Latin Common Turkic

Оба - 13

Total number of words is 3926
Total number of unique words is 2252
31.5 of words are in the 2000 most common words
45.8 of words are in the 5000 most common words
52.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
көншітерлігі еді. Жалғыз-ақ бұл қасиет обадан ғана табылмай тұр.
Сонымен, ырымшылдық біздің азаматтар үшін дінді теріс алмастырғандай,
соның салдарынан Панлю атай өзінің уағызын оқитын шіркеудің төрттен үш бөлігі
ғана толды. Кешкісін Риэ соборға кіргенде жел жындана ысқырып кірер есіктің
жармасынан өтіп, жиналғандардың арасында ызып жүрді. Тыныштық құрсаулаған
дымқыл, суық ғибадатханаға жалғыз ерлер ғана жиналған екен, орындыққа отыра
беріп Риэ қадірмен атайдың мінберге көтеріліп бара жатқанын көрді. Алғашқы
уағызындағыдай емес, ол жуасып, баяу, ойлы мақаммен сөйледі, ғибадат етушілер
оның іске біраз толқып кіріскенін іштей аңғарды да. Енді оның "сіз" емес, "біз" деп
сөйлеуі де елең еткізер қылық болды.
Алайда бірте-бірте оның даусы нығая түсті. Бастама үшін ол обаның қаламызда
ұзақ айлар бойы өктемдік етіп отырғанын еске түсіріп, қазір оны жақсы білетінімізді
айтты, көп ретте біз оның өзімізбен бірге дастарқан басына отырғанын немесе
жақын адамдарымыздың басында тұрғанын, жұмыстан шыққанымызда күтіп
алатынын көруші едік, енді оның бізге жағы сембей не айтатынын түсінетін болдық,
алғаш абыржып, абдырап қалып оны жете ұғынбаппыз. Мынау мінберден Панлю
атай хабарлағанның бәрі дұрыс, бері қойғанда оны өзі солай ойлайды. Алайда,
бәлкім, мына біздің бәріміз сияқты... - деп келе жатып Панлю атай сарт еткізіп
кеудесін соқты. Мүмкін, бұл оның жалпы жағдай жайында қынжылыссыз айтуынан
да болар. Әйткенмен оның сөзінде ақиқат дәні жоқ емес: бәрінен де тағылым болар
нәрсені қашан да табуға болады. Ең қатал сынның өзі христианин үшін игілік. Ал
христианин дәл осы жағдайда сол игілікке асығуы керек, іздеп тауып түсінуі керек.
Сол сәт Риэнің айналасында отырғандар орындықтарының арқасына шалжия
кетіп, шіркеуде болатын бар қолайлылықты пайдаланып жайғасты. Киізбен
қапталған есіктің бір жармасы ашылып кетіп, желмен қозғалып босағаны баяу ұрып
тұрды. Отырғандардың бірі көтеріліп барып ұстап, оны қозғалтпады. Осы әрекетке
еліккен Риэ үзілістен кейін Панлю атайдың не айтқанын ұға алмай қалды. Ал ол
шамамен мынаны айтты: обамен келген оқиғаны түсіндіремін деп тыраштанудың
қажеті жоқ, ал игере алатынды игеруге тырысу керек. Қысқаша айтқанда,
уағызшының сөзіне қарағанда, бұл арада түсіндіретін ештеңе жоқ - оны зейін
қоймай тыңдаған Риэнің іштей келген тұжырымы осы болды. Алайда уағызшы
даусын көтеріп, Құдай тағаланың алдында көп нәрсе ұғынықты, басқалар бұлай
ұғындырылмайды деген жерлерін Риэ зор ынта қойып тыңдады. Әрине, жақсылық
пен жамандық қатар өмір сүреді, әдетте әрқайсысы араларындағы айырмашылықты
қиналмай-ақ көреді. Бірақ біз жамандықтың, яғни зұлымдықтың ішкі мәніне
үңілгенде қиындыққа тап боламыз. Мәселен, сырттай қажетті жамандық болады,
сырттай пайдасыз жамандық болады. Тозаққа тасталған Дон Жуан бар және бейкүнә
сәбидің қазасы бар. Егер бұзылғанды құдайдың қылышы әділ ұшырып түсірсе,
сәбидің азап тартуын түсіну қиын. Шынында да, жарық дүниеде сәбидің азап шегіп
қиналғанынан ауыр да аянышты ештеңе жоқ, сол азаптың себебін табу керек.
