Latin Common Turkic

Мөлдір махаббат - 27

Total number of words is 3833
Total number of unique words is 2109
33.3 of words are in the 2000 most common words
47.1 of words are in the 5000 most common words
54.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Үйтіп қысылмаңыз, жеңгей!— деді Мүсəпір.— Ұйқыны қандырсақ
болды. Одан кейін қаладағы асханаға барып тамақ ішеміз.
— Жоқ... сонда да... «Қонғанша қонақ ұялады, қонғаннан кейін үй иесі
ұялады» дегендей, үйге түсіп қалған соң дəм татырмауымыз ұят қой,
əсіресе, Бəтестен! (Менің атымды қайдан біліп қойған?!.. Б.) Бұрын біздің
үйден дəм татпаған бала. Сені қойшы!.. Сен өз кісімізсің ғой...
Есектас жөнеле берді де, есік алдына тоқтап «Қодық!» деп еді, «əу!» деді
төсекте жатқан кішкене қыз. «Ұйықта сен де, ұйықтамасаң, қонақтардың
мазасын алмай, қимылдамай жат!» «Жарайды!» деді қыз.
Есектас төргі бөлменің есігіне құрылған кір пердені түсірді де əрі қарай
кетті.
— Сен, Бəтес, анау Қодықпен бірге жатсаң қайтеді?— деді Мүсəпір
маған.
— Жоқ!— дедім Қодықтан да, төсегінен де жеркенген мен,— бұрышқа,
жерге қисаям.
— Ендеше, кроваттың басындағы бұрышқа!
— Жоқ, оң жақтағы бұрышқа!..
— Мейлің. Ендеше, мен қисаяйын ол бұрышқа.
Мүсəпір кроват басындағы бұрышқа барды да, пальтосын басына
жастанып, бетін іргеге қаратып жатып қалды. Өз бұрышыма барып отырған
маған, манағы қалпында жатқан Қодық, мысық көрген жыландай қысық
қара көзімен, үн-түнсіз, қимылсыз қадалды да қалды. Жатқым келе
қоймаған мен, сол тесірейе қарауға шыдай алмағандай, түйе жүн жеңді
қамзолымды басыма жастап, бетімді іргеге бере қисая кеттім. Бірақ, қалғи
алсамшы көрейін!..
Біздің елдің шыбындары денеңнің ашық жерін жыбырлатқаны болмаса,
шақпайтын еді. Бұл үйдің шыбындары адамды сонадан кем шақпай,
тістеген жерін удай ашытады екен. Оның үстіне, қайдан кіргенін кім білсін,
бұл үйдің ішіне ызыңдап қаптаған сары маса!.. Иіс-қоңысы көп үйде бүрге
де көп қой деймін, əлденелер көйлегімнің ішіне кіріп ап, арадай талап
барады!.. Тағы бірдемесінің шаққаны, етіңді ит тістегендей ауыртады!..
(«Қандала» дегенді бұған дейін көрмек түгіл естіген жоқ едім, кейін білсем,
мынауы сол екен).
Қандала, бүрге, шыбын, маса сияқты «жəндіктердің» талауына түскен
мен, өз денеммен өзім арпалысып жатып қалғып кетем де, дуылдаған
денемді тырналап қайта оянам. Мүсəпірге қарасам, қорылдап ұйқтап
жатады. Қызға қарасам, басын көрпесімен бүркеп алған. Бірақ, оны да
жəндіктер шаға ма, немене, көрпе астында тыпыршып, бүлкің-бүлкің етеді.
Осы бөлменің маңдайшасында, тықылдап соққан даусы төбеңді тескендей
боп шынжырлы қаңылтыр сағат ілулі тұр. Былай қарасаң, оның жүрісі
шапшаң-ақ сияқты. Ал, қалғып оянып бетіне қарасам, тықылдауы жылдам
болғанмен, тілдерінің жылжуы шабан сияқтанып, жүрісі өнер емес.
Мазамның бұл кетуі аздай-ақ, бір кезде бұл үйдің ішіне шақырайған күн
сəулесі түсе қалды. Бет қарап жатқан қабырғадан ол сəулені көргеннен
кейін артыма бұрылсам, қарсы терезеден көрінген күннің жоғарғы жақ
қызғылт ернеуі көкжиектен жаңа қылтиып келеді екен. Түріне қарап, мен
оны алғаш өрттің жалыны екен деп қалғам. Қадала қарап жатсам, көтеріліп
келе жатқан күн!..
Біздің Торғайдың күні бұлайша шақырайып сирек күндерде ғана
шығатын еді. Ол, əдетте, көкжиектегі тұмандау бұлттан көтерілетін еді.
Егер ашыққа шыға қалса, жаңа түскен келіншектей, лезде бетіне жұқа
бұлтты бүркеніп, төркінін сағынып оңашада жылап алатын келіншектей,
жеңіл ғана жаңбырын сіркіретер еді... Ол, тек, сəске көтеріле қызар еді, сол
қызуды жан-жануар ауырсынар дегендей ыстық күндердің көбінде салқын
самал есер еді...
Қызылорданың күні басқаша екен. Көкжиектен жалыны лаулай шыққан
ол жоғарылаған сайын қызына түсіп, биіктеп алған шағында, үйренбеген
адамды дем ала алмастық халге келтіреді екен. Осылай қызына бастаған
шақта, самалға желпінейін деп тысқа шықсам, самал орнына ыстық жел
соғып тұншықтырып жібере жаздады. Үйге қашып кіріп, төргі бөлмеге
барсам, ұйқы жеңген бе, əлде, үйге бұрын да талай қонып дағды алған ба,
бөлме ішінің қапа боп кетуіне, «үй жəндіктерінің» мазалауына қарамастан,
Мүсəпір манағы қалпымен қор-қор етеді!.. Қыз манағы бүлкілдеген
қалпында əлі жатыр...
Əрі пысынаған, əрі ұйқым ашылған мен, жуынып, таранып... дегендей,
азырақ желпініп алуды ойладым да, əуелі үстімдегі төс қамзолымды
шештім. Содан кейін, ерулі шашымды тарқатып тарайын деп, бұрымымды
кеудеме қарай түсірсем, ұшындағы екі теңгелігі бар шашбауым жоқ!..
Бұрымымның ұшы тарқатылып тұр!.. Əлгінде қисайғанда ғана бар
шашбау!.. Оның Қалиса қара жібектен ызып берген ұзын бауын
тұлымымның түбінен шашыма қоса өріп, шаштың ұшына таяна тас қып
түйіп тастайтынмын... Ол байлауым ешуақытта шешіліп көрген емес!..
Ендеше, Қостанайдан поезға мінер алдында тас қып өріп тастаған,
жолшыбай сол қалпынан былқ етпеген шашбауым, «қас пен қабақтың,
арасында» дегендей, қайда кетеді?.. Біреудің ұрлағаны ма, сонда?.. Жын ба,
шайтан ба ол, «біреу», лезде білдіртпей ұрлап алатын?.. Əлде қалғып
оянған шақтарымды біреу аңдып тұрды ма екен?!.. Сонда тастай қатты өріп
түйген бұрымымды тарқатып шашбауымды алғанша оянбайтын өлікпін
бе?.. Хош, ояна алмаған екем дейін!.. Сонда ұрлайтын кім? «Мүсəпір» дейін
десем, жатқан қалпында қата қалған. Ұйықтаған түрі оянар адамдікі емес.
Жəне ұрлап қайтеді ол шашбауды?.. Ұрлағысы келсе, жолшыбай қайда
қалды?.. Əлде, анау бүлкілдеп жатқан кішкене қыз ұрлады ма екен?..
Қаршадай ол ұрлық дегенді біледі деймісің?.. Енді кім алады?.. Басқа жан
бұл бөлмеге кірмеген сияқты еді ғой!..
Шашбауымның қалай жоғалуын біле алмай басым даң боп кетті. «Есім
дұрыс па екен менің?» деп, өзімді өзім байқасам, дұп-дұрыс!.. Ендеше, бұл
не?..
Қазақ қызына күміс жинайды. Сол күмістің ішінде «адал» жəне «арам»
дегені болады. «Адал» деген күмістің он тиындығынан бастап, жиырма бес
тиының жарты сөлкебайын (елу тиындық), бүтін сөлкебайын (бір сомдық)
ішіне қоса, дөңгелегінің қырлары иректелген сызық болады жəне бір
бетінде «қатын патшаның» сүгіреті болады, ондай күмістердің даусы
сыңғырлап əдемі естіледі; «арам» аталатын күмістердің қырлары егеудің
жүзіндей кертінді келеді, дауыстары адал күмістей емес, жездей
қаңғырлайды, бір жағында «еркек патшаның» сүгіреті болады. «Адалды»
қазақтар асыл күміс көреді де, «арамды» — жасық көреді. (Кейін білсем:
«қатын патша» дегендері Анна Иоановна, Елизавета Петровна жəне I-ІІ
Екатериналар екен, олар шығарған күміс ақшаның сапасы, кейінгі еркек
патшалар шығарған күміс ақшадан жоғары болатыны рас екен. Б.) Қыз-
келіншектерінің киімдеріне күміс қадайтын, білезік, сақина, жүзік, шолпы
жасататын қазақтар, əсіресе, ауқаттылар «адал» күмісті ғана қолданып,
мүмкіншілігі жеткенше «арамын» жуытпайды.
Əжем менің шашбауыма жап-жалпақ, қап-қалың екі «адал» сөлкебай
тақтырған еді... Кəзір жоғалған шашбауымның маған күмісінің «адалдығы»
емес, əжемнің өз қолынан жасатып бергендігі қымбат болды...
Сəкпаяшымда моншақтарым — анау!.. Олар жоғалғаннан кейін мына екі
сөлкебай, маған екі шешемнің көзіндей, екеуін қосқан бауы — жақсы
жеңгем Қалисаның көзіндей көрінген еді. Енді ол көздерден де
айырылдым!..
Осы ойдан өртеніп кетердей боп, не істеуге білмей қалдым. «Алдырған
анасының қойнын ашады» дегендей, «қыз ұрлады ма?» деген күдікпен
қасына бардым да, үстіндегі көрпесін жұлып алдым. «Немене?!» дегендей,
жап-жалаңаш жатқан қыз атып тұрып, орнында шоқия қойды да, маған
бажырайып қарай қойды. Жасы алты-жеті шамасындағы бала екен. Талай
арық баланы көре жүре, бұндай арық баланы өмірде кездестірген емен:
қайыстай қап-қара денесінде сүйегіне жабысып қалған терісінен, сүйек
атаулысын да, тамыр атаулысын да санап алатын!.. Кескін түріне қарасам,
ұйқысы алдақашан ашылған адам. Жыланның көзіне ұқсаған кіп-кішкене,
қап-қара көздері маған қарап жаутаң-жаутаң етеді. Басында дударланған
қап-қара көмірдей шашы сеңсең тоқтының жүніне ұқсайды... Аты есімде
сақталған қызға:
— Əй, Қодық, шашбауымды алдың ба?—деп ем, жауап берудің орнына,
өткір көздерін қадай түсіп басын шайқады.
— Бер, алсаң!— деп жекіп ем, қыз тағы да үн-түнсіз басын шайқады.
Менің даусыммен оянып кеткен болу керек:
— О не, Бəтес?!—деді Мүсəпір, былшық басып қызарған көздерін
уқалай басын көтеріп.
— Ұрыдан құтылмайтын болдым ғой, қайда барсам да!— дедім мен
жасқа булығып.
— Не болды?!.
Болған оқиғаны өксіген дауыспен Мүсəпірге əрең айтып ем, ол
таңданғаннан басқа ештеңе дей алмады.
— Мен бұл үйден кетем!—дедім Мүсəпірге.
— Ұсқынынан қорқайын дедім осы үйдің.
— Қайда барасың сонда?
— Көзім, тілім, аяғым бар кісі емеспін бе? Сұрай-сұрай табармын.
— Нені?
— Оқу үйін.
Шығып кетпек болған мені, Мүсəпір зорлағандай тоқтатып, күн түскен
терезеге өз пальтосын, менің желеңімді құрды да, көлеңке бөлменің ішіне
мені де отырғызып, өзі де жақындау тұсқа отырып, əңгіме айта бастады.
— Бетіңмен қаңғыруға болмайды, Бəтес,— деді ол маған,— Қызылорда
Торғай емес, «пəленшенің үйі, түгеншенің үйі қайда?» деп кім көрінгеннен
сұрасаң, «əне тұр» деп айтып беретін. Мұнда баратын жеріңнің көшесін,
номерін білмесең босқа адасасың. Өйтпе, сен. Айттым ғой жолда,—
«шамаң келетін қай оқуға ниет етсең де, өз қолымнан апарып
орналастырам» деп. Сол сөзім сөз. Кəзір қалаға баруғa мезгіл тым ерте.
Барлық оқу орындары да, мекемелер де бұл кезде жабық. Сағат жаңа ғана
жеті болды. Тоғыз кезінде ашылады олар. Оған дейін көшені босқа
шарлаймыз. Сегізге дейін шыдайық. Үй иелері де келер оған дейін. Бұл
үйге кіргенде шашбауыңның бары рас болса, қайда кетеді ол? Қалғыған
шағыңда, бөгде біреу қымқыра жөнелмеуін кім біліпті. Айтайық, үй
иелеріне, олар іздестірер, мүмкін, табар.
«Үміт дүниесі» деген қызық емес пе?.. Үміттен айырылса не болар еді
адам?.. Мүсəпірдің «мүмкін, табар» деген сөзінен, сөнген сияқты болған
үмітім тұтанып, мен енді «кетем» деп арпалыспадым. Мүсəпір:
— Үй іші көлеңкеленген соң, салқындауға айналды. Əлде, қисайып
мызғимысың?— деп еді:
— Жоқ, ұйқым келмейді,—дедім мен.
— Бұл үйдің іші бұндай жүдеу болмайтын еді,— деді Мүсəпір біраздан
кейін,— жыл басынан бері кіргенім осы еді. Табысы жоқ байғұстар
сатынып-сұғынып... дегендей, одан бері бар мүлкін ішіп-жеп қойған ғой.
Уақытында жігіт-ақ болған жігіт. Совет орнағанға дейін бір байдың
прикащигі де болған. Байсыз да күн көре алатын жігіт. Совет заманында
еңбексіз күн көре ала ма адам. Еңбекке денсаулығы жарамаған соң-ақ
шаруасы шайқалып, берекесі кеткен. «Жаңғырық жалап ит тоймайды»
дегендей, базарда ескі-құсқы сатумен қанша табысы болады дейсің.
Одан əрі Мүсəпір Күзеннің «тəуір» деген күндерін сипаттап кетті. Ол
кеңесі мені еліктіре алмағанын көргеннен кейін, «сырты қара болса да, іші
сара» деп Есектасты біраз мақтады. Маған: «Бұларды босқа мақтап
отырмаған боларсың, мені осында тұрғызудың қаразы болар оның» деген
ой келді де, Мүсəпірдің сөзін кесіп тастағым кеп:
— Қайтейін, бұрын кім болғанын. Кəзір берекеден айырылған адамдар
ғой, бұлар. «Ит байласа тұрғысыз» деген үй осы ғой!—дедім.
Мүсəпір одан кейін Күзен мен Есектас кеңесін доғарып, мені даярлық
класына апарып түсірем деген институтты мақтап кетті.
— Бастығы Молдағали Жолдыбаев,— деп аяқтады бұл ұзақ кеңесін
Мүсəпір.— Таныс адам. Өзі «бір» деген коммунист. Биялайға жуық жақсы
да кісі. Тəубасын ішіне қосқанда, оған сені қабылдатам.
Сыртқы есіктен тықыр естілгенде, екеуміз құлақ түре бергенде, төсекте
көрпесін жамылып қимылсыз жатқан қыз «апа» деп бақырып қоя берді.
Қыздың жылаған сияқты тұрпайы даусынан Мүсəпір екеуміз де шошып
кеттік.
- Немене? - деген əйел даусы естілді ауыз үйден. Есектастың даусы
сияқты...
- Ап-па! - деп жылаған қыз төсектен түсе берді.
- Немене, күнішегім?—деп төргі бөлменің есігінен Есектас кіре берді.
— Ұрды!—деп, шешесін бақырып бассалды қыз...
— Кім?—деді шешесі.
— Анау, келіншек!— деді қыз, мені қолымен нұсқап.
— Астапыралда, қашан?!—дедім мен шошып кетіп.
— Ұрдың, ұрдың!— деді қыз, бажылдаған даусымен баспалатып.
— Ұрмаса неге жыласын?—деді Есектас.
— Олда-білде ұрған жоқпын, жеңгей!—дедім мен орнымнан түрегеп,
қасына қарай беттеп.— Шашбауым жоғалып, соны сұрағаным рас.
— Не қылған шашбау?— деген Есектасқа мəн-жайын қысқаша айтып
беріп ем:
— Мұнда келгенше жоғалтқан шашбауың ғой ол,— деді Есектас,—
поезда ұрлатқаныңды білмей қалғансың ғой...
— Олай емес, жеңгей!.. Бұл үйге келгенде бар, анау бұрышқа қисайып
жатқанда бар...
— Қайда кетеді, ендеше?.. Тышқаннан басқа жан мақұлық бұл үйге
жоламайды. Сонда менің мынау шынашақтай балам ұрлады деп тұрмысың?
— Желге ұша ма, енді?— дедім мен.
— Ойбой,— деді Есектас, таңданған дауыспен,— еліңнен неге шығып
жүр десем, осындай пəлеқорлығыңнан шығып жүр екенсің ғой...
— Олай деме, жеңгей! — деді Мүсəпір,— пəлеқор кісі бұл емес. Мен де
«қызың алды» демеймін. Жап-жас бала, қайдан білсін ұрлықты. Көршіқолаңның біреуі алған болу керек, Бəтестің қалғып жатқан шағында кіріп.
— Қояйық осы кеңесті!— дедім мен. Шашбау менікі ғой. Барсын.
Салауат. Кім алса аса айтарым: «Тамағына тас болып қадалсын».
— «Жаман қатын қарғысшыл» деп, жас басыңнан қарғысшыл екенсің!—
деді де, қызын көтеріп қолына алған Есектас ауыз бөлмеге шығып кетті.
— Алған сол қыз екен!— дедім мен Мүсəпірге.
— Оны қайдан білдің?
— Əлгі «ұрды» деп жылауынан. Ұрмақ түгіл, денесіне қолымды тигізген
де жоқпын. Біздің ауылда дəл осындай ұры қыз болушы еді, жиын-тойда
жанасып кеткен қыз-келіншектің үстіне қадаған моншағын үзіп ала қойып,
«алдын, ба?» десе, байбалам сап жылап қоя беретін, сонысынан қорқып,
алдырған адам біле тұра үндемейтін. Егер үндемейін десе, əлгі Есектас
сияқты жалақор шешесі «баламды ұры қылдың!» деп байбалам сап, жоқшы
адамды балағаттап, үйді басына көтеретін. Сонысынан қорқатын жұрт,
«тимеңдер, кəпірге!.. Қызыл көзді пəлеге жуымаңдар!» десетін. Мынау қыз
да, шешесі де дəл сол!..
Есектас бізге аздан кейін шай даярлап берген болды. «Базардан əкелдім»
деп оның дастарқанға тураған наны,— «тандыр» аталады екен. Бірінші рет
көрген наным. Жобасы біздің елдің таба нанына ұқсайды. Бірақ, негізі
солай ма, əлде кеуіп қалған ескі нан ба, шайнасаң сағыздай созылады да,
езілмейді. Кесеге құйып əкелген аппақ, қоп-қою бірдеменің атын
«иншалла» дейді, дəмі тəтті болғанмен, ірің сияқты көрінген бұнысын
аузыма салдым да түкіріп тастадым. «Құмшекер» деген сап-сары
бірдемесін «қайнатқан ұсақ қант» деп ұсынып еді, дəмі күйік татиды екен.
Қойдың тоғышар шегі сияқтандырып өрілген бірдемені «қауын шек» дейді.
Ол да тəтті сияқты. Мен өзім тəттіге үйір емеспін де. Дастарқан үстінде
қант тұрғанда, шайды онсыз іше беретінмін. Сондықтан, Есектастың
дастарқанына қойылған, бұрын көрмеген тəттілерді де жемей, нанын да
жемей, жалғыз кесе қара шай іштім.
Сағат тоғызға жақындай, Мүсəпір екеуміз институтқа кетпек болдық.
— Күн тіпті қайнап кеткен,— деді оның алдында тысқа шығып келген
Мүсəпір,— көйлекшең жүрмесе шыдамас адам. Сыртқы киімдеріңді тастап
кет мұнда.
— Жоқ, тастамаймын!— дедім мен.
— Неге!..
— Бұл үйге, мен енді сүйресе де келмеймін. Барлық киімдерімді ала
кетем.
— Келмесең келмессің,— деді Мүсəпір,— кейінірек мен келіп алып
кетермін. Ыстықта арқаламай, тастап кете тұр.
— Тастамаймын!— дедім мен,—«пəледен масайық қашыпты» дегендей,
бұл үйден менің қайтып оралмастай боп қашқым кеп тұр. Шашыма өрген
бауымды ұрлап алған бұл үй киімдерімнен түк қоймас. Үйде, қолдан
тіккізген киімдерім еді, тіккен адамдарды көздеріндей көре тұрайын. Бұған
дейінгі тоналуым да жететін болды ғой, енді тоналғым келмейді.
10. БҰЛ НЕ ТЫМ-ТЫРЫС
Желеңім мен жеңді қамзолымды қолтықтап, көйлек сыртынан жеңсіз
қамзолымды киіп, Мүсəпірмен тысқа шықсам, «əуе айналып жерге түсті»
дегендей, бұлтсыз аспанда шаңқиған күннің күйіп тұруы сұмдық екен!..
Басымда жекейлеу құндыз бөркім бар-ды. Аяғымда шұлғаулы етік. «Күнге
күйсе шашыңның түсі кетеді» деп əжем бөркімді басымнан алдырмайтын.
«Бəтеңке» дегенді ол кездегі ауылдың қызы кимейді. «Қызға аяғын
көрсетуге болмайды» деп, «қыз болғаннан» кейін əжем етігімді де төсекке
жатқаннан басқа уақытта тастатпайтын. Елде жүрген уақытта күн қанша
ыстық болғанмен, бөркім басымды, етігім аяғымды пысынатпайтын еді.
Енді, Күзеннің үйінен шыға, төбемнен төмен қарай сорғалай жөнелген тер
бақайшағыма бір-ақ тоқтағандай боп, отқа қақтаған мұздай ерідім де
кеттім... Сол халымды көрген Мүсəпір:
— Айтсам тіл алмадың, Бəтес!— деді маған.— Əлі де айтам: тастап
кетші, қолтығыңдағы киімдерді!
— Жоқ, тастамаймын.
— Ендеше мен алып жүрейін!— деп Мүсəпір қолтықтағы киімдерімді
еркімнен тысқары суырып алды.
— Жеңсіз қамзолын мен бөркіңді өз қолыңа ал!— деді ол маған.
— Алмаймын.
— Неге? Терлеп кеттің ғой.
— Оқасы жоқ,— дедім мен. Іштей ойлап тұрғаным: ертеректе біздің
елден хажылыққа барған бір топ адам жұқа киімнен ыстық өтіп қырылып
қалғанда, «Алдайбай» деген қазақы кісі, «жылы киімнен күн өтпейді» деп,
аяғына байпасы етік, үстіне қалың жүн күпі, басына түлкі тымақ киіп ап
елге өлмей келді десетін. Менің де сол Алдекең құсап, ыстықтан жылы
киіммен қорғанғым келді де, денедегі киімді жеңілдетудің орнына, Мүсəпір
қолтықтаған бешпентімді сұрап ап, сыртымнан киіп алдым. Мүсəпір:
— Жұрт күледі ғой бұныңа!—деп күліп еді:
— Күле берсін,— дедім мен,— күлгеннен өлген қиын болар!..
Мүсəпір бастаған жаққа қатарласып жүріп келем. Тұла бойымнан тер
сорғалап келеді. Ішкі киімдерім денеме жабысып қалғандай боп, жүруіме
бөгет жасайды. Қонышымнан су құйылғандай, аяқтағы шұлғауым да
былжырап кетті. Ал күн жоғарылаған сайын қайнай түсіп, ішіңе тартқан
ыстық леп, кеңірдегіңді күйдірген сияқтанады. Мүсəпірдің өзі мынадай
ыстыққа үйреніп қалған адам ба, əлде терлемейтін кісі ме? Жылтыраған
бетінде жалғыз тамшы байқалмайды.
— Киіміңді жеңілдетсең қайтеді?—дейді менің ауыр халымды көрген
Мүсəпір. Оның сөзі көңіліме ұялағанмен, термен денеме жабысқан ішкі
киімдерімнен ұялам да.
— Ештеңе етпейді!— деген болам.
Күзеннің үйінен «қала» дегені көп жер екен. Мүсəпірдің «ал, енді кірдік,
қаланың шетіне» деген сөзінен бастап, тағы бір пəлеге ұрындық.
Қызылорда жерінің боз топырағы бұрқылдақ келеді екен. Жолшыбай
жолыққан бірен-саран көліктердің аяғынан көтерілген бозғыл шаңның өзі
құмықтыра жаздап еді. Енді, қалаға кіре, ерсілі-қарсылы жүрушілер
көбейіп, бұрқыраған шаң қалың тұман болды да кетті. Жəне жəй тұман ба
ол?.. Аузы-мұрныңа толатын шаң емес пе?.. Ып-ыстық шаң!.. Мұндай
шаңға үйренбеген мұрным əлсін-əлсін түшкіртіп мазамды алған соң,
аузымды ашсам, қою, ыстық шаң көмекейіме құйылып, қақалып өліп қала
жаздаймын. Содан кейін түшкірсем де аузымды ашпаймын. Шаңның толас
жерінде маған көзі түскендер, «мына қызды қараңдар, күн күйіп тұрғанда
оранып-шымқанып алған!» деп, «пысынамай қалай келеді?!» деп, «қыстың
масағы қалған қыз емес пе, өзінде!» деп, «елден жаңа келген бір сорлы да»
деп, «есалаң қыз болмасын өзі!..» деп күлісіп өтеді...
Біраздан кейін шаңға да үйреніп жан-жағыма көз тіксем, есек мұндай
көп болар ма Қызылордада!.. Ерсілі-қарсылы жосылған есекте қисап жоқ.
Көбінің үстіне отындар, шөптер, толтырылған қапшықтар артылған.
Кейбіреуіне өзінен үлкен добалдай кісілер мініп алған. Енді біреулеріне
əлдекімдер мінгесіп алған. Соншама жүкті көтеріп, маймаңдай басатын
есек, не деген мықты мақұлық еді. Өз денесі сиықсыз есектің құлындары
əдемі болады екен. Оның атын «қодық» дейтінін бір адамның екінші адамға
«қодығың, адасып қалды!» деген айғайынан, анау адамның, есектің адасқан
құлынын алып келуінен білдім.
«Қаланың орталығы» деген тұста шаң бəсеңдеді. Мана Есектас
«иншалла» деп атаған аппақ нəрсе, бұл кешенің əр бұрышында үлкен
қазандарда лық толып тұр. Сатып алғандардың ыдысына иесі ожаумен іліп
ап беріп жатыр. Жан-жақтан «нишалла!» деп шулағандар құлақты
тұндырарлықтай. Базары жақын көше ме, əлде көшелерінің тəртібі сондай
ма, қолдарыңа əртүрлі киім-кешек ұстап «алыңдар!» деп дабырласқандар
қойдай өреді... Мүсəпір кідіріп:
- Киімдерің ұрланып кетті ғой, үстіңдегіңді ауыстырып киетін көйлеккөншек алмаймыз ба?—десе:
- Қайтесіз оны?—дей салам мен.
Тегі, менің ішкі ниетім сатып алуын жақсы көріп келе жатыр деп
жорыған болу керек, Мүсəпір бірер жерде:
— Осыны алам!—деп етек-жеңі сымдай көйлектерге сөйлесе бастаса:
— Кимеймін, ондай көйлекті!— деймін мен.
— Ендеше матадай əперермін, біреуге тіктіріп аларсың,— дейді
Мүсəпір.
Сөйтіп отырып, əлде не бақшаға кіріп кеттік. Ондағы ағаштардың
көлеңкесімен жүріп отырып, əлде не алаңға жеттік. Соның шығыс жағында
тұрған, терезелері көп, сұрғылт кірпіштен қаланып, төбесінің қаңылтыры
қызыл бояумен боялған ұзынша үйді:
— Институт осы!—деді Мүсəпір.
Үйге кірсек, коридоры толған жастар екен. Ішінде ұлдар да, қыздар да
көп. Кейі қалаша, кейі ауылша киінген.
— Өзіңдей оқуға келгендер!—деді Мүсəпір маған сыбырлап, олардың
арасынан өтіп бара жатып. Əлдене бөлмеге таянғанда:
— Жолдыбаевтың кабинеті осы,— деді Мүсəпір,— сен тұра тұр, мен
кіріп шығайын.
Ол бөгеліңкіреп барып шықты да, «жүр, көрсетейін, таныстырайын» деп
мені шақырды. Екеуміз кірсек, стол жанында, үстінде кенеп қамзолы бар,
шашын да, сақал-мұртын да тақыр ғып қырыққан, семіз денелі, жалпақ
бетті, қалың ерінді адам отыр екен.Столдың бер жағында бірер мосқал кісі
отыр.
— Осы қыз ба? —деді жуан, мен есіктен кіре.
— Ие, Молдеке!— деді Мүсəпір. Маған «Молдағали Жолдыбаев осы»
деп сыбырлап қалды.
Молдекең қасы қалың қабағын бір көтеріп, бір түсіріп, томпақтау үлкен
көзімен денемді бастан-аяқ шолып алды да:
— Бүлдіршіндей əп-əдемі бала екен,— деді күлімсіреген кескінмен,
серіктеріне,— бұндай қызды ауылдың қу белсенділері жолдан қағып ап,
қаланың оқуына жібермейтін еді, бұдан қапыда қалай айырылып қалды
екен?!
— Бірталай мəні бар, Молдеке, оның,— деді Мүсəпір,— сізге кейін
айтармын.
— Қайтесің айтып,— деді Молдекең,— жұрттың биографиясын жинап
драма, я роман жазғалы жүрген кісі емеспін. Ауыл оқуға қыздарының
шетке шығарған мегежіндерін ғана жібермей, мынау баладай сымбатты
сұлуларын араластыра жіберсе болғаны. Əрине, түр-тұлғасымен, кескінкейпімен ақылды болмайды адам. Орыстың кəзіргі əйелдерінде Лидия
Сейфуллинадан сиықсызы жəне кескінсізі жоқ, ал жазуға одан күштісі жоқ.
Анна Караваева да жақсы жазушы, бірақ ол сымбатты да, сұлу да адам. Қай
елдің болса да əйелдерінде осындайлары аралас келеді. Орыстың кəзіргі
оқушы қыздарын алсаң да сондай аралас. Ал, əзірге оқуға келген қазақ
қыздарын алсаң, көбі түрсіз! «Қыздарымыздың бəрі осылардай» дейін
десең, осы Қызылордадан ауылға беттеп шықсаң-ақ, нелер сұлу қызкеліншекті əр жерде кездестіре бересің. Соған қарағанда, ауылдың қулары,
оларды қалаға жеткізбей қағып алатын сияқты...
— Молдеке,— деді қасындағылардың мосқалдау біреуі, күлімсіреген
кескінмен Молдағалиға қарап, мені қолымен нұсқап,— анау баланың аяғын
талдырдың ғой, сұлулықтың философиясын айтам деп... əрі қалаға жаңа
келген баланың сымбатына сын айтам деп ұялтып?..
— Немене ұялғаны бар?—деді Молдекең:—«Жақсының жақсылығын
айт, нұры тасысын, жаманның жамандығын айт құты қашсын» деген.
Біреудің бойында бар сұлулығын айту — ұялту емес.
— Отыр, шырағым!— деп Молдекең маған анадай жерден орын нұсқап
еді, мен сыпайылық көрсетіп отырмай, рахмет айтқандай басымды идім.
— Ибалы бала болсаң, көп жаса!.. Бақытты бол!—деді де,— ал,
шырағым!— деді Молдекең, маған енді байсалды кескінмен.— Түу-түу
алыстағы Торғайдан келген қыз екенсің, сені алмағанда кімді аламыз оқуға.
Институттың даярлық курсының біріншісіне түсетін. Оған да алты жылдық
білім керек. Ал сенікі төрт-ақ жылдық екен. Солай ма?
— Солай,— дедім мен.
— Ынта қойып оқысаң, бірінші даярлағыш курсты алып кетуің мүмкін.
Жете ме, оған ынтаң?
- Тырысып көрем.
- Əкеңді Мүсəпір айтты. Білем ол кісіні. Енді азып кетпесе, бұрын зиялы
адам болатын. Оқуға түсер алдында қояр шартым мынау болады:
институтты бітіргенге дейін институттың қызы боласың, яғни,
қамқорлығыңды институт мойнына алады. Оған дейін оқудан басқаны
ойламайсың.
- Басқа не ойлар дейсің?—деді қасындағыларының жастауы күліп.
— Айтпа, сөз емес сөзді!— деді Молдекең оған жекіп,—«Ұлы сөзде
ұяттық жоқ» дегендей, бой жетіп қалған қыз емес пе, бұл? Сұлуға құмарлар
қалада да қаптап жүрмей ме?.. Солардың біреуі басын айналдыра қоймауын
қайдан білесің?..
— Рас айтам, шырағым!— деді Молдекең маған қарап,— институтты
бітіргенше жігітті ойлама, оқуды ойла! Жігіт ешқайда қашпайды, оқу
қашады. Оқуды жасыңның осы бір шағында ұстап меңгеріп алмасаң,
біраздан кейін қандай жүйрікке мініп қусаң да жеткізбейді. Түсінікті ме?
— Түсінікті!— дедім мен.
— Ендеше, жаз, «қабылданды»
қасындағылардың жастауына.
деп!»

деді
Жолдыбаев,
— Экзамен ше?— деді ол жымиып.
— Қайтесің, түу-түу Торғайдан келген қыздан экзамен сұрап? Ала бер!..
Оқи алмаса өзінен көрер!.. Бара бер, қызым! — деді ол маған.— Атыжөніңді ертең кеп жаздырарсың да, тиісті қағаздарыңды аларсың. Бүгін қол
тимей жатыр.
— Рахмет, аға!— дедім Молдекеңе басымды иіп, есікке қарай беттей
беріп.
— Тұратын пəтерің, бар ма еді?— деді ол артымнан.
— Жоқ!— дедім мен тоқтап, артыма бұрылып.
— Ендеше, ертең жатақханаға да аламыз!.. Бүгінше бара тұр!..
Тысқа Мүсəпір екеуміз бірге шықтық.
— Не деген жақсы кісі, əлгі Молдекең?— дедім мен.
— Иə, жақсы кісі! Əлгі сөздері — қалжыңы. Солай ойнап отыруды
ұнататын адам. Көңіліңе ауыр алған жоқсың ба, ол сөздерің?
— Неге?—дедім мен,— ақыл сөздерді ауыр ап, жындымын ба? Ең,
жанашыр адамның сөзі емес пе, айтқандары?..
— Ал, енді бір жерге барып тынығуымыз керек емес пе?—деді Мүсəпір.
— Əрине!— дедім, шаршаудан бойым салғырт тартып, ұйқы да торлай
бастағандай боп есінеген мен.— Бірақ, қайда?..
— Күзеннің үйіне жайсыз кезінде апарам деп шошытып алдым ғой,
өзіңді. Енді ғой, бармайсың оған?
— Басымды кессең де!..
— Ағасының үйіне барамысың онда?
— Қайдағы?
— Айттым ғой таңертең, «бұның Қарсақ деген ағасы бар» деп? «Осы
қаланың орталығында тұрады» деп?
— Айтқасың. Бірақ, інісі анадай, ағасы қай жөнді дейсің.
— Олай деме. «Бір биеден ала да туады, құла да туады» демей ме қазақ?
Бірге туған апаң, — Кəкен мен өзіңнің араң қандай? Бұлар да сол сияқты.
Ғажап жақсы кісі Қарсақ. Əйелі — Бөдене де қадірлі кісі. Екеуі де
меймандос, қонақжай, барын қонаққа беретін, дастарқандары кең, қолдары
ашық адамдар. Нанбасаң, барып көрейік.
— Өзге таныс үйің жоқ па?
— Таныстар бар, бірақ, олардың бəрі бірдей пəтерші жібере бермейді.
Жəне «үсті-басымыз кір-қоң» дегендей, бұл қалпымызбен қайда барамыз?
Қарсақтың үйі иіс-алмастау. Ертең жатақханаға орнығатын болдың ғой.
Бүгін сол үйде болайық.
— Оқасы жоқ,— дедім мен, Мүсəпірді бетке қаға бермейін деп.—
Ремонт болып жатыр деп ең ғой пəтерінде, онысы бітті ме екен?
— Бара көрейік.
Қарсақтың пəтері қызық жерде екен: кең орамды айналдыра салған
тапалтақ, төбесі жайпақ, тұтас үйлердің біреуінде де көшеге қараған терезе
жоқ. Төрт қабырғасының қай жағынан қарасаң да, сұр балшықтан
тұтастыра соққан тескіндіксіз қорған сияқты. Қақпасы бір-ақ жағында, өзге
жақтары тұтасқан қамау. Сырты тұтас қамаудың іші, ішкі қабырғалары да
тұтасқан қаз-қатар үй. Сол көп үйлердің жиі жасалған есіктері мен
терезелерін, алыстан қарағанда араның ұясы деп ойларлық. Осындай тұтас
үйлер қоршаған кең қораның орталығында, есіктері ғана бар, терезелері
жоқ, тағы бір кішірек тұтас қорған тұр. Ол, айнала отырған көп үйлердің
отын-су сияқты қажетті жабдықтарына арналған сарайлар екен.
Қаз-қатар жасалған көп үйлердің біреуінде тұратын Қарсақтың пəтері
бұл кезде ремонтталып боп, иелері ішіне кірген екен. Қарсақ деген:
салбыраған бұғағы кеудесіне түскен, сақал-мұртын қырған, бет бейнесі
кішігірім табақтай сол беттің үстінде, үлкен картопқа жабыса өскен
түймедей боп қасқа басы шошая қалған, жуандығына анау-мынау кісінің
құшағы жетпейтін семіз, саусақтары быртиған қысқа бір-бір балағы бес пұт
бидай сиятын қаптай кең кенеп шалбары мен қазақша кең ғып тіккен ақ
шұбар ситса көйлегінің, оң жақ шекесіне жантайта киген өзбек тақиясының
кірден мөрі көрінбейтін, түйенің табанындай жалпақ аяғына əлдене
шəркені іле салған, қолтығындағы қолаңсасы мен аяғындағы күсінің сасық
исі бұрқыраған, мейлінше денелі, мейлінше салақ, нас адам екен.
Ал, оның əйелі — Бөдене десе — бөдене: кіп-кішкене, қап-қара, допдомалақ, сеп-семіз, жылтиған біреу!.. Күйеуіне еліктеуіме, табиғаты солай
ма, ол да кір-қоң боп жалаң аяқ жүретін адам екен. (Біздің Торғай елінде,
бай болсын, кедей болсын, кəрі болсын, жас болсын, жалаңаяқ жүретін
əйелді кім көрген!..) Сол қалпымен дөп-дөңгелек, қоп-қоңыр кескіні əпəдемі: кішкентай көздері мөлдіреген қап-қара, кішкене мұрны да пістедей
қырлана қойыпты, бүрілген кішкене аузында тізбектелген тістері
маржандай аппақ, жіңішке қою қара қасы да қабағында иіле қапты. Осы
кескінімен таза жүрсе, қараның сүйкімдісі болар еді бұл əйел!.. Салақ
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Мөлдір махаббат - 28
  • Parts
  • Мөлдір махаббат - 01
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2194
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 02
    Total number of words is 3954
    Total number of unique words is 2195
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 03
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2078
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 04
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2151
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 05
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2174
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 06
    Total number of words is 3802
    Total number of unique words is 2135
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 07
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2222
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 08
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2322
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 09
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2265
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 10
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2261
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 11
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2189
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 12
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2137
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 13
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 14
    Total number of words is 3943
    Total number of unique words is 2300
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 15
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2113
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 16
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2193
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 17
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2164
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 18
    Total number of words is 3983
    Total number of unique words is 2182
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 19
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2122
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 20
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1990
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 21
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2107
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 22
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2099
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 23
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2193
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 24
    Total number of words is 3877
    Total number of unique words is 2067
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 25
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 1992
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 26
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 1993
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 27
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2109
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 28
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2033
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 29
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2036
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 30
    Total number of words is 3688
    Total number of unique words is 1955
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 31
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2038
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 32
    Total number of words is 3762
    Total number of unique words is 1952
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 33
    Total number of words is 3674
    Total number of unique words is 2045
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 34
    Total number of words is 3671
    Total number of unique words is 1987
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 35
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2028
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 36
    Total number of words is 3776
    Total number of unique words is 2082
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 37
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2200
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 38
    Total number of words is 534
    Total number of unique words is 407
    49.2 of words are in the 2000 most common words
    63.3 of words are in the 5000 most common words
    70.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.