Latin Common Turkic

Мөлдір махаббат - 01

Total number of words is 3993
Total number of unique words is 2194
33.8 of words are in the 2000 most common words
49.0 of words are in the 5000 most common words
56.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
БІРІНШІ БӨЛІМ
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ҮШІНШІ БӨЛІМ
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ

БІРІНШІ БӨЛІМ
(Роман)
СҮЙГЕН ЖЕР
(Бүркіттің бірінші дəптерінен)
Туған жер, ешнəрсе жоқ сенен ыстық,
Себебі,— сенде туып, сенен ұштық!..
БЕТ АШАР
«Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа» деп ақын ата Абай айтқандай,
күні кеше ғана «баламын» деп жүрген мен де, міне, он жеті жасқа кеп
қаппын!..
Бірақ, бұл жылдар, маған таныс кейбіреулердің өмірі сияқты босқа
өтпей, аз ғана жасымның өн бойына, қан берекесіз шұбырған жанжануардың, ізіндей шым-шытырық шимайларын қалдырыпты.
Бұл бетімде қандай тиянаққа барып тірелерім əзірге мəлімсіз болғанмен
басымнан өткерген оқиғаларды, ойым жеткенше, естелік есебінде жазып
тастағым келді. Кім біледі, мүмкін, мұның да кəдеге асар күні болар!..
Жазушылар бұндай сөздерін, əдетте, «Бет ашар» деп атайды. Менің де
бұл бастама сөзді солай атағым келіп отыр. Оным жазушыларға
еліктеуімнен емес, жазғалы отырған сөздерімде, естеліктің ғана емес,
өзімнің де сана-сезімімнің беті қалай ашылуын сипаттағалы отыруымнан.
«Түбінде кəдеге аса қалса» деген оймен, естелікті оқушылармен
əңгімелесу түрінде жазам.
1. 15—VII—1926 ж.
1. ТУҒАН ЖЕРІМ ТУРАЛЫ
Құрметті оқушылар!
Туған жерін жақсы көрмейтін адамды кездестірмеген боларсыздар. Ал,
мен өз туған жерімді солардың бəрінен артық сүйетін сияқтымын. Егер
солайша сүймесем, осы жазғалы отырған естеліктегі оқиғаларға ұрынбаған
да болар ем. Ол оқиғаларды баяндаудан бұрын, туған жерімнің қалпы
келбетін көз алдарыңызға елестетіп қойғым келеді.
Біреулер туған жеріндегі асқар тауымен, біреулер қиыр қара көк
теңізімен, біреулер долы өзенімен, біреулер қалың, жынысты орманымен
мақтанады. Мен туып өскен жерде бұлардың біреуі де жоқ.
Менің жерім — қай жағына қарасаң, да аспанмен таласқан жиегіне дейін
көз тоқырар қыраты жоқ, «Торғай ойпаты» аталатын жап-жазық дала.
Біздің ауылдан ат, я түйемен шығып, осы кең даланың қай жағына жүрсең
де, «қала» аталатын қоныстың ең жақын жағына бір жұмада əрең жетесің,
алысына кейде жұмалап, кейде айлап сапар шегетінің болады. Өйтпегенде
ше?.. Бұрын «Торғай уезі» аталған жердің өзіне, Бельгия сияқты бес
мемлекет еркін сияды екен!..
Осынша кең жердің жалпақ шөлінде «Адасқандарға белгі болсын»
дегендей, ойларының алшақтығы атпен əлденеше күнде əрең жетерліктей
боп, кейбір сүйреген шоқылар тұрады. Солардың ішінде ең ірісі — біздің
ауылдар жайлайтын «Қызбел» белесі. Бұл ат бұл белеске жайдан-жай
берілмеген: жазық далада сағымды күндері алыстан мұнартқан оның түрі,
шалқасынан көсіле жатқан қыздың денесіне ұқсайды!.. Осы «дененің»
кеуде тұсына қатарлана өскен екі тас діңгекті, тұрғын ел «Қыземшек»
деседі...
Бүкіл Торғай жерінде — «Торғай», «Жыланшық», «Бұланшы» аталатын,
аралары алшақ үш-ақ өзен бар, олардың да суы көктем кезінде ғана тасып
тұщы болады да, шілде туа азайып, дəмі сортаң татып кетеді. Қар суымен
шалшықтанып, жаз құрғап қалатын, бетіне тұз байланатын көлдер бұл
далада бірталай. Тұзсыздарын «Қопа» дейміз. Қопалардың ішіндегі ең
үлкені де, ең сулысы да, жағасына біздің рудан тараған ауылдар қыстайтын
«Сарықопа», оның сарқылмайтын себебі, «Қызбелден» шығатын
«Қоңырау» атты жылғаның құюынан. «Күшіне қарамай көже көпіреді»
дегендей, жаз суы үзбектеліп қалатын Қоңыраудың көктемде өткел бермей
бұрқырайтыны бар!..
Суы осынша тапшы Торғай даласында ел де өте сирек. Біздің ғасырдың
бас кезінде жүргізілген санақ бойынша, Торғай уезінде тоқсан мыңдай ғана
халық болған, ал, одан жері бес есе кіші Бельгияда — тоғыз миллион!
