Latin Common Turkic

Оба - 06

Total number of words is 3892
Total number of unique words is 2357
31.3 of words are in the 2000 most common words
46.8 of words are in the 5000 most common words
55.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қалай келсе, солай кетуге тиіс. Қорыққанмен де торыққан жоқ олар, өйткені оба
тірліктің бір түрі болып қарсы алдынан шығып, індетке дейінгі өмірді ұмыт етер
шақ әлі туған жоқ. Ұзын сөздің қысқасы, олар әлі күту үстінде. Әйткенмен де оба
көрінеу елеске ұқсап олардың дінге, басқа да толып жатқан мәселелерге деген
көзқарасын өзгертті, ал бұл көңіл күй парықсыздыққа да, құштарлыққа да үш
қайнаса сорпасы қосылмай, "ақиқат" деген сөзбен ғана айқындалғандай еді. Құдайға
құлшылық қылушының біреуі дәрігер Риэге айтқан "Қалай болғанмен де бұдан зиян
жоқ" деген сөздің астына қол қоюға барды. Таррудың өзі күнделігінде қытайлар
осындай жағдайда обаның рухын риза қылу үшін барабан соғады екен, ал
барабанның сауықтыру шараларынан тиімді екенін дәлелдеу мүлдем мүмкін емес,
деп жазыпты. Одан әрі бұл мәселені оба рухының бар екені жөніндегі мәліметтерді
қолға ұстай отырып қана шешуге болады, бірақ біздің бұл саладағы надандығымыз
бұған байланысты пікірді жоққа шығарды дейді.
Қалай болғанымен де біздің кафедралдық собор апта бойы жалбарынушыларға
толы болды. Алғашқы күндері біздің ағайындардың көбі собор қақпасы алдындағы
пальмалар мен анар ағаштарының саясында топырлап тұрып, толқындай есіліп
жатқан шіркеу әндерін тыңдап жүрді, олардың әуені тіпті көшелерден де естіліп
жатты. Алайда, жат өнеге жұқпалы емес пе, дәл әлгі тыңдаушылар еті үйрене келе
батылданып соборға кіріп, өздерінің ұяң үнін хордың жалпы даусына қосты.
Жексенбі күні үлкен тобыр ұзынша дәлізді лық толтырып, кіре беріс басқышты
толтырып, баспалдақ сатыларында тұрды. Соның қарсаңында сенбі күні аспан
түнере қалып, нөсер жауды. Храмға кіре алмағандар қолшатырларын көтерді.
Мінбеге Панлю атай көтерілгенде, әтір қарамайдың хош иісі мен дымқыл жібектің
лебі есті.
Панлю атай ұзын бойлы болмағанмен, мығым денелі дембелше кісі болатын.
Кесек қолдарымен мінбенің шетінен ұстағанда құлшылық қылушылардың көзіне
қолпылдаған кең қара қаптал, одан жоғары қып-қызыл екі бет, металл жиекті
көзілдірік қана түсті. Оның даусы алысқа кететіндей күшті, екпінді екен; әулие атай:
"Бауырларым, сіздерді қырсық шалды, ниеттеріңе қарай тап келіп отырған қасірет
бұл, бауырлар!" деген алғашқы шабытты шымыр сөздер саңқ еткенде, храм кіре
беріске дейін қозғалақтап толқып кетті.
Келесі сөйлемдер логикалық тұрғыдан жолдардың алғашқы екпінімен кіріге
қойған жоқ. Біздің азаматтар қадірмен атайдың алғыр шешендік тәсілмен өз
уағызының негізгі айтарын алғашқы сөйлемге сыйғызып, қамшымен тартып
жібергендей еткенін сөздің орта шенінде ғана ұқты. Панлю атай тиянақ толғауы
тәмамдалысымен, Египет отбасы туралы қиссадан үзінді келтіріп: "Жаратқанның
жауларын баудай түсіру үшін тарихта тұңғыш рет осы қамшы пайда болған.
Перғауын жаратушының бұл шешіміне қарсы шығады, бірақ оба оны тәңір алдында
тізе бүгуге мәжбүр етеді. Осылайша адамзат тарихының басынан бастап, құдайдың
қамшысы қатыгездер мен көрсоқырларды жуасытқан. Осыған ой жүгіртіп жақсырақ
толғаныңдар да тізелеріңді бүгіңдер".
Жаңбыр қайта жауды да, жаппай үнсіздіктің ортасында айтылған соңғы сөйлем
түрлі-түсті әйнекке көңілсіз тамшының тысырымен ұласып жаңғыра шығып,
жалбарынушылардың кейбірі сәттік қана қобалжудан отырған орындықтарынан
сырғып түсіп, шынында да тәу еткендей тізелерін бүкті. Қалғандары да әлгілерге
еріп, орындықтардың сықыры ғана естілген құлаққа ұрған танадай тыныштықта азаздап 
иіліп, ақыры бүкіл аудитория тізесінен тұрды. Сол сот Панлю атай бойын
тіктеп, алқына дем алып, әрбір сөзін дауыс ырғағымен даралап сөз бастады: "Әгәрки,
оба бүгінде сіздерге соқса, демек, ойланатын уақыт болғаны. Адал жандарға 
қорқыпүркетін ешнәрсе жоқ, ал адамдар үрейі ұшып, қалтырап отырғаны сөзсіз. Әлемнің
көз жетпейтін шексіз-шетсіз алқабында аямас қамшы адам дәнін мекенінен
ажырағанша шықпыртып соғады. Сонда біз дөңнен қауыздың көп екенін,
таңдаулыдан жауыздың көп екенін, бұл ғаламатты құдайдың қаламағанын көреміз.
