Latin Common Turkic

Қарауыл Төбедегі Оттар - 04

Total number of words is 3904
Total number of unique words is 2350
30.9 of words are in the 2000 most common words
44.5 of words are in the 5000 most common words
52.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жоғары қарай шапшыды да, ауада айналып барып кері қарай шапты.
Спитамен тағы да бірнеше қадам аттап, табынға қарай жақындады. Баран
айғыр кілт тоқтап, кең танауымен ауаны сораптай тартты да Спитаменге
тарпа бас салды. Спитамен қолын сермегенде айғыр мен оның арасында үш
қадам ғана қалған еді. Қайыс арқан ауада жалт етіп айғырдың жылтыраған
мойнына тұзақтала ілінген сəтте аңшы бұғалықты кере тартып қапталдай
секіріп кетті. Тағы да жоғары шапшыған айғыр шыр айналып барып, өжет
жауына қайтадан ұмтылды. Ол сауырынан белбеумен жосқылаған адамды
алдыңғы аяқтарымен тарпып, тістеп, құлатпақ болды. Спитамен аласұрған
айғырдың басына тері қапты кигізе қойды, қас-қағым сəттен кейін скифтер
тақымын қысып, жалынан ұстап асаудың арқасына қонжиған аңшыны
кəрді.
Көкдауыл басымен алысты, жер тарпып, секіріп, тепсініп, арқасына
жабысқан шабандозды лақтырып тастамақ болды, ақыр соңында артына
көк - шулан қалдырып жазық даламен жанталаса шапты.
— Улала!—деп айқайлады Спитамен.
— Улала!—деп ұрандады скифтер.— Онымен қанымыз бір. Ол біздің
бауырымыз! Ешбір сарттың біздің, арда өскен асауларымызға мінуге
батылы жетпес еді!..
Будакеннің көңілі толды. Ең жақсы үйір басы аттарының бірі кедей
аңшының тақымында кеткенімен қонақтары керемет көрініске куə болып
таң қалысты. Енді олар өз жайлауларына тарайды, Будакеннің жомарттығы
жайлы бүкіл дала біледі, бір қабылан күшігінің төлеуі болған баран айғыр
туралы айтысып, əр ошақты басында, скиф даласындағы тоғыз жолдың
торабында Будакеннің есімі сан рет қайталанатын болады.
Қашқын қыз Томирис
Қаумаласқан қалың скиф лепіре кəукілдесіп өздерін-өздері ұмытып
тұрғанда қоныс пен төбенің жанынан онсыз да аласұра арындап, басына
жамылған қаптан түк көрмей, беталды шапқан асауды белбеуімен аямай
осқылап Спитамен жұлдыздай ағып бара жатты. Қоныстан ұзап ел қарасы
көрінбей, құмдауытты шоқылар бұлдырап артта қалған кезде барып аңшы
айғырдың басындағы қапты сыпырды, бірақ бұрынғысынша қола тоғалы
белбеуімен қамшылауын тоқтатқан жоқ.
Айғырдың дамылдауына мұрша бермей, əр жерде итсигектің сирек
бұталары селтиген құм шоқылардың, ара - арасымен шауып, асау тұлпарды
əбден ақ көбік етті де, Спитамен қойнынан ауыздығы бар жүгенді алып,
оны арыны басылған Көкдауылдың əдемі басына кигізді. Ат ешқандай
қарсылық көрсеткен жоқ, мойын бұрып үстіндегі адамды тізесінен тістеуге
де тырыспады.
Кенет алдыңғы жағынан айқайлаған дауысты естіген Спитамен
шоқылардың арасынан қарасұр түйенің алып денесін көрді. Өркешінің
арасында əлгінде Будакеннің қонысында күрмеуді шешкен алқызыл
көйлекті қыз отыр.
Бірақ қазір түйенің соңынан қоңыр киімді, басына төбесі үшкір
далбағай киген атты адам қуып келеді. Ниеті қызды түйеден аударып, ұстап
алу.
Жармасқан жауын жанталаса сабалаған қыз жан ұшыра шыңғырады:
— Дала, жасыршы мені! Қорғашы мені, дала! Ізіме түскен сұм ажал
кезімді шұқымақ...
Спитамен салтаттыға ту сыртынан тақалды. Шабыс кезінде ол
алдындағы əбзелденген аттың жылтылдаған тұяқтарын, оның үстіндегі
скифтің кең, қоңырқай жауырынын, балағы тобығынан жиырылып
белбеуленген ала шалбарын көрді. Скиф қыздың киіміне жармасады, ал ол
болса жауының қолын ұрмақ болып ұзын түйреуішті жан ұшыра сермейді.
— Енді менен құтыла алмассың, бейбақ!—деп қарлыға айқайлайды
қуғыншы.— Түбіңе жетемін!..
Сол кезде Спитаменнің қайыс арқаны тағы да ауада сермеліп, ұшып
барып скифтің мойнына тұзақтала ілінді де, қолдарын ербеңдеткен оның
ауыр денесі құмның үстіне топ етті. Спитаменнің баран атының артында
сүйретілген от тұншығып, есінен танды. Қайысты кесіп жіберген соң
жатқан орнында тапжылмай қала берген скифті тастай сала Спитамен
түйенің соңынан ұмтылды. Əбзелді жайдақ ат шетке қарай құйғыта шауып,
құм төбелердің арасында қараңдап барып көзден ғайып болды.
