Latin Common Turkic

Қарауыл Төбедегі Оттар - 17

Total number of words is 3846
Total number of unique words is 2412
29.5 of words are in the 2000 most common words
42.9 of words are in the 5000 most common words
51.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сұлу жас скиф.
— Сендер аттарыңнан түсіп, қаруларыңды қалдырып, жаяу баруларың
керек,— деп түсіндірді күзетші.— Қазір біліп келейік біздің патшамыз
сендермен сөйлесе қояр ма екен?
— Біздер сақтар астымыздағы атымызбен қоса бір жанбыз,— деп
сабырмен сөз бастады жауырыны бүкірейген арық, əрі кəрі скиф.—
Сондықтан патшаларыңның шатырына тек атпен ғана бара аламыз. Егер
қабылдағыларың келмесе атың басын кері бұрып, тек майдан даласында
ғана кездесеміз.
Өзара күбірлескен жауынгерлер ақыры бір келісімге келді:
— Егер ат үстінде тұрып əңгімелесу дəстүрлеріңізде болса, онда бара
беріңдер.
Күзетшілердің біреуі қызыл шатырға қарай жүгірді де, қалғандары
скифтерді қоршап, солармен бірге келе жатты. Елшілерге лайық сабырмен
ездерін тəкаппар ұстап келе жатқанмен скифтер жан - жағындағыларды
жіті бақылауда. Мына жерге қанша жасақ жиналғанын, сақтарға қарсы сұм
явандар қандай күш шығара алатындығын іштей есептеді.
Сонымен қатар олар жағалаудың ұзына бойына қатар-қатар салдар
тізілгенін, қолдарына дойыр ұстаған күзетшілердің қадағалауымен
диқандардың бөренелер мен сырықтарды құрастырып байлап, местерді
үрлеп, күпсарларды суға түсіріп жатқандықтарын да байқады.
Үлкен күлгін шатырдың алдына жеткенде елшілерді тоқтатты. Оның
айналасында скифтердікіне қарағанда үш еседей ұзын найза ұстап, мұздай
темір құрсанған күзетшілер қалт етпей тұр, кең ақ жамылғыға оранған
əскербасылар ары-бері өтіп жатыр.
Аттарынан түскен скифтер шылбырларын шатырлардың қазықтарына
өздері байлады. Даланың жүндес аттары пысқырынып, жандарына біреу
жақындап кетсе тебуге дайындалып құлақтарын жымитады.
— Шатырдан шашын қолдан бұйралаған, ашық түсті жеңсіз киім киіп,
белін алтын кісемен буған ұзын бойлы сұлу яван шықты. Емші сарттың
дүкені сияқты иісі аңқыған ол скифтермен сəлемдесті де, шатырға
кірулерін өтінді. Тілмаш оны Азия патшасының досы, əскербасы
Гефестион деп таныстырды.
Арасында біреуі қымбат парсы киімін киген, бірнеше яван
əскербасылары ішке кірді. Бойшаң нубиялық қара құл үстіне зерлі мата
төселген, аяқтары қоладан жасалған құрастырмалы жорық тағын көтеріп
келді. Парсыларша киінген адам таққа отырып, қалғандары оны екі
жағынан қоршап тұра қалысты.
— Отырыңдар,— деді тілмаш.— Азия патшасының құлағы сендерде.
Шатырдың іргесін жағалай кілемдегі жастықтың үстіне отыра қалған
скифтер тақ үстіндегі адамнан көздерін айырған жоқ.
Міне, Қосмүйіз осындай екен ғой! Рас па өзі? Көп нəрсені бейхабар
көшпенділерді күлкі етіп, əрі жатжерліктер бас салар деп сақтанып,
явандар оның орнына күзетшілерінің, бірін отырғызған жоқ па екен?
Отырған адам жас, таза қырынған, басқаларға қарағанда аласалау екен.
Иығына төгілген ұзын жирен шашының арасында ешқандай мүйіздің
орыны білінбейді. Бір кезі екіншісіне қарағанда сəл мөлдірлеу де, аздап
қитарлана қарайды. Сұсты, суық жанары отырған скиф -терді шолып етіп,
сығырайған кезінде қулығы мол сияқты көрінген Тамир қарияға біраз
тоқтады.
Патша тізесінен төмен шұбатылған гүлі алтын жіппен кестеленген
күлгін түсті ұзын парсы көйлегін киген. Былғары кісесінде парсы
патшаларының белгісі; жайылған сұңқар қанаттарының арасына доңғалақ
салынған алтын тоға. Кең қызыл шалбарының балағын парсының сақтиян
етігінің қонышына тыққан.
Күллі Персиядан ұрыс салып еткен жатжерлік патшаға таң қала ұзақ
қараған скифтер біразға дейін үн қатқан жоқ. Сақ князі Мавактың үзеңгілес
жолдастарымен Дарий патша ежелгі Персияны қорғауға көмек сұраған
кезде олармен шайқасқаны бар.
Алдымен Тамир қария сөз алды. Оның сөздерін Қосмүйіздің жанында
еңкейіп тұрған бойшаң бозбала былайғыларға естілер-естілмес ақырын
дауыспен аударып тұр. Тізелеріне түскен ұзын көйлек киген екі хатшы құл
кілемге дереу отыра қалып, боялған ағаш тақталарға таяқшалармен осы
əңгімелерді тез жазып ала бастады.
