Latin Common Turkic

Мөлдір махаббат - 30

Total number of words is 3688
Total number of unique words is 1955
35.5 of words are in the 2000 most common words
49.8 of words are in the 5000 most common words
56.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
кескініне қарасам, əкемнен сөз əкелгендік ешбір белгі көрінбейді: əдеттегі
ақжарқын, ойыншыл қалпы!.. Үйдегілермен қалжыңдаса кірген ол — «ас
адамның арқауы» деген, əуелі тойынып алайыншы! — деп қымызды жұта,
дастарқанға шашқан бауырсақты, табаққа тураған сүрді жей келді...
- Кеңеспей тамақ сіңбейді,— деп, үйде отырған əйел-еркектермен
қылжақтаса, ойнай, боғауыз сияқты бірдемелерді айтып күлдіре келді...
Бұл əңгімелердің біреуіне де қатынаспаған менің екі көзім Қайрақбайда.
Ондағы ойым, кескінінен неге келуінің себебін, ең болмағанда елесін табу.
Бірақ, Қайрақбайдың оны таптырар түрі жоқ: ойнақы кескінмен тамақты да
соғып жатыр, ойынды да соғып жатыр!.. Ал, жəй жүрмеуі, мен отырған
жерге жəй келмеуі, «оллаһи» — анық!.. Ендеше, белгі бермеуі қалай?!..
Қайрақбаймен кішкене күнімнен жолдас болған менің есіме, оның сырға
беріктігін көргенде, əрдайым Абайдың Пушкиннен аударған «Онегиннің
сипаты» түсуші еді:
Жасынан түсін билеп сыр бермеген,
Дəмеленсе, күндесе білдірмеген.
Сенесің не десе де амалың жоқ,
Түсінде бір кəдік жоқ «алдар» деген...
Қайрақбайдың да сондайлығына қарап, «қазақтың Онегині осы-ay!» деп
ойлайтын ем. Сол «Онегинім» міне, алдымда жарқ-жұрқ етіп отыр...
Бұнысының арты неменеге соғар екен!..
Қымыз да ұзақ ішілді... қалжың да ұзаққа созылды... Сол мəжілістің
қалың ішіне кіріп алған Қайрақбайдың асығар түрі жоқ...
Əлден уақытта, қызмет адамдары тарай бастады. Үйде Қайрақбайдың
əзілдесуіне тұрарлық ешкім қалмауға айналды. Сол кезде, одан сырғу, реті
келсе, көрмейтін жерге тығылып қалу ниетімен тысқа шыға беріп ем,
артымнан:
— Бүркіт!— деген дауыс естілді, жалт қарасам, Қайрақбай.
— Иə?— дедім салқындау түспен, оны денеме дарытқым келмей.
— Ештеңе жоқ,—деді ол жайраңдаған қалпын өзгертпей, — жəй,
əншейін, амандық...
— Көрмей тұрмысың аман екенімді?
— Көріп тұрмын!..
— Ендеше, жұмыстарым бар еді,— деп түс бермей жөнеліп ем:
— Былай, сайға қарай шықсақ қайтеді?—деді, жүгіріңкірей басып,
қатарласа берген Қайрақбай.
— Онда не шаруам бар менің?
— Шаруа көп,— деді Қайрақбай түсін салмақтандырып,— Текебай да
бірге келген еді. Ол анау сайдың арғы басында, көзге түспейтін жерде
қалып қойды.
— Неге?
— Аса бір қажетті жұмысы бар сенде. Мені де, оны да əкең жіберді.
— Не нəрсеге?— дедім мен, неге келгендерін енді жорамалдай бастап.
— Барған соң айтады ғой Текебай.
— Сен неге айтпайсың?
— Менің аузымның шамасы келмейтін сөз.
— Не қан жауып қапты сонша?..
— Қан əзірге жаумағанмен, енді жауып қалу қаупі бар сияқты. Ол өзгеге
емес, саған жауатын сияқты. «Ағаш бойы қар жауса, жұтамайды сауысқан,
найза бойы қан жауса, шыдамайды туысқан» деген екен бұрынғылар. Ағаң
Текебайдың мал бағудан басқада жұмысы жоқ еді ғой. «Билік-ерлік» деген
істерге сүйресе де бармайтын еді ғой. Ол сенің басыңа жауатын қанды
көргендіктен, туысқандығын білдіріп кеп отыр. Қайталап айтайын, əкең
əдейі саған жіберіп отыр оны. Мен оның атқосшысы ғанамын.
— Ондай қан жауатын болса, əкемнің пана болғысы келсе, Текебайды
жібергенше, өзі неге келмеген?
— Келетін халы жоқ!.. Үйде құр сүлдері ғана отыр!.. Мен саған
ешуақытта жамандық ойлаған кісі емеспін ғой, Бүркіт!.. Шамам келгенше
жақсылық істеуге тырысып келе жатқан кісімін ғой. «Əр ханның тұсында
бір сұрқылтай» депті аталарың. Жасым сенен мүшелге жақын үлкен
болғанмен, мен əкеңнің емес, сенің тұстасыңмын. «Қой асығы демеңіз,
қолға жақсы сақадай, жасы кіші демеңіз, ақылы жетсе атадай» деп
бұрынғылар айтқандай, кішкене күніңнен-ақ «осыдан бірдеме шығар» деп
дəмеленген едім де, жігіттік жасқа жеткеннен, қасыңда сұрқылтайын,
болуға бекінген ем, — деді Қайрақбай ауыр күрсініп,— ол үмітім кəзір
бұлдырланып, мен жүрмейтін жолға түсіп кеттің!..
