Latin Common Turkic

Қарауыл Төбедегі Оттар - 19

Total number of words is 3846
Total number of unique words is 2288
30.9 of words are in the 2000 most common words
46.0 of words are in the 5000 most common words
54.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Бай тарту-таралғылар алып, адалдықтарын білдіріп, Александрмен
найза алмастырған скиф князьдары жана шаһар Александрияға қауіп
туғызбайтындықтарын, Яксарттың бергі жағасына өтпейтіндіктерін айтып
ант-су ішісті.
Барлық атты əскерімен Спитаменнің ізіне түскен Александр Фарнухтың
жасағы қираған жерге дейін жетіп, мүрделерді асығыс жерледі де, шөлейт
даламен қуғынды жалғастыра берді. Бірақ із суытып, жауды
жаңылыстырғыш Спитамен ұстатпады.
Жолай сүр түйені бұйдасынан жетектеген жалғыз, жас скифті
ұшыратты. Екі өркештің арасында жас əйел мен бала отыр екен.
— Бұл жерден ешқандай атты адамдарды көрген жоқпын,— деді
көшпенді.— Шөл мен ыстыққа қаталап өлмес үшін осы жерден басталатын
шөл даладан тезірек өтіп кетуге тырысып келеміз.
— Мынадай шөлде қаңғыруға сені не мəжбүр етті?— деп сұрады
жиһангер.— Алтынарна өзенінің шұрайлы алқабында өмір сүру рахат емес
пе?
— Ондағы жерлерді князьдар өзара бөлісіп алған, ал мына даланың иесі
жоқ.
— Ныспың кім өзі, азат тағы.
— Ныспым Солақай — Шеппе, сондықтан да кірейшінің дойыры
қойларды оңға айдаса, мен теріс жаққа жүруді ұнатамын,— деді де
көшпенді қару-жарақтары жарқылдаған салтаттыларға назар аудармай
қадамын нық басып, түйесін жетектеп кете берді.
— Мына тағының жүзі қандай ойсыз еді,— деп Перитакен байқағанын
айтып жатыр.
— Түйеден айырмашылығы тек сөйлей алатындығында ғана,— деді
Александр.— Бəрібір Спитаменді ұстап алып қазыққа отырғызамын, ол
мына бие сауған байғұс сияқты тым аңқау емес шығар!
Қалың қолымен Маракандаға оралған жиһангер жанған көмір
шоқтарының арасындағы жыланның халіндей күн кешті. Айналасында
барлық жерлерде: Соғдианада да, Бактрияда да бұрқ-бұрқ көтерілістер
шығып жатты.
Ормандар мен тауларға қашқан шаруалар азық-түлік алу үшін сыртқа
шыққан македондықтарға бас салып шабуыл жасайды. Осылайша өз
жауынгерлеріне тиіскен елді мекендердің тұрғындарын Александр аяусыз
жазалайтын. Ол Персия жақтан жас македондықтар мен жалдамалы
гректерден жасақталған жаңа күш жіберуді талап етті. Ақырында елді
тыныштандыру үшін ең соңғы шешімге бел байлады да, Соғдиананы
бірнеше бөліп, белгіленген күні əр бөлімшеге жазалаушылар жіберіліп,
елдің ересек тұрғындарының барлығын қыруға тиіс болды.
Жанына бір топ жауынгер еріткен Александр Күрешат шаһарының
талқандалған басқа да елді мекендердің тұрғындары тығылған тауға барды.
Сол жақтан оның тобы мол олжамен оралып, жиһангердің өзі парсы
ханшасы Рокшанекті əкеліп, ұзамай оған үйленетінін жариялады.
— Менің некем Азия мен Европаны жалғастырады,— деді жиһангер
жақын серіктеріне.— Олардың ханымы патшалар падишасының сүйген
жары болған соң соғды князьдары мені жатжерлік деп есептемейді. Ал
халықпен есептесетін не бар, олардың жартысы қара жердің құшағында, ал
қалған жартысына тойым өтетін күні көңілдерін көтеру үшін, тамаша
ойындар мен жауынгерлердің жекпе-жектерін ұйымдастырамын.
Сəтті шабуылдар жасап Спитамен өзінің бұл дүниеде бар екендігін жиіжиі сездіріп тұрды. Бір күні Александр тағы да парсы бекзадаларын жинап
алды:
— Фарнух ақымақтың уəде бергеніне жеті күн емес, жеті айдың жүзі
болды. Бірақ осы уақытқа дейін сендер Спитаменді алдап қолға түсіріп
алдыма алып келе алған жоқсыңдар. Мен сендерге ажалды пенделердің
ішіндегі ең айлалысы бір адамды көмекке беремін. Ол сендерге тозақ оты
мен зұлым аруақтардан жаратылған, қолға түспейтін Спитаменді тауып
ұстауға көмектеседі.
Осыны айтқанда қызметшілер бөлмеге жуықта ақырзаман болатынын
айтып сандырақтап, ауруларды емдейтін дəрі-дəрмек таратып, көріпкелдік
жасап, алаңда жүретінін əркім жиі көретін, сақалды қаңғыбас абызды алып
келді.
