Latin Common Turkic

Мөлдір махаббат - 36

Total number of words is 3776
Total number of unique words is 2082
35.9 of words are in the 2000 most common words
48.9 of words are in the 5000 most common words
55.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жинағандай, «неге болса да шыдадым» дегендей ширақ үнмен.
— Қашан?
— Бүгін кешке.
— Қайда?
— Орал облысына...
— Поезбен бе?— деппін мен.
— Əрине!—деді Бəтес, бұл сұрауыма таң қалғандай.
— Қай жеріне кетті ол облыстың?
— Білмеймін!..
— Қанша уақытқа?
— Білмеймін.
Оны қуып жете алмайтынымды көргеннен кейін:
— Еркіңмен тидің бе оған, еріксіз тидің бе?— дедім.
— Қайсысы болса да болған нəрсе ол.
— Шыныңды айт! Əйтпесе ажалың жетті.
— Одан мен қорықпаймын.
— Расың ба?
— Барлық қымбатыммен қарғанам!..
— Ендеше жүр!..
— Қай жаққа дейсің?
— Сырдарияға қарай!..
— Жолы қайда болушы еді оның?
— Мен сілтеген жақта.
— Сілте, ендеше!..
— Оңға қарай тарт!..
Бораны ұйтқыған қараңғы көшемен Бəтес жөнеле берді. Мен наганымды
сыртқы қалтама сап, қобдишаны қолыма ұстап, соңына түстім... «Оңға...
солға...» деген екі сөзбен ғана, қалай жүруіне команда беріп келе жатып,
менің есіме бала кезімде көрген бір нəрсем түсе кетті: жаздыгүні
Қайрақбай екеуміз бір жақтан салт келе жатыр ек:
— Болды қызық!— деді Қайрақбай.
— Ие?..
— Сонау бір сайға, марқа қозыны айдап келе жатқан қасқыр түсіп
кетті!..
— Қойшы?!
— Рас!.. Табыннан ұрлап қашқан болу керек. Бөлтіріктеріне тірідей
апарып талатпақ екен. Бізді көріп бұрылып кетті ғой деймін. Жүр енді, сол
қозыны талатпай алып қалуға тырысайық!
— Апанын қайдан табамыз?
— Білемін, қайда екенін!..
Қайрақбай алдымда, мен — артында, екеуміз шаба жөнелдік. Бірер
дөңестен өте бергенде:
— Əне кетіп барады!— деді Қайрақбай.
Қолымен нұсқаған жағына қарасам,— алдында томпаңдап жортқан
қозыны, қасқыр айдап барады екен!.. Мен қызып кетіп, айғай сап
жіберіппін. Сонда қасқыр бізге жалт қарады да, қозыны алдыңғы жағынан
бас сап, бөксе жағын арқасына қондырып ап, тоңқалаңдай шапқан
қалпымен, қалың тобылғылы сайға сіңді де кетті.
— Қозыға обал жасадың!— деді Қайрақбай, атының басын іркіп.
— Неге?
— Апаны жақын еді. Айғайламасаң бізді көрмес пе еді, қайтер еді!..
Көрмесе, апанына жеткенше, біз де екінші саймен алдынан тосар ек. Енді
мына қалың, тобылғылы сайдан таптырмайды!..
Қасқыр расында да таптырмады!..
Мынау алдымда жүріп келе жатқан Бəтес, маған қасқырдың айдауында
жортып келе жатқан сол тоқты сияқтанып кетті. Ал өз көңілімді байқап
қарасам, кəзіргі сағатта, қасқырдың қараулылығынан кем сияқты емес...
Бір кезде дария бетіне де шықтық. Оны тоғайдың арылуынан, қараңғыға
үйренген көзіме, мұздың үсті сияқты тегіс жер көрінуінен, панасыз тұста
жел мен боранның үдей түсуінен аңғардым. Ендігі жауыздық ойым:
қаланың малы су ішетін ойықтың қасына апару да, ернеуіне тұрғызып
қойып ату, сөйтіп, денесін суға ағызып жіберу!..
Осы ниетімнен қайтпаған қалпыммен, кеше ғана «қырық кепе» аталатын
ауылға күндіз барып қайтқанда, жолда көрген ұзын жəне кең ойықтың
қасына алып келдім де:
— Тұр, мына жерге!—дедім Бəтеске, бір жерді нұсқап. Бəтес тұрды.
Ойықты барып қарасам, қардың үрлесіні жапқан судың беті, аязға
қабыршықтана қалған екен, оны өкшеммен теуіп түсірем дегенде, аяғым
тайып кетіп, ойыққа өзім кетіп қала жаздап, əрең оңалдым.
— Мұнда тұр!—дедім Бəтеске, ойықтың ернеуін нұсқап, қобдишамды
жерге қойып, наганымды қолыма алып.
Ойыққа таяна берген Бəтеске:
— Тоқта!—дедім тағы. Тоқтады.
— Шыныңды айтпадың,— дедім оған,— тағы бірдеме сұрасам айтар ма
едің?
— Егер білсем!..
— Білесің!..
— Білсем айтайын!..
— Осы, мынау не қылған қобдиша?—дедім көтеріп.
— Қайдам, не екенін!..
— Бұл сенің үйіңнің əбдіресінен алынған темір қобдиша!.. Түсі көк!..
