Latin Common Turkic

Қарауыл Төбедегі Оттар - 07

Total number of words is 3949
Total number of unique words is 2293
32.4 of words are in the 2000 most common words
45.8 of words are in the 5000 most common words
53.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
оратылып, оның ұшар басына дейін көтерілген, қалың жапырақтардың, ара
-сынан аракідік жүзімнің балауыз шоқтары көрінеді.
Фейзавлдың бірнеше қызметшілері Будакеннің қарамағына бекітіліп
берілген еді. Ол солардан ағашты қалай отырғызатынын, қанша жеміс
жиналатынын, қыс айларына қалай кептіріп дайындайтынын, сарайларға не
сақтайтындығын сұрады.
Скифтер қомдарды шешіп, аттардың ерін сыпырды, арықта ағып жатқан
сумен жондарын жуып тұзды тер мен шаннан тазартты, сонан соң
көлеңкеге байлап алдарына шырын татыған жас шөп тастады.
Сауда сарайына үстін қалың шаң басқан, арық ат мінген тағы бір скиф
жетті. Ол атын суысын деп жүргенін тұқыртып, бағананың шығыршығына
байлады.
Жай басып Будакенге жақындаған скиф оның алдына келіп тоқтады да
кісесіне қыстырылған пышағының балдағына екі қолын айқастырып
тағзым етті. Шаң басқан сұрғылт жүзін тер тамшылары айғыздаған.
Будакеннің жанарымен ұшырасқан скиф кілемнің шетіне жүрелеп отыра
қалды.
— Табындарым түгел ме? Көк дауылдың шабысы қалай? Қабыланның
кішкентай күшігі тірі ме?— деп сұрады салған жерден Будакен.
Скиф қолдарын жайды. Төбесі шошақ киіз қалпағының астынан
шыққан бурыл ұзын бұрымдары иығына түскен, иегінің астынан
ширатылған сирек сақалы салбырап тұр.
— Ойбай, жаман! Бағусыз мал беталды қаңғып кетпей ме? Жан-жаққа
бытырап, ұшырасқан ит-құсқа жем болмай ма?
Будакен қос қолдап ұстаған шарап алабажақ қыш тостағанды қоя салды
да, іші қылп етіп:
— Менің табындарыма кез боламын деп князь Гелон уəде беріп еді ғой!
Ол кетіп қалды ма?— деп сұрады.
— Князь қолынан келгеннің бəрін жасауда: бір табыннан екіншісіне
шауып, шаршаған атын алмастырып, малшыларды балағаттап, қамшымен
жосытып-ақ жүр, бірақ мұнысынан түк шығар емес!
— Далақтап шаба беру оның жұмысы емес қой? Шатырдың жанында,
кілемнің үстінде, салқын самалда қымыз ішіп отырып, алдына иіліп келіп,
далада не болып жатқанын, өздеріне не қажет екендігін айтатын
жылқышылардың əңгімелерін тыңдамай ма? Малшыларымның іздерінен
қуған кезім болды ма менің?
— Сенің орның басқа! Сен барлығын құдіретті уысында ұстадың. Сен
кеткен соң барлығы да ұясынан адасқан күшіктер сияқты жан-жаққа
бытырап кетті. Ойбай, енді бұған не шара бар!
Көшпенді ешқашан бірден турасын айтпайды. Оның сөзі даладағы
сүрлеу жол сияқты тарамданып, жолай көргендерінің барлығын айтып
жеткізу үшін алыстан орағытады.
Будакен оған шарап толы тостағанды ұсынды:
— Қорықпа, алдымен сарттың шарабын ішіп ал, малшылар қойларына
қайтып барып барлығын орнына келтіреді. Не болғанын асықпай айт?
Кəрі скиф тостағанды алды да, бір көзін сығырайтып қою, майлы
шарапқа қарап, иіскеледі:
— Мұндайдың дəмін ешқашан татып көрген жоқпын. Папай
барлықтарымызға да, керемет күш пен көп үрім-бұтақ берсін!— деді де
бірнеше ұрттап тамсанды:— Бал қосқан ба? Басым айналмай ма?— Скиф
басын шалқайтқанда тостағанның түбі көрінді, көзін бақырайтып,
күшенген шал ыдысты кілемнің үстіне қойды.
— Ұрыста сарттар біздерге төтеп бере алмайды, ал қымызшыларымыз
мынадай шарап жасауды білмейді,— деді Будакен.— Ал енді не болғанын
рет-ретімен айта бер, артымнан келуге итермелеген не? Ныспың кім еді?
Асук емес пе?
— Дұрыс, дұрыс. Сағыл Асук!—деді өзін танығанына қуанып кеткен
скиф.— Мен туғанда əкем шатырға жабайы Асук текені алып кіріпті. Содан
мені Сағыл Асук атаған. Тау теке сияқты өзім де үй көрмей дала кезіп
жүремін. Өзін білесің үйде отырсаң қалтаңның түбін қағасың, жүрген аяққа
жөргем ілінеді деген.
— Жарайды, жарайды! Қарауыл төбелердің басында оттар жанғанда
келген сарт Оксиарт не істеп жүр, енді сол жайлы айт.
— Ол сарт қымыз бен бозаны сондай жақсы көреді екен, тынбай іше
береді де, сосын орнынан ұшып тұрып билеп, жүгіріп, қарияларға да
құйып, оларды да билетпей қоймайды.
