Latin Common Turkic

Оба - 11

Total number of words is 3886
Total number of unique words is 2253
31.1 of words are in the 2000 most common words
44.6 of words are in the 5000 most common words
52.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
мен тіркеу кәртішкелерінің, үрей мен әдет-ғұрыптың ортасында әбес әрі ұятты,
бірақ бар тәртіп бойынша өлімге кесілгендер, сасық түтін шудасы мен "жедел
жәрдем" машиналарының үрей ұшырған сиренасы арасында біздің бәріміз де бірдей
дәрежеде қуғынның дәмін татып, өзімізге де белгісіз жүрек тебірентерлік қауышу
мен татуласу таңын күттік. Махаббатымыздың бұрынғысынша өзімізбен бірге
болғаны түсінікті, бірақ ол ештеңеге таңылмай, баршамызды ауыртпалығымен
жаншып, қылмыс немесе өлім жазасы сияқты жүрегімізге сылбыр ұялады. Біздің
махаббатымыз келешегі жоқ, күтуі көп шексіз шыдамдылық болды. Осы тұрғыдан
қарағанда, азаматтарымыздың баз бірінің тәртібі қаланың әр шетіндегі азық-түлік
дүкендері алдында тізілген ұзыннан-ұзақ кезекті еске түсірді. Онда да, мұнда да
қиялдан ада төзім мен көнуге деген қабілет шаң береді. Тек қана осы сезімді мың есе
өсіру керек, өйткені бұл арада айырылысу туралы, барлығын да жұтуға қабілетті
басқа бір аштық жайында сөз болады.
Қалай болғанмен де баз біреу біздің айырылысу шерменделерінің көңіл күйінің
нақты бейнесін білгісі келсе, бәрінен оңайы - мынау көгалдан жұрдай қаланың
көшелеріне ерлер мен әйелдер өріп кетпей тұрып түскен жалқын шаңды таусылмас
кештерді қиялыңа қайта келтіру. Өйткені қала көлігі мен автомобильдердің
жоқтығынан кешкілік алтын күннің жалқынына малынған террасалардан
машиналардың шиқылы мен металдардың шыңылын, яғни қалалардың қалыпты
әуенін емес, не бітпейтін, не қоймайтын біркелкі аяқ тықылын, жұрттың жамыраған
күбір-сыбырын, мыңдаған табандардың тырпылын естисің. Тымырсық аспандағы
қамшының суылындай кеңірдекті қабатын сол тықыл мен сол тырпыл күллі Оранды
кеулеп, бір кештен екінші кешке ұласып, жүректеріміздегі сүйіспеншілік сезімін
алмастырған көрсоқыр қарыспалықтың үні және мұңлы үні болып кетті.


ТӨРТІНШІ БӨЛІМ

Мизам мен қазан айларының өн бойында оба қаланы табанының астында
таптады. Таптау жайын еске түсіргеннен соңғы жерде жүз мыңдаған адамдардың
ұзақ апталар бойы тарпылдап қала көшелерін босқа таптауға мәжбүр болғанын айта
кеткен абзал Аспан бірде тұманын, бірде ыстығын жіберіп, кейде жаңбыр бұлтын да
үйіріп тұрды. Түстіктен ұшқан сарышымшықтар мен қараторғайлардың үнсіз тізбегі
сонау биікте самғап, Панлю атай айтқан қарғыс қамшысындай қаланы айналып өтті.
Тәңірдің отты найзасы үйлердің үстінде ысқыра үйіріліп, құстарды недәуір қашықта
ұстап Оранға жолатпаған сияқты. Қазанның басындағы нөсер жаңбырлар қала
көшелерін жуып, шаң-тозаңнан бір арылтты. Осы мерзімнің он бойында айта
қалардай ештеңе болған жоқ. Тыныштық қаймағын шайқаған тек баяғы бір тарпыл,
тынымсыз көше таптау.
Риэ мен оның достарының қаншалық деңгейде қалжырағаны тек осы арада ғана
білінді. Шынында да, санитарлық жасақтардың мүшелері шаршап-шалдығуын
өздігінен еңсере алмайтындай жағдайда еді. Дәрігер Риэ бақылау жасап көріп, өзі
мен достарында сүлесоқ енжарлық белең алып бара жатқанын байқады. Мысалға,
бұрын обаға қатыстының бәрін қалт жібермей зер салатын бүл кісілер қазір оған
қызықпайды да, ынта да қоймайды. Мейманханасына жақын орналасқан
карантиндердің бірі тапсырылған Рамбер өз қарауындағыларды көзін жұмып атап
беретін. Сондай-ақ ол аяқ астынан ауру нышаны байқалғандар үшін
ұйымдастырылған төтенше тасымал жүйесі жөнінде ештеңесін қалдырмай бүгешігесіне дейін айтып беретін. 
Бірақ ол оба құртқан құрбандықтардың күнделікті
санын айтып бере алмады, ауру азайып келе ме, жоқ па - одан ол, шынында да,
хабарсыз болып шықты. Соған қарамастан ол осы ең таяу күндері қаладан қашып
шығу арманын әлі де аялаумен жүр.
