Latin Common Turkic

Мөлдір махаббат - 08

Total number of words is 4012
Total number of unique words is 2322
32.8 of words are in the 2000 most common words
47.0 of words are in the 5000 most common words
53.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
болмады. Бертінде тоқал алып еді, одан да шылғи қыз туып, бір ұл баланы
ана жылғы ала-сапыран кезінде əрең көрді. «Қыз» деген не тəйірі!..
Өзімізде де болған жоқ па, оның, талайы? Ошаққа қайсысы тас болды? Ұлы
жас болған соң, дəулеті шағындалған соң, күн көрістің қамына кездескен
кесіпті атқарады да, əйтпесе, «бала піштіру» деген немене?..
— Сырты мүлəйімсігенмен, ішінде қалтарысы көп адам,— деп
қорытады əкем, Мəмбет қожа туралы кеңесін, — бұл əлі күн көрудің талай
ретін табады!..
Аман қарағайының ішінде бір жұмаға жақын болып, кейбір орыс
селоларын, қазақ ауылдарын аралағаннан кейін, біз əрі қарай сапар шектік.
Менің еркіме салса, Аманның ішінде жаз бойы тұрар ем, өйткені, жынысты
орман десең — осында, суы тұщы көл десең — осында, далаңқы
тұстарында ғана кездесетін маса-сонаның жыныс ішінде біреуі де жоқ,
ауасы — жанға рахат қоңыржай, жидегі мен шиесіне аттың шашасы
боялады... Облыстағы халықтың көбі аш болғанмен, бұнда да кекірік атқан
тоқшылық болмағанмен, егінші орыс поселкелері жақын тұрғандықтан,
маңайдағы ауылдың адамында аштықтан басын кең қайыр сұраған ешкім
көрінбейді... Енді не керек?..
Қостанайға келсек, Тобыл өзенінің биік жағасына салынған екі қабат
үйлері азғантай, бір қабат үйлерінің көбі ағаштан қиылған, кең көшелері
есілген құмдақ, сондықтан, қораның іші-сыртына еккен ағаштары тырбық
боп өсетін, шағындау ғана қала екен. Қалаға жақындағанда:
— Бұның салынуына жетпіс жылдан жаңа ғана асып бара жатыр,— деп
қойды əкем, Қайрақбай екеумізге,— «Қостанай» аталатын себебі:
Қыпшақта Қанғожа, Болғожа дейтін атақты адамдар болған, солардың
шешесі «Қостанай»6 деген кемпірдің, қала түскен жерде, үлкендігі обадай
зираты бар. Қалаға соның атын қоя салған.
Қостанайда Мінайдар дейтін байдың бір орамды түгел алған үйі, сауда
дүкені, мешіті, медресесі бар екен. Негізінде қырдағы үйінде тұратын бай,
кəзір қаладағы тоқалының қасында екен. Əкеме ол да ілік-шатыс боп
шықты. Қостанай байларының еріккендегі кəсібі — біреуінің үйіне
жиналып ап, ұзақ күнге сыра ішіп, «тоғызыншы бал» атты қарт ойынымен
шұғылданады екен. Бұрын татып көрмеген əкем, Қостанайда тұрған бесалты күнде сыраны судай сіміріп ішті де, ол кездегі құны арзан совет
ақшасынан, бес пұттай бидай сиятын бір қабын ұтып алды...
Қостанайдан біз поезбен Челябаға бардық та, одан Кинель арқылы,
мекеніміз — Жосалыға тарттық.
Сағаттың шықылдағы емес ермек,
һəмишə өмір өтпек, ол білдірмек,—
деп Абай атамыз айтқандай, Жосалыдағы үйімізден шығуымыз кеше
ғана сияқтанғанмен, жолшыбайғы жерлердің ешқайсысында да табан тіреп
я сары жамбас боп көп жатпағанымызбен, үйге оралып жеткенше жазды
өткізіп алыппыз.
Сырдария бойының қысы біздің Торғайдан əлдеқайда кеш түскенмен,
күзі əлдеқайда ерте басталады. Олай дейтінім, біздің, араның күзінде, жұрт
егін оруға августың аяғынан я сентябрьдің басынан кіріссе, Торғайдан біз
Сыр бойына август айының басында жетсек, орақ науқаны қызу жүріп,
биылғы егін оруды жұрт аяқтауға жақындап қапты.
Сыр бойының егіні жиналып біте салысымен, ондағы тұрғын халық пен
біздің үйдің арасындағы жанжал да басталып кетті. Бұл араның егістік
тұқымы жоқ халқына, біздің үйдің ұрасына тығылған дəндерді, əкем пышақ
үстінен бөліп беріп, күзгі енімнен бес-алты есе ғып қайтарып алмақ
болғанын жоғарыда айтқамыз. Енді, шығымы мол егіннен əкем сол өсімін
алайын десе, ауыз жаласып қойғандай, борышқорлардың бəрі де əкеме:
«Жоқ, бергеніңді ғана ал!» - депті. Баяғы, жиһангер соғысының алдында
болыс боп тұрған күні болса, əкем бұл борышқорлардағы аласыларын
берсе қолынан, бермесе өкімдік көрсетіп, желкесінен шыңғыртып басып
отырып алар еді. Ол күні жоқ!.. Енді не істеу керек?