— Улала!— деп айқай салды Спитамен өзінің дос екенін білдіре.— Қай
рудансың, бикеш!
— Машуджи! —деп жауап қатты қашқын қыз.
Ол артына жалт қарады. Басына тартқан алқызыл орамалдың астынан
түзу қасты қара көздері көрінеді.
Спитамен Оксиан теңізінің солтүстігіндегі далаларда басқаларға
ұқсамайтын топ құрып, көшіп жүретін ерекше əйелдер тайпаларының
ұраны «Машуджи» екенін білетін. Қатал тəртіпке бағынатын оларды көрші
тайпалар аса құрметтейтін. Көшпенділердің дəстүрі бойынша əлгінде ғана
атынан аударылған скифтің бұл тайпаның əйеліне жасаған шабуылы
қылмыс болып есептелінетін.
Баран ат желіп бара жатқан түйені қуып жетіп, енді қатарласа шапты.
— Əлгі мені өлтіргісі келді. Ол князь Гелонның жалшысы. Бірақ сен
маған тиіспейсің ғой, ə? Қашуыма көмектес. Мен азат туғанмын, өз
шатырыма жеткім келеді,— деп қола түйреуіштің өткір ұшы көрінген
қолын көтерген Томирис аңшыға қиғаштай көз тастады.
— Афросиабтық тас бəдізі тұрған маңайда, жолдар түйісетін ащы
құдықтардың басында Спитаменнің шатыры тұр. Онда менің анам бар, ол
кісі саған қамқор бола алады,— деді аңшы.
— Бірақ сен маған азаттық бересің ғой?—деп айқайлады қыз.— Əлде
шынжырлап күндікте ұстайсың ба?
Ышқынған жел екеуінің сөзін естіртпеді. Жеп-жеңіл баран ат пен
ырсылдаған ауыр түйе мінген екеуі қатарласып бара жатты.
Спитамен дауыстап сөйледі:
— Спитамен кедей, бірақ азат адам! Бар болғаны он қойым ғана бар.
Бірақ княздарға басын имейді, бұғаудағыларға дос. Менің лашығымнан
күлше мен ірімшік табасың. Шатырымның есігі əрқашан ашық. Егер өз
еркіңмен кеткің келсе, ешкім сені ұстамайды.
Бір сəтке ойланып қалған қыз:
— Менің азаттығым туралы айтқан сөзіңде шындық бар ма, əлде осы
сөздің олжасын парша-парша етпек болған аяр жолбарыстың ырылы ма?
Руыңның ұранын өзің айттың ғой, дегенмен мен сені сынағым келеді. Ащы
құдыққа барып Спитаменнің шатырын іздеймін.
Аңшы қолын созды:
— Бағытың оңтүстік, дұрыс бара жатырсың. Ұзамай үстіне сүйек пен
отын үйілген мұнараны көресің. Одан əрі қарай кең жолға түс, алдыңнан
Афросиабтың бəдізі мен менің шатырым көрінеді.
Спитамен баран аттың басын бұрып, қарқынын бəсеңдетпестен
Будакеннің қонысына қарай емес, Яксарттың жағасын қуалай өскен жас
теректерді жағалай шығыс жаққа кетіп бара жатты. Иір-иір сексеуіл
томарлары өскен төбелер де кейінде қалды. Кейде аяқ астынан құрлар пыр
етіп, қояндар ытып шығады, бірақ көз алдынан ортасы көк жолақпен
қосылған қара қас кетпей, еріні күбірлей берді:
— Он алты бұрымды өру үшін көтерілген алтындай қолдарыңа күннің
алқызыл нұры төгілгенде мен өзіме - өзім: «Көктен көтеріп алар тан
шолпаным өзіңсің!»—дедім. Бірақ иығыма отырып аңдыған ажал бар,
көрер күнім жол ортасынан ауып барады...
Яксарттың жағасында
Ағысы қатты Яксартты жағалай өскен теректер мен талдардың
жапырақтары лай суларға малынып тұр. Өзен жағаны шайып жатыр, судың
бетіне төнген кейбір ағаштар тамырларына ғана ілініп қалған иірімді ағын
жапырақтар мен бұтақтарды, кейде іліп алған томарларды да шыр
айналдырып, ағызып ала жөнелді.
Өзен иіліп өтетін қамыс пен қау шөп өскен көкпеңбек жайылымда екі
жүз қаралы жылқы шашырай жайылып жүр. Арқандалғандары қазықтарын
айналып, шідерленгендері бір жерден екінші жерге секіріп оттайды.
Жылқылардың көбісі ұсақ, арық. Арқаларына киіз тоқым, күнге күйген
кенеп жабылған. Араларында күміспен күптелген əбзел - тұрманды, қызыл
- ала тоқым жапқан сəнді арғымақтар көзге ілінбейді.
Төбенің тасасынан көрінген Спитаменнің астындағы баран айғыр
жылқыларды керіп кісінеп қоя бергенде, теректің түбінде отырған шошақ
бөрікті бірнеше скиф алдынан жүгіріп шықты.