Талай күндері мен түндерін осы жұмысқа сарп еткен басқалар да газет
оқымайтын, радио тыңдамайтын болды қазір. Егер оларға кезекті статистикалық
мәліметтерді хабарласа, өліп-өшіп тыңдайтындай кейіп танытады, ал іс жүзінде бұл
деректерді қалай болса солай немқұрайды тыңдайды. Әдетте мұндай енжарлық ұлы
шайқастарға қатысушыларда болады деуші еді, ұрыс қимылдарымен қажыған,
күнделікті борышын орындауға, тек рухын түсірмеуге тырысқан жауынгерлер одан
әрі не шешуші қимылға, не жуық арадағы өзгерістерге сенбейтін халге жетеді ғой.
Оба кезінде соншалық маңызды есеп-қисап жүргізіп жүрген Гран жалпы
қорытындыларды атауға қазір қабілетсіз болып қалды. Әлі шаршап-шалдығуға
түбегейлі бой алдыра қоймаған Тарру, Рамбер және Риэге қарағанда, Гран
денсаулығымен ешқашан мақтана алатын пенде емес. Ал ол өзінің мэриядағы
жұмысын Риэнің хатшылығы қызметімен ұштастырып, оның үстіне түнде отырып
өзі үшін еңбек ететіні және бар. Сондықтан ол күш-қуаты әбден сарқылған жағдайда
еді, бірақ оны құлатпай ұстап жүрген екі-үш алдамшы идея бар, атап айтқанда, 
олар індет тоқтағаннан кейін тым құрыса бір апта толық демалу және "сыпыр бөркіңдіге"
ғана еңбек ету, өз сөзіне қарағанда, бұл жұмыс оңға басып, қарқын алып келе жатқан
тәрізді. Ара-тұра оның есіне қай-қайдағы түсіп, ет жүрегі елжіреп, мұндай сәтте
дәрігер Риэмен ұзақ сырласып, Жанна туралы әңгімелесіп, қазір оның қайда
жүргенін білгісі келеді, газеттерден оқып өзін еске алды ма екен деп ойланды.
Онымен әңгімелесіп отырып дәрігер Риэ өз әйелі туралы да бұрын аузына түспеген
әбес сөз айтып қалғанын аңғарды... Әйелінің көңіл жұбантар жеделхаттарына онша
сеніңкіремей, ол емделіп жатқан санаторийдің бас дәрігеріне тікелей телефон
шалған-ды. Аурудың жағдайы нашарлап барады деген жауап алды, алайда бұны бас
дәрігер қолдан келген шараның бәрін жасап, аурудың бетін қайтаруға тырысамыз
деген уәдемен сендірді. Риэ бұл хабарды ішінде сақтап жүр еді, мынау әбден шаршап,
жүйкесі жұқарғандықтың салдарынан жеделхат жайында Граннан жасырмай айтып
берді. Әуелі ол Жаннасы туралы ұзақ сөйледі, сосын Риэден әйелі жайында сұрап, ол
жауап қайырды. "Білесіз ғой, біздің кезде ондай ауруларды тамаша емдейді" деп
жұбатты оны Гран. Шынында да, жақсы емдейді деп Гран да оны растап,
айырылысудың тым ұзап кеткенін, жанында болса, зайыбының сырқатпен күресі
дұрысырақ өрістерін, қазір ол жазғанның жалғыздықтан да жапа шегіп жүргенін
айтты. Сосын ол қайтып көп сөйлемей, Гранның сұрақтарына жалтара жауап беріп
отырды.
Басқалардың да жағдайы шамамен осындай болатын. Өзгелерге қарағанда, Тарру
ғана өзін бекем ұстады, алайда оның қойын дәптері байқампаздығы пәс
тартпағанмен де, қадағалау ауқымы тарылғанын аңғартады. Мәселен, ол осы
уақыттың өн бойында жалғыз Коттарға ғана көңіл бөлді. Кешкісін дәрігер Риэнің
үйінде ол Гранның сөзін сыпайылық үшін ғана тыңдады. Бұл кезде ол мейманхана
карантинге жабылған соң дәрігердің үйіне қоныс аударған-ды. Сондықтан ол
сұхбаттасының сөзін орап, өмірінің өзін ұдайы қызықтырып жүретін өзге де
қырларына ауыстыруға тырысты.
Кастель сыворотканың әзір екенін Риэге айтқалы келген күні олар мән-жайды
саралай келіп, дәріні әуелі тергеуші Отонның лазаретке әлгінде ғана әкеп салынған
ұлына салып сынап көруге пәтуаласты. Риэнің өз басы жағдай үміт күтерліктей емес
деп санайды, сонда да қарт досына соңғы статистикалық деректерді айтпақ болып
бұрыла беріп еді, ол мамықтақтың арқасына шалқайып жатып ұйықтап кетіпті.
Кастельдің жайшылықта әзіл шашырап, сондығынан жас болып көрінетін жүзінен
әр тайып, жартылай ашық аузынан сілекей ағып, бетіндегі уақыт белгілері
айқындалып, айғыздалған түріне қарап тұрып, Риэ көкірегі сыздап, тамағы құрғап
қалғанын сезді.
