Latin Common Turkic

Қарауыл Төбедегі Оттар - 06

Total number of words is 3854
Total number of unique words is 2284
30.6 of words are in the 2000 most common words
44.2 of words are in the 5000 most common words
51.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жалданды, одан да əрі теңіздің жағасындағы бұттарына дамбал кимей,
аяқтарын жалаңаштап жүретін біздердің құдайларымызға сенбейтін
жатжерлік ұятсыз явандар мен киликастарға дейін барып қайтты. Жақында
ол жүгендеулі, тоқым жапқан атқа мініп келді. Ұлым енді мені асырайды...
Астында атың болса жердің шетіне де жетесің ғой...
Кемпірдің мылжыңын Будакен зер салып тыңдады. Спитаменнің
Киликияға гректерге баруы күдікшіл князьдың секем алуын бұрынғыдан да
күшейте түсті. Атыңнан түсіп, қойдың айранын іш дегенде қуанып кеткен
ол кемпірді сөзге тартуға құштарланғанды. Бірақ Будакен шатырға
жақындады да, ат үстінде тұрып жүннен дөрекі тоқылған жабықты көтеріп,
ішке көз тастады.
Tөp жақтағы көнетоз кілемнің үстінде ашық қызыл киімді жас əйел тас
диірменге бидай салып тартып отыр екен. Төбедегі жыртық жабықтан
қиғаштана түскен күн сəулесі ерге шыққандығының белгісі ретінде мойны
мен иегіне оралған қызыл орамалды, шынашағынан жоғарырақ қола білезік
таққан қоңыр білегін айқын көрсетеді.
Əйелдің қап-қара күлімдеген көзі, түзу қастары Будакенге таныс сияқты
болып көрінді.
— Мына жұмысшы қайдан келген?— деп сұрады Будакен кемпірден,
атының басын шатырдан бұрып.
— Қайдан? Оны мен қайдан білейін?— деді мылжың кемпір.—
Көкпеңбек айлы түнде қарасұр түйеге мініп келді. Əрине оны менің ұлым
тауып алған ғой. Қаласа Шеппе -Тэмен жердің астындағыны да .табады...
Тек мен оның тау-тасты, даланы кезбей үйде отырғанын қалар едім. Сонда
ғана сорлы ананың жүрегі жай табар еді. Əйтпесе, мен бір күні үйге оның
бассыз мүрдесін алып келе ме деп қорқамын.
Будакен кемпірдің сөзіне одан əрі құлақ аспай, даламен жайлап
жылжып бара жатқан Тамирдің тобының ізінен шаба жөнелді.
— Əлгі үйде менің Көкдауылымды ұстаған аңшы тұрады екен. Қарасұр
түйе де, оның күрмеуін шешкен, сыңайына қарағанда аңшының əйелі
болған ұятсыз қыз да осында.
Князь Гелонның аты жоғары шапшыды, секірген аттың үстіндегі ызалы
князь:
— Араммен ауызданған итті қанша бақпа, ол əрқашан жемтікке тартады
да тұрады...— деді.
— Бəріміз де бір кезде жемтік боламыз,— деп сыздықтаған дауыс
естілді.
Жалт бұрылған князьдар жандарындағы Спитаменді көрді. Ол сол
қалпында жұпыны, жыртық киімді, белдігіне жол тостағанын салған тері
дорба, қысқа семсер ілген. Имек садағы, қауырсын жапсырған жебелер
толы қылшаның тоқымның екі жағына ілген. Спитаменнің астындағы
шоқтығынан қара жолақ тартылған құла ат, даланың жабдан саураны
скифтер алысқа аттанғанда мінетін шыдамды, төзімді нағыз бөкентұмсық
беріктің өзі болатын.
Ұзамай князьдар ат басын тартты. Осы арада: солтүстік батысқа қарай
— Ховарезмге , оңтүстікке — Соғдианаға, шығысқа — Тохарларға баратын
даладағы тоғыз жолдың торабы түйісетін. Күнге күйген даланың əр
жерінде сексеуілмен шегенделген, айналасын мал таптаған көптеген
құдықтар көрінеді. Қолына тас табақ ұстаған, тұтас тастан қашалып
жасалған, көздері адырайған үлкен балбел бейне бір соқыр адамға ұқсас.
Князь Та -мирден кейін басқа жолаушылар да балбелдің қолындағы тас
табаққа сүрленген қой етін, тандыр нан мен бірнеше түйір арпа дəнін
тастап жатты.
Содан кейін князьдар бір - бірлеріне жақындап, шынтақтарын түйістіре
ұстасып, иықтарынан сүйісіп, сыбырласа сөйлеп құдайға сыйынды. Кəрі
князь Тамирдың атқа қайтадан отыруына Будакен көмектесті. Содан соң
өзінің сұр арғымағына жеңіл секіріп мініп, əбден тапталған сайдағы
соқпаққа түсіп, оңтүстікке бет түзеді. Соңында ұзыннан ұзақ тізбектелген
скиф сарбаздары.
Атын қамшымен тартып - тартып жіберген Тамир жолсыз даламен
өзінің мекені жаққа шаба жөнелді. Артынан шаңдатқан серіктері ілесіп
бара жатты.
Соқыр тас көздерін алысқа, қайнаған аптапта біртіндеп жұтылып бара
жатқан салтаттылар жаққа қадап, жапан далада жалғыз балбел ғана тұр.
