Latin Common Turkic

Қарауыл Төбедегі Оттар - 18

Total number of words is 3834
Total number of unique words is 2363
31.2 of words are in the 2000 most common words
44.6 of words are in the 5000 most common words
51.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Бұл жерде қалуға қорқамын. Өзіңмен бірге алып кет.
— Əкеңе апарғанымды қалайсың ба?
— Жоқ. Əкем анау құдықта, анам арықта жатыр. Сөйлесем, сұрақтар
берсем олар еш үндемейді. Оларды зұлым явандар өлтіріп тастады.
— Жарайды түсе ғой. Мен сені өзіммен бірге алып кетемін. Есегім бар,
соған мініп аласың.
Ағаштың дініне жалаң аяғымен шебер тырмысқан бала жерге секіріп
түсті.
— Ал явандар аулақта жүргенде қалып қоймай ізіме ер.
Олар дуалды жағалап отырып, байлаулы есек қалдырылған қақпаның
жанына жетті.
Төбесінде жылқының құйрық қылын қадаған мыс дулығалы үш яван
есектің жанында тұр екен, біреуі қаптарды түрткілейді.
— Арпасы ірі екен, бір қажетке жарар.
— Біреудің үйін аралап неге тіміскіленіп жүрсің? Тонауға келгеннен
саумысың?— деген басқа бір яван найзасын көтерді.
— Тоқта, өлтірмей кідіре тұр. Ол менің қажетіме жарайды! Əй, жабайы
шарабың бар ма?.. Ішкім келіп тұр!..— деп македондық шарапты қалай
қиып, шөлмекті ерніне қалай апаратынын ымдап көрсетті.
— Қазір тауып беремін.
— Өзің грекше білесің бе? Онда таптырмайтын қызметші боласың ғой!
— Мен керуенмен Антиохияға барып, сол жақта жүргенде тəңірілер
сөйлеген эллиндердің тілін үйреніп алғанмын.
Жауынгер дулығасын желкесіне ысырды. Қою жирен сақал өскен беті
гүл-гүл жайнайды.
— Достарым!—деп қуана айқайлады ол.— Бағым жанып, тамаша құл
таптым. Таяқтап отырып біздің тілімізді үйрету бейнетінен арылдым.
Қалған екі жауынгер есекті айдап əкетті.
— Екі қап арпаны алып, əбден көтерем болған аттарымызды жемдейміз.
Бұл сенің тəңірілер сөйлеген тіліңді білгеннен гөрі маңыздырақ.
— Тындырымды балақай екенсің, сен менің атыма арпа, өзіме шарап
тауып бере алатын шығарсың? Кəне, бері жақындашы!
Македондық жерде жатқан жаңқаны көтерді де, онан кішкентай
тақтаны қиып алып, тесіп, тесікке қызыл жіп өткізді. Тақтаға «Берда» деген
өзінің атын шимайлап жазды. Сосын Спитаменнің құлағынан мықтап
ұстап, созып өзіне қарай тартты да, сырғалығын пышағының ұшымен
тесіп, жіпті еткізіп түйіндеп байлады.
— Енді саспа, менен сені ешкім де тартып ала алмайды. Жұрттың
бəріне салтатты найзагер Берданың құлымын десең жетіп жатыр.
Берда құлағын тескен сəтте Спитамен қоңыр жүзі мізбақпай асқан
сабырлылық сақтады. Содан соң, барып:
— Шарап сұрадың ғой. Осы арада қойма бар. Қожасы меймандос еді,
мені талай суарған болатын. Іздесем бір құмыра ескі шарапты табатын
шығармын,— деді.
— Кеттік, сенің қызметіңнің сəтті басталғаны үшін ішіп жіберейік.
Ауладан өткен Спитамен үйіліп жатқан көне жапырақтарды жан-жаққа
шашып - шашып жіберді де, кішкентай шаршы есікті айқара ашты. Ар
жағынан таптауырын баспалдақтар көзге шалынды.
Сосын асықпай қоймаға түсті.
— Бар!—деген оның дауысы шыңыраудан шықты.— Адамның
бойындай келетін сондай үлкен құмыралар, ауыстырып құю керек, жалғыз
өзімнің шамам келер емес.
— Қазір жетемін,— деген Берда, босағаға найзасын сүйей салды да,
семсерінің балдағын қолына қысып, қоймаға түсті.
Жаңадан тапқан досы мен яванның қайтып оралуын күткен бала ағаш
діңгегінің тасасына жасырынып анадай жерде шетте тұрған. Спитамен
жалғыз оралды. Қолында шағын құмырасы бар, қатты ентігеді.
— Яван қайда?—деп сұрады бала.
— Оған шараптың ұнағаны сондай, ішіп, сонда қонады,— деп
Спитамен есікті жапты да, қайтадан жапырақтармен қымтады.— Мен саған
тамақ берсін десең бұл жерден тезірек кетейік.
Екеуі ирелеңдеген тар көшемен жүріп келеді. Спитаменнің қан-қан
болған құлағында тақтайша салпаңдайды. Жолай ұшырасқан жауынгерлер
құмыраны ұстап керіп:
— Шарабың бар ма?—деп сұрайды.
— Бердаға да соны іздеп жүрмін,— деп жауап берген Спитамен
қаланың ортасына қарай беттеп келеді.