Жалпы, құдай бізге бәрін жеңілдетіп береді, бұл тұрғыдан алғанда, біздің дін
мақтауға тұрады, ол табиғи. Ал, мына жағдайда керісінше, құдай бізді қабырғаға
тықсырады. Сөйтіп, біз оба қабырғаларының астында отырмыз, дәл осы қатерден
өзіміз үшін игілік табуымыз шарт. Панлю атай тіпті мынау қабырғадан қарғып өтуге
жағдай жасайтын жеңілдік пен қолдаудан да бас тартады. Оған сәбиді күтіп тұрған
бақилық рақат оның жердегі азабын үш еселеп қайтарады деу түк те емес, солай ма,
солай емес пе - өзі де білмейді. Расында да, жұмақ рақатының дәуірі адам азабының
бір сәтін өтей алады деп кім дәлелдемек. Дәлелдеуші, әрине, христианин болмас еді,
өйткені біздің ұстазымыз азапты жанымен де, тәнімен де, рухымен де тартқан. Жоқ,
Панлю атай бейнесі крест болып табылатын төртке бөлуге адал қалпымен
қабырғаның түбінде қалады да, сәбидің азап-шерімен бетпе-бет келеді. Ол
қорықпай-үрікпей, өзін тыңдаушыларға қазір де былай дей алады: "Бауырлар, уақыт
келді. Не бәріне сену керек, не бәрін жоққа шығару керек... Ал сіздердің араңызда
бәрін жоққа шығаруға кімнің батылы барады?.."
Бір сәт Риэнің басына қасиетті атай сандырақтауға дейін барып қалды ма, қалай
деген ой келді. Бірақ шешен тың күшпен осының бәрі жоғарыдағының жазуы, бұл
айқын талап христианның игілігіне асады деп дәлелдемек болды. Ол оған
рақымшылық боп есептеледі. Панлю төменде сөз болатын ол рақымшылықтың
бойында шектен шыққан бірдеңе барын, ілтипаты мол, классикалық парасатқа
бауыр басқан біраз ақыл-ойды бұзатынын біледі. Алайда оба уақытындағы дін
біздің күнделікті дініміз болып қала алмайды, егер жаратқан тәңірі бақыт кезінде
жан жүрек тыныш тауып, шаттануын тілесе, сын сағат жылдары діннің қаһарлы
болуын қалауы керек. Қазір құдай өзі жаратқандарға құлақ естіп, көз көрмеген
қайғы-қасірет жіберіп, мейірбандық көрсетіп отыр, пенделері осыдан ең биік
адамгершілік табады. Бәрі немесе Ештеңе дегеннің не екенін біледі.
Бұдан көп ғасыр бұрын бір зайырлы ойшыл өзіне шіркеудің құпиясы мәлім, ол
тазартқышсыз өмір сүреді деп дәлелдепті. Осы сөз арқылы ол шалажансар шараның
қажеті жоқ, тек жұмақ пен тозақ қана бар, оз таңдауына орай адамға не жұмақтың
рақаты, не тозақтың азабы әзір тұр дегенді айтпақ болған. Панлю атайдың сөзіне
қарағанда, бұл барып тұрған сандырақ, мұндай пікір тек еркін ойлының жүрегінде
ғана тууы мүмкін көрінеді. Демек, тазартқыш та, таразы да бар. Әлбетте, ұсақ
күнәлар туралы айтуға болмайтын замандар да болады. Кез келген күнә - ажалды,
кез келген енжарлық - қылмыс. Не бәрі ештеңе емес.
Панлю атай сөзін тоқтатты, Риэнің құлағына есік астындағы саңылаудан өтіп
ысқырған желдің өксігі айқын жетті. Алайда әулие атай сөзін қайтадан бастап,
жоғарыда айтып өткен рақымшылдық пен сөзсіз игі ізгілік тар мағынасында
қабылдана қоймайды, бұл арада сөз қадірсіз бағыныштылық пен қиямет
кіріптарлық жайында да емес, деді. Иә, бұл арада ол кіріптарлықты емес, адам
қорыққанынан өз еркімен баратын қорлануды айтып отыр. Шынында да, сәбидің
тартқан азабы - ақыл-сана, жан-жүрек үшін қорлық. Міне, сондықтан да оны бастан
кешіру керек. Сондықтан да Панлю атай өз тыңдармандарына бұл сөздерді айту оған
ауыр екенін, сондықтан тәңірінің өзі тілегендей оларды аяу ләзім деді. Басты,
басқарушы таңдауына қол жеткізу үшін тығырықтан шығар жолы жабылған
христианин ғана аямасқа барады. Және бәрін жоққа шығарушылыққа бармас үшін
бұлтарысы жоқ дін жолын таңдайды. Безі шошып ісіп кеткен шабын көріп,
бойындағы пәле табиғи жолмен шығып жатыр деп сенген әйелдің шіркеуде: "О
тәңірі, мынандай ісікті оған да жібер" деп жалбарынғаны сияқты, христианин өз
еркін құдайға беруі керек, қабылдай ма, қабылдамай ма деп жалтақтаудың қажеті
жоқ. "Мұны мен түсінбеймін", "Бұл маған келмейді" деудің де қажеті жоқ, өзіміз осы
таңдауға барған екенбіз, сол келмейдінің ең ортасына күмп беруіміз шарт. Сәбидің
азабы - біздің ащы нанымыз, ол нан болмаса жанымыз семіп, солып қалар едік.