— Шеппе - Тэмен, сен бізбен біргесің бе? Мал-жаның аман ба, Шеппе Тэмен— дескен қарлығыңқы дауысты, қара көздері жайнаған, ұзын
шаштары иықтарына түскен сақтар ақ көбік болып терлеген аттың
шылбырына жармасып терекке байлап жатты,— Мұндай тұлпар сыйлаған
соң Будакенге сатылып кетті деп сені əңгімелеп жатыр едік!
Спитамен құлаған теректің жуан түбіріне шықты. Алдында жағалаудың
беткейінде бір -бірлеріне иықтасып əр қилы киінген көшпенділер отырды.
Кейбіреулері толарсақ тұсынан орап байланған кең ала шалбар киген.
Басқалары шалбарының балақтарын тізелерінен асырып түріп алған, арғы
жағадан жүзіп келген олардың, киімдері малмандай су.
Спитамен сөйлеп кетті:
— Будакен мені сатып ала алған жоқ. Кек дауылын еңбек сіңіріп алдым.
Будакен тəубасын ұмытқан, князьдармен ауыз жаласып, қызын князьға
береді. Ол қойларының да есебінен жаңылған. Бірақ жорықтарға біздерді
ерітпей, жалғыз аттанып па еді? Жауға жалғыз шапқан жоқ, оны сан ұрыста
құтқарған, жолына басымызды тіккен біздер емес пе едік?
— Дұрыс, дұрыс! Оны кім білмейді,— деген дауыстар естілді.
— Оның малы неге көбеюде,— деп сөзін жалғастырды Спитамен.—
Себебі оның барлығы біздің қолымыздан сусып шыққан ырыс. Байлығын
қанша жалшы қорып, бағып, көбейтіп жүр. Егер ол біреумізге сауынға бір
сиыр берсе, келесі жылы бұзауымен екеу етіп қайтармаймыз ба?
— Енді не істейміз? Будакен күшті əрі бай, сондықтан да барлық
князьдар соның жағында!
— Əрбір жалшының азат жəне қожасынан кетуіне ерікті екендігін,
жиырма бір сарбаз бас қосып, ұранын айқайлап, өз алдына ру құруға
хақысы бар деген аталар дəстүрін ұмыттыңдар ма?
— Біздер, жаңа руды қалай құрамыз?—деді теке сақалы қудай, терісі
сүйегіне жабысқан арық қарт.— Балаларымызды сүтпен, ірімшікпен
асырайтын малымыз жоқ. Жүнінен əйелдеріміз киім тоқитын қойларымыз
қайда? Будакен мен князьдар жетпегенімізді жалғастырып, мырзалықпен
қол ұшын беріп жүр ғой...
— Жағың қарыссын, сағал теке! Будакенді мақтағаның жетер!—деп
айқайлаған дауыстар естілді.— Сені жансыз етіп Будакен жіберген шығар?
Əлде одан құтылу үшін өзің келдің бе? Біздерге не істеу керегін Шеппе —
Тэмен айтсын.
Спитамен Будакеннің жансызы деп айыпталған саққа қарады:
— Сені алғаш көрсем де жағдайыңды түсініп тұрмын. Шатырыңдағы
сары қарын балалардың кептігі сондай күн сайын төсегіңнен қайтсем
соларды асыраймын деген ойдан қалтырап тұрасың. Бірақ өмір бойы бір
шетін Будакен табанымен басқан мойнындағы бұғалықтан құтылмайсың.
Егер сен осылай қалтырай берсең сенің балаларың, үрім бұтағың да
Будакеннің ұрпақтарының құлы болады. Барлық жалшылары Будакеннен
кетіп қалса, оның бар байлығы далаға ауа жайылып кетпей ме?
Бақташыларсыз жалғыз өзі осыншама малға ие бола алмас!
— Дұрыс, жөн сөз, Шеппе!
— Жақа өмір құру үшін алыстағы йен далаға көшіп барып өздеріміздің
ешкімге тəуелсіз азат шаңырақтарымызды көтеруіміз керек. Алғашқыда
қиын болар, бірақ жаңа туған əрбір қозы өздеріңдікі болады, оны Будакенге
апарып бермейсіңдер. Əрбір құлынды өздерің бағып өсіріп, тай болғанда
оған балаларыңды мінгізесіңдер.
— Бəрекелде, солай болсын!
Егер жиырма бір шатыр тігіп қиырға кетсек, өз құдығымызды қазып;
ұранымызды шақырып, бір байрақтың астына жиналамыз. Жиырма бір
сарбаз бірігіп жау, жат руларға шапсақ, қотанымызды малға бірден
толтырып, қыстан қысылмай шығамыз.
Скифтер жаңа руға бірігіп, шаңырақ көтергілері келетіндерді қайтақайта санады. Ұзақ қауқылдасып, біресе келісіп, біресе келіспей ақыры
жетпіс сегіз шаңырақты түгендеді.
Будакеннің шатыры
Іңір қараңғысы даланы көгілдір торымен шырмай бастаған кезде басы
салбыраған баран ат мінген жолаушы Будакен ауылының іргесіне тақалды.
Қарауытқан шатырлардың жабдықтарының саңлауларынан іште жанған
оттың сəулелері жылтылдайды. Шеткі шатырлардың жанындағы жиі
орналасқан ошақтардан будақтаған түтін қызылы семе бастаған кешкі
жалқынның астында Папай құдайдың сақалындай желпілдейді.