Жауыздыққа ұзақ, тым ұзақ төздік, құдайдың мейіріміне ұзақ, тым ұзақ сүйіндік.
Күмәніміз үшін опынып, кешірім өтінсек-ақ болды, не істесек те еркіміз білді.
Сондықтан әркім өзінің кінәсы үшін қатты өкінеді. Бірақ бәрі үшін жауап беретін
мезет келеді. Ал әзір өмірді сүргеніңше сүре берген оңай, құдайдың мейіріміне
сенсең бәрі оңғарылады дедік. Енді көрдіңіздер ғой, бәрі ойлағандай жалғаса
бермейді екен. Қала тұрғындарына мейірбан жүзін ұзақ аударған құдай-тағала
мәңгілік ой-арманында ұдайы алданып, тұлдырсыз тосудан қалжыраған соң бетін
бұрып әкетті. Сөйтіп, тәңірдің жарығынан айрылып, обаның қараңғы қапасында
қалдық".
Тыңдармандардың біреуі жылқының пысқырғаны сияқты оғаш дыбыс шығарды.
Аз-кем үнсіз қап, қадірмен атай сөзін қайта бастады, бірақ екпіні сәл төмен. "Алтын
аңыздан" оқығанымыз бар. Умберто Ломбарский корольдің тұсында Италия сұмдық
көрлі обадан тып-типыл боп, тірілер өлілерін көміп үлгере алмай, әсіресе індет Рим
мен Павияда зәрін шашқан ғой. Сонда жұрттың бәрінің көз алдында қайырымды
періште келіп, қызыл иегіне аңшы найзасын қыстырған қаскөй періштеге үйлерді
талқанда деп әмір етіп, қай үйге найза шаншылса да, одан ата шыққандардың бәрі
жансыз сұлап түседі".
Осы тұсқа келгенде Панлю жаңбырдың тербелген пердесінде бірдеңе
жасырынып тұрғандай кіре беріс баспаға қысқа ғана қолын сүртті. 
"Бауырларым! деп бар күшімен дауыстады. - Өлім шашқан сол аңшылық енді біздің көшелерде
сайрандап жүр. Қараңыздаршы, қараңыз әне, оба періштесі, Люцифердей сұлу,
жауыздықтың өзіндей жалт-жұлт еткен ол әне шатырларыңызға шығып қаһар
шашып, қызыл иегіне қыстырған қанды найзасын өз басында бұлғап, сол қолымен
сіздің үйлерді нұсқап тұр. Бәлкім, дәл қазір ол саусақтарын сіздің есікке шошайтып,
найзасы қарш етіп ағашқа кіріп, сол сәт үйлеріңізге оба еніп, бөлмеңізде
оралуларыңызды күтіп отырған шығар. Ол шыдамды да қырағы, әлем тәртібіндей
дауасыз. Оның өздеріңе созылған қолын жер бетіндегі ешбір күш, тіпті - мұны
естеріңізде берік ұстаңыздар - алас ұрған адам білімі де серпіп тастай алмайды".
Бұл жерде қадірмен атай бояуды аямай-ақ баттитып, жұрттың бәрін
үрейлендіретіндей құдай қамшысының суретін сөзбен салып-ақ берді. Оның
айтуынша, алып ағаш найза қаланың үстінде айналып жүрген көрінеді, сөзсіз кеп бір
жерлерге соғып кетеді де, қаны тамшылап жоғары ыршып шығып, адам ауруын
шашады, міне "осындай егістік жайқалып ақиқат егіні өсіп шығады".
Осынау ұзақ кезеңді аяқтап Панлю атайдың үні өшті, шашы қобырап маңдайына
түсті. Тұла бойы қалшылдап, үнсіздік пен өміріміздің ең ақтық ұстанымына бастап
бара жатқанның өзінде де қасиетті, киелі. Міне, бауырлар, сіздерге көптен айтқым
келіп жүрген жұбанышым осы. Осы арада естігендеріңіздің бәрі жазғырып жазалар
сөз болып қана қоймай, салиқалы сабыр мен тату тыныштық әкелсін.
Панлю атайдың уағызы тәмамдалып келе жатқаны бар жағынан да сезіліп тұрды.
Жаңбыр басылды. Аспаннан дымқыл мұнарды көктей өтіп алаңға жаңа туған күн
түсті. Көшеден автомобильдердің гүрілі, машиналардың шиқылы, сампылдаған
дауыстар естілді - оянып келе жатқан қаланың қалыпты тілі ғой бұлар. Шу
шығармас үшін тыңдармандар ептеп басып жинала келіп, храмда ыбыр-сыбыр
басталды. Сол сәт қадірмен атай қайта сөйлеп кетті. Обаның құдайы түп-тегі, тәңір
қамшысының жазалар міндеті бар екенін дәлелдеп, бұл тақырыпқа қайтып
оралмайтынын мәлімдеп, енді әңгіме қасіретті оқиғалар турасында өрбитін
болғандықтан қызыл сөздің қызығына түспей жай ғана баяндайтынын ескертті ол.
