Latin Common Turkic

Қарауыл Төбедегі Оттар - 11

Total number of words is 3939
Total number of unique words is 2364
32.0 of words are in the 2000 most common words
45.6 of words are in the 5000 most common words
53.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
«Мен əкем Будакенді ұлы тұтқынға түскенде далада тыныш тауып
жүретін жан емес деп ойлаймын. Құнымды төлеп сатып алу үшін тоғыз
елден асып мені қайтсе де өзі іздеп табады. Ал тірі қалсам туып өскен
далама жету үшін өзім де қашып кете аламын».
Аттары əбден болдырған явандар күні бойы дамылдады. Кейбір
жауынгерлер ұйықтап, енді біреулері үйлерді тіміскілеп, байлық пен
тығылып қалған парсы əскерлерін іздестірді; тауып алса сол бойда кешеге
шығарып, бір жерге жинап, киімдерін шешіп жалаңаштап, беттеріне қызған
темірмен таңба басты. Сонан соң тұтқындардың барлығы құлдыққа
сатылуға əкетілді.
Шаһардан явандар патшаның сүйікті əншілері мен бишілерін,
сыбызғышыларын ұстап алды. Барлығы тым-тырақай қашқан еді. Аналар
тығылған бақтың ішінен жылау мен айқай, музыка мен əн қабаттаса естіліп
тұрды.
Ай туысымен жауынгерлер іңір салқынымен жолға шықты. Мен
солармен бірге жүрдім.
Шығыс қақпадан ете бере қабырғаға шегеленген скифтерді көрдім.
Кейбіреулерінің өлі денелері салбырап тұр, басқаларының əлі жандары
шыға қоймаған. Ұзынтұра арық скиф қалғандарынан жоғарырақ
шегеленген екен. Жағы сембей балағаттайды. Ағып түскен бір көзі қан-қан
тамырына ілініп салбырап тұр, алақтаған екінші көзінен кек жалыны
ұшқындайды.
«Шиебөрілер»,— деп айқайлады ол жанынан етіп бара жатқан
явандарға.— Сендер тек парсы шошқаларымен ғана ұрыса аласыңдар.
Олардың май басқан сатраптарын тезірек қуып жетіңдер, ал біздер, сақтар,
сендерді бұрын да соққанбыз, əлі де соғамыз!»
Осы кезде өзі сияқты жас жауынгерлердің арасында келе жатқан жас
қолбасшы кенет қақпаның алдына тоқтай қалды да скифты шамдандыра
бастады:
«Тағы да айқайлай түс! Бізге əн салып берші. Жалғыз көз өзіне қандай
жарасады!»
«Сендердің əтештерің қайда?—деп жалғастырды скиф,— өзіне ұқсаған
əтештердің арасына тығылған басшыларың қайда? Менің қасыма келсеңші,
ажал алдында бетіне бір түкірейін».
Оған жақынырақ барған жас қолбасшының ашудан басы қалтылдап,
иығы селкілдеді. Тілмашқа аудартқызып, екеулеп былай деді:
«Скифтың боқшыбыны! Өлім тұзағында ызыңдағаныңмен қолыңнан
түк келмейді. Сені қабырғаға шегеледім, ал басқа скифтерді ұстап алып
істікке отырғызамын».
«Мақтаншақ!—деп айқайлады жоғарыдан скиф.— Сен сақтарға олар
мас болып, ұйықтап жатқанда ғана тиісе аласың. Біздің даламызға
тұмсығыңды сұғып, айқасып көрші бізге тиіскен Куруш, тағы
басқаларыңдай құйрығын бұтына қысқан ит сияқты, алды-артыңа қарамай
қашарсың. Дулығаңа қадаған қауырсындарың неге аз? Құйыршығың қайда?
Гавгемаладағы ұрыста, оны сенен біздің сақтар жұлып алған жоқ па еді.
«Маған найза беріңдерші,— деп айқайлады яван. Өзінің үнін өшірейін».
Салтаттылар найза ұсынды, осы кезде айқайлауын тоқтатпаған скифтың
басын көздеп ол найзасын лақтырды.
«Улала! Қылышыңды қара тасқа қайрап ал!»
Шегелеулі тұрған басқа скифтер мына айқайды естіп қосылып кетті:
Жігіттерді шақырыңдар, жол айрықта ұрыс бар!
Дайын ба аттар? Сұр жебе мен қылыштар?
Мүлт кеткен яван қатты ашуланды, лақтырған найзасы скифтың басы
жанындағы қақпаға ерен күшпен бойлай шаншылып, дəл тимегеніне
ұялғандай біразға дейін дірілдеп тұрды.
«Қандай мергенсің?— деп жындана айқайлады скиф.— Үш қадам
жерден тигізе алмадың! Сен құдайдың сүйген ұлы емес, шиебөрінің
саңғырығысың!»
Бірақ қолбасшының қасындағы серіктері найзаларын лақтыра бастады
да, біреуінікі аузына шаншылып, оның үні өшті. Жалғыз көзі ғана кірпігі
жабылғанша кекті жалын шашуын тоқтатқан жоқ.
Дарийдің ақыры
Явандар түнімен суыт жүрді. Мені жүрісі жайсыз атқа отырғызды.
Астыма көпшік салса да, аттың арықтығы сондай, қыр арқасы астыма
батып, айқайлап, наразылығымды білдірдім, сонан соң басқаларға ілесіп
тез жүре алатын бір қашырға мінгізді.
