Latin Common Turkic

Оба - 09

Total number of words is 4033
Total number of unique words is 2065
35.2 of words are in the 2000 most common words
50.6 of words are in the 5000 most common words
57.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қонағын күтетініне сенетінін айтты.
Келесі күні журналист испан мейрамханасына кіргенде бас біткеннің бәрі
бұрылып бұған қарады. Кіру үшін төмен қарай бірнеше баспалдақ түсуге тура
келетін қара көлеңкелеу бұл ұра аптаптан өртенген сарғыш шағын көшеге
орналасқан екен, келушілерінің бәрі -испан тектес ерлер. Артқы үстелде отырған
Рауль жақын кел деп журналистке қол бұлғағанда, отырғандардың Рамберге деген
ынтасы бірден басылып, бәрі алдындағы тәрелкеге бас қойды. Үстел басында
Раульмен қатар баз бір ұзын бойлы, сақал-мұрты қырылмаған, мынандай тарамыс
арық денеге үйлеспейтін кең иықты, ат жақты, тым сирек бұйра шашты бейтаныс
біреу отыр. Рауль оған журналисті таныстырды, ал бейтаныс басын үш мәрте
шайқады. Рамберге оның есімін атамады, сөйлесіп отырып Рауль оны "біздің дос"
деп қана атады.
― Біздің дос сізге көмектесе алатынына сенімді. Ол сізді...
Рауль сөзін кілт үзді, өйткені тапсырыс алуға даяшы келіп қалды.
— Ол қазір сізді біздің екі досымызбен жолықтырады, олар өз кезегінде біз
байланыс жасап жүрген қарауылдармен кездестіреді. Бірақ бәрі бұнымен бітпейді.
Ең оңтайлы уақытты қарауылдардың өзі табуы керек. Ең оңайы, меніңше, бірер түн
қарауылдардың біреуінің үйінде қонып шығу, үйі қақпаға жақынырақ болса, тіпті
жақсы. Ал біздің дос жуық мәнінде қажет байланыстарды қамтамасыз етеді. Бәрі
орнына келген соң ақшаны соған бересіз. "Біздің дос" ат жақты басын тағы да
шайқап қойды және қызанақ пен тәтті бұрыштан жасалған салатты сыпырыпсиырып 
шайнап отыр. Сосын ол аздаған испан акцентімен сөз бастады. Ол Рамберге
бүрсігүні сағат сегізде собордың алдында кездесуді ұсынды.
― Әлі екі күн, - деп даусын созды Рамбер.
— Оңай шаруа емес, - деді Рауль. - Әуелі адамдарын табу керек.
"Біздің дос" ат басты адам замат бұл сөзді басын изеп қолдады да, Рамбер сылбыр
ғана келісті. Ертеңгі ас әңгімеге тақырып іздеген дағдыдан тыс жағдайда өтті. Ал
Рамбер мынау ат басты адам Конь футболшы екенін естігенде бәрі оңайланып кетті.
Кезінде мұның өзі де футболмен жан сала шұғылданған-ды. Әңгіме өз-өзінен
Франция чемпионатына, ағылшын кәсіби командасының деңгейі мен "дубль венің"
тактикасына ауысып жүре берді. Астың аяғына қарай Конь ешкімге сөз бермей,
Рамберді "сен" деуге көшіп, кез келген командада жартылай қорғауда ойнаудың
тиімділігіне мұның көзін жеткізуге тырысты. "Түсінсеңші, сен, - деп сөзін бекіте
түсті, - ойынды айқындайтын -жартылай қорғау. Футболдағы ең бастысы - осы". Өзі
ылғи шабуылда ойнаса да Рамбер лажсыз келісті. Алайда олардың дауына радио
нүкте қойды, бәзбір сентименталдық музыкаға негізделген шақыру белгісін
қайталап, ізінше кеше оба жүз отыз жеті адамды құрбан еткенін хабарлады.
Отырғандардың ешқайсысы тіпті бұрылып та қараған жоқ. Конь иығын қиқаң
еткізіп, орнынан тұрды. Рауль мен Рамбер де оған ілесті.
Қоштасарда жартылай қорғаушы Рамбердің қолын қысып:
― Менің атым Гонсалес, - деді.
Қалған екі күн Рамберге таусылмастай ұзақ көрінді. Ол Риэге барып, қамданған
қадамы жайында бүге-шігесіне дейін қалдырмай айтып берді. Содан дәрігерге еріп
жүріп, онымен обаға шалдықты деп күмәнданған ауру жатқан үйдің есігі алдында
қоштасты. Дәлізде аяқ дүрсілі мен дауыстар естілді: бұлар дәрігер келгені туралы
отбасын ескертуге жүгірген көршілер еді.
— Тек Тарру кешікпесе екен, - деп күбірледі Риэ. Оның түрінен шаршағандығы
көрініп тұр.
― Шамасы, індет қарқын ала бастаған ғой, - деді Рамбер.
— Басты мәселе ол емес, ауырғандардың көрсеткіші бұрынғыдан баяу көтеріліп
барады, -деп жауап қатты Риэ. Тек қана обамен күрестің тиімді құралдары әлі
жетіспейді.
