Latin Common Turkic

Оба - 14

Total number of words is 3964
Total number of unique words is 2244
32.4 of words are in the 2000 most common words
47.4 of words are in the 5000 most common words
54.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тасты теуіп келетінін атап өтеді Тарру. Кейде оны су агатын жылғалардың торкөз
қоршауына қарай теуіп: "Бір де нөл - менің пайдама" деп дауыстап жіберетіні де бар.
Шылымын шегіп болып, тұқылын ауаға түкіріп тастап, жерге түсірмей аяғымен
қағып жіберді ол Стадионның өзінде футбол ойнап жүрген балалар добын бұларға
қарай жіберіп алып еді, Гонсалес ерінбей-жалықпай оны тұра қуып, дәлме-дәл
соққымен кері қайтарды.
Ақыры, олар стадионға да кірді. Трибуналардың бәрі лық толы. Алайда алаңда
қаз-қатар сығылысып бірнеше жүз қызыл шатырлар тұр, ішіндегі зембілдер мен
түйіншектер анадайдан көзге шалынады. Еріксіз әкелінгендерге қалқаның астында
отырып, жаңбырдан немесе күннің аптабынан қорғануы үшін трибуналарды
ыбырсытпау тапсырылған. Бірақ олар күн бата шатырларына тарауға тиіс.
Трибунаның астында душ бөлімшесі бар, оны жөндеуден өткізіп, киім шешетін жерді
кеңсе мен медпункт етіп қайта жабдықтаған. Еріксіз әкелінгендердің көпшілігі
трибуналарды ұнатады, кейбіреулері шығар ауыз жақта қыдыруды жақсы көреді. Ал
енді біреулер өз шатырының аузында жүресінен отырып, төңіректі шолады.
Трибунала отырғандардың жүзінен күйзеліс байқалады, бәрі де бәз бірдеңе күтетін
тәрізді.
― Ал олар күні бойы не бітіреді? - деп сұрады Тарру Рамберден.
— Ештеңе де бітірмейді, ештеңе де істемейді.
Шынында да, барлығы ұнжырғасы түсіп, алақанын ашып, қолын салбыратып
отыр. Әдеттен тыс үндемес адамдардың осынау орасан жиыны оғаш әсер туғызады.
- Алғашқы күндері мұнда саңырау болып қалардай едік, - деп түсіндіріп жатыр
Рамбер. - Ал сосын бара-бара сөйлесуден қалды бәрі.
Таррудың жазбаларына сенер болсақ, онда бүл бейшараларды кәміл түсінуге
болады: алғашқы күндері олар шатырларға сығылысып шыбынның ызыңына құлақ
түреді немесе денелерін қаны шыққанша тыр-тыр қасиды, аяушылық білдіріп
тыңдар құлақ табылса, өзінің ызасы мен үрейі туралы айтады... Ал лагерь халыққа
аузы-мұрнынан шығып толғаннан бері ондай аяушылар аз кездесетін болды.
Сондықтан үндемей ғана көршіңе көз қиығын тастап, күмәндана қарауға тура келді.
Кейде анау сұрғылт, сонда да шұғылалы аспаннан бәз біреу мынау алқызыл лагерьге
күмәнділік пен сенімсіздік ұрығын себетін сияқты көрінеді.
Иә, олардың бәрінің түрінен сенімсіздік білінеді. Оларды қалған әлемнен бөліп
тастаған соң, түр-түстерінің бір-біріне ұқсап кетуі де тегін емес, бәрі де
қорқыныштан жапа шегіп, бәз бірдеңеден ақталғысы келетін сыңай танытады.
Таррудың көзі кімге түссе де, бәрі де өмірінің мәнін құрайтын жанынан
айырылысқанына опынатын, өзегі өртенетін сияқты. Ертеден қара кешке дейін өлім
туралы ойлай бере ме, сондықтан олар жалпы ештеңе ойламайтын болған. Өздерін
бір демалыста жүргендей сезінеді бәрі. "Алайда, ең сұмдығы, олардың ұмыт
қалғандығы, - деп жазады Тарру, - және оны бәрі түсінеді. Оларды білгендер
ұмытады, өйткені басқалар жайында ойлауға тура келеді және бүл орынды да. Ал
оларды сүйгендер де ұмытады, өйткені оларды босатуға, әрекет жасап, әр алуан
амал-айла іздеп, табанынан тозады. Өз жақынын тұтқыннан қайтсе шапшаң
шығаруды ойлап жүріп, ол бара-бара кімді құтқарғалы жүргенін де ойламайды. Бүл
да әбден түсінуге болатын жайт. Ақыр аяғында, ешкім туралы ешкім де нағыз ауыр
сынақ туған сын сағаттың өзінде шындап ойлай алмайды. Өйткені біреу туралы
шындап ойлау - ол туралы ұдайы ойлау деген сөз, ол үшін уақыт дегенді ұмытып,
басқа пікірдің бәрінен бас тартып, шыбынның ызыңына да, дененің қышуына да,
қарныңның ашуына да мән бермеу керек. Бірақ шыбын мен қышу қашанда болған,
бола да береді. Өмір дегенің сондықтан қиын нәрсе. Олар болса, міне мұны өте
жақсы біледі".