Оның ойынша, барлығы жұрттың бәріне онсыз да аян болуы керек.
Тыңдармандардың есіне тек мынаны ғана түсіргісі келетін көрінеді. Жылнамашы
Матье Марэ Марсельге тарпа бас салған ұлы обаны бейнелей келіп, еш көмек, ешбір
үмітсіз тозақта қалғанына шағынады. Шағынбай қайтсін, Матье Марэ бейшара
соқыр болған ғой! Панлю атай керісінше дәл қазір әрбір адамға құдайы көмек пен
христианның, мәңгілік үміті қол ұсынып отырғанын дәлелдеуге тырысады. Оның
осы күндері күллі үміт-күдікке қарамастан, күллі қорқыныш-үрейге қарамастан,
жантәсілім етіп жатқандардың ақтық жанайқайына қарамастан, ол біздің
ағайындардың махаббат аталатын жалғыз сөзбен, хақ христианның сөзімен аспанға
алақан жайып жалбарынатынына сенеді. Ал қалғанын тәңірінің өзі жеріне жеткізеді.
Бұл уағыздың біздің азаматтарға әсер еткен-етпегенін айту қиын. Мәселен,
тергеуші мсье Отон дәрігер Риэге, өз ойынша, Панлю атай сөзінің негізгі желісі
"тіптен бұлтартпайтындай" екенін айтты. Алайда орандықтардың бәрі бірдей бұл
үзілді-кесілді пікірге қосылған жоқ. Былайша айтқанда, олар күні осы уақытқа дейін
өздері білмейтін қылмысы үшін тұтқын болып неліктен торда отырғанын күңгірт
топшылап келсе, енді тереңірек түсінгендей болды. Егер кейбіреулер өзінің
қарапайым тірлігін одан әрі жалғастырып, тұтқындыққа бейімделуге тырысса, енді
біреулер керісінше мынау түрмеден қалай сытылып шығып құтылып кетудің ғана
амалын ойлады.
Алғаш жұрт сыртқы әлемнен бөлініп қалғанына, кейбір дағдыға ғана нұқсан
келтіретін уақытша ыңғайсыздық сияқты, көндіге бастаған-ды. Ал олар зынданға
түсіп қалғанына, төбесінен шатырға ұқсап жазғы аспан шыр айналғанда барып
қамалудың күллі өміріне қатер төндіргенін бағамдап, кешкілік салқын жігерін
жаныған шақта ара-тұра ақылға сыймайтын ең бір шалт қимылдарға да барды.
Мұның өзі әншейін ғана дөп келу ме, әу бастан о жағын айту қиын, бірақ сол
жоғарыда аталған жексенбіден кейін қаламызды үрей кеулеп кетті, оның тереңдігі
мен қамту көлеміне қарағанда біздің ағайындар, шынында да, өз жағдайына көз
жіберіп екшей бастаған сияқты. Демек, белгілі көзқарас тұрғысынан қаламыздағы
ауан сәл-пәл өзгерді. Ал, бұл өзгерістер қаланың өз ауанында ма, әлде адамдардың
жүрегінде болды ма - міне, мәселе осында.
Жексенбілік уағыздан кейін бірнеше күн өткен соң Риэ Гранмен бірге айтулы
оқиғаны әңгімелеп қаланың шетіне бет алып келе жатқан еді, кенет олардың алдын
бір адам кес-кестеді, қолапайсыз жер таптап, ол бір орыннан және қозғалған жоқ.
Сол сәт жарқ етіп көше шамдары жанды, кейінгі кезде оларды да кеш жағатын
болған. Биік мачтаның басына ілінген шамның жарығы олардың ту сыртынан түсіп
әлгі адамды айқындап берді, ол көзін тарс жұмып алып, сылқ-сылқ күліп жүр. Оның
үнсіз күлкіден өзгеріп бозарған бетінен тер парлайды. Олар жанынан өтті.
― Есі ауысқан жынды, - деді Гран.
Жолдасын бұл көріністен аулақ алып кету үшін қолтығынан ұстаған Риэ
Гранның бүкіл денесі дірілдеп қалшылдағанын сезінді.
— Ұзамай қаладағының бәрі де есі ауысқандар болады,- деп қалды Риэ. Күні бойы
тыным таппай қалжырағандікі болар, оның тамағы кеберсіді.
― Кіріп бірдеңе ішіп шығайық.