Қопалардың бойын қуалай мекендеген ауылдар қысты күні өзара жөнді
қатынаспайды, күзден көктемге дейін көрісе алмайтын ағайындар болады...
Жаз айларында, мал баққан ел су іздеп, алыстағы өзендерге бытырайды,
кейбір елдер, айлап көшкенде əрең жететін Сырдарияға шейін де барады.
Олар күзді күні, біздің жақта ерте түсетін қыстың қарын қуа Торғайға
қарай, көктемде, біздің жақта кеш еритін қаша, малдарын қармен
сусындатып отырады... Торғайдың кей ауылдары, жаз айларында Жайық,
Тобыл, Есіл, Кеңгір, Ырғыз, Қобда сияқты өзендерді жайлап қайтады...
Біраз ел алыстағы құмдарды қыстап қалады...
Міне осындай көшпелі ауылда, Ұлытау жақтағы «Бүркітті» аталатын
далалық шоқының етегінде, күздің аласа шағында 1909 жылы туыппын,
сондықтан менің атымды Бүркіт қойыпты.
Ондағы ұзай көшудің елесі əлі күнге дейін есімде. «Сападан» көктемде
қар жіби бастаған соң сөгіле көшкен ауыл, айлар бойына үдере көшіп кейде
қырға, кейде жазыққа жететін еді де, күз жақындай кейін оралып, қыста қар
бекіген шақта əрең жететін еді. Сонда, құнан, тай мінуге жараған жасқа
дейін, əке-шешеміз бізді түйеге деген кебеженің ішіне отырғызып, «құлап
кетпесін» дейді де, белімізден таңып тастайды. Бұндай жағдай құста да
болады. Қарлығаш ұясын қыстаудағы қоралардың аша ағашының басына
салады да, балапандары құлап кетпеу үшін ұшуға жараған шағына дейін,
аяғынан ұяға қылмен байлап қояды...
Əке-шешемнің қамқорлығы қарлығаштай болғанмен, ашуымды апылтапыл басқан соң-ақ кебежеге қамалуға көнбей, талай рет бақырғаным,
оныма қарамай еріксіз байқамағаны,— өңім мен түсімдей есімде. Үш-төрт
жасқа кеп есімді біле бастаған соң ол қорлыққа көнбей, бір сəтте,
байлауымды білдірмей шешіп, жүріп келе жатқан нар түйенің, үстінен
жерге құлағаным бар... Сол арада аузым көпіріп талып қаппын да, есімді
бірер күнде əрең жинаппын, одан кейін мені кебежеге еріксіз қамауды
қойып, өз бетіммен жүруге жарағанша, түйе үстіне орнатқан шаңыраққа
мінетін əжем қасына бос алып отыратын бопты!..
Қазақ жуас аттың, я түйенің арқасына жап-жас баланы мінгізіп, құлап
қалмау үшін, ерге я қомға таңып қояды. Менің ол «қорлыққа да» көнгім
келмеді. Əке-шешем ол шалжағыма жібермес пе еді, қайтер еді, егер бесалты жаста салт мінген көліктің тізгініне ие болуға жарамасам!..
Бірақ, біздің ауыл бұл кезде ұзай, үдере көшкен жоқ. Оған себеп: 1911
жылғы «Доңыз» атты жұт. Əкемнің, айтуынша, со жылдың жазында,
көктемінен бастап күзіне дейін, Торғай жеріне жаңбыр тамбайды. Əлде не
себеппен алысқа көше алмаған біздің үйдің малдары, шілдеден бастап
тісіне сыздық таба алмай сай-саланың тобылғысы мен қарағанын теріп
жейді де, ол таусылған кезде қыналы тасты кеміреді.
- Ол да таусылған шақта, — дейді əкем,— жылқылар бір-бірінің құйрық,
жалын; қойлар бір-бірінің жүнін жұлып жей бастайды...
Осы құрғақшылықта, алысқа айдауға күші жоқтардың малы жаз
айларында көтерем боп өле бастайды да, күші жететіндері «шөбі бар»
деген алысқа айдайды.
- Со жылы,— дейді əкем,— біздің үйде мыңға тарта жылқы, үш мыңдай
қой бар еді. Түйені көштің көлігіне ғана ұстайтын едік, оның саны
жиырмадан аспайтын. Сиыр бізде атымен жоқ та.
- Жыл жайын көріп, жұтау қорқынышы басқа төнгеннен кейін,— деп
жалғастырады əкем əңгімесін,— алысқа айдауға болмайтын қой-ешкіні,
«келер жылы тұяққа тұяқ қайтарарсың» деп маңайдағы елге түгелге жақын
үлестірдім, басы артық түйелерді «майын мін де, қыстай асырап бер» деп
ауыл-ағайынға таратып, жылқыны «жері от» деген Орал тауына айдап
жөнелдім...
Сол кеткеннен хабар-ошар болмаған əкем, үйге қыс ортасы ауа бір-ақ
оралады.