Ертеңгісін аз уақыт дем алды. Нəр татуға шамалары келмеген
салтаттылар, тақым жазысымен жерге құлап түсіп, сол бойда ұйықтап
кетті. Аттарды жемдеген соң, тағы да түске дейін жүрдік те, тұрғындардың
айтуына қарағанда өткен түнде парсы лагері тұрған кішкентай бір елді
мекенде ұзағырақ аялдадық. Əр жерде тастап кеткен ақсақ аттар көрінеді.
Жұмысқа жарайтындарын шаруалар таңдап алып, қалғандарын сойып,
терілерін сыпырып жатыр.
Бұл жерде явандар кешке дейін демалды. Қолбасшы сəйгүліктері жарау
бес жүз салтаттыны таңдап алды. Əр салтаттының артына бір-бірден жаяу
жауынгер мінгесті. Қос - қостан мінгескен бұл топ тез алға ұмтылып,
қалған қол мүмкіндігінше олардың соңына ілесуге тиіс болатын.
Кешкісін жазық шөлдің шетіне іліктік. Ақ күмістей жерде ұшырасқан
жусан бұталары, шашылған түйенің тұзды күл сияқты жұп-жұмсақ сортаң
топырақ, əр сүйегі міне, жол бойы кездескені осы ғана.
Салтаттылар сызданып үн шығармайды, кейде ғана бұл бекер қуғын деп
еріндерін жыбырлатып қана аздап күңкілдеседі.
Бірнеше жауынгер аттарынан сыпырылып түсіп, жол бойында жатып
қалды. Шаршағандықтан менің де басым салбырап қалғи бастағанда ту
сыртымда келе жатқан жауынгер найзасының өткір ұшымен иығымнан
түртті. Жас қол басы қажу дегенді ұмытып, бір нəрсені ғана, тездетіп алға
ұмтылуымызды талап етумен болды.
Алдымызда, иен далада шұбатыла созылған ұзын-сонар керуен көрінген
шақта аспандағы ай сұрланып, шығыс жақтағы аспан ақсүттене бастаған
еді. Керуенде бірнеше арба көрінді. Таңғы таза ауада үлкен доңғалақтардың
шиқылы мен айдаушылардың айқайлары анық естіледі.
Біздің лектің салтаттылары ұрысқа дайындалып шеп түзеді. Мінгескен
жаяу жауынгерлер секіріп түсіп, шашырай тізіліп алға ұмтылды. Кең
даламен ұрандай ағызған салтаттылар керуенге лап қойды.
Үрейі ұшқан парсылар дауыстап тым-тырақай қашты.
Қызыл сулығы желп-желп еткен явандардың жас қолбасшысы керуенді
бойлай шапты. Əлдекімді іздеп, ақыры сайдың ішіне түсіп кеткен арбаның
жанына келіп тоқтады.
Мен бұл арбаны танып жанына жеттім. Арбаның үстінде үйілген
терілердің арасында алтын жіппен əдіптелген қызыл киімді қанға бөккен
адам жатты.
Сырма қайыстары шатасқан, əбден зықылары шыққан айдаушылары,
қашып кеткен сегіз қашыр бастарын салбыратып жайбарақат тұр. Жаралы
адамның жаны шығуға таяу болса керек қорқырап жатыр. Алакеугімді
жарықта оның қан-сөлсіз, толық жүзі айқындала түседі. Кең ашылған көз
жанары ешкімді танымай ойсыз бақыраяды. Жиекке лақтыра салған балық
сияқты əлсін-əлі ауызын ашып, ауаны қармай жұтқысы келеді. Жібек
киімдері қара қошқыл қанмен былғанған.
Атынан секіріп түскен жас яван өліп бара жатқан адамның жүзіне
үңіліп, қолын көтеріп, саусақтарын қарады да:
— «Патшаның жүзігі жоқ. Кісі өлтіруші оңбағандар алып үлгеріпті. Бұл
Дарий патша болуға тиіс»,— деді.
«Иə, бұл Дариавауш, патша»,— деді əлдекімнің, дауысы.
— Патшалардың падишасынан бар қалғаны осы,— деп жалғастырды
сөзін яван.— Пышақ сұғылған өлексе ғана! Ажалды ұрыс даласында
жауынгерлерше қарсы алған жоқ, кеше ғана шаңға құлап, табаның жалаған
жақын адамдарының қолымен қойша бауыздалды. Өзінің тəуелділеріне
қайырым жасағандардың бəрінін. күтетіні осы! Мынау ұланғайыр тағы
далада бір əн тамамдалып, екіншісі басталды. Персияның патшасы енді
жоқ, бірақ Азияның патшасы Александр бар, құдайдың сүйген ұлы ол
патшаның жүзігін тағып, тəжік ұрлап киюге батылы барған адамды аяусыз
жазалайды»,
Яван өзінің қызыл сулығын сыпырды да Дариавауш патшаның бетіне
лақтырып жіберді. Сосын ол атына секіріп мініп, мені жанына шақырды да:
— «Шал бізге жолбасшы болмадың. Іздегенімізді өзіміз таптық. Сен екі
жол туралы да шындықты айтты, əрі бізді алдап қашып кетуге
талпынбадың. Саған қандай сый тартсам екен?»—деді.