— Қойшы?!—деді Бəтес нанбағандай.
— Рас!.. Əлгінде, сен ұйықтап жатқанда алдым əбдіреден.
— Ондай қобдиша барын қайдан білдің?
— Кеше... түнде... терезеңнен сығалап көрдім... Мүсəпір екеуің оған
таластыңдар!..
— Рас!— деді Бəтес.
— Ал осында не бар?
— Білмеймін!..
— Өтірік айтасың!..
— Уоллаһи!..
— Білмесең неге таласасың Мүсəпірмен?
— Ол менен осы қобдишаға салғандарын жасырады... Кілтін мен таба
алмайтын жерге ұстайды...
— Рас па осының?
— Барлық қымбатыммен ант етем!..
«Сұмдықтың бəрі осының ішінде болмаса игі еді?!..» деген ой кеп кетті
маған. Сол оймен кідіріп қалған маған:
— Мені бұл араға неге əкелдің?— деді Бəтес.
— Атуға!...
— Неге атпайсың ендеше?..
— Ойлануға тура кеп тұр...— дегенімде:
— Несі бар ойланатын?—деді Бəтес, қай жерде атарымды түсінгендей,
ойықтың ернеуіне қарай артымен жылжып,— мен бəрібір өлген кісімін!..
Ат!..
— Жоқ... Бəтес...— дей бергенімде, аяғы тайып кетті ме, əлде, əдейі
құлады ма, Бəтес ойыққа шалқасынан құлады.
Мылтығымды лақтырып жіберіп, тұра ұмтылғанымда, қолыма Бəтестің
аяғының ұшы ғана легіп, денесі суға батып кетті... Мен оны судан суырып
алдым да, қақалған-шашалған күйінде, тез шешілмейтіндерін күшпен
жыртып, өзімнің сыртқы жылы киімдерімді, мұздай суға малшынып
дірілдеген денесіне кигізе бастадым.
Сонда ғана шашалуы тоқталған Бəтес, дірілдеген дауыспен, тоңудан тісі
тісіне тимей:
— Жібер!— деп бұлқынды қолымнан.
— Қайда?
— Кетейін суға!..
— Жоқ, Бəтес!..
— Жібер!.. Арам денем қайда шірісе де мейлі!.. Адал жаным судың
ішінде шықсын!..
— Не дедің, Бəтес?.. «Адалмын» дедің бе?..
— Енді бəрібір араммын!..
— Ақботам, не деп тұрсың?..
— Бо-с-сат, Бө-ке-нім-м-м!..
6. АШЫЛҒАН СҰМДЫҚТАР
Əуелі тазалап ал іштің кірін,
Болмасын сыртың сұлу, ішің ірің.
Ақмолада.
Бəтесті үйіне əкеп салғанымда, қараңғы түннен, түтеген бораннан,
қақаған суықтан басқа ешнəрсе білмеген сияқты. Біздің жүрісіміз
сыбдырсыз болды ма, даладағы ұли соққан жел мен жындана соққан боран
барлық табиғаттың құлағын тұндырып жіберді ме, өзгенікі өзге болсын,
төргі бөлмесінің терезелерін əлденеше рет алып-салып, екі бірдей адам
əлденеше рет кіріп-шығып жүргенде, тым болмаса, осы қимылдардың бір
де бірін Қарсақ пен Бөдененің біреуі сезсейші!.. Қалай өліп ұйықтаған
олар!.. Мұншама қалың ұйқыда жатқан адамдарды басындым ба, немене,
соңғы келгенімде, аяғымның тықыры да қаттырақ шығып, бір рет,
тамағымды кенеген даусым да шығып кетті. Одан өзім де селк ете түсіп,
Бəтеске жалт қарасам, масаханасының ішіне тығыла қойыпты!.. «Нелер
керең болса да осы дауысымды естіген болар!» дегендей, сезгендіктері
білінсе жан сауға қамын ойлағандай мылтығым бар қалтамды сыртынан
ұстай ап, бұрышқа шегіне қаппын... Онда да ауыз бөлмеден сыбыс жоқ!
Бір қызықты тағы да айтайын: судан суырып алған Бəтеске, сулы
киімдерін шешіп, өзімнің сыртқы құрғақ киімдерімді кигізіп жатқан
шағымда, дірілдеген дауыспен бар айтқаны:
— Өзің қайтесің?!.
Менің оған берген жауабым:
— Еркекпін ғой!..
Киіндіріп болғаннан кейін айтқаным:
— Жүр!..
Оның айтқаны:
— Қайда?
Менің айтқаным:
— Үйіңе!
Оның айтқаны:
— Неге?!.
Менің айтқаным:
— Онда жұмысың болмасын!..
Тағы да қасқыр қуған тоқтыдай алдыма сап айдаған Бəтес, барар жерін
білетіндіктен, менен команда күтпей, бастағы бөрік, үстегі көйлек-дамбал,
аяқтағы етіктен басқа киімім жоқ мені аяғандай, жылдам жүрсе тоңбас
дегендей, томпаңдап жортты да отырды. Мен де соңынан, жақындап
қалмастай мөлшерде, жүгіре бастым да отырдым!..