— Қонағы көңілді болса, отағасысы
қауіптенетінімді əлі түсінбей тұрмын.
қуанады.
Мен
неден
— Шығының көп, алтын ауыздықты князь Будакен, биелер сауылмаған,
қосақтар шөптері қурап, əлдеқашан таптауырын болған жерлерде жүр,
оларды жаңа жалауға айдайтын ешкім жоқ.
— Жалшыларым не істеп жүр? Əлде сартқа қосылып мəз-мейрам болып
кетті ме? Əлде бір - бірлерін кескілеп, төтеннен келген дерт жалмады ма?
— Барлығы түгелге жуық кетіп қалды?..
Будакен қабағын түйіп Асукқа қадала қарады. Үлкен қолдарымен
семсерін іздегендей кілем үстін сипалай берді. Мына күн қағып, тыржиған
бетте тағы да айтылмаған сөз қалды ма дегендей соны білгісі келіп
хабаршының көзіне тесілді.
— Тағы да іш!—деді меймілдей құйылған тостағанды нұсқап.
Шал тағы бір тостағанды демалмастан басына төңкеріп еді, тілінің тиегі
ағытылып сайрап, шыға келді. Будакенге еңкейіп, сыбырлай сөйледі:
— Бірнеше сақтар бізге қарсы шықты. «Неге Будакеннің құлы болуға
тиістіміз. Ол да біз сияқты емес пе? Біз сияқты күн қақтаған ыс шатырда
жарық дүниеге келмеп пе еді? Біздер оның қосағыңа қосақ, үйіріне үйір
қосылуы үшін тырысып еңбек етеміз, тек жамау қосылғаны болмаса баяғы
жарғақ шалбарымыз сол күйінде», — дейді. Қалғандары:— «Дұрыс, бəрі де
дұрыс,— деп жауап берді əлгі қарсы шыққандарға.— Бірақ Будакенге не
істей аласың? Күн де біздерден гөрі нұрын оған көбірек төгеді».
— Сосын барлығы менен кетуге келісті ме?— деп булықты Будакен.
Жұдырықтары тас түйілді. Иесінің құрт ашуының кейде неге
соқтыратынын жақсы білетін Хош оның семсерін кілемнің астына
жасырды.
— Келіскен дейсің - ау!—деп жауап қатты Асук,— оларды ақ жолдан
тайдырған басшылары. Мен оларға: «Будакен өзінен жырып сендердің
ауыздарыңа нан салып отыр!» дедім. Олар: «Сужүрек текесің, Асук!
Будакен сенің аузыңа нан емес, өзінен қалған астың қиқымын ғана тастап
отыр»,— дейді. Сен бəйге ұйымдастырып той жасаған күні кейбір қас
ниетті сақтар' Яксарттың жағасына жасырын жиналды.
— Қімдер болды онда? Бəрін ата!—деп Асуктың үстіне төнген Будакен
оны əлуетті қолдарымен кілемге жаныштады.
— Бəрін, бəрін де айтамын! Өзім де солардың арасында болдым.
Бəрінен де саған қарсы көп сөйлеген Көкдауылға мініп келген анау аңшы
болды....
Асукты босатқан Будакен түрекеліп жан-жағына қарады, оған
жақындаған серіктері тесіліп көздерімен ішіп-жеп барады. Бірақ
араларында Спитамен жоқ еді.
Скифтер күбірлесіп кетті. Асуктың əңгімесін естіген бəрі де енді князь
не істер екен деп күтуде. Себебі, Будакен басқалар сияқты емес өзінің
ойына келгенін жасайды ғой.
Ал Будакен болса Асукты арқасынан қағып күлуде, бірақ оның ойында
не бар екенін ұққан ешкім жоқ.
— Іш, Асук! Біздің даламызда саған мұндай шарапты ешкім бермейді!
Əңгімеңді жалғастыра бер. Менің жалшыларым қайда кетті? Қай князьға!
Алпыс екі айлалы Тамир шалға емес пе?
Шарапты шашала жұтқан Асук əңгімесін жалғастыруда:
— Скрош тас құдайының маңына кешіп барып өздерінің жаңа
қоныстарын жасады. «Еркін көшіп-қонып ешкімге бас имейміз» дейді. Мен
де шатырымды сонда тігейін деп ойладым да, бірақ əліптің артын бағайын
дедім. Будакен менің қожам, ішер ас, мінер көлік беріп отыр, оны неге
тастаймын? Осының бəрін айт деп саған Гелон жіберді. Біздің қарауыл
төбелерде астымдағы атымды тоғыз рет алмастырдым. Сені қуып жетіп,
кейін елге қайтару үшін күндіз-түні аттан түскен жоқпын.
Будакен қарқылдап қатты күлді.
— Кəрі кесіртке, мен кейін қайтып өзім бие сауады деп ойлайсың ба?
Сауылмаса сауусыз қалсын, қайта құлындар сүтке тоқ болады! Сағыл Асук,
қартым - ау, мен өзімнің жалшыларыма шауып барып бұрынғы иелеріңе
қайт деп жалынады дейсің бе? Папай құдай барлық сақтарға маған
бергеніндей мал бітірсін. Алға! Алға!— деп күркіреді Будакен.— Əлгі
сақал жапсырған биші қайда? Немене ол мына түйелер мен кенелерге толы
рабатта біздерді шарапқа мас қылып, сосын байлап алмақ па? Оны
шақырыңдаршы, əйтпесе өзім іздеуге шығамын...
