Latin Common Turkic

Қарауыл Төбедегі Оттар - 15

Total number of words is 3950
Total number of unique words is 2338
31.0 of words are in the 2000 most common words
45.4 of words are in the 5000 most common words
53.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Денесі əскери адамдарша тіп-тік тартыла қалған Птоломей жүзін
суытып сөйлеп тұр:
— Мен сендерге патшаның талабын айттым. Өздеріңнің парсының
заңдарын ұмытуға тиіс емессіңдер. Патшаның аузынан шыққан сез де,
атқан оқ та бір, қайтып оралмайды. Сондықтан оның хұқына бас июге
асығыңдар.
— Түсіңдір, ұлағаттым! Ұқтық, мəртебелім! Қалай айтсаңыз, солай
орындаймыз, құдіреттім!
Бекзадалар Птоломейге бірнеше рет тəжім етті де, сосын жалғыз тұрған
бойшаң адамға бас салды. Парсыларды аяғымен теуіп, қарсылық көрсетіп,
айқайлаған оның дауысы əлжуаз. Сол кезде бекзадалар көмекке
қызметшілерін шақырып бойшаң адамның үстіне сулықты, шұбатылған
ұзын киімдерін, кен жібек шалбарын сыпырып алды.
Бұл Бесс еді. Жақұтпен өрнектеп тіккен қызыл кебіс пен киіз қалпақтан
басқа үстінде лыпа жоқ, тыр жалаңаш қалды.
— Осы жерде тұрсын!— деп Птолемей қара жартастың астындағы
жалпақ тастың үстін нұсқады,— ал сендер жанында болыңдар.
Шатқалдың екінші жағынан кернейлеткен дауыс естілді. Жамбастап
жатқан жауынгерлер орындарынан ұшып тұрысып, үсті бастарын қағып,
қару-жарақтарын түзеп қаз-қатар сап түзей қалысты.
Алдымен жез қаптамалары жалтылдаған македондық этэрлар көрінді.
Олар найзаларын тік көтерісіп бір қатарда үшеуден келе жатты.
Этэрлардың артында құлақтарының арасына қызыл қауырсын тағылған үш
ат жегілген екі доңғалақты алтындаған шағын күйме. Күйменің қола
доңғалақтары кедір-бұдыр жол үстінде шоқалақтап секіріп келеді.
Аттардың тізгіні жүрелеп отырған лаушы зəңгінің қолында, ал оның
жанында мұқият қырылған, жүзі суық мығым денелі жауынгер тұр. Болат
дулығасының үстіне қондырылған ақ құтанның қанаттары желбірейді.
Қолына екі қысқа найза ұстаған.
«Тəңірі тектес Азияның əміршісі Александрдың даңқы арта берсін!»—
деген айқай естілген сəтте əлгі жауынгер жартасты, «Темір қақпаны», сапта
тұрғандарды жанарымен сүзіп өтті.
Ақыры сығырайған көздері қара жартастың бетінен айрықша
бөлектеніп тұрған Бесстың үлкен, семіз денесіне түсті. Қолымен жапқан
Бесс теріс айналды. Екі бетін жас айғыздап, иығы дір-дір қағып секілдейді.
Күйме тоқтады, іле-шала салдыр-гүлдір қағып лек те тұра қалды.
Александрдың қарлығыңқы ызаға толы дауысы жоғарыдан төне түскен
күңгірт жартастардан қайта жаңғырығып, шатқал ішінде күркіреп естілді:
— Ақыры мақтаншақ, арсыз қашқын менің алдымда тұр! Айтшы, маған
арналған Персия патшасының бай тəжін алып кетуге қалай ғана сенің дəтің
барды. Өзіңнің туысың əрі мейірман əмірші, қайырымды патша Дарийды
алдымен бұғаулап, содан кейін өлтіруге итермелеген неғылған құтырған ит
едің? Осының бəрін ұрлап алған патшалардың падишасы атағын иемденіп
кету үшін жасаған жоқсың ба? Жауап бер! Құдайлардың қарғысына
ұшыраған бейбақ, сөйле енді?
Селкілдеп, жасқа тұншыққан Бесс:
— Мен... өзімді патша етіп... патшалықты... тек сараң... даңқы асқан
Александрға... бе ру үшін ғана саладым... Бұлай етпесем... патшаның тəжін
басқа біреу... иемденіп кететін еді!..
— Осылай деуге дəтін қалай барады? Патшаның тəжіне қол созуға
кімнің батылы жетеді? Оған тек құдайдың ұлы ғана ерікті. Князь Оксафр
қайда?
Күйменің ізіне ерген қосшылардың арасынан өлген патша Дарийдың
туған бауыры ісік бет, жуан Оксафр шықты. Қызметшілердін
қолтықтауымен атынан əрең түсіп, тұла бойы илікпей, ұзақ жолдан ұйып
қалған аяқтарын əзер қозғап Александрға жақындады.
— Оксафр, міне сенің аған Дарийды өлтірген адам! Мұны саған
сыйлаймын. Сен оны құлағын кесіп құнтитып, мұрнын тесіп шұнтитып,
содан соң жартасқа керіп қойып, денесіне найзаны жайлап бойлатып,
ағаңның кегін аласың.