― Бізде материалдар жетімсіз, - деп баяндай бастады ол. - Әлемнің кез келген
әскерінде материалдық олқылықтың орнын әдетте адамдармен толтырады. Ал
бізде адамдар да жетіспейді.
— Қалаға дәрігерлер мен санитарлар келген жоқ па еді?
― Рас, келген, - деп келісті Риэ. - Он дәрігер мен жүз шақты санитар келді. Бастап
қарағанда, әжептәуір көп сияқты. Бірақ бұл індеттің қазіргі сатысының өзінде әрең
жетеді. Ал індет өршіп кетсе, бұл мүлдем жетпейді.
Риэ үйдегі күбір-сыбыр әбігерге құлақ түріп, Рамберге жымия қарады.
— Иә, сізге жолдағы сәттілікке асықпаңыз деп кеңес беремін, - деді.
Рамбердің жүзінен көлеңке жүгіріп өтті.
― Ал сіз білесіз ғой, - деп баяу үн қатты ол - Мен жалпы ол үшін бұл арадан
сытылып шыққалы отырған жоқпын ғой.
Риэ білетінін растап келе жатыр еді, Рамбер оған ойын аяқтауға мұрша бермеді.
— Өзімді қорқақтар қатарына жатпаймын ғой деп топшылаймын, қорықсам да
сирек қорқамын. Мұны тексеретін сәттер аз болған жоқ. Ал мен үшін тіпті де төзгісіз
ойлар баршылық.
Дәрігер оның бетіне тура тесіле қарады.
― Сіз ол қызбен кездесесіз, - деді ол
— Мүмкін, бірақ мен осының бәрі ұзаққа созылып, оған дейін ол қартайып
қалады деген ойға жан-тәніммен қарсымын. Алайда адам отызында қартая
бастайды, сондықтан әрбір минутты пайдаланып қалу қажет... Сіз мені түсінер,
түсінбесіңізді білмеймін.
Риэ түсінем деп қипыжықтап еді, осы арада әбден жанығып алған Тарру келді.
― Жаңа ғана Панлю атаймен сөйлестім, оған жасаққа кіріңіз деп ұсыныс жасадым.
— Ал ол не деді? - деп сұрады дәрігер.
― Әуелі ойланып қалды, сосын келісті.
— Өте қуаныштымын, - деді дәрігер. - Оның уағызынан өзі жақсы болғаны үшін
қуаныштымыз.
― Барлық адам сондай, - деп мәлімдеді Тарру. - Тек оларға қажетті жағдай туғыз. 
Ол жымиып Риэге көзін қысты. - Тегі, жұртқа қажетті жағдай туғызу менің
мамандығым болса керек.
— Кешіріңіздер, кетер уақытым болып қалыпты, - деді Рамбер.
Белгіленген бейсенбіде Рамбер собор басқышына сағат бес минутсыз сегізде
келді. Ауа әзір әжептәуір салқын, таза болатын. Аспанда дөңгелек ақша бұлттар
қалқып жүр еді, ұзамай оянып келе жатқан аптап түтін қалдырмай оларды жұтып
қояры анық. Аптап күйдіре бастаған сыздауыт көгалдардан дымқыл иісі толқындап
келе жатыр. Қаланың батыс бөлігіндегі үйлерінің сыртына жасырынған күннің нұры
Жанна д' Арктың дулығасын сипап үлгерді, басынан аяғына дейін алтындаған бұл
ескерткіш мүсін алаңының ең басты әшекейі болатын. Сағат сегізді соқты. Рамбер
қаңыраған басқыш күмбезі астында ерсілі-қарсылы жүрді. Собордан қарамай мен
дымқыл подвалдардың ескі иісіне қосылып ән-күйдің үзіктері жетті. Кенет ән-күй
тоқталды. Қара киінген оншақты кішкентай құдай үйінен жүгіре шығып, көшемен
тымпылдай жөнелді. Рамбердің төзімі таусылуға айналды. Сол арада жаңадан
қарайған тағы бір топ кішкентай кісілер баспалдақпен жоғары өрлеп, басқышқа
беттеді. Ол темекі тұтата жаздап, шылым шегетін жерді онша сәтті таппағаны есіне
түсіп, тоқтап қалды.
Сағат сегіз он бесте собор органы ақырын ғана ойнай бастады. Рамбер қараңғы
күмбездің астына кірді. Алғаш ол жанынан өткен кішкентай қара сұлбаларды көрді.
Олар табанда ойластырылған алтарьдың алдындағы бұрышқа шоғырланды. Жедел
тапсырыспен қаламыздың мүсін шеберханаларының бірінде жасалып, жақында ғана
орнатылған әулие Рохтың статуясы осы арада. Енді тағзым етуші сұлбалар мынау
мәңгі сызда мүлдем бүрісіп, қалың көлеңкенің сәл қою, сәл қозғалғыш бір уыс
түйіршігіне айналып, буалдыр мұнараға жұтылып кеткелі түр. Төбелерінде орган
бәзбір сазды әлденеше әуенмен құйқылжытып дамылсыз ойнайды.
Рамбер шыққанда Гонсалес баспалдақтан түсіп келе жатты, шамасы, орталыққа
бет алған сыңайы бар.