Үлкен он төрт қола қазандарда кейбіреулері əдейі шақырылған,
кейбіреулері іргелес көрші қоныстардан тамақ андып келген қонақтарға
арналған жылқы, сиыр, қой-ешкі еттері қайнап жатыр.
Қазандар əрқайсысы жеті-жетіден екі қатар етіп қазылған жерошақтарға
орнатылған. Астында құрғақ тезек пен отын лаулап жануда. Жалынның
шарпуымен жүздері қызарған əйелдер қолдарындағы ағаш ожауларымен
шатырлардың жанына төселген кілемдер мен қамыс қомдардың үстінде
отырған қонақтарға ас қатынатып жүрген қызметшілердің қолдарындағы
ағаш табақтар мен қыш тегенелерге піскен еттерді қотарып, ошақ басында
күйбеңдеп жүр.
Спитамен үлкен ала шатырдың жанына жеткенде, босағада тұрған екі
скиф жүгіріп келіп Будакеннің оны қайта-қайта сұрағанын, шақырып
жатқанын айтты. Олар айқайлап шақырған, кəріліктен екі бүктетілген шал
аттың шылбырын алып, сауырын, алқымын, мойнын қолымен сипап:
— Əбден меңдеткен екенсің? Бұрынғы қоңыңа келтіру
Көкдауылды кем дегенде екі ай сұлымен əсемдеу керек,— деді.
үшін
Іле-шала:
— Семіз болсын дейтін бұл қой ма? Арғымақ бұғыдай жеңіл болуға
тиіс,— деді Спитамен.
Скифтер Спитаменді Будакеннің кең шатырына кіргізді. Дөңгелене
құрылған шатырдың тал шыбықтарынан əдемілеп иіп жасаған керегелері
мен уықтары гүлді, жұлдызды өрнектермен əдіптелген ақ киізбен
жабылған. Кішкентай ошақтағы бықсыған майлы түбірден шыққан түтін
шаңырақтың тор көзінен сыртқа шығып жатыр. Жалшы қуарған теріскенді
отқа тастағанда лап еткен жалын жерошақты қаумалай жайғасқан атақты
скиф -тердің тотыққан жүздеріне сəуле шашады.
Қонақтардың арасында інжу тастар таққан қызыл қалбағайлы, ала жібек
шапанды кəрі, бүкірейген шал князь Тамир көзге ерекше түседі. Оның
жанында жап-жас Гелон, əріректе Ариасп, тағы да басқа елбегілер.
Сол жақ босағаға бітеу сойылған сиыр терілерінен иленген, қымыз толы
екі саба ілінген. Сабаның буылған еңезді мойындарынан сорайып шыққан
піспектерді көздерінің орнында үңірейген екі қызыл жара ғана қылған,
аяқтары кісендеулі екі құл бұлғап, скифтердің сүйкімді сусындарын
дамылсыз араластыруда.
Сабаның жанында үлкен ағаш шара, шараның қасындағы ақ қыштан
жасаған тостағандар ересек адаммен қатар тұрған кішкентай балалар
сияқты. Əңгімелерімен Будакеннің көңілін көтеретін, тізерлеп отырған қаба
сақал Хош оюланған ожаумен шара толы қымызды тынбай сапыруда. Содан
соң Будакеннің нұсқауын естіген Хош қымыз сапыруын тоқтатты да сұр
шапанының етегімен кіші тостағандарды сүртіп қымыз құя бастады.
Əрқайсысына бес ожау қымыз сиятын қыш тостағандар алтау еді.
Солардың барлықтары толтырылған соң босаға жақта тұрған екі шабарман
малай қонақтардың жасы мен беделіне қарай қымызды тарата бастады
Қонақтар тостағандардағы қымызды сарқа ішті. Сіміруді жеңілдету
үшін арасында демалып, бірнеше бөліп, қымыздың көбігін үрлеген кезде
əңгімелесіп алады. Босаған тостағандарды дереу қайтарып алған
қызметшілер қайтадан қымызға толтырып, басқа беделсіздеу қонақтарға
ұсынады, олар қалбалақтап белдіктеріне байлаған өздерінің былғары
қоржындарынан жорық тостағандарын алып ұсынған қымызды ауыстырып
құяды.
Скифтердің салтын жақсы білетін Спитамен беделді отағасы қашан
назар аударғанша босағада тапжылмай тұрды. Барлығын жіті байқап, Хош
пен малайларға ыммен нұсқау беріп отырған Будакен Спитаменнің кіргенін
бірден аңғарды. Атақты адамдар отырғанда белгісіз кедей аңшыға көңіл
бөлмеуге тиіс екенін жақсы білетін ол, өзінің маңғаздығын сақтады, князь
Тамир шал ғана кең иегін кемсеңдетіп: «бүгін баран түсті Көкдауылды бас
білдірген батыр жігіт осы емес пе?»— дегенде барып Будакен жүзін
жылытып, Хошқа анаған да қымыз құй деп ымдады да, тапжылмай тұрған
аңшыға:
— Бері жақында, құдайы қонақ, оттың басына отыр!— деді.
Бірақ кілем үстінде сығылысып атақты рулардан келген ірілі-ұсақты
қонақтар отырғандықтан төрге шығу мүмкін емес еді. Дегенмен мұның
кедей қаңғыбасқа дейін мейірімін төгіп, меймандостың көрсетуі ертеңгі
күні-ақ ауыздан-ауызға көшіп, əсіреленіп, қосылып бүкіл далаға тарап
кетпей ме?