Ұзын бойлы Бесстың жанына маңғазданып жақындаған Оксафр
балағаттап, оны қамшылай бастады да, Бесстың əр қимылынан қорқып
кейін қарай ытқи секіреді"
Осы кезде Александр Бессты тұтқындап əкелген парсыларға бұрылды;
олар беті жібек орамалмен жабылған колдарына үлкен табақ ұстап тұрған
еді. Мұнда асқабақ сияқты доп-домалақ, жан-жағына жалтылдаған түрлі-
түсті алтын тастармен безендірілген Персия патшасының алтын тəжі
жатқан болатын.
Александр тəжге қадала қарады. Ақ қанатты дулығасының ілгектерін
ағытып шешті де, жанына жүгіріп келген нубиялық қорғаушыға ұстатты.
Тəжді шыдамсыздана жұлып алып, алдымен көкке көтерді де, содан соң
бұйра шашты басына киді. Тəж үлкен екен, көзіне дейін түсіп кетті. Бір
нəрсе күткендей Александр оны. қолымен ұстап біраз тұрды. Түнерген
шатқалды көзімен шолып өткенде, үстерінен төнген дəу тастардың
арасынан аспанның жіңішке жолағын көріп, жүзінде үрей көлеңкесі
жүгіріп өтті. Тəжді шешіп, қара зəңгіге ұстатты да:
— Тезірек, алға! Төбемізден тас жаудыратын мына қараңғы қапастан
тезірек шығуымыз керек. Наутекке жеткен соң жаңа жеңісімізді тойлаймыз.
Ержүрек жауынгерлеріме өздерін қорғай білмейтін, бізге құл болу үшін
жаралған ақымақ халықтардың үйлері мен бар байлықтарын, егістіктері
мен жерлерін үлестіріп беремін. Оған жеткен соң жауынгерлерім демалады.
Ал, сендер патшаны өлтіруші Бессты маған ұстап берушілер, ерекше сый
аласыңдар, мен сендерді ұмытпаймын! Тыңдандар менің жорықтас қанды
көйлек жолдастарым,— деп саңқылдады жиһангер.— Персия енді түгелдей
біздікі, мəңгілік біздікі болады! Енді дұшпанымыз жоқ. Найзағай атушы
Зевс — менің əкемнің даңқы арта берсін!
— Сен жеңесің! Сен жер-жиһанның патшасысың!— деп айқайласты
жауынгерлер, ал жаңғырық олардың сөздерін қайталап жатты.
Ақ арғымақтар орындарынан қозғалып, кедір-бұдыр жолда
шайқалақтаған алтын күйме алға дөнгеледі. Ізінен қару - жарақтары
жалтылдап, сыңғырлап, қаңғұр - күңгір етіп, жиһангердің жеке күзеті мен
қосшылары желе жортып бара жатты.
Будакен жанынан өтіп бара жатқан салтаттыларға қан толған көзін
айырмай қараумен болды. Кола құрсауға оранған ана бір бойшаң бозбала
кім? Сарғылт шашты, сымбатты ұлы Сколоттан өгіздің сыңарындай
аумайды - ау, аумайды.
— Сколот!— деп дауыстады Будакен.— Сколот!
Бірақ оның үні ат тұяғының дүбірі мен жауынгерлердің айқай-шуына
сіңіп жоқ болды.
— Неге, бақырасың, үніңді өшір!—деп ақырған күзетші Будакенді
басынан салып қалды.
— Ол Сколот, менің ұлым Сколот!—деп міңгірледі сақ.— Егер мен оны
бойшаң яванға ұқсатып жаңылыссам да, ешқашан малды түстеуден
жаңылыспаймын. Көкдауылдың тұқымы, құла жирен айғырға мініп бара
жатқан жоқ па?
Аттарына секіріп мініскен жауынгерлер жиһангердің ізінен шұбатылды.
Ұзамай шатқал ішіне тыныштық қайта орнап, сұр тышқандар індерінен
бастарын шығарып арлы-берлі жүгірісіп, артқы аяқтарына щоңқиып
отырып, тұмсықтарын көтерісіп, ауаны иіскелейді.
Байлаулы жатқан екі шаруаны ұмытып кеткен Птолемей жиһангердің
жанындағы топқа ілесіп шауып кеткен болатын.
Спитамен қолдары байланған белбеулер мен жіптерді тасқа үйкеп, үзуге
бар күшін салып бақты. Шатқалға ай жарығы түскен кезде түкпірден екі
көлеңке көрінді. Сəл сыбдыр естілсе үнсіз ғана тоқтай қалып, олар əр
қадамын өте сақтықпен басып келе жатты. Бұлар жас шаруа мен оның
кішкентай əйелі болатын.
Екеуі байлаулы жатқандарды тауып алды да, қолдарын шешті.
— Біздер жолда кетіп бара жатқан явандардың арасынан көрмеген соң,
сендерді өлтірген екен деп ойлағанбыз. Сосын мүрделеріңді жерге көміп,
жыртқан жеріміздің жанында қойларыңмен бірге өлмегендерін үшін
аруақтарын кектенбесін, бастарына қойған үзбе нан мен бір құмыра сүтке
аруақтарыңды тойғызып дұға оқи кетейік деп келіп едік. Мəңгі жасағыр
Агурамаздаға рахмет, тірі есенсіңдер, енді бізге жүрулеріне болады. Су
тағы да арықты бұзып кетті, енді оны дұрыстап жөндеу керек. Егін өсіру
үшін алдымен су керек қой. Мұндай жұмыс ұзақ күтпейді.