Олар кірген тар кафедегі үлдірік үстелдің жоғары жағына ілінген жалғыз
шамның қызылкүрең сәулесі жарық болып жарытар түрі жоқ. Неге екені белгісіз,
ешқандай себеп-салдары болмаса да кафедегілер сыбырлап сөйлесіп отыр. Дәрігерді
қайран қалдырып Гран өзіне бір стақан ром ғана беріп, оны бір демнен қағып салып,
керемет күшті екен деді. Сосын олар сыртқа беттеді. Көшеге шыққанда Риэге түн
қараңғылығы ыңқыл-сыңқылға толып кеткендей көрінеді. Қара аспаннан құйылып,
шамдардың жоғарғы жағында қалықтап тұрған ысқырық тәңірдің көзге шалынбас
қамшысын еске түсіріп, ол жылы ауаны тілгілеп тұрған сияқтанды.
— Қандай бақыт, қандай бақыт! - деп қайталай берді Гран.
Риэ оның нені бақыт деп тұрғанын білуге тырысты.
― Рас, бұл шынында да орасан артықшылық, - деп растады Риэ.
Әлгі ысқырықты басқысы келіп ол Граннан:
— Жұмысыңа көңілің тола ма, - деп сұрады.
― Сізге қалай айтсам екен, жалпы дұрыс жолдамын ғой деп ойлаймын.
— Әлі қанша еңбектенуіңіз керек? - Гран көңілденіп, ішімдіктің буына елтігендей
дауысы да қаттырақ шықты.
― Білмеймін, дәрігер, бірақ мәселе басқада, иә-иә, мүлдем басқада.
Сұхбаттасының қолын сермеп қойып келе жатқанын Риэ тіпті қараңғыда да
байқады. Ол өзі туралы толғау айтып келе жатқандай, сөзі сыртқа лықсып шығып,
еш мүдіріссіз ағытылып келеді.
— Менің не тілейтінімді білесіз бе, дәрігер, мен бар ғой, қолжазбам баспагердің
қолына тиген күні, ол оқып шығып, орнынан тұрып өз қызметкерлеріне: "Мырзалар,
атыңдар аспанға бөріктеріңді!" дегенін естісем деймін.
Мынау күтпеген мәлімдеме Риэні таң қалдырды. Гран қалпағын шешетін кісіше
қолын басына апарып, сосын алға қарай сермеді. Анау аспанда оғаш бір ысқырық,
тың бір күшпен шылдырлады.
Әдеби шаруада өзі ысылып көрмеген Риэ тегінде бәрі оңай болып жатпаған
шығар, бірақ баспа қызметкерлерінің кабинеттерінде қалпақпен отыруы неғайбылау деп ойлады. 
Бірақ оны кім біледі деп Риэ үндемей қоя салғанды артық көрді. Өз
ырқынан тыс ол обаның тасыр-тұсырына құлақ түрді. Олар Гран тұратын қотанға
таянды, жол жоғары қарай көтерілетін болған соң самал жел есіп, қаланың бар шуын
алып кетті. Гран әлі сөйлеп келеді, Риэ бірақ сөзінің жартысын ғана аңдады.
Түсінгені - сөз болып отырған шығарманың жүздеген беттен асқаны, ал ең бір азабы
- шеберлік шыңына шығуы екені...
― Тұтас кештер, тұтас апталар бойы бәз-бір сөзді қырнап... жә болмаса үйлесім
іздеп отырғаның.
Осы арада Гран аялдап, дәрігер пальтосының түймесін қармады. Оның опырық
аузынан былдырлап сөзі әрең шықты.
— Түсініңіз мені, дәрігер. Ақыр соңында "және" мен "бірақтың" арасынан біреуін
таңдау онша қиын емес. Ал "және" мен "сосынның" қайсысына артықшылық беру
недәуір қиындық. "Сосын" мен "сонан соң" туралы сөз қозғалса, қиындықтың
көкесін сонда көресің. Әрине, ең қиыны, жалпы "және" деген сөзді қою керек пе, жоқ
па - соны айқындау.
― Иә, түсінемін, - деді Риэ.
Ол қайтадан алға адымдады. Гран шынымен сасып қалып дәрігерді қуып жетті.
— Кешіріңіз мені, - деп міңгірледі ол, - бүгін кеште маған не болғанын өзім де
білмеймін.
Риэ оны аялай иығынан қақты да, қолынан келсе көмектескісі-ақ келетінін, оның
айтқандарының бәрі керемет қызықтырғанын айтты. Былай қарағанда Гранның
көңілі жайланған сияқты. Кірер ауызға келгенде ол қалталақтап дәрігерден өзімен
бірге пәтеріне көтерілуін өтінді, Риэ келісті.
Гран мейманын үстінде қағаздар қобырап жатқан асүйдегі үстелдің басына
отырғызды. Әрбір парақ ұп-ұсақ әріптермен тізілген жазудан көрінбейді, сызудан
қарауытып кетіпті.
― Иә, мыналар сол ғой, - деді Гран Риэнің сұраулы көзқарасын байқап қап. 
Бәлкім, бірдеме ішерсіз. Менде азын-аулақ шарап бар.
Риэ ішуден бас тартты. Қолжазба парақтарынан көз алар емес.
— Тесіле қарамаңызшы, - деп жалынды Гран. - Бұл алғашқы сөйлемі ғана. Осыған
бола әуреге түстім ғой, оһ қалай әурелендім десеңші!
