Latin Common Turkic

Мөлдір махаббат - 22

Total number of words is 3926
Total number of unique words is 2099
35.4 of words are in the 2000 most common words
49.4 of words are in the 5000 most common words
55.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Одан да көбейеді, шырағым. «Ұшқынды» үкімет Торғай даласындағы
мəдениет ошағының біріне айналдырмақ. Кірпіштен, ағаштан, саманнан өз
бетімен, қала тəртібімен үй салам дегендерге үкімет «ссуда» аталатын
жəрдем бере бастады. Биылдың өзінде, артельдің мүшелері сексен мың
сомдай ссуда алды.
— Дүниенің ақшасы ғой ол!
— Əлі азғантай ол. Алдағы жылдарда жақсы үй салғысы келгендерге,
одан əлдеқайда көп береді.
— Кеңселер қашан бітеді?
— Аманшылық болса, алдағы жылдың жазында кіреміз бе деген ойымыз
бар...
Біздің Қызбелдің жері қызық: белестене біткен оның «əне тұр!» деген
тұсына атыңды қарықтырып əрең жететінің болады. Біз де сөйттік. Əлгінде
желбіреп керіне қалған қызыл тулар, із тастай, қашқан түлкінің құйрығы
тəрізденіп, кейде бұлаң етіп көрініп қап, кейде зым-зия жоқ боп кетіп,
жеткізбей əуре етті. Сонысына ыза болғандай:
— Ағай, осы Қызбел адырының ұзыны мен көлденеңі қанша жер екен?
—деп сұрадым Найзабектен.
— Дəл мөлшерін Сақаң білетін шығар,— деді Найзабек Сақтағанды
нұсқап.
— Землемермен кезгенім бар,— деді Сақтаған,— ойы-қырын түгел
араладым. Сонда землемердің дəлдеп өлшеуінше, шығыстан батысқа қарай
көсіле жатқан Қызбел дөңінің ең ұзын тұрқы сексен үш километр жəне жеті
жүз алпыс екі метр екен!..
— Паһ!— деп күліп жіберді Нұрбек,— Сақаңның метріне дейін
ұмытпауы-ай!..
— Расында солай,— деп қойды Найзабек маған қарап, «күдіктенбе»
дегендей,— бұл Сақаңның памяты деген сұмдық: көзі мен құлағына
іліккеннің ешқайсысын ұмытпайды.
— Көлденеңі?— деп сұрадым Сақтағаннан.
— Азар болса, жеңілтек мінезді Нұрбек тағы да күлер,— деді Сақтаған,
— қырық бір километр жəне бір жүз тоқсан метр!..
— Онда,— деді Нұрбек күліп,— ұзыны көлденеңінен екі-ақ есе артық
екен ғой?
— Солай екен,— деді Найзабек.
— Ендеше, бұны «Қатынбел» демей, «Қызбел» деп несіне атаған?
— Неге?—деді Сақтаған күліп.
— Демегенде ше?—деді Нұрбек былай да ойнақы сұлу кескінін одан да
бетер ойнақшыта түсіп,— көлденеңінен ұзыны екі-ақ есе артық қыз бола
ма?..
Нұрбек бұл сөзімен Сақтағанның қытығына тиген сияқты болды,
өйткені, Сақтаған үйіндегі жеңгейді көргенім бар да: быртиған жуан денелі
ол кісінің, ұзындығы көлденеңінен екі есе емес, бір жарым-ақ есе артық
сияқты да; сондықтан, Нұрбектің сөзін өз атына айтылғандай көрген
Сақтаған, оған:
— Шайқымазақтана қалатының-ай, сенің!— деп ренжіп тастады. Серік
боп келе жатуынан ба, сыйлайтын адамы, ма, Сақтағанның ренішін
ыдыратқысы келгендей:
— Мəселе өлшеп-пішуде емес қой, Нұрбек,— деді Найзабек.—«Халық
айтса қалт айтпайды» дегендей, халық жер-суға білмей ат қоя ма?..
Жаздыгүні сағымға бөленген шағында, алыстан қараған кісіге, шалқасынан
көсіле жатқан қыздың денесі сияқты көрінуі рас қой, Қызбелдің?
— Рас!—деді Нұрбек.
— Өзіміз осы арада туып-өскендіктен бе, əлде расы солай ма,— деді
Нұрбек,— талай жерлерді кезе жүре, талай аласалы-биікті белестер мен
тауларды көре жүре, дəл Қызбелдей жүрегімді тартып, көзімді
қызықтырған жерді көрген жоқпын!.. Шіркін, туған жер, неткен
ыстықсың!..
Менің көзімнен жасым ыршып кетті. Оны жеңіммен сүртіп үлгергенше,
біз белесіне шыққан деңнің арғы еңісінен төбелеріне қызыл ту тігіліп, ауыл
салтымен дөңгелей емес, қала салтымен көшелене қонған кигіз үйлер
жарқырай қалды!..
Ұмытып барады екем: манағы бозамықтанған, шынында да таң екен. Ол
таң кəзір айқын атып, аспанның шығыс жақ жиегіндегі бұлт қызыл күрең
түске боялған. Алдымыздағы үйлердің төбесіне тігілген, таңғы самалға
желбірей құлпырған қызыл тулар, анау таң тіккен ұлы тудың бөлшектері
сияқтанып, бəрі тұтаса жайнағанда, бүкіл дүние қызыл отаудың үстіне
тігілген шетсіз-шексіз қызыл ту сияқтанды да кетті!.. Торғай жерінде атқан
осы бір таңның əдемісін-ай!..