Сидиған ұзын, қу сүйек қаңқа сияқты арық, кір-қожалақ қап-қара,
өрілген ұзын бурыл шаштары беліне түскен, үсті-басы жалба-жұлба, қоңыр
жүзінде сарғыш тартқан түйенікіндей сойдақ тістері ырсиып көрінген ол
үлкен көздерімен от шаша қарайды. Өмірін қудай жолында қызмет етуге
арнаған абыздың туғалы алынбаған аяғының тырнақтары бұрала қисайып
князьдарға қарай беттеген кезде тас еденге тарс-тұрс соқты.
— Спитаменді ұстау ма? Əрине, қолымнан келеді, менің қолымнан
барлығы да келеді,— деген абыздың жайын ауыздары құлағына дейін
созылды.— Бірақ оны ұстаған бойда отқа өртеп жіберу қажет, əйтпесе
жарқанатқа айналады да, жарқ етіп ұшып ғайып болады.
Мараканданың оңтүстігіндегі таудың шатқалындағы тынымсыз
сарқырама төмен қарай құлаған жартастың астында оттар алаулайды.
Семсер асынып, найза ұстаған бір топ жалба киімді адамдар сол оттардың
басында отыр. Кейбіреулерінде парсылардың немесе македондықтардың
қалқандары да бар. Анадайда, тау бөктерінде шідерленген жарау аттар
жайылып жүр.
Үйілген көмір шоғының ортасына үлкен қола қазан қойылған. Оның
ішіндегі ас бұрқ-сарқ қайнап, қазанның бір ернеуіне көтерілген қоңыр
көбік отқа тамды да шыж ете қалды.
Бұтаның арасында тығылып жатқан күзетшінің:— Жақынсың ба,
жатсың ба? Тоқта!— деген дауысы естілді.
— Қорғаушы жəне жəрдем іздеп жүрміз?— деген жауап естілді.
— Əй, Тарақан, дұрыстап қара, бізге келе жатқан кім екен, өзі!
Қартаң шаруа шолақ найзасын көтеріп бұталарға қарай беттеді. Ол
жақтан дауласқан дауыс естілді. Тарақан қайтып оралды, ізінде екі адам;
бірі сабалақ, бұрымдары ұзын, абыздың кір-кір киімін киген арық байғұс
та, екіншісі атақты парсы пішіндес, іркілдек бет, жуан, сал бөксе, жосадай
сəнді киім киген, белін семсер ілген жалпақ кісемен буынған.
— Ей, шөңгелер, мына адамдар Спитаменді көріп, оған маңызды хабар
жеткізбек екен,— деген Тарақан көзін қысып қулана ымдап қойды.—
Өздерін тыңдайық па, əлде жартастан бір-ақ зымыратайық па?
— Айтсын не дер екен? Шиебөрілерге таста!—деген дөрекі дауыстар
шықты.
Алдымен абыз сөз бастады.
— О, Отанымызды қорғаушы жаужүрек жандар! Аспанның асты, ұлы
құдай Агурамазда, күллі əлем сендерге қарап ерліктеріңе таң қалуда.
Жанымдағы əкім Датаферн Бесстың сол қолы еді, онымен бірге Қосмүйізді
біздің жерімізге жібермеуге бар күшін салды. Бірақ Қосмүйізге зұлым
жындар көмектесті де, ол жерімізді қанға бояды.
— Датаферн əкімнің өзі айтсын. Ол үшін сен неге əн салып тұрсың?
Датаферн мəймөңкеленіп жорғалай сөйледі:
— Мен көптен бері сендерді тауып алып қарғыс атқан явандарға қарсы
бірге күрессем деп ойлап жүр едім. Бірақ ешкім де сендердің колға
түспейтін көсемдерің Спитаменнің қайда екендігін білмейді. Ақыры
таудағы оттар көзіме шалынды да тура тартып осында келдім.
— Біздерден саған не керек, соны ашық айтсаң?
— Менің өздеріңмен бірге болып, сендерге көмектескім келеді.
Көсемдерің Спитамен қайда? Осында ма өзі?
— Оның қажеті қанша? Біздер бəріміз біргеміз. Бұлтақтамай турасын
айт.
Датаферн ойланып қалды да, жауaп қатты:
— Сендердің дегендерің - ақ болсын. Мүмкін маған сенбей отырған
шығарсыңдар, бірақ қазір сендерге ортақ іске əрқашан дайындығымды,
ешқандай байлығымды аямайтындығымды, өздеріңмен бірге екендігімді
дəлелдеймін. Қосмүйіз алғаш рет Маракандаға келгенде əкем атабабаларымнан қалған барлық қазынаны явандар талап алар деп қатты
қорықты. Барлық алтын мен күмісті бір түйеге артты да, жанына сенімді
жалшысын ертіп тауға кетіп Ағалықтың жанындағы бір жерге апарып
көмді. Əкем дұрыс жасаған екен. Явандардың жорық қоржындарына бір
қаланы да сыйғызып əкететінін өздерің білесіңдер ғой. Олар үйіміздегі
барлық дүние мүлікті тонап алды, Ағалыққа жете алмаған кəрі əкем аштан
өлді.
— Бірақ сенің местей қарныңа қарап аштықтан зардап шеккеніңе сене
қою қиын!—деп біреу саңқ ете қалды.