Ұзын көгілдір киім киген, ширатылған жаңа сақал тағып, басына ашық
түсті орамал байлаған, жанында сидиған бірнеше қызметшілері бар бойы
тіп-тік салтанатты Фейзавл осы кезде есіктен кіріп келе жатты.
Қасындағылардың біреуінің қолындағы жалтылдаған табақта жұлдызшалап
тілінген қауын.
Фейзавл еңкейіп маңдайына алақанын апарды.
— Астындағы тұлпарын жемдесін деп Рокшанек ханым мына қауынды
беріп жіберді. Ол сенің құдіретің мен күшіңді, сол сияқты жаужүрек
сарбаздарыңды да көргісі келеді. Қазір күтіп отыр.
Будакен алты скифке аттарын ерттеп, қаруларын алып ізіне еруге, ал
қалғандарына теңдердің жанында тапжылмай отыруға бұйырды. Сосын ол
сарттың шалбарын шешіп, қайтадан сақтарша киінді.
— Аттардан ұзап кетпей, қаруларыңды жандарыңда ұстаңдар,
сарттардың тəтті сөздеріне сенбеңдер! Біздерге не болғанын білулерің үшін
сарайға жеткен соң бір сар -базды кейін қайтарып жіберемін.
Будакен жəне алты скиф рабаттан шығып бара жатты, ал бос құмыраны
құшақтап, кілемнің үстінде жатқан Асук:
— Сағыл Асук ақылды адам: ол Будакеннің өзінен ас алады,
жолдастарына да көмектеседі!..— деп міңгірледі.
Қалған скифтер Асукты қоршап алып, одан Будакеннің қонысында не
болғанын білуге тырысып бақты.
Патшалар падишасының жарлығы
Ұзыннан ұзаққа созылған тар, қисық көшелер, саздан соғылған бітеу
дуалдар, олардың іш жағында жасырынған үйлер мен аулалар, бақтар.
Барлық тіршілік осы дуалдың ар жағына жасырынған секілді.
Айналадағы үйлердің жалпақ төбелері баспалдақтанып бір-бірімен
жалғасқан. Жартылай жалаңаш қара қайыс балалар дуалдарға шығып алып
сақпандарынан саз кесектерді атады да, қорқып қайта жасырынады.
Жол бойы ұшырасқан ала киімді соғдылар қару-жарақтары
жарқылдаған, бозаң түсті шекпен киіп, пысқырынған ғажайып ат мінген
салтаттыларға шеттеп жол беріп, дуалға қарай ығысады.
Қаланың ортасындағы төбенің басында жалпақ мұнара түнеріп тұр.
Мұнараның алдында бітеу дуалмен қоршалған төрт бұрышты алаң, оның
аржағында жалғасқан жалпақ үйдің төбелері мен қара құрым халық
көрінеді. Алаңдағы топ-топ болып жиналған əйелдер мен балалар қызыл,
күлгін, ақ жолақтары бар жасыл түсті киім киген. Осылайша алабажақ
киінген еркектер дуалдың үстіне шығып отыр, олардың сарғыш, көкшіл,
қызғылт орамал тартқан бастары үлкен гүлдерге ұқсайды.
Алаңның ортасында тұрған құрбандық шалатын төрт бұрышты тастың
үстінен жеп-жеңіл түтін көкке шұбатылады. Тастың жанында шұбатылған
ақ киім киген екі шал қолдарындағы желдеткіштерімен желпіп, сөне
бастаған көмір шоғын маздатады. Қасиетті алауды демдерімен ластап,
күнəға батпас үшін қариялардың аузы төрт бұрышты ақ матаның
жыртындысымен таңылған.
Бір дуалды бойлай сарттардың жаяу, екіншісіне атты əскерлері сап
түзеген. Барлықтары жүз қаралы, əртүрлі киінген. Біреулерінде былғары,
екіншілерінде тордан тоқылған сауыт. Астарындағы ірілі-ұсақты аттары да
əр түрлі.
Қызметшілері мен скифтерді ерткен Фейзавл алаңды айналып өтіп,
мұнара қабырғасының алдына барып тоқтады:
— Будакен князь, қазір мына алаңда табыну дəстүрі мен сарбаздардың
өнерін көресің.
— Сен бұл жерде не істеп жатқандарын байқап тұрсын ба?— деп Хош
Будакенге сыбырлады.— Кейін қайтайық. Біздер əлі де өз адамдарымызға
жете аламыз. Мұнда жүздей сарбаз тұр. Біздерді турап тастайды да, анау
отқа жағып жібереді.
Алаңның бұрышындағы дарбаза айқара ашылып, даңғыралар
дүңкілдеп, кернейлер гуілдеп кетті. Жұптасқан сегіз сазгер ортаға шықты.
Алдарында кернейшілер, олардан кейін даңғырашылар, содан кейін
сарайдан түзу тері түтіктерінің басы алдында келе жатқан адамның
төбесіне жеткен сыбызғышылар. Соңдарынан ақ шапан киген бірнеше əнші
балалар көрінді. Əріректе күлгін шапан жамылған, шошақ қалпақты, арса арсасы шыққан шал келеді. Екі абыз əлгі шалды қолтықтап, біреуі
шұбатылған шапанының етегін көтеріп соңынан ерген. Олардан кейін тағы
да шошақ қалпақ киіп, шұбатылған кең шапанды абыздардың үш жұбы
көрінді.
