Latin Common Turkic

Мөлдір махаббат - 35

Total number of words is 3836
Total number of unique words is 2028
34.2 of words are in the 2000 most common words
48.9 of words are in the 5000 most common words
55.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Бірінші: Қисық қаршыға салымпаз адам екен дейді. Бір жазда қаршыға
салып жүріп, танымайтын елдің тұсына бара қалса, қалың, жиын жапатармағай төбелесіп жатыр екен. Жанжал құмар, төбелескіш Қисық, қолдағы
қаршығасын лақтырып жіберіп, атын борбайлай, төбелескен топқа кіріп
кетеді де, кез келгенін қамшымен осқылап сабай береді. Таяқ жегендер
«Мынауың кім?» десе, ешкім білмейді. «Ендеше, бұл неге төбелесіп жүр?!»
деп, жұрт оған жабыла кетеді. Қалың көпшілікпен шартта-шұрт төбелесіп
жатқан шағында, артында қалған жолдастары келіп айырайын десе:
— Ойбай, айырмаңдар!.. Желіні қиыңдар!..— деп айғай сапты Қисық.
Жолдастары:
— Неге?—десе:
— Төбелес əлі қызған жоқ!.. Желіні қиса ғана қызады!— депті.
Екінші: Сарықопаның жағасында, пішеншілер шөп шауып жатады. Ол
кезде сіреңке деген болмайды екен де, жұрт отты шақпақ таспен тұтатып,
шаласын қоламтаға көміп қояды екен. Пішеншілер де сөйтеді екен. Бір күні
Қисық от жағайын десе, көмген шаласы сөніп қапты. Ол алысырақта
жатқан пішеншілер қосына, астына ала байталын мініп, от алуға барса:
əлдекімдер қоламтадан шала алып беріп:
— Мұны қолыңа алатын шығарсын?—депті.
— Енді қанжығама байлайды деп пе едің?— депті Қисық. Анау:
— Тəйірі, сен қанжығаңа шала байлай алушы ма едің?— деп
қалжыңдаса, Қисық ерегісе кетіп:
— Байласа қайтесің?—депті.
Ерегіскен Қисық, анау енді «байламаймын» десе де зорлап байлатып,
бүйіріне ыстық шала басылған ала байтал өкіріп туласа:
— Ала байтал, ақылың болса көлге шап!—деген екен.
Үшінші: күздігүні, судың беті қатқан шақта, Сарықопаның арғы
бетіндегі ауылдан бір адам еледі де, жаназасына біздің ауылды да
шақырады. Соған Қисық та бармақ боп, атын ерттеп, көпшілікпен бірге
шыққанда, біреу:
— Шіркін, осы көлді айналып жүргенше, төтесімен тартар ма еді?—
депті. Екінші біреу:
— Көкпеңбек мұздың үстімен қалай тете жүресің? — десе, Қисық:
— Жүрсе несі бар?—депті.
Осыған тағы да ерегіскен де Қисық «ендеше мен кеттім!» деп, тақыр
мұздың үстінен тарта жөнеледі. Тағасыз ат тайғанақтап отырып, көл
ортасына жақындап барады да, тайып жығылып, тұра алмай қояды.
Атының тұруынан күдер үзген Қисық, құлаған қалпында тастап кетеді де,
жаназалы ауылға жаяу барады. Ол жеткенше жаназа өтіп кетеді. Сонда
жұрт:
— Атың қайда?—десе:
— Мықты келді, осал қалды!—деген екен.
Қисықтың осылар сияқты қисықтық мінездерін түгел тізсе, бір кітап
боларлық. Ақыры, оның түбіне осы қисықтығы жетіп, кəртайған шағында,
күздігүні, кигіз үйдің ішіне маздата жаққан отқа арқасын қыздырып жатса,
үстіне қып-қызыл шоқ ұшып түсіпті. Анадай жерде жұмыс істеп жүрген
келіні, «ата, шоқ түсті!» десе, «көріп тұрып алып тастамады» деп келініне
ерегісіп, күйдірген шоққа шыдап жата берсе керек... «Қисекең жарықтық
сол күйіктен өлді» деген сөз бар!..
Аталарымның қисықтығын еске алып отырған себебім, солардың
«ерегіспе ауруы» маған да жұғып, қисайған жағынан түзелмейтіндігім бар.
Осы «ауруымды» өзге түгіл өзім де көріп, басында арындағанмен, артынан,
ақылыма келе, «неге сөйттім?!» деп өкінетіндігім де бар. Бірақ, қанша
өкінгеніммен, «ауру қалса да, əдет қалмайды» дегендей, бадырайып тұрған
бұл кемшілігімді жоя алмай-ақ келем!..
Ерегіспе ауруымды есіме алып отырған себебім, Бəтестің елде ермей
қалуына ерегіскен көңілім, бұл жайда талай ойланып, əсіресе, Қызылордаға
келген онан хаттар жауа бастаған шақта ойланып, жауап бермеуімнің дұрыс
емес екенін біле тұра, бұл кінəма іштей мойындай тұра, қолыма қалам мен
қағазды ала тұра, «ал, жазайын» дегенде, кежегемнен кейін тартады да
қалады!.. Бұл қисықтығымды түзеуге күшім келмеуін көргенде, айыпты
өзім емес, қалам мен қағаз сияқтанып, талай қаламды быт-шытын
шығарып сындырам, талай қағаздың күл паршасын шығарып жыртам!..