— Ессіз неме, күлме!— деп жауап қатты Датаферн.— Біздің
тұқымымыздың өзі осындай. Явандар мен Қосмүйіз патшадан шеккен
қаншама тақсіретіме қарамай етімнен арылған жоқпын. Бірақ ешқашан да
жайбарақат қала алмаймын. Басқа да батыл адамдар сияқты мен де
отанымыздың алқымынан алған зұлым жаумен күрескім келеді. Қосмүйізге
қарсы соғысқа, бəріміздің ортақ мүддеміз үшін мен сендерге бар
байлығымды бергелі келдім. Ағалықта əкемнің бай қазынасы көмулі
жатыр, оған қару-жарақ, аттарды сатып алуға...
— Сендер жаужүрек сарбаздар оны өзара бөлісіп алуларыңа да болады,
— деп қоштады алба-жұлба абыз.
— Бірақ көмбеден қазынаны алу үшін, сендердің жігіттерің менімен
бірге жүріп, түнде қазып алып жүйрік аттармен қашып кетулері керек.
Əйтпесе ол жақта явандармен ұшырасып қалып, аналар барлық байлықты
тартып алулары мүмкін.
Дау басталды да кетті. Біреулері қазынаны бөлісу, екіншілері ортақ іске
жұмсау, үшіншілері алдымен алып келіп не істеу керектігін содан кейін
шешу жайлы айтты.
Ақырында Датаферн əкім қайтып оралғанша абызды аманатқа
қалдырып, тын ат мінген он адамды қазыынаға жұмсауға тоқтады.
Салтаттылар мен Датаферн қараңғыға сүңгіп жоғалған сəтте оттың
басына жүрелеп отырған абыздың үлкен көздері сəулеге шағылысып қызыл
шоқтай жайнады. Оның жанында кенеттен көлеңке сияқты Спитамен пайда
болды. Ол жеңіл секіріп, таудың оны ешкім күтпеген жағынан түскен еді.
Бұрынғысынша басын қызыл орамалмен таңған, сұр көйлегін былғары
белдікпен буып, иі қанған теріден тіккен жұмсақ етігі оның қадамының
дыбысын шығармайтын.
— Сен, қара қарға, біздерге қайдан тап болдың? Өзіңмен бірге қандай
бақытсыздық алып келдің?
Шошып кеткен абыз ұшып тұрып, секіріп кетті, бірақ Спитамен оның
қоңыр киімінің етегінен ұстап үлгерді.
— Маған тиіспе, жайыма жібер! Мен күндей жарық Агурамазданың
қызметшісі қасиетті абызбын. Егер маған бір жерің тисе, ол сені
найзағаймен атып, жайдың оғымен жайратады.
Бірақ жүн матадан мықтап ұстаған Спитамен пышағын суырып алды да
киімнің үлкен бір бөлегін кесіп, лаулап жатқан көмірдің шоғына тастап
жіберді.
— Ал, жігіттер, мына шоқпыттан не көрінетінін қараңдаршы?
Абыз киімінің жыртығын оттан алғысы келіп ұмтылып еді, оншақты
қарулы қолдар оны ұстап жібермеді.
Шоқпыт тұтанды да, лап ете қалып тез жанып бітті, күлдің арасынан
Персия патшалары мен сатраптарының бейнелері салынған бірнеше алтын
тиындар көрінді.
— Мына шіріген құрт өзінің бауырларын Қосмүйізге сатқаны үшін
алған алтын осы! Бұл жендет пен ұрыдан да қауіпті.
Өзінің арықтығына қарамай абыз өте күшті болатын. Ұстамақ
болғандардың барлықтарын олай-бұлай лақтырып, қолдарында тек
киімінің жыртығын ғана қалдырып, босанып шықты.
— Агурамазда сенің құдіретің бəріне де жетеді, мені жарқанатқа
айналдыршы!—деп шыңғыра айқайлаған ол жартастан түпсіз тұңғиыққа
қарай секірді. Сəлден кейін түнек шыңыраудың түбінен домалаған
тастардың шуы естілді.
— Ай, аңқаулар - ай,— деді Спитамен,— мұның Қосмүйіздің жансызы
екендігі қалайша қаперлеріңе келмеген? Киімін отқа тастаңдаршы! Биттері
қанша болса, тиындары да сонша. Əр жамаудың астында тек парсы
теңгелері ғана емес, Қосмүйіздің басы салынған явандардың ақшалары да
бар.
Ғажайып бас
Соғдиананы семсермен, отпен бас идірген жиһангер Маракандада,
Бесстың бұрынғы сарайында демалып жатты.
Əрбір кеш сайын дастарқан басына оның ең жақын көмекшілері,
жоғары лауазымды əскербасылары, атақты парсылар жиналатын.
Оның жанында алтын жіппен жұлдыздар салып оқаланған күлгін түсті
финикия жамылғысы жабылған төсекте Азияның жас патшазадасы,
жиһангер бұрынғы есімін өзгертіп Роксана деп атаған Рокшанек жатыр. Ол
патшаға, оның бұлшық етті, қорбаңдаған македондық серіктеріне, айнала
өтіп тойға қатынасушылардың қолдарына кезек-кезек тиген Гераклдің
үлкен шөлмегін бастарына бір-ақ көтеріп босатқанға көздері шарасынан
шығып таңдана қарайтын.