Барлық дəстүр құрбандық ошағының алдында өтті. Сазгерлер тына
қалысты. Əншілер мұңды, сыңси созылған əн салды. Ошақтың қасына
алып келген карт абыз қасиетті алауды демімен ластамайын деп жалпақ
жеңімен аузын басып тұрып, жанына қойған себеттен бірнеше бұтақтарды
алып отқа тастады. Отын шартылдап жанып, исі аңқыған көкшіл түтін
көтерілді. Содан кейін абыз екі тостаған шарап пен майды отқа құйып еді
жалын одан сайын шалқи түсті. Үйлердің төбесіндегі адамдардың барлығы
шулап қоя берді:
— Агни біздің құрбандығымызды қабыл алды! Агни бізді жақсы
көреді! Дұғаларымыз қабыл болды!
Жіңішке дауысты жас абыз қасиетті кітап Зара- тұстрадан алынған
байырғы əнді шырқап қоя берді:
Жұлдызды аспан,
Ақ көбік теңіз де,
Аң. мен құдай
Адам мен жын егіз де...
Құдірет қалай істеген?!
Арқандалып жатырмыз бір күшпенен.
Бəрінен де мəңгілік
Құдіретті сөз деген,
Семсерден, оқтан, өзгеден
Озып өмір жүргізген,
Тыңда жұлдыз, тыңда жел де
Тыңда əндетсем, селдете.
Құдірет, күш те сиқырлы
Ғылымды тыңдар түбінде
Ұранға, іске
Үніңді қос жүгін де...
Алаңға түгел естілген абыздың дауысы түнерген мұнарада жаңғырығып
тұрды.
Қарт абыздың жоғары көтерген балауыздай қатқан қу сүйек қолдарын
төмен түсіп кетпесін деп екі қызметші демеп тұрды. Шалдың алдына ұзын
пергамент ораманы жазды. Бас абыздың дірілдеген қартаң дауысын анық
есіту үшін алаңға жиналғандардың барлығы тына қалысты.
— Патшаның жарлығын тыңдаңыздар! Патшалардың падишасы не
дейді, соны тыңдаңыздар:
«Мына жер мен көкті, оның астында қалқып ұшып жүрген, төбемізге
түспейтін бұлтты, пендесіне арнап ішер ас пен жұтар сусынды жаратқан
ұлы құдай Агурамазда, Персияның жəне оған бағынышты жерлер мен
барлық елдердің жана патшасы етіп Агурамаздаға бас -қалардың өтінішін
жеткізетін тəңірінің сүйген құлы лайықты, құдіретті Бессті таңдады.
Бұдан былай Бесс патшалардың үстінен қарайтын падишасы, біздердің
бақытты жеріміз Соғдиананың, əр тілдерде сөйлейтін барлық халықтардың,
алыстағы елдердің, күллі жер жүзінің билеушісі болады.
Бұдан былай ол Артаксеркс патша аталады.
Оның — ұлты парсы, Ахеменидтер əулетінен, арий, парсының ұлы,
зады асыл. Енді Артаксеркс патшаның құқы барлықтарыңа жүреді,
Агурамазда құдайдың өзі Бесс Артаксерксті патшалардың падишасы етіп
тағайындаған соң, барлық халықтар оған бағынуға, дұға оқығанда оның
атын ауыздарына алып, тəңірінің таразысына салу үшін жанын құдіретті
құдай Агурамазданың өзі алып кеткен патшалардың падишасы бұрынғы
Дариавауш Кодеман Вистаспахия ұлы тұсындағыдай жыл сайын оған
тартулар əкеліп тұруға тиіс.
Патшалардың падишасы Артаксеркс енді былай дейді: бұрынғыдай
патшалардың падишасынын найзасының күші алысқа жетуге,
қарсыласқандарды парсылардың аяғының астына шанға жығып, барлық
елдерді бодан етуге тиіс. Жауыз Ариман мен жылан əйелден туған, қос
мүйізді яван, қанішер қарақшы Іскендір біздің жерімізге баса көктей кіріп
көптеген ұрыстарда даңқы асқан, құдіретті парсы əскерін жеңе алмай, тек
парсы жерін аш қасқырдай шарлап босқа далақтап қуып жүргенде ұлы
Агурамазда қосмүйізді Іскендірді бейбіт, бақытты өмір кешкен Соғдианаға
жақындатпай қар басқан Харайва тауларына тықты, ол түнде жартастардың
арасында сұрқия шиебөрі сияқты аштан қатып, құрт-құмырсқаға жем
болады.
О, пенделер! Патшалардың падишасы Артаксеркс тəңірінің нұрына бас
июшілердің барлығына əлемде не болмасын барлығы да Агурамазданың
хұқымен жасалынатын іс дейді. Құдайға құлдық ұрғандардың барлығын да
Агурамазда қамқорлығына алады, сондықтан ешқандай қаңқу сөздерден
қорықпаңдар, құдайдың өзі Персияның ұлы патшалығын қолымен құрды
екен, ендеше өзі ғана тəңірінің алдында есеп берер ұлы күнге дейін оны дін
аман сақтайды.