Әдетте Панлю атайдың уағызындағы үзілісте булығып қалатын шу осы арада
қайта дабырлап кетті де, әулие атай сөзін екпіндете бастап, өзін тыңдармандардың
орнына қойып, мұндайда қалай әдеп сақтау керектігін ұқтырғандай болды. Ол
алғашқы ой, алғашқы сөз үрейлі "фатализм" деген сөз болатынына сенімді еді. Олай
болса ол бұл сөзден алдына "белсенді" дегенді қосып айтудан да жалықпайды. Өткен
жолғы уағызында мысалға келтірген христиан дініндегі абисинниялықтардан өнеге
алмауды тағы да ескертпек. Парсыларға еліктеуді ойға да алмау керек, олар оба
кезінде өз шүберектерін христиандардың санитарлық түйіншектеріне тастап, көк
тәңірін құдайдың жіберген қамшысына қарсы күрескен кәпірлерді обамен жайпауға
шақырған. Екінші жағынан мысыр сопыларынан да үлгі алмау керек, олар өткен
ғасырда бұрқ еткен оба індеті кезінде ауру жұқтыруы мүмкін кезерген ыстық
еріннің қабыршақтарын қысқашпен алған. Обаға ұшыраған парсылар мен мысыр
сопылары құдайдың алдында бірдей күнәлі. Алғашқылар үшін сәбилердің азабы түк
те емес, ал екіншілері аурудан қашамын деп адами сезімнен жұрдай болды. Екі
жағдайдың екеуінде де мәселе бұрмаланды. Олардың екеуі де тәңірінің даусына тас
керең болып қалды. Панлю атай жиналғандардың есіне салатын басқа да мысалдар
бар. Ұлы Марсель обасын баяндайтын ежелгі хамсада Мерси сопыханасындағы
сексен бір сопының төртеуі-ақ қаскөй сүзектен аман қалғаны айтылады. Ол
төртеудің үшеуі қайда қашқаны белгісіз. Жылнама осылай дейді, ол жылнама түсінік
беруге тиіс емес. Алайда хамсаны оқи отырып Панлю атай өлген жетпіс жетіге,
ұшты-күйлі жоқ болған үшеуге қарамастан жалғыз аман қалған сопы туралы ғана
ойлады. "Бауырларым, қашанда қалғанмен бірге болу керек!" деді қадірмен атай
мінбердің шетін жұдырығымен бір салып қалып.
Әрине, бұл қоғам стихиялық апатпен күресе жүріп енгізген сақтық шараларынан,
ойластырылған тәртіптен бас тарт деген сөз емес. Қарсылық ештеңе жасамай,
тізеңді бүгіп оқиғаның өз ағысымен өрбуіне жол бер дейтін уағызшыларды да
тыңдаудың қажеті жоқ. Керісінше, қараңғыда қарманып жүріп, тіпті көзің көрмей
қалса да жақсылық жасауға тырыс. Ал басқа ұсақ-түйектің бәрінде оз орныңнан
табылып, тіпті жас балалардың өлімінде де бойсұнып құдайға көну керек, басыңа
пана іздеу қажет емес.
Осы арада Панлю атай жиналғандарға Марсель обасы кезіндегі Бельзенс
епископтың тарихын айтты. Індеттің аяғында епископ парызы талап еткеннің бәрін
жасап, енді жұртқа ешқандай көмек бере алмайтынын білген соң, азық-түлік қорын
жинап алып, өз үйіне қамалып, қақпасын бітеп сылап тастайды, азабы мен қайғы
қасіреті арнасынан асқан марсельдіктер бұрын пір тұтып келген адамынан
тұрақсыздығы үшін заңды түрде айнып, ауру тарату үшін оның үйінің айналасына
өліктерді үйіп тастайды, тіпті кейбіреуін ауласына да лақтырды. Сөйтіп, сәл
осалдыққа бой алдырып, аранын ашқан ажалдан қашып құтылмақ боп үйіне
тығылған епископтың үстіне аспаннан өліктер құлайды. Міне, біз осы мысалдан
тағылым алуымыз керек: оба кезінде ешбір арал болмайды, болуға тиісті де емес.
Екінің бірі дейтін және жоқ. Арың не қаласа, соны істе, құдайға деген махаббат пен
қарсылықтың арасынан таңдауыңды ал Құдайға қарсылықты таңдауға қайсыңның
батылың барады?
"Бауырларым, - деп сөзін жалғастырды Панлю, оның дауыс ырғағынан
жиналғандар уағыздың аяқталып келе жатқанын аңғарды. - Құдайға деген
сүйіспеншілік - қиын сүйіспеншілік. Оған деген сүйіспеншілік өзіңді-өзің
ұмытуыңды, жеке басыңды жаратпауыңды талап етеді. Алайда жалғыз сол ғана
азаптың сұмдығы мен балалардың ажалын жуып-шая алады, сол ғана оны
қажеттілікке айналдыра алады, әйтпесе адам оны түсінуге қабілетсіз. Міне, бүл,
өздеріңізбен тізе қосып бірге игергім келетін қиын сабақ. Мынау нанымды
алыңыздаршы, пенденің көз алдында ол - қатал, ал құдайдың көз алдында бірденбір бағалы дүние, 
біздің бәріміз соған жақындасуға, соған жанасуға тиіспіз.