Мен ұстазым үйреткен нақыл сөзбен:
«Аңсаған биікке, тілеген тілегіңе шаршасаң да, басыңды имей жету
үшін екі қолың мен бір тілім қара нан, бір ұрттам суық су болса жеткілікті
емес пе?— деп жауап бердім.
«Данышпанға лайық жауап,— деді яван.— Өмірімде екінші рет
осындай жауапты естіп тұрмын , мүмкін саған емес, жерлес көпестеріңе бір
тарту берермін?»
«Олар үшін сұрайтыным азғантай нəрсе, менің жерлес көпестерім үшін
патшалығыңызда ешқандай жолақысыз сауда жасауға рұқсат етсеңіз
болғаны».
Яван күліп жауынгерлеріне бұрылды:
«Бұл жақсы ырым. Жатжерлік Александрдың жұлдызы оңынан
туатынына менің достарымнан да сенімдірек. Тілегің орындалады.
Гефестион, мынаны қамқорлығыңа ал».
Осыны айтқан соң ол атының басын бұрып, қалған арбаларды аралап
қарай бастады. Қорғаушылары ізінен бір елі қалмайды, жауынгерлері
талан-таражға салған қымбат заттарға қол сұқпады, қолбасшы
патшалардың падишасының жорық кеңсесі жинаған документтер мен
бұйрықтарды оқу үшін, табылған барлық қолжазбаларды бір жерге
жинауды бұйырды.
Жасақ солтүстікке қарай қозғалды. Жақын елді мекенге келгенде мені
босатып, қолыма Персия патшылығының барлық жерінен еркін өтіп, ешкім
тиіспесін деген парсы əрпімен яван тілінде жазылған пергамент берді. Сол
жерден маған тарту еткен қашырыммен Соғ-диана, содан кейін
Маракандаға жеттім. Міне, басымнан кешкенім осы!...
Сақтардың қаһары
Оюлап жасалған есіктің тікбұрышты өрнегіне күлгін сəуле түсіп тұр.
Қонақтар ауыз тимеген «отыз екі қуаныш» салынған ыдыстар қапталына
отыз екі көлеңке түсіреді. Күңгірт бөлмедегі үшеуінің жүздері айқын
аңғарылмайды. Тек Будакеннің нарттай қызыл, жел қаққан бетінде күн
сəулесі ерекше суретпен тұрып қалған.
Цен Цзының əңгімесі кезінде Будакеннің алып иығы жайымен алға
емініп, самайы мен қасынын үстіне ирелеңдеген қан тамырлары ісініп
шыға келді. Ол алдындағы асқа қол тигізбей, бір рет қана тостаған
шарапты жайлап ішті. Сол қолына ұстаған иісті жапырақтың жіңішке
сабағы жуан қысқа саусағына көк жіп болып орала қалған.
Цен Цзы байсалдана хикаясын тамамдап, сəл алға еңкейіп үнсіз күткен
шақта, Будакеннің көзіне қан толып, киіміне тігілген моншақ жапқан
иығына төгілген ұзын бұрымын уыстап, ширатып орай берді.
— Содан кейін сақтарды көрген жоқсың ба?
— Жоқ, құрметтім.
Будакен ауыр күрсінді, ыдыстардың үстінде діріл қаққан алтын түсті
көбелек оның демінен сескеніп, басқа жаққа ұшып кетті.
— Сен алдыңғы лектің жас қолбасшысы туралы көп айттың. Ал
Аждархакат — əбжыланның ұлы Қосмүйізді хайуан туралы естіген жоқсың
ба? Барлық явандардың ең үлкен патшасы сол дейді ғой. Ол қайда жүр?
Қытайлық селдір сақалын сипап, төбесіне ақ домалақ таққан күлгін
қалпақты басын шайқады.
— Манадан бері Қосмүйіз туралы айтып отырмын, ал сен болсаң ол
қайда жүр деп сұрайсың? Болат дулыға киіп, барлық ажалды пенделер
сияқты біз берген қауынды жеген, адамға тəн қылықпен ұлыңа бұғау салып,
шегеленген саққа найза лақтырған, патшалардың падишасы Дариаваушты
қуып жеткен, қалаларды күлге айналдырып, бүтін бір халықтарды жер
бетінен құртып келе жатқан сол яван, біз айтып жүрген құдай мен
аждаһаның ұлы Қосмүйіз екен.
— Демек, менің ұлым Сколот Қосмүйіздің көз алдында соғысып, тек
ауыр жараланған соң ғана тұтқынға түскен екен ғой! Енді көңілім жай
тапты, ол сақтың атына дақ түсірген жоқ, кең даладағы достарымның
алдында жерге кіре ұялмаймын.
— Иə, бұл шынында да солай болған.
— Қосмүйіздің жеңісінің сыры неде? Олар да парсы əскерлеріндей
қаруланған. Сарбаздарының саны шамалы. Мүмкін құдайлардың
көмектесетіні рас шығар? Сен қалай ойлайсың, Спитамен? Егер Қосмүйіз
бізге, сақтарға шабуыл жасаса не болады?
Спитамен көзін сығырайтып отырған. Оның ойлары басқа алыс жақта
сияқтанып көрінді. Белдігінен пышағын суырып алып жүзінен қос қолдап
ұстаған ол:
— Менің ойымша Қосмүйізге құдайлардан гөрі, парсылардың қайрауды
ұмытқан найзаларының жүзінің мұқалуы, өздерінің орнына күміс
дариктерге сатып алған жалдама əскерлерді жіберуі көмектесті ғой деймін.