— Қандай жол ол?
— Оқу жолыңды айтам да,— деді Қайрақбай, тайғақтаңқырап,—
ауылдағы жолың болмаса, ол жолыңа ере алам ба мен?
— Ол емес қой айтқалы келе жатқан сөзің?..
Жүрсейші, анау сайда күтіп тұрған ағаңа! Не екенін сонда естірсің!..
— Сенен неге естімеймін?
- Айттым ғой, «менің аузымның əлі келмейтін сөз» деп. Өтінем,
Бүркітжан, —деді Қайрақбай жалбарынған дауыспен, - қиылып өтінем!..
Жүр Текебайға!..
Қайрақбайды аяп кеттім де,— «жарайды, барайын!» дедім.
Сайға түскен Қайрақбай екеуміз, ұзағырақ жүріп, қалың тобылғының
арасымен (Қызбелдің сайына өсетін тобылғы кісі бойынан асады, одан
біздің ел кішігірім құрық та жасап алады) жақбар тасты жарқабаққа жетсек,
бір қуыста қаңтарылған ат тұр.
- Текебайдың аты,— деді Қайрақбай,— өзі қайда болды екен оның?
Əлде, дəретте отыр ма екен?
Жан-жаққа құлақ тіксек, адам сыбысы естілмейді, Қайрақбай ақырындау
дауыспен «Текебай!» десе, жауап бермейді... Əріректе, жартастың
төбесінде шықылықтаған сауысқан отыр екен. Қайрақбай соған қарады да:
— Жəй шықылықтап отырған жоқ, анау сауысқан, аң ба, адам ба, тірі
бірдемені көріп отыр. Барайық, сол араға!..— деді.
— Əлгінде ғана бір ауылға түсіп, аш өзекке қымыз ішіп аттанған ек,—
деді Қайрақбай, сауысқанға қарай келе жатып,— əрі түн қатып жүрген
адам, тегі, сол тұста ұйқтап жатпағай еді!..
Біз жақындай сауысқан ұша жөнелді. Сол араға таянып барсақ, семіз
беті күп-күрең боп кеткен Текебай шалқасынан далиып, қор-қор етіп
ұйқтап жатыр!..
Соңғы кезде Текебайдың орташа денесі жуандап, жоғарғы ерніне қапқалың қара-сары мұрт өсіп, иегіне де қара-сары сақал тебе бастаған.
Есейгісі келгендей, Текебай сақал-мұртына ұстара тигізбей, уызға тойған
қозыдай байдың бап-байсалды балпиған мырзасы болған да қалған.
Толыққан денесін одан да семіз көрсеткісі келгендей, киімді де қазақша
жəне мол піштіріп, «барын киіп, байлауышын салып» дегендей... бір жаққа
шыға қалса, тəуір киімдерін бойына түгел артып, қобырайып кететін.
Мырзалықтың мəні киімде тұрғандай, салқын уақыттар былай тұрсын,
қайнаған жаздың өзінде үстіне күзен, түлкі сияқты аңдардың терісінен
істеген камзолша ішігін киіп, аяғына байпақты саптама етік киіп, басына ақ
бұйрадан істеген жекей тымақ киіп, терден быршыса да, оларын үстінен
тастамайтын. Мен:
— Мұнысы несі?!—десем:
— Кисін!— дейтін əкем,— «таныған жерге бой сыйлы, танымаған жерге
тон сыйлы» деген, киім адамның жарты бағасы.
Ұйқтап жатқан Текебайға қарасам, сол тымағы, сол ішігі, сол етігі!..
Бетіне шақырая қараған ыстық күннен бе, «ерте іштік» деген қымыздан ба,
күп-күрең, боп, бартиып жатқан бетінде тердің қалың тамшылары шықтай
мөлтілдеп шып-шып тұр!.. Үстінен атпен шауып өтсең де оянар түрі жоқ!..
Оу, бейшара, бай!..
Қайрақбай оны ақырын оятуға ыңғайланып еді, жатқан түріне ыза
болған мен, нақ құлақ түбіне,— «а-ах!» деп, бар даусыммен ақырып кеп
қалдым. Бейғам жатқан Текебай төбесінен жай ұрғандай орнынан шоршып
түсті! Менің қылжақтай түскім келді де есеңгіреген Текебайдың желкесіне
қона қап, басын желбегей киген түйе жүн шекпенінің түрген етегімен жаба
сап, етбетінен алып ұрып, тұмшалаған қалпыммен астыма баса қойдым. Ол
есеңгіреген қалпында мені тонағалы жатқан ұры деп ойлады ғой деймін, өз
дəрмені жетпеуін байқағандай, əлдекімдерден жəрдем күткендей, бар
даусымен, «өлдім!» деп бақырып қоя берді.
— Босат, тұншығып кетер!— деді Қайрақбай.