Сонда да, өзімді өзім хатқа мойындата алмаймын!.. Уа, құрып қал сен,
құрып қалғыр, ерегіспе ауру!..
Бұл ауруым, Бəтестен хат келуі доғарылған шақта да жазылмай-ақ
қойды. Хат келмеуін өкпелеуіне жорып жəне онысын дұрыс көріп, қағаз
бен қаламды тағы да талай рет қолға алғаныммен, атаңа лағнат ерегіспе
ауру, қояншықтай қылғындырып буады да тастайды. Өзімді қанша
зорлағаныммен, кейде «Бəтес!.. Бота!.. Ақбота!..» деген сөздерді, қағазға
еркімнен тыс қондырғанмен, оған дейін, Бəтеске не жазарым басымда
сайрап тұрғанмен, жазуға кіріспек болғанда, бар сөзім бет-бетімен бытырап
қашады да, бір де біреуі маңайына жолатпай қояды!.. Бұныма қанша
қынжылып қиналғаныммен, игеруге əлім келмейтініне кезім жеткеннен
кейін, «каникулға барғанда сырды түгел ақтарысып, түсінерміз» деймін де
қоям!..
Бірақ, өйтуге тағдыр жазбады!..
Каникул жақындап қалған шақта, қолыма сұмдық бір хат кеп түсті. Оны
маған, жатақханада, ұзынша столдың төңірегінде жолдастарыммен
сабағымды пысықтап отырған шағымда почтальон əкеп берді...
Былтырғы қыста маған келетін хаттар көп болушы еді. Əсіресе, үйімнен
жұма сайын хат келетін. Тағы басқалардан да келіп жататын. Биылғы оқу
басталғалы, Бəтестен басқа кісіден хат келуі доғарылған... Сондай
жағдайда мына хаттың келуі... жəне... конвертінде жазылған адреске
қарағанда, қолжазбасы таныс емес біреуден келуі... жəне... конверттің
төменгі жағында, хат жазған адамның адресі болмауы... мені таң қалдырды
да, хатты əуелі қасыма қойып, серіктерім «кімнен екен?» дей берген соң,
жалқаулана аштым..
— «Бүркіт!— деп басталыпты хат,— бұны саған жазып отырған адамды
сен танымайсың, ал, ол сені өте жақсы таниды жəне саған өте тілектес
адам. Осы адам, саған аса көңілсіздік туғызатын бір жəйтті хабарлағалы
отыр...»
Жүрегім əлденеге зырқ ете қалды да, жазған адамның атын көрейін деп,
хаттың аяғына қарасам,—«Жанашырың» депті де қойыпты. Басқа аты-жөні
жоқ. Хаттың жазылған күні — 1926 жыл, 17-декабрь. Қай қаладан
жазылғаны белгісіз... Конверттің сыртына қарасам, Қызылорда почтасының
штампы тұр, ондағы дата —«18 —XII—1926»; хат менің қолыма 20декабрьде келіп отыр...
Хаттың іші-сыртын осылай аударыстыра бастауыма мəн бергендей,
маған қарай қалған мектептестерім:
— Не хат екен, Бүркіт?— десті шуласып.
— Ж-ж-жəй...
— Жəй хат емес қой,— десті олар,— оқи бастағанда бейғам отырып,
тоқтаған жерде кескінің құбылып кетті ғой?!.
Бұл сөздерге жауап берместен, хатты əрі қарай оқуға оңтайланған
шағымда, «дауыстап оқышы өзің!» деп шуласты серіктерім. Мен оны
тыңдамай, хаттың ілгергі сөздерін сыдырта оқи бастадым да, бір тұсында:
— Не дейді?!—деп ақырып қалған дауыспен ұшып түрегеп, хатты
тастай беріп, оң қолымның бар пəрменімен столды салып кеп жібердім...
Тағы да сөйтуге қолымды көтере берген болуым керек:
— Бүркіт, саған не болды?!—деп қасымдағы біреу қолыма жармаса
кетті.
Қарулы қолыма оның ие болмауына көздері жетті ме əлде олар да
ребетейсіз айғайым мен қимылыма шошынып қалды ма, бірнеше
серіктерім, анау студентке бой бермей, столды ұрмақ болған мені қоршап
құшақтай алысты...
— Жібер!—деппін мен, бар даусыммен айғай сап.
Мені «жынданды... үй ішін бүлдірер...» деп санады ма, немене,
бұлқынған қалпымда көп адам күштеп, орныма əрең дегенде отырғызды.
Сонда ғана халымды түсінгендей болған маған:
— Бүркіт!.. Не болды саған?!.. Есіңнен адаса жаздадың ғой сен?.. Келші,
ақылыңа!..— десті серіктерім шуласып. Аздап болса да есім кіргенін
көргендей болған олардың кейбірі маған:
— Не хат өзі?—деп еді:
— Не хат екенін айтуға күші боп отыр ма?— деді біреуі,— одан да, егер
ұлықсат етсе, өзіміз оқиық!..
— Босатыңдар!— дедім мен, əлі де құшақтап отырған серіктеріме.—
Есім дұрысталды.
Олар босатты.