Алдымыздағы ауыл, мен бұрын көрмеген түрде екен. Бұған дейін мен
көріп жүрген ауылдардың бұлай көшелене қонбай, дөңгелене қонуын
былай қойғанда, бай ауыл болсын, кедей ауыл болсын, «ауыл» деген аты
болған соң, бірінде көп, бірінде аз болғанмен, іші-сырты жайылған я
жусаған мал болатын. Алысырақ арқандалған бірер ат болмаса, мынау
көшелене қонған үйлердің маңында ондай малдардың өзі түгіл исі де жоқ.
«Онысы несі?!» деген ойымды айтпай-ақ түсінгендей:
— Бұл ауылдың маңайында мал жоғы ерсі көрініп келе жатқан жоқ па,
Бəтесжан!— деді Найзабек бетіме күлімсірей қарап.
— О несі?!—дедім мен, ойымды жасырмай.
— Қулардың бұған қойған аты, — «Қағаз ауылы». Бұнда отырған
үйлердің қағаздан басқа бағар малы жоқ...
— Асты қайдан ішеді, сонда?
— Маңайдағы ауылдардан сатып алатыны бар, сыйлап əкелетіндер бар,
тамақсыз болмайды...
— Тым болмаса, иті де жоқ екен, алдымыздан үріп шығатын! — деппін
мен. Ол сөзімді ұнатпай қалғандай:
— Алдыңнан да үріп шыққан, артыңнан да үріп қуған иттер аз емес қой,
енді үргізіп қайтесің оларды!
Одан кейін аз уақыт үндеспедік.
— Шырағым Бəтес!—деді Найзабек ауылға таяна,— Еркін сені өз үйіне
түсір деп тапсырған. Кеше жолаушылап кеткен еді, оралған-оралмағанын
білмеймін. Əйеліне тапсырып кетем деген. Аты — Баршагүл. Газет-журнал
оқырлық қана сауаты бар адам. Екі баласы бар. Қонақжай, бауырмал,
жақсы кісі.
— Сақтаған, Нұрбек!— деді ол серіктеріне,— сендер өз үйлеріңе
баратын шығарсыңдар. Мен Бəтесті Еркіннің үйіне апарып саламын.
— Құп!— десті аналар.
Мені қасына ерткен Найзабек, аумағы үлкендеу, түндігі жабулы қоңыр
үйдің сыртына кеп, атынын, тізгінін тартқанда, иығыңа биқасаптан тіккен
қаптал желеңін жамылған, басына шашақты ақ бөртпе шəлісін орай салған,
орта таразы денелі, көркемше кескінді əйел шыға келді.
— Ие, Баршагүл, аманбысың?—деді бізге қарай жүрген оған Найзабек.
— Бəтес деген сіңлің осы,— деді Найзабек Баршагүлге мені нұсқап.
Атымның, шаужайынан ұстап, мені жерге қолтықтап түсірген Баршагүл,
туысқанның біреуіндей мені бетімнен сүйіп амандасты.
— Еркін келген бе еді?— деді Найзабек Баршагүлге.
— Жоқ.
— Онда мен түспей-ақ қояйын. Балалар ұйықтап жатқан болар. Бəтес те
ұйықтайтын болар. Жолдан шаршап келді.
Өз ерінен басқа еркекпен сапылдасып сөйлесе қоймау бүкіл қазақ
əйелінің дəстүрі. Сонысына баққандай, Найзабекке жауап қатпаған
Баршагүл:
— Жүр, шырағым, үйге!— деп маған жол нұсқады. Түндігі жабулы кигіз
үйге кірсек, іші көлеңкелеу болғанмен, не барын көрерліктей екен. Он,
жақта шымылдық түсірулі тұр, оның ішінде балаларының ұйықтап
жатқандығы мұрындарының жеңіл ғана пысылдауынан сезіледі. Сол жақта
төсегі жиналған бір темір кроват тұр, оның алдында түрілген шымылдық
тұр. Төрдегі жүкаяқта бірер чемодан жəне аздаған көрпе-жастық бар, үйдің
төріне кигіз, оның үстіне тықыр кілем төселген. Оң босағаға ақ ши
қоршалған. Ыдыстары мен астары сонда болуға тиісті. Керегенің төр жақ
басында азын-аулақ киім ілулі тұр, осылардан басқа бұл үйде ештеңе жоқ.
— Ал, Бəтесжан,— деді Баршагүл,— мезгіл əлі ерте ғой. Жұрт тұрғанша
тынық. Анау бос тұрған кроватқа төсек сап берейін де, шымылдығын
түсіріп қояйын.
— Жарайды,— дедім мен, жатқым да, ұйқым да келмегенмен, ұйқыдағы
үйдің мазасын алмайын деп.
