Latin Common Turkic

Өмірбаян - 30

Süzlärneñ gomumi sanı 3943
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2207
37.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
атқан қапастан құтылып шыққанша жағдайға бағынбасқа амалы жоқ екен.
Қалай құтылып шығады? Құлқын сəріден жар құлағы жастыққа тигенше
осы сұраққа жауап іздеп жүңкейлейді. Алды да, арты да тұйық. Кең дүниеге
алып шығар жол атаулы жабық. “Дертім жоқ. Жаланың құрбанымын. Мені
босат” деген жалынышты сөзін емдеуші дəрігер жүре тыңдайды. Тақымдап
қоймаса алдап құтылады.
Бас дəрігермен сөйлесіп көрейін,– дегелі қанша уақыт өтті. Дəрігердің
сылтауы көбейіп барады. Тіпті ол шамасы келсе мұның көзіне түспеуге
тырысып, қашып жүретін ауру тапты. Аяғанның тағдырын медағаларға
тапсырып қойған тəрізді. Ал сөз түсінбейтін медағалармен тіл табысу қиын
шаруа. Жындыханаға əдейі сондайларды таңдап ала ма, бəрі шетінен
дөрекі, келесау.
Аяғанның түсінгені – жындыханаға түскен адам оңайшылықпен шыға
алмайды екен. Іздеушісі жоқ жанға көзқарас та басқа. Басқа ауруларға андасанда ағайын-туыстары келіп, бір бұрышта шүйіркелсіп отырады. Осындай
сəтте Аяғанның мұңға күпті жүрегі қан жылап, жанын қоярға жер таппай
тыпырлайды. Бір ретте дəл осындай жағдайда емдеуші дəрігеріне барған.
Басынан кешкен тарихты тəптіштеп түсіндіріп жатуға уақыт тар
болғандықтан төтесінен тартқан.
– Бала-шағам қаңғырып қалды. Мені босат. Босатпасаң алысып өлемін.
Дəрігердің кінəсінен өлдім деп хат жазып кетемін,– деген. Оның мұнысын
емдеуші дəрігер жындының сөзі деп ұқты. Осыдан кейін Аяғанға деген
көзқарасы күрт өзгерді. Медағалар қыдыңдап қыр соңынан қалмайтын əдет
тапқан. Дəрігердің тапсырмасы ма, жоқ əлде, біреулер айдап сала ма, қымс
етсе ұрады. Біреуінің күші жетпесе жабылып сабайды. Тірі адам кеудесінен
шыбын жаны пыр етіп ұшып шығып кеткенше бəріне көнеді екен.
Басынан сөз асырмайтын Аяған үндемеуге үйренді. Оның бір ғана мақсаты
бар. Қайткенде де амалын тауып, қарғыс атқан жындыханадан шығуы
керек. Анасы түсіне кіріп, наркүмəн ойлардың жетегіне ілесіп, адасып
қалып жүр. Ол кісі не күйде екен? Əкесі де сүйретіліп əрең жүрген. Қашан
болсын сол екеуі бір сұмдыққа ұрынып қалғандай жүрегі суылдайды. Атаанасын ойласа кірпігі ілінбей азапқа түседі, соңғы уақытта шырт ұйқыдан
шошып оянатын ауру жабысты.
Шиеттей үш баласын ойлап, жүрегі қан жылап, тыпырлап тыныш отыра
алмайтыны жəне бар. Олар не қалде? Екі көзі төрт болып, қара жолға
қарай-қарай үміттері үзілген шығар. Елжастың періште жүрегі осындай бір
сұмдықтың боларын алдын-ала сезген секілді. Адам баласында болашақта
болуы мђмкін жағдайды күні бұрын сезетін таңғажайып түйсіктің барына
Аяған күмəн келтірмейді. Өзімен құралыптас бір жазушы жігіттің
жаманшылықты алдын-ала сезетінін талай рет байқады. Бірде ол:
– Жаман түс көрдім. Айтуға ауыз бармайды,– деген.
– Неге байланысты? – деп Аяған тақымдап сұрап қоймаған. Оның көңілін
қимаған жазушы жігіт қайта-қайта күрсініп отырып түсін айтып берген.
Жазушының түсінің айна қатесіз дəл келетіндігіне мүлде сенбеген. Арада
екі-ақ сағат өткен соң Аяған əйгілі ақынның қаза тапқанын естіп, жағасын
ұстаған.
Мен өзімнің қанша, қай күні өлетінімді білемін ғой сорлағанда,– дейтін ол
күңіреніп. Өмірі үзілетін уақытты білетін адамның əрбір күні уайыммен
өтетін шығар, сірə. Тірі пендеге не сыйлары жұмбақ белгісіздік жақсы.
Адам үміттенеді, алданады, алға – жақсылыққа ұмтылады. Өмір деген осы.
Кісі баласы шыр етіп жарық дүниеге келгеннен кейін құдай мұңдайына
жазған қуаныш-қызығын, азабын көргені мақұл ғой. Осында жүрген,
санасына ақылдың сəулесі түспейтін бейшаралар өздерінше бақытты.
Олардың өздеріне тиесілі қызық-қуанышы, уайым-мұңы бар.
Аяғанның есіне осыдан бір жеті бұрынғы оқиға түсті...