Жасым ол жылы төрттен аз-ақ асқанмен, əкемнің қандай халде келгені
есімде жақсы сақталған: «өлдім!» деп шыңғырған дауыстан шошып
оянсам, көрдей қараңғы үйдің ішінде, қамыс арасында қорсылдап айбат
шеккен қырдың қабаны сияқты біреудің күрілдеген былапыт сөзді ашулы
даусы естіледі, шамасы, əкемнің даусына ұқсайды... «Өлдім» деген сөзді
қайталай айтып шыңғырған шешемнің даусы сияқты... «Не болды, Əбеужан!.. Өлтірдің ғой, сорлыны!.. Тоқталшы!.. Басшы, ашуыңды!..» деп
арашалаған дауыс əжемдікі!.. Шошып оянған бала-шағаның шулай
жылауынан, қараңғы үйдің, іші азан-қазан!.. Тағы біреулердің арашалаған
даусы естіледі...
Əлден уақытта, қар көміп тастаған терезені əлдекім ашты да, тымық
қараңғы үйдің ішіне көмескі сəуле түсе бастады. Сол кезде əкем де араша
беріп, түндей түнерген кескінімен, босаға жаққа шеке түсіп отыра кетті...
Сонда ғана білдік: «қырсыққанда қымыран іриді» дегендей, əкемнің
Орал тауына айдап барған жылқылары жауынды жердің қалың көдесіне
отырып жонын жайған шақта қыс түседі де, аз уақытта жаңбыр жауып, жер
жылқының тұяғы батпайтын мұздақ боп қатады да қалады. Содан кейін,
аштан бұрлыққан жылқы қырылып өле бастап тайды... Сақтап қалар амалы
жоқ əкем, бірер жылқыны ғана, жылқыға жылқы беріп жергілікті халыққа
асыратады да, өзге жылқыларының өлігін қардың астында қалдырып үйге
қайтады...
Со жылдың қысында, біздің арада да күні-түні түтеген көзді
аштырмайды. Арасы алшақ ауыл мен ауыл қатынаса алмауы былай тұрсын,
іргелері тақалған үй де бір-бірімен зорға араласып, түк көрсетпей түтеген
боранда адасып кетпеу үшін, араларына арқан керіп қояды... Өткен жаз
жерге шөп шықпағандықтан, халық қолы жеткен көл атаулының қамысын
түгелімен отап алады. «Сарықопа» да осы күйге ұшырап, тап-тақыр бетіне,
жел айдаған қар тоқырамайды да, көл төңірегіндегі ауылдарға кеп
тығылады. Ауыл үстіне үйілген қардың, үйлер мен қоралар астында қалып,
үй мен үй күртікті жырып қатынасады...
Əкем ауылға осындай бір шақта, түнде келсе, есік алдын қар көміп
тастаған... Терезе жаққа барса, оны да тып-типыл ғып кеткен... Аршиын
десе, қолында күрек жоқ... айғай салса, шырт ұйқыдағы үйдің іші
естімейді...
Əкем көрші үйге барып, əрең дегенде оятады да, күрек пен кісі алып кеп,
есік алдының күртігін жырып үйге кіреді... Үй оны сезбейді... Осыған ыза
болған əкем, «ит ашуын тырнадан алады» дегендей, ұйқыда жатқан
шешемді, төсегінен сүйреп алады да сабайды...
Шешемді ұруына араша бергенмен, əкемнің бұл ашуы ұзаққа дейін
тараған жоқ. Қар кетіп жер аяғы босай, қасына əлдекімдерді ерткен ол,
Орал жағына кетті де, айдан артық уақытта, жиырма шақты арық жылқыны
ғана айдап қайтты... Өзгесін, не «өлді» деп, немесе көрінеу көзге
барымталап, тұрғын ел алып қапты...
Əжемнің айтуынша, сол жылдан бастап, біздің ауыл да, үй де жаз
айларында алысқа көшуді доғарып, арада бірер күн ғана түнеп жететін
«Қызбел» бойын жайлайтын болған...
2. ТУҒАН ҮЙІМ ТУРАЛЫ
Ескі ауылдың салты қызық: жергілікті рулардан өзі кедей біреумен
кеңесе кетсең, арғы аталарын «бай болған» деп мақтанады; өзі момын
біреумен кеңесе кетсең, арғы аталарың «батыр болған» деп мақтанады; осы
руға басқа рудан келгеннің аты — не «келімсек»; не «кірме»; басқа
халықтан жаугершілікте қолға түскендердің аты — «құл». Қазақтың
ұғымында кедей я момын болу ұят емес, келімсек я кірме болу ұят; ал,
«құл» болу, қорлық.
Менің сегізінші атам Ерназар—қалмақ. Соған қарағанда, біздің де құл
болуымыз керек қой. Бірақ, сырттан айтса өздері біледі, ал, көзімізді
бадырайтып, ешкім де «құлсың» дей алмаған. Əкемнің айтуынша, олай дей
алмайтын себептері, Ерназар (қалмақша аты «Сүбетей - мерген» екен
дейді) қазақтың қолына жаугершілікте түспеген, атақты хан, еңсегей бойлы
ер Есімнің қолына өзі ізденіп кеп, атақты батырының бірі болған - Есім оны
өз қарындастарының, біріне үйлендіріп, қанымыз хан тұқымымен араласып
кеткен.
- Олай болатын себебі,— деп мақтанады əкем,— Ерназардың өзі
қалмақтың қарасынан емес, хан тұқымынан екен.
Ерназардан бергі аталарымыз бай да болған, тұқымы қаулап өскен де.
«Қалмақ» аталатын бұл ру, əкемнің тұсында екі жүзден астам, бір старшын
ел бопты.