— Македонияның патшасы!—деп Тамир əңгімесін бастағанда
жиналғандар тына қалысып, тек хатшылардың қаламдарының сыбдыры
ғана естілді.— Егер ғаламды жаратушы құдай сенің даңққұмар жан-дүниең
сияқты денеңді де алып етіп жаратса, мынау жарық дүниеге бір өзің
сыймас едің. Онда сен бір қолыңмен шығысты құшақтап, екінші қолыңмен
батысты қармап, бұл да бəрібір аз көрініп, күн сайын жарқыраған күн
барып бататын теңіз жаққа да аусарың ауар еді. Алдыңа күллі адамзат
тізесін бүгіп болған соң, ормандарға қарсы соғыс ашып, ызғарлы қар мен
буырқанған өзендерге, долы дауылдарға, ақыр соңында тағы аңдарға да
қарсы аттанар едің...
Жиһангер бірінің үстіне бірін қойған аяқтарын алмастырып, алға сəл
еңкейіп, қармақ сияқты иіліп отырған Тамирге таңдана қарады. Қолымен
тізесін сəл ғана қаққан кезде саусағындағы асыл тасты алтын жүзіктен
көкпеңбек сəуле жарқылдады. Бұл Персияның патшасы Дарийдің
саусағында болған, патшаны өз қолымен өлтірген кезде Бесс суырып алған
жүзік емес пе екен?
Тамир əңгімесін жалғастыра берді, скифтердің айлакер көсемінің сөз
арнасын қай жаққа бұрарын ешкім де білмейтін.
— Македонияның патшасы, алып ағаштардың ғасырлар бойы жасап, бір
күні қатты дауыл соққанда, шыбықтай сынып, жерге сіңген түп-тамырымен
қопарылып құлайтынын білмейсің бе? Татқа жем болған темір, түлкіге
азық болған арыстан да аз емес. Дүниеде əлсіздердің тісі батпайтын мықты
зат жоқ.
Орнынан ұшып тұрған жиһангер, шеттеп барып бірнеше сөзді
күбірледі.
Ұзын тұра тілмаш дауысын көтере сөйледі:
— Азияның патшасы сендер мұнда не мақсатпен келдіңдер? Оған ақыл
үйретуге келген жоқсыңдар ма?—деп сұрайды.
Өзіне ұмтылған иттің тұмсығына шап беріп тістесіп қата қалуға
даярланған күзен сияқты Тамир де бір уыс болып жиырыла қалды.
— Македонияның патшасы, сенімен неміз жетпей таласамыз. Сенің
отаныңның жерін біздің халқымыздың табаны ешқашан басып көрген жоқ.
Кең даланың бейбіт тұрғандарына сенің кім екеніңді, біздің шекарамызға,
қайдан, не себеппен келгеніңді сұрап, білуге болмай ма?
— Тағы не білгің келеді?— деді Қосмүйіз зерлі таққа қайтадан
жайғасып жатып.
— Біздер сақтар өзіміз ешкімге бағынышты болғымыз, ешкімді
бағындырғымыз да келмейді. Дала көшпенділері жайлы біліп қоюың үшін
айтайын біздердің əрқайсымызға өгіздің қамыты мен жебені, найза мен
ырзығымызды құяр тостағанды құдіретті көктің өзі берген.
— Көк не берген?— деп мұқият қырылған бетінде шəлкем күлкі жүгіріп
өткен патша қайталап сұрады.
— Өгіздің қамыты мен жебе, найза мен тостаған,— деп міз бақпай
қайталады
Тамир.—
Бұлардың
барлығы
достарымызға
да,
дұшпандарымызға да ортақ. Достарымызбен қамыт киген өгіздеріміздің
еңбегі арқасында жомарт жер берген енімді бөлісіп, құдайларымызға
сыйынып тостағандарымыздан отқа май құямыз, жауларымызды алыстан
жебемен, жақыннан найзамен жайратамыз. Персия мен Мидияның
патшасы Куруштың өзін осылайша талқандап, тұлпарымыздың тұяғы сонау
Мысырға да жеткен...
Сөзін аяқтап тым-тырыс тына қалған Тамирдің теке сақалынан діріл
байқалып, сақтанып отырды.
Саусағында көгілдір сəуле шашқан жүзігі бар қолын созған Александр:
— Сол алыстағы Мысырдың өзінде құдайлар мені өздерінің мəңгі
жасайтын ұлы деп таныды, сендердің далаларыңның іргесінде тұрып
Яксарттың суын қалай ішсе, македондықтардың арғымақтары Ливияның
ұлы өзені Нілдің шырын татыған суын да осылайша сімірген.
— Осы өзеннен өтсең болды біздің даламыздың қандай кең екендігіне
көзің жетеді,— деді жас сұлу скиф.
Ол біраздан бері əңгімеге араласқысы келіп жыбырлап отырған.
— Тоқтат Гелон, тек Тамирдің өзі ғана айтсын,— деп сыбырлады оған
жанында отырған көршісі.
