Latin Common Turkic

Қарауыл Төбедегі Оттар - 05

Total number of words is 3976
Total number of unique words is 2564
29.5 of words are in the 2000 most common words
42.9 of words are in the 5000 most common words
51.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Оларды өзімізге қайтар, Будакен! Кең даламыздан алыстағы жат елге
жіберген сен ғой!
Будакен тұрған беті бұрынғы қалпынан өзгермеді. Жағы салбырап, беті
бүлкілдеп, көздері мұрынының ұшына қарай қитарланып, қолының
қалтырағаны соншама ұстаған қамшысының қос өрімі жыланның
құйрығынша ирелеңдейді.
— Дүре соғыңдар!—деп күркіреген ол отты аттап өтіп, үрейі ұшқан
жаушыны итеріп, аяғымен тепкілеп, қамшымен осып-осып жіберді.
Жаушының қолындағы шара төңкеріліп түсіп, аппақ қымыз жібек
жастықтарға төгілді.— Дүрелеңдер, дедім мен! Малға ұқсап құлақтарың
салбырап неге қарап тұрсыңдар!—деп бір жалшыны иығынан ұстаған
Будакен жұлқи тартып, бүрісе қалған жаушы жаққа қарай лақтырып
жіберді.
Белдеріне қыстырған қамшыларын ала сала скифтер жаушыға
ұмтылды. Олар Будакеннің қаһарын жақсы білетін. Князьдің сирек
тұтанатын ашуы келе көрмесін, келген кезде жазықты жанды
қылғындырып тастаған кездері де аз емес.
— Басын, аяқтарын ұстаңдар! Қатты ұстаңдар! Өзім өлтіремін. Есі
ауысқан, түйе!— деп күркіреген ашулы Будакен жаушының жұлқына
ирелеңдеген денесіне қос өрімді қамшысын жаудырды.
Үрейі ұшқан жаушы əуелі қорыққаннан дыбыс шығармады, содан кейін
жан ұшыра айқайлай бастады. Даладағы тобыр тына қалып, мына
сұмдыққа сан көз жылтырап керегенің сыртынан сұқтана қарады.
— Сені жіберген қандай мисыз малғұндар! Есі түзулеу басқа біреуді
таппаған екен! Бүкіл дала əбігерге түсіп, ел қоныстарынан безіп, таудан аса
үдере көшіп исседондарға кетсін, сосын біздің орнымызға малдарын айдап
бақташы сарттар келсін дейсің ғой? Мүмкін бəрі құрымаған шығар? Айт
шыныңды!
— Мүмкін, барлығы емес шығар?..— деп қорсылдады елші.
— Қай жерде қырылды?— деп гүрілдеген Будакен жаушыны сабай
берді.
— Ана жақта!..— деп шыңғырды жаушы.
— Қай жақта?..
— Персияда...
Елшілерді өлтірмейді
Елшіні сабағанға езуіне күлкі үйіріліп, сырттан бақылап тұрған
Спитамен жақындап барып ұра беруден шаршамайтын Будакеннің қолынан
ұстай алды.
— Жетер енді, Будакен! Елшілерді балағаттауға, өлтіруге болмайтын
дəстүрді ұмытқансың ба. Елшіге ажал жоқ!
Будакен қолын жұлып алғысы келіп еді, бірақ Спитамен жібермеді.
— Оның есі енді кірді,— деп жəдігөйлене күлді Тамир қарт.
— Енді шықылықтамас, сабасына түсіп, барлығын асықпай айтсын.
Жас қымыз беріңдер!
— Отыруы оңай емес, астына жастықты көбірек тастаңдар,— деп
қоштады оны Спитамен.
Əлі де болса ентігін баса алмай, ошақты айналып өткен Будакен өзінің
орнына барып отырды. Кен кеудесі алқына көтеріліп, басылады. Есі
шыққан көздерімен алақтап қарайды. Спитаменнің сыбырлап айтқандары
сияқты мына елші əкелген хабардың да тосындығы сонша, ез құлағына өзі
сенгісі келмеді. Оны ұлының тағдыры қатты мазасыздандырды. Бір кездегі
өзі сияқты жау - жүрек, батыл перзентін сол жап-жас уылжыған күйінде
енді қайтып көре алмай ма шынымен ажал торына іліккені ме?
Жамбастап жатқан елшіні айналдыра жастықпен қоршап қойды.
Жалшылар ысқырып жібергенде қаншардай қатқан екі тазы жетіп келіп,
жастықтар мен кілемге төгілген қымызды тез-тез жалап қойды. Қымызды
сарқып ішпек болған жаушының шараның алтын ернеуіне тиген тістері
сақылдап, екі бетінен жасы сорғалап, ызалы аң сияқты көздерін алартып
Будакенге жақтырмай қарай берді.
Тамир қарт жаушыны жұбата сөйледі:
— Еркек емессің бе? Тыныш келіп алдымен князьдар мен ақсақалдарға
айтуың керек еді. Содан соң біздер барлығын шақырып, ақылдасып не істеу
керектігі жайлы бір байламға келер едік. Бір түйір бұршақ тиген
тышқанның келіп қалған қалың жау садақпен атты деп кең далаға жар
салып жұртты əбігерлендіргені туралы ертегіні естіген шығарсың? Сонда
даладағы барлық аңдар оған нанып тауға қашыпты ғой. Сенің де сөйткің
келді ме?