Осыншалық сұмдық оқиғаның алдында біздің бәріміз бірдей болуымыз керек. Бұл
құзар биікте бәрі бір арнаға сайып, барлығы теңеледі де, көрінеу әділетсіздік
қойнауынан жарқылдап ақиқат шығады. Францияның түстігіндегі көптеген
шіркеулерде обадан өлгендердің шіркеу хоры тақта тасының астына жерленетіні,
діни қызметшілердің өз пікіріне осы зираттар биігінен соз арнайтыны, міне,
сондықтан. Олар уағыздайтын ақиқат осы күлден жылтырайды, ал онда кішкентай
сәбилердің де үлесі бар".
Риэ шіркеуден шыққанда дауылды жел жартылай ашылған есіктерге лап қойып,
үйді-үйіне тарағалы шыққандарды беттен ұрды да тұрды. Соборға жел жауын мен
дымқыл асфальт иісін қуып тығып, дұға оқығандар кіре берістегі басқышқа жетпейақ 
көз алдына қала бүгін қандай көрінетінін білді. Дәрігердің алдында жас диакон
мен қарт поп қалпақтарына жармасқан желмен алысып бара жатты. Қария осы тең
емес күрестің үстінде де уағызды талқылаудан бір танған жоқ. Ол Панлю атайдың
ділмарлығын лайықты бағалап, уағызшы ойының батылдығы шамына тигенін де
жасырған жоқ. Уағызда күштен гөрі үрей басым деп тауып, ол Панлю атайдың
жасындағы діни қызметшінің қобалжуға хақысы жоқ деді. Желдің соққысынан
жалтармақ болып басын тұқыртып алған жас дьякон Панлю атайда жиі болатынын
растап, оның жанында болып жатқан өзгерістерден хабардар екенін, трактаты бұдан
да батыл болғандықтан жариялауға шіркеу цензурасының рұқсат бере қоюы
неғайбыл екенін баяндады.
— Дегенмен, оның басты идеясы қандай? - деп қарт поп тықақтай сұрады.
Олар басқышқа да шыққан еді, бірақ уілдей ұмтылған желдің қырсығынан
дьякон бірден жауап қата алмады. Сәл ғана толасты пайдаланып өз ойын айтты:
― Егер діни қызметші көмек үшін дәрігерге жүгінетін болса, бүл арада қайшылық
айқын.
Панлю атайдың уағызын Риэ айтып бергенде, Тарру соғыс кезінде көзінен
айырылған бозбаланы көріп, папымын жоғалтқан попты жақсы білгенін айтты.
— Панлюдікі дүрыс, - деді Тарру. - Бейкүнә жан иесі көзінен айырылғанын
көргенде хақ христианин ғана не нанымын жоғалтады, не көзсіз қалуға рауа болады.
Панлю нанымын жоғалтқысы келмейді, ол ақыр-тақырына дейін барады. Ол, міне,
осыны айтпақ болған.
Бәлкім, Таррудың ескертпесі кейінгі бір келеңсіз оқиғалар мен жақын
адамдарының өзіне де жұмбақ Панлю «тайдың жүріс-тұрысына недәуір жарық
түсіреді.
Сонымен уағыздан кейін араға бірнеше күн салып, Панлю атай жаңа пәтерге
көшіп алуды ойланды. Дәл осы тұста індеттің күшеюіне орай күллі қала өздерінің
әдеттегі тұрақжайларын ауыстырып жатқандай көрінді. Таррудың мейманханадан
шығып дәрігер Риэнің үйіне қоныстанғаны сияқты, Панлю атай да орден бөлген
пәтерден әзір оба қырына алмаған керемет құдайшыл бір кемпірдің үйіне көшуге
мәжбүр болды. Панлю атай жаңа тұраққа қалжырауы үдеп, қорқынышы артқан
жағдайда көшіп-қонды. Сондықтан ол пәтер иесінің құрметінен сол бетте-ақ
айырылды. Өйткені кемпір әулие Одилияның таңғажайып әулиелігін қызу мадақтай
бастағанда поп болмашы шыдамсыздық танытып, қарсылық білдірген, бүл, әрине,
оның шаршап - шалдығып жүргенінен еді. Кейін кемпірдің тым құрыса тілеулес
бейтараптығына жетуге қанша тырысқанымен, одан ештеңе шықпады. Себебі ол
алғашқы бетте-ақ оған жаман әсер қалдырыпты. Кеш сайын ол қонақжайдан өзіне
бөлінген бөлмеге беттеп бара жатып, оны өзі тоқыған өрнектермен әлеміштеген
кемпірдің жон арқасын ғана көзі шалады да, құлағында оның: "Тынышты түн
болсын, атай!" деген кебір үні ғана қалады. Осындай кештердің бірінде ол төсекке
жата беріп шекесі мен білегі қызып, басы алып кетіп бара жатқанын байқады,
бірнеше күн бойына құрыстатып жүрген безгек толқыны жеткен екен деп ойлады.
Одан арғының бәрін пәтер иесінің әңгімесінен ғана білуге тура келді. Таңертең
кемпір әдеттегідей өте ерте көтерілді. Өз тұрғынын босқа күтіп, қадірмен атайдың
жатынжайдан әлі шықпағанына таңданып, абайлап қана есігін қағуға бел буды.