Тамир əңгімесін жалғастыра берді:
— Біздің жеріміздің кеңдігі сондай, сенің қолыңнан оны жаулап алу
ешқашан да келмейді. Күшіміз — кедейлігімізде. Сан халықтардың
дəулетін тонаған сенің жасағың өзі талаған сиырды қопаға сүйреткен
жолбарыс сияқты орнынан əрең қозғалады. Ешнəрсеге ие болғымыз
келмейтін, ештеңеміз де жоқ ұшы-қиырсыз жазықтарымыз біздер үшін ең
сəулетті бай шаһарлардан да, жеміс - жидекке тұнған бау-бақшалардан да
қадірлі, қымбат. Жері əлі ыстық қанмен жуылып үлгермеген халықтар ғана
өзара сенімнің белгісі ретінде найзаларын алмастырып сенімен адал дос
болуға дайын.
Тағы да сөзге Гелон араласа кетті:
— Терезесі тең азат халықтардың араларында ғана берік достық жайлы
келісім болуға тиіс, ал терезесі тең деп біздер найзаларымыздың өткір
ұшын сынасып көрмеген елдерді айтамыз.
Гефестионды ымдап шақырған Александр оның құлағына сыбыр етті:
— Мына жас скифті кідірте тұрыңдар, оның өзі маған қызмет етуге
ыңғай білдіріп отыр.
Қатуланған патша сосын скифтерге қарап:
— Бағындырған халықтарым менің есімімді құрметтей ме?— деді.
Басқаларға қарағанда жұпынылау киінген шетте отырған бір скиф
жауапты өрескелдеу қайтарды.
— Жеңгендеріңнің барлығын дос деп есептеме. Құл мен иесінің
арасында ешқандай достық жоқ, оның болуы мүмкін емес... Құлдық
қамытын киген халық соғыссыз бейбіт уақыттың өзінде де оны сыпырып
тастауға əрқашан дайын тұрады...
Александр бет-аузы тыржиып, мөлдір көздері шақшиып кетті. Содан
кейін орнынан тұрып, скифтерден бұрылып өз көсемдерінің аузына қарап
тына қалған жанындағы жолдастарына:
— Мына тағылар құлдық ұрып аяғыма жығыла ма десем, маған ақыл
айтуға келіпті. Соғдылар мен бактриялықтарды көтеріліске итермелеп
жүрген осылар емес пе екен? Жауынгерлер қайықтарға отырсын. Арғы
жағаға скифтер даласына өтеміз!
Скифтерге бұрылып зымиянда күлген оның еріндері қисайып кетті:
— Скифтер қолдарыңнан қаруларын ешқашан тастамайтын болса да,
олардың арасында басқа тағы халықтарға қарағанда, біршама ақылды,
салауатты адамдар бар екенін көріп тұрмын. Бақытыма қарай тағдыр
бастаған жолымда сендердің кеңестеріңді еске алуға тырысамын. Ақылға
сыймайтын іске кірісе қоймассың.
Жиһангер қоштасу ғұрпымен қолын жоғары көтерді де, шымылдықтың
аржағына кіріп кетті. Орнынан тұрған Тамирге ілескен басқа скифтер де
сыртқа асығыс шықты.
— Қосмүйіздің тілмашы кім екенін білесің бе?—деп сұрады сақтардың
бірі Тамирден.
— Парсылар мен явандардың арасындағы Арбелде болған ұлы ұрысқа
қатынасқан Мавактың сарбаздарының бірі шығар?
— Иə, ол Будакеннің ұлы Сколот. Жатжерлік киім киген, қошқар жүніне
ұқсатып шашын бұйралатып явандарша өсірген.
— Будакеннің жанымызда болмағанына шүкір. Тіпті патшаның отыруы
да оған кедергі болмай, опасыз ұлын өлтіріп жіберер еді.
Жанында парсы тілмашы бар Гефестион алтын түкті сұлу сəйгүлікке
секіріп мінген Гелонның жанына келіп:
— Азияның патшасы сенің атыңды көргісі келеді, біздермен бірге
жиһангердің тұлпарлары байланған кермеге жүрмейсің бе?— деді.
Орындарынан жайлап қозғала бастаған Тамирге қарап Гелон:
— Мен сендерді қазір-ақ қуып жетемін?—деп қуана айқайлады. Содан
кейін ол тілмашқа бұрылып:
— Мен патшаның жауынгерлеріне азыққа он мың қой айдап əкеле
аламын. Бұл үшін қандай баға төленер екен?— деп сыбыр етті.
Моғұл тауындағы ұрыс
«Баһадүрлер. Моғұл айдаһарына жиналыңдар!» деп барлық сақ
жұртына ұран тастаған Тамир жан-жаққа жаушылар шаптырды.
Барлықтары да Моғұл айдаһары дегеннің — жап-жалаңаш жазықтағы
ортасында семсермен тілгендей тар шатқал бар, қара тас жота екендігін
жақсы білетін. Яксарт өзені оны соғдылардың Ванкат қаласының тұсынан
айналып өтіп Бекет табалдырықтарынан екпіндей асып, бетпақ даланың
шетімен əрі солтүстікке қарай жайбарақат ағатын.
Əлі үлкен ұрысқа кіріп өзін сынап көрмеген жас сақтардың көкіректерін
қарауыл төбелерден түнді жарып жарқыраған қызыл от көрінгенде
желпінген ерекше бір қуаныш кернейтін. Олар асығыс ер-тұрмандарын
жамап, семсерлерін жанып, алдағы болғалы тұрған ұрыстан міндетті түрде
темір сауыт та, үйінің ергенегіне іліп қоятын яванның басын да алып
келетіндігіне акт беретін.