Елшіге қарап дауысын қатайта, діңгерлей сөйлеген Будакен:
— Жаның орнына жайғасты ма?—деді.
Үн қатпаған елші сорғалаған жасын байқатпай сүртуге тырысты.
— Енді асықпай отырып жұртқа жөніңді, задыңды, кімнің баласысың,
ныспың кім, кімдерден қашып келесін, соны айт?
Қосмүйіз жайлы əңгіме
— Амюргтың ұлы, Оксиарт ныспылы князьбын, Күрешат қаласының
мирасқор билеушілерінің тұқымынан боламыз. Соғдының билеушісі
Бесстың аттарына жем дайындаушымын.
Князь жан-жағына қарады. Барлығы да: Егер бұл Соғдиана мен
Бектраның құдіретті билеушісі сатрап Бесстың жақын адамы болса, белгілі
парсы əкімін таяққа жығып Будакен асығыстық жасаған жоқ па?»—деп
ойлады.
Кəрі князь Тамир жүні жығыла, мəймөңкелей сөйледі:
— Ендеше ұлы əміршінің жанында кеңесте отырмай, құйрығын
бұтының арасына қысқан түйе тəрізді даланы шарлап, бие сауып күнелткен
бейбіт жұрттың жүректерін дүрсілдеткізіп неге дүрліктіріп жүрсің?
Оны Гелон қоштап:
— Патшалардың падишасын жəбірлеген көргенсіз халықтарды
жүгендеу үшін соғдылар мен бактралардан, сақтардан жинаған жасақты
бастап əмірші Бесс бір жыл бұрын соғысқа кеткен еді,— деді.
Тұнжырап отырған Будакенге сенбей қараған Оксиарт сөйлеп кетті:
— Егер теңізден шыққан диюларын қаптатып, оған қарсы құдайдың өзі
аттанса ұлы патшамыз не істей алады. Ол қарапайым пендеге ұқсамайды.
Көздерінен ұшқындаған найзағай айналасындағылардың бəрін қырады.
Бойы кəдімгі сарбаздан екі есе биік, басында тау текенің мүйізі сияқты иіриір қос мүйізі есіп тұр... Сөйлеген кезде жайдан жасқанғандай адамдар
жалп-жалп құлайды,
Қасиетті айдаһар Ангромайно мен зұлымдық құдайы Ариманның ұлы
көрінеді. Ариман оған қанішерлігі мен зұлым пиғылын сыйлап, айдаһар
анасынан айлакерлік дарыған, сондықтан да даладағы лап еткен қау шөптің
өртінен дүрліккен қойлар сияқты, ешбір халық оның жасағынан қашпай
тұра алмайды.
Парсының əңгімесін ауыздарын ашып, ұйып тыңдаған скифтер оған
сенерін де сенбесін де білмеді. Оның əңгімесі шындыққа тым жанаспайтын
сияқтанды. Үзік - созық сұрақтар естілді:
— Жылан сияқты бауырымен жорғалай ма екен?
— Құйрығы бар ма?
— Көзіңмен көрдің бе?
— Оны көрсем осы арада отырар ма едім? Ол қараған кезде тірі жанның
барлығы қырылады...
Ешкім үн шығарған жоқ. Керегеге беттерін басқан скифтер
көсемдерінің ауыздарына қарап демдерін іштеріне тартып тына қалған. Ал
көздерімен жер шұқыған князьдар алдымен кім сөйлер екен деп арттарына
қулық сақтаған.
Спитамен қызық қой көздерімен жиналағандарды шолып өтті. Езуінде
жымысқы күлкі үйірілді:
— Неге тым-тырыс бола қалдыңдар, князьдар? Асықпасаңдар
жыланнан туған қосмүйізді құдайдың ұлы құрбақаны қылқ еткізген тырна
сияқты барлық скифтерді бір-ақ қарпып жеп қояды ғой! Исседондар мен
қарашекпенділерге қашыңдар. Ол жақта жыл бойы қар жауады, Қосмүйіз
мүмкін сендерді қуып ол жаққа бара қоймас?
1 Қарашекпенділер — Геродоттің жазуынша, скифтер мекендеген
жердің солтүстігіндегі «аспаннан ақ мамық жауатын елді» меланхлендер
немесе қара шекпен кигендер жəке басқа тайпалар жайлаған. Қазба
жұмыстары бұл тайпалардың өзара сауда қатынастарын жасағандықтарын
дəлелдейді.
Будакен Спитаменнің шəлкем-шалыс сөзінен зілді кекесінді аңғарды.
— Сақтар соғды сауысқанының құйрығымен келген дақпырттан
қашпайды! Біздің даламызға ғұмырында жеңілуді білмеген патшалардың
падишасы Куруштың өзі көшпенді халықтарды бас идіремін деп
жасағымен келмеп пе еді? Басын кесіп, қаны құйылған меске əбден мейірі
қансын деп басын батырған мына біздермен іргелес отырған массагеттер
емес пе еді? Біздер сақтар массагеттерге қарағанда көппіз əрі күштіміз.
— Дұрыс! Дұрыс айтасың!—десті естерін жиған сақтар.— Біздер неден
қорқамыз?— Иен даламызға батылы жетіп кім келеді дейсің?
— Егер ел шетіне жау келгенде не істеу керектігін сақтар ұмытқан
болса, онда жырауды шақырыңдар,— деп тағы да Спитамен сөз алды.— Ол
ескі жырларды айтып берсін. Ата-бабаларымыз сол жырларда ұрпақтары
ешқашан ұмытуға болмайтын өлмес өсиеттерін қалдырған.