ҮШІНШІ ТАРАУ
БАҚЫТТЫ СОҒДИАНА
...Шеттерінен ұзын - қара сақалды, қоңқақ мұрын, шүңірек көздері
секемшіл. Белдерін байлаған үш түрлі жіп — отқа табынушы адал пенденің
бойындағы үш қасиетті: пейілінің ақтығын, ниетінің түзулігін жəне ісінің
адалдығын көрсететін белгілер. Бастарын жиегі иықтарын жапқан көк
немесе сары орамалмен байлаған.
Шаһардың қақпасы төбелері бір-біріне түйісіп, шикі кірпіштен қаланған
қабырғалардың ішкі жағына салынған. Қабырғаның əр жерінен оқпандар
шығып тұр. Егер далалардан шауып келген скифтер шаһарға шабуыл
жасайтын болса, оларды қабырғалардағы осы оқпандардан атқылайды,
төбелерінен ыстық су мен қайнаған қарамай құйып, ауыр тастарды
лақтырады.
Қақпаның алдында күзетші Күкей торлап жүн шұлық тоқып отыр.
Талай жылдарын дəл осы жерде өткізген ол қазір қартайған. Күнге
қақталған жүзін сай - сай əжімдер басқан. Жасаураған көзінің қабағында
бурыл қастары жан-жаққа бей-берекет едірейеді. Дала жақтан құйғыта
шапқан көшпенділер көптен бері көрінбеген. Бірақ соңғы рет үшкір найза,
салмақты айбалталар ұстап, шошақ қара бөрік киген аласа шұбар жəне
бурыл аттарға мінген салтаттылардың қаптап келіп, лап қойғанын ол əлі
ұмытқан жоқ. Олардың атқан жебелері алысқа ұшатын жəне көздегендерін
қалт жібермейтін. Шаһардың қорғаушылары сонда қайнаған ыстық су толы
қазандарын тастай - тастай қашып, қамалдан кейін шегінді. Олар суармалы
егін алқабын ат тұяғымен таптады, бұзаулар мен қойларды шауып келе
жатып-ақ атқа өңгеріп əкетіп, қақпаны айбалталармен соққылады. Күшті
шарап пен бал құйылған құмыраларды, дəн толтырылған ала қаптар артқан
түйелер тізбегін жетекке алған соң барып олар келген жақтарына,
далаларына қайтадан оралды.
Күкей күзетші қалғып отырғанымен қашаннан қалыптасқан əдеті
бойынша тоқуын жалғастырып, қолдарындағы ағаш шабақтарды
ербеңдетеді. Шаруалар төменде бір-бірлерімен қатты керілдесіп қалғанда
барып, күзетші қорғаннан төмен қарап қояды.
Күкейдің он жағындағы шикі кірпіштен қаланған жел қағып, күн
күйдіріп, қысқы жауын əбден мүжіген мұнараның басындағы ұйпаланған
ұяда ұзын қызыл аяқтарымен теңселіп көкқұтан отыр.
Кейде құтан жоғары секіріп, үлкен қанаттарын жайып, басын кекжитіп,
тұмсығын арқасына апарады да, зырылдауық тəрізді біраз сақылдатып
алады.
«Шаһарымыз қандай бақытты,— деп ойлайды Күкей.— Көк тəңірісі
біздердің жарылқаушымыз Агурамазданың қаһарына əлі ұшырай қойған
жоқпыз». Содан кейін ол шұлық ұстаған қолдарын күнге қарай жалбарына
созады.
Сол жақ тұстағы қабырғаның жарықшағы арасына үлкен сұр
лашындардың ұялары жасырынған. Батыл құстар кейде сол
жарықшақтардан жиі-жиі екпіндей ұшып шығып, содан кейін аспанда
қалықтап ұзақ жүріп, құдық басында айналған шығыр сияқты «пирлю-люлю- лю, пирлюлю...» деген дыбыстар шығарады.
Көкқұтан кенеттен қанаттарын қағып-қағып жіберіп, жіңішке
аяқтарымен билеп алды да, теріскейдегі күн қақтаған сұп-сұр жазыққа
қарай қалықтап ұша жөнелді.
Күннің күміс сəулесі қарықтырған ұйқылы-ояу көздерімен Күкей
көкқұтанның ұшқанын бақылады. Кенет сол жақтағы араларында арық
сулары жарқыраған тары мен жоңышқа егілген шаршы аландардың
арасынан шыға келген бір топ салтаттылар көрінді. Булардың жиырмаға
жуық скифтер екендігін Күкей жазбастан таныды. Төбелері шошайған қара
бөріктерді, жатаған келген құла, бурыл аттарды неге бірден айырмасқа?
Алға кезелген жіңішке найзаларды да бірден аңғаруға болатындай еді.
Күкей анадайда кермеге асулы тұрған даңғырасына жүгіріп жетті де,
оны жан ұшырып соға бастады. Шыңылдаған ащы дыбыс шаһарға естіліп
əп-сəтте барлығын дүрліктірді. Жұмыстарын тастай - тастай салған шаһар
тұрғындары үйлерінің жатаған төбелеріне шықты.
Ұйқыдан беті домбыққан үрейлі онбасы жанына жүгіріп жеткенше
Күкей дабылды соға берді. Біресе Күкейге, біресе қорқынышты
салтаттылар көрінген далаға алақтай қарап, ақырында қорғанға ұмтылды.
