Latin Common Turkic

Мөлдір махаббат - 14

Total number of words is 3943
Total number of unique words is 2300
34.4 of words are in the 2000 most common words
47.7 of words are in the 5000 most common words
54.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сондықтан одан бөлінемін» деп арыз беріпті.
- Сот сеніп пе сол арызына?
- Судья өзінің ескі досының бірі көрінеді. Молда-ағама «арызды осылай
бер» деп үйреткен өзі көрінеді. Содан сот ол үйді екіге бөліп, барлық
малын қақ жарған да тастаған. Сонымен малдары тұтас тұрған бұрынғы
шағында үстеме салыққа ілеккен ол үй, екіге бөлінгеннен кейін ол
салықтан құтылған...
- Үйлері бірге ме, басқа ма?
- Байқамадың ба, үлкен үйдің аржағындағы кішірек қоңыр үйді? — Отау
сол.
- Əһə!.. Сонымен, шынымен бөлініп кетті ме бұлар?
- Бала екенсің ғой тəйірі! — деді Қалиса кейіп,— үкіметке жасаған
қулығы емес пе? Сырты бөлек, іші бірге...
— Түсінікті. «Үлкен үйінде» кім қалды, бар жаны жолаушылап
кеткенде?
— Тоқал мен Кəкежан.14 Отауға өзің білетін жалшы Қайназар қонып
жүреді.
— Олар неге көрінбейді сыртта?
— Тоқалдың жұмыстан қалжырап жүретінін білесің. Екі сауынның
арасында мызғып алса, бір жыл тыныққандай болмай ма, ол байғұс? Биені
сен келердің алдында ғана сауып қайтқан, дем алып жатқан болу керек.
Кəкежанның маубас екенін білесің. Шалшы түсте бір ұйықтап алмаса
көңілі көншімейді. Жатқан болар, əжесінің төсегінде далиып. Қайназардың
қайда екенін білмеймін.
Жəнияның Бəтеске туған шеше екенін білетін мен, оған аздап іш
тартатынмын да. Бəтесті менің жақсы көруімді сезетіндей, ол да маған
жылушырайтын. Жəне үнемі жұмыс басты боп үндемей жүргенмен, тілдесе
қалсаң ақыл иесі адам екендігі байқалатын. Сондықтан ас піскенше оған
амандасып келмек болдым да, тысқа шығып кеттім. Қалиса ас жабдығымен
үйінде қалды.
Жəнияны үлкен үйінде болар деп кіріп барсам, жан адам көрінбейді. Оң
жақта шымылдық түсірулі тұр. Оның, ішінде əлдекімнің сыбдыры мен
сыбыры сезіледі. «Біреу бар ма?» дегендей, шымылдықтың аяқ жағынан
қарасам, жамылған көрпе астынан əлдекімдердің аяғы көрінеді. Сол арада
бейбастақтығым ұстап кетіп, көрпені жұлып алсам астында Кəкен мен
Мүсəпір жатыр!.. Олардың, орнына өзім ұялып қалғандай болдым да,
көрпелерін қайтадан айқара жаба сап:
— Өй, иттер-ай! — деп шығып кеттім.
Есіктен мен шыға бергенде, отаудың есігінен Жəния да шыға берді:
киім-кешегі де, кескін-кейпі де баяғы қалпынан өзгермеген.
— Келгеніңді көрдім, Бүркітжан, — деді ол маған қарсы жүріп,—
алдыңнан жүгіріп шығатын Ақботаң15 болмаған соң «не бетіммен
көрінейін» деп, жүгіріп шыға қойған жоқпын. Сағындырып көрініп тұрсын,
келші, киімімнен жеркенбесең бауырыма басайын!..
Ол да мені құшақтай алды, мен оны құшақтай алдым. Не деген
мейірімді жылы құшақ еді!..
Осы қалпымызда ұзақ тұрып қалар ма ек, қайтер ек; егер Қалисаның
шақырған даусы естіле қалмаса!..
Құшағымызды жазсақ, Жəнияның көзінен жасы тамшылап тұр екен.
Менің де көзіме жас кеп қалды.
— Амалсыз кетті,— деді Жəния көйлегінің жеңімен жасын сүртіп.—
Артына алаңдап кетті. Сағынғаны керемет!..
Одан əрі кеңесуге Қалиса таянып қалды.
Қалисаның асын ішкеннен кейін, бұл ауылдан салт түрінде алған
ылаумен Мүсəпір екеуміз жүріп кеттік. Мінген аттарымызды ілгергі
ауылдан алып қайтпақ боп, қасымызға құнан мінген ересектеу бала ерді.
Көптен салт мінбеген біз шауып көрсек, Мүсəпірге тиген ат ұшқыр, менің
атым шоқалақ. Жарысқанда артта қалуға намыстанғаным ба, əлде
жатырқап қалуым ба, біраз жер тақым жазғаннан кейін мен атымның басын
іркіп аяңға түсірдім. Ұзаңқырай озып кеткен Мүсəпір мені ойқастай шауып
тосып алды. Құнанымен соңымыздан далақтап шапқан бала, маған
Мүсəпірден бұрын жетті. Ол өзі бір қу шеке зəршөт екен, Мүсəпір
келгенше қулық айтып мені біраз күлдірді.