Александр онша көңіл бөлген жоқ. Бірнеше күн ермек етті де, жаңа
жорықтардың жоспарларымен айналысып кетті. Александр өзінің сансыз
ерліктері жайлы əңгіме бастай берген кезде, шатырға бір жауынгер кіріп
келіп, жиһангердің назар аударуын күтіп тұра қалды.
— Не болды?
— Бекзада Датаферн қабылдауыңызды өтінеді.
— Келсін. Бір айдан бері көрінген жоқ. Не əкелді екен көрейін.
Есіктен Датаферннің жуан денесі көрінді. Тышқан көздері жылтырап,
айналасын тінте алақ-жұлақ қарап, ауыр демалады.
Александр төсегінен ұшып тұрды.
Артына бұрылған Датаферн бөлменің ішіне қарай арық, жас əйелді
итеріп жіберді. Шарасыздықтан қолдары салбыраған ол тоқтай қалды.
Басын ақ жүн шəлімен ораған, шəлінің өрнектелген қызыл етегі еденге
дейін түседі. Күлгін түсті киімі жыртылып шан басқан. Түк көрмегендей
көздері едірейіп тура қарайды.
Əдетте парсы бекзадалары ұйымдастырып жүрген қызықтардың бірін
күткен Александр айқайлап жіберді:
— Бұл не қылған құр? Берірек жақындатшы өзін.
Датаферн əйелді қолынан жетектеп жібек кілемнің үстімен жүріп,
бөлмені кесіп өтіп жиһангер жантайып жатқан төсектің жанына алып келді.
Екінші қолында соғдылар жем бергенде аттың басына кигізетін кəдімгі ала
дорба.
— О, мəртебелім!— деп саңқ еткен Датаферн Александрға
жақындағанда тізерлеп отыра қалып, ала дорбаны қос қолдап жоғары
көтерді:—Мен сіздің көптен күткен қауыныңызды алып келдім.
— Не қылған қауын? Көрсет кəні!
Датаферн дорбаны еденге қойды, содан кейін одан алдымен парсы
тымағын суырды, сосын оған екі алақанын сұқты да адамның кесілген
басын алды. Бастың бұйра шаштарынан ұстап бетін Александрға бұрды.
Бөлме іші тым-тырыс. Барлықтары да орындарынан тұрып, таңғажайып
өлі жүзді көргілері келіп жақындай түсті.
Бұл сəл шықшытты келген, шығыс кескінді жас соғдының немесе
скифтың басы болатын. Кірпіктері сəл ғана жабылған, ойлана қалған кейпі
жас жүздің соңғы сəттегі қимылына өзінің таңбасын мəңгілікке басқан.
Үстіңгі ернінен жоғарырақтағы майда мұрт оның əлі бозбала екендігін,
езулеріне үйірілген қайғы табы оның ашық та, адал жан екендігін
байқататын.
— Бұл кім?—деген жиһангердің дауысы күңірене шықты.
— Спитамен!—деп қуана тіл қатты Датаферн.
— Бұл бас маған ұнайды,— дейді Александр,— бірақ Дарийдың садағы
мен қалқаны, Бесстың саусағынан суырып алған жүзік сияқты мұны басқа
олжаларымның арасында бірге алып жүре алмайтындығым өкінішті-ақ...
Лисипп!
— Лисипп, Лисипп, сені жиһангер шақырып жатыр,— деген дауыстар
шықты.
Храмдарға қою үшін Александр өзінің бейнесін қоладан құюды
тапсырған атақты мүсінші, қартаң грек орнынан тұрып алға шықты:
— Мен мұндамын, жиһангер, əміріне құлдық!
— Қоладан дəл осындай басты айнытпай құя аласың ба? Бүл менің
жауларымның ішіндегі ең батылы еді. Басқалар сияқты менен қашпайтын,
керісінше өзі шабуыл жасайтын.
— Жасай аламын, жиһангер,— деп жайбарақат жауап қатты Лисипп,
басқа жақындап, міз бақпаған жүзді мұқият қарады.— Бұл арда өскен
тағылардың ғажайып бейнесі. Бірақ оның жүзі өзгермей тұрғанда тап қазір
жұмысқа кірісуім керек. Ол басты ақырын ғана тымаққа орап бөлмеден
шығып кетті .
— Ал сен кімсің? Есімің кім?—деп жиһангер жүзі мұңға батып,
қалшиып тұрған жас əйелге бұрылды.
— Менің есімім Томирис, ал сені Қосмүйіз «адамзаттың қарғысына
ұшыраған» деп атайды,— деді ол тым-тырыс тыныштықты бұзып.
Мына сөздерді естіген сириялық тілмаш кекештеніп қалды.
Оған тесіле қараған жиһангер:
— Не айтты? Аудар!—деп бұйырды.
