Latin Common Turkic

Мөлдір махаббат - 25

Total number of words is 3798
Total number of unique words is 1992
35.2 of words are in the 2000 most common words
49.2 of words are in the 5000 most common words
55.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Аздан кейін Найзабек қалғып кетті. Балқаштың: «Қайтесің, жата берсін,
өлмесе өрем қапсын» дегеніне қарамай, мен басына жастық сап, үстіне
шекпенін айқара жаптым.
— Естуші ем, «барып тұрған алкагол» дегенді, өзім ішкенін көрген жоқ
едім. Мынауың бір ит екен ғой, барып тұрған!— деді Балқаш.
— Ойбай, оянып кетер, естіп қалар!—дедім мен.
— Енді балталасаң да оянбайды,— деді Балқаш.— Бірдей-ақ іштік қой,
екеуміз? Мен неге мас болмаймын, сонда? Арақ əбден жеңіп алған екен
сорлыны. Жаңыл, пісір тезірек асты. Жейік те жатайық.
Піскен шылғи майды, Балқаш қалған самогонге қосып соғып алды.
Əйелі «мас боласың!» деп еді, «бөшкесін ішсем де жұмырыма жұқ
болмайды» деді Балқаш. Жолдыбайға да ішкізбек болып еді, ол «татып
көрмеген нəрсем» деп жолаған жоқ. «Ендеше, түнде аттарға сен ие
боларсың» деп, оған ұсынған арақты Балқаш қағып салды. Сонда да тілі
күрмелмейді, сонда да мас болар түрі жоқ. Найзабектікі не?.. Бұныкі не?..
Бұл не ғажап?!.
Күндегі дағдымен, Балқаш пен Жаңыл өз арбаларының үстіне жатты.
Жолдыбай: «Аттар суып болды, енді кісенімен көл жағасындағы шалғынға
жіберем де, өзім бағам» деді. Мен: «Ағай, қасыңызда болайын» деп ем:
«Жата бер, шырағым, өзім күзетем, тəуекел!» деді.
Мен өз арбама жаттым. Көпке дейін көзім ілінген жоқ. Басымда толып
жатқан ойлар сапырылысады. Солардың ішінде ерекше тоқталатыным —
Найзабектің Балқашқа мені мен Бүркіт туралы айтқан манағы сөзі.
«Мастығы ма, расы ма?» деп ойлаймын мен... Сөйтіп жатып ұйықтап
кетіппін...
Дəл құлақ түбімнен мылтықтың даусы күрс ете түскенге атып
түрегелдім. Тағы да шаңқ ете қалды мылтықтың ащы даусы. Найзабек те
орнынан атып тұрып, есеңгірегендей жан-жағына алаңдап, жалпақ қайыс
белбеуінің мықынында, бұлғары қабына салып жүретін наганын суырып
алды... Айдың жарығы ма, таң ба, дала ала сəулеленіп қалған екен. Көл
жағасынан əлдекім ербеңдей келеді екен.
— Тоқта, атам!—деді Найзабек оған мылтық ұсынып.
— Мен, Жолдыбай!—деді ол.
— Мылтық атқан кім?
— Білмеймін.
— Аттар қайда?..
— Кісенде, отта еді...— деді Жолдыбай күмілжіп.
— Қайда, «отта» болса?..
Əлдекім қарағай арасынан қараңдап көріне бергенде:
— Тоқта, атам!— деді Найзабек тағы да.
— Мен!— деген даусы есітілді Нұрбектің.— Құдай ұрды, Нəке!
— Не болды?!
— Аттардан айырылдық!..
— Қалай?!..
— Осы маңайға келе жатқан пішенші орыстардың арбасына мініп,
жақын жерден түсіп, ағаш арасымен жаяу келе жатсам, төрт атты
жетектеген екі адам көл жағасынан қарағайға кіре берді. «Біздің аттар
болар ма!» деп тоқтатпақ боп мылтық атып ем, атқа екеуі ырғып мініп,
қалған екеуін жетектеп қалыңға сіңді де кетті... Жүгіріп ем, жете алмай
қалдым...
— Сен қайда едің?— деген сұрауға:
— Түні бойы міз бақпай-ақ күзетіп ем,— деді Жолдыбай,— таң
қараңғысына дейін отырып ем... Содан кейін қара басып қалғып кетіппін...
Мылтық даусынан ояндым...
Балқашқа қарасақ бырылдап ұйқтап жатыр. Əйелі ояу болу, керек, бірақ
қорқып жатқан болу керек, Балқашпен бірге жамылған шекпеннің астында
қозғалады.
Балқашты да ояттық. Таң да ағара бастады. Жан-жаққа жүгіріп қарасақ,
қарағайға кірген аттардың да, жетектеген адамдардың да іздері шыққа
шұбалып жатыр.
— Қап!—деп өкінді екі милиция,— аттың жоғы-ай, əйтпесе, мынау ізбен
заматта табар едік-ау, ұрыларды!
— Апырай, қандай иттер екен, ұрлаған?— деген Балқашқа:
— Білмей тұрмысың, қандай екенін?— деді Найзабек,— Сасықтың ізөкшемізден қалмай келе жатқан ұрылары. «Қарға тамырлы қазақ»
дегендей, бұл маңайда да көп оның ілік-шатыстары. Соларына ұрлаттырып
отыр.
