Latin Common Turkic

Оба - 05

Total number of words is 3882
Total number of unique words is 2217
33.2 of words are in the 2000 most common words
47.8 of words are in the 5000 most common words
55.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Әлбетте, біздің үрей-қорқынышымыз қанша азапты болғанымен, ағаттығымыз
кеудеге зіл қара тас боп батқанымен, мынау қуыс жүрек қудаланушылар
қырғынның бастапқы кезеңінде дәрежесі артықтар қатарында жүрді. Шын мәнінде
тұрғындардың еңсесі түсіп, жүнжіп кетті де, бүл лектегі қуғындалушылардың
арман-мұңы, бар назары күткен жандарына ауды. Жаппай ашынудың арасында
оларды махаббаттың өзімшілдігі сақтап қалды, олар оба жайында ойласа да, ол
уақытша айырылысуымызды мәңгілік қып жібермес пе екен деп ойлады. Індеттің
аптап аузында жүріп, олар салқынқандылық деп қабылдауға болатын осы қарекетті
тауып алды. Үмітсіздік оларды үрейден қорғап, қайғының өзі игілікке айналды.
Айталық, сондай адамды ауру алып кетті десек, аурудың қашан да ес жиюға
мұршасы келмейді. Оны сүйікті көлеңкесімен таусылмайтын іштей сұхбатынан айшайсыз 
жұлып әкетеді де, еш өткелсіз қара жердің мызғымас тілсіз топырағына
тапсырады. Ал оны байқауға да үлгермейді ол бейбақ. Біздің азаматтар үш ұйықтаса
түске кірмеген мынау жер аударумен ауыл-үй қонғанша, оба қала қақпасына кардон
қойып, Оранға келе жатқан кемелердің бағытын өзгертіп үлгерді. Қала жабық деп
жарияланған күннен бастап бізге бірде-бір мәшине өткен емес. Міне, енді бізге
автомобиль мақсат-мүддесіз белгілі бір кемені ғана шиырлап айналып жүре
беретіндей көрінді. Сондай-ақ порт та оғаш бір көріністі көз алдыңа тартады, әсіресе
оған жоғарыдан, бульвар жақтан қарасаң қаңырап қалғандай. Заңды түрде
жағалаудағы бірінші порт болғандықтан ығы-жығы боп жататын ол әп-сәтте
тыныштала қалды. Мүйісте карантинге байланысты ұсталған бес-ақ кеме тұр.
Аймақтағы қажетсіз алып крандар, бір-біріне аударылып қалған вагонеткалар,
кеспектер мен қақпақтардың жалқы қатарлары - бәрі-бәрі сауда-саттықтың да
обадан майып болғанын айғақтап тұрғандай.
Осынау келеңсіз көріністерге қарамастан біздің азаматтар өздері нендей күйге
түскеніне әреңдеп ой жіберді. Әрине, баршаға ортақ айырылысу немесе қорқу
сияқты сенімдер жоқ деуге болмайды, сөйте тұра көпшілік үшін алдыңғы орынға өз
қам-қаракеттері шығады. Іс жүзінде індетті ешкім де қабылдаған жоқ. Көпшілігі
шын мәнінде өз әдет-дағдысының бұзылуынан болмаса іскерлік мүдделерінің
кемсітілуінен жапа шекті. Мұның өзі ашу шақыртып, ыза қылды, ал ашу-ыза обаға
қарсы қояр сенім емес қой. Сонымен, олардың алғашқы жауап қарекеті бәрі үшін
қала өкіметін кінәлау болды. Баспасөз де қосылып кеткен ("Қабылданатын
шаралардың жұмсартылатынына үміт артуға болмас па екен?") Бұл сыншыларға
қала өкіметінің жауабы қайткенде де оқыс болды. Күні осы уақытқа дейін газеттер
де, Құжхабар агенттігі де аурудың барысы туралы статистикалық ресми мәлімет
алған жоқ-ты. Енді префект агенттікке ол мәліметтерді күн сайын хабарлап, оларды
күнделікті ақпар ретінде жариялап отыруды өтінді.
Алайда көпшілік әлі өзіне-өзі бірден келе алған жоқ еді. Расында да, үшінші
аптада індет үш жүз екі адамның өмірін үзгені туралы хабар жарияланғанда, бұл
деректі сандар ой-қиялымызға ештеңе де айта алмады. Бір жағынан олардың бәрі,
бәлкім обадан өлген жоқ шығар. Екіншіден, әдеттегі уақытта қалада аптасына неше
адам қайтыс болатынын тап басып ешкім білген емес. Қалада жалпы екі жүз мың
тұрғын бар деп есептелетін. Ал оған өлімнің мына пайызы әбден қалыпты да шығар.
Мұндай мәліметтер күмәнсыз қызығушылық туғызғанымен, әдетте олар ешкімді де
толғандырмайды. Белгілі жағдайда көпшілік салыстыратын материалдар жетіспеді.