Шымылдығы түсірілген оңаша төсекке жатқаныммен, ұйқым келсінші,
енді!.. Өзімді өзім зорламақ боп, көзімді жұмайын десем, алдымда əлде не
суреттер қаптай қалады да, кейбірі қорқынышты болғаннан кейін,
үрейленіп еріксіз ашам. Не малы, не иті жоқ ауылда қызық болады екен:
көзім бақырайып жатқан менің түрік құлағыма, қалғып үлгерген
Баршагүлдің қаттырақ пысылы мен балаларының жұмсақ пысылынан
ешбір дыбыс шалынбайды. Сөйтіп жатып қалғып кетсем керек, əлдекімнің
есіктен кіре берген сыбдырына оянып кеттім. Баршагүлдің де ұйқысы сақ
қой деймін, ол да мендей оянып шымылдығының ішінен шықты ғой
деймін. Əлде не еркек адамның:
— Бəтес келген ғой, тегі?—деген сыбырына:
— Келді!— деп жауап берді сыбырмен.
— Қалай?
— Қайдам, қалайын. Түн қатып келуден бе, кейістігі бар ма, кескіні құпқу!..
Ұйқылары қанды ма екен, əлде əкелерінің сыбдыры мен сыбырына
оянды ма екен:
— Əке!— деп қосарлана шуласқан екі баланың даусы естілді. Бірі
кішкене ұлдың, бірі тіпті кішкене қыздың даусы сияқты. Əкелерінің оларды
ақырын үнмен «айналайын!» деп аймалағаны да естіліп тұр. Бұл, əрине,
Еркін. Сырттан да əлдекімдердің қаңғыр-күңгірі естіледі.
— Көбірек ұйықтапсыңдар ғой ,— деді Еркін даусын ақырын ғана
шығарып.
— Бəтес əлгінде, күн шығардың алдында ғана келді. Мен əрі сол
ұйықтасын деп, əрі балалар да ұйқылары қанып тұрсын деп, ертерек
оянсам да қозғалмай жатыр ем,— деді Баршагүл.
— Ендеше киін. Ас даярла. Биенің бас сауыны болып қалды.
Ұйқым тағы да ашыла қалған мен, одан əрі жата беруді ыңғайсыз көріп,
шымылдық ішінде сыбдырлап киіне бастадым.
Үй ішінің тұрып жайлануына бөгет болғысы келмегендей Еркін тысқа
шығып кетті. Іле шымылдық ішінен шыға берген маған:
— Неге жата түспедің?— деді Баршагүл.
— Ұйқым келмейді.
Ойда жоқ адам шымылдық ішінен шыға келуіне таңданып,
жатырқағандай, Баршагүлдің өзіне тартқан екі-үш шамасындағы
бүлдіршіндей қыз бен жобасы Еркінге келетін төрт-бес жастағы семізше
əдемі ұл, шешелерінің көйлегіне тығылып, бастарын ғана қылтитты.
— Мана «қалжырап келген адамды мазаламайын» деп ештеңе деген
жоқпын,— деді Баршагүл,— жол жайыңды білем, сапарың оң болсын.
Бүркіт осы үйден аттанды. Тіл-аузым тасқа: теңіңді тапқан екенсің, өзінің
жан-тəні сенің үстіңде, ағасы сені «артыңнан жіберем» деп қалды, артына
алаңдап кетті байғұс бала! Келмей ме деп қорқып ек, келген екенсің. Оның
жақсы болған. Атағың шықпағай еді, шыққан соң не қарайлайтыны бар
енді!.. Кідірмей аттанғаның мақұл!
Еркіннің тыста жұмыстары болды ма, немене, Баршагүлдің шəйі
даярланғанмен, бірталай уақыт тостырып қалды. Баршагүл:
— Қарамай-ақ қойсақ қайтеді?— деп еді:
— Күтейік!—дедім мен.
Баршагүл адамға жұғысымпаз, кішіпейіл, кеңескіш кісі екен. Асын
даярлап, бетін жауып қойған дастарқанның қасында отырып, ол екеуміз
лезде сырласып кеттік. Қысқаша айтқан өмірбаянына қарасам, ол байғұс та
тоқалдыққа алғалы отырған бір байдың қалың төлеген жесірі екен.
Амангелді жорығының кезінде бай оған қарсы болған да, соғыс күндері
оққа ұшқан. Сол себеппен бай алып үлгіре алмаған Баршагүлді, күйеуінің
інісі (о да бай) алам деп қоқыраңдай бастағанда, Еркінмен көз таныс боп
үлгеріп, Совет өкіметі Торғайда орнаған жылы алған да қашқан. Оқу
жобасына қарасам менен артық ештеңесі жоқ сияқты. Əйткенмен, жолжоба көргендігіне бағып, ол да маған əйел бостандығы туралы, оны
пайдалану туралы ақыл айтып жатыр.
Кешікпей Еркін де келді. Оның қасына қалаша киінген көрікті,
сымбатты жас əйел еріп келді. Əдеп сақтап түре келген маған туған ағаның
дағдысын жасап, Еркін де маңдайымнан сүйіп амандасты. «Бұл үйдегі ерлізайыпты адамдар мені туысқан көріп алғаны ма, екеуі бірдей сүйіп
амандасып?» деген ой келді маған.
— Бектасова Əсия деген апаңыз,— деп таныстырды Еркін қасындағы
əйелді маған, өзі маңдайымнан сүйгеннен кейін,— Қызыл отаудың
бастығы!
— Бəтес дейтін сіңліміз осы екен ғой,— деді Əсия маған қолдасып.—
Арызың бойынша шақырттық. Сапарың оң болсын.