Шаһарды кесіп өтетін, халық құж-құж қайнап жататын бас көше қазір
бос. Əр жерде қабырғаларды бойлай жылжыған тұрғындар көзге
шалынады. Ашық тұрған бірнеше дүкеннің алдарында үймелеген
македондықтар. Олар үлкен теңдерді жазып, маңғаз көпестер түрлі-түсті
киімдерді, жүн сулықтарды, үлкен көрпелерді көріп бір жерге үйіп жатыр.
Тонап алынған бұл дүниелерге көпестер күміс, қола бақырлар төлеуде.
— Қаласаң бір дарик берейін?
— Бес киімге бір дарик пе? Ең жаманының өзі төрт дарик тұрады ғой,—
деп өзеурейді жауынгерлер.
— Жақтырмасаң қайтып ал. Киімдерімнің көптігі сондай, сатып алуға
енді шамам да жоқ. Оның үстіне сенің заттарында қанның іздері бар. Оны
менен кім сатып ала қояр дейсің?
Шаһардың ортасындағы қамалдың дарбазасы жанындағы күзетшілер
асық шиырып отыр. Спитаменнің байқағаны шаһардағы аттылы-жаяулы
македондықтардың. бар-жоғы екі-үш жүз адам шамасында, шағын екендігі.
Қалған барлық армия соғдылардың басқа қалаларын тонау үшін шығыс
жаққа қарай кеткен.
Қамалдан ары қарай жол терең қазылған ордың үстінен тасталған көпір
арқылы ескі дуалы айналып жарты шеңбер жасап өтеді. Оның ар жағында
бактар жоқ дерлік, тоқал тамдардың төбелері бір-бірлеріне жалғасып,
баспалдақтанып кеткен шаһардың халық ең жиі тұратын ауданы басталады.
Үйлердің жартысы македондықтар Маракандаға кірген кезде басталған
өрттен бұзылған, кей жерлерде көмірге айналған қоқымдар əлі бықсып
жанып жатыр. Ақылдарынан алжасқан кемпірлер мен қабырғалары
ырсыйған балалар құл қоқыстың. арасын тіміскілеп, тамақ іздеп, шала
жанған шүберектерді тартқылап сенделіп жүр.
Спитамен тірі жан көзге түспеген сауда алаңынан өтті де, досы
философ Цен Цзы тұрған тұйық көшеге түсті. Үйде ешкім жоқ, бұрын
заттар тұрған қамбалардан қисайған күйік бағандар көрінеді. Кəрі үндіс
қызметші қоймадан басын қылтитып қарады да, Спитаменді танып жүгіріп
келіп оның кеудесіне асыла кетті.
— Сенін де қайғың аз емес екен?—деді өксіген шал онық құлағында
салбырап тұрған тақтайшаны нұсқап.
— Бұлқайғының жартысы ғана,— деп жауап қатты мізбақпаған
Спитамен.— Менің кемеңгер ұстазым қайда?
— Білмеймін,— деді қызметші.— Тонаушылар біздің көшеге жеткен
кезде ұстазың аяғына шарығын байлап, асасын қолына ұстады да,
шаһардан шығып кетті. Кейін оралған жоқ, тірі ме, өлі ме ол арасын
білмеймін.
Өртенген үйлердің шалқыған жалынына шарпылып жапырақтары
бүріскен, бұтақтары қырқылған ағашты бақа шыққан Спитамен қауыздағы
судың бетінде қызыл балықтардың қампиған қарындарын жоғары қаратып,
теңкиіп - теңкиіп қалқып жүргенін көрді. Қапраған күркедегі тас Будданың
міз бақпаған жүзі ғана бұрынғысынша миығынан күліп тұр.
Спитаменнің шекпенінің етегінен ұстап ізіне еріп келе жатқан бала
шашылып жатқан Цен Цзының қолымен жазылған бірнеше пергаменттерді
жинап алды. Спитамен. оларды мұқият бүктеп қойнына тықты.
Қабырғадағы тесік арқылы шығып қараң қалған бақтан өткен бала мен
аңшы құм төбелер басталатын шаһардың шетіне жетті.
Онда Спитаменді бір топ салтаттылар күтіп тұрған болатын.
Барлықтарының да киімдері алба-жұлба, бірақ найзалары өткір, жақсы
айбалталары мен садақтары бар.
Қандалалар сияқты шаһарға тарап - тарап кеткен явандарды тірідей
ұстау түкке де тұрмайды. Орталық алаңға жетіп, олардың қамалға келетін
жолын кесіп тастауымыз керек. Негізгі күштеріміз қайда?
— Төбенің ар жағында. Алтынаққан өзенінің қамыстарында.
— Шақырыңдар. Явандар қаннен-қаперсіз, ештеңеден қауіп күтпейді.
— Спитамен, құлағындағы сырғаң құтты болсын!— деп күлісті
серіктері.
— Грек тілін білгендігім үшін берген сыйлары ғой,— деп əзілдей жауап
қатқан Спитамен алдына тартқан биік, шұбар арғымаққа секіріп мініп
семсер байлаған кісені беліне тағып, қолына найза алды да:
— Күкей, мына баланы мінгестіріп алшы, одан шаруалардың намысын
қорғайтын жақсы азамат шыққалы тұр!— деді.