Мен мынау суық жүзді жалтылдаған алмаспен ант етейін, егер Қосмүйіз
біздің даламызға келсе, оны тірідей ұстап алып, Куруш патша сияқты
аңсаған қанына əбден қансың деп басын кесіп қан құйылған меске
батырамыз.
Спитамен қарлығыңқы дөрекі дауыспен сақтардың əнін бастады:
Көрсек егер жарық отты шалқыған,
Көз ұшынан қарауыл төбе басынан,
Жігіттерді ыза-кектен балқыған
Шақыр!
Жедел табылсын өз қасыңнан!
Ат ерттеліп,
Қайралды ма, қылыштар?
Садақтар серт керілді ме ұрысқа?
Əннің таныс сөздерін естіген Будакен күркірей қостады. Құтырынған
екі скиф бейне бір қанның иісін сезгендей əн салды. Үрейленген қытайлық
кейін шегінді.
Бұдан кейін сахаралық қонақтар тынышталып, көздерін жерден
көтермей қимылсыз ұзақ отырды. Будакен олай-бұлай ырғалақтап, орнынан
əзер көтерілді:
— Менің ұлыма жасаған қамқорлығың үшін сені немен разы ете
аламын? Жуас азбан ат, бұзаулы сиыр, етік тіге алатын құл, əлде басқа
нəрсе берейін бе? Аса құрметті жатжерлік, көңілің неге құлайды, жасырмай
айт?
Цен Цзы орнынан тұрып, иілді де ешнəрсе керек емес дегендей сақалын
сипады.
Будакен ырсылдап, қолпылдаған шалбарына қолын салып, ішінен
кескен жарты алмадай кішкене алтын тостағанды суырып алды.
— Мына кішкентай сыйымды қабыл ал, əрқашан осы ыдыспен таза су
ішкенде сені өз шатырында ен құрметті қонақ ретінде қабылдауға əзір
Будакенді есіңе алғайсың.
Жылтылдаған кішкентай тостағанды қабыл алған қытайлық оның
жиегінен тырнағымен шертіп, қиық көздерін қыса түсіп, тап-таза
сыңғырды тыңдап тұрды.
Екі қонақ та үй иесіне қолдарын созып, оның ашылған алақанын ұстап,
əдет бойынша он. аяқтарын тізесінен бүгіп, күркеден үнсіз ғана шығып
кетті.
Цен Цзы жіңішке саусақтарының бастарын түйістірген қолдарын
кеудесіне ұстап, скифтер дəлізге шыққанша есіктің алдында күтіп тұрды.
— Даналыққа,— деп күбірледі ол,— тек өзіңнің кемшілігің жайлы
ойлау, мүсəпірлерге көмекке қолыңды созу арқылы ғана жетуге болады.
Қой жазуымды жалғастырайын....
БЕСІНШІ ТАРАУ
ПЕРСИЯҒА ЫМЫРТ ТҮСКЕНДЕ
Қас батырлар қан майданда өрттей қаулап дүрілдер:
Қансыраса аттық жалын төсек етіп серт ұстар.
Ез адамдар ит өліммен дірілдер.
Ер атанбай жан сауғалап қыңсылар да көр құшар.
(Шахрух Мырза)
Артаксеркс
Мараканда қорғанының биік дуалындағы оқпанның тесігіне төселген
кілем үстінде енді «патшалардың падишасы Артаксеркс» атанған. əдемілеп
ширатылған қара сақалды, үкім жүргізуге қалыптасқан əміршінің асқақ
келбеті бар, сымбатты келген бұрынғы сатрап Бесс тұрды. Алтын гүлдер
мен тігілген күлгін қара көйлегі мүсінді тұлғасына толқындана еркін
төгіледі. Қанатты доңғалақ кейпінде құйылған үлкен алтын тоғасы бар
жалпақ былғары кісемен жуан қарнын қысып буған. Қапталына алтыннан
жіңішке өрнек салған көк сафьян қынды қысқа семсер ілген.
Бір қабағын жаба, екіншісін кере Бесс ағаштардың арасындағы
ашылған қақпа көрінген жаққа жоғарыдан кез алмай қараумен болды. Бір
топ жалшы қашырлар мен есектер керуенін түсірісіп жатты. Араларында
айыр өркешті ақ түйе тапжылмай тұр.
— Ана жаққа қара, Сатибарзан! Ұжмақтың алты ағынымен ант етейін
түйенін үстінде жас сұлу əйел отыр. Көрдің бе, шəлісін сыпырды. Əне, түйе
шегеріліп, шоқ жүзімді жұлған сияқты нəзік қызды ақырын түсірді. Бұл
қыз кім болды екен?
Бесс əңгімелесіп тұрған адам көңілсіз еді. Ол үстіне күдеріден тіккен
қысқа жауынгер киімін киген, қақпақ жауырынды. Жауырынының
кеңдігіне қоса жастайынан əскери ойындармен айналысып, найза серпіп
жаттыққан атлеттер сияқты иығы көтеріңкі еді.
