Latin Common Turkic

Қарауыл Төбедегі Оттар - 13

Total number of words is 3811
Total number of unique words is 2338
30.4 of words are in the 2000 most common words
44.5 of words are in the 5000 most common words
52.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Əлеуетті қол Спитаменді қарынан мытып ұстап, бұлшық еттерін байқай
бастады.— Бəрін білемін дейсің ғой! Жақсы! Ныспың кім еді? Шеппе —
Тэмен? Дах руынан екенің рас қой?
— Жоқ, соғдымын.
— Бəрібір солай-ақ болсын! Агурамазданың жолын ұстайсың ба? Иə!
Ариманның басына небір қатер төніп, қарғыс жаусын деп тілейсің бе? Егер
өзің айтқандай бəрі рас болса, онда қазірден бастап біздің қатарымызға
қосыласың.
Əскербасы анадайда қазыққа жеке байлаулы тұрған шұбар атты
нұсқады:
— Анау атты көрдің бе? Оның иесі қаза тапқан. Артында аты мен қаружарағы қалды. Осының бəрін аласың да, марқұмның туысына адал бағасын
төлейсің. Əрине, қазір емес кейін, жігітті соғыстың байытатынын білесін
ғой. Бір-екі сұмырайдың жанын жаһанамға жіберсең, ақшаң да болады.
Қарнын аш сияқты, отқа жақында бір-екі уыстары берсін.
Спитамен отқа жақындағанда бірнеше дауыс қатарласа шықты:
— Бұл сиқыршы! Біздің жүзбасыны өлтірген сұмды тезірек байлаңдар!
Жердің астына кіріп, сары шаянға айналып кете алады! Ариманның
үмбетіне ажал келсін!
Əскерлер орындарынан ұшып тұрысты. Басшылары жақындады:
— Əскербасыны өлтіргенін, сиқыршы екендігің рас па?
Жан-жағынан жабылған иттерге тап беретін қасқыр сияқты айбар шеге
Спитамен аяғын алшақ қойып тұра қалды. Бір əскерді тамағынан
қылқындырып ұстап. лақтырып жіберіп еді, ол анадай жерге домалап кетті.
— Иə, менімен жекпе-жекке шығуға жүрегі шайлыққан, қорқақ
жүзбасының көзін жойғаным рас. Егер кімде-кім мені Ариманның
қызметшісі десе оны да буындырып өлтіремін. Сол сұмның көзі жоғалсын,
жер үстіндегі шындық жасасын!
— Тыңдамаңдар!
əскерлер.
Өлтіріңдер!
Өлтіру
керек!—десіп
шуылдасты
— Мұны Сатибарзанға апару керек,— деді əскербасы.— Ол не десе,
солай болады. Кеттік!
Күлгін түсті жібек көйлек, жасыл күдірі шалбар, сары етік киген
Сатибарзан ашық түсті кілем терліктің үстінде жатыр екен. Жанында жүзім
салған қалайы табақ, шарап құйылған скифтердің алтын тостағы тұр.
Малдас құрысып айнала отырған əскерлер жас əншіні тыңдап отыр. Тартып
отырған жеті ішекті арфасының əуеніне қосылып ертедегі батырлардың
ерліктері жайлы əн салуда.
— Сиқыршыны ұстадық, міне, сиқыршы,— десіп айқайлап келді
жауынгерлер.
— Тыныш, тыңдауға бөгет жасамаңдар!
Сатибарзаннын сұлу жүзі ренжіген кейіпте кіржиді.— Тынышталыңдар
деп сендерге айтып тұрмын!—деп ақырды əлгілер қоймаған соң.
Əскерлер тынышталды, бірақ əнші де шаршаған болуы керек, ауыр
демалып терең тыныстады.
— Демал, Фирак, шарап іш. Сатибарзан өзінің алдындағы тостағанды
əншіге ұсынды.
— Ал, кəні, енді айтыңдаршы, бұл неғылған адам.
— Бұл сиқыршы. Байлап қойған жерімізден шаянның ініне кіріп кетті
де, жүзбасының басын шауып, жарқанат болып ұшып кетті.
— Ха-ха! Miнe, қызық адам, бұл маған ұнайды!— деп саңқылдай
сөйледі Сатибарзан.— Тек ертегілерде ғана айтылатын осындай адамды
мен көптен бері іздеп жүрмін. Кел, қасыма отыршы. Əлде тағы да жарқанат
болып ұшып кетесің бе? Шарапқа қалайсың, өзің?
— Сіздің қолыңыздан ішуге болады,— деген Спитамен кілемге отырды.
— Мыналардың жүзбасыны өлтірді деген рас па?
— Мені өлтіргісі келгендіктен көзін жойғаным рас. Немене, мұным
дұрыс емес пе?
— Тоқтай тұр, мен сені бір жерден көрдім. Есіме жаңа түсті, патша
сарайына скиф Будакенге еріп келіп, явандарды талай дүрелегенмін деген
осы сен емес пе едің?
— Иə, сен мені Маракандада көргенсің.
— Шаянның жатағына да кіріп кете аласың ба?
— Сұмырайларды ұстау үшін мен көзілдірікті жыланның ініне де кіріп
кете аламын.