Түс кезінде есік алдындағы орындықта күнге қақталып, ой түкпірін
ақтарып отырған. Жетектескен екі кемпір əдеттегідей жанын жайғасты,
оларды қуалап, өзін дүниедегі ең білімді, ең ақылды адаммын деп
есептейтін бүкіш шал келді.
– Отыруға болмайды! – деген Аяған оған сес көрсетіп. Екпіндеп келген
шал көзі жасаурап, оған жасқана қарап, лəм-мимсіз состиып тұрып қалды.
Осы кезде Сталиннің үлкейтілген суретін көтерген Напалеон сап ете түсті.
“Күн көсемнің” бейнесін көргенде екі кемпірде зəре қалмады, үйренген
əдеттеріне бағып, жалп-жалп құлап, мұртты əулиеге тағзым еткен.
– Намаздың уақыты болып қалды ма, қыздар? – деген не істерін білмей
абыржып тұрған бүкіш шал.
– Саған бəрібір емес пе, Саламон. Тізерлеп отыра қал да сайрай бер. Ə-ə,
сен сорлы христиан екенсің ғой.
– Біз о дүниенің есігінің алдында тұрмыз. Сондықтан барлық құдайға
құлшылық етуіміз керек, Напалеон,– деді бүкіш шал біреу естіп қоя ма
дегендей жан-жағына жалтақтап. – Бірі болмаса біреуінің рахымы түсуі
мүмкін ғой.
– Ах-ха, солай де... Сен баяғыда бəріне бірдей құлшылық еттің. Бəріне,
бəріне,– деп Напалеон еліре айқай салды. – Сталин жолдасқа да, Хрущев
тазға да, Брежнев қыртқа да... Сол себепті сенің кеудеңде сылдырлақ көп.
Сен оларды, олар сені алдады, едремайт. Ең соңында ешқайсысың ұтылған
жоқсың. Ұпайларың түгел. Едремайт, оңбаған!
– Маған айқайлауға болмайды.
– Ах-ха, солай ма. Неге?
– Жүрегім ауырады. Ұйықтай алмаймын.
– Ха-ха-ха! – деп қарқылдап күлді Напалеон. – Саламон, қатып ұйықтайтын
уақытың жақындап қалды. Өз қолыммен апарып көмемін. Алдымен алтын
тістеріңді қағып аламын.
Бүкіш шал иегі кемсеңдеп, екі көзі жасаурап, қолы қалтырай бастады.
– М-м-е-нің өлгім келмейді,– деді Саламон жыламсырап.
– Сіздің лимитіңіз таусылды деп жүр ғой дəрігерлер,– деді Аяған əдейі
жүйкесіне тию үшін.
– Əне, естіңіз бе, педераз! Шаруаң бітті,– деді Напалеон əрі-бері көйкеңдеп
жүріп.
– Н-а-а-п-а-леон, досым менің! Саған жақсы қарап едім ғой баяғыда.
– Но-но! Мен сатылмаймын. Сен педик беті жылтыр қатындардан
басқаларға қарамайтынсың.
– И-и-и... Қара машинасы бар еді,– деді манадан бері жер шұқылап,
ойланып отырған неміс кемпір. – Қыз-келіншектердің барлығы бұдан
қорқатын.
– Сендер мені жек көресіңдер,– деді қоянның көжегіндей бүрісіп отырған
шал. Екі кемпір оның мүсəпір қалге түскеніне масайрап, бір-біріне қарап,
сөйлеп, мəз болып отыр.
– Əй! – деді еліріп алған Напалеон шаңқ етіп. Бүкіш шал шошып қалды,
қорбаңдап жатып орнынан əрең тұрды. Жүгіретін адамдай екі қолын
кеудесіне алып, дайындала қойды. – Сен құрыдың! Үсіп өлетін болдың. –
Оны қолтықтап оңаша алып шықты да, құлағына сыбырлады. – Мына
кемпірлер пальтоңды, етігіңді, бас киіміңді мусор жəшігіне тастап, өртеп
жіберіпті.
– Н-е-г-е?
– Сенің киіміңнен спидтің вирусі табылыпты.
– С-с-пид дейді?!
– Дəл сол ит,– деп ырқ-ырқ күлген Напалеон мəз болып. – Енді сені
тексереді. Денеңнен спид тапса бензин құйып, өртеп жібереді. Ал мен...
Мен рахатқа батып, қол шапалақтап, саған қарап тұрамын.
– А-а-а... Жазығым жоқ менің...
– Доғар, оңбаған! Сен спид таратушысың.
– Напалеон,– деді бүкіш шал жыламсырап. – Оңбай кетейін, ешкімге
жолағамын жоқ. Кемпірім 1982 жылы 13 қарашада, Леонид Ильичтен бір
күн кейін қайтыс болған.
– Спид капитализмнің ауруы. Сенің солармен байланысың бар. Мен
білемін,– деді Напалеон одан сайын еліріп.
– Спид дейді?!.. Ол не тағы? – деді қазақ кемпір құрбысына қарап. Ол да
түсініп жарытып отырған жоқ.