— Бұл Күрешат шаһарының билеушісі князь Оксиарттың иелігінен
келгендер. Анау соның қызы емес пе? Патша қалыңдықтарының байқауына
қатынасу үшін саған арнайы келген сияқты.
— Алты ағынмен ант етейін, егер мынау жолы болмағыр маскүнем
Оксиарттың қызы болса да, патшалар падишасының үш жүз алпыс əйелінің
бірі болуға лайық екен! Сен оларға барып осыны анықтап білші?
— Ұлы мəртебелім, мені жіберіңізші,— деп жауап қатты Сатибарзан,—
мен жеңгелікке жүруге жаратылған жан емеспін, бұған уақытым да жоқ.
Кідіруге болмайды. Қосмүйіздің тылында көтеріліс жасағым келеді. Маған
мың атты əскер беріңіз, осы күшпен македондықтардың арбалы
керуендеріне тиісейін.
— Иə, иə, бұл өте маңызды, таяу күндері мұнымен өзім де
айналыспақпын. Саған бір емес, тіпті екі мың, салтатты бактралықтарды
беремін. Датаферн, сен бұрын-соңды Оксиарттың қызы туралы естіп пе
едің?
Ұрты салбыраған жуан шал майпаңдап басып, оның жанына келді.
Əрең дегенде иіліп сол аяғын кейін созып, оң аяғының бүгілген тізесін
иегіне жақындата, екі алақанының арасына бетін қойып, кілемге етпеттей
құлады. Сосын жүрелеп отырды да Бесске жауап қатты:
— Оксиарттың қызы күндей көрікті ғана емес, сонымен бірге кітаптағы
түрлі біліммен де сусындағанын, Оксиарттың Финикиядан ғалым грек құл
алдырып қызы Рокшанекке эллиндерше оқу мен жазуды үйреткенін, оның
мысыр арфасында ойнап, вавилиондықтардың қасиетті билерін де билей
білетінін естігенмін. Ғұлама абыздар оған байырғы Авеста кітаптарының
сырын ұғындырған. Мұндай қыз патшалар падишасының сарайындағы ең
əсем гүлдердің бірі болуға əбден лайық.
— Солай-ақ болсын! Нені күтіп тұрмыз! Қалыңдық көруді бастайық.
Мен баска істердің бəрін жинап қойып, үйлену тойын тезірек жасауға
дайынмын.
Женіл шу естілді. Патшалардың падишасы жалт қарады. Кең алаңда
түгелдей бастарын иген бірнеше адам əміршінің назары түскенше үн
шығаруға бата алмай жүрелеп отыр екен.
— Қандай өтініштерің бар?—деп сұрады Бесс.
Жүрелеп отырғандар салбыраған бастарын көтеріп,барлығы бірдей
жамырай сөйледі.
— О, күн сəулетті мəртебелім, сені құттықтау үшін алыстан келдім.
Арсыз македондықтар жерімді тартып алды, сосын есек мініп,
мүсəпірлерше киініп, сүйікті патшалардың, падишасына жанымды құрбан
етейін деп осында жеттім. Ата-бабаларым ұлы Персияның патшаларына
қалай қызмет етсе, мен де соған солай қызмет көрсетуге əзірмін.
— Тоқта,— деп оның сөзін белді Бесс.— Сенің адал сөзіңді естігеніме
қуаныштымын. Маған ел басқара алатын тəжірибелі адамдар, өте көп адам
қажет. Жоспарым зор. Құдай қолдаса елді қалпына келтіруге тиіспін.
Құдайлар біздерді ұмыта қоймас! Олар біртұтас, бөлінбеген, байырғы
Персияны жинап, қалпына келтіруге көмектесер деп ойлаймын.
— Сен ұлысың əрі кемеңгерсің, күн сияқты нұр шашасың!—деп
шуылдады бас игендер.— Бізді ұмыта көрме!
— Бара беріңдер, сендерді ұмытпаймын, қажет болсаңдар шақырамын.
— Біз қазір ашпыз. Ұлылардың ұлысы сен болмасаң бізді кім
тойдырады?
— Маған көптеген адамдарды тамақтандыруға тура келеді, жарайды,
тағы да төрт адам бəрін ішіп жеп қоймас.
Қабырғаның бұрышынан қолына жазу тақтасын ұстаран қуқыл жүзді
сириялық шықты. Бесстің жанына жеткенше оң тізесін бүгіп, үш рет
тоқтады, содан кейін екі тізесіне жүрелеп отырды да, мəртебелінің
бұйрығын күтті.
— Мына төртеуі патшаның асханасынан тамақтандырылсын деп жаз,—
деген Бесс сириялыққа бұрылды.— Ал сендер енді кете беріңдер!
— Біздерге ақыны кім төлейді?—деп жалбарынды сұрампаздар.
Бесс сұрақты естімеген кейіп танытып Датафериге бұрылды. Орнынан
тұрған сириялық артына қайырылмастан бүрісіп, алаңнан кетіп бара жатты.
Оның соңынан сүмірейген сұрампаздар ілесті.
— Маған қандай хабар əкелдің?
— Мəртебелім, скифтер келді.
— Есіттің бе, Сатибарзан. Ақыры скифтер де жетті - ау! Құдіреті күшті
жаратушымыз жар болсын! Біздің дұғамыз құлағына шалынған ғой.
Құдайлар да біздің отанымыздың аман қалуына тілектес. Скифтер қайда?