Шəй үстіне менің балалық шақтағы мұғалімім Жидебаев Балқаш кіріп
келді. Қасында шəлі бүркенген жас əйел, «тегі əйелі болар» деп шамаладым
ішімнен. Озық шəкірті болғандықтан мені ол жақсы көріп «Бəтесжан»
дейтін.
— Е, Бəтесжан, аманбысың?—дей кірді ол есіктен жылы қабақпен.
Орнымнан көтеріле берген маған:—қазақ дастарқан үстінде қолдаспайды,
отыра бер, шырағым!— деді.
Үй иелерінің өтінішімен төрге шыққан ол, қасындағы жас əйелге:
— Келінсің ғой, сен дастарқанның төменгі жағына отыр!— деді
қалжыңды дауыспен. Төменнен орын алған келіншекті,—«біздің үйдегі
жеңгең, шырағым Бəтесжан, аты Жаңыл» деп таныстырды, Балқаш.
Алдына шəшкемен берген шəйді ұрттамай тұрып, тек дастарқаннан
жұмсақ бауырсақтың біреуін ғана аузына сап шайнаған Балқаш:
— «Кəртайғанда кəрі боз жорға шығады» дегендей, жас күнімізде көп
оқи алмаудың есесін енді толтырып жүрмін, Бəтес шырағым; бұрнағы
жылы Тəшкен қаласындағы мұғалімдер даярлайтын институтқа түсуге
кеткенімді білесің. Оның бір курсын бітіріп, екіншісінен Қызылорда
институтына кешкем, қазір оның үшіншісінде оқимын. Жаз каникулға
шыққан соң, бір жағы табыс болсын, бір жағы халыққа пайда болсын деп,
бірер айдай осында сауатсыздарды оқыттым. Енді оқу уақыты жақындаған
соң жүргелі жатыр ем, сені осында келеді деген, ілгергі жаққа барып
оқитын көңілі бар деген хабар естіген соң, өзімнің, жақсы көретін шəкіртім
болған соң, мына Бектасова жолдаспен жəне Ержанов жолдаспен келісіп,
бірге ертіп ала кетуге əдейі жолымнан қап тосып жатырмын.
— Осы кісімен жіберуді мақұл көргеніміз рас,— деді Əсия маған қарап.
— Бұрын алыс жолға шығып көрмеген екенсің дұрыс бастап апаратын адам
табылғаны жақсы болды. Жəне жай адам емес, оқытқан мұғаліміңіз, жаны
шын ашитын адам. Бұл жолдас сені қалаға апарып қана қоймай, оқуға
тұратын жерге өз қолынан орналастыруға уəде берді.
— Рас,— деді Балқаш.— Сүйікті шəкіртім, бұған жəрдемдеспегенде
кімге жəрдемдесемін?
— Ал енді, біздің кешікпей жүріп кеткеніміз мақұл болар,— деді Балқаш
Еркінге.
— Бəтестің келерін тостық қой,— деп жауап берді Еркін Балқашқа,—
аттар, əрине, əзір. Түу-түу, ит арқасы қиян жердегі Қостанайға салт атпен
жету қиын. Арбасы құрғыр бар ма бұл елде. Өз арбамның əнеукүні арысы
сынып, Сарықопадағы ұстаға жіберіп ем, бірер күнде келуге тиіс. Келе
салысымен аттарыңды жектірем де жөнелтем.
Менің ойымда, «осылар мені сыртымнан-ақ билеп-төстеп болған ғой.
Егер «оқуға бармаймын» деп шалқамнан түссем не істемек?» деймін.
Шəйдан кейін:
— Қызыл отау жаққа барсақ қайтеді?—деді маған Əсия.
— Барсақ барайық.
Тысқа шығып жарықта байқасам, беттесе қаз-қатар тігілген жиырма
шақты кигіз үй екі ауылдың, жобасына ұқсап, топтаса қонған екен. Бір
тобы көбірек, бір тобы азырақ. Солардың ішінде тең жараға жақынның ғана
төбесіне ту тігілген, өңгелерінде жоқ. Алысырақтағы үлкен бір ақ үйдің
төбесіне тігілген туда езге үйлердегіден қомақтылау, маңдайшасына айқыра
керген қызыл шүберегі де кеңдеу, сыртында қызыл матадан жасаған əлемжəлемі де көптеу. «Қызыл отау дегені сол болар» деп шамаладым ішімнен.
Мені ерткен Əсия сол үйге қарай беттеді. Жолшыбай ол маңайдағы
үйлермен таныстыра бастады:
— Екі ауыл сияқты боп жобаланып түр ғой бұл үйлер. Бір жобасында
болыстық кеңселер, олар көбірегі азырақ тобы біздің қызыл отаудың
қарамағында.
— Неше үй, сонда, қызыл отау қарамағында?— деп сұрадым.
— Алтау. Анау тұрған үлкен ақ үй — қызыл отау, онда түске дейін
қыздар оқиды...
— Қыздар??!
— Ие!.. Бас бостандығын іздеп келген қыздардың сауатсыздарына хат
танытып жібермек боп жатырмыз. Кəзір олардың саны қырыққа жетті.
Түстен кейін қызыл отауда сот мəжілісі болады. Оның жəйін кейін
түсіндірермін. Қызыл отаудың оң жағындағы боз үй — оқитын қыздардың
жататын жері, сол жағындағы — сот қызметкерлерінің, жататын жері. Бір
үй шақырумен келіп-кетіп жататындарға арналған. Анау бір қараша үйде
қызыл отау адамдарына тамақ пісіріледі. Сонау дөңесте оңашарақ тұрған
үлкен қоңыр үй, уақытша абақтымыз...