Өз бойынан осындай осалдықтың байқалуын Риэ әбден шаршапшалдықканынан көрді. 
Сезім құрғыр бағынудан кетті. Керіп тұрып тартылған,
қасаттанып қатып қалған ол ара-тұра сызат беріп, көңіл күйінің ауанынан шыға
алмай, санаға тізгін бермей қояды. Одан қорғанудың сенімді тәсілі - көңілдің
қатыбас қалқанына жасырынып, жаныңның ішкі торабын қысып байлап, таңып
тастау. Жұмысты әрі жалғастырудың бірден-бір мүмкіндігі осы екенін ол өте жақсы
түсінді. Ал қалғандарына келсе, олардан енді қиял-елес те табылмайды,
сақталғанының өзін қалжырап, қажу күл-талқан қылды. Шекарасын өзі де анықтай
алмайтын қазіргі кезеңде ол елігерлік қызметін доғаруға да әзір екенін аңғарды.
Енді оның міндеті - диагностика қою ғана. Бар жұмысы - ауруды анықтау, көзбен
көру, сипатын жазу, қағазға тіркелу, сосын өлетінін айту. Әйелдері оның қолына
жармасып: "Құтқара көріңіз, дәрігер!" деп зар еңіреп жалбарынады. Ол болса, ауруға
оның өмірін ажалдан арашалау үшін емес, оңашалау үшін келеді. Жұрттың жүзінен
оқылған наразылық та ештеңені өзгертуге көмектеспейді. "Сізде жүрек жоқ!" деді
бірде оған баз біреу. Жо-жоқ, керісінше, онда жүрек болды. Сол жүрек оған тәулігіне
жиырма торт сағат бойы өмір үшін жаралған адамдардың қалай өліп жатқанын
көруге, ертеңіне бәрін басынан қайта бастауға көмектесті. Бұдан былай жүректің
дәрмені бір осыған ғана жетеді. Басқа біреудің өмірін құтқаруға халі жоқ.
Жоқ, ол күнұзақ көмек емес, анықтама береді. Әлбетте мұндай шаруаны кісінің
кәсібі деп атау қиын. Бірақ мынау үрейленген, әрі әжептәуір сиреген топтың
ортасында өзіңнің адами кәсібіңмен шұғылданудың өзі асылық емес пе! Әйтеуір,
шаршап-шалдығудың бары да жақсы. Риэ мұншалық қажып-қалжырамаса, бүкіл
жерге сіңген өлім иісі, бәлкім, оның сезімталдығын оятып, мейірімін арттырар ма
еді. Бірақ тәулігіне төрт сағат ұйықтай жүріп өзеуреуге қайдан орын болсын.
Ондайда затты өз түсімен ғана, кәдімгі әділдік, жексұрын да жосықсыз әділдік
түсімен көресің. Апатқа душар болғандардың бәрі бүны жақсы сезеді. Обаға дейін
жұрт дәрігерді құтқарушымыз деп білетін. Қазір ол төрт-бес домалақ дәрі беріп,
укол жасайды - сонымен бәрін тындырады да, оны алғыс айтып есікке дейін
шығарып салады, қолын қысады. Бұнысы мақтарлық, бірақ арты қатерге душар
ететіні жаман. Ал енді ол, керісінше, ауруларға солдаттар ертіп келіп, есікті
мылтықтың дүмімен тықылдататын болды, әйтпесе науқастың туысқандары анаумынауға есік ашпайды. 
Әйтпесе аурулар бұны керексінеді, бұны қойып ала бүкіл
адамзатты өзімен бірге көрге ала кетуге де бар. Дұрыс-ақ қой, шіркін! Адам адамсыз
тұра алмайды, осы бейбақтар сияқты Риэ де дәрменсіз, ол да өзін біреу аяғанын,
аялағанын жақсы көреді, сол сезім аурулардан шыққан кезде әсіресе күшейе түседі.
Осынау шетсіз-шексіз ұзақ апталар бойы дәрігер Риэні айырылысуы мен
сағынышы аралас сезіммен баурап, меңдеп алған осы ойлар еді. Осы ойлардың
жарқылын ол достарының жүзінен де оқығандай. Алайда бірте-бірте барлығын
меңдеген жүдеу мен шаршаудың сұмдық салдары сыртқы дүние оқиғаларына деген
селқостық қана емес, өзгелердің көңіл күйін елемеушілік қана емес, олардың бәрі де
- бой алдырып үлгерген салдыр-салақтық. Олардың бәрі, бірінен бірінің артық-кемі
жоқ, тиісті жұмысын атқарумен ғана тынды, тіпті оның өзін де көпсінгендері бар.
Сондықтан обамен күресушілер бара-бара гигиена тәртібін өздері енгізсе де
сақтамай, ұмытшақтықтан дезинфекциялайтын заттарды бытыстырып, аурудың
жұғуына қарсы сақтық шаралар қолданбай, кеш шақырғанды сылтау ғып өкпе
обасына шалдыққандарға шапқылап келгенде, жол-жөнекей дәрігерлік пунктке
соғып, қан құйдыруға ерінген күндері көп болды. Қауіптің өзі де осында бұғып
жатты, өйткені қоян-қолтық қызметінің өзі обаға қарсы күресушілердің
денсаулығын ауру жұқтыруға бейім етті. Шын мәнінде олар сәттілікке ғана арқа
сүйеді, ал сәттілік ұдайы бола бере ме!
