Latin Common Turkic

Оба - 08

Total number of words is 3964
Total number of unique words is 2098
33.8 of words are in the 2000 most common words
47.4 of words are in the 5000 most common words
55.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Сіз мынау тарихқа килікпес бұрын соны жасау шарт, есіңізде болсын, бұдан аман
шығар мүмкіндіктің сіз үшін біреуі-ақ бар.
— Бұл долбар есептің еш мәні жоқ, оны өзіңіз де өте жақсы білесіз, дәрігер. Бұдан
жүз жыл бұрын Персиядағы оба індетінде қаланың күллі тұрғыны қырылып, бір-ақ
адам аман қалған ғой, бақса ол мәйіттерді арулап жуып, бір минут та дамыл-тыным
таппаған екен.
― Яғни, оның үлесіне үшінші мүмкіндік тиген, - деді Риэ және даусы әдеттен тыс
қатқыл шықты. - Сіздің айтуыңыздың да жаны бар, оба жайындағы мағлұматымыз
әлі де онша мәз емес.
Енді олар қала шетін аралай бастады. Қаңыраған көшелерде автомобиль жарығы
жарқ-жұрқ етеді. Дәрігер машинаны тоқтатты. Есігін жауып жатып Таррудан
аурудың үйіне кірер ойыңыз бар ма деп сұрады, анау кіретінін айтты. Олардың
жүзіне түнгі аспаннан шашыраған сәуле ғана жарық түсірді. Ойламаған жерден Риэ
ықыластанып қарқ-қарқ күлді.
— Айтыңызшы, Тарру, мына тарихқа килігуге сізді не мәжбүрлеп жүр? - деп
сұрады ол
― Білмеймін. Сірә, адамгершілік алдындағы ой-толғам, түсінік болуы керек.
— Ал ол неге негізделген?
― Адамгершілік түсінікке.
Тарру үйге қарай бұрылды да, Риэ оның жүзін демікпе шалдың үйіне кіргенде
ғана көрді.
Келесі күні-ақ Тарру іске кірісіп, алғашқы ерікті жасақты құра бастады, оның
ізімен басқалары да ұйымдастырылуға тиіс болды.
Осынау санитарлық ұяларға тым зор мән беру әңгімешінің ниетінде әсте жоқ. Рас,
әңгімешінің орнында болса, біздің ағайындардың біразы-ақ бұл жасақтардың рөлін
асыра көрсетуден аянбас еді. Алайда әңгіме айтушы басқа бір жайтқа бой алдыратын
сыңайлы, ол жақсы істерге мейлінше мол мән беріп, жамандықтың өзін көкке
көтеріп керемет мақтайды деп санайды. Өйткені мұндай жағдайда жақсы қылық
сирек құбылыс болғандықтан ғана бағаланады деп топшылауға болады, ал
жауыздық пен енжарлық -адам қарекетінің әлдеқайда кең тараған қозғаушылары.
Міне, осы көзқарасты әңгімеші титтей де бөлісе алмайды. Дүниедегі зұлымдық
атаулы қашанда надандықтың жемісі, егер ағарту жағы жеткіліксіз болса, кез келген
игі күш-жігер жамандықтан кем зиян әкелмейді. Адамдардың жаманынан жақсысы
көп, шын мәнінде, мәселе мұнда да емес. Олар кей жағдайда ештеңе білмей
түсінбестікпен жүреді, бұны рақымшылдық немесе кемістік деп біледі. Ал ең үлкен
кемістік - осы түсінбестік, ол өзі ойына не келсе соны істеуге болады, тіпті кісі
өлтіруге де болады деп ойлайды. Кісі өлтірушінің көңілі көрсоқыр, бәрін бастан-аяқ
айқын көрмейінше шынайы мейірбандық та, шын тамаша махаббат та болмайды.
Таррудың бастамасы бойынша туған санитарлық жасақтарды қуаттай отырып,
әділдіктен аумау керек дейтініміз, міне, сондықтан. Әңгіме айтушының аса ділмар
шежіреші кебін киіп, игі ерік-жігер мен ерлікті қолдай тұра көкке көтеріп
мадақтаудан аулақ тұратыны да содан. Ол бұдан былай да қайғырса да қайыспайтын
қайсар жүрегінің шежіреші тарихшысы болып қала береді, өйткені бізді оба осындай
етті.
Санитарлық жасақтарды ұйымдастыруға жанкештілікпен кіріскендердің еңбегі
оншалық ұлық та емес, олар басқаша істеуге болмайтынын берік білді және,
керісінше, бұны қолға алмаудың өзі түсініксіз болып қалар еді Бұл жасақтар
азаматтарымыздың обаға үңгіп енуіне көмектесіп, бір жағынан олардың көзін ауру
келген жерде оған қарсы күресетін амал табу қажеттігіне жеткізді. Өйткені обамен
күрес бір пара адам үшін парыз болып қана қоймай, шындығында баршаның ісіне
айналды.