— Абақты?!—дедім мен шошығандай.
— Ие, шырағым, абақты!— деді Əсия нық дауыспен,— ырыққа
көнбеймін дейтін қылмыстыларды қамап тастайтынымыз да болады. Сот
үкімімен абақтыда жату жазасын кесетіндеріміз де бар...
— Қаншаға?..
— Қылмысына қарай: үш айдан үш жылға дейін...
— Көп қой, апай-ау!..
— Одан да көбі бар, шырағым. Атылатындары да бар...
— Астапыралла!— деппін əжемнің дағдысымен...
— Ондай жазалыларды тергеу, жазалау жұмысын қаладағы Жоғарғы
соттарға жолдаймыз... Бізде кімдердің жазаланатынын көруге болады. Бүгін
дем алысымыз. Ертең түстен кейін қаралатын біраз азаматтық жəне
қылмысты істер бар!..
— Ол қандай істер?
— «Азаматтық» деп біреуде біреудің кеткен есесін əперуді айтамыз,
«қылмысты» деп біреуге біреудің көрсеткен зорлық-зомбылығы үшін,
қылмыстыны жазалауды айтамыз.
— Түсінікті.
«Қызыл отау» деген үйге жақындай берген шақта:
— Қыздардың үні шықпайды,— деді Əсия,— олар жатақ үйлерінде
сабақтарын жаттап жатқан болар, əуелі соған кірейік.
Біз үйге кіріп келгенде, ортаға тақтайдан ұзын ғып жасаған столдың
төңірегінде кейі жазумен, кейі оқумен шұғылданып отырған көп қыз,
əлденеге селтиіп түре келісті.
— Отырыңыздар!—деді Əсия оларға.
Бəрі шапыр-шұпыр отыра қалысты. Танып қарай ма, танымай қарай ма,
бəрінің де көздері менде. Өз ойымда «құдай біледі, бəрің де менің кім
екенімді жорамалдап я біліп, «атақты Бəтес осы болар-ау!» деп таңдана
қарап тұрсыңдар-ау?» деген сөз тұр. Қыздардың неге қарауын Əсия да
түсінгендей:
— Біреуіңе апа, біреуіңе сіңлі болар, шырақтарым, бұл бала,— деді
қыздарға мені нұсқап,— аты Бəтес...
«Сол осы ма?!» дегендей бəрінің де көздері бажырая қалысты.
— Бұл да өздеріңдей бас бостандығын іздеген жəне өнер-білімге
ұмтылған қыздардың бірі,— деді Əсия, қыздардың бажыраюын
ұнатпағандай,— ескіліктің шырмауынан енді ғана құтылып, аяғын азаттық
жолының шетіне жаңа ғана басқан беті.
Əсия маған «отыр, шырағым, таныс мына құрбыларыңмен» деп,
сығылысқан қыздардың арасынан орын нұсқап еді, олардың көз
қарастарын шамалаған мен, тезірек шығып кетуді ойлап, отырмадым.
Сөйтіп тұрып, қыздардың жобаларын көзіммен шалып, олардың түртұлғалары тұралы ойланып та үлгердім: «Иə, қырық шамалы бар. Бірақ,
қыз ба осының барлығы? Ең алдымен, егер бəрі де қыз болса, жұп-жұқа
көйлекпен неге отырады бəрі?.. Ауылдың қай қызы олай отырып көріп
еді?.. Қашан шəлі астына түскенге дейін қыз байғұс төсін жан адамға
көрсету түгіл, барын білдірмеуге тырысып, кеудесін тақтайдай тегіс қып
таңып тастамайтын ба еді?.. Сонда да сезіліп қалар дегендей, төсегіне
жатқанда ғана болмаса, төсі білінген қыз, жеңсіз төс қамзолын үстінен
тастаушы ма еді?.. Ендеше, мына қыздардың төстерін едірейтіп көйлекшең
отырғандары несі?.. Əлде бұл, мен көру түгіл естімеген жаңа тəртіп пе
екен?.. Не тəртіп болса да, мен мұндай ұятсыздыққа көне алман!..»
«Расында да осының бəрі қыз ба?— деп жалғастырдым ойымды,— əне
біреулерінің кескін-кейіптері қызға келіңкірейді. Ал, мына бір беттері
əжімделіп қалған, төстері иттің басындайы кімдер?.. Біздің елдің Орынбор
жағына шектес отыратын Жағалбайлы — Жаппастар қыздарын отызға
келтірмей ұзатпайды дейтін еді, сөйтіп отырып, кейбірі перзентті де боп
қалады дейтін еді, əлде əжімділер, сондай кəрі қыздар ма екен?.. Біздің
жерде «кəрі қыз» аталатын қурай өседі, қасына жанасып кетсең-ақ, қапқара, ұп-ұсақ бүршіктері киіміңе жабыса кетіп, тырнап түсірмесең
айырылмайды. Мынау кəрі қыздар да сондай пəлелер ме екен?..»