Олардың қасына лагерь бастығы келіп, мсье Отон деген біреудің көргісі келетінін
айтты. Гонсалесті кабинетіне отырғызып, бастық қалғандарын трибунаға апарды,
шеткерірек отырған мсье Отон бұлардың жақындағанын көріп, орнынан көтерілді.
Ол еркіндіктегідей киініп алыпты, тіпті крахмалдаған тар жағасын да ағытпапты.
Тарру одан бір-ақ өзгеріс байқады - самайындағы бір уыс шашы тікірейіп, бір
бәтеңкесінің
бауы
шешіліп
кетіпті.
Тергеушінің
түрі
қалжыраңқы,
сұхбаттастарының жүзіне бір рет те көз салған жоқ. Бұлар да көргеніне қуанышты
екенін айтып, дәрігер Риэге бүкіл қызметі үшін алғысын жеткізуді өтінді.
Рамбер мен Тарру үндеген жоқ.
― Жак онша қиналмаған шығар деп сенемің, - деді аз-кем кідірістен кейін
тергеуші.
Мсье Отон ұлының атын аузына алғанын Тарру алғаш естіп тұр, сондықтан өзге
де өзгерістер барын түсінді. Күн көкжиекке қарай сырғанап, екі бұлттың
арасындағы саңылаудан сығалап, трибунаға көлбеу түсіп, әңгімелесіп тұрғандардың
жүзіне алтын нұрын шашыратты.— Рас, рас, ол мүлдем қиналған жоқ, - деді Тарру.
Олар кеткен кезде тергеуші ұясына қонар күнге қарап,тұрған орнында қала
берді.
Кезекшілік графигін зерделеп жатқан Гонсалеспен қоштасқалы олар бастықтың
кабинетіне бас сұқты.
Футболшы күлімдеп, олардың қолын қысты.
― Киім шешетін жерге түскеніме де тәубе, - деді ол Бастық оларды шығар ауызға
бастап келе жатыр, кенет трибунаның астынан бірдеңе құлақ жарардай қатты
сатырлады. Сосын жақсы заманда көпшілікке матчы нәтижесін хабарлап, болмаса
командалардың құрамымен таныстыратын дауыстағыш құрал кешкі ас таратып
берілетіндіктен еріксіз әкелінгендердің өз шатырларына тарауын талап етті. Жұрт
жайлап трибуналардан түсіп, ілби басып шатырларына тартты. Бәрі тарап болғанда
вокзалдардағы сияқты екі шағын автокар көрінді де, шатырлар арасындағы жолмен
екі үлкен қазанды сүйреп, ілгері жылжыды. Оны қарсылаған жұрт екі қолын жайды,
екі шөміш қазанға сүңгіп, ішіндегісін созылған қолдағы тәрелкелерге құйды.
Электрокар сосын әрі жылжып басқа шатырлардың қасына бөгелді, әлгі қимыл
қайталанды.
— Істі ғылыми ұйымдастыру осы, - деді Тарру бастыққа.
― Енді қалай, ғылыми тұрғыдан, - деді өзіне-өзі разы бастық келгендерге
қоштасқалы қолын беріп.
Ымырт үйіріліп, аспан ашылды. Лагерьге айқын жұмсақ сәуле себездеді. Кешкі
бейбіт ауаға жан-жақтан қасықтар мен тәрелкелердің сыңғыры көтерілді.
Шатырлардың үстінен жарғанат қалқып қалай көрінсе, солай ізім-ғайым жоқ болды.
Қоршаудың арғы жағында жолмен трамвай шақырлады.
— Бейшара тергеуші, - деп күбірледі қақпадан шығып бара жатып Тарру. - Ол
үшін бәз бірдеңе жасау керек еді. Ал заңқойға қалай көмектесерсің?!
Біздің қалада басқа да лагерьлер болды және олар аз да емес, алайда әңгімеші
инабат сақтап, нақты хабары болмағандықтан олар туралы айтпайды. Жалғыз-ақ
айтары -осындай лагерьлердің болуы, олардан аңқып тұратын адам тәнінің иісі,
құлақты жаратын дауыстағыштардың үні, құпия жасырып тұрған тылсым
қабырғалар, қарғыс атқан сол жерден қорқу - бәрі-бәрі қосылып біздің
азаматтардың жүрегіне зіл салмағын салатыны, еңсесін езіп, ұнжырғасын
бұрынғыдан да түсіретіні. Басшылықпен қақтығыстарда жиілеп түрлі үрыс-керіс
болды.
Сөйтіп жүргенде, қарашаның аяғына қарай салқын таңдар басталды. Нөсер
жаңбырлар сараңсымай, көшелер мен көмкерме тастарын жалтырата жуып, бүлттан
айыққан аспанды төменге елжірей қарайтындай қылды. Жазғы қуатынан
айырылған күн қаламызға таңертең жарқын да салқын нұрын төгеді де тұрады. Ал
кешкісін ауа қайта жылуда. Осындай кештердің бірінде Тарру дәрігер 
Риэге жанжүрегін жайып салғысы келді.
