Latin Common Turkic

Қарауыл Төбедегі Оттар - 03

Total number of words is 3928
Total number of unique words is 2388
29.7 of words are in the 2000 most common words
44.5 of words are in the 5000 most common words
52.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Скиф аяқтарын айқастырып тұрды да кең жауырынын қайқаң еткізді.
— Атымды іздеп табуым керек. Ол йен сахараға даңқы жайылған
атақты тұлпар Көкдауылдың тұқымы, қыр астында қоңыр жолағы бар құла
арғымақ.
— Жақсы,— деді жиһангер.— Мен сенің құланды іздетуге бұйрық
беремін. Мүмкін, тағы да бір нəрсе қаларсың?
Скиф өзіне бейтаныс жандарды көзімен шолып өтті; түрегеліп
тұрғандары да, төсегінде кесіліп жатып жыл 1 Кшатра — ескі парсыша «Патша».
тыраған масаң жанарларымен мысқылдай күлімсірегендері де бұған
кекесінмен қарайды.
— Шаппаған тұлпардың тұяғына жем түседі. Менің де жағдайым
сондай. Түк бітірмей ішім пысты. Біреумен өте қатты төбелессем деймін.
Жиһангер алақандарын соқты:
— Бұл керемет көрініс болады. Скифпен кімнің жекпе-жекке шыққысы
келеді, кəні!
Кейбіреулер:
— Жиһангердің жеке сақшыларының арасынан скифпен алысуға
тұратын бойшаң македондықтардан шақырайық,— деп кеңес берді.
Ұстаз Никомандр үн қатты:
— Егер скиф семсер ұстай алса, мен оған өз өнерімді көрсетуге
дайынмын.
Тілмаш оның сөзін скифке түсіндірді.
Жас скиф Никомандр жаққа менсінбей көз тастап:
— Тек айбалтамды
шайқасайын,— деді.
беріңдерші,
мынадай
шалдың
үшеуімен
Жиһангер Никомандрды жанына шақырып алды да, жай ғана:
— Өлтіре керме, ол маған керек. Жеңіл ғана жарақаттауыңа рұқсат,—
деп ескертті.
Таңқалып тыржың еткен Никомандр:
— Қай жерінен жарақаттауға болады?—деп сұрады.
— Сол жақ иығынан, үш жерден...
— Маған македон семсерін беріңдер!—деп Никомандр эфебтерге
бұрылды.
Бурыл тартқан бұйра басында гүл шеңбері бар ол шекпенін иығынан
ысырып тастап көйлекшең ғана қалды. Бұлшық етті, жалаңаш аяққолдарының əр жеріндегі ақтаңдақтанған ескі тыртықтар оның талай
жанкешті ұрыстарда болғандығын дəлелдейтін.
Қонаққа келгендер есіктен кіргенде дəстүр бойынша тастауға тиіс қаружарақтардың арасынан эфебтер Никомандрға алтын балдақты болат
семсерді алып берді. Скифтың сыбағасына ауыр македон қылышы тиді. Ол
болаттың серпінділігін, жүзінің қалай қайралғанын байқады да, еткір ұшын
көкке қарата көтеріп тұрып:
— Мен бұл құрбандығымды саған арнаймын тəңірі, Папай сортаң
далада сен біздің табындарымызды қасқырлардан қорғайсың, енді мені де
мына қарақшылардан сақтай гөр!—деп сыйынды.
Ауыр бұлт жапқан, түнерген қараңғы аспанға скиф жалбарына қарады.
Жел күшейіп шамдалдардың оты тынымсыз жалпылдай бастады. Тақалып
қалған дауыл екпіні от ұшқындарын қомағайлана қағып алып, алысқа
əкетіп жатыр
Скиф ұзын аяқтарын алшақ қойып семсерін македондыққа қарсы кезеп
тұра қалды.
Никомандр қарсыласына оң жақ қапталымен бұрылды да, жүзін қарата
тік ұстаған семсерімен кеудесі мен бетін қалқалап анаған қарай жүрді.
— О, патшалардың ең даңқтысы, македондықтар, эллиндер, басқа да
қонақтар! Жеңілуді білмеген семсерім патшамыздың тілегі бойынша мына
тағыға мейірім жасайды. Бірақ мен семсердің ұшымен бозбаланың сол жақ
қарына күллі Азияның ұлы əміршісінің есімі басталатын «альфа» əрпін
жазамын.
От шашқан көздерін қарсыласынан айырмаған скиф сол тізесін бүге
семсер ұстаған сіңірлі он қолын алға созды.
Ал македондық сол қолын артына ұстап, көзін сығырайтқанда, қырынан
бетіндегі əжімдер айқындалып, тереңдей түсті. Жалаңаш қолдарының
бұлшық еттері тарамыстанып ісініп кетті. Ол қарсыласуға дайын еді.
Жарқ еткен семсері ауаны бірнеше рет сызып өткенде сарт та сұрт
соғысқан болаттардың шақылы естілді. Ұзынтұра скиф бұрынғыдан да
бүгіле түсіп, алмас қылыш ұстаған сүйекті ауыр қолдары шыр айналып,
македондықтың жылдам сермелген қаруының жолын тосады.
Жүзінде күлкі ойнап, өзіне-өзі көңілі толған Никомандрдың бет əлпеті
кенеттен қатулана қалды. Тағы дұшпанының қайратын сезінген сияқты.