О, азамат! Құдайдың жазғанына қарсы тұрмаңдар! Түзу жолдан
шығарып, біреуге қастандық жасамаңдар! Агурамаздаға бас иіңдер!»
Қарт абыз қолдарын түсірді. Пергаментті ұстап тұрған абыз оны мұқият
орап маңдайына тəу етті де, белдігіне ілінген былғары түтікке тықты. Шал
қолымен нұсқап белгі беріп еді, қалған алты абыз ошақты айнала
қаумаласып тұра қалды. Шошақ қалпақты бастарын жерге жеткенше иіп,
еріндері жыбырлап дұға оқыды, қайтадан түрекеліп алақандарымен
ауыздарын басты да, ошаққа балауыз кесектерін, дəн түйірлерін тастады.
От тағы да лап етті.
— Құрбандықты Агни құдай қабыл етті!— деп шу ете қалған алты абыз
қолдарын көкке жайды. Оң алақандарын алатын сияқты жоғары, сол
алақандарын беретін сияқты төмен қаратқан.
Кернейлер сызылта сазға басып, даңғыралар мен дабылдар да алты
соққыдан бір қайырып дүмпілдей жөнелді, абыздар құрбандық ошағын
айнала берді. Олардың əр қайсысы əртүрлі қашықтықта, біреулері ошаққа
жақын,
екіншілері
қашығырақтан
айналуда.
Қимылдарының
бірқалыптылығынан олардың мол киімдері айналған кезде желбірей
күмпиіп, қолдарын жоғары көтеріп, бір қалып жүрген абыздар алыстан
қарағанда үлкен ала ұршыққа ұқсап кетеді.
Будакен сыбырлаған таныс дауысты тап жанынан естіді.
— Бұл аспандағы жерді айналып жүретін алты планетаны бейнелейді:
Ай, Нагид, Тир, Гормизд, Брагам жəне бағзы Кайван .
Жалт бұрылған Будакен жанынан шұбар ат мінген Спитаменді көрді. Ол
ошақты айналып жүрген абыздарға сығырайған көзінін қиығын салып
немқұрайды қолын сілтеді:
— Осылайша шыр айналып дұға оқуларымен қос мүйізді жыртқыштың
тегеуірінін токтатамыз дейді. Ал ол болса күн өткен сайын қанқұмарлана
түсіп, біздерге тақалып келеді...
Будакеннің сұп-суық көзқарасы Спитаменді жуасытып тастады.
«Қанішер қарақшы!»— деп ол ішінен күбірледі.— Менің сақтарымды
азғырған сен екенсің ғой? Сені екі саусағыммен жаншып тастай аламын,
бірақ маған əлі керексің!» Өзін-өзі əрең ұстаған оның жүзі бұрынғысынша
мізбақпаған кейпінен өзгерген жоқ.
Қарт абыз айқайлап жіберді:
— Тоқта!
Билеп жүрген абыздар кілт тоқтап қалысты. Қызметшілер шалды
көтеріп иықтарына отырғызды. Көзін қолымен көлегейлеп айналып жүрген
абыздардың қайда, қалай тұрғанын қараған соң оны жерге түсірді. Шал
дауысын көтеріп əндете сөйледі:
— Мейірбан Агурамазда əлемде алты планетаны жасады. Олар
өздерінің мəңгілік жолдарымен айналып адамзатты қауіп-қатерден
сақтандырып, заманның болашағын айтып, құдайдың құдіретін
ұғындырып, көкте құламай жүзіп жүреді. Алғаш рет қауіпті жау іргемізге
келіп отыр. Бірақ аспандағы планеталардың орналасуы бұл қырсық
біздерге соқпай өтеді деп көрсетеді. О, Согдиана! Ешбір жау тиіспей бұл
дүниеде мың жыл бақытты ғұмыр кештің, бұдан былай да ақниет
соғдылардың байлығын асырып бейбітшілікте жасай бересің. Тыңда мені
Фейзавл, сен енді Оксиарт Авшинның орынбасары ретінде патшалардың
падишасы Бесс Артаксерске оның жолында күні-түні табынып дұға
оқитындығымызды жаз. Көктегі планеталардың қозғалысы мен орналасуы
қос мүйізді хайуанның Соғдиананы жайына тыныш қалдырып, əрі қарай
тауға өтіп кететінін көрсетеді деп қоса жаз.
Фейзавл:
— Біздің патшамыз Артаксеркстің өмір жасы ұзақ болсын!— деп
айқайлап жіберді.
Аландағы барлық сабаздар мен абыздар оның осы айқайын қайталады.
Жаяу жəне атты əскерлер тəртіп сақтауға тырысып, бұрылды да,
Фейзавлдың жанынан өте бере «Патшалардың падишасының даңқы арта
берсін!»—деп айқайлап, мұнараның ар жағындағы дарбазадан шығып
көрінбей кетті.
Əбзелденген атын бүйірінен түрткен Фейзавл Будакеннің жанына келді:
— Ұлығатты, кемеңгер Артаксеркстың жарлығын естідің ғой? Енді
Соғдиана құдіретті Парсы патшалығының ең үлкен өлкесі, Мараканда
оның астанасы болады. Біз -дің бұрынғы əміріміз Бесс осы арадан барлық
басқа халықтарды басқарды. Енді Соғдианаға тарихтың өзі үлкен міндет
артып отыр, егер Артаксеркстің есіне түссең, саған оның үлкен сый тартып,
құрмет көрсетуі мүмкін.
