Latin Common Turkic

Оба - 17

Total number of words is 2963
Total number of unique words is 1787
35.4 of words are in the 2000 most common words
49.4 of words are in the 5000 most common words
57.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Белгісіз орға тасталып немесе күлге айналып ғайып болған туысқан пендемен бірге
өмірдің бар қызығынан айырылған аналар мен жұбайлар, ашыналар үшін оба
бұрынғыша жүріп жатыр. Бірақ бұл жетім-жесірлерде жұрттың шаруасы қанша!
Талма түсте таң атқаннан аспанды соқалаған ызғырық желдің екпінін ауыздықтап,
күн қалаға мызғымас жарықтың тұтасқан толқыны боп құйылды. Күн орнында
қатып қалған сияқты. Жотадағы порттан тас боп қатқан аспанға зеңбіректен дүркіндүркін оқ атылды. 
Күллі қала көшелерге жамырап мынау ұмытылмас сәтті тойлауға
асықты. Бұл азапқа түсу уақыты аяқталып, естен шығару уақыты басталмаған өліара
шақ еді.
Алаңдардың бірінде би биленді. Бірер сағаттың ішінде қозғалыс күрт күшейіп,
халық сыймай кеткен көшелерден неше сан машиналар әрең өтіп жатты. Түстен
кейінгі уақыттың бірінде біздің қалалық қоңыраулар даңғырлады да тұрды.
Олардың күмбірінен алтын түсті жалқын аспанға діріл толқыны тарады.
Шіркеулерде алғыс айтқан дұғалар оқылды. Ал көңіл көтеретін орындарға да
көпшілік сыймай кетті, дәмханалардың иесі ертеңгі күннің қамын ойламай, іркілген
спиртті ішімдіктермен сауданы қыздырды. Үлдірік үстелдің алдында жұрт
топырлап, олардың арасынан өз бақытын көпке паш етіп, құшақтасып алған
жұрттар көрінді. Бірі айқайлап, бірі күліп жатыр. Несібесі артық бұл күні әркім
өмірлік күшінің қорын жомарт шашып, кеудеде шықпаған жаны ғана жүрген
айлардың есесін қайтарды. Ертең күллі сақтығымен абайлағыш өмір қайта
басталады. Әзір қоғамның бар тарабының адамдары бауырласып, қоян-қолтық
сайрандап жатыр. Қалаға төнген ажал орнықтыра алмаған теңдікке азаттықтың
бақыты қол жеткізді. Бірнеше сағатқа ғана созылса да, теңдіктің аты теңдік.
Алайда осынау ызың-шу бәз бірдеңені астарына бүгіп қалды, түстен кейін көшеге
шыққан жұрт Рамбермен келе жатып өздерін қыл үстінде жүргендей сезінсе де,
жүрек түкпіріне нәзік бір бақыт сезімін жасырған сыңайлы. Шынында да олар
қисапсыз қасірет шеккен жерлерге білдіртпей тәу еткен тәрізді. Жаңадан
келгендерге обаның алапат және жасырын таңбаларын, індет тарихының
бадырайған іздерін көрсетпекші. Басқа жағдайда орандықтар бәрін бастан кешірген,
обаның замандасы болған гидтің міндетімен қанағаттанып, індетке байланысты
қатер жөнінде сыбырлай айтып, ал үрей жөнінде жалпы ауыз ашпады. Сайып
келгенде, көңіл аулаудың бейкүнә бір түрі. Ал енді бір жағдайда жан тебірентерлік
сапарлар таңдалып, жігіт еске түсірушілердің тәтті мұңына батып ашынасына: "Дәл
осы кезде сол бір сәтте сені құшып сүйгелі келіп, бірақ қасымда болмай қалдың" деп
көңіліндегісін айтатын сәттер де ұшырасты. Құштарлық жетегіндегі туристерді бір
көргеннен-ақ анықтауға болатын еді: олар сыбырласып, сыр ашысып, сөз айтысып
топтанған жұрттың арасынан оңашалана қалатын. Әр бұрылыста ойнаған оркестр
емес, міне, дәл осылар шынайы азаттықты паш етті. Өйткені бір-біріне жабысып
алған сөзге сараң осы бір масайраған жұптар өз бақытының әділетсіз үзілгенін, оба
тоқтап, қатер тыйылғанын салтанатпен жар салды. Көрінеу көзге ұрып тұрғанына
қарамастан бір адамның өлімі шыбын шаққанмен бірдей болған ессіз әлемді
алғаусыз қабылдаған біздің талғамсыздығымызды жоққа шығарды; сондай-ақ олар
қоқыс өртейтін пештерге қуып тығылып, ауаға майлы түтін боп ұшқан, қалғаны өз
кезегін күтіп үрей мен дәрменсіздік бұғауында жатқан есінен адасқан халық
болғанымызды да жоққа шығарды.