Аяңдап қатар жүре бастаған Мүсəпірмен қалжыңдасқым кеп, манағы
Кəкенмен екеуінің үстінен түскенімді айтып ем, былайша сабырлы мінезді
жігіт сияқтанып жүретін оның жатып тұрып ашуланғаны бар емес пе?.. Бір
ашуланып алса, көпіріп болмайтын көк долы екен ол. Сонысына мен де
қития қап, екеуміз ал кеп ұрсыс!.. Сөйтіп келе жатқанда, Бəтеске тілі тиіп:
- Оны да Кəкеннен кем қап жүр дейсің бе?— дегені!..
Періштеден таза көріп жүрген Бəтесті бұлай деуі, кеудемді оқтай атып
жіберіп, лап ете қалған намыстың екпінімен:
- Не дейсің?! — дедім, арамыз құлаш бойындай алшақтау келе жатқан
Мүсəпір жаққа атымның басын икемдей беріп.
- Дегенімді естімедің бе? — деді ол, мені жақындатқысы келмегендей
атын тебініп.
- Мəс-саған «естіген»!..— деп атымды тебініп жіберіп Мүсəпірді
жылысып үлгергенше, қолдағы жуан қамшымен бастан айқыра тартып кеп
жібердім!..
Тағы да тартып жіберуге сермеген қолым, Мүсəпірге жетпей қалды, аты
жүйрік ол озыңқырай берді. Сонда да жібергім келмей, атының қолым
іліккен құйысқанынан шап бере алып, құйымшақ тұсына қонып қалдым.
Тарпаңдау ат үркіп мөңкімегенде, əрі қарай да жылжып үлгірер ме едім,
қайтер едім, оныма «тəңірім» дес бермей, сырғып түстім де қалдым!..
Жалма-жан құлаған қалпымнан оңала беріп, орағыта шауып жақындаған
Мүсəпірдің кескініне көзім түссе, самайынан жолақтана аққан қаны иегінен
шұбырған екен. Айбат шегіп анадайдан тоқтаған ол:
— Ішің күйсе тұз жала! — деді маған, бетінің қанын алақанымен сүртіп,
анадайдан айғай сап,— оған да менің қолым сенен бұрын жеткен!..
Ол атының басын кілт бұрды да, құдита шауып тартып отырды.
— Қап, əттегене-ай! — деп өкіндім мен,— аттың нашары-ай!..
Əйтпегенде, екеуміздің біріміз ғана тірі болатын ек!..
Амалым құрып тұрған маған, серік бала атымды ұстап əкеп берді. Оған
дейін Мүсəпір алыстап кетті...
6. СҮЙГЕН — СҰЛУ
Ауылға келсем, екі жылдың ішінде, бұрынғыдан əлдеқайда тəуірленіп
қапты. 1923 жылы, «бірыңғай шаруа салығы» деген заң шыққанын, ол заң
бойынша, кедейлер салықтан түгел босап, «үстеме салық» деген атпен,
байлардың үкіметке берері көбейгенін білетінмін. Онда жаңа ғана басталып
жатқан бұл шараның, ауылдағы нəтижесі енді ғана айқын көрініпті. Əрі
салықтан босаған, əрі «қарыз серіктігі» деген атпен ашылған ұйымнан
қарыздай ақша алып, оны ауыл шаруашылық машиналарына төлеген
кедейлер, мен көрмеген екі жылдың ішінде тұрмыс жағынан бірталай
күшейіп апты.
Кедейлердің жəне бір жетістігі — былтырдан бері елде «Қосшылар
одағы» деген ұйым құрылып, байлар кедейлерді, тек, осы ұйым арқылы
шартпен жалдайтын бопты. Одақтың біздің, болыстағы председателі, бізге
белгілі — Сақтаған Сағымбаев. Өткен қыс, Торғайда алты айлық батрактар
курсын өткен ол, бұрынғы шала сауаттылығынан арылып, кəзір қағаз
жазғанда, қолы сумаңдап кетеді деседі. Заң-закүнді де жатқа соғады дейді.
Ол жалшылар мен байларға шарт жасаттырумен ғана қанағаттанбай, əлде
не заңға сүйеніп, жалшылардың байларға соңғы он бес жыл ішінде сіңген
еңбегінің төленбеген ақысын алып береді екен. Менің өз үйімнен ғана,
баяғыда тұрып кеткен бір жалшылар, Қосшылар одағы арқылы он бес қой,
екі өгіз, бір түйе, бір ат алған...
Осындай қыспаққа түсе тұра, байларың да қарап жатпапты. Мен
Орынборға кетерден бір жыл бұрын, біздің Торғай уезі Қостанай
губерниясына бағынған. Байлар Қостанайға сабасын арта, тоқтысын баса
барып, заң орнында қызмет атқаратын біреулермен астыртын танысады
екен де, сыйға құнықтырып, дегенін істетіп қайтады екен. Мəселен,
малдарын салықтан жасырғандығы үшін, үстеме салығын кезінде
төлемегендігі үшін, заң бойынша мал-мүлкі кəмпескеленіп, өзі əлденеше
жылға сотталатын Сасықты, əлдекімдер ретін тауып бұл апаттан
құтқарған...