Дала сапырылысып жатты. Қара құрттай қаптап келе жатқан, бұрын
ешкім естімеген қосмүйізді адамдардың соңында тек қираған үйінділер
ғана қалып, жер қурап, одан кейін шөп шықпайды екен деген сыбыстар
тарады. Кейбір көшпелілер табын-табын малдарын солтүстікке қарай айдап
алып кетсе, екіншілері оны Яксарттың құяр сағасындағы туыстарына
апарып, өздері əйел, бала-шағаларын арбаға отырғызып, ұрыстан соң мол
олжаға кенелу үшін оңтүстікке Моғұл айдаһарына қарай тартты. Арбаларда
отырған кемпірлер өз шаңырақтарының түтінін өшірмес үшін қыш
шелектердегі көмір шоғын қайта-қайта үрлеп қояды.
Үстеріне киіз үй тіккен арбалар салдырлай теңселіп, қарағаштан
жасалған ауыр доңғалақтар сықырлап, айдаушылар ұлын сүңгілерімен
түрткілегенде қос - қостан қатар жегілген алты өгіз шұбалта өкіруге
басады.
Моғұл шатқалындағы тау бұлағының жағасына шуылдаған үлкен тобыр
жиналған. Өкшесіне дейін түскен ұзын көгілдір көйлек киген қыздар төбе төбелердің бастарын кезіп, еткен жылғы қу томарды теріп жүр. Бумаларын
бастарына көтеріп əн салып, теңселе басып келе жатқан олардың
кеуделеріне қадаған күміс теңгелері мен шолпылары балықтың
қабыршағына ұқсап күн нұрына шағылысып сылдыр қағады. Жеңілу
дегенді білмейтін сақ баһадүрлері ұрысқа шақырған ұранды есітіп кең
даланың шартарабынан жиналған шақта қыздар неге қорықсын.
Жазық далада көтерілген шаңнан бұлт тұрды, ат тұяғының дүбіріне
ұласқан көңілді скиф сарбаздарының ысқырықтары мен айқайлары
естіледі, олар құйғыта шауып келе жатып найза серпісіп, ұрысқа
дайындалуда.
Жүн шекпен, шошақ төбелі сұр қалпақ киген Бонақ руының жаужүрек
жігіттері алдыңғылардың бірі болып жетті. Құйрықтарын қызыл қынамен
бояған, қаба жал бəкене атарынан түсе-түсе қалған олар, мініп келген
көліктерін тұсап оты қалың жерге жайылуға қалдырды да, өздері əн салып,
ысқырысып, уһ - аһ десіп тобырға қарай беттеді. Шекпендерінің оң
жеңдерін кимей ұрысқа ыңғайлап, иықтарын жалаңаш ұстаған,
белдіктеріне таққан мыс тостағандары қола тоғаларына соғыла сыңғырлап,
тобырдағылардан бір жұтым қымыздарың жоқ па деп сұрайды.
— Біздерге явандарды көрсетіңдер!—деп айқайлады олар.—
Қорамсақтағы жебелеріміз зыр қағып, явандардың қампиған қарындарына
қадалып тесуге асығуда.
Арба үстіндегі ағаш үйдің есігінен басын қылтитқан қырық қырау
көйлек киген, ақ шашты, жүзі құсетті кемпір суланған көзін сығырайтып:
— Пай - пай-пай! Бəрін де, шеттеріңнен неткен батыр келісті жігіт
едіңдер. Қараша үйлеріңе, оттарыңның басы мен ошақтарыңның қасына
түгел аман оралар ма екенсіңдер? Келіңдер, мен сендерге қымыз құяйын.
Өжет жанарларың жарық дүниені көріп тұрғанда ішіп қалыңдар!
Азат скифтер жаңа байрақтарын көтеріп келді.
Олардың алдында жез қоңыраулары бар дабылды алдына өңгерткен
құла жирен ат мінген Кидрей.
— Будакен мен оның «ажалға бас байлағандары» қайда?
— Жаға жақта, явандардың не істеп жатқанын бақылауда.
Кидрей дабылды құйрығын кескен кəрі көк ат мінген шалға ұсынды.
Белдігіне қорамсақтың орнына ішекті аспап ілген шал қалтыраған
қолдарын созып дабылды қағып алды.
— Қараңдар дабыл зағиптың қолында!
— Жау жүрек жігіттерді ұрысқа соқыр шал бастамаса нетсін!
— Бұл Саксафар, біздің жырауымыз! Ол ерлік дастандарын айтады.
Өзен жаққа беттеген Кидрей үлкен жолдан тарап жатқан шатқалдардың
бірінен Будакеннің «ажалға бас байлағандарын» ұшыратты. Бір сарбаздар
тастың үстінде демалып, екіншілері аттарын жемдеп, тағы біреулері
жартастан тамшылаған тау бұлағының суын жинауда. Үлкен бір тасты
шынашақтап Будакен жамбастап жатыр. Жаныңда су толып тұрған
тостағаны.