Менің «бойыма бітті» деп мақтанатын жақсы қасиеттерімнің бірі —
суыққа да, ыстыққа да шыдағыштығым еді. Əуе айналып жерге түскен
ыстықта, өзге жұрт жұқа көйлегін көтере алмай пысынаған шақта, мен
қалың костюммен тарта беретінмін, ерегіссем, үстіме пальто да киіп
алатынмын; Қызылорда түгіл, Орынбордың елу градустық аязында, өзгелер
жылы киімге оранып-шымқанып əуре болғанда да, жалғыз костюммен
жалаңбас оқуға барған талай күндерім болған. Суыққа сол беріктігім əлі де
сақталған екен. Бəтесті Сыр бойына алып барғанда, ашумен жəне жылы
киіммен ауа райының қандайлығын байқамаған екем. Енді, көйлекшең
қалпымда шамаласам, бұл да бірталай күшті аяз!.. Ал, өзіме қарасам,
аяғымды жылдам басып, денем қаттырақ қимылдаудан ба, əлде «еркектік»
атты намыстың буына пісуімнен бе, мұздай судың ішінде шомылып жүрген
адамдай, аяздың бар денемді орай жалаған суық тілінен сескенудің орнына
рақаттана түсем!.. Жəне бір рақаты,— Европаның рыцарлық
романдарының біразын оқығаным бар... Мен өзімнің мына қылығымды,
сол рыцарлардың кейбірінің қылығына ұқсатам. Сонда, білетін
геройларымды көз алдыма тізбектеп көрсем, Сервантестің «Дон Кихоты»
емес, Гетенің «Жас Вертердің азабындағы» Вертер сияқтанам... Сонымды
түсіне ме, əлде сөз қатуға қорқып келе ме, Бəтес үн-түнсіз жорта береді...
Ол пəтер үйінің мана өзің алып шыққан терезесінің қасына келді де,
«енді не істеуім керек?» дегендей бейнемен, үн-түнсіз тұра қалды. Мен де
үн-түнсіз терезенің мана қолымнан қондырып кеткен терезесін орнынан
алдым да, Бəтеске «үйге кір!» деген ишарат білдірдім.
— Киімдерің?— деді ол кірместен.
— Ішке кіре алам!..
— Ойбай, кіре көрме!— деді ол шошынған ақырын дауыспен, екі қолын
бірдей көтеріп, басын шайқап.
— Сөзді қой, кір!— дедім мен зілденіп.
Бұйрығымнан қорқып қалған байғұс, аржағы көрдей үңірейген терезенің
қуысына кіре бастады. Мен бөлме ішіне фонарымнан жарық түсірдім де,
Бəтес бөлмеге кіре, артынан ақырын қимылмен өзім де түсіп, терезенің
ішкі қабатын жаба тұрдым. Содан кейін фонар жағайын деп ем, «жақпа,
масахана ішіне кірем де шешінем» дегендей ымдады Бəтес. Көрдей
қараңғы бөлмеде, масахана маңында, Бəтестің шешінген сыбдыры естілді.
Аздан кейін:
— Мен болдым!.. Киін!..— деп сыбырлады Бəтес.
Ол біріндеп қолыма ұстатқан киімдерімді үстіме артып болғаннан кейін:
— Ал, Бəтес, мен кетем!— дедім сыбырлап,— манағы уəде бойынша,
ішінде не бары екеумізге де жұмбақ сандықты ала кетем...
— Ол қайда?
— Сыртқа қойып кеттім...
— Қайтарасың ғой өзіме?
— Қайтарам.
— Ертең?.. Мамад байдың бақшасының ішінде?..
— Ие!..
— Терезенің ішкі қабатын орнына сен қой, сыртқы қабатын мен
қояйын!.. Ішкі жақтаудағы мына бір шегелерді таңертең сен бекіте сал,
сырттағы шегелерді мен бекітейін. Содан кейін, бұл терезелердің
ашылғанын ешкім де сезбейді...
— Мақұл!..
Терезеден секіріп сыртқа түстім де, сыртқы қабатты орнына қойып,
темір қобдишаны қолтығыма қыстырып кете бардым...
Əлде не таныстың, үйіне барып, «бір жерден, қонақтан келе жатыр ем,
боран үдеп кетті, осында жатайын» дегенді сылтау ғып, оңаша тұрған
бөлмесіне жаттым. Бірақ, ол түні өлсем ұйқым келсін бе?!.. Есі-дертім
темір қобдишада... Оны ашайын... үйдің шамын жағайын... немесе,
фонарымнан жарық түсірейін... сөйтіп, несі барын көрейін десем, балашағасы көп, тиыштықта жатқан үйдің мазасын кетірермін деп қаймығам...
Осы толқумен жатып, қалғып кетіппін. Шақырған қораздың даусы
құлағыма сап ете қалғанда, көзімді ашып жіберсем, таң білініп, үй іші
бозамықтана бастапты... Кілтті ашқыш болушы ем... Сол ептілікпен темір
қобдишаның қақпағын, кілтін бұзбастан ашып, ішін ақтара бастадым:
сыртында «күнделік» аталатын жазуы бар, қалталық қалыңша екі кінешке,
буылған бір топ хат, фото-альбом жəне біраз фото-карточкелер...
