Latin Common Turkic

Мөлдір махаббат - 37

Total number of words is 3978
Total number of unique words is 2200
33.4 of words are in the 2000 most common words
48.5 of words are in the 5000 most common words
55.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қан төгуге қарсымын. Əнеукүні саған, сенің кектенген сөзіңе елігіп,
«өлтір!» деп ақыл беріп қап, бармағымды артынан тістедім. Сол күнəмнан
аршылу үшін, сенімен жолғасуды тілеп жүр ем, өзің келе қалдың. Енді сол
райыңнан қайт сен!.. Кісі қанын төкпе!.. Бəтесті де ая!..
— Мақұл!— деген болдым мен.
— Ал, осыған қол алысамыз ба?
— Оның неменеге қажеті бар? Өлтіруге келіскенде де қол алысқан жоқ
едік қой?.. Енді неге алысамыз?..
— Солай-ақ болсын!.. Ауызша уəдеңе-ақ сенейін.
Екеуміз қоштастық та, айырылып кеттік. Енді мен, қиын жағдайда
қалдым: егер мақсатыма жетем десем, Нұрбектің көзіне түспеуім керек,
түстім-ақ, аңдиды ол!.. Аңдыса, дегеніме жеткізбейді. Оның көзіне түспеу
үшін, қаладан тысқары кетуім керек. Ондай жер бар: Сырдарияның арғы
бетінде, ана жылы апаларымның біреуін айттырып алған жездемнің
сəудегерлеу, пысықтау ағасы тұрады. Өзі қалада тышқанның
қыбырлағанына дейін біліп жүреді... Мүсəпір мен менің арамдағы
жағдайды да жақсы біледі...
Нұрбектен айырыла, таса-тасамен, мұздың үстімен, құдамның кепесіне
жетіп бардым. Одан басқа жəрдемшім жоқ болғандықтан, ниетімді
қысқаша айтып ем, мақұлдай кетті.
— Сенің орныңа өзім намыстанып, өле алмай жүр ем,— деді ол,— бұл
қорлыққа шыдағаннан, не өзің өлгенің, не жауыңды өлтіргенің жөн. Шамаң
келсе оны өлтір!.. Оған шамаң келеді де. Осында тығыл да жат. Көршілерге
де сездірмейік. Ай жат, күн жат, қашан келгенше жат!.. Келуін өзім аңдып
жүрейін де, дереу хабар берейін. Байқаусызда, қапыда жəйін тап та тайып
отыр. Өзіңе қанжар керек болса да, мылтық керек болса да тауып берейін.
— Мақұл.
Тауып берген мылтығы — «Смит Вильсон» аталатын тапанша болды:
ұзындығы жарты кез, темірі қалың, салмағы ап-ауыр, кетпектей неме екен,
өзінің ұңғысын тот басып, оқ орнаған гильзалары көгеріп кетіпті. Бұнымен
кісі өлтіріп жаритын түрім жоқ, дегенмен, «құрғақ қолдан тəуірірек қой»
деп қалтама салып алдым...
Былай да жұмысы көп пе, əлде, менің тапсырмамды орындағысы келе
ме, құдам қалаға таң біліне кетеді де, ымырт жабыла келеді... Бір күні...
жəне... күн болғанда,— қарлы жаңбыр төпеп, жердің миы шығып жатқан
күні, құдам іңірде кепесіне жетіп келді де, оңаша отырған маған:
— Жауың жаңа кеп үйіне түсті. Бірақ, оған өз мекенінде қастық жасай
алмайсың: қай ел екенін білмеймін, Қарсақтың пəтері толған қонақ!..
«Пəтері» деп отырғаны,— көктемге қарай Қызылордада қарлы жаңбыр
көп болғанда, Қарсақтың шатыры жабылмаған жаңа үйінің төбесінен
сорғалаған су сылауын да түсіріп, қабырғасын да опырып, еріксіз қуып
шыққан. Амалсыз бұрынғы пəтеріне көшіп барған Қарсақ, Бəтес пен
Мүсəпірді де, сол қорадағы біреудің үйіне уақытша орналастырып, өзі жаңа
үйін жаңбыр толастап жаз шыққан соң оңдамақ болып, қасына қамыс,
тақтай, тағы басқа құрылыс материалдарын үйіп қойған... Біреулердің
айтуынша, уақытша орналасқан пəтерінен оқуға баратын Бəтес, үнемі
Қарсақтың осы бұзылып тұрған жаңа үйінің қасынан өтеді; қалада тұрған
шақтарында Мүсəпір оны, көбінесе мектебіне дейін шығарып салады да
оған қолы тимеген күні, сабағы бітер уақытта барып, қолтықтап алып
қайтады. Егер рас болса, бұнысы, əрине, рыцарство!..
Құдам қызық кісі екен. Сөздеріне, қылықтарына қарағанда, менің
намысымды ол, шынында да жыртып жүр!.. Мүсəпірдің қалаға келгенін
білгеннен кейін, ол тіпті құтырынып:
— Қайталап айтам: осы ісіңді маған сеніп, өзің қызығына қара да
отыршы, өз ойыңдағыдан асырып түсірмесем, «тіфу, бетіңе!» деп, бір емес,
үш түкір!..— деп жалынады да, менің көнбейтінімді көріп:
— Ендеше, осы жауыңды қанына құмықтырмадың бар ғой, жігіт болмай
кет!— деп қайрайды. «Айдап салып, арандатқалы отыр» деуге дəлелім
болмағандықтан, мен оның сөзінен сақтанудың орнына өткірлене түсем.