– Ол жау! Халық жауы! Ол хунта! Пиночет! Гитлер!.. Вот так, вот! Спид –
капитализмнің ауруы,– деп Напалеон бар дауысымен айқай салды. Екі көз
қанталап, қызарып кетіпті, оң жақ беті жырбыңдай бастады. Аяған оның
делебесі қозып, елірмесі ұстағанын түсініп:
– Напалеон, доғар бассыздықты! – деп айқайлап келіп, шапалақпен салып
жіберді. Ешкімге ерік бермей еліріп тұрған бейшара əпсəтте жуасып, сұлқ
түсті. Қалшылдап тұрғна бүкіш шалда зəре қалмады, екі қолын кеудесіне
алып, бүкшеңдеп тұра қашты. Ұзап барып тоқтады да, бұрылып қарады.
Қызылкөз пəледен құтылғанына көзі жеткен соң сүріншектеп, аяғын
тырпылдатып дəрігерлер корпусына қарай кетті.
Үн-түнсіз тұрған Напалеон кенет ышқына дауыстап:
– Жасасын Сталин жолдас!– деді. Екі кемпір бүкшиіп отырып
Напалеонның айтқанын қайталады. Шал осыдан кейін “күн көсемнің”
суретін көтеріп, өзі тұратын корпусқа қарай жүрді.
Көп ұзамай дəрігерлер отыратын бөлмеден бүкіш шал шықты да, белтемірі
майысқан арбаның дөңгелегі тəрізді қисалаңдап бері қарай жүгірді. Келе
салып:
– Напалеон мені алдапты. Бізге спид келмепті. Вот так, вот!.. Шалдар мен
кемпірлерге спид жұқпайды дейді. Спид қауіпті емес дейді. Біз əлі өмір
сүреміз, қыздар,– деді мажырап. Бір сұрапылдан аман-есен құтылғанына
екі кемпір де мəз болып отыр. Аяған кəрілердің қылығына күле тұрып
оларды істей сұмдық аяды.
“Осы кісілер спидтің не екенін білмейтін де шығар-ау” деп ойлады. Спид
түгіл одан зорғысы келсе де бұл екеуінің қорқатын жөні жоқ. Бір сəттік
жарық сəулені қиып кете алмай сүйретіліп жүрген екі кəрі қашан қара
жердің құшағына кіргенше осылай алданады; алданып күледі, алданып
жылайды. Өмір деген осы...
Денсаулығы өте нашар, ақылы ауысқан кəрілерді көргенде Аяған тереңіне
бойлатпас ойларға кетеді. Қаңқасы шіріп, іске жарамай қалған машина
сияқты шаруасы біткен шал-кемпірлерді сүйрелеп апарып, дəрі құйып, ем
жасап тыпырлап жүретін дəрігерлерді түсінбейді. Олар Аяғанға істен
шыққан машинаның əр-əр жерін жіппен, темірмен байлап алып,
дырылдатып орталық көшенің шаңын аспанға шығаратын дарақы
шопырлар сияқты болып көрінеді. Атар таң, алдағы күннен тəн азабынан
басқа ештеңе күтпейтін, күш-қуаты сарқылып біткен, санасы семген кəріқұртаңдарды емдеп, шандырға айналып кеткен денелеріне ине сұққылап
шырылдату адамгершілікке жата ма, сірə?! Оларды өлтірмеу үшін азаптау
кісіліктің қай шартына жатар екен? Қара жердің бетінде қасіреттің мəңгілік
жасайтынын дəлелдеу үшін құдіреті күшті алла тағала жарымжан
пенделерді əдейі қалдырып кететін шығар. Кейінгі ұрпаққа үлгі болар іс
бітірмей-ақ сексенге келіп селкілдеп жүрген кейбіреу аспандағы айды
жерге сүйреп түсіргендей жұрттың апшысын қуырып, міндетсігенде
Аяғанның қабағы кіржиеді. “Кəріден иман кетсе, жастан ұят кетеді” деген
осы екен ғой” деп ойлады мұндайда.
Аяғанның есіне əкесі айтқан бір əңгіме түсті...
– Баяғыда бір елде қартайған адамды жардан лақтырып жіберетін дəстүр
болыпты,– деп бастайтын ол кісі əңгімесін. – Сол елде Данабек деген
жалқы жігіт өмір сүріпті. Келіншегі жылдар бойы бала көтермей, құдайға
жалбарынып жүріп ақыры ұлды болыпты. Жүрегі жарылардай болып
қуанған Данабек ұлының құрметіне дүрілдетіп той жасайды. Баласын
қолынан тастамай көтеріп жүріп бағады. Əкенің дəулетінің арқасында
жалғыз ұл қияндық көрмей өседі. Данабек қартаяды. Елдегі қалыптасқан
дəстүр бойынша ұлы қартайған əкесін жардың басына алып шығады.
Əкесінің егіліп жылағанына қарамай жардан лақтырып жібереді.
Содан не керек, жылдар өтіп, жалғыз ұл да ақсақалды шал болады. Бір күні
ұлы дəл осы жардың басына алып келеді. Шал жылаудың орнына күледі.
– Əке, неге күлдің? – деп сұрапты ұлы.
– Осыдан елу жыл бұрын қартайған əкемді осы жерге алып келгенім есіме
түсіп тұр, балам,– деп жауап беріпті əке.
Осы əңгімені айтып болғаннан кейін Қуат қария сақалын саумалап,
ойланып отырып қалатын. Біраздан кейін еңсесін басқан ауыр жүктен
құтылғандай сергіп:
– Е-е, алла, бергеніңе шүкір,– дейтін. – Дүние кезек, балам. Дүние
жасарып, жаңаланып тұру керек.