Скиф семсерге қараған жоқ. Көкшіл көзі қарауытып, македондықтың
түйілген қабағына кадалып калған. Өзі шабуылға шық-пай Никомандрдың
көз ілеспес соққыларын жыртқыштың шапшаңдығымен кейін қайтарады.
— Эугэ! Каллиста! 1—деген македондықтардың көтерме айқайы
естілді.
Скифтың сол жақ қарында көлденең қызыл сызат көрінді де, бұрқ еткен
қошқыл қан кеудесімен темен сырғыды.
Түйе сияқты ебедейсіз ауыр көрінген скиф кенет қапталға қарай серпіле
жеңіл секіргенде, ұрымтал аттай берген Никомандр аяғына əрең тұрып,
оқыс ұмтылған жауының жаңбырша жауған соққыларын əзер қайтарып тез
шегініп үлгерді.
— Аяма оны, Никомандр! Тағыны шауып таста!—деген айқайлар жанжақтан, жауынгерлер отырған қабырғалардан да, төбеден де естіліп жатты.
— Өңменіне сем -серіңді сұғып ал!
Тағы да бір қиғаш сызат «альфаның» екінші жағының суретін салғанда
скифтың кеудесіне сорғалаған қан молая түсті. Енді екеуінің ортасын
қосатын сызат қана қалды. Бірнеше эфеб пен жауынгер қарсыластарды
ажырату үшін оларға жақындап дайын тұрды.
Скиф беймəлім тəсіл қолданды. Ауаны ерсілі-қарсылы тез-тез
осқылаған қылышы жауының төбесінде жарқ-жұрқ ойнады. Скифтың
қылышына соғылған Никомандрдың семсері доға сызып барып анадай
жерге ұшып түсті. Атылып барып сорайған тізесімен жауының кеудесіне
қонған скиф, оны астында мыжғылап, шыңғырып тістерімен тамағына
қадалды.
— Тағыны айырыңдар! Ананың басын шайнап тастайды!—деген айқай
естілді жан-жақтан.
Жауынгерлер мен эфебтер скифке жабыла кетіп, аяқ-қолынан тартып,
македондықтан əрең айырып алды. Орнынан тұрған ол жабылғандарды
жан-жаққа оп-оңай лақтырып жіберді. Бет-аузы қан. Қатты сасып, көздері
алақтаған Никомандр да орнынан тұрды. Тамағынан шапшыған қан
эфебтердің аппақ хитондарына шашырады.
Ішінде дəрі-дəрмегі бар қобдиша ұстаған жиһангердің дəрігері жан
ұшыра жүгіріп жетті де, македондықтың мойнын таңа бастады.
— Жауынгердің басын неге шайнап тастағың келді?— деп патшаның
тілмашы скифке қатулана сұрақ қойды.
— Олай емес,— деді орамалмен бетін сүртіп, қуана жымиған скиф.—
Өнері мен күші бойыма дарысын деп оның қанын ғана іштім. Жақсы
сайыскер екен, енді мен одан гөрі күштірек боламын...
Дауыл күшейе түсті. Ышқынған жел жоғарыдағы шамдалды құлатып
түсіріп, иісі аңқыған май кілемге төгілді. Жапалақтаған қардың ірі
үлпектері шиырылып асқа жиналғандарды абыржыта бастады. Жиһангер
төсегінен тұрды, нубиялық қара құл аяқ киімін байлап, иығына құндыз
терісімен тысталған алабажақ үнді шапанын жапты. Қару-жарақтары
жарқылдаған сақшылар тобы екі қатар болып тұра қалысты.
Александр Гефестионға сыбыр етті:
— Барлығын қару-жарақ бөлмесінде күтемін. Ең сенімді салтаттылар
тобы дайын болсын. Филотаны абайсызда ұстау керек. Сосын, бишіні
маған жібере салшы...
Жиһангер тəлтіректей басып бірнеше қадам жасады да, философ
Қаллисфеннің алдына тоқтады:
— Əрине, əлгі тағы скиф жекпе-жектің ережесін бұзды, сондықтан оған
кешірім жасау керек пе, əлде өлім жазасына кесу керек пе?! Кейде абайсыз
қателіктер жіберіп алсаң да, философ əрі Аристотельдің шəкірті ретінде,
сен, Қаллисфен даналық пен көркемдікті түсінесің, адамдардың жүрегіне
жол таба білесің.. Мына сақты саған тапсырамын: оған эллин тілін үйретіп,
өзінің даласынан гөрі эллиндер салтын сүюді санасына сіңір. Софист
ретінде нені қаласың соның дұрыс екендігіне адамның көзін жеткізе
аласың ғой. Бір айдан соң маған келіп, скифтің тəрбиесіндегі табыстарың
туралы айтарсың.
Музыка Персия патшаларының патшасына арналған «даңқ» сазын
ойнап кетті. Қар көзді ұрады. Кілемдер лезде аппақ болды. Барлық
меймандар мен жауынгерлердің көтермелеген қатты айғайына ілесе екі
эфебке сүйенген Александр баспалдақпен жайлап төмен түсті.
Шекпендеріне оранған тойға қатысушылар, қару жарақтарын тез-тез
асынып, бөлмелерден асығыс шыға бастады.