Сириялық сыбырлап қана оның сөздерін аударғанда, жиһангер қолымен
əйелді нұсқап, дігерлей сөйледі:
— Мен сені жібекке малындырып, алтын теңге сыйлап құрметтейін деп
едім. Алдыма бас иіп келген дұшпандарымды əрқашан дархандықпен
сыйлайтын, көргенсіздерді қатал жазалайтын дағдым бар болатын. Тек
болғалы тұрған қуанышымның, үйлену тойымның құрметіне ғана мұны
жазадан босатамын. Мына қасқырдың қаншығын дүрелеп қуыңдар,
бишараларға ұқсап жол бойында қаңғып жүрсін!.. Роксана ханым,— деп
жиһангер Рокшанекке бұрылды.— Өзіңнің бейкүнə жанарыңмен əйел
кейпіңдегі мына хайуанға қарай көрмеші. Əн салыңдар, би билеңдер!
Музыканттар ұшып - ұшып тұрып, арфалар сызылтып, кернейлер
гуілдеп кетті. Малай парсылар Томириске тап беріп, оны шығар есікке
қарай екілене сүйрей жөнелді.
Бір жауынгер Томиристі сарайдың дарбазасына дейін шығарып салды.
Қараңғылыққа сүңгіп кеткен ол тəлтіректеп, қабырғаны жағалап, жарға
сүйеніп келе жатты. Кенет шым қараңғылықтан қалбаңдаған бейне көрінді
де, жолын кес-кестей берді.
— Томирис...— деп ысылдады əлгі əлсіз дауыспен.
— Шеппе, мұнда неғып жүрсің?
— Менің жолдастарым сенің ізіңе түскен екен, бірақ, құтқара алмапты.
Бұл жерден тез кетейік.
Томиристі қолынан жетектеген Спитамен тар көшеден өтті де, көлденең
арықтан оны ақырын ғана демеп өткізіп, анадайда үлкен түйенің бейнесі
қараңдаған бұрылысқа беттеді.
— Ақыры жеттіңдер ме?—деген баланың үні естілді.— Жанымнан
явандар өтті. Ұстап алатын шығар деп зəрем зəр түбіне кетті.
Спитамен Томиристі көтеріп үлпілдеген түйе өркештерінің арасына
отыруына көмектесті.
— Енді түйемен төртеу болдық, күнімізді көретін шығармыз,— деді
Спитамен кедір-бұдыр жолмен қадамдап бара жатып.
Мұрны шуылдаған түйе шаң басқан жолдың үстімел жалпақ
табандарын асықпай маң-маң басып келеді.
Тағы да Томиристің үні шықты:
— Парсының суайт бекзадасы Қосмүйізге кімнің басын тарту етті екен?
— Біздің бір қарулас досымыздың басы. Бекзадалар аңғал батырды
аңдаусызда ұстап алды. Барлык ақсүйектердің сараң əрі өтірікші екендігі
белгілі ғой, сөйтіп олар менікі деп əлгі бишараның басын Қосмүйізге тарту
етті. Бірақ халықтың бостандығы үшін қаза тапқан бір қаһарманның орнын
жаңадан басқа батырлар басады ғой. Енді явандар да, опасыз соғды
əкімдері де аңдып менің. соңыма түседі, сондықтан олар бұл жерден
кеткенше есімімді білмейтін басқа жаққа барып бой тасалай тұрған мақұл...
Алдымызда алыс жол жатыр, айт шу, жануарым
ЭПИЛОГ
Александрды «жақтау» мен «даттау» сөзі
Александрдың Роксанаға үйлену тойы Маракандада өтті. Осы неке
арқылы «Европа мен Азияның берік одағы» идеясын іске асырдым деп
есептеген Александр бірінен кейін екіншілері жалғасқан мерекелер мен
тойларда Дарийдін тағына отырып, парсы əкімдері Дарий сияқты оның да
аяғын сүюді дəстүрге айналдырды.
Роксана Александрға сұрақ қойды:
— Өзіңнің македондықтарың сенің алдыңда бастары жерге тигенше
неге иілмейді? Македондықтар қанша, азияның халықтары қанша? Барлық
македондықтар құдайдың сүйген құлдары емес қой? Құдайдың қалаған ұлы
— жалғыз сен ғана. Олар сенің алдыңда иілмесе, ертеңгі күні тағыңды
тартып алуға ұмтылуы да мүмкін.
Осы əңгімеден соң парсылардың əдет-ғұрыптары бойынша алдымен
Гефестион, содан кейін жақын жүрген македондықтар мен гректер
шеттерінен Александрдың алдына жығылып, құрмет көрсете бастады.
Бірақ Александрдың құрдастары мен жолдастарынан құралған шағын
ғана топ өздерін бəз баяғы қалыптарында ұстады. Олардың арасында
Аристотельдің жиені — от ауызды, орақ тілді шешен, философ əрі
тарихшы Каллисфен де болатын. Мұны байқаған Александр кейде қабағын
қарс түйіп алатын. Каллисфеннің қатынасуымен өзіне қарсы
ұйымдастырылып жатқан қастандық жайлы тыңшылары мен сөз
тасушылар жеткізіп жүрсе де ашуын сыртқа шығармай, бəрін ішінде бүгіп
ұстайтын.
Бірде əдеттегідей мол дастарқанның үстінде жанына жақын жүргендер
бірінен соң екіншілері «құдай сүйген» патшаларын жерге тигізбей
мадақтады көп. Грек тілін нашар білетін Роксана əңгімеге араласқан жоқ.