Ол да үстел үстінде шашылған қағаздарға қадала қалып, жеңсік бермес шабытқа
бағынып, қолы өзі жазған бетке созылып, оны абажурсыз электр шамына тақап
әкелді. Парақ қолында дірілдеп тұр. Риэ оның маңдайына шыпшып тер шыққанын
байқады.
― Отырыңыз да оқыңыз, - деді оған.
Гран дәрігерге көз тастап, разылықпен жымиды.
— Дұрыс, - деді ол, - сізге менің де оқып бергім келіп тұрған.
Жазылған беттен көзін алмай сәл тұрды да, отырды ол Риэ болса, қамшының
ысқырығын сүйемелдегендей көрінетін қаланың ың-шыңына құлақ тосты. Дәл осы
сәт ол тарс жабылып құрсауланған өзіндік бір әлемге айналып, түн қараңғылығы
жұтып жатқан төбе құйқаны шымырлатар өксікке толы төмендегі қаланы айрықша
жіті түйсінді. Ал қасында қатты ызыңдаған Гранның дауысы: "Мамырдың
тамылжыған таңында сәнді киінген амазонка тамаша торы атпен Булон
ормандарының гүл жайнаған саяжолымен шауып бара жатты..." Сосын тыныштық
қайта орнады да, өзімен бірге азапкер қаланың балдыр-батпақ түсініксіз даусын
алып келді. Гран парақты үстелге қойды, бірақ одан көзін айырған жоқ. Сәлден соң
Риэге қарап:
— Ал, қалай? - деді.
Риэ басы тартымды көрінгенін, одан әрі не боларын білген қызықты болатынын
айтты. Бұл пікірге Гран қызу қарсы шығып, ондай көзқарас дұрыс болмайтынын
білдірді. Тіпті парақты алақанымен салып та қалды.
― Әзір бұның бәрі жуық мәнінде ғана қиялымда қонақтаған суретті қапысыз дәл
қайта жаңғыртып, әрбір сөзді топ-топ түскен ат тұяғының дүбіріндей дәл түсіре
алсам, қалғаны оңай өріліп, есіліп жүре береді, ең бастысы бірінші жолдан басталған
бұлдыр қиял шырқау шегіне жетіп: "Кәне, сыпыр бөркіңді!" - деп батыл айтуға
болады.
Әзір оның жұмысының шеті, шегі көрінбейді. Мұндай сөйлемді еш баспагердің
қолына дүниенің бар жақсылығын үйіп берсе де ұстата салмақ емес. Әредік бір
сөйлем авторлық қанағат сезімін туғызса да, әзір ол шынайы көріністі бере
алмайтынын, тым жеңіл жазылып, етене жақын болса да жаттандылыққа ауыл-үй
қонғалы тұрғанын өте жақсы ұғады. Терезеден жүгірген кісілердің дүрсілі естілген
шақта оның сөзінің мағынасы шамамен осыған кеп сайған еді.
— Бұны қалай бұрағанымды әлі көресіз, - деп терезеге қараған Гран, - осының
бәрі бітетін күн бар ма, өзі?! - деп күрсінді.
Тағы да асығыс аттаған аяқ дүрсілі естілді. Риэ да аптығып көшеге түсіп еді,
қасынан екі адам өтті. Зады олар қалалық қақпаны бетке алып бара жатса керек.
Шынында да, біздің ағайындардың кейбіреуі оба мен аптапта басынан айырылып,
күш қолдануға бел буып, қырағы кордонды алдап қаладан шығып кетпек болған.
Басқалар да, айталық, Рамбер сияқтылар, өрши түскен үрей құрсауынан сытылып
шығуға тырысты, бірақ табысты болмағанмен де табанды әрі әккі қимылдады.
Бастау үшін Рамбер барлық ресми шаралардың бәрін қолданды. Оның өз сөзіне
қарағанда, ерте ме, кеш пе, табандылық әйтеуір бір жеңеді, ал белгілі көзқарас
тұрғысынан кез келген жағдайдан сытылып шығып, құтылып кету - оның кәсібіне
тән қарекет. Сондықтан ол көптеген кеңселердің есігін қағып, кісілердің мазасын
алды және білігінде күмән жоқтарды жағалады. Алайда, дәл мынандай жағдайда
олардың білігі кәдеге аспай, далада қалды. Әдеттегідей олар барлық жағынан мол да
дәл мағлұматы бар адамдар болатын. Табақтай дипломдары мен ізгі ықыластарын
айтпағанның өзінде, банк операцияларына немесе экспортқа цитрус тектестер мен
шарап саудасына қатысты қыруар тәжірибе жинаған сот шешімі немесе сақтандыру
саласынан бұлтартпас білімі бар кісілер. Әсіресе олардың ізгі ықыласы қайран
қалдыратын, баурап тастайтын. Алайда обаға келгенде бәрінің де білімі нөл болып
шықты.
Соған қарамастан Рамбер әрқайсысына кездескен сайын өз ісін түсіндірді. Оның
дәлелдері негізінен бұл қалада бөгде екеніне, сондықтан шаруасы да айрықша
қарауды талап ететініне сайды. Әдеттегідей сұхбаттастары бұл дәлелмен қуана
келісті. Әйткенмен олардың бәрі дерлік тура осындай жағдайда жүргендер көп, сол
себепті бұның басындағы жай айтарлықтай бөлекше емес екенін түсіндіріп бақты.