Оның ұйқысыз түннен кейін әлі тұрмағанын байқады. Тынысын тым ауыр алып
жатқан оның беті қашанғысынан да қызыл екен. Кемпірдің сөзіне қарағанда, ол
сыпайылап қана дәрігер шақыртайық деген екен, атай ол ұсынысты бірден кілт
қайтарып тастапты. Ренжіген үй иесі аулақ кетіпті. Біраз уақыттан кейін Панлю атай
қоңырау соғып, оның кіріп кетуін өтініпті. Ол өзінің қателігіне кешірім сұрап, оба
туралы сөз болуы да мүмкін емес, оның ешқандай нышаны жоқ, бәрі мейлінше
қажып қалжырағандықтың салдары деп мәлімдейді. Оған қарт .»әйел әдептен озбай
қарсылық білдіріп, дәрігер шақыруды ұсынса, әсте де ол өз денсаулығы үшін
алаңдағандықтан емес екенін, ұзамай оның да дені-қарны құдайдың ырқында
болатынын білетінін, тек қана қадірмен атайдың хал-жайына алаңдайтынын, ол
үшін өзін жауапты сезінетінін айтты. Алайда ол үндемеген соң, өзінің тікелей
борышын өтеу деп біліп, дәрігер шақыртуды тағы да құлаққағыс етті. Әулие атай
қайтадан бас тартты, бұл жолы алғашқыдай емес, өзінің бас тартуына қайдағы бір
Оуалдыр себептерді қосып, түсініксіздеу ақталған болды. Қарт әйелден оның 
ұзақсонар түсініксіз көп сөздерінен жалғыз ғана ұққаны - әулие атай өз ұстанымына
қайшы келетін болғандықтан дәрігер шақыртудан бас тартатыны. Ол өз
тұрғынының ақыл-ойы бойдағы төзгісіз қызудан бұлдырай бастағанын сезіп, бір
кесе дәрі тұнбасын әкеп берумен ғана шектелді.
Жағдай осылай болған соң, өз міндетін мұқият орындауға бел байлаған үй иесі
әрбір екі сағат сайын тұрғынына кіріп, халін біліп тұрды. Бәрінен бұрын оны қайран
қалдырғаны -аурудың күн ұзақ басылмаған ересен қызуы, дірілдеп-қалшылдауы. Ол
көрпесін біресе лақтырып, біресе қайта қымтанады, алақанын тершіген маңдайынан
алмайды, жастықтан басын көтеріп жөтелмек болады, жөтелі қырылдап, булығып
оғаш шығады, іште бірдеңе үзіліп кеткен сияқты көрінеді. Сырттан қарағанда,
тамағына тұрып қалған мақтаны қақырып тастағысы келетін секілді. Осы
ұстамалардан кейін ол әбден әлсіреп, жастыққа сылқ етіп құлады. Сосын ол
қайтадан басын көтеріп, әлдеқайда қабырғаға қадалды, көзі алайып, біртүрлі табиғи
емес қалып танытады, қызуы бұрынғыдан да өршіп, еліріп кетті. Бірақ ауруды
шамдандырып аламын ба деп қарт әйел дәрігер шақыруға батпады. Сірә, сырттай
сұмдық үрейлендіретін бүл ауру кәдімгі безгектің ұстамасы болуы да мүмкін.
Алайда ол кешкісін батылдық жасап Панлю атаймен тағы да ақылдасып көріп еді,
көңілге қонарлықтай жауап ала алмады. Ол өз ұсынысын қайталады, бірақ бұл жолы
әулие атай төсегінен басын көтеріп, алқынса да, сөзін үзіп-үзіп айтса да,
дәрігерлерге қаралғысы келмейтінін айқын аңғартты. Осы сөздерден кейін үй иесі
таңға дейін күтуге бел буып, егер Панлю атайдың халі жақсармаса, нөмірін радиодан
қысқа күнде қырық рет қайталап жататын Құж-хабар агенттігіне телефон
шалармын деп ойлады. Өз міндетін мүлтіксіз орындай отырып ол түнде де ауруға
кіріп, халін біліп, қадағалап тұруды көздеді. Алайда кешкісін бір кесе жаңа түнба
беріп, қисая тұрайын деп жата қалса, тек күн шыға оянғаны ғой. Тұра сала, әуелі ол
ауруға жүгіріп барды. Панлю атай қозғалыссыз сұлық жатыр екен. Терісінің кешегі
қызылы өлідей қуарып боп-боз, бірақ бет пішіні бұрынғы дөңгелек жүзінен
ажырамаған. Ауру кереуеттің тұсына ілінген түрлі-түсті хрусталь салпыншақтары
бар шамға қадалған да қалған. Пәтер иесін көргенде ол басын бұрды. Түні бойы біреу
ұрып-ұрып, таңға жақын төңірегінде не болып жатқанын сезбейтін халге жеткізіп
тастап кеткен тәрізді. Ол халі қалай екенін сұрады. Әулие атай қарт әйелді
таңдандырып оғаш, бәрінен безгендей бір үнмен халінің нашар екенін, бірақ дәрігер
шақырудың қажетсіздігін айтып, қалыптасқан тәртіпке сәйкес өзін лазаретке
аттандыруын өтінді. Үрейі ұшқан қарт әйел телефонға ұмтылды.