Атынан түскен Кидрей Будакеннің жанына барып біраз уақыт үнсіз
отырды. Сақ елшілерінен Қосмүйіздің жанынан Сколотқа ұқсас тілмаш —
бозбаланы көргендігін Кидрей естіген еді. Сақтардың ежелгі ғұрпы
бойынша ұрыс кезінде əкесі сатқын баласын іздеп тауып өз қолымен
жазалауға тиіс болатын. Мына жауар бұлттай түнерген Будакен осыған бел
байлаған жоқ па екен?
— Сенін қолың жағада емес, неге бұл жерде тұр?— деп сұрады Кидрей.
— Ру басыларының кенесі «ажалға бас байлағандармен» бірге осы
жерде тосқауылда отыруға бұйырды. Егер явандар осы жолмен өтетін
болса, онда бүйірден тиісіп, екіге жарамыз да бір жағымен ұрысамыз.
— Егер олар бергі жағаға өтсе, кейін қайтып оралмас үшін салдар мен
қайықтар байланған арқандарды қиып, суға ағызып жіберу керек.
— Бұл Гелонға тапсырылған.
— Тамир қайда?
— Тамир інісі Сотрак екеуі өзен жағасындағы төбенің басында. Олар
сақ сарбаздарының қай тұсқа қажеттігін бақылап күшті бөліп жіберіп
отырады.
Топырақты күрей уыстап орнынан тұрған Кидрей Құлажиренге секіріп
мінді де, құмды явандар жаққа шашып жіберіп:
— Явандар қарабет болып жеңілсін, күштері мына топырақтай тоз-тоз
болсын!—деді. Скифтердің негізгі күші Яксарттың жағасына қашаннан
өткел беретін тұсқа жинақталды. Бұл арадағы арна тар, қарсы жағада не
болып жатқаны көзге анық көрінетін. Қарулы қол-мергендер тартқан садақ
жебелері арғы жағаға жетіп, жараланған аттар жұлқынып, салдарды
айдауға дайындалып жатқан соғдылардың арасында да əбігер басталды.
Жағалауды түгел жапқан салдар өте көп еді. Осында айдап əкелінген
ондаған мың соғдылар соларды жасап талай уақыт талмай жұмыс істеді.
Күн ерекше жарқырап шыққан таңертеңгі ауаның тазалығы, аспанның
ашықтығы сондай тіпті қызық үшін шаһардың тас қорғанына көтерілген
сонау алыстағы құмарпаз жандар да анық көрінетін.
Скифтер тұрған жағаға қарай бір сəтте атылған мыңдаған жебелер
талай боздақтарды аттарынан ұшырып түсірді. Жағадан кейін серпілген
көшпелілер төбелердің бастарына шауып шықты. Бұл Қосімүйіздің жағаны
жаудан тазарту үшін гүрсілдеп жарты найза бойындай көк сүңгілерді
ысқырта жаудырған лақтырғыш сақпандары екен. Сол мезетте жауынгерлер
тиелген сансыз салдар бергі бетке қарай лап қойысты. Биік қамыс қалқанды
қалқалағандары салдары жиектей айнала жүрелерінен отыр. Олардың
ығында садақшылар мен сақпаншылар. Түбі жайпақ, кең қайықтарға
мінген салтаттылар, құлақтарына дейін суға батып, пысқырынып жүзіп
келе жатқан аттарының шылбырларынан мықтап ұстаған. Сұрғылт лай
сулы өзеннің қатты ағысы салдарды шыр айналдырғанда, жауынгерлер
тəлтіректеп, бір - бірлеріне жармасады, суға құлағандары иірімге шым
батып тұңғиықта ажал табуда. Ескекшілердің тез ескендіктері сонша,
македондықтардың кейбір салдары оң жағалауға шыға бастады. Жиекке
секіріп-секіріп түскен явандар, үсті-бастары су-су үлкен аттарына мініп, бір
- бірлеріне тізе қосып, атты скифтерге тиісіп кетті. Сақпаншылардың
домалақ тастарды керемет күшпен лақтырғандықтары соншама сақтардың
сауытсыз кеуделерін қаусатып, тас тигендер аттарынан ұшып түсіп, ал
жаралылары қолдарынан тізгіндерін шығармай кең даламен құйғытып
шауып бара жатқан аттарының артынан сүйретілуде.
Алып алақаздардың тобы сияқты он екі мың сал мен қайықтар қарсы
жағаға өтіп, құмдауыт жағаға секіріп-секіріп түскен Қосмүйіздің
жауынгерлері, қатар-қатар тұра қалысып тез сап түзеп, керней үнімен
жігерленіп тастақ беткеймен скифтерге қарсы жүгірді. Қолдарындағы
жалпақ семсерлерінің өткір жүздері күн нұрымен жалт-жұлт ойнап, ажал
отын шашатындай.
Бірақ жаяу явандар аттарының жалына жабысып, шатқалмен шегіне
қашып, улы жебелерін мүлт жібермей жауларына дарытқан атты сақтарды
қуып жете алатын емес.
Жар алы жауынгерлер құлап, саптан қалып, қарғап-сілеп жүріп
денелерінен жебелерді суырып, түрлі-түсті шүберектермен қан саулаған
жараларын таңып, сүйретіліп жағаға қайтадан оралады.