Ұзын сөздің қысқасы, екеуміз таң қараңғысында қалаға барып, мен
Қарсақтың бұзылған үйінің алдына, бастарын түйістіре шошайтып үйген
қамыстың астына кірем де отырам; құдам мені алыстан бақылап, басыма
қатерлі жағдай туса, аман құтқарудың қамын жасайды...
Ол түні ұйықтаған жоқпыз. Былай да ылайсаң күн, түнге қарай тіпті
бүлініп, қарлы боран үдеді де кетті. Күнгей шығыстан шыққан өкпек жел,
түнде тіпті қатайып ап, тысқа шыққан адамды алып соғарлықтай халге
жетті.
— Бүгін бір сұрапыл болғалы тұр,— деді, кештен бері қарай
тиышсызданып, далаға əлсін-əлсін шыға берген құдам, түн ортасы таянған
шақта бір шығып кеп,— жел де, қарлы жаңбыр да бет қаратпайды!.. Таң
атқанша Сырдың суы тасып кетіп, кешу бермей жүрмесе не қылсын!
— Онда кəзір кетсек қайтеді?— дедім мен де қобалжи бастап.
— Оған мен қарсы болмас ем, егер табан жолымызды таба алатын
болсақ!.. Дала көрдей қараңғы!.. Түк көрінбейді!.. Жердің миы шыққан
саз!.. Аяқты қия басып болмайды... Мүмкін, жаңбыр таңға жақын
толастар!..
— Құдай берді!—деп қуанып кірді ол даладан, біраз уақыттан кейін
тағы да шығып кеп.— Жаңбыр басылыпты. Бірақ, жел манағыдан да қатая
түскен!..
— Жақсы ма ол, жаман ба?
— Екеуі де: жақсысы — жердің сазын лезде дегдітіп тастайды; жаманы
— дарияның былай да лықып кемеріне келіп тұрған суын көтеріп жіберіп,
сай-саланы тасқын басып кетуі мүмкін. Одан өтуге болмайды.
— Не де болса тəуекел, енді кідірмейік!— деді.
— Оқасы жоқ,— деді ол,— қайратты болуымыз үшін бір жартылықты
бөліп, тастап алсақ қайтеді?
— Сіз ішіңіз!?.. Мен ішпеймін!..
— Неге?
— Бүгін маған, өз денеме біткен жігер-қайраттан басқаның керегі жоқ.
Құдам төсегінің астына қойған жарты литрліктен бір стаканын қағып
алды да, жұдырықтай сарымсақтың жартысын тісімен омырып ап,
батырлана шайнап:
— Ал жүр!—деді.
— Тапаншаңды ұмытпа!— деді ол үйден шығарда.
— Оным қойнымда!..
Ықшам, бірақ жылы киінген екеуміз тысқа шықсақ, желдің қаттылығы
шынында да сұмдық!.. Егер денемді сақтана ұстамасам, «қарулы жаспын»
дейтін менің өзімді ұшырып əкететін!.. Қараңғылық та сұмдық!..
Қасындағы бадырайған нəрсені көріп болмайды!.. Ал, саз бар ғой тіпті
сұмдық!.. Аяқ басар жер жоқ сияқты!.. Басқан жеріңнің іріп жатқан
батпағы, қопалы келдің «құнан қойы» тəрізді, егер табан тіреп тұрсаң, бар
денеңмен сорып əкететін сияқты.
— Ал, енді жүреміз бе?—деп сұрады құдам менен, кепеден шыға бере
сазға тайғанақтап, бірер рет құлап тұрған маған.
— Жүреміз!—дедім мен.
— Ендеше, бастадым мен!..
Алдымда қараңдай, саздың сулы тұсын шалпылдата, кебір тұсын
қорқылдата жөнеле берген құдамның соңына еріп, екеуміз дария жаққа бет
қойдық. Екеуімізде де үн жоқ. Қайдан болады ол үн?.. Ішін тарта, ышқына
соққан қара дауыл, сыртқа шығарған деміңді аузыңа қайта қуып тығып
тұншықтырып жібере жаздайды!.. Өзі темірдей суық!.. Іріген жерден,
аяғыңды əрең алып жүресің!. Сазбен алысқан аяғыңның екі қара саны
талып қап, кейбір кезде, батып қалған жерден əрең суырып, шығасың!..
Бұндай сазға көп жүріп дағды алып қалған ба, əлде, кəрі сіңір адам
қарулырақ па, құдамның аяқ алысы, менен əлдеқайда пысық жəне екпінді...
Осылай қатты қиналып келе жатқан шағымызда, аспан сынып жерге
түскендей бір күшті дауыс гүрс ете қалды. Күтпеген дауысқа селк етіп тұра
қалғанымда:
— Жылдам!— деді құдам, менің тұра қалуымды сезгендей, жүрісінен
кідіріп. Əлгі гүрсіл үсті-үстіне қайталап, үдеп кетті!..
Ентелей, ентіге басып қасына барған маған:
— Зеңбіректер!—деді құдам.
— Қайдағы?!