— Қай рудан екендігіңді, қандай князьдың жалшысы болғаныңды айта
отыр,— деді Гелон кекесінмен.
— Асауға бұғалықты шебер тастауды, атқа секіріп мінуді қайдан
үйренгеніңді де ұмытпа?—деп қоштады оны тізерлесіп отырған, алыстағы
шығыс өлкелерден келген қыли көз князь Ариасп.
Скифтердің салты бойынша бəйгеде, күресте, тағы басқа бəсекелерде
атты, бағалы жүлделерді жеңіп алған кедей олжасын өзіне қалдырмай
бұрыннан борышы бар əйтпесе, үміт артқан атақты бір көсемге сыралғыға
беpiп, кейіннен одан сарқыт алатын. Сондықтан барлығы да мына тұрған
басында шошақ төбе тымағы да жоқ, құрақ етікті кедей аңшы Будакеннен
ұтып алған атты бір көсемге сыйға тартып бауырына кіріп, батасын алып,
мейіріміне бөленеді деп топшылаған.
Қолына қымыз толы тостаған ұстаған қызметші Спитамен алға шығып,
қонақтардың арасынан сығылысып орын тауып кілемге отырады деп
ойлаған еді. Бір ғажабы босағадағы орнынан тапжылмады. Оны көзімен ата
қараған Будакен қызметшіге ым қақты. Анау қымызды Спитаменге апарып
берді.
Тостағанды қос қолдап алған аңшы сыздықтап сөйледі.
— Біздердің ағзамызда аққан қанымыз бір. Руымыз жеңілу дегенді
білмесін, жұттан əрқашан аман болсын!— Сосын ол қымыздан бірнеше
жұтты да, тамсанып:— Бу-дакеннің билері сүтті, сəйгүліктері желден
жүйрік, ертеден шапса кешке озған бір арғымағын Будакен кедей ащпыға
қабыланның күшігі үшін де бере салады,— деді.
Будакен отырған орнынан бұрылып, Спитаменнің міз бақпаған жүзіне
қадала қарады. Қиық қой көздері оттың жалынына шағылысып, ұшқын
шашады.
— Маған ат, садақ, найза мен қылыш керек,— деді Спитамен.— Мұның
барлығын саған айтатын кереметтей қуаныш əрі қайғы алып келетін
маңызды хабарым үшін бересің...
Жүзіндегі жайбарақаттығы мен мейірмандылығын жоғалтпаған Будакен
иығын қайқаң еткізіп күмəндана күлді де:
— Мені қуанта қоятындай қандай хабарың бар? Айт, сүйіншіңді
аласың?— деді.
Кəрі князь Тамир басын кекшең еткізді.
— Үйіне бір рет қуанышты хабар əкелген адамға да отағасы келесі
жолы кездескенде: «Мал-жаның аман ба? Төрлет!» дейді.
— Дұрыс,— деп жауап қатты Спитамен.— Бірақ ақсақалдар тағы да:
«Жаман хабар əкелген адамнан мың қадам қашық жүр!»—демей ме?
Отағасының құлағына бір-екі ауыз сөзді сыбырлағаным үшін қонақтар
өкпелей қоймас. Сосын Спитамен отырғандардың арасынан жол тауып
барып, салбыраған бөгежініне ауыр алтын сырға ілген Будакеннің құлағына
еңкейіп бір-екі ауыз сөз айтты.
Өзінің қайғысы мен қуанышын əрқашан жұрт кезінен жасыра алатын
Будакен бұл жолы өзін-өзі ұстай алмады. Күректей алақандарымен бетін
жауып өксіп, отырған орнында теңселе берді.
Əншейінде салмақты скиф рубасысының мына түріне бəрі де таңдана
қарап, үнсіз отырды, тек Спитамен ғана кейін шегініп босағаға қайтып
барып, қолдарын белбеуіне іліп, шіреніп бұрынғысынша тапжылмастан
қатты да қалды.
Будакен орнынан ырғала көтеріліп, нық басып шатырдан шықты.
Будакеннің есік алдында ауыр күрсініп тұрғанын естіген жұртта үн жоқ.
Оның күрсінісі түйенің ыңырануына ұқсас еді. Содан кейін шатырға кірді
де міз бақпайтын қашанғы қалпынша өзінің орнына келіп отырды да,
күдікті сыңаймен Спитаменге қадалды:
— Саған ат пен садақ, қылыш пен найза не үшін керек? Кіммен
соғыспақсың?
— Қосмүйізбен соғыспақпын!
— Мына жалбыр тонды аңшы — қандай соғыс туралы айтып тұр?—
деді шыдамсыз князь Гелон.— Қосмүйізді тур аулау үшін қылыштың керегі
қанша?
Сонда Спитамен қолымен оңтүстікті сілтеді:
— Ана жаққа, далаға қараңдаршы. Той тойлаған сендер қарауыл
төбелердің бастарында жылтылдаған жұмбақ оттарды байқамайсыңдар.