Өзге өзге, бұл ең алдымен қала шетіне жетуге асығып, осы бір түстен кейінгі
кезде қоңыраулар даңғырының, зеңбіректер гүрсілінің, музыка мен құлақ жарған
айғайдың ортасында адымдап бара жатқан дәрігер Риэнің көзіне бұрын түсті. Ауру
әлі мұрша бермей, оның жұмысы жалғасып жатыр. Қалаға ғажайып мұнартып жарық
себездеп тұр, оған келіп қуырылған ет пен анис арағының бұрынғы таныс иісі келіп
араласты. Риэ айналасынан аспанға тосылған жүздерді көрді. Ерлер мен әйелдер
қолдарын айқастырып, бір-біріне оттай жанған алаулы көзбен қарайды, тілегін
ыстық ықыласымен, ышқынған үнмен білдіреді. Иә, оба бітті, үрей де бітті, айқасқан
қолдар індеттің сөздің терең мағынасында қудалау, айырылысу болғанын айтып
келеді.
Риэ алғаш рет айлар бойы өткен-кеткеннің жүзінен оқыған нәсілдік ортақ
белгілерді тапты. Оған көз жеткізу үшін айналаңа назар аударсаң да болады. Жұрт
барлық қайғы-қасіретімен, жоқ-жітігімен обаның ақырына дейін жетті, олар ақыр
соңында рөлін өздері баяғыдан ойнап жүрген эмигранттардың бешпентін киіп, түрі
де, киімі де шалғайдағы отанынан жырақ жатқанын айғақтап тұрды. Оба қала
қақпаларын жауып, олардың бірлігін айырылысу анықтағаннан бері барлығын
ұмытуға көмектесетін кісілік жылылықтан көз жазды! Қаланың әрбір бұрышында
ерлер мен әйелдер бәз бір қосылуды аңсады, оны әрқайсы әртүрлі
жорамалдағанымен, бәріне бірдей ол қол жетпес арман болып қала берді. Көпшілігі
барын салып жанында жоқ жанды аңсап, оның тәніне қол тигізуге, бауырына кіріп
еркелеуге асықты, ежелгі дағдысын еске түсірді. Кейбіреу қалай болғанын өзі де
білмей, адами достық шеңберінен тыс қалып, жұртпен әдеттегі қарапайым
тәсілдердің өзімен - хатпен, пойызбен, кемемен қарым-қатынас жасай алмайтын
болды. Аз болса да Тарру тәрізді басқа бір тобы өздері кім екенін анықтай алмайтын
біреулермен қосылуға жан ұшырды, осы беймәлімдік олардың аңсаған арманы
болды. Оны басқа сөз таппаған соң тыныс, тыным деп атады.
Риэ жүріп келеді. Ол ілгері жылжыған сайын тобыр қалыңдап, дауыстардың гуілі
үдеп келе жатқан қала шеті орталықтан алыстап сырғып бара жатқандай көрінді.