― Ал мен сені кетіп қалған екен дегем, - деді ол журналиске. - Кеткенде дұрыс
жасар едіңіз.
Өз сөзінің астарын ашып ол кездесу белгіленген достарын осы араға таяу жерде
сағат жеті елу бесте күтіпті. Бірақ жиырма минут босқа тосыпты.
— Бірдеңе бөгет болғаны анық. Біздің шаруада бәрі біртегіс болмайды ғой.
Ол ертең осы уақытта опат болғандар ескерткіші маңында кездесуді ұсынды.
Рамбер фетр қалпағын желкесіне күрсіне сырғытты.
― Оқа емес, оқа емес, - деді Гонсалес күліп. - Өзің де білесің, допты торға
түсіргенше қанша пас беріп, амал тауып, айла қолданып, алыстан соғып әуреге
түсесің ғой.
— Әлбетте, - деп келісті Рамбер. - Бірақ матч бір жарым сағатқа ғана созылмай ма.
Опат болғандар ескерткіші Орандағы теңіз көрінетін жалғыз-ақ жерге
орнатылған, ол -портқа төніп тұрған тау жоталарының арасындағы қылта. Келесі
күні кездесуге тағы да бірінші келген Рамбер ұрыс алаңында опат болғандардың
ескерткіш бетіндегі тізімін зейін қойып оқып шықты. Бірнеше минуттан кейін тағы
бір-екі адам келді, Рамберге селсоқ қарап, әрі барды да қылтаны көлегейлеп тұрған
қоршауға шынтағын қойып, қыбырлаған тірі жан жоқ айтақыр жағалауды шолып
тұрды. Екеуінің де бойы бірдей, екеуі де көк шалбар киген, үстерінде шолақ жең
теңізші кеудешесі. Журналист ескерткіштен шегініп, орындыққа жайғасып, істер іс
болмаған соң бейтаныстарды барлап пайымдай бастады. Сонда ғана олардың сырт
пішініне қарағанда жиырмадағы жастар екенін аңдады. Сол сәт ол жолай кешірім
сұрап келе жатқан Гонсалесті көрді.
― Әне, біздің достарымыз, - деп ол Рамберді әлгі жас жігіттердің жанына алып
келіп таныстыра бастады, біреуінің есімі - Марсель, ал екіншісі - Луи екен. Олардың
бет пішіні де бір-біріне ұқсас, сондықтан Рамбер оларды бірге туған бауырлар ма деп
қалды.
— Міне, енді таныстыңыздар, - деді Гонсалес. - Қалғаны - шаруа жайында
ақылдасу.
Марсель ме, әлде Луи ма, қарауылдағы олардың сменасы екі күннен кейін
басталып, бір аптаға созылатынын, оңтайлы күнді содан іздеу керектігін айтты.
Олардың төрт адамнан тұратын қосы батыс қақпаны күзетеді екен, қарауылдың
екеуі тұрақты офицерлер көрінеді. Оларға бүл әрекет жайында сездіру сөз болуы да
мүмкін емес. Біріншіден, бұлар сенімсіз халық, екіншіден, шығын көбейіп кетеді.
Кейде олардың әріптестері түннің бір уағын өздеріне таныс бардың артқы
бөлмесінде өткізеді. Сондықтан да Марсель мен Луидің біреуі Рамберге қақпаға
жақын бұларға қоныстанып, келіп алып кеткенше күтуді ұсынды. Сонда қаладан
шығып кету қиынға соқпайды. Алайда асығу керек, ұзынқұлаққа қарағанда таяу
күндері сырт жақтан да күшейтілген күзет қойылатын көрінеді.
Рамбер іс-қимыл жоспарын мақұлдап, ағайындыларға қалған темекісін сыйлады.
Екеудің бағанадан бері ауыз ашпаған біреуі Гонсалестен сыйақы мәселесі шешіліп пе
еді, шешілсе аванс алуға бола ма деп сұрады.
― Оның қажеті жоқ, - деп жауап берді Гонсалес. – Бұл - өзіміздің жігіт. Ойланған
шаруа орындалсын, ақысын сосын төлейді.
Жаңа кездесу жөнінде де келісті. Гонсалес бүрсігүні испан мейрамханасында
түстенуді ұсынды. Сол арадан ағайынды қарауылдардың үйіне баруға болады.
— Қаласаң, алғашқы түні мен де сонда қонып шығайын, - деді ол Рамберге.
Келесі күні өз бөлмесіне көтеріліп бара жатқан Рамбер баспалдақта Таррумен
соқтығысып қалды.
― Риэге бара жатырмын, - деп хабарлады Тарру. - Бірге жүрмейсіз бе?
— Білсеңіз бар ғой, мен ылғи оған бөгет жасап жүретіндей көрінемін, - деді
Рамбер батылсыздау.
― Олай ойламаймын. Ол сіз жайында жиі айтады. Журналист ойланып қалды.
— Құлақ қойыңызшы, - деді ол - Егер кешкісін, тіпті одан да кеш болса мейлі, бос
уақыт тауып екеуіңіз барға, осы мейманханаға келсеңіздер қайтеді?