Беймаза оттар
Таза ауа кірсін деп шатырлардың етегі түрілді. Барлықтары да жеңіл тал
керегелердің аржағындағы түннің тұңғиық қараңғысында алыста
жылтылдаған бірнеше қызыл нүктені көрді. Даланың түкпірінен Соғдының
бірінші бекінісіне дейін үздіксіз тіркесе созылған мұнараларында түгелдей
оттар жанған. Бүл жерден соғдылардың, парсылардың тағы басқа да
тайпалардың бірде-бір жасақтарының өтуі елеусіз қалмайтын. Күндіз-түні
мұнараларында қас қақпай тұрған күзетші скифтер жау шапқанда биік
сырықтың ұшындағы бұрап өрілген қауды жағып белгі беретін. Мұндайда
бірнеше сағаттың ішінде айналасы жүздеген шақырымға созылған байтақ
дала ез жасақтарын алдын-ала келіскен жерге жинап, мал-жандарын, жерін
қорғауға дайын тұратын.
Алаулаған оттарды көрген барлық князьдар орындарынан ұшып
түрекелісіп, шатырдан жүгіріп шықты. Осы беймезгіл белгілерді əркім
өзінше түсіндіріп жатты.
— Массагеттердің шапқыны ма? Бірақ олармен достық туралы өзара
келісім жасап едік қой. Мүмкін осыдан бір жыл бұрын патшалардың
патшасы Дарийдың талабы бойынша жіберген сарбаздарымыз қайтып келе
жатқан шығар? Əлде сарттар соғыс жариялады ма? Бірақ олар соғыстан
гөрі сауданы жақсы көреді ғой...
Будакен төбенің басына шартты отты жағыңдар деп əмір етті. Сосын
жиырма скиф сарбазына аттарын ерттеп, қаруларын сайлап, шамамен үш
күнге жететін арпа алып жолға дайындалуды бұйырды.
Түйенің қуарған сүйектері мен томардан үйілген мұнараның басына
шыққан жалшылар басына ораған сырықты жоғары көтерді. Екі жылдан
бері далада тыныштық орнап, ешқандай белгі берілмей, жел құлатқан
сырықтың қажеті болмай жататын. Қалаққа көмір шоғын салып əкелген
скиф қауды лап еткізіп жақты. Сырықтың басын жалай лаулай жанған алау
топ-топ болып дүрлігіп тұрған скифтердің жүздерін сəулелендірді.
Бір сағаттан соң таудағы күзет орындарынан жаушыларды да күтуге
болады. Олар Будакеннен тапсырма алады, тіпті далаға қандай қауіп төніп
келе жатқандығы жайлы хабар да əкелетін шығар.
Кейбір қонақтар шідерлеулі аттарын іздестіріп, екіншілері шатырға
қайтып оралып, кілемдерге отырып мына жұмбақ жəй жайлы толғанып,
айтысып кетті. Керегеден ызғарлы жел соқты, жалшылар құрметті
ақсақалдардың иықтарына сырты сүр жібекпен тысталған түлкі, бұлғын,
құндыз ішіктер жапты.
Будакен Спитаменді жанына отырғызды. Ол мына ерекше аңшының
барлық білетін əңгімесіне қанықпақ. Ешкімге сенбейтін əдетімен белгісіз
жау жіберген тыңшы емес пе деген күдіктен де арыла алмады. Дегенмен
отағасы өзінің күдігін, қуанышын, əйтпесе көңіліндегі қорқынышын да
сездірген жоқ.
Кеу-кеулесіп сасқалақтағандарға ол жайбарақат қана:
— Қай жердегі, қандай жау екендігін əлі ешкім де білмейді. Сабыр етіп
тұтас үйтілген ту биенің етін тоя жемесең, əлі-ақ өкініп жүрерсің?
Будакен Спитаменнен əр нəрсені сұрағанмен көп біліп жарытпады,
бірақ аңшының болашақта қандай пайда тигізетінін аңғару үшін осының
өзі де жеткілікті еді.
Сəл үнсіздіктен кейін ол:
— Спитамен, сен мына құрмет көрсетіп, қарындарын тойғызу қажет
болатын қонақтар кеткенше ертеңге дейін тұра - тұр. Ертең мен саған
табынымнан таңдап жабдан жүрген құла сəурік мінгізейін. Алыс сапар
үшін мініс көтеретін жалғыз белес жылқы сол. Ал Көкдауыл мұндайға
жарамайды. Жеті жылдан бері отыз биелі үйірін қасқырлардан қорғаймын
деп күші қайтып, болдырған. Шабыстан соң сенің тақымыңда əбден қажып
келгені де сондықтан. Бірақ бір ғажабы одан тараған құлындардың
барлығы да қамыс құлақ, басы кішкентай, иір мойын, жебедей тіп-тік
сирақты, шашасы қылсыз, кішкене тұяқты болып туады.
— Дұрыс, дұрыс,— деп қоштады князь Тамир Қекдауылдан тараған
құлындар көшпенділерге бесенеден белгілі. Жүрістері қандай майда,
бастары қандай əдемі, нағыз жыр ғой, аяқтарын сұңқардың қанаты дерсің,
шіркін!
Көзін жерден көтермеген Спитамен қолын тізесіне тіреп, үнсіз жүрелеп
отыр. Жолда жатқан тас сияқты жүзі бедірейе қалған. Будакеннің
Көкдауылдан айрылғысы келмейтінін əлдеқашан түсінген, тек отағасы
оның орнына не ұсынар деп күтіп жүрген.