Мұның өзі өте жақсы. Екі жерде екі төрт болатынын оқытқан мұғалімді мақтау
миына кіріп те шықпайды. Бәлкім, осы тамаша мамандықты таңдағаны үшін
мақтайтын болар. Айталық, мен тағы басқалардың екі жерде екі төрт болатынын
дәлелдеуге кіріскені өте-мөте мақтарлық, тіпті оларды мейірбан ерік-жігері
жоғарыда аталған мұғаліммен, жүрегі сол секілділердің бәрімен туыстырып тұрған
сияқты. Ал адам баласының абыройына қарай мұндайлар әңгімелеуші
ойлағандағыдан әлдеқайда көп. Рас, ол қандай қарсылық болса да, ең бастысы, бұл
адамдардың басын бәске тігіп, өмірін де аямағаны екенін түсінеді. Алайда тарихта
әрқашан әрі сөзсіз мынадай сәт те туады: әлгі екі жерде екі - төрт болатынын
дәлелдеген адамды өлім жазасына кеседі. Мұғалім мұны өте жақсы біледі. Мәселе
мұндай ой-толғам үшін қандай жаза немесе қандай марапат болатынында да емес.
Мәселен, екі жерде екі торт бола ма, болмай ма - соны білуде. Біздің азаматтардың
сонда да өмірін таразыға тартып, басын бәйгеге тіккенде екі мәселені: біріншіден,
бұл оба ма, оба емес пе, екіншіден, оған қарсы күресу керек пе, жоқ па деген мәселені
шешуіне тура келді.
Жаңадан шыққан көптеген Оран уағызшылары бұған қарсы ештеңе жасауға
болмайды, ең ақылы - апат алдында тізе бүгу деп дәлелдеп-ақ бақты. Тарру да, Риэ
де, олардың достары да оларға анау деп, мынау деп қарсы айтуына болар еді, бірақ
олардың тұжырымын қолдарынан қалай келсе, солай жасады; ол - әр алуан тәсілмен
күрес жүргізу, қиындық алдында ешқашан тізе бүкпеу. Бар мәселе адамдарды
ажалға қайтсе де көп бермеуге, оларға оралмас айырылысудың азабын
тартқызбауға кеп тірелді. Бұған жеткізер жалғыз ғана амал - обаны жеңіп шығу.
Былайша, бұл ақиқат таңданыс туғызуға тиіс емес, таңданыстан гөрі бұның ойға
қонымдылығы, қисындылығы басым.
Міне, сондықтан да Кастель қарияның сыворотканы осында, жергілікті жерде,
қолда бар материалдардан өндіруге бар сенімін, бар жігерін сарп етуі әбден заңды
әрі табиғи. Риэ мен олар қаланы шарпыған микробтың дақылдарынан жасалған
сыворотка сырттан әкелінгеннен күштірек әрі шипалырақ, өйткені жергілікті
микробтың оба вакцинасынан, анығырақ айтқанда, оның классикалық
сипаттамасынан аздаған айырмашылығы бар. Кастель сыворотканың алғашқы легін
осы таяу күндері алуға есеп жасап отыр.
Міне, сондықтан да шын мәнінде тарихи тұлға деуге келмейтін Гранның бұл
күндері жасақтардың әкімшілік кіндігі болуы да әбден заңды, әрі табиғи. Тарру
ұйымдастырған жасақтардың бір бөлігі халық тым көп тұратын қотандарда
сақтандыру көмегін көрсетуді мойнына алды. Жасақ мүшелері мұнда қажетті
тазалық енгізуге тырысып, дезинфекциядан өтпеген шатырлар мен подвалдардың
есебін алды. Қалған жасақшылар тікелей дәрігерлерге көмектесіп, олармен бірге
шақырту бойынша пәтерлерге барды, аурулардың тасымалдануын еді.
Жаңадан шыққан көптеген Оран уағызшылары бұған қарсы ештеңе жасауға
болмайды, ең ақылы - апат алдында тізе бүгу деп дәлелдеп-ақ бақты. Тарру да, Риэ
де, олардың достары да оларға анау деп, мынау деп қарсы айтуына болар еді, бірақ
олардың тұжырымын қолдарынан қалай келсе, солай жасады; ол - әр алуан тәсілмен
күрес жүргізу, қиындық алдында ешқашан тізе бүкпеу. Бар мәселе адамдарды
ажалға қайтсе де көп бермеуге, оларға оралмас айырылысудың азабын
тартқызбауға кеп тірелді. Бұған жеткізер жалғыз ғана амал - обаны жеңіп шығу.
Былайша, бұл ақиқат таңданыс туғызуға тиіс емес, таңданыстан гөрі бұның ойға
қонымдылығы, қисындылығы басым.
Міне, сондықтан да шын мәнінде тарихи тұлға деуге келмейтін Гранның бұл
күндері жасақтардың әкімшілік кіндігі болуы да әбден заңды, әрі табиғи. Тарру
ұйымдастырған жасақтардың бір бөлігі халық тым көп тұратын қотандарда
сақтандыру көмегін көрсетуді мойнына алды. Жасақ мүшелері мұнда қажетті
тазалық енгізуге тырысып, дезинфекциядан өтпеген шатырлар мен подвалдардың
есебін алды. Қалған жасақшылар тікелей дәрігерлерге көмектесіп, олармен бірге
шақырту бойынша пәтерлерге барды, аурулардың тасымалдануын қаматамасыз
етті, тіпті бара-бара арнаулы қызметшісі болмай қалғанда "жедел жәрдем"
машинасы мен мүрде таситын фургондарды жүргізді. Мұның бәрі Гран өз мойнына
алған статистикалық есепті талап етті.