— Барсын, тұншықса!— деп мен босатпап ем, Қайрақбай белімнен
құшақтап ап, көтермек болды.
Оған да босатпап едім, үстімнен Қайрақбай, астымнан Текебай боп
алысып, бəріміз де арпалысқан қалпымызда түре келдік. Содан кейін
босатқанда, есі кіргендей болған, алқынып ентіккен, тердің манағы
тамшылары бетінен сорғалай құйылған Текебай:
— Өшің бар ма еді, осынша тұншықтыратын?— деді маған едірейіп.
Табан аузында Текебайдың ашулы сұрауына лайықты жауап таба алмай
қалдым ба, əлде, арпалыстан қатты алқынуымнан ба, мен үндемеп едім:
— Аға мен інінің ойындарының жарасуы-ай! — деді Қайрақбай күлген
боп, бірақ, «төбелесіп қалар ма?» деп шошығанын білдіріп, менің де
Текебайды енді ашуландырғым келмей:
— Шақырған екенсің, ағай, келдік хұзырыңа!— дедім күліп.
— Осындай да ойын болады екен!— деді Текебай, əлгі ашулы дауыстың
орнына, енді өкпелеген дауыспен,— өліп кетсем қайтесің, булығып?..
— Одан ауыр салмақ түссе қалай көтересің?
— Рас-ау!— деді Қайрақбай,— ал, енді отырайық та, кеңес бастайық.
Бəріміз де отыра қалыстық. Ешкімде де үн жоқ. Бəріміз де тым-тырыс.
- Отырамыз ба осылай, «үндемес» ойнаған адамша?— дедім мен аздан
кейін.— Бастаңдар, кеңестеріңді!
— Текебай, сен баста!— деді Қайрақбай.
Бұрын да сөзге олақ Текебай, бұ жолы да көсемси жөнелудің əдісін таба
алмады ма, əлде есеңгіреуден есін əлі де жиып болмады ма, былшық басқан
қып-қызыл көзін уқалаудан қолы босамай, ештеңе дей қоймады.
— Сөздерің болмаса, мен кетейін,— дедім өп-өтірік қопаңдаған боп.
— Неге болмасын!—деді онымды рас көргендей Қайрақбай.— Сөзіміз
көп. Қопаңдама, Бүркіт сен! Баста, Текебай, сөзіңді!..
— Өзің бастай бер,— деді ол бұйырған сияқты дауыспен, əлі де есіней
түсіп.
— Ұйқың ашылғанша, бастасақ бастай берейік,— деді Қайрақбай
тамағын кенеп.
— Тыңдадық!— дедім мен орнығып.
— Мен өзімнің емес, Текебайдың сөзін айтам,— деді Қайрақбай.
— Кімнің сөзін айтсаң да мейлің.
Ол сөзін Текебаймен арасындағы сұрау, жауап түрінде бастады:
— Сен екеумізді ғой, Текебай, əкең жіберді!— деді Қайрақбай.
— Рас,— деді есінеген Текебай, аузын тіпті кең ашып.
— «Не өлер, не тірілер жерге жеттік» деп жіберді ғой əкең?
— Əрине...
— «Өлтірудің де, тірілтудің де тетігі Бүркітте» деп жіберді ғой?..
Текебай жауап берудің орнына қор етіп қалғып кетті.
— Өй, сені не албасты басып отыр?!—деді Қайрақбай, Текебайды
нұқыңқырай түртіп қап...
«һа-һа!» деп шошып кетіп, қызарған көздерін бажырайтып кең аша
қойған Текебайға:
— Ұйықта!— дедім мен кекетінді дауыспен,— өлерсің ұйықтамасаң!..
Майға бөккен торай!.. Сенімен қай қырдан асам деп жүр екен əкең?..
— Тілдеме олай!— деп Текебай тағы да аузын баса есінеп, маған
қоқыраңдаған болды.
— Қайтесің оған сұрау беріп?— дедім Қайрақбайға,— өзіме-ақ айта
бер!..
— Бұған да кінə жоқ, əрі ойдан, əрі жолдан қажып...— деп Қайрақбай
Текебайдың қалғып-шұлғуын ақтағалы келе жатыр еді:
— Қоя тұр оны!— дедім сөзін қатты дауыспен кесіп тастап.— Ұйықтай
бер,— дедім Текебайға,— Қайрақбаймен сенсіз-ақ кеңесе берерміз.
Ұйқы расында да жеңіп отыр ма, əлде, бəрібір, «бұл кеңестен ештеңе
өнбейді» деп үмітсізденді ме:
— Сөйтсем сөйтейін,— деп Текебай қалыңдау, биік тобылғының
көлеңкесіне жантая кетті де, қор ете түсті.
— Атасы Жаман осындай ұйқышы деуші еді, салт келе жатып ұйқтап
кетіп, талай рет атынан да құлап түсті дейтін еді, сол марқұмға тартқан да
қойған! — деді Қайрақбай, қорылдаған Текебайға қарап, жымиып қойып.
— Бəріміз де сол Жаманның нəсілі сияқтымыз ғой,— дедім, жаман да
болса атамызды Қайрақбайдың мысқылдауын ұнатпай,— «нəсілі
сияқтымыз» дегеннен, ел арасындағы «Қайрақбай менің əкем Əбеуден
туыпты» дейтін өсекті есіне түсіріп.