— Хатты оқуларыңа ұлықсат!..
Біреуі жылдамдатып оқи бастады: «Бүркіт!.. Бұны жазып отырған
адамды сен танымайсың. Ал, ол сені өте жақсы таниды жəне саған өте
тілектес адам. Осы адам, саған аса көңілсіздік туғызатын бір жəйтті
хабарлағалы отыр...»
Оқушының өзі де хаттың осы тұсында шоши бастаған кескін көрсетіп,
«аржағын оқиын ба, жоқ па?» дегендей маған қарап еді:
— Оқи бер!— дедім сазарған кескінмен.
Оқушы жалғастыра бастады: «Бəтес деген қызды сүйгеніңді бүкіл жұрт
та біледі, мен де білем. Ол жайда басыңнан өткерген халден де мəліметіміз
бар. Ел аузында осынша аңыз болған қыз, «Қызылордаға оқуға келіптімыс» деген хабар естілгенде, «қандай қыз екен бұл?» деп көруге құмартып,
жұрт та, мен де қырылып қала жаздадық. Ақыры, іздеп барып көрсем,
қырып кетерлік сұлулығы жоқ, бірсыдырғы кескіні ғана бар көркемше ғана
қыз екен...»
Сипатталып отырған қызға көңілі толмады ма, əлде менің жəй-күйімді
байқағысы келді ме:
— Рас па, осындай қыз екені?—деді маған оқушы.
— Оқи бер!
— «Сол қыз Қызылорданың педагогикалық институтына түсті,— деді
оқушы, хатты жалғастырып,— бəріміз де оған қуандық: «сұлу сұлу емес,
сүйген сұлу» деген, өзі сүйсе, біздің не ақымыз бар?» дестік; «екеуі де
бірдей оқып, қажетті білім ап қосылса, тіпті жақсы болады» дедік...»
— Дұрыс қой олай ойлаулары!— десті серіктерім.
— Əрі қарай оқы!— дедім мен.
— «Аты шыққан адамға, жұрт көзінің түсімпаздығы құлағының түріктігі
қандай!.. Біз де сөйтіп, көрмеген шақта, көрдім деген кісілерден «қалай жүр
екен со қыз?» деп сұрастырсақ, «тамаша ақылды жəне əдепті қыз екен... Өзі
зирек екен... Оқуды жақсы əкетіп барады...» деседі... Ал, көрген шақта
байқасақ,— сипаттаушының сөздері рас!.. Соған қарап, біз «Бүркіт ақылды
жігіт боп өсіп келеді... жар болар қызын таңдай білген екен... тек, аман-сау
қосылғай-ақ та!..» деп тілейміз...»
— Хаттың сөздері əзірге жақсы ғой,— десті серіктерім.
— Əрі қарай оқы!— дедім мен қалың дауыспен. Ол дауысымнан «жаман
сөзі енді келер болар ма» дегендей, серіктерім тың бола қалды.
— Сондай дəмеде жүрген шағымызда,— деп жалғастырды хатты оқушы,
— құлағымызға «ойбай, жаман қыз екен!» деген сөз шалына қалды.
«Неге?!» десек, «бұзылған қыз екен!.. Қайда үйренгенін кім білсін, ішкіш
қыз екен!..» деседі...
— Сұмдығы жаңа басталды ғой,— десті студенттер,— аржағын
оқымасақ қайтеді?
— Жоқ, оқыңдар!.. Тыңдаңдар!..— дедім мен,— менен енді жат қылық
шығар деп қорықпаңдар. Мен ақылыма келіп болдым. Өздерің қалай
тыңдасаңдар, мен де кəзір солай тыңдаймын!..
— Ендеше оқы!—десті студенттер.
— «Бекер болар деп бұл сөзге нанбай жүрген шағымда, бір адамның өз
көзімен көрген сұмдығын естідім: қала шетінде тұратын əлдекім қонаққа
шақырады, ішінде Бəтес те болады... Сонда Бəтестің бал-сыраны кеселеп
сіміргенін, көзімен көрген адам айта алмайды!.. Оның айтатыны — «ішкен
əйел, есінен жаман айырылады екен: кім көрінгенмен құшақтаса кетіп,
сүйісе бастауы былай тұрсын, аузына келген боғауызды сөйлейді екен...»
— Бұнысы былшыл болар,— десті кейбір студент.
— Өзі ішетін бе еді?— деп сұрады біреулері менен.
— Хатты аяқта!— дедім мен оқушыға, аналардың сұрауына жауап
бермей. Ол оқыды:
— «Қыздың ол күні қайда кетіп кіммен болғанын анау адам білмейді.
Оның білетіні: Горкомхозда қызмет атқаратын біреу болады екен. Сенің
бөлең,— Мүсəпір Пұсырманов сол үйде пəтерде тұрады екен. Қыз бір күні
ішкілікті сол үйге ұйымдастырады да, Мүсəпірді мас қып, қойнына жатып
алады...»
— Мынау не деп кетті?!—десті студенттер ызаланған дауыспен.
— Дегені сол,— деді оқушы, хаттың аржағына көзін ғана жүгіртіп,
ендігі сөздерін өз сөзімен айтып,— ақыры, қыз сол Мүсəпірді қармағына
біржола іліктіріп, соның қатыны болған!..