Кешкі сағат ондарда зықыңды шығаратын ұзақ жұмыс күнінен кейін демікпе
шалға кіріп шығуға жиналған Риэге Тарру бірге жүргісі келетінін айтты. Көне
қотанның үстінде аспан мөлдірейді. Самал жел у-шусыз қараңғы шолақ көшелерді
кезіп жүр. Демікпе шал меймандарын аяғы айғайға ұласып, құлақтың етін жеген
мылжың сөзбен қарсы алды. Ол әу дегеннен жіліктің майлы басы қашанда жеген
ауыз жесінге бұйырады десе, көпшілік соған сенбейді деп шағынды, тостаған суда
қалқыса, оған менің басым несіне ауырды, -деп өзіне-өзі разы болып, алақанын және
уқалап қояды. Дәрігер қарап болғанша, соңғы оқиғаларға түсініктеме беріп аузын
жапқан жоқ.
Олардың төбесінен әрі-бері жүрген аяқ дыбысы шықты. Таңданған Таррудың
түрін байқап қалған шалдың бәйбішесі бұл дыбыс шатырдан шықса керек, террасада
көрші әйелдер кездесіп қалған ғой деді. Шатырдан айналаның көрінісі тамаша,
террасалардың көбі жоғарыдан келіп түйіседі де, көршілер төмендегі пәтерге
түспей-ақ бір-біріне қонақ бола беретінін хабарлады тағы да кемпір.
― Дұрыс, - деп қостады шал - Көтерілгілеріңіз келсе, көтеріліңіздер. Ауасы таза.
Үш орындық тұрған терраса бос екен. Онда көз жеткен жердің бәрі теп-тегіс
террасалар алыста қарауытқан тастақ бірдеңеге барып бір-ақ тірелетін тәрізді, оны
екеуі де жағалаудағы жота деп білді. Сонда да жанар екі-үш көшені бойлап, осы
арадан көрінбейтін портты көктей өтіп, көкжиек сызығына тірелді, ол дөңбекшіген
теңіздің аспанмен астасатын тұсы. Оған төніп тұрған жартастар тізбегінің үстінде
арасына бірдей уақыт салып жарық жалт ете қалады, ал жарықтың көзі бүл арадан
көрінбейді: ол -көктемнен бері басқа порттарға бет алған кемелерге бағыт беріп
тұрған шамшырақтар. Дауылды желден кейін ашылған мөлдір аспанда жарқырап
жұлдыздар жанды, шамшырақтың алыстағы жарығы ара-тұра оған жарқ-жұрқ еткен
өз сәулесін қосып тұрды. Жел тас пен гүл иісін әкеледі. Айнала қаймағы бұзылмаған
тыныштық.
— Жақсы, - деді Риэ орындыққа жайғасып жатып, - оба бұл араға ешқашан
жетпегендей әсер туады екен. Тарру оған арқасын беріп тұрып теңізге қарады.
― Иә, - деді ол әлден соң. - Жақсы.
Келіп ол да қасына отырып, дәрігердің бетіне қарады. Аспаннан үш мәрте
шамшырақ сәулесі жүгіріп өтті. Көшенің терең саңылауынан ыдыс-аяқ сылдыры
естілді. Көрші үйдің баяу ғана есігі сықырлады.
— Риэ, - дегенде Таррудың үні өте табиғи шықты.
― Сіз осы менің кім екенімді білуге ешқашан тырысқан емессіз. Сенімімше, сіз
менің досымсыз ғой?
— Иә, сізге доспын, - деп жауап қатты дәрігер. - Тек күні бүгінге дейін соған
уақытымыз жетпепті ғой.
― Өте жақсы, енді мен тынышпын. Осы сәтіңізді достыққа арнауға қарсылық
жасамаңыз.
Жауап орнына Риэ жымиды.
― Олай болса, тыңдаңыз...
Әлдеқайда көшеде бара жатқан машина дымқыл жолды ұзақ шиырлаған сияқты.
Әйтеуір шиналардың шиқылы басылды, бірақ орнаған тыныштықты алыстағы
түсініксіз айқайлар бұзды. Тек сосын ғана тыныштық аспан мен жұлдыздардың
салмағын өңгеріп, екі еркектің еншісіне тиді. Тарру орнынан қайта тұрып,
террасаның қалдайына кеп таяныш етіп, орындықтың арқасына шалқалап шаршап
отырған Риэнің тап алдында тұрды. Дәрігер Таррудың сұлбасын емес, аспан аясынан
бөлініп шыққан үлкен қарауытқан бірдеңені ғана көрді. Ақыр соңында Тарру сөз
бастады, оның әңгімесінің жуық мәніндегі мазмұны мынандай.
"Оңай болуы үшін әңгімені мынадан бастайық, Риэ, мен індет өршіп тұрғанда
сіздің қалаға келмей тұрып-ақ обаға шалдыққанмын. Мен де сол жапа шегіп
жатқандар сияқты көптің бірімін десем де болар. Алайда мұны білмейтін адамдар
немесе сол обаның ырқына үйреніп кеткен адамдар болады. Сондай-ақ жағдайды
бастан-аяқ біліп содан сытылып шығуға құлшынатын да кісілер бар. Сол сытылып
шығып, құтылып кетуге құмар жан мен едім.