Карфагендік елші дар бишісі кішкентай қыздың жанына тоқтады да,
қолынан ұстап, финикий тілінде:
— Екеуміздің отанымыз бір екен ғой?—деді.
— Иə, мен мына жыртқышқа таланған «күн мен теңіз» шаһарынанмын.
Даңқты Тирденмін.
— Ендеше осы арада бұлардың көңілін неге көтеріп жүрсің? Əлде туған
шаһарыңның мың жарым жаужүрек қорғаушыларын жиһангердің крестке
көргенін ұмыттың ба?
— Мен оны ешқашан ұмытпаймын, бəрі де есімде. Жазаланғандардың
арасында əкем бар болатын. Осында жүргенім де сондықтан...
Екі эфеб келіп қызды қолтықтап алды да:
— Сен біздермен бірге жүресің. Жиһангер күтіп отыр!..— деді.
***
Балкон жаққа қараған жарма есігі бар, қабырғаға парсы кілемдері
ілінген шағын бөлмеде алтын аяқтары иіліп жасалған төсекте жиһангер
жатыр. Тоя ішіп-жеген кешкі астан соң, əдетінше төсекке жабылған қоңыр
аюдың терісі үстінде жатып, қатты ұйықтап кетті.
Александр тəуліктің қай уақытында болса да қалаған кезінде бірден
ұйықтап, аз ғана көз шырымын алған соң дереу сергіп, кез келген жаңа іске
бірден кірісіп кете алатындығын мақтан тұтатын.
Үш аяқты биік қола дарақтың орамына орнатылған, иісі аңқыған май
құйылған, алтын жалатылған шырағдан біркелкі қызғылт сəуле төгіп тұр.
Алқызыл гүлдер қадаған толқынды, бұйраланған шашы көкпеңбек жібек
жастыққа жайылған. Сұлу жүзі сабырлы, əжімдері тегістеліп кеткен. Ашық
тұрған қайратты жұмсақ мойны мен сымбатты төсінің күлгіндеу терісі
мөлдір жасыл түсті матадан тігілген сырт киімімен жартылай көлегей ленген.
Құйтақандай финикиялық қыз ұйықтап жатқан сымбатты жас дененің
қозғалыссыз қатқыл жүзіне шарасынан шыққан кірпігі ұзын көкшіл
көзімен от шаша қарап тұрды. Басына неше түрлі сапырылысқан ойлар
келді.
«Міне, менің қарсы алдымда Азияның əміршісі... Қазір сенен бұғауға
түсіп, азап шеккен мыңдаған финикиялық отандастарым үшін кек аламын...
Мейлі, содан кейін жендеттерің мені жұлып жесін... бірақ Тир қызының
қолы қалтырамайды...»
Қыз Александрға қарай еңкейді де, биік көтеріп шебер сəнденген
шаштарының арасынан қанжар сияқты үшкір əрі өткір болат түйреуішті
суырып алды. Он алты жіңішке бұрымы -иығына төгілді. Бір бұрымы
сырғып барып Александрдың көкшіл ашық төсіне тиді. Жай ғана
шошынған оның бетіне көлеңке жүгіріп, түйіле қалған қастарының
арасында түксиген əжім пайда болды. Жартылай ашылған еріні əлдеқандай
түсініксіз сөздерді кү -бірледі, бірақ кеудесін кере бірқалыпты тыныстаған
жиһангер ұйқысынан оянған жоқ. Финикиялық қыз бойын тіктеп, пышақ
ұратын тұсты ыңғайлап қолын көтере берді.
Желдің самал лебіне жалт бұрылды. Оның жанында қолдарын кеудесіне
айқастырып, міз бақпай беті əжім-əжім парсы əтек шал тұр екен.
Қаймақтай жұқа ернінен əбжыланның ысылы естіледі. Есікке тұтылған
жібек кілем ысырылды да, арғы жағынан жартылай жалаңаш қап-қара зəңгі
атып шыға келді. Əтек көз қиығымен финикиялықты ымдаған сəтте зəңгі
ала шілтерді қызға тастай салды да, үн шығаруға мұршасын келтірмей бөл
-меден алып кетті. Соңынан жалтыр басы қалтаңдап əтек ілесті.
Бір күннен соң отқа қақтап ұзақ азаптағаннан кейін сорлы қыз төртке
бөлініп шабылды да, бұрыннан келе жатқан дəстүр бойынша қаладағы жанжағы бітеу орталық базардың төрт қақпасының жоғары жағына ілініп
қойылды.
ЕКІНШІ ТАРАУ
СКИФ ДАЛАСЫ
Ат ерттеліп, қайралды ма, қылыштар?
Садақтар серт керілді ме ұрысқа?
(Саксафардың əндерінен)
Төбеде тұрған жолаушы
Ұлан-ғайыр жазық даладағы көзге ұрған жалғыз төбенің үстінде бір
басына буда шөп байлаған, белгі беретін сұлап жатқан сырықтың жанында
тұрған адам селт етпейді. Оның əбден тозған, күнсіген киімі де жер сияқты
қоп-қоңыр. Басына қызыл шүберектің қиындысын байлай салған. Құрауқұрау мəсі киген аяқтарын алшақ қойып нық тұр, қысық көзін сығырайтып,
көкжиекке қас қақпай қарайды.
Шықшытты, тотыққан жүзі жас. Күн мен желден терісі жарылған.