Танаптарын таптап, есектерін жан-жаққа қуып, арықтардан секіре қашқан
шаруалар жолмен асығып келе жатты.
— Қақпаны! Тезірек қақпаны жабыңдар!—деп айқайлады мұнарадан
беттері тегістелген тас баспалдақпен Күкеймен қатар төмен қарай жүгіріп
келе жатқан онбасы.
Бірақ екеуі бұрылып қабырғаның іргесіне жеткен шақта үш скифке
бетпе-бет ұшырасты. бұлар құла аттарымен ішке шауып кіріп, қалғандарын
күтіп тұрған болатын.
— Кейін! Кейін шығыңдар!—деп айқайлады скифтерге жақындауға
қорқып, тек алыстан ғана қолын ербеңдеткен онбасы.
Басын қызыл орамалмен таңған салтаттылардың біреуі:
— Шұлық тоқушы, қария, мені шынымен танығың. келмей тұр ма?
Мен, құмырашының баласы солақай Шеппе — Тэменмін ғой! Есіңе түскен
жоқпын ба? Маған ішектерден адырна есуді, бұғының мүйізінен садақ июді
үйретіп едің ғой!— деді Күкейге.
Бажайлап қараған Күкей жас жігіттің күн қаққан бет-əлпетін,
күлімдеген қысық көзін таныды.
— Дұрыс, сен солақай Шеппесін ғой! Танымай не көрініпті, көрші
тұрған жоқпыз ба? Атын да бар екені байығансың ғой шамасы? Менде не
шара бар дейсің, скифтерді шаһарға кіргізбеу туралы жарлық бар ғой?
Ауыр айбалталарымен шауып тастай ма деген ойдан құты қашқан
онбасы айқайлай берді:
— Қорғаннан шығыңдар, қақпаны жауып сендермен содан кейін
сөйлесеміз. Кім біледі, іздеріңнен шаһарға қаптап кірейін деп мың сан скиф
келе жатқан шығар?
— Бақырма!—деп тыныштандырды оны Спитамен.—Шаһарды
дүрліктіріп нен бар? Араларымызда соғыс болмағалы қай заман!
Сақтардың көсемдері сендердің. бектеріңмен талай рет дастарқан басында
табысып, достық үшін ішіскен жоқ па?
— Маған бүйтіп əн салмай, кейін қайт!— деп айқайлады онбасы.—
Сендерді қалаға жібергеніміз үшін шаһардың əкімі қаһарланып, күзетші
Күкей екеумізді дарбазаға шегелеп тастайды.
Тұрғындары құжынаған көрші көшеден айқай салған бірнеше салтатты
шауып шықты. Алдыңғы семіз атта қару-жарақ асынып, найзасын көлденен
ұстаған жуан соғды. Дулығасында қырғауыл қауырсындары желбіреп,
сауыт-саймандары жалт-жұлт етеді. Соңында семсерлерін жалаңдата
көтерген əлгі мұрты да тебіндемеген бозбалалар.
Дəл осы кезде Будакен мен оның серіктері де қақпадан енді. Ат үстінде
мызғымай, əдеттегіше мұрттары салбырап, сұстанып, сақтана жылт-жылт
еткен көздері сығырайып, жайбарақат отыр. Барлықтары да тоқтады.
Күкей алға атып шықты:
— Міне, біздің жүзбасымыз да жетті. Ол скифтердің, шаһарға кіруіне
рұқсат жоқ дейді.
— Мұнда неге келдіңдер?—деп ентіге айқайлады жүзбасы.
— Бұл сақтардан келген өте құрметті елші,— деді Спитамен,— Алтын
Ауыздықты Будакен князь. Ол Маракандаға сатрап Бесске қымбат
сыйлықтар алып келе жатыр. Егер сен мейірбанды жүзбасы бұлайша
бақырып, біздерді қалаға кіргізбесең, қорғанның сыртындағы қоқымның
арасында, қаңғыған иттер мен шиебөрілердің. арасына қоныңдар десең,
бұл жерге аялдамай əрі кетеміз. Сонан соң біздер құрметті елшілерді қалай
қабыл -дағандықтарың жайлы патшаның сатрапына шағынамыз!.. Сосын
Бесс құрметті елшіге көрсеткен жəбірлеріңнің есесіне шаһардың əкімі мен
екеуіңнің буынып өлулерің үшін сорадан ескен арқан жібереді.
Жүзбасы жанындағы серіктерімен сыбырласты:
— Рабатқа 1 жіберейік те, сырттарынан жауып тастайық!—деп кеңес
берісті жасөспірімдер.
Күзетші Күкей жүзбасының атынын тізгінін ұстап, найзасын алды. Ол
ауыр денесімен аттан сырғып түсті де, қолын кеудесіне ұстап тағзым ете,
скиф князына жай басып жақындады.
Жерге секіріп түскен Будакен қисық аяқтарымен теңселе басып,
жүзбасыға қарсы жүрді.
— Құрметті мейманға сəлем!— деді жүзбасы.— Қош келдіңіздер!
Орталық алаңға қарай жүріңіздер. Онда жолаушыларға арналған керуен
сарайы бар. Күзетшіге ашулана көрмеңіздер, ол дұрыс істеді, себебі
Маракандадан ешқандай жат жерліктерді шаһарға кіргізбеу туралы бұйрық,
алғанбыз. Бірақ құрметті елшілерге əрқашан қуаныштымыз. Заман жаман!