Белгілі бір көзқарас тұрғысынан әңгіме айтушы Гранды, Риэ мен Тарруға
қарағанда, жасақшыларға өз жұмысында дем беретін байсалды ерліктің нағыз өкілі
деп санауға бейіл "Иә" дейді ол өзіне тән мейірбан ерік жігермен еш абыржымай.
Күрделі жұмыс үшін кәрі екенін айтып, өзін жеңілірек жұмысқа пайдалануды сұрап
жүрген де жалғыз сол. Он сегіз бен жиырма сағаттың арасындағы оның уақыты
дәрігердің билігінде. Риэ оны қызу қошеметтеп алғыс айтқанда, ол тіпті қайран
қалды: "Ең қиыны бұл емес қой. Қазір - оба, жарайды, онымен күресу керек екені
айқын. Шіркін-ай, бұл жалғанда бәрі де осындай оңай болса ғой!". Ізінше ол өзінің
жазылып аяқталмай қалған сөйлеміне оралды. Кейде кешкілік статистикалық
есептер біткен соң, Риэ Гранмен сұхбат құрады. Бұл кешкі әңгімелерге олар Тарруды
да тартты. Гран екі досының алдында өз жүрегін зор ықыласпен жайып салады. Ал
олар ояз тартпас ықыласпен Гранның мехнатты еңбегін қадағалайды, обаның
өршіген кезінде де одан қол үзбей жүргеніне таңданады. Ақыр аяғында бұл екеуі
үшін де өзіндік бір сергек серпілу болады.
"Ал, Амазонка қалай?" деп жиі сұрайды Тарру. Гран болса қинала жымиып,
әрдайым баяғы бір сөздермен жауап қатады: "Шауып барады, шауып!" Бірде
кешкісін Гран өзінің Амазонкасына орай қолданған "сәнді" деген эпитетті түпкілікті
алып тастап, "сымбатты" деген сөзді алғанын хабарлады. "Осылай дәлірек болады"
деді. Келесі бір кездескенде ол тыңдаушыларына қайтадан сомдалған алғашқы
сөйлемін оқыды: "Бірде, тамылжыған тамаша мамыр таңында сымбатты сұлу
Амазонка таңғажайып торы атпен Булан орманының гүл жайнаған саяжолында
шауып бара жатты".
— Шынында да, оны осылай жақсырақ көрмейсіз бе? - деп сұрады ол - Сосын мен
"мамыр таңы" деп жазғанды дұрыс көрдім, "мамырдың таңы" деген аттың
аршындауын бәсеңдететін сияқты.
Содан соң ол "таңғажайып" деген эпитетпен айналысты. Оның сөзіне қарағанда,
бұның екпіні бәсең, ал оған сәйгүлік тұлпарды фотосуреттік дәлдікпен бірден
сипаттап беретін сөз керек, ал әлгі теңеу мұның қиялындағы атты көз алдына
келтіре алмай тұр. "Семіртілген" деген сөз дәл болса да ұнаспайды. Бір сәт "күтімді"
дегенге көңілі құлап еді, ырғақ жағы аталмыш сөйлемге үйлеспейді. Тағы да бір
кешкілік ол таптым деп мәз болды, таптым "алма түстес торы". Оның пікірінше бүл
жануардың сұлулығын айнытпай береді.
― Бұлай болмайды, - деп қарсылық білдірді Риэ.
— Ал неліктен?
― Өйткені алма да аттың түсі, бірақ торы емес.
— Қандай түс?
― Қандай түс екенінде ештеңе тұрған жоқ, қалай болғанда да алманың түсі
торыға жатпайды.
Гран жан-жүрегімен айран-асыр, таң-тамаша болды.
— Рахмет, рахмет! - деді ол. - Сіздерге оқып бергенім қандай жақсы болды.
Жарайды. Бұның қандайлық қиын екеніне енді өздеріңіздің де көздеріңіз жетті.
― Ал "сән-салтанатты" деп жазса қайтер еді? - деп ұсыныс жасады Тарру.
Гран оған қарап, біраз ойланды.
— Иә, - деп ақыры үні шықты,- тура солай!
Бірте-бірте оның езуіне күлкі үйірілді.
Бірнеше күн өткен соң ол достарына "гүл жайнаған" деген сөздің сұмдық бөгет
жасап жүргенін айтты. Ол өзі Оран мен Монтелимардан асып ешқайда
бармағандықтан Булон орманындағы саяжолдар жайнай ма, жоқ па деп өз
достарынан сұрастыруға көшті. Ашығын айтқанда, Риэге де, Тарруға да әсіресе гүл
жайнау деген ұғым ешқашан әсер еткен емес, ал Гранның бұлтартпас дәйектері
олардың сенімін шайқалтып кетті. Гран да олардың күмәніне таңданды. "Тек
суреткерлер ғана көре біледі!" Бірде дәрігер оны әдеттен тыс өрекпіген жағдайға
ұшыратты. Бақса, ол жаңа ғана "гүл жайнаған" деген тіркесті "гүлге толы" деп
өзгертіпті. Ол қуана қолын уқалап: "Ақыр соңында оларды көретін, сезінетін болды.