Əкемнің бұндай істердегі ақылшысы Ақмешіттегі Аралбаев,
Борышқорлардың ызасы өткен, бірақ оларға қолданар күші жоқ, əкем,
поезға міне шапқылап Ақмешітке кетті де, қасына «уездік милиция
штабының начальнигі» деген лақабы бар, оң жағына қарай шойнаңдаған
ақсақ, жасы сол кезде отызды ғана орталағанмен, тіс атаулысы түсіп қалған,
орнынан жарқыраған алтын тістер салдырған қара бұжыр кескінді,
Лаумуллин атты қазақты жəне екі милиционерді ертіп келді. Лаумуллин
тілін шайнай сөйлейтін, мінезі қатты кісі екен. Ол əкемнің
борышқорларына ақыры келіп еді, олар ығысудың орнына шапылдап жауап
беріп, бойларына дарытқан жоқ. Қоқан-лоққысымен қорқыта алмаған
борышқорларды, Лаумуллин тіл тигізу арқылы ығыстырмақ болып еді,
есесін əлденеше рет қып қайтарып алды. Біреулерді сабамақ болып еді, өзі
таяқ жеп қала жаздап, арашаның көмегімен əрең құтылды. Ақыры,
борыштың бəрін де есесімен қайтарып бермек болып келген Лаумуллин, екі
саусағын танауына тығып бос қайтты.
Мəселе мұнымен тынбады. Əкемнен жəне Лаумуллиннен жəбірлік
көргендер, бергі жағы Түркстан республикасының бастықтарына, арғы
жағы Ленин мен Калининге арыз айдап қыс бастала Тəшкеннен тексеру
комиссиясы келіп қалды. Жамырай жауап беріп, арыздарын бекіте сөйлеген
жұрттың сөзімен, «жалдап» деген ат тағылған əкем абақтыға алынды.
«Уездің бірінші əкімі» деген Аралбаевтың бұл істе бізге тигізген бар
пайдасы, ретін тауып əкемді абақтыдан босатты да, соттан құтқарды.
Жұрттағы борыш түгелімен салауат боп кетіп отырды...
«Қулықпен таптым» деген малынан осылайша жұрдай қалған əкем,
ызадан үйге сыя алмайды. Сол кезде, үй ішінде тағы бір жанжал басталып
кетті. «Жаз шыға бұл ит елден кетпесе болмайды» деп бекінген əкем, оған
дейін мал басын молайтып алғысы келді ме, əлде бой жетті деп ойлады ма,
қолындағы екі қызы — Берен мен Бүлісті, əлдеқайда сапар шыққан бір
жолында, əлдекімдерге бермек боп құда түсіп келді. Шешем бұған
қарсыласа кетті. Ақыры, бірнеше ай сілкілескен екеуі,— өз мұраттарына
емен-жарқылап жеткендей болды: шешем қаншама тулап қарсыласқанмен,
əкем үлкен қызы Беренді уəделі жеріне қысты күні ұзатты; əкем қаншама
тулап бұрқанғанмен, күйеуін де алдырғанмен, шешем үйден тілдеп айдап
шықты да, «кəне, жолап көр!» деп, кіші қызы Бүлістің қасында қолына
лөкет пышақ ұстап отырып алды. Оған да қарағысы келмеген əкем, қызды
тартып алмақ болғанда, Текебай екеуміз шешемнің жағына шығып, əкемнің
амалын құрыттық...
«Ұрыс тұрған жерде ырыс тұрмайды» дейді қазақ. Қыздардың
тақырыбында біздің, үйге қыстың басынан кірген ұрыс, шешем Бүлісті
уəделі жеріне бермей қалғаннан кейін тіпті де үдеп, үйдің берекесі кетті.
Баяғыда біреу, «Хан алдына барғанда, хан кеспеді тілімді, халық алдына
барғанда, халық таппады мінімді, өз үйіме келгенде, итке берсін күнімді»
деген екен. Тағы біреу, «Қатынға қадырым жоқ, етімді көреді, ағайынға
қадырым жоқ, бетімді көреді» деген екен. Солар айтқандай, сыртқы жұртқа
айбынды-ақ көрінетін əкем, шешеммен арасында баяғыда сенген ұрыс,
биыл қайта тұтанғаннан кейін, шешемнің біраз жылдан бері буылған тілі
қайта шыққаннан кейін, тіпті қор боп кетті. Қазақта «көңге түскен отты
көмсең де сөнбейді» деген мақал бар. Сол айтқандай, əкем мен шешемнің
арасында қайтадан тұтанып алған ескі егес сөнбей, болмашы сылтаудан
лапылдай берді. Үй ішінің тіршілігінде табан тіресе ұстасқан əйел,
еркектен əлдеқайда күшті екен. Өйтпегенде ше?.. «Қапқа түскен қатындікі»
дегендей, үйге кірген игіліктің иесі түгелімен əйелдікі емес пе? Ас-су да,
мүлік те сонікі!.. Ең, күшті мүлкі — балалар. Баласыз болса бір сəрі.
Балалы əйелден ері қалай құтыла алады... Əкемізді де жақсы көре отыра,
оның, басына түскен ауырлыққа іштей қайыса отыра, əке мен шеше егесе
бастаған шақта, біз балалар, шешемнің жағына шыға келеміз!.. Осылай
емес пе?.. Шешемнің, қарсыласуынан ба, əлде балаларының шешеге
болысуынан ба, əкем де қажыған бейнесін көрсетіп, ашуланған шағында,
шешеме құтырған бурадай зіркілдеп келгенмен, таяла бере, жарға соққан
толқындай қайқайып, кейін құлап түседі...