Біртіндеп өзі де даусы қатты мынау алып ағзаға сіңіп, оның айқайына ұйып, кей
жағдайда ол өз үні де сияқтанып кетті. Иә, біз бұлармен тым ұзаққа созылған, төзуі
қиын күндері тәні де, рухани да бірге азап тартып, қашар жолы жоқ айдауда, басар
шөлі жоқ сусында бірге тірлік кештік. Үйілген мүрделердің, санитарлық
машиналардың құлақ тұндырар гуілдерінің, тағдыр деп аталатынның берген
белгілерінің, қауіп-қатердің тікелей төпелеуінің және жүректердің қаһарлы
бүлігінің ортасында үрейленген пенделерді дүрліктіріп, шынайы отаныңды қайтсең
де қайта табуың қажет деген күбір-сыбыр жүріп жатты. Барлығы үшін шын отан
тұншыққан қаланың тас қабырғаларының сыртында болатын. Ол таулар
баурайындағы тоғайлардың жұпар иісінде, жарқыраған теңіз айдынында, азат еркін
елдерде, махаббаттың әлуетті күшінде еді. Олар соған, яғни бақытына оралуға
құлшынды, сол үшін қалғанының бәрінен жеріп, көз де салған жоқ.
Шындығына келгенде олардың қудалануында, һәм мынау қосылуға
құлшынуында не мән жатқанын Риэнің өзі де білмейді. Қақтығысып, соқтығысып
жүре-жүре ол ептеп-септеп адамы аз көшелерге де жетті, осы арада ол мұның мәні
бар-жоғының маңызы шамалы, ең бастысы - бұның адам үмітіне қандай жауап
бергені деген ойға келді.
Қазірден бастап ол үмітке қандай жауап берілгенін біледі, оны қала шетінің таяу,
тіпті бос көшелерінің өзінен байқады. Өзіне ғана бұйырған еш нәрседен айырылмай,
жалғыз-ақ махаббат панасына оралуды аңсаған, кейде ол арманы орындалған
адамдар болды. Әрине, күткенінен айырылған соң жападан-жалғыз қала
көшелерінде қаңғып жүргендер де бар. Айырылысуды екі рет көрмегендері де
бақытты, олар да індет басталғанша өз бақытының сарайын сала алмай, екі өмірді
кіріктіретін келісімге келе алмай, бір-біріне қас екенін де, дос екенін де біле алмай
жүргендер сияқты. Міне, бұлар - Риэнің өзі секілді, бәрінің ретін келтіреді деп
уақытқа сеніп, жеңіл ақылдың жетегіне еріп кеткендер. Уақыт аяй ма, екеуін екі
жаққа мәңгі бөлді де жіберді. Ал басқалар, мысалы Рамберді алайық, бұлтақтамай,
бір бетінен қайтпай, енді жоғалтқан шығармын дегенін тауып алды. Дәрігер бүгін
таңертең оған: "Ерлік. бұның ерлік болды, енді біз өз ісіміздің дұрыстығын
танытуымыз керек" деді. Бұлар уақытша болса да бақытты. Бұл жарық дүниеде
жетуге ұдайы талпыну керек болатын бірдеңе барын енді олар бек біледі, ол бірдеңе
- адам мейірімі.
Керісінше, өзі де білмейтін, адамнан жоғары бірдеңеге ұмтылғандарға өмірдің
жауабы жоқ. Зайыры, Тарру сол өзі айта беретін жетуі қиын әлемге қол жеткізген
сияқты, бірақ өлгенде ғана, өзі ештеңеге керек болмай қалған кезде жетті. Міне, Риэ
қазір көріп тұрған анау батар күннің жарығында өз үйлерінің табалдырығында
бірін-бірі еркелете құшақтап, бірінің көзіне бірі қиыла қарап тұрғандар - нағыз
қалағанын алғандар, олар және өзіне қатыстыны ғана сұраған ғой тағдырдан.