— Ішімізде қарулы милиция барын біле тұрып, қорықпай қалай келді
екен?!—деген Жолдыбайға:
— Құтырған қасқыр емес пе олар кəзір?—деді Найзабек.— Неден
қорқушы еді ондай қасқырлар?
8. ҚЫРСЫҚҚАН ЖОЛ
«Қырсыққанда қымыран іриді» дегендей, маңайдағы жолдардың бəрін
тосқанмен, ол күні ешбір жақтан жан адам кездеспеді. Алыстағы
Семиозерноеге Нұрбек жаяу кетпек еді, күн кешкіріп қалды. Ақыры,
амалсыз қондық. Нұрбек ертеңіне ертемен кетті. Найзабек пен Жолдыбай
жол тосуға шықты. Балқашқа да «жүр» десіп еді, «түнде денемді салқын
ұстап, белім шойырылып қапты» деп барған жоқ. Өткен түні ренішпен аш
қарын жатқан тамақсау байғұс, өзге еркектер кетіп қалғаннан кейін:
— Енді аштан өлетін болдық,— деп уайымдады.
— Неге, аға?—дедім мен,— орыстың наны да бар, кеуіп кеткенімен
бауырсақ та бар, құрт-ірімшік те бар...
— «Қатықсыз қара көже» дегендей, жылтырары жоқ, не ас болады ол?!
Қоян қарын май бар, аға, соны жеңіз!..
Тегі, тамақсау кісінің ас дегенде ұяты болмайды ғой деймін, Нұрбек
ертеңіне келгенше, Найзабек пен Жолдыбайдың жоқ уақытын аңдып,
Балқаш қозы қарынды еңсеріп жеп қойды:
Нұрбек қаладан төрт-бес ат жетектеп əкелді.
- Қаладағы милицияның аттары,— деп келді ол.— Осы аттарға жегеміз
де, арбаларымызды Семиозерноеге апарып тастаймыз.
— Содан кейін Нəкең екеуміз қасымызға Бəтесті аламыз да, Қостанайға
ылаулап кетеміз. Жолдыбай қала тұрады. Торғайдан Қостанайға кіре
тартып бара жатқан түйешілер кездесті, Семиозерноеде тоқтатып қойдым.
Балқаш пен Жаңылды соларға ілестіреміз.
— Немене, біз итпіз бе, кірешілерге ілесетін?— деді Балқаш жəбірленіп.
— Бəріміз бірге неге кетпейміз ылаумен?
— Кім береді бəрімізге, ылауды? Найзабек ағай мен менің ылау
қағаздарымыз бар. Сізде жоқ қой ондай қағаз?
— Ылауды өздеріңе тапқанда маған таппасаңдар мейілдерің!— деді
Балқаш бұртиып.
— Буынсыз жерге пышақ салу ғой, оныңыз!.. Белден омыру ғой!..
Тікіленіп келе жатқан Балқашты Найзабек тоқтатты да:
— Аттарды жегіңдер, əуелі қалаға жетейік, қалғанын содан кейін
көрейік,— деді.
Кірешілер бізді қалада тосып отыр екен. Сексеннен астам түйенің
біреуін олар бізге деп жүктен босатып қойыпты. «Ал, енді қайтеміз?» деген
сұрау туғанда, Нұрбек:
— Қайтуші ек? Милиция штабы берем деген пар атпен Нəкең, мен,
Бəтес — үшеуміз тарта береміз де, Балқаш пен Жаңыл мына түйеге мінеді,
— деді.
— Барсын, жолдары болсын!— деді Жаңыл өкпелеген дауыспен.
«Найзабек не дер екен?» дегендей, сүзіле қараған Балқаш томсарып
үндемей қалды.
— Өйтуге болмайды!— деді Найзабек Нұрбекке.
— Неге?
— Үйден бірге шықпағай ек. Шыққаннан кейін, жолдасымызды жолда
тастап кету ұят болады, əсіресе, Бəтеске ұят, өйткені, оның түп жолдасы біз
емес, Балқаш қой...
— Сонда?
— Бəріміз де кірешілермен бірге кетеміз!
— Ат табылып тұрғанда түйемен ілбіп жүрмекпіз бе?!—деді Нұрбек
кейіп.
— Реті келсе жаяу да жүрерсің!
— Не реті бар, оның? Несі кетеді Балқаштың, Қостанайға бізден бірер
күн кейін жеткеннен?
— Мəселе күннің санында емес, тəртіпте.
Ішпесе не деген ақылды, тəртіпті адам, Найзабек ағай!.. Əй, ішкілік-ай,
сондай адамды да жындандырады екенсің-ау, сен!
Кірешілерге ілескен біз, Семиозерноеден жүз жиырма шақырым деген
Қостанайға арада үш қонып жеттік. Жақсы пар атпен ол бір-ақ күндік жер
екен. Қостанайды естуім болмаса, бұған дейін көрген жоқ ем. Қаланың
шығыс жағын ала Тобыл өзені ағады екен, қала соның батыс жақ биік жар
қабағының үстінде екен. Өзен арқылы тал мен балшықты араластыра
салған жіңішке көпір бар екен. Əдетте солай ма, əлде астық, шөп, отын
сияқты жүктер көп тасылатын уақыт болғандықтан ба, көпірдің аржағында
да, бер жағында да жол босауын күтіп ошарылған халық, илеуіндегі
құмырсқадай қайнайды. Нұрбектің еркіне салса, мылтық асынуын
пайдаланып кезексіз өтіп кету еді, Найзабек «оның керегі не?» деп ұлықсат
етпеді. Кезек күтіп тұрған шағымызда, Қостанайда қалай орналасу жəйіміз
сөз болды. Найзабек пен Нұрбектің түсіп жүретін пəтерлері болады екен.