Төбенің аржағынан көрінген Спитаменнің серіктері қаздай тізіліп,
қорғанның тесігінен өтті де шаһардың ішіне енді.
Ұрыстан соң
Будакен есін жиды. Жан-жағы қап-қараңғы. Үстіне бірдене құлаған,
оның астында қалған аяғы жанын шығара ауырып, ешбір қимылға
келмейді. Қолдарында да жан жоқ. Тек көзімен ғана аяқ жағында кесе
көлденең түсіп үлкен дене жатқанын көрді. Аспандағы жұлдыздар ғана
жымың қағады.
Басын көтерген Будакен соңғы күшін жинап сəл бұрды да, қара тасқа
қайтадан сылқ түсіреді.
Шеті тауға барып тірелетін кең жазыққа назар салды. Үздік-создық
жүзген тұман жерден көтеріліп бара жатқан сияқты. Қара бұлттың астынан
шыға келген ай семсер сілтегенде ұшып түскен басқа ұқсап, қаракөк
аспанның жүзімен дөңгелеп барады.
Аяғын басқан зілдей дене не? Анықтап қарағанда аттың сауырын
байқады, тағасы майысқан, бір аяғы көкке қарап серең - серең еткенде,
бүкіл денесі дірілдеп селкілдейді кеп.
Будакен қорқырап, қарлыға дауыс шығарды. Алдымен ырыл, сыбдыр,
содан кейін тырнаған дыбыс естілді.
Адамдар қайда? Барлығын жер жұтып кеткен бе? Олар — Сақтар мен
олардың жебелері өтпейтін көктемір құрсаған қанішер явандар сан
мыңдаған еді ғой.
Будакен жан-жағына зер салды. Жазықтан көтерілген тұман аспанда
жүзіп барады. Үшкір тұмсықтарымен жер иіскелеген, бірлерінің
соңдарынан бірі тізілген қара көлеңкелер үнсіз ғана жылжып келе жатыр.
Бұлар жорыққа аттанған сақтардың ізінен топ-топ болып жина -лып көзге
түспей шұбыратын шиебөрілер.
Осында келген солар ма екен? Жасағының күші қайда кеткен! Басын
жыртқыштар кеміреді - ау,
бұрынғыдай құдіреті де жоқ...
саусақтарымен
қысып
буындыратын
Барлық қайратын жинап қорқырап басын көтерді. Жан-жақтарында
шашылған тастар. Жо..жоқ... тастар емес. Əлдекім бұған тесіле қарап
қалған. Жүзі неге қап-қара? Ағы көп үлкен көздері адырайып кеткен. Үлкен
тістері қарш-құрш айқасқан. Жуан қара мойынында ұлутас қабыршағынан
тізген моншақ ағараңдайды. Бұл кім? Неге көз алмай қарап үн қатпайды.
Македонияның патшасын Будакеннің ысқырған ауыр гүрзісінен қорғап
қапталдай ұмтылған қара зəңгі есіне түсті. Енді міне бірге туған бауыры
сияқты Будакеннің жанында жатыр, көздерінде таңданыс бар, рухы
қайғыны ұмыттырып, мəңгілік ғұмыр беретін алты сала суғарған,
жайқалған бақтан өтіп бұл кезде ұжмақ пен тозақ ортасындағы Шымбат
қыл көпіріне де жеткен шығар?
Ұрыста шаһит кеткен батырлардың барлықтары бұлт төбелердің үстінде
отырып алдарына тостаған толы бозаны қойып, өздерінің ерліктері туралы
еске алып отыратын Шымбат көпіріне Будакен қашан жетер екен?
Қайтадан шатырына оралғысы келетіні неліктен! Көз алдында күлімсіреген
ұлы Сколот тұр, ол сыбырлай сөйлеп: «Мен Қосмүйіздің досымын.
Явандардың жүзігін тағып, қызыл шапандарын кидім. Азияның патшасына
арда өскен сақтардың басына бұғалық салуға көмектесемін...»—дейтін
сияқты.
Будакеннің кең кеудесінен күңгірлеген ызалы үн шығып, алқымын
көптеген қанды сезді. Ай мен аспан, аттың аяғы шырайналып тұңғиыққа
қарай зымырап, түпсіз шыңырау қараңғылық көзін тағы да тұмшалады...
Ащы күннің көзіңді қарықтырғаны сонша, тіпті кірпігіңді көтеру де
мүмкін емес. Əр кірпігің сояу-сояу тіреу сияқты ар жағында алаулап аспан
жанып жатыр. Будакен бір көзін əрең ашты.
Кеудесіне қонып отырған қаракөк тусті, сəуле шашқан құс жарты аспан
сияқты алып. Ұзын тұмсығын бір жағына бұрып, дөңгелек көздерімен
абайлап қарайды.
Бұл қарға. Будакеннің бетіне қарай ақырын жақындап тағы да тұмсығын
бұрып, өткір көздерімен айналасын сақтана бажайлады.
Қаққан қанаттан желпінген салқын лепті сезіп Будакен бет-ауызын
тыржитты. Секіріп түсіп ұша жөнелген қарға анадайдағы аттың қарнының
үстінен қаужаңдасып жатқан ұяластарының арасына барып қосылды да,
шоқысып қалды. Қарқылдап қорқа үріккен құстар аспанға көтеріліп, айнала
ұшқан кезде аттың өлімтігіне жүнсіз мойыны сорайған үлкен бүркіт келіп
қонды.