— Сыр суының жоғарғы жақтан қалқып келген сеңі, Қызылорда
қасындағы иініне ошарылып, содан су биіктеп, қаланы басып кету қаупі
туып тұрған. Сол сеңді, осы қаладағы əскер бөлімі, жуық арада зеңбірек
тобымен бұзып, суға жол ашады деген. Мынау атып жатқан солар болу
керек. Сең жүріп кетсе, қалаға бара алмаймыз!.. Жылдамырақ басайық
аяғымызды!..
Зеңбіректің жəне тұтасқан көп зеңбіректің атылғанын, қасында тұрып,
бірінші рет Орынборда, Ленин жерленген күні естіген едім. Сонда, өзіме
тобы тимесін біле тұрып, көп зеңбірек тұтаса гүрсілдегенде, бүкіл денем
қалтырап кетіп, жанымды қоярлық жер таба алмаған едім!.. Мына атылу
одан да күшті сияқты!.. Атылған зеңбіректердің тобы, ошарылған қалың
сеңнің мұз тауларына тура ұрып, тас-талқанын шығарып жатудан болу
керек, жер-көкті сілкіндіріп жіберген гүрсіл, құлағымды да тұндырып
жіберді. Сондай халде құдама жауап қатуға халым жоқ сияқтанды да,
жөнеле берген оның соңынан ердім...
«Сең жүріп кетсе қалаға бара алмаймыз» деген сөз санама сіңе қалған
болу керек, бар дəрменіммен, аяғымды жылдам басып, құдама
қатарластым.
— Сең жүрсе,— деді ол, əлгі пікірін қайталап,— бер жақта қалып
қоямыз. Одан кейін, қашан қайық табылғанша, қалаға бара алмаймыз. Онда
планымыз бұзылады.
— Тезірек жетейік онда!..
Екеуміз жүгіре басып дария жағасына келсек, қараңғы түнде қап-қара
көрінетін судың беті, осындай шақта аспанда кешетін сұр бұлт сияқтанып
қимылдап жатыр!..
— Ойбай, сең қозғала бастапты!— деді құдам, ағын судың нақ қасына
таянып.
Мен де қасына кеп төнсем, иін тірескен сұрғылт сеңдер қыбырлай
қозғалып барады!..
— Қалдық!— деді құдам өкінгендей.
Сол шақта, жылжып жатқан сеңдердің үстіне қалайша қарғып мінгенімді
өзім де білмей қаппын!..
— Ойбай, өлдің!— деді құдам, сеңмен жылжи жөнелген маған, жағада
қала беріп айғай сап.— Шамаң келсе, бері шық!.. Əрі кетсең, құрыдың!..
Жан-жағыма қарасам, шыққым келсе де шыға алар түрім жоқ, мінген
сеңім жағадан алыстап кетті; жердің қайда қалғанын, құдамның жағада
шошайып қараңдаған денесінен шамалаймын: ол, ең кеміне — қырық-елу
адым!.. Екі арада, түнгі қараңғылықтан қарамай сияқты боп жылтыраған
жап-жалпақ су!..
Мен сеңмен ағып кете бардым. Қараңдаған құдам алыстай берді... Қауіпқатердің де қызығы көп болады екен. Қалың ажалдың арасына кіріп ап,
енді не боларымды білмей келе жатқан шағымда, табиғат мені аяп,
маңайын болжасын дегендей, таң сібірлеген тəрізденіп, төңірек
бозамықтана бастады. Сонда байқасам, кейде жиілене, кейде сирей аққан
сеңдердің кейбірінің үстінде аң ба, мал ма, адам ба, бірдемелер
қыбырлайды!.. Солардың біреуіне жақындап қалсам, қозылы қой!.. Тірі
жан болғандықтан, сеңмен ағуына ол да қорқа ма, əлде, байғұстың қарны
ашып, адамды қамқоршысы көріп үйренген сорлы, менен тамақ сұрай ма, я
құтқаруымды тілей ме, маған қарап маңырап қояды!.. Өзің бала, анасын
пана көргендей, жаураған қозы байғұс үн-түнсіз, шешесінің ық жағын
паналап, бауырына тығыла түседі...
Сең деген қызық болады екен: тағдырдың айдауымен үстіне қона қалған
жан-мақұлықтарды қорқытқысы келгендей, немесе, əдейі қастық
істегендей, мүмкіндігі бола тұра, жағаға жақындамай, дарияның ортасымен
ағады. Жəне жəй ақпай бірін бірі итере, сүзе, түрткілей, сындыра, қирата
ағады!.. Кейбірі соқтығысқан сеңнің астына сүңгіп кетеді. Егер байқап
отырып, амалын тауып ақпасам, сынған сеңмен менің де сынуым, сүңгіген
сеңмен менің де суға батуым — минут сайын-ақ кездесетін қаза!..
Сондықтан, мен аққан сеңдер соқтығысқан шақта, өзіме жайлылауына
қарғып, тіршілігімді сақтауға жанталасам!.. Өйтпесем, мана құдам
айтқандай, қабақ қаққанша құрып кететін түрім бар!..
Бір сəтте, мен мініп келе жатқан жіңішкелеу бір жылтыр сең əлденеге
ошарылған көп сеңге килікті де, бір қуысына кіріп тоқтады. Жақын жердегі
жағаға жүгіріп шығуға мүмкіндігім болып қалды. Сөйтуге ыңғайлана
бергенде, құлағыма маңыраған қойдың даусы сап ете түсті. Жалт қарасам,
манағы қойым мен қозым!.. Олар да дарияның орта тұсындағы сең үстінде
тұр. Сеңде ұзақ уақыт ағып, жүректері шайлығып қалған мұндарлар ма,
немене, бері қарай жүруге мүмкіндіктері бола тұра, тұрған қалыптарынан
тырп етпейді!..