— Саксафарды шақырыңдар!—деді шатыр сыртындағы дауыстар.—
Ескі жырларымызды еске түсірсін...
Саксафардыц жыры
Саксафарды іздетіп тез тапқызды да сол бойда алып келді. Түйе
жүнінен дөрекілеу тоқылған шекпен киіп, белбеуіне əртүрлі қаңылтыр
қуыршақтар мен үшірткілер ілген оның кейпі өте жұпыны, аппақ шашы
жалбыраған, арық имиген адам екен. Аяғында киіз саптамалары көрінген
жалпақ сары етік. Боп-боз жанары қасын қақпай жоғары қадалған.
Қолдарын алға созып, жолын сипалап келген оны скифтер құрметтеп төрге
шығарды. Алдына ішек тағылған үш бұрышты беті тегіс жəшікті əкеліп
қойды.
Саусақтарымен ішектерді сипалап көрген Саксафар шаршаңқы əлсіз
дауыспен:
— Тиграхауда жəне Роксонак руларының батыл жандарына сəлем! Мен
сіздердің жүздеріңді көре алмаймын, жүздерін менен мəңгілік
қараңғылықпен жасырынған, бірақ əкелерін мен аталарын əлі есімде.
Сіздердің алдарыңыздағыдай дəл осылайша оларға да ұрысқа кірген шақта
естеріне салып сан рет қайталаған, бабаларымыздың қаһарман жырын
талай айтқанмын.
— Біздерге де айт, Саксафар. Жүректеріміз кек жалынымен жылынсын!
Қарияның қисық-қисық он саусағы тиген ішектер күмбірлеп, көтеріңкі,
ащы дауысы түн түнегін жарып дірілдей естіліп тұрды.
Бірінші жыр
Біздің мына торсық шеке балалардың маңдайын
Алтын шуақ күннің нұры жуа берсін десеңдер.
Біздің жүкті қатындардың құрсағынан əрдайым
«Улала!»—деген ұранды ұлдар туа берсін десеңдер!
Қыздарымыз билей берсін бұрым сылап, ерке өсіп,
Айғырлар да үйір қорып, күмбір-күмбір кісінесіп,
Биелерде ит пен кұсты қуа берсін десеңдер.
Қорамсақта жебе бар ма — көріп ал!
Садағыңның адырнасын керіп ал!
Құдық суы кемерленер жауса нұр.
Торсығыңды сүтті бие қымызымен толтырар.
Ұл үйренсе бала жастан жау жасағын қаусатып,
Талай рет тар кезеңде майдан ашып ол тұрар!
Сақ-сақ күліп алар қарсы ажалды
Түтін шықса қарауыл төбе басынан,
Жау көрінді дей бер жарақ асынған
Жина жұртты!
Жолын кесіп қарсы ала бер тажалды!
Дайын ба аттар? Қайралды ма қылыштар?
Садақтар серт керілді ме ұрысқа?
Екінші жыр
«Улала!» Скифтер! Естідіңдер ме ұранды?
Дүр сілкінді айқайымнан дүз менің,
Көрдіңдер ме, қайқаңдаған жыланды
Жасыл белге жармасқан тау тізбегін?...
Көз ұшында қаптағандар тосын ба?
Қорқаулар ғой қайта келген осында.
Бас тақымды арғымаққа?
Бұларды қуып жетіп сұр жебемен сиретіп
Қайту керек қабырғасын күйретіп,
«Улала!» Скифтер! Естідіңдер ме ұранды?
Он жау қуып шықсадағы өзіңді,
Жаралыны жапан түзге тастама,
Ер Сақмарды еске ал, жұмба көзіңді,
Өкшелеген он жаудың ол тоғызын
Жол-жөнекей шаң қаптырып тастаған.
Оныншысын байлап əкеп жастаған.
Есіттің бе, қуғыншының дүсірін,
Əкеп оны ат үстінен түсіргін
Садағыңның адырнасы берік пе?
Батсын сорға мінген жындар керікке.
Майдан ашып тарқатшы бір құмарды
Қашан бол да, қайтара соқ бұларды.
Қайтсын беті айламызды көріп те,
«Улала!» Скифтер! Есіттіңдер ме ұранды?
Үшінші жыр
Қалтыраған қояннан ақыл сұрасаң
Құлағын жұмып, жалтыратар табанын.
Біздің əрбір нояннан ақыл сұрасаң
Суырып семсер, қуырар жердің танабын,
«Улала!»— лап уран салады үн.
Қара қанжарды сайлап ал!
Қара тасқа қайрап ал!
Төртеу түгел тұтас болса өмірде,
Аспандағы жұлдызды да алады.
Алтау ала - араз болса егер де
Ауыздағы ас бұйырмай қалады...
Жарау ма аттар?
Қайралды ма қылыштар
Садақтар серт керілді ме ұрысқа?
Жалғыз көкжал жолбарысқа жем болар,
Ал жетеуі ұлып-ұлып табысса,
Айбар шегіп тұрып алса енді олар
Жолбарысың кетер зытып қамысқа,
Уа, скифтер! Ұмтылыңдар көмекке!
«Улала!» ұраны естілсе кенетте.
Төртінші жыр
О, жарандар!
Қауға сақал жаушыларға сенбеңдер
Қорқау тартар жаралы көкжал тірсегін.