Ал, кәне, сыпыр бөрікті, мырзалар!" Ол сөйлемін мәз боп оқи бастады: "Бірде,
тамылжыған тамаша мамыр таңында, сымбатты сұлу Амазонка сән-салтанатты
торы атпен Булон орманының гүлге толы саяжолында шауып бара жатты". Алайда
сөйлемдегі үш бірдей жатыс септігі дауыстап оқығанда тілді тұсап, Гран мүдіре
берді. Ол орындығына қинала ренжіп отырды. Сосын дәрігерден кетуге рұқсат
сұрады. Оған демалыста ойлану қажет.
Дәл осы тұста ол жұмысында кешіргісіз селқостық аңдатып, онысы өкінішті
жағдай деп қабылданыпты. Рас, ол да кейінірек белгілі болды. Ол күндері мэрияда
онсыз да кісі жетпей, қыруар ауыр міндетті аз құраммен атқаруға тура келіп жатқанды. 
Жұмыстың ақсағанында сөз жоқ, сондықтан кеңсе бастығы қатты сөгіп, оған
жалақы жұмыс істемегені үшін емес, істегені үшін төленетінін ескертті. "Естуімізше,
сіз қызметтен бос уақытта ерікті түрде санитарлық жасақтар үшін жұмыс істейтін
көрінесіз, - деді тағы да бастық. - Оның маған қатысы жоқ. Маған жалғыз-ақ қатысы
бары - ол сіздің мына мэриядағы жұмысыңыз. Мынау сұмдық шақта жұртқа пайда
келтіремін деп шын құлшынғандар ең алдымен өз жұмысын үлгілі атқаруы керек.
Әйтпесе басқаның бәрі бос әуре".
― Оныкі дұрыс, - деді Гран дәрігерге.
— Иә, дұрыс, - деп қостады Риэ.
― Мен шынында да енжар болып кеттім, әлгі сөйлемнің соңына қалай
шығарымды шынында да білмеймін.
Ол барлығы жай да түсінікті болады деп, Булон деген сөзді жалпы сызып
тастамаққа бел буды. Ал онда сөйлемде "гүлдер" деген сөзге немесе "саяжолға" не
жалғасатыны белгісіз болып қалды. "Орманның гүлге толы саяжолдары" деп
жазғысы келді оның. Онда орман айдалада қалып, шөгір құсап сораяды да тұрады.
Бірақ шындықтан қашып құтыласың ба, кей кештері оның жүзі әбден шаршаған
Риэден жаман әлем-тапырық болады.
Иә, Гранды титықтатып түбіне жетіп, басымен бірге жұтып жүрген қажет сөзін
іздеу, соған қарамастан ол есеп жүргізіп, санитарлық жасақтарға қажет
статистикалық мәліметтер жинауын тоқтатқан жоқ. Әр кеш сайын сабырмен ғана
кәртішкелерін шығарып, көрсеткіштерін түсіріп, мүмкіндігінше, мейлінше дәл
көріністі беруге бар күшін салды. Ауық-ауық Риэге кіріп, лазареттің баз бір
кабинетінен немесе қабылдау бөлмесінен бір үстел бөлуін өтінеді. Өтініш
орындалған соң тура мэриядағы үстеліне жайғасқандай, қағаздарын орналастырып,
сиясы тезірек кепсін деп парақшаны жайымен бұлғап отырып, дезинфекция жасаған
заттар мен аурудың өзінен айналадағы ауаның тымырсықтанғанын да аңдамайды.
Мұндай сәттерде ол тиісті ғана жұмысын атқарып, басынан амазонкасын алып-ақ
тастағысы келеді.
Егер жұрт өзіне әдетте қаһармандық деп аталатын мәртебелі үлгілер мен
бейнелердің берілуін қаласа, егер тарихымызға өз қаһармандары сондай қажет
болса, әңгіме айтушы оқырман назарына жүрек мейірімі мен мұратынан өзге
ештеңесі жоқ мүлдем мәнсіз, көзге қораш, алғаш қарағанда күлкі туғызатын
кейіпкерді ұсынады. Сөйтіп әрқайсысы заң бойынша өзіне тиесілісін алады: ақиқат 
екіні екіге көбейткендегі мәңгілік төртін, ал ерлік - екінші дәрежелі, бірақ
ғасырлардан бері пешенесіне жазылған өз орнын алады. Сондай-ақ біздің хамсаға да
шынайы деректер жөніндегі игі сезімнен туған кез келген әңгімеге тән әбден айқын
сипат беріледі. Ал ол сезім мүлдем нашар, мүлдем шаттанарлық та болмауы мүмкін.
Оба жайлаған қалаға сырттан кеп түсіп жатқан шақырулар мен дем берулерді
газеттерден оқып, радиодан тыңдағандағы дәрігер Риэнің пікірі шамамен осындай
болды. Жермен және әуемен келіп жататын көмектермен бір мезгілде
радиотолқындар мен баспасөз қазірден бастап жалғыз қалғандай болып отырған
қаланы құдайдың құтты күні көпірме көп сөзді тебірентерлік түсіндірмелер
тасқынына тоғытады да жатады. Олардың ауаны мен мақамы, мейлі эпикалық,
мейлі риторикалық болсын, дәрігерді шамдандырып, сабасынан шығарып жібереді.