Қызыл сулық жамылып мыс сауыттары жалтылдаған Қосмүйіздің
салтаттылары тез арада қатар түзеді. Екінші қатардағылары ұзын
найзаларын алдыңғыларының иықтарына асып, ілгері ұмтылып шабуылға
шыққанда бейне бір өткір тікенекті жылжымалы қорған сияқты. Мұндай
күшті айбатты сапқа кеуделерін тері мен қылдан тоқыған сауытпен ғана
қорғаған, қысқа найза, шолақ ақинақпен ғана қаруланып, жеке-жеке əрекет
жасаған сақ сарбаздары не істей алады? Тамир мен Сотрактың кеңестері
бойынша олар екіге айырылып төбелерге шауып шығады да, екпіндерін
бəсеңдетпестен кілт кейін бұрылып, сол бойда македондықтарға жебе
жаудырып өтеді. Сəнді явандардың мыс кеуделіктері мен дулығаларына
тиген жебелер кейін серпіліп, сынып жатыр, дегенмен олардың біраздары
ауыр жараланып жұп жазбай келе жатқан сап əр жерінен сетіней бастады.
Салтаттылардың арасынан жайдақ сəйгүліктер шауып шығып
македондықтардың легінің соңында қалып барады.
Атты əскерінің тегеурінді соққылары мен жаяу саптың үй жыққандай
екпіні бұрын соңды кездескен жау қолының қай-қайсысын да быт-шыт
етіп, жаншып жіберетін македондықтарды скифтердің сусып қолға түспеуі
кереметтей ызаландырды. Қарсы келгендердің барлығына үрей əкеліп
дағдыланған əлі де болса жұптарын жазбай жұдырықтай түйілген
македондыктар қорқу дегенді білмейтін, бас имейтін кезенген жауға тап
болып қайткенде де скифтерді қуып жеткісі келіп өздерін тас-түйін
ұстағанмен олардың саптарымда əлдеқандай бір əбігер байқалады.
Иен далаларын бағындырғысы келіп өзеуреген явандармен қоян-қолтық
шайқасқа шыққылары келген, скиф баһадүрлері қаһарларына мініп,
шыдамсыздана бұлқынады.
Кейін алаулаған от басында зағип жырау мадақ жырларын айтатындай
осы ұрыста өшпес даңққа бөленгілері келген «ажалға бас байлағандар»
жебедей зулап неге майданға шықпайды? Міне, македондықтардың екі легі
ілгері ұмтылды. Əйелдер мен балалар, кемпір-шалдар, сарбаздардың
семьялары бар сақ лагеріне қарай өңмеңдеп келе жатқан оларды алға
жіберуге бола ма?
Македондыктардың үшінші легі де екпіні қатты селдей лап қойды.
Алдарында құрсанған болаттары күн сəулесіне жарқ-жұрқ еткен бірнеше
салтатты ерекше көзге түседі.
Жартастың тасасынан құстай ұшатын жасақты бақылап тұрған Будакен
айқасқа асыққан жас батырларды əзер-əзер тоқтатуда:
— Ерте, ертерек əлі! Сақтардың басын кеміргісі келген нағыз қорқау
көзіме түссін!
Оның қырағы қыран көздері македондықтардың сапы арасынан қыр
мұрын, тік маңдай, қабақтарын қарыс түйіп, езуінде ащы мысқылды күлкі
үйірілген сұп-сұр жүзді көрді. Күміс дулығасының басында құтанның
қанаттары желбіреп, ұзын найзаны басынан жоғары көтеpiп келе жатыр.
— Улала!—деп күркіреп сақтардың ұранын шақырды Будакен.
Ауыр, қысқа ақинақтарын қындарынан суырып - суырып алған «ажалға
бас тіккендер» дүр етіп сұмдық шапшаңдықпен алға қарай ағыза жөнелді.
Ала, құла, жирен, баран түсті сақ тұлпарлары кеуделерімен кимелеп, аш
бөрідей бүйірден тиіп македондықтардың сапын селдіретіп жіберді. Ұзын
найзаларын тастай - тастай салған македондықтар, құйын сияқты тап
болған, батыл скифтермен семсерлесіп, қолма-қол айқасқа кіріп кетті.
Ысқырған темір гүрзісін басынан асыра шыр айналдырған Будакен
кескілескен шайқастың ен қызған тұсына ене түсті. Алыстан болат дулыға
киген əдемі жүзді көріп, көздері алақтап соның жанынан ұлы Сколотты
іздестірді.
Жолындағы
бірнеше
македондықтарды
ат-матымен
омақастырып кетті. Тақымындағы адуын айғыр жаралы аю сияқты ақырып
жан - жағындағыларды жайпап келе жатқан скифтен тым-тырақай қашқан
жауынгерлердің сапын киіп-жарып, үстіндегі адамның қаһарын сезгендей
алға қарай өршелене ұмтылады.
Қосмүйіз жақын... Қазір оны атынан аударып тұлпарының тұяғымен
таптайды. Бірақ оның таңдаулы күзетшілері жан-жағын жайпап Азияның
патшасына жақындап қалған құтырынған скифты бірден байқады. Алып
денелі нəн нубиялық зəңгі қапталынан келді де оны көздеп, əлуетті
қолдарымен найза серпіді. Сауыттан тайып барып, бура сандарын біздей
ұшымен іліп өткен найза жирен айғырдың жонына барып кірш қадалды.