Менің əкем де қосшылар одағынан қулығын асырған сияқты. Көшпелі
ауылда салық малға түсетін болғандықтан, ол ең əуелі, малдарының санын
азайтып, сапасын көтеруге айналыпты. Мəселен, ол бұрынғы екі-үш
айғырдың үйіріне жетіп қалған қазақы жылқыларын бір-ақ айғырдың
үйіріне түсірген де, өткен жылы əлдеқайдан арғымақ айғыр əкеп, биылғы
оншақты құлынның бəрі содан туған. Бұл айғырды əкем, қазақы бес
айғырдың құнын төлеп əкелген екен онда да, губерниялық жер бөлімі
арқылы үкіметтің жылқы заводынан алған. Қолдан алса, ақша жетер мал
емес. Жəне өзі де арғымағым-ақ: шоқтығына биік кісінің қолы əрең жетеді;
тазы ит сияқты денесінде бір де арам ет жоқ, — сып-сидам, даладай
омырауынан адам жүгіріп өтерлік, күдірейген сандары күпшектей, келтелеу
жұқа құйрығы қынаптан суырған қылышқа ұқсайды, жаясының
жалпақтығына құлаш əрең жететін, сауырына адам төсек сап
ұйықтарлықтай, жалы сұйықтау біткен, мойны қаздай иіледі, жыланға
тартқан жіңішке басы мен мойнын жалғастырған сағағы алманың
сабағындай үзілгелі тұр, сүп-сүйір құлақтары төбесінде біздей
шаншылады, үлкендігі қарғаның жұмыртқасындай қара көздері томпайып
сыртына тебеді, делдиген кең танауына үлкен кісінің жұдырығы жүгіріп
кеткендей, алдыңғы аяқтарының тіктігі қаққан қазықтай, артқы аяғының
тірсектері жолбарыстың тірсегіне ұқсап маймиып жатыр... Бұл жануардың
құлындары да өздеріне тартып, туғанына төрт-бес-ақ ай болған олар,
қазақы жылқының тайындай...
Сиырды да əкем асылдандыруға айналып, əлдеқайдан биыл «герефорд»
аталатын, үлкендігі атан түйедей қоңыр қасқа бұқа əкепті. Онысы сұмдық
сүзеген екен. Егер бос жіберсе, көрінген мал мен адамға ұмтылып жарып
тастайтын болған соң, мұрнына таққан бұйдадан танауын жырып босана
берген соң, басына қалың қайыстан қабаттап тіккен ноқта жасатып, бауын
жуан шынжырдан тағып, арқандап ұстайды екен, маңына Текебайдан басқа
жан жолай алмайды екен. Біздің үйдің барлық сиыры да биыл осы бұқадан
ғана шыққан. (Əкемнің бір қызығы, «ырысым кетеді» деп, арғымақ
айғырынан да, асыл тұқымды бұқасынан да басқа адамның малына тұқым
бергізбейді екен). Бұл бұқадан өрбіген сиырлардың еті қазақы сиырдан екіүш есе ауыр болады, сүті де соншама мол болады деседі.
Торғай елінің малын асылдандырғысы келген кейбір байы биязы жүн
қошқар əкелгенде, əкем «біздің араға ондай қой төзбейді, терісіне қаудың
инесі қадалып, қотыр боп өледі» деп алмаған. Сол сөзі расқа шығып, биязы
жүнді қошқарлар өліп жатыр деседі...
Мал шаруасын осы бағытпен өсіруге айналған əкем, «салығы көп
болады» деп егін салмайды екен. Оның тағы бір тапқан қолайлы ісі —
Қостанайдағы «Сельпромсоюз»16 аталатын мекеменің бастығымен
танысып апты да, елде сол союздың «многолавка»17 аталатын бөлімшесін
ашып, өзі оған бастық бопты. Мəмбет пен əкемнің арасындағы сауда
достық осыған байланысты екен. Мəмбет многолавканың бір ірі бөлімін
басқарады екен. Əкеме сауданың, пайдасы аз уақытта ғана көрініп, көп
жылдың бойына сергелдең жолдың бойымен қаңғырып киім-кешектен,
төсек-орыннан, ыдыс-аяқтан жүдеген біздің үй, сыртына аппақ сүттей кигіз
жамылумен қатар, кəзір жасау-жиһаз жағынан да, киіну жағынан да
қазақтың ең салтанатты байына таласарлық.
«Біздің үй» дегенім кəзір екі үй екен: өзіміздің бұрынғы үй жəне
Текебайдың отауы. Əкем оған өткен жылдың жазында бір байдың қызын
отаулап əперген екен. Жеңгеміздің аты — Бықия. «Қызы едің сен бір
байдың етпей жүрген» дегендей, үйінде жасаңқырап отырған: тапалтақтау,
семізше денелі, толған айдай дөңгелек жүзді, сарғылттау шашты, ақ
сарғылт қасты, үлкенірек шағыр көзді бұл ақсары əйел, түскеніне жылдан
əрең асқанда, өзіне тартқан бір қызды тауып, енді біреуін, кəзір іші
білінерлік дəрежеде көтеріп үлгеріпті. Жап-жас келіншек бола тұра, иіс
алмас салақтың өзі екен. Мына қалпымен бұл баланы үсті-үстіне лөкілдетіп
таба беретін, біраздан кейін бала басты боп, етегін жинай алмайтын
«салдыбалақ сары қатынның» өзі болуында сөз жоқ!.. Со қалпымен
сөзуарлығына, боғауызшылдығына не берерсің, қасына жолауға, жоласаң
қалжыңдасуға болмайды, қылығына қарай қылық көрсетейін десең, сенен
əлдеқайда асып түседі!.. Құдайым маған мұндай қатынды тап қыла
көрмесін!..