Ол сау кезде көрсе егер
Жауы лезде, құты қашып бүрісетін.
Қара қанжарды қара тасқа қайрап ал!
Бас исеңдер иіңдер тек кəріге
Қанды көйлек достарыңа, шейіт кеткен ұрыста.
Қызылбастар бұғау салмақ бəріне,
Сұр жыландай, сұр жебеңді есіне сал дұрыстап!
Қара қанжарды қара тасқа қайрап ал!
Ұлы Куруш патшалардың падишасы кезінде,
Салмақ болған ол да бұғау скифтерге тор құрып.
Жер қайысқан ауыр қолдан не қалдырды өзінде,
Қуартпап па ек сүйектерін қорқауларға қор қылып!
Қара қанжарды қара тасқа қайрап ал!
Қамқор Кирдің басын кесіп ұлылығын тəрк етіп,
Торсықтап өз қанына тойдырғанбыз батырып.
Жер қайысқан əскерінің бас сүйегін доп етіп,
Кең далада сақтың улы теуіп жүрген жапырып.
Қара қанжарды қара тасқа қайрап ал!
Патшалардың падишасы болған осы
Кирің де Жатса нетті қалың кілем, гүл - бақ, кəусар төрінде.
Төрт жүз қатын тақиясына тар келді ме бейбақтың,
Несі барды скифтердің алтын - бесік жерінде?
Қара қанжарды қара тасқа қайрап ал!
Бесінші жыр
Десеңдер шын біздер мінген арғымақтар жүрісі
Күміс шолпы, қолаң шашты қыздай жеңіл лыпысын,
Қыш көземен бұлақтан су алып қайтқан мүсінді
Жарымыздың тарылтпасын өжет, еркін тынысын.
Біздің жүйрік тұлпарлардың құлындарын елірген,
Сылап-сипап өсірсін тек əйел қолы мейірмен.
Құлындарды сынатыңдар қарияларға сабырлы,
Тізгін тежеп, ашу ұстап, аптық басып байқалған.
Қуанармыз жас құнандар ақыры
Босап озып кеткенінде бестілерден бəйге алған.
Ауызымен құс тістеген тұлпарларды тапқасын,
Сылап-сипап əйел қолы баптасын!
Жүйрік аттар жуықтатар алысты,
Көзі шықсын көшпендінің мал санаған тиынды.
Жаны шықсын алтын алып, қолдан берген намысты,
Саудагерге сатқан тұлпар - құйынды
Біздің түкті, талмас тұяқ ала аттар
Дұшпан құтын қашыратын қиырдан
Зəукайымнан сап ететін қас сақтар
Əйел қолы баптасын ер пырағын!
Алтыншы жыр
Сақ бол шəйі жібек перделерден тажал кездік жылт Скифтер!
Алтын жұлдыз аққан аспан біздер үшін жамылғы,
Қызылбастың қорған бақан көбік кеуде батыры
Рахат табар сылдырласа, мөлдір суы арығы,
Байлық барда тойымсыздық — қағынғы.
Бізден сатып алған құлдар теріменен жайраңдап,
Жатсын мейлі тұт бағында, көк кілемде сайраңдап,
Ауызымен алма қағып шайнаңдап,
Бөссін шіркін жолаушыға арып-ашып шаң басқан,
Берік дуал, биік үйге тығып алып бөксесін,
Мақтансын кеп құс жастықты жастанып ап қос - қостан,
Қапшық - қапшық зығыр, ерік, бəрі өзінде өскесін.
Ал, скифтер тас қамалға барғанда жетер.
Қара түнек басар көзді, қорғанда
Сайын далаң түске айналып, қайран сабаз мүлт кетер.
Біз, скифтер кең даланың еркесіміз ұқықты,
Сүйеміз біз ерке желді жусан исін аңқытқан.
Жат көрмейміз бөрі ұлуын, кермек сулы құдықты,
Тезек отын жерошақта ащы түтін шалқытқан.
Біздер үшін алтын жұлдыз аққан аспан - жамылғы!
Скифтер Саксафардың ерлік қиссаларын ден қоя тыңдады. Əйелдер
ауыр күрсініп, əлсіз қариялардың көздері жасаурап, дөй сабаздар жүндес
білектерін жоғары көтере сілкілесіп, айқайлап қояды. Жырау барлығы
білетін белгілі қайырмаға: «Улала! Скифтер! Есіттіңдер ме ұранды!»
немесе «Қанжарыңды қара тасқа қайрап ал!» деген жерге жеткен кезде
əупірім, күшті дауыстарымен көтермелей қосылып қайталайды.
— Саксафар! Афросиабтың жырын айтшы!—деп əлдекім қолқа салды.
— Иə, Саксафар, Афросибтың қаһары туралы жырла!
Сол кезде жырау түссіз зағип жанарын көкке қаратып, аппақ басын
шайқады да, скифтердің ұнататын ерлік жырын заулатып қоя берді:
Ұран салды Афросиаб:
«Мен шықтым деп жорыққа!
Қызартыңдар қынамен тұлпарымның құйрығын.
Қызылбастар сақ қыздарын сатса күн ғып зорлықта,
Орындаймын кек қарыған жүрегімнің бұйрығын!»
Тыңдап отырған скифтер түгелдей қайырманы көтермелеп алып кетті.
Афросиаб ұран салды:
«Шықтым деп мен жорыққа!»
Ашу қысқан Афросиабты алқалаған сарбаздар,
Қол соғысты батырға еріп қол бастар.