— Жараңдар!—деп айқайлады Сатибарзан.— Явандардан қашпай,
олармен айқасуға асығып жүрген адам осы. Ал сендер осындай адамды
өлтіргілерің келеді! Жаумен біргесіңдер ме, əлде оларға қарсысыңдар ма?
Жүзбасы өліпті, оның жаны ұжмақтың алты өзенінің жағалауында жай
тапсын. Ал біздің жанымызда таяудағы ұрыста өзін қалай көрсететініне куə
болатын жаңа жолдасымыз бар. Оны солақай - тікенек деп атайды. Сол
қолымен де, оң қолы сияқты тамаша семсерлеседі, ал кімде-кім оның
мойнына мінгісі келсе шаян сияқты шағып алады. Омыртқасы үзілген
шиебөрілер секілді мына жерде жатып алмай, ертең сұмырай явандарды
іздеп атқа қонамыз!
— Жаса, Сатибарзан! Бізді ұрысқа баста!—деп ұрандасты əскерлер.
Орнынан тұрған Фирак Спитаменге қарап:
— Сен Шеппе — Тэмен ғана емес, түнекті жарып ұшқан қызған шоқ
сияқты ерлігімен даңқы шыққан Спитаменсің. Достарым, бір қанішер
байлап «үнсіздік мұнарасына» тастағанда, менің жанымды аман алып
қалып, сыйлаған осы адам.
Жанына жақындаған Фирак Спитаменге қолын тигізіп:
— Етегіңнен сүйейін,— деді.
Жан-жақтан жүгірісіп жеткен əскерлер Спитаменді нұсқап:
— Бұл адамның қолынан бəрі келеді, ешкімнен қорықпайды,— десті.
— Осындай жаужүрек батырмен жүрсең жеңілу дегенді білмейсің!
Фирак Спитаменді оттың басына алып келді. Барлықтары да оған
қаймақ араластырған шарап құюлы тостағандарын ұсынып, Спитаменнің
құдіретті күшінен сəл де болса рух алу үшін қолдарын сол иығына тигізуге
тырысты.
Сатибарзанның ажалы
Əскерлер елең-алаңда аттарының бастарына сұлы салған ала дорба
байлап, көліктерінің жандарын барып, жалпақ айылдарын тартып, киіз
тоқымдарын бекіте бастады. Иелері ұйықтап жатқан кейбір арғымақтар
қасындағы аттарға жем берілгенін көріп ноқталарын жұлқа тартысты.
Жүннен тоқылған ақ сулыққа оранып жатқан Сатибарзан түні бойы көз
ілмей шықты. Қолдарын иегіне тіреп, ұзын шашы ұйпа - тұйпаланып
сонадайдағы жазыққа көз салды; алаулап жануы тоқтамаған алыстағы
мекендерден будақтаған қара нөсерге ұқсаған қара түтінді жел айдап бара
жатты.
— Ежелгі Персия құлады, оны енді ешкім құтқара алмайды,— деп
күбірледі ол.
Жанына келген жас қызметші аппақ тістері жарқ етіп, мысқылдай үн
қатты;
— Патшалардың падишасы зытып барады.
Сулығын серпіп тастаған Сатибарзан ұшып тұрды.
Қызметші қалқаны мен дулығасын дайындап ұстап тұрды:
— Өтірік айтасың! Көзіңді құртамын!
— Нанбасаң өзің қара!
Үлкен жолдың үстімен қаздай тізілген қалың қол кетіп бара жатты.
Мыңдаған тұяқтардың дүрсілі таңертеңгі тыныш ауаны жаңғырықтырады.
Асхана, шатыр, арба басқарушылар анық көрінеді. Əлеміштеп əбзелденген
қашырдың үстінде бас əтек мүлгіп отыр. Алыстағы топтың арасынан ұзын
сырыққа көтерілген Артаксеркс патшаның алтын белгісі көзге түседі.
Сатибарзан сауытын киді. Қызметшісі оған семсер ілінген кісесін тағып
иығына сулығын жапты. Содан кейін жай басып жолдың жиегіне келді.
Алқымына темір торлы сауыт кигізген жорық атының тізгінінен ұстаған
қару көтерушісі қасында тұр.
Сатибарзан «Будакеннің сыйы!» деп есіне алған ақ жалды алтын сауыр
тұлпар ауыздығын шайнап, аяқтарын жеңіл тастап жолмен шоқытып
барады. Қан – қызыл сулық жамылып ат үстінде отырған Бесстың түйілген
қасы мен ашулы қара көзі ғана көрінеді.
Сатибарзан жерден бірнеше түйір топырақты алып, басына септі де,
Бесске патшалық қошамет көрсетіп жерге жеткенше иілді.
— Бері жақында,— деп міңгірледі Бесс.— Менің көзім македондықтың
əскерінің аз екендігіне əбден жетті. Осында алдап əкеліп, шаруасын бірден
бітірмекпін. Оның жолында жатқан жеті күндік жердегі барлық елді
мекендерді, азық-түлік қорларын өртеуге бұйрық бердім. Осы күнге дейінгі
мақтаншақ Іскендірдің жеңістері тек Дарий патшаның ақымақшылығының
арқасында ғана. Өңмеңдеген дөрекі македондықты ит тұмсығы батпайтын
орманға, терең өзеннің ар жағына, биік таулардың арасына апарып тығып,
гректер қарсылық көрсетпек түгілі, ешқайда қашып шыға алмайтындай ету
керек. Сен қалай ойлайсың?