Қыздар мен менің көз қарасымның қабыспауын жобалағандай болған
Əсия:
— Ал, шырақтар,— деді оларға,— сендер сабақтарыңмен шұғылдана
беріңдер. Мен мынау Бəтеске қызыл отаудың өзге үйлерін де
таныстырайын. Үйінен бұндай жолға шығуы бірінші рет болу керек, көрсін
бұндағы жайларымызды білсін. Кім біледі, ертең өзі де осындай қызыл
отаудың бірін басқарып шығар...
Əсия екеуміз тысқа шыққан соң:
— Апай!— дедім мен оған.
— Əу, Бəтесжан.
— Еркін ағайдың үйіне барсақ қайтеді?
— Неге?!..
— Біз өткен түні көз шырымын алған жоқпыз. Одан бұрынғы бірер түн
де мен үшін тиышсыз болған. Мана ұйқым келмегенмен, енді
маужыраңқырап тұрмын.
— Ə, болсын!—деді Əсия.— Мен апарып салайын.
— Өзім де барам ғой...
— Болмайды ол. «Шығарып салғанның жолдастығы жоқ» деген.
Еркін үйіне келе жатқан бетімізде, Əсия маған ауылдағы тап
тартысының, əйел теңдігінің, советтік істердің, кейбір өзгешеліктерін
ұғындыруға тырысып, бірталай əңгіме айтты. Олардың ешбірі құлағыма
кірген жоқ. Менің ойымды билеп келе жатқан нəрсе: «шөлдің дуадағы
сияқты, ең далада еркін жайылған жан едім, енді, міне, тағдырым мені
айдап əкеп, «Қызыл отау» аталатын көлге қондырды. Көлге қонған я
мекендеген дуадақты ешкім көрмек түгіл естіген де емес. Ендеше мына
көлді мен мекендей аламын ба, жоқ па?.. Я қонуын немесе жүзуін білмей,
тұңғиығына батып кете барам ба?»
Əкеп салған Əсия Баршагүлге мəн-жайымды айтқаннан кейін:
— Болады!—деді ол.— Түндікті жабам, іргені түріп самал соқтырып
қоям. Шымылдықты түсірем. Төсегін жайлы ғып салып берем. Содан кейін
тірі тышқанды жорғалатпаймын, тірі шыбынды ызыңдатпаймын. Балалар
басқа үйде ойнайды. Ауылда мазалайтын мал, үретін ит жоқ. Босқа
шулайтын бейсауат адам да жоқ.
Баршагүл жасап берген осындай жағдайда, манағы кроватыма шешіндім
де жаттым. Одан кейінгі менің халым, туған жерімнің көктем кезіндегі
аспанына ұқсады да тұрды. Ол кезде біздің аспанның құбылмалылығы
ғажап: ап-ашық тұрған аспанға əп-сəтте бұлт үйіріле қап, одан əп-сəтте
ашыла қап, торланған бұлт аспанның еш жеріне тоқырамай, кейде олай,
кейде бұлай ауытқып, біресе сіркіреп, біресе нөсерлей құйып, біресе
қаһарлана төніп келгенімен жаумай өтіп... дегендей, күніне əлденеше
құбылады да жатады. Кроватқа жатқаннан кейінгі менің ұйқым мен ойым
да дəл сол аспандай құбылды. Бір рет маужырап, бір рет қалғып кетіп, бір
рет ояна қап, кейде шошып оянып... дегендей, ұйқым құбылды да жатты.
Ойым да сондай: қалғып кеткен минуттарымда шым-шытырық түс көрем,
ояна қалған минуттарымда əлде не бытықы-шытықы ойлар сапырылысады
да кетеді. Сондай шатасулардың арасында, басыма ұялайтын жалғыз ғана
дені дұрыс ой: өзімді ауылдан алып келген Найзабегін, Сақтағанын,
Нұрбегін, бұндағы Баршагүлін, Еркінін, Əсиясын қосып, бəрін тұтас
алғанда, беттерінен бетіме, бұған дейін тиіп көрмеген жылы леп тиетін
сияқты...
Біраз уақыт осылай өткеннен кейін сырттан:
— Баршагүл!—деген даусы естілді Еркіннің анадайдан.
— Əу!— деді сол тұстан Баршагүл.
— Əлгі Бəтес əлі жатыр ма, жоқ тұрды ма?
— Білмедім. Үйге кірген жоқпын.
— Асың ше?
— Ол даяр. Піскен еттің астындағы отын сөндіріп, суып қалмасын деп
қазанның бетін қақпағымен бүркеп қойдым.
— Ендеше бар да, ұйықтап жатса оят Бəтесті.
— Ояу болса көрейін. Ұйықтап жатса оятпаймын.
— Неге?
— Қанып тұрсын ұйқысы.
— Қанады ғой ұйқы. Күн кешкіріп қалды. Біраздан кейін тағы да
ұйықтамай ма? Күндіз көп ұйықтаса басы ісіп кетеді. Таңертең шəйға ғана
ернін тигізіп, басқа ас ішпеген. Қарны да ашқан болар, оят.
Баршагүл есіктен кіре бергенде, басымды көтеріп түрегелдім де, киіне
бастадым. Сыбдырымды естіген болу керек, Баршагүл шымылдық ішіне
кіре берді де:
— Ə, өзің де тұрып жатыр екенсің ғой,— деді маған,— ағаң оят деген
еді. Ас даяр.