— Жақсы болсын, жаман болсын,— əркімнің өз əкесі өзіне емес пе?
Жаман əкесін, біреудің жақсы əкесіне кім айырбастайды?
Қайрақбай да сөйтіп, «жаман əкеден тудың» дегенге қатты
қытықтанатын, кейбіреумен төбелесіп те қалатын. Менің, оған «əкемнен
тудың» дегенді бірінші ескертуім, сондықтан, қатты кідің алған сияқты
кескін көрсетті де, менімен бұрын қатаң сөзге келмеуінен бе, əлде кеңесіп
отырған тақырыптан шыққысы келмеді ме:
— Кеңесімізді бастайық!— деді.
— Мақұл.
— Əкеңнің тапсырған сөздері көп. Оның бəрін қайтадан езгілемей, мен
түйінді жерлерін ғана айтайын.
— Маған да керегі сол.
— Əкең айтады...
— Қоя тұр «əкең» дегенді. Өз сөзің ғып айта бер!
— О да болсын. «Совет өкіметі орнады, бұрынғы рушылдықтың
тамырына балта шабылып, тап тартысы ашылды» дегенмен, елде əлі
«қазақшылық» деген, атап айтқанда «рушылдық» деген əлі басым жатыр
ғой, Бүркіт!
— Білем, оны.
— Өзге дау-дамайды былай қойғанда кеше, советтің ауылдағы бірінші
адамы боп, байларға қас, кедейлерге дос боп, ру тартысының орнына тап
тартысының туын көтеріп шықты ғой Амангелді?
— Рас.
— Сол Амангелдіні ғой, алашорда мен ақтар боп бірігіп қапыда өлтірді?
Жəне «анау-мынау» боп жүрген шағында емес, Торғай уезінде
қызылдардың аузынан жалыны атқан комиссары боп тұрған шағында!
— О да рас.
— Қазақшылықпен бітпесе осы дау бітпеуге керек еді ғой?
— Рас. Бірақ, қазақшылықпен біткен бе еді ол дау?
— Дəл солай!..
— Естімеген нəрсем!
— Қойшы?
— Оллаһи!..
— Нағашың да, əкең де айтпады ма?
— Ешқайсысы да!
— Апырай, ə!..
— Өзің айт, білсең!..
— Жиырма үшінші жылы еді ол. Сол жылдың жазында біздің елге,
нағашың Дəуітов Жақыпбек келген еді ғой, білдің бе сонда, Орынбордан
одан басқа тағы кімдер келгенін?
— Жоқ!— дедім мен құлағымды тіге қап.— Кімдер келді?
— Ахмет Байтұрсынов — бір,— деді Қайрақбай саусақтарын бүге
бастап, Міржақып Дулатов — екі, Сейітəзім Кəдірбаев — үш, Ахмет-сана
Жүсіпов — төрт, Мырзағазы Есполов — бес...
— Мен қалайша көрмедім, оларды?—дедім Қайрақбайдың сөзін бөліп.
— Сен көрмейтін нəрсе көп,— деді Қайрақбай жымиып.
— Қайда жиналды сонда?
— Нағашы, ел аралап қонақтап жүрген шақта, олар Əулиекөлде, яғни,
Семиозерноеда жатты. Бірақ бəрі бірдей қозғалмай жатқан жоқ. Ахмет
Байтұрсынов қана қалада отырды, өзгелері ағайын арасын бүтіндеу
жабдығымен ел аралап кетті. Біреулері, нағашыңмен де талай рет табақтас
болды деседі, сонда неғып көрмедің?
— Көрген жоқпын!..
— Қой!..
— Илан!
— Апырай, ə!— деп Қайрақбай нанарын да, нанбасын да білмегендей
боп, теңселіңкіреп отырды да,— қазақша киініп жүрді деп еді, оларды.
Сонысынан байқамай қалған боларсың?— деді.
— Мүмкін,— дедім мен,— біздің Торғайда не көп, оқыған «қаратаяқ»
көп емес пе? Қазақша киіну сəн болған жоқ па, оларға сол бір тұста?
— Ол сəнді бастаған нағашың, — Жақыпбек емес пе? Қазақша киініп
жүрген жоқ па ол, елге шыққан соң?
— Қазақша киінген қаратаяқтар, нағашымның қасында бірталай болды.
— Кейбіреулерін түстеп көрші, жобалар ма екем!
— Аласа бойлылау, кескінсіздеу, қайқы мұрындау біреу болды;
саңырықтанып мұрнынан сөйлейтін еді жəне ақырын сөйлейтін еді...
— Ол Ахмет-сана Жүсіпов,— деді Қайрақбай,— Міржақыптың
бажасы... Көзге момақан көрінгенмен, барып тұрған жұлынқұрт!..
— Сақал-мұртын қыратын, алтын жақтаулы көзілдірік киген, жыпылдап
сөйлейтін, күлегештеу біреу болды...
— Мырзағазы Есполов!.. Ие, тағы?
— Қалың қара мұртын ернінің ернеуіне тақай қиып зор денелі, қоңыр
кескінді, күрілдей сөйлейтін біреу болды...