Басынан асып домалап түскен атымен бірге Будакен де жерге құлады.
Сатыр-сұтыр еткен болат тұяқтар үстінен өтіп жатыр. Ең соңғы рет көзін
ашқанда байқағаны Кидрейдің ала аты болды. Жарқ еткен найза
жауырынды қара зəңгіні шаншып өтіп гүрс еткізіп домалатқан кезде,
баһадүрдің де көздері жұмылып қараңғы түнекке шым батты.
Александрдың таңдаулы жауынгерлері скифтердің бетін патшалардың
падишасынан əрең дегенде қайтарды. Оның атын тізгінінен жетекке алып,
жымдаса қоршап, майдан даласынан əрең дегенде сатылып шықты да,
кейінге, өзен жағасына қарай шаба жөнелісті.
Александр қайыққа əрең жетті. Осы жерде бір эфебке жартастың
басына шығып скифтердің қимылын, қандай əрекетке көшкенін бақылауды
тапсырды. Жусан бұталарының арасына жасырынған оны күзетшілері
сулықтарын жайып қалқалап тұрды.
— Жиһангердің іші өтті, емшіні тезірек жеткізіңдер! Скифтер қайда?
— Скифтер тағы да жақындап келеді,— деп айқайлады жартастың
басында тұрған эфеб.
Қөздерінің айналасы көгеріп, жүзі қуарып кеткен Александр
күзетшілерінің сүйемелдеуімен қайыққа жетті. Жанталаса қимылдаған
ескекшілер қарсы жағалауға асықты.
Сырттарында Александрдың күшті колы бар деп сенген
македондыктардың алдыңғы лектері үрдіс шабуылға көшіп, өршеленіп,
өңмендеп тоқтаусыз алға ұмтыла берді. Жеңілу дегенді білмейтін скифтерді
тас-талқан еткендіктері үшін алатын сыйлары көздерін қарауыттырған олар
тарыдай шашылған топтардың соңында өкшелеп түскенмен, соққылары
суға сілтеген семсер сияқты еді.
Скифтердің кереметтей шапшаңдықпен жаяу жауынгерлер мен македон
этерларының атты ауыр легінен ұзап кеткендіктері сонша, соңдарында
ұзыннан-ұзақ шұбатылған явандарға бүйірден тиюге қолайлы межелі
жердей де өтіп кетті.
Алдарынан жанұшыра өкірген дауыстар естілді.
Шатқалға кіретін жолдың бойы түгелдей бала-шаға, кемпір-шал,
əйелдерге толы арбалармен қоршалып тас - талған екен. От лаулап,
байлаулы тұрған үріккен түйелер мен өгіздер ноқталарын жұлқа тартады.
Арбалардың үстінде отырған күңсіп əбден қарайған сақ əйелдері жылаған
сəбилерін қолдарына көтеріп жұбатысады.
— Біздерді өздерің ертерек өлтіріңдер! Жауға масқаралатпаңдар!
Өздерің сарбазсыыдар ма? Бастарық ауған жаққа қашып бара жатқандарың
қалай?
Арық ат мінген, бесігін ерінің алдына өңгерген бір əйел сарбаздармен
қатарласа берді.
— Найзаларынды бізге беріңдер! Жаумен өздеріміз шайқасамыз!
Майданда өлеміз!
Жалпақ белбеумен мойынына асқан бесігі шайқалақтаған əйел
астындағы атын қамшылап, тым-тырақай қашқан скифтердің жолын кескестеп бөгей береді.
Аттары аяқтарын соғып, сындырып алатын ауыр арбаларды
македондықтар алыстан көрді. Əскербасылар дауыстап бұйрық бергенде
кереметтей тəртіпке үйренген олар сондай шапшаңдықпен қайта сап түзеп
бұрылды да, жұптарын жазбауға тырысып кейін қарай жөңкіле шегінді.
Ірі қабанды қуған жеңіл ұшқыр тазылар сияқты шегініп бара жатқан
македондықтардың атты əскерін айналшықтап, іліп тартқан скифтер жауды
біраз шығынға ұшыратты. Бірте-бірте екпіндерін бəсеңдеткен
македондықтар жолай кездескен жаралыларын жинап, əлсіреген скифтерді
өлтіріп, бұрынғы жүріп өткен іздерімен өзен жағасына оралды.
Жаңа соққыға əзірленген скифтердің тегеуіріні дүлей болатын. Қазір
Гелонның қолы македондықтарға тұтқиылдан тиісіп, қайықтар мен салдары
байланған арқандарды кесіп суға ағызып жібереді де, сосын скифтер күллі
Азияны тітіреткен Қосмүйізді біржола құртады.
Бірақ жасағын бастаған Гелон көрінген жоқ...
Бытырай өкшелеген скифтердің тегеуірініне тосқауыл берген
македондықтар өткелге еш кедергісіз жақындағанда, сырттарынан көмек те
жетті, жыландай ирелеңдеген садақшылар мен сақпаншылардың тобы,
олардың соңдарына қолма-қол ұрысқа дайындалып қола қалқандарын
жамылып, мыс дулығалары жарқылдап, шеп түзеп асығыс келе жатқан
жаяу жауынгерлер көрінді.