Масаң Александр өзіне арналған барлық сөздерді құптай тыңдап, өткендегі
жəне болашақ жорықтары мен ерліктері жайында біраз мақтанып та алды.
Жалбақай Перитакен жұрттың жабыла мақтағанын жақтырмай, оған
қарсылық пен құптамағандықтың белгісі ретінде жалғыздан-жалғыз үнсіз
қалған Каллисфенге патшаның назарын аударғызды. Айлалы сұм
Перитакен Каллисфенге Александрдың құрметіне сөз сөйлеуді ұсынып,
оның бұдан бас тартатынын, сол арқылы жиһангерге адал еместігін
дəлелдейді деп есептеді.
Əрқашан өзін тəкаппар, асқақ, еркін ұстайтын, əдемі гиматий киіп,
үстінен Мысыр иісмайлары аңқыған Каллисфен тура өзінің Афинысында
жүргендей жұмсақ, орнынан асықпай көтеріліп, бұйра шашын асықпай
жөнге келтіріп сөз бастады.
Бұл патшаның өзі күтпеген, тіпті осылай - ау деп те ойламаған оның
ұлы істері мен сіңірген еңбектері жайлы жарқын сөз болатын. Ол
Александрдың тамаша жеңістерінің қоғамды дамытудағы мəнін; Батыс пен
Шығыстың арасын мəңгілік байланыстырғандығын: бұрын оған дейін
азғантай жиһанкездер ғана өткен ұлы жолдарды бүтіндей халықтарға
таныстырғандығын; оның жорығының батыстағы халықтар үшін
шығыстың ұлы мəдениетінің есігін ашқандығын; бұл жорықтың Европа
мен Азия халықтарының болашақ тарихына тигізетін зиянды əсерін де
ашық айтты. Каллисфен мемлекет қайраткері, дарынды қолбасшы ретіндегі
жəне дархандығы мен ғажайып жау жүректігін мақтап Александрдың жеке
басының кейбір тамаша қасиеттеріне өте жоғары баға берді...
Каллисфеннің сөзін тілмаштар кезектесіп Роксанаға аударып отырды.
Александр алдымен тандана, сенімсіздікпен, кейін барлық назарын
аударып тыңдап отырды да, Каллисфен сөзін аяқтаған соң өзіне шақырып
сый тартқысы келді.
Бірақ өзінің ыңғайсыз, ұят жағдайға қалғанын сездіргісі келмеген
Перитакен Каллисфенге:
— Егер сен нағыз софист əрі асқан шешен екендігіңді дəлелдеп, дəл
осындай шеберлікпен ұлы Александрдың жорығының кемшілік жақтары
тур алы айтып берші?!— деп ұсыныс жасады.
— Иə,— деп іліп алып кетті Александр.— Осындай сөз айт! Кілең
еститінім мадақтау ғана. «Александрды даттаған» сөзіңді софизмнің үлгісі
ретінде көңіліме кірбің түсірмей, достық ниетпен қабыл аламын...
Енді Каллисфен керісінше «даттау» сөзін сөйледі.
Мұнда ол: Александрдың əкесі, македондықтардың патшасы Филипптің
ұлынан артық болғандығын, күшті армия құрып Македония мен Грецияны
біріктіргенін, жаңа əскери тəртіптер орнатып, бұл арқылы шығысқа
жорықтың жəне бүгінгі жеңістердің негізін қалап, дайындағанын; Азияға
жасаған ұлы жорық пен ұлы жеңістердің даңқының жалғыз Александрға
емес, жарты əлемді жарып өткен оның ұлы армиясына, қарулас жолдастары
гректер мен македондықтарға ортақ екендігін; мемлекет қайраткері ретінде
Александр адамзатқа ешнəрсе бермегендігін; өткен жерлерінің бəрін
талқандап, ежелгі мəдениет ошағы Тир мен Сидонды қиратқандығын,
ондаған қалаларды жермен-жексен етіп, көптеген халықтардың ғылым мен
мəдениеттегі жетістіктерін, баға жетпес рухани байлықтарын жоқ
еткендігін; оның «Европа мен Азияның достығы» дегені бұл — жеңімпаз
бен жеңілгендердің, құл мен қожасының араларындағы күшпен танылған,
сондықтан да қожасының ажалы жеткен күні ажыратуға тиіс жалған
«достық» екендігін; өзінің қаталдығы жағынан Александрдың тарихта
бұрын-соңды жасаған барлық қанішер патшалардан асып түскендігін ашып
айтты. Гректерді сүйетіндігін сөз жүзінде ғана білдіретін оның отыз мың
қаһарман фивандықтарды құлдыққа сатқандығын, қолдарына қару алып өз
отанының азаттығы үшін бұған қарсы тұрған тірліктерді крестке
кергізгендігін; өзінің эллин мəдениетінің өкілі болғандығы үшін оның бұл
мəдениетке борышты екендігін, сүйегі эллин болмаса да (осы арада
Александр дір ете түсті) барлық гректер мен иісі гректіктерді армиясынан
қуғандығын, айналасын өзінің аяғына жығылған парсы ақсүйектерімен
қоршап, оларды мемлекеттік мансапқа жоғарылатқандығын; онымен
қоймай парсы шалбары мен атлас кебісін киіп, өзінің қарулас
жолдастарының оны құдай деп танып, құлдық ұрып аяғын сүюді ұялмай
талап еткенін бетіне басты. Ахиллес те, өзі құдірет тұтатын «Иллиада»
дастанындағы ежелгі гректердің басқа қаһармандары отандастарынан
осыны талап етер ме еді? Нағыз батырдың осыншама құлдырауына олар
жол берер ме еді?..