Киініп тысқа шығып, дөң астына кетіп қайтып оралсам, Еркіннің үйінде
Əсия, Найзабек, Сақтаған, Нұрбек бар, танымайтын тағы біреулер бар,
бірталай адам отыр екен. Қазақ қызында қолдасып амандасу түгіл, сөйлесіп
амандасу да бола ма?.. Амандасқан адамға ол ернінің ұшын ғана
қыбырлатпай ма?
Үйге сол əдетті сақтай кірген мені: «Қарағым, мұнда кеп отыр!» деп
Əсия қасына алды. «Бəтес деген бала осы» деп таныстырды ол
танымайтындарға. Манағы қыздардың көздері сияқты: «Ə, осы ма?!»
дегендей, олардың да көздері маған түйіле қалысты. Мен жерге қарадым.
Осы бір таңдана жəне тұтаса қараған көздер, ақыры, мені жеп тынбаса не
қылсын!..
Сырттан əлде не жігіт, бетіне дастарқан жапқан ұзынша ағаш астауды
көтеріп кірді де, оң босаға жақта отырған Еркіннің алдына əкеп, əуелі
астауды жерге қойып, одан кейін, бусаған еттің бетінен дастарқанды ашып,
Еркіннің алдына жайып, астауды соның үстіне қойды. Содан кейін:
— Құрметті қонақтар,— деді ол қалжыңды кескінмен,— біздің үйде қой
жоғын білесіңдер. Қанжығалы Асаубай шешен айтты деген сөз бар:
Бар болса, сойып бергеннің жөні бар,
Бір тоқтыда он кісінің құны бар.
Сойса қозы өледі,
Соймаса өзі өледі,
Соймаса қан шықпайды.
Құр тілден май шықпайды.
деп. Сол айтқандай, анау Бəтес бала үйімізге кеп түсе қалған соң, мал
соймауға қиналып, қой баласын іздестіріп таба алмай, ұялсақ та мына бір
тушаны біреуден сатып ап сойып, қонағасысына тартқалы отырмыз...
— Бала ғой, баланың сыбағасына осы лайық қой,— деді біреу.
Алдымызға əкеп қойған астауға қарасам, тушаның еті семіз де екен,
түгел де асылған екен жəне не қатаң болмай, не жидіп кетпей, бабында
əдемі піскен екен. Асқа бапты Баршагүл жеңгей тұздығын да тамаша
татытқан екен. Тұздыққа ол таулық жерде ғана өсетін тау жуаны, құмда
өсетін көсікті араластыра турап, ыстық сорпаға бұқтырып қойып жасаған
екен. Біздің араның үлкендігі қошқардың асығындай тау жуасының иісі
бұрқыраған тамаша келеді; көлемі үйректің жұмыртқасындай буылдығын
қоламтаға көміп я сүт пен сорпаның біреуіне сап пісірсең, аузыңда үгіліп,
дəмі қант татып тұрады; ұзындығы табан қарыс, түбінің жуандығы тұтамға
толатын көсікті де не қоламтаға көміп, не сүт сорпаға қайнатып жесең,
тəтті дəмі балқаймақ татиды... Бұлардың біріншісі — біздің арада жабайы
өсетін сарымсақ, екіншісі — картоп, үшіншісі — маркоп. Осыларды
араластыра турап, тұздығын татыта құйған жас малдың, əсіресе, жеуге
жеңіл ешкі баласының етінен дəмді не бар дейсің!..
Ешкі баласының етіне Мен үйде жүргенде өте құмар едім. Əжем «жеме,
жарамайды» деп тыйғанмен, кəрі жіліктің жүрегіме тимейтін көк етін жеуді
жақсы керуші едім. Одан соң жақсы көретінім: бүйрек пен тілі болушы еді.
Сондай жақсы көретін еттерім бусанып алдыма келе қалғанмен,
тұздығының бұрқыраған əдемі исі мұрнымды қытықтай қызықтырғанмен,
көңілсіздігім бе, əлде ұйқымның қанбауы ма, ет мені тартпай-ақ қойды.
Бедірейіп жемей отыруға ұялып, бірер жапырағын аузыма салып көріп ем,
жүрегім айнып құсқым келгендей боп əрең жұттым. Одан кейін, астау
басындағылар: «Же, шырағым!» деп қайта-қайта айтқанмен, біреулері:
«Түк те жемедің ғой» дегенмен, мелшиіп қаттым да қалдым!..
Менің көңілсіздігіме қарауларынан ба, əлде қызметтері бар ма, астан
кейін, күн батар алдында, табақтас болғандар тарап кетті. Мен «басым
ауырады» дедім де, тағы да төсегіме жатып қалдым.
Қас қарая мен бұрын аса қызыға қарайтын тағы бір нəрсе басталды. Тегі
алтыбақан құрылып, соның төңірегінде жастардың сауығы басталды ғой
деймін, қызыл отау жақтан дауыстарын қоса əндеткен қыз-бозбалалардың
үндері естіле бастады. Бұндай сауыққа мен «ұл» боп жүрген кезде де,
«қыз» бола бастағаннан бері де желөкпе адамның бірі едім. Əжем мені езге
ойындардан қақпайлағанмен, алтыбақанға жібермей қойған емес.
Қатынасатын алтыбақанда, əткеншек тебушілер мен əн салушылардың
жуан ортасында болатын едім, жұртқа да, өзіме де, бұл ойынның менсіз
сəні жоқ сияқты еді...