— Тіфу, сайқал-ай! — деп оқушы хатты лақтырып жіберді.
— Сұмдық-ай! — десті студенттер бір ауыздан.
— Ұғымды ма? — деппін мен, студенттерге айнала қарап.
— Ұғымды! — десті олар, менің бұл сұрауыма таң қалғандай, «енді не
болар екен?!» дегендей кескінмен.
Мен орнымнан созыла түре келдім де, аяғымды ақырын, сүйрете басқан
қимылмен кроватыма барып, етпетімнен сулап жата кетіп, ал кеп жыла!..
Кроватымды қоршай тұра қап, басу сөздер айтқан студенттерге көпке дейін
жауап бермедім де, біраздан кейін, «шуларын тоқтатайын» деген оймен:
— Достарым!— дедім жас шайған бетімді сүртпестен, кескіндеріне
қарап,— сендерден менің өтінішім: қашан өзіме өзім келгенше, маған
жақындамаңдар да, үн де қатпаңдар!..
— Дұрыс!— десті біреулері.
— Ақылыңа келгеніңді қайдан білеміз?
— Оны өзім айтам!..
Бетімді тағы да жастығыма басып, жаттым да қалдым. Бірақ, енді
жылаған да, өксіген де, қимылдаған да жоқпын. Сыбырлап сөйлескен
студенттер, бұнымды дамылдауыма... біраздан кейін ұйықтауыма жорыды.
— Мазаламайық, — деп келісті олар сыбырмен,— тиыштығын
бұзбайық. Ұйықтасын. Тынықсын. Айтар ақылымызды содан кейін
айтайық.
— Бірақ, бұны бақылауымыз керек,— деді біреуі. Ол мені ұйқтап қалды
деген болу керек. Сөздерін ақырын дауыспен сыбырсыз айтты.— Жазым
болып жүруі мүмкін осы жігіттің.
Сыбырласа сөйлескен студенттер, тынығып тұрғанға дейін, мені екеуекеу боп күзетуге ұйғарысты.
Мен үн-түнсіз, қимылсыз жатырмын. Бірақ, ұйқым келер емес. Басымда
«енді не істеу керек?» деген ой бұрқанып жатыр. Қимылдамайтын себебім,
сапырылған ойдан тиянақ табуыма, серіктерім бөгет жасар деп
қауіптенем...
Сол ойда жатып сыбдыр-сыбыстарға құлақ түрсем, əлгінде кешкіре
бастаған күн, енді іңірге айналып, жарты жылдық «оқудың жауабын
дайындаумен басы қатып жүрген студенттердің көпшілігі дамылдау
жабдығына кірісіп жүр. Олардың кейбіреуі ақырын сыбырмен, мені
«ұйықтап қалды» деседі де, манағы күзет жабдығын ескертеді.
— Оған қапа болма!—деседі біреулері, — əлгі жасаған тізіммен, түні
бойы кезектесіп күзетеміз. Ертеңге дейін тынығар ол. Ақылына да келер.
Басқа жəйді содан кейін ақылдасармыз...
Тағы біраздан кейін, бөлме ішіндегі сыбдыр, сыбдыр да басылды. Сол
кезде, қимылымды білдірмей қарасам, жатқандардың бəрі шырт ұйқыда
сияқты. Стол басында араларына қойған кəресін лампасының жарығын
өздеріне ғана түсіріп, өзге жағын қағазбен көлеңкелеп, қарсыма-қарсы екі
студент үн-түнсіз, қимылсыз сабақтарын қарап отыр...
Əлден уақытта есікті сықырсыз ақырын ашып, аяқтарын тықырсыз
ақырын басып біреу кіре берді. Көзімнің қиығын қадай қарасам, қимылы
əбігер сияқты біреуі! Үйге ентелей кіре берген ол, бөлме іші тиыштықта
екенін көргеннен кейін, есік алдында аз кідірді де, күзеттегі екі жігіт
бірдей; «дыбыстама!» дегенді ыммен білдіргеннен кейін, аяқтарын
ұштарынан басып, оларға таянды. Сол кезде кескініне шамнан түскен
көмескі сəуледен тани кеттім: Орынборда, бір класта бірге оқыған, Тəшкен
институтына бірге кеп түскен, шын сенісер досымның бірі — Ақтай
Ақылбаев!.. Тегі, менің басыма түскен оқиғаны жаңа ғана естіп, жүгіріп
келген болу керек: ентіккен демін зорға алады, үрейлі кескіні əлем
тапырық!..
— Ақырын!— десті, жақындай берген оған, екі күзетші қосынан
сыбырлап, неге келгенін айтпай-ақ аңғарғандай боп,— əзірге тиыш!..
Ұйқтап жатыр!.. Күзетіп отырмыз!..
— Ойпырай...— деп келе жатқан Ақтайға, «жап аузыңды!» деген
бұйрықтарын, екі күзетші өз ауыздарын өз қолдарымен басу арқылы
білдірді.
— Оятып ап масқара болармыз!— деді оған, екі күзетшінің бірі, түн
ішінде дүрлігерміз, онда!.. Одан да, не де болса, таң атқасын көрейік!..
— Мен де отырайын күзетке!— деді Ақтай, күзетшілердің сөздерін
мақұл көргендей.