Соғдыға қарай қосмүйізді патша бастаған жау қаптап келеді дейді.
Сарбаздарың аттарына мінсін де соңымнан ерсін.
Будакен мен жүзбасы қайтадан аттарына мінді.
— Азрак, Күкей күзетшіге шалма тастаңдар!—деп айқайлады жүзбасы.
Түсі суық, жауырынды соғды сарбазы күзетші Күкеннің жанына жетіп
келді де, мойнына тұзақты тастап жіберіп атынын басын бұрып, шалды
дедектетіп сүйрей жөнелді. Қылқындырған арқанды қолдарымен ұстаған
Күкей қарлыға:
— Басымды жұттым да тындым! Енді маған бұл пəледен құтылу жоқ!
Бəрі де сақтар үшін! Енді кімнен қайран бар? Сорлы анам менің өлігімді
ғана көресің - aу!— деді.
Халыққа толы тар көшеге шыққан бозбалалар жолдарында
кездескендердің барлықтарының бастарына қамшы үйіріп келе жатты.
Көшенің. екі жағында саудагерлердің қаз-қатар тізілген дүкендері. Ат
пен есектерін жетектеген саудагерлердің қаз-қатар тізілген дүкендері. Ат
пен есектерін жетек - теген диқандар мен сəнді киінген шаһар тұрғындары
қорқынышты скифтерден зəрелері ұшып, жанұшыра бас сауғалап қашысты.
— Ариманның ұрпақтары, сақтар қаптады! Қақпаларыңды жабыңдар!
Афросиаб қайтып келді. Бауыздап жатыр,— деген айқайлар естіледі.
Дүкендерінің есіктерін асығыс жапқан саудагерлер жолай анар, алмұрт,
шабдал салған себеттерін аударып алып жатты. Алабажақ, ұзын киімді
əйелдер үйлердің жалпақ төбелеріне жүгіріп шығыпты. Олар жылаған
балаларын жетектеп, көрпе мен кілемді, құмыраны бірге ала жүрген.
Жасыл жастықты сүйреткен өлмелі кемпір, үйдің төбесіне тырмысып
шығып, дірілдеген қисық саусақтарын сілкілеп парсылардың былғаныш
қарғыстарын қайталауда:
— Əкеңді отқа жағамын. Ол тозақ отында шыжғырылсын...
Бетіне қарап күлген Кидрей:
— Шиебөрінің емшегінен де сұрқия жүзіңді көрсетпе. Жастықпен жап,
— деп айқайлады.
Скифтердің ешкімді балталарымен шауып, найзаларымен шаншымай
жайбарақат келе жатқандықтарын көрген шаһар тұрғындары батылданып,
топ-топ болып əр жерге жиналды, содан кейін іздерінен еріп, бірте - бірге
жақындап, қолдарын шошайтысып, сандарын шапаттасып, тек скифтер
бұрылғанда ғана жан-жаққа бытырай қашысты.
Орталық көше шығыс беттегі дарбазадан қарсы жақтағы батыс
дарбазаға дейін шаһарды жарып өтетін. Көшенің екі қапталында бітеу саз
қабырғалардың əр жерлерінде ғана кішкене есіктер мен қуықтай тар
көшелер көрінеді. Қабырғалардың ар жағында жасыл бақтар мен үйлердің
жалпақ төбелері, тұйықталған, ұзыннан ұзақ созылған үлкен тұрғын үйлер
көрінеді.
Салтаттылар жоғарғы қабырғасы кірпіштен қаланып, айналасы аласа
дуалмен қоршалған, аржағынан жатаған үйлер көрініп тұрған дарбазаның
алдындағы шағын алаңға келіп тоқтады.
— Бұл сауда жасайтын керуен сарайы,— деп түсіндірді Будакенге
Спитамен.
Алаңды Күрешат көпестерінің дүкендері қоршаған. Дүкендердің
алдындағы ағаш сəкілердің үстіне жайылған кілемдерге ораулы маталар,
түрлі-түсті аяқкиімдер, ұнтақ бояу салынған ыдыстар, қайқы пышақтар,
құмыралар, білезік - алқалар, ыдыс-аяқ, қармақтар мен шығыршықтар,
əбзелдер, тағы басқа да скифтер таң қалатын заттар қойылған.
Сауда сарайы
Соғды əскерлерінің алдыңғы тобы астындағы аттарының сауырынына
қамшы басып, сауда сарайының кең дарбазасынан ішке сау ете түсті.
Адамдардың айқай-ұйқайы, түйелердің бақырған дауыстары естілді.
Оларды көргенде қуанған жүзбасы қолын бұлғап шақырып:
— Мұнда, мұнда келіңдер!—деді.
Қаумаласқан скифтер сыбырласа бастады:
— Сарттардың дуалынан сақтан деген! Ішке бір кірсек шыға
қоймаспыз. Індегі тышқан сияқты жаншып өлтіреді. Одан да осы араға
тоқтайық.
Жақын келген.соғдылар тізе бүгіп, тастарды алақанымен соғып,
сарайдың ішіне кіруге шақырды.