Қуатты қанаттарын қомдап, имек тұмсықты басын айналдыра бұрып,
бүркіт маңғазданып төңірегіне тəкаппарлана қарады.
«Ол əбден тойған, сондықтан да шоқымай отыр»— деп ойлаған Будакен
тағы да, тұңғиыққа сүңги берді. Енді бұл үшін бəрібір. Шымбат көпірі
ғажайып, түгелдей ақ хрусталь жіптерден жасалған оған аппақ ұлутастар
ілінген екен дейді. Көкпеңбек түпсіз тұңғиықтың үстінен керіліп қылкөпір
тартылған... Жел ұлутастарды шайқалтып тұр. Будакен сынды алып
баһадүрді мына қылкөпір көтере ала ма?
...Егер бұл жерге сақтар жетсе Будакенді аттың астынан суырып алып,
мүмкін аман қалар. Македондықтар жетсе жанын жаһаннамға жібереді.
Қаңғып жүрген дахтар ұшырасса қамыс бұғалықтарымен буындырып
өлтіріп, киімдерін, алқасын сыпырып, етігін шешіп атының алтын
ауыздығын қиып алады. Ұрыстан соң майдан даласын аралап қаза тапқан
сарбаздарды тонау дахтардың кəсібіне айналған.
Ақырын басқан қадам мен əлсіз дауыс естілді. Не əкелер екен; елім бе,
əлде əмір ме? Бүл үшін айырмасы шамалы. Тек адамның жүзін көріп, сөзін
естісе екен. Күні бойы шыбын-шіркей шоқыған көзі күп болып ісіп кеткен.
Қадам жақындай түсті. Табанмен жаншылған тастардың шақұр - шұқыры
естіледі. Əлдекімнің қолдары бетін сыйпалап, іріндеген қабақтары бір бірлеріне жабысып қалған көздерін ашқысы келеді...
— Əке, тірісің бе? Əкел, ауызыңды алақаныммен жабайын, мені
естігенше шыбын жаның кеудеңнен ұшып кетпесін. Бұл мен, Сколотпын
ғой, мен тұтқыннан қашып шықтым. Сені табу үшін барлық шатқалды
шарлап əр бұтаның түбін тінттім... Əке, көзіңді ашшы... Сколоттың алдыңа
келіп тұр.
Будакен қыр-қыр етіп қорқырады.
— Əлі жаны бар. Сақтар мықты сарбаздар,— деп сыбырлады қартаң
дауыс.— Қорқыраса, артынан сөйлеп те кетеді. Əуелі атты аударып
тастайық, содан кейін бұлақтың басына апарайық.
Іскен беттеріне мұздай су құйылып, көздері жуылған соң, Будакен
зілдей кірпіктерін əрең ашты.
Көз алдында Сколот тұр, арық, шаштары жалбыраған киімдері жалбажұлба. Жалаңаш қолдары мен беті кір-кір, жырылған. Қасында тіп-тік ақ
шашты, шот маңдай, терісі сүйегіне жабысқан қария. Үстінде дахтардың
жарғақ киімі, мойынында құстың тырнақтарынан тізген моншақ.
— Мына дах шалы көпті білетін кемеңгер адам, ұрыста алған
жарақаттарды жазудың сан жолдарын біледі.
— Сколот! Шыныңды айтшы, туған еліңді сатқаның рас па?
— Əке, олар менен барлық жолдар мен бұлақтарды, əскери күшіміздің
қанша екенін айтуды талап етіп, барлық сақ тайпаларының үстінен
қарайтын князь етіп қоямыз деп уəде берді. Бірақ мен бірде-бір шындықты
ашпадым, ретін тауып туған далама қашар сəтті күттім. Бір тыныш түнде
Яксарттың аржағынан табындарымыздың кісінеген дауысын есітіп,
қарауыл төбелердің шашасында жағылған оттарды көзім шалған сəтте,
шыдай алмай өзенге күмп бердім. Ақыры бергі жағаға жүзіп шықтым, мені
қуып жеткен яван жебелерінің денеме салған жарасы əлі күнге дейін
жазылмай іріңдеп жүр.
— Явандар қайда?
— Барлықтары өзеннің ар жағына өтіп, сақ ақинақтары шапқан
жарақаттардан емделуде.
— Гелон ше?
— Гелон опасыз екен, біздерді сатып кетті. Жасағын шатқалға тығып,
өзі Қосмүйізге өтіпті.
— Ит тохар! Қосмүйізді тірідей қолға түсірудің орынына қазір өзі, оның
табанын жалап жүр. Менін жиренім қайда?
— Жиренайғыр Шымбат көпіріне қарай шауып кетті, мына жерде
аяғыңның астында оның өлі денесі жатыр.
Будакен үнсіз қалды. Көздері тағы да кілегейленіп, оған үрейлене
қараған Сколот тынымсыз ызыңдаған көк шыбындарды қағып əуреленді.
Ақыры Будакеннің еріндері жайымен ғана жыбырлады:
— Ұлым менің, енді Шымбаттың қыл көпіріне ұялмай қадам баса
аламын...