— Сен сыр білдірмей отыра алмайсың, одан да, бөлмеңе бар да, таң
атқанша тынық. Содан кейін кел!— деді бір күзетші. Ақтай оған:
— Жоқ, мен де күзетем!—деп еді, бір күзетші:
— Сенбеймісің бізге?—деп ренжіді де, енді біреуі:
— Дос десек, қаспысың өзің Бүркітке, тиышталып жатқан адамның
мазасын кетіріп?.. Оянып кетсе — обалы саған. Онда, түзеудің орнына
бүлдіруің мүмкін, істі!.. Оны істегің келмесе, бар!— деп кейіді.
— Мақұл!— деді Ақтай,— барсам барайын. Бірақ, қапы боп
жүрмеңдер!.. Басына түскен оқиғаны жаңа ғана естідім. Жаман жұмыс!..
Бүркіттің не жамандыққа болса да батылы жетеді. Бір тыңдаса, мені
тыңдайды ол. Оянғаннан кейін жолығуым керек. Оған дейін қапы
болмайық.
— Айттық қой саған,— деді екі күзетші қосарлана сөйлеп,—«таң
атқанша аман сақтауға біз кепілміз» деп?.. Біз ғана емес, осы бөлмедегі
студенттердің бəрі де кепіл. Қапы болмау үшін кезекпен күзетеміз. Тізімі
міне!..
Ақтай тізімді көрді де;
— Мен де қосылсам қайтеді осыған?— деді.
— Сенбеймісің бізге?— деді екі күзетші қосарлана кейіп,— сен досы
болғанда, біз қасы деймісің? Немене, жоқ жерде өзеурей қалғаның?.. «Бар!»
дедік қой үйіңе...
Ақтай сөзден жеңілгендей:
— Барайын,— деді күзетшілерге.— Бірақ, мені бүгін ұйқы көреді
демеңдер. Осы маңда жүрем де қоям.
— Ол ықтияр өзіңде!
Ақтай аяқтарын сыбдырсыз басқан күйінде шығып кетті... Қиығынан
қараған көзім екі күзетшіде. Олар да маған ара-тұра қарап қойып, үн-түнсіз
қағаздарына шұқшия түседі. Олардың ойында жаттаған сабағынан басқа не
барын қайдан білейін. Ал, менің өз ойым талай саққа жүгіріп жатыр!..
Неге екенін кім білсін, белгісіз адамның, хатындағы сөздеріне, мен
іштей сеніп болдым. Бəтеспен арамдағы оқиғаларды ол, оқиғаларға
араласқан адамдардың əрекеттерін талдап керсем, бұл істің аяғы —
осындай бір сұмдыққа кеп тірелуінде сөз жоқ!.. Солай болған күнде, енді
не істеуім керек?.. Бəтесті өлтіруім керек пе?.. Мүсəпірді өлтіруім керек
пе?.. Тағы кімді өлтіруім керек?..
Осы ойлармен басым қатып жатқанда қалғып кетіппін... Сыбдырдан
оянсам, бөлме іші сəулеленіп қапты, студенттер күндегі дағдысымен тұрып
жатыр... Нақ қасымда Ақтай тұр!.. Төсегімнен атып тұрдым да, оны
бассалып көрістім!..
Студенттердің басу сөздерімен əрең тоқтап, Ақтайдан құшақ жазған
шағымда:
— Бəрін де естідім!— деді Ақтай,— бірақ, бұның бəрі шіп-шикі өтірік!..
Бұл — дұшпандарыңның саған жасап жүрген қастықтарының бір бұтағы!..
Нанбасаң, барайық Қызылордаға бүгін!.. Осы сөз өтірік болмады бар ғой,—
«тіфу!» де бетіме!..
— Мақұл!.. Барайық!..— дедім мен,— рас болса да бетіңе түкірмеспін
мен!.. Бірақ, күн бұрын айтарым: егер адамда оқиғаны алдын ала сезу
қасиетінің бары рас болса, интуитивно түсінуім бойынша, осылай екені —
хақ!..
— Оны бара көрейік!..
— Мақұл!
Бізде өткен жарты жылдық сабақтан бірер зачет қалған еді. Оны
тапсыруға халым жоғын көрген Ақтай, зачеттық кінешкемді алды да,
мұғалімдеріме «өтті» деген қол қойғызып əкеп берді. Каникул бастала,
Ақтай екеуміз поезбен Қызылордаға жүріп кеттік... Онда шетірек, елеусіз
пəтерге түсіп, астыртын біліп көрсек, бəрі де рас: «Көр-ишан» аталатын
адамға некесін қидырған Бəтес пен Мүсəпір, Қарсақ дейтін адамның
үйінде, пəтерде тұрып жатқан көрінеді; білемін деген адамдардың
айтуынша, бұл жас ерлі-зайыпты адамдар сүйіспендікпен қосылып, татутəтті жүріп жатқан жəйі бар. Мүсəпір бұрынғы қызметінде, Бəтес —
оқуында... Бұған да нанғым келмеген мен, өз көзіммен көргім кеп, Ақтайға
Қарсақтың үйіне баруды ақылдасып ем:
— Сен өйтпе,— деді ол маған,— қапыда үстінен түсем деп, арандап қап
жүрме. Бірінші берер ақылым,— аныққа айналған бұл оқиғаны, осымен
тындырып, «өткенге салауат, қалғанға берекет» дегендей, тіршілігіңнің
алдағы күндердегі рақатын ойласаң қайтеді?..