Таңертеңгілік екі жолаушы жолындағы елді мекендерді тонап, жерменжексен етіп Наутекке қарай беттеген Александрдың жасағы жүріп бара
жатқан үлкен жолдан тау соқпақтарымен алыстай түсті.
Спитамен ақсаңдаған Будакенді жұбатып келеді:
— Біздің барлық адамдарымыз енді Мараканданың түбіне жиналады,
сосын салсүйек князьдардын көмегінсіз-ақ басқыншылармен езіміз
шындап күресе аламыз. Гректердің жүгенсіздігіне соғдылар көне қоймас.
Жанындай жақсы көретін бау-бақшасы мен жеміс ағаштарын бергенше
соғдылар сол ағаштарға асылып өлер. Қосмүйізді сен көрдің ғой, енді еліне
жеткен соң бұл патшаның онымен бетпе-бет ұрыста аямай қан қақсата
соғып, арқасын көрсетіп қашыратын жаужүрек сарбаздарды кездестіргенше
тоқтамайтынын айтарсың.
Будакен тістерін шықырлатып, ырс-ырс етті.
— Менің ұлым Қосмүйізбен бірге! Ол сұмырай сақтардың жеріне
жетсе, Сколот өз жұртына, бізге қарсы соғысады ма? О, сонда онымен
майдан даласында ұшрасамын. Көрерміз, əкесіне қолын көтерер ме екен?..
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
ТЫРНАЛАР ТЕРІСТІККЕ ҰШЫП БАРАДЫ
— Біздер Азияның жеңімпаз патшасы Александрдың жауынгерлеріміз.
— Сендерде жеңілмейтін тек патшаларың, ғана. Біздер, скифтер, кез
келгеніміз жеңілуді білмейміз!
Тырналар терістікке ұшып барады
Соғдылардың кейінде қалған шекарадағы мұнаралары көкжиекте
бұлдырап қызғылт сары нүктелерге айналды. Алдыңғы жақтарында шексізшетсіз шалқар жатыр. Айналадағы көктемнің лала гүлдері — алқызыл
қызғалдақтар, сарғыш бəйшешектер, күлгін көкнəрлер əдетте жансыз
көрінетін жазықтықты түрлі - түске бояп, кілемше құлпыртқан.
Согдианадан терістікке, өз қонысына келе жатқан Будакенге ерген
скифтердің көңілдері кереметтей қуаныш сезіміне бөленген.
Ұлы туралы жанын жегідей жеген ойлардан азап шегіп келе жатқан
Будакен əлсін-əлі ырсылдап, ауыр күрсінген сайын астындағы құла айғыр
құлағын қайшылап, жалт-жұлт еткен қара көзінің қиығымен қарайды; бірақ
көктемнің шуағы, бусанған дала мен бүр жарған алғашқы гүлдердің
аңқыған исін алып келген таза самал леп, мерекеге дайындалғандай жыпжинақы дала, сақтардың көсемінің түнеріңкі жүзіндегі əжімдерді жазып
жылыта түскен.
Будакен түйе жейтін жантақ та өспейтін, аулайтын киік пен қоян да жоқ,
тек ысқырған жел айдаған қаңбақ қана кен жазықта беталды лаққан, бағзы
замандардан бері Бетпақ атанған даламен келе жатты. Айналада шөлден
өлген жан-жануарлардың сүйегі шашылған, бұл жансыз даладан керуендер
тек көктем айларында ғана қауіп-қатерсіз өте алатын.
— Кидрей, ананы қара, жабдан жылқылар ғой!—деп айқайлап жіберді
алдыңғы жаққа көз тастаған Хош қария.
Ала атына қамшы басып, құм төбенің үстіне шауып шыққан Кидрей
көзін қолымен көлегейлеп, бұлардың алдын орап, бірнеше нүкте көрінген
көкжиекке қарады. Бусанып жатқан жерден көтерілген жылы бу, ауада
толқынданып, алыстағы заттардың барлығы да дір-дір қағып, сағымданып
көрінеді.
— Назарың үнемі қымыз құйылған месте болғандықтан құланды да
көрмегенсің ғой, сірə, жабайы есекті саураннан ажырата алмайсың. Қалай
жүгіретінін қара! — деп қалжыңдай сөйледі Кидрей.
— Бұлар тағы саурандар,— деді Будакен.— Табыннан ажыратып алған
биені алдарына салып қуып барады.
Будакеннің аңшылық сезімі оянды; танауы делдиіп, даланың иісі
делебесін қоздырып, құбылмалы ауаны кеудесімен кере жұтып, қиянға көз
тікті. Етігінің қайырылған қонышынан бірнеше қылшықты жұлып алды да,
ауаға жіберіп, олардың қалай ұшқанын қарап тұрды.
— Жел сол жақтан. Есектер бізді сезбейді.
— Кұм төбенің тасасында күтіп тұрған қауіпті де байқамай, биені қуып,
елігіп алған есектер жақындап келе жатты. Бет алды бытырай шауып, бірде
ұйлыға қалып, жалдарынан шайнасады. Əбден болдырған бие құйрығын
сабалап, жан ұшыра аласұрды. Бірақ үстіндегі не? Артылған тең бе, əлде
желкесіне жабысып алған қабылан ба?