«Əрі қарай бармаймыз»
Өзеннің арғы жағында болған скифтермен ұрыстан соң жиһангер
шатырына ешкімді де кіргізген жоқ. Негізгі кірер есікке үлкен ауыр парсы
кілемін іліп, дулығаларының түндігін ұрысқа енер алдындағыдай
жүздеріне түсірген, оң аяқтарының өкшесі жанына найзаларының сабын
тірей ұстаған македондық күзетшілер қалшиып тұр.
Күзетшілер бірнеше рет алмасты, бірақ олардың ешқайсысы жиһангерді
көрген жоқ.
Көршілес құрылған жорық кеңсесінің бастығы Эвменнің шатырына
македондықтар, белгілі этэрлар жасақтарының өкілдігін алған жауынгерлер
келіп, барлықтары да жиһангермен жүздестіруді талап ете бастады.
— Жиһангер емші мен көріпкел бас абыздан өзге ешкімді де
қабылдамайды.
— Ол жаралы ма, əлде ауру ма?
— Іші ауырады,— деп қысқа жауап қайтарды Эвмен.
Жиһангердің қарыспа мінезін жақсы білетіндіктен барлықтары да
ыңырсу мен айқай құлақтарының құртын жеген өз шатырларына оралатын.
Бұрынғы ұрыстардағыдай емес бұл жолғы шайқастан соң жаралылардың
саны ете көп болды. Скиф жебелері салған жарақаттар ісініп, ұлғайып,
іріңдеп, жауынгерлердің көздері шараларынан шығып, түсініксіз сөздерді
айтып сандырақтап, аласұруда.
Жаралыларды аралаған емшілер іріңдерді сығып, емдік дəрілер жағып,
азап шегушілерге дем беруші құдай Асклепияныц атына дұға оқысады,
бірақ соған қарамастан олар адам төзгісіз азап шегіп күзгі суықтағы қара
шыбындай қырылып жатты.
Басында қайырылған ілмегі бар скиф сүңгілері мен сүйекті күл талқан
ететін гүрзілердің соққысы бəрінен жаман болатын. Емшілер сыртқы
жарақатты тігіп бүтіндегенмен жауынгерлер өмірбақи мүгедек болып
қалатын да, мұндайлар енді алдағы ұрыс жайлы емес, Соғдианада өздеріне
қандай жер берілетіні, қанша құл алатындықтары жайлы əңгімелесетін.
Қалың қолдың арасында Азияға жорықты осымен тамамдау керек,
тастақ Македония əйтпесе Грецияға қарағанда соғдылардың жерлері өте
құнарлы, жиһангерге жасаған қызметі үшін жауынгерлерге сыйлыққа
алтын дəнді бидайды да, албыраған алманы да, адамның денсаулығына
пайдалы жуа мен сарымсақты да қажетінше беруіне болады деген гу-гу
əңгіме. Мүгедектер иелігімде болса дегендердің бəрін; шаштары он алты
бұрымға өрілген қарақат көзді соғды қыздарын, мүйіздері қарағайдай
өгіздерді, сұлу сəйгүліктерді, барлық ойға алғандарын жіпке тізіп есептеп
жатты.
— Бір жаман жері,— деп шағынады жауынгерлер,— бас білдірілмеген
ат сияқты соғды шаруалары əлі бағына қойған жоқ, өз жерлерінен айрыла
қойғысы келмеген кейбіреулері қасқыр сияқты көздерін алартып, құдайдың
өзі гректер мен македондықтарды күллі Азия халықтарының қожасы
еткенін мойындағылары келмейді.
— Соғдылардың елді мекендеріне жеке-жеке шыққан македондықтар;
із-түзсіз жоқ болады,— деседі енді біреулері.— Бұл аңға да, құсқа да, тіпті
бүйіге де айналып кете алатын, қолға түспейтін Спитамен дегеннің
қарақшыларының ісі екендігін де айтады.
— Ары қарай бармаймыз, тоқтайтын уақыт жетті!— дейді қалың қол
бірауыздан.— Скифтердің жеріне тағы бас сұғудың қажеті де шамалы.
Олардан бізге қандай пайда түспек? Құдықтарының суы ащы, жерлерінде
сарымсақ өспейді, аю сияқты жүндес егіздеріне мініп жүреді, биені сиыр
сияқты сауатындары тым өрескел. Осыны қанағат етіп, тоқтап, жаулап
алған жерлерді жауынгерлердің өзара бөлісулері қажет,— десті.
Ұрыстан екі күн өткен соң Эвменнің шатырына жоғарғы əскербасылары
жиналды. Бұқа мойын, шықшытты, білеу-білеу бұлшық етті, төртбақ
македондықтар буйвол сияқты арбаң-арбаң басады. Олар шатырға кірді де,
жұдырықтарын бүйірлеріне таянысып, Эвменді қоршай отырысты.
Шатырдың шетінде əрқайсысы бір-бір əріппен белгіленіп қатар-қатар
қойылған. Персия өлкелеріне тағайындалған сатраптарды бақылаушы
əкімдердің есептері жазылған орамалар сақталған былғары кебежелер тұр.