— Ол Сейітəзім Кəдірбаев...
— Тағы бір сойдақ тіс, құлағының мүкісі бар сары болды...
— О кім екен?— деп Қайрақбай ойланыңқырап отырды да,
—«қостанайлық қыпшақ» деп еді, ұмытпасам, аты Елдес Омаров шығар?
— Ие, ие!.. Елдес!..
Одан əрі түстеуді қажет көрмей: ,
— Ал, осылардың бəрін қайдан біліп жүрсін?— дедім Қайрақбайға.
— Білгенім,— деді ол,— нағашың мен сен ел аралауға аттанғанның
ертеңіне, əкең бір үлкен саба қымызды нар түйеге арттырып, оны маған
жетектетіп, Текебайға бір семіз байтал жетектетіп, «Əулиекөлде осындай
қонақтар жатыр, мынау солардың қонағасысы» деп жөнелтті, Текебай
екеуміз қонақтарды Əулиекөлден емес, Аманның қалың қарағайының
ішіндегі жан бармайтын алаңға тіккен ақ кигіз үйден таптық. Манағы
атаған кісілер бар, басқалары бар — қаратаяқтың бəрі жиырмадан астам
кісі екен. Ал сəлемдесуге келген, қонағасы əкелген адамдарда қисап жоқ.
Бəрі де байлар мен шонжарлар. Əкеңді жақсы біледі екен олар. Саба мен
байтал оларға екі-үш күн азық болды. Атап отырған адамдармен сонда
таныстым.
— Осының бірін білсем бұйырмасын!— дедім мен қайран қап,— менен
де жасырғандары ма сонда?!
— Қайдам,— деді Қайрақбай иығын көтеріп,— егер, əкең де, ешкім де
айтпаса, солай болғаны да!..
— Өзің неге айтпадың?
— Менде өзімдікі деген ауыз бар ма,— деді Қайрақбай күліп,— менің
аузым — əкеңнің аузы емес пе?.. Соның айт дегенін ғана айтпаймын ба,
мен?.. Айтпа дегенін қалай айтам?
— Маған «айтпа» деді ме, сонда?
— Олай деген жоқ. Қай уақытта тура айтушы еді əкең бұйрығын?..
Айтайын дегенінің алыстан ғана салқынын салып қоймайтын ба еді?..
Түсінікті болмайтын ба еді сонысы, досқа да, дұшпанға да?..
— Ол рас.
— Əлгі жайда да сөйтіп, «ауыздарыңа берік болыңдар!» деді де қойды.
Одан кейін босатып көр аузыңды, мықты екеніңді көрейін!..
— Сөзіңе көш!— дедім мен, ішімнен «менен жасырғаны несі екен?!»
деп ойлап, оларына ренжіп.
— Қандай?
— Неге кепті, сонда, солар?.. Бірақ, маймаңдатып ұзатып əкетпей,
қысқаша ғана түйінін айт.
— Айтсам, он алтыншы жылғы көтерілістен бастап, он тоғызыншы
жылы Амангелді өлтірілгенше, бұл Торғайда қандасу ісі басылды ма?.. Сол
қандасуда талай адамдар өлген жоқ па? Ол өлімдердің ізін тегістемесе, ел
ішінің ұрыс-жанжалы, дау-шары біте ме?.. «Алашорда» дегендер осы даушарды бітіріп, ел мен елді, ағайын мен ағайынды татуластыруға кепті...
— Əлдері келе ме, оны істеуге? Мəселен, менің əкем мен Еркін
Ержановты татуластыру қай құдайдың қолынан келеді?
— Əрине, келмейді,— деді Қайрақбай,— бірақ, олардың татуластырғалы
келіп жүргендері Еркін мен Əбеу сияқтылар емес...
— Енді кімдер?
— Совет тілімен айтқанда, елдің байлары мен бектері, яғни, тағы да
совет тілімен айтқанда,— қанағыштары!..
— Əй, өзің бірталай саяси сауат та біліп қапсың ғой,— дедім
Қайрақбайға күліп,—«қанағыштар» деген сөзді біліп!.. «Қаналушылар»
дегеннің кімдер екенін білемісің?
— Білем.
— Кімдер?
— Күнін зорға көретін кедейлер, жалшылыққа жүретіндер...
— Дұрыс!—дедім мен қарқылдап күліп.— Қайдан біліп жүрсің бұл
сөздерді?
— Білмей, көз бен құлақ жоқ деймісің менде?.. Елде талай жиналыстар
болып жатады. Қатынаспайды деймісің соларға?
— Қайдан қатынасатын боп жүрсің? Бұрын қашатын ең ғой, ондай
жиналыстардан?
— «Қаналушылар» дегендікі емес пе, совет кезіндегі жиналыстар?
Оларға əкеңнің зорлауымен «біліп кел, не десіп жатқандарын!» деп
жіберуімен баратын болдым.
— Не деседі сонда? — дедім жымиып.
— Белгілі емес пе, ондай жиналыстардың сөзі: «Байларды құртайық,
өзіміз өсейік!»
— Бірталай мектеп еткен екенсің онда!—дедім салмақты дауыспен.
- Ол ғана емес өткен мектебім...