Көз қарашығым өткір болушы еді, көмескі жарықта да, ірі əріптер былай
тұрсын, ұп-ұсақ əріптермен жазылған я басылған қағаздарды оқи беруші
ем... Сондай қырағылықпен, əуелі «Күнделікке» қарай бастадым:
Мүсəпірдің қолы (оның жазуы ұсақ жəне сұлу болатын), 1925 жылдың
бірінші күнінен басталған «Күнделік» жыл бойына қалыңша кінешкенің
тең жарасын алыпты да тоқтапты. Екінші қалың кінешкеге 1926 жылдың
оқиғалары толтырылыпты...
Жіті көзбен жақсы оқи бастаған жəне қызыға оқи бастаған бірінші
күнделіктің бір тұсына келгенде, ішінен қарақұрт, шаян сияқты, шағатын
бірдемелер көтеріле бергендей, көзімді жұлып кеп алдым!.. Қауіпті нəрсені
тез өлтіруге тырысу сияқты, күнделіктің көзімді шаққан тұсына қайта
төнсем, расында да шаян сияқты сөздер:
«1925—15—VII. Нағашым — Жақыпбектің үйіне барсам, кеше «келіп
кетсін» деп хабар айтқан, күтіп отыр екен. Бəтес пен Бүркіт жайында
бұрын айтып жүретін сөздерін ол бүгін түйіндеп, маған «қайткенде
осыларды араздастырып айырасың!» деді. «Бірақ,— деді ол,— Бүркіт
екеуің Мəмбет қожаның үйіне барған шақта, Бəтес үйінде болмас. Ол үлкен
шешесімен, Тройцкі жағына кетер. Сендер елден кеткенше, үйлеріне
оралмас олар. Бүркіттің тұқымына біткен ерегіспе ауруы ұстаса,
нағашысына кеткен Бəтестің соңынан қуып баруы да мүмкін. Оны істетпеу
үшін, араларына от жаға біл. Қалай жағу əдісін өзің тап!»
Бəтес пен мені айыру жайында осыдан басталған сұмдық əдістердің
бəрі, екі күнделіктің бетіне тізілген де қойған!.. Бұл зұлымдыққа, нағашым
мен Мүсəпірден басқа белсене қатынасқан ауылдағы «геройлар»: Бəтестің
өз əкесі — Мəмбет, үлкен шешесі — Қарағыз, əкесінің інісі — Қиқым,
əкесінің ағасы — Қоңыр қожа, оның əйелі — Салиқа, ауылдағы Жұман мен
оның əйелі — Бике, өз əкем — Əбуталып, Қайрақбай, Бəтеске қалың берген
— Сасық жəне толып жатқан басқа атқамінерлер; қаладағы «геройлар»:
Жақыпбектің əйелі — Тəслима, Балқаш, Жидебаев, Қарсақ пен əйелі —
Бөдене, Күзен мен əйелі — Есектас, Қазақстанның заң ісіндегі наркомы —
Əзімбаев Қадырбай, Мауытбаев Жүнісбек... тағы-тағылар...
Мүсəпірдің күнделігіне жазған сөздеріне қарағанда, жаңағы аталған
адамдар да, олардың аталмаған серіктері де, соңғы екі жылдың ішінде, күні
кешеге дейін, яғни, 1926 жылдың 28 декабріне дейін Бəтес пен менің
арамды мəңгілік айырудың əрекетінде болған!..
Дəл кеше, Орал облысына жүрерде, Мүсəпірдің күнделігіне соңғы
жазған сөзі: «Сұмдық естідім: кешке қарай нағашымның үйіне бара қалсам,
кескін-кейпі жоқ!.. «Бұныңыз не?!» десем, «масқара болдық!» дейді,
«неге?» десем, «кеше, поезбен осы қалаға Бүркіт кеп түсіпті. Шеткерірек
пəтерге орналасыпты. Tic жарып ештеңе демегенмен, түсі өрт сөндіргендей
көрінеді... Значит Бəтеске сенің үйленгеніңді естіген!.. «Бұл кенет хабардан
қорқа қалған мен, «енді не істедік?!» десем, «саспа!—дейді нағашым.—
Өзім іздеп тапқалы отыр ем, жақсы келдің. Сен бүгін түнде жүретін
поездан қалмай аттан!..» «Қайда?». «Алыстағы бір облысқа кеткенің мақұл
болар, мəселен Орал. Тез аттанбасаң, ол сені жазым қылады. Орныңды
сипағаннан кейінгі жағының ретін өзім табам!..» Осы ақылмен билетімді
алдым. Түнгі он екі сағат қырық жеті минутте Москва поезымен аттанам
да, Москвадан Оралға кетем. Одан əрі «Орда», «Жаңа қала», «Маңғыстау»
сияқты алыс жерлерге кетейін, Бүркіт қалай табар екен!.. Мен оралғанша,
өзі де« жайғасар» оның!..»
Күнделікке қызығып оқығандығым сондай,— «фотоальбомды» қарауға
ұмытып кетіппін. Күнделіктің ішінде ол альбомның да қалай жасалу
тарихы жүр:
«1926—29—IV. Нағашымның жұмсауымен, бүгін Тəшкенге келдім.
Міндетім — Бүркітпен жолғасу да табысу. Жатақханасына барсам жоқ
екен. Жылы сөздермен записка жаздым да, кешке пəтеріме келуін өтініп,
жолдасына тастап кеттім. Жатағына кеш оралды ма, əлде, мінезі қатал
шіркін, бұрынғы өкпелерінен арыла алмай, келгісі келмеді ме, түн ортасы
ауғанша тостым, келмеді...»