Оған Рамбер қарсылық білдіріп, солай болған күннің өзінде де дәлелдерінен
танбайтынын айтты, жүгінгендері бұл пікірін өзгертуі керек екенін, өйтпегенде
билік орындары кез келгенді беттен қақпай еркіне жіберіп, теріс үлгі бермес үшін
бөгет жасары айқын деді, оның ыңғайына жығылмай. Бірде Рамбердің өзі жасаған
талдауы бойынша мұндай адамдарды "төрешілердің" тобына жатқызатынын
айтқаны бар Риэге. Төрешілерге тағы мәймөңкелер қосылды, олар өтініш айтушыны
бұл жағдайдың ұзаққа созылмайтынына сендіруге тырысты, ал олардан нақты
шешім талап еткенде, ақыл айтуға сараңдық жасамай, Рамберді тіпті бұның бәрі
ертең-ақ өтетін уақытша қолайсыздық, шыдамдылық керек деп жұбатты. Сондай-ақ
мансаптылар да кездесті, олар өтініш айтушылардан тілегін білдіріп қағаз жазып
беруін сұрап, шешімі жөнінде кейінірек хабарлайтынын айтты; пәтердің ордерін
ұсынып, арзан пансионның мекенжайын хабарлаған таңқылдақтар да ұшырасты;
тәртіп бойынша кәртішке толтырып, сол замат іске тігіп қойған тақуа
қағазқұмарлар ұшырасты; қолын аспанға жайған қиялилар ұшырасты; көзінің
астымен қарайтын қыңырлар да ұшырасты, ал ақыр соңында дағды бойынша
Рамберді көрші кеңсеге жұмсаған немесе жаңа бір жолдарды айтқан сілтейсалмалар
ұшырасты. Осынау сандалма жүрістің бәрінен журналист титықтап бітті, бірақ оның
есесіне мэрия мен префектура деген не екені жөнінде толық түсінік алды. Өйткені
қалың матамен қапталған орындықта ебедейсіз үлкен плакаттың алдында отырып
талай сағатты қабылдау күтуге сарп етуге тура келді. Сонда отырып ол бәрін де
көрді: біреулер салық салынбайтын мемлекеттік заемға жазылуды, біреулер отарлау 
әскеріне кіруді ұсынады; табаныңнан тік тұрып кеңселерде көрінгенге көз
сату қандай азап; қызметкерлерінің жүзі папкалар сықалған сөрелер сияқты ештеңе
оқи алмайсың. Рас, Рамбер дәрігер Риэге қынжыла мойындағандай, бұл ырдудырдудың 
да бір артық жағы болды: әуре-сарсаңның, істің нақты жағдайын
бүркемелеп, білдірмей қойды. Іс жүзінде ол індеттің орши түскенін байқамапты.
Бүкіл қаланы аясына алған мынадай алашапқында күндер көз ілестірмей зулап,
әрбір өткен күн әр адамды басына түскен сынақтың соңына жақындата түседі, тек
соған дейін жетсе ол. Мұндай көзқарас көңілге қонады деп мойындауға мәжбүр
болды Риэ, алайда оның ақиқаты тым жалпылама.
Ақыр аяғында Рамбер үшін бір үміт жылт еткен де сәт туды. Префектурадан
мүмкіндігінше нақтырақ толтыр деген өтінішімен анкета алды. Анкета
жібергендерді оның нақты аты-жөні, отбасылық жағдайы, бұрынғы және бүгінгі
табысы, бір сөзбен айтқанда, өмірлік сипаттамасы қызықтырған тәрізді. Алғашқы
бетте оған мұндай анкетаны әдеттегі тұрған жеріне жіберуге болатындардың бәріне
бергендей көрінді. Кеңседен алынған мәлімет бұлдыр болса да, осы ойды
растағандай әсер туғызған. Алайда Рамбердің бір батыл қадамынан анкетаны
жіберген бөлім табылып, сұрастыра келгенде "бір жағдай бола қалса" деп таратып
жатыр екен.
― Қандай жағдай? - деп сұрады Рамбер.
Қандай жағдай екенін кеңседегілер жасырған жоқ. Егер обаға шалдығып опат
болып кетсе, бөлім бұл қайғылы оқиғаны оның туысқандарына хабарлайды - бұл
бір, екіншіден, оның лазаретте жатқан күндеріне қала бюджетінен төлене ме,
төленбесе ол соманы марқұмның туыстары қалпына келтіреді деп сенуге бола ма бұл 
соны анықтау үшін керек. Әрине, мұның өзі оның анау жақта күтіп
отырғандардан түпкілікті ажырамағанын дәлелдейді, себебі оның тағдырымен
қоғамның өзі айналысып отыр. Рамбердің тағы бір байқағаны - сұрапыл сұмдықтың
асқынған кезінде бәз-бір кеңсенің жайбарақат қана өз ісімен айналысып отырғаны,
обаға дейінгі тәсілмен бастама көтеріп, одан басшылықты да хабардар етпей,
әйтеуір осындай шаруа үшін құрылдық қой деп өзінше өгіз айдап жатқаны.