Балқаштың бұл қалада туған қайнағасы бар екен. Мен туралы сөз болғанда:
— Əрине, Балқаштармен!—деді Найзабек. Жаңыл:
— Əркім мінген арбасымен жүйеленбей ме?—деп еді:
— Ондай ұят істі айтпаңыз,— деді Найзабек Жаңылға,— бір болыстың
басшылары жəне қызыл отау басшылары Бəтесті маған емес, Балқаш
екеуіңізге сеніп ертіп жіберді. Нұрбек пен мен Қостанайға дейін жөнелтіп
салуға ғана келдік. Анау көрініп тұрған Қостанайдың көшесіне кіре, біздің
міндетіміз бітеді... Одан əрі тиісті жеріне тапсырғанша, үкімет алдында да,
ар-ұятының алдында да жауапты адам — Балқаш.
«Тиісті жер» деп тұрғаны, Қызылордадағы «Совет партия мектебі».
Əсияның шамалауынша, оған түсуге менің оқуым жарайды, мектептің,
«Совет құрылысы» деген бөліміне мен сияқты партияда жоқтар да
алынады, кедергі боларлық жалғыз ғана нəрсе, менің байдың қызы
екендігім.
- Оның да оқасы жоқ,— деген Əсия,— қазақ республикасының
басқарушы партия ұйымын қазақша «Өлкелік партия комитеті» орысша —
«Крайком» дейді. Оның əйелдер бөлімін Шамсия Күнтоқова деген адам
басқарады. Ол əрі бірге оқыған мектептесім, əрі сырлас досым. Сол кісіге
жайыңды баяндап хат жазып берем. Сені Совет партия мектебіне сол кісі өз
қолынан орналастырады. Жатақханаға барғың келмесе, соның үйінде
тұрып оқуға да болады.
Не жазғанын кім білсін, Əсияның «Шамсияға бер!» деп тапсырған үлкен
конвертінің қалыңдығы кішігірім кітаптай. Мен оны, баяғы жұмбақ
альбомның қасына қосып, шешем киімдерімді сап əкеп берген, сұр
кенеппен тысталған сəкпаяштың24 түбіне салып тастағам.
Найзабектен ұялуы ма, əлде расы ма, əйелі бұртаңдаған кескін
көрсеткенмен, Балқаш мені өзі түсетін үйіне ертіп апарды. «Ертең
хабарласармыз» деп екі милиция бізден бөлініп кетті. Балқаштың
қайнағасы да, оның əйелі де жайдары адамдар екен. Олар да менің халжайымды естіп қапты, Балқаш таныстырған соң-ақ, «ə, осы бала ма, сол?»
деп біле кетті. «Жолың болсын, бетіңнен жарылғасын!» деген жақсы тілек
айтты олар маған.
Кешкі шайды ішіп отырған шағымызда үйге: ортадан төмендеу бойлы,
талдырмаш денелі, сопақ бетті, имектеу ұзын мұрынды, қалқан құлақты,
орысша киінген жігіт кіріп келді.
— Ə, Мүсəпір!— деп ұшып түрегелді Балқаш орнынан.
Құлағым бұл есімге елең ете қалды: Бүркіттің Мүсəпір атты бөлесі
барын жұрттан да, өзінен де естігем, бірақ, көрген жоқпын да, Қалиса
маған, Бүркіт пен Мүсəпірдің өткен жаз, біздің ауылға кеп аттанғанынан
кейін, далада төбелесіп қалғанын айтқан. Таластары мен туралы болғанын
естігеннен кейін, ішімнен «о несі?!» дегем де қойғам.
Сол Мүсəпір осы боп шықты. Маған ол жылушырай, шүйіркелесе келді.
Балқаш мені «Бəтес!» деп еді:
— Таныстырмай-ақ қой,— деді Мүсəпір,— көрмесем де таныспын.
Кəне, бөле, əкел қолыңды!
Мен ішімнен: «Бөлесі несі?! Бүркітке əлі қосылған адам емеспін ғой!»
деп ойладым.
Үй иелерінің өтінішімен шайға отырған Мүсəпір сөзден ауыз жапқан
жоқ. Əңгімесінің əлпетіне қарағанда, Қызылордадан ел ішіне газеттің
тілшісі боп келген ол, елдегі талай зорлық-зомбылықтың бетін ашып, талай
қиянатшыларды əшкерелеген. Сонысына қарағанда, əділеттің досы,
қиянаттың қасы сияқты.
Балқаш пен ол көптен таныс, көптен əмпей адам сияқты. Өзінің қолында
сүгірет түсіретін аппараты бар екен, онымен елден де көп сүгіреттер
түсірген, стол басында шай ішіп отырған бізді де түсірді. Бұрын
түсіргендері айқын да, жақсы да екен.