Өздері қанша? Бір, екі, бес мың?
Датаферннің қырынған жүзінде жымысқы күлкі пайда болды.
— Келген сақтардың князы — алтын ауыздық Будакен. Таудағы аю
сияқты өте гұұжбан адам, жанында бірнеше сақ сарбаздары бар.
— Олар неге соншама аз? Əлде əскері шаһардың сыртында қалды ма?
Келісім жасауға келген елші шығар? Не де болса сақтың князын Талиссия
бағындағы сəнді сарайға апарып, сый-құрмет көрсетіңдер. Ойларында не
барын айтқызғанша мас қылып, шарапты қанша қаласа сонша беріңдер.
Маған əуелі олардың жоспарын біліп алу қажет. Бүгін кешкілік жақын
кеңесшілерімді жинап, мəжіліс жасаймын, ал скифтерді бірнеше күннен
соң қабылдаймын. Жат жерлік елшілерді қақпаны қағысымен қабылдау
менің мəртебеме лайық емес. Сен, Сатибарзан скифтермен айналыс. Олар
біз үшін Қосмүйізден де қауіптірек. Солай емес пе?
Сатибарзан жайбарақат қарады:
— Мен саясатқа ұста емеспін, мен жауынгермін, жібер мені.
— Иə, иə, мен сені жіберемін, бірақ бүгін ешқайда кетпейсің.
Сондықтан менің айтқанымды істе. Ана скифтың аюына бар.
Сатибарзан бірнеше қадам шегінді де тізесін үш рет бүгіп, имене басып
аланнан шығып кетті. Жүрелеп отырған Датаферн шал не бұйырады деп
күтуде.
— Ал сен, Датаферн, патша қалыңдықтарының көрмесін тезірек
ұйымдастырудың қамына кіріс...
Патшаның қабылдауы
Будакен бірнеше күнің патшалардың падишасынын қабылдауын күтіп
шаһар сыртындағы өзі жайғасқан Талиссия сарайында өткізді.
Əртүрлі ас салған шара, шарап құйылған аузы тығындаулы үлкен
құмыра оған күн сайын жіберіліп тұрды. Барлық уақытта Будакенді қоршай
отырған парсы əкімдері, аңшылық, ат, əртүрлі дала андары, скифтердің
дəстүрлері жайлы тыңдап, ара-арасында скиф князьдарыньщ ойларын
білгілері келіп олар тірі жанды жалмап келе жатқан ұятсыз явандармен
соғысуға жеңімпаз сарбаздарын жіберуді ойлайды ма деп те сұрап қояды.
Будакен көп сөйлемей олардың əңгімелері мен сұрақтарын күдіктене
тыңдап, екіұшты жауап беріп отырды:
— Егер Қосмүйіз таудан бермен қарай құласа, онда сақтар əскері
қандай, алдымен соны байқайды. Содан соң барып қайсысы тиімді қиян
далаға шегінеміз бе, əлде Қосмүйізге тап беріп, сансыз тұлпарларымыздың
тұяғында таптаймыз ба, ойласып шешеміз.
Ақырында Будакенге патшаның қабылдайтын күні жайлы айтылды.
Алтын сылдырмақтар тағылып, қызыл сулық киіп шыққан оның жанына
мұздай қаруланған он скиф ерді.
Алдарында өрген жалдарына қызыл лента байлаған биік жар ay
сəйгүліктер бактралық салтаттылар шауып келе жатты. Қабыршақты қола
қалқан ұстап, оң қапталындағы тізелерін жапқан қорамсақтары мен
мүйізден жасалған садақтары салақтаған бактралықтар ат үстінде мысық
сияқты бүкжиіп отыр. Ұзын бұйра шаштары желп-желп етіп, қиқу салған
олар қамшыларын олай-бұлай сілтеп, жолдарында ұшырасқандары тымтырақай қуады.
Дарбазаның алдында күзетшілер мен дабырласқан ала-құла топ
үймелей қалыпты. Ұзын былғары түтіктер құрметті қонақтың келгендігін
жариялап қайта-қайта уілдеді.
Биік кеселікте ортасында садақ тартқан адам бар сұңқардың жайылған
қанаты бейнеленген парсы патшасының гербі түрлі түске еніп құбыла
желбірейді.
Қаракөлеңке тар жолдық бойына он иықтарына қорамсақтар асқан,
жерге шұбатылған ұзын киімді «ажалсыздар» патшаның жеке
қорғаушылары қаз-қатар тұра қалған. Корамсақтардан салбыраған жіңішке
қола шынжырлар сəл қимылдаса сыңғыр - сыңғыр етеді. Найзаларын
айқастырып ұстаған олар қорғанға кірем деушілердің жолдарын бөгеп,
сарайдың бас бақылаушысы берген мөрлі шағын пергаменттері бар
санаулы жандарды ғана ішке өткізеді.
Күзетшілердің талабы бойынша Будакен қару-жарағын кіре беріске
қалдырды. Тілмаш міндетін атқару үшін Спитамен Будакеннің ізіне ерді.
Сатибарзан мен екі «ажалсыз» алда келе жатыр, олардың соңындағы
төрт жалшы табақшаға салынған Будакеннің тартуларын шебер
бедерленген алтын қындағы скиф ақинағын, жолбарыстың азу тістерінен
тізілген аңшылықтың сəтті өтуіне көмектесетін қымбат алқаны, қоңыр
бұлғын терісінің бумасын көтеріп келеді.