Будакен жалпақ жауырынын қайқаң еткізді:
— Біздер көшпенділер кедей болғанмен, азат халықпыз. Сəнді
сарайларымыз да, оған тығылған асыл қазыналарымыз да жоқ. Сондықтан
да қос мүйізді жыртқыштан қорқатын дəнеңеміз жоқ. Аттарымыз жарау,
қылыштарымыз қайраулы. Иен даланың қиырына кетіп, бір кезде
патшалардың падишасы Курушты қарсы алғандай қандай жауды да,
қасқайып тұрып қарсы аламыз.
Фейзавлға Будакеннің жауабы ұнаған жоқ, бірақ парсылардың инабатты
сыпайыгершілігі өзін-өзіне тежетіп, көңіліндегісін ішіне бүгіп қалды.
— Мен сенің жаныңнан кетуге тиіспін князь Будакен, біздің қасиетті
бас абызымыздың əлгі көріпкел сөздерін жазып Маракандаға жіберуім
керек, сені қайтадан қуаныш бағына менің қызметшілерім ертіп апарады.
— Рокшанек ханым ше?— деп саңқ етті Будакен көңілі толмай.— Ол
мені күтіп отыр, əңгімелеседі дегенін қайда? Осында сол үшін келдім, мені
неге əуре қыласын?
— Əлгінде ғана осында оның қабылдауында болдың ғой, тағы не керек?
— деп жауап берді Фейзавл қатты таң қалған кейіп танытып.— Ол анау
үйдің төбесінде отыр,— Фейзавл əдемі өрнекті қызыл кілемдер жайылған
үйдің төбесіндегі ашық түсті киім киген бір топ əйелді нұсқады.—
Рокшанек ханым да солардың арасында. Алты планетаның болжалын
байқау кезінде ол сені де, сенің сарбаздарыңды да көрді.
— Бұл жерге Рокшанек ханымның көйлегін алыстан көру үшін
келмегенімді біліп қой. Мен онымен жүздесіп, əңгімелесуге тиіспін, егер
жолықтырғың келмесе, үйіне барып өзім - ақ іздеп тауып аламын!..
Будакеннің ханыммен кездесуді талап еткендігі сонша, Фейзавлдың
«ханым шаршады, ол өте ұяң, сарбаздарды көргенде қорқып кетеді»,—
деген сияқты сылтауларынан түк өнбеді. Содан соң ол атын қамшымен
тартып жіберді де, төбесінде Рокшанек ханым отырған үй -ге қарай шаба
жөнелді. Сəлден кейін əлгі үйдің төбесінде абыр-сабыр болды да,
орындарына үйілген жастықтарды тастап əйелдердің бəрі көзден ғайып
болды.
Будакенге қайтып оралған Фейзавл:
— Соғдиананың тамаша гүлі Рокшанек ханымды қазір көресің.
Барлығы киім алмастыруға кетті,— деді.
Рокшанек ханым
Салтаттылар əктелген бітеу дуалдың жанына келіп ат басын тірегенде
қақпа ашылып, ішіне Фейзавлды жіберген соң қайтадан жабылды.
Сыртта күтіп қалған скифтерге дыбыс шықпаған үйде тірі жан жоқ
сияқты болып көрінді. Хош Будакенге күбір етті:
— Осы қызды неге көргің келеді? Оның ешнəрседен хабары жоқ, əрі
қорқатын көрінеді. Барлық билік сақал байлап алған əлгі жуан кісінің
қолында екен ғой.
— Үніңді өшір, сен ешнəрсе түсінбейсің?
— Төрт бірдей сымбатты əйелің бар! Енді саған не керек!— деп Хош та
көнбеді.
— Басқа да жұмыстарың аз ба?
— Егер мен ат басын алысқа бұрған болсам бəрін өз көзіммен көргім
келеді,— деп түсіндірді Будакен.— Сарт князьдарының тұрмыстары қалай,
қандай кілемдері бар, қыздары мен əйелдері қалай киінген? Елге аман-есен
оралып, əр əйелімнің отауына кезек-кезек қонғанда көргендерім жайлы
айтуым керек қой. Егер ұнаса далада да осындай сарай салдырып,
қыздарымды да солай киіндіремін. Будакеннің сарттардың байларынан кем
тұрмайтынын айналамдағылардың барлығы білетін болсын.
Хош мұрнының астынан сөйлеп:
— Қандай кеменгерсің? Ай-ай, ай! Ой-ой, ой! Мұның бəрін қандай
мақсатпен істеп жүргенің туралы ойламаппын. Тағы да төсек жаңғыртқың
келген екен деп ойлаған едім!— деді.
Дарбазанын қақпасы ашылып Фейзавл көрінді:
— Кіріңіз князь, жаныңызға бір адам ерте жүріңіз. Артық апаруға
болмайды, əйелдер мұндайлардан қатты қорқады.
Скифтер ішке кіруден бас тартты.
— Онда біздерді буындырып өлтіреді,— деп күңкілдесті олар.— Ал
саған Будакен жібек шымылдықтың сыртынан қанжар салады.
Саксафардың жыры есінде ме?