Үйден көрер «рахаты» осылай болудан ғой деймін, орнына ши
шыққандай, əкем қыс ортасы ауа үйге тоқырамай, əлдеқайда кете беретін
болды. Бір сəтте, ол мені Ташкенге алып барды. Онда əкемнің Болатхан
есімді таныс өзбегі бар екен. Патша өкіметінің кезінде Болат хан Ырғыз,
Торғай қалаларына сауда жүргізіп, əрқайсысына үй, дүкен салып, əйел
ұстайды екен. Осындай он төрт қалада үйлері, дүкендері, əйелдері бар екен.
Болатханмен ертеде тамыр болған əкем, бертінде туған қарындасынан
туған жас жиенін тоқалдыққа да бергізген. Ол жиеніміз тірі екен. Жездеміз
жетпіске кірген, заманында көркем болған, онысынан ықшамдай қырыққан
ақ буырыл сақалы мен, баспайтын қалың ақ мұрты ғана қалған, бет-аузы
қатпар-қатпар шалбарланған, тістері түскен, зор денесі мейлінше жуандап
алқам-салқам боп кеткен, отырған орнынан таянып əрең тұратын,
кібіртіктеп таяқпен əрең жүретін, қоңқақ зор мұрнына көзілдірік артпаса
ешнəрсені көрмейтін қартайған адам екен. Ал, сұлу кескінді, семізше
денелі жиеніміз, жап-жас қалпында мөлдіреп отыр... Оны Болатхан өзгелер
түгіл, туған нағашысы — əкемнен де қызғанып, амандасып кеткеннен кейін
көзімізге көрсетпей қойды.
Болатханның мол, бай дастарханынан ырзықтанып, кең, салтанатты,
жайлы үйінде жұмаға жақын рахаттанған əкем, қалада əр кімдердің əсіресе,
қазақ оқығандарының үйлеріне барып, дəмдерін де ішіп жүрді, сырласып
та жүрді, есім кіріп қалған баламын, байқап көрсем, бұрын «алашорда»
аталған оқығандардың біраз «қаймағы» Тəшкенде тұнып тұр екен. Бұнда:
Батыс Қазақстан алашордасының бастығы - Жиһанша Досмұхамедов те,
Шығыс Қазақстан алашордасының бастығы — Халил Ғаббасов та, Орта
Қазақстанның алашордасының бастығы — Айдархан Тұрлыбаев та бар
екен. Өзге «алашордашылардың да» мұнда қисабы жоқ сияқты. Солардың
ішінде, атақты жазушылары: Мағжан Жұмабаев та, Жүсіпбек Аймауытов
та, тағы басқалары да жүр...
Олар жəй жүрмейді екен. Түркстан республикасының Сұлтанбек
Қожанов сияқты басшы адамдарын іштеріне ала, бірге қонақ бола жүреді
екен; сол кезде Тəшкенде шығатын «Ақ жол» газеті мен «Шолпан»
журналына мақалалары, өлең, əңгімелері үздіксіз басылып отырады екен...
Жасырын естіген бір мəліметіміз бойынша, Памир жəне Тянь-Шань
тауларында, Совет өкіметіне қарсы күрес жасайтын «басмашы» дейтіндер
тұнып жүрген көрінеді... олардың, түпкі бастығы — «Түріктің белгілі
патшасы Əнуарбек» деседі. Осы қыстың басында, жасырын түрде,
Əнуарбек Тəшкенге де кеп, бұндағы ұлтшылдармен бас қосқанға ұқсайды...
Біреулері əкеме:
— Бүйтіп, «көшеріңді жел, қонарыңды
басмашыларға неге өтіп кетпейсің!..— десе:
сай
біліп»
жүргенше,
— Қалай өтем?— дейді əкем толқи қалып.
— Бел бусаң оңай,— деседі ақылшылары,— одан əрі, басмашылармен
бірге бол, мейлің, арғы Авган мен Иранның біреуіне өтіп кет, мейлің...
Бұған да толқыған əкемді, бір ғана ой бөгейді.
— Ұялас қасқырлар бір-бірінен айырылса, түнде ұлысып табысатын еді,.
— дейді əкем маған оңашада,— мынау алашордашылар да Тəшкенде солай
табысқан екен. Менің қайран қалатыным: осылардың ішінде нағашың неге
жоқ?.. Келуге мүмкіндігі бола тұра, ол неге келмеген Тəшкенге? Ақыл
жағынан да, қулық жағынан да, білім жағынан да осылардың ешқайсысына
беріспейді ол. Совет өкіметін бұлардан кем жек көрмейді. Ендеше, бұл
үйірге қосылмай, неге шеттейді?.. Сонда бір мəн болу керек!..
Сол шақта, нағашым Шыңғыстаудан Орынборға барып қызметке
орналасыпты деген қауесет естіле қалды. Бұған да мəн берген əкем,
Тəшкендегі достарына: «тағы да келермін, кешікпей; оған дейін
қабырғаммен ақылдасайын» деді де, «үйге қайта тұрам» деген сылтаумен
жүріп кетті. Поезда маған айтқаны:
- Сен Жосалыдан түсіп қал да үйге бар, мені сұрағандарға, «Тəшкенде
қалып қойды, жуық арада келеді» де. Мен осы бетіммен Орынбор барып,
нағашыңның амандығын біліп қайтамын.