Жастық шағымда өзімді бейкүнә санап, ойсыз өстім. Мен мазасыздар қатарына
қосылмаймын, керісінше, өмірге барлық бозбалалар қалай енсе, мен де солай қадам
бастым. Барлығы қолымнан келді, ғылымды оңай игердім, әйелдермен тамаша тіл
табыстым, мазасыздық бұлты үйірілсе, одан шапшаң арылдым. Бірақ зәуде бір күн
ойға бата бастадым. Сонда... Айта кетейін, сіздерге қарағанда мен кедейлік деген не
екенін білгенім жоқ. Әкем прокурордың көмекшісі болды, яғни недәуір көрнекті
қызмет атқарды. Сырттай лауазымының әсері одан білінбейтін. Табиғатынан ол
ақжарқын, ақкөшек жан болатын. Анам қарапайым әйел еді, барлығынан именіп, көп
үндемейтін, мен оны жақсы көретінмін. Жақсы да көремін, алайда ол жайында көп
айтпағанды артық көремін. Әкем маған көп айналшықтады, жақсы көрді, тіпті
түсінуге де тырысты деп ойлаймын. Сыртта оның қастық, арандату әрекеті де
болғанға ұқсайды, онысына енді көзім де жетті, қараңызшы, бірақ оған қазір титтей
де намысым келмейді. Өзін ондай жағдайда қалай ұстау қажет болса, солай ұстады
ол, ешкімді тұқыртқан да, састырған да жоқ. Қысқаша айтқанда, ол дара тұлға
болған жоқ, әулие боп өмір сүрмегенмен, ақылсыз да адам болмағанына енді өзі
өлгеннен кейін көзім жетіп отыр. Тірлігінде асып-таспай орта, кеуде тұсты ұстанды,
әдетте адамдардың мұндай тобына жұрт ұзақ уақыт тәнті болады.
Алайда оның бір осалдығы бар-тын: Шэкстің "Үлкен теміржол" анықтамасы оның
үстел үсті кітабы болатын. Ол саяхат жасаған жан емес, бар болғаны демалысын
шағын ғана саяжайы бар Бертанида өткізетін. Бірақ Париж- Берлин пойызының
келер-кетер уақытын мүдірмей айтып, тіпті Лионнан Варшаваға қатынайтын пойыз
сияқты қара дүрсін маршруттарды сұраған жанға ұсынып жататын, ал қайсысын
атасаң да, кез келген астаналардың арақашықтығын дәлме-дәл жатқа айтатыны
және бар.
Мәселен, сіз, доктор, Бриансоннан Шамоникеге қалай жетуді сұрарсыз, оған тіпті
вокзал бастығының өзі ойланып қалуы мүмкін. Ал әкем ойланбай-ақ жауабын сарт
еткізетін. Әрбір қолы бос кеште ол осы саладағы білімін жетілдіруге тырысып, оны
өзіне мақтаныш санайтын. Мені бүл сұмдық қызықтырып, оны жиі сынап
көретінмін, жауабын анықтамамен салыстырғанда, ол ешқашан жаңсақтық
жібермейтін. Осынау бейкүнә қарекет екеумізді жақындастырып, ол менің жанашыр
тыңдаушы екенімді бағалайтын. Ал мен оның теміржол кестесі саласындағы
артықшылығын басқалардан титтей де кем санаған емен.
Бірақ тым әуестеніп кетіп, осынау адал жанды асыра бағалап қоярмын деп
қорқамын. Бұл мәселені тәмамдау үшін турасын айтайын; менің қалыптасуыма
әкемнің тікелей ықпалы болған жоқ. Ең зор әсері - маған түпкілікті серпін бергені.
Мен он жеті жасқа толғанда әкем сөзін тыңдату үшін сотқа шақырды. Төрешілер
сотында бір маңызды іс қаралмақ екен, зайыры ол сонда сөйлейтін өзін маған
пайдалы жағынан көрсетпек ниетте болса керек. Сондай-ақ жас қиялды баурап алуға
тиіс бұл рәсім өзі таңдаған кәсіпке менің де ынтамды оятар деген үміті болды-ау
деймін. Мен қуана келістім, біріншіден, әкемді сүйсіндіргім келді, екіншіден, оны
үйдегіден басқа ролде көріп, сөзін тыңдау маған қызық көрінді. Бар болғаны осы,
басқа ештеңе де ойлағаным жоқ. Сотта не болатынның бәрі маған бала күнімнен-ақ
әбден табиғи әрі лажсыз болып көрінетін, бейнебір 14 тамыз мерекесі немесе
сыныптан сыныпқа өткендегі мереке сияқты. Бір сөзбен айтқанда, заңнама
жөніндегі түсінігім мейлінше үстірт еді, бірақ оның өмір сүруіме бөгеті болған жоқ.