Жауырыны қақпақтай. Бір қолымен иығынан асыра тастаған тері
қапшықты, екінші қолымен көйлегінің ішінен ұшы сəл көрініп тұрған
жалпақ пышақты сабынан ұстаған. Ұзын қайыс белбеумен белін бірнеше
қабаттап буынған.
Ол алысқа, кең жазыққа тарыдай шашырап тігілген аппақ, қара сансыз
сақ 1 шатырлары көрінген жаққа қарайды. Ауылдың төбесінде шұбатылған
көкшіл түтіндер аспанда маңып барады. Шатырлардың жанындағы қоршау
ішінде ақ, қара қозылар сапырылысып жүр.
Бүгін той. Төсін ерсілі-қарсылы жол айғыздаған жазықта қаздай тізілген
ашық түсті киім киген салтаттылар көрінді. Олар беттерін алдарындағы
қонысқа қарай түзеген. Кестелі ашық киімдері көкжиектен арқан бойы
көтерілген күн сəулесінен құбылады.
Жолаушының төбеде тапжылмай ұзақ тұрғаны сонша, тіпті төменде
жазық жерде кетіп бара жатқан атты адамдар оған шошаңдатып
қамшыларын нұсқай бастады.
— Анау кім екен өзі, не қарап тұр?—десті олар.— Малшы емес.
Соғдылар жіберген жансыз емес пе екен езі? Əлде Будакенге ауру жібергелі
жүрген сиқыршы ма?..
Ала арғымақ мінген салтатты топтан бөлініп өрге қарай тұра шапты.
Төбенің басына ағызып шықты да, содан соң екпінін тежеп, қалшиып
тұрған адамның сыртынан келді де, діріл қаққан ұзын найзасының ұшымен
иығынан итерді. Артына бұрылған адам жайбарақат болғанымен сұсты
көзқарасымен салтаттыны жуасытып, пысын басып тастады.
Келген адам əдет бойынша сəлемдесті.
— Құдайымыз Папай жаныңа денсаулық берсін!
— Дені-қарның сау ма?—деп сыздықтай шыққан дауыс естілді.—
Көңіл-күйің жақсы, қуаттысың ба?
— Иə, жаның жадырасын,— деп тіп-тік өскен қара сақалын қолымен
сипаған салтатты, скифтердің ата жаулары соғдылардың үлгісімен ораған,
жолаушының ба -сындағы қызыл шүберекке күдіктене қарады.
— Бұл не қылған қоныс?— деп ысқырына үн қатты жолаушы.
— Алтын ауыздықты атанған атақты Будакеннің қонысын білмей, өзің
көктен түстің бе? Аяқтарың шаң, жақын жерде атың да көрінбейді. Өзің,
қай жақтағы жолмен келдің?
— Қай жолмен келсем де, қазір онда жоқпын, осындамын. Даңқты
Будакенді көру үшін он күндік шөлден өтсем, мұнда мені маңызды шаруа
айдап əкелгені ғой.
— Ендеше, аттың артына мінгес,— деді салтатты. Жабайы жылқыларды
үйретуші Кидрей сені тура князьдің шатырына апарады. Бүгін Будакен
қызын ұзатып үлкен той жасағалы жатыр. Кімде-кім қыз қууда оның
орамалын жұлып алса, сол жігіт қызға үйленеді. Алыс-жақын қоныстардан
келген меймандар осында жиналуда. Əттең атың жоқ, əйтпесе Будакеннің
қызын алу үшін бағыңды сынап көруіңе болар еді. Ал мен байқап көремін.
Қызды қуып жету, жабайы, бесті айғырды бұғалықтағаннан қиын дейсің
бе?
Тұяғы шақылдап тиген тастар ылдиға сырғып, ирек-ирек жолмен төмен
түсіп келе жатқан ала аттың сауырына жолаушы ырғып мінді.
Будакеннің көңіл көтеруі
Бəйге, күрес, садақ тарту аяқталған соң Алтын Ауыздықты Будакен
қонақтарын одан əрі көңілдендіру үшін өзінің жас жалшыларына
сыбырлап, қызы жарысқа шықсын жəне түйе дайындалсын деп нұсқау
берді. Алдағы қызық жайлы ойдың өзінен көңілденіп жымиған жастар
нұсқауды орындау үшін жүгіріп кетті.
Үнемі аттан түспегендіктен қамыт аяқтанған, жауырынды,
қалбағайынан шалбарының кең балағына дейін жапқан мол шекпенінің
етек-жеңдері алтын түймелермен, көкшіл моншақтармен əшекейленген.
Будакен қонақтарын асты - үстеріне түсіп елпектей сыйлап, əсіресе
ақсақалдарды, əртүрлі ру басыларын құрметтеп мырзалығын, көңілінің
дарқандығын көрсетуге барынша тырысуда.
Будакеннің алдына алдыңғы аяқтарын тарпып, үрке кісінеген сауыры
жалпақ жирен айғырды алып келді. Аттың мойнындағы алтын жалатылған
əшекейлі, салпыншакты жүген, көгілдір ақық жүзікті таспен өрнектелген
ноқта сондай əсем, ауыздықтың екі жиегіне алысып жатқан арыстан
бейнеленген, ол өзі таза алтыннан құйылған.