Орынбордан айға жақын уақытта қайтқан əкем, түнде, ел жата есікті
жауып алды да, «тістеріңнен шығарма!» деп сақтандырып:
- Жаз шыға, осы елдің тоғайған ауқаттылары Қарақұмға көшеді. Біз де
соларға ере көшіп, əрі қарай елеусіз жылжи беріп, Сазанбай жолымен,
Ақкөл арқылы, Торғайдан артып, аманшылық болса, жаздың екінші
жартысын өзіміздің Қызбелде өткіземіз...
Былтырғы жазда барып қайтқалы, көркем елесі көз алдымнан кетпей,
оянсам есімнен, ұйықтасам түсімнен шықпаған, өзіне магниттей тартқан,
бірақ əкемнің зілдей салмағы, арқандаған аттың қазығындай босатпай
жүрген туған жерге көшу, қандай қуаныш дейсіздер, маған!..
Уа, туған жер, аша бер құшағыңды!.. Енді тез жетем!..
10. АЛҒАШҚЫ ҰШҚЫН
Жаз шыға, Сырдың Қарақұмға көшкен ауылдарына араласа, біз де
көштік. Бірақ, бұл арадан біржола көшетін ниетімізді жан адамға білдірген
жоқпыз. Біз ештеңе демегенмен, түпкі ниетімізді жұрттың өзі-ақ
аңғарғандай болды. Өйткені, көштің өзімізге жетерлік түйелерін жəне
саймандарын күн бұрын даярлаған əкем, үй ішінің мүлкі былай тұрсын,
қора-қопсының да артып əкетуге күш жететінін тастамауға тырысты.
Мəселен, ол, «жаздай шай қайнатуға қажет» деп, қорадағы біраз
сырғауылды сақтатып түйені артып алды; қорадағы қойдың қиын да сөйтті;
«ат байлауға керек» деп, бір түйенің, үстіне бірнеше ашаны арттырды,
қора-қопсыдан ол, тек артып əкетуге күш келмейтінін қалдырды да, «бір
күніме керек болар» дегендей, сенісетін көршіміздің біреуіне арзан бағаға
сатты. Шынын соған ғана айтқан əкем, біз Торғайға жетіп орныққанша
«жан адамға сездірмеймін» деген ант алды... Əкемнің сондай қылығын
көрген ауылдастардың кейбірі «əй, тегі, біржола кетулерің болмаса не
қылсын!» деп күңкілдесті. Бірақ, кетуімізге қуанбаса, қынжылар түрлері
жоқ сияқты. Сондай қалыптарын көрген соң, əкеме оңашада:
- Несіне тығылмақ ойнаймыз? Неге ашық көшпейміз десек:
- Жап, аузыңды! — дейді əкем жекіп,— көрінеу көзге көшіп көр, бас
салып талап алсын!..
Қарақұмға он шақты түйеге артқан жүкпен аттандық. Сырдан үдере
көшкен ел, оның жиегіне бес-алты қонып жетеді екен. Екі ара: жусан,
көкпек, ебелек сияқты шөбі, баялыш, еркек, қоян сүйек, сексеуіл, шеңгел
сияқты ағашы аралас өсетін шөлейт кең жазық екен. Анда-санда жерден
құдық кездесіп отырады, оны жергілікті кəнігі адамдар ғана білмесе, өзге
жан мақұлық таба алар емес.
«Қарақұм» дегеннің біз бұл жолы кірген тұсы, жап-жалпақ бірдеме
болып шықты. Оның бергі етегіне шілденің басында іліккен біз, өркешті
құмның ішін аралай жайлап отырып, арғы етегіне шілде аяқтала əрең өттік.
Соңғы екі жылда ел келмеген Қарақұм, малдың отына тұнып тұр екен. Бұл
құмның жəне бір ғажабы: кісі бойындай ғып қана қазған құдықтың аузында
суы шүпілдейді де тұрады, сондай бір құдық бір ауылдың жаздай ішуіне
мыңқ етпейді. Кейбір көгалданып жататын саяндарынан, қырдың аңы суды
тұяғымен тарпыған шұқанақтан да іше береді деседі.
Жылқының да сондай əдіспен ішіп жатқанын өз көзіммен көрдім. Оты
да, суы да осыншалық мол Қарақұмға кіре, Сырдан жадаулау келген малдар
жондарын тез жауап аз күнде семіріп кетті. Үлкендердің айтуынша, Сыр
сияқты оты жасық жерде семірген мал мен Қарақұм сияқты ащылытұщылы оты асыл жерде семірген малдың еті де, сүті де бірдей емес: Сыр
да семірген малдың майы қоға татып, қанша жесең де жүрегіңді
қайтармайды, сиыр сүтінің қаймағы жұқа тұрып, былғағанда сары майды аз
береді, қымызын қанша қанып ішсең де мас қылмайды; ал, құмда семірген
малдың майы сүрленген майдай көкпеңбек боп, бір жапырағын жесең
жүрегіңе шық етіп тие қалады, сиыры мен қойының сүтіне, қалыңдығы бір
елі қаймақ тұрады, бірер аяғын ішсең, қымызы түгіл айраны да мас қылып
ұйықтатып тастайды... Расында да солай екен!..