Тек кейін ғана өлім-жітімнің көрсеткіші күрт көтеріліп бара жатқанына көзі
жеткенде барып қоғамдық пікір ақиқатты мойындады. Шын мәнінде індеттің
бесінші аптасы - үш жүз жиырма бір, алтыншы аптасы үш жүз қырық бес кісі өлімін
берді. Міне, бүл секіріс бұлтартпайтын жайт. Алайда ол да күрт деуге келмейтін еді,
сондықтан біздің ағайындар абыржығанымен де, індетті өкінішті болса да, өткінші
деп көңіл аулады.
Олар бұрынғысынша көшелерде қыдырып, бұрынғысынша дәмхана
баспаларында мәжілістесті. Жұрттың көзінше қорқақ боп көрінгісі келмей, әзілқалжыңға басып, 
бұл қолайсыздықтың бәрі уақытша ғана дүние, ол жақсы көңіл
күйден айыруға тиіс емес дегенді білдіргісі келді. Сөйтіп, сыпайы әдеп сақталды.
Алайда айдың аяғына қарай, шамамен, ғибадат аптасына таман (ол туралы сөз
кейінірек) қаламыздың сыртқы келбетінде елеулі өзгерістер болды. Әуелі префект
көлік қозғалысы мен жабдықтауға қатысты шаралар қабылдады. Жабдықтау
лимиттеліп, бензин сату қатаң шектелді. Тіпті электр қуатын үнемдеу де көзделді.
Оранға жерүсті және әуе көліктерімен тек бірінші кезектегі ғана қат заттар әкелінді.
Сөйтіп көлік қозғалысы күннен күнге азайтылып, ақыр тоқтап тынды, сәнді бай
дүкендер бірінен кейін бірі жабылып, кейбіреулерінің жарнама әйнегіне ана бұйым
да, мына бұйым да жоқ деген хабарландырулар ілінді, соған қарамастан олардың
есігі алдында ұзыннан-ұзақ алармандар кезегі тұрды.
Жалпы, Оран өзіндік бір ерекше түрге енді. Жаяулар саны недәуір артты, тіпті
көшелер әдеттегідей бос қалып, кеңселер мен дүкендердің жабылуына орай көп
жұрт қарекетсіз қалғанның өзінде бульварлар мен дәмханалар аузы-мұрнынан
шықты. Әзір олар жұмыссыздар санатына қосылмай, демалыстағылар деп саналады.
Сонымен, күндізгі сағат үште тамаша түстік аспаны астындағы Оран бәз-бір мереке
басталған қаланың көз алдар кейпіне енді. Тұрғындар жаппай сауық-сайранға
қатысу үшін тік көтеріле көшеге шыққанда бүкілхалықтық салтанатқа бөгет болмас
үшін автомобиль қозғалысын тоқтатып, барлық дүкендерді әдейі жауып
тастағандай көрінеді.
Осы бір жаппай каникулды кинотеатрлар кеңінен пайдаланып, ірі істер
атқарғаны аян. Бірақ біздің департаментте фильмдерді тарату тоқтатылды. Екі
аптадан кейін кинотеатрлар бір-бірімен бағдарлама алмасуға мәжбүр болып, ұзамай
экрандарда сол баяғы бір фильмдер өзгермей жүре берді. Түсім түк те кеміген жоқ.
Тура сол секілді сауда ішімдіктің мол қоры бар қаламыз шараппен сауда
жасайтын
болғандықтан,
дәмханалар
тұтынушылар
тілегін
үзіліссіз
қанағаттандырып тұрды. Ашығын айтқанда, жұрт жақсы-ақ ішетін. Әйткенмен
дәмханалар көпшілікті қызықтырып "қаншалық көп жұтсаң, соншалық микробты да
құртасың" деп жарнамалап жатты. Спиртті ішімдіктер жұқпалы аурудан
сақтандырады деген әбден табиғи пікір көңілімізге басы бүтін орнығып та алған.
Түнгі сағат екіден кейін дәмханалардан қуып шығарылған маскүнемдердің біразы
таңға дейін көшелерде сендетіліп, үміт оятар болжамдар жасайды.
Бірақ бұл өзгерістердің бәрі кей жағдайда таңғажайып болғаны сондай, олардың
қас қағым сәтте өтуі әдеттегі берік құбылыс деп санауға жүрек дауалатпады.
Нәтижесінде біз үшін алдыңғы орында бұрынғысынша жеке бас сезімі тұрды.
Қала жабық деп жарияланғаннан кейін екі күннен соң Риэ лазареттен шыға бере
қуаныштан жүзі бал-бұл жанған Коттарға бетпе-бет келіп қалды. Түріне қарағанда
аурудан толық айыққан тәрізденген оны Риэ сауығуымен құттықтады.
― Рас, рас, өзімді өте жақсы сезінемін, - деп растап жатыр Коттар да. Айтыңызшы, 
дәрігер, мынау зұлмат оба, шынында да, шетімізден ала бастай ма, өзі?
Дәрігер шындықты мойындады. Ал Коттар қанағат тұта тіл қатты:
― Былайша, індеттің тоқтауына себеп те жоқ сияқты. Барлығы астан-кестең
болды ғой.