Коттар мен Гран түратын көшеге бұрылып, Риэ қуаныштың ара-тұра болса да,
сыйлық сияқты адами сыбағасы мен бейшара, қатерлі махаббатын қанағат
тұтатындарды тауып тұруы әділдік-ау деп ойлады.
Хамсамыз аяғына жақындап келеді. Дәрігер Бернар Риэнің оның авторы екенін
мойындайтын уақыты болды. Соңғы оқиғаларды баяндауға кіріспес бұрын ол өзінің
ой-ниетін кей ретте ақтау ыңғайында неліктен әділ куәнің сарынын ұстауға
тырысқанын баяндағысы келеді. Бүкіл індеттің он бойында кәсіби қызметіне орай
оның көптеген оз азаматтарымызбен кездесуіне, олардың ағынан жарылған сырын
тыңдауына тура келді. Сөйтіп, ол оқиғалардың ен ортасында болды, сондықтан
көріп-білгенін мейлінше толық жеткізуге мүмкіндігі жетеді. Алайда ол мұны тиісті
ұстамдылықпен жасау қажет деп тапты. Көп жағдайда ол өз көзімен көргендерді
ғана айтуға тырысты, оба жөніндегі бауырларына олардың ойына кіріп-шықпаған
пікірлерді таңғысы келмей, тек жағдайдың ырқына қарай қолына түскен
құжаттарды ғана пайдалануға тырысты.
Қатерлі қылмыс жөнінде куәлікке шақырылғанда ол ақжүрек адал куәгерге тән
белгілі ұстамдылық таныта білді. Сонымен бірге жан тазалығы заңын ұстанып,
құрбандық жағына шығып, жұртпен, өз азаматтарымен қайғыда да, қуанышта да,
қуғында да бірге болуға бел байлады. Сол себепті ол өз азаматтарымен олардың
қауіп-қатерін бөлісіп, олар тап болған кез келген жағдайды өзіміздікі деп білді.
Барынша адал, арлы куәгер болуға талпынған ол негізінен тек құжаттарды,
жазбаларды және естіген сыбыстарын ғана келтіруге тиіс болды. Алайда оның өз
жеке басы жөнінде, біреуді күтуі, сынақтан өтуі туралы үндемеуіне тура келді. Бұл
заңды ол өз азаматтарын түсіну үшін, оларды басқалар жақсы түсіну үшін жасады,
өйткені біреу туралы біреудің пікірі қашанда бұлдыр болды. Ашығын айтқанда, бұл
оған қиынға түскен жоқ. Өзінің жеке сырын обаға шалдыққандардың жүздеген үніне
тікелей қотаруға тура келгенде, менде басқалар бастан кешіргеннен өзге күйініш те,
күйзеліс те болған жоқ деген оймен қаламын ысырып қойған да кез болды, өйткені
күйзеліс бұл дүниеде қашанда жалғыз, оның артықшылығы да осында. Жоқ, сайып
келгенде, ол барлығы үшін сөйлеуге тиіс.
Алайда Оран тұрғындарының арасында ол үшін дәрігер Риэ сөйлемей қоймайтын
бір адам болды. Бірде Риэге Таррудың айтқаны бар: "Оның жалғыз ғана қылмысы, оз
жүрегінде балалар мен үлкендердің өлтірілуін мақұлдады. Сірә, қалғанының бәрінде
оны түсінемін, сондықтан әлгі кінәсын кешіруге мәжбүрмін" деп. Сондықтан да
хамсаның сол жүрегі соқыр, яғни жалғыз адам туралы әңгімемен аяқталуы орынды.
Дәрігер шулы да дулы мерекелі көшелерден шығып, Гран мен Коттар тұратын
шолақ көшеге бұрылғаны сол еді, кенет полиция күзеті тоқтатты - өзге-өзге, мұны
ол күтпеген-ді. Мерекенің алыс гуіліне құлақ түріп, қиялында Риэ тып-тыныш, үнтүнсіз, 
қаңыраған қотанды елестете бастаған. Амал не, куәлігін суырды.