— Мен сенің қызметшіңмін, міндетім ақыл қосу емес, мойынсұну.
— Əрі қарай Соғдианаға шегіну қажет деп шештім. Таяуда маған
көмекке хорезмийліктер, басқа скиф руларын есепке алмағанда дақтар мен
сақтар көмекке келеді, Яксарттың ар жағындағы скифтерді бойшаңдығы
сондай македондықтар олардың жандарында кішкентай бала сияқты
көрінеді,— деп Сатибарзанға еңкейген Бесс сыбырлап сөйледі.— Біз үшін
тиімді шешім осы... Əлдеқандай күн туса əрі қарай қашып, скифтердің
арасына барып жасырына аламыз.
— Əміріңізге құлдық! Сатибарзанның дауысы жайбарақат əрі ызғарлы
шықты.
Бесс сардарына тесіле қарады; оның ойын бүгіп қалғанын сезіп, дауысы
дірілдеп, тыжырынып қатқыл сөйледі:
— Тəртіп сақтау үшін саған осында қалуды бұйырамын. Жергілікті
халықты талау мен тонауға, қырып жоюға жол берілмесін, содан соң ең
соңынан Соғдианаға бізге жетесің.
— О, ұлы мəртебелім!—деді Сатибарзан.
Оның көзі Бесстың жанындағы патша «мемлекеттік мəселелерді»
ойласып, тойларды бірге өткізетін іркілдек денелері əбден тойынған
маскүнемдер мен жалбақайлар тұрған жаққа қадалды. Олар əңгімені
естігілері келіп, құлақтарын тігіп, тына қалысты.
— Тағы не айтасың?
— Небір ұлы өзендер де, асқар таулар да, шөл дала да ашық ұрыстан
тайсақтай қашқандарды құтқара алмайды. Біз үшін семсердің қылпыған
жүзінен басқа қорған жоқ.
— Қосмүйізбен бетпе-бет ұрыстан қашып бара жатыр деп ойлауға
қалай батылың барады?
— Бактриялықтардың: «көп үрген ит қатты тістемейді»,— деген
мəтелін білесің. Олардың: «үлкен өзен у-шусыз ағады»,— деген мақалдары
жəне бар. Мен македондықтарды іздеуге аттанамын.
Патшалардың падишасынан сырт айналған Сатибарзан қадамын нық
басып, артына бұрылмастан алыстай берді.
Аласұрған Бесс семсерінің балдағына жармасқан, бірақ иесінің ашуын
сезіп жер тарпыған жас тұлпар секіріп кеткенде патша əрең дегенде
құламай қалды.
Шұбар арғымаққа қарғып мінген Сатибарзан өз əскеріне қарай
құйғытып шаба жөнелді. Оның белгісін күтіп тұрған атты əскер ерге қонды
да, тізіліп жолға шығып, Ақбас тауларды бетке ұстап жүріп кетті.
Қалың қол алдымен оңтүстікке, содан соң батысқа қарай бұрылды.
Бірнеше күннен соң Бактрадан алған аттардың жемі арпа да таусылып,
əскерлер енді мекендерге аялдағанда нан мен ұнды, арпаны жергілікті
тұрғындардан тартып ала бастады. Соғыс əлі келе қоймаған.
Бұл жерде сақталған қор жеткілікті екен. Сатибарзан шаруаларға алтын
үлестіріп көрген еді, бірақ олар:
— Бізге алтындарыңның қажеті шамалы. Одан да қысқа сақтаған
қорымызға тиіспеңдер, қыста қайтіп күнелтеміз?— десті.
Кешкілік ерулеген кездерде Сатибарзан Спитаменнен жолдар жайлы
сұрап, македондықтардың сыртпен, кейіндегі қалған отанымен байланысын
қалай үзу қажет -тігін бірге ойласатын. Спитаменнің қарамағына жүз атты
əскер берілді. Олардың арасында иықтарына барс терілерін жамылып,
қасқыр тымақ киген таулық дахтар, қылдан тоқылған торсауыт киген
бактриялықтар да бар еді.
Спитамен осы жүздігімен жол бастап, қалың қолдың алдында келе
жатты.
Кімнің бағы жанып жеңіске жетсе жұрттың сонымен дос болуға
ұмтылатыны қашанғы əдет. Жалдамалы жансыздар мен жау жаққа өткен
опасыздар Македонияның патшасына парсы əскерінің үлкен бір тобы
Экбатаннан келе жатқан керуенге қауіп туғызып, олардың желке тұсынан
шыққанын хабарлап та үлгерді.
Үлкен жолды бойлай бір - бірлеріне жалғасқан Александрдың почтасы
шағын топ қалдырылған бағынған шаһарларға оның бұйрықтарын тез
жеткізді. Күштерін біріктіріп үлгерген македондықтар Сатибарзанға қарсы
аттанды.
Сөйтіп, Артаксан шаһарының жанында Сатибарзан соңдарында
қаптаған жау əскері бар македондықтардың салтаттыларына тап болды.