Әйткенмен қалада шаршамаған да, шалдықпаған да бір адам қалды, ол тіпті
өзіне-өзі разылықтың өнегесіндей болып көрінді. Бұл - Коттар еді. Бұрынғысынша
ол сырттап жүрді, бірақ жұртпен қарым-қатынасын үзген жоқ. Әсіресе ол Тарруға
тәнті болып, оның қолы міндетті жұмысынан қалт босай қалса, онымен жүздесіп
көрісуге тырысты. Бұның екі себебі бар, бірі - Тарру, оның іс-әрекетінің қыр-сырын
түгел біледі, екіншіден, комиссионердің көңілін тауып, желпіндіріп жіберуге оның
жүрегінің жылылығы да, ізгілігі де жетіп артылады. Сірә, бұдан асқан керемет жоқ
шығар, Тарру тозақтай азапты жұмысына қарамастан сұхбаттасына қашанда
ілтипатты, қашанда сергек. Кейде тіпті кешкілік аяғынан сүрініп жығылса да,
ертеңіне тың күш-жігермен үр жаңа боп шыға келеді. "Онымен сырласуға болатын
себебі, ол - нағыз адам,- деп сендіреді Рамберді Коттар. - Ол қашанда бәрін түсініп
отырады".
Міне, сондықтан да қойын дәптерінде Тарру Коттарға қайта-қайта оралады. Ол
Коттардың уайым-қайғысы мен ой-толғамын өзі айтып жеткізгеніндей немесе
Таррудың өзі қалай қабылдағанындай беруге тырысты. "Коттар және оба туралы
байқаулар" деген тақырыппен жазылған бүл сипаттама қойын дәптерінің бірнеше
бетін алып жатыр, сондықтан әңгімеші одан үзінділер келтіруді пайдасыз емес деп
топшылайды. Коттар туралы өзінің жалпы пікірін Тарру: "Міне, өсіп келе жатқан
кісі!" деп пайымдапты. Айтқандай өсіп келе жатқан оның өзі емес, рухының
сергектігі. Ол тіпті оқиғаның бетбұрысына разы. Таррудың алдында ол көкейкесті
ойларын жиі айтып, оны былайша өрнектейтін: "Әрине, бәрі тақтайдай тегіс жүріп
жатқан жоқ. Алайда оның есесіне бәріміз де бір шұңқырда отырмыз".
"Әлбетте, өзгелерге төнген қатер оған да төніп түр, - деп жазады Тарру. 
Өзгелерге деп айрықша астын сызып айтамын. Ал ол болса, ауру мені ала алмайды
және жұқпайды да деп кәміл сеніммен айтады. Зайыры, ол идеямен және онша
келеңсіз де емес идеямен өмір сүретін сияқты, мәселен, баз бір қатерлі дертке
шалдығып, не керемет бір үрей билеп ауырып жүрген адам басқа сырқаттар мен
қорқыныштан өздігінен қорғалатын, сақталатын көрінеді. Айталық, сіздің
жазылмайтын дертіңіз бар, мейлі ол рак немесе туберкулез болар, ендеше ешқашан
оба немесе сүзек сізге жоламайды - бүл айдан анық. Айтқандай, одан әрі тереңдей
түссек, ракпен ауырғандардың бірде-бірінің автомобиль апатына тап болғанын
көргеніңіз бар ма! Бүл идея мейлі дұрыс болсын, бұрыс болсын, әйтеуір Коттардың
рух сергектігін сақтап, еңсесін өсіріп жүр. Оның жалғыз-ақ қалайтыны -жұрттан
жырылып қалмау. Ол жападан-жалғыз тұтқын болып отырғаннан, жұртпен бірге
баршамен бірдей қоршауда отырғанды артық көреді. Оба кезінде құпия тергеулер
мен шағымдарға, астыртын нұсқаулар мен тұтқиыл тұтқындауларға уақыт қайда?
Былайша айтқанда, полиция енді жоқ, ескі немесе жаңа қылмыс деген де жоқ,
айыптаушылар мен айыпталушылар да жоқ, тек қана өлім жазасына кесіліп, неге
екені белгісіз, кешірім сұраушылар, соның нәтижесін күтушілер бар, олардың ішінде
полицейлер де бар". Сөйтіп, Таррудың сөзіне қарағанда, Коттар біздің азаматтардың
біразы бой алдырып жүрген үрей мен абыржу нышандарында бәз бір шафқатты
түсіністікпен, қанағатшылдықпен қарауға бейім. "Қалай айтсаң, олай айт, сізге дейін
де бұл рақаттың бәрін көргенмін" деген қанатты сөз соның көңіл күйін көрсет
кендей.