Әрине, ол бұл көңіл білдірулердің әсте де екіжүзділік емес екенін біледі. Алайда олар
ол ниетін жұрт өзін адамзатпен байланыстырып отырған шартты тілде айтуларына
болады ғой. Ал бұл тіл, айталық, Гран атқарып жатқан күнделікті елеусіз еңбектерге
қолдануға келмейді, сондықтан оның індет өршіген кездегі қызметін ешкім көзге
елестете алмайды.
Кей-кейде түн ортасында, қазір қаңырап қалған қаланың алып үнсіздігі
құшағында аз ғана көз шырымын алып алу үшін төсекке қисаярда дәрігердің
радиоқабылдағышты іске қосатыны бар. Жер шарының қиыр шет түкпірлерінен,
мыңдаған шақырым қашықтықтан бейтаныс бауырлар ебедейсіздеу көңіл білдіріп,
ынтымақтығын айтудай-ақ айтады, әйткенмен бәрінің де қасіретті дәрменсіздігі
білініп тұрады, өйткені адам өз көзімен көрмей, біреудің қайғысын шынайы бөлісе
алмасы анық. "Оран! Оран!" дейді. Бұл шақыру көк теңіздерді көктей өтіп бекер
жетті, Риэ де ішін бекер тартты, ұзамай қыздырмалы қызыл тіл көпіршіп, Гран мен
шешенді екі бөгде адамға айналдырған айырмашылық бәрінен де айқын көрінді.
"Жо-жоқ, бір ғана амал бар, ол - сүю және бірге өлу деп ойлады дәрігер. Бірі - олар
бір-бірінен тым шалғай".
Бақытсыздық бар күшін бір жұдырыққа жинап, қаланы бастан-аяқ шеңгеліне
алған обаның шарықтау шегі туралы әңгімеге көшпес бұрын, Рамбер сияқты өз
бақытын қайта тауып, озбырлық атаулыдан аянбай қорғап қалған өзінің бір
бөлшегін сақтау үшін дамылсыз, біркелкі, жанкешті әрекет жасағандар жайында
айтуға тура келіп тұр. Өздеріне төнген құлдық қатерін серпіп тастаудың тәсілі, бұл
қарсылық сырттай онша пәрменді көрінбегенмен, әңгімелеушінің сенгеніндей, оның
да өзіндік мәні болып, жеміссіздігіне, нәтижесіздігіне және қарама-қайшылығына
қарамай, әркімнің де өз ерлігі барын паш етті.
Рамбер обаның қамшысына өз басын остырмас үшін жанталасты. Ашық жолмен
қаладан кетудің мүмкіндігі жоқтығына көзі жеткен соң ол Риэге айтқандай, өзге
арналарды шолды. Журналист оны дәмхана даяшыларынан іздеді. Дәмхана
даяшысы күллі істен қашанда хабардар. Ол әңгімелескен алғысының өзі мұндай
күдікті қадамға бел буғандарды қандай қатаң жаза күтіп тұрғанын жақсы білетін
боп шықты. Ал енді бір дәмханада көп сөзге бармай-ақ оны арандатушы деп
қабылдады. Тек Коттармен кездейсоқ кездескеннен кейін ғана ісі өлі нүктесінен
жылжыды. Сол күні әңгіме Риэ мен Рамбер арасында журналистің әкімшілік
мекемелеріне барғандағы нәтижесіз әуре-сарсаңы төңірегінде өрбіген. Арада
бірнеше күн өткенде Коттар көшеде Рамбермен кездесіп қалды да, онымен жылы
ұшырай амандасты, біраздан бері ол таныстарымен ұшырасқанда іші-бауырынан
өтетін болған.
— Қалай, бұрынғыша ештеңе жоқ па? - деді Коттар.
― Ештеңе жоқ.
— Жалпы шенеунік атаулыға сенім бар ма? Кеңседе олар жұртқа жәрдемдескелі
отыр дейсіз бе?!
― Айтуыңыз орынды. Ал мен басқа бір жол тапқалы жүрмін. Бірақ бұл қиын екен.
— Қиын болғанда қалай? - деп растады Коттар.
Алайда оған кейбір айналма жасырын жолдар мәлім боп шықты, аң-таң болған
Рамбердің сұрағына ол Оран дәмханаларының көпшілігінде ол баяғыдан бері өз
адамы саналатынын, олардың бәрінде достары барын, осындай істермен
шұғылданатын ұйымды да білетінін айтып жауап берді. Ақиқатын айтқанда,
тапқанынан қапқаны, жұмсағаны көп Коттар астыртын тауар тасушылармен
сыбайлас болатын. Сигареттер мен нашар ішімдіктерді алып-сатумен айналысып,
азын-аулақ дәулет те жинап алған.
― Ал сіз бұған сенімдісіз бе?
— Әрине, менің өзіме ұсынған.
― Мүмкіндікті пайдаланбадыңыз ба?