Жарым жолды олар бірге өтті. Коттар өз қотанындағы үлкен азық-түлік
дүкенінің иесі кейін екі бағасына өткізу үшін азық-түлікті оңды-солды сатып ала
берген екен, санитарлар келіп оны лазаретке алып кеткенде кереуетінің астынан
консервілердің тұтас қоймасын тапқанын айтты. "Ол өлсін, өлмесін, ал обадан байи
алмайтының айқын". Жалпы Коттарда індет туралы өтірік-шыны аралас қыруар
әңгіме бар? Мәселен, бір кісі жұқтырған ауруының алғашқы нышанын байқап
көшеге ата шығып, өтіп бара жатқан әйелді тарпа бас салып, құшағына қатты қысып,
жартылай сандырақ сияқты менде оба деп кеңірдегін жырта айқайлапты деген аңыз
бар.
— Ғажап! - деп түйді Коттар оның кейінгі сөзіне үйлеспейтін сыпайы үнмен. Ұзамай 
бәріміз де есімізден адасамыз, оған сеніңіз! Сол күні кешқұрымға таяу Жозеф
Гран ақыр соңында Риэмен ашық әңгімелесуге бел буды. Бәрі оның дәрігердің жазу
үстелінен мадам Риэнің суретін байқауынан басталды. Сұрақты көзбен қараған
сұхбаттасына Риэ әйелінің қалада емес екенін, емделіп жатқанын айтты.— Былай
алып қарағанда, бұның өзі сәттілік, - деді Гран.
― Сөз жоқ, сәттілік, енді әйелімнің түбегейлі айығатынынан үміттену ғана қалды,
- деп жауап қатты Риэ.
— Ә, иә, түсінемін, түсінемін, - деді даусын созып Гран.
Танысқаннан бері Гран тұңғыш рет сөзуарлыққа ерік беріп отыр. Рас, ол әлі де
қажет сөздерін іздейді, бірақ баяғыда-ақ ойланып алғандай оны табан аузында таба
қояды. Ол мүлдем жас кезінде көршідегі байлығы шамалы уылжыған жап-жас қызға
үйленіпті. Сол үшін оқуын тастап, жұмысқа тұруға тура келген. Ол да, Жанна да
ешқашан өз қотанының шегінен шығып көрмеген. Жаннаға барып жүргенінде оның
ата-анасы қалтыраған және аузынан бір сөз алу қиын үндемес жігітке сырттай
күледі екен. Жаннаның әкесі теміржолшы болған. Бос уақытында ол дәйім терезеге
тақау бұрышқа жайғасып, лапардай алақанын тізесіне қойып, көшеде ағылып
жатқан жұртқа ойлана көз тастайтын. Анасы ертеден қара кешке дейін үй
шаруасында салпақтап жүрген. Оған Жанна ғана көмектесетін. Ол тым талдырмаш,
әрі кіп-кішкентай болатын, көшеден өткен сайын қорқыныштан Гранның жүрегі
тоқтап қала жаздайтын. Машина атаулының бәрі онда қатерлі бір хайуандай
көрінетін. Бірде Ғайса пайғамбардың туған күні қарсаңында Жанна мерекеге
безендірілген жарнама әйнектің алдына тоқтай қалып, серігіне көзін аударып: "Не
деген әдемі!" деп сыбырлады. Ол оның білегін қысты. Осылай үйлену мәселесі
шешілді.
Тарихтың тәмамдалуы, Гранның айтуынша, тіптен оңай болған. Жұрттың бәрі
сияқты үйленеді, бірін-бірі біразға дейін сүйеді, жұмыс істейді. Жұмысты және
махаббат жайы естен шыққанша істейді. Бастық берген уәдесінде тұрмаған соң
Жанна да қызметке кіруге мәжбүр болды. Осы арада Гранның одан арғы әңгімесін
ұғыну үшін дәрігердің ой-қиялды көмекке шақыруына тура келді. Титықтап
шаршаудан Гранның еңсесі түсіп кетті, келіншегімен әңгімесі де барған сайын сиреп,
оны сүйетініне сендіре алмайтын жағдайға жетті. Жұмыс жеп тастаған еркек,
болашақ жолын біртіндеп жабатын кедейлік, көпшілік дастарқан басында көңіл
құлазытатын үнсіздік құмарлық пен құштарлыққа қайдан жол ашсын.
Зайыры, Жанна қиналып жапа шегеді. Алайда кетпейді, Кісі қиналады, қасірет
шегеді, бірақ онысын өзі де білмейді - мұндайлар өмірде жиі болады. Жылдар өтеді.
Ақыры келіншек кетеді. Әрине, жалғыз кетпейді ғой. "Мен де сені мейлінше сүйіп
едім, бірақ тым шаршап кеттім... Кеткенімен онша бақытты да емеспін, бірақ өмірді
қайта бастау үшін бақытты болу міндетті де емес". Шамамен, оның жазғаны осы.
Жозеф Гран да аз қайғырған жоқ. Дәрігер әділ атап өткеніндей, оның да өмірді
қайта бастауына қақысы бар. Тек ол мұндайға енді сенбейді.
Әншейін ғана ол әр уақыт оны ойлайды. Бәрінен бұрын Жаннаға хат жазып, оның
көз алдында өзін ақтағысы келеді. "Тек қиын, өте қиын, - дейді ол - Мен оған жазсам
деп баяғыда-ақ ойланғанмын. Бір-біріңді сүйген кезде сөзсіз-ақ бәрі тынатын, біз де
солай түсінісетінбіз". Гран қалтасынан салфеткаға ұқсас ала қол орамал алып қатты
сіңбірініп, мұртын сүртті. Риэ оған үнсіз қарады.