Алайда сол күннен бастап менің жадым жалғыз-ақ бейнені - сотталушының ғана
бейнесін ұстап қалды. Не үшін екенінде тұрған ештеңе жоқ, шын мәнінде ол кінәлі
болды-ау деп ойлаймын. Бірақ сирек сары шашты отыздар шамасындағы бүл адам
бәрін де мойындауға әзір тұрғандай, өз істегені, оның өзіне не істейтіні шынымен
үрейлендіріп, зәресін ұшырғандай көрінді, сонан ба екен, бірнеше минөт өткенде
мен тек соны, жалғыз соны ғана көрдім де отырдым. Неге екені белгісіз, ол тым
шақырайып кеткен жарықтан шошынған жапалақты еске түсірді. Галстугінің
түйіншегі жағасының астына жылжып кеткен. Ұдайы бір қолының, оң қолының
тырнағын кемірді де отырды... Қысқаша айтқанда, бояуды баттастыра бермейін,
өзіңіз де түсініп отырған шығарсыз, ол онда тірі еді.
Ал мен кенет осыған дейін оны тек ойлауға өте-мөте қолайлы кейіпте
"айыпталушы" деп қана ұғып отыр екенмін. Әкем туралы мүлдем ұмытып кеттім деп
айта алмаймын, бірақ бірдеңе іші-бауырымды езіп, қанша тырысқаныммен
сотталушыдан көз айыра алмадым. Ештеңені де тыңдаған жоқ сияқтымын, бірақ
мұнда тірі адамды өлтірмек екенін сеземін, сол сезім, бой бермейтін бір түйсік
толқын тәрізді көзсіз бірбеткейлікпен мені соған тартады. Содан мен әкем айыптау
сөзін бастағанда ғана оянып ес жидым.
Қызыл прокурор қапталында өзіне ұқсамайтын, өзім білетін ақжарқындығы мен
ақкөшектігінен жұрнақ жоқ, баяғы ізгі жанды әкемді танымай қалдым. Сөзін
даурықпа тіркестермен тоғытып, аузынан ысылдаған жыландар шығып жатқандай
болды. Менің түсінгенім - оның әлгі адамға өлім жазасын сұрап, оны да азсынып,
басын шабуды талап етіп отырғаны. Рас, ол: "Бұл бас үзіліп түсуге тиіс", - деді. Бірақ
мұнда тұрған айырмашылық қанша. Шынында да, ол басты алған соң бірде-бір
болып шықпай ма. Соңғы шаруаны ол орындаған жоқ. Сотта сөйлеудің қорытынды
сөзіне дейін зерделеген мен енді өзімді мынау бейбақпен қандай естен тандырарлық
жақындық байланыстырып тұрғанын сездім, әкеммен арамызда мұндай ешқашан
болған емес. Ал әкем қолданылып жүрген ғұрыпқа сәйкес, сыпайылап айтқанда,
қылмыскердің "ақтық минутына" қатысуға міндетті, ал бұны бәрінен бұрын кісі
өлтірудің ең пасық түрі деп атауға болар еді.
Сол күннен бастап Шэкстің анықтамасына жиіркеніштің дірілінсіз қарай
алмайтын болдым. Сол күннен бастап сот әділдігіне ықылас аудардым, зәрем ұша
отырып, өлім жазасы туралы үкімдерді, жазалап өлтірулерді зер сала оқыдым, оқи
отырып, әкемнің қызмет бабымен сан рет кісі өлтіруге қатысқанын, дәл сондай
күндері оның таңнан тұрып кететінін таңдана еске түсірдім. Иә, ол ондай күндері
қоңыраулы сағатты әдейі бұрап қоятын. Бұл жайында анаммен сөйлесуге батпадым,
бірақ байқатпай оны сыртынан бақылай бастадым, сонда ғана ата-аналарымның
бір-біріне жат екенін, ана өмірі бастан-аяқ өзінен-өзі безу болғанын түсіндім.
Сондықтан оны кешіре салдым. Кейін білсем, жарықтықтың кешетін де ештеңесі
жоқ екен, тұрмысқа шыққанша бар өмірін кедейлікпен өткізіпті, сол кедейлік оны
бағыныштылыққа үйретіпті.
Шамасы, сіз менен туған шаңырағымды бірден тастап шыққанымды естігіңіз
келетін болар. Жоқ, мен үйде әлі ұзақ, бір жылдай тұрып қалдым. Жүрегім сыздап
жүрді. Бірде кешкісін әкем анамнан ертең ерте тұруым керек деп қоңыраулы
сағатты сұрады. Түні бойы көз шырымын алмай шықтым. Ол оралған соң келесі күні
үйден кеттім. Әкем мені көрісіп кеңесейік деп іздеп тапты, бірақ арамызда ешқандай
әңгіме де, арылу да болған жоқ: оған жайлап қана егер үйге күшпен қайтаратын
болса, өзіме-өзім қол салатынымды айттым. Жалпы мінезі жұмсақ кісі болатын,
ақыр аяғында менің ырқыма көнді, ұзақсонар сөз сөйлеп, соңында өзімше өмір
сүремін деген талабымның игі екенін мойындады (менің кетуімді өз бетімен өмір
сүру деп отырған соң, әрине, оған таласып қарсы дау айтқаным жоқ), онымен де
тынбай қыруар ақыл-кеңес беріп, көз жасымды әрең іркіп отырдым. Осы әңгімеден
кейін біраз уақыт үзбей барып анамның хал-жайын біліп тұрдым, сонда әкемді де
ұшыраттым. Сол қарым-қатынас, меніңше, оны кәміл қанағаттандыратын
секілденді. Өз басым оған қарсы ешқандай жаман ойым жоқ, бірақ жүрегім шерге
бөгіп бір түрлі жатпай-ақ қойды. Ол қайтыс болғаннан кейін анамды өз қолыма
алдым, тірі болса, әлі де менімен бірге тұрар еді.