Онысына ыза болғаныммен, мал бағып өскен қазақтың баласы, сорлы
қойды, əсіресе, əлі де шешесінің бауырына паналаған қозыны ажалдың
аранына тастап кетуге қимай, жағаға алып шығу ниетімен тұра ұмтылдым.
Нақ қасына барғанымда, көрмеген адамын жатырқады ма, əлде сойып
жейді деп қорықты ма, қойдың қаша жөнелуі бар емес пе?!. Оған ере қозы
да қашты!.. Жəне жағаға емес, суға қарай қашты. Онысына ызаланған мен
«уа, құлағыңды!..» деп боқтап жіберіп, дегеніме жетпей тынбайтын
ерегіспе ауруым ұстап, тұра қудым. Мұз жылтыр, тайғанақ екен. Қашқан
қой мен қозы да, мен де тайғанақтап, бір жерде қойды артқы сирағынан
ұстай жығылдым. Сол арада екі сеңнің жігіне кездесіп, суға кетіп қала
жаздадым. Қой болмағанда кетіп ем, ұстаған сирағынан демеп, сең үстіне
əрең шықтым!.. Шешесін ұстаған соң құтыла алмасын біліп, қасымызға
маңыраған қозының өзі жүгіріп келді..
Қозыны қолтығыма қысып, ырқыма көнгісі келмеген қойды мойнынан
сүйрей, жағаға қарай беттегенде, ошарылған сеңдердің тағы да жылжи
жөнеле беруі бар емес пе?!.. «Құдай ұрмаса игі еді!..» деп жүрегім қорқа
қалды... Мен енді, жағаға қарай шапшаңдау ұмтылдым. Бірақ сүйреген
қойым мен қолтықтаған қозымды тастаған жоқпын. Бірақ, қанша
асыққаныммен жағаға жете алмай қалдым. Жаға мен арамызға судың
жалпақ лентасы түсе берді.
— Қарғы!—деп айғай салған дауысқа жалт қарасам, жағаға төне өскен
тоғай арасынан қарап тұрған шалдау қазақ.
— Қарғы!—деді шал тағыда.— Бұл тұстың суына бойлайсың. Тез
қарғымасаң, кетесің сеңмен!
Қойымды сүйрей, қозымды құшақтай, сеңнен қарғып ем, су кеуде
тұсымнан келді.
— Жібер қой мен қозыны!—деді шал...— Олардың енді өздері де жүзіп
шығады. Өзің тез шық. Су суық. Денеңе суық өтіп кетеді!..
Шалдың сөзін тыңдап, қозы мен қойды жіберіп ем, олар жағаға қарай
жүзе жөнелді. Киімдерім суға малшынған мен де, оларға ілесе қырға
шықтым. Қой мен қозы жағада оттай бастады.
— Апырай, құдай сақтады!—деді шал қасына таянғанымда,— тез
шешін!.. Сыпыр, су киіміңді!.. Осы арада арбам тұр. Онда үлкен тоным бар.
Денеңе мол жетеді. Соған оран!..
Шал тоғай арасына жүгіріп кетті, мен шешіне бастадым. Тез оралған
шал:
— Киімдеріңнің ауыр суын ғана сығып жеңілдет!— деді маған,— қалған
дымын біздің үйге барып кептір.
— Сіз қайда тұратын едіңіз?
— Қалаға жақын жердегі су диірменнің қасында.
— Атыңыз да бар ғой?—дедім мен, шешініп боп, жаураған қалпымда
қой терісінен жасаған үлкен, жылы тонды жамыла бастап.
— Енді, арбаны өзім сүйреп жүр деп пе ең? Əрине, бар!.. Жегулі тұр.
Үйім алыста емес. Отынға келіп ем. Сені жырақтан көрдім. «Ошарылған
сеңге киліксе игі еді!» деп тіледім. Жігіт екенсің өзің. Қой мен қозыны
алып шығуың шығу-ақ!.. Тегі мал арасында өскен, малды жақсы көретін
баласың ғой деймін!..
— Қазақ баласымын ғой, ақсақал. Мал арасында туып, мал арасында
өстік қой. Сізге бердім, осы қой мен қозыны!
— Неге?
— Өз малым емес. Сеңмен ағып келді.
— Еңбек сіңірдің ғой оларға.
— Еңбегімді сатпаймын.
— Оны кейін көрерміз,— деді шал.— Біздің үй жақында. Барайық,
сонда!..
— Қалада жұмысым бар еді.
— Су киіммен қалай барасың оған.
— Жұмысым асығыс еді, шыдаймын киімнің, суына.
— Суға кетсең, қайтетін ең?— деді шал, кескініме ұнатпай қарап.
— Кеткен жоқпын ғой,— дедім мен, дірілдеген қалпымда жымиып.
— Ондай ақмақ болма!— деді шал, салмақты дауыспен,— «атан өлсе
сойылар, атаң өлсе қойылар» дегендей, қан жауып жатқан ештеңең
болмаса, жайланып бар қалаңа!..
— Жоқ, ата!—дедім мен де нық дауыспен,— қан жаумаса да жаууға
жақын ісім еді. Сондықтан асығып, дариядан түнде өтем деп, сеңге ағып
кеттім. Жаным қалды. Енді баруым қажет.