— Тағы қандай бар?
— Сенің əкең газет-журнал алғыштардың бірі емес пе?
— Ондай əдеті бар.
— Маған əкең, əуелі үйіне келген газет-журналды «Біліп отыр, дүниеде
не боп жатқанын!» деп еріксіз оқытты да, артынан дағдыланып кеттім...
— Е-е-е, Қайрекем-ай, бұғып жатып өндіріп жүр екенсің ғой бəрін!..
Саған «қысқа сөйле» деп, өзім сұраулар беріп ұзартып əкеттім ғой,
сөздеріңді...
Сонымен,
əлгі,
Əулиекөлге
жиналды
деген
алашордашылдардың не тоқтамға келіп тарасқанын білесің бе?
— Білем.
— Ие?
— Өзара ұзақ сөйлесе кеп, əр елден де талай кісілер өлгенін айтыса кеп,
жалғыз ғана адамға, өлтірушілер жағынан құн төлетті.
— Кімге?
— Амангелдіге!
— Неге?
«Амангелдіге де құн төлейміз» деп өлтірушілер жағы ырың-жырың
болған шақта, Міржақып отырған орнынан ұшып түрегелді де, «төлейсің!
—деді ақырып,— төлеттірем!.. Саған ғана төлеттіріп қоймаймын, өзім де
үлес қосам, құнға!.. Осында, Əбдіғаппарды, басқаларды айтып
отырсыңдар, «оларға неге төленбейді, құн?» деп. «Əбдіғаппар», уақытында
«Əбдіғаппар». Оның бүкіл Қыпшақтың байы болғаны да, бұрын болыс,
кейін ханы болғаны да рас. Бірақ, кімге керек сенің Əбдіғаппарың кəзір?..
Сондықтан, құн төленді не оған, төленбеді не?.. Ал, Амангелдіге келсек,
оның құнын төлемей көріңдерші, не болар екенсіңдер?.. Туысқандары
күліңді көкке ұшырады!.. Жермен-жексен ғып жібереді!.. Бүкіл АрғынҚыпшақтың игі жақсылары түгел жалынып, туыстары оны істетпей
отырғанда, шалқая кеп шіренесің!.. Өңгені білмесең де, өлеріңді білсейші!..
Өзгеге жаның ашымаса да, өзіңе ашысайшы!.. Егер, өсер мал, өсер бас
керек болса, тастаңдар ондай тоңмойындықты!.. Беріңдер, ел ақсақалы
кескен құнды!» деді. «Жарайды» десті өлтірушілер, бұл сөзден тосылып.
— Не құн кескен екен сонда?— дедім мен.
— «Қасым ханның қасқа билігінен, Есім ханның ескі билігінен, ƏзТəукенің жеті жарғысынан» деп кескені үш ердің құны.
— Бір ердің құны қанша болады екен?
— Абай айтпай ма: «алты жақсы, жүз жылқы болған құны» деп? Қазақта
«ердің құны» деген сол екен ғой.
— «Жүз жылқы» дегені түсінікті. «Алты жақсы» дегені не екен?
— Кілем, ішік, құндыз сияқты асыл нəрселер екен.
— Aha... Сонда он сегіз «жақсы», үш жүз жылқы төлегені ме
Амангелдіге?
— Айтылуы сол болғанмен, алынуы бір-ақ, ердің құны болды. Бір ердің
құнын аруаққа кешті. Енді бір ердің құнын «алаш» азаматтарына кешті...
Сөйтіп, басы таудай болғанмен, аяғы шонтиып қалды.
— Шонтимайды,— дедім мен.— Таудан да үлкен болады əлі, оның арты.
— Қалай!—деді Қайрақбай түсінбей.
— Амангелдінің кегін туыстары кешкенмен, манағы өзің айтқан
қаналушылар кешпейді. Олар саналана түскен сайын, Амангелді сияқты
адал жəне ер ұлдарын өлтіргендерге кектене түседі, оның аты,—
қанаушыларды түп тамырымен түгел құртуға барып соғады...
— Ол менің ақылым жетпейтін нəрсе,— деді Қайрақбай,— өз сөзіме
көшейін мен.
— Ие, сөйт!
— Көшсем: сол бітімнен кейін, бұрын шабысып отырған ел арасы
тиышталып кеп еді, енді қайтадан бүлінгелі тұр.
— Неге?
— Ашығын айтқанда, оған себепкер — сенсің!..
— Қалай?
— Бəтесті аламын дегенің пəле болды. Анау Сасық дегеннің үй іші де,
өзі де сасық болғанмен, салмағы сасық емес екен. О заманда байлық əкете
беретін еді, бұ заманда да байлық əкете береді екен. Бай неме, байлықпен
ауыздарын алып тастаған ба, немене, аз руы — тоқсан екі баулы Қыпшақ
түгіл, алты арыс Арғынның да игі жақсыларын Сасық қаратып алып, бəрі
жиналып, Бəтес жайында əкеңе салмақтарын са-ле-е-еп жатыр.
— Не дейді, салмақ салғанда?!..
— «Балаңды Мəмбеттің қызын алам деген райдан қайтар, содан кейін
Арғын-Қыпшақтың бар қызынан таңдау береміз жəне қалыңсыз бергіземіз;
оны істей алмасаң, бізге өкпелеме» дейді.