- Бәрібір, болмайды, дәрігер, - деді полицей. - Онда бір есі ауысқан тобырға
мылтық атып жатыр. Осы арада тұра тұрыңыз, көмегіңіз әлі керек болып қалар.
Сол сәт Риэ өзіне жақындап келе жатқан Гранды көрді. Ол да ештеңе білмейді.
Оны да тоқтатты, оған белгілісі - мылтықтың өздерінің үйінен атылып жатқаны. Бұл
арадан үйдің кешкі салқын күннің алып нұрымен жалтырап тұрған алғы беті айқын
көрінеді. Үйдің алдында бос кеңістік бар, қарсы беттегі табанжолда да ешкім жоқ.
Көшенің ортасында қалпақ пен бір май-май шүберек жатыр. Риэ мен Гран
алысыраққа көз тастап, көшенің екінші шетінде өтер ауызды қорғап тағы бір
полиция күзеті тұрғанын көрді, олардың ту сыртында өткен-кеткендердің сұлбасы.
Абайлай қарап олар қолдарында тапаншасы бар бірнеше полицейді байқады, бұлар
қарсыдағы қақпаға тығылып тұр. Үйдегі терезе қақпаларының бәрі жабық. Алайда
екінші тәжде бір терезенің сыңар қақпасы ашылды. Күллі көше демін ішіне тарта
қалды. Қала орталығынан жеткен саз әуенінің үзіктері естілді.
Сол сот қарсыдағы үйдің терезесінен тапаншаның екі дүркін атылған даусы
шығып, сынған терезе қақпасының салдыр-күлдірі естілді. Сосын қайта тыныштық
орнады. Қаланың орталығында күркіреген мерекелік шат-шадыманнан кейін мынау
оқыс оқиға Риэнің ақылына қонбады.
— Мынау Коттардың терезесі ғой, - деп кенет абыржыған Гран дауыстап жіберді.
- Ал ол бір жаққа жоқ боп кетіп еді.
― Неге атып жатыр? - деп сұрады полицейден Риэ.
— Оның назарын аударғысы келеді. Арнаулы машина күтіп тұрмыз, ал ол үйге
кіруге әрекет еткеннің бәріне оқ атады. Бір полицейді жаралап та үлгерді.
― Ал ол неге атады?
— Барып өзінен сұра. Осында жұрт көшеде сайрандап жүрген. Алғашқы атқанда
олар тіпті не үшін екенін түсінген де жоқ. Ал екіншіден кейін айқай-шу басылып,
біреуі жараланды ма, барлығы тұра қашты. Шамасы, есі ауысқан жынды болуы
керек.
Қайтадан орнаған тыныштықта минөтіңнің өзі сағаттай боп көрінді. Кенет
көшенің арғы бұрышынан ит жүгіріп шыға келді. Риэнің көп уақыттан бері көрген
алғашқы иті, кір-кір сабалақ спаниель екен, тегінде, індет кезінде қожайындары бір
жерге тығып ұстаса керек, енді қабырға жағалап бүлкілдеп барады. Қақпаға дейін
жетіп, батылсызданып тоқтады да, сосын шоқиып отыра қап жүнінің арасынан бүрге
алып жей бастады. Бір кезде бірнеше ысқырық естілді - бұл итті алдастырып
шақырған полицейлер еді. Төбет басын көтеріп, батылсыздау алға аттады, шамасы,
көшеде жатқан қалпақты иіскемек болса керек. Алайда үшінші тәжден мылтық гүрс
етті де, хайуан мұрттай ұшты, табада пісіп жатқан жұқа нандай дірілдеп, арқасымен
жатып, аяғын қайшылап, бір бүйіріне аунап түскісі келіп жиырылды. Жауап ретінде
қақпадан бес-алты дүркін оқ атылып, тағы да терезе қақпасына тиіп, жаңқаларын
шашты. Барлығы қайта тынды. Күн көкжиекке еңкейді, Коттардың терезесіне
сырғып көлеңке түсті. Риэнің сыртынан тежегіштің баяу шиқылы естілді.