Явандар шегініп өз жағалауларына қарай асығыс өте бастады. Соңғы
салдар тастақ жағалаудан жылжығанша скифтердің бетін қайтарған
серпігіш сақпандардан атылған тастар мен жебелер бергі жағалауға
жаңбырдай жауып тұрды...
Маракандада
Маракандаға беттеген жолдың бойымен бір белден соң екіншісінен
асып, қапталдарына екі қап теңделген көк есек ілбіп келеді. Соңында басын
қызыл орамалмен таңған, жалба-жұлба киінген Спитамен. Қолындағы
шыбығымен есегін айдаған ол желдің уілі сияқты ыңылдаған əнін сан
құбылтып ширақ адымдайды.
Жел жақтан шіріген мүрделердің мүңкіген иісі келгенде тыжырына
теріс бұрылып, оқпандардың жоғарғы жағында үшкір мұнаралары бар,
жағалай қалың қу шөп өскен Мараканданың сарғыш көне дуалдарына
қарайды. Бұрын күзетшілер мен сауда - саттық жасайтын, кепкен жүзім мен
тəтті қамыр таяқшалар сататын көпестер тізіліп тұратын ашық қақпаның
маңында қазір тірі жан жоқ. Түскен із тереңдеп жыраға айналған жол
бойында түрлі түсті шүберектер шашылып, бір жағында жалғыз доңғалағы
бар арба қисайып жатыр.
Арбаны айналып өткен есек елегізіп, ұзын құлақтарын қайшылады да,
іші кеуіп кеткен ак аттың өлексесін көріп үрке қашты. Анадайдағы қалай
болса солай жатқан адам мүрделерінің жанында жүрген иттер жолаушылар
кесек лақтырғанда зауықсыз қашып барып аулағырақта тұрады да
мазалаушысының кетуін күтіп тілдерін салақтатып тапжылмай отырады.
Қақпадан өте айналасына ақ, өрік ағаштары өскен қолөнершілердің
үйлері басталады. Бұл арада бұрын қос жармалы дарбазалардың алдында
қола орақ пен құмыра, мыс леген жасап балғаларымен төсті тықылдатып,
ұзақты күнге ұсталар отыратын. Енді бірде-бір шебер көрінбейді. Есіктер
аңғал-саңғал, ашық, табалдырықта ала төсеніш, шашылып жатқан шөпшалам, ыдыстардың сынығы көрінеді.
Жіңішке соқпақпен саз дуалдың жанынан өте берген есек табиғи қажеті
үшін сəл кідірді. Бұрын жырқ-жырқ күліп ағылып жататын ала-құла тобыр
толы мына тар көшелер енді тыныштық пен жансыздықтан күңгірттеніп
түнере түскен.
Спитамен бетіне қатты бірнəрсенің тигенін сезіп кейін шоршып түскен.
Жеңіл, тоқал жебе жермен домалап бата жатты. Есегін тоқтатты да ол
айқара ашылған қақпадан ішке енді. «Бұл не? Ескерту ме, əлде алдына
құрған тор ма?» Есегін байлай салды да ортасында шар шылап жасалған
қауызы бар аулаға кірді. Бұрын осын¬да бірер мəрте болғаны да бар еді,
мата бояйтын үй иесін де танитұғын. Қазірдің езінде ауланың ішінде бояу
сіңіп көнерген керілген жіптердің үстінде бірнеше жалба-жұлба жаюлы
тұр.
Шебердің өзі қайда кеткен? Быжынаған бала-шағасы, ертелі-кеш бояу
араластыратын қартаң, жас əйелдер неге көрінбейді? Қабырғада ағып
түскен көздің орны сияқты үңірейген тесіктер, бүктелген жыртық кілемге
аяғы оратылып қалды.
Жаңа жебе Спитаменнің жанына ұшып өткен сəтте ол үшкір
жапырақтардың арасынан кəрі шынардың бұтағында отырған баланың
бұйра басын байқады. Діңгекті тасалаған бала қолдан иген садақпен мұны
көздеп түр. Кекті жанары жалт-жұлт етеді.
Бетін қолдарымен көлегейлеген Спитамен жақындай түсті.
— Жақындама, өлтіремін!—деп айбат шекті бала.
— Өлтірмей тоқтай тұр! Мен сенің əкеңнің досымын. Нан жейсің бе?—
деген Спитамен оған кепкен тандырды ұсынды.
Нанға шап берген бала жыртқыш аңның күшігі сияқты пысылдап,
қомағайлана шайнады да, кенеттен жылап қоя берді. Екі самайынан
сорғалаған жасты кір-кір жұдырығымен сүртті.
— Балақай, саған не болды, неге жылайсың?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қарауыл Төбедегі Оттар - 18
  • Parts
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 01
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2503
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 02
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2397
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2388
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 04
    Total number of words is 3904
    Total number of unique words is 2350
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 05
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2564
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 06
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2284
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 07
    Total number of words is 3949
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 08
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2204
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 09
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2433
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 10
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2314
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 11
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2364
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 12
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2353
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 13
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2338
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 14
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2429
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 15
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2338
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 16
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2281
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 17
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2412
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2363
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 19
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2288
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 20
    Total number of words is 735
    Total number of unique words is 605
    39.6 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.