Қараңғы қақпаның ішінен Кидрейдің ала аты мен қақпақтай жауырыны
көрінді. Оралған беті айқайлап келеді:
— Ана жерде су бар, шөп те жеткілікті, біздерге арнап орын да тазалап
жатыр!
Будакен қамшы ұстаған қолын жоғары көтерді, сосын қаздай тізілген
скифтердің жиырма аты қақпаға қарай беттеді. Мықты дуалмен қоршалған
шаршы бұрышты сарай іші шулаған адамдарға, үрке қараған түйелерге
толы екен. Оюланған ағаш бағаналар қоршаған бастырмалардың төбесін
тіреп тұр. Қабырғалардың жанында адамдар жататын қуыстар қарауытып
көрінеді.
Олардың кейбіреулеріне түрлі-түсті шымылдықтар, кілемдер тұтылған.
Осы қуыстардан бұларға қызғылт, күлгін жамылғыларға оранған əйелдер
үрейлене қарайды.
Жолындағыларды итеріп, орындарынан ұрып-соғып тұрғызып,
сарайдың екінші жағына қарай ығыстырып, сарай ішінде соғды сарбаздары
жүгіріп жүр. Қуыстардан жүгіре шыққандар шуылдасып, үріккен түйелерді
ұстасып, қаптарды, қанарларды бір жерге тасып, шашылған жоңышқа мен
сабанды жинастыруда.
Жан-жағына күдіктене көз тастаған скифтер ат жемдейтін ақыр
ойылған бір қабырғаның жанына көліктерін қатарластырып байлады.
Скифтерге жақындаған соғдылардың бірте-бірте еттері үйреніп,
кейбіреулері олардың киімдерінің жақсы матасын, ат əбзелдерін, жаужарақтарын ұстап көрген соң, жүрелеп отырып, өздерінің .майда, əуенді
тілдерінде жылдам сөйлеп кетті.
Жылаған балалар мен əйелдерді итермелеген жалаңаш құлдар жусан
сыпырғымен қуыстар мен бастырмаларды тазартып жатыр.
Мұрнын тыжырайтып, басын шайқаған кəрі Хош Спитаменнен жай
ғана:
— Бұл арадан қалай шығуды білесің бе? Қамыс арасындағы қопадан
гөрі мына шаһарда адасу оңай шығар? Бұл не деген ессіздік, осында нені
жоғалттық екен?—деп сұрады.
Бастырма ішімен басына жыртық шүберек байлаған қымбат жібек киім
киген жалаңаяқ соғды келе жатты. Бір қолындағы қапты сілкіп, көзімен
көкке қарап тынымсыз жалбарынады.
Қабырғалары мен табанын құлдар тазалаған қуысқа кірді де, қайта
шығып қоқыс тасталған жерге жетіп барып, ондағы қырықаяқтар мен
құмырсқаларды, қандалаларды жинай бастады. Міңгірлеп жүріп солардың
бəрін қабына салады.
— Ардақты ананың ұлы, бұл істеп жатқаның не?— деп сұрады одан
Хош.
— Мен күнəһармын! Басыма жеті жүз жетпіс жеті бақытсыздық төнді.
Бұл өмірде де, ана дүниеде де жазамды тартамын. Сүйегімді тозақта
албастылар кеміреді.
— Басыңа түскен қандай бақытсыздық?
— Ағамның садақа жинаушы болып тағайындалған тойына бардым.
Ішкен шарабым басыма теуіп, өлеңімді айтып, тəлтіректеп үйге қайтып
келе жаттым. Ариман қызғаныштан жарыла жаздап, шəуілдеп үрген иттер
артымнан қуалап киіміме жармасты. Оларды қуайын деп бір тасты алдым
да жіберіп қалып едім, бір иттің ұшып түсіп, аяқтарын сереңдетіп, менің
сорыма өліп қалғаны.
— Осы да бақытсыздық болып па?—деп таңқалды Хош.— Итті ұрып
өте дұрыс жасағансың!
— Қандай күнəһарлық сөз айтып тұрсың!— деді құты қашқан соғды.—
Сиыр мен ит біздерде ұлы құдай Агурамазданың өзінің, шапағатына
бөленген қасиетті жануарлар. Мен итті ұрған кезде жанымнан өтіп бара
жатқан шіркеу қызметшісі көріп қалып, бас абызға шағынды. Енді мен заң
бойынша зұлым Ариманның төрт жүз сексен құлын; қырықаяқтарды,
кесіреткелерді, жыландарды, бақа-шаян, құрт-құмырсқаларды, басқа да
харам жəндіктерді өз қолыммен жинауым керек. Осылардың бəрін қасиетті
қысқашпен өлтіру үшін шіркеудегі абызға тірідей апаруға тиіспін. Содан
соң ол құдайға жалбарынып, мені күнəмнан арылтады.
— Абызға одан басқа да не төлеуің керек?— деп сұрады Спитамен.
— Қазірдің өзінде абызға бір қошқар, екі қой, сегіз тауық бердім, енді
қанша төлейтінімді абыздың өзі біледі...— деп өксіп күрсінген соғды
жандарынан аулақтап кетті.
— Бұл не қылған ел,— деп таңданды Хош.— Мұнда адамнан гөрі иттің
өмірі жақсырақ екен.