Текебай қызық: бұдан екі жыл бұрын ғана талдырмаш бойлы жас жігіт,
кəзір сүтті саулықтың қозысындай бұлтиып, жұп-жұмыр, топ-томпақ боп,
кіндігінің түбі көтеріліп семіре қалыпты. Біздің Торғай елінде,
революциядан бұрын, ілуде біреу болмаса, сақал-мұртына ұстара тигізбейді
екен, сондықтан, кейбір түкті жастар жиырмаға кірген соң-ақ қап-қара
сақал-мұрты бар байсалды еркек боп көрінген. Біздің қалмаққа қараған
тұқым түк жағына онша бай болмаған, аталарымыздың да сақалы аз жəне
сұйық екен, əкемнің сақалы да сондай. Текебайдың мен оқуға кететін кезде
қара түбіттеніп тебіндей бастаған сирек сақал-мұрты кəзір бірталай ұзарып
қапты, бірақ ол, ешбір қылына пышақ тигізбей, өскенінше еркіне жіберіп,
түсі жасамыс жігітке ұқсап кетіпті. Ол əлі де үй шаруасын бағады екен де,
сауданы əкесі ғана жүргізеді екен.
Ағам мен жеңгемді сипаттаймын деп, үйлерімнің жасау-жиһазын
сипаттауды ұмытып барады екем: біздің екі үйдің де жастық-көрпесі
бұрынғыдан əлдеқайда көбейген, жастықтар мен құс төсектердің көбі
барқытпен тысталып, оның сыртына ақ наволочка18 кигізілген, босағаларға
ақ масаханалар құрылған, сəнді ыдыс-аяқтар да молайған. Бірақ, бұлар
күтім жағынан екі үйде екі басқа: үлкен үйдікі тап-тұйнақтай жиналып
кіршіксіз таза ұсталады екен, отаудікі — кір-қоң...
Біздің үйде жасалып жатқан байлықтың негізі жұртты жеу екен:
дүкеннен жұрт керек-жарағын борышқа алады екен де, кезінде төлей
алмағандар «пение» деген пəлені төлейді екен, онысы, күні асқан
борыштың, ай сайын үстемелене, өсе беруі. Қазақша атын «секіртпе»
қойып алған осы үстеумен, əкемнің бір темір күрекке бір қой алған, бір
тақта кірпіш шайға бір ту сиыр алған күні бопты. Осыншама мол
«секіртпені» қазынаға түсірген боп, əкемнің өзі де арасынан мол асап
қалады екен, тез баюы содан екен.
— Мұның қалай?!—десем:
— Байлар да төлеп жатқан жоқ па, балам, үстеме салықты? Оңын,
мөлшері бұдан əлдеқайда көп. Кəзір кедей салық төлемейді. «Секіртпе»
төлесе, алған нəрсесі үшін. Төлегісі келмесе алмасын!..
— Қалай алмайды, əке?.. Бұдан басқа жерде алатын бұйым бар ма?
— Оған мен жауапты емеспін, өкімет жауапты...
— Бұ да жауапсыз кетпес, əке!..
— Оны кезінде көрерміз. Əзірге «əліптің артын баға тұрармыз».
Бай үйімнің мол дəулетін «ұрттап ішіп, шайқап төгіп» дегендей, мен
айдан артық уақыт жаттым. Бəтес жағына құлақ түрсем, келетін сыбысы
естілмейді. Күте беруге уақыт қысып барады: аз күнде Тəшкенге жетіп,
оқуға орналасудың қамын жасауым керек. Сонда не істеу керек? Бəтестің
соңынан қуып баруға ма? Онда не бітірем? Үкімет күшімен босатып алуға
Бəтес əлі заң жасына жеткен жоқ, əрі алып кетуге көнсе дұрыс, көнбесе
ше?..
Осы жəйімді, біздің елге Болыстық Атқару Комитетінің председателі
болып жуырда келген Еркін Ержановқа жолығып ақылдасып ем:
— Оқуыңнан қалма, шырағым,— деді ол.— Аттана бер. Кемелді жасына
келгенше қызды ешкімнің киіп кетпеуіне мен кепіл болайын. Одан арғысын
өздерің біле берерсіңдер.
Осы сөзге сендім де аттанып кеттім. Жолшыбай Ақмешітке соқсам, ана
жылғы көргенімнен бірталай өзгерісі боп қапты. Ең алдымен, жуық арада
ғана бұнда Қазақстанның бесінші совет съезі етіп, сонда қаланың атын
Қызылорда деп өзгертіпті. Содан кейін Қазақстанның астанасы болатын
бұл қалаға, мен барған кезде республикалық мекемелер көшіп кеп орналаса
бастапты. Нағашым Жақыпбек Дəуітов те көшіп үлгерген екен. Мен барған
кезде Қызылордада «Ауыл тілі» атты газет шыға бастапты: редакторы —
Қазақстан орталық Атқару комитетінің бесінші съезде сайланған
президиум председателі — Елтай Ерназаров, нағашым соның əдебиеттік
жəрдемшісі боп орналасыпты.
Нағашыма:
— Елтай журналист пе екен? — десем:
— Болмаса болады да! — деп күлгеннен басқа жауап бермейді.