― Кешіріңіз мені, дәрігер, - деді Гран, - қалай дұрысырақ айтсам екен... Сізге
сеніммен қараймын. Міне, сізбен сөйлесе де аламын. Әйткенмен, әрине, толқимын
да. Өз ойымен Гранның обадан мың шақырым шалғай жүргені бесенеден белгілі.
Кешкісін Риэ әйеліне жеделхат жіберіп, қаланың жабық деп жарияланғанын,
өзінің аман-сау екенін, оның өзіне өзі қарап, абай болуын өтініп, ұдайы ойынан
шығармайтынын хабарлады.
Қала жабылғаннан кейін үш апта өткенде Риэ лазареттен шығып келе жатып,
өзін күтіп тұрған жас жігітке жолықты.
— Мені танитын шығарсыз деп ойлаймын, - дейді ол
Риэ оны бір жерден көрген сияқты, бірақ қайда екенін есіне түсіре алмады.
― Сізге осы оқиғалардан бұрын келгенмін, - деді бейтаныс.Арабтардың тұрмыс
жағдайына қатысты мағлұматтар сұрағанмын. Мені Раймон Рамбер дейді.
— И-иә, - деп есіне түсірді Риэ. - Енді не, бізде қазір репортаж үшін бай материал
бар.
Рамбер шамданып қалды. Сөз репортаж жайында емес деп ол дәрігердің көмегін
сұрай келгенін айтты.
― Сіздің алдыңызда кешірім сұрауға тиіспін, - деп ол сөзін жалғастырды. - Бірақ
мен қаладан ешкімді де білмеймін, ол біздің газеттің бұндағы тілшісі, өкінішке орай,
барып тұрған есуас.
Риэ Рамберге өзімен бірге қаланың орталығына дейін баруды ұсынды, жұмыс
бабымен диспансерге кіріп шығуы керек болатын. Олар негрлер қотанының тар
көшесімен адымдап келеді. Қас қарайған кезде, дәл осы мерзімде шулап жататын
қала енді таңданарлықтай тып-тыныш. Байыған күннің жалқынымен алтындай
жалтылдаған аспанға самғаған керней үні ғана әскерлердің әлі де өз міндетін
орындап жатқанын, дәлірек айтқанда, орындап жатқандай көрінгісі келетінін
айғақтайды. Ашық көк, сары және күлгін мавр үлгісіндегі үйлердің арасындағы тік
көшемен келе жатып Рамбер қызына сөйлеп келеді, сөйлеп келеді. Парижде әйелі
қалыпты. Шынын айтқанда, әйелі де емес, бірақ оның маңызы қанша. Қала жабық
деп жарияланғанда, оған телеграф арқылы хабар берген көрінеді. Алғаш бұл ұзаққа
созыла қоймас деп ойлап, сосын онымен үзбей хат жазысып тұрудың қамын
ойлайды. Әріптестері - Оран журналистері оған ештеңе істеуге болмайды деп тура
ашық айтыпты, поштада оны қуып шығыпты, префектурада хатшы қыз бетіне қарап
қарқылдап күліпті. Ақыр аяғында ол телеграфта екі сағат ұзыннан-ұзақ кезекте
тұрып: "Барлығы ойдағыдай, ұзамай жолыққанша" деген мағынада баянхат
жөнелтіпті.
Ертеңіне ертеңгілік ол төсектен тұрып жатып мұның қаншалықты ұзаққа
созылатынын тіпті тірі пенде білмейді деп ойлайды, сондықтан кетіп қалуға бел
байлайды. Жолдау хаты болғандықтан ол префектура кеңесінің бастығына кіре
алатын еді (журналистерді әйтеуір бетке көп қақпайды ғой). Рамбер оған өзі келіп,
Оранға ешқандай қатысы жоғын, мұнда босқа сандалып жүргеннен түк
шықпайтынын, жалпы бұл жерге кездейсоқ келіп қалғанын, сондықтан тиісті
карантиннен өтуге тура келсе де, кетуіне рұқсат бергендері әділдік болатынын
айтты. Кеңсе бастығы барлығын жақсы түсінетінін, бірақ ешкімге бөле-жарып
рұқсат бере алмайтынын, жалпы жағдайдың қиындығын, ал өзі ештеңе
шешпейтінін, сонда да ойланып көретінін айтып жауап берді.
— Ал мен сіздің қалаңызға мүлдем бөтенмін ғой, - деп Рамбер де қоймады.
― Айтқаныңыз ақиқат, дегенмен індеттің созылмайтынына сенейік те.
Рамбердің көңілін көтеріп жігерлендіру үшін дәрігер Оранда қазір қызықты
репортаж үшін қыруар материал бар екенін, сындарлы ойлағанға ең бір қайғылы
оқиғаның да өзіндік жақсы жағы болатынын айтты. Рамбер иығын қиқаң еткізді.
Сөйткенше олар қаланың орталығына да келіп қалды.