- Келді олар, - деді полицей.
Машинадан полицейлер қарғып түсіп, арқан мен басқышты, резеңкемен
қапталған матаға ораған тағы бір ұзынша екі түйіншек шығарды. Сосын олар
осымен параллель Гран үйінің ар жағындағы көшеге өте бастады. Дарбазаның
астында әбігер байқалды. Гран оны көріп жарытпаса да, іштей топшылап жүр. Содан
соң бәрі қайта тынып, әлде бірдеңені күтті. Төбет тыпырлауын қойды, айналасы
қоңыр қошқыл шалшық боп кетті.
Кенет полицейлер орналасқан үйдің терезесінен пулемет тоқылдап қоя берді.
Терезе қақпасын нысанаға алған еді, ол күл-талқаны шығып, шын мәнінде жаңқаға
айналды да, орнында үңірейген төрт бұрышты қап-қара тесік қалды, бірақ Риэ мен
Гран тұрған жерінен жөндеп ештеңе көре алмады. Әлгі пулемет тоқтағанда іске
бұрышқа таяу екінші үйде тұрғаны кірісті. Шамасы, тесікті нысанға алса керек,
кірпіштің кесектері ұшты. Сол сот үш полицей көшеден жүгіріп өтіп подъезге кірді.
Олардың ізімен тағы да үшеуі тұра ұмтылды да, пулемет атысы тоқталды. Тағы да
бәрі іштен тынып, ақырын күтті. Үйден екі мәрте мылтық даусы шықты. Сосын
гуілдеген дауыстар шықты да, подъезден сүйретіп, дәлірегі қолға көтеріп орта
бойлы, бешпентсіз бір адамды алып шықты, ол дамылсыз бақырып бірдеңе деп келе
жатты. Қиял-ғажайып таяқшаның сілтенгені сияқты барлық жабық терезе
қақпалары ашылып, әйнектен әуесқой бастар көрініп, жұрт шұбырып көшеге шықты
да, полиция бөгетінің төңірегіне топырлады. Барлығы сол оқ атқан кісіні көрді, енді
оның қолы артына бұрап байланып, көшемен өзі жүріп келе жатты және бақырып
қоймайды. Бір полицей жақындап кеп жұдырықпен беттен бар пәрменімен екі рет
салып жіберді және шын ынта-жігерін сап есалаңдықпен соқты.
― Мынау Коттар ғой, - деп міңгірледі Гран. Ол есінен адасқан шығар.
Коттар ұшып түсті. Көшенің жиегінде жатқан оны полицейдің пәрмендеп келіп
өкшесімен оңдырмай тепкенін жұрттың бәрі көріп тұрды. Сосын әуесқой топ
әбіргерге түсіп, дәрігер мен оның кәрі досының төңірегіне жиналды.
— Тараңдар! - деп тобырға әмір берді полицей.
Топты адам жанынан өткенде, Риэ көзін аударып әкетті.
Гран мен дәрігер ымырттың соңғы жарқылымен қатар аттап бара жатты. Бұл
оқиға тоңторыстықты бірден бұзып, қалғып бара жатқан қотан, орталықтан шалғай
көшелер тағы да тобырдың шадыман шуына толды. Үйінің кіре берісінде Гран
дәрігермен қоштасты. Жұмысқа отырар уақыт болды деді. Баспалдақтың бірінші
сатысын аттай беріп айқайлап Жаннаға хат жазғанын, енді шын қуанышты екенін
айтты. Ең бастысы ол баяғы сөйлемін сыптауға кайта кірісіпті. "Ондағы
эпитеттердің бәрін алып тастадым" деп мәлімдеді ол
Қуақы күлкімен қалпағын көтеріп қойып, ол дәрігерге салтанатпен бас иді.