― Ал бұл әуелі оған, сосын обаға байланысты, - деп жауап қатты Тарру.
Алайда сағат он бірде екеуі де - Риэ мен Тарру мейманханасының енсіз тар
барына кірді. Келуші отыз шақты адам тар орында қақтығып-соқтығып, гуілдеген
дауыстар құлақ тұндырды. Екеуі де табалдырықта тұрып қалды - оба жайлаған
қаладағы тылсым тыныштықтан кейінгі мынау у-шу оларды қайран қалдырды.
Бірақ олар мынадан көңілді дудың себебін бірден білді.
— Мұнда алкогольді ішімдік беріледі екен. Шалғай бұрышта үлдірік үстелдің
алдында биік тәбіреткеде отырған Рамбер оларға қолын бұлғады. Олар таяп келіп,
Тарру тым еліріп кеткен көршісін жайымен ғана итеріп, ысырып жіберді.
― Ішкілік сізді үркітпей ме?
— Жоқ, керісінше, - деп жауап қатты Тарру.
Риэ танауымен стақаннан шыққан қышқыл шөп иісін ішіне тартты. Мынандай
шуда әңгіме үйлеспеді, Рамбердің өзін де сөзден гөрі ішімдік қызықтыратын сияқты.
Шағын бардың бос кеңістігінің тең жартысын алып тұрған екі үстелдің бірінде екі
бикешті екі жағына алып жайғасқан бір офицер қып-қызыл нарттай бір жуанға
Каирдағыдай бір індет жайында айтып отыр.
― Лагерьлер! - деп сөзін бекіте түсті ол - Онда жергілікті тұрғындар үшін
лагерьлер ашып, шатырлар тігіп, айналасына әскери кордон қойып, ауруға тәуіп
әйел жасаған дәрілерді жасырын беруге тырысқан туысқандарын табан аузында
атып тастауға бұйрық берді.
Басқа үстелдің басында отырған сәнді киінген жастардың не жайында айтып
отырғанын айырып болмады - онсыз да түсініксіз жеке сөйлемдер "Сент-Джеймс
ауруханасы" сазының жарықшақ ырғағымен жұғылып кетіп, төбеде дарылдап
тұрған күй тартқышқа жалт қаратты!
— Қалай, қуанып жүрсіз бе? - деп сұрады Риэ даусын сәл көтеріңкіреп.
― Енді жақын, бәлкім осы аптада сәті түсіп қалар, - деп жауап берді Рамбер.
— Өкінішті! - деп айқайлап жіберді Тарру.
― Несі өкінішті?
Тарру жаудырап Риэге қарады.
— Білесіз ғой, - деді дәрігер. - Таррудың олай айтып отырған себебі сізді осы
арада пайда келтірер еді деп санайды, ал мен сіздің кету ниетіңізді кәміл түсінемін.
Тарру тағы да бір-бір стақаннан тапсырыс берді. Рамбер тәбіреткесінен қарғып
түсіп, осы кеште алғаш рет Таррудың көзіне тура қарады.
― Ал мен немен пайда келтірер едім?
— Немен пайда келтірем дегеніңіз не? - деді стақанды асықпай қолына алған
Тарру. - Тым құрмаса біздің санитарлық жасаққа көмектесер едіңіз.
Рамбер ойланып қалды, үн шығармай тәбіреткесіне қайта барып отырды, жүзі
әдеттегі қайсар, тұнжыр кейіпке енді.
― Демек, сіздіңше, біздің жасақтар ешқандай пайда келтірмейді екен ғой? - деп
сұрады Тарру босаған стақанды үстелге қойып, Рамберге тесіле қарап.
— Әрине, келтіреді және келтіргенде де қандай! - деп жауап берген журналист
стақандағыны ішіп салды.
Риэ оның қолы дірілдейтінін байқап қалды. Одан өзінше ой қорытып, Рамбер
шынында да жүйкесі жұқарып, қатты күйгелектеніп жүр екен деп шешті.
Келесі күні Рамбер екінші рет испан мейрамханасына келгенде, оған тура есіктің
аузында көшеде тұрған орындықтардың арасымен өтуге тура келді. Оларды күндізгі
ыстықтың бетін қайтарған жасыл-алтын кешті қызықтаймыз деп келушілер залдан
әдейі алып шыққан екен. Олар бір айрықша ащы темекі тартып отыр.
Мейрамхананың өзі тіпті бос дерлік. Рамбер Гонсалеспен алғаш кездескен ең шеткі
үстелді таңдады. Даяшы қызға танысын тосып отырғанын айтты. Жетіден отыз
минут кетіп қалды. Сыртта отырғандар біртіндеп залға оралып, үстелдерге кеп
жайғаса бастады. Даяшылар тағам тасып, мейрамхананың аласа күмбезі астында
ыдыстар сылдырап, сыбыр-күбір көбейді. Ал Рамбер сағат сегіз болса да күтіп отыр.
Ақыры, жарық та берілді. Жаңадан келушілер оның үстелінің басына жайғасып
жатыр. Рамбер де өзіне деп тамаққа тапсырыс берді. Асын сағат сегіз жарымда ішіп
тауысты, ал Гонсалес те, ағайынды қарауылдар да әлі жоқ. Ол шылым шекті.