— Дәрігер, түсініңізші мені, мұның бәрі де ессіздік. Бұл дүниеге мен репортаж
жазу үшін келмеген болармын... Бәлкім, жарық дүниеге жар құшу, әйел сүю үшін
келген шығармын. Ал бұл әдеттегі нәрсе емес пе?!
Риэ мұндай ой ақылға әбден қонады деп жауап қатты. Орталық бульварларда
әдеттегідей тобыр болмай шықты. Олардың көзіне қала шетіне асыққан бірнеше
жаяулар ғана түсті. Күлкі үйірген бірде-бір жүз байқалмайды. Зайыры, Құжхабар
агенттігі жариялаған бүгінгі мәліметтің нәтижесі осындай болуы керек деп ойлады
Риэ. Тәулік өткен соң біздің азаматтар тағы да үміттене бастайды. Алайда бүгін
күндіз жарияланған дерек сандардың әсері жадта әлі жаңа күйінде болатын.
― Мәселе мынада, - деді тікелей Рамбер, - мәселе екеуіміздің таяудан бері ғана
кездесіп жүргенімізде ғой, жақсы келісіп, тамаша үйлесуші едік.
Риэ үн қатқан жоқ.
— Тегінде сізді әбден мезі етіп тойдырып біттім ғой деймін, - деп Рамбер сөзін әрі
қарай сабақтады. - Сізден менің өтінерім тек қана мынау: сіз маған мынау сайтан
соққыр оба дегенің жоқ деп ресми бекінетін куәлік бере алмас па екенсіз. Ондай
қағаз кәдеге асар еді деп ойлаймын.
Риэ үнсіз басын изеді, сол сәт жүгіріп келіп тізесіне басымен кеп соғылған баланы
қағып ап үлгеріп, аяғынан жерге тік қоя қойды. Жолын одан әрі жалғап олар
Зеңбірек алаңынан бір-ақ шықты. Басын салбыратып қатып қалған тәрізді фикустар
мен пальмалар шаң-шаң құрсаумен Республика ескерткішін қаумалап тұр. Ескерткіш
те шаң басып кір-қожалақ болыпты. Олар соның тұғырына тоқтады. Риэ аяғымен,
әуелі оң, сосын сол аяғымен жер тепкілеп, кебісіне қонған ақшыл тозаңды қағып
түсіргісі келді. Және ұрлана Рамберге қарап қойды. Ол фетр қалпағын желкесіне
бастырып, аузын бұртитып ренжіп түр: сақалы алынбаған, жағасының галстук
астындағы түймесі де салынбаған, ал көзінде қиқар ерегес ұшқыны бар.
― Сізді өте жақсы түсінетініме сеніңіз, - деп ақыр соңында сөз бастады Риэ. 
Алайда ой топшылауларыңызда дұрыс сілтеме жасамайсыз. Сізге мен анықтама бере
алмаймын, себебі осы ауруға шалдыққан, шалдықпағаныңызды білмеймін,
сондықтан кепілдік те беру қиын, бұл дегенің минуттың бір бөлшегі сияқты дүние:
менің кабинетімнен шығып, префектураға кіргенде жұқтырып алуыңыз да мүмкін.
Айтқандай, тіптен...
— Не тіптісі бар? - деп сұрады Рамбер.
― Тіптен мен ондай анықтама берген күннің өзінде де ол кәдеге аспас еді.
— Неге?
― Өйткені біздің қалада сіздің жағдайыңыздағыдай мыңдаған адам бар. Бірақ
біздің оларды бұл арадан жіберуге хақымыз жоқ.
— Ал олар обамен ауырмайды емес пе?!
― Бұл жетерліктей себепті сылтау емес. Жағдайдың ақылға қонымсыз екенімен
келісемін, бірақ біздің бәріміз де торға түсіп қалып отырмыз ғой.
— Апырау, мен бұл жерлік емеспін ғой.
― Жоқ, белгілі уақыттан бері сіз де осы жерліксіз.
Рамбер күйіп-пісті:
— Арыммен ант берейін, бұл дегенің адамгершілік мәселесі емес пе! Бәлкім
сіздер бір-бірімен жақсы түсінісіп, жақын болған екі адам үшін айырылысып бөлек
тұрудың не екенін түсінбейтін шығарсыздар?!
Риэ бірден жауап қайырған жоқ. Сонан соң тегінде түсінетіндігін айтты. Оның
үстіне Рамбердің зайыбымен қауышуын жанының бар жалынымен қалайтынын
білдірді. Жалпы ол бірін-бірі сүйгендердің тезірек бірге болғанын тілейді. Бірақ,
өкінішке орай, белгілі бір заңдар мен өкімдер, ең бастысы - оба бар, сондықтан оның
жеке рөлі өзіне жүктелген істі ғана атқару.
― Жоқ, сізге бұны түсіну қайда! - деді ашына қарсы шыққан Рамбер. - Сіздің
аузыңызбен ақыл-ой ғана сөйлеп тұр, сіздер абстракция әлемінде өмір сүресіздер.