“Мен қартайғанда таудың басына алып шығып, лақтырып жібересің ғой”
дегенді меңзеп отыр деп ойлайтын Аяған шыр-пыр болып ақталатын.
– Жə, балам, өтірікке дағдыланба,– дейтін əкесі қабақ шытып. – Уақтылы
келген өлім жақсы өлім. Ешкімнің табасына ұшырамай, сүйкімімді
жоғалтпай жүріп кетсем арман не.
Маңдайы жерге тиюге сəл-ақ қалған кəрілерді көргенде есіне əкесінің осы
сөзі түседі. Асарын асап, жасарын жасаған, келер күннен үміті кем, өздерін
өздері қинап, сүйретіліп жүрген шал-кемпірлерді іштей аяй тұра оларды
ұнатпайтыны рас.
Қайда барса алдынан солар шығады. Бəрі шетінен көкірек. “Менің еңбегім
сіңген. Мына қоғамды қолымызбен құрғамыз” деп көкірек қағып, ешкімге
жол бермейді. Тіпті арақтың кезегінде де қисалаңдап алға шығып кетеді.
“Қоғамды өз қолдарымен құрған” əлгі мықтылар біраздан кейін əр-əр
жерде қылжиып құлап жатады”.
Жалғыз баласынан туған жалғыз немересіне еміренбейтін, айына-жылына
бір қара көрсеткенде “бізді тонау үшін келді” деп тыржыңдайтын шалкемпірге кімнің іші жылый қойсын. Жалғыз ұл мен немерені
керексінбейтін, қара басының амандғы үшін ғана қыбырлап жүрген ондай
тасмаңдайлардың басқаға жаны ашысын ба?! Аштық келсе немересінің
қолындағы бір жапырақ нанды тартып жеудегн тайынбас-ау, сірə.
“Маған бола берсе екен” дейді ондай мысық тілеулі пенделер. Олардан
кейін дүниені топан су басып, адамзат баласы тып-типыл жоғалып кетсе де
бəрібір əлгілерге. Былтыр үйінен қуып жіберген Фарид абзи сондай адам
еді. Қазір де міне, сондай пасық пиғылды пенделермен бір бөлмеде жатыр.
Бүкіш шал күн сайын құнжыңдап, азын-аулақ тиін-тебенін əр-əр жерге
тығып, əуреге түседі. Ешкімі жоқ қубас екен.
– Бала-шағаңыз болмады ма? – деп сұрады бірде одан. Бүкіш шал оны
мазақтағандай тарқылдап күлді.
– Бала-шағаның керегі не? Олар алуды ғана біледі. Пайдасы жоқ. Вот так,
вот! – деген Аяғанға ежірейе қарап. Екі көзіне ашу толып, шатынап шыға
келген. “Ақылсыз сұрақ” берген көршісін кінəлай сөйлеген. – Бала-шағасы
бар адамдарды көріп жүрміз. Бейшаралар! Өмірлері өмір емес. Ал біз
Мария Исаевна екеуміз адамша өмір сүрдік. Біздің Рида деген овчаркамыз
болды. Ол сондай ақылды еді. Бізді түсінетін. Бізге еркелейтін. Ой, несін
айта берейін. Мария Исаевна кейде түсіме кіреді.
– Ə-ə, сізді шақырып жүр екен ғой, – деген Аяған ашуын күлкіге жеңдіріп...
Шалдың басы қалтаңдап, иманы ұшып кетті. Бірнəрсе айтқысы келіп, бірақ
тілі икемге көнбеді, аузы жыбырлағанмен сөйлей алмай қойды. – Мария
Исаевнаны жақсы көрсеңіз жалғызсыратпай жанына барғаныңыз дұрыс
қой.
Екі көзі жасаураған шал Аяғанға жек көре қарады. Не сөйлей алмай, не
орнынан тұруға дəрмені жетпей басы қалтаңдап біраз уақыт отырды. Сонан
соң ажал келіп, ай-шайға қаратай сүйрей жөнелердей жылап қоя берген.
Аяған оны жұбатпады, сүйкімі кетіп қалған бүкіш шалға жиіркене қараған.
Кешкілік екеуі оңаша қалғанда бүкіш шал:
– Мен көп жыл обкомның бірінші хатшысы болдым,– деді мажырап.
Артынша қабағы тұнжырады. – Мария Исаевна екеумізге баланың керегі
болған жоқ.
– Бала адамға ғана керек,– деп кекетті жігіт. Бүкіш шал оның сөздерінің
астарын түсінген жоқ.
– Ол қайтыс болғалы төрт жыл,– деп кемсеңдеді шал. – Сталин өлгенде
бірінші, Хрущев орнынан алынғанда екінші, Брежнев қайтқанда үшінші
рет инфаркт алған. Үшінші инфаркт алып кетті оны. – Шал жасаураған
көзін сүртіп, басы салбырап отырып қалды.