Біз поезбен ертеңіне жүретін болдық. Аттанар алдында Найзабек пен
Нұрбек тарантасты пар ат алып кеп, бізді бағзалға алып барды. Балқаш
«билет алам» деп бізден бұрын кеткен. Мүсəпір де бізбен бірге осы поезбен
жүрмек болған екен. Балқаш пен ол билеттерін алып, бағзалда бізді күтіп
тұр екен.
— Бірақ,— деді Балқаш Найзабекке,— үш ыңғайсыздығы болып тұр.
— Қандай?
— Бірінші — мына Мүсəпір бəріміз бір вагонға отырамыз деп ек, оның
сəті түспей, яғни билет болмай, билетті екі-екіден екі вагонға алуға тура
келді; екіншісі — бір вагонда купесі бар орын, екінші вагонда жалпы орын;
үшінші — купеге кім-кім отырары қиын боп тұр...
— Не қиыны бар?—деді Нұрбек.— Қатының мен өзің купеге отырып,
Бəтесті жалпыға жіберуің ұят. Оған Жаңыл мен Бəтес отыру керек те,
Мүсəпірмен екеуің жалпыға орналасуларың керек.
— «Купе» деген не?— дедім мен түсінбей. Жаңыл да түсінбеді ғой
деймін,— екеуміз де Балқашқа қарай қалдық.
— Вагонның ішіндегі төрт я екі кісілік есігі жабық орын. Бізге екі
орындығы кездесті.
— Ə, жақсы болды ғой, онда!— деп қуанып қалды Жаңыл.
— «Жалпы» дегені не?—дедім, Балқаштың екінші сөзі құлағымда
қалып.
— Бөлшектерінің есігі жоқ вагон,— деді Нұрбек.
— Қайсыңызбен болса да, мен сонда мінем,— дедім Балқашқа.
- Қайсысына дейсің?—деді Балқаш.
— Ашығына.
- Жабығына неге мінбейсің?
— Кіммен?
- Мəселен, анау бөлең, — Мүсəпірмен.
Бұл сөзі ерсі көрінгендей, Нұрбек мырс етіп күліп жіберді.
— Неге күлесің?— деді Балқаш оған.
— Е, күлмей,— деді Нұрбек,— қыз бен жігітті оңаша қамағанды қай
атаңнан көріп ең?
— Қазақшылық қой айтып тұрғаның!— деді Балқаш кейіп,— Европада
оның түк те ұяттығы жоқ.
— Немене, Европаның қызы — бітеу, жігіті — əтек пе екен?
— Қойыңыздар жанжалды!— дедім мен,— ерік — менде болса, мен
жалпыға отырам.
— Ерлі-байлы кісіні айырамыз ба?— деді Мүсəпір,— мен де жалпыға
отырам...
«Қолымнан орналастырам» деп, жүгімді арқалаған Нұрбек мені вагонға
алып кірді. «Жалпы» дегенінің іші құмырысқадай құжынаған адам екен.
Барлық халықтың барлық жастағы адамын осынан табарлық десе де
болатын. Билетте көрсетулі орын болмағандықтан, бос орынға таласып
ұрсысқан, кейі төбелескен адам ың-жың. Вагонның іші ысып, ауасы
ауырлап кеткен. Бізге мұнда орын жоқ сияқты. Нұрбек төбеден екі орынды
зорға тапты. Мүсəпір ортадағы орынға таласпақ болып еді, қоңқақ
мұрынды, қара кескінді, зор денелі біреу оны жағасынан ап лақтырып
жібергенде,
мұрнын
қанатып
алды.
Терлеп-тепшіген
бізді
орналастырғаннан кейін, Нұрбек:
— Нəкеңе амандаспаймысың?—деді маған.
— «Нəкеңі» кім?— деді Мүсəпір.
— Найзабек Самарқановты айтам, біздің начальнигімізді.
— Оған несіне амандасады осындай абыр-сабыр боп жатқанда?
— Со да сөз бе екен?— деді Нұрбек ұнатпай,— ит арқасы қияннан, яғни,
түу-түу алыстағы Торғайдан бастап əкелген серігі емес пе? Ол кісі «көппен
бірге сығылыспайын» деп сыртта қалды.
— Барам!—дедім мен,— амандасам.
— Кəне, жүр, онда!— деп, сығылысқан жұрттың арасынан сынадай
қысылып əрең жол ашқан Нұрбектің артынан мен де ердім.
Біз əрең, деп есікке жақындасақ, иін тіресе қаптаған жұрт вагон есігінен
əлі де қаптап кіріп жатыр екен.
— Берірек тұра турайық,— деді Нұрбек, мені есік алдындағы қуысқа
қарай иығымнан тартып,— жұрт өтіп болсын. Жолдарын бөгемейік.
Қуысқа оңашаланыңқыраған маған:
— Бəтес, үш сөзім бар саған айтатын,— деді Нұрбек.
— Ие?
— Бірінші сөзім: мен өзім қалжыңқойлау адаммын, сол дағдыммен
аузымнан артық сөз шыға қалса кешірім ет!
— Ондай сөзіңді естіген жоқпын.
— Екінші — менің тілімді алсаң. Қызылордаға тоқырамай, тура Бүркіт
оқитын Тəшкенге тарт. Онда да оқу орны көп, Бүркіт біреуіне түсірер.