Ұлы Персия патшалығының басты-басты жолдарының бойларында жүрген
Македония жасақтары əскер басыларының, Сирия, Финикия, Мысыр
билеушілерінің қазіргі жағдайлары жайлы хаттары, ең ақырында болашақ
ұрпақ үшін «əлемді жаулап алушының» ауызынан шыққан барлық
əңгімелері мен сөздері қапталған шежірелер оның даңққа бөленген жорық
жолдарын суреттеген айтулы тілмарлар Анаксименнің, Каллисфеннің,
Марсийдың, Харестің, тағы басқалардың жазбалары да осында.
Барыс терісі төселген төсек үстінде керіліп жатқан, қырынбаған, қатты
шаршағандықтан бетінің əжімдері тереңдей түскен Эвменнің алдында,
кілемнің үстінде жүрелеп отырған төрт хатшы құл бірдей оның ауызша
айтқандарын пергаментке жазып отыр:
«Біздің жеңімпаз жауынгерлеріміздің ұрандап алға ұмтылған тегеуірінді
соққысына, тіпті оттай шарпыған көзқарасының өзіне шыдай алмай
тағылар тоз-тоз болды. Қаһарларына мінген ерлеріміз оларды қараңғы
түскенше екшелеп қуды. Сөйтіп барлық тағылардың македондықтарға
ешкімнің де қарсы тұра алмайтындықтарына көздері жетті...» Міне, менің
осы айтқандарымның жиһангерге ұнайтыны сөзсіз.
— Эвмен, жиһангер не істеп жатыр?
— Қару тазалауда, жиһангердің өзі қару тазалаған кезде, бар ашуын
біреуден алатын сəтті күтетініміз белгілі ғой!
— Мейлі ашулана берсін. Бəрібір біздер онымен тілдесуге тиіспіз.
Эвмен ілулі тұрған қола даңғыраны қағып қалғанда, жиһангердің
жанынан екі елі қалмайтын, оның талай сыннан өткен күзетшілерінің бірі
шатырға жүгіріп енді. Содан кейін күлгін шатырға кетті де, қайтып оралып
Азия əміршісінің барлықтарын күтіп отырғандығын айтты.
Киімдерінің
қыртыстарын
жазып,
қақырынып,
түкірінген
македондықтар бірлерінің іздерінен бірлері парсы кілемінің ар жағына өтіп
көрінбей кетті.
Көк жеңсіз бешпент киген жиһангер алтын тақ, үстінде отыр.
Қолдарының шынашағына дейін балшық пен май жұққан. Алдында қылқа
мойын, арық, қару сақтаушы парсы жүрелеп отыр. Басын айналдыра ораған
белдік жалбыраған ақ шашын жинақы ұстап тұр.
Жиһангер ішке енгендердің əрқайсысына сенімсіздене түнерген
назарын тастады. «Мың жаса!» деген македондықтардың сəлеміне əдемі
қиылған еріндерінің ұшымен ғана эллиндерше «Хайретэ!» деп қысқаша
жауап қатты.
Македондықтар сол қолтықтарының астына жастықтарды төсенісіп,
кілемнің үстіне жарты шеңбер жасап қаумалай жантайысты.
— Жаралылар көп пе?— деп сұрады Александр.
— Көздегенін құр жібермейтін скифтердің жебелері тимегендер некенсаяқ. Аттарымыз түгел дерлік мерт болды.
— Бұл жаман. Қазір мен үшін бір ат он жауынгерге татиды. Қолға
түскен сақ жылқылары қажетке жарай ма?
— Шеттерінен асау. Ит сияқты тістелеп, таутекеше орғып үстіндегі
адамды құлатқанша тулайды.
Аса жалбақайлығы үшін жұрттың барлығына сүйкімі кеткен Перитакен
ұрлана тіл қатты:
— О, Амонның жасампаз ұлы! Сенің ғажайып көздеріңнен мен
скифтерді торғайдай тоздыратын көреген жоспардың туғандығын байқап
тұрмын.
Александр үн-түнсіз ғана кірпіш ұнтағына батырылған су шүберекпен
семсерін тынымсыз сүрте берді.
— Сен не дейсің, Никанор? Скифтерді талқандау үшін не істеуіміз
қажет?
Қең жауырынды жасамыс македондық қақшиған, жұмыр басын иіп:
— Үрім-бұтақтарына дейін ұмытпас үшін, жақсылап соққан артық
болмас еді!
Александр дүр желпінді:
— Менің де ойым сол. Жорықты жалғастырамыз, Скифияның
жүрегінен шаншып, олардың Шаш қорғанын қиратамыз!
Жиһангердің ашуы неге апарып соғатынын жақсы білетін басқа
македондықтар лəм-мим деп үн қатпады. Өгіздің көзіне ұқсап адырайып адырайып кеткен олардың жанарлары ойсыз болатын.
— Неге үндемейсіңдер? Птолемей, немене тап қазір жорыққа аттану
қажет емес пе?
— Шайқасып көрдік қой, бірақ ештеңе өнген жоқ. Біздер олармен
соғыса алмаймыз.
— Неге?
— Біз үйренген жеңістердің барлығы бұл жолғыға ұқсамайтын,— деді
қоңырлығы үшін қара атанып кеткен Клит.— Скифтермен соғысу жердегі
қабанның аспанда ұшып жүрген қырандармен шайқасуымен парапар.
Қуған кезде олар құстар сияқты жан-жаққа ұшып кетеді, іле - шала қайта
бұрылып, басқа жақтан келіп шүйлігеді. Тоқтауымыз қажет, əйтпесе...