— Онда біздің үйден құрғақ киім ки.
— Оны істеуге болады.
Екі қойды да, отынын да арбаға басқан, мені қасына мінгізген шал үйіне
келді. Таң ол кезде еркін ағарған еді. Шал тыста тұрып, «жылын, тынық,
дамылда, қоректен!» деген сөздерін тағы да айтып еді, мен де өз сөзімнен
танбадым.
— Жүрісің шынында да суыт екен,— деді шал,— барсаң бар. Ересек
балам бар. Ұйқтап жатқан болу керек. Оятайын. Мына атпен апарып
салсын.
— Жаяу да барам ғой.
— Бірталай жер. Сазда жаяу ұзақ жүресің. Жұмысымыз да бар, қалада.
Құрғақ киім де алып шығайын, баламды да оятайын.
— Қазақша киім болса жақсы болар еді,— дедім мен жөнеле берген
шалға.
— Қалаша киім біздің үйде жоқ.
Шал киімдерін де, баласын да тез алып шықты. Көнетоздау қазақы
киімдер маған шақ бола кетті. Оларды кигеннен кейін, мен шаруасы шағын,
жобалғы киінетін жігіт болдым да қалдым. Бұл киім, бүгінгі тілегіме іздеп
тапқандай сəйкес болған сияқтанды.
— Ал, енді қайтесің?—деді шал,— дымқос киімдерін, мен қойларыңды
ала кетесің бе?
— Қойлар қалсын деп мана айттым ғой. Киімдер де қалсын. Кептіріп
қоярсыз. Бірер күнде алып кетермін.
— Оқасы жоқ!— деді шал, кескініме көп мағналы көзбен қарап қойып.
— Мен кісіден емес, құдайдан тілеген адаммын. Өмір бойы диірменнің
жұмысшысы боп келем. Табысым күн көруіме жетеді. Еңбексіз малдың да,
кісінің киімінің де маған керегі жоқ. Киімдерің де, қойларың да, қашан
келсең де сақтаулы болады...
— Рақмет, ата!
Бала екеуміз жүріп кеттік.
Біз қала шетіне кіре, дауыл да бəсеңдеді. Аспанды қоршаған қалың бұлт
та сиреп, бозамықтана таң сарғая бастады.
— Ал, бала!— дедім мен сонда, барар жерімнің жобасын балаға
көрсеткім келмей,— мен түсем осы арадан.
— Неге? Жеткізіп салайын, барар жеріңе.
— Ол жер осы маңайда, жақын тұста!— дедім де, арбадан қарғып
түстім.
— Əкеңе сəлем айт,— дедім оған,— мені келеді деп күтпей-ақ қойсын.
Бала үндеген жоқ. Мен жөніме кете бардым.
Ауаның мазасыздығынан, жердің ластығынан қорғанып жатқан болу
керек, қаланың көшелерінде тірі жан жоқ. Егер ақырын жүрсем, бүкіл қала
тысқа шығып қарайтын сияқтанып, саздың бөгеуіне елең қылмай, мен
аяғымды жылдам бастым да, Қарсақтың бұзылған үйіне жеттім. Есік,
терезелері алынған ол үйдің маңында да жан жоқ екен. Бастары түйіскен
қамыстың қуысына кірсем, күрке сияқты ішіне су өтпей, құп-құрғақ болып
тұр екен.
Мен сонда отыра берейін!.. Таң да атсын, күн де шықсын!.. Бұлт
ашылып, жел саябырлап, дала жап-жарық боп кетсін!.. Су киімдерімді
шешкен шақта шалдың көзін алдап қойныма тыққан тапаншам, кəзір
қолымда отырсын!.. Күркемнің қасынан өтетін студенттерді көріп отыруға,
қамыстың əр жерінен саңлау жасап қояйын... Бір кезде, құлағыма
дабырласқан дауыстар шалынсын... Сығалай қойсам, бірін-бірі қолтықтап,
аяқтарын жылдам басқан, кескіндері көңілді, ойнай, күле келе жатқан
студенттер болсын... Мен олардың арасынан Бəтес пен Мүсəпірді іздеп,
көзімді қадай қалайын!.. Егер көзіме іліксе, Мүсəпірді тапаншаммен басып
салуға əзір отырайын...
Ал олар жоқ!.. Лек-легімен өтіп жатқан студенттердің бір де біреуін
көзіммен тінтпей өткізбеген сияқтымын, ендеше, олар қайда?..
Əне, Бəтес те көрінді!.. Бір жағында жігіт, бір жағында қыз!.. Үшеуі
қолтықтасып алған!.. Мүсəпірі қайда мұның?!
Бəтесті де өткізіп жібердім. Түсте сабақтан қайтуын осы күркенің ішінде
күтпек болдым. Мүмкін, Мүсəпірі сонда бірге қайтар!..
Күрке ішінде отырған сол бір бес-алты сағат, маған бес-алты жылдан
кем көрінген жоқ. Шыдамнан айырылған мені мазақ қылғандай, əлдекімнің
қоразы, күркемнің төбесіне қонып ап, қиқулады да отырды. Оның əрбір
қиқуы, төбемнен ұрған темір тоқпақ сияқтанды. Шыдамастық халге жеткен
шағымда, іште отырып «шішт!» деп үркітпек болсам, даусым ақырын шыға
ма, қатты шықса да қорықпай ма, кетпей-ақ қойды!.. Қамысты ішінен
селкілдетсем де кетпейді. Бұл не?.. Тауық боп келіп отырған дұшпанымның
бірі емес пе?..