Жəне, соңынан іздеп барсаң, ол саған бар өкпесін кешеді де, бұрынғыдан
да тату-тəтті боп кетеді.
— Оны көрерміз.
— Көрме, істе соны!.. Үшінші — анау жылмаңдаған кемиегіңнен сақ
болғайсың.
— Кімді айтасың?
— Мүсəпірді. Ол саған «Бүркітке бөлемін» деп, тағы бірдемелерді айтып
жылмаңдап жүр ғой. Жобасына қарағанда жұлынқұрт сияқты адам болар,
омыртқаңның ішіне қалай кіріп, жан тамырыңды қалай жеп қойғанын
білдіртпейтін. Бір жерде Тақыр мұзға отырғызып кетіп жүрмесін...
Сол кезде есік алдының адамдары сиреп, сыртта Найзабек көріне қалды.
Қағылған қоңырау даусы естілді.
— Поезд жүреді екен, Найзабек ағайға тез амандас жерге түсіп!—деді
Нұрбек.
— Айтпақшы,— деді вагон есігінің етегіндегі басқышқа қарай беттей
берген Нұрбек құлағыма сыбырлап,— амандық болса, алдағы күзде
қызметімді Қызылордаға ауыстырам ба деген талабым бар, уəде қылған кісі
бар, бірақ бұл, Найзабекке əлі айтпаған сырым.
— Сағындырмай тезірек кел!— дедім мен.
— Ақырын!—деді Нұрбек,— Нəкең естіп қалар.
- Ал, аға!—дедім жерге түсіп, Найзабектің, қасына барғаннан кейін,
көзіме жас алып,— жас та болсам адам қадірін білем бе деп ойлаймын.
Маған көрсеткен адамгершілік ісіңізге өмір бойы борыштымын!..
Əйелі құрғырдың ондайда босаңси қалатын дағдысы бар емес пе. Мен
де сол салтқа басып, Найзабектің кеудесіне басымды сүйеп еңіреп
жіберіппін!..
- Жылама, шырағым!— деді Найзабек мені арқаға қағып,— мемлекеттік
міндетімді өтеуім бұл!
— Жоқ, аға,— дедім мен жасқа булығып,— ол ғана емес! Адамдық
міндетіңізді де өтеуіңіз! Қандай жақсы адам едіңіз, сіз!..
Құлағыма үш рет қағылған қоңырау даусы естілді.
- Поезд жүреді!—деді Найзабек.— Ал, мін!
Найзабекпен қоштасып вагонның басқышына көтерілдім де, жақсы
адамнан айырылғым келмегендей, əлдекімдердің «жол бер!» деуіне
қарамай, есік алдында тұрып алдым.
— Абай атаңның бір сөзін есіңе салайын, шырағым,— деді, мені де
қимағандай боп, есік алдында тұрған Найзабек:
Өмір жолы тар соқпақ, бір иген жақ,
Иілтіп екі басын ұстаған хақ.
Қисық жолда тегістік, тиянақ жоқ,
Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ!..
Поезд жылжып жүре берді.
— Əсіресе, соңғы екі жолын ұмытпа!— деді жылдамдата жүруге
айналған поезға аяңдай ерген Найзабек, қолын бұлғап.
— Тырысайын, құрметті аға!..
— Менің достық сөздерімді де ұмытпа!— деді Нұрбек.
— Ойланайын, құрметті Нұрбек!..
Маған олардан айырылу, шешемнен айырылудан кем болған жоқ. Бұл
жолы да жасқа булыққан қалпыммен жоғарыдағы орныма сенделіп
шықтым да, онда ағаш басындағы ұясында қылқиып отыратын құзғындай
боп мойыны сорая қалған Мүсəпірдің «не болды?» дегеніне жауап бермей,
өксіген қалпыммен етбетімнен жата кеттім. Бір кезде бойымды шамаласам,
басым айналып, жүрегім өрекпіп барады... Төменге түсуге əлім əрең жетті...
Сол арада ал, кеп құс!.. Ішімде барымды түгел тауысып болғандай құрғақ
лоқсып талықсуға айналған мені Мүсəпірі бар, басқалары бар, төсегіме
əрең шығарып жатқызды. Содан кейін талықсығанымды, я ұйықтағанымды
білмеймін, тас боп қатыппын да қалыппын...
Сол қатқаннан, мен ұзақ қаттым. «Қаттым» дегенде, ұйықтай берген
жоқпын мен. Əрине, ара-тұра ұйқтап та кетемін. Бірақ көбінесе бақырайып
ояу жатам да қоям. Обалы не керек, Мүсəпір байғұс Қостанайдан шыға
салысымен бəйек боп, əлденені кеңеспек болады, қызық бірдемелерді
айтып күлдірмек болады, поезд тоқтаған жерде, «кəне, бой жазып далаға
шығып келейік!» дейді, əлденелерді сатып əкеп, «мынаны жеші!» дейді; ал,
мен шала-жансар адамдай тырп етпестен орнымда жатам да қоям, ораза
ұстағандай аузыма нəр салмаймын, ең, аяғы сусын да жұтпаймын, «ұлы
сөзде ұяттық жоқ» дегендей, дəретке де бармаймын, «жоқтан» басқа сөз
білмейтіндей, Мүсəпір не айтса да «жоқ» деймін.
Өзге сөзін өткізе алмаған ол, маған Бүркіт жағымнан кеп:
— Ақылды да, намысты да, өжет те жігіт!— деп мақтайды.