Тағы есектер күдікшіл əрі сезімтал. Бей-берекет шабуларын кенет тиып
тұра қалысты. Бастары қазандай бірнеше айғыр төбенің үстіне шауып
шығып, ұзын құлақтарын қайшылап, құйрықтарын қысып, төнген қауіпті
сезіп, скифтер жасырынған төбе жаққа одырайып қарай қалысты. Содан
кейін етекке құлдырай шауып түсті де, бастарын терістікке бұрып, тізіліп,
жеңіл жорта жөнелді. Есектер жортқан жерден көтерілген шаң ғана біразға
дейін сейілмей қоп-қою болып тұрып алды.
Скифтер кұм төбенің арасына жасырған аттарына қарай жүгірісті.
Серіктерін куып жеткен Будакеннің көзі жерде жатқан жас əйелге түсті.
Оның басына Хош тымағын төседі. Əйел əбден жүдеген; көзі шүңірейіп,
сөнген жанарында өмірдің табы білінбейді. Көкпеңбек таңбалар түсіп,
қанталаған қолынан əл кетіп сұлық жатыр. Жүрелеп айнала отыра қалған
скифтердін еріндері əлденені күбірлейді. Кидрей сүйегі ірі, арық биені
бұғалықтап отыр. Денесі кепкен терден сортаңданып, шаңға көмілген, екі
бүйірі есектердің тісі мен тепкісінен қатты қанталаған.
— Бұл əйел саған таныс болар?—деді Хош.— Қызың Зариканы
ұзатқанда күрмеулі түйені шешіп еді ғой.
— Əлі тірі ме, өзі?
— Тірі.
Будакен Томиристың жанына келіп, құмның үстіне жүрелеп отырды.
Оған теңнің ішінен түбі үшкір қыш құмыраны алып берді. Бетпақ даланың
долы жын-шайтандары қаһарланбасын деп, одан бірнеше тамшы шарапты
жерге төкті де, күнге күйіп қап-қара болған жалпақ алақанымен
Томиристың басын көтерді. Əйелдің қан-сөлсіз, кебірсіген еріні ыдыстың
ернеуіне тигенмен ашылмады. Будакен иір-иір, сынық тырнақтарымен
ерінін ашып, шамалы шарап тамызды.
Ол Томиристың жанында біраз айналшықтады. Шарап толтырылған
тостақты серіктеріне айналаға жағалатқанда, бір-бір ұрттаған сайын
скифтер:
— Біздің руымыздың қызын ренжіткен жанға ажал жетсін?—деп
қайталады.
Томириске бірте-бірте жан кіре бастады. Ол алыстан, қаңқылдаған нəзік
үн жеткен көгілдір аспанға тесіле қарады. Барлығы да бастарын
шалқайтты. Жоғарыда тап-таза ашық аспанның көкпеңбек кеңістігінде үш
бұрыш жосап, тізіліп тырналар ұшып бара жатыр екен.
Кеудесін сəл көтерген Томирис айналасындағы мелшиіп отырған
скифтерге үрейлене қарады. Көзі сырғып барып Будакеннің жалпақ бетіне
тоқтаған кезде қан-сөлсіз сəл ғана жымиды.
— Маған азаттық берген Будакенсің
қорықпаймын, керек болса өзін қорық!
— Кімнен қорқамын?'
ғой...
Мен
енді
сенен
— Үйіне жетпей сақ бол! Ол жақта сені өлтіреді.
Будакен қабағын тарс түйіп, оңды-солды алақтай қарады. Бір қапталына
аударылып, жаралы қолын бетінің астына басқан Томирис тыныштала
қалды.
— Көзі ілінді,— деді Хош қария,— бұл жақсы ырым.
Будакен сəл тоқтап, аттардың теңдерін шешіп, сабадағы сумен суғаруға
бұйырды. Содан кейін теңнің арасынан тері қапшықты алды да, жирен
айғырдың ерінің артына байлады...
— Афросиабтың құлпы тасы тұрған Ащы құдықтың басына тура
тартыңдар,— деп түсіндіріп жатты ол Кидрейге, аттары арпа жеп болған
соң.— Сол жердегі еркін скифтердің ауылында Шеппе - Тэменнің де
шатыры болуға тиіс. Мына əйелді сонда жеткіз.
— Ал егер, олар тауға көшіп, жайлауға шығып кетсе ше?
— Ай, ай, ай! Көшіп кетсе не істеу керек екенін білмейсің бе? Өле қалса
түн сайын аруағы ұшып келіп, ажалы үшін қарғап сілейтін адамды құмға
тастап кетуге болмайтыны түсінікті ғой? Кешіп кетсе, менің шатырыма
апар.
Бетпақ даладан тезірек шығып кету үшін аттарын қамшылай асыққан
скифтер терістікке қарай қаздай тізіліп бара жатты. Бір аттағы теңнің
үстінде
- Томирис жатыр.Арттарына жалтақ-жалтақ қараған скифтер
Афросиабтың құлпы тасы сияқты Будакеннің үн-түнсіз, малдас құрып неге
жападан-жалғыз отырып қалғандығын түсінбеді.
Шексіз-шетсіз көк жүзінен тағы да тырналардың қаңқылдаған
дауыстары естілді. Селк етіп басын көтерген Будакен үлкен қанаттарын
жазып, қалықтап ұшып бара жатқан аспандағы құстарға назар салды.