«1926—30—IV. Өзім іздеп барсам, сабағында отыр екен. Əдейі жəне
ұзақ тосып, үзіліс уақытында жолықсам, солғын ғана амандасады да,
жампаңдай қоймайды. Қонаққа шақырсам—«уақытым жоқ» дейді...»
1926—1—V. Ертемен барсам, демонстрацияға əзірленіп жатыр екен.
Бірге жүруді өтініп ем, «пожалуйста!» деді. Күн де тамаша болды,
демонстрация да жақсы өтті. Одан кейін, «кешірім ет, Мүсəпір,—деді
Бүркіт»,— мені бір жолдасым қонаққа шақырған еді, соған баратын ем».
«Ол кім?» деп қадағалай берген соң, «баяғы,— Орынбордағы үлгілі
тəжірибе мектебінің қарт учителі, шоқынған қазақ — Анцуферьевті білесің
ғой?» деп сұрады Бүркіт. «Білем». «Соның Асан дейтін баласы, осы қалада,
шыршық құрылысында инженер. Орынборда да білетін ем. Мұнда тіпті
жақын боп кеттік. 27 апрель күні, больницада əйелі босанып, ұл тапты.
Бүгін, демонстрациядан кейін, əйелі мен баласын үйіне апармақ. Соның
тойына шақырған еді». «Тамаша! — дедім мен,— менің іздеп жүргенім осы
материал!.. Фотоаппаратым да бар. Мен бұдан бір қызық фотосюжет жасап,
альбом құрайын!..» «Мақұл» деді Бүркіт».
«1925—25—V. Қолым тимей кетіп, Тəшкентте түсірген фотоларымды
бүгін ғана дұрыстадым. Күннің əдемілігі болу керек, көбі тамаша шыққан.
Ең тамашасы — құрғым келген сюжетім дұрыс шыққан: инженер
Анцуферьевтің баласына жасаған тойы емес, оның əйелі Валяға Бүркіттің
«үйлену» тойы сияқты!.. Бүркітті туған інісіндей жақсы көреді екен. Бүркіт
те оны туған апасындай көреді. Екеуі біріне бірі қатты еркелейді. Инженер
де бұл қылықтарына туысқандық көзбен қарайды... Осы жағдайды
пайдаландым да, баланы больницадан алып шаққан (Бүркіт көтеріп
шықты) шағынан бастап, сол күні де, ертеңіне де, үйде де, түзде де (бақша
ішінде, көл жағасында), барлық позада да фотоғa оларды, əсіресе, Бүркіт
пен Валяны баса бердім, баса бердім...»
«1926—26—V. Бүркіт пен Валяға байланысты фотоларды құрастырып
көрсем, ғашықтар арасындағы қарым-қатынастың кепілдігі болған да
шыққан!.. Ха-ха-ха!..»
«1926—27—V. Жасаған альбомымды нағашым мен нағашы жеңгеме
көрсетіп ем, сандарын шапалақтап қуанды. «Керемет енді болды!—деді
нағашым,— егер осы альбом қыздың қолына тисе, қала тұрмысын
білмейтін ол, ер тоқымын бауырына ала тулайды. Əрі, ауыл қызы, əрі
намысты қыз!.. Осы альбом қолына тисе, Бүркітке ол қатты өкпелейді де,
бері салғанда бір жылға дейін ажар бермейді, əрі салғанда айырылып
кетеді. Осыны енді жеткізу керек. Альбом, каникулда еліне баратын
Бүркіттің алдынан шығу керек!». «Почтаға саламыз ба?». «Почта деген сөз
бе? Жолдағы біреу қағып алмай ма?.. Одан да елге өзің бар. Сол кезде газет
редакциясынан жібертейін. Альбомды өз қолыңнан бермей, біреу арқылы
жеткіз». «Сол болыстың почтальоны досым». «Тіпті жақсы! Ол почтамен
келді деп апарсын!». «Құп».
«1926—17—VII. Почтальон салақ кісі еді. Сол салтына бағып, «Бəтеске
кісі арқылы жеткіз» деп конвертімен тастап кеткен альбомды, бір айдан
кейін қайта соқсам, əлі апармапты. Елдің хабарына қарасам, оқуды сылтау
ғып, Бəтесті Бүркіт жақын арада ауылдан қалаға алып кетпек. Қыз да оған
риза. Екі жағының да əке-шешелері бұған наразы. Бірақ, олар болыстық
кеңседен, əсіресе волатком председателі Еркін Ержановтан қорқады.
Сырлас почтальонға, осыны айтып ойбай салдым да, тез жеткіз дедім.
«1926—21—VII. Жолым мұндай болар ма!.. Альбом Бəтестің қолына
тиген де, нағашымның болжалы дұрысқа шығып, тас-талқан боп тулаған!..
Сол ашумен, милиция алып барған Бүркітке ермей қалған!.. Ха-ха-ха!..
«1926—19—VIII. Қостанай — Москва поезы. Бір альбом үшін, Бəтесті
қалың шығынға ұрындырдым. Əнеугі мен жасаған альбом, оның
чемоданында келеді. Қызылордаға барған оған, Бүркіт, сөз жоқ
қатынасады. Сонда, мына альбомды көрсе ғой, мен тірідей масқара болам.