"Жұрттан жырылмаудың жалғыз-ақ жолы - ең алдымен, арыңның таза болуы деп
оған бекер-ақ айттым. Ол маған алая бір қарап: "Білсеңіз бар ғой, бұлай десеңіз, онда
адамдар бір-бірінен қашанда бөлек"- деді де, сөзін әрі қарай сабақтады: "Не
айтқыңыз келсе, соны айтыңыз, ал мен адамдарды біріктірудің бірден-бір жолы оларға оба жіберу дер едім. 
Нанбасаңыз жан-жағыңызға қараңызшы!". Ашығын
айтқанда, оның не мегзеп отырғаны белгілі, біздің қазіргі өміріміз оның қолайына
жағатыны айтпаса да түсінікті. Оқиғаларға басқалардың көзқарасы мұның өзі бастан
кешкендермен сай келетінін ол адым сайын аңдап жүр; осылай әркім-ақ жұрттың
бәрі өзімен бір болғанын қалайтыны хақ; осыдан келіп адасып жүрген жанға жөн
нұсқаған сыпайылық, басқа бір жағдайлардағы жеккөрушілік, салтанатты
мейрамханаларға асыққан топтың үстел басына жайғасып рақаттануы; көпшіліктің
іркес-тіркес болып киноға ағылуы, билеттің шексіз кезегі, театрлардың, тіпті
дансингтердің лықа толуы - бәрі-бәрі осы бірге болу тілегінен туады. Бір сөзбен
айтқанда, күллі көңіл көтеретін сауық-сайран орындарында тоғызыншы толқын:
кез келген байланыстан қорқу да, кісіні бір-біріне итермелеп, шынтақ пен шынтақ
түйістіретін, жыныс пен жынысты жақындастыратын кәдімгі адами жылылық та
осында. Коттардың бұны жұрттың бәрінен бұрын бастан кешкені анық. Тек
бұлардың арасында әйел мәселесі болмауы, өйткені мұның бетіндей бетпен ол жағы
қиын шығар... Әлденеше мәрте қызға баруға оқталған да болар деп шүбәланам, бірақ
ол түбі бір қырсыққа соғып жүрер деп, ондай рақаттан бас тартуы анық.
Қысқартып айтқанда, оба оның нағыз қолы болды. Жалғызілікті адамды, оның
үстіне жалғыздықтан жапа шегіп жүрген жанды ол сыбайластыққа тартты. Ол нағыз
сыбайлас болып, сол сыбайластығымен құмардан шықты. Көзіне не түссе, соның
бәріне өзін қатысты санады: діни нанымдарға да, лайықсыз үрейлерге де, тебіренген
жанның күйзелісіне де, олардың оба туралы ауыз ашқысы келмей, одан қарадай
қорқатынына да, оба бас ауруынан басталады деп бастың болмашы сақинасына да
қиналды, ақыр аяғында қит еткенге әсерленіп, кез келгенге ренжіп, ұмытшақтықты
керемет бір зәбір көріп, шалбарының түймесі түсіп қалса, апаттан бетер өкінетін
болды.
Енді Таррудың талай кешті Коттармен бірге өткізуіне тура келді. Сосын ол
екеуінің іңір қараңғылығын жамылған топқа қалай сүңгігендерін жазады, бөгде
біреулермен иық тіресіп, көше шамдарының жарығы тілгілеген ақшыл қара
бұқараға сіңіп, обаның көрдей ызғарынан қорғайтын өрттей қызу сауық-сайранға
асыққан адамдар тобына қалай ергенін баяндайды. Коттардың небары бірнеше ай
бұрын аялаған арманы енді оны қанағаттандырмайтын болды, қоғамдық
орындардан ол іздеген сән-салтанат пен шалқар өмір, жүгенсіз ләззатқа алаңсыз
берілу мүмкіндігі қазір екінің бірі, тіпті бүкіл қала айналысатын кәсіп болып қалды.
Барлығының бағасы толассыз өскеніне қарамастан, ақшаны бұлай шашқан кез бізде
болған емес, көпшілікке бірінші қажет заттардың өзі жетпей жатқанда, ешкім
әртүрлі керек емес нәрселер мен болмашы дүниеден қаржы аяған жоқ. Қызықшыл
топ әуес құмарпаз ойындар кең өріс алды. Ал біздің жағдайда қызықшылдықтың өзі
жұмыссыздық болды. Бірде Тарру мен Кохтардың баз бір жұптың соңынан ұзақ
ергені бар. Бұрынғы кез болса олар өз сезімін жасыруға тырысар еді, енді бүкіл
қаланы қақ жарып біріне-бірі жабысып алып келеді, төңірегіндегі топты жанды елең
қылар сыңайы жоқ, ұлы құмарлыққа тән құштарлықпен өліп-өшкен бір жандар.
Коттардың іші-бауыры елжіреп: "Әй, сабаздар!" - деп дауыстап жіберді. Сол
даусымен ол мынау безілдеген топтың ішінен, баршаның көз алдында басталғалы
тұрған арандатушылықты баса көктеп адақтап шықты.