— Хош, мен «ақсақалдардың тілін алайын» дейін, «Бəтестен безейін»
дейін, сонда, əйелдің басына бостандық боп тұрған заманда, менен
айырылған Бəтес, «Сасықтың, баласына бармаймын» десе не істейді?
— Тіпті, сол қызды баласына алдыруға Сасық құмар да көрінбейді,
баласы да құмар көрінбейді.
— Ендеше, немене істеп отырғандары?
— Сол қызды саған алдырмау, содан кейін кімге кетсе де бейіл сияқты.
— Ə-ə!..— дедім мен түйіліп ап,— олар қарысса, мен де қарысам, сонда
не істейді?
— Ойбай, оны айта көрме!— деді Қайрақбай шошып кетіп.— Əкең
Текебай екеумізді, саған осы сөзді айттырмаудың қаразын істеңдер деп
əдейі жіберді. Сақалынан жасы шұбырып отырып саған жолдаған сəлемі:
«Өзің емес, мені аясын, шешесін аясын, момын ағасын аясын! — деді; егер
Мəмбеттің қызын алса, Арғын-Қыпшақтың бар ақсақалы жиналып, бізді
түп-тұқиянымызбен құртып жібереді» деді; «осы апатқа Мəмбет те
ұшырайды» деді...
— Не істейді дейді, сонда?
— Қызық екенсің ғой, Бүркіт, сен!— деді Қайрақбай кейіп, «не істейдің»
не?!.. Жалғыз «көп дүкенді» жеудің өзі əкең мен Мəмбетті су түбіне кетіріп
жатқан жоқ па?.. Нанбасаң, Бəтес екеуің қосылып көріңдерші, не болар
екен, олар!..
— Не болады?
— Əкеңнің де, Мəмбеттің де үстінен арыздар жауады да кетеді. Бəрі де
дəлелді арыздар болады. Сол арыздардың өзі-ақ ол екеуін тұншықтырады.
— Оған амалым қанша!— дедім мен демімді ауыр ап,— Бəтесті
алмағанмен де жауғалы тұрған арыз ғой ол. Кəзір де жауып жатпағанын
қайдан білесің?
— Жоқ, жауған жоқ. Əр елдің ақсақалдары, өз аулындағы арыз берем
деушілерді, «істің артына бағайық» деп ұстап отырған көрінеді. «Іс» дегені,
— Бəтес пен сенің қосылу, қосылмауың. Қосылмадың тиыштықты, ал,
қосылдың бар ғой, ұшынды!.. Одан əрі ешкім ешкімге ие бола алмайды,
барлық салмақ Əбекең мен Мəмбетке түседі де, екі сорлы жаншылады да
қалады. Осыны ойланшы, Бүркіт!..
— Бұл менің алдақашан ойланған нəрсем, Қайреке! Бұрын да айтқам, əлі
де айтам, шын сүйіскен Бəтесті, қанаушылардың талап жеуіне бере
алмаймын!..
Тегі, манадан бері икемге келіп отырған менің түсім суып кетті ме,
немене, сөзіне көндіруге шамасы келмеуін байқағандай, Қайрақбай:
— Текебай, ояншы!— деп жұлқылай бастады. Ыңырсып оянғысы
келмеген Текебайды Қайрақбай еріксіз тұрғызды.
— Есің дұрыс па?— деді, əлі де есінеп ұйқысын аша қоймаған
Текебайды, иығынан ұстаған Қайрақбай қаттырақ сілкілеп.— Сөзге кеп пе
ең осында, ұйқыға кеп пе ең? Күнісіп отыра береміз бе, далада? Сөзімізді
тиянақтайық та кетейік!
— Тиянағы сол,— дедім мен,— Арғын-Қыпшақ түгіл, бүкіл қазақтың
ақсақалы жабылып айтса да, бүкіл Россияның, тіпті, бүкіл жер жүзінің
ақсақалдары жиналып кеп айтса да, Бəтесті алу ниетінен қайтпаймын!
— Өй, не дейсің?!—деді Текебай, үстіне суық суды құя салғандай
ұйқысы ашылып кетіп.— Əкесінің сөздерін түгел жеткіздің бе?— деді ол
Қайрақбайға.
— Жеткіздім.
— Қайрақбайдан сөз қалған жоқ,— дедім мен.— Менің енді, əлгіден
басқа айтарым жоқ.
— Болмас ол!— деп келе жатқан Текебайға:
— Болғаны да, болмағаны да осы! Əкеме осы сөзімді айта барарсыңдар!
—деп тұрып жүре бердім.
— Əй!.. Қайда?!..— деп Текебай етегіме жармаса кетті. Ол да тірі жан:
тартынғаныма босатпап еді:
— Тартпа!— дедім мен, жекіп,— айтқым келмеген сөзді зорлап
айтқызамысың?
— Зорламаймын!.. Жалынам!..— деп Текебай аяғымнан құшақтай алды.
— Құшақтама!— дедім Текебайды итеріп жіберіп.
Шалқасынан түскен Текебай, оңала сала, жыламсыраған кескінмен:
— Қарағым!.. Бауырым!—деп келе жатыр еді.