«Қой, одан да ұрлатайын бұл чемоданды!» дедім де, вагонда келе жатқан
ұры тəрізді біреуге ұсыныс жасап ем, ол қуанып кетті де, «маған альбомың
керек емес. Оны өзіңе берем де, өзім жолда поездан түсіп қалам!» деді.
Ұры уəдесіне жетті. Ұрлаған чемоданның ішінде не барын көргеннен кейін,
альбомды қолыма беріп алғыс айтты да, өзі ағып келе жатқан поездың
есігінен; түнде бір-ақ қарғыды!..»
«1926—27—VIII. Альбомды жəне күнделіктерімді салып, кілтін өз
қалтамда ұстайтын, бейғам шақтарда ешкім таппайтын жерге қоятын темір
қобдишамда не барына, Бəтес көрген күннен бері құмар. Мен оған
«журналистерде, мемлекеттік құпиялар жазылатын кейбір қағаздар болады,
бұнда одан басқа ештеңе жоқ» деймін. Соған нанып жүретін Бəтес, бүгін
«көрсетпесең ренжимін» деп қатты қысқаны!.. «Оралдан орала
көрсетейін!» дедім сасқанымнан... Одан орала, темір қобдишаның ішіндегі
қағаздарды отқа ұрмасам болмас!..»
Мүсəпірдің күнделігінен бұл сөздерді оқып алғаннан кейін, альбомды
ақтарсам,— күнделікте жазғаны рас: бұл альбомға қарағанда,— Валямен
екеуміз ғашық боп қосылып, арамыздан бала көрген кісілер болғамыз да
шыққамыз!.. Оған Бəтес туламағанда кім тулайды?..
Альбомнан да, Мүсəпірдің күнделігінен де, ескіліктің темір торына
Бəтестің шыға алмастай шырмалуы айқын көрініп тұр!.. Уа, бейкүнə
бейшара, сені атпағаным да, судан суырып алғаным да дұрыс болған екен!..
Əйтпесе... мына күнделіктер мен мына альбомды, сенің көзің жойылғаннан
кейін оқысам, өмірден көзім жұмылғанша, өкініш азабынан құтылар ма
едім!.. Енді ол азаптан құтылдым. Енді маған, бұрын шешусіз жұмбақ
көрінетін сұмдықтардың бəрінің де беті ашылды...
7. КЕК ҚАЙТАРУ
Қасарысқан жауына,
Қанды көбік жұтқызбай
..................................
Ерлердің ісі бітер ме!
Махамбет.
Бəтес пен мені айырған қылмыстың беті айқын ашылды. Əрбір қылмыс,
оны жасаған адамды жазалауды қажет етеді. Бұл — адам адам болып өмір
сүргелі бұлжымай келе жатқан заң.
Бəтес пен менің кіршіксіз махаббатыма сасық нəжіс жағуда бас
қылмысты — ескілік. Əділет оны түгел өртеуді тілейді. Бірақ, ол мен түгіл,
дəл осы бір күндерде, адам баласынын, тарихында ең, жаңашыл саналып
отырған жəне бұл бағытта ең, күшті саналып отырған Совет өкіметінің де
қолынан келмейді, өйткені, халықтың, санасына ғасырлар бойы сіңіп келе
жатқан ескілік, жұлып тастайтын шөгір емес, оны халық санасынан түгел
аршуға, көптеген жылдардың көптеген тəрбиесі керек.
Жалпы ескіліктен конкретті қылмыстыны бөліп алғанда, менің бас
айыптым,— «патриархалдар», «феодалдар» аталатын ауыл ақсақалдары,
олардың, маған соғып отырған шоқпары өз əкем. Мен кəзір осы шоқпарды
да күл-талқан ғып сындырып, жаңқасына дейін өртеп, күлін желге ұшыруға
бейілмін. Бірақ, бұл да кəзір қолымнан келмейтін іс. Қыс басында Тəшкенге
келіп кеткен Қайрақбайдың айтуынша елден қашқан əкем мен Мəмбет,
қазір Иран мен Афғанстанның біреуінде жүру керек.
Азуымды бір басатын жəне басқанда, анау-мынау емес, етін ғана емес,
бар денесін мылжамдап шайнап түкке жарамайтындай етіп тастайтын
адамым — нағашым. Ол қолымда сияқтанып, астыртын білсем, менен
қашты ма, əлде расы ма,— «Жазып жүрген қазақ тарихына материал
іздеймін, архивтерді ақтарам» деп, кеше ғана аттанып кетіпті. Бет алысы:
Москва, Ленинград, Томск, Омбы, Семей... деседі... іздегіш болсаң, тауып
көр!..
Мүсəпір болса-болмаса да қалада жоқ. Оның да қайда жүргені, қашан
келері мəлімсіз; ендігі қолыма кəзір түсері: Қарсақ, Күзен бе?.. Жеп тояр
еті, ішіп тояр қаны бар ма олардың?..
Енді не істеуді жалғыз ғана адамға ақылдастым. Ол Нұрбек Қасымов.