Алға шауып шыққан бактриялықтар аттарын ойнақтатып, ұрысқа
ыңғайлы сəтті күтіп, сап түзей қалған македондықтардың қытығына тиіп
бақты. Жаудың бір қанатын айналып өткен Спитаменнің жүздігі
топтарынан шеттеген бірнеше салтаттыларды қағып түсірді.
Алға шыққан Сатибарзан тапжылмай тұрған жауды садақпен атып,
мазалаған бактриялықтарды кейін қайтарды. Дулығасын шешіп, қатты
айқайлап жаудың батырларын жекпе-жекке шақыра бастады. Ұзын
шаштары иығына төгіліп, күн сəулесіне шағылысып сауыты жалт-жұлт
етеді. Астындағы жүйрік шұбар айғыр да иесі сияқты құтырынып, жалы
тікірейіп, жау легінің алдында олай-бұлай ойқастады.
Сол кезде көк темір құрсанған македониялық əскербасы Эригий алға
шықты. Астындағы аты кең кеуделі, есік пен төрдей үлкен. Сатибарзанның
лақтырған найзасы македондықтың дулығасын ұшырып түсіріп,
жалбыраған бурыл шаштары иығына төгілді.
— Жекпе-жек! Жекпе-жек!—деп айқайлады македондық. Тамырымда
жас қан ойнайды.
Македондық тəжірибелі де күшті еді, оның дəл көздеп лақтырған
найзасы Сатибарзанның өңешіне қадалып, желкесінен бір-ақ шықты. Құлап
түскен иесін тастап, аршындай секіріп шыға келген шұбар айғыр жазық
даламен шауып бара жатты. Атының басын тартып тоқтатқан македондық
найзасын суырып алып, Сатибарзанды екінші рет шаншымақ болды. Бірақ
анау түрекелді де: «құл болып өмір сүргім келмейді!»— деп қатты
айқайлап найзаны қолымен қағып алып, жалтыраған сауыт салпыншақтары
арасынан болат сүңгіні кеудесіне бойлата сұғып жіберді.
Осы кезде македондықтардың барлық атты əскері шабуылға шықты.
Найзаларын ұмсына созып, бір-бірін шынтақтаса қорғап, алға ұмтылған
олардың тегеурінді легін тоқтату мүмкін емес еді. Тарыдай шашылған
жеңіл бактриялық салтаттылар македондықтардың салмақты аттарынан тез
құтылып, шегініп бара жатты.
Спитаменнің жүздігі дұшпанның бүйірінен бүйідей тиді де, лектің
шетін жайпап өтіп, тез кейін шегінді. Македондықтардың біразы оларды
қуа жөнелді. Жүздігінің ең соңында шауып бара жатқан Спитамен атының
басын кілт бұрып, тұра қалды да, садақпен дəл көздеп бірнеше жауын
құлатып, қалғандарын тоқтауға мəжбүр етті.
Қайтадан кілт бұрылған Спитаменнің тобы жауға тағы да тиісті. Айқас
қас-қағым сəтке ғана созылды, тағы да кейін қашқан бактриялықтар
бұғалық салған шалажансар тұтқын, македондықтарды кедір-бұдыр
жермен соңдарынан сүйретіп бара жатты.
Сатибарзанның қолы жазыққа жайылып кетті. Көбісі майдан даласында
қаза тауып, кейбіреулері енді Іскендір патшаға қызметке кіреміз деп
жаудың
қолына
түсті.
Тосқауылдан
қорыққан
македондықтар
қашқындардың ізіне түскен жоқ. Жараланғандары мен өлгендерін жинап,
жеңіске шаттанып, өлеңдерін айтысқан олар қосындарына оралды.
Сатибарзанның елі денесінен сауыты мен қару-жарағын сыпырып алған
əскербасы Эригий мұны Александр патшаға тартуға апаратындығын айтты.
Кешкілік бактриялық салтаттылардың үштен бірі ғана жиналды. Олар
Спитаменді қалқанға салып көтеpiп, өзіміздің көсеміміз деп таныды.
Сүйреткен кезде қатты жараланған жиырмаға жуық македондық
тұтқындарға бұғау салынып, ауыр жаралылары атқа таңылды да, шағын топ
кейін бұрылып Окс өзеніне қарай жүріп кетті.
Бактриялықтар жекпе-жекке шығып Сатибарзан дұрыс жасады ма деп
айтысып келе жатты.
— Персияны жоқтап жылаған оны жекпе-жекке итермелеген ажал ғой!
— Қарсы алдынан шалды көргенде қолы мүлт кетті.
— Қаны төгілгенмен ары таза кетті.
— Ажалдың бұғалығына өзі іздеп барып түсті.
— Сен қалай ойлайсың, Спитамен?
Іңір қоюлана түсті. Қаз қатар тұрған жартастардың арасынан үш жүз
атты əскер ылдиға құлап келеді. Ұясына қонған күннің алыстағы жалқыны
кейде қан қатқан қалқандарға шағылысып, иықтарына жамыла салған
жалба-жұлба терілері сəулеленген үш жүз адам енді не айтар екен деп оның
ауызына қараған.
Сол кезде жүздеген тұяқтардың дүбірі арасынан: «Қылыштарыңды қара
тасқа жаныңдар!..» деген Спитаменнің қарлыққан көтеріңкі дауысы естіліп,
үш жүз адам бірден іліп əкеткен əн, тұлпарлардың кісінескеніне,
осқырынғанына ұласып қызыл іңір семгенше естіліп тұрды.