— Жақсы адамға сенбеу күнә, - деді Коттар жайбарақат қана, - менің
пайдаланбаған себебім, өз басым осы арадан ешқайда кеткім келмейді. Оның өзіндік
себебі бар.
Сәл-пәл үнсіздіктен кейін сөзін қайта жалғады:
― Қандай себеп екені сізді қызықтырмай ма?
— Меніңше, оның маған қатысы болмас, - деп жауап қатты Рамбер.
― Баз-бір мағынада дұрыс, қатысы жоқ. Ал басқа жағынан... Жарайды, бір сөзбен
айтқанда, мынау айқын: оба басталғаннан бері арқам кеңіп, еркін тыныстайтын бол
дым.
Коттардың сөзін тыңдап болып Рамбер:
— Ал, ол ұйыммен қалай байланысуға болады? - деп сұрады.
― Қиын іс, - деп күрсінді Коттар, - менімен бірге жүріңіз.
Сағат төрт болып қалған. Төбеден алаулай төнген аспан астында қала маздаған
отқа қыздырынғандай қақталып тұр. Көшеде тірі жан жоқ. Коттар мен Рамбер
дарбазаның астынан бұрылып біраз жүрді. Оба көрінбес көзбояушыға айналған шақ.
Тынып тұрған тұңғиық ауаның үрей-қорқынышпен әлде шаң-тозаң, аптаппен
шүпілдеп тұрғанын біліп көр. Обаны білу үшін ойлану, қадағалау қажет. Өйткені ол
өзінің тек келеңсіз жақтарымен ғана көрінді. Мәселен, онымен айрықша қатыста
болған Коттар Рамбердің назарын иттердің жоқтығына аударды - әдеттегі кезде
олар арандай ашылған аузымен ыстық ауаны қармап, жер-көкте жоқ салқынды
іздеп табалдырықтың алдында солықтап жатар еді ғой.
Олар Пальма бульварымен жүріп отырып Зеңбірек алаңын кесіп өтіп, Флот
қотанынан бір-ақ шықты. Жасыл бояумен сырланған сол жақтағы дәмхана қалың
сары матадан тігілген айқыш-ұйқыш перделермен көлегейленгісі келгендей. Ішке
кірген соң екеуі де үйреншікті бір қимылмен маңдайларының терін сүртті. Сосын
бетін қаптаған темірі тағы да жасылмен сырланған үстелдің алдындағы
құрастырмалы бақша орындықтарына жайғасты.
Залда тірі пенде жоқ. Төбеде шыбындар ызыңдап жүр. Сары торда отырған жүні
түсіп сидиған тоты тырнағымен тырбанып таяқшаға асылады. Қабырғаларда соғыс
сюжетіне салынған көне суреттер ілулі тұр, төңірегі - түгел шашыраған батпақ,
ұйысқан өрмекшінің ұясы. Үстелдің барлығының үстінде, тіпті Рамбердің
алдындағыда да тауық саңғырығы жатыр. Бұл жерге тауық саңғырығы қайдан
келеді деп журналистің басы қатып отырғанда, кенет қараңғы бұрыштан қозғалып,
сары ала сирағы дірілдеп бір сілкініп алып әйдік қораз шықты.
Оның көрінуіне орай аптап күшейіп кеткен сияқтанды. Коттар қалпағын шешіп
үстелді тықылдатты. Баз-бір мақар өз бойына шақ емес көк алжапқышына сүрініп
арт жақтағы үйден шықты да, Коттарды көріп, алыстан басын изеп, солардың
үстеліне қарай беттеді, жол-жөнекей қоразды оңдырмай бір теуіп, соның қытқыт
тауымен жарыса нендей қызмет көрсетейін деп сұрады. Коттар өзіне бір стақанақ 
тапсырыс беріп, Гарсиа деген біреуді сұрады. Даяшы тапалдың сөзіне қарағанда,
Гарсиа бірнеше күннен бері бұлардың дәмханасына келмепті.
— Ал, сіздіңше, ол кешкісін келер ме екен?
― Барып біл, - деді даяшы. - Оның қай сағаттарда болатыны сізге мәлім ғой.
— Иә, шын мәнінде асығыс ештеңе жоқ. Тек қана оны досыммен таныстырайын
деп едім.
Даяшы тершіген алақанын алжапқышына сүртті.
― Мсье де іспен шұғылдана ма?
— Әрине, - деп жауап қатты Коттар.
Тапал ауаны ішіне пысылдай тартты.
― Онда кешкісін келіңіз. Мен оған шақыртып бала жіберейін.
-Көшеге шыққан соң Рамбер қандай іс жөнінде сөз болғанын сұрады.
— Түсінікті ғой, контрабанда жайында. Олар тауарларын қала қақпасы арқылы
алып өтеді және жоғары бағамен сатады.
― Тамаша, - деді Рамбер, - Демек, олардың сыбайластары да бар ғой.
— Онсыз бола ма!?