Мария Исаевнаның тірлігі жігітті ойға қалдырды. Көсемдер жаңаланғанда
қатты қапаланып, жер сілкінетіндей үрейленетін адамдарды Аяған да
білетін. Көсеммен бірге заман өзгереді, жаңа заманның əрбір пендеге
қандай сый ұсынары алла тағалаға ғана аян. Бəлкім, қасірет əкелер,
шаңырағын шайқар. Мария Исаевна сияқтыларды үрейлендіретін,
инфракқа дейін жеткізетін де сол күдік шығар, сірə. Шайқап ішіп,
шайқалып жүргендер қоғамның жаңарғанын қаламайды. Оларға үйреніскен
бұрынғы көсем керек, өйткені биік астаудан жем жеп үйренген Саламон
патша мен оның жұбайы мемлекет басындағы адамның да, ескіруге
айналған қоғамның да барлық сырын жақсы біледі. Ескі қоғамда өмір сүру
оларға жеңіл. Жаңа атаулы кісіні тосын мінезімен шошытады. Сондықтан
ескі қоғамның игілігін көп көргендер жаңаға екі қолын көтеріп қарсы
шығады. Аяғанның білетіні – ескілік қарсыласқыш, ол өте əккі,
оңайлықпен берісе қоймайды. Ақыл-есі бүтін, айла-амалы көп шалшауқандар түгіл басын əрең алып жүрген, əне-міне дегенше қылжиып
құлап қалуға дайын ауру-сырқау кəрілердің өздері өтіп кеткен заманды
шырылдап қорғайды. Оларға сенсе, Сталин билеген дəуірлен өткен əділ де,
бақытты заман болмаған секілді. Кім білсін, бəлкім, солардың айтқаны
дұрыс та шығар. Өзінің өткен өмірін кім сызып тастай салсын. Напалеон да
өз шындығын шырылдап қорғап жүр. Оның шындығы – Сталин.
Аяғанның білетіні – өз шындығын қорғай алмайтын, тіпті оны мүлде
қажетсінбейтін, кім күшті болса соның жағына ойланбай шыға салатын
екіжүзді жаңа ұрпақ өсіп жетілді. Бүгін олардың барлығы əлдекімнің
сойылын соғып, Сталинге шабуыл жасап жатыр, ертең аяқ астынан заман
құбылса олар ыққа қарай аунай салады. Олардың айтысына қарағанда,
Сталин коллективтендіруді халықты қыру үшін ойлап тапқан сияқты. Осы
тұжырымға Аяған қарсы. Сол заманның, сол уақыттағы қоғамның
табиғатын, болмысын терең талдап түсінбей, мінезіндегі қитұрқыларды
білмей тұрып, бар кінəні бір пенденің басына үйіп-төге салу əділ ме? Дəл
сол уақытта Сталинде тарихтың доңғалағын кері айналдырып жіберетіндей
күш, аса үлкен бедел болды дегенге Аяған сенбейді. Ол дəуірде Лениндік
гвардияның іргесі сөгіліп, азайып, арзандай қойған жоқ еді ғой.
Социализмді қалай орнату керектігін оның теориялық негізін салған
ғұламалар да айтып, жазып кеткен жоқ. Жаңа қоғамның алдында аса зор
сын тұрды. Екінің бірі. Не өмір не өлім. Қуат-күші кеміген, бірін бірі түсіне
бермейтін аш-жалаңаш əртекті халқын қалай асырауды білмей абыржып,
салбөксе болып жатқан алып мемлекетті екі аяғынан тік тұрғызып, аз
жылда ұлы державаға айналдыру үшін Сталин сияқты қатал адамның
керек болғанын таным-түсінігі бар кісілер зерделер. Кім білсін, Сталинді
соншалық қатал, шектен тыс қатыгездікке баруға уақыт мəжбүр еткен
шығар. Егер оныңорнында көңілшек, қара басының ғана қамын ойлайтын,
етек аңдыған жұпаркіндік біреу отырса, талап жейтінбей болып қас
жаулары жан-жағынан анталап тұрғанда жас мемлекет осындай дəрежеге
жетере ме еді? Сталинді ғайбаттамайтын адам жоқ қазір. Оның атын сансаққа жүгіртеді. Қарақан басының қамын ойласа да бар жақсылықты өзіне
жасамай ма. Өлгенде аяғына кигізетін жөні түзу туфли таппай, амалдың
жоқтығынан тұмсығы ақжемделіп, тозып кеткен жалғыз ботинкасын
кигізіп, қоштасуға келген жұрт көрмес үшін венокпен жауып қойыпты.
Оның өмірі тек қана қараулық пен қатыгездіктен тұрмайды ғой. Көсемнің
кемшілігі – уақыттың кемшілігі. Уақыт ақыл-парасатына төрткүл дүние бас
иген дананың да, бүкіл ғаламды бағындырған патшаның да еркіне
бағынбайды. Осы біршындықты біле тұра жұрт заманның кінə – кемшілігін
бір адамның мойнына артып, қандықол құныкер дейді. Дүрмекке ілесіп,
бұл да Сталинге тас атты. Қалың жұрт дүрмекке қосылып, жосықсыз
дүрілдеді. Халық – тобыр. Сол қалың тобырдың ішіндегі сұңғылалар көп
жағдайда үндемей қалады. Неге? Бəлкім, бұл заманға, қоғамға деген
сенімнің тым аздығына байланысты шығар. Бəлкім, ірілігіне тірлігі сай
келе бермейтін мемлекеттің табиғатындағы қатыгездіктен қорыққандықтан
үндемеуге үйренген шығар олар. Сонда шындықты кім айтады? Шындық
үшін əйтеуір біреулер құрбандыққа баруға тиіс емес пе?! Болашағы бұлдыр
халқының сөзін сөйлеп, туған елінің бақыты, тəуелсіздігі үшін басын оққа
байлап беретін марқасқа қайда? Бұл заманның Исатай, Махамбеті,
Кенесары, Бекболаты қайда? Олар неге жоқ? Неге?..