Қонақтардың арасында Тиграхауда руындағы бір атаның көсемі ұзын
бойлы, сылыңғыр келген маңғаз князь Гелон ерекше көзге түседі. Жүзінен
бозбалалық табы сезілгенмен, асқақтаған тəкаппар кескіні, түйілген қабағы
балалық мінезден əлдеқашан арылғандығын аңғартады. Беліне скифтер мен
парсылардың ұрысы бедерленген алтын қынды қысқа қылыш ілген. Жат
жерден əкелген қызыл матадан тігілген киімінде алтыннан жасалған
салпыншақтар қабыршақтай жабысып, жалт-жұлт етеді. Ұзын ақ құйрық
жалсыз арғымағы Будакеннің айғырынан гөрі сұлулау. Мұны ол тұрқы биік,
жүйрік жылқыларымен аттары шыққан массагеттерден тастақтан құдық
қаза алатын, жұмсақ күдері жасай білетін төрт тұтқынға айырбастап алды
деген сөз бар.
Кенет топ ішінен қара көзі жайнап, сыңғыр - сыңғыр күліп, тола
моншақ тағынып, күміспен күптеп əшекейленген ашық түсті жемелек
баулары желбіреп, баран бие мінген Будакеннің қызы Зарика суырылып
шауып шықты. Жұрттың бəрі де ұзатылған қызының жасауы ретінде
Будакеннің айғыр бастаған əрқайсысында тоғыз биеден бар отыз үйір
жылқы, бір отар қой, енші сыйы артылған он түйе, қырық күң беретінін
жақсы білетін еді. Сондықтан жалаң қаққан жастар тұлпарларын тебініп
сол сəтте-ақ Зариканы қуа жөнелісті. Қыз айналып өтіп кері бұрылатын
биік төбеге қарай ағызып бара жатты. Талай бəйгеде даңқы шығып аузымен
құс тістеген қара бие шоқалақтар мен жыралардан ұшып өтіп, кең далада
атқан оқтай зулайды. Зариканы қуып жетпек болғандар көп ұзамай-ақ
төбеден айналған сəтте алдынан тосып ұстап алмақшы болып жан-жаққа
бытырай шабысты.
Ашық түсті киімі алаулап, түгі алтындай жылтылдаған арғымақ
үстіндегі Гелон басқа шабандоздардан оқшаулана алшақтай түсті. Ол
Зарикаға жақындап қалғанда қыз биенің басын қапталға кілт бұрды да,
Гелон жанынан зу етіп өте шықты. Зарика бүйірлей қосылған ала ат мінген
асау үйретуші өжет Кидрейге тап келді. Қолындағы желбіреген қызыл
жібектің қиындысын тартып алмақ болған Кидрей Зарикаға жармасты. Қыз
жуан қамшымен Кидрейді құлаштай ұрып, өзі жыландай иіріліп жанталаса
биенің мойнын тасалады. Сəлден кейін іздерінде будақ-будақ шаң
қалдырып, шабандоздар төбенің арғы жағына көрінбей кетті. Олар
қайтадан қылаң бергенде Зарика шабандоздардың құрсауына түсіп,
қамшысын оңды-солды сілтеп, бұлқынып келеді, ал Кидрейдің аласы
шеткеріректе жайдақ шауып бара жатты. Кейіннен ел Гелон Кидрейге қарай
тік шауып, атынын, кеудесімен соққанда ананың ерден ұшып түсіп, көпке
дейін есін жия алмағандығын айтып жүрді.
Зариканы қуып жетіп, жармасқан Гелонның қолында қызыл жібек
орамал желбіреп бара жатты.
— Берген өзі,— деп шуылдады жұрт.— Будакеннің күйеу баласы текті
рудан болатын болды. Будакеннің өзі бір кезде малшы еді... Қазір байлығы
сондай, күйеу балаға кімді қаласа да мүмкіндігі бар.
Шауып келіп қонысқа оралған Зариканы құрбы - қыздары мен əйелдер
қоршап алды. Ақ көбік болған биені күңдер шылбырынан жетелеп,
Зариканың өзін кілем мен шəлі тұтылған қалыңдықтық шатырына кіргізді.
Ат үстіндегі Будакен мен құрметті меймандар күтіп тұрған жерге
ағызып жеткен Гелон оларға он қадамдай қалғанда сəйгүлігінің тізгінін
əрең дегенде кілт тежеп, жаймен Будакенге жақындады да, оның қолына
қызыл орамалды лақтырып жіберді. Гелонның жанына жетіп келген жалшы
адамның бас сүйегінен жасап, жиегін алтынмен кемерлеген қымыз толы
тостағанды ұсынды. Гелон тостағанды қос қолдап алып, ернеуінен сүйді де,
той иесіне берді.
Мұрты салбыраған, алып денелі Будакен тостағанды алды. Мізбақпаған
жүзі қатқыл, бірақ көздерінде қуанышты ұшқын жылт етті. Гелонның
бұлайша ілтипат жасауы құдалыққа əзірмін дегені. Байырғы ақсүйектер
тұқымынан шыққан Гелон енді ақылы мен қулығының, сəтті
шапқыншылықтарының арқасында көсем санатына іліккен бұрынғы
малшының күйеу баласы болады.
Будакен қымызға ернін тигізіп, бетін үрледі де, содан соң сарқып ішті.
Гелон жетектегі атқа ауысып мінді, ал оның алтын жонды айғырын
шеткерірек шығарып, үстіне əрең мінген бапкер шал жарысқа дайындау
үшін ары-бері кездіріп, суытуға кірісті.