Дәрігер көзін Республика ескерткішіне тастап, өзінің аузымен ақыл-ой ғана
сөйлеуі екіталай екенін, бұның жалаңаш шындық екеніне сенімділігін, бұл екеуі
ұдайы бір бола бермейтінін айтты. Журналист галстугін түзетіп:
— Басқаша айтқанда, о ғып,бұ ғып бұлтарып шығуға тура келді. Бәрібір қаладан
кетемін, -деп түйді Рамбер шамырқанып.
Дәрігер Рамберді тағы да түсінетінін, бірақ бұның өзіне қатысы жоқтығын айтты.
― Жоқ, қатысы бар, - деп жарылып кете жаздады кенет Рамбер. - Менің сізге келіп
отырғаным тегін емес, қатал шаралардың қабылдануын табандап отырып талап
еткен өзіңіз. Мен болсам, сіз кісіге бір жақсылық жасау ретінде бір-ақ мәрте болса да
өзіңіз айтқан шешімді бұзар-ақ деп ойлап едім. Шамасы, сіздің онымен ісіңіз жоқ
екен. Сіз ешкім жөнінде де ойлаған жоқсыз. Амалсыз айырылысып, бөлек тұрып
жатқандарға қолды бір-ақ сілтегенсіз.
Риэ оған келісті, бәз-бір мағынада Рамбердікі де дұрыс, оның қолды бір-ақ
сілтегені анық.
— Білем, білемін, - деп дауыстап жіберді Рамбер, - қазір сіз қоғамдық пайда
жөнінде айта бастайсыз. Ал қоғамдық игіліктің өзі әрбір жеке адамның бақыты емес
пе!
― Білгіңіз келсе бар ғой, - деп дәрігер онша абдырамай, бұрынғысынша
қысылмай үн қатты, - бақыт бақытымен, бірақ басқа да бір нәрселер бар ғой.
Ешқашан албаты жазғыруға болмайды. Құр босқа ашуланасыз. Егер осы
шытырманнан құтылып кетер болсаңыз, оған мен жан-тәніммен қуанамын. Тек
жұмысымның сипатына қарай маған тыйым салынған нәрселер де бар. Журналист
шыдамсызданып басын шайқады:
— Сіздің айтқаныңыз дұрыс екен, босқа ашуланыппын. Оның үстіне қаншама есіл
уақытыңызды алдым. Риэ Рамберден өз ісі жөнінде құлағдар етіп отыруын, ішке кек
бүкпеуін өтінді. Зады, Рамбердің іс-қарекет жоспары болуы керек, бәлкім бәз-бір
мағынада оларың жүзеге асып қалар. Рамбер Риэге сасқалақтай қарады.
― Мен де соған сенемін, - деді ол сәл үнсіз қалып, - өз ойыма қарамастан, сіздің
осында айтқандарыңызға қарамастан сенемін оған. - Бөгеліп қалып сөзін қайта
сабақтады. -Бәрібір сонда да сіздің іс-қимылыңызды қостай алмаймын.
Сосын қалпағын маңдайына бастырып, тез-тез басып тайып тұрды. Риэ көзбен
шығарып салып тұрып журналистің мейманхананың Жан Тарру тұратын подъезіне
кіргенін көрді.
Дәрігер ойлана басын шайқады. Журналистің жанталасып бақытқа құлшынуы
дұрыс. Бірақ ол Риэні кінәлағанда дұрыс жасады ма?.. "Сіздер абстракция әлемінде
өмір сүресіздер" дейді. Сонда оба еселенген қомағайлықпен құрбандарын қылғып,
аптасына орта есеппен бес жүз адамның өмірін жалмап жатқан лазаретте өткізген
күндер абстракция болғаны ма?.. Иә, сөз жоқ, қайғы-қасіретте де абстракцияның өз
үлесі бар, онда шындықтан тыс бірдеңе бар. Ал абстракция өлтіруге әрекет жасай
бастаса ғана онымен айналысуға тура келеді. Риэнің бір білетіні - оның онша оңай
еместігі. Бар жауапкершілік өзіне жүктелген қосалқы лазаретке басшылық ету де
оңай шаруа емес. Дәрігер кабинетіне жапсарлас бөлмені алғаш түскен ауруларды
қабылдайтын орын жасады. Еденнен үңгіп шұңқыр қазып, тұтас крезол көлшігін
жасап, ортасынан кірпішпен қалап аралшық тәрізді бірдеңе тұрғызды. Ауруды әуелі
сол аралшыққа отырғызып тыр жалаңаш шешіндіреді де, киімдерін крезол
ерітіндісіне тастайды. Ауруды бастан-аяқ шомылдырып, құрғағанша сүртіндіріп,
аурухананың бүртік-бүртік жейдесін кигізгеннен кейін Риэнің қолына береді, содан
өткен соң ғана палаталардың біріне жөнелтеді. Лазаретте төсек саны бес жүзге
жетіп, оның бәрі толғаннан кейін мектептің шатырланған ішкі аулаларын
пайдалануға тура келді. Аурулардың бәріне вакцина еккізіп, без ісіктерін жарған Риэ
таңертеңгі өзі жүргізген аралаудан кейін статистикалық мәліметтер түзілген
қағаздарды қарап шығып, түстен кейін ауруларды аралауды қайта бастады.