Қаптаған қалың сұрақ Аяғанның алдына асқар таудай көлденең түсіп
жатып алды. Сол биіктен асып кете алмай үнемі тұйыққа тіреле беретін
жігіт қордалы ойлардан қажыйды. Ойдан құтылу үшін басқа ермек іздейді.
Бірақ ой зəлім өкшелеп қуып, қыр соңынан қалмай діңкелетеді. Аяған қазір
де міне, аш қасқырдай араны ашылып, анталап келіп бас салған ойдың
жетегінде сүмеңдеп келе жатыр.
– Қуатов! Қуатов! – деп шуылдады жындыханаға кірер есіктің түбінде
иіріліп тұрған бір топ адам. Ойдың иіріміне батып кеткен Аяғанның құлағы
таскерең. Бүкіш шал келіп қолына жармасқан сəтте ой тұманы сейілген
секілденген.
– Саған адам келді,– деді шал жымыңдап. Жігіт белгілі адамдарға ғана
ашылатын үлкен қақпаға жалт қарады, қайғыдан қажыған жүрегі лүпілдеп
келіп, аузына тығылды. Екі өкпесін қолына алып, темір қақпаға қарай
құстай ұшты.
Хадиша іздеп келеді деп мүлде ойламаған. Кішкентай сəбиін құшақтап,
бүрісіп отырған келіншекті көргенде қалт тоқтап, оған таңырқай қарады.
Хадиша жылаған сияқты, екі көзі ісіп, қызарып кетіпті. Аяғанды көріп, лып
етіп орнынан тұрды да, жымиып күліп, қарсы жүрді.
– Сəлеметсіз бе, аға!
– Ағасын Асылхан батыр іздеп келген екен ғой,– деді жігіт көңілі босап.
Келіншектің қолындағы бес айлық сəбиді алып, иіскеп сүйді. Нəрестенің
исі-ай, шіркін! Ғажайып иіс тұла бойын балқытып, кеудесін тазалап
өткендей əсерге бөленді. Көңілі босаған жігіт Асылханды көкірегіне
қысқан күйі қимылсыз ұзақ тұрды. Іші-бауыры езіліп, үнсіз егілді.
Əудемнен кейін көңілі орнына түсіп, өзіне өзі келген соң нəрестені
шешесіне қайтарып, тілге келді.
– Міне, бізді осында алып келіп салды,– деп қинала күлімсіреді. –
Өкіметтің қамқорлығына өттік біржола.
– Сізді іздемеген жеріміз қалмады, аға. Қаладағы милиция бөлімін түгел
сүзіп шықтық,– деді Хадиша жан-жағына жалтақтап, қорқып тұрған
сияқты. – Дені сау адамдарды жындыханаға алып келеді деп кім ойлаған.
Сұмдық-ай!
– Осында келіп жүретін құрбым сізге ұқсайтын біреуді көрдім деген соң...
Тіпті адам сенбейді екен. Ой, алла-ай!..
– Сенуге тура келеді енді,– деп қинала езу тартты жігіт. – Бұл заманда
ештеңеге де таң қалуға болмайды.
– Сұмдық қой мыналары. Бұдан кейін үкіметке қалай сенесің?
– Е-е,– деп күрсінді Аяған. – Иə, қал-жағдай қалай?
– Жаман емес, аға. Сізді алып кеткеннен кейін Мұса Байларов деген біреу
келген. Алдияр ағаны институттан шығарды. – Хадиша кінəлі адамдай
басын төмен салып, бір сəт үндемей қалды. Аяған да үнсіз. – Мен қазір
жатақханадамын, аға.
– Алдекеңнің үйінен неге кеттің?
– Сыздық аға күнде мас. Мазамды алған соң...
– Сыздық... Ақылын ішіп қойды ғой ол.
– Қайтадан ЛТП-ға алып кетіпті. Роза апайға телефон соғып тұрамын. Сол
кісі айтты.
– Алдекеңнің отын өшірмеу керек еді. Жалғыз ұлының сиқы анау,– деп
қинала бас шайқады жігіт.
– Мен барып тұрамын ғой,– деді келіншек оған жасқана қарап. Аяған оның
жасқаншақ жанарынан өзіне деген жылылықты, мейірім шуағын байқап
қалды.
– Айналайын сенен,– деген сөз аузынан еріксіз шығып кетті. Келіншектің
бетіне лып етіп қан ойнап шықты. Жымыңдап сəбиінің бетінен сүйіп, теріс
айналды.
– Декан Камал, Қанат, Еріктің соңына түсіп алыпты. Олар Алдияр атаның
үйіне келіп тұрушы еді. Біраздан бері хабарсыз кетті. Оқудан шығарып
жіберді ме деп қорқып жүрмін.
– Олар ойына келгенді істеп жатыр ғой, Хадиша. Күш солардың қолында.
Қарсылассаң басыңды қағып тастаудан тайынбайды. Мені біресе түрмеге,
біресе жындыханаға əкеліп тығып жүрген солар емес кім дейсің. –
Аяғанның кеудесіне ашу тығылды. Қиянатты көп көргендіктен жүйкесі
əбден жұқарған екен. Танауы қусырылып, жүзі сұрланып шыға келді. –
Мені тындырып, балаларға ауыз салған екен ғой.