— Тоқта, Клит!— деп оның сөзін бөлді Эвмен. Тек жиһангердің
бұйрықтарын орындап кана өзінің пікірін сирек айтатын кеңес бастығы не
дер екен деп барлықтары да аңтарыла қалысты.— Жиһангер, өзіңе не керек
екенін ашық айтшы. Скифтерді талқандап олардың Шаш, Роксонак сияқты
басқа да шаһарларын жермен-жексен ететініне өз басым ешбір
күманданбаймын. Сусыз шел даланың иесі атанып, бие саууға македондық
жауынгерлерді де міндеттейсің бе? Перитакен мен Никанор осы құрметті
жұмысты орындауға əлден-ақ асығып отыр. Əлде парсы патшаларына
Азияның барлық байлықтарын науадай құйған, небір тəтті дəмдер мен
тамаша маталар, цейлон ақығы, түрлі-түсті асыл тастар, алтын алмаз,
түйетауықтар мен пілдер алатын басқа да дəулеттері шіріген, жері құнарлы
Үндістанның билеушісі болғың келмей ме? Скифтердің кепкен құрты мен
қышқыл қымызынан гөрі осы дүниелер жақсырақ емес пе?
— Қарсы алдымызда скифтер тұрғанда Үндістан туралы ойлауға бола
ма?—деп ашулана үн қатты Никанор.— Егер ат басын Үндістанға бұрсақ,
скифтер қорқып қаштыға жорып, ізімізге өкшелеп түспей ме?
Эвмен иығын қиқаң еткізді:
— Олар ізімізден емес, неге біздермен бірге аттанбайды.
Александр кірпішті қырнауын тоқтата қойды да, Эвменге таңдана
қарап:
— Сен скифтер келісімге келеді деп ойлайсыңба?— деп сұрады
— Қарапайым скифтердің бізбен соғысқылары келеді, бірақ оларды
князьдар басқарып отыр ғой, Əкен, Филипп патшаның бір дана сөзін
есіңізге салайыншы. «Шабуылмен алынбайтын қамалдың қорғанынан
алтын артқан есек оп-оңай өтеді,»— деген сол кісі емес пе еді?
— Өзім де дəл солай ойлаймын!—деп саңқ еткен Александр орнынан
ұшып тұрды. Біздерге скифтердің атты əскерін өз жағымызға шығару
қажет. Міне, нағыз жаужүрек жауынгерлер — солар! Гефестион, алтынды
аяма. Князьдардан баста, барлық билеушілер алтынның сыңғырын
ұнатады.
Шатырға енген жауынгер жабықты ашты да парсыларша киінген, үсті
басын шаң басқан жаушыны алға өткізді.
Қолыңдағы ораманы асығыстықтың белгісі ретінде кілемге тастағысы
келген жаушы қолдарын жоғары көтерді де, ойланып қалып жиһангерге
ұсынды. Содан кейін теңселіп кетіп есі ауып құлап түсті.
Балауыз мөрді сындырып, ораманы жазып грек тілінде жазылған
сөздерді қабақтарын қарыс түйіп оқыған Александрға қарап барлықтары да
тып-тыныш ақтарыла қалысты.
— Жаушыны бұл жерден алып кетіп, сый беріңдер,— деп жиһангер
қолын сілтегенде, жауынгерлер хабаршыны көтеріп алып шықты.— Мен
үш мəлімет алдым. Мараканда Спитамен бастап көтерілген соғды
қарақшыларының қоршауында. Аттарға жем əкелу үшін сыртқа шыққан бір
топ македондықтар, алпыс адам, тағы да əлгі Спитамен басқарған
қарақшыларының қолынан түгелдей қаза тапқан. Ақырында Наутектің
жанында Экба-таннан келе жатқан менің керуеніме тағы да сол
қарақшылар шабуыл жасап талан-таражға салған. Бірден үш жерде пайда
болатын Спитамен деген кім өзі? Бұл адам — құдай ма, əлде үш адам ба?
Тілмаш келсін!
Жабықты қайырған Эвмен: «Зəкір!»—деп айқайлады. Үрпиген бұйра
шашын мыс белдікпен ораған, жүзі қудай, сидиған жас сириялық есіктен
енді де босағада жүрелеп отыра қалды.
Бір - бірлеріне таңдана қарасқан македондықтар жұмыр бастарын
шайқасты. Жиһангер аяғының астында отырған қару күтуші парсы шалға
еңкейді де оны теуіп жіберіп:
— Эй, бобо! Сен Спитамен дегеннің кім екенін білесің бе?— деп
сұрады.
Спитамен дегеннің кім екендігін еске түсіру соншама қиналдырған
адамға ұқсаған шалдың маңдайындағы қыртыстарға сан жетпей жиілеп
кетті.
— Спитамен күндей жарқыраған, ешкімнен де қорықпайтын жүрек
жұтқан батыр.
— Неше Спитамен бар, біреу ме, əлде көп пе?
Шал кеудесіне қолдарын қусырып кінəлі адамның кейпін көрсетіп:
— Өтінемін, ашулана көрмеңіз, мен мұны білмеймін,— деп жауап
қатты.
— Парсы бекзадалары қайда? Не істеп жүр өздері? Ешқандай пайда
түсірмей құр босқа сайран салғандары жетер! Барлығын менің алдыма
алып келіңдер!