Лаулатты отты, əйелдері ет қайнатты қазанға,
Жүгірісті жастар жағы ат дайындап азанға.
Өзінен бұрын Афросиаб жөнелтті алға шатырлар,
Күт деді мені ерулеп ащы құдықта,
Үшінші күн ат басын түзеп батырлар, Қатындарға,
«Болыңдар—деді,— өздерің малға ұқыпты».
Афросиаб жортуыл бастап, алапат алқап дір қақты.
Беймаза аттар жарқ етті сонда қызылбастардың жерінен.
Арыны селдей екпіні Сақтың тым қатты,
Екі жүз мың қол сау етті ой мен төрінен
Тасқынды дүлей тоқтата алмас, жау төзіп,
Өр өзендерден ат ерін алмай өтті қол.
Қызылбастар үйінен безді тау кезіп,
Қамалдар қаңырап,Қақпалар ерге ашты жол.
Жеті күн бойы көк жүзін қызыл шаң тұтты.
Сегізінші таңда қалды аспан шайдай ашыла.
Ат басын іркіп, Афросиаб, саңқ етті:
Бұрыңдар атты, сүртіңдер семсер, қызылбастардың шашына!»
Мың нарға артып олжалап алтын жиһазын
Афросиаб даңқы асып оралды туған жеріне.
Жаудың бас сүйегінен скифтер ішті қымызын,
Баһадүрлердің ерлігін жыр ғып шатырларының төрінде.
Бұл кезде князьдар жырға назар аудармай, бір - бірлеріне бастарын
түйістіріп Соғдыдан келген суық хабар жайында не істеу керектігін
ойласып, сыбырласа бастаған болатын.
— Əркім өз қоныстарына қайтып барлық көшпенді руларға малжандарын Оксиан теңізінің ар жағына, алысқа айдау керектігі жайлы айту
керек,— деді Гелон.
Будакен таңдайын қағып келіспейтіндігін байқатты.
—Асығатын не бар? Соғдыда менің достарым көп. Өткен жылы сатрап
Бесстің езі екі сəйгүлігімді сыйға алып, келіп кет деп қонаққа шақырған.
Біраз жылдан бері шапқыншылық жасамайық деп өзара келісімге келіп,
соғдылармен ант ішіскенбіз. Мен күні ертең жаныма жиырма сарбаз
аламын да, Соғдыға өзім аттанамын, патшалардың падишасының соңғы
жаңалықтары қандай, ертегі етіп айтып жүрген ешкімнен жеңілмейтін
Қосмүйіз кім екен, соның бəріне қанығамын.
Жұқалтаң басын кекшеңдетіп мақұлдаған кəрі князь Тамир Будакенге
қарап жаймен:
— Бактраға өтетін көпірі бар Окстағы шекараға дейін күллі Соғдыны
көктей өтуге тырыс. Тəтті шарап жасап есімізден айыратын мына қулар
біздерге қарсы арамдық ойлап жүрген жоқ па екен, соны байқап көр. Əрбір
үш күн сайын елге қарай жаңалықтарды жеткізетін бір сарбаздан жөнелтіп
отыр. Егер бізге үлкен қауіп төніп тұрғанын білсең қарауыл төбелердің
басына қос-қос алаудан жағылсын деген жарлықпен жаушы шаптыр. Ал
мына басына мүйіз шыққан жыланның ұлы туралы əңгіме айтып, қатынбалаларды қорқытқан князь Оксиарт өзін оралғанша осында қоныста
қалатын болсын. Бұған бағалы аманат ретінде құрметпен қарап, жіті
қадағалап, қашпақ болса сол заматта кісендеп зын -данға отырғызып
қоямыз.
Саксафардың жырын тыңдай отырып Тамир қарттың көреген ақылын
мақұлдаған княздар құптасып бастарын изесті.
Сосын ерлік жыры тағы жалғасқан сəтте скифтердің. күркіреген
дауыстары жабыла қосылды:
Естілді ме бауырлардың ұраны?
Жорық үні шық дейді тез жүгіріп!
Тандайымыз əлден сезіп тұр, əні,
Жау қанына қанамыз деп сіміріп
Өршітіңдер даңқын ер мен күштінің,
Қанға былғап қара найза ұштығын.
Көп болыпты шөлдегелі ол заңғар,
Ішсін қанын, тойғызамыз мол қан бар!
Қос аяқты қорқау жетті керікте
Алмас тұяқ тұлпарларды ертте.
Бекен санға талмайтын күш құйыңдар,
Жібек жалға ерілсін жел - құйындар!
Қасарысқан қан майданды жырлаңдар,
Қырандардан қайсарлығын сұраңдар!
Қаскөй жауға көздеріне қан толған
Сүңгітіңдер сұр жебені, тұрмаңдар!
«Улала!»
Зындандағы тұтқындар
Түн ортасына таман елдің бəрі ұйқыға кеткенде Будакен шатырдың
сыртын текеметпен қымтап, басына бұлғын терісімен жиектелген сенсең
ішікті жастанды. Кірпігі ілінбей мазасы кетіп, түрлі ой түрткілеп,
дөңбекшіп жатты.