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
ҚОСМҮЙІЗ ШАБУЫЛҒА ШЫҚТЬІ
Парсылардың елінде жатжерліктердің өзімсінгендіктері
өздерін жергілікті тұрғындардан да еркінірек сезінді.
соншама
(Ксенефонт)
Шабуыл
Александрдың жансыздары күллі Бактрияның өртке оранып, Бактраға
жəне басқа да шекарадағы шаһарларға жиналған əскерлердің өз отбастарын
аман алып қалу үшін жан -жаққа қашын жатқандығын жеткізді. Қаңғыбас
абыз кейпінде бірнеше рет таудан асқан бір жансыз таңдаулы жасағымен
ұлы өзен Окстан асыға қашып еткен Бесстың жағалаудағы барлық
қайықтар мен салдарды түгел өртеуді бұйырғанын айтып ант ішті.
Жаһангердің жоспарын ешкім де білмейтін. Сырт көзге Дрангианада бір
жола қалған сиякты. Паропамис тауының баурайынан жаңа шаһар
Александрияны салдыруға білек сыбанып кірісіп кетті. Бірқатар
македондық əскербасылардың оны өлтіріп, жасаққа жаңа қолбасшы
дайындамақ ниеттерін де осы күндері есітті. Сондықтан Александр
шаһардың құрылысын өз жайына қалдырды да, ай бойы қаһарына мініп,
қастандыққа қатысы бар дегендердің барлығын жазалаумен болды. Асығыс
салынған алғашқы тұрғын үйлерді ұзамай нөсер жауын ағызып алып кетті.
Атты əскердің басшысы патшаның құрдасы əрі досы, емшектес бауыры
Филота сұмдық азаптаудан соң, бірден - ақ жендеттердің қолына беріліп
найзамен түйреліп, ұрып өлтірілді. Тапсырмасын құлақтарына сыбырлап
өзі ғана өте құпия айтты да, үш сенімді жендетін желмаяларға мінгізіп,
шұғыл Филотанын əкесі Парменионға аттандырды.
Парменион Александрдың хатын алып оқи бастаған кезде сыртынан
келген жаушылар кəрі қолбасшыны семсермен бір-ақ шанышты.
Өзіңе ет жақын адамдардың біразын жазалағанымен, мұны қанішер
Александр місе тұтқан жоқ. Бір-біріне тез жеткізетін тасымал почта
арқылы əркім елге, əз үйіне хат жаза а лады деп жар салды. Бірақ хат колға
түсісімен ашылып, түгел оқылып, тəртіпке қарсы ниеттегі жауынгерлердің
барлықтары ерекше айыпкерлер тобына бөлініп, қатаң бақылауға алынды
да, негізгі күштерден бөлек ұсталды.
Содан кейін олардың ең таяудағы ұрыста қауіпті шайқастарға
қатынасып, өздерінің адалдықтарын іспен дəлелдеу қажеттігі хабарланды.
Қатаң жазалау арқылы аздап болса да қаһарын қайтарып, Македониядан
бірнеше мың жас жауынгерлерді көмекке алған жиһангер бүлікшілер
тынышталды, жасақ əмірімді мүлтіксіз орындайды деп түйді. Тоңазыған
жерді күн енді-енді қыздыра бастаған, бірақ таудағы қалың қардың əлі
мұрты бұзылмаған ерте көктемде, əскербасылар мен жақын достары
жиналған кешкі тойлардың бірінде Александр таяу күндері жаңа жорыққа
аттанатындары жайлы айтты.
— Қайда?—деп барлықтары шу ете қалысты.
— Табыңдар?
Содан барлықтары дауласып кетсін. Біреулері жорық Индияға десе,
екіншілері Бактрияға деп қызыл кеңірдек болысты. Басқалары патшаның өз
жерін кенейткендігі соншама, енді ол кейін шегініп Кавказ асып, Понтий
теңізінің жағалауына шығады да, сол жақтағы скифтерді бағындырып,
жана жолмен Македонияға оралып, туған жеріне əлемді билейтін
патшалықтың астанасын салғызады десті.
— Мен мұны жердің шетіне жеткенде — деді жиһангер масаттана,—
күн сайын сəулетті Феба құдайдың жалт-жұлт еткен күймесі шығатын,
соңғы теңіз шайып жатқан шығыс жағалауға найзамды шаншыған соң
жасаймын.
Əйтеуір. барлығына белгілі бір нəрсе Александрдың ат басын шығысқа
бұратындығы, бірақ қай жолмен, Соғдиана, əлде Қытай ма, Индия ма, оның
шешімін ешкім де таба алған жоқ. Тек шарап толы үлкен «Геракл шарасы»
қолдан қолға өтіп, барлықтары да жорықтың сəтті болуы үшін ішісті.
Бірнеше күн бойы Александр болжаумен айналысты. Сарайдың бас
абызы да түсініксіз, беймағұлым болжалдар айтып міңгірледі. Ақыры отқа
табынушы жергілікті дрангиандық абыздардың шіркеуіне барған
Александр қасиетті бормен еденге үлкен шеңбер сызды да, оны он екіге
бөліп, əбден аузынан ақ көбігі ағып, қол-аяқтары құрысып құлағанша
айналды да жүрді.