Кейінгі күндер Рамбер үшін ең оңай, сонымен бірге ең ауыр кезең болды. Ол
есінен айырылғандай өз-өзінен мәңгіріп қалды. Журналист кеңселердің бәрінде
болды, қажет қадамның бәрін жасады, ақыры тығырықтан шығар жол тосқауыл
қойылып түгел жабылғанына көз жеткізді. Содан соң оның дәмханадан дәмхана
қоймай шарлауы басталды. Ертеңгілік алдына бір күрешке жылы сыра алып,
дәмхананың баспасында отырып газет қарады. Қарағандағы себебі - індеттің таяу
күндері аяқталуына бәз-бір сілтеме табу. Өткен-кеткенге көз тастап, көңілсіз
жүздерді көргенде жаратпай бетін бұрып алады. Қарсыдағы дүкендердің
жарнамаларын он шақты рет қайталап оқып, тәбет ашар тамаша ішімдіктер
жарнамасына да қайта-қайта үңіліп, орнынан көтерілді де, қаланың сап-сары
көшесімен басы ауған жаққа жүре берді. Осылай уақыт өтіп жатты. Ертеңгілік
дәмханада жападан-жалғыз отырып, ауқат жасаудан кешкісін мейрамханаға барып
ас ішуге дейінгі уақыты сандатылып бос қыдырумен өтеді. Риэ де оны дәл осы
дәмхананың аузында батылсыздау қалыпта тұрғанынан көрді. Ақыры, ол көңіл
қобалжуын басып ішке кірді де, залдың арғы бұрышына барып отырды. Жоғары
жақтың нұсқауы бойынша дәмханалар мен мейрамханаларға жарық барған сайын
кеш берілетін уақыт та күннен күнге жақындап келе жатты. Залға іңір қараңғылығы
сығалап, батар күннің су түстес күңгірт сүр, күлгін сәулелері терезе әйнектеріне
шағылып, қоюланып келе жатқан қараңғылықта тек үстелдердің мәрмәр беті ғана
көмескі жылтырайды. Қаңыраған залдың ортасында Риэге бұл журналист үшін
жұрттан безіп жалғыз қалу сияқты көрінді. Әйткенмен оба жайлаған қаланың басқа
да тұрғындары, анығырақ айтқанда тұтқындары, осындай аласталуды бастан кешіп
жатқан жоқ па, олардың азат болар шағын жақындатуға жан салу керек қой. Риэ
бұрылып кетті.
Рамбер осылай сан сағатты сапаржайда да өткізді. Перронға шығуға тыйым
салған-ды. Бірақ алаңнан кіруге болатын күту залының есіктері ашық, кейде аптап
ми қайнатқан күндері онда қайыршылар паналайтын - іші көлеңкедегідей салқынақ. 
Рамбер сапаржайға пойыздардың ескі кестелерін, еденге түкіруге тыйым
салатын хабарландыруды және темір жол полициясының жұмыс тәртібін оқығалы
келді. Сосын ол бұрышқа барып отырды. Көп айлар бойы жағылмаған ескі шойын
пештің бүйірі - залалсыздайтын заттардың шашырандысынан сатпақ-сатпақ.
Қабырғадағы ондаған плакаттар Бандоль немесе Канны сияқты бір жерлердегі азат
та бақытты өмір туралы хабар берді. Осыны көріп Рамбер адам ақтық сызыққа
жеткенде пайда болар үрейлендіретін бір бостандықты түйсінгендей болды. Көзге
ұрар көрнекі ескерткіштердің бәрінің ішінен жанын азапқа сап қатты қинағаны
Париж суреттері болды, былайша доктор Риэні оның өзі осылай сендірді. Париж енді
елеске айналды, таныс табиғат көріністері - су мен көне тастар Поле-Рояльдағы
көгершіндер, Терістік вокзалы, Пантеон маңындағы құлазыған кварталдар, тағы
басқа тамаша қала түкпірлері іс-қимылға деген талап-тілекті құртып кетті, әйтпесе
бұрын Рамбер олардың бәрін өлердей сүйетініне шүбә келтірілмейтін. Риэ
журналист бұл бейнелерді өз махаббатымен ғана көкке көтеріп пір тұтады ғой деп
ойлаған-ды. Рамбер бірде оған таңғы сағат төртте оянып, туған қаласы туралы
ойлайтынын айтқанда, дәрігер оны өзінің аса аяулы тәжірибесімен салғастырған 
оның да дәл осы уақытта оянып, әйелін ойлайтыны бір ғанибет сияқты көрінетін.
Дәл осы сағатта оянып оның лебін түйсінгендей болатын. Сағат төртке дейін адам
түк бітірмейді, тырп етпей ұйықтайды, тіпті ол опасыздық түрі болса да сөйтеді. Иә,
адам ұйықтайды және өте жақсы ұйықтайды осы сәт, өйткені үреймен шошынған
жүректің жалғыз қалауы - сүйгеніңді алаңсыз аймалау, ал айырылысу сәті туғанда
оны түс көрмейтін ұйқыға бөлеп, қашан қауышқанша шыдау.