Алаяқ Перитакеннің көздеген мақсаты да осы еді, жын ұрғандай
Александр орнынан ұшып тұрды. Сол жақ беті мен иығы ашудан дір-дір
етіп, тұла бойы қалшылдады кеп:
— Енді маған деген сенің һарам ниетіңе көзім əбден жетті! Ақыры өзін
ашылып айттың. Менің айдан анық қауіпті дұшпаным болғандықтан жазаға
лайықсың...
— Философ ретінде мен қандай жазаны да қасқайып қарсы ала аламын,
— деді Каллисфен.— Нұр бейнелі ұлы Фебаның шəкірті əрі
ізбасарларының бірі ретінде өтінетінім, күн мен жұлдыздарды, ашық
аспанды көру мүмкіндігінен айырып, қараңғы қапасқа тастама. Жазаласаң
бірден өлтір.
— Өзім де солай етемін.
Каллисфенді ұстап, сырт киімін сыпырып, қолдарын бұрап алып кетті.
Оның өзін асқақ ұстағандығы сондай, шығып Кетуінің өзі бұрынғы ниеттес
жолдастарымен қоштасудың мерекесіне айналғандай еді.
Осы оқиғадан кейін Александрдың кешкі астағы дастарқанының басы
көңілсіз өтетін болды. Тіпті Персияның əр өлкесінен Роксана алдыртқан
сайқымазақтардың, əншілер мен бишілердің өнерлері де бұрынғы сəнсалтанатты қайтып оралта алған жоқ.
Қарсылық күшейе түсті. Құдайдың сүйген ұлы, даналардың данасы
деген мадақ сөздерді бəрі жабылып айтқанымен, мазмұны терең
Александрды «мақтау» мен «даттау» сөзін Каллисфен сияқты ешкім де
батыл əрі дəл айта алған жоқ.
Александрдын бұйрығы бойынша, Каллисфен күнге күйіп, жауынға
тоңсын деп жан-жағы ашық темір торға қамалды.
Александр кешірім сұрауды күтті. Каллисфенге мейірім жасауды
сұраған кейбіреулерге ол:
— Каллисфеннің өзі не дейді? Кешірімді өзі сұрамай ма?— дейтін.
— Оның сұрайтыны жалғыз-ақ нəрсе; сенің жорықтарың мен өзі көрген
ұлы істерді жазу үшін тек папирус қағаздарын көбірек беруді өтінді.
Əлгі оқиғадан жарты жыл өткен соң Александр Гефестионнан:
— Каллисфеннің жағдайы қалай?—деп сұрады.
— Биттеп кетті, өлетін шығар.
— Кешірім сұрайтын ойы жоқ па?
— «Құдайдан жарықты, Фебтан шындықты сұраймын, қанішерден
ештеңені де...»— дейді.
— Оның қайсарлығы жұқпалы дерт сияқты. Бұл басқалар үшін үлгі
емес. Астыртын қарсылық көрсетушілердің жұлынын үзу керек. Патшаның
өміріне мойынсұнбаушылық Каллисфеннен тамырланып жатыр. Оны
жазалаған дұрыс!
Каллисфеннің ерлік өлімі
Патша мерекелік көрініс ретінде жабайы арыстанның адамды
талағанын ұйымдастыруды бұйырды. Мұны тамашалауға тізе қосып
Үндістанға аттануға уағдаласқан скиф елшілерін де шақыртты.
Болашақтағы шапқыншылық жорықтар үшін жаңа жолдарды біліп аламыз
деп қуанған скифтер келіссөздер жүргізіп, шақырылған жерге ықыластана
келді.
Жаза азғана уақыт патшалық құрған, Мараканданың бұрынғы сатрапы
Бесстың сарайының ішінде өтуге тиіс болатын. Үлкен аула бұрын Бесстың
əйелдері тұрған, əрқайсысының ортадағы алаңға шығатын есіктері бар,
табалдырықтарының жанында роза гүлінің қалың бұтасы өсіп тұрған бір
қабат үйлермен қоршалған. Ауланың ортасында алтын түсті балықтар
жүзіп жүрген үлкен шаршы қауыз.
Ауланы қоршаған үйлердің төбелеріне кілемдерді жайып - жайып
жіберіп патшаның жақын адамдары мен ең үлкен əкімдер жайғасқан. Бір
жағында — парсылар, екінші жақтарында — македондық əскербасылар,
көптеген жауынгерлер де төбеге шығып алған.
Əлдеқайдан арыстанның ақырған, ызалы ырылы естіледі. Жыртқыш
шөл даладан тормен əдейі ұсталып, ермек үшін осында əкелінген болатын.
Александр бұл қызыққа таудағы биік жартастың басына салынған
қамалға бекінген көтерілісшілерді басып, ұстап алсам деген сапардан
оралған бетте келді. Қамалды алған жауынгерлер қорғаушылардың
барлықтарын қырып тастады да, тонаумен айналысты. Біраз жауынгерлерді
сонда қалдырған патша жақын нөкерлерімен қызық көрмек үшін осында
тездетіп суыт жүріп жеткен еді.