Мейрамхана іші біртіндеп босауға айналды. Сыртында қас қарайып, қараңғылық
қоюлана түсті. Теңізден ескен жылы самал терезе перделерін желпіп тұр. Сағат
тоғызда Рамбер мейрамханада ешкім қалмағанын, ал даяшы қыз өзіне таңдана
қарағанын байқады. Есеп айырысып, сыртқа шықты. Мейрамхананың
қарсысындағы баз бір дәмхана әлі ашық тұр екен. Рамбер мейрамхананың кірер
аузын көруге болатын үлдірік үстелге сүйеніп біраз тұрды. Сағат тоғыз жарымда
Гонсалесті қайдан табуға болатынын ойлап бас қатырып мейманханаға тартты. Ол
шіркін мекенжайын да тастамай кеткен, енді бәрін басынан қайта бастау керегін
ойлағанда оның жүрегі шаншып кетеді.
Дәл осы сәт санитарлық машиналардың шамдары тілгілеген қараңғылық
құшағында Рамбер кенет бірі мен бірін бөліп жатқан меңіреу қабырғаларынан
саңылау іздеп жүріп, осында өткен уақыттың он бойында әйелін бірде-бір рет есіне
алмағаны ойына түсті. Онысын кейін Риэ де мойындады. Алайда оған деген барлық
жол жабылған сәтте ол кенеттен өзінің күллі ой-ниетінің ұштасар нүктесі әйелі
екенін түйсініп, жаны күйіп, көкірегін бірдеңе кесіп өткендей болды. Ол басы сынып,
шекесі шыңылдап, мына бір күйініштен қайтсем құтыламын деп мейманханаға
қойып кетті. Қапа мен жападан қайда қашып құтылады пенде.
Келесі күні ол таңнан тұрып, Коттармен қалай жолығысуға болатынын сұрағалы
Риэге кірді.
― Енді маған жалғыз-ақ қалғаны - барлығын басынан қайта бастау, - деп
мойындады ол
— Ертең кешкісін келіңіз, - деп ақыл берді Риэ. - Тарру, неге екені белгісіз,
Коттарды шақыруымды сұрады. Ол сағат ондарда келеді, ал сіз он жарымда соғып
кетіңіз.
Келесі күні дәрігерге Коттар келгенде Тарру мен Риэ өзінің лазаретінде бір
аурудың жазылып кеткені туралы айтып отырды.
― Онның бірі. Айы оңынан туған қасқаның, - деді Тарру.
— Демек, оныкі оба болмағаны ғой, - деді Коттар жайбарақат қана.
Дәл обаның өзі деп оны иландыруға асықты аналар.
― Жазылса, ол қайдағы оба! Обада аяушылық деген жоқ екенін сіздер менен
артық білесіздер.
— Жалпы, сіздікі дұрыс, - деп келісті Риэ. - Ал салмақты салыңқыраса, күтпеген
жағдай да болуы мүмкін. - Коттар қиқылдап күлді.
― Бұл қалай айтуға байланысты. Кешкі мәліметті тыңдадыңыздар ма?
Тарру Коттарға ықыластана қарап, естідім деп жауап берді, жағдай, шынында да,
өте ауыр, бірақ ол шынтуайтына келгенде не дәлелдейді? Басым шаралар
қолданудың қажеттігін ғана дәлелдейді.
— Еһе! Ол шараларды қолданып жатқан жоқсыздар ма?
― Қабылдап та, қолданып та жатырмыз ғой, енді әркім өз шарасын қабылдасын.
Коттар Тарруға меңірейіп қарады. Ал Тарру:
— Жұрттың көпшілігі қол қусырып қарекетсіз отыр, індет - әркімнің ісі, әрбір
адам өз борышын орындауы керек, - деді. Санитарлық жасақтар бейіл
білдіргендердің бәрін қабылдайды.
― Олай болса, дұрыс, - деп келісті Коттар, - тек қана бәрі бекер. Оба күштірек.
— Қолдан келгеннің бәрін жасап бағайық, нәтижесін сосын көреміз, - деп
шыдамнан шықпай айтарын айтып болды Тарру.
Бұл әңгіме тұсында Риэ үстел басында отырып кәртішкелерді жаңадан көшіріп
жазып отырды. Ал Тарру бұрынғысынша орындығында мазасызданып қапалақтап
отырған Коттарға тесіле қараумен болды.
― Мсье Коттар, сізге неліктен бізбен жұмыс істемеске?
Коттар ине шаншып алғандай орындықтан атып тұрып,қалпағын қармап:
— Бұл менің шаруам емес.
Сосын шамданған сарынмен шаңқ етті:
― Айтқандай, оба тұп-тура маған қол Сол себепті оған қарсы күрескендерге
қайтіп көмектеспекпін.
Тарру ақиқатқа кенет көзі жеткендей маңдайын алақанымен бір салып:
— Аһ, иә, айтқандай ұмытып барады екенмін ғой: оба болмаса сізді баяғыда-ақ
тұтқындайтын еді.
Коттар тіпті шоршып кетіп, еденге сұлап түсемін деп шошынғандай орындықтың
арқасынан ұстай алды. Риэ қаламын қойып оған байыппен барлай көз тастады.