Ойы бір шешімге тіреліп, орнынан көтерілген ол жерге қағылған қола
қазықты айналып, тыпыршып тұрған айғырының жанына асықпай барды.
Тері қаптың ішінен Бесс сыйлаған болат шығыршықты сауытты алды.
Киімін шешіп, сауытты ішінен киіп, белін мұқият буынды. Қас шебердің
қолынан шыққан сауыт ыңғайлы екен. Киімінің түймелерін қайтадан
салған кезде, оның астындағы сауыт тіптен білінген жоқ.
Аты байланған арқанды қазыққа орады да, оны ерінің алдынғы қасына
қыстыра салып, айғырдың үстіне секіріп мінді. Содан соң біркелкі
жортаққа салған құла Будакеннің қонысын бетке ұстап терістікке қарай
тартты.
Оралған аруақ
Жиі-жиі аз уақыт тоқтап, Будакен күн-түн демей суыт жүрді. Қақақ
тақырлар кездескенде шауып алады да, кейде атының басын тартады.
Атына арпа берген кезде көзін жартылай ашып, сергектігін жоғалтпай
шалқасынан түсіп көз шырымын алған болады. Содан кейін тағы да
көшпенділердің ешқайсысының көзіне ілінбеуге тырысып, жан баспаған
сүрлеумен терістікке қарай тарта береді.
Ақыры қонысына да жақындады. Іңір қараңғысында өзіне таныс
қыраттарды да, белгі беретін мұнара тұрған төбенің сұлбасын да бірден
таныды. Кенет астындағы аты тəлтіректеп кетті. Қос айыр қамшысын
ашумен жерге лақтырған Будакен аттан ақырын ғана түсті де, оның
қазмойын алақанымен қақты. Көзін уқалап, жатып қалған құлағын сипады.
Ауыл жаққа қарап ұзақ отырды. Дала түннің құшағына оранып, аспанда
жұлдыздар шашырай жарқырап, зорыққан ат аяқтарын əнтек - тентек
басып, өзіне-өзі келе бастады. Алдыңғы жақтан жарқыраған оттар көрінді.
Осы кезде ол атын жетектеп, сол оттарды бетке ұстап жаяу келе жатты.
Жолаушының исін сезген иттер абалай үріп қаптай жүгірісті. Қасқыр
тартатын маң төбеттер иелерін танып, қолын. жалап, тұмсықтарын сүйкеп
секірісті, мұны көрген жас күшіктер де сабаларына түсті.
Төбенің астындағы үйлер неге мұнша аз? Қазықтарға байланған
бірнеше түйе ғана шегіп мүлгіп жатыр, отар - отар қойлары қайда кеткен?
Ақырын ғана бір үйдің жанына жеткен Будакен одан жай ғана шыққан
күбірді естіп іштегі əңгімеге құлақ түрді. Ар жақтан естілген сөздер
жанына түрпідей тиді. Не болып жатыр екен деп жабықтың жыртығынан
ішке көз тастады.
Бүйірлерін тіреп, бір олай, бір бұлай теңселіп біркелкі ыңылдап жоқтау
айтқан кемпірлердің ортасында Будакеннің төртінші əйелі, кіші тоқалы
отыр. Үстінде өлген күйеуін азалаған жесірлер киетін көк жамылғы.
Есікке тұтқан кілемді айқара ашып, Будакен ішке кіріп келді.
Əйелдердің үні өшіп, ауыздарын ашып, бұған таңдана қарап қалды.
— Маған көже мен боза берерсіңдер, мүмкін!— деп бұрқ етті Будакен.
— Аруақ! О дүниеден көже сұрап келіп тұр!—деп бақырған əйелдер
беттерін жастықпен басып, бір жерге ұйлыға қалысты.
Жерге бір түкірген Будакен шатырдан шықты. Енді ол ауылдың екінші
шетіндегі Сколоттың анасы, бəйбішесінің үйіне қарай беттеді. Ішке басын
сұға бере мұнда да абыр-сабыр болар ма екен деп сəл аялдады. Бəйбішесі
Спаретра оттың басында ұзын мыс инемен қозылардың терісін құрап отыр
екен. Күйеуін көре сала бір сəтке бұған үрейлене көз тастады да, орнынан
ұшып тұрып, ақсаңдай басып тұра ұмтылды. Кішкентай Сколотпен далада
қалып бөрілермен жанталасқан айқаста қасқыр шайнаған аяғын
бірталайдан бері ақсақ болатын.
— Ием - ау, тірісін бе, əлде ұшып келген рухың ба, мен үшін бəрібір,
əйтеуір келсең болды, оттың басына отыр, құрметті қонағым бол!
— Барлығың естеріңнен ауысқаннан саумысыңдар?— деді отты
айналып барып, кілемнің үстіне отырған Будакен.
— Біз емес есінен ауысқан, естерінен ауысқан біздің князьдарымыз,—
деді Спаретра.— Далада қаңку сөз аз ба, əйтеуір естігенімді ғана білемін.