Соңынан ол күнде кешке үйде емделетін ауруларды қарап, үйге кеш, түннің әлдебір
әлетінде оралып жүрді... Тура соның қарсаңында ғана анасы Риэге әйелінің
жеделхатын тапсырып тұрып ұлының қолы дірілдегенін байқады.
- Рас, қолым дірілдейді, - деп келісті ол - Бұл жүйкенікі ғой, өзімді өзім
бақылаймын.
Табиғатынан ол қуатты да табанды. Шынында да әлі шаршап шалдығып көрген
жоқ. Дегенмен ауруларды аралап, үй-үйге кіру төзімін тоздырып барады. "Жұқпалы
безгек" деп диагноз қою ауруды оңашалау дегенді білдіреді. Міне, қиындық дәл осы
арада туады да, абстракция әлемі басталады: аурудың отбасы оны жазылған
жағдайда немесе табытта көретінін өте жақсы біледі. "Бізді аяй көріңіз, дәрігер" деп
тапсырды Тарру тұратын мейманханадағы күтуші қыздың анасы мадам Лоре. Ал аяу
деген не? Әрине, ол жаны ашып аяды. Бірақ бұдан ештеңе өзгерген жоқ. Телефон
шалуға тура келді. Бірнеше минуттан кейін "жедел жәрдем" машинасының сиренасы
естілді. Әуелі көршілері терезелерін ашып көшеге қарады. Аздан соң қайта асығып,
терезелерінің қақпасын жаба бастады. Шын мәніндегі күрес, көз жасы, жалыну,
жалпы алғанда абстракция сонда бел алды. Безгек пен үрейден ауасы от боп
жанғандай көрінген бөлмелерде есуастықпен шектескен көріністер ойналды. Алайда
ауруды бәрібір алып кетті. Риэ сонда ғана үйге қайтуға мүмкіндік алды.
Індеттің бастапқы күндері ол телефон шалумен шектеліп, "жедел жәрдем"
көмегін күтпей келесі ауруға асығатын. Ал ол кеткен соң аурудың туыстары
есіктерін тарс бекітіп, сырқат жанды үйден шығармай, жұқпалы дертпен бетпе-бет
қалғанды артық көретін, шығарса-ақ ақыры немен тынатынын жақсы білетін.
Айқайласып, бұйрық беріп, полиция, кейіннен әскерилер араласып алғаш ауруларды
үйінен әрең алып шығып жүрді. Алғашқы апталардан-ақ "жедел жәрдем" қашан
келгенше күтіп отыруға тура келді. Кейін дәрігерге еріп еріктілерден тартылған
санитарлық инспекторлар келетін болған соң, Риэ бір аурудан екіншісіне бірден
жүгіруге мүмкіндік алды. Бірақ ең басында "жедел жәрдемді" күтіп аурулардың
қасында отырған кештер мадам Лоренің пәтеріндегі кешке ұқсады. Қағаз
желпуіштермен және жасанды гүл шоқтарымен малындыра безендірілген шағын
пәтерінде қарт ана оны табалдырықтан қарсы алып, мұңлы кейіппен жымиып:
— Бұныкі жұрттың бәрі айтып жүрген безгек болмас деп сенемін, - деді.
Ал бұл ақжайма мен түнгі көйлектің етегін көтеріп қыздың іші мен шабын
қанталап жауып кеткен теңбіл дақтарға, долырып ісіп кеткен бездерге қарады.
Қызының жалаңаш шабына көзі түсіп шыдай алмаған анасының жан даусы шықты.
Әрбір кеш сайын дәл осылай баласының жалаңаш қарнына ойсыз үңіліп, ажалдың
қызғылт теңбілдерін көріп дауыс салған аналар дірілдеп-қалшылдап Риэнің қолына
жармасып, көз жасы жалыну мен жалбарынуға ұласып, "жедел жәрдемнің"
сиренасына зар еңіреп жан айқайымен жауап беретін. Осындай кештердің шексізшетсіз 
тізбегінің соңына қарай Риэ өзін әлгіндей бір-бірінен айнымайтын, әлсін-әлі
қайталана беретін көріністер күтіп тұрғанын түсініп, басқа ештеңеге сенуден қалды.
Иә, оба да абстракция сияқты бірсарынды болып шықты. Өзгерген жалғыз Риэнің өзі
ғана. Мұны ол Республика ескерткішінің түбінде Рамберді жұтып жіберген
мейманхана есігіне қарап тұрған кеште мойындаған. Сонда бір түйсінгені - өзін
бірте-бірте қорғасындай ауыр немқұрайдылық меңдеп бара жатқаны.
Күллі қала сыртқа лықсып шығып, көшелерде ойсыз-күйсіз сендетіліп
сапырылысып жүретін сол бір титықтатқан апталардың соңына қарай Риэ кенет
енді аяушылықтан қорғанудың қажеті жоқ екеніне көз жеткізді. Жаны ашып аяу
пайдасыз болғанда адамды қажытып жібереді... Жүрегі бірте-бірте өз аясында
тұйықтала бастағанын түсініп, дәрігер аптаның зілдей басқан ауыртпалығынан
алғаш босағандай бір жеңілдік сезінді. Осыдан бастап міндет те оңайлайтын тәрізді.