Матаулы түйені босатқан кім?
Скифтер шудасы жалбыраған үлкен қара ұр түйені жетектеп келіп, əрең
дегенде шөгерді. Жартылай жабайы түйе бақырып, жанталаса жұлқынып
тұруға тырысты. Бірақ қыл арқанмен бұрап, тізелеп, басын қомына
қайырып, шешілуі қиын сан түйінмен шырмап байлаған жігіттер оны тырп
еткізбеді. Будакен жастарды асықтырумен болды. Алқа қотан қоршаған
қалың тобыр айқайласып, шу-шу етеді. Өздері ұнататын көріністі күткен
барлықтарының көңілі көтеріңкі.
Будакеннің мешкейі əрі сайқымазағы кəрі Хош жар салып тұр:
— Бұл түйе сегіз қап арпаны көтереді, бір жалмағанда осыншама жем
жұмырына жұқ емес. Маялардың соңынан желіп, ашамайдан тайсақтайды.
Он күнге су ішпей шыдаса, қымыз құйған местің жанында тырп етпей
осынша күн жата алады. Вавилонға барып қайтты, бірақ бұрынғыдан да
тағыланып шудасы өсіп келді. Дегенмен қолы ашық Алтын Ауыздықты
Будакен қонақтарын көңілдендіру үшін осы асыл аруананы матаған барлық
күрмеуді пышақсыз кеспей шешіп, сосын қонысты айналып желіп шығатын
батыл əйелге сыйға тартады. Бірақ ескіден келе жатқан дəстүріміз бойынша
күрмеуді шешкен кезде еш жеріне бəкі жасыра алмауы үшін əлгі əйелдің
тырдай жалаңаш болуы шарт...
Оқшау тұрған əйелдер бірін-бірі шынтақтарымен түрткілеп,
шұбатылған жеңдерімен беттерін басып, мырс-мырс күлісті. Олар шаршы
топтың алдына қалай көрінсе де бəрібір санайтын ұятсыз, маскүнем
Балқаш қазір ортаға шығар деп ойлаған. Бозаға тойып алған, шатырдың ар
жағында жатқан оны тауып алып оятпақ болған қатындардың түрткеніне ол
ыңырана мыңқылдап жауап қатты да қойды.
— Неғып тұрсыңдар? Қорықпаңдар! Күрмеуді шешсеңдер, түйе
аласыңдар!—деп шуылдасты топтың ішінен.
Сол кезде əйелдердің арасынан сымбатты қыз алға шықты. Сыпайы, ұяң
басып қадірменді қонақтардың алдына келіп, Будакенге қолын қусырып
иілді де, жүзі қуқылданып жанарын жерден көтерместен сөйлеп кетті:
— Сəлем саған, дарқан. Будакен батыр! Түйені маған шынымен беретін
болсаң, күрмеуді мен шеше аламын...
Алғаш рет көріп тұрған мына қызға таңданған Будакен:
— Байлауын шешіп, мініп шатырларды айналып шықсаң, түйе сенікі.
Сен ешнəрседен, тіпті ұяттан да именбеген қандай қыз едің?— деді.
Қыз бəрібір дегендей қолын сілтеді:
— Басының азаттығы жоқ жанға ұят деген немене?
— Тұтқынсың ба? Иең, ныспың кім?
— Ныспым Томирис...
— Томирис, Томирис!— деп шуылдасты жұрт.
— Дах руынанмын, шапқыншылық кезінде қолға түстім де, көпестерге
сатылып кете бардым. Енді князь Гелонның сыйлықтарымен қоса сенің
сұлу қызыңның меншігіне көштім.
Жеңісіне мақтанып күпсініп тұрған князь Гелон ызадан тұлданып
жанында тұрған жалшысына:
— Ана арсызға айт, абройын айрандай төкпей көзін бұл жерден
құртсын!—деді.
Қыздың жанына жетіп барған скиф оның құлағына бірдеңе деп
сыбырлай бастады. Томирис жауап қатпай орнында тұра берді.
Қызыққұмар жұрт шуылдасып, күрмеуді шешуге тезірек кіріскенін талап
ете бастады.
Қыз жалшыға əрі тұр деп қолымен сақтандыра нұсқады да, таудай
төңкеріліп жатқан қарасұр шудалы жануардың жанына барды. Күтпеген,
қолайсыз жағдайға тап болған аруана ашулы, булығып, ұзын, қызғылт тілін
шығарып, құсығын шаша, бүкіл денесімен дір-дір етіп, аяқтарын
сереңдетіп арқанды үзбек болды. Қыз үстіндегі алабажақ лыпасын тез
шешті де, барлығын түйіп, шалбарының қызыл бауымен байлады. Сөйтіп
түйіншекті əр жерде қылтиған жантақтың түбіндегі құмның үстіне тастай
салды. Тобыр қарқылдай күлісіп, гуілдеп кетті. Бірақ барлықтары да,
алабажақ жемелекпен жіңішке өрілген он алты бұрымы қушық иығына
төгілген, мойнында жіпке тізілген қызыл моншақтары ғана қалған
сымбатты, арық қызды көргенде демдерін іштеріне тартып тына қалды.
Ешкімге көңіл аудармаған Томирис бұрымын басын айналдыра орап
байлады.