Соған қарамастан Тарру Коттардың қарекетінде кекті ештеңе сезілген жоқ деп
атап көрсетті. Оның: "Бұл рақаттың бәрін бұларға дейін көргенмін" дегені салтанаттан гөрі, 
бақытсыздықтың куәсі. "Ол тіпті аспан мен туған қаласының
қабырғалары арасына қамалған осы жандарды бірте-бірте жақсы көруге айналды
деп ойлаймын", - деп жазды Тарру. - Мәселен, ол мұның бәрі онша қатерлі емес деп
түсіндірер еді, ерік берсе оларға. "Жоқ, сіз тек оларды тыңдаңызшы, - деді ол маған. 
Обадан кейін мен ананы да, мынаны жасаймын деп өзеурейді... Өзінің өмірін уламай
тып-тыныш қана жайына отырмай ма! Өз басының пайдасын білмейді. Міне, мен
"тұтқындалғаннан кейін ананы қылам, мынаны қыламын" деп бірдеңе айттым ба?
Тұтқындау - басы ғана, ал аяғы емес бұл. Ал оба... Менің пікірімді білгіңіз келе ме?
Олардың бақытсыз болатын себебі ағыс бойлап жүзе білмейді. Мен бе, не айтып
тұрғанымды білемін".
"Шын мәнінде де ол біледі, - деп жалғастырады Тарру. - Адами жылылыққа деген
керемет қажеттілік түйсініп отырған біздің орандықтарды түршіктіретін
қайшылықтарды ол мейлінше дұрыс бағалай біледі, ал жақындасқысы келетін
кісілер бір-біріне сенбегендіктен бұл сезімге үміт арта алмай, араларын алшақтата
түседі. Жалпы, бұрылып қарағанша оба сыйлап, сенгіштігіңді пайдаланып ауру
жұқтыра қоятын көршілерге онша иек артпау керек екені бізге өте жақсы таныс.
Егер уақытты Коттар өткізгендей өткізсе, яғни қоғамына сұранып кірген
адамдардың бәрінен үстінен арыз айтушы жансыздарды көрсе, онда жағдайды
түсінуге болады. Оба бүгін болмаса, ертең иығыңа қолын салып, сол сәт секіруге
дайын тұрғанда әзірше дін аман, бүтін екеніне қуанатын кісілерді аямай, қалай
шыдарсың. Жаппай қауіп-қатердің ортасында ол өзін аз да болса, мүмкін-қадерінше
жақсы сезінеді ғой. Алайда ол осының бәрін бізден көп бұрын бастан
кешіргендіктен, осы сенімсіздіктің барлық қатыгездігін бізбен бірге толық сезінуге
қабілетсіз-ау деп ойлаймын. Қысқартып айтқанда, обадан өле қоймағандар
қауымында ол өмірі мен еркіндігі күн сайын ажал аузында тұрғанын тамаша
түйсінеді. Осынау қиын-қыстау жағдайды таяуда ғана өз басынан өткізгендіктен ол
басқалардың да оны білгенін орынды деп санайды. Егер ол мұндай жағдайда жалғыз
өзі ғана болса, үрей ахуалы әлдеқайда азапты болар еді. Бұл арада, әрине, оныкі
дұрыс емес, өзгелерге қарағанда, оны түсіну де қиынырақ. Әйткенмен, ол дәл осы
жерде өзгелерден көбірек түсінікті болуға татиды".
Таррудың жазбалары Коттар мен обаға шалдыққандар арасында бір кезде туған
айрықша көңіл ауанын өте әдемі көріністермен береді. Әңгіме кейбір жағдайда осы
кезеңнің ауыр ахуалын қайта жаңғыртады, әңгімеші оны аса маңызды санайтыны да
сондықтан.
Олардың екеуі де Глюконың "Орфейін" қойғалы жатқан қалалық опера театрына
аттанады. Коттар өзімен бірге баруға Тарруды шақырады. Мәселе былай: көктемде,
дәл індет басталар алдында бірнеше спектакль беруге есеп жасап, біздің қалаға
опера театрының труппасы келеді. Оба басқа әлемнен кесіп тастаған труппа біздің
операның директорымен келісімі бойынша аптасына бір спектакль қойып тұруға
тиіс болады. Сөйтіп, бірнеше айлар бойы әрбір жұма сайын біздің қалалық театр
Орфейдің сазды шағымымен, Эвредиканың дәрменсіз маңырауымен жаңғырды да
жатты. Алайда спектакль көрермендер алдында зор табысқа ие болып, қыруар пайда
да түсірді. Бенуардағы ең қымбат орындарға жайғасып Тарру мен Коттар жоғарыдан
біздің ең сәнді киінетін азаматтар лық толып отырған партерді қызықтауға
мүмкіндік алды. Кіргендер мүмкін-қадерінше өз келуінің әсерлі болуына барын
салғаны айқын. Рампаның көз қарықтырар жарығында, саз тартушылар сурдинка
әуенімен аспаптарын күйге келтіріп алғанша, таныстарына бастарын әсем иіп бір
қатардан екіншісіне қарай жылжып бара жатқандардың сұлбасы айшықтала көрінді.
Зайырлы әңгімелердің жеңіл гуілімен ерлер жағы бар-жоғы бір сағат бұрын қараңғы
көшеде қаперіне де кірмеген сенімділікке ие болды. Оба фрак алдында шегінді.