Риэ түс әлетінде келді. Кемпірдің әңгімесін тыңдап болып, Панлю атайдікі әбден
дұрыс екенін, алайда өзін, өкінішке орай, тым кеш шақыртқанын айтты. Панлю атай
оны да бейжай, бейтарап қарсы алды. Риэ аурудың денсаулығын қарап көріп, қайран
қалды, без немесе өкпе обасының денесінде ешқандай нышаны жоқ, тек кеудесі
қысып, булыға береді. Ал тамырының соғысы өте әлсіз, жалпы халі қатерлі, үміт
деген жоқтың қасы.
― Бұл аурудың тән нышандары бізде атымен жоқ, - деді Риэ Панлю атайға. 
Алайда толық айқындық болмағандықтан сізді оңашалауым керек.
Панлю атай, разылықтан ба екен, бір түрлі кейіппен жымиды да, үндеген жоқ. Риэ
телефон шалғалы көрші бөлмеге кірді де жатынжайға қайтып келді. Панлю атайға
барлай қарады.
— Сіздің қасыңызда қаламын, - деді аялы үнмен.
Бұл сөзді естігенде ауру ептеп сергіген секілденіп, дәрігерге сәл жылыған көзбен
қарады. Сосын сөздерін әрең құрап, бірдеңе айтты, оның даусында мұң бар-жоғын
дәрігер аңғара алмады.
- Рахмет, - деді Панлю. - Дін қызметшілерінде дос деген болмайды. Олар бар
сезімін өз сеніміне, дініне береді.
Ол кереуеттің басында ілулі тұрған Ғайса керілген кресті сұрады, өтініші
орындалып, оны алған соң теріс айналып креске ұзақ қарады.
Лазаретте Панлю атай ауыз ашқан жоқ. Ешбір сезім-түйсік жоқ зат сияқты
белгіленген ем-домның ешқайсысына қарсылық көрсетпеді, бірақ керме-кресті
қолынан қайтып шығарған жоқ. Алайда оның ауруы айқын емес: оба ма, басқа ма біліп болмайды. 
Сірә, соңғы кезде диагностика картын шатастыру обаны мәз
қылатын болса керек. Бірақ Панлю атайдың ауруына қатысты бұл айқынсыздықтың
ешбір мәні болған жоқ.
Ыстығы күшейіп кетті. Жөтелі бұрынғыдан да қырылдай шығып, ауруды күні
бойы азапқа салды. Ең аяғында кешке қарай Панлю атай тамағында тұншықтырып
тұрған мақта сияқты бірдеңені құсып тастады-ау, ақыры. Қақырық қан аралас
болып шықты. Безгек қанша буырқанып безілдетсе де, Панлю атай қалыс қалпын
бұзбай, жан-жағына қараумен жатты.
Ертеңіне таңертең санитарлар оның суып қалған денесін көрді, кереуеттен
жартылай сырғып түскен оның көзінде жан жоқ екен. Кәртішкесіне: "күмәнді
жағдай" деп қана жазылды.
Сол жылы бүкіл Әулиелер күні әдетте өтіп жүргеніндей өткен жоқ. Әрине, бұл
арада ауа райының да себебі болды. Күн кілт құбылып, апшыны қуырған аптап
ыстықтың орнына күзгі салқын түсті. Өткен жылдар сияқты, суық жел ызыңдады да
тұрды. Күллі аспанды торлап құшақ-құшақ бұлттар жөңкіді, олардың көлеңкесі
төменде жолында тұрған үйлерді орап, ол өткенде қарашаның алтын түстес сәулесі
оларды қайтадан құшағына алды. Көшелерде су сіңірмейтін алғашқы плащтар пайда
болды. Ұзамай бүкіл қала сол жылтырақ маталардың суылына толып кетті. Бақсақ,
газеттер ұлы Францияның түстігіндегі ұлы оба жылы дәрігерлер ауру жұқтырудан
сақтану үшін үстіне сыртын майлаған матадан тігілген киім кигенін жазған көрінеді.
Дүкен иелері осы жағдайды пайдаланып, сөрелерге сәннен шыққан өтпей жатқан
бұйымдарды қайта шығарып, сол арқылы бацилладан қорғанамыз деп жұрт таласатармаса талап алды.
Күздің белгілері қаншалық көзге ұрып тұрса да, бәріміз бүл күні зират жайымен
қалғанын білдік және еске алдық. Өткен жылдары трамвайлар хризантеманың тұщы
иісіне толып, әйелдер туысқандарының моласын гүлмен безендіру үшін лек-легімен
жақындары мәңгі тыныс алып жатқан жерге қарай ағылатын. Бұрын тірілер
жалғыздығы және ұмыт болғаны үшін өлілерді қастерлеп, аруағына құрмет
көрсетуге асығатын. Ал биыл ешкім марқұм болғандар туралы ойлаған жоқ. Онсыз
да оларды ел коп ойлайды десе керек. Енді таныс молаға қайта келіп, құрмет
көрсетіп, өкінішті жаңғыртуды артық санаған сыңайы бар бәрінің. Енді марқұмдар
да бұрынғыдай емес, ұмыт қалдырмас үшін олардың басына жылына бір келіп,
бейітін тазалап жүру қалды. Олар тезірек ұмытылуға тиіс тілемеген дауа сияқты
болды. Міне, сондықтан да биылғы бүкіл әулиелер мерекесі табиғи болмай шықты.