Уағыз аяқталған соң ұзамай аптап ыстық маусымы басталды. Маусым айы да
аяқталуға таяу. Айтулы уағызды есте қалдырған кенже нөсерден кейінгі келесі күні
жаз көгілдір аспан мен үй шатырларында жайнап шыға келді. Оның келуі кешкісін
ғана басылған ыстық дауылды желден басталды, ол қаладағы күллі қабырғаларды
кептіріп үлгерді. Күні бойы аптап пен жарық нұр қаланы жарқыратты да тұрды.
Үйінен сәл шыққан адам көше дарбазасынан бас қылтитса болды, иісі қалада мынау
көз қарықтырған шұғыла шапақ түспеген бұрыш қалмағандай көрінері сөзсіз. Алау
күн бір меңіреу бұрылыс-бұрыштардан да біздің ағайындарды тауып алып қыр
соңынан қалмай қыздырды да тұрды. Алғашқы ыстықтар өлім-жітім көрсеткішінің
күрт өсуіне тура келіп, сол аптада шамамен жеті жүз жан құрбан боп, қалғанын
уайым-қайғы меңдетті. Біртегіс көшелерінде баспалы үйлері сап түзеген қала
шетінде әдеттегі у-шу сап болды, барлық өмір табалдырықта өтетін қотандар да
құлаққа ұрған танадай, терезе қақпалары тарс жабық. Әйткенмен, кейбір үйлерден
ыңқылдап ыңырсыған үндер шығады. Бұрын мұндай болғанда көшелерде жұрт
жиналып, әлгі үйге құлақ түріп, ыбыр-сыбыр көбейетін. Ал қазір үрей ұзай соғып
бара жатқанда жұрттың жүрегі қасаңданып, әркім әлде бір жақта өмір сүріп
жатқандай, анау-мынау ыңқыл-сыңқылды елемейтін болды, аһылап-уһілеудің өзі
адамның табиғи тіліне айналды.
Жандармдардың қару жұмсауына тура келген қала қақпасындағы айқас іштен
тынған үнсіз толқу туғызды. Әрине, жаралылар да болды, алайда аптап пен үрейдің
салдарынан бәрін үрлеп өсіріп жіберетін қалада қаза тапқандар да болды деп жүрді.
Қалай айтқанмен де, анығы біреу ғана, ол - наразылықтың ары қарай өршімегені.
Істің насырға шабарын көре білген қаланың билік орындары қамшының күшімен
сабасына түскен тұрғындар кенет қайта толқыса не амал жасаудың шараларын
ойластыра бастады. Газеттер бұйрықтар жариялап, оларда қала шетін тастап
шығуға тыйым салынғаны тағы да қайталанып, оны бұзғандар түрмеге қамалатыны
ескертілді. Қаланы бақылау күзетшілері тексеріп жүрді. Аптап қақтаған көшелермен
терезелері жабық қос қапталдың арасымен өзі жүргенін тұяқ дүбірімен хабарлап
атты күзет өтеді. Күзет қызметкерлері бұрыштан әрі асса болды, қасіретті қаланы
тыныштық құшағына қайта алады. Ара-тұра мылтық даусы естіледі - бұлар арнайы
берілген бұйрық бойынша бүргенің ықтимал тасушысы мысықтар мен иттерді
атады. Осы құрғақ дүрсілдің өзі қаланы әскери үрей ауанына шомдырады.
Бәрі де біздің азаматтардың шошынған жүрегінде қисынсыз көп мәнге ие болды,
ал оған кінәлі - бір жағынан аптап ыстық пен тымырсық тыныштық.
Азаматтарымыз жыл тәулігінің ауысқанын паш еткен аспанның бояуы мен
топырақтың иісін алғаш байқай бастады. Әрқайсысы-ақ аптаптың, індеттің өршуін
үдететінін үрейлене түсініп, әрқайсысы-ақ сонымен бірге жаздың да келгенін көрді.
Кешкі аспанда қала үстінен қалықтаған сұр қарлығаштардың үні де күйрек шықты.
Алайда біздің өңірде көкжиекті кеңейтіп жіберетін маусым ымырты ол үшін
әлдеқайда кең. Базарға енді көктемгі шешекті емес, құлпырып ашылған гүл
шоқтарын әкеліп, ертеңгілік сатылған олар кешке шаң басқан табанжолдарға
төселіп қалады. Көктемнің өтіп бара жатқанын, ол қызыл-жасыл киініп, сахнада ән
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оба - 07
  • Parts
  • Оба - 01
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2250
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 02
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2228
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 03
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2234
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 04
    Total number of words is 3849
    Total number of unique words is 2285
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 05
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2217
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 06
    Total number of words is 3892
    Total number of unique words is 2357
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 07
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2217
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 08
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2098
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 09
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2065
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 10
    Total number of words is 3779
    Total number of unique words is 2314
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 11
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2253
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 12
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2189
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 13
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2252
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 14
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2244
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 15
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2285
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 16
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2159
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 17
    Total number of words is 2963
    Total number of unique words is 1787
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.