Алайда Риэ Коттар туралы ойдан арылған жоқ еді, оның бетіне тиген жұдырықтың
сартылы демікпе шалдың үйіне жеткенше жол бойы есінен қалған жоқ. Бәлкім, оған
өлген адамнан гөрі қылмысты адам туралы ойлау ауыр болған шығар.
Риэ өзінің қарт емделушісіне жеткенше қараңғылық аспанды түгел жұтып
қойды. Бөлмеге азаттықтың алыстағы гуілі кірді, ал қария баяғысынша бір
кәстрөлден бұршақтарды екіншісіне аударып сапырылыстырып отырды.
― Олардың думандатып жатқаны дұрыс, - деді шал, - қалай болғанмен де түрлену
ғой. Ал, әріптесіңіз туралы көптен естілмейді ғой, дәрігер? Оған не болған?
Оларға жарылыс сартылы жетті. Бүл - қауіпсіз, ойыншық снаряд жарып жүрген
балалар ғой.
— Ол қайтыс болған, - деп жауап қатты Риэ, статоскопты шалдың қырылдаған
кеудесіне қойып жатып.
― Ә-ә, - деп таңырқай даусын созды шал.
— Обадан кетті, - деп қосты Риэ.
― Иә, - деп үнсіз қалды қария, - қашанда жақсылар кетеді. Өмір солай. Ол өзі не
істейтінін білетін адам еді.
— Неге олай дейсіз? - деп сұрады дәрігер статескопты алып жатып.
― Жай, әншейін. Ол босқа сөйлемейтін. Өзі маған ұнаушы еді. Шыны да сол
Біреулер: "Бұл - оба, бізде оба болды" деп қоймайды. Бақсаң, сол үшін өзіне орден
талап етеді. Ал, шынтуайттап келгенде оба не? Ол да өмір, бар болғаны осы.
— Ингаляцияны мұқият жасауды ұмытпаңыз.
― Оған алаң болмаңыз. Мен әлі біразға барам, бәрінің қырылып біткенін де
көремін. Өмір сүре білем мен.
Оның жауабы алыстағы қуаныштың дуы мен шуы болды.
батылсызданып бөлменің ортасында тұрып қалды.


Дәрігер
— Егер мен террасаға көтерілсем, сізге бөгет болмай ма?
― О, жоқ, ол не дегеніңіз. Жоғарыдан аналарға қарағыңыз келетін шығар.
Қараңыз қалағаныңызша. Бірақ та олар барлық жерде бірдей.
Риэ баспалдаққа беттеді.
— Айтыңызшы, доктор, олардың обадан опат болғандарға ескерткіш түрғызамыз
деп жүргені рас па?
― Қалай болғанмен де, газеттер солай жазды ғой. Не стелла, не тақта қоятын
шығар.
— Өзім де солай ойлап едім. Әлі қаншама сөздер сөйленеді десеңізші! - деп
қылқына кеңкілдеді. - Қалай бастайтыны құлағыма келіп тұр: "Біздің өлілер...". Ал
сосын тәбет ашарға, тіске басарға тартады.
Ал Риэ онда баспалдақпен көтеріліп бара жатқан. Үйлердің шатырлары үстінде
көсіліп ысқаяқ аспан жарқырап жатыр, жоталардан жоғары ілініп тұрған жұлдыздар
шақпақ тастай қатты көрінеді. Бүгінгі түннің обаны аз да болса ұмыту үшін Тарру
екеуі осы террассаға көтерілген түннен онша айырмасы жоқ. Алайда қазір теңіз
таудың жұлығына ондағыдан қатты соғып жатыр. Ауа жеңіл, тұрақты, күзгі жылы
жел әкелетін тұзды иістен ада.