- Жігіттеріміз,— деп мақтанады əкем,— əрі сайдың тасындай біркелкі
ірі болған жəне шетінен жау түсіргіш батыр болған. «Қалмақ жүрген жерде
салмақ бар» деп, біздің жігіттер тізелесе жүрген шақта, қандай рулы ел
болса да батып тие алмайды екен.
Əкем Жаман дейтін кісіден туған екен, сөйте тұра, ол «Жəутік баласы»
боп кеткен. Жаман мен Жəутік бір əкенің баласы екен. Жаманы — момын
болады да, Жəутігі — батыр болады. Менің əжем — Нарбота, осы
Жəутіктің əйелі, төркіні Орынбор маңының атақты байы жəне биі —
Дербесалы.
Жəутікке қосылған əжем азғантай ғана жыл отасқанда, «Россияға
бағындың» деп біздің елді Кенесары Қасымов шабады, осы соғыста оған
қарсы қатты қайрат көрсеткен Жəутік, арпалыста найзаға ұшып өледі.
- Сол соғыста,— деседі елдің қарттары,— əжең Нарбота да еркектермен
араласа соғысқа қатысып, талай жауды түсірген адам.
Ол сөздеріне иланам: ең алдымен, əжем қапсағай, тарамыс денелі зор
кісі жəне кескіні еркек сияқты ұсқынды кісі. Қайратына келсек, дыңдай
жігіттің көтеретін жүгің мен ес білгенге дейін көтеріп жүрді. Ісі де, күші де
осындай болғандықтан, өзің «еркек орнындағы кісімін» деп түсінгендіктен,
сөздері батыр адамдай кесек болатын еді, біреуді тілдегісі келсе еркекшілеп
боқтайтын еді...
Күйеуі - Жəутік соғыста өлген осы əжемді, жұрт əмеңгерлік жолымен,
қайнағасы— Жаманға қатын үстіне қосады. Содан əкем туады. Сол бір
шақта біздің елдің балаларын піштіріп жүрген Қарағожа деген кісі, «атамыз
— пайғамбардың туысы» деп əкеме — Əбуталыптың атын қосады. Кейін,
жұрт ол атты қысқартып айтып «Əбеу» боп кетеді.
Жəутіктен бала қалмаған екен, деседі, сондықтан, əжем Жаманға, «сенің
өзге балаң да жетеді» дейді де, əкемді «Жəутіктің баласы» деп атайды,
сонымен, əкем,— «Жəутіков Əбеу» боп кете барады. Расында солай деп ұға
ма, əлде жүре келе тұз-еңбегі жараспады ма, Жаманның басқа балаларымен
əкем өмір бойы араз боп, іргесін олардан аулақ салды, жаз да, қыс та
бөлініп алысқа қоныстады... Əкем ержете, əжем де Жаманнан бөлініп
кеткен...
Əкемнің үйлену тарихы қызық. Шешемнің аты — Асылтас. Төркіні Арғын руының ішіндегі ең беделді тұқымының бірі – Шақшақ Жəнібек.
Шешемді алғаш Жаманның бір баласы атастырады да, қалыңдық ойнап
жүрген шақта күйеу өледі. Əкем ол жылы он бес жаста екен. Өзі Торғай
қаласында орысша оқып жүрген екен, шешем одан алты жас үлкен екен,
бірақ, əкемнен басқа басы бос əмеңгері жоқ екен.
Осы жайда екі ел бас қосып сөйлескенде, шешемнің төркін жағы əкемді
жассынып, əрі «оқуда жүр» дегенді сылтау ғып, малға бітісуді ұсынады.
Біздің «қалмақ» тұқымы ақылдаса кеп, төлеген қалың малды екі есе ғып
қайырып алуға ризаласады. Осы топта əкем де бар екен дейді. Бұндай
бітімге қарсы болған ол, сөзін өткізе алмауына көзі жетеді де:
— Бір бітім түгіл, мың бітім жасасаңдар да мейілдерің!.. Мен мұның
ішінде жоқпын! — деп атына мініп, жападан-жалғыз еліне тартып
отырыпты. Жұрт оның бұл сөзін шалдуарлыққа санап мəн бермейді.
Ауылға келген əкем, біздің рудың «басты» дейтін жігіттерімен
ақылдасқанда:
— Жесірді жібермейміз,— деп қайрайды олар əкемді, - ақсақалдардың
бітіскеніне қарамаймыз, төркінінің қапысын тауып алып қашамыз!
Жігіттер осыған келіседі. Ақылдың ішінде əжем де болады. Қайда алып
кету жайын кеңескенде:
— Менің төркініме!— дейді əжем.— Оларға ешкім де батып бара
алмайды.
Жігіттер жасырын түрде қам жасап жатқан шақта, шешемді «Тобыл
бойындағы Қыпшақтың бір байы баласына əпермек бопты» деген хабар
естіледі. Аз күннің ішіне ол байдың баласы шешемді алып қайтпақ боп,
Қызбелді күздіктеп отырған біздің ауылдың үстін жанап өтеді. Жесірін
алып, қаннен-қаперсіз келе жатқан оларды, түн жамылып сайда аңдып
отырған əкем мен жігіттер бассалады да, шешемді алып қашады.