Кешкісін дәмхананың перделері көтеріліпті, тоты өз торында жағы сембей
шырылдап тұр, ал темір үстелдердің айналасында бешпенттерін шешіп тастап
келушілер отыр. Олардың бірі жасы отыздар шамасында, кең етек сабан қалпағын
желкесіне бастыра киген, омырауы ашық ақ жейдесінен жүндес бурыл кеудесі
көрінген жігіт Коттарды көрген бетте-ақ орнынан көтерілді. Бет пішіні дұрыс, қатты
тотыққан жүзі қоңыр, көзі қара, кішірек, саусақтарында бірнеше жүзік жалт-жұлт
етеді, аппақ тістері жарқырап көрінеді.
― Сәлем, - деді ол, - жүріңіз, үлдірік үстелге барып ішейік.
Олар үнсіз тұрып ішті, үшеуі кезек-кезек сыйлады.
— Ал шықсақ қайтеді? - деп ұсынды Гарсиа.
Олар портқа бет алып, Гарсиа өзінен не талап етілетінін сұрады. Коттар оны
Рамбермен әсте де өз істері жөнінде таныстырғалы жүрмегенін, бұның сыпайылап
айтқанда, "сытылып" шығу үшін қажеттігін баяндады. Шылымын тісіне қысып ап,
Гарсиа серіктеріне қарамай адымдап келеді. Сұрақ қойып, Рамберді "ол" деп сөйлеп,
жалпы оның бар-жоғын елемейтіндей көрінеді.
― Ал, не үшін кетеді?- деп сұрады.
— Оның Францияда әйелі бар.
― Ә-ә!
— Ол немен айналысады? - деп сұрады кідірістен соң.
― Журналист.
— Олардың кәсібінде тіс жармай, ауыз ашпай отыра алмайды ғой.
Рамбер үндеген жоқ.
― Ол дос, - деді Коттар.
Олар қайтадан үн-түнсіз жүріп келеді. Ақыры жағалауға да жетті, оған кірер ауыз
биік дуалмен қоршаулы екен. Бірақ олар тәбет тартар хош иісі алысқа тарайтын
қуырған шабақтармен сауда жасайтын дүкеншіге тура тартты.
— Жалпы, бұл менің шаруам емес, мұнымен Рауль айналысады, - деп тұжырды
Гарсиа. -Ал оны әлі іздеп табу керек.
― Демек, жасырынып жүр екен ғой, - деп абыржи сөйледі Коттар.
Гарсиа жауап қатқан жоқ. Дүкеншінің алдына кеп тоқтаған ол Рамбердің жүзіне
алғаш анықтап қарады.
— Бүрсігүні, сағат он бірде, қаланың жоғарғы бөлігіндегі кеден казармасы
тұсындағы бұрышта.
Ол кетпек ыңғай танытты да, кенет сұхбаттастарына қайта бұрылды.
― Шығын болады, - деді.
Бұл өзінен-өзі белгілі жайттай естілді.
— Түсінікті, - деді келісе кеткен Рамбер. Араға бірнеше минут салып журналист
Коттарға алғыс айтқанда, ол көңілденіп:
― Жә, айтуға тұрмайды. Менікі әншейін сізге қызмет көрсету ғана. Оның үстіне
журналистсіз, бір орайында есептесе жатармыз.
Араға енді бір күн салып, Рамбер мен Коттар көгал мен көлеңке дегенді білмейтін
кең көшемен қаланың жоғарғы бөлігіне беттеп келе жатты. Казарманың бір
қанатын лазаретке айналдырған екен, қақпаның алды топырлаған кісілер, кейбіреуі
кіруге қатаң тыйым салынғанына қарамастан өткізіп жіберер деп үміттенеді, енді
бірі аурудың халін сұрап білгісі келеді, мәліметтің қашанда кешігіп жүретіні
қаперінде де жоқ. Қалай болғанмен де, мынау тобырды, ерсілі-қарсылы жүрген
сапырылысты көріп, Рамбер кездесуді белгілегенде Гарсианың нені мегзегенін енді
ғана түсінгендей болды.
— Дегенмен де қызық, - деп бастады Коттар сөзді, - кетуге осынша асыққанымыз
не екен? Қазір ғой қалада қызық нәрселер болып жатыр.
― Тек мен үшін емес ол қызық, - деп жауап қатты Рамбер.
— Жарайды, түсінікті, дегенмен белгілі қауіп-қатер бар. Ал обаға дейін қауіпқатер 
болмап па еді, болғанда қандай, тұмсық батпайтын шолақ көшеден өтіп көр,
нанбасаң!
Сол сәт олардың қатарына келіп Риэнің автомобилі тоқтай қалды. Рульде Тарру
отыр, шамасы, дәрігер мызғып жатыр. Алайда ол оянып, журналисті Тарруға
таныстырды.
― Біз таныспыз ғой, - деді Тарру, - бір мейманханада тұрамыз.
Ол Рамберге орталыққа дейін апарып салайын деді.
— Жоқ, рахмет, осы арада кездесуіміз бар.
Риэ Рамберге қарады.
― Рас, - деп алғашқы сөзін бекіте түсті ол.
— Oho, - деп таңданды Коттар, - демек, дәрігер де бәрін білетін болып шықты ғой.
― Ал ол аз болса, міне, тергеуші де келе жатыр, - деп Тарру Коттарға қарады.