Бүкіл бірінші көрініс бойы Орфей жеңіл ғана, даусын көтермей өз тағдырына
шағынды, ежелгі туникаға малынған бірнеше қыз әдемі қимылмен оның
бақытсыздығын түсіндіріп, арияларда махаббат жырға қосылды. Зал жылылықпен
қатар ұстамдылық та танытты. Екінші көріністегі арияға Орфей сазгер
қарастырмаған тремолоны енгізгенін көрермендердің байқай қоюы неғайбіл. Ол
даусы дірілдеп сәл көтеріңкі мақаммен әміршіге көз жасымды көр деп
жалбарынады. Кейбір тым шапшаң қимылдарды театр білімпаздары
стильдендірудің еншісіне жатқызып, әншінің түсінігін байыпты деп бағалады.
Үшінші актідегі Орфей мен Эвридиканың атақты дуэті кезінде (Эвридика өз
ғашығынан тайып шыққан тұста) залды бойлап бір жеңіл діріл жүгіріп өтеді. Әнші
тыңдарман көпшіліктегі осы қозғалысты немесе партерден сахнаға жеткен
түсініксіз тысырды күтіп тұрғандай, сәтін пайдаланып ежелгі тупикадан көрінбей
тұрған аяқ-қолын жайып жіберіп кенеттен рампаға күмп берді де, қашанда көненің
көзі болып көрінетін жасанды декорацияға көмілді де қалды, көрермендердің көз
алдында бәр-бәрі құлазыды да кетті. Өйткені сол замат оркестр де сап тынып,
партердің көрермендері орындарынан тұрып, шіркеудегі дұғадан немесе мәйіт
жатқан бөлмеден шыққандай үнсіз ғана баяу ілбіп залдың шығар есігіне беттеді:
әйелдері етектерін қармап, еркектері орындыққа соғылып қалмас үшін сыңарларын
шынтағынан демеп барады. Қозғалыс бірте-бірте шапшаңдап, сыбыр айқайға
ұласып, тобыр қосалқы есіктерге лап қойды. Есік аузында сығылысқан жұрттың
ойбайы шықты. Коттар мен Тарру орнынан енді ғана тұрып, біздің бүгінгі
өміріміздің өзіндік бір қырына бетпе-бет келді: оба дірілдеп-қалшылдаған кейіпкер
бейнесінде сахнадан бір-ақ шықты, залда енді қажеті жоқ сән-салтанат қызыл
барқыт мамықтарға жабысқан желпуіштер мен бас орамалдар кейпінде шашылып
қалды.
Қыркүйектің алғашқы аптасының он бойында Рамбер жұмысқа шындап жегіліп,
Риэге қолғабыс берді. Дәрігерден ол тек қана ерлер лицейі ғимаратының алдында
Гонсалеспен және ағайынды жігіттермен кездесетін күні босатуын өтінді.
Түс әлетінде Гонсалес пен журналист анадайдан бірдеңеге күліп келе жатқан
ағайындыларды көрді. Олар өткен жолы ештеңе істей алмағанын, оның өзі күтпеген
жағдай да болмағанын баяндады. Ал бұл аптада олардың кезегі жоқ, сондықтан
келесісін күту керек. Сонда бәрін басынан бастаймыз. Міне, айттым ғой бәрін
басынан деп, деді Рамбер. Гонсалес келесі дүйсенбіде кездесуге ұсыныс жасады. Ал
онда Рамберді Марсель мен Луиға қоныстандырады. "Біз екеуміз ғана кездесеміз.
Жазатайым келе алмай қалсам, жалғыз тарт. Қазір саған бәрін түсіндіреді". Ал
Марсель мен Луи екеуінің бірі өз достарын ала келген дұрыс деген. Егер Рамбер тым
талғампаз болмаса, жақсылап ауқаттандырады, тамақ төртеуіне де жетеді. 
Ол өстіпөстіп істің мән-жайына кірігеді. Гонсалес бұл ойдың шынында да тамаша екенін
айтып, төртеуі портқа тартты.
Марсель мен Луи Флот қотанының ең шетінде, теңіз жағасы тас жолына шығар
қақпаға жақын тұратын. Олардың үйі испан үлгісіндегі аласа, қабырғалары қалың,
терезелері ашық түспен сырланған болатын, бөлмелері бос әрі салқын. Балалардың
анасы жүзін әжім айғыздаған күлімсіреген испан кемпірі оларға күріш басып беріп
жатыр екен. Гонсалес қалада көптен күріш жоқ еді ғой деп таңғалды. "Қақпаның
аузынан қашанда бірдеңе тауып аласың", - деп мәнісін баяндап жатыр Марсель.
Рамбер жеп те отыр, ішіп те отыр. Гонсалес өзіміздің жігіт деп нығарлап қояды,
өзінің жігіті оның сөзін тыңдай отырып, бұл арада әлі де бір апта сандалуға тура
келетінін ойлайды.
Шын мәнінде бір емес, екі апта күтуге тура келді, себебі қарауылдарды
қысқартып, күзетшілер айына екі-ақ рет ауысатын болды. Осы екі аптаның ішінде
Рамбер күш-қуатын аямай, бұрап қойған машинадай, бәріне көзді тарс жұмып, күнітүні жұмыс істеді. Ө
те кеш жатып, бірден тұяқ серіппей қатып ұйықтап қалады.