Мүсəпір Қызылордаға менен бұрын жетіп, «Ауыл тілі» газетіне
қызметкер боп орналасыпты. Мені ол нағашыма шағыстыра барған екен.
Нағашымның бұл жөнде ұрсып айтқан сөздерін түгел тыңдадым да, бұл
керістің қайдан шыққан себебін баяндап бердім. Нағашым оған сенгендей
боп, екеумізді татуластырғысы келетін пікірін білдіріп еді:
— Оған қолқа салмаңыз, нағашы! — дедім мен.— Кəзір екеумізді
кездестіре көрмеңіз. Одан жаман нəрсе шығып кетуі мүмкін. Əзірге
ешқайсымыздың бір-бірімізге құлата қоярлық тауымыз жоқ. Біраз уақыт
осылай көріспей жүре тұрайық. Сөйтіп жүргенде ашу басылып, қайта
табысуымыз ғажап емес.
— Оқасы жоқ, — деді нағашым демін ауыр алып.— Оны да оқуға
тартқан мен едім, сені де мен тарттым оқуға. Құдай маған жалғыз ғана бала
берді де, оны да «жат жұрттық» қып жаратты. Екі жиенім — сендерді
оқытқанда, бірің қанат, бірін, құйрық болар ма деген үмітте едім. Əлі де
күдер үзбеймін ол үміттен. Жастықта осындай шекісулер бола береді.
Мүсəпірдің көнуі оңай. Сенің жас та болсаң тыйың қатты баласын. Ойлан,
шырағым. «Малда бота тату, адамда бөле тату» деген, араларыңда бөлінген
ешнəрсе жоқ. Өзара табысыңдар да, бұрынғыдай тату-тəтті боп кете
барыңдар!..
— Менімше татулықтың тетігі енді бір ғана нəрседе: егер Мүсəпірдің
Бəтеске жақынмын деуі өтірік болды бар ғой, онда Мүсəпірмен келісімге
келуіміз мүмкін, ал, егер олай болмады ғой. Мүсəпір екеуміздің бірімізге
ажал жақын!..
Саяси мəселеден нағашымның маған айтқаны: «бұрынғы Қазақстанды
«солшылдар», яғни, байларға қырын қараушылар басқарып келген еді, енді
өкімет билігіне «оңшыл» аталатындар отырды. Бұлар да коммунистер.
Бірақ, бұлардың тұтынғысы келетін жолы — татулық жолымен байларды
социализмге апару».
— Онысы бола қояр ма екен?— десем:
— Тұрмыс көрсетеді де,— дейді нағашым,— əзірге бұл бет, «ұлтшыл»
аталатын мына бізге теріс боп тұрған жоқ. Өйтпегенде, мен бұл қызметке
орналаспас та едім...
Нағашымның жəне бір жаңалығы: жуырда ол Мауытбаев Жүнісбекке
жолығыпты да, менің жайымды сөйлесіпті.
— Келсін,— депті Мауытбаев,— сөз жоқ аламыз.
Мауытбаев уəдесінен шықты: Тəшкенге барып көрінген соң-ақ, ол
экзамен ұстатудың орнына, өз қолынан жасаған экзамен тарағының бетіне,
мұғалімдеріне, тек қол қойғызып қана алды. Сөйтіп, мен енді
«Казинпростың студенті» болдым да кеттім.
Бұл кезде Тəшкен өзбек республикасына қарайды екен, мекемелердегі
қызмет, мектептердегі оқу өзбек тілінде жүреді екен, сондықтан ба, əлде,
көрген түрткілері бар ма, ана жылғы «қазақ ұлтшылдары» деген топ бұл
қаладан кəзір ыдырап, біразы Москва, Ленинград сияқты жерлерден «жылы
орын» тапқан, енді біразы Қазақстанның əр облысына бытырап кеткен...
«Ұлтшылдардың бірі» саналатын Мауытбаевтың өзі, кəзір Октябрь
революциясының тақырыбына шығармалар жазған боп жүр екен.
Инпросқа мен əуелі қорқыңқырап түстім, өйткені, менен бұрын я
менімен" қатар кеп түскен студенттердің көпшілігі сақа жігіттер. Олардың
арасында, орысша айтқанда, мен «мальчуган»19 сияқтымын. Ал, оқи келе
байқасам, «сақа» дегендерімнің бір талайының білімі менен əлдеқайда
темен. Орысшаға мен көбінен артық сияқтымын.
Оқу осылай жүріп жатты. Елден ұзап шыға, Бəтесті тары да сағына,
аңсай бастадым. Бұл кезде маған керегі өзге емес, өлең ғана болды.
Жаралғанның жалпақ дүниесінде ақыннан бақытты адам бар ма екен?
Жансызға жан бітіріп, жандымен тілдестіре білетін, адамды адам емес-ау,
ақынды адамның бұлбұлы десең болмас па!
Өй шіркін-ай, десейші! Қаламды қолға ұстай алғанда жорғалай
жөнелсейші!.. Сөз артынан сез, таудан құлаған бұлақтай сауылдап
құйылсайшы!.. Жазып отырған сөзіңдегі сөйлемдердің аяғы ойда жоқ
жерден үйлесіп, келісе кетсейші!.. Сүйтіп, əрбір ойлаған ойын, ауызды
тамсандыратын тəтті, көзді тартатын сұлу, құлақты құрыштандыратын
күйлі, жүректі ерітетін жылы, ақылыңды тербететін бесік боп — поэма боп
түрегелсейші!
«Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді» дейді қазақ. Ақындар
тойып секіреді. Олардың жазғандарында өз қара басына байланысты сез
кеп бола бермейтін сияқты. Менің де ақын болғым келеді. Бірақ, мен егер
ақын бола қалсам, өз басымдағы халдан басқа ештеңе жазбас ем. Ол
талапқа кіргеніме екі-үш жыл болды. Содан бері қалың екі-үш дəптерді
толтырып тастаппын. Олар өзіме ұнағанмен, поэзияны білетіндерге
оқысам, кейбіреуі «жаман емес» дей салады да, енді біреулері күледі.
Қайсысына нанарымды білмей басым қатады.
Менің бар тақырыбым — Бəтес. Өзімді өзім сынап көрсем, оған
ғашықтығым ертегіге айналған ғашықтардың ешқайсысынан кем емес.
Күйіктен отқа, не суға түсіп кететін заман менің басыма əзір туған жоқ.
Егер ондай күн туса, оттан да, судан да қашатын түрім жоқ. Мені өлеңге
құмарландыратын да осы сезім.
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара жырласын —
деп Сəкен айтқандай, ішім өзіме күйдің сандығы сияқтанады да, оны
сөйлетудің кілтін таба алмай жүрген сияқтанам. Осындай кілтті таба білген
ақындардан айналсам болмас па!..
Өз өлеңіме өзім риза болмай, бірақ, онымен, жазбай да қоймай, талай
дəптерді толтырған шағымда, қысқы каникул да таянып қалды. Тоспай,
хабарласпай кетуіме Бəтес те өкпелі ме, немене, күн сайын хат
күткеніммен, хабар-ошар жоқ. Оған мен де ерегісейін десем, көрмеуге
жұқарған шыдамым жыртылуға жақындап болды. Шыдамыммен бірге
жаным да жыртылатын болған соң, каникулды сылтауратып, елге барып
қайтуға бекіндім. Осы ойымды Мауытбаевқа айтып ем, əуелі:
— Қыс ішінде ме?! — деп шошып кетті.
— Неге шошыдыңыз?
— Қарағым-ау, не деп отырсың?!.. Осы арадан?!.. Торғайға, одан
Сарықопаға?!.
— Ия!
— Мен білетін жерлер ғой, шырағым-ау, ол! Жаз болса бір сəрі. Қысты
күні сонша жерге жету оңай деп отырмысың? Жəне, қысы қандай ол
араның? Бораны бір түтеп кетсе, жұмалап түгіл, айлап басылмайтыны
бар!.. Аязы ше?.. «Тіфу» десең түкірік жерге түспейді... Сондай сұрапылға
кездесіп, не үйіңе жете алмай, не жетсең де шыға алмай, оқуыңнан қалып
қойсан, қайтесің?
— Жоқ, қалмаймын.
— Киімді, атты қайдан алдырасың сонда?
— Қостанайға!.. Шалқар жағынан гөрі, қысты күні ол жақ жетуге
жеңілірек...
— Рас, Бірақ, оның да бес жүз шақырымдай жер екенін білесің ғой?
— Əрине.
— Осыны əлі де ойласаң қайтеді, шырағым! Біраздан кейін, ұзақ жүруің
де, оқудан қалуың да ештеңе етпес. Атың, киімін, келіспей... дегендей
немесе адасып жазым боп жүрерсің.
— Ағай, бұның бəрі ойланған нəрсем. Сонда да баруға бекіндім!..
Енді айтар сөзі таусылғандай, Жүнісбек менің бетіме сұлу, томпақ,
кішірек қара көзін қадай аз уақыт сүзіле қарап отырды да:
— Бір сұрау берсем, көңіліңе алмас па екенсің бала?— деді.
— Айтыңыз!
— Бұндай жолға тек ғашықтық қана жетектеуге тиісті, сондай бірдемен,
жоқ па?..
— Оны қайдан жобаладыңыз?
— Кəзіргі кескініңнің құбылысынан.
— Сіз, аға,— дедім мен, ұялшақтаңқыраған кескінмен, төмен қарап
сөйлеп,— психологияны зерттеумен шұғылданып жүрген кісісіз ғой. «Жан
жүйесі мен өнер таңдау» деген кітабыңызды оқыдым да. Сезімнің жəйін
түсінуде сізді қателеседі деп ойламаймын.
— Түсінікті!— деді Жүнісбек орнынан түрегеп.— Үйіңе телеграмыңды
соға бер. Жол қағазыңды ертең реттейін. Асығам деп жазым таппа. Биыл
үлгірмесең, келесі жылы келерсің. Оқуыңа əлі уақыт бар.
— Рахмет, ағай!..
Поезбен Қостанайға келсем, əкем түсіп жүретін пəтерде Текебай мен
Қайрақбай күтіп отыр екен. Шанаға жеккендері біздің үйдің қара көк
арғымақ айғыры. Текебай маған əкемнің қасқыр тұлыбын, қызыл шұбар
жаңа пимасын, түлкі тымағын ала кепті. Бұндай киіммен қар астында
қырық күн жатсаң да тоңбассың!..
— Ат неге жалғыз?—десем:
— Қайтесің оның санын? — дейді Текебай.— Қолқасы аман болса он
атыңа татиды. Жол жақсы. Аманшылық болса, боран-шашын болмаса, үйге
бес-алты күнде жетіп те қалармыз.