Сылбыр жандарды семсердің балдағымен ұрып жазалайтын
жиһангердің əдетін білетін нөкерлері оның бұйрығын сол сəтте орындады.
Апыл-ғұпыл киіне салған, ұйқыдан беттері ісіп кеткен алты парсы
бекзадасы оның алдында тұрды.
Көздерін сығырайтып тесіле қараған Александрдың назары өңменінен
өткен былшиған семіз Датаферн шыдамсызданып бір орнында аяғын
алмастыра берді.
— Сен Спитаменді білесің бе?
Датаферн жан-жағындағы серіктеріне алақтай қарады да:
— Спитамен — ол кім! Естігендерің бар ма?— деп сыбырлай сұрады.
— Спитамен деген біреу сендердің шаруаларыңның арасына іріткі
салып, менің жауынгерлеріме шабуыл жасап, мазалап жүр. Ал сендердің
түктен хабарларың жоқ! Мұндай көмекшілер маған не үшін керек?
— О, құдіреттім, о, мəртебелім?—деп жалбарынды бекзадалар.— Не
қаласаң соны бұйыр, біз барлығын да орындаймыз.
— Спитамен үлкен жолда жортқан қаңғыбас қарақшылардың бірі
болуға тиіс,— деді бұрынғы сатрап Фарнух.— Бізге озіңнін македондық
жеңімпаз бір жасағыңды бер, жеті күннен соң аяқ-қолын матап оны сенің
аяғыңның астына əкеліп жығамыз.
— Байқаңдар, жеті күннен кейін тірі Спитамен, əлде оның басы менің
алдымда жатпаса, өз бастарыңды өздерің жұтасыңдар.
Сол күні-ақ мың македондық салтатты Мараканданы бетке ұстап
асығыс шауып бара жатты. Əскербасы Менедемнің жанына ерген Фарнух
Спитаменнің барлық қулығын білетіндігін, оны тірідей қолға түсіре
алатындығына уəде беріп жақтары сөнбей сөйлеумен болды.
Спитаменді ұстау
Уəде бергеніндей Фарнух Спитаменді жеті күннің ішінде ұстай алған
жоқ. Араларында Фарнух бар. Менедем басқарған македондық мың атты
əскер Маракандаға жеткенде онда Спитаменнің тобы жоқ болатын. Шаһар
ортасындағы қамалдың қақпасынан барлық аттарды сойып жеп тауысып,
тышқандар, қоңыздармен қоректене бастаған, енді-енді берілуге дайын,
əбден ашыққан, аяқтарында əзер-əзер тұрған, жүдеу - жадау жауынгерлер
көрінді.
Мыңдығын бастаған Менедем Азияның патшасын мойындағылары
келмеген Спитаменнің дөрекі басбұзарлары кеткен терістік жаққа шаба
жөнелді. Бірақ, оның жауынгерлерінің бірнешеуі ғана əзер-əзер дегенде
шаһарға қайтып оралды.
— Көбіміз бауыздалып, аман қалғандары Алтынарна өзенінің лайына
батып өлді,— деді салтаттылар.— Спитаменге скифтер көмектесті. Біздер
тек ұшқыр əрі төзімді аттарымыздың арқасында ғана аман қалдық.
— Фарнух қайда?
— Скифтер Фарнухты жабайы жылқының құйрығына аяғынан байлап
айдалаға сүйреткізіп жіберді.
Спитаменнің атты əскері шаһарға еніп, негізгі жол тораптарын əз
қолдарына алған кезде македондықтар тағы да қамалға тығылды. Жиһангер
Ванканттан тырп етпей, өзінің құрметіне Александрия атаған жаңа
шаһарды салдыруды жалғастырды. Бір жағынан скиф князьдарымен «ерік
достық» жайлы келіссөз жүргізе отырып, жансыздары арқылы шығысқа
апаратын жолдарды зерттеумен болды. Жолбикелікке оның жағына біржола
шыққан тохар князы Гелон жүрді.
Спитаменді жазалауға жіберген Фарнух бастаған жасақтың
талқандалғанын естігенде Александр қаһарға мінді. Шығысқа əрі қарай
жүру туралы жоспарын жинап қойды да, македондыктарды тағы да
қоршауға алған Спитамен тұрған Маракандаға қарай қалың қолының ен
шапшаң бір бөлігімен шұғыл аттанды. Қалған күштері де ізінен
Маракандаға қарай жылжыды.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қарауыл Төбедегі Оттар - 19
  • Parts
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 01
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2503
    29.0 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 02
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2397
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2388
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 04
    Total number of words is 3904
    Total number of unique words is 2350
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 05
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2564
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 06
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2284
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 07
    Total number of words is 3949
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 08
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2204
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 09
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2433
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 10
    Total number of words is 3910
    Total number of unique words is 2314
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 11
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2364
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 12
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2353
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 13
    Total number of words is 3811
    Total number of unique words is 2338
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 14
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2429
    30.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 15
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2338
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 16
    Total number of words is 3938
    Total number of unique words is 2281
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 17
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2412
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 18
    Total number of words is 3834
    Total number of unique words is 2363
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 19
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2288
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 20
    Total number of words is 735
    Total number of unique words is 605
    39.6 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.