Жанына əжемнің төркініне баратын жолды жақсы білетін бірер жігіт
ерткен əкем, жолшыбайғы сирек елдің біріне соқпастан, суыт жүріспен
тартып отырып, аз күнде, Жайық бойын жайлаған нағашысынан бір-ақ
шығады. Əкемнің ерлігіне риза боп қуана қарсы алған нағашылары, амалы
құрыған шешемді көндіріп, Орынбордағы Торғай облысының
губернаторынан басына ерік қағаз əпереді. Бұл хабар Торғай мен
Қостанайдың уездік начальниктеріне жеткеннен кейін, барымталасқалы
жатқан рулар тоқырайды. Əкем мен шешем біздің ауылға бірер балалы
болғаннан кейін ғана қайтады.
Осындай жайларына қарағанда, əкем мен шешем тату болуға тиісті ғой.
Расында олай болмайды. Шешем төркінінен жүкті келген. Соны көңіліне
ауыр алған əкем, нағашысында жүрген шақта сыпайылық қып сыр
білдірмейді де, елге келе, «отырса — басқа, тұрса — аяққа» дегендей,
басынан таяқ айырмайды жəне жеңіл сабамай, көбінесе талдырып
тастағанға дейін сояды... Кей уақыттарда көкала қойдай болған шешем,
«жұрт көзіне көріне алмай, жұмалап, айлап... дегендей, шымылдық ішіне
жатып алушы еді» деседі...
- Осы таяқтан,— деседі үлкендер, менімен бертінде сырласқан шақта,—
сен туғанға дейін, бейшара шешең көз ашқан жоқ.
Маған дейін шешем он бір құрсақ көтеріпті, соның екеуі — ұл, тоғызы
қыз екен. Ұлдарының аты: Қошқарбай, Текебай. Қошқарбай жасында
өлген. Тоғыз қыздың жетеуі тірі. Оларға: Алтын, Күміс, Кəукер, Меруерт,
Құндыз, Жібек... деген сияқты ылғи асыл бұйымдардың аттары берілген
сияқты.
Шешемді əкем мен туғанға дейін сабады дегенмен, үздіксіз таяқ жей
берген соң тілі шығады да, əкем қалай сабаса да шапылдаған тілін
тартпайды. Осы өршеленудің аяғы жаман бір оқиғаға соғып, мен туардан
төрт-бес жыл бұрын, шешемнен əрі қажыған, əрі оны кəрісінген əкем, əлде
не кедейдің қызын тоқалдыққа алса, шешем оны, жаздыгүні жерошақта
үлкен қазанда қайнап тұрған құртқа итеріп жіберіп, күйдіріп өлтіреді,
жұртқа «шанышқақтаған сиыр қағып кетті» деген сөз таратады.
Əкем мен шешемнің мен «сүт кенжесі» екем, сондықтан ба, əлде менен
тоғыз жас үлкен Текебайдан кейін ұл көрмеулерінен бе, болмаса əжем мені
бауырына сап, «Əбеудің емес», «Жəутіктің баласы» ғып өсіруінен бе, ес
білген күннен бастап, мен туған үйімнің шалжаңдатқан еркесі болдым.
Бірге тудым деп түсінетін əкемді, мен «Ағеке» деймін, жеңгем деп
түсінетін шешемді «Жеңеше» деймін.
«Əжеңнен қалай тудың?» дегендерге, «Аф дегенде аузынан түсіп
қалдым» дейтін ем... Өзінен «туғаныма» күдігі болмасын дегендей, əкешешемді жатырқасын дегендей, əжем мені тілім шыққан күннен бастап
оларды боқтатып үйретті...
Əжем туралы аз сөз: ел аузында ол «жұрт анасы» аталған адам, оған
себеп — жаугершілік кезде «батыр қатын» аталуы бір болса, екіншіден —
қолда бар асын аямайтын мырзалығы, үшіншіден — кішіпейіл мінезінің
жағымдылығы, төртіншіден - ағайынды алаламай ұстайтын бүтіншілдігі,
бесіншіден - қисыққа бұрмайтын əділдігі, алтыншыдан – сөзіне ел
ұйытатын ақылдылығы, жетіншіден – уəдесіне беріктігі. Сондықтан,
əжемнен ақыл сұраушылар да, оған кеп жүгінушілер де көп болған. Алдына
келген адамға, əжем үнемі əділетін ғана айтқан. Əжем айтқан сөз тоқтаулы
боп, оны ешкім бұзбаған...
«Еркек орнына жүрді», «жұрт анасы болды» деген əжемнің, маған
сіңірген еңбегі де, өмірімде өтеп бола алмайтын қарызым. Өзінің
айтуынша, шешемнен шырылдап жерге түсе, кіндігімді кесіп көтеріп алған
да, шаранаммен қойнына салған...
- Сонда, - дейді əжем,— мейірімінің түсуі сонша, — алдақашан суалған
емшегімнен сүт сорғалап қоя берді...
Мен сол қалпыммен шешемді емес, əжемді еміп өсіппін. Кейін сүті
суалғанда, арда емген құнан я дөнен құсап, бес-алты жасқа дейін төсіне
жабысып жүрдім!.. Осы жасқа дейін, əжемнің құшағынан басқа жерге
қалғып көрген жан емеспін!.. Шіркін, əжемнің құшағы-ай!.. Ол құшақта
мен өзімді жылы ұядағы балапандай сезуші едім!..