– Сізді шығарып алудың қандай жолы бар, аға?
Аяған бас шайқап, төмен қарап үнсіз қалды. Бұл жерден құтылы шығудың
сан түрлі жолын іздеп, басын қатырған, бірақ ойлап тапқан айла-амалы
ешқандай нəтиже бермеді. Көзінің анық жеткені – бұл іске үлкен қызметі
бар адам араласқан жағдайда ғана мəселе дұрыс шешілмек. Аяғанның
аузымен құс тістеген ағайыны жоқ. Əкесінің айтуына қарағанда, түрмеден
аман-есен құтылып шығуына Қуандық Сəруаров деген азамат қол ұшын
берген сияқты. Ол адамға айқайласа дауысы жетер ме?! Телефонын
білгенмен байланыс жасай алмайды. Жолығатындай мүмкіндік туса
ішіндегі зар запыранын түк қалдырмай қотарар еді. Сəруаровты іздейтін
кім бар? Əке мен шешенің жағдайы анау. Жанашыр болып жүрген үш-төрт
студент пен Хадишаның мүмкіндігі шектеулі. Бұлардың ниетін білсе Мұса
Байларов барлық жолды жаптырады. Бүкіл елге аты мəшһүр ғұлама Алдияр
Ақпанұлын жабылып талап жеп қойған аузымен құс тістеген қиянатшыл
топқа үш студент күлкі болып па, тəйірі. Олардың қаһарына ұшыраса сайда
саны, құмда ізі қалмай тентіреп кетер. Мұса, Жақия секілділер аямайды
ешкімді. Сондықтан балалардың обалына қала алмайды. Кеудесінде
шыбын жаны бар тірі пенде емес пе, бір жолын табар. Реті келсе қашып
шығар.
– Менің шаруама ешкім араласпасын,– деді жігіт қабақ шытып.
– Ой, аға, не деп тұрсыз өзіңіз? Қойыңызшы тегі! – деп шамданды Хадиша.
– Баратын жерге мен-ақ барамын. Жоғарыдағылардың барлығы ректор мен
деканның аузына қарап отырмаған шығар. Жапа шегіп, қиянат
көргендердің зарын тыңдайтын бір адам табылмас дейсіз бе. Асылхан
екеуміз Орталық партия комитетінің есігін күзетсек те сондай адамға
жолығамыз.
– Мен қорқамын олардан, Хадиша,– деп күрсінді Аяған. Шарасыз қаліне
күйінгендей қабақ шытып, маңдайын ұстап, үнсіз тұр.
– Қорықпаңыз, аға! Олар Кеңес үкіметінің заңынан күшті емес,– деді
келіншек жігерленіп.
– Мен білемін, олар ештеңеден тайынбайды. Араласудың керегі жоқ. Мен
үшін өміріңізді бүлдірмеңіз, Хадиша,– деді жігіт оны иығынан құшақтап.
Сыпайылық сақтап қайтадан сізге көшкенін өзі де аңғармады. Келіншек
мұндайды күтпеген болу керек, сөйлей алмай тұтықты. Аяған оның
дірілдеп тұрғанын сезіп, жүзіне ұрлана көз тастады. Екі беті қызарып
кетіпті, езуіне болар-болмас күлкі ұялапты. – Бір өтінішім бар, Хадиша.
Келіншек оған бұрылғанмен басын көтеріп, тура қарай алмады.
Жұпынылау киінген Хадишаның жұдырықтай болып томпиып тұрған қос
анарына көзі түсіп, екі беті əлсіз ғана шым етті. Келіншек оның көзінің
қайда түскенін сезді ме, алдында жатқан сəбиін көтеріп алып, кеудесіне
қысты.
– Мен ауылдан кеткелі біраз уақыт болды. Шешем ауруханада жатыр еді.
Хабарын біле алмай дымым құрып жүр. Бала-шаға не күйде? Мүмкіндігіңіз
болса бір хабар біліп берсеңіз болар еді,– деп ұялшақтап отырған
келіншекке жалбарына қарады. – Аудан орталығында Сабыржан деген
ағайынымыз бар еді. Сол кісінің үйіне телефон соғып, жағдайды білуге
болады. Менің мұнда жатқанымды айта көрмеңіз. Ауруханада жатыр дей
салыңыз.
– Жақсы, аға, қазір барып білемін,– деді келіншек орнынан тұрып жатып.
Аяған тілдей қағазға Сабыржанның үйі мен қызмет телефонын жазып
берді.
– Бір айналып келемін, аға. Не алып келейін?
– Əуре болмаңызшы,– деді Аяған. Келіншектің қолындағы сəбиді алып,
мейірі қанбай иіскеп, маңдайынан сүйді. – Азамат! Бақытты бол!
– Біз келеміз, аға,– деп Хадиша оған күлімсірей қарады. Аяған келіншектің
маңдайынан сүйді. Маңдайы от болып жанып тұр екен, ерні күйіп қалған
секілденді...
Келіншекті шығарып салғаннан кейін Аяған қақпаның маңайынан ұзай
алмай қойды. Тағы да əлдекімдер келіп қалатын сияқты елегізіп, тағаты
таусылды. Бір сəтке адасып қалған екі кемпір оны тауып алғандарына
қуанып, күбірлесіп сөйлеп, мəз болып тұр. Мына екеуін тағы да адастырып
кетпек болып аурулар қыдырып жүрген алаңға қарай бағыт түзеді.