Дыбысын шығармай жанына келген кəрі жалшысы Хош тізерлеп отыра
қалды да, күндегі əдетінше күні бойы қоныста не болғанын, естігендерін,
меймандар мініп келген аттардың қанша арпа жегенін, қымызға сылқия
тойып алған Қидрейдің жаңылысып Чепанның шатырына кіріп кеткенін,
сонан қараңғыда шешесіне сүрініп, анау оның қалбағайын тартып алғанын,
енді аңнан қайтқан соң Чепанның түнде шатырға кімнің кіргенін, қалып
қойған киімінен танитынын біліп Кидрейдің қорқып жүргенін асықпай
айтып шықты.
Бəрін жайбарақат тыңдаған Будакен Хошты жіберерде:
— Кидрейге айт, таңертең найзасын алып, атына мініп сапарға дайын
болсын. Менімен бірге Соғдыға жүреді,— деді.
Аспанда бірте-бірте биіктей бастаған айдың бетін кейде тұманды бұлт
басады. Будакеннің əйелдерінің бір сыбдырсыз кіріп келіп оған жақындады
да аяқ жағында текеметтің үстінде біраз отырып, күйеуі лəм-мим демеген
соң, түн қараңғылығына сіңіп шығып кетті.
Басын қызыл шүберекпен таңған қаңғыбас аңшының оған сыбырлап:
«Ұлыңмен ұшырасқан адамды кездестірдім. Ұлың Сколот тірі, бірақ құл
болыпты...»— деген сөздері бірде шыңылдап, бірде айқай сияқтанып
құлағыңда қайталана берді.
Будакеннің жаны жай таппады. Іңірде жылтылдаған сансыз шоқтар
сөніп, енді айдың көгілдір сəулесі ғана нұрын төккен жазық далаға қарап,
ісмер күң сəндеп, тоқып берген қоңыр шекпені денесіне құйып қойғандай
жарасатын, ұзын бойлы, сымбатты ұлы көз алдына келді. Соңғы рет
қоштасқанда ол аппақ тістері жарқырап күлген. Өзімен бірге Көкдауылдың
тұқымынан тұрықты екі жарау ат алған... Енді сол көңілді, ержүрек бозбала
мүмкін күзетшінің дойыры астында диірменнің дүңгіршегіне таңылып, оны
айналдырып жүрген шығар. Дұшпандары бұла күштеріне қызығып
скифтерді ең ауыр жұмыстарға салады ғой. Қымыз шайқайтын өзінің
құлдарына ұқсап көздері ойылып, үлкен тас диірмендерді айналдырып
бидай тартып отыр ма екен?
Будакеннің тұла бойын күйік пен ыза кернеді. Кең кеудесінен ұстаның
көрігінен шыққандай ауыр күрсініс естілді. «Бір күнді де бекер жібермей,
қаңғыбас аңшыны қасына ертіп, əлгі Сколотты көрдім деген адамды
табады. Сол адам арқылы ұлына хабар беріп, бүкіл малының жартысын
беріп құн төлесе де сүйікті ұлын сатып алуға бел байлаған сертін жеткізеді.
Қоныстың үстінен аңның ұлығаны сияқты созыңқы ашық дауыс естілді.
Будакен құлағын түре тыңдады. Бұрын мұндай айқайға назар аудармайтын
ол, орнынан тез тұрып, жуан аяқтарын тері шоқайына сұға салды да дауыс
естілген жаққа қарай нық басып жүріп кетті.
Əр қалыпта ұйықтап жатқан денелерді айналып, бірнеше итті
үрейлендіріп, шеткі шатырдың жанынан өтіп, үздік-создық дауыс шыққан
шұңқырдың жанына келді. Шұңқырдың ернеуінде əлдебір адам жүрелеп
отыр екен.
— Кімсің, мұнда неғып жүрсің?—деп дауыстады Будакен.
— Адамның тағдырына таңмын,— деді таныс ысылдаған дауыс.—
Əрқайсымыздың осындай болмасымызға кім кепіл?
Бұлтың етіп тұманды бұлттың астынан ай шыға келгенде Будакен
Спитаменді таныды. Ұшына күлшенің сынығын шаншыған ұзын шыбықты
ыңырсыған дауыс пен айқай шыққан шұңқырға қайта-қайта түсіреді.
Шыңыраудың түбіне түскен ай жарығы ондағы бес адамның сұлбасын
айқындады. Барлығы да аяқтарынан бір шынжырмен бұғаулаған. Төртеуі
бірін-бірі итерісіп, шыбықтың ұшына шаншылған күлшені алмақ болып
қолдарын созады. Секіргендердің біріне қосақталған, жерде сұлап жатқан
бесіншісі сай сүйегіңді шымырлатып шыңғырады. Қалғандары оған назар
аудармай, үстіне шығып биігірек секіргілері келеді. Зындандағылардың
барлықтары да Будакеннің бұйрығын орындаудан бас тартқан құлдары
болатын. Скиф тілін түсінбейтін, үнемі елдеріне қашуға тырысатын, ессіз
нақұрыстар еді.
Будакен шұңқырдың жиегіне отырды. Түсініксіз тілде айқайлап,
жоғарыға қарай қолдарын жайған, сақал - шаштары өскен адамдар жатқан
төменге көз салды. Шұңқырдан шыққан сасық иіс қолқаны қабады.
Скифтер мұнда тамақтың қалдығын тастайтын, бұғаудағы құлдар осында
табиғи əжеттерінің бəрін жасайтын.
«Мүмкін, менің ұлым да осындай қапаста, мүжілген сүйекке таласып,
елге қашқысы келіп отырған шығар?»