Таррудың пікіріне қарағанда, тілі ащы болып бара жатқан Коттар айтқандай, қазір
бізде әрбір күн - өлілер мерекесі.
Шынында да, крематорий пешінде обаның мерекелік алауы лаулап-ақ жанды.
Рас, өлім-жітім тұрақтады. Оба енді ең биікке орналасып алып оңтайлы орындағы
шенеуніктей ыждаһаттап, күнделікті өлім-жітімді тәптіштеп отыратын тәрізді.
Білетіндердің пікіріне қарағанда, бұл іс жүзінде игі нышан. Мәселен, өлім-жітім
көрсеткішінің жоғары бір көтеріліп алып, құбылмай тура бара жатқаны үміттендіретін жайт. 
"Тамаша, ғажап қисық" деп растап қойды дәрігер Ришар. Індет
үйдің төбесіне жетті, енді құлауы ғана қалды деп сендіреді. Мұнда дәрігер
Кастельдің, дәлірек айтқанда, ол жасаған сыворотканың үлесі мол, ол кейбір
жағдайда тамаша нәтиже берді. Кастель қарт мастанған жоқ, оның пікіріне
қарағанда, әзір алдын ала ештеңе айтуға болмайды, өйткені індеттің ойда жоқ
секірістер жасайтыны тарихқа мәлім. Орандықтардың санасына сабырлылық
сіңіруге көптен құлшынып жүрген префектура қиын кезеңнен өттік деп ойлап, тиісті
баяндама әзірлеу үшін дәрігерлерді жинау керек деген ұсыныс жасады. Кенет
көрсеткіш төбеге жеткен кезде оба дәрігер Ришардың да өмірін үзіп кетті.
Сөз жоқ елең еткізер, бірақ ештеңе дәлелдемейтін бұл оқиғаны естіп, алдындағы
негізсіз еліргеніндей қала билік орындары торығуға қайта түсті. Кастель болса,
ештеңеге қарамай, өз сывороткасын бұрынғыдан да мұқият әзірлей берді. Онсыз да
аурухана немесе лазаретке айналдырылмаған бірде-бір қоғамдық ғимарат қалмады,
ал префектураға ауыз салмаған себебі - әр алуан жиындар үшін бәз бір орын қажет
болды. Жалпы, індеттің жуық мәнінде тұрақтанған кезінде Риэ ұйымдастырған
санитарлық қызмет өз міндетін толық орындады деуге болады. Барын салып жұмыс
істеген дәрігерлер мен санитарлар енді бұдан артық күш-жігер талап етілмес деп
үміттенді. Оларға ендігі қалғаны -кісіліктен де асқан парызын мүмкін қадерінше
мұқият орындау. Обаның өкпені зақымдайтын түрінен алғаш бірнеше ғана оқиға
тіркелген еді, енді ол бүкіл қала бойынша тез тарап барады, бәз бір адамдардың
кеудесіне өрт қойып, соны үрлеп өршіткен жел сияқты. Қанды құсық қинаған
аурулар әлдеқайда тез өледі. Аурудың бұл жаңа түрі жағдайында жұғуы да оңай
болатын тәрізді. Дегенмен, бүл жөніндегі пікір екі жарылды. Қауіпсіздік мақсатымен
медицина қызметкерлері дезинфекциялайтын дәрілер сіңірілген бетперде киіп,
жұмысын жалғастыра берді. Алғаш қарағанда індет тарала беретін тәрізді еді. Бірақ
без обасымен ауыратындар саны сиреуіне байланысты қорытынды теңелуге
айналды.
Соған қарамастан, қалалық билік орындарын алаңдатар басқа да мәселелер аз
болған жоқ, азық-түлік тапшылығы айқындала түсті. Саудагерлер, әрине, сырт
қалған жоқ, базарда баяғыдан жоқ бірінші қажеттіліктегі азық-түліктерді әкесінің
құнына сатты. Кедей отбасылар аса қиын жағдайға тап болды, ең байлардың мұрты
да қисайған жоқ. Оба өз тарапынан ешқандай алалықсыз әрекет жасағандықтан да
біздің азаматтардың арасындағы теңдік жібін ширатып, нығайта түсуге тиіс
болатын, бірақ жағдай керісінше болып шықты - індет кәдімгі өзімшілдік
мүдделердің ойынын өршітіп, жұрттың жүрегінде әділетсіздік сезімін күшейтіп
жіберді. Сақталғаны тек өлім теңдігі ғана, бірақ оны ешкім де тілемейтіні белгілі.