Қарекетсіздіктен титықтатар ауыр жұмысқа бірден қойып кетуі оны күштен де,
түстен де айырды. Жуық арадағы құтылуы жайында да ауыз ашпайтын болды. Елең
еткізер жайт: бірінші аптаның аяғында ол дәрігерге ұзақ уақыттан бері тек өткен
түнде ғана сылқия іштім деп мойындады. Бардан шыққанда оған шабының безі
шошығандай, қолтығының асты ісіп, қолы көтертпейтіндей болып көрінді. Ол оба
екен ғой деп ойлады. Оның Риэмен келісіп, оған қайтарған жалғыз әрі бүкпесіз
жауабы қаланың биігірек бөлегіне жүгіріп барып, теңіз көрінбейтін, бірақ аспаны
кеңірек шағын алаңда тұрып алып, оба жайлаған қала қабырғасының бер жағында
атын атап, қатты айғайлап әйелін шақыру, сөйтіп көкірегін кернеген сағынышты
сыртқа шығару болды. Үйге оралып, аурудың ешқандай нышанын таппай, жайданжай шала бүлінгеніне 
қатты ұялды ол. Риэ мұндай қылықты өте жақсы түсінетінін
айтты. "Қалай болғанмен де, осылай да бір көру керек деген ниет әбден түсінікті", деп түйді дәрігер.
― Айтқандай, бүгін таңертең мсье Отон менімен сіз жайында сөйлесті, - деді Риэ
Рамбер онымен қоштасып кете бергенде. - Сізді білесіз бе деп сұрады менен. "Білетін
болсаңыз, контрабандист ағайындардың арасында сандатылмасын деп ақыл беріңіз.
Көзге түсіп қалыпты", - деді.
— Мұның бәрінде не мән бар?
― Мәні сол, асығуыңыз керек.
— Рахмет, - деді Рамбер дәрігердің қолын қысып.
Табалдырыққа барып қалып кенеттен жалт қарады. Риэ індет басталғаннан бері
Рамбердің алғаш күлімдегенін көріп, ішіне түйді.
— Менің кетуіме неліктен бөгет жасамайсыз, о? Әйтпесе ондай мүмкіндік бар ғой
сізде.
Риэ өзіне тән қимылмен басын шайқап, бүл оның Рамбердің өз ісі, ол бақытты
қалаған екен, оған қарсы болуға дәрігердің ешқандай бұлтартпас дәлелі жоқ деді.
Мұндай шаруада қайсының жақсы, қайсының жаман екенін сезетіндей қабілет
өзінде жоқ екенін айтты.
― Онда маған асығыңыз деп ақыл бергеніңіз қалай?
Риэ күліп жіберді.
― Өйткені бақыт үшін менің де бірдеңе жасағым келетін шығар.
Келесі күні олар бірге жұмыс істесе де, қайтып бұл тақырыпқа оралған жоқ. Одан
кейінгі аптада Рамбер ақыры испандықтар үйіне ауысты. Оған ортақ бөлмеден төсек
жасап берді. Бозбалалар күндіз түстік ішуге келмегендіктен, бұған қия басып
ешқайда шығуға болмайтындықтан, ол күн ұзақ жалғыз қалып, іші пысқандықтан
испан кемпірмен, яғни Марсель мен Луидің анасымен мылжыңдасты. Осынау апарық, ылғи қара киінген, 
тотыққан әжімді жүзі жалтырата жуылған аппақ шашының
астында ашыла түскен тарамыс кемпір сирек кездесетін қарекет иесі, пысық та
қайратты жан боп шықты. Әдетте ол көп үндемейді, тек Рамберге қарағанда ғана
оның көзіне күлкі үйіріледі.
Кейде ол әйеліңе ауру апарамын деп қорықпайсың ба деп сұрағанда Рамбер,
әрине, ондай қауіп жоқ емес, бірақ өте болмашы ғана, ал бұл қалада қала берсе,
жалпы қайтып кездеспеуіміз мүмкін деп жауап берді.
― Ал ол сүйкімді ме еді? - деп сұрады кемпір жымиып.
― Өте сүйкімді.
— Жақсы ма еді?
— Меніңше, жақсы.
― Ә, демек, сондықтан екен ғой, - деді кейуана.
Рамбер ойланып қалды. Әрине, сондықтан, бірақ тек
қана сондықтан деген де жөн болмас.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оба - 12
  • Parts
  • Оба - 01
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2250
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 02
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2228
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 03
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2234
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 04
    Total number of words is 3849
    Total number of unique words is 2285
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 05
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2217
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 06
    Total number of words is 3892
    Total number of unique words is 2357
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 07
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2217
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 08
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2098
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 09
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2065
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 10
    Total number of words is 3779
    Total number of unique words is 2314
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 11
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2253
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 12
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2189
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 13
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2252
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 14
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2244
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 15
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2285
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 16
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2159
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 17
    Total number of words is 2963
    Total number of unique words is 1787
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.