Будакен бір іске бел байласа, оның бетін ешкім қайтара алмайтын.
Атынан секіріп түсті де, найзасын Хошқа ұстата салып, ұйып қалған аяғы
мен иығын жазып:
— Қасыма кім ереді?— деді.
— Рұқсат болса мен ерейін,— деген Спитамен атынан секіріп түсті.—
Сузға дейін жолбасшы боламын деп уəде берген едім, енді сарттардың
раушан гүлін де бірге көрейік.
Қалған скифтер сыртта күтуге келісті. Фейзавлдың ізінен ерген Будакен
бүкірейіп есікке еніп бара жатты. Олардың соңынан Спитамен ілесті.
Ауланың ортасында қабырғасы уақыттың өзі тегістеген тақтатастардан
қаланған, суы бар төрт бұрышты бассейн. Жан жағында қошқыл, қызыл
роза гүлдері өскен бұта шоқтары көзге шалынады. Сарайдың жан-жағын
əсем оюланған жіңішке ағаш бағаналар тіреп тұр.
Төбеге бұлбұл мен қызыл көзді тотымың суреті бар көк жіптен
тоқылған бірнеше тор ілінген.
Фейзавлдың ізіне ерген екі скиф биік саз дуалмен қоршалған шабдал
ағашы егілген бақтан өтті. Алып қарағаш бұтақтарының астында бір бірлеріне тіресе сұр кірпіштен шаршылап қаланған сияқты көрінетін
шағын үй тұр. Төбе орнына бүйірлері томпиған кішкентай бір-неше
күмбездер қатарласа қалған.
Ұзын қауырсын құйрықтарын сүйреткен, дауыстары ащы бірнеше
тауыс шаңқылдасып, жол үстінде сенделіп жүр. Кішкентай мүйізді қолға
үйретілген екі киік ағаштардың арасында жайылуда. Салбыраған беті
қыржым - тыржым көсе, жуан əтек ешкімді жібермейтіндей босағада
қаңқиып тұр. Фейзавл оны итеріп жіберді.
Бақтың түкпірінен биік, жіңішке дауыспен сызылта салған мұңды əн
естілді. Қапталдағы ағаштардың көлеңкесінде сəнді киініп, белдерін
буынған, бастарын алабажақ орамалмен танған бірнеше бозбала отыр.
Əрқайсысы құлақтарына қызыл гүл қыстырған. Əнді қолдарындағы ішекті
аспаптың нəзік сазымен сүйемелдейді.
Бозбаланың əні
Тоқал тамның төбесінде бозаң ай,
Көлеңкесі көлбең етті еркемнің.
Баспалдаққа тасаланды ол қорлық - ай,
Табан асты жоғалттым да өртендім.
Сүйем, сəулем, арбасаң да шайтандай.
О, ғашығым! Күрешаттың аруы!
Жаным құрбан бір өзіңе қаласаң.
Аласұрған əзіз жанның зəруі,
Желдей есем, от пен суға саласың
Жазшы сəулем, жүрегімнің жарасын.
Ғашығың да шатырында жайраған,
Хат жазғансың сия қылып жас қанын.
Қансыраған жарақаттың айғағын,
Жасырмапты, жасырмайды сол хатың.
Сүйем, сəулем қылымсыған, сарқылғанша қайратым.
Керуенменен жолға шықтым, бір сен деп
Қасіретімді қара нар боп арқалап,
Тоқал тамға алтын нұр боп енсем деп,
Жұлдыз туып мүлгігенде шартарап.
Сүйем, сəулем, қылымсыған,
Көзімде тек сен тұрасың жарқырап!
Спитамен Будакенді қолынан тартып қалды:
— Бұлардың барлығы да күйеулер! Бос уақыты жеткілікті. Олар
бұғалық салып даладағы жабыдан жылқы ұстамайды.
Фейзавл скифтерді алдыңғы кішкентай бөлмеге кіргізді. Бедерлі тормен
жабылған үш дөңгелек терезесі бар күмбезден əлсіз ғана жарық түседі.
Тордың барлық тесігінен жұқа мүйіз қабыршақтар жарқырап көрінеді.
Қараңғыға бірте-бірте көз үйренгеннен кейін қабырғадағы қуыстарды,
оларға қаз-қатар қойылған саз, мыс құмыраларды, түрлі-түсті шыныларды,
тостағандарды аңғаруға болатын еді.
Жолай алабажақ шымылдықтарды көтере Фейзавл əрі қарай осындай
бірнеше бөлмелерден өткізіп, төбесінде дөңгелек терезелері бар, төрт
күмбезді кеңірек залға шығарды. Төрт күмбездің барлығы да ортада тұрған
өрнекті жалғыз бағанаға тірелген.
Еденге ашық түсті кілемдер төселген. Анадайда биік арқалығы
оюланған бос орындық тұр. Қабырғаны жаралай, бір-біріне тығыла түсіп,
ашаң, қымбат - бағалы көйлектер киген жиырма шақты əйел отыр.
Барлық əйел орындарынан бір мезгілде тұрды да, қолдарын кеудесі мен
маңдайына тақап соғды тілінде.
— Хош келдіңіздер!—деп үн қатты.
— Гүлдей жайнаңдар!—деп жауап берді Будакен.