Әңгіменің басын созып жіберген себебім, бұл шын мәнінде де барлығының басы
болды. Бұдан әрі қысқа ғана баяндайын. Бұған дейін молшылықта тұрған мен он
сегіз жасымда жоқшылықтың не екенін білдім. Күнкөріске бірдеңе табу үшін ненің
басын шалмады дейсің. Біраз деңгейде бәріне де үлгеріп, табысқа да жеттім. Алайда
мені бірден-бір қызықтырған мәселе - өлім жазасына үкім шығару болды. Маған
сонау сары жапалақтың есесін қайтару арман-ды. Сондықтан саясатпен
шұғылдануым заңды да еді. Жайдан-жай обаға шалдыққым келмеді - бар мәселе,
міне, осында. Мен өмір сүрген қоғам өлім жазасын кесуге негізделген деп ойлаймын.
Оған қарсы шығып, мен кісі өлтіруге қарсы күресемін. Өз басым осылай ойлаймын,
басқалар да осылай айтады, қажет десеңіз, бұл көп жағдайда әділетті де. Сөйтіп, мен
өзім жақсы көрген, әлі де жақсы көретін адамдардың қатарына қосылдым. Олармен
ұзақ уақыт бірге жүрдім, ондай күреске мен қатыспаған ел Еуропада қалған жоқ. Жә,
жарайды енді...
Әлбетте, ретіне қарай біз де өлім жазасы үкімін шығарғанымызды білемін. Бірақ
мені мынау бірнеше өлім ешкімді ешкім енді қайтып өлтірмейтін әлем жасауымыз
үшін қажет деп иландырды емес пе. Белгілі бір деңгейде бұл дұрыс та болды, бірақ
мен бүл тектес дұрыстықты жалпы қолдай алмаймын. Бұл арада жалғыз-ақ даусыз
нәрсе бар, ол - менің толқуым, қобалжуым. Алайда жапалақты еске алдым да, одан
әрі өмір сүре бердім. Бұл кейін бір өлім жазасын орындау шарасына тікелей
қатысқаныма (Венгрия) дейін осылай созыла берді. Ол да бір менің жас кезімде
жеткіншектің көзін таңғандай естен тандырар оқиға болды, айырмашылығы - бұл
жолы жеткіншектің орнында ересек еркек еді.
Адамды қалай ататынын сіз ешқашан көрмеген шығарсыз? Әрине, көрген
жоқсыз, оған айрықша шақыртусыз қатыса алмайсыз, қатысушыларды және алдын
ала іріктейді. Соның салдарынан бүл жөніндегі суреттер мен кітап жазбаларын ғана
қанағат тұтасыздар. Таңылған көз, діңгек, сәл алысырақ бірнеше солдат тұрады
дейсіз ғой. Жоқ, олай емес! Білсеңіз бар ғой, бәрі де керісінше, бір взвод солдатты
атылатынның алдына бір жарым метр жерге сапқа тізіп қоятын шығар? Егер
сотталған кісі бір адым ілгері аттап, мылтықтың аузына кеудесін тосса ше? Егер осы
жақын жерден жүрек тұсынан дәл атса, оқ кеудені тесіп өтіп кетіп, орны жұдырық
сыйғандай үңірейіп тұратын болар? Жоқ, бұдан сіз ештеңе де білмейсіз, өйткені
ондайдың егжей-тегжейін айтуға болмайды. Кісінің ұйқысы - обаға
шалдыққандардың өміріне қарағанда қасиетті нәрсе. Адал адамдардың ұйқысын
бұзуға болмайды. Бұзсаң бұл әбес қылық болар еді. Шайналғанды қайта шайнаудың
әбестік екені баршаға белгілі. Сол кезден бастап мен де нашар ұйықтайтын болдым.
Әбес қылық кермек дом сияқты таңдайымда қалды да, қайтып қайта шайнауды,
яғни ойлауды доғардым.
Міне, осы арада мен ұзақ жылдар бойы обаға шалдығып, ауру азабын тартып
жүргенімді түсіндім, ал өзімді жанымның бар жалынымен обаға қарсы күресіп
келемін деп сендіретінімді айтсайшы. Жанама болса да жүздеген, мыңдаған кісіні
өлімге кескенімді, олардың ажалына себепші болғанымды түсіндім. Басқаларды
бәлкім бұл жағдай абыржытпайтын шығар, бұл жайында және өз еркімен айтпайды
да ғой олар. Ал мен тамағым құрғап қалғандай болып өмір кештім. Әрине, олармен
бірге жүрдім, бірақ іштей жалғыз болдым. Күмән-күдігімді сыртқа шығару
мүмкіндігі туғанында, олар маған мәселенің түптамырына үңіл деп, әсері жеткіліктіақ деректер келтірді, 
олары тамағыма тұрып қалған түйінді жұтып жіберуге
жарарлық та еді. Бірақ мен қарсылық білдірдім,
меніңше, обаға алдымен ұшырағандар - иығына қызыл қаптал жапқандар,
мұндай жағдайда олардың да бұлтартпайтын деректер келтіретіні сөзсіз. Егер мен
обаға ұрынған уақтардың төтенше және қажеттіліктен туған себеп-салдарларын
қабылдайтын болсам, әлгі бастылардың дәлелдерін лақтырып тастауға хақым жоқ.