Жағынуым я жалтақтауым емес, «əжемнен тудым» деп түсінетін мен,
бертінге дейін не əкеме, не шешеме, сүйгізу түгіл иіскеткен де бала
емеспін. Сонда, өзімше, əкемді «бір əкеден туған ағам» деп, шешемді
«жеңгем» деп, өзімді олармен теңдес көрем де, олардың алдында бала
сияқтануға намыстанам.
Осы намыстың мені бір пəлеге ұшыратқанын айта кетейін: біздің үй
доңыздың жұтына ұшырап, қалың жылқыдан айырылған соң, ұсақ қара
малымызды өткен жылы қарызға үлестіріп алғандардың көбі, тышқан
жылының жазында қайтара алмай, шаруашылық күйі əлсіз болған соң, əкем
«жұтамапты» деп естіген нағашысына бармақ болады да, нар түйеге мінген
ол, əжемнің ұлықсатымен, мені алдына өңгеріп ала кетеді. Мен ол жазда
төрт жаста екем.
Осы сапарында, əкем менен айырылып қалады. Оқиға былай болады:
жолда «Тосын» атты белесті қалың құм бар екен, оған жыңғыл, жиде
сияқты ағаштардан жынысты орман өседі екен. Торғай өзені осы құм мен
жыныстың арасын жара ағады екен.
Тосынды бойлап келе жатқан əкем, бір сəтте түйесін орман ішіне, өзен
жағасына шөгеріп, дем алып жатады да, əкелік мейірімі ұстай қап, мені
оңашада сүймек болады. «Əжемнің баласы» боп дағды алған мен, ырқына
көнбесем, күші жететін əкем, құшақтап ап, еріксіз сүйеді. Бұл «зорлыққа»
ызаланып жылаған мен, əкемнің құшағынан бұлқынып босанам да,
бақырып бетіммен қашам. Əкем қуып жетіп ұстаса, мен оның сақалынан
жұлып, бетіне түкіріп... дегендей бой бермеймін... Соған ашуланды ма, əлде
«қайда барар дейсің» деп ойлады ма, бұлқынған мені əкем босатып қоя
береді де, өзі түйесіне қарай кетеді. «Бақырсам, дауысымды естіп тағы да
ұстап алар» деп қорықтым ба екен, немене, мен қалың жыныс пен еркешті
құм арасына сіңіп кете барам...
Сол кеткеннен оралмайын... Жоғалтқан əкем іздесін де таба алмасын!..
Ал, осының арты неге соққан?..
Ашудың жаңа кіріп келе жатқан есімді буып тастауынан ба, əлде адасып
кетуім бе, сол жоғалғаннан, мен із-түзсіз жоғалам!.. Түйесінің қасында аз
уақыт отырған əкем, дыбысым шықпауына елеңдеп, кеткен жөнімнен олай
іздейді таба алмайды, бұлай іздейді таба алмайды!.. Айғайласа дыбыс жоқ!
Əкем жүгіре-жүгіре шаршайды, айғайлай-айғайлай даусы қарлығып, үні
бітіп қалады... Енді не істеуге білмейді...
Сол шақта күн кешкіреді... Түн болады... Маңайында ел жоқ, ессіз
жатқан құм!.. Біздің Торғайдың құмдарында «қорқау» атты қызыл жүн
қасқыр жүреді екен... бір кезде, əлдеқайда солардың жəне түлкінің ұлыған
дауыстары естіледі... Енді не істеу керек?..
Түні бойы тиышы кетіп, көз шырымын ала алмаған, қалың тоғай мен
құмның арасын үмітсіз кезген əкем таң атқанға дейін мені таба алмаған
соң, ағашқа асылып өлгісі де келеді, өзеннің суына тұншыққысы да келеді.
- Солардың біреуін де істемеген себебім,— деп отырады əкем бертінде,
— үміт дүниесі болғандықтан, «балам табылар» деп дəмеленгендіктен ғана
еді.
Мені сол маңайдан тағы екі-үш күн іздеп таба алмаған əкем, құм мен
тоғайды біраз кезеді де, «манағы орынға оралмады ма екен» деген үмітпен,
жоғалтқан жерге оралады. Сол арада шұбырған түйенің ізі кездеседі. Бұны
керуен түйесінің ізіне жорыған əкем, «балам, мүмкін, соларға ұшыраған
болар» дейді де, соңдарынан қуады. Жүрісі суыт па, əлде, бұл кешігіп қуды
ма, керуен төрт-бес күнге дейін жеткізбейді. Ақыры, түйесін болдыртып,
өлдім-талдым дегенде жетсе, мен солардың қолында болып шығам!..
Қазақша айтқанда, мені бұл жолғы өлімнен «құдай сақтаған». Керуен
адамдарының айтуынша, олар Тосын құмның елсіз-күнсіз арасымен келе
жатса, биіктей шарықтаған бүркіт, бір төңіректі орай қалықтап жүреді де
қояды. «Сол бір тұста аң бар екен» деп жориды керуен.