— Алдымен адамды, сонан соң итті таспен ұрып көрші,— деді
Спитамен.— Сонда көзің бұған оңай жетеді,
Сарай алаңына жүгенінен екі қызметші ұстаған əбзелді атқа мінген шал
кірді. Жасыл шашақты сары киім, шошақ киіз бөрік киюі, қолындағы
алтынмен апталған асатаяқ қарттың беделділігін көрсететін. Ақкүмістей
ұзын сақалы біркелкі сақиналарымен қаз-қатар оралған. Айналасына қара
сүрме жаққан көзі жан-жағына күдікпен алаңдайды.
Жүзбасы қатты дауыстап, Будакенге қарап хабарлауда:
— Шаһар əкімінің оң қолы, қайырымды уəзір Фейзавлаға, барлығы бір
өзіне аян Агурамазданың өзі жар болсын.
Бір қызметші Фейзавлдың атынын жанында тұра қалып басы жерге
жеткенше иілді. Шал қызыл қайыспен шандылған аяғын əлгінің арқасына
қойды да, жерге түсті. Екінші қызметші оның төбесіне қызыл, ақ, көк
жолақтары бар қолшатыр көтерді. Фейзавл алтындатқан асатаяғын баяу
көтеріп, бірнеше ауыз сөз айтты.
Ол көрінгенде құрметтеп тағзым етіскен соғдылар берген бұйрығын
орындау үшін жан-жаққа жүгіріп кетті. Олар тез арада-ақ кілем мен
бірнеше жастықтарды əкеліп бастырманың астына, бағаналардың арасына
төседі.
Фейзавл тағы да алақаны қызыл жосамен боялған қолын жоғары
көтеріп еді, қызметшілер оған қобдишаны ұсынды. Маңғазданған уəзір
одан ұзын сабақты роза гүлі мен күлгін түсті анар жемісін суырып алды.
Аса бағалы заттай алдына ұстап, аяғын жай басқан Фейзавл Будакенге
жақындады.
— Осы шаһар князінің қызы асқан ғанибетті, аса сұлу, жер-жаһанға
мейірім нұрын төккен Рокшанек ару сенің қолға алған ісін пайдалы,
игілікті қадамың сəтті болсын деп, «Хош келдіңіз» айтады.— Осылай деген
Фейзавл қолындағы анар мен роза гүлін Будакенге ұстатты да, кейін
шегініп жанындағы өзін қорғаған əскерлердің арасына барып тұрды.
Будакен Спитаменге күңк етті:
— Осы жерде болдың, білесің ғой, мыналарды не істеуім керек? Жеп
қояйын ба?
— Жоқ, жалшыңа бер, су толы тостақ ұстағандай жаныңда тұрсын.
Будакен қасын қағып, Хошқа көз қиығын тастағанда ол қолын созып
анар мен гүлді алды да, князьдың арт жағына тұра қалды. Тұнжыраған
Будакенде үн жоқ.
Спитамен Фейзавлға қарап:
— Скиф князі Будакен сыйға аса ризашылығын білдіріп, неліктен роза
мен анар жібергенін айтсын дейді?
— Рокшанек ханым княздың көркем гүл сияқты құлпырғанын мына
жемістің ішінде қанша дəн болса, сонша жыл бақытты ғұмыр сүргенін
тілейді.
Будакен қарқылдап күлді.
— Төрт жүз жыл өмір сүретіндігімді, розаға ұқсас екендігімді
сахарадағы елге жая жүретін болдым.— Сосын сөзін жалғастырып:—
Сіздердің Рокшанек ханымдарыңызды көргім келеді. Оның мейірімі мен
ажарына сай келетін сый тартқым келеді,— деді.
Фейзавл жан-жағына көз тастады да, жаюлы кілемді маңғаздана жай
нұсқап:
— Алдымен төсекке отырып, жанымызды рақатқа бөлеп, ақылойымызды қанаттандыратын тəтті əңгімеге сонан соң кірісейік.
Будакен мен Фейзавл кілемнің екі шетіне қарама-қарсы отырды.
Уəзірдің арт жағында жүзбасы, қолшатыр көтерген қызметші, қару ұстаған
бірнеше бозбала тұрды.
Ол əңгімені амандық-саулықтан бастады
— Дені - қарын cay ма, князь? Бұлшық еттерің əдеттегідей күшті ме?
Көкірек сарайын жақсы ма?
— Рахымыңыздың арқасында шаһар əкімінің кемеңгер «оң қолы»
сияқты дем алысым жақсы.
Фейзавл алтындатқан асасын көтеріп еді, қызметшілер кілемнің
ортасына тандыр нан, кепкен жүзім, пісте, бадам, балқаймақ үйілген мыс
табақтарды əкеліп қойды.
Құлағына сүйек шығыршық таққан жалаңаш құл сыртын мүк басып,
өңезденіп кеткен үлкен қыш құмыраны əкелді. Басын сары орамалмен
таңған қызметші шал, қолпылдаған кең ала шапанының қойнынан бір бірлеріне кигізілген біраз мыс шөлмектерді шығарып, сосын оларды кек
жүн белбеуінің шетімен сүртті де, құмыраның аузындағы қатқан балауызды
пышақпен сындырып, ағаш тығынын алды да шөлмектерге қою, қошқыл
ша -рапты құя бастады.