Бізге сен соғдылар -дан соншама көп сый алыпты, олардың сені асқа
тойғызғаны соншама, бір қойды бір өзі жеймін деп күпті болып, өліп
кетіпті деген. Мен жұртқа Будакен екі қойды бір езі жесе де ештеңе
етпейді, қайта күшейе түседі деймін. Əкел етігіңді шешіп, аяғыңды жуып
берейін. Барлығын желіктіріп, бүлдіріп жүрген күйеу баламыз Гелон. Мал
айдауға таудың ар жағынан өзінін тохарларын шақырды да, біздің
табынымыз бен үйірімізді беймəлім жаққа қуып кетті. Қолымыздағы
биелердің де аз қалғаны сонша, сүтке де жарымай отырмыз. Сенін
шаңырағына ие болып ұлымыз Сколот қалса күйеу баламыздың анасын
осыншама тонауына ырық берер ме еді?
Будакен шешінген жоқ, қасын күдіктене керіп, жан-жағына елегзи құлақ
түрді де:
— Сколот тірі!— деді.
Аман есен оралған Будакенді көру үшін жан-жақтағы шатырлардан
жүгіріп жеткен əйелдер мен бала-шағалар үйге кіруге қорқып, жабықтың
жыртығынан сығалап сырттан үңілді.
Күлгін көйлек киіп, моншақ таққан алты жас қыз мұрындарын пырс пырс тартысып, бірін-бірі шынтақтарымен итермелеп үйдің ішіне кірді де,
босағада тұрып қалды. Əкесі оларға қараған кезде барлығы бірдей
сəлемдесіп төмен иілді.
Будакен қыздарын өте жақсы көріп, қатты еркелететін, батылданған
қыздары беттерін алақандарымен жауып бұған сұрақтар бере бастаған
кезде сұсты жүзінде күлкі көлеңкесі жүгіріп етті.
— Дені-қарның сау ма?
— Сарбаздарың қайда кеткен?
— Мараканданың базарында бізді ойладың ба?
Будакен үзіп - үзіп жауап қайтарып жатыр:
— Сарбаздар келеді, Мараканданың базарынан көп сый əкеле жатыр,
оттың шоғын күлмен көміңдер де, ұйықтаңдар.
Будакен барлығына шатырларына барыңдар деп бұйырды, тек сыйпалап
келе жатқан Сакеафар жырауды көрді де, орнынан тұрып барып құшақтап,
«қалай тамақтандырды?»— деп сұрады.
— Будакеннің ауылында Саксафар үшін бір түйір ірімшік пен бір
жапырақ нан əрқашан табылады,— деді жырау.
— Халық жұтағанда ғана Саксафардың қарыны ашады,— деді біреу.
Будакен ашуланды:
— Бара бер Саксафар, ертең шақырып жырыңды тыңдаймын.
Шығар есікке беттеген Саксафар сəл тоқтап, су қараңғы көзін жоғары
қаратып:
— Жарға сүйенбе — құлайды, талға сүйенбе — кебеді, жылқының
аласы сыртында, адамның аласы ішінде,— деді.
— Адамның аласын өлтіру керек!— деп жауап қатты Будакен.
Бұлт жапқан жұлдыздар сияқты ауылдағы ошақтардың оттары сөнген
кезде, барлықтары да шатырларына кіріп кетті. Қою түннің құшағынан
əлдеқандай сыбыс естіліп, бір нəрсені күткен адамдар көзін ілмей сергек
жатты.
Малдас құрып үйінің босағасында отырған Будакен даладан естілген
сыбысқа құлақ түрді. Анадайда күйіс қайырып түйелер жатыр. Кейде
қозының аянышты маңырағаны естіледі. Ойнақтаған жел төбедегі түндікті
желп-желп еткізеді.
Даладан кейде жусан мен аршаның нəзік, кейде жақында жатқан
өлексенің мүнкіген сасық исі келеді. Шамасы сол жерде иттер таласып
жатқан сияқты. Міне үн де тына қалды. Кенет иттер жаппай ызалана үріп
қоя берді де, бейтаныс дауыстар далаға қарай ұзай берді. Иттердің үрген
дауыстары шыққан тұсқа қарап Будакен қауіптің қайдан екендігін
тұспалдады. Шекпеннің етегін белбеуіне қыстырды да, қанжарын тістеп,
сыбысын білдірмей сыртқа шығып, қараңғылықтың қойнына сүңгіп кетті.
Иттердің ызалана үрген бағытын бетке ұстап, алға қарай батыл адымдап
келеді. Əлдекім жарақаттаған бір ит қатты қыңсылады... Алдында қозы
қамалған қотан, үйілген шөмеле. Оның жанында кішкене тоқтады да,
шөпке жасырыну жауынгерге ұят қой деп ойлап, алға жүрді.
Будакен жыртқыш аң сияқты төрттағандап тез-тез еңбектеді. Алақаны
қойдың құмалағы жоқ таза құмды сезгенде тоқтап, қалқан құлағын жанжаққа тосып, ауаны иіскеледі. Иттердің үрген дауыстары да ауылға
тақалып, жан-жағынан естілді.
Тағы да еңбектеп, иттер үрген жаққа қарай бұрылды. Бозғылт түннің
құшағынан бірнеше аттың қараңдаған сауырын байқады. Ауыздықтың жай
ғана сыңғырлағаны естіледі. Шұрқырасқан екі айғыр бірін-бірі иіскелейді.
— Бөрте, тыныштал!— дейді қарлығыңқы дауыс. «Кімнің дауысы?
