып алатынын
көрейік.
— Сендерге не керек? Мұнда неге келдіңдер,— деп айқайлады Кидрей,
— Терлік жауып булап пісірген жылқы етін жеп, ащы суымызды ішкілерің
келген шығар?
Явандар сыбырласып, содан кейін жауап қатты.
— Көреміз əрине. Біз де сендерді жақсы аспен сыйлағымыз келеді.
Бірге отырып достық, жүн-жұрқа жайлы əңгімелесейік. Басшыларың алға
шығып, есімін айтсын, Біздің басшымыз да сендерге барады. Оның есімі
Пенида, қолында патшаның бейнесі салынған жүзігі бар.
Кидрей атының терлігін жерге жайып, үстіне малдас құрып отырған
соң, қалған екі серігі оның атын жетектеп, қырық кадам кейін шегінді.
Сосын ол:
— Келіңдер бері!—деп явандарды шақырды.
Пенида деп атаған адам оның жанына келді, үстінде мыс сауыт,
явандардың дулығасы, əлеміштелген шалбарының сарттардан сыпырып
алынғандығы көрініп тұр. Асқабақ сияқты киіз қалпақ киген тілмаш парсы
шалды жанына ерткен. Ол кілем, құмыра, қап арқалап келді. Қидрейдін
қарсы алдына келіп Пенида кілемнің үстіне отырды, желке тұсында тілмаш
тұрды.
— Біздің шарабымыздың дəмін татқың келмей ме?— деді Пенида, қола
тостағанға құмыраның ішіндегісін құйып жатып.— Менде исі аңқыған
жақсы алма да бар. Оны біздің батыр патшамыздың құдіретті қолының
астына бағынғандықтарын бақыт деп есептеген соғды көпестері əкелген.
— Мен сенің шарабыңды ішер едім,— деп жауап қатты Кидрей,— бірақ
одан қайырымды соғды көпестері өртенген оттың ыс исі шықпай ма екен?
Одан да қысырақтың ашқылтым саумалын ішсек, мынау ыстықта шөлімізді
тез баспай ма?
— Биенің сүті үйренбеген біздің қарынымызға қауіпті емес пе?—деп
қайта сұрады Пенида.
Сөйтіп екеуі де, Кидрей де, Пенида да əрқайсысы өз сусындарын ішісті.
— Ең үлкен басшыларың қайда?—деп сұрады Пенида.
— Ол осында, кез келген жерде,— деп жауап қатты Кидрей,— сақ
баһадүрлері жауға шабарда жер астынан жарып шыға келеді.
— Сақ сарбаздары көп пе?
— Далада қанша құм төбе болса, сонша.
— Мен сендерге патшалардың падишасы болып табылатын
патшамыздың əмірін жеткізгелі келдім. Сендердің барлық князьдарыңа
жеткіз дегені: оның рұқсатынсыз ешқандай скиф Яксарттың бергі жағасына
етуші болмасын деп бұйыруды тапсырды. Осыны өздерінің патшаларына
жеткізесің бе?
— Бізде патша деген жоқ, рулардың ұлы жиыны бар жəне жиын сенің
сөзіңді бүгін-ақ естиді,— деді Кидрей.— Ал сақтар өзеннен өте ме, өтпей
ме оны мен түгіл заңғар көкте қалықтаған қыран да білмейді.
Орнынан тұрған Пенида қолын жоғары көтерді:
— Айтқан сөзімді ұмытпа! Өзеннен етуге əрекет жасаған скифтің
барлығы жау деп есептеліп, ұстап алсақ өлтіретінімізді тағы да ескертемін.
— Сендер де өзеннің екінші жағасына өтсеңдер, сақ тұлпарларының
тұяғының астында тапталатындарыңды естеріңде ұстаңдар!—деп жауап
берді Кидрей.
Kepi бұрылған Пенида өз жолдастарына қарай беттеді. Кілемді жинаған
тілмаш оның ізінен ерді. Кездескен жерде қыш құмыра мен алма салған қап
қалды. Жетіп келген скифтер бұларды айналшықтап қарап, явандардың
зұлымдықтарынан қорқып, құмыраны сындырып, алмаларды шашып
тастады.
Жолда бірнеше атты алмастырып Кидрей рудың ұлы жиыны отырған
төбеге жеткен кезде, осында сабылған екінші жаушы да келді. Ол
явандардың алдыңғы лектерінің Яксарттың жағалауына жетіп, шекарадағы
шаһар Ванкатты алғанын, Шаш шаһарына баратын үлкен керуен
жолындағы өткелге ие болғандықтарын айтты. Жаушының байқауынша, өз
тобымен Қосмүйіз де сонда келген сияқты, себебі жай жауынгерлердің тері
шатырларымен қатар, кейбіреулері əрі үлкен, əрі əдемі, қызыл ала əлеміш
шатырлардың да құрылғандығын жеткізді. Сонымен қатар ол алдыңғы
лектердің ізін баса жаяу, атты əскерлердің де көптеп келе бастағанын
көріпті.