— Жо... болмайды ол!—дедім мен, кесіп айтқан дауыспен,— кімнің
айыпты екенін анықтамай, мені тынады екен деп ойлама! Одан кейін не
істеуді ақылдасуым мүмкін. Оған дейін тыйым сөздер айтпа маған!..
Айтқаныңмен тыңдамаймын!..
— Мақұл!—деді Ақтай,— екінші берер ақылым: ретін тап та, Бəтеске
оңаша жолық. Содан кейінгісін тағы да ақылдасармыз.
Ол күні ізін қалай қуыстырғаныммен, Бəтесті кездестіре алмай-ақ
қойдым. «Бірдемеге арандап қала ма» дегендей, қайда барсам да, Ақтай
мені маңайлады да жүрді. Күндіз одан құтыла алмаған мен, кешке
адастырып кеттім де, түнде қараңғы көшелермен ұрланып отырып
Қарсақтың үйіне бардым. Түбі торғайлық ол маған таныс та. Ескі пəтерінде
бірер рет болып, дəмін де ішкенім бар. «Салып жатырмын» деген жаңа үйін
де көргенім бар. Кəзір ол үйі бітіп, өзі де сонда көшкен екен, Мүсəпір мен
Бəтесті де сонда пəтерге кіргізген екен. Айтушылардың сөзіне қарағанда,
Қарсақтың өзі ауыз бөлмесінде тұрады да, жаңада үйленгендер төргі
бөлмесінде тұрады.
Түнде аңдып кеп қарасам, ол сөз рас екен. Мен ол араға түн ортасы
жақындаған кезде барғам. Қора ішінде бірталай көлік тұр, тегі,
жүргіншілердікі болу керек. Шамы жағулы үйдің терезелерінен сығаласам,
ауыз бөлмеде, бірталай қонақтардың ішінде Қарсақ пен Бөдене шай ішіп
отыр. Төргі бөлменің перде құрылған терезесінен жағалай сығалап, əрең,
көрсем, жас келіншектің сəнді жиналған кроватының алдында, басына ақ
бөртпе шəлі жамылған қалашалау көйлек киген Бəтес, аузы ашылған үлкен
əбдіреден əлденені алғалы жатқан Мүсəпірдің қасында тұр.
Мүсəпір əбдіреден көгілдір түсті темір қобдишаны суырып алды да,
аузындағы кішкене замокты ашып, ішінен бірдемені суырып қалтасына
салды. Содан кейін жаппақ болғанда, Бəтес қобдишаны көргісі келетін
бейне көрсетіп, əлденені айтып қолын созды. Екеуі қобдишаға таласты да,
Мүсəпір жеңіп əбдіраға салды. Қос қабаттап салған терезе қалың ба, əлде
ақырын сөйлесті ме, олардың, не дескенін ести алмадым. Əбдіренің кілтін
Мүсəпір Бəтеске берді. Бəтес оған өкпелеген кескін көрсетті. Енді не
боларын күтіп тұрған шағымда, Мүсəпір кроват алдына құрылған
масахананы түсірді де, өзі шешініп ішіне кірді. Тұнжыраған Бəтес, əбдіре
үстіне отырды. Аздан кейін Мүсəпір масаханадан шығып, Бəтеске ештеңе
деместен, қарамастан жарығы көмескілеу электр шамын сөндірді. Жас
үйленген жігіттің бұл қылығы маған ерсі көрінді. «Сүйісіп қосылғандары
осы ма?!» деп ойладым мен ішімнен. Дегенмен, «Бəтес те масахана ішіне
кірген болар» деп ойлаған шағымда, жүрегім қызғаныштан тулап кетті. Не
істеуге білмегендей, ауыз бөлменің терезесіне барсам, шамы сөніпті. Ол
жақтан кіруге болмайды— кісі көп!.. Жүгіре басып төргі бөлменің,
терезесін байқасам, тас қып бекітіп тастаған, қозғалар емес!.. Шұқылап
көруге қалтамда сайман жоқ!.. «Рахатта» деп жорыған «жұбайлардың»
жатқан жеріне дəлдеп-ақ тигізуге болар еді, қалтамда мылтық жоқ!.. Енді
не істеу керек?
«Таспен я темірмен ұру керек!» деген ойға келдім де, жан-жақты
сипалап іздей бастадым. Ұзақ іздеп, қолыма əлде не кесек темірді əрең
түсірдім де, терезені сонымен қойып жіберіп, шынысын қиратып ішіне
кірмек боп оңтайлана бердім. Сол кезде қолымды ұстай алған адамнан
шошып кетіп, бұлқына бастасам:
— Мен, Ақтай!—дейді.
Рас сол!..
— Не істегелі жатырсың?—дейді ол.
Мен шынымды айтсам:
— Осындай ақылсыз ба едің сен?— дейді.
— Неге? — десем:
— Мана осы араға сенің ізіңді шала келгенмін,— дейді ол.— Сен мені
көрген жоқсың. Ал мен сенің барлық қимылыңды да сыртыңнан бақылап
тұрдым. Терезені сындырғанда не бітіресің? Осында қонып жатқан жұрт
сені үйге кіргізе ме? Зəуі-сайтан кіре қалсаң, күшің келе ме, соның бəріне?..