Кеше алған мылтығын апарып беріп, «осылай да осылай» деп, кешеден
бері бастан кешкен оқиғаларымды, сабақты инесіне дейін қалдырмастан
айтып беріп ем, «қап, иттер-ай?» деп, ол да қатты толғанып кетіп:
— Енді не істемексің?— деп сұрады.
Мен оған дағдарысымды баяндап ем:
— Өлтіру керек!—деді ол, бірақ, өзгені емес, Мүсəпірді!.. Қай
дұшпаныңды алсаң да, саған атар ағаш оқ қып жұмсағаны осы болған екен.
Оның көзін жойсаң, бəрінен де кегің қайтқан болады.
— Онда мағына бары рас,— дедім мен, көне бастағандай.
— Ал ендеше,— деді Нұрбек,— осы бір ісіңді маған тапсырсаң қайтеді?
— Қалай?
— Мүсəпірдің келетін күнін бақылап жүремін де, жан білмейтін жерде
қапысын тауып сұлатам да салам!..
— Мен неге істемеймін оны?
— Біріншіден, сен жырақта, басқа қалада тұрасың, Мүсəпірдің келген
уақытын білмейсің, саған оны хабарлап, мұнда сен жеткенше, тұрартұрмасын қайдан білесің? Қонарын сай, көшерін жел біліп жүрген ит, бір
жаққа жылт етіп тартып отырса, орнын сипайсың да қаласың; екіншіден,
сен оны өлтіре алмайсың!..
— Неге?
— Кісі өлтіруді оңай деп ойлама! Дағдыланбаған кісі адам түгіл, малды
да бауыздай алмайды...
— Мен бауыздай алам!.. Тек, жөнін көрсетіп берші сол Мүсəпіріңнің,
содан кейін байқа, қалай бауыздар екем.
— Оны тілің ғана айтады. Өлтірерге келгенде қолың батпайды.
— Оны қайдан білесің?
— Азамат соғысы кезінің тəжрибесінен білем. Сен сияқты талай
ерімсігендер, «ал, мынаны ат!» деп, алдына бандыны салып берсең, кейі
атудың орнына жалбарынған бандыға қосыла жылап, кейі, амалсыздан
атқанмен қолы қалтырап, өлтіре алмай əуре қылатын. Ал, мына біз сияқты,
талай бандыны өз қолынан Могилевская губерниясына аттандырған
қасаптарың, тап жауларын «чік!» дегенде қалпақтай түсіріп, сеспей
қатырады да, өлігін аттап жүре береді, оған бүйрегі де бүлк етпейді...
Қайсымыз өлтіруді ұзақ саудаласқан Нұрбек екеуміз мынаған келістік:
ол Мүсəпірдің келуін жəне тұрақты келуін аңдып жүреді де, мені
Тəшкеннен келіп үлгерер деп шамаласа, хабар жеткізеді. Сол шақта мен
елеусіз келе қалам да, Мүсəпірдің қапысын тауып жайғастырам.
Осы уəдемен Тəшкенге қайтып кеттім... Аңсаудың бəрі де бірдей екен:
өлімді, «өлім» емес-ау, өлтіруді аңсаған адам да асығады екен... Мүсəпірді
өлтіруге аңсаған менің Қызылорда жаққа қарай-қарай көзім талды,
сыбысына түре-түре құлағым талды!.. Бір ай өтті, Нұрбектен хабар жоқ, екі
ай өтті — жоқ, үш ай өтті — жоқ!.. Бұ несі?!.. Оның мені алдап шығарып
салуы ма, əлде, Мүсəпірі əлі де келген жоқ па?.. Əлде, ол иті, сапар
жолында бірдемеге ұшырап қалды ма?.. Қалай хабарлану керек енді?.. Хат
жазуға, телефон соғуға, телеграмма беруге болмайды!.. Хабарсыз өзім-ақ
барып қайтайын десем, үстінен түсе алсам жақсы. Егер түсе алмасам, босқа
арам тер болам ғой!..
Сөйтіп жүргенде, Тəшкеннің көктемі де туып, диқаншы ел егінін де сала
бастады, өсімдіктер де көктей бастады... Көктемнің лебі Сыр бойына да
жетіп, Нарын мен Қара дарияның түйісуінен басталатын оның мұз
қатпайтын жоғарғы жағы тасып, қататын тұсының сеңдері сөгіле бастады
деген де хабар шықты. Ал Нұрбектен əлі хабар жоқ!..
Тəуекелге бел буып, енді Қызылордаға өзім бармақ болдым да,
директорымыз Смағұл Садуақасовтан,—«Қызылордада туысым бар еді, əл
үстінде ауырып жатыр екен, барып қайтайын!» деп ұлықсат сұрап ем, көп
жылдан бері сырлас адамдай, əуелі Бəтес пен менің арамда болған оқиғаны
дəл өз қалпында айтып алды да:
— Сол емес пе барар жұмысың?—деп, мен:
— Жоқ, жоқ!— деп мойындамаған соң:
— Біріншіден,— деді ол,— оқу жылының екінші жартысына есеп
беретін уақыт боп қалды. Осы шақта сені аз күнге болса да босату деген,
биыл бітірген курсыңа ендігі жылы қайта отырғызу деген сөз, оған мен
бара алмаймын; екіншіден, сен өзің ұрыншақ жігіт екеніңді ісіңмен
дəлелдеп үлгерген адамсын. Ғашық болған қызыңнан жеген опығың,
кеудеңе жазылмайтын жара түсіруі, көзіңнен байқалып тұр. Өшіккеніңнен
кек алуға құнығып жүргеніңді де көз жанарыңнан оқып отырмын. Осындай
жəйіңді көре тұра, сені аз күнге болса да босату — қылмысыңа жағдай
жасау деген сөз. Ол үшін мен моральный жақтан ғана емес, уголовный
жақтан да жауап берем. Ендеше, ұзын сөздің қысқасын айтсам, ұлықсат
бере алмаймын.