Бұрынғысындай террассаға толқындардың шолпылдаған шуындай қаланың
дабыра дуы жетіп жатыр. Бірақ бүгінгі түн - бүліктің емес, құтқарудың түні. Анау
алыстағы қызғылт жарқыл қараңғылықты көктей өтіп, саяжолдар мен алаңдар
желісін айшықтап тұр. Мынау азат түнде тілек деген барлық бөгетті бұзып өтіп,
оның гуілі мен шуылы Риэге жетті.
Қараңғы порттың үстінен ресми думанның алғашқы зымыраны да ағып өтті.
Күллі қала оны қатты дауыстап ұзақ айқаймен қошеметтеді. Коттар, Тарру, Риэ
жақсы көрген ол мен олар, өлісі, тірісі, жоғалтып алғаны, қылмыс жасағаны - бәрібәрі ұмыт болды. 
Адамдар қашанда сол баяғы қалпы деген демікпе шалдың қисыны
дұрыс. Бірақ олардың күші де осында емес пе, кінәсіздігі де осында, өзінің күйініш,
күйзелісіне қарамастан Риэ дәл осы арада өзін солармен біргемін деп біледі. Аспанға
әлсін өлі фейерверктің түрлі-түсті арасаны шашырап, оның әр легі барған сайын
күшейген айқай-сүреңмен қошеметтеліп, сол дауыс мында террассаға жетіп, дәл осы
жерде дәрігер Риэ осынау тарихты жазуға бел буды, және ол осында тәмамдалды да.
Жазғанда да сараңдық жасамай, обаға шалдыққандардың пайдасын көздеп, оларға
жасалған әділетсіздік пен зорлықты жалғанның жарығына шығарып, бетін айдай
етіп қана қоймай, опат жылдарының неге үйреткенін айту, адамдарды жек көруден
гөрі, оларға қайран қалудың негізі көбірек екенін көрсету керек болды.
Сонымен бірге ол бұл хамсаның түбегейлі жеңістің тарихы бола алмайтынын да
түсінді. Бәлкім, ол шалдығуды білмес қаруы бар үрейге қарамастан, жеке бастың
күйзелісіне қарамастан адамдардың бәрі сөзсіз атқаруға міндетті істің куәсі ғана
болып қалар. Ал адам әулие болуға, мүмкіндіктің жоқтығынан, апатты ысырып
тастап, шипагер болуға ұмтылуы да ықтимал ғой.
Шынында да, қала орталығынан жетіп жатқан қуанышты айқай-сүреңге құлақ
сала тұрып, Риэ кез келген қуаныш қатер аузында тұратынын еске алды. Өйткені ол
мынау шат-шадыман тобыр білмейтін, тек кітаптардан ғана оқып көз жеткізетін
жайды біледі. Обаның микробы ешқашан өлмейді де өшпейді және жойылмайды
екен, ол ондаған жылдар бойы жиһаздың бұрандасында немесе киім-кешектің
арасында ұйықтап жатуы, жатынжайда, шабаданда, қол орамалда және қағаздарда
сәт сағатын шыдамдылықпен тосып жатуы мүмкін, сосын адамдарды тәубесіне
келтіру үшін бір күні ояна келіп, егеуқұйрықтарды бақытты қаланың көшелеріне
қаптатып кеп жіберуі кәдік.
You have read 1 text from Kazakh literature.
  • Parts
  • Оба - 01
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2250
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 02
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2228
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 03
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2234
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 04
    Total number of words is 3849
    Total number of unique words is 2285
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 05
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2217
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 06
    Total number of words is 3892
    Total number of unique words is 2357
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 07
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2217
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 08
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2098
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 09
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2065
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 10
    Total number of words is 3779
    Total number of unique words is 2314
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 11
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2253
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 12
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2189
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 13
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2252
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 14
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2244
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 15
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2285
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 16
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2159
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 17
    Total number of words is 2963
    Total number of unique words is 1787
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.