Өзіңді жауыңның қолына сонша оңай жəне арзан түсіріп бергенде не
болды?..
Мен ызаға шыдай алмағанымды айтып ем:
— Ондай пайдасыз тасырқойлықтың керегі жоқ,— деді Ақтай.— Болар
іс болған соң, енді не істесең де ақылмен істе. Айтқан ақылды ал. Əуелі
Бəтеспен сөйлес.
— Мақұл!— дедім мен жеңіліп.
Ертеңіне Бəтестің ізін аңдысам, тағы да таба алмай қойғаным бар емес
пе?! Енді тіпті жаман ызаландым да, ішке бүккен арамдығымды
білдірмеуге бекініп, кешке қарай, осы қаланың қызметіне жуық арада келіп
орналасқан Нұрбек Қасымовтың пəтеріне бардым. Келерімді күндіз
телефонмен хабарлап қойдым. Жанымнан қалмайтын Ақтайға, «бүгін
күдіксіз болайын» деген оймен, «осындай бір туысым бар еді, қызметі —
милицияда» деп, Нұрбектің жəйін түсіндірдім де, «бүгін кешке үйіне
қонаққа шақырған еді, мен сонда қонам, барам десең бірге жүр!» дедім.
Милиционердің үйіне бірге баруға ыңғайсыз көрді ме, əлде «достар оңаша
мəжілістессін» деп ойлады ма,—«рақмет!.. Мен бармай-ақ «қояйын» деді
де, ондай үйге қонаққа баруыма көзін жеткізгісі келгендей: іңірде пəтеріне
дейін апарып салды. Нұрбек есік алдында күтіп тұр екен. Қарсы алған ол,
«жолдасым еді» дегеннен кейін, Ақтайға да «жүріңіз» деп еді, ол
«жұмысым бар еді» дегенді сылтау ғып, рақмет айтты да кетіп қалды.
Нұрбектің пəтері — қуықтай ғана кішкене бөлме екен. Өзге
бөлмелерінде үй иесі жəне басқа бір пəтершілер тұрады екен. Өткен айда
Нұрбектен алған хатымда, ол «үйлендім» деп хабарлаған. Келіншегі үріп
ауызға салғандай, мөлдіреген жап-жас біреу. Жеңілтек мінезді Нұрбек, «бұл
кемпіріме төлейтін қалыңмалым жоғын білесің, бар берген қалыңым —
əнім, əніме елтіттім де, алып қаштым!» деп мақтанады маған. Қолға түскен
ақшасын жұмсап бітіргенше асығатын Нұрбектің дəл осы бір күндері
қолында ақша болмау керек, сондықтан, шайға овощ, жұмыртқа, нан
сияқты арзан азықтан жеңілдеу тамақ жасатып, бір литр арақ қойыпты.
Ішкі ниетім бүгін ішуді тілегендіктен, көптен бері қойып жүрген арақты,
закускасыз-ақ біраз ыңқытып алдым. «Ал, іш!» дей отыра, Нұрбек оныма
таңданған сияқтанды. Астан кейінгі оның сыйы — əн!.. Шіркін, Нұрбектің
əні-ай!.. Не деген тамаша!.. Бірінен соң бірін айтқан аса нақышты əндерін
тыңдап отырғанда, маған, барлық сəн-салтанатымен, алдыма бүкіл Торғай
көшіп келгендей болды!..
Түннің біраз уақыты еңсерілгеннен кейін, əнді бірге тыңдаған көрші
бөлмелердің адамдары ұйқыға бейімделгеннен кейін, қонуға бөлмесінің
тарлығын айтып, мен Нұрбектен ұлықсат сұрадым, Ол —«жеңгеңді ортаға
ала, құшақтасып бірге жатпаймыз ба?» деп қылжақтап еді, мен қылжақсыз
байсалды жауап беріп, қонбай кетуіме Нұрбекті көндірдім.
— Онда, пəтеріңе апарып салайын,— деп еді:
— Қайтесің,— дедім қалжыңдаған боп,— жас жеңгейдің қасынан алып
кетуім обал да. Тапаншаңның біреуін бере сал. Ертең кеңсеңе апарып
берейін.
Келіншегін шынында да қимады ма, əлде, маған сенетіндігін білдіргісі
келді ме,—«біреу көріп қалмасын» деген кешіріммен, кабурынан суырған
наганын ұстата берді. Оны ішкі қалтама салып, сыртқа шыққан Нұрбекпен
қоштасып жөнеле бергенде, қуанышымда шек болған жоқ.
Сол бетіммен, тағы да қараңғы көшелерді тасалай отыра, Қарсақ үйіне
келсем, шамдары сөніп, жатып қапты. Қорасын қарасам, кешегі көліктер
жоқ, оның аты «қонақтары кетті» деген сөз!.. «Құдай берді!» деппін,
қонақтардың жоғына қуанғаннан. Даусым шығып кетіпті. Аузымды
алақаныммен баса қойып, «тағы бір Ақтайы торып жүр ме?!» деген
қауіппен жан-жағыма жалтақтасам, ешкім сезілмейді. Айтпақшы, ұмытып
барады екем: менің бүгінгі ойымның орындалуына табиғаттың да
жəрдемдескісі келгендей, мана Нұрбектің үйінен шығарда қатты жел
көтеріліп, оның үстіне қар жауып, топырақпен араласқан қарлы боран
түтеген де кеткен... Енді терезені ашу маған оп-оңай: қалтамда күндізден
даярлаған тістеуік қышқашым жүр...