Аз уақыт жүрген керуен, бүркіт айналып жүрген тұсқа жетсе, құм
арасындағы жазықтау тақыр екен дейді. Сол тақырда əлде не қараңдап
қыбырлайды. Жолаушылар оны əуелі қонып отырған қарақұсқа жориды.
Жақындаңқыраса, қара құс сияқты емес!.. Малдың адасып қалған төлі
дейін десе, маңайда ел жоқ!.. Аңның ақсаған балапаны дейін десе, ешбір
аң, бұлай жападан-жалғыз тастап кетпеуге тиісті!.. Сонда бұл не?!.
Жолаушылар қараңдағанға жақындаған шақта, аспанда шарықтаған
бүркіт, жердегіні ілуден үмітін үзгендей, əлдеқайда ұзай тартып отырады...
Қараңдағанға керуен таянып келсе, шапанын шешіп қолына алған, тұрыпжығылып жүрген кіп-кішкене адам баласы!..
Ат жетер жерде ауыл жоғын білетін, маңайда жүргіншілер жоғын көріп
келе жатқан жолаушылар, із-түзі жоқ айдалада кездескен кіп-кішкене
баланы, «əлде, бұл, бала болып елестеген шайтан ба?» деп сескеніп, бірден
қасына жолай қоймайды... біреулері, орай өтіп қашуды ұсынады... ал,
жығыла-сүріне томпаңдаған жас бала, есі шығып кетуден бе, əлде жат
адамнан қорқудан ба, бұлардан қашқан сияқтанады!.. Сонда, керуеннің
біреуі тұрып, «не де болса ұстаймын осыны!» деп аттан қарғып түсе
қалады да, қашқалақтап құлаған баланы ұстап қолына көтеріп алып, əлсіз
тырмысқан үнсіз баланың кескініне қарап жіберіп: «сусын!» деп айғай
салады серіктеріне... Біреуі ішіне малта салып торсыққа құйған судан
аяқпен сусын əкеп бергенде, ерні кезерген, əлі кеткен баланың жұтуға
шамасы келмей, ұрттаймын дегенде, езуінен төгіліп кетеді... Содан кейін,
керуен адамдары баланың аузын ашып, сусынды көмекейіне тамызады...
Тамағы жіпсіген баланың ептеп есі кіре бастайды...
- Көп бермеңдер,— дейді қартаң біреуі,— ындыны кеуіп қалған адам,
сусынды мейірі қана жұтам десе өліп кетеді. Бойын сусынға тамшылап
үйрету керек...
- Енді болмаса өлген екен,— депті əкеме жолаушылар,— таңдайы
жіпсіген бала, сусынға ұмтылып жылай бастаған соң, аз да болса жұтқызып
көрейік деп беріп ек, құныға сімірген бала, аяқты аузынан алғанда,
маңдайынан тер құйылып, кезі алақтап талды да қалды...
Содан, мен, кешкі салқын түсе əрең тірілем. Тауып алғандар маған ептеп
сусын жəне тамақ бере бастайды...
- Содан кейін байқасақ,— депті жолаушылар əкеме,—жалғыз қаңғырып
қорқып қалуынан ба, əлде, қисықтығы ма, осы баланы өзің, келгенге дейін
еліктіре алмай қойдық!.. Берген тамақты ішкеннен басқа уақытта, қыңырая
тырмысып, ырық бермейді...
- Мені де бассалмай, өзім бассалып жылағанда, жасы сорғалаған көзіме
салқын қарадың да тұрдың, — дейтін еді əкем маған, ол оқиғаны еске
түсіргенде, бертінге дейін... — Мені де жұрт «қаттысың» дейтін еді, сенің
оның маған бітпеген, баяғы батыр атаңа біткен қаттылық. Атаңды жұрт
«жаудың қабырғасын тірідей сөккенде шімірікпейтін батыл еді» деседі...
Бұл сөзді əкем ғана емес, біздің қай тұқымнан екенімізді естіген
керуеншілер де айтқан.
- Батыр аталарыңның аруағы ғой, бұл баланы жебеп-желеп сақтаған,—
дескен олар əкеме,— əйтпесе құм ішінде қойдай өретін жыртқыш аңдар,
немесе, анау төбесінде айналған бүркіт алдақашан жеп қояр еді!..
Мені жоғалтып тауып, қуанышы қойнына сыймаған əкем, ілгері жүрмей,
өзіміздің ауылға кейін қайтқан...
Одан кейін қасыма ертпеспін деп серт еткен əкемді, менің тағы да бір
масқара қыла жаздағаным бар. Алтыдан жетіге шыққан жылымда,
«Байқоңыр» аталатын жерде жұмысы болып жиналған əкем, «мен де
барам» деп жылаған соң, əжем «енді есі кірді ғой, бетімен лақпас, ала кет»
деген соң ертіп ала кеткен. Түйемен бір жұмада жетсек, «Байқоңыр» дегені,
жерінің терең астында көмірі бар орын екен.
Көмір қазушылардың аулында біз бір жұмадай жаттық. Жайлауға
көшпей, жатақ жатып жұмыс істейтін ауылды бірінші көруім осы. Ауыл —
«Байқоңыр» аталатын биіктеу жотаның іргесінен көктемде өзен сымақ су
ағатын, жаз онысы құрғап қалатын жарқабақтың іргесіне орналасқан екен.