Оның қуанған себебі де осы. Дәрігердің анасы ұлын түнгі сағат екіде қарсы алып,
қалжыраудан кілегейленген көзін көріп күйзеліп, тағдыр сыйлаған жалғыз
жұбанышынан да айырылды-ау деп уайымдаған еді. Ал абстракциямен күресу үшін
оған аз да болса жақын жүру керек. Сонда мұны Рамбер қалай сезінеді? Рамбердің
көз алдында оның бақытына бөгет болатынның бәрі абстракция. Риэ болса, қолын
жүрегіне қойып белгілі мағынада журналистікі жөн екенін мойындайды. Сондай-ақ
ол абстракцияның адам бақытынан басым түскен жағдайын да біледі. Ондайда бұл
туралы ойлануға тура келеді. Зайыры, бұл Рамбер бастан кешкен оқиға болуы керек,
дәрігер оны журналистің тек мойындауларынан көп кейін түсінді. Сөйтіп, ол әрбір
жеке адамның бақыты мен оба абстракциясының арасындағы сұмдық шайқасты
тың тұрғыдан қадағалай алды. Сайып келгенде, бұл шайқас ұзақ уақыт бойы біздің
қала өмірінің мән-мағынасын құрады.
Ал кейбіреулер абстракция көрген жерден енді біреулер ақиқат көрді. Обаның
алғашқы айының аяғы індеттің көрінеу көзге жаңадан өршуімен және Панлю
атайдың қызу уағыздарымен қытымырлана түсті. Панлю - ауырып қалған Мишель
қарттың үйіне жетуіне қолұшын берген иезуит. Ол "Оран жағрапиялық
бюллетенінде" тұрақты қатысып тұруы арқасында әжептәуір танымал болған адам,
ежелгі тас жазуларын ажырату жөніндегі еңбегімен басылымда тәп-тәуір бедел
жинаған. Ал бұдан да үлкен аудиторияны ол маман-оқымысты емес, қазіргі
индивидуализм жөнінде сериялы баяндамалар оқитын лектор ретінде баурап жүр.
Өзінің лекцияларында ол ең жаңа келісімпаздықтан да, өткен ғасырлардың ғылымға
қарсылығынан да алшақ ымырасыз христиандықтың жалынды күрескері болып
көрінеді. Осыған орай ол аудиторияға ең бір ащы шындықты айтудан тартынбайды.
Оның атағы осылай дәуірледі.
Алғашқы айдың аяғында қаланың шіркеубасылары келер аптаны жаппай
жалбарыну аптасы деп жариялап, обаға қарсы өз тәсілімен күресуге бел байлады.
Дұға оқып жалбарынудың бүл бір көпшілік шеруі өзі де обадан опат болған обаға
шалдыққандардың қорғаушысы Рох әулиенің құрметіне жексенбі күні салтанатты
ғибадатпен аяқталуға тиіс. Сол себепті Панлю атайдан уағыз айтып, дұға оқуды
өтінді. Табаны күректей екі аптаға оның әулие Августин мен африка шіркеуіне
арналған еңбегінен қол үзуіне тура келеді, ал бұл оған иезуит қауымынан құрметті
орын әперген еңбек еді. Табиғатынан жалынды да жігерлі ол жүктелген міндетті
қабылдауға бірден келісті. Уағыз жүрерден көп бұрын қалада гу-гу сөзге азық боп,
белгілі жағдайда осы кезең шежіресінің ол да айтулы белесі болды. Тақуалық аптасы
қыруар жұртты жинады. Бірақ әсте де ол біздің орандықтардың жай уақытта
айрықша діндарлықпен айырықшаланатынын аңғартпаса керек. Мәселен, жексенбі
таңындағы теңіз жағдайы шіркеу ғибадатының қашаннан бергі бәсекелесі болатын.
Сондықтан біздің азаматтар көзі кенеттен ашылғандықтан құдайға жалбарынды
деуге келмейді. Қала жабық деп жарияланып, портқа кіруге тыйым салынып, теңізге
түсуге болмайтын болған соң орандықтар бірпара бөлек көңіл күйге түсіп, төбесінен
түскен күтпеген оқиғаны жанымен қабылдай алмай, көп нәрсенің өзгергенін
көмескілеу түсінді. Рас, бәз-біреулер індет кеміп, өздері мен жақындары құдай
жарылқап аман қалар деп үміттенгені даусыз. Сондықтан әзір олар ешкімге ештеңе
қарыз емеспіз деп есептеді. Олардың ойынша, оба шақырылмаған қонақ сияқты,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оба - 06
  • Parts
  • Оба - 01
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2250
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 02
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2228
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 03
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2234
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 04
    Total number of words is 3849
    Total number of unique words is 2285
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 05
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2217
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 06
    Total number of words is 3892
    Total number of unique words is 2357
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 07
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2217
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 08
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2098
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 09
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2065
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 10
    Total number of words is 3779
    Total number of unique words is 2314
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 11
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2253
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 12
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2189
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 13
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2252
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 14
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2244
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 15
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2285
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 16
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2159
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 17
    Total number of words is 2963
    Total number of unique words is 1787
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.