Құлдар оны шомылдырып, денесін иіс майлап, шашын бұйралады.
Осыған байланысты болғалы тұрған көрініс сəл кідіртілді.
Кернейлер мен сыбызғылар ойнап, жиһангердін келгенін жария етті.
Барлықтары орындарынан тұрып «Ту Бихас!» («Сен жеңесің!») деп
айқайлап, етпеттеп құлай - құлай кетісті. Тек жерге жығылғандардың
сыртында батар күннің жалқынымен ұзын найзалары қалың тікенекке
ұқсап, шошая қалған жауынгерлер ғана міз бақпай қалшиып тұр.
Жеңсіз көк туника, қызғылт жібек шалбар киген Александр аяғын нық
басып алтын тақ үстіндегі өзіне арналған орынға келіп жайғасқан кезде
ғана аулаға кіретін дарбазаның қақпасы ашылды.
Əрқайсысы түрекелген адамның бойынан биік екі доңғалағы
шиқылдаған үстінде темір торы бар қашырлар жегілген қызыл арба ішке
кірді. Tоp ішіндегі Каллисфенді қазір ешкім де танитын емес. Тыр жалаңаш
бүрісіп отырған оның бұрын үнемі сəнденіп бұйраланатын ұзын шаштары
енді ұйпа-тұйпа шудаға айналған.
Тордың есігі ашылды, папирус орамалдарын кеудесіне қысқан
Каллисфен тордан сыртқа шықты. Сосын қолындағыларды қызыл жіппен
буды да, жерге қойды.
Оған сулық берілді. Берген сулықпен кербез қимылмен иығынан
асырып денесін қымтап, қыртыстарын жазып, он қолын бос тастап,
жалшылардың арбаны алып кетуін сабырмен күтті.
Қоңырауларының сыңғыры тынып, қашырлар көрінбей кеткен соң
жанына келген үкімші - парсы Каллисфенге:
— Жиһангерге басыңды и!—деп сыбыр етті.
Каллисфен қорғанған адам сияқты қолын көтерді де, теріс айналды.
Қалқан көтеріп қолдарына найза ұстаған парсы əскерлері сап түзеп
дарбазаның алдына келді де тұра - тұра қалысты. Үкімші парсы
Александрдың алдына келіп құлдық ұрып, жүрелеп отырған күйі қайтақайта иіліп грек тілін бұрай сөйледі.
— Халықтардың теңдессіз əміршісі жəне оның өмірлік таңғажайып
жары! Құрметті меймандарымыз қазір жарылқаушымызға һарам пиғыл
танытқан ед атақты адамдардың өздерінің де қандай күйге душар
болатынын өз көздерімен көріп куə болады!..
Осыны айтты да парсы асығыс шығып кетті.
Қызған темір шыбықтармен əдейі піскілеп ызаландырған арыстанның
ырылы күшейе түсті. Төменге апаратын қарағаш тақтайларынан жасалған
шағын есіктің алдында шынжырлаулы жиырма төрт қара құл тапжылмай
күтіп тұр. Əр құлдың қолында жапырақ тəрізді жалпақ жүздері қылпып
қайралған қысқа найза бар.
— Аш!—деген көріністі басқарып жүрген үкімші парсының айқайы
естілді.
Қапастың қарағаш есігі айқара ашылды. Құлдар кейін шегініп
қабырғаға жабысып -жабысып тұра қалысты. Жер астындағы қапастың
шаршы тесігінен кадамын алшақ тастап, атылып шыққан арыстан бұрын
көрмеген жайға таңданғандай тұрды да қалды. Түнек қараңғыдан соң көзін
күн қарықтырып, əрі еркін өскен кең жазираға үйренген жыртқыш мынау
түсініксіз құрылыстарға үрке қарап, алаңның ортасында жалғыз тұрған
адамға бірден назар аудара қойған жоқ. Арыстан қауызға қарай ұмтылып
бірнеше секіріп оны айналып өтті де тоқтай қалды.
Каллисфен сулығын кербез қимылмен серпіп жіберіп, батып бара
жатқан күнге қарай бұрылды да:
— Ұлылардың ұлысы, адамзатты ақиқатқа жетелеуші, жарық дүние мен
шындықты жасаушы, даналық пен кемеңгерліктің азат іздеушісі, нұр
бейнелі Феб соңғы сөзімді саған арнаймын.
Он сегіз мың ғаламның ішінде жанарын көкке қаратып дүние есігін
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қарауыл Төбедегі Оттар - 20
  • Parts
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 01
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2503
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 02
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2397
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2388
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 04
    Total number of words is 3904
    Total number of unique words is 2350
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 05
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2564
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 06
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2284
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 07
    Total number of words is 3949
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 08
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2204
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 09
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2433
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 10
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2314
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 11
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2364
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 12
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2353
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 13
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2338
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 14
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2429
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 15
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2338
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 16
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2281
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 17
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2412
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2363
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 19
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2288
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 20
    Total number of words is 735
    Total number of unique words is 605
    39.6 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.