— Бар айыбы тентектігі мен бет алған жағынан бұрылмайтын
тоңмойындығы,— деп кемшілік жағын да есіме салып қояды. Бір сəтте ол,
Бүркітпен былтыр жанжалдасқанын айта кеп:
— Əдейі сынамақ боп қытығына тиіп ем, ер тоқымын бауырына ала,
жатып тұрып туламасы бар ма?!.. Өзім сасып қалдым!.. Көзіне қарасам қан
толып қызара қапты!.. Құтырған бурадай тарпа бассалатын қалпын көрген
соң қаша жөнелдім!.. Қорқып емес, əрине!.. Бас салғанда не істейді бір
еркекке бір еркек?.. Бұрын жүз жыртыспаған адаммен жанжалдасқым
келмеді, көңіліміз қалысар деп қорықтым... Артынан Қызылордада
жолығып, «соның не?!» дегенде, жерге кірердей боп ұялды. Екеуміз
қайтадан бұрынғыдай ауыз жаласып кеттік,— дейді.
— Сені жанындай жақсы көретіні рас!—дей кеп:—бірақ, əнеугі кетіп
қалуы Бүркіттігіне лайық қылық емес!—дегенді де ескертіп қойып:—Сенің
де оны жақсы көретініңді білем,— дейді Мүсəпір, — бірақ, адамның ең
жақсы қасиеті, өзінің қадырын сақтай білуде. Бұрынғылар: «Малымды
алсаң ал, қадірімді алма!» деген тілекті босқа айтпаған. Қадыры кеткен соң,
кісі ме — кісі?.. Сен де қадырыңды сақта. Өзгені қоя тұрғанда, Бүркіттің
алдында да қадырыңды төкпеуге тырыс. Ол үшін қашан өзі хат жазғанша
жазба. Өзі іздеп келмей тырп етпе. Шын ғашық болса сөйтеді ол. Егер
істемесе — айтып жүргендерінің бəрі «ал» тілі ғана болады.
- Бірақ, өйтпес, мен білетін Бүркіт болса!— деп дəмелендіріп қояды
Мүсəпір тағы да мені,— қыңырлығына басып осылай біраз жатар да, көп
болса қыс ортасына дейін шыдап, одан кейін каникул уақытында жетіп
келер. Солай зарықтырып табыссаң, тəтті боласың!..
Оқу мəселесіне келгенде:
— «Совет-партия мектебі» деген не?— дейді Мүсəпір маған,— онда
саясаттан басқа түк те оқытпайды. Оқуын бітіргеннен кейін партиялық, не
советтік қызметкерлердің бірі боп елге кетесің. Əйелге лайық қызмет емес
ол. Одан да сен Қызылордадағы педагогика институтының даярлық
бөліміне түс. Оған бірдеме ғып алдырамыз. Соны бітіріп мұғалім болсаң,
қалаған қалаңнан қызмет табасың. Одан кейін ешбір күйеуге жалынышты
болмайсың: сүйсе тұрды, сүймесе — мейлі!..
Мүсəпірдің соңғы сөздері көкейіме қоныңқырайды.
Балқаш қызық адам екен. Поезға біз кешке қарай мінгеміз. Содан келер
кешке дейін ол көрінген жоқ. Жаңылы болса болмаса да. Бірде поезд жүріп
келе жатқанда, «вагон арасымен бардым» деп, бірде поезд тоқтағанда
«барып келдім» деп Мүсəпірдің Балқаш туралы айтқаны: «Бұ заманның
Зылиқасы мен Жүсібі осылар екен!.. Қосылғалы бірнеше ай болғанмен,
құмарлары қанбаған екен: қашан барсам да сүйісіп-жаласып жатқандары!..
Кəртайғанда үйленгендіктен бе, əлде қатынжанды біреу ме, ат құйрығына
байлап сүйресең, айырылар түрі жоқ, желімдегендей жапсырылып
қапты!..»
Сол Балқаш екінші күні, поезд жүріп келе жатқанда келіп еді, Мүсəпірге
ұстаған сақаулығым одан жаман ұстап, даусын естіген соң-ақ бақырайып
жатқан көзімді тарс жұма қойдым да, не десе де естімеген боп, қозғаса
оянбаған боп сұп-сұлық жаттым да алдым.
— Жап-жаңа ояу жатыр еді, бұнысы несі?!—деп таңданды Мүсəпір мені
Балқашқа қосыла оятып. Мен қозғалмай, көзімді ашпай қойған соң:
— Япырай, ғажап екен бұнысы!— деді Балқаш. Қарын ұйқысын
ұйықтағандай болып жатыр екен! Летаргиялық ұйқы болады деуші еді ғой,
ғылымда. Сол емес пе екен өзі?!..
— Қайдам,— деді Мүсəпір,— айттым ғой, екі рет барғанда да, «тұяқ
серіппестен жатыр» деп. Сол жатқаны, əлі жатқан!.. Бітеу адам ба, немене,
—не дəретке шықпайды, не ас ішпейді, шөлдемейтін адам екен, сусын да
татпайды!..