Тамир жəне ұлы жиынның басқа да мүшелері барлық, сақ жасақтары
Ванкат шаһарының қарсы тұсындағы Моғұл тауларына жиналсын деп
бұйрық беріп, жан-жаққа жаушылар шаптырды.
Скиф елшілері
Жиектегі биік алтын түстес нарқамыстардың. арасынан шыға келген
салт атты жиырма скиф жарылып жатқан сортам, алаңды кесіп өтіп, қаздай
тізіліп жайпақ белге көтерілді.
Оларға бұрыннан таныс бау-бақшаға бөленген Ванкат шаһарының шаң
басқан сарғыш дуалдары алыстан көрінді. Өзеннің тар арнасымен қоқыс
араласқан, сарғыш лай су жөңкіле ағып барады. Көкжиекте басын мəңгі қар
басқан үшкір шыңдар бұлдырап көрінеді. Олар еңбеккер дахтар мен
соғдылардың бітік егістіктерін қоршай тізіле қалған.
Бірақ қаулаған биік жүгері, сарғыш бидай, алма мен алмұрт, ерік ескен
əрқашан тыныштық пен рахатқа бөленген алқаптар мен бактардан естілген
өксік пен аңның ырылы, дүмпіл мен шу не?
Төбе басында тұрған скифтер айқайдың қайдан шыққанын анық көрді,
жол үсті мен оның жан-жағында, тура көкпеңбек егістіктің үстінде
жанұшыра жүгірген топ-топ адамдар. Ашық қызыл, сарғыш киімді,
қолдарына сəбилерін көтерген əйелдер, сүрініп - жығылып, қауіп сезілген
тұсқа жалтақ-жалтақ қарап, қалай болса солай, бастары ауған жаққа қарай
қашуда.
Отыз шамалы жатжерлік жауынгерлер найзаларын кезей ұстап, шеп
құрып қатар жүріп келеді. Алдарындағы қолдарына күрек, ара, балта
ұстаған бір топ диқандар шегіне ұрыс салуда. Жандарына жақындағандарға
кесек, тас лақтырады. Түстері суық, қабақтары қатқыл жауынгерлер
қадамдарын нық басып жақындай түсуде.
— Бұл тəртіп орнатып жатқан Қосмүйізді патша ғой,— деді атты
скифтердід бірі.— Қазір явандар қалай шайқасуды ұмытып кеткен мына
өгіз сияқты бейбіт диқандарды қырып салады. Ал балалар мен əйелдерді
құлдыққа сату үшін өздерінің лагерлеріне апарып қамайтын болар.
— Бұл жерде біз қарайтын ешнəрсе жоқ, ары қарай кеттік!—деп қолын
бір сілтеген Тамир серіктерін ертіп төбеден түсті.
Тапталған егістік жердің арасындағы тар жолға түскен олар шаһардың
қорғанына қарай беттеді.
Шаһардың жан-жағындағы жазықтық пен өзеннің жасағы неше түрлі
шатырлардан көрінбейді, араларында арабтардың қара, парсылардың ала
түсті шатырлары да бар, бірақ көбісі егіз терісінен жасалған қара-құрым
аласа жертаған шатырлар. Өзен жағасындағы биік төбенің басына тігілген
бірнеше шатыр өзінің көлемімен де, ала-құла түстерімен де ерекше көзге
түседі. Оның жанында ығы-жығы адам, қатар-қатар кермеде тұрған сан
сəйгүліктер.
Аттылы-жаяу жауынгерлер ерсілі-қарсылы ағылуда, Олардың
арттарынан жалаңаш құлдар зыр жүгіреді. Көбісі отын артқан есектерді
айдап, астық салған қаптарды арқалап, теңдерді тасуда.
Бірнеше макендондық күзетшілер найзаларын айқастырып скифтердің
жолдарын бөгеді. Атты скифтердің біреуі грек тілінде сөйледі
— Сен біздің тілімізді қайдан білесің?—деп сұрады жауынгерлер.
— Мен Тарсаданмын, кликиялықпын,—деп жауап қатты атты адам.—
Бұл жерде сақ князьдарының бірі Будакеннің құлы болып едім. Енді мына
сақ халқының елшілеріне тілмашпын.
— Кімге, не үшін келе жатырсыңдар?
— Патшаларыңды көргіміз келеді,— деді сирақты, биік арғымақ мінген
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қарауыл Төбедегі Оттар - 17
  • Parts
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 01
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2503
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 02
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2397
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2388
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 04
    Total number of words is 3904
    Total number of unique words is 2350
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 05
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2564
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 06
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2284
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 07
    Total number of words is 3949
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 08
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2204
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 09
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2433
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 10
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2314
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 11
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2364
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 12
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2353
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 13
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2338
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 14
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2429
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 15
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2338
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 16
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2281
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 17
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2412
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2363
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 19
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2288
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 20
    Total number of words is 735
    Total number of unique words is 605
    39.6 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.