Енді, шаршап жатуымнан ба, əлде сауықтың қызуы кеудемде суып, я
сөніп қалған ба, қызыл отау жақтан естілген тамаша əндер, ызың-шулар
қызықтырудың орнына мазамды алып, мен қайткенде оны естімеудің
айласын таба алмай əуре болдым... Аздан кейін мені алтыбақанға
шақырушылар келген еді, «ауырып жатырмын» деп бармай қалдым. Сөйтіп
жатып ұйықтап кетіппін...
Балалардың шарылдасқан даусына оянып кетсем, түндік жабық
болғанмен есік ашық екен. Басымды көтеріп шымылдықтың етегінен
қарасам, далада жарық, күндіз. Қатты ұйықтаудан ба, қатты ойдан ба,
басым зеңгіп қапты. Шарылдасқан, осы үйдің ойнап отырып төбелескен екі
баласы екен. Кеше күндіз байқауымша кішісі шақарлау сияқтанған,
үлкенінің білегінен қыршып ап жылатып қойған. Жəне өзі «пəлеқор»
сияқтанып, тістеп жылатуымен қоймай, «үлкені ұрып тастай ма» дегендей
байбалам сап босқа бақырған. (Кəкен екеуміз де кейде өстуші едік, мына
кішкене қыздай, мен де Кəкенге бұрын соқтығып жылатып қоятын ем. О да
бір қызық дəуір екен-ау!.. Шіркін, қайта айналып келер ме еді!..) Кəзір де
кішкене қыз сонысын қайталап отыр ғой деймін: ағасын жылатып қойып,
өзі босқа бақырып отыр!..
Баршагүл даладағы жабдықтарында жүріп, балаларының шарылдасқан
даусын естіген болу керек:
— Қап, Бəтеске ұйқы бермеді-ау бұлар!— деп үйге кейи кіріп еді:
— Оянып жатырмын, апай!—дедім мен шымылдық ішінен,— кəзір
тұрып жуынам.
— Сөйтсең, сөйт, шырағым!.. Əсия кеп кетті жаңа. Ол сені таңертеңгі
шайға шақырды. Тосып отырмыз дейді.
Ол үйге мені Баршагүл ертіп барды. Əдейі жасағаны болу керек,
жиналған оншақты адамның бəрі əйел екен. Олардың да көзі менде!..
Менің ең жақсы көретін асымның бірі, ішіне жаңа ғана іріткен ақ
ірімшік сап аздап торталы сары май құйып пісіретін тұшпара болушы еді.
Əсия қамырын ақ ұннан илетіп сондай тəтті тұшпара жасатқан екен. Бүгін
ұйқым да қанған. Басымның манағы зеңгуі де басылған. Салт ат соққан
денем де бүгін жадыраған. Кеше жатырқаған жаңа жағдайға бүгін бойым да
үйреніп қалған сияқты. Екі күннен бері тамақ жемегендіктен, мана
тұрғаннан кейін қарным да ашқан тəрізді еді. Енді мынау əйелдердің
таңдана қарауына тағы да қитыға қалдым ба, немене, көзім қызыққан, исіне
құмартқан тұшпараны тағы да мекілік атып жей алмауым бар емес пе?..
«Же, же» десе де ештеңені өндіріп жей алмаған соң, кешеден бері тамақты
нашар ішуімді бақылап жүрген Əсия:
— Байғұс бала-ау, қалай тіршілік жасайсың бұл тамақ ішкен түріңмен?
Бұрлығып өлесің ғой, бұл қалпыңмен!— деді.
— Ал, Бəтес!— деді Əсия, шəй жиналғаннан кейін,— кешікпей қызыл
отауда қыздардың оқуы басталады. Ішінде болам десең еркің.
— Болайын,— дедім мен көргім кеп.
«Қыздар» дегендері — кешегі көргендерім. Оларға сабақ берушілердің
біреуі Əсияның өзі екен. Күндегі əдеті ме, əлде, бүгін маған əдейі көз ғып
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Мөлдір махаббат - 23
  • Parts
  • Мөлдір махаббат - 01
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2194
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 02
    Total number of words is 3954
    Total number of unique words is 2195
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 03
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2078
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 04
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2151
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 05
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2174
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 06
    Total number of words is 3802
    Total number of unique words is 2135
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 07
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2222
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 08
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2322
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 09
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2265
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 10
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2261
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 11
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2189
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 12
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2137
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 13
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 14
    Total number of words is 3943
    Total number of unique words is 2300
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 15
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2113
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 16
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2193
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 17
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2164
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 18
    Total number of words is 3983
    Total number of unique words is 2182
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 19
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2122
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 20
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1990
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 21
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2107
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 22
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2099
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 23
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2193
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 24
    Total number of words is 3877
    Total number of unique words is 2067
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 25
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 1992
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 26
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 1993
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 27
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2109
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 28
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2033
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 29
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2036
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 30
    Total number of words is 3688
    Total number of unique words is 1955
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 31
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2038
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 32
    Total number of words is 3762
    Total number of unique words is 1952
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 33
    Total number of words is 3674
    Total number of unique words is 2045
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 34
    Total number of words is 3671
    Total number of unique words is 1987
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 35
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2028
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 36
    Total number of words is 3776
    Total number of unique words is 2082
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 37
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2200
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 38
    Total number of words is 534
    Total number of unique words is 407
    49.2 of words are in the 2000 most common words
    63.3 of words are in the 5000 most common words
    70.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.