Қасындағылар шу-шу етісті:
— Сенін ажалың жоқ! Сен жайлы қасиетті кітап Авестада жазылған!
Күллі əлемді бағындырып, адам етімен қоректенетін жер астын жайлаған
қанатты аждаһаларды да жеңесін!
Суыт жүріп, Артаксанадан жеткен атты əскердің бастығы ақ шашты
Эригий парсы батыры Сатибарзанның сауыт-сайманын алып келіпті.
Əлемнің билеушісі күні батқан кəрі Персия ма, əлде жас Македония ма
соны көрсету үшін жекпе-жекке шықтым дейді. Парсы батырынан жасы екі
есеге жуық үлкен болса да, төбесінде ұшып жүрген Палладалық Афина
құдайдың өзі мұның қолына қуат беріп, парсы құдайлары жылан болып
жиырылып, домалай жөнелгенін өз көзімен көрген, содан соң Сатибарзан
бастап келген бактриялық атты əскерлер қорыққандарынан тым-тырақай
қаша жөнелген.
Жақсы нышанға көңілі толған Александр жеті тау - асуының ең
шығысындағы Панджир шатқалы арқылы асығыс қозғалуға бұйрық берді.
Дрангианада тек тəртіпті бақылауға тиіс шағын топ қалды. Шығысқа бет
түзеген қолдың үш мыңы атты, жиырма мыңы жаяу əскер болатын. Екі
доңғалақты арба жегілген, теңдер артылған ұзын сонар түйелер керуені
бақырып-шақырып, сықырлап, гүрсілдеп қалың жасақтың соңынан
қозғалды.
Жорық басталған күні ашық аспанда күн нұрын төгіп тұрды. Тек
шатқалға кіре беріске жақын Солянг шыңында бірнеше күн бойы сұп-сұр
бір шөкім бұлт ілініп, кетпей қойды. Жол басшылар сол жерде, үңгірде
сиқыршы мыстан кемпір Оджуз тұрады, бұлттың шоғырлануы мыстанның
ашулануының белгісі, ол жақта тауда боран ұйтқып, жолдың бойын қар
басады. Оджуз бұлтқа мініп ұшып кеткенде ғана жолаушылардың сапарға
аттануына болады десті. Бірақ жорық басталған күні бұлт батыс жаққа
қарай жөңкіле көшіп, күннің ашылғаны сондай, таудың басындағы күміс
қар қараған көзді қарықтырды.
Александр қолпылдаған кен шығыс киімдерін Парачалардың тері
шалбарын, киіз етік пен қара құндыз ішік киіп келе жатты. Астында тау
соқпақтарына үйренген мықты ат ойнақтайды.
Ұзамай жол ауырлап, жан-жақта қалың қар жатты.
Жиһангер жолды таптау үшін алдыңғы жаққа құлдарды айдауды
бұйырды. Жылы жақтарда колға түскен, жартылай жалаңаш, аш
бейшаралар қарға омбылап, тез əлсіреді. Македондықтар қалжыраған
байғұстарды жолдың жиегіне итеріп тастап, олар үсіктен тез-ақ қырылып
жатты. Мұндайда алмастыру үшін кейінгі жақтан басқа тұтқындар
жеткізіліп отырылды.
Жол бойындағы адам бара алмайтын жартастардың беткейіне таудың
тағы тұрғындарының үйлері жапсарластырыла салынғанды. Олар төбесіне
қарай шошақтала тастан қаланған. Мұнараларының арасында жарық түсіп,
түтін шығатын тесіктері бар.
Бұрын суыққа үйренбеген макендондықтар, əсіресе гректер келесі күніақ өкіне бастады. Жергілікті тұрғындарды тонап, олардың жылы тері
киімдерін тартып киіп, қойларын сойып, буы бұрқыраған терілерге
аяқтарын орап жылынды. Дірдектеп баспаналарға бір кірген оларды
бойлары жылынған соң жорықты əрі қарай жалғастыру үшін найзалап
айдап шықпаса орындарынан тұрғызудың өзі қиынға соқты.
Асудан асып теріскей беткейінен Бактрияның алғашқы селосына
жеткенше жасақ он жеті күн жол жүрді. Бұл уақытта жолға алған барлық
азық-түлік таусылып, барлық май мен шарaп ішіліп, жүк артылған
жануарлардың жартысынан астамы сойылып желінген болатын.Бактрия
селоларында қора-қора малға, қабырғалары кірпіштен қаланған қамбаларға
тығылған мол азық-түлікке тап болды. Барлық артық азық-түлікті өртеу
туралы Бесстың бұйрығы бұл жерге жетпеген екен. Шегірткедей қаптаған
Македония жауынгерлері жолдарындағылардың бəрін жалмап, аттар мен
басқа малдарды тартып алып, қыңқ етіп қарсылық көрсеткендердің
көздерін жойып, қаптап келе жатты. Жатжерліктерден қорыққан жергілікті
тұрғындар бастары ауған жаққа жансауғалай қашысты.