Будакен ойын жалғастырды:
— Сен сəурікті ер-тұрманымен аласың, жүгені тіл көзден сақтайтын кие
ұлу қабыршағымен зерленген.
Спитамен үн-түнсіз отыра берген соң Будакен ұсыныстарын ұлғайта
түсті:
— Темір ұшты найза да беремін, сосын Маракандаға сапарыма
жолбасшы болып барасың.
Спитамен шапыраш көзін жерге төселген кілемнен көтерген жоқ.
Ошақтан шарпылған сəуле оның міз бақпаған жүзіне көлеңке жүгіртіп
ойнайды.
— Тағы не дəметіп тұрсың? Рахмет айтпайсың ба?— деді князь Гелон.
— Тезірек келісіміңді бер. Будакеннен басқа кім осыншама жомарттық
жасай алады?
Сонда барып Спитамен тістерінің арасынан сыздықтай сөйледі:
— Маған шөптің арасына жоғалған жебені сыйлаңыз!..
Будакен бір көзін аларта қарады. Аңшының сөзінде басқа бір астарлы
ой жатқанын бірден ұқты.
— Аспанға ұшып кеткен сұңқарды сыйла. Күрмелген түйені босатқан
күңді сыйла!
Будакен қарқылдай күлді. Көзі жұмыла сығырайып, мұрнының
қырынан жалпақ беттеріне қарай көптеген əжімдер жүгірді. Ауыр, алып
денесі селкілдеген оған қарап, басқа қонактар да бірге күлісті.
— Мұның артық енді,— деп кəукілдеді князь Гелон.— Қабыланның бір
күшігі үшін жарау ат пен найза, оның үстіне күң сұрау — шектен
шыққандық қой! Қайыршы сияқты жаяу келген мына аңшы кіммен
сөйлесіп тұрғанын ұмытқан екен.
Спитамен князь Гелонға кекті көзін қатулана аударып:
— Біреудің малына итаршы болып, ат иесі Будакеннен де артық ішің
күйіп бара ма? Бұлттың көлеңкесі мен судағы ауға түспеген балықты
сыйлау да қиын ба? Будакен несіне күмілжиді? Тұтқын қыз бəрібір
уысынан шығып кетті. Түйе мініп қашып кеткен оны ұстау, нəрін сорып
алған соң гүлдің жапырағынан ұшып кеткен араны қуумен барабар...
Кəрі князь Тамир сонда барып дауысы дірілдей шаңқылдады:
— Тұтқын қыз тамаша екен! Маған қатты ұнады. Оның жанында кез
келгеніміз жасаратын шығармыз. Егер Будакен оны маған берсе, мен тоғыз
бие төлер едім.
Будакен күлкісін тия қойды. Ауыр денесіне келіспейтін жылдамдықпен
тез тұрып алақандарын соқты, бірақ жол жүруге асыққан қонақтардың
аттарын алып келуге кеткен қызметшілердің ешқайсысы маңайында жоқ
еді.
Қараңғылықты қақырата айқайлап Будакен:
— Мармер, Мава! Қайдасыңдар! Мұнда келіңдер,— деп шақырды.
— Мен мұндамын, ием!—деген дауыс таяудан естілді де, қолына жүген
ұстаған, көк киімді жас жігіт қараңғылықтың құшағынан оттың жарығына
жүгіріп шықты.
Будакен скифке əлденелерді сыбырлады. Ол ызғарын да, қашқан қызға
ашулы екендігін де байқатпады, ешкімге қаһарын төкпеді. Оның құрметті
ақсақалдарды сыйлайтындығы соншалықты əрбір азат сарбаз үшін сабан
тыққан құрлы құны жоқ бейшара күңге бола ашу шақырып, олардың
алдында масқара болмайын деп ойлады.
Будакен орнына оралып, тізерлей қалды да, ырғалып барып, өкшесіне
отырды. Əдеттегідей жүзі жылы, жадыраңқы.
— Құдыққа құлаған сақинаны, қамыстың қопасында жоғалған жебені
сұрайсың. Мұның дұрыс. Түйені күрмеуден босатқан күң əлі оралған жоқ,
егер мына соғыс дабылы болмаса, барлық жігіттерімді атқа қондырсам,
олардың екі жүзіне даланы сүзгізсем, күні ертең-ақ қашқын қызды іздеп
тауып, маңдайына таңбамды күйдіріп басып, танауына шығыршық тағып,
зынданға тастар едім. Князь Тамирдің сол күңді сатып алғысы келеді.
Князьді қатты сыйлайтындығым соншалықты қолымда жоқ нəрсені сыйға
тартуға ұялып тұрмын.
— Егер қорамсағыңнан түскен жебені өзім тауып алсам, оны қайтып
талап етпейсің бе?
Шешімді жауап күткен Спитамен Будакенге қарады.
— Менің басқа жебелерім аз дейсің бе?—деп Будакен селсоқ жауап
қатты.
Спитамен алдында иіліп тəжім етті де:
— Егер ойындағыны іздеуге аттансаң, мен сенің жолбасшың болып,
өзіңді қорғап, аттарыңды бағуға дайынмын...
Көкдауылды қайтарған Спитаменнің мəрттігіне Букеннің көңілі толды.