Шал бір тостаған шарапты алып, бірнеше тамшысын қыртыс - қыртыс
сол алақанына тамызды да, қалғанын Будакенге ұсынды. Сол бойда
алақанындағы тамшыны тілімен жалап, сүйсіне тамсанды. Фейзавл мен
скифтерге тостаған ұсынғанда да, осыны қайталады. Алдымен құюшы шал
дəм татса, шарапқа у қосылмаған, қорықпай жұта беруге болады дегенді
барлықтары да түсінген еді.
Фейзавл тостағанды қос қолдап алды да, көзін көкке қадап, əндете
сөйлей жөнелді:
— Патшалардың ұлы падишасына жер - суымызға, мəртебелімізге бас
игендердің бəріне Агурамазда жар болсын!—деді де тостағандағы шарапты
бір деммен жұта салды.
Будакен Фейзавлдың əр қимылын қадағалап дəл солай жасауға
тырысты. Исі аңқыған, тəтті, қызуы мол шарапты ішті. Содан кейін
сұрақтарын бере бастады:
— Патшалардың падишасының дені - қары сау ма? Персияның
жеңімпаз, ұлы əміршісі қазір қайда?
Фейзавл қолдарын жайды:
— Сіздер, бие сауушы құрметті де кемеңгер сақтар шексіз де шетсіз
сайын далада тұрасыңдар да, барлық жаңалықтарды бір жылдан кейін
естисіңдер. Сен қайсы патшалардың падишасы туралы сұрап тұрсың? Егер
қайырымды Дарнавауш туралы болса, ол бүл дүниеде жоқ, Агурамазда оны
өзіне көкке шақырған; от басының да қайда екенін: құрыды ма, əлде одан
да жаманы қосмүйізді жалмауыз құлдыққа салды ма ешкім білмей ді. Мына
жер астында ұзақ сақтағаннан бал сияқты қоюланған шараптан тағы да
ішіңкіре.
— Патшалардың патшасына не болған, оның басына түскен қандай
бақытсыздық?— деп сұрағын жалғастырды Будакен.
— Мына сортаң даланың шегіндегі кішкентай шаһарда тұрған біздер не
білеміз. Біздер əлемге əмірлерін жүргізетін ұлы адамдардың бұйрықтарына
үн-түнсіз ғана мойынсұнуға тиіспіз,— деп Фейзавл жанарын төмен түсірді.
— Ал сатрап Бесс ше? Тірі ме, бұрынғысынша Бактра мен Соғдиананы
басқарып отырған шығар?
— Естуімше, Маракандаға бара жатырсың ғой деймін?
— Иə, мен Маракандаға, сатрап Бесске бара жатырмын. Бір жыл бұрын
ол мені қонаққа шақырған.
Фейзавл басын шайқады:
— Сен не болғанынан тіпті де бейхабар екенсің. Бесс енді сатрап емес.
Дүниенің ұлы жаратушысына Бессты патшалардыц падишасы етіп, басына
алтын тəж кигізіп, бүкіл Персияның тізгінін ұстату тиімді болды. Енді
Маракандаға Бесске қонаққа бару дегеннің өзі оңай шаруа емес.
— Егер Бесс патшалардың падишасы болса бұл оның адал пиғылына
лайық шығар,— деді Будакен.—- Патша өзінің уəдесін ұмытпауға жəне
орындауға тиіс. Бесс сыйға тартқан атақты Қөкдауылдың тұқымы — екі
тұлпарды ұмыта қойған жоқ шығар, мені өзіне қонаққа шақырғаны да есіне
түсер деп ойлаймын.
Фейзавл мəймөңкелей сөйледі:
— Қазір патшалардың падишасы Маракандада тұр, күзеті күшті, мөр
басылған жазбаша бұйрық немесе ерекше шақыруы болмаса шаһарға
ешкім жіберілмейді. Менің жаушым Маракандаға сенің онда баруың
жайлы хат пен өтінішті алып барып рұхсатпен оралғанша осы шаһарда
демалып күте тұрғаныңыз мақұл емес пе? Сонан соң Персияның жана
астанасы Маракандаға емін-еркін барасың.
Будакен тəтті шараптың бірнеше тостағанын ішті. Қанша күшті болса
да шарап бойын қыздырып, Фейзавлдың мына сөздері оны жəбірлеп,
қорлағандай көрінді:
— Біздер, сақтар, сатрап Бесстің де, патшалардың падишасының да
боданы емес, азат халықпыз. Қай жер ұнаса сонда кетеміз, егер ұнамаса
шатырларымызды жығып, арбаларымызға тиейміз де басқа құдықтың
басына көшеміз. Сен біздерді мына шаян мен кене қаптаған
сазқақпандарыңда ұстап, Маракандаға жаушы жіберіп, Фейзавлдың жалғыз
өзі қулығы мен ақылының арқасында жеңілуді білмеген Будакен батыр мен
жиырма азат скифі тұтқында ұстап отыр деп хабарлағың келеді ғой.
Қателесіп отырсың Фейзавл, Афросиабтың жорықтарын да ұмытқан
екенсің? Əй, сарбаздар атымды əкеліңдер!—деп айқайлады Будакен.—
Жалғыз өзі соғдылардың бір керуенін жетелеп алып кететін Будакенді
өзінің барлық əскеріңмен қалай ұстайтыныңды көрейін!