Қоразды əрең деп кетірген шағымда, осы маңайға бір топ ит келді де,
мені əдейі мазалағандай, қырылып кеп таласты!.. Таласта жеңіліп қалған
біреулері, күркеме кеп паналап, бірер ит ішіне де кіріп кете жаздады...
Мына мазасыздыққа амалың болса, қыл!..
Біраздан кейін иттер де кетті. Аздан кейін, мен сол иттер мен манағы
қораздың өзің сағынғандай болдым. Өйтпегенде қайтейін, ішімді кеулеп
алған ыза, жүрегім мен өкпемді керіп əкетіп, кеудем тарс айырылып кетуге
жақын отыр!.. Енді қайттім?!.
Құлағыма əйел мен еркектің күбірлескен даусы шалына қалды. Қамыс
арасынан сығаласам — Бəтес пен Мүсəпір!.. «Есеңгіреуім емес пе?» деп,
көзімді уқалап жіберіп қарасам — солар!.. Қолтықтасып алған!..
Бұл тиыштықты бұзбағым да келіп кетті. Бірақ бұным — қараңғы түнде,
қара бұлттың арасынан жылт ете қап жоғалған жұлдыз сияқтанып, тез
жойыла қалды да, ыза мен кектің өрті қалай бұлқынсам да шыға алмастай
ғып бар денемді бөлеп алды. Сол шақта, есіме өзім соңғы жылдары
пайғамбарым көріп оқып жүрген Лермонтовтың: «О, самолюбие, рычаг
жизни, на котором Архимед думал поднять земной шар!» деген сөзі түсті.
Бұл менің дұғалығым сияқты сөз еді. Аузыма алған сайын, бұл сөзден
денеме қосымша қуат бітетін сияқты еді...
Осы дұғалығымды айта, оң қолыма тапаншамды ұстай, күркеге
жақындап қалған Бəтес пен Мүсəпірдің алдынан шыға келгенімде, екеуі де
шошына кілт тұра қап, зəресі кеткен Бəтес Мүсəпірдің қолтығынан қолын
суырып алды да, «алла!» деген қатты дауыспен, құлап кетердей
шалқалақтай берді!.. Неге екенін кім білсін, Мүсəпір қалшиған қалпында
ыржия қалды... «Уа, əкеңнің!..» деп оны тапаншаммен тартып кеп жібермек
болғанда, мылтық от алмады... Оның құлағын тағы қайыра бергенімде:
«Енді атылар!» деп қорыққандай қаша жөнелген Мүсəпір, Қарсақ үйінің
үңірейіп тұрған терезесінен сүп беріп кірді де кетті!..
Көзіме онан басқа дүниенің бəрі қарауытып көрінбей кеткен мен,
соңынан қарғып, үйдің ішіне түссем, ішкі есіктің алдында, қолына кетпен
ұстаған Мүсəпір тұр!..
— Шап, əкеңнің...— дедім мен оған ақырып.
Есінен танып қалды ма, немене, ол кетпен сілтеудің орнына, маған қарап
тағы да ыржиып:
— Е-һе-һе!— дейді.
— Мəс-саған «еһе-һе-һе!» деп жетіп бардым да, кетпен-метпенімен
құшақтай ап, тақтай сəкіге етпетінен алдым да соқтым! Халы бітіп қалған
ба, немене, үстіне аттай мініп алғанымда, тыпырлауға шамасы келмеді...
Сол кезде, бөркі ұшып кеткен жалаңаш жəне тақыр басының
қарағұсынан, қолдағы тапаншамды құлаштай, бар пəрменіммен періп кеп
жібердім... Оң қолымды тағы көтеріп ап пəрменмен қайта соғамын дегенде
қарағұстан фонтандап атқан қан, бетіме шапшып көзіме соқты да, екі көзім
де ағып түскендей сол жақ алақаныммен баса қойдым...
Одан кейін не болғаны есімде жоқ... Есімді жинағанда байқасам,
терезесі темір торлы, есігі кілттеулі бөлмеде жатырмын. Бұл, əрине,
абақты.
8. БАҚЫТТЫҢ БИІГІНЕ
(Эпилог)
Менің қылмысты ісімді тексерген сот, он жылға жазалады. Мен ол
жазамды Қиыршығыстың қалың орманының арасындағы бір лагерьде
өткіздім, бірақ, он жылда емес, жеті жылда.
Лагерь ағаш кесу жұмысымен шұғылданады екен. Бара сала осы
жұмысқа белді буып, жеңді түріп, қолға түкіріп... дегендей белсене кірістім
де кеттім. Қарулы жас жігіт, қайраттана кіріскен ісін опырып жібереді екен.
Жұмысқа кіріскен шақта, мен, ең кемі бір жарым, көбіне екі, кейде — үш
нормадан орындадым да отырдым. Бұл қимылыма қарағанда, он жылды,
əрі салғанда, бес жылда орындап кететін жəйім бар еді. «Сорыма» қарай,
келер жылы цынга деген пəлемен ауырдым да, біраз тістерімді
«құрмалдыққа шалып» жылға жақын уақытта əрең оңалдым. Одан кейін де
жылға жақын уақыт күшім жетілмей жүрді. Күш жетілгеннен кейін
жұмысты тағы да қирата істеп, он жылды жеті жылда өтедім де кеттім!..