Тохар сияқты ғой?»— деген ой caп ете қалған Будакен аттарды бағып
отырған адамның жанына ақырын еңбектеп жетті. Сыбыс шығармай бас
салды да астына басып, қылыш байлаған кісесін қынымен қоса жұлып
алды.
Əлгінің денесі қимылсыз қалды.
Даланы дүбірлетіп екі айғыр шаба жөнелді. Біреуінің үстінде жабысып
Будакен отыр. Əбзелдері сылдыраған құйындай жеңіл екінші тұлпар
қатарласып қосақта келеді.
Ауыл жақтан еркектердің дауыстары, əйелдердің жылағаны, иттердің
өршелене үргендері естілді.
Аттардың басын тежеп тың тыңдаған Будакен тағы да құйғытып шаба
жөнелді.
Азат скифтер
Əрбір он екі шаңырақтан келген бір-бір екі азат скифтер қонысынын
кеңесіне жиналды. Спитаменнің қара-құрым үйінін ортасындағы ошақтың
басына алқақотан тізіліп отыра қалған олар Яксарт өзенінің жағасында
өтетін Сақ рулары көсемдерінің халық кеңесіне бару, бармау керектігін
талқыға салысты. Онда Мараканданы алған Қосмүйіз патшаға достықтың.
белгісі ретінде сый тартып қол қусыру керек пе, əйтпесе қарауыл
төбелердің басына от жағып, жасақ жинау керек пе, соны шешуге тиіс еді.
Ошақтағы қып-қызыл шоққа қадалған күң қақты көздер! сығырайып,
шошақ киіз қалпақты бастары салбыраған өкілдер бір-біріне иін тіресіп
отыр.
— Егер біз алдына барсақ князьдар құлдық ұрып, бағынып келді деп
ойламай ма?—десті біреулері.
— Үш жүз үйден төрт жүз сарбаз шығара аламыз, біз азат адамдармыз,
— десті басқалары.
— Князьдардың мыңдаған қойы, үйір-үйір жылқысы бар, ал соларды
қорғап соғысу біздің маңдайымызға жазылған,— деді тағы бірі.
Сырттан ат дүбірі естілді.
— Шеппе-Тэменнің үйі қайсы?—деп сұрады қарлыққан дауыс.
— Шеппе-Тэменнің өзі жоқ, бірақ үйі осы. Оның қайда екенін түскен
соң білесің.
Киіздің етегі ысырылып аласа, тар есіктен алып денелі адам кірді.
Қоңыр жүн шекпен киген ол тіленші тəрізді босағада аңтарылып тұрып
қалды.
— Отқа жылынып, біздің қасымызға келіп отыр,— деді| араларындағы
жасы үлкені.— Жолың түскен соң соқтың ба, демалғың келді ме, əлде бір
шаруамен жүрсің бе?
— Сендер Будакенді танымадыңдар ма?— Бейтаныс адам шекпенін
сыпырып, қоламен өрнектелген қындағы семсерді кісесімен қоса шешіп,
ортаға тастады.— Мынау кімнің кісесі кəні қайсысың білесіңдер? Түні
бойы мазамды алған кім екенін білейін деп сендерден көмек сұрай келдім.
Отырған скифтер қобалжып қалды. Кісе мен қындағы семсер қолданқолға өтті. Босағада тұрған жерінен тапжылмаған Будакен өзінің бұрынғы
жалшыларының біразын танып тұр. Олар кісенің белгілерін мұқият қарады.
Кенет біреуі қалпағын шешті де ұзын, бурыл шашын кейін қайырып:
— Будакен, батыр, менің маңдайыма қарашы, таңбаны танисың ба?—
деді.
Оның маңдайына астында екі сызығы бар дөңгелек, жұртқа əйгілі
Будакеннің таңбасы темірмен күйдіріліп басылған еді.
— Сен өзіңнің таңбаңды барлық ат пен қойға, құлдарыңнан туған əрбір
балаға басатынсың. Біздің ұрпақтарымызға таңбаң басылмай, мəңгілік
өшсін деп сенен кетіп қалдық. Ендеше біздің көмегімізге зəру болып неге
келдің?
— Əлде қол астыңа қайтадан қаратып, қозымызды тартып алғың келе
ме?— деп гуілдеді тобыр.
Сұрланып, үн шығармаған Будакен өзіне тесіліп, жауыға қараған
жанарларды байқады.
— Мен сендерді қайта қайыру үшін де, тіпті бір қозыны алу үшін де
келген жоқпын...
— Біз саған ешнəрсе де бермейміз...
— Менің сендерден қару ұстағанның бəрі халық кеңесіне кеткенде,
кілең балалар мен əйелдер ғана қалған еркегі жоқ ауылға азат сақ
руларының шабуыл жасауы ұят іс емес пе деп сұрағалы келдім?
— Бұлай жасап жүрген сақтар емес, қаңғыбас дахтар шығар?
— Мен мынау кімнің семсері екендігін танып тұрмын,— деді бір сақ.—
Тоғасына жұлқынған тұлпарға жармасқан жолбарыс салынған.
Тохарлардың кіселері осындай. Сенің ауылына шабуыл жасап, жүрген
күйеу балаң Гелонның өзі емес пе екен?
— Байлық үшін шайнасып жатқан князьдардың өздері ғой.