― Мұны сізге кім айтты? - деп айқайлап жіберді Коттар.
Тарру таңдана қасын керіп:
— Өзіңіз емес пе айтып тұрған! Болмаса, анығырақ айтқанда, дәрігер екеуміз
осылай түсіндік.
Ашуға булыққан Коттар түсініксіз бірдеңелерді міңгірлеп жатқанда Тарру тағы
да бастырмалатты:
― Жә, шамданбаңыз бұлай. Қалай дегенмен де, дәрігер екеуміз үстіңізден арыз
түсірмейміз. Сіздің шаруаларыңыздың бізге қатысы жоқ. Оның үстіне біз
полицияның жанкүйерлері де емеспіз. Ал қане, отырыңыз.
Коттар орындыққа сенімсіздеу көз тастап, бірден отыруға батпады. Үні шықпай
ауыр күрсінді сосын.
— Бұл өзі баяғыдағы іс, - деп мойындады ол, - соны олар жарық дүниеге сүйреп
шығарып жүр ғой. Мен жазған оны ұмыт болды деп жүрмін де. Шамасы, бәз біреуге
осы керек болған. Олар шақырып алып тергеу біткенше ешқайда кетпе деді. Ерте ме,
кеш пе, әйтеуір бір түн етегімнен ұстайтынын сонда білдім.
― Сөзге тұрар іс пе еді өзі? - деп сұрады Тарру.
— Сөз етуге тұрар-тұрмасы оны қалай түсінуге байланысты ғой. Құдайға шүкір,
кісі өлімі емес әйтеуір...
― Түрме ме, әлде каторга ма?
Коттардың ұнжырғасы түсіп кетті.
— Іс оңынан келсе, түрме болар...
Сәл кідіріп алып желпіне сөйлеп кетті ол
― Қателік өтті. Бәрі де қателеседі ғой. Тек қана мені ұстап, барымның бәрін:
үйімді де, күйімді де, дағдыма дейін тартып алады-ау, дос-жаран, таныстан да
ешкімді қалдырмайды - ау деген ойдан төбе шашым тік тұрады.
— Ә-ә, яғни сол себепті асылып өлмек болған екенсің ғой, - деп қалды Тарру.
― Иә, сол себепті. Әрине, бәрі де есуастық.
Осы арада бағанадан бері үнсіз отырған Риэ сөзге араласып, Коттардың
алаңдаушылығын түсінетінін айтып, бірақ бәрі де қалпына келер деп жұбатты.
— Білем, дәл қазір мен қорқатындай ештеңе жоқ екенін білемін.
― Сонымен, жасаққа кіргіңіз келмейді ғой, - деп қыжыратты Тарру.
Коттар дірілдеп қолындағы қалпағын умаждай тұрып, Тарруға жасқаншақтай
қарады:
— Тек қана сіз ашуланбаңызшы маған...
― Ашуланып не ақым бар сізде, - деп жымиды Тарру. - Әйткенмен өз пайдаңыз
үшін айтамын, оба микробын таратпауға тырысқайсыз.
Коттар қарсы дау айтты: жалпы ол обаны қалаған емес, ол пәле өзі келді, ал оба
қолайына жағатын болса, ол бұның кінәсі емес. Табалдырықтан Рамбердің қарасы
көрінгенде Коттар жігерленіп кетті:
— Алайда сіздердің ештеңеге қол жеткізе алмайтындарыңызға мен сенемін.
Коттардан Рамбер Гонсалестің мекенжайы оған да белгісіз екенін білді, алайда
алғашқы, шағын дәмханаға тағы да барып көруге болады. Ертең кездесуге сөз
байласты. Риэ келіссөздің нәтижесін білгісі келетін пейіл танытқан соң, Рамбер
Тарру екеуін аптаның аяғында түннің кез келген шағында өз нөміріне шақырды.
Ертеңіне таңертең Коттар мен Рамбер кішкентай дәмханаға келіп, Гонсалеске
бүгін кешке, басқа бір жағдай тап боп қалса, ертең кездесейік деп сәлем айтты. Кеш
бойы олар босқа күтті оны. Есесіне Гарсиа келесі күні келді. Рамбердің әуре-сарсаңы
жөніндегі әңгімені ол үнсіз тыңдады. Істің мәнінен өз басы хабарсыз көрінеді, бірақ
таяуда бір тәулік бойы бірнеше қотанды қоршап алып, үйден үй қоймай тінткенін
естіпті. Гонсалес пен ағайындылардың сол қоршаудан шыға алмай қалуы әбден
мүмкін Оның қолынан енді келетіні - Раульмен қайта жолықтыру. Кездесудің бірер
күннен бұрын бола қоймасы және түсінікті.
― Зайыры, бәрін басынан қайта бастау керек болар, - деп түйді Рамбер.
Рамбер белгіленген жерде Раульмен көше қиылысында кездескенде ол
Гарсианың топшылауы дұрыс екенін, қаланың төменгі қотандарын бөліп
тастағанын растады. Гонсалеспен байланысты қалпына келтіру керек еді. Ал арада
екі күн өткенде Рамбер футболшымен ертеңгілік ас ішіп отырды.