— Бұлар қай тілде сөйлейді? Отандары қай жақта? Тамұқтағы жындар
сияқты неткен мықты жандар өздері, нөсер кезінде Папай құдайдың өзімен
тілдесетін Құрсақ бақсының өзі де тілдерін түсінбейтін бейбақтар не деп
айқайлады?
Спитамен тұтқындарға ел кезіп тентіреген жылдарында үйренген
бірнеше тілде сұрақтар берді. Барлықтары да үнсіз тыңдап, сонан соң, суық
тиіп қарлыққан, тарғыл дауыспен киіп жарып жауап беріп жатты.
Зер салып тыңдаған Будакенге Спитамен олардың жауаптарын аударды:
— Анау, шашын басына айналдыра орағаны тохарлар жұртынан.
Вавилионға жібек пен асыл тастар апара жатқан керуеннің жол басшысы
екен. Керуенге шабуыл жасап тонап алған массагеттер барлық
жолбасшылар мен саудагерлерді көрші тайпаға құлдыққа сатыпты. Ал ұзын
сақал, қолдары шидей екеуінің тегі Гирканиядан. Бұларды да тау
соқпақтарымен жасырынып барып, түнде беймезгіл шабуыл жасап, үйлерін
өртеп, мал-жандарын олжалап өздерімен бірге алып кеткендер де сол
массагеттер көрінеді. Жұмыс істейтін қауқары болмағандықтан бұл екі
құлды иелері ұстағысы келмепті. Елдерінде екеуі құдайға сыйынып,
аурулардың бойларынан жын-шайтандарды аластайтын сиқыршылар екен,
сондықтан да диірмен тасын айналдырғаннан гөрі, осылай шұңқырда
отырғанды қалайды.
Төртінші Спитамен бір сөзін де түсінбейтін тілде сөйледі. Ұзын сөздің
ырғасында Тир, Сидон, Иерушалайм деген қала аттары естіліп қалғанмен,
не айтайын дегені бəрібір құпия күйінде қала берді.
— Бұның көздері қара, шаштары бұйра — деп түсіндірді Спитамен.—
Мүмкін басты қаласы, Иерушалайм деп аталатын өлкеден болар. Əйтеуір
теңіздің жағасында жатқан елден шыққанға ұқсайды. Бесіншісі ауру, үсті
басындағы жаралары құрттап кеткен. Ол Қосмүйіз патша шыққан
халықтан, яван тілінде сөйлейді, бірақ ақылынан алжасқан, ойлары
сабақтаспайды, күні бойы зынданның қабырғасына əлдебір сөздерді жазып,
адам -дардың, жылқылардың суреттерін салып, қалғандарының
ұйықтауына маза бермепті. Содан соң жолдастары тыныш жатсын деп
қатты сабаған.
Орнынан тұрған Будакен өз шатырына оралды. Сасыған иіс біраз жерге
дейін ізінен қалмады. Шатырының жанында шалқасынан түсіп, ауызын
ашып ұйықтап жатқан скифті көрді. Будакен күректей алақанымен оның
аузын басып, танауынан қысты. Ұзамай тұншығып, орнынан ұшып тұрған
скиф ұйқылы көздерімен Будакенге алақтап қарады.
— Таң ақсүттеніп келеді, жолға жиналу керек! Жігіттерді оят.
Сосын скиф есін жиып өзіне-өзі келгенде Будакен тағы да:
— Taп қазір бес құлды зынданнан шығарып, бұғауларынан босат. Мен
олардың қыңырлықтарына кешірім жасаймын. Қалаған жақтарына кете
берсін. Бəрібір олардан түк өнбейді, жұмыс істей алмайды. Текке
асыраймыз. Араларында ұзын сақалды, гиркандық екі дуагер бар. Олар
менің сапарымды оңдасын деп құдайларына жалбарынсын. Мұны құлдарға
Көкдауылды бас білдірген, басын қызыл орамалмен таңған анау қаңғыбас
аңшы түсіндіре алады. Тағы да араларында үсті-басы жара, ауру біреу бар.
Оны бұғаудан босатпаңдар, Құрсақ, бақсы дуасын оқып, зікір салып,
науқастың бойындағы зұлым жындарды қусын. Жарасын сиырдың зəрімен
жуып, қойдың майымен сылаңдар. Бірақ қашып кетіп жүрмесін. Ол
тұтқындарды алмастыру қажетіне жарап қалар. Сосын... қарт князь Тамир
оянып, асын ішіп болған соң біздер жолға шығамыз. Байқа, оған дейін
аттар да, азығымыз да жолға дайын болсын,— деді.
Будакен жолға шықты
Көзді қарықтырып жақұттай жарқыраған дала төсінде бір топ
салтаттылар көрінді. Алдарындағы үшеуі үзеңгі қағысып қатар келеді.
Жолға арналған қоңыр киімдісі, мықты торы айғыр мінгені Будакен. Ашық
түсті өрнек тігілген шалбарын басы қайқайған, өкшесіз сүйір сары етігіне
қоныштаған, ердің артына салған теңдемелі қоржынын қайыс белдікпен
мықтап таңып тастаған. Өзі де, атының да үсті-басы алыс сапарға бейімдел
-гендей ыңғайлы.
Қоңыр теңбілді шұбар арғымақтың үстінде ақық таққан қызыл
қалбағайдың астынан сирек ақ сақалы желбіреп, имиіп арық князь Тамир
отыр. Қаршыға көздер! үнемі алыстағы көкжиекке қадалып, кемиек аузын
тынбай шайнаңдай береді.