— Өзі өрімдей жас!— деп күңкілдеді кəрі князь Тамир.— Алты атпал
жігіт байлаған соншама күрмеуді шеше алар ма екен?
Томирис шөгіп жатқан түйенің үстіне ырғып шықты да, бурыл жүнге
бүк түсіп отыра қалып тістерімен, саусақтарымен шиеленіскен түйіндерге
қадалып, күрмеулерді шеше бастады. Алдымен қомына тартылған басын
босатты. Басы босап, мойнын созғанда ғана түйе тыпыршығанын тоқтатып,
сүйріктей ұзын жақ сүйектерін кере аузын ашып жалбарына боздады.
Томирис шиеленіскен түйіндерді шеше берді: тылсым тор жасап айқасқан
қыл арқанмен араласқан нəзік қолдарының қимылына көз ілеспейді.
Бір кезде секіріп барып, киімдерін ораған түйіншегін алды да, оны
тісімен тістеп төрттағандап отырды да, бұрынғы жұмысын жалғастыра
берді. Міне, түйенің артқы аяқтары да шешіліп, арқандар босай бастады.
Тағы да тыпыршып, аунап түскен түйе икемсіздеу итініп, алдымен артқы,
содан кейін алдыңғы аяқтарына көтерілді.
Томирис үлпілдеген майда өркештердің арасында, түйенің үстінде
отырған еді. Бір сілкінген түйе кенеттен үркіп, гуілдеген тобырдан ышқына
қашып, аяқтарын алшақ тастап кең жазықты бетке алып желе жөнелді.
Шашының арасынан суырып алған қола түйреуішпен Томирис еркешін
шанышқылағаннан түйе ауырсына бақырды.
Ежелден келе жатқан дəстүр бойынша қонысты айнала желіп, той өтіп
жатқан жерге оралғанша киініп үлгеру керек болатын. Бірақ өркештерінің
ортасында қыз отырған қоңыр түйе төбеден асып көрінбей кетті. Осы сəтте
князь Гелонның жалшыларының бірі атына секіріп мініп, түйенің артынан
қуа жөнелгенін ешкім де байқамаған еді...
Спитаменнің сыйы
Спитаменді сол жолы алғаш көргенде, ол жайлы əңгіме басталған-ды.
Скифтер тыр жалаңаштанып қорықпастан байлаулы түйені босатқан қызға
күлісіп жатқан кезде үсті-басын шаң басқан, иығына асқан қапшығы бар
жолаушы құрметті қонақтар мен Будакеннің жанына келді. Бейтаныс адам,
оларға бірнеше қадам ғана жетпей тоқтап, таза сақ тілінде:
— Қайырымды князь, Алтын Ауыздықты Будакен, мен сенің күшіңе,
батырлығың мен меймандостығыңа лайық сый алып келдім. Мұндай
сыйды сен көптен күтіп жүрген едің,— деп саңқылдады.
Таңқалған Будакен қолын екі жаққа жайды:
— Сақ тілін білетін сарттың маған не сыйлауы мүмкін? Адамзат не
тілесе менде соның бəрі бар. Бері таман келші өзің.
Жолаушы Будакеннің атына жақындап, тері қапшығына қолын сүңгітті
де, одан құйрығы ұзын, қарасұр кішкентай күшікті суырып алды. Жүндес
аң өткір тістерін сақылдатып, аппақ мұрттарын жиырып, аласұрып,
долдана ырылдады.
— Мұндай сұлу аң саған ұнайтын шығар?— деп сауал қойды бейтаныс
жан.— Нағыз таза қанды ызақор. Тұмсығыңдағы қара жолақты көрдің бе?
Екі жылдан соң аңға ертіп шығасың, еліктерді қуып ұстап, таутекелердің
белін үзеді, ерегіскен жауыңды атынан жұлып алады. Сен мұндай анды
білесің бе?
Барлығы да мына күшіктен иесіне иттен де жақынырақ үйірсектейтін,
ұрыста оның жауларына айбатпен атылатын таудың ең жүйрік, қауіпті
жыртқышы қабылан — читаны көрді.
Будакеннің көзі жайнап кетті. Жан адам аяқ баспайтын биік құздарда,
тау шатқалдарында ғана ұшырасатын мұндай күшіктерді қолға түсіру
шынында да қиынның қиыны еді.
— Рахмет, жолаушы! Осы күшігің үшін не қалайсың?— Будакеннің
жомарттығын, өзіне ұнаған нəрсені бағасы қанша болса да сатып алу үшін
ешнəрсені аямайтындығын жұрттың бəрі білетін. Сондықтан да жақын
тұрған сарбаздар шулап қоя берді:
— Күшікті тегін беремін де! Будакен саған аңның бағасынан асып
түсетін сый тартады.
Бірақ бейтаныс адам:
— Сен дəулетің шалқыған, абыройың асқан адамсың, Будакен! Отар отар қойларың мен табын-табын жылқыларыңа сан жетпейді. Олардың
қанша екенін өзің де білмейтін шығарсын? Маған өзіңнің таңбаң басылған
жақсы құнан сыйласаң...
Көшпенділердің салты бойынша бұлайша сөйлеу өрескелдік пен
құрметтемеудің белгісі. Сырт кейпіне қарағанда кедей көрінген жатжерлік
ешнəрсе талап етпей, құдіреті асқан, бай Будакеннен қайырым күтуге тиіс.