Көйлектері сусылдап əйелдер кілемге отырысты, бірақ Будакеннің əр
қимылынан киімдері желпілдеп, көтеріліп, басылып, діріл қағып бейне
тұра қашуға дайын тұрған секілді.
— Шындықтың адал қорғаны, отырыңыз!— деген сүйкімді əйел
дауысы естілді.
Қонақтар жастықтарға жантайды.
Бөлмені үнсіздік басты.
Əйелдердің алабажақ, ашық түсті киіміне, бал-бұл жанған жүзіне
қараған Будакен өлке билеушісінің қызы, Рокшанек ханым қайсысы
екендігін айыра алмады.
Топтың ортасында мөлдір көк жібекке оранған маңғаз жуан əйел отыр.
Басындағы алтын шеңбердің жіңішке сымдарына қондырылған алтын
көбелектер дір-дір етеді. Будакен оның салмақты алтын сырғаларын, түрлітүсті тастары бар алқасын, жуан білектеріндегі көптеген алтын
білезіктерін, он саусағы тола асыл жүзіктерін байқады.
Алдыңғы жақта кілемнің үстінде ересек адамдардың киімдері сияқты
ұзын көйлек киген жас қыздар отыр. Көздерінің айналасына қара сүрме
жағылып, қастары бір сызықпен қосылып, беттерінің опаланғаны сонша
барлықтары бір - бірлерінен аумайды. Олардың алдында киіміне алтын
сылдырмақтар тігіліп, алқа тағып сəнденген кішкентай, семіз бала отыр.
Будакенге тесіле қарап, күліп отырған жалғыз сол ғана.
Қалғандары көзін жерден алмайды.
Фейзавл ізетпен сұрақтар бере бастады:
— Хал-жағдайларыңыз қалай? Күштісіңдер ме? Бастарыңыз ауырмай
ма?
Барлығы үшін жуан əйел сұраудағы ізеттілікті сақтап жауап берді:
— Құдіреті күшті құдайдың көмегімен, сіздің қамқорлығыңыздың
арқасында, барлығына да шүкір!
Фейзавл Будакенге сыбыр етті:
— Князь, мүмкін сен де бірнəрсе сұрарсың?
Будакен де сыбырлап жауап бергісі келіп еді, бірақ даусы бөлмені
жаңғырықтырып жіберді:
— Анау ортада отырған сұлу мүсіні мол пішілген əйел кім? Əміршінің
қызы, ханым емес пе?
Əйелдер күбір-күбір етіп, таң қалған дауыстар мен тұншыққан күлкілер
естілді.
— Бойындағы асыл қасиеттерінің көптігі сияқты, денесі де мол бұл
əйел өлке билеушісінің жұбайы. Қызы Рокшанек ханым əлі келген жоқ.
Ханым ана кеудесіндегі алқасы мен көйлегін түзеп баланың құлағына
сыбырлады:
— Гистан бекзада, барып Рокшанекке айтшы, келетін болса келсін
ақыры. Скифтердің мына батыр патшасы оны тез көргісі келіп шыдамай
тұр.
Бала көк сафиян етігін сықырлатып кетіп қалды. Бір кезде гүлді қызыл
қоңыр шымылдық шайқалды да аржағынан көңілсіз дауыс естілді.
— Оның да мені көргісі келді ме?
Шымылдықты ашқан бала алақанына түкірініп, орнына қайтып келді.
Ізінен жүзі қуарған арық қыз көрінді. Сүрмемен жиектелген қысыңқы көзін
жоғары төңкерген күйі ешкімге назар аудармайды. Оның кішкентай
бұрымдарды біріктіріп, құлақ тұсынан өрілген, көкшілдене құлпырған
бұйра қос бұрымы лағыл моншақ тағылған кеудесіне құлаған. Өкшесіне
түскен қызғылт жолақты, күлгін көйлек киген ол аппақ қолдарын алға
созып, көзге көрінбейтін нəзік затқа тиіп кетпейін деп айналып өткендей,
əр қадамын абайлап басып, кілем үстімен жүріп келеді.
Үлкен бедерлі орындықтың жанына келіп аяғын төсенішті керенаулана
басып, зерлі жастыққа отырған соң көк жібек шалбардың балағы жапқан
сирағын жинағанда, тілерсегіндегі жіңішке алтын білезіктер жарқ-жұрқ
етті. Барлығынан мезі болғандай Рокшанек Будакенге бір қырын отырды.
— Менің сүйкімдім қайда?—деп абыржыды ол.— Осында тез алып
келіңдер.
Шымылдықтың ар жағынан бұйра шаштары жалтылдаған, мықынына
ала белдік байлаған, танауында меруерт тасы бар мыс сырға таққан зəңгі
қыз көңілдене күліп шықты.
Қыз біресе алға өңмендеп, біресе қапталға тартқан үлкен сұр ешкіемер
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қарауыл Төбедегі Оттар - 08
  • Parts
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 01
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2503
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 02
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2397
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2388
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 04
    Total number of words is 3904
    Total number of unique words is 2350
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 05
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2564
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 06
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2284
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 07
    Total number of words is 3949
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 08
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2204
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 09
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2433
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 10
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2314
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 11
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2364
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 12
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2353
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 13
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2338
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 14
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2429
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 15
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2338
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 16
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2281
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 17
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2412
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2363
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 19
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2288
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 20
    Total number of words is 735
    Total number of unique words is 605
    39.6 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.