Лагерьде мен, қара жұмыстан басқа екі қызмет атқардым: бірі — үш
айлық курсын өттім де, медицина фельдшері болдым; қызықты қараңыз:
ішкі, сыртқы дерттен емдемегенім болған жоқ, сонда ем атаулымның көбі
қонып, емдегендерімнің көбі жазылып кетті!.. Екіншісі — кітапхана
жұмысын басқару. Мұнда да атқарған қызметтерім толып жатыр: ең
алдымен, менен бұрын он шақты-ақ кітабы бар лагерь кітапханасының
қоры, мен жазамды өтеп боп еліме қайтарда үш мыңға таянып қалды;
сауатсыз жазалыларға кітапты оқып беруді ұйымдастырдым, сонда,
белсенді оқып берушінің бірі — өзіммін; кітапхана, клубта, онда шығатын
қабырға газетіне де араласам; бірер жылдан кейін киномеханик те болып
алдым... Қысқасы, лагерьдің мəдениеттік істерінде мен араласпағаны
болған жоқ...
Бұл сөзіме я сенерсіздер, я сенбессіздер,— лагерь тұрмысына үйреніп
алуым, оның ұнауы сондай,— «осыдан қайтпай-ақ қойсам қайтеді?» деген
ойға түскен күнім де болды. Оған мүмкіншілік те бар екен: жазаңды өтеп
болып, азаматтық паспортыңды алғаннан кейін, сонда қалуыңа да,
үйленуіңе де болады екен. Жазамның бітер қарсаңында, лагерьдің
начальнигі жолдас Лесковпен ақылдасып ем, мені соңғы жылдарда еркімде
ұстаған, үйіне де талай қондырған, сеніскен дос боп кеткен, басымнан
кешкен оқиғаларымды түгел білетін бұл адам, «маған қалуың пайдалы» дей
отыра, елге қайтуымды мақұлдады... Паспорт беріп, лагерьдегі
қызметтерімді жоғары бағалаған мінездеме беріп, жырағырақ жердегі
поезға өз машинасымен апарып салған Лесков екеуміз құшақтаса сүйісіп,
жылап айырылыстық!.. Қандай жақсы адам, жолдас Лесков!..
Мінген поезымнан Новосибирьде түстім. Терезеден сұрап білсем,
вокзалдың алысырақ бір тұйығында, «Қарағанды — Алматы» аталатын
вагон тұр екен, ол бірер сағаттан кейін, «Новосибирь — Алматы» аталатын
поезға тіркеледі екен.
Билетімді «Қарағанды — Алматы» вагоніне реттетіп алғаннан кейін,
«алыста» деген оған іздеп барсам,— ғажап оқиғаға кездестім: вагон
алдында ерсілі-қарсылы жүрген біреу бетін маған бұра берсе — Еркін
Ержанов!..
— Аға!—деп құшағымды жая, бас саппын оны!.. Көз жасым ыршып
кетіпті...
— Алла!—деді, мені бауырына басқан Еркін шошып кеткендей,—
көрден шықтың ба, жерден шықтың ба?..
— Лагерьден!..
Құшағын жазған ол, жас шайған бетімнен сүйді де, үсті-басыма,
кескініме көздерін жүгіртіп ап:
— Өзің əрі есейіп, əрі балуанданып, əрі киініп... тамаша оңдалыпсың
ғой!—деді.
— Ішім одан да оңды!— деп, Еркінге мен қалтамнан паспортым мен
мінездемемді алып бердім.
Əуелі паспортқа, одан кейін мінездемеге қуанышты көзін жүгіртіп алған
Еркін:
— Құттықтаймын!—деді қолымды алып.— Мынау мінездемең, өзге
орын түгіл, партияға өтуіңе де кепілдік бола алатын!..
— Өзім де сөйтем!.. Яғни, Алматыға бара сала, партия қатарына өтуге
арыз берем!..
— Сонда, бірінші кепілің мен-ақ болайын!
— Рақмет, аға!.. Сенуіңізді өтінем маған!.. Мен кəзір, бұрын семіздігін
көтере алмай, не болса соған ұрынған, оның аяғы ауыр қылмысқа соққан,
еңбекке жат байдың баласы емеспін, еңбек пен советтік тəрбиенің ұлы
мектебін өткен, қалған өмірін де осы бағытта өткізетін, шын
мағынасындағы еңбекші, шын мағынасындағы советтік адаммын!..
— Сенем!..
Вагон қалың қарағайдың арасында тұр екен. Мезгіл — ертерек күз. Ауа
райы құрғақ жəне қоңыржай. Еркін тыныстаған жасыл қарағайдың жұпар
исі мұрынды қытықтап, былай да жəйлі жүрген жанды, тіпті жайландырып
барады. Соған қызыққандай жəне «Еркінді тынысынан бөлдім-ау!» деген
оймен:
— Аға!—дедім оған,— күтпеген жерде кездесіп, кескініңіз бүкіл туған
халқымның келбеті сияқтанып кетті ғой!.. Сізге қарай бергім, сөйлесе
бергім кеп тұр!.. Вагон ішінде сөйлесеміз бе, сыртта ма?
— Сырт мақұл болар,— деді Еркін,— вагонда бөгде адамдар бар ғой,
олардың көзінше сағынысқан сөздерімізді айтуға қымсынармыз. Қарағай
арасында жүре тұрайық. Сен дорбаңды отырар орныңа қойып шық!