Шаршы тақталар төселген кіре берістегі дəліз мүмкін болса өздерінін
патшаларын көріп қалсақ деп күткен соғды ақсүйектеріне толы. Бұдан
кейін жып-жылмағай бітеу қабырғалардың арасындағы тар жолмен өтуге
тура келеді. Одан соң алдарынан аласа емен есік шықты. Екі күзетші
найзаларын айқастыра қойды. Ұрттары салбыраған, мойнында алтын
шынжыр бар кəрі əтек рұқсат қағаз сұрады. Оның құлағына бірнеше сөзді
сыбыр еткен Сатибарзан пергамент орауын көрсетті. Есік ашылып, Будакен
биік кірпіш дуалдармен қоршалған шағын аулаға кірді. Жіңішке өрнектер
салынған сансыз ағаш бағаналар, астындағы адамдарды күн мен жауыннан
қорғайтын дөңгелек қалқаларды тіреп тұр. Аулаға түгелдей кілем төселіп
тасталған екен. Қақ төрде піл сүйегінен жасалып, алтынмен өрнектелген,
биік арқалығына қос қанатты алтын доңғалақ бекітілген тақ тұр.
Тақ үстінде аяқтарын сəкіге қойып, қауын сияқты домаланған алтын
тəж киіп, оқалы жібек киімге малынған Бесс отыр. Екі қапталында
«ажалсыздардың» айырықша белгісі бар бозбалалар. Тақ алдында жүрелеп
отырған парсы, соғды, бактралық атақты ақсүйектер.
Будакен бір сəтке тоқтап, жан-жағын көзімен мұқият шолып өтті де,
сосын тақта отырған Бесске беттеді.
Ұлы Персияға бағынышты адамдардың барлығы патшалардың,
падишасымен кездескенде жерге етпеттей құлап, қашан əмірші олармен
сөйлескенше бастарын көтермей жата беретінін Будакен жақсы білетін.
Бұлай етейін десе сақтар Персия патшасының боданымыз деп есептейтінін
көрсетер еді. Сондықтан сақтардың көсемі олай жасай алмайды. Ол алтын
таққа үш-төрт қадам жетпей тоқтап, енді не болатынын күтті. Көзі аласұра
ойнақшыған Бесс скиф князына тесіле қарады.
— Персияның ұлы əміршісі денің сау болып, ұзақ жылдар патшалық
құр!—деп гүрілдеді сабыр сақтаған Будакен.— Сақ рулары саған
бағынышты халықтармен достық пен бейбітшілікте өмір сүреміз деген
тілегімізді жеткіз деп мені осында жіберді.
Мына тəкаппар скиф князынан бұдан артық бас ұру күте алмайтынын
сезген, əзірге сəлемдемелер айтылған осы қошаметтің өзі жеткілікті деп
ойлаған Бесс дандайси жымиды. Сосын ол көкке табынудың белгісі ретінде
алақаны жоғары қараған қолдарын аспанға көтеріп, сөзді соза ерінін
жыбырлатып, абыздарға ұқсап дұға жасады.
— Сені көргеніме қуаныштымын батыр, айбынды князь Будакен! Көк
аспан мен жерді, тау мен теңіздерді жаратушылар өзі жар болсын саған!
Бесс Будакенге жіберген жансыздары арқылы оның есімін, руын, қай жерде
көшіп-қонатынын біліп алған болатын. Менің жаныма таман отыр, əуелі
халықтарымыздың тағдыры туралы ойласып, жүн-жұрқа, ұсақ-түйекті
кейін айтармыз.
Будакен тақтың жанына барып, кілемге малдас құрып отырды. Содан
кейін екеуі асқан ізеттілікпен денсаулықтары, дені-қарнының саулығы, ат
жарату, дауыл мен жаңбыр, желдің бағыты туралы əңгімелесті.
— Мен сенің күшті, жүйрік аттарды жақсы көретініңді білемін,— деді
Будакен,— сондықтан саған арнап атақты тұлпар Көкдауылдың тұқымы екі
айғырды алып келдім.
Бесс аттарды көргісі келіп, сол бойда алып келуге бұйырды. Содан соң
сақ далаларында арыстандар мен мүйізтұмсықтар бола ма, сақтар
көршілері тохарлармен тату ма, ол жаққа қыста қар көп түсе ме деп сұрады.
Кəрі Датаферн таққа жақындап, басы жерге жеткенше иілді де, жайлап
қана:
— О, ұлы мəртебелім, адал құлың Қүрешат шаһарының билеушісі князь
Оксиарттың алдыңа келуіне рұқсат ет,— деді.
— Оның мерзімінен бұрын оралғаны қалай?—деп таң қалды Бесс.—
Менің бұйрығымды орындауға кімнің кесірі тиді екен? Келе берсін.
Қейпінде қатты қапаланғандық бар ішке жүгіріп кірген князь Оксиарт
Бесстың алдындағы кілемнің үстіне етпеттей құлады. Ол жерде жатқан
күйі жасып өксіп жылады.
— Басыңа түскен қандай қиыншылық, князь Оксиарт? Сүйікті жарынан
айрылып, қайғы шеккен жесір əйелге ұқсама. Айт, кім сені ренжіткен. Бар
қаһарымды төгіп жазалаймын. Ұлың өліп, күндей сұлу қызың аурып қалған
жоқ па əйтеуір?