— Барлық жаманшылық қол астына қармап, бəрін жинағысы келетін
Гелоннан келіп жүр,— десіп гуілдеді жұрт.— Будакеннің малын өзінін
жайлауына айдап, тəкаппар қыздарымызды жабайы сауранның арқасына
таңып жіберген де сол емес пе? Князьдардан кетіп өз бетімізше еркін өмір
сүргіміз келгендігімізді бізге де кешіре қоймас. Өзінің табындарын бақтыру
үшін бір күні бізге де сау ете қалмасына кім кепіл?
Қара-құрым үйдің түкпірінен əйелдің əлсіз дауысы шықты:
— Будакен маған өмір сыйлады, басыма азаттық берді. Шеппе-Тэменнің
атынан Томирис князь Будакенге көмек көрсетіңдер деп сұрайды... Оның
сөзін жөтел үзіп кетті.
— Біз сақ руларының кеңесіне бара жатырмыз. Бірге жүрсең саған
ешкім де тимейді. Кеңесте өзіміздің ерекше ошағымызды түтетеміз, бірге
жүріп жанымызда бол. Сонда ру басылардан тек қана əйелдер мен .балалар
қалған қорғансыз ауылға түн ішінде шабуыл жасауға бола ма?— деп
сұраймыз. Бері келіп, жанымыздан орын ал.
Будакен оттың жанына келгенде оның бұрынғы жалшылары ығысып
орын берді. Барлығымен терезесі тең. адам сияқты жайғасып, күректей
алақандарын шоққа жайып қыздырына бастады.
Оған көзін алартып қараған скифтер бір - бірлеріне ым қағып:
— Тəубаға келген бе, əлде түлкі бұлаңға салып отыр ма?— десті.
Рудың ұлы жиыны
Яксарт өзенің жағалай өскен күміс шыршалар мен ғасырлар бойы
тұрған үйеңкілердің астында мыңдаған оттар жанды. Айнала гу-гу əңгіме,
айқай-шу, əн араласып, аттардың пысқырғаны мен тұяқ дүбірі естілді.
Көсемдер, атақты князьдар, халық қалаған ақсақалдар мен қарапайым
сақтар ат арытып, алыс жерлерден рудың ұлы жиынына жиналғандар ығыжығы.
Даланы шарлаған «ұзын құлақ» хабар бойынша жаңа ай туғанда
Яксарттың жағасында маңызды іс шешілмекші. Барлық тайпалар мен
аталықтарға шаптырған Тамирдің жаушыларынан да гөрі жұрттың қауесеті
жер - жерге бұрынырақ жетті.
Өзінің ойындағысын айтуға еркі бар қару асынған сарбаздар жанжақтан ағылып келе бастады. Рудың ұлы жиынынан соң скифтердің үлкен
жорықтарға аттанғаны бір бұл емес, сондықтан да қарусыз келгендер
шеткері отырып, сөз алу еркінен айырылатын.
Шексіз-шетсіз далаға шашылған ескі достар мен үзеңгілес жолдастар
осы арада кездесіп, оң тізелерін бүгіп, тос түйістіріп ғадетке айналған
амандық-саулықтарын айтысып, шұрқырасып жататын.
Бұл жиын қарайтын қазіргі мəселе қатардағы жай іс емес, ол — аты
мəшһүр князь Будакеннің парсыларды қиратқан соң, күллі Азияның
халықтарына құлдық қамытын кигізуге тырысқан Қосмүйіз патшаға бір
дорба алтынға бола сатылып, отанына опасыздық жасауы болатын.
Рудың ұлы жиынына беттегендердің көбісі опасыздығы үшін Будакенді
балағаттап келе жатты. Алтын князьдың өзінде де аз ба еді, ауыздығы да,
түймелері де таза алтыннан, керек десе төрт əйелінің төртеуінде
кеуделеріне жапсырған балықтың қабыршығы сияқты алтын теңгелерден
жасалған алқалар бар. Байыған сайын князьдың ашқарақтана түскенін
жұрттың бəрі де білетін.
Сондықтан барлықтары да Будакенді кесекпен ұрып немесе қуып
жіберген соң, халқын сатқан опасыздың табын-табын, қосын - қосын
малын қай тайпаның қалай бөлісіп алатындарын айтысып дауласып келе
жатты.
Кішкентай жүндес жабыларға мініп, шауып жеткен азат скифтер
басқалардан шеткері жерге ошақтарын түтетті. Бүкіл далаға аты жайылған
құла жирен тұлпарға емес, биік əрі жеңіл массагеттердің бұласына мініп,
кең, қоңыр шекпенге оранып, солармен бірге келген Будакенді
жиналғандардың барлығы мына атты кісі кім деп сұрастырып жатты.
Кімнің жалшысы болса да князьдың шеңгелінен құтылып, өз кəсібімен күн
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қарауыл Төбедегі Оттар - 16
  • Parts
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 01
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2503
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 02
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2397
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2388
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 04
    Total number of words is 3904
    Total number of unique words is 2350
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 05
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2564
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 06
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2284
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 07
    Total number of words is 3949
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 08
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2204
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 09
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2433
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 10
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2314
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 11
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2364
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 12
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2353
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 13
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2338
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 14
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2429
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 15
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2338
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 16
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2281
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 17
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2412
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2363
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 19
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2288
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 20
    Total number of words is 735
    Total number of unique words is 605
    39.6 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.