— Мына ақымақтықты қойсаңшы, - деді Гонсалес. - Бір-бірімізді қалай
табатынымыз жайында келісіп алмаймыз ба!
Осы пікір Рамбердің де көкейінде тұр.
― Ертең ерте әлгі балаларға барайық, бірдеңе жасауға тырысармыз.
Келесі күні балалар үйінде болмай шықты. Оларға ертең түсте Лицей алаңында
кездесу тағайындалды. Түстен кейін Рамберді кездестірген Тарру оның кісі
өлтіргендей түріне таңғалды.
— Реті келмей жатыр ма? - деп сұрады Тарру.
— Иә. Мәссаған, басынан бастаған, - деп жауап қатты Рамбер.
Сосын ол шақыруын қайта еске салды:
― Бүгін кешке келіп кетіңіздер.
Кешкісін қонақтар Рамбердің нөміріне енгенде, ол төсекте жатыр екен. Орнынан
көтеріліп, бірден дайындап қойған стақандарын толтырды. Риэ өз стақанын қолына
алып, істің барысын сұрады. Журналист бар айналымды басынан бастап, негізгі
бағытқа қайта шықтық, таяуда тағы бір соңғы шешуші кездесу болады деп жауап
берді. Қолындағысын ішкен соң:
— Тек олар тағы да келмей қалады-ау, - деді.
― Жалпылама қорытынды жасауға болмайды, - деді Тарру жұбатып.
— Сіздер оны әлі бастан кешірген жоқсыздар ғой, - деді иығын қозғап қойып
Рамбер.
― Оныңыз кім?
— Оба.
― Ә-ә, - деп даусын созды Риэ.
— Жоқ, сіздер түсінбедіңіздер, оба дегеніміз - бәрін басынан қайта бастау.
Рамбер нөмірдің бұрышына қарай барып, шағын патефонның құлағын бұрады.
Алыстан екі дүркін атылған мылтықтың даусы естілгенде патефон табағы әлі
айналып тұр еді.
― Иттерді не қашқындарды атқылап жатқан ғой, - деп қалды Тарру.
Бір минуттан кейін патефонның үні өшіп еді, тап осы таяу маңнан санитарлық
машинаның клаксоны безілдеп қоя берді, даусы одан сайын үдеп нөмір терезесінің
түбінен өтті де, ұзап барып ақыры сап болды.
— Көңілсіз күйтабақ екен, - деді Рамбер. - Оның үстіне бүгін бұны он шақты рет
тыңдадым.
― Сізге сондай ұнаған ғой онда?
— Жә, жоқ-ә, басқасы болмаған соң амал не? - Сәл кідіріп барып сөзін әрі
жалғады:
― Сіздерге айтып отырған жоқпын ба, бәрін басынан қайта бастау деген осы...
Сосын ол Риэден санитарлық жасақтардың қалай жұмыс істейтінін сұрап білді.
Қазірдің өзінде олардың саны беске жетті. Тағы да бірнешеуін жасақтаймыз ба деген
үміт бар. Журналист кереуетінің шетіне жайғасып, бөлекше ден қойып аяғының
тырнағына тесіле қалды. Риэ оның дембелше әлеуетті тұлғасына барлай қарады,
кенет Рамбердің де өзіне тесіліп отырғанын сезді.
— Білсеңіздер бар ғой, дәрігер, мен сіздердің жасақтарыңыз туралы көп
ойландым, - деп сөз бастады журналист. - Егер мен сіздермен бірге болмасам, оның
айрықша себебі бар. Ол себеп болмаса, басымды бәске тігіп орталарыңызда жүрер
едім. Испанияда соғысқан жанкешті екенімді білесіздер.
― Кім жағында соғысып жүрсіз? - деп сұрады Тарру.
— Жеңілгендер жағында да. Алайда одан бері он ойланып, жүз толғандым.
― Не жайында? - деп тағы да білгісі келді Тарру.
— Ерлік жайында. Енді мен адамның ұлы істер жасауға қабілетті екенін жақсы
білемін. Сонымен бірге ол ұлы сезімдерге де қабілетті болмаса, мен үшін ондай адам
өмірде жоққа тән.
― Байқаймын, адам бәріне де қабілетті ғой тегі, - деп қалды Тарру.
— Жо-жоқ, ол ұзақ қайыруға немесе ұзақ сүюге қабілетсіз. Демек, ол іске татыр
ештеңеге де қабілетті емес.
Рамбер өз қонақтарына кезек-кезек қарап алып:
― Ал мына сіз, Тарру, махаббат жолында жан қиюға, яғни өлуге қабілеттісіз бе? деп сұрады.
— Білмеймін, дәл қазір қабілетсіз шығармын...
― Міне, көрдіңіз бе! Ал сіз идея жолында жаныңызды пида етуге барсыз, ол
аспапсыз көзге де көрініп тұр. Ал мен үшін идея жолында құрбан болатын
адамдардың қажеті шамалы. Өз басым ерлікке сенбеймін, мен қаһарман болу қиын
емесін білемін және ерліктің апатты екенін де білемін. Мен үшін ең құндысы сүйетініңді біліп өлу, 
сүйетініңді біліп өмір сүру.