Ертеңіне ертемен тарта жөнелдік. Көптен боран көрмеген, жүкшілер көп
жүрген жол төсеген тақтайдай екен. Арғымақтың қызығын сонда көрдім:
денесінен буы бұрқырап, тежей ұстаған божыны анда-санда сүзе тартып
қойып, ербеңдеген аяқтарын даңғыл жолға кең, тастап, тұяқтарымен
шанаға қар шаша, дедектеп ұшады да отырады. Жолшыбай алдымызда
көрінген əлдекімдерді басып озып, лезде қарасын үзіп кетеді!.. Паһ,
жануардың желісін-ай!.. Желген сайын жүрісінен танудың орнына үдете
түсуін-ай!.. Сілте, жануар!.. Шіркін, жылқы екенсің-ау!..
Ат қанша жүрісті болғанмен, алшақ ауылдардың арасындағы керік дала
жəне ашық күнде көзді ұялтатын аппақ дала адамды жалықтырып жібереді
екен. Бізге, əрине, əңгіме керек. Қайрақбайдың аузынан, бұндайда
боғауыздан басқа əңгіме шықпайды. Текебайдың білері, мал шаруасы ғана.
Ондай əңгімелерді адам қашанғы тыңдай алады.Дегенмен, Текебайдан
Қайрақбай əңгімесі қызығырақ.
Өзіне машық тақырыпта талай қызықтарды айтып шек-сілемізді
қатырып отырған Қайрақбай, бір сəтте Шəйі дейтін бір қыздың сымбаты
мен сұлулығын мақтай жөнелді. Қайрақбай ондай əңгіменің қанын ағызып,
балын тамызады. Шəйі оның сипаттауында дене біткеннің сымбаттысы да,
бет біткеннің көріктісі. Қыздың сипатына біраз елтітіп алғаннан кейін:
— Үйі жолда,— деді Қайрақбай.— Аманшылық болса, бүгін жетіп
қонамыз.
— Ие, сонда?—дедім мен Қайрақбай əңгімесінің төркініне түсіне қап.
— Не «сондасы» бар?— деді Қайрақбай, кескінін ойнақшыта құбылтып,
— сен сияқты сұлу жігіт сұлу қыздың үйіне барып қонса, оның аржағында
түсінбейтін не бар?
— Сен, енді айтқан соң бəрін де айт!— деді Текебай Қайрақбайға.
— Айтса несі бар?—деді Қайрақбай, көңілінде тұрған əңгімесін бастай
жөнелуге менен қипақтаған кескінмен.
— «Ауызға келген түкірік, қайта жұтса мəкүрік» демей ме қазақ? Айт,
бөгелме!— дедім мен Қайрақбайға. Көмекейінен əлде не сөз еріксіз
шығардай, ол əуелі жұтынып, содан кейін тамағын қатты кенеп алды да:
— Жүйрік ат, сұлу қатын ер қайрағы» деген өлеңді білемісің бала? —
деді.
— Білем!— дедім мен.
— Сұлу алғысы келмейтін жігітті көрдің бе, сен?
— Көрдім.
— Қайдан?!—деді Қайрақбай таңданған дауыспен.
— Алдыңда отыр!
Қайрақбай Текебайға бір, маған бір қарап алды да:
— Қайсының екеуіңнің?—деді.
— Мен!— дедім мен.
— Неге «сен» боласын?!
— Мен де, əрине, сұлу алуға қарсы емеспін. Бірақ, сұлудың да сұлуы бар
емес пе?
— Мəселен, қандай?
— Ең алдымен, қазақ тағы бір өлеңінде «сұлуға сұқтанбаңдар сүймеген
соң» демей ме?
— Дейді...
— Қазақ «сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» деген мақал бар ғой?
— Бар...
— Ендеше, əркімнің сүйгені сұлу емес пе?
— Рас. Сонда, «сүю» дегеннің өзі не?
— Барлық жан-тəніңмен берілу...
— Солай-ақ болсын дейік. Сонда, Мəмбеттің қызынан басқа, жантəніңмен берілетін қыз жоқ деп ойлайсың ба?
— Қайда ол?
— Мысалы, мен айтып келе жатқан қыз. Ойды-қырды аралай жүре,
орыстың, қазақтың, ноғайдың, өзбектің талай сұлуларын көре жүре, мен
мұндай сымбатты сұлу, мұндай ажарлы əйелді кездестірген емен. Сен өзің
Абайдың өлеңдеріне құмарсың. Оның «қақтаған ақ күмістей кең
маңдайлы» деген өлеңін жатқа айтып жүресің. Осы қыз — дəл сол!.. Ол
өлеңге ұқсаған бұдан басқа қызды өмірімде көрген емен!..
— Рас!— деп қойды Текебай орнынан қозғалып.
— Пау, мақтауын, жетті!— дедім мен.
Мені сөзіне елтітіп алдым деген кескінмен Қайрақбай əрі қарай сөйлей
жөнелді:
— Тегі де тəуір көрінеді өзінің: жеті атасынан бақ та, дəулет те
арылмаған. Кəзір де күпсіп тұрған бай үйдің біреуі. Жалғыз ағасы —
Саудабай Майлыбаев, Қостанайдағы гүбірналық Сельпромсоюздың
бастығы. Үйіне де төгіп тұр ол. Сенің, əкеңе де ырыс боп, многолавканы
билетіп қойған да сол. Сенің үйіңнің жасауы, оның үйінің қасында жасау
ма?.. Қарындасын да үлде мен бүлдеге орап қойған. «Қыздың көркі
құлпыда, жігіттің көркі жылқыда» дегендей, нелер асыл киімдерге бөленіп,
нелер асыл моншақтарды тағынғаннан кейін, қыз тіпті періште боп
кеткен...