— Ол сенің жасықтығың!.. Бір қызды ырқыңа көндіре алмай...— деп
келе жатқан Балқашқа, «тсс!» деп қалды Мүсəпір. Балқаш үнін өшіре
қойды. Көзімді ақырын сығырайтып қарасам, «жап аузыңды!» дегендей
Мүсəпір оған бармағын шошайтып тұр екен.
— Өтірік ұйқтап жатса қайтесің?—деген сыбыры естілді Мүсəпірдің.
«О не деген сөзі?!—деген ой кеп қалды маған,— менен жасыратын
сөздері бар ма, əлі?»
«Тағы не дер екен!» деген оймен, өлік қалпымды өзгертпеп ем, мен
туралы басқа ештеңе айтпай, өзара əзілдесіп кетті.
— Япырай, сен қатынжанды екенсің!—деді Мүсəпір Балқашқа.
— Неге олай дейсің?—деді Балқаш.
— Демегенде ше? Жіліктің майын соруға қажиды кісі. Сен қатыныңды
аузынан сора беруге қажымайды екенсің!..
— Ойбай-ау, енді,— деді Балқаш күліп,— əйелім емес пе ол менің?..
Жаңада ғана үйленген жоқпын ба жəне?.. «Медовый месяц»25 демей ме
орыстар бұны?.. Қылауы түсетін уақыты болды ма?..
— Тіпті, сонда да өребетейсіздеу бұның.
— Неге?
— Қазақтық салтымызды сақтау керек емес пе?
— Қазақ қайтуші еді?— деді Балқаш күліп.
— Қашаннан шоқынған едің?— деді Мүсəпір ол сөзін ұнатпай,— қызды
болмаса, қатынын көптің көзінше түгіл, төсегінде сүйген қазақты қайда
көріп ең?
— Рас. Бірақ, кəзір оны «патриархалдық-феодалдық заман» деп жүрген
жоқпыз ба?
— Бола берсін!.. Ең ірі марксистердің өздері айтпай ма, «пролетариат
мəдениеті, бұрынғы мəдениеттердің заңды жалғасы» деп, «бұрынғылардың
тəуір жақтарын аламыз» деп?
— Сонда, некелі қатыныңды сүймеу, сеніңше, жақсы салт па?..
— Ең оңды салт! Неге?
- «Қатынға қадырым жоқ, етімді көреді, ағайынға қадырым жоқ, бетімді
көреді» дегенді бұрынғылар босқа айтпаған. Адамның бағасы қадыры
барда ғана. Қадырың кеткен соң, бағаң да кетеді. Ендеше, шамаң келгенше
қадіріңді кетірмеу керек.
- Ол үшін не істеу керек?
- Қатынды жалап-жұқтамау да керек, яғни, жарбаң-жұрбаң сүйе беруді
қою керек.
— «Мақұл-ақ екен» дейік. Сонда, ескі қазақтар қатынының, басынан
таяқ айырмайтын, бізге де соны істеу керек пе?
— Ретті жерде оны да істеу керек, əйтпесе басынып кетеді.
— О-о-ой, фе-о-да-лым!— деді Балқаш күліп,— өзің қатын алсаң,
істеймісің осы айтып отырғандарыңды?
— О-без-за-тельно!26
— Неге алмай жүрсің сол қатынды?
— Орыстан алғым келмейді...
— Уай, коммунисім, не деп отырсың?—деді Балқаш күліп,—
ұлтшылдық қой айтып отырғаның? Ондай сөзді коммунист сен түгіл
партияда жоқ мен айтпаймын.
— Қатын алуда тұрған ұлтшылдық жоқ,— деді Мүсəпір салмақпен —
бұл — бір. Екінші — ұлтшылдыққа күлме сен!.. Неге күлесің, өз аузыңнан
ұлтшылдық қаның ағып тұрып?
— Өй, сен алысқа кетіп бара жатырсың ғой,— деді Балқаш, бұл
тақырыпта сөйлесуді доғарғысы келгендей,— қасыңда жүрген жолдасыңды
да білмейді екенсің ғой!.. Осындай мөңкігіш пе едің сен?!
— «Таз қатын сау қатынды «таз неме» дейді» дегендей, не ақың бар,
бұғып жүрген ұлтшылдықты түрткілеп? Онсыз да оңып келе жатқан жоқ
«ұлтшылдық» дегенің күн сайын көзге шұқылып!..
— Рас!— деді Балқаш демін ауыр ап:—«Бұра сөйлеген күлуге жақсы,
бұра қашқан түлкі қууға жақсы» дегендей, күлу үшін айтып жатырмын да.
Əйтпесе, «ұлтшылдық» деген пəледе не ақым бар?
— То-есть, как?! —деді Мүсəпір тікіленіп,—«ұлтшылдықтан таямыз»
дегенің бе ол?
— Неге таямыз?— деді Балқаш шошып кеткендей,— таймаймыз!.. Ақаң
мен Жақаң айтқандай, бұл жолға басты беруге əзірміз!.
- Ə, дұрыс!—деді Мүсəпір риза болғандай,— Əлекең айтқандай, ендігі
ұлтшылдықты жүргізетін олар емес, яғни, Əлекең, Ақаң, Жақаңдар емес,
мына
— бізбіз,
яғни,
кəзіргі
терминологиямен
айтқанда,
неонационалистерміз, яғни ұлтшылдардың жаңа түріміз...