— Мақұл!..
Қарағай арасында Еркіннің өз хал-жайын сұрастырсам, ауылда отыз
бірінші жылға дейін қызметте болған екен де, одан кейін Москвадағы
жоғарғы дəрежелі партия мектебінің қасындағы екі жылдық курсты бітіріп,
Қазақстан Орталық партия комитетінің кадрлар бөлімін басқаруға
орналасқан екен. Кəзір Қостанайда астық науқанын өткізіп келе жатыр
екен.
— Өзім торғайлық болғанмен, Қостанай жерінің көбін көрген жоқ едім,
— дейді ол.— Кəзір түгел араладым. Ғажап жер екен ғой ол, түгін тартса
майы шыққан, қара топырағының қалыңдығы табан метр!.. Сонша құнарлы
жердің жүзден бірін пайдаланып отырған жоқ екеміз!.. Осы жайда,
Орталық комитеттің алдына мəселе қоюға келе жатырмын.
Мен бір қызық адаммын ғой. Бұрынғы ерегіспе аурудан лагерьде де
жазылмағам: мені бүкіл Қазақстан боп қылмысқа итергендей, лагерьдегі
күндерде, оның ешкіміне де еш хат жазбағам, қайда екенімнен ешбір хабар
бермегем; оған ерегісуім сондай, лагерьлік кітапханаға талай газетжурналдарды алдырғанда, мүмкіндігі бола тұра, Қазақстанның ешбір газетжурналын алдырмағам; сондықтан, «Правда», «Известия» сияқты газеттер
бетінен оқыған аздаған материалдарым болмаса, Қазақстан тіршілігінен
саңыраумын да.
Енді, Еркіннен білсем, Қазақстанның экономикасы да, мəдениеті де
бұрынғыдан əлдеқайда биіктеп кеткен. Сол өркендеудің жəне
еңбекшілердің сана-сезімі өркендеуінің нəтижесінде, республикада ірі-ірі
саяси шаралар өткізілген: мен сотталған жылдың, (1927) жазында, қазақ
аулындағы байлар мен феодалдардың жерлері еңбекші диқаншыларға
бөлініп берілген, одан келер жылы (1928) ерекше декретпен, қазақтың бес
жүз ірі байлары мен феодалдары конфискеленген, келер жылы (1929) қазақ
ауылдарында колхоздандыру науқаны басталып, кəзір ол науқан аяқталған,
ауылдағы қазақ еңбекшілерінің басым көпшілігі колхозға мүше болған.
Ауылдағы колхоздандыру науқаны жүрген шақта «Голощокин басқаруы»
аталғандар, Қазақстанда ерекше асыра сілтеп, ауылдың шаруасын, əсіресе
мал шаруасын қатты жүдеткен. Бүкілодақтық Партия Комитеті бұл
қателікті тез түзеп, Голощокинді қызметінен алған да, орнына Мирзоян
деген кісіні жіберген. Еркін Ержанов оны: «партияның адал ұлы» деп, «өте
іскер» деп мақтайды.
— Мирзоян жолдастың дұрыс басқаруымен,— дейді Еркін, бұл мəселені
кеңінен толғай кеп,— Қазақстанның экономикасы мен мəдениеті тағы да
өсуге бет алды...
Еркін үй ішімнің халінен де хабардар екен. Əкем 1926-жылдың күзінде,
Термез қаласының тұсында, Памир арқылы Афганстанға өтпек боп, шекара
қызметкерлері «тоқта!» дегенде тоқтамай, атылып қалған. Тап жою кезінде,
үй ішімнің мал-мүлкі конфискацияға алынған, жандары Орал тауына
көшіп, кəзір Талқалада (Верхно-Уральск) тұрады дейді.
Бəтестің үйінен Еркіннің білері: Мəмбет біздің барлауда жасырын
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Мөлдір махаббат - 38
  • Parts
  • Мөлдір махаббат - 01
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2194
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 02
    Total number of words is 3954
    Total number of unique words is 2195
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 03
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2078
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 04
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2151
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 05
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2174
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 06
    Total number of words is 3802
    Total number of unique words is 2135
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 07
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2222
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 08
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2322
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 09
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2265
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 10
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2261
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 11
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2189
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 12
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2137
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 13
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 14
    Total number of words is 3943
    Total number of unique words is 2300
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 15
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2113
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 16
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2193
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 17
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2164
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 18
    Total number of words is 3983
    Total number of unique words is 2182
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 19
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2122
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 20
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1990
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 21
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2107
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 22
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2099
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 23
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2193
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 24
    Total number of words is 3877
    Total number of unique words is 2067
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 25
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 1992
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 26
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 1993
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 27
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2109
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 28
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2033
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 29
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2036
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 30
    Total number of words is 3688
    Total number of unique words is 1955
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 31
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2038
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 32
    Total number of words is 3762
    Total number of unique words is 1952
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 33
    Total number of words is 3674
    Total number of unique words is 2045
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 34
    Total number of words is 3671
    Total number of unique words is 1987
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 35
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2028
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 36
    Total number of words is 3776
    Total number of unique words is 2082
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 37
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2200
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 38
    Total number of words is 534
    Total number of unique words is 407
    49.2 of words are in the 2000 most common words
    63.3 of words are in the 5000 most common words
    70.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.