Коттар тіпті бозарып кетті. Шынында да көшеде жігерлене басып, бірақ бір
қалыпты адымдап, Отон мырза келе жатыр еді. Машинаға қатарласа беріп ол
қалпағын көтеріп қойды.
— Қайырлы күн, тергеуші мырза! - деді Тарру. Тергеуші өз кезегінде машинада
отырғандарға қайырлы күн тілеп, әрегірек тұрған Коттар мен Рамберді көзбен
шолып, басын иді. Тарру оған журналист пен жолдасын таныстырды. Тергеуші бір
сәт көзін аспанға қадап, ауыр күрсінді де, қайғылы кезеңдер туғанын мәлімдеді.
― Сіз сауықтыру шараларын енгізуді қолға алды деп хабарлады ғой, Тарру мырза.
Өзімнің разы боп қайран қалғанымды айтпай тұра алмаймын. Дәрігер, сіздіңше
қалай, індет жайыла бере ме?
Риэ үміт білдіріп:
— Жоқ, - деді де, - тергеуші ешқашан үмітті үзбеу керектігін, өйткені құдай жолы
беймағлұм, болжаусыз екенін қайталады. Тарру кейінгі оқиғалардың жұмыс
көлеміне эсер еткен, етпегенін білгісі келді.
― Керісінше, біз қылмыстық деп айтатын іс қазір азайып кетті. Негізінен соңғы
өкімдерді өрескел бұзатындар жөніндегі істерді көбірек қарайтын болдық. Бұлай
ешқашан ескі заңдарды құрметтеген жоқ едік.
— Бұл жаңаларымен салыстырғанда, олар жақсырақ деген сөз емес пе, - деп
жымиды Тарру.
Тергеушінің жүзіндегі арманшыл реңк әп-сәтте ғайып боп, таңырқаған назары
аспаннан да тез тайып, заматта өзгере қалды. Тарруға ол ызғарлана қарады.
— Ал бұдан не қорытынды шығады? - деді ол. - Маңыздысы - заң емес, жаза.
Тергеу бұл арада түк те емес.
― Міне, сізге керек болса нөмірі бірінші дұшпан, - деп сөз бастады Коттар
тергеуші топқа кіріп көрінбей кеткенде.
Машина табанжолдан әрі қарай кетті.
Арада бірнеше минут өткенде Рамбер мен Коттар өздеріне қарай беттеп келе
жатқан Гарсианы көрді. Ол тақап келіп, амандасудың орнына: "Тоса тұруға тура
келеді", - деді.
Олардың төңірегіндегі топ - негізінен үнсіз ғана күтіп тұрған әйелдер. Барлығы
дерлік ас-су салған себет алып келіпті, орындалмас армандары ептеп-септеп
соларын ауруларға беріп жіберу, алғанмен олар оны жей ала ма, жей алмай ма - онда
ешқайсының шаруасы жоқ. Кірер ауызда қарулы күзетшілер тұр. Ара-тұра казарма
ғимаратын көшеден бөліп тұрған ауладан төбе құйқаны шымырлатар айқай естіледі
де, бүкіл тобыр бірден жалт бұрылып үрейлене лазарет жаққа қарайды.
Кенет ту сыртынан қысқа да мәнді "сәлеметсіздер ме!" деген сөзді естіп жалт
қарағанда, үш еркек үн-түнсіз әлгі көрініске қарап тұр еді. Ыстыққа қарамастан
Рауль қабылдауға баратын адамдай киініпті. Қос қапталды қара костюм оның
сұңғыла, сымбатты тұлғасына құйып қойғандай, басында етегін жоғары қарай
бұраған фетр қалпақ. Жүзі бозарыңқы, көзі қара, ерні жымқырулы ол шапшаң да
нақты сөйлейді екен.
— Орталықты бетке ұстап тартыңдар, - деп бұйырды ол, - ал сен, Гарсиа, жүре
беруіңе болады.
Гарсиа темекі тұтатып, орнынан тапжылмай тұрып қалды. Үшеуі шапшаң басып
жүріп кетті. Рамбер мен Коттар арасында аршындай адымдап келе жатқан Раульдан
қалмауға тырысты.
― Гарсиа айтты маған, - деп сөз сабақтады Рауль. - Жасауға болады. Ұзын саны он
мың франкке барып қалар. Рамбер келісемін деді.
— Ертеңгілік Флот алаңындағы мейрамханада ауқат жасайық.
Рамбер тағы да келісемін деді. Рауль оның қолын қысып, алғаш рет күлімсіреді.
Ол кеткен соң Коттар кешірім өтініп, ертең бос емес екенін, Рамбер оның көмегінсізақ 
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оба - 09
  • Parts
  • Оба - 01
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2250
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 02
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2228
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 03
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2234
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 04
    Total number of words is 3849
    Total number of unique words is 2285
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 05
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2217
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 06
    Total number of words is 3892
    Total number of unique words is 2357
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 07
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2217
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 08
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2098
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 09
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2065
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 10
    Total number of words is 3779
    Total number of unique words is 2314
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 11
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2253
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 12
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2189
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 13
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2252
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 14
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2244
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 15
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2285
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 16
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2159
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 17
    Total number of words is 2963
    Total number of unique words is 1787
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.