Үшінші сұлу жас салтаттының жаңадан тігілген қысқа жібек бешпенті
құстар мен гүлдердің суреттерімен безендірілген. Жолақты кен шалбары
тілерсек тұсынан күміс шынжырмен буылған. Ақ құйрық түгі алтындай
жалтыраған биік айғырдың үстінде нық отыр. Атынын сауырын қымтаған
жабуы алтынмен əдіптелген. Ұзын мойнын иіп, ауыздығын шайнап үнемі
алға ұмтылған арғымақтың басын князь Гелонның қарулы қолы еркіне
жібермей тежеп келеді.
Алдарында жүз қадамдай жерде шолғыншы төрт сарбаз кетіп барады.
Соңдарындағы топталған салтаттылардың көбісінің қолдарында сағасына
қызыл қыл тағып, əсемдеген жіңішке атпа найзалар. Біреуі қолына басына
көлденең қаққан ағашқа қондырылған мыстан жасалған үш сұңқардың
тұмсықтарына қоңырау іліп, астында аттың үш қыл құйрығы салбыраған
байрақ ұстаған.
Бұл Будакенді өзіне бағынышты қоныстың шетіне дейін шығарып
салуға əдейілеп келе жатқан князь Тамир қарттың жорық туы. Будакеннің
алдын-ала бірнеше сағат бұрын жөнелткен жүк артылған керуені күн
екіндіге таянғанда келіскен жерге тоқтауға тиіс еді.
Оншақты шатырдан ғана тұратын кішкентай ауылдың тұсынан өте бере
Будакеннің жанына шауып жеткен Кидрей ыс пен күннен əбден қарайған
шұрқ үйдің жанында тіздеулі жатқан қарасұр түйені нұсқады. Алдындағы
əрбір малын түстеп білетін кез-келген көшпендінің. қасиеті бойында бар
Будакен той кезінде тұтқындағы батыл қыз күрмеуін шешкен түйені жазбай
таныды. Ол қуып жетемін деп князь Тамирге айқайлады да, қақ-қақ
жарылып кеткен сазды жерді шаңдатып, астындағы атына қамшы басып,
шаба жөнелді. Артынан далбаңдап Кидрей ілесті.
Шатырлардың жанына жақындаған аттылардың алдынан ызалана
үргеннен үндері біткен бір топ барақ ит шықты. Əбден күнсіген, өкшесіне
түскен ұзын көйлекті арық, əжім-əжім кемпір құрым үйден шықты да, жез
білезіктер мен сақиналар таққан қоңыр қолымен көзін көлегейлеп
Будакенге қарады.
— Еркегі аңға кеткен шатырға ентелеп нелерің бар? Тезірек жөндеріңді
табыңдар!
Дабырлап сөйлеген Кидрейді қолын құдіретті əмірмен сермеген Будакен
бірден тыйды.
— Мына түйе кімдікі?
— Саған оның қажеті қанша? Өзін қайдансың? Күн сайын жүздеген
үйіріне бір түйе, табынына бір жылқы қоспаса көңілі көншімейтін ашкөз
Будакен жіберген жоқ па өзіңді? Даладан отын əкелетін де көлігіміз жоқ,
барлығын да еңкеңдеп арқалап тасимын.
— Бірақ Будакен малын көбейтумен қатар, ұраны бір туыстарына шүлен
таратады да. Осы түйені де сыйға берген Будакен емес пе?
— Не деп ысылдап тұрсың, кəрі қақпас? Сенімен сөйлесіп тұрған
Будакеннің өзі ғой,— деп қалды шыдамы таусылған Кидрей.
Өз руының əрбір адамын жазалауға да, жарылқауға да хұқылы, тіпті
өлтірсе де қолын ешкім қақпайтын құдіретті князьдің есімін естігенде
сасып калған кемпір жыртық орамалының шетімен басын жауып, жерге
жата қалып, шегіншектеген аттық тұяғын шекесіне тигізуге тырысты.
— Ақылынан
жалбарынды ол.—
алжасқан
кемпірді
кешіре
гөр!—деп
күңірене
Қарттықтан алжып, жаңсақ сөйлеппін. Аш адамның ашуы тез. Мал жоқ,
нан жоқ, қаңғып кеткен ұлымның екі жылдан бері қайда жүргенін бір
Папайдың өзі ғана біледі.
— Орныңнан тұр, ешкімнен де қорықпа,— деді Будакен міз бақпай,—
Ұлыңның ныспысы кім, екі жыл қай жақта қаңғып жүр?
Үсті басын шаң басқан кемпір орнынан түрегеліп Будакенге байыптай
қарады:
— Будакен екендігің рас шығар! Шынында да ауыздығың алтыннан
екен. Менің ұлым Вавилионға баратын керуендерге айдаушы болып
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қарауыл Төбедегі Оттар - 06
  • Parts
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 01
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2503
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 02
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2397
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2388
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 04
    Total number of words is 3904
    Total number of unique words is 2350
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 05
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2564
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 06
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2284
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 07
    Total number of words is 3949
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 08
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2204
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 09
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2433
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 10
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2314
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 11
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2364
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 12
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2353
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 13
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2338
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 14
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2429
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 15
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2338
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 16
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2281
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 17
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2412
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2363
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 19
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2288
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 20
    Total number of words is 735
    Total number of unique words is 605
    39.6 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.