Құмда биыл да аң көп екен. Бірақ, əкем ана жылғыдай бір орында көп
тоқырап аңшыламай, ілгері қарай жылжиды да отырады. Сөйтіп отырып,
шілденің сарша тамыз ыстығын аяқтай Қарақұмнан өтіп, телегей-теңіз
селеуінің шашыранды көбігі көріне бастаған Торғай даласының пұшпағына
да іліктік. Бұл далада бозторғай атаулы мұнша көп болар ма!.. Бізді
құрметпен қарсы алғандай, «даланың, бұлбұлы» аталатын олар аспанға
ондап, жүздеп емес, мыңдап көтерілгендей боп, неше күн ілгері сұғынсақ
та, биікте шырылдай сайрайды да тұрады. Күннің реңі де ол кезде аса ашық
боп, бет алдымыздағы теріскейден, алды сирек, арты қалың, ақша бұлттар
кең жайылып келгенмен, жердің тозаңын басарлықтай ғана себелеп өтті де,
еш жерге қалыңдай жаумады. Торғай жерінде зорман аталатын кішкене
аңдар болады. Ертеректе жұрт көп аулап санын азайтқандықтан ба, əлде
қуғынды көп көріп тығылуға үйренгендіктен бе біз Сыр бойына көшкенге
дейін, бұл жануарлар өте сирек жəне жолсыз жерлерде ғана кездесетін.
Енді байқасақ белең алып өсіп кеткен сияқты. Жазық даланың, əр жерінде,
кейде біз жүріп келе жатқан сүрлеу жолдын, үстінде, нақ қасына келгенше
қаққан қазықтай тіп-тік боп қимылсыз шоқиып отырады да, таянып
келгенде құйрығы шошаң ете түсіп ініне кіріп кетеді. Қыз, келіншектер,
сері жігіттер құйынып жүретін иісмайды, біздің, елде «жұпар» дейді.
Əжемнің айтуынша, ерте кезде осы жұпар Сыр бойында өсетін əлде не
тышқанның құйрық түбінде болады екен. Əдемі исі аңқыған осы құйрықты
адам не қолтығына, не бөркінің ішіне тігіп алса, бұрқыраған лəззатты исі
ешуақытта таусылмай, маңына бұрқырайды да жүреді екен... Торғай
даласындағы мына зормандар сол «жұпар» аталатын тышқанның, не өзі, не
ағайыны болу керек. Өйткені, олардың да індері үнемі жұпар сасып тұрады
екен. Осы əдемі иіске даладағы жусанның ашқылтым исі қосылғанда иісті
тартқан танауын, еріксіз түшкіртеді екен...
Туған жердің көркіне қызығып, құмарлана қарап келе жатқан бізді,
даланың əр тұсында жайыла оттаған деңкиген дуадақтар, нақ қасына
келгенше ұшпай отырады да, таянып қалған шақта қанаттарын сытырлата
жүгіре жөнеліп, жер бетінен кісі бойы ғана көтеріліп, жақын тұсқа тағы да
қонады. Бұрын бұндай дуадақтарды ертеден қара кешке дейін қуып жүруге
бейіл əкем, енді, неге екенін кім білсін, мына далада қойдай жайылған, таяқ
тастам жерге келтіретін дуадақтарды, қолында жасаулы мылтығы бола тұра
атпайды!..
Шөлдің бір еркесі — дуадақтар бізді осылай қарсы алса, екінші еркесі
— тырналар аспанның көзге əрең шалынатын биігінде төбемізді айнала
ұшып, үндерін қоса тыраулайды.
- Балапандарын ұшырған уақыты,— дейді əкем оларға қарап қойып, құс
баласында тырнадан биік ұшатыны жоқ. Ол балаларын да сондай биікте
ұшуға үйретіп, жерден көтерілген соң-ақ аспанның қиясына алып кетеді!..
Шөлдің аңдары мен құстары осылай қарсы алған кең өлкесінде
адамзаттың исі сезілмейді.
Айдаған азын-аулақ малдың алыс жолдан мойны қатып келе жатқан
көліктің ауқымына қарай жылжып, біз бірнеше күн жүргеннен кейін,
атағын естіп, өзің көрмеген Ақкөлге жеттік. Үркітер адамның жоқтығынан
болу керек, ортасы жалтыр, айналасы қамыс бұл кең көлдің өнбойы құсқа
сыймайды. Көлдің жағасында біз төрт-бес күн түнедік. Сонда қайран
қалғанымыз — шөптесін жағасында өрген əр түсті балықтар, илеудегі
құмырсқадай құжынайды. Бұ не деген тегін жатқан, бірақ, пайдаға аспай
жатқан мол байлық!..
Ақкөлден жылжыған бізді жер жайын жақсы білетін əкем, көшін
тақтайдай тегіс даламен жүргізіп отырып, тұп-туpa Сарықопаның
«Кеңжайық» аталатын жиегіне əкеп түсірді. Кішкене кезімде кеткенмен,
бұл жердің қандай екені есімде: көктем туып, көл суы молайған шақта,
жайпақтау жағадағы біздің, Кеңжайыққа сел тегіс жайылатын да, шілдеге
қарай сел тартылғанда, саздауық Кеңжайықтың жайқала өскен жасыл өлеңі
құлын жасырынарлықтай биіктеп өсетін. Жаз ортасында жасыл өлеңнің
бетіне нелер түсті гүлдер көтеріліп, Кеңжайық масаты кілемдей
құлпыратын. Со кезде, басына түйме салған сабағы биік жуалардың түбірі
қойдың асығындай болатын. Исі бұрқыраған жуаны аузыңа сап көпірте
шайнасаң, тəттілігі тіліңді үйіріп, көмейіңді суыратын. Кеңжайыққа басы
ақ шешек атқан ұзын сабақты буылдық та өсетін. Оның, кішігірім кісінің
жұдырығындай түбірін оттың қоламтасына көміп пісірсең, аузыңа құмдай
үгілген буылдықтың тəттілігі бал татитын...
Былтыр Торғайға келгенде, біздің осы Кеңжайықты, Еркін
ұйымдастырған «Ұшқын» атты коммуна егіске пайдаланып отыр деп
естігеміз. Биыл не халде екенін білгісі келген əкем, көшіміз Сарықопаға
таянып келген шақта көлікті тоқыратып, «сендер осы арада қос тіге
беріңдер, біз Бүкіжан екеуміз Кеңжайықты көріп келейік» деп, қасына мені
ертіп, көштен озып кетті. Кеңжайыққа таянған шақта біз өз көзімізге өзіміз
сенген жоқпыз: оның, өн бойына, қалыңдығы да, биіктігі де құрақтай боп
күріш дақылы өскен!.. Біз үстінен қарғып түскен атымызды еріне қаңтара
сап, атыздарды бойлай, жасыл күрішті аралап келе жатыр ек, арғы беттегі
ауыл сияқты үйме-жүйме бірдемеден айғайлай шапқан біреу, бері қарай
шыға келді. Біз кейін шегініп, күріштің шетіне шықтық та, атымызға мініп,
келе жатқан адамға қарай жүрдік. Таянғанда байқасақ, Еркін!.. Сескеніп
қалғандай болған əкеме, ол «Ассалаумағалайкүм!» деп сəлем берді де, атын
тебіне жақындап қолын ұсынды. Қолын еріксіз ұсынған əкем, əлі де
сескенген сезімін жинап ала алмағандай үндемей қалып еді, оған тыныс
алдырғысы келгендей:
— Ə-ə, Бүркітпісің? Аманбысың? — деп маған да қол берді. Сонда ғана
өзіне-өзі келгендей болған əкем, дірілдеңкіреген дауыспен:
— Мал-жан аман ба?— деді.
Маған ең батыл, ең, күшті адамның, біреуі сияқтанатын əкемнің
Еркіннің алдында бұл жолы да бұралқы иттей бүгежектей қалуы намысыма
тиіп кетті. Сонымды еркінсіп тұрған Еркінге сездіргім кеп:
— Қай байдың егіні, мынау? — дедім, жайқалған жасыл күрішті нұсқап.
Сұрауымды ұнатпаған сияқты болған Еркін, «Қарай гөр, қаршадай
неменің менменсуін!» дегендей бетіме жымиыңқырай қарап қойды да,
маған жауап берместен: — Ия, жол болсын? — деді əкеме.
- Əлей болсын! — деді əкем, даусы енді нығыздау шығып. - Бай болсын,
кедей болсын əркімге туған жері қымбат екен. Көрмей жүргенде аңсайтын
туған жерді, көрген соң адам тіпті аңсайды екен. Былтыр, мына балам
екеуміз Торғайға келіп, туған жерді шет-пұшпақтап болса да көріп
кеткеннен кейін, тіпті аңсадық. Əсіресе, балам! (Еркінге «онысы рас» деген
көз қарас білдіріп қойдым. Б) Үйдегі қатын-қалаш, бала-шаға да аңсап
өлгелі отыр екен, жер жағдайын айтып барған соң-ақ, байласа да тұрғысыз
боп, бермен қарай талпына берді...
- Сонымен, қысқасы, көшіп келе жатырсыздар ма? — деді əрі аты
бүгелектеген, əрі осы бір шақта қыза қалған күн көзінен терлеп-тепши
бастаған Еркін.
- Ия, шырағым,— деді əкем.
- Көш қайда?..
- «Көш» дейтін көш жоқ, шырағым. Осы арадан бірге кеткен Қайрақбай
екеуміздің үйіміз ғана. Алыстан мойны қатып келе жатқан көлектердің
жайына қарап, өзге жанымыз анау сайдың астында дамылдауға қалды.
Бүкіжан екеуміз көштен озып, осы маңда ауыл бар деген соң, көріп
амандық білуге келе жатыр ек...
- Мақұл болған, — деді Еркін, — ал, енді, күнсіп далада тұрмай, қалған
сөзді ауылға барып кеңесейік. Болсын! — деді əкем. Үшеуіміз қатарласып
жөнеле бергенде, Еркін ауылының хал-жайын баяндап кетті:
- Он алтыншы жылдың жазында басталған дүрбелеңнен бұл араның елі,
1919 жылдың күзінде Совет өкіметі біржола бекігеннен кейін ғана
тишықты. Мен 1918 жылдың күзінде атаман Дутовпен соғысқан қызыл
гвардияның тобына қосылғам. Дутов пен Колчак шығысқа қашқанда,
Қызыл армия қатарында мен де кеткем. Ақыры, жиырманшы жылдың
көктеміндей ол жақтағы жау да бітіп, жазында мен ел жаққа оралғам.
Жолда Омбыға соқсам, Совет партия қызметкерлерін даярлайтын екі айлық
курс ашылғалы жатыр екен. Менің, аз ғана оқуым оған түсуге жарай кетті
де, курсты жақсы оқушылардың, бірі боп аяқтап, Қостанай арқылы елге
соқтым. Төрт жылдай азамат соғысының майданы боп берекесі кеткен
Торғай елі, енді ғана мекеніне оралып жатыр екен. Аз ғана ауқаттылары
мен байлары болмаса, былайғы момын көпшіліктің шағын шаруасын, төрт
жылдық дүрбелең қатты шайқап кетіпті. Енді, тиыштық орнаған соң ғана
есін жиып, етегін жапқысы келген жұртқа жетекші керек сияқты.
— Соны көргеннен кейін,— деді Еркін, əкеме қарап қойып,— ұлықсат
алып кеп орнығу мақсатымен Торғай губерниясының орталығы Орынборға
барсам, қазақ автономиялы республикасының үйі тігіліп, шаңырағы
көтеріліп жатыр екен. Басшы қызметкерлердің кейбірі, — «осында да
керексің, елді қоя тұр» деп еді, мен: «Жоқ, жаугершілік кезде атқа бірге
қонған ел еді, мекеніне іргесін бекітіп болғанша, арасында жүре тұрайын»
деп көнбедім. Сонымен, со жылдың күзінде елге келдім...
— Жақсы болған,— деп қойды əкем. Мен ішімнен: «атаңның басы,
жақсы болған» деп күлдім.
— Мен өзім, он тоғызыншы жылдың күзінен коммунистпін,— деп
жалғастырды Еркін, кеңесін; əкем ол сөзіне елең етті де, үн қатпады.—
Ашығын айтқанда коммунистердің мақсаты — тапсыз коммунизм қоғамын
құру ісіне басшылық ету. Коммунизмде байлық қоғам мүшелеріне ортақ
болуға тиісті. Сондай байлық жасаудың алғашқы тəжрибесі сияқтанып,
советтік Россияның əр жерінде «коммуна» аталатын шаруашылықтар
құрылып жатыр...
— Осындай бір шаруаны менің де құрғым кеп,— деді Еркін əкеме тағы
да қарап қойып, — жиырманшы жылдың күзінде елге келе сала, əр жерде
бытырап жүрген өз аулымыздың кедейлерімен жəне осы маңда елінен
адасып жүрген тұрақсыз əркімдермен кеңесіп, ата мекеніңіз —
Сарықопаның осы жағасына коммуна ұйымдастыруға келістік.
— Жақсы болған,— деп қалды əкем, бұл сөзінің мақұлдау, я ұнатпау
екенін аңғартпайтын үнмен.
— «Əулие көл» дейтін жер бар ғой. Орысша оны «Семиозерное» дейді
ғой, сонда, патша заманында Чушкин деген помещик тұрып, ақтар
жеңілгенде бірге ере қашқан орнында қалған екен. Өкімет соны біздің,
коммунаға берді. Алғанымыз: жиырма екі сауын сиыр, сегіз атан өгіз,
ұсағын қосқанда, сиыр тұқымы — қырық төрт, жеті ат бар; малдан бары
осы...
— О да аз олжа емес,— деп қойды əкем.
— Егін сайманынан: екі тілді екі соқа, бір сеялка, он шақты тырма, төрт
бірішке, соларға жететін сайман...
— О да жарап жатыр!.. Тегін мүлік!..— деді əкем, өз мүлкі олжаға
түскендей, демін ауыр ап.— Сонымен, сол коммуналарың бір жерге
жиылды ма?
— Жиылды,— деді Еркін,— егінге қолайлы жер сіздің осы Кеңжайық
болғандықтан, қонысты жақын жерден салдық.
— Үй сандарың?
— Жетпіс үш. Қырық рулау болғанмен, бірлігі əзірше жаман емес. Өткен
жылдың көктемінде Кеңжайыққа екі десятина тары, екі десятина бидай, бір
десятина сұлы егіп, Сарықопадан арықпен су əкеп суарып ек, өнімі өте
жақсы болады. Тары—150 пұттан, бидай —80, сұлы—110 пұттан берді.
Дəнге қоса бір десятинадай жерге картоп, маркоп, қияр, қарбыз сияқты
жемістік шөп-шалам егіп ек, о да жақсы шығып, жұрт қарық боп қалды...
- Топырағы асыл жер ғой,— деп қойды əкем.— Белгісіз заманда, осы
Кеңжайыққа əлдекімдер егін өсірген болу керек, қазған арықтарының,
атжаптарының ізі көрініп жататын...
- Рас біз сол іздерді пайдаландық...
Еркін əңгімесінің осы тұсында ауылға да таянып қалдық. Көше
тəртібімен салынған кішкене жер үйлердің арасымен бастаған бізді, Еркін
шағындау бір қораға алып кірді. Бұрын араздасқан, жауласқан бізді,
Еркіннің бұл жолы жылы шыраймен қарсы алуы үйіне барғанда да
байқалды. Бойы тапал, төбесі жайпақ, терезесі кішкене, есігі аласа, сырты
сары балшықпен сыланған кішкене үйдің алдына тоқтай қалған ол, аттан
түспей:
- Апа,— деп айғай салды.
- Əу,— деген əйел даусы естілді.
- Уа, бері шық!.. Туысың келді.
Біз аттан түсіп, есік алдындағы бағанаға байлағанша, сыртына
көнетоздау қоңыр желеңін жамылған əйел үйден шыға келді. Тани кеттім,
Еркіннің шешесі Қазина. Жұрт, əсіресе, шешем, «сұлу» деп атайтын бұл
мосқал жасты əйелге енді ғана көз тоқтатып байқасам, бетінің əжімденуі
болмаса, түрі де, тұлғасы да аса көрікті адам екен. Шешемнің əкемді одан
қызғанатынын білем. Кішкене кезде оған мəн бермеген екем. Енді қарасам,
қызғануға тұрарлықтай: ерейген ұзын да, тапырайған қысқа да емес,
сұңғақтау ашаң денесі жас келіншекке бергісіз; əжімді дөңгелектеу, əдемі
жүзінің, нəлі кеткенмен, қырлылау біткен мұрнының жоғарғы жағындағы
тепе-тең үлкен қара көздері, інгеннің көздеріндей мөлдірейді: сол əдемі
көзге дақ түсірмей қорғау үшін жаралғандай, қайшы ұзын кірпіктері сапқа
тұрған солдаттардай тікейіп тұр!.. «Алып анадан, ат биеден» дегендей,
Еркін сияқты сымбатты сұлу жігіт осындай ғана əйелден тууға тиісті ғой.
Байғұс шешем, əкемді бұндай сұлудан несіне қызғанады екен!..
Қазина бізді «əлдекім?» деп ойлағандай, есіктен шыға беріп іркіліп тұра
қалды.
— Апа, танимысың бұл кісілерді?— деді
жақындаңқырап, соңына ерген бізді қолымен нұсқап.
Еркін
шешесіне
Бір жақын жеңгесі менің, əкемнің атын «Кесір» қойған екен. Соған
қарап, батылы жеткен жеңгелері көзінше, батылы жетпегендері сыртынан
«Кесір» деседі екен. Араға кеп жыл түсіп жатырқауынан ба, əлде,
кедейлерге тиген еркіндікпен пайдаланып батылдануы ма, əкеме адырая
қарап аз тұрған Қазина, бетін оң жақ қолының саусағымен бір шымшып,
үлкендеу көзін кеңірек ашты да, ернін бір сылп еткізіп:
— Бетім-ау, мынау Кесір болмағай да!— деді.
— Иə, сол Кесіріңмін,— деді əкем құшағын жая жақындай түсіп.—
Бұрын кесір болғанмен, енді кесір емеспін. Көріспегелі көп заман болды,
бірге өсіп, біте қайнаған замандас едік, келші, төске төсті тақасып
амандасайық.
Екеуі құшақтасып көрісті. Сағынған біреуімен көрісіп амандасқанда,
кезіне жас алу бүкіл əйел атаулының салты сияқты ғой. Ал, қазақ əйелінің
оған қосары, даусын шығарып əлденелерді айтып жылау. Əкеме көріскен
Қазина да сөйтті. Бірақ, ол кейбір əйелдердей барқырай жөнелмей,
күңіреніңкіреген үнмен əлдене сөздерді айыра алмастық түрде мұрнынан
ғана мыңғырлады. Онысы шын ықыласы екенін, көзінен төмен қарай
сорғалаған жас куəландырып тұрды.
Əкемнен құшағын жазған Қазина, көз жасын саусағымен сүртіп жіберіп,
маған таңдана қарай қалды да:
— Бетім-ау, мынау Бүркітжан болмағай еді! — деді.
— Хаталасқан жоқсың,— деді əкем.
— Тіфа, тіфа, тіл аузым тасқа, қалқам-ау, соқтауылдай жігіт боп қапсың
ғой,— деп Қазина маған жақындады да, маңдайымнан сүйді.
Аз уақыт амандық-саулық айтылғаннан кейін:
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Мөлдір махаббат - 09
  • Parts
  • Мөлдір махаббат - 01
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2194
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 02
    Total number of words is 3954
    Total number of unique words is 2195
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 03
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2078
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 04
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2151
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 05
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2174
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 06
    Total number of words is 3802
    Total number of unique words is 2135
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 07
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2222
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 08
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2322
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 09
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2265
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 10
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2261
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 11
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2189
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 12
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2137
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 13
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 14
    Total number of words is 3943
    Total number of unique words is 2300
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 15
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2113
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 16
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2193
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 17
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2164
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 18
    Total number of words is 3983
    Total number of unique words is 2182
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 19
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2122
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 20
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1990
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 21
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2107
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 22
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2099
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 23
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2193
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 24
    Total number of words is 3877
    Total number of unique words is 2067
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 25
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 1992
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 26
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 1993
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 27
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2109
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 28
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2033
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 29
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2036
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 30
    Total number of words is 3688
    Total number of unique words is 1955
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 31
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2038
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 32
    Total number of words is 3762
    Total number of unique words is 1952
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 33
    Total number of words is 3674
    Total number of unique words is 2045
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 34
    Total number of words is 3671
    Total number of unique words is 1987
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 35
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2028
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 36
    Total number of words is 3776
    Total number of unique words is 2082
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 37
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2200
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 38
    Total number of words is 534
    Total number of unique words is 407
    49.2 of words are in the 2000 most common words
    63.3 of words are in the 5000 most common words
    70.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.