Аштықтан азап шеккен кедейлер жұрты азат, наны арзан көрші қалалар мен елді
мекендер туралы армандады. Жұрттың қарнын тойғыза алмайтын болса, олардың
қалаған жағына кетуіне рұқсат етсін деген тілектер туындай бастады. "Нан немесе
еркіндік!" деген сөздер ұранға айналып, үйлердің қабырғаларына да жазылып
қалды, кейде бүл сөзді өтіп бара жатқан префектің артынан айқайлап айтатын
болды. Бұл ұранның жұртты бас көтеруге шақырған дабылға айналып кетер түрі
болды да, ол тез басып тасталды, бірақ істің насырға шабары байқалмай қалған жоқ.
Жоғарыдан берілген бұйрыққа байланысты газеттердің ашықтан-ашық оптимизм
рухында әрекет еткені белгілі. Оларға сенер болсаң, апат жылына бәрінен тән нәрсе 
"тұрғындарға толғанарлық өнеге болған керемет сабырлылық пен салқынқандылық".
Алайда тас қып жабылған, құпия ештеңе қалмаған қалада біздің қауымдастық
беретін "өнеге" жөнінен алданған ешкім жоқ. Жоғарыда аталған сабырлылық пен
салқынқандылық жайында дұрыс ұғымың болу үшін біздің билік орындары
ұйымдастырған карантинге немесе "оңашалау лагеріне" зер салса да жетіп жатыр.
Шынын айту керек, өзге жұмыстардан қолы тимеген әңгімешінің өзі оларда болған
жоқ. Сондықтан ол тек Таррудың куәлігін ғана келтіре алады.
Тарру өз күнделігінде қалалық стадионда ұйымдастырылған сондай лагерьге
Рамбер екеуі барғанын шынында да әңгіме етіпті. Стадион қалалық қақпаның
аузында дерлік жерге орналасқан, бір жағынан ол трамвайлар жүріп жатқан көшеге
шығады, екіншісінде - қала еңсе көтерген жотаға дейін көсіліп жатқан ай тақыр
жазыққа қарайды. Ол жан-жағынан биік бетон дуалмен қоршалған, сондықтан жұрт
қашпау үшін төрт қақпаға төрт күзетші қойса жетіп жатыр. Оның үстіне көшеден
биік қабырғамен бөліп тасталған карантинге түскен бейшаралардың өткенкеткеннің 
әуестігінен қорықпауына кәміл болады. Оның есесіне күн ұзақ стадионда
тап қасынан тасыр-тұсыр тарсылдап өткен трамвайдың даусы айқын естіліп тұрады,
қалған әлемнен бөлініп қалған байғұстар жұрттың жұмысқа барғанын, қайтқанын
байқап отырады. Сөйтіп, олар әзірге өздері үшін жолы жабық өмір бірнеше метр
жерде жалғасып, қыз-қыз қайнап жатқанын, мынау бетон қабырғалар бір-біріне
бөлек екі планетаға орналасқаннан да жат екі әлемді бөліп тұрғанына көз жеткізеді.
Тарру мен Рамбер стадионға жексенбі күні түстен кейін баруға келісті. Оларға
келіп әлгі футболшы Гонсалес жабысты: Рамбер оны стадион қақпаларындағы
қарауылдардың ауысып тұруын міндетіне алуға көндірді және лагерь бастығымен
таныстыруға уәде берді. Өз серіктерімен кездескен Гонсалес дәл осы уақытта обаға
дейін матчқа дайындалып, киім ауыстырып жататынын еске түсірді. Енді
стадиондардың бәрі тартып алынғанда барар жер, басар тау қалмай, Гонсалес өзін
бос жүрген сандалбай сезінеді, тіпті ұсқыны да соған келетін сияқты.
Міне, сол себепті де ол лагерь кезекшілігін мойнына алып, тек аптаның ақырғы
күндері ғана істейтін болып келісті. Аспанды бұлт торлады, Гонсалес басын жоғары
көтеріп, жауынды да емес, күнес те емес, осындай ауа райы футболдың қолы ғой,
шіркін деп қиялдады. Табиғат сыйлаған ділмәрлық деңгейіне қарай ол
тыңдаушыларына шешінетін жердегі иісті, трибуналардағы апыр-топыр
сығылысты, қоңыр алаңдағы мәйкілердің ашық жолағын, үзіліс кезінде құрғаған
тамақты жібіту үшін ішетін сусыннан мыңдаған көзге көрінбес мұз инелердің
жұтқыншақты қалай шабақтайтынын жеткізуге тырысты. Қала шетінің ойлықырлы көшелерімен 
орталыққа жеткенше футболшының көзіне алғаш көрінген
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оба - 14
  • Parts
  • Оба - 01
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2250
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 02
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2228
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 03
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2234
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 04
    Total number of words is 3849
    Total number of unique words is 2285
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 05
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2217
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 06
    Total number of words is 3892
    Total number of unique words is 2357
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 07
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2217
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 08
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2098
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 09
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2065
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 10
    Total number of words is 3779
    Total number of unique words is 2314
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 11
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2253
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 12
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2189
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 13
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2252
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 14
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2244
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 15
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2285
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 16
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2159
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 17
    Total number of words is 2963
    Total number of unique words is 1787
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.