— О, мəртебелім, о нұр дидарлым! Үлкен саусағыңдағы жүзіктің өзіне
ғана барлық аспанның асты сияды. Сенің бұйрығыңды орындауға асығып
шекарадағы біздің қамалдарға жеткенше үш айғырды зорықтырдым...
— Үш арғымақты бекер зорықтырғансың,— деп Бесс оның сөзін бөлді.
— Аттар қазір соғысқа керек.
— Сонымен сақтардың даласына жеттім, бірақ жеңістеріңнің данқымен
мың жасағыр ием сенің үкімің бойынша келіссөз жүргізгім келген
сақтардың көсемі мені өкпелетті. Əлгі ит мені өзінің қонысына алдап
апарып, аямай сабап, содан соң түйенің кеңесі қаптаған шұңқырға салып
қойды. Сақтар бізді қашанғы қорлай береді! Қар басқан тау шатқалдарында
қансыраған қарақшы Қосмүйіз біздің жауымыз еместігіне көзім енді жетті.
Ендігі ажалымыз сақтардан. Сенен өтініп сұрайтыным сақтарға қарсы
əскер жасақта. Олар Афросиаб жайлы жыр айтып, қылыштарын қара тасқа
жануға шақыруда.
Бесс Оксиартқа да, Будакенге де таңдана қарады.
Қоршап тұрғандардың бəрі тым-тырыс. Басын көтеріп жан-жағына көз
салған Оксиарт Будакенді байқап қалды. Скиф князы жұдырығын түйіп,
алға қарай еңкейіп отыр. Aшyы қысып иегі сақылдайды. Қазір Оксиартқа
тап беретін тəрізді.
Тұтығып, жөткірінген Оксиарт күле бастады:
— Əрине, сақтардың барлығы бірдей бізге жау деп ойлауға болмайды.
Олардың арасында бізбен дос болғысы келетін ақылгөй князьдар да аз
емес. Барлықтары да алтын ауыздықты Будакеннің жасаған ерліктері мен
көреген ақылы туралы айтады. Оның мені құрметтеп, қарсы алғаны
соншалық, мен де оны өзіне ұқсап сыйлауға даярмын... Осы жерде
Будакенді көріп тұрған жоқпын ба? Оны соғдылардың мейманы ретінде
көру қандай қуаныш!
Көзінде кек жалыны жасырын ұшқындаған Будакен байсалдана сөйледі:
— Біздер, сақтар азаттығымыз да үнемі қылыштарымыздың қара тасқа
жанылуы мен қорамсақтарының қан ақсаған сұр жебелерге толы болуында.
Біздің берік қорғанымыз жоқ, күшіміз де жансала соғысуды жақсы
көретіндігімізде. Біз соғдылармен де, Қосмүйіз қарақшымен де,
даламыздың шетіне кімдер келсе солардың барлығымен бірдей, қатар
соғыса аламыз.
Бесс екі князьдың арасында өзіне түсініксіз араздық бар екендігін
аңғарды. Оның беделді Оксиартпен де кетіскісі келмейді, сонымен қатар
қазір ете қажетті сақтардың көмегінен де айырылып қалмауы керек. Осыны
ойлап князьдардың өзара дауын кілт үзді.
— Құрметті Оксиарт князь! Сақтардың қылыштарын кімдерге қарсы
қайрап жатқанын аңғармағансын ғой. Əрине, бізге қарсы емес. Неше
мүшелді жылдар бойы сақтармен бейбіт көрші болып келеміз. Егер
Қосмүйіз қарақшы біздің өлкемізге келіп, тəтті шараптарымыздың дəмін
татпақ болса, алдымен алмас семсеріміздің қылпыған жүзін көреді, осы
кезде сақтардың көмек көрсететініне сенемін... Бізге неге шарап əкелмейді?
Құрметті қонағымыз үшін ішейік те.
Сары түсті шалбар киген, қолына табақша ұстаған балалар дереу кіріп
келді. Олар қола шөлмектерге құйылған мөлдір шарап əкеліп, өрнектері
нəзік қымбат ыдыстарды қолдан қолға тарата бастады.
Шарап сапырушы алдымен алақанына құйып, бір ұрттады да, сосын
барып, шөлмекті Бесске ұсынды. Ол қошеметтей сөйлеп, əлгі шөлмекті
Будакен жаққа берді. Сосын Бесс үйреншікті дағдысынша басқа шөлмекті
басына көтеріп бірден - ақ босатты.
Қылмысты сөздер
— Енді осында жиналғандардың барлықтары да естігісі келіп отырған
жұмыс жайлы əңгімелесейік,— деген Бесс жүзік салған саусағымен ымдап
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қарауыл Төбедегі Оттар - 12
  • Parts
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 01
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2503
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 02
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2397
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2388
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 04
    Total number of words is 3904
    Total number of unique words is 2350
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 05
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2564
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 06
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2284
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 07
    Total number of words is 3949
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 08
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2204
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 09
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2433
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 10
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2314
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 11
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2364
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 12
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2353
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 13
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2338
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 14
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2429
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 15
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2338
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 16
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2281
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 17
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2412
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2363
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 19
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2288
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 20
    Total number of words is 735
    Total number of unique words is 605
    39.6 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.