Риэ журналисті ықылас қойып ынтамен тыңдады. Одан көзін айырмай, жылы
ұшырай жұмсақ тіл қатты:
— Адам дегеніңіз идея емес, Рамбер.
― Жоқ, идея, идея болғанда да, құдайың білсін, адамды сүюге қабілетсізбіз.
Мүмкін болса, қашан қабілетті болғанша күте тұрамыз, қаһарманның кейпінде
ойнамай, жалпыға ортақ азаттықты тосамыз. Өз басым одан әріге бармаймын.
Риэ орындығынан тұрды, жүзі шаршаған кейіп танытты.
— Сіздікі дұрыс, Рамбер, бастан-аяқ дұрыс, дүниенің бар игілігін ұсынса да, сізді
бел буған ісіңізден бас тарт деп үгіттеуге бармас едім, өйткені оны әділ әрі жақсы іс
деп санаймын. Алайда сізге мынаны ескертуге тиістімін: шынтуайттап келгенде бұл
араға ерлікті тықпалаудың қажеті қанша? Бұл - ерлік емес, кәдімгі адалдық. Бәлкім,
ой-пікір сізге күлкілі болып та көрінуі, бірақ обаға қарсы бірден-бір қару - осы
адалдық.
― Ал адалдық дегеннің өзі не? - деп сұрады Рамбер мүлдем басқа, байыпты үнмен.
— Жалпы оның не екенін менің өзім де білмеймін. Алайда өзімнің қазіргі
жағдайымда адалдық, адал болу деген - өз ісіңді атқар деген сөз.
― Ал мына мен өз ісімнің не екенін білмеймін,- деп ызалана күрсінді Рамбер. 
Бәлкім, махаббатты таңдап мен дұрыс жасамаған шығармын. Риэ оған жалт қарады.
— Жоқ, олай ойламаңыз, - дегенді ол әрең айтты. - Сіздікі дұрыс.
Рамбер оларға ойлана көз тастады.
― Меніңше, сіз екеуіңіз де қазіргі жағдайда ештеңе жоғалтпайсыз. Игі істен сырт
қалу оңай.
Риэ құюлы шарабын тауысты да:
― Кеттік, - деді Тарруға, - бізде әлі күтіп тұрған қыруар жұмыс бар.
Ол нөмірден бірінші болып шықты. Тарру оған ілесіп табалдырыққа дейін барды
да, есіне бірдеңе түсіп кетіп, журналиске бұрылып:
— Ал сіз Риэнің әйелі осыдан жүздеген шақырым жердегі санаторийде жатқанын
білесіз бе? - деді.
Рамбер таңданып алақанын жайып тұрып қалды да,Тарру шығып кетті.
Ертеңіне таңертең ерте Рамбер дәрігерге телефон шалды:
― Егер мен де сіздермен бірге жұмыс істесем, қарсы болмас па едіңіз, қашан
қаладан кетудің орайы келгенше істей тұрайын.
Желінің ар жағында аз-кем үн болмай қалып, сосын шықты:
— Әрине, Рамбер. Сізге рахмет!


ҮШІНШІ БӨЛІМ

Ұзақ апталар бойы оба тұтқындары қолынан қалай келсе, солай жан далбаса
жасады. Ал айталық, Рамбер сияқты кейбіреулері, жоғарыда көзіміз жеткендей,
қиялға бой алдырып, әлі де таңдау құқығы берілген еркін адамдардай қимылдады.
Ал соған қарамастан, тамыздың ортасына таман оба бәрі-бәрін бастан-аяқ еңсерді
деп кәміл айтуға болады. Енді жеке, дербес тағдыр деген тегіс жойылды, жалғыз-ақ
қалғаны-ұжымдық тарихымыз, дәлірек айтқанда, оба және одан туындаған баршаға
ортақ түйсік-сезім. Қазіргі ең мәндісі - айырылу мен жер аудару және осыдан
шығатын үрей мен ыза. Міне, сондықтан да әңгімені дәл қазір, аптап пен індет өршіп
тұрған шақта, жалпы ауанда болса да, тірі қалған азаматтарымыздың ашу-ызасын,
өлгендерді жерлеу мен айырылысуға мәжбүр болған ғашықтардың шер-мұңын
мысал ретінде суреттеп беруді орынды санайды.
Дәл осы жылы жаз ортасында сұрапыл жел тұрып, бірнеше күн қатарынан оба
жайлаған қаланы сабады-ай кеп. Оран тұрғындарының жалпы желді жек көруге
барлық негізі бар: қала бой көтерген жотада желге табиғи тосқауыл болатын
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оба - 10
  • Parts
  • Оба - 01
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2250
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 02
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2228
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 03
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2234
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 04
    Total number of words is 3849
    Total number of unique words is 2285
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 05
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2217
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 06
    Total number of words is 3892
    Total number of unique words is 2357
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 07
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2217
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 08
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2098
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 09
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2065
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 10
    Total number of words is 3779
    Total number of unique words is 2314
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 11
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2253
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 12
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2189
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 13
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2252
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 14
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2244
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 15
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2285
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 16
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2159
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 17
    Total number of words is 2963
    Total number of unique words is 1787
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.