Сондықтан шығар Будакеннің қабағын қарс түйгенін барлығы да байқап
қалды. Бірақ ермек пен əзілді ұнататын, күшті князьдің ойда жоқ
кереметтерге бара беретін құмарлығы жұртқа аянды.
— Ныспың кім сенің, батыл жолаушы, задың қайдан?— деді Будакен.—
Будакеннің асауларының сауырына секіріп міне аласың ба? Арғымақ ат
сарттардың жайласып отырып, түсірген пайдаларын санайтын мамық
бөстектері емес. Біздің тұлпарларға тақымың тимей жатып ұшып түсесің
ғой!..
Айналасындағылар мəз-мейрам болып қалысты:
— Атқа отырғызшы өзін. Соғды текесінің асаудың арқасында қалай
тырбаңдайтынын бір көрейік.
Намысына тиіп даңғырлаған айқайларға көңіл аудармай, қысық
көздерін жерден көтермеген күйі жолаушы:
— Ныспым сарттарша Спитамен жəне Шеппе - Тэмен деп те атайды.
Мен сіздермен қандаспын — анам «Улала» ұранды Тохарлардан. Бірақ əкем
сарт, жастайымнан Соғдианада тəрбиеленіп сол елдің тарысы мен жүзімін
жеп өстім.
Қонақтарын көңілдендіру үшін жаңа бір əзіл ойлап тапқан Будакен:
— Жақсы, Шеппе — Тэмен... Екеуміздің ұранымыздың бір екендігіне
қуаныштымын. Жарайды таңдаған атыңды берейін, тек бас білдірілгенін
емес, жабдан жайылып жүрген құрын таңдап ал. Атқа мініп емес жаяу
жүріп өзің ұстап аласың...
Спитамен ризашылығын білдіріп кеудесіне қолдарын айқастырды да,
жүйрік тазыларды, бүркіттер мен сұңқарларды, аң қағатын басқа да құстар
мен жануарларды баулитын саятшы қартқа күшікті берді. Сосын:
— Егер мен мəстек емес, нағыз тұлпарды ұстасам, тек ашулана көрме,
Будакен...— деді.
Көкдауылды бас білдіру
Жалшыларына анадайда жайылып жүрген табынды жақынырақ айдап
əкел деп айқайлаған Будакеннің өзі де жай басып қонақтармен бірге солай
қарай беттеді. Айқай салып шаба жөнелген жылқышылар алқа-қотан
шеңбер жасап табынды қоршап алды. Спитамен өзіне шақырған ақкөңіл
бір скифтың атының сауырына секіріп мінді. Олар шоқытып Будакенді
қоршаған топтың соңынан ілесті.
Үріккен табын даланы дүбірлетіп қонысқа қарай шауып келеді.
Қолдарындағы бұғалықтарын бұлғап, естері шыға айқайласып, ысқырған
скифтер табынды қоршай айнала шауып жүр. Табыннан бөлінген бірнеше
айғыр құлақтарын жымқырып, мойындарын ұмсына созып жылқышыларға
қарсы шабады. Осы кезде олар аттарына қамшы басып далаға қарай
қашады да, анадайдан кейін оралып, табынға қайтадан жақындайды.
Будакен мен қонақтар дүркіреген табынның тұяқтарының астында
қалып қоймайын деп қыраттың басына шауып шықты. Олар төбеге
көтерілгенде осында жайылып жүрген үш түйе тапырақтап далаға қарай
қашты.
Жылқышылар мен жалшылар айқайласып, ұзын қамшыларын жерге
тарс-тұрс соғып, жылқыларды төбенің баурайына иірді.
Билер бір жерге үйіріліп, кейбіреулері бастарын кекшитіп, секіріп,
қосақтар. арасында оларды өзімсініп оқыранып аласұрған ала, баран
айғырлардан керенаулана ығысады.
— Əлгі сарт қайда?— деп айқайлады Будакен.— Мүмкін, сақ
биелерінің құйрықтарын көріп қорқып кеткен шығар?
Бірақ Спитамен дайын тұрған. Қолына ораған қайыс арқанды
бұлғақтатып, жай басып, төбеден түсіп бара жатқанда бұрынғыдан да
жауырынды, мығымырақ көрінді. Екінші қолына өзінің тері қабын ұстаған.
Төбенің басында тұрғандар құйқылжыған қатты ысқырықты естіді,
мұндай
ысқырықпен
көшпенділер
дүрліккен
жылқышыларды
жайбарақаттандыратын.
Барлық табын секем алып елең етті, күн сəулесіне шағылысып, түгі
жылтыраған Көкдауыл атанған қаракөк айғыр сытылып алға шықты.
Спитамен тоқтай қалды. Айғыр бірнеше секіріп барып жалы тікірейіп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қарауыл Төбедегі Оттар - 04
  • Parts
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 01
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2503
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 02
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2397
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2388
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 04
    Total number of words is 3904
    Total number of unique words is 2350
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 05
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2564
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 06
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2284
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 07
    Total number of words is 3949
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 08
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2204
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 09
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2433
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 10
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2314
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 11
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2364
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 12
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2353
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 13
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2338
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 14
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2429
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 15
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2338
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 16
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2281
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 17
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2412
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2363
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 19
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2288
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 20
    Total number of words is 735
    Total number of unique words is 605
    39.6 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.