Жалма жан төргі бөлменің терезесіне келіп (ол біреу-ақ та), жақтауға
бекіткен шегелерінің кейін тістеуікпен қайырып, кейін суырып, сыртқы
қабатын ың-шыңсыз қопардым да алдым. Ішкі қабаты одан да оңай
алынды. Содан кейін наганымды қолыма ұстай, ақырын жылжып, үйдің
ішіне түстім де, үйге гуілдеп кірген желді-боранға ықтасын болсын деп,
терезенің ішкі қабатын орнына сүйей қойдым. Содан кейін, бөлме ішіне
құлақ тіксем, жалғыз ғана адамның ұйықтаған пысылы сезіледі!.. Бұл
қайсысы?.. Бəтес пе, Мүсəпір ме?.. Қайсысы болса да, екіншісі қайда?..
Қалтамда кішкентай ғана электрлік панарым бар еді. Соны қолыма
ұстап, қараңғы бөлмеде сипап тапқан масахананың етегін ақырын түріп,
панарды жағып көрсем, жалғыз Бəтес қана ұйықтап жатыр!.. Оның ояна
қоймауына көзім жеткеннен кейін, мысықтай сыбдырсыз қимылмен кеп,
əбдіренің аузын тістеуікпен ақырын аштым да, кешегі түнде терезеден
көрген темір қобдишаны ішінен суырып ап, терезе алдына апарып
қойдым!.. Содан кейін ақырын басып, Бəтестің қасына тағы да жақындап,
шамын жаққан панарды бетіне тоса бергенімде, жастығынан басын жұлып
ап, үрейлі кескінмен маған бақырая қалды!.. Ана бір жылы, Орынборда,
хайуандар паркінде, ұзындығы үш құлаш, жуандығы адамның санындай
айдаһардың темір торына кіргізіп жіберген қоянның қорыққаннан
қалшылдап ұшып кете жаздағанын көріп ем... Мынау Бəтес те нақ сол
қояндай селкілдеп кетті. Осы халінде сөз айтудың қажеті жоғын көрдім де:
— Киін!—дедім оған.
Ол жауап берудің орнына басын изеген сияқтанды. Мен ендігі қатерді
ауыз бөлмеден күткендей, мылтығымды кезеген қалпыммен есік алдына
барып тұрдым да, төсегінен тəлтіректей түсе берген Бəтестің киінуіне
жағдай жасамақ боп, панардың жарығын түсірдім.
Қысқы жеңіл киімдерін киініп болғанша, буындары дірілдеп денесі
қалшылдаған Бəтес, əлденеше рет құлап түсті. Бірақ, оған деген рақымым
сөніп біткен бе, əлде далаға алып шығуым қажет деп бекінгендіктен бе, мен
оған аяушылық та жасаған жоқпын, жəрдемдескен де жоқпын. Біраздан
кейін, «болдым!» дегендей ишарат көрсетті ол. Мен ақырын адыммен
терезеге келдім де, сүйеп қойған қабатын алып, «сыртқа шық!» дегенді
ымдадым. Терезеге асылған Бəтес, əрі қарай құлап түскен сияқтанды. Мен
темір қобдишаны қолыма ұстай сыртқа қарғыдым да, терезенің сыртқы
қабатын орнына қойдым. Боран түтеп тұр...
— Мүсəпір қайда?—дедім, сыртқа шыққан соң еркінсіңкіреген
дауыспен.
— Жолаушылап кетті!— деді Бəтес те, сыртқа, суыққа шыға есін
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Мөлдір махаббат - 36
  • Parts
  • Мөлдір махаббат - 01
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2194
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 02
    Total number of words is 3954
    Total number of unique words is 2195
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 03
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2078
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 04
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2151
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 05
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2174
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 06
    Total number of words is 3802
    Total number of unique words is 2135
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 07
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2222
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 08
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2322
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 09
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2265
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 10
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2261
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 11
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2189
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 12
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2137
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 13
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 14
    Total number of words is 3943
    Total number of unique words is 2300
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 15
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2113
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 16
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2193
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 17
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2164
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 18
    Total number of words is 3983
    Total number of unique words is 2182
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 19
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2122
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 20
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1990
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 21
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2107
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 22
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2099
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 23
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2193
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 24
    Total number of words is 3877
    Total number of unique words is 2067
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 25
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 1992
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 26
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 1993
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 27
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2109
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 28
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2033
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 29
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2036
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 30
    Total number of words is 3688
    Total number of unique words is 1955
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 31
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2038
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 32
    Total number of words is 3762
    Total number of unique words is 1952
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 33
    Total number of words is 3674
    Total number of unique words is 2045
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 34
    Total number of words is 3671
    Total number of unique words is 1987
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 35
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2028
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 36
    Total number of words is 3776
    Total number of unique words is 2082
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 37
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2200
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 38
    Total number of words is 534
    Total number of unique words is 407
    49.2 of words are in the 2000 most common words
    63.3 of words are in the 5000 most common words
    70.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.