Шаһар салу үшін жылғалары мол таудың етегін таңдап бұл араға жеті
мың құл мен жорықтың ауыртпашылығын көтере алмас деген бір топ
жауынгерлер қалдырылды. Қашып кеткен барлық адамның жері осыларға
иелікке, олардың жетім-жесір балалары мен əйелдері жаңадан
қоныстанушыларға құлдыққа, күндікке берілді. Қалың жасағын осы жерде
азғана тынықтырған Александр жол бойында ешбір қарсылық көрмей алға
қарай жылжыды.
Жиһангер Бактрада
Александр Бактраға тақала түсті. Бактрияның астанасына кірместен
бірнеше күн бұрын жиһангердің бұйрығы бойынша жауынгерлер оған
таяудағы мекендерде тынығып, тойынып, жуынып-шайынып, өздерін
тəртіпке келтірді. Қиын тау асуы жауынгерлердің көбісін қатардан
шығарған болатын.
Шаһар дарбазасы алдындағы төбенің үстіне шығып тоқтаған жиһангер
ұрысқа дайындала сап түзеп жанынан өтіп бара жатқан жауынгерлерге көз
салды. Жүк тиелген арбалар жақын мекендерде қалдырылды. Тек жорық
кеңсесі бар патшаның өз арбасы ғана жасақтың артын ала Бактрия
өлкесінің сатрапы бұрын тұрған қамалдың ортасындағы сарайға беттеуге
тиіс еді.
Көктемнің шуақты таңы, түңгі аяздан жылына қоймаған құрғақ жол,
тойынған жауынгерлердің көңілді əндері, аяғының астындағы бас иген
байырғы Персия патшалығының мынау сəнді астанасы — барлығы да
Александрдың көңілін ерекше бір қуанышқа кенелтті. Ол өзінің тек
салтанатты шерулерге ғана мінетін, қартайса да асау мінезін жоғалтпаған
баран түсті тұлпары Буцефалдың, үстінде отыр. Жан-жағындағы
жылқылардың көптігінен делебесі қозған айғыр сылдырай кісінеп,
алдыңғы аяқтарымен жер тарпып, үстіндегі шабандоздың қарулы қолы
тежеп ұстаған жалпақ қызыл тізгінді тартып, ауыздығын қарш-қарш
шайнайды.
Төбе басынан шаһар шексіз-шетсіз болып көрінетін, кішкентай
бақтармен қоршалып қызыл, сары кірпіштерден салынған үйлер жан-жаққа
шашырай жайылған. Үйлердің арасынан көтерілген шіркеу мұнаралары
мен күмбездерінің төбесінен бұдан жүздеген жылдар бұрын
бактриялықтардың ата-бабалары жаққан, сөнбейтін, мəңгілік қасиетті
оттардың түтіндері шұбатылады.
Жиһангерге шаһар ішінде бұларға дұшпан ниеттегі əскер жоқ,
ақсақалды ұлықтар кеңесі қақпа сыртында қарсы алып, Бактра
басқыншыларға қарсылықсыз берілетін болыпты деп жеткізді.
— Эвмен! — деп айқайлады жиһангер жорық кеңсесінің бастығына
бұрылып. — Мен осымен нешінші астананы алып отырмын?
— Оларды көп бағындырғаныңыз сонша, тіпті кейбіреулерін ұмыта
бастадық!— деп қалды оған жақынырақ тұрған, жалбақтап қалуды ұят
санамайтын Перитакен.
— Не десеңіз де бұл ең соңғысы емес, — деп жауап қатты Эвмен.
— Алдымызда əлі соғдылардың астанасы — Марканда, скифтердің
астанасы — Роксонаки бар,— деп құптады Александр.
Шаһар қақпасы алдында Александр ат басын ірікті. Терісі сүйегіне
жабысқан арық, ұзын бойлы, аттың құйрығы сияқты қатқыл ақ сақалды
қария қақпадан жүгіріп шықты. Қолына пергаменттің көне орауларын
ұстаған:
— Аялда тəңірі тектес, мəңгі жасағыр əлемнің əміршісі! Бағзы
заманалардың кітаптарында не жазылғанын тыңда! Ондағы барлық болжам
шындық, онда сенің қасиетті шырақтар сақталған Бактраға келетінін
жайлы да жазылған екен.
— Сөйлесін,— деді мадақтау сөздерді күткен жиһангер.
— «Қайғыдан аспан түтігіп, өліктердің мүңкіген иісінен ағаштар мен
шөптер солатын күн келеді... Қаныпезер құдай Ариман мəңгілік өмір
берген Афросиаб күллі адамзатты қыру үшін жер бетіне шығады...»
— Мынаның есі ауысқан, қуып жіберіңдер!—деп айқайласты жанжақтағылар.
— Сен де мəңгілік өмір сүресің бе?—деп сұрады Александр.
Ол қатты ашуланды. Астындағы аты ойнақтап тұрды.
— Менің де ғұмырым мəңгілік, Авестаның ақ жолындағы жұртын
құтқару үшін сені қалай құртудың жолын жақсы білемін. Өлген соң құртқұмырсқа сенін арам тəніңді үш-ақ күнде жеп қояды...
— Сенің болжамың қай кітапта жазылған?— деп қарлыға, қаһарлана
сұрады жиһангер.
— Заратустраның даналық тұнған, шыншыл мына қасиетті кітабында?
— деп айқайлады қария, қолындағы орауды қалшылдай жоғары көтеріп.
