Latin Common Turkic

Өмірбаян - 13

Süzlärneñ gomumi sanı 3894
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
52.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
60.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
жігіттің төсіне басын қойып, тым-тырыс тынды. “Дəл осылай өмірбақи
жата берсе” деп қиялдады ол. “Бақыт деген осы шығар” деді. Бақыттан
басы айналған жарым көңіл бейшара қыз өмірден көрген құқай,
қиянаттарын біржола ұмытқандай еді. Алқымына жармасқан жетімдіктің
темір шеңгелінен Алмас біржола арашалап алғандай, ендігі өмірін қол
ұстасып, бірге өткізеріне еш күмəні жоқтай көңілін желік биледі.
“Аяғымның ауыр екенін естісе Алмас қатты қуанатын шығар” деп ойлаған
қыз жақсы хабарын кешіктірмей айту керектігін түсінгенмен батылы
бармай тосылды. Қазір де міне, тілінің ұшында тұрған жалғыз ауыз жақсы
сөзін сыртқа шығара алмай қиналып жатыр.
– Алмас,– деді ұзақ үнсіздіктен кейін дауысы дірілдеп.
– Тыңдап жатырмын.
Хадиша тағы да үнсіз қалды.
– Неге үндемейсің? – деді жігіт оған бұрылып.
– Сен кішкентай балаларды жақсы көресің бе?
– Оларды аяймын,– деп күрсінді жігіт. – Əсіресе жетім балаларды... Олар
жасқана, жаутаңдай қарағанда жылап жібере жаздаймын...
– Ал кішкентайларды ше... Сəбилерді ше? – деді қыз дауысы дірілдеп. –
Жақсы көресің бе?
– Баланы жек көретін адам болушы ма еді?!
– Жек көрмесе балаларын неге тастап кетеді?
– Жек көргендіктен емес, мəжбүрліктен...
Қыз бен жігіт тым-тырыс тынды. Əрқайсысы өз ойымен əуре болып, бір
сəт бір-бірін ұмытты. Алмасқа əу бастағы мазасыз ой айналып соғып, қу
жанын қинаса, Хадиша тілінің ұшында тұрған жалғыз ауыз сөзді қалай
айтарын білмей дағдарды. Ақыры ол шыдамады.
– Алмас, білесің бе?.. – деді екі беті ду-у жанып. – Сен папа боласың.
Жігіт шоқ басып алғандай шошынып, басын жастықтан жұлып алды.
Бірнəрсені бүлдіріп алғандай Хадишаның тұла бойы дірілдеп қоя берді.
– Не дейсің? – Хадишаның жауап беруге шамасы келмеді. – Папаң не
сенің?
– Бойыма бала бітіп қалған сияқты,– деді қорқып қалған қыз жыламсырап.
– Қайдағы бала? Не деп отырсың өзің?!– деді абыржып. – Баласы несі?..
Біздің өзіміз бала емеспіз бе?!
Қызда үн жоқ. Жігіт байыздап отыра алмай орнынан тұрып, шам жақты.
Апыл-ғұпыл киінді. Дəл қазір осы үйден кетіп қалса бала дүниеге
келмейтіндей қимылы əбжіл.
– Қалжыңның да орны бар, Хадиша.
– Қалжың емес,– деді қыз жігітке таң қала қарап. Жақсы хабарды естіп,
жүрегі жарылардай қуанады деген адамы шошынып, шоқ басқандай күйге
түсті. Неге? Осы бір үрейлі сұрақ секемшіл жүрегін құрсауға алды. Жалғыз
ғана “негенің” жауабын табуға өмірден көрген қиындығы көп болса да
көңілге түйгені аз, тіршілікте кездесетін мың-сан қулық, сұмдықтан хабары
жоқ қыздың ақылы жетпеді.
– Мүмкін емес,– деді жігіт мазасыздана бас шайқап. Өңі құп-қу болып
кеткен. – Сен дəрігерге бар, дұрыстап тексеріп.
Қыздың көңілі босап, көзіне жас іркілді. Алмас байқап қалмасын деді ме,
теріс бұрылып, көз жасын алақанымен сылып тастап, ақырын ғана
күрсінді.
Өтірік айтамын,– деді онан соң қинала күлімсіреп. Жігіт оған көзінің
қиығын тастады, қыздың жүзі солғын, қабағына көлеңке қоныпты, екі көзі
балбұлдап тұр. Қиналып күлді. Оның амалдың жоқтығынан, мұның көңілі
үшін ғана өтірік айтып тұрғанын жігіт білді. Не істеу керек? Берекесