Latin Common Turkic

Мөлдір махаббат - 09

Total number of words is 4072
Total number of unique words is 2265
33.0 of words are in the 2000 most common words
48.1 of words are in the 5000 most common words
55.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Кəне, үйге жүріңдер!— деді Қазина, есігін нұсқап.
Əкем мен Қазина үйге кіре бергенде, тыста іркіліп қалған Еркін:
— Бүркіт, тоқтай тұр!—деді маған.
— Ие?—дедім мен де іркіліп.
— Сендерге сойып беретін бір семіз серкешім бар. Үй ішің түгел
отырып дəм татсын, қасыңа кісі қосып берейін, шешеңді жəне көшке ерген
барлық жанды алып кел.
— Болсын!—дедім мен. Ішімнен: «осың шынымен бізге ағайын болғалы
жүр ме?» деп ойлап қойдым.
Еркін қасыма қосқан жігіт екеуміз желе шоқытып қыраттау биікке
көтерілсек жаппа тіккен біздің, көш те жап-жақын екен.
— Иə, əкең қайда?— деді, күрке алдында тұрған шешем.
— Еркіннің үйінде қалды,— дедім мен.
- Қайдағы Еркін?!
- Кəдімгі Еркін... Қазина дейтін шешесі бар.
- Тірі ме екен, онысы?— деді шешем жұлып алғандай.
- Тірі екен. Сағынып та қалған ба, немене, əкеммен құшақтасып көрісті...
Шешемнің бет-аузы жел үрлеген су сияқтанып қыбырлап кеткендей,
көздері кенет жанған сіреңкенің отындай лапылдап кеткендей болды.
Аузымнан ағат сөз шыққанын сонда ғана түсініп, іштей өкіне бастадым.
Бірақ, Еркін тапсырып жіберген сөзді айтпауға амалым жоқ. Шешем ол
сөзге ытырына жауап беріп:
- Əкеңе айт! — деді маған жекіп,— тойынғанша жатсын сонда. Біз ертең
ертемен, осы арадан тура Қызбелге тартамыз...
Шынымен бүлдіргенімді енді ғана ұқтым да, тағы да бірдеме десем,
ширатылған ашуға шиыршықталған шешемді үзіп жіберетіндей көріп,
келген ізіммен үн-түнсіз кейін қайтып отырдым.
Еркін сойған серкештің еті асылып жатыр екен. Шайларын менен бұрын
ішіп болған. Үйге бірталай адам жиналып, бəрі гу-гу əңгімеде отыр екен.
Сусап келген мен бір аяқ көже сұрап іштім де, үлкендердің кеңесін
тыңдағым келмей тысқа шықтым. Сыртта бір топ бала жүр екен. Бала мен
баланың үйір бола кететін əдеті. Мен де сөйтіп, бəріміз əлде не
ойындармен əурелендік те кеттік...
«Қыран баласы — Қырымға, ит баласы — жырымға қарайды» дейді
қазақ. Сол екі «баланың» қайсысы болғым келгені есімде жоқ, Еркін «ас
пісті» деп шақырғанша, мен осы ауылдың көп үйіне кіріп, тінтіп
шыққандай болдым, сонда аңғарғаным — былтырғы Торғайда көргенімнен
əлдеқайда ілгері кеткен халық; «ит басына іркіт төгілді» дейтін молшылық
болмағанмен, басы іспеуі былай тұрсын, бұл ауылда қарны ашып отырған
бір де жан жоқ сияқты сол тоқшылықтың тетігі — өздерінің бірлесіп
атқарған еңбегі сияқты, былтырғы егініне де разы олардың, биылғы егіннен
дəмесі одан да зор сияқты...
Осы бірлескен істе, бəрінін, тоқырар қазығы Еркін болғанға ұқсайды. Ол
əлі жиырма екі жастағы жігіт. Онымен құрдас біздің Текебай ел-жұртқа
қазық болу түгіл, өз басын зорға алып жүр. «Ораздының баласы он бесінде
баспын дер, тоғышардың баласы жиырма бесте жаспын дер» дегендей,
Еркін қайда кеткен, Текебай қайда қалған!..
Астан кейін жұрт тарады да, біз ұйқыға жаттық. Таңертең оянсам, үйдегі
жұрттың бəрі түрегеп тысқа шығып кетіпті, төрге салынған төсекте, мен
жалғыз қалыппын. Сəулесі терезеден түскен күннің көзіне қарасам, шалшы
түс болып қалған сияқты. Ұйқым əбден қанған. Тез киініп ап тысқа
шықсам, қора ішіндегі бір көлеңкеде əкем əлдекімдермен кеңесіп отыр
екен. Оларға бөгет болмау ниетімен əрі қарай кетсем, Еркін əлдене
шаруасымен шұғылданып жүр екен.
— Қалай ұйықтадың, бала?— деді ол маған.
— Өте жақсы.
— Кеше түнде ауылды көп араладың ғой?
— Ия... көргім кеп...
— Көр!.. Көр!.. Тағы да келіп көр!.. «Қара қазан, сары баланың қамы»
дегендей, осындай бір шаруа жасауға тырысып жатырмыз. Қанды да жақсы
тұрмысқа жол ашу үшін тектік, енді сол тұрмыстың өзің де жасаймыз деген
үміттеміз. Біздің, коммуна ескілікті жоятын өрттің алғашқы ұшқыны
сияқтанған соң атын «Ұшқын» қойдық. Бұны сөндіруге тырысатындар да
жоқ емес, бірақ, ол іс қолдарынан келмейді олардың.
«Олардың» дегенінің ішінде əкем де бар ғой деп ойлап қойдым ішімнен.
Расында да солай боп шықты. Еркіннің қадір-құрметін көріп аттанғаннан
кейін:
— Балам, не білдің?— деді əкем маған.
— Нені айтасың, ағеке?
— Алдағы күзде Еркін Орынборға, үш жылдық оқуға кететін бопты.
— Неге?
— Оқуы аз ғой оның. Білімін біраз толықтырып алмақ.
— Жақсы ғой онысы?
— Расында да жақсы. Ол оқуын бітіргенше, керегесін жайдым деген
коммунасының шаңырағын ортасына түсіріп те бітерміз.
— Неге, ағеке?—дедім мен шошынған кескінмен.
— Оны түсінуге, жассың əлі!..
Əкемнің «Ұшқынға» не пəле дайындауға ойлағанын болжай алмаған
мен, онымен керіске келетін тағы пəле ойлағаны түсінікті бола қалды.
Жүрегім зырқ ете қалды ол белгісіз пəледен. Өйтпегенде ше?.. Əкемнің əкебабасындай жауларының күл-талқанын шығарған Совет өкіметі, ініне су
кеткен аңдай, кірерге тесік таба алмай жүрген əкем сықылдыларға жеңдіре
ме?.. Жеңе алмаса, Совет тұтатқан жаңа өмірдің ұшқынын сөндіре ала ма
олар?.. Сөндіре алмаса, тағы да өртенгеніміз бе біздің?.. Жоқ, əкем
өртенгенмен, мен өртенбеспін енді!.. Тамырынан жұлған көктей, кіпкішкене күнімде қайлардан қайларға қуып əкеткен тағдыр, өскен
топырағыма қайтадан көктегелі келе жатқанда, мені ол топырақтан жұла
алмас енді... Туған жеріме деген мөлдір махаббатымды ешкім енді сөндіре
алмас!.. Мен, енді, оның жаңа ұшқынына қосыла, бірге жалындармын!..
(Бірінші бөлімнің аяғы)
ЕКІНШІ БӨЛІМ
СҮЙГЕН ЖАР
(Бүркіттің екінші дəптерінен)
Жас өмірі жалындаған,
Өзгелердей мен де адам.
Лермонтовтан.
1. БҮРШІК ТҮЙГЕН БƏЙШЕШЕК
Былтыр амалсыз айрылған Қызбелдің шығыс жақ етегіндегі Қатын
қазған құдығының қасына келдік те, түйе шөгердік. Айдау көріп ашығып
келе жатуынан ба, əлде, көп жылдың бойына мал тұмсығы тимей тусыған
жердің күрең буырыл шалғыны биыл да аса биік жəне қалың өсіп: «Кел,
же! Тарқат құмарыңды!» деп шақырғандай, жұпар исі бұрқырап, қоңыржай
самалға ырғала тербелуінен бе: «Тұрақты мекенге жеттік, енді бір жайлана
жайылайықшы» дегендей, азғана малымыз, тəтті шөпке тұмсықтарын
көміп оттай бастады. Шалғынның биіктігі шөккен түйенің қапталдығынан
келеді екен. Алыс жолда ауыр жүк арқалап белі талған түйе байғұс, күндегі
əдетімен шөге сала, ұзын мойнын жерге төсеп дем алайын деп еді, тəтті исі
қытықтады ғой деймін, басын көтере түшкіріп жіберді де, жырық ерні
бүлкілдей, алдындағы шалғынды шөккен қалпында бытырлата үзіп, аузын
толтыра батырлатып шайнай бастады...
Шешем қызық кісі екен. Торғай өлкесінің шетіне кіре: «Өй, туған жер!»
дегенде өзегі айырылғандай күрсініп келе жатқан ол, Қатынқазғанға жетіп
түйе шөгергеннен кейін сағынған төркінін көрген келіншектей, шалғынға
баурын төсей жата кетіп, жерді құшағын кере құшақтап, бар даусымен, алгеп көріс!.. Ал-геп көріс!..
Былтыр ғана келіп көргенмен, мен де түйелерді шөгере сала желіден
ағытылған құлындай, олай да жүгірдім, былай да жүгірдім, шалғынға да
жата кетіп аунадым, құдыққа да жүгіріп барып суын аузыммен тартып ап
ішкендей ішіне үңілдім....
Біздің көштің өзге жандары, «туһ, тамашасын-ай!» деп төңірегін
көздерімен ғана шолғаны болмаса, шешем мен мен сияқты өзеуреген
қылық көрсеткен жоқ. Қарс жапқан қабағын көтермеген жалғыз ғана əкем.
Өйтуі маған ғана түсінікті сияқты. «Ұшқын» коммунасынан аттанғанда
айтқан сөзі көкейіме тастай боп қатқан, сондықтан, мына тұрысында ол
«Ұшқынды қалай сөндірудің амалын ойлап тұр-ау!» деп жоримын. Бір
кезде ол:
— Тəй, тұр, əрмен əрі, күшігінен айырылған қаншықтай қыңсыламай! —
деп ақырып қалды жерді құшақтап көрісіп жатқан шешеме. Кенет естілген
дауыстан шошып кеткендей, шешем басын көтеріп алғанда:
— Үйді тігіңдер!—деді əкем, жекіп.
Жабыла кетіп жапыр-жұпыр үйді тіге бастадық. Оның керегесі
жайылып, шаңырағы көтеріліп, уығы шаншыла бастауы мұң екен,
Қызбелдің сай-саласынан «аттылы-жаяулы...» дегендей əркімдер қаптады
да кетті. Енді ғана білсек, Қызбелдің бойы былтырғыдай елсіз емес екен,
өткен күзден бастап тоқшылық кірген Торғай елінің халқы, биыл түгелге
жақын жайлауға шығып, Қызбелдің де сай-саласы иін тіресе сыңысқан
ауыл екен!..
Келген көпшілік үйімізді тігісу, жүгімізді жинасу сияқты істерімізді
атқара бастаған шақта, əлдекімдер ерулік əкеліп те үлгірді. Туған жер де,
өскен ел де біздің, үйді осылай қарсы алып, ат ізі суынбай, төңіректегі ел
үздіксіз келді де жатты. Əрине, көбіне ауқаттылар келеді, олар сабасын
арта, тоқтысын өңгере келеді...
Осындай келушілердің біреуі, жеңешемнің, туған апасы Батсайы боп
шықты. Оның, «сондай бір апам бар» дейтінін бұрын да естігенмін. Енді
көрсем, бір қойдың екі асығындай жеңешеммен екеуі, түр-тұлға жағынан
да, кескін-кейіп жағынан да бір-бірінен айнымайды. Тек қана
араларындағы айырма — жеңешемнен бес-алты жас үлкен бола тұра
Батсайының түсі одан əлдеқайда жас. Екеуі көрісіп амандасып, халжайларын сұрасқан шақта, кептен көріспеген сіңлісінің тістері сиреп, беті
əжімденіп, шашында ақ қылтандар көбеюін, апасы көп бейнет көрудің
салдарына жориды.
Батсайы қасына ұл балаларының біреуін ерте кепті. Бұл оның бесінші
ұлы екен жəне кенжесі екен, аты — Мүсəпір, əкесінің аты — Пұсырман.
Қылтиып орысша əдемілеу киінген, сұрғылттау сопақ бетті, имектеу ұзын
мұрынды, талдырмаш денелі Мүсəпір, бет бейнесіне қарағанда менен
үлкен сияқтанғанмен, дене құрылысына қарағанда кіші сияқты. Жасын
сұрағанда ол менен аттай төрт жас үлкен болып шықты. Өзі кəзір
Орынборда оқиды екен.
Мен жас күнімнен тентек боп өскен баламын ғой. Сол мінезіме бағып,
егер үйге келген қонақтың қасында бала болса, жоқ нəрсеге жанжалдаса
кетпей, ерегісе қалса қол қатып, не үйге қуып тықпай, немесе бір жерін
ауыртып жылатпайтын уақытым болмайтын. Ал, мына баланы өз жеңешем
де, өз шешесі де «бөлең» деп таныстырғаннан кейін, ішім жылушырай
қоймағанмен, біздің үйде бір жұмадай жатқанда жанжалдаса қойған
жоқпын. Оным, тегі, сыпайылық сақтаудан ғана болмау керек, Мүсəпірдің
мінезінен де болу керек. «Бір биеден ала да, құла да туады» дегендей,
жеңешем менен апасының мінездері бір-біріне қайшы екен: жеңешем шідері үзген тентек, ал, оның апасы — «қой аузынан шөп алмайтын жуас».
Баласы да мінез жағынан шешесінің аузынан түсіп қалған: кейде қақтығыпсоқтығайын десем, ырқыма көне кетеді. Таласуға барғанда жата итті ит те
қаппайды, мен ит құрлы жоқпын ба?.. Мүсəпірдің бəрінен де қызығы,
əлденені кеңесіп отырып, ешбір себепсіз бетіне қарап жымисаң, ол да
жымия қояды, сол сəтте тағы да ешбір себепсіз түсіңді суыта қойсаң, ол да
суытады. Оның, бет бейнесін қолыңдағы домбыраны шектері
сияқтандырып, қандай күйге келтіруге ойласаң да билеп алатынсың. Ал,
хат-қалам жағына келгенде, өзеннің суындай сарқырап аға беретін сияқты.
Ол маған оқыған кітаптарынан əлде не қызықтарды əңгіме ретінде де, өлең
ретінде де айтып кетеді. Оқып жүрген қаласын ол өлердей мақтайды,
сөйтеді де, мені оқуға баруға азғырады. Қызғылықты түрде айтқан оның
кеңесін тыңдап отырып, бетіне қарап ыржиям да, іле түсімді суыта қоям...
Батсайы біздің үйге алыстан келетін қонақтарға жол ашып бергендей
болды. Ол аттанғаннан кейін, біреу — «анау жақын», біреу — «мынау
жақын» дегендей көңілдес адамдар алыстан да бірінен соң бірі келіп, ат ізін
суытпады.
Бір күні біздің үйге: айыр өркешті түйеге мінген əйелі бар, ол түйені
бұйдасынан жетектеп салт мінген еркегі бар, түйенің артында бұйдасының
сабағын қомның қайысына байлаған, үстінде піспегі шошайған үлкен саба
артқан буыршыны бар, оны айдаған: кекілін ғана қалдырып, басқа жалын
күзеген, құйрығын тілерсегіне тақай шорт кескен құла құнанға мінген
баласы бар — үш адам кеп түсті. Далада жүрген менің көңілімді бұл
адамдар бөле қалды. Қадала қарасам, түйенін, үстінде, басына үлкендігі
қазандай жаулық ораған, бетінің үлкендігі табақтай мұрны мен көзі семіз
бетіне батып кеткен, жуан денесі айыр-өркештің екі арасына əрең сыйған
қап-қара кескінді қартаң əйел көрінеді; түйені жетектеп салт мінген
адамның дене құрылысына қарасам, ең əрі салғанда, он төрт - он бестегі
шарға бойлы баладай ғана, ал кескін-кейпіне қарасам, иегіне ұйыса біткен
қаба қара сақалы, қалың, қара мұрты бар біреу; құнан үстіндегі балаға
қарасам, киім-кешегі еркек балаға ұқсайды, ал кескін бітіміне қарасам қыз
сияқты.
Бұлар үйге жақындап тоқтады да, əуелі салт аттағы тапалтақ қарғып
түсіп, зор денелі, биік өркешті, ұзын шудалы семіз түйені бұйдасынан
төмен сілкіп, жынын шаша бақырғанына қарамай шегерді. Содан кейін
əйелді сүйемелдеп түсіруге ыңғайланды да, шамасы келмейтінін білгендей,
«демесер жан бар ма екен» деген кескінмен жан-жағына айнала қарады.
Мен бұл кезде олардың қасына келдім де, тапалтақтың түріне іштей
күлгеніммен, ата-ғұрпымызға бағып сəлем бердім.
— Əлек салам,— деді тапалтақ, ұнатпаған көзбен қарап (тегі кемпірді
түсірісуге іле жəрдемдесе қоймады деп кіналап тұр ғой деймін).— Кім
баласысың?
— Əкемнің баласымын,— дедім мен қияңқылығым ұстай қап.
— Əкесіз бала деп тұр деймісің? Неғылған тіл мен жақсың өзің,
тықылдаған? Түсірісіп жібер мына кісіні, — деп, тапалтақ кемпірді
нұсқады. Сол кезде үйден əкем шыға келді де, жолаушыларға қарай жүгіре
басып:
— Апырау, Қарекең болмағай да!— деді жақындай беріп.
Қозғалсам «лықып құлап кетемін» деп қауіптенгендей қимылсыз
отырған қара кемпір, жүгіре аяңдап жақындаған əкеме, «Əбеке!» деп дыбыс
берді. Əйелдің даусы еркек даусындай жуан естілді. «О-о, Қареке!» деп
жүгіріп барып құшақтаған əкем, түйе үстіндегі əйелді түсіре алмай
мықшыңдап жатқанда, үйден шешем жəне бірнеше кісі шықты да, бəрі
демеп жуан əйелді əрең дегенде түсірді. Еркек, əйелден талай жуандарды
көре жүре, мен мұндай жуан денелі адамдай, бұндай биік денелі əйелді
көрген емен!...
Əйел мен тапалтаққа таңданам деп, баланын, да құнаннан түсіп
қасымызға келгенін аңғармай қаппын. Жұрт «Қареке» атаған кемпір мен
оның қасындағы «Қиқым» атаған тапалтақпен шуласа амандасып жатқан
шақта, менің көзім, танымайтын жұртқа жалтаңдай қарап, ұялшақтық
бейне көрсеткен балада болды. Бұл, əрине, қыз!.. Жұқа өңді, əдеміше
кескініне, талдырмаш, сұңғақтау бойына, қамшы ұстаған ұзынша, жіңішке
саусақтарына қарағанда, бұл, əрине, менімен тетелес, не болмаса менен
бірер жас қана кіші қыз!.. Бұндай жастағы қызды қазақ қыздарынша
төгілдіре киіндіріп қоюшы еді. Осынша жасқа дейін еркек балаша
киіндірген, бұл неткен қыз?!...
Қарекеңе əуелі айғайлай көрісіп, одан кейін шүйіркелесе амандасқан,
көз жасын жаулығының ұшыменен сүрткен жеңешем, еркекшора қызды
енді ғана көргендей, кескініне қарап: «Қарағым-ау, мынау Бəтесжан
болмағай еді! - деді де, «келе ғой, қарағым!» деп, қымсынған қызға өзі
жақындап, құшағына қатты қысты да, екі бетінен, маңдайынан шолпылдата
сүйді.
- Ендігі амандық-саулықты үйге барып сұрасайық,— деді əкем жұртқа.
— Қарекең шаршап та, сусап та келген болар. Ал, Қареке, жүріңіз үйге!..
Жолшыбай түйенің үстінде салбырап келген жуан балтырлы аяғы ұйып
қалған ба, немесе ылғалы бар ма, теңселе ырғалған Қарекең құлап кетердей
толқи бастаған соң, əкем мен шешем оны екі жағынан қолтықтап алды. Қыз
солармен бірге кетті. Қиқым іркіліп қалып қойды да, Қайрақбайға:
- Анау буыршынның ноқта бауын шеш те", үстіне артқан сабаны
жігіттерге түсіртіп
үйге кіргіз!—деді.
Қайрақбай оның бұйрығын орындап, жетектегі буыршынның ноқта
бауын шеше бастаған шақта:
- Буыршын да, саба да Қарекеңнің осы үйге алып келген ерулігі,— деді
Қиқым.
«Ендігісін менсіз-ақ жайғастырарсыздар» дегендей, Қиқым жер ойылып
кетерліктей нық адыммен үйге қарай жөнелді.
- Бұлар кім?—дедім мен, шешіп алған буыршынды үйге қарай жетектей
бастаған Қайрақбайға.
- Былтыр Торғайда Жампы əулиенің тұқымы — Мəмбет қожаны көріп пе
едің?
- Ие?..
- Əлгі жуан қатын соның бəйбішесі, Қарағыз деген кісі. Анау тапалтақ
— Мəмбеттің туған інісі Қиқым. Ал, анау еркекшора қыз — Мəмбеттің
тоқалынан туған екінші қызы болуы керек. Шешең оны — Бəтес деді ғой.
Бұдан үлкенінің аты — Кəтима болатын, оны өздері — «Кəкен» десетін,
бұнысының аты, ұмытпасам — Бəтима, өздері — «Бəтес» дейтіні болу
керек. Екеуінің арасы бір-ақ жас шығар. Бұл сенен бір жас кіші болу
керек... Ұмытпасам, шешесінің аты — Жəния. Естуімше, үйі бұл қызды
тоқалдан емес, бəйбішеден туды дейтін көрінеді. Оны саған ескертіп келе
жатқан себебім — тоқалдан туғанын айтып қойып, қызды ұялтып,
бəйбішені өкпелетіп алып жүрме!
— Жарайды, есімде болсын,— дедім мен. Қайрақбай өз үйіне кетті де,
мен өз үйіме кірдім.
Сыйлы жерге қонаққа барғанда, жұқа я қалың демей, бар сəндісін киіну
қазақ атаулының əдеті. Біздің, жаңа қонақтар да осылай киінгеніне көңілің
мана сыртта бөлінген: Қарекеңнің үстінде сыртын шұғамен тыстаған түлкі
ішік те, Қиқымның үстінде қалың мауыты шекпен, аяғында байпақты үлкен
етік, қыздың үстінде камзолша ақ бұйра ішікті, Енді үйге кірсем əрі күннің
ыстығынан, əрі киімнің жылылығынан терлеп-тепшіп келген олар, ауыр
киімдерін шешіп, ішкі жеңіл киімдерімен ғана отырған екен. Айнала түрген
киіз үйдің іргесінен самал соғып желпінуден бе, əлде пысынатқан
киімдерден арылудан ба, мен үйге кірген шақта, төрге отырған
қонақтардың манағы күреңдене быршыған кескіндері, əдеттегі
қалыптарына келіпті. Енді қарасам, Қарағыздың манағы қара күрең кескіні,
енді көмірдей қап-қара; тек терін ғана басқан Қиқымның түсінде өзгеріс
жоқ, ал мана сыртта кескіні қызғылттау көрінген Бəтес, енді аққұба бола
қапты; камзолша ішігін шешкеннен кейін, белін қынаған жұқа кеңірдек
барқыттың ішінде, денесі тіпті нəзіктеніп, оқыс қимылдаса, қыпша белі
үзіліп кететін сияқты болып тұр; мана, сұңғақ денесіне біткен мойны
бəлкім қысқалау сияқтанған, енді байқасам, мойны да сұңғақ екен; мана,
дөңгелектеу ажарлы кескініндегі жалғыз кемшілігі көзінің бəлкім
қысықтауы ма деп ойласам, енді ол да жасыл жапырақтың арасынан
жылтыраған қарақаттай дөп-дөңгелек, мөп-мөлдір бола қапты...
Олар біздің үйде төрт-бес күн жатты. Қарағыздың жалпы жобасына
қарасам, өзің еркек орнында көретін жəне жаман-жəутік емес, би еркектің
орнында көретін, мінез-құлығының бəрі тарын, сөздерінің бəрі бұйрықты,
ірі біреу... Қиқым да қолтоқпақтай қалпымен мың шеге біреу сияқты:
əңгімелерінің əлпетіне қарағанда, ол жас күнінен жүйрік аттарды
жаратумен шұғылданған адамға ұқсайды; мақтана ма, əлде расы ма,
жаратқан атының бəйгеден келмегені болмаған көрінеді; кеңесінін, көбі
жүйрік аттар бола тұра, Қиқым сөз арасына: «біздің Қалиса» дегенді
қыстырып қояды, оның кім екенін сұрастырсам, əйелі боп шықты;
Қайрақбайдың оңашада баяндауынша, Қалисаның бойы Қиқымнан екі
есеге жақын биік, сымбатты сұлу, кескіні де бірсыдырғы əдемі, əр уақыт
сəнді киінетін, тұлабойын таза ұстайтын, ас-суға ғана болмаса өңге
жұмысқа жөнді араласпайтын, кербез кісі.
- Үйінің биі бұл тасқалша емес,— дейді Қайрақбай,— əйелі. Қыз
күнінде бұған келмеймін деп те бұлғақтап еді, Жампы əулиенің мықты
дүмпуі шыдатпай, зорлықпен əрең барды. Қыз күнінде дүниені сапырып
өткерген Қалиса, сонан соң да бұл қылығын қойған жоқ. Сонысын біле
тұра, егер айырылсам, бұндай əйел қолыма түспейді деп қорқа ма, немене,
былайғы жұртқа сасық күзендей шақылдап бет қаратпайтын бұл петнə
қатынының алдында құрдай жорғалайды, оның адуынды сөздеріне
ешуақытта тіл қайтармайды, айтқанын екі етпейді.
- Ол қатын,— деп жалғастырады Қайрақбай сөзін,— билігін байына ғана
емес, былайғы жастарға да жүргізеді. Ойын-сауықта қыз-бозбала оның,
еркінен шығып көрген емес. Ойынға қатынасқан кейбір жігіттердің əлде не
қылығы жақпай қалса: «Ал, қыздар, біз кеттік!» деп Қалиса тұра жөнелсе,
соңынан өзге қыз-келіншек те сөгіле жөнеледі. Қыздардың осындай
бағыныштылығын білетін жігіттер ең алдымен өзгеге емес, Қалисаға
жағынуға тырысады. Оған жаққан жігіттің құдайы оңдайды да, ретін қалай
табатынын кім білсін, көңіл еткен қызын жігітке жағыстыруға бұдан шебер
əйелді көрген жоқпыз.
Алдағы уақытта жатырқап жанаса қоймаған Бəтеспен біз тез түсінісіп
кеткен сияқтандық. Басында бірдеңе десең үндемей қалатын ол, танысып
алғаннан кейін кеңескіш болып кетті. Үйір болғаннан кейін, Бəтесті мен,
біздің үй Сыр бойында тұрған шақта, бірер жыл қолда асыраған киіктің
лағына ұқсатам. Басында үрке қашып, маңына жан жоламайтын бұл лақ,
үйрене келе ең сүйкімді жануар болып алған: шақырсаң жүгіріп қасыңа
келе қояды, өзіңмен сүзісіп те, қуып та, қашып та ойнайды, өкпелей де,
еркелей де біледі. Мен осы лақты өзімнің туған қарындасымдай жақсы
көрдім, сондықтан да көрші үйіміздегі ақсақ тазы жарып өлтіргенде,
бірнеше күн ас ішпей, басымды көтермей жылап жатып алдым; ақыры, əлгі
итке өшігіп, шикі еттің ішіне ине тығып тастағанмын да, жұтқан ит
əлденеше күн жұтынып, азаппен өлгенде, лағымның кегі қайтқандай
болды... Бəтестің де мінез-құлығы сол киіктің лағына ұқсады: өз ырқым
болмаса, басқалардың ырқына көнбейтін мені, ол бұйдалы тайлақтай
жетелеп, ойына алғанын орындатады да жүреді, мен оның ешбір
бұйрығынан бас тарта алмаймын. Еркек балаша киініп, «еркекшора» атын
тағынған қызды бұл менің бірінші көруім емес, біздің, үй Сыр бойында
отырған шақта, əлдекімнің «мырзасы» бола қап шікірейген осындай бір
қызды, жұрт көзінше: «Адыра қал, бүгін еркек болғаныңмен, ертең
қайтесің күйеуге бергенде де еркек болмақпысың?!» деп тірідей масқара
қылғаным бар. Менің осы тентектігіме өкпелеген қыздың əке-шешесі,
жақын боп жүрген біздің, үймен біржола араздасып, суысып кеткен. Содан
аузы күйген əке-шешем, сотқарлық қылығымды Бəтеске де көрсете ме
дегендей, бастапқы кезде сақтана қарап еді, кейін, Бəтес пен менің
достасқан қалпымды көріп, таяу ойнасақ та, атқа мініп кетсек те бетке
қақпайтын болды.
Аттанар алдында, Қарекең əкем мен шешеме күйеуінің «қонаққа шақыра
кел» деген сəлемін айтты. Олар «барамыз» деп уəде берді де, күн белгіледі.
Бұл сияқты шақырулар бұған дейін де болған. Мен олардың кейіне барып,
кейіне бармайтынмын. Мына шақыруға да мен сөйтер ме едім қайтер ем,
егер əкеммен екеуміз оларды салт атпен аулына қарай біраз жер шығарып
сап, аттан түсіп қоштасар уақытта, Бəтес маған:
— Бүркіт, сен де кел!— демесе,— келмесең өкпелеймін!— деп маған
қылдырықтай ұзын саусағын шошайтпаса.
— Жарайды!— деп уəде бердім мен.
Əкем, шешем, мен, Қайрақбай жəне төрт-бес адам уəделі күнде барсақ,
Мəмбет қожаның аулы Қызбелдің батыс жағында «Тасқұдық» аталатын
жерде отыр екен. Маңайында тағы бір ауылдар көрінеді. Олардан қожа
үйлерінің түрлері өзгеше, шаңқан боз үй кəзіргі уақытта қай жерде болса да
кездеспейді, бар үйлердің ішіндегі ең, бозғылы — қожаның үйі екен. Бесалты үйлі ауылдың төріне орналасқан бұл қоңырлау боз үй, алыстан
тайлақтардың ортасында тұрған нар түйедей қаңқиып көрінеді. Ауылдың
маңайында өрген əр түлік малдардың да саны бірталай сияқты. Əсіресе
жылқылар мен түйелердің қарасы молырақ. Соларға қарап қойып:
— Іргесі сөгілмеген, қонысын аудармаған елдің жайы осылай!— деп
күрсініп қойды əкем, еріп келе жатқан адамдарға кезек-мезек қарап қойып.
— Ерсілі-қарсылы ауытқи көшкен біздің ауылдың қара-құрасы қандай,
қонысы аумаған мынау ауылдың қара-құрасы қандай!..
Біз ауылға жақындаған шақта, екі салт адам алдымыздан шоқыта шыға
берді. Біреуінің кім екені мəлімсіз, ал енді біреуі— сөз жоқ Бəтес!.. Солай
жорығаннан кейін, мен де атымды тебініп ілгері қарай шаба жөнеліппін!..
Балалық па, я бар есімді Бəтеске деген сенімнің билеп əкетуі ме, қарсы
шоқытып келе жатқан оған айқаса беріп; «Бəтес, кел, жарысайық!» деп, əрі
қарай ағып өте шықтым.
Аздан кейін артыма бұрылып қарасам, астындағы аты ұшқыр ма, қалай
қуа шапқан Бəтес, құйысқан тістестіре таянып қапты.
Біздің елде «Қыз қуу» аталатын ойын бар. Тəртібі: əуелі салт мінген қыз,
белгілі бір жерге дейін қашады да, салт мінген жігіт қуады; егер жігіт
белгілеген жерге дейін жетсе, қыздың бетінен сүйеді; егер жете алмаса,
жігіт жалт беріп кетейін деп кейін қашады да, қыз оны ұраға дейін қуып,
қамшымен сабап келеді...
Қатарласа берген Бəтес екеуміздің жарысымыз маған сол «қыз қуу»
сияқтанып кетті. Астымдағы атымның жайына қарасам,7 жарысқа түскенге
арқасы қозғандай, егер еркіне жіберсем, Бəтестің атынан озып кететін түрі
бар. Бəтестің мінездерінен əнеукүні байқап қалғанымның біреуі,
өзімшілдеу де, яғни өз дегені бола қоймаса, өкпешілдеу де. Егер мен кəзір
оған жеткізбесем, я басып озсам, маған сөз жоқ өкпелейді; ал мен оны
қайткенде де өкпелетпеуге бекінген боламын; сондықтан, жарысып келе
жатқан Бəтесті атымның басын тежеңкіреп өткізіп жібердім де, жете
алмаған боп, соңынан тепеңдедім де отырдым... Осы бетпен жарысқан
екеуміз, шамасы шақырымнан артық шауып, ауылға таяна берген шақта
аттардың дүсіріне елігіп ит атаулы шəуілдей үріп шықты да, қосарлана
шапты. Солардың батылдау біреуі, атымның тірсегінен тістеп алған болу
керек, шауып келе жатқан қалпымда артқы аяқтарын сермей сілтеп
қалғанда, қаннен-қаперсіз келе жатқан мен аттың үстінен ұшып кеп кеттім.
Төбемнен шаншыла құлап есеңгіреп қалған мен, жан дəрменде түрегелсем,
маңдайым дуылдап, бетімнен жып-жылы бірдеме сорғалаған сияқтанады,
алақаныммен сипап көрсем, күп-күрең қан... Артыма қарасам, жап-жақын
жерде құлаған мені табалағандай əлде не ит шоқиып отыр!.. Сол кезде
орала шауып қасыма келген Бəтес:
- Не болды?! — деп атынан қарғып түсті де, шылбырынан жетектей
маған жақындап:— Көзің cay ма?— деді.
— Cay, — дедім мен маңдайымнан алақанымды алып.
Тырыса сыздаған маңдайымның жарасы қандай екендігін көргім келуін
сезгендей, Бəтес сол жақ төс қалтасынан кішкене айнасын суырды да,
алдыма тосты. Байқасам, оң жақ қабағымның үстіңгі терісі сыдырылған
екен.
— Оқасы жоқ!— десті төңірегімді қоршай қалғандар шуласып,— сүйебасы сау, ештеңе етпейді...
Менің, атымды да əлдекім ұстап, жетектеп əкеп үлгірген екен.
— Ал, балам, мін!—деді əкем,— аттан құлауыма жəбірленгендей
дауыспен,— ендігəрі құлаушы болма бұлай!..
Нақ ауылдың қасына келгенде аттан құлауым, əкемнен гөрі өз жаныма
қаттырақ батты да, сүйретіліп кеп атыма міндім.
Дөңгелей қонған ауылдың сыртын орағытып кеп үлкен боз үйге
жақындасақ, ішінде Қарекең бар, бірнеше əйел, еркек тыста күтіп тұр екен.
Аттан түскен бізді қарсы алған олар, менің, былай да ауырған жанымды
одан артық, ауырта түсіргісі келгендей:
— Апырау, əлгі құлаған бала ауыр жараланған жоқ па?—деп шуласты.
Жеңіл ғана жараланғаныма қуанған Қарекең:
— Ал, кəне, үйге жүріңдер!— деді, қысқаша амандық-саулықтан кейін.
Үлкендердің арт жағын ала жүріп келе жатқан маған: «Бұл үйдің иесі
үйінде жоқ екен ғой, əйтпесе ол да қарсы алар еді ғой» деген ой келді.
Үйге кірсек, төрде қартаңдау үш-төрт еркек отыр, он, жаққа салынған,
бетін оюлаған сүйекпен əшекейленген қазақша ағаш төсектің алдында,
төртке бүктеген тері бөстектің үстінде, екі шықшытына ұп-ұзын екі уыс
қыл өскен, сүйірлеу иегіне бір уыс қыл өскен, үш сақалды, мұртының
сапарын ғана ұзартып жіберіп, былайғы жағынан иегімен тегістеп таңқита
қырыққан, дөңес үлкен мұрынды, томпақ үлкен көзді, ұзын қасы қою
біткен қалың, қабақты, кескіні шынайы өзбекке ұқсаған, үлкен басты, жуан
қысқа мойынды, зор денелі сыртында сəрінжі сары шапаны бар, басында
өзбек тақиясы бар, кең балақты ақ дамбалы бар, түйенің табанындай
жалпақ, жалаңаш аяқты біреу отыр. Бұл кісіге əкем жəне бізбен бірге
келген ер адамдар сəлем беріп қол ұстасқан шақта, мен үн-түнсіз босаға
жаққа отыра кеттім. Онымды ұнатпағандай, төрге отыра берген əкем маған
алая бір қарап қойды. Ал, анау адам менің, сəлемдеспеуімді елемеген
сияқтанды.
Жұрттың сөз əлпетінен аңғардым: бұл адам — Мəмбет қожаның туған
ағасы Қоңыр қожа екен, еншісі Мəмбеттен бөлек сияқты. Жампы
«əулиенің» тұқымында, жас жағынан да, бедел жағынан да ең салмақтысы
осы сияқты. Өзі өте аз сөйлейтін, сөйлегенде жуан даусы ыңырана
шығатын, түнерген қалпынан аумайтын, отырған орнынан қаққан қазықтай
қозғалмайтын адам екен. Сақал-мұрты қап-қара бола тұра, жасы жетпістің
сегізінде болып шықты. Сарғылттау түсті ірі тістері де көрініп тұр!..
Мəмбеттің өзі біз жайғасып болған шақта келді. Інісі Қиқыммен екеуі
алыста жайылып жүрген бойдақтан біздің қонағасымызға соятын құнажын
байтал алып кепті. Оның кескін-кейпі былтырғыдан сəл өзгеріп, былтыр
ағасы Қоңыр қожаның сақалына ұқсайтын, еркіне жіберген орта сақалын
биыл ықшамдап, ұзындығын екі-ақ елідей ғып қырқыпты, екі шықшыттағы
шоқталған қылдарын мүлдем қырып тастапты, былтыр таңқита қырыққан
сирек мұртын биыл еркіне жіберіп, ұзын сапарын ширата бұрап қоятын
бопты... Неге бүйткенін себебін білсем, өткен күз, Торғайда ашылған бір
айлық мұғалімдер курсын өтеп, өткен қыс өз аулында мемлекеттік
мұғалімнің қызметін атқарған екен...
Мен аз уақытта бұл үйдің басқа адамдарымен де танысып болдым. Ең
алдымен, атын айтпай-ақ таныған адамым - Бəтестің туған шешесі Жəния.
Оның, түр-тұлғасы да, кескін-кейпі де осы əйелдің аузынан түсіп қапты.
Сонша ұқсаған шешесінен тудым демей, ешбір ұқсастығы жоқ анау қара
кемпірден тудым деуіне мен іштей хайран қалдым да қойдым.
Жəнияны үй іші «Жанаш» деп атайды екен. Бəтестен кейін де ол
бірнеше құрсақ көтеріп, бəрі де кішкене күнінде өле берген, тірі қалғаны со
жылы төрт жас толған Сейіл атты ұл екен. Оны да қара кемпір бауырына
салып, «өз баласы» ғып апты.
Кескін-кейпіне қарағанда орта жасап қалған адамдай Жəния, сол жылы
отызда екен, ері одан тоғыз жас қана үлкен болғанмен, жап-жас адам
сияқты, бетінен қаны төгіледі. Ол биыл былтырғыдан да ажарланып апты.
Жəния сіңірі шыққан кедейдің қызы болса керек. Бала үшін он төрт
жасында алған оған, Мəмбет қожа «қырық жетіні қырқа матап» берген де,
елдің беделді қожасы жəне атқа мінер саудагері болғандықтан, кедейдің
қызын өзі барып алып қайтуға арланып, бəйбішесін жіберіп алдыртқан...
Əрі ұл, əрі қыз тапқан, баласыз қаңғыраған үйге ырыс ала келген, əрі
шаруа бағуға қайраты мол бұндай адам қадірлі болуға тиісті ғой. Аз күн
қонақтағанда байқасам, Жəнияның ондай қадірі жоқ: тан, сəріден тұрады
да қас қарайғанға дейін осы үйдің жұмысын істеуден бір де тыным
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Мөлдір махаббат - 10
  • Parts
  • Мөлдір махаббат - 01
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2194
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 02
    Total number of words is 3954
    Total number of unique words is 2195
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 03
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2078
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 04
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2151
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 05
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2174
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 06
    Total number of words is 3802
    Total number of unique words is 2135
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 07
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2222
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 08
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2322
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 09
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2265
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 10
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2261
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 11
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2189
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 12
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2137
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 13
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 14
    Total number of words is 3943
    Total number of unique words is 2300
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 15
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2113
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 16
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2193
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 17
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2164
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 18
    Total number of words is 3983
    Total number of unique words is 2182
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 19
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2122
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 20
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1990
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 21
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2107
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 22
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2099
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 23
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2193
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 24
    Total number of words is 3877
    Total number of unique words is 2067
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 25
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 1992
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 26
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 1993
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 27
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2109
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 28
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2033
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 29
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2036
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 30
    Total number of words is 3688
    Total number of unique words is 1955
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 31
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2038
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 32
    Total number of words is 3762
    Total number of unique words is 1952
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 33
    Total number of words is 3674
    Total number of unique words is 2045
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 34
    Total number of words is 3671
    Total number of unique words is 1987
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 35
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2028
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 36
    Total number of words is 3776
    Total number of unique words is 2082
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 37
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2200
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 38
    Total number of words is 534
    Total number of unique words is 407
    49.2 of words are in the 2000 most common words
    63.3 of words are in the 5000 most common words
    70.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.