— Гефестион, таза философия мен түзік ақылдың қас дұшпаны мына
дұшпан айтқан əлгі мағынасыз, зиянды кітаптардың барлығын жинап бір
жерге үйдір де, ортасына мына есуасты тастап, май құйып өртеп жібер...
Александр қамшы басқан атының кеудесімен шалды қағып ұшырып
түсірді де, қақпаға екпіндей кірді. Ашулы жиһангердің соңынан шаба
ілескен жүздеген тұяқтардың дүрсілі шалдың жылаған даусын көміп кетті.
Жолдың екі жағында əміршілерін қарсы алған көптеген абыз бен шаһар
ақсүйектері Персия ғұрпы бойынша бастарын жерге тигізіп, төрттағандап
жата - жата қалған. Бір уыс топырақты төбелеріне шашқан олар:
—Құдайдың сүйген ұлы, патшалардың падишасының даңқы артып,
мəңгі жасай берсін!— десіп шуылдасты.
Күдікшіл əрі ырымшыл Александр кешкі қонақасы дайындалған сатрап
сарайының ұзын, кең бөлмесіне енгенде Гефестиоинан:— əлгі қасиетті
кітаптар өртелді ме,— деп сұрады.
— Мен барлық шіркеулерге қолжазбалар мен кітаптарды жинап
орталық алаңға үйіңдер деп жауынгер жібердім. Ертең өртейміз.
— Жоқ бүгін түнде өртеңдер.
— Осында, Бактрада адамдарды əртүрлі кеселдерден жазатын бағалы
кітаптар жазған тəжірибелі ғұлама тəуіптердің тұратынын ұмыттың ба?
— Ондай аурулардан айықтыратын кітаптар ұшырасса, таңдап алып
Афиныға, ұстазым Аристотельге жіберіңдер...
Александрдың жанынан бір елі қалмайтын философ Каллисфен
əңгімеге араласты:
— Ұлы падишам, анық эллин құдайларын танымайтын тағылардың
əдет-ғұрыптары жазылған мағынасыз кітаптарға қоса, мұнда халықтың
өткен тарихымен таныстыратын шежірелер де жеткілікті екен. Тарихи
кітаптар да бағалы қазына емес пе?
Жағымпаз Перитакен əңгімесін бөліп жіберді:
— Каллисфен, нағыз тарихтың патшалардың мəңгілік падишасы
Александрдың дүниеге келген күнінен басталатынын ұмытқансың - ау!
Сондықтан да алдына ешкім түспеген бірегей жеңімпаз, əлемді аяғының
астына иілдірген, күллі Азия патшасының болашақтағы даңқты жеңістері
үшін шөлмектерімізді соғыстырайық!
Аланда түні бойы алаулап от жанып, Бактрияның данышпандары мен
ғұлама ғалымдарының байырғы заманалардан бері жинаған еңбектері, он
екі мың өгіз терісінен иленген былғарыларға жазылған кітаптар өртенді.
Сол кітаптармен бірге «Ариманның құлы — Іскендер жауызды» қарғапсілеп айқайлаған, ақылынан алжасқан кəрі абыз да жанып кетті.
Окстан өту
Македония армиясының барлаушылары Окс өзенінің жағасына жеткен
кезде өткелдердің қасынан қиқы-жиқы тал лашықтарды ғана көріп, бірдебір қайықты ұшырата алмады. Шұңқырдың ішінен суырып алған,
жартылай жалаңаш көк шалбарлы шал, қайықтарын тартып алып, арғы
жағаға есіп кеткен, сол үшін соқыр тиын да төлемеген қаңғыбастарды,
балағаттап айқайлаумен болды. Жағаға таяу, барлаушылардың тұсынан
жылқы мен адамға толы қара қайық шапшаң өте шықты. Жағаға келіңдер
деп айқайлаған македондықтар сөзін тыңдамаған соң оларға жебе
жаудырды, бірақ арғы жағаға қарай бет түзеген қайық тез алыстай берді.
Жан-жаққа аттылы-жаяу барлаушыларды жіберген Александр
Бактрадан барлық əскери қырағылықты сақтап шықты. Ежелгі парсы
соғыстарынан бері жаужүректігімен танымал бактралық атты əскер
тосқауыл жасап, күтпеген жерден дүрсе қоя бере ме деп қауіптенген еді.
Жағада жау жоқтығы жайлы хабар алған ол өткелдің тұсына тез келді
де, арттарындағы құмдақ жолда созылып келе жатқан, шаршаған лек-лек
жауынгерлер лагерьдің жақын екендігін көріп қуансын деп төбенің басына
от жағуға бұйырды
Иығына қызыл сулық жамылып, сауыт-саймандары жарқырап, баран
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қарауыл Төбедегі Оттар - 14
  • Parts
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 01
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2503
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 02
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2397
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2388
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 04
    Total number of words is 3904
    Total number of unique words is 2350
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 05
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2564
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 06
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2284
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 07
    Total number of words is 3949
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 08
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2204
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 09
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2433
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 10
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2314
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 11
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2364
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 12
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2353
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 13
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2338
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 14
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2429
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 15
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2338
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 16
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2281
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 17
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2412
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2363
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 19
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2288
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 20
    Total number of words is 735
    Total number of unique words is 605
    39.6 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.