Одан əрі сөйлесудің пайдасы жоғын көрдім де, шығып кеттім. Бірақ,
Қызылордаға баруым керек. Оның аз күнде сəті де түседі: жиырма екінші
март, қазақ ғұрпында жыл басы, оны қазақтар «наурыз» немесе «ұлыстың
ұлы күні» деп атайды; ауылдағы ескілікті адамдар, осы «наурызды» үш күн
мейрамдайды; кейінгі жылдарда, наурызды мейрамдау қалада да басталып,
оқу орындары үш күнге тоқтайтын болып жүрген; құлақ түруіме қарағанда,
біздің институт та биыл наурызды мейрамдамақ; оның жетекшісі —
Садуақасовтың өзі боп, тарих жəне этнографиямен де шұғылданатын ол,
марттың жиырма бірі күні, кафедралық залда, наурыз тақырыбына лекция
оқымақ. Одан кейін үш күн мейрам боп, оқу доғарылмақ...
Бұл мейрам менің тілегіммен жасалған сияқты болды да, Садуақасовтың
баяндамасын кешке тыңдап ап, мейрамда жақын жердегі туыстарына
кететін студенттерге араласа, мен де Қызылордаға тартып отырдым.
Таңға жақын барсам, Нұрбегім үйінде!.. Оны тысқа алып шығып:
— Ойбай-ау, бұның не, хабарсыз жатып ап?!—десем, бар айтар дəлелі:
— Бəтесті қимадым!
— Неге?
— «Онсыз да соры қайнаған адам, мына ілдалдасынан айырылса тіпті
сорлар» деп!..
— Ойбай-ау, онымен бақытты бола ма ол?!.
— Əрине болмайды!.. Дегенмен, Мүсəпір өлген күннен өлмеген күні
тəуірірек!
— Ойбо-о-ой, өзің бүлдіріп жүр екенсің ғой бəрін, босқа солқылдап!..
Ал Мүсəпір қайда?—Кеше поезбен Қазалы жағына кетті деген.
— Қашан келерін білмедің бе?
— Бірер күннен қалмас деген...
— Əнеугіден бері ғой, Қызылордаға талай кеп, талай кетті?..
— Əрине!..
— Ұзақ та тұрды ма, кейде, бұл қалада?
— Əрине!.. Бір келгенінде айға жақын тұрды. Кей кезде жұмалап тұрып
жүрді...
— Соның бір де бірін хабарламағаның, ə?!.
— Айттым ғой, неге хабарламағанымды...
— Қап, Нұрбек-ай, не дейін саған?!..
Мен іштей, қалада жасырынып жатып, Мүсəпірдің келуін тосуға
бекіндім. Бірақ, Нұрбектің солқылдап жүрген қалпына қарап, бұл сырымды
сездіргім келмей:
— Қайтпексің енді?—деген сұрауына:
— Қайтем!—дедім күрсінген боп,— қайтам да мекеніме!..
— Сөйт, айналайын!— деді Нұрбек, сөзімді шын көріп, қуанып кетіп,—
«қара жерге қара жылан кірсін!» депті аталарымыз. Кешегі қанды соғыс
кезінде, жауларды амалсыз өлтірген мен де, кəзіргі тиыштық орнаған шақта
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Мөлдір махаббат - 37
  • Parts
  • Мөлдір махаббат - 01
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2194
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 02
    Total number of words is 3954
    Total number of unique words is 2195
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 03
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2078
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 04
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2151
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 05
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2174
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 06
    Total number of words is 3802
    Total number of unique words is 2135
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 07
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2222
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 08
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2322
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 09
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2265
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 10
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2261
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 11
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2189
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 12
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2137
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 13
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 14
    Total number of words is 3943
    Total number of unique words is 2300
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 15
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2113
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 16
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2193
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 17
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2164
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 18
    Total number of words is 3983
    Total number of unique words is 2182
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 19
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2122
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 20
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1990
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 21
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2107
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 22
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2099
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 23
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2193
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 24
    Total number of words is 3877
    Total number of unique words is 2067
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 25
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 1992
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 26
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 1993
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 27
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2109
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 28
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2033
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 29
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2036
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 30
    Total number of words is 3688
    Total number of unique words is 1955
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 31
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2038
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 32
    Total number of words is 3762
    Total number of unique words is 1952
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 33
    Total number of words is 3674
    Total number of unique words is 2045
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 34
    Total number of words is 3671
    Total number of unique words is 1987
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 35
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2028
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 36
    Total number of words is 3776
    Total number of unique words is 2082
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 37
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2200
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 38
    Total number of words is 534
    Total number of unique words is 407
    49.2 of words are in the 2000 most common words
    63.3 of words are in the 5000 most common words
    70.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.