— Жылама да, жолама да!— дедім мен ақырып,— өлсең ұл боп өл, құл
боп өлме!..
Бұл сөзім Текебайдан гөрі Қайрақбайға батты ғой деймін, маған ұмтыла
берген оны ұстай алды да:
— Рас айтады Бүркіт!.. Қабың да бір, сабың да бір, қаны бірге
туыссыңдар. Көнбейтінін көре тұрып, несіне құл боп жалбарынасың?..—
деді.
Мен жөнеле бердім. Қайрақбайдың сөзін тыңдағандай, Текебай оның
құшағында қалшиып қатты да қалды.
Мен «бұл сөз осымен бітті» деп ойласам, бітпеген екен. Жіберген
милициямыз Бəтесті əкеле алмағаннан кейін, Еркінді, Найзабекті, тағы
біреулерді ертіп Бəтеске өзіміз жүргелі жатқанда:
— Былай шығып кетші!— деді маған бір таныс адам. Оңашаланған
маған:
— Əкең күтіп отыр анау сайда!— деді ол.— Жүр, алып барайын!..
Мен не дерге білмей кідіріп қап ем:
— Басқа емес, əкең,— деді ол,— бармауың ұят болар!..
— Жақсы, барайық,— дедім.
Сайда жалғыз отырған əкемнің сөзі қысқа болды.
— Текебай мен Қайрақбайға айтқан сөздеріңді түгел естідім,— деді ол,
— бұрынғылар айтқан екен: «Ораза, намаз болмаса, бейісті қайдан көресің,
ұл мен қызың болмаса, кейісті қайдан көресің» деп. Сол айтқандай, талай
кейісті көрсеттің, балам. Əйткенмен, менің атым —«əке», сенің атың —
«бала». «Əкенің көңілі балада, баланың көңілі далада» депті. Сенің көңілің
далада жүргенмен, кеудеме талай рет тепкеніңмен, əкелік жүрегім шыдамай
келіп отырмын. Ырайға келсең келдің, келмесең, ақтық көрісуіміз болар
бұл.
— Тағы не айтарың бар? — дедім мен келтесінен.
— Бар, айтарым.
— Естиік, оны да!
— Естісең: «Құс баласы үшін торға түседі, балық ауға түседі» депті.
Мен-ақ құрмалдық болайын, жолыңа. Сонда, мені құрмалдыққа
шалғаныңмен, мақсатыңа жете аларыңа көзің жете ме?
— Қандай мақсатты айтасың?
— Сенің кəзір, Мəмбет-қожаның қызын алудан басқа мақсатың бар ма?
— Бар болсын, жоқ болсын, екеуміздің
тақырыбымыз ол емес, əке. Айтатын сөзіңе көш.
бұл
арада
сөйлесер
— Көшсем, əке-шешені, туысқанды, ағайынды, дос-жаранды жолыңа
құрмалдыққа шалуға бел байлағаныңмен, бұл қызды сен ала алмайсың!
— Неге?..
— Сен алам дегенмен, қыз саған тимейді.
— Неге тимейді?
— Тисе, кеше жіберген милицияңа еріп келе қалар еді ғой?
— Келмеуі, қазақшылықтан. Яғни, əке-шешесінен шыға алмауынан...
— Қашан шығады деп ойлайсың, ол қазақшылықтан?
— Өзім барсам шығады!
— Мəһ, «шығады!» — деп əкем маған қолын шығарды.
— Ондай əдепсіздікті көрсетпе, əке!— дедім мен ашулана қап.
— Күйіп кетсем, көрсетпегенде қайтейін!— деді əкем.
— Неден күйесің?
— Неден? — деді əкем ызалы күлкімен,— мені қойшы! Мен асарымды
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Мөлдір махаббат - 31
  • Parts
  • Мөлдір махаббат - 01
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2194
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 02
    Total number of words is 3954
    Total number of unique words is 2195
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 03
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2078
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 04
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2151
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 05
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2174
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 06
    Total number of words is 3802
    Total number of unique words is 2135
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 07
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2222
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 08
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2322
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 09
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2265
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 10
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2261
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 11
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2189
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 12
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2137
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 13
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 14
    Total number of words is 3943
    Total number of unique words is 2300
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 15
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2113
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 16
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2193
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 17
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2164
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 18
    Total number of words is 3983
    Total number of unique words is 2182
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 19
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2122
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 20
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1990
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 21
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2107
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 22
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2099
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 23
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2193
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 24
    Total number of words is 3877
    Total number of unique words is 2067
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 25
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 1992
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 26
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 1993
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 27
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2109
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 28
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2033
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 29
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2036
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 30
    Total number of words is 3688
    Total number of unique words is 1955
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 31
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2038
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 32
    Total number of words is 3762
    Total number of unique words is 1952
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 33
    Total number of words is 3674
    Total number of unique words is 2045
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 34
    Total number of words is 3671
    Total number of unique words is 1987
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 35
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2028
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 36
    Total number of words is 3776
    Total number of unique words is 2082
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 37
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2200
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 38
    Total number of words is 534
    Total number of unique words is 407
    49.2 of words are in the 2000 most common words
    63.3 of words are in the 5000 most common words
    70.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.