Орнынан ұшып тұрған Будакен айбалтасын алып жан-жағына
ысылдатып сермей бастады. Бір жаққа қашып тығылған Фейзавл ашуын
алыстан баспақ болып:
— Қаланың қызыққұмар тұрғындары кедергі жасамасын деп сені осы
сарайға əдейілеп түсірген едік!...
— Бұдан жақсы жер таппадың, ə! Қандала жинап жүрген жындылар
келетін жерде мені сарбаздарыммен қоса аштан қатырмақ болдың?
— Дарбазаны жабыңдар, ешкімді шығармаңдар!— деп айқайлады
бағананың артына тығылған Фейзавл.
— Сыртта қалың қол жиналыпты,— десті скифтер. Кидрей дарбазадан
шықпақ болған екен, қаптаған найзағайға қарсы ұшырасыпты.
Енді Будакеннің уілдеген айбалтасы Фейзавлдың басында жарқылдады.
Ол қалтыраған қолдарын Будакенге жалбарына созды:
— Сабыр ет, батыр. Біздің əкімнің жазғы сарайына көшуіңе болады.
Онда бақ ішінде, ағаштардың көлеңкесінде, кілемнің үстінде жатып тəтті
жемістерді жейсің, əншілер саған тамылжыған əндерін салып береді.
— Əскерлеріңе дарбазаның алдынан кет деп бұйыр, əйтпесе менің
сарбаздарым сақтардың жебелерінің қалай зуылдайтынын, біздің
найзаларымыздың үш адамды қатарынан қалай шаншитынын көрсетеді.
Дарбазаның алдында айқайлаған дауыстар естілді.
— Сақтарды жын ұрды! Аттарына мініп жатыр. Қазір лап қояды!
— Улала!.. Улала!..— деп күркіреген Будакен сақтардың жауынгерлік
ұранын шақырды.
— Улала!—лай жауап қатты жиырма скиф.
Дарбазаның сыртынан бұйрық берген дауыстар, көше бойлап шапқан ат
тұяқтарының дүрсілі естілді.
— Күрешат билеушісінің ақылы асқан қызын көруім керек!—деп
Фейзавлды қыспаққа алды Будакен.
— Біздің əйелдеріміз еркектерден қорықпайды!— деп жауап қатты
Фейзавл.— Бірақ сен екі еркекке татисың, Рокшанек үйіне кіргеніңді
көргенде зəресі ұшып өліп кетеді.
— Сен мені ертіп апар. Біздер сақтар балалар мен əйелдерге залал
жасамаймыз. Мені оған тезірек апар!
Фейзавл қолдарын көкке жайды:
— О құдірет! О алты əлем мен айды жаратқан нем! Еш күнəмнің жоғын
көріп тұрсың, əміршім князь Оксиарттың қаһарынан қорғай гөр!
— Қай Оксиарт?— деп таңданды Будакен.
— Оксиарт князь Күрешат шаһары мен осы өлкенің билеушісі. Қазір ол
мұнда жоқ. Патшалардың падишасының жасағына ат жинау үшін жүріп
кеткен. Орнына ақылы асқан қызы Рокшанек ханым билік жүргізуде.
Будакен өзінің шатырына Оксиарттың келгендігін, содан соң оның
қандай халге душар болғандығын өкінішпен есіне түсірді.
— Күте тұр,— деді Фейзавл,— Мен қазір Рокшанек ханымға барып
əңгімелесіп, жауабын алып келейін.
— Мен сенің оралатыныңа сене аламын ба?
— Ең қымбат заттарымды алтын белдік, болат семсер, маржан
моншағымды саған аманатқа тастап кетейін.
— Ондайлар өзімде де көп.
— Ендеше мен саған бəрінен де қымбат затымды — сақалымды тастап
кетейін,— деген уəзір алтын ілмектермен құлағына мұқият ілінген,
ширатылған бурыл сақалын сыпырғанда, жақсылап қырынған, əдемі жас
парсы болып шыға келді.
Ол бір қызметшісіне мыс табаққа салынған сақалын ұстап, кілемнің
үстінде отыруға бұйырды да, өзі алтындаған асасын көтеріп, қоштасу
рəсімін жасап əбзелденген атқа қарай беттеді.
Қызметшілер қолтығынан іліп алып, кілем тоқым жапқан айғырдың
үстіне мінгізген Фейзавл нөкерлерінің қоршауында кең дарбазадан шығып
көрінбей кетті.
Биелер сауылмаған
Өзінің жүннен тоқылған киімдерін шешіп сарттың ала шалбарын киген
Будакен бұлшық етті жалаңаш жауырының күнге қыздырып, түгіне қызыл
құс, көк гүлді өрнектер салған үлкен кілемнің үстінде жатыр. Жоғарыдан
быжынаған ұсақ жемістері салбыраған жүз жылдық өрік ағашының
бұтақтары төнген. Жүзімнің жуан шырмауықтары ағашқа жыланша
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қарауыл Төбедегі Оттар - 07
  • Parts
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 01
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2503
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 02
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2397
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2388
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 04
    Total number of words is 3904
    Total number of unique words is 2350
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 05
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2564
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 06
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2284
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 07
    Total number of words is 3949
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 08
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2204
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 09
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2433
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 10
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2314
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 11
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2364
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 12
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2353
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 13
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2338
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 14
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2429
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 15
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2338
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 16
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2281
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 17
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2412
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2363
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 19
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2288
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 20
    Total number of words is 735
    Total number of unique words is 605
    39.6 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.