Ол бəрінен бұрын сəйгүліктерді, сонан соң парсы патшасының
шақыруымен алысқа жіберген ұлын, тағы басқаларын жақсы көретін.
Көкдауыл болмаса үйір-үйір биелерінің құны неге тұрады? Енді барлық
көшпенділер тұтқын қызбен қоса құла арғымақты ер-тұрманымен,
Көкдауылға айырбастағанын, əйелден гөрі жорыққа мінетін атты жоғары
бағалайтынын əңгіме ететінін ойлағанда өзінің кемеңгерлігіне Будакеннің
көңілі тасыды.
Соғдыдан келген жаушы
Қоныстың шетінен айқай-шу мен өкірген дауыс естілді.
— Бұл келе жатқан жаушылар!—деді құлағын түрік ұстап, балауыздай
қатқан қолдарын отқа қыздырып, жылынып отырған кəрі Тамир.
Басқа қонақтар орындарынан атып тұрып, шатырдан жүгіре шығысты.
Шу күшейіп, ат тұяғының, жүгіріп келе жатқан халықтың дүбірі жақындай
түсті. Қолдарына найза ұстаған бірнеше скиф, ішінде Будакен, Тамир жəне
Спитамен ғана қалған шатырдың есігінің алдына келіп тұра қалысты.
— Барлығы қараң қалды! Ғарап болды!—десіп өкірген бірнеше əйел
мен еркектің дауысы естілді..— Бəріміз құримыз! Папай қаһарын біздерге
неге мұншама төгеді. Қаншама алып болса да құдайдың көріне Будакеннің
шарасы бар ма?..
— Жаушыны шатырға кіргізіп, бөтен ешкімді жібермеңдер!—деп
өзгеше жігермен шыққан Будакеннің əмірлі дауысы естілді.
Маржанмен сəнделген күдері етік киген аяқтарын алшақ басып
түрекелген ол қабырғада ілулі тұрған ақинақ байланған кісені беліне тағып,
қолына екі айрықты алтын жіп араластыра өрілген қамшыны ұстады.
— Қимелемеңдер! Шегініңдер!—деп айқайласты скифтер.—Жаушыға
жол беріңдер!..
Айқай мен сарт-сұрт шапалақ дыбысы естілді; бұл жаушы мен оның
қосшыларының жолын ашқан жалшылар болатын.
Шатырға түрлі-түсті ою - түрлерімен əдіптелген кең жібек шалбарлы,
алым - жұлымы шыққанымен қымбат, парсы бешпетін киген сақалды адам
кірді. Ұзын сақалы мен сəндеп бұйраланған шаштары ұйпа-тұйпа. Көздері
алақ-жұлақ етіп, қысқа парсы семсерін сермеп:
— Будакен князь қайсысың?— деп кəрі Тамирге бір, Будакенге бір
қарады.
— Не болып қалды?— деп сұрады Будакен.—Түлкінің аузында құйрық
қауырсындарын қалдырған тауықша мұнша неге дүрліктің?
— Құрыдық!—деп өкірген жаушы кілем үстінде үйіліп жатқан қызыл ала жастықтарға жантая кетті.
— Құрыдық!—деп іліп əкетті шатырдың сыртындағы дауыстар.
Өксік пен айқай түннің тыныштығын бұзды. Бір сəтке тыныштық
орнаған соң Будакен не айтар екен деп барлықтары тына қалысты.
— Ал, айт, неге құримыз?— деп сұрады түнеріп тұрған Будакен
орнынан қозғалмастан.
— Бұдан бір жыл бұрын, патшалардың падишасы Дарийдың
шақыруымен барған скифтердің жасағы... Айта алмаймын, тамағым құрғап
қалды, су беріңдерші!..
— Өзіне қымыз беріңдерші, есін жисын! деп бұйырды Будакен.
Найзаларын тастай сала торсықтан қотарын қымыз құйған шараны
жалшылар жаушыға ұсынды. Ол сол сіміріп, күрсінді, сосын, өксіп
жалынышты дауыспен:
— Бəріміз құрыдық! Қосмүйіз бірімізді де қалдырмай, барлығымызды
қырып салды!—деді.
Жиналған жұрт Будакенге қарады. Жай сарбаздарды есептемегенде
патшалардың падишасына жіберген сол отрядтың сапында оның сүйікті
ұлы Сколотпен бірге жақын жиырма жас туысының да кеткенін
барлықтары білетін.
— Біздердің ұлдарымыз бен бауырларымыз, күйеулеріміз қайда?—деп
тағы да жоқтасты кереге сыртыңдағы дауыстар.
Керегенің торына беттерін тақап, саусақтарын бүгіп, алақандарын
жайған қолдарын ішке сұққан олар:
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қарауыл Төбедегі Оттар - 05
  • Parts
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 01
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2503
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 02
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2397
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2388
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 04
    Total number of words is 3904
    Total number of unique words is 2350
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 05
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2564
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 06
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2284
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 07
    Total number of words is 3949
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 08
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2204
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 09
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2433
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 10
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2314
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 11
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2364
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 12
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2353
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 13
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2338
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 14
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2429
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 15
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2338
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 16
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2281
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 17
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2412
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2363
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 19
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2288
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 20
    Total number of words is 735
    Total number of unique words is 605
    39.6 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.