Үйлердің бəрі не шымнан, не тастан қалаған кіп-кішкене. Бірен-саран үйде
болмаса, қора деген жоқ, өйткені, оған қамайтын малдары жоқ. Үймежүйме орналасқан үйлердің жалпы саны жүзге тарта бар деседі, солардың
бəрінің малы «доңыз жұтында кедейленіп қалдық» деген жалғыз біздің
үйдің малына жетпейді.
Есімді біліп қалған шағым, отырықшы ауылдың үй-жайларына
менсінбей қараумен қатар, күн көрістеріне де көз жүгіртем. Біздің ауылдың
ең кедей деген адамында сауындық түйе, сиыр, қой болып, өзгеге болмаса
да, аққа тойып отырады, ал бұнда, айран, қатық, қымыран түгіл шайына ақ
қататын үй де некен-саяқ. Көп үйдің бар тамағынан. Оны да бірталайы
тойып жемей, тоқ-жарау... Етті ілуде бір-ақ үй татады екен. «Қарға тамырлы
қазақ» дегендей, Байқоңырда да біздің бір ілік-шатыс табылып, барған күні
бізге сойып берген жалғыз лағы, бұл ауылға бие сойғандай оқиға боп,
сорпа-суанын көрші үйлердің қатын-қалашы қазан аузынан бөліп ішті...
Малға сонша кедей бұл ауылдың барлық сауыны — жердің терең
астынан қазып шығаратын тас көмір екен. Сол «сауынды» көргім келгенін
əкеме айтып ем, «елім сағынып жүрсің бе?» деп ақырып тастады. Одан
ұлықсат ала алмайтынымды көріп, бұл ниетімді одан жасырып орындау
жабдығына кірістім. Бір күні оның да «сəті» түсе қалды: достасып үлгерген
бір бала екеуміз көмір шығаратын құдықтың қасына барсақ, көмір
көтеретін жəшік аузына кеп, сырттағылар аударып алып жатыр екен.
Босаған жəшік құдыққа қайтадан түсер шақта, ішінде отырған жігітке,
«мені де ала кет!» деп ем, «кел, отыра ғой!» деді анау. Серік балам сыртта
қалып қойды да, мен жігітке еріп, құдықтың түбіне кете бардым...
Елде, Қызбел жайлауында, тазалаған құдықтың түбіне түсіп көргенім
бар еді, ол да терең сияқты еді, бірақ оның түбіне дейін саңлау түсетін еді...
Ал, мынау, көрдей қараңғы біреуі!.. Жəне кетіп барамыз, кетіп барамыз...
бірақ жетер жайымыз жоқ сияқты...
Біраздан кейін менің басым айналып, құсқым келе бастады. Ол жəйімді
жігітке сездірсем, «шыда, бала!— дейді күліп,— мал бағып қана күнелтетін
ауылдың баласы екенсің... əкең бай екен!.. Байдың малы бейнетсіз өседі.
Көр, міне, біз сияқтылардың тамақты қалай асырайтынын!»
Қараңғыға құлдырай түсіп, ұзақ уақыт сүңгіген біз, əлден уақытта,
əлденеге кеп тірелдік.
— Түбіне жеттік, бала!— деді жігіт сол уақытта.
Жəшіктен ол мені көтеріп түсірген шақта, жан-жағыма үрейлене
қарасам, қап-қараңғы көрдің əр жерінен, жарық сияқты бірдемелер
жылтырайды... «Олар не?» десем, «көмір қазушылардың шамы» деп жауап
береді жігіт...
Қараңғыға көзім үйрене бастаған мені, «ер, маған!» деп жігіт жетектеп
ала жөнелді де, əр жерінде шамы жылтыраған қараңғы үңгірді аралатып
отырып, бір тұсқа келгенде, «ал, енді жамбастап сырғымасақ, түрегеп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Мөлдір махаббат - 02
  • Parts
  • Мөлдір махаббат - 01
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2194
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 02
    Total number of words is 3954
    Total number of unique words is 2195
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 03
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2078
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 04
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2151
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 05
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2174
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 06
    Total number of words is 3802
    Total number of unique words is 2135
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 07
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2222
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 08
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2322
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 09
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2265
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 10
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2261
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 11
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2189
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 12
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2137
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 13
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 14
    Total number of words is 3943
    Total number of unique words is 2300
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 15
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2113
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 16
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2193
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 17
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2164
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 18
    Total number of words is 3983
    Total number of unique words is 2182
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 19
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2122
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 20
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1990
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 21
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2107
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 22
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2099
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 23
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2193
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 24
    Total number of words is 3877
    Total number of unique words is 2067
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 25
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 1992
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 26
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 1993
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 27
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2109
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 28
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2033
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 29
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2036
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 30
    Total number of words is 3688
    Total number of unique words is 1955
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 31
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2038
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 32
    Total number of words is 3762
    Total number of unique words is 1952
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 33
    Total number of words is 3674
    Total number of unique words is 2045
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 34
    Total number of words is 3671
    Total number of unique words is 1987
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 35
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2028
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 36
    Total number of words is 3776
    Total number of unique words is 2082
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 37
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2200
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 38
    Total number of words is 534
    Total number of unique words is 407
    49.2 of words are in the 2000 most common words
    63.3 of words are in the 5000 most common words
    70.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.