— Əй, осы біз тым ашық сөйлесіп кеткен жоқпыз ба,— деді Балқаш
жан-жағына жалтақтап: «Үй менікі демеңіз, үй артында ұры бар» деп
Шортанбай айтқандай, тыңдап отырған жоқ па, біреулер сөздерімізді?
— Оны мен сенен алдақашан бұрын ойлағам. Бұл вагонда қазақ түгіл,
тілімізді түсінетін татар мен башқұрт сияқтылар да жоқ.
— Орыстан түсінетіндер болса қайтесің?
— Қайдам, ондайын!—деп Мүсəпір толқи бастады.
«Ендеше қойдық» дегендей, екеуі де аз уақыт тын бола қалды. Міне,
қайда ұлтшылдар!.. Газетке көп жазатын сырларын тереңірек біле түсетін!..
— Мүсəпір!—деді Балқаш аздан кейін.
— Əу.
— Сен ойынды-шынды маған біраз күліп алдың-ау, «қатынжандысың»
деп?
— Ойын ғой оным.
— «Ойынның түбі — шын, күлкінің түбі — жын» деген мақал бар.
— Көңіліңе ауыр алып қалған екенсің ғой, пардон!..
— Алған жоқпын. Білемісің, менің əйелімді неге жақсы көретінімді?
— Қайдам...
— Сен ғой, алты ағайындысың? Бəріңнің де жаныңа жамандық
бермесін. «Жаман айтпай жақсы жоқ» дегендей, бірің өлсең бірің
қаласыңдар. Ал, мен, аяққа құйған астай жалғызбын, өлдім — біттім.
Əйелді адам тілеумен, артыма ұрпақ қалдырам деп алады ғой?
- «Сүйіп» емес пе?— деді Мүсəпір қылжақы дауыспен.
— Қоя тұршы, сол «сүюіңді!»—деді Балқаш, жаратпаған дауыспен—
өзің айтқандай, қай қазақ сүйіп қатын алып еді? Малға сатылып келген жоқ
па еді, қазақ атаулының қатыны? Əлі де сүйтіп жатқан жоқ па, жең ұшынан
алатын ақшаға айналдырып?
— Өзің де сөйттің бе?
- Ырымы болады да,— деді Балқаш күліп.— Қоя тұрайық қалжыңды.
Тақырыбымызға көшейік. Мəселе, менің əйелім туралы еді ғой. Ұзақ жыл
үйленбей жүрдім ғой мен. Олай кідірген себебім, өзің айтқандай, орыстан
алғым келмеді. Татардан алайын десем, бұрын алғандарды байқасам,
туыстары көп болады екен. Бір қызының артынан бір қора жан келеді екен.
Оның бəрін қалай асырай алам мен?
— Менің де ойым сол,— деді Мүсəпір күліп.
— Қазақтан алуға, менімен тұстас қыз атаулының қалыңнан басы босы
болған жоқ. Біреудің қалыңдығын тартып алуға бармадым, «ел бүлінер»
деп ойладым. Сөйтіп жүріп жасаңқырап қаппын.
— Қаншаға келдің, «жасап»?— деді Мүсəпір,— қателеспесем, биыл
отыз бірде ғана емессің бе?
— Рас. Паспортта бірер жасым кіші.
— Неге?
— Жəй, əншейін!—деді Балқаш күліп,— өзің дəлін жаздырып жүрмісің?

Институтқа
түсерде
кəрі
көрінбейін
деп,
менің
де
аздап
қымқырғаным бар.
— Сонда, сен, нешедесің кəзір?
— Шын жасым ба?
— Əрине!
— Жи-ыр-ма же-ті-де! — деді Мүсəпір сөздерін бөле сыбырлап, «ешкім
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Мөлдір махаббат - 26
  • Parts
  • Мөлдір махаббат - 01
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2194
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 02
    Total number of words is 3954
    Total number of unique words is 2195
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 03
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2078
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 04
    Total number of words is 3907
    Total number of unique words is 2151
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 05
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2174
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 06
    Total number of words is 3802
    Total number of unique words is 2135
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 07
    Total number of words is 3845
    Total number of unique words is 2222
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 08
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2322
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 09
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2265
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 10
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2261
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 11
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2189
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 12
    Total number of words is 3997
    Total number of unique words is 2137
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 13
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 14
    Total number of words is 3943
    Total number of unique words is 2300
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 15
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2113
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 16
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2193
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 17
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2164
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 18
    Total number of words is 3983
    Total number of unique words is 2182
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 19
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2122
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 20
    Total number of words is 3888
    Total number of unique words is 1990
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 21
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2107
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 22
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2099
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 23
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2193
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 24
    Total number of words is 3877
    Total number of unique words is 2067
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 25
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 1992
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 26
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 1993
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 27
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2109
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 28
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2033
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 29
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2036
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 30
    Total number of words is 3688
    Total number of unique words is 1955
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 31
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2038
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 32
    Total number of words is 3762
    Total number of unique words is 1952
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 33
    Total number of words is 3674
    Total number of unique words is 2045
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 34
    Total number of words is 3671
    Total number of unique words is 1987
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 35
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2028
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 36
    Total number of words is 3776
    Total number of unique words is 2082
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 37
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2200
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Мөлдір махаббат - 38
    Total number of words is 534
    Total number of unique words is 407
    49.2 of words are in the 2000 most common words
    63.3 of words are in the 5000 most common words
    70.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.