— Бəрі де рас шығар,— дедім мен Қайрақбайдың сөзін бөліп.— Осы
əңгімелерді неге айтып отырсың сен маған?
— Айтуымда себеп бар.
— Иə?
— Аталықты да, бай да жер екенін айттым. Ағасымен де таныстырдым.
Қызды сипаттадым. Ендігісін өзіне сала сөйлескім келеді...
— Неменесін?
— Қызды əуелі көр!.. Үйін де көр!.. Қалған əңгімемді содан кейін
айтам...
— Мақұл!— дедім мен, бұл кеңестен тойғандай.
Қара көк арғымақ желістігінің үстіне қажымайтын да жылқы екен.
Ертеден шапса кешке озған,
Ылдидан шапса төске озған.
Томаға көзді қасқа азбан!..—
дегендей, тұяғымен қар шаша, ауыздықты сүзе дедектеп ұшудан, ертеден
қара кешке дейін танар түрі жоқ!.. Міне, қайда, жылқы!..
Осы жүріспен «үш жүз сексен шақырым жерде» деген Майлыбай
ауылына, біз жолда үш-ақ қонып, төртінші күні күн түске тармаса жетіп
қалдық. Ақсуат көлінің жағасына орналасқан бұл ауыл, расында да
сыртынан көрікті екен: шатырлы, биік көп терезелі ағаш үйлер орыс
селосының тəртібімен көшелене орналасыпты. Қайрақбай атымызды сол
үйлердің бірінің сəнді жасалған ашық қақпасынан кіргізіп, есік алдына
тоқтай қалғанда, аса ұзын бойлы, жуан денелі, үстінде қамзолша қасқыр
ішігі, басында қара көк барқытпен тыстаған түлкі тымағы бар, сақалмұртын қалың қырау басқан, көркем кескінді адам қарсы алды. Майлыбай
осы екен. Тегі ол бізді келеді деп тосып отырған болу керек, Текебай мен
Қайрақбайды бұрын да тану керек, сондықтан сəлем беріп қолдасқан
оларға үндемеді де, мен қолдасқанда:
— Əбуталыптың Тəшкенде оқып жүрген баласы сенбісің?— деді.
— Болсақ болармыз,— дедім мен.
— Бақытты, өмірлі бол, шырағым!.. Ал, аттарыңды ашаға байлаңдар да
үйге кіріңдер!..
Майлыбай жұмсаған əлде не жігіттің бастауымен зор ағаш үйдің
жасаулы, кең, бөлмесіне кірдік те, сырт киімдерімізді шешіп, кілем үстіне
жайған көрпеге отырдық. Сол кезде көрші бөлменің жарма есігі сықыр ете
қап кішкене ғана ашылғанда, аржағынан сылдырлаған шолпының даусы,
əлдекімдердің сыбырласқан үні естілді.
— Қыз!— деп сыбыр ете қалды Қайрақбай маған.
Сол есіктен мұрнымызға бұрқыраған тамаша хош иіс сезіле бастады...
Мен, əрине, қызды көруге құмарта бастадым.
Оның сəті шəй үстінде ғана түсті. Дастарқанды əлде не жігіт біздің үйге
жасады да, болыскей аталатын əдемі ақ самауырды подносқа əкеп қойды,
самауыр қасына көтеріп əкеп сəнді қобдишаны да қойды. Майлыбай біздің
бөлмеге сонда ғана кіріп, төрден орын алды. Осы кезде манағы есіктен қыз
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Мөлдір махаббат - 15
  • Parts
  • Мөлдір махаббат - 01
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2194
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 02
    Total number of words is 3954
    Total number of unique words is 2195
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 03
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2078
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 04
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2151
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 05
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2174
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 06
    Total number of words is 3802
    Total number of unique words is 2135
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 07
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2222
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 08
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2322
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 09
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2265
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 10
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2261
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 11
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2189
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 12
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2137
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 13
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 14
    Total number of words is 3943
    Total number of unique words is 2300
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 15
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2113
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 16
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2193
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 17
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2164
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 18
    Total number of words is 3983
    Total number of unique words is 2182
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 19
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2122
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 20
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1990
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 21
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2107
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 22
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2099
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 23
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2193
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 24
    Total number of words is 3877
    Total number of unique words is 2067
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 25
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 1992
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 26
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 1993
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 27
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2109
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 28
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2033
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 29
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2036
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 30
    Total number of words is 3688
    Total number of unique words is 1955
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 31
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2038
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 32
    Total number of words is 3762
    Total number of unique words is 1952
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 33
    Total number of words is 3674
    Total number of unique words is 2045
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 34
    Total number of words is 3671
    Total number of unique words is 1987
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 35
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2028
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 36
    Total number of words is 3776
    Total number of unique words is 2082
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 37
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2200
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 38
    Total number of words is 534
    Total number of unique words is 407
    49.2 of words are in the 2000 most common words
    63.3 of words are in the 5000 most common words
    70.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.