Күңкілдескен екі кемпір жетектескен күйі жігітке ілесті. Олардың соңынан
сүмеңдеп бүкіш шал келе жатыр.
– Жаңағы кім? Əкелің бе? – деп сұрады бүкшеңдеп əрең ілесіп келе жатқан
шал айқайлап сөйлеп. – Əдемі екен. Балаң кішкентай. Өзіңдікі ме?
Тақымдап тақылдап келе жатқан шалдан құтылу үшін Аяған жүгіре
жөнелді. Бүкіш шал:
– Ақырын жүгір, біз жете алмаймыз,– деп шырылдады. Жігіт олардан қара
үзіп кету үшін барын салып жүгірді, екінші корпустың жанына тақай бере
тасаға қарай жалт бұрылды. Үшеуі одан адасып қалды. Жігіт əлгілердің
көзіне түспей баспалап қақпаға қарай тартты.
Үш кəрінің көзіне түсіп қалмау үшін ашық алаңға шықпай, жуан теректің
тасасында жасырынып тұрып Хадишаны күтті. Сағат алтыдан аса бере
келген келіншек ішке кіре алмай екеуі екі жақта тұрып сөйлесті.
– Аға, мен ғой,– деді келіншек дауысы дірілдеп.
– Шал-кемпір, балалар қалай екен?
– Аға,– деді келіншек.
– Иə, иə... Айта беріңіз, Хадиша.
– Аға,– деді тағы да. Оның жүзін көрмесе де бір сөзді қайталай бергеніне
қарап, көмейінде бір көмескінің барын сезген жігіттің көңіліне күдік кірді.
– Аға, сіз ер-азаматсыз. Сіз, аға, болаттай берік болыңыз.
Аяған астыңғы ернін тістеп алды. Маңдайынан бұрқ етіп тер шықты. Бір
жаманшылықтың болғанын іші сезді.
– Аға, солай болған екен. Берік болыңыз, – деді Хадиша оның егіліп жылап
тұрғанын Аяған көрмей-ақ білді. – Мен ауылға, балалардың жанына
барайын, аға. Ертең Асылхан екеуміз жолға шығамыз.
– Кім? – деді жігіт жасқа тұншығып. – Кім екен кеткен?
– Анаңыз...
Қолына ып-ыстық тамып кеткен сəтте Аяған селк ете түсті. Екі көзінен
парлап аққан жасты сүрткен жоқ.
– Бекем болыңыз, аға. Балаларды ойлап, уайымдамаңыз,– деп дауыстады
жылап тұрған Хадиша. – Мен барсам олар жетімдік көрмейді, аға.
– Рахмет саған! – деді жасқа тұншыққан жігіт. Айналайын сенен!. Осы
жерден аман шықсам, өмір бойы сені төбеме көтеріп... Сені аялап...
Айналайын!..
– Тезірек шығыңыз, аға. Біз күтеміз сізді...
– Балалар өзіңе аманат, жаным!.. Сен дегенде үшеуінде де жан жоқ.
– Сағындым оларды...
– Хадиша, Орталық партия комитетінде Қуандық Сəруаров деген құдайға
қараған азамат істейді екен. Менің түрмеден босап шығуыма сол жігіт қол
ұшын беріпті. Болған жағдайды, менің тəлкекке түскен тағдырым туралы
толық етіп хат жазып жіберші,– деді жігіт қиылып.
Мақұл, аға. Бүкін Камалдарды іздеп тауып, ақылдасамыз. Ертең балаларға
кетемін.
Жолың болсын, жаным! Көкеме болған жағдайды түсіндір. Ол кісі түсінеді.
Босай бермесін. “Иттің иесі болса, бөрінің тəңірісі бар”. Бір құдайдан басқа
сенерім қалмады, Хадиша.
Темір қақпаның екі жағындағы екеуі де егіліп жылап тұрды. Уақыттың
тілін таба алмай, құбылып тұратын заманның мінезін түсінбей адасқан екі
мұңлыққа жаны ашығандай кішкентай нəресте шырылдап қоя берді.
47
Жындыханаға маусым айының бесінші жұлдызында келіп түскенін біледі.
Содан бері талай ай өтті, қазір күндердің есебінен жаңылды. Алғаш
түскенде іштей есептеп, күндерін санап жүруші еді; айды, күнді мүлде
керек қылмайтын уайымы жоқ пенделердің арасына келгеннен кейін
соларша өмір сүруге бейімделді.
Аурулар уақытпен санаспайды, тамағы тоқ болып, дұрыс ұйықтап тұрса
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Өмірбаян - 31
  • Büleklär
  • Өмірбаян - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2343
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2206
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3946
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2216
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3919
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2281
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2180
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3962
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    38.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2227
    36.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2066
    37.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3942
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4010
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2308
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2069
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2318
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3894
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2290
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3979
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2333
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3945
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2168
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3915
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3882
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2154
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3928
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2276
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2270
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4009
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2220
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3915
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2159
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3966
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2184
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3950
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2293
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2284
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 4037
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2421
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2292
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3889
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2140
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2161
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3943
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2207
    37.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 3860
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2225
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2113
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 33
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2215
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 34
    Süzlärneñ gomumi sanı 3902
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2224
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 35
    Süzlärneñ gomumi sanı 3386
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2046
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.