Осыған орай маған ең жақсы тәсіл қызыл қалталдылардың дәлелін мойындау деген,
бүл - өлім жазасына үкім шығаруды тек қана солардың құқығына қалдыру деген сөз.
Ал мен өзім туралы ойладым, жалпақшешейлік танытып, жолыңды бір берсең, ар
жағынан оның шегін таба аларсың ба? Адамзат тарихы менің дұрыстығымды
растағанға ұқсайды, қазір жарыса өлтіріп жатқан жоқ па адамдарды. Олардың бәрін
кісі өлтіру ызасы билеп алған, басқаша жасай алмақ емес.
Өзгелер қалай екенін білмеймін, өз басым бүл шешімге бәрін ойлап-пішіп
келгенім жоқ. Мен үшін мәселенің бәрі әлгі сары жапалақтан шықты, обаға
шалдыққан ауыздар аяқ-қолы бұғаулы адамды өлуге тиіс деп жариялаған лас
тарихтан туды. Жылдай ұзақ түндерде өзімен-өзі іштей арпалысып, қашан кеп
өлтірер екен деп кірпік қақпай күткен бейшараны о дүниеге аттандыру үшін бәрін
де мұқият ойластырды емес пе олар. Басқаларды білмеймін, мен үшін бар мәселе мынау 
кеудемде үңірейіп тұрған тесікте. Сондықтан да өз басым мынау қаскөй
қанды қасаппен ешқашан келіспеске, тыңдап тұрсыз ба, ешқашан келіспеске және
ешқандай желеу бермеске өзіме-өзім уәде еткенмін. Иә, өзім айқынырақ көретін
күннің тууын күтіп, осындай көзсіз бірбеттілікте әдейі барғанмын, бұл жолды
сапалы түрде таңдағанмын.
Сол кезден бері мен өзгерген жоқпын. Мейлі жанама болсын, мейлі ең ізгі
ниеттен тусын, бәрібір кісі өлтіруге себепші болғаным үшін әлі күнге дейін ұяламын
және өлердей ұяламын. Уақыт өте келе ең таңдаулы дегендердің өзі өз қолымен
болсын, өзгенің қолымен болсын кісі өлтіруден тайынбайтынын байқамай қала
алмадым, өйткені олардың өмір логикасы сондай, бүл дүниеде өлімге нартәуекел
етпей, ешбір қимыл жасай алмаймыз. Рас, маған баяғыдай әлі де ұят, обаның
ұясында өмір сүріп жүргенімізді енді түсіндім, әбден мазам кетті. Тіпті мен қазір де
тыныштық іздеймін, жұрттың бәрін түсінуге тырысамын, ешкімнің де қас жауы
болғым келмейді. Мен тек оба жұқтырмас үшін не істеу керек екенін білемін, осы
жолы ғана тыныштық орнайтынына немесе адал өліммен бүл пәниден аттануға
болатынына сенемін. Жұрттың жанын құтқара алмағанмен де дәл осылай сергітуге
болады, тым құрыса кесір тигізбей, кейде жақсылық жасауға мүмкіндік туады. Міне,
мен сондықтан да жақсылы-жаманды себептермен өлім сеуіп, біреуді өлтіруді
ақтайтын әдетке алыстан болса да бас көтеріп қарсы шығамын.
Міне, сондықтан да мынау індет мен үшін жаңа ештеңе де ашқан жоқ, жалғыз-ақ
оған қарсы сізбен қоян-қолтық жүріп күрескеніміз болмаса. Маған обаның әркімніңақ 
бойында бары әбден аян (оны, Риэ, өзіңіз де көріп жүрсіз, мен өмірді бүге-шігесіне
дейін білмеймін), демек, дүниеде ол жанаспаған адам жоқ. Сол себепті әркім
алдымен өзін-өзі бақылап ауру жұқтырмас үшін біреудің бетіне қарап түшкірмеуі
керек. Өйткені микроб дегеніміз - табиғи нәрсе. Қалғандарының бәрі: денсаулық,
тұрақтылық, тіпті тазалықтың өзі - бәр-бәрі ерік-күштің жемісі, сондықтан ерік-күш
өзіне ешқашан дамыл-тыныштық бермеуі керек. Ешкімге ауру жұқтырмайтын адал,
таза кісі ешқашан босаңсуға, осалдыққа жол бермейді. Ал талмаурап, естен танбас
үшін, Риэге қанша ерік-күш, шымыр ширақтық талап етіледі десейші! Иә, обамен
ауру шаршатады ғой. Ал оған қайтсем шалдықпаймын деп жалтақтау одан бетер
шаршатады. Сондықтан да оба жағдайына тұрғысы келмей жанталасып, басын тауға
да ұрып, тасқа да ұрып жүрген азшылық әбден титықтап, шаршаудың шегіне жетеді,
одан тек оларды ажал ғана құтқарады.
Енді міне, мынау дүние үшін түкке тұрмайтынымды білемін, кісі өлтіруден бас
тартқан уақыттан бастап өзімді-өзім қайта оралмас қуғынға кескенмін. Тарихты
басқалар жасайды. Сондай-ақ басқаларға төрелік айтуға да жарамайтынымды
білемін. Салиқалы кісі өлтіруші боларлықтай қасиет менде жалпы жетіспейді. Демек,
бұл артықшылық емес. Ал қазір қандай болсам, сондай боп қалуға көндіктім,
қарабайырлыққа да үйрендім. Біздің жұмыр жерде апат пен құрбандық қатар жүреді
деп қана санаймын, сондықтан мүмкін қадерінше бақытсыздық әкелетін апат
жағына шықпау керек. Менің ой-толғамдарым қарабайыр болып көріне ме деп
қорқамын, бүл өзі сондайлық оңай ма - ол жағын білмеймін, бірақ дұрыс екеніне
иманым кәміл Әр алуан ой-пікірден құлағым сарсып, басым қатты, ал бұл пікірлер
кісі өлтіруді қабылдату үшін қаншама бастарды айналдырмады десейші, сонан ақыр
аяғында түсінгенім мынау ғана болды - жұрттың күллі соры айқын да түсінікті тілді
пайдалана білмеуден шығады екен. Сосын мен дұрыс жолға шығу үшін әрі айқын
сөйлеп, әрі айқын қимылдай бастадым. Міне, тағы қайталап айтамын, апат пен
құрбандық қатар жүреді, басқа ештеңе емес. Егер осыны айта отырып, апатқа
айналсам, бері қойғанда ол менің ырқымнан тыс. Мен бейкүнә кісі өлтіруші болуға
тырысамын. Көріп отырсыз, онша зор ұмтылыс емес.
Әлбетте, дәрігерлердің үшінші тобы болуға тиіс, бұл нағыз дәрігерлер сирек
кездеседі, оларды табу өте-мөте қиын. Міне, сондықтан да мен барлық жағдайда да
әйтеуір апаттың құлашын шектеу үшін құрбандардың жағында жүріп үшінші топқа
барар жолды іздеп көрер едім деп ойлаймын, тыныштыққа бастар соқпақ та сол
ғой".
Сөзін тәмамдап Тарру салмағын бір аяғынан екіншісіне аударып, өкшесімен
терраса еденін баяу тақылдатты. Сәл-пәл үнсіздік орнады, сосын дәрігер орындықта
бойын тіктеп, Таррудан тыныштыққа барар қандай жолды таңдау керек екені
жөнінде түсінігіңіз бар ма деп сұрады.
— Иә, бар, ол - жанашырлық және аяушылық.
Әлдеқайда алыста екі дүркін санитарлық машина пепілдеді. Жеке-дара
маңқылдаған дауыстар қаланың шет жағында, шамасы, тастақ төбе маңында
тұтасқан гуілге айналды. Сонымен бір мезгілде мылтық даусына ұқсас екі гүрсіл
естілді. Сосын тыныштық қайта орнады. Риэ шамшырақтың екі жарқылын санады.
Жел күшейіп, екпінімен үрлеп теңіз жақтан тұздың иісін алып келді. Енді жартасқа
ұрып алқынған толқынның демі айқынырақ естілді.
― Шынтуайттап келгенде, мені жалғыз-ақ нәрсе қызықтырады, - деді Тарру жай
ғана.
— Қалай әулие болатынын білсе ғой.
― Ал, сіз құдайға сенбейді емессіз бе?
— Ол - дұрыс. Қазір мені толғандыратын бір ғана нақтылы мәселе бар, ол құдайсыз әулие болудың мүмкіндігі.
Әлгінде айқай шыққан жақтан аяқ астында жалт-жұлт етіп жарық шашырап,
желдің ағыны шуылдаған дауыстардың бұлдыр гуілін жеткізді. Жарық кенеттен
өшіп, соңғы терраса барып жартасқа жабысатын тұстан қып-қызыл жіңішке жолақ
жылтырап тұрды. Желдің екпіні тобырдың айқай-ұйқайын айқынырақ әкелді, сосын
дүркін-дүркін атылған мылтық гүрсілі мен түсініксіз гүріл шықты. Тарру көтеріліп
құлағын тосты. Барлығы тынши қалды.
― Қақпада тағы да төбелесіп жатқан ғой.
— Төбелесіп те болды, - деді Риэ.
― Тегі мұндайлар ешқашан бітпес, тағы да құрбандықтар болады, бұл табиғи іс, деп Тарру бұрқ етті.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оба - 15
  • Parts
  • Оба - 01
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2250
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 02
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2228
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 03
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2234
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 04
    Total number of words is 3849
    Total number of unique words is 2285
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 05
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2217
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 06
    Total number of words is 3892
    Total number of unique words is 2357
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 07
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2217
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 08
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2098
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 09
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2065
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 10
    Total number of words is 3779
    Total number of unique words is 2314
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 11
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2253
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 12
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2189
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 13
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2252
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 14
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2244
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 15
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2285
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 16
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2159
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оба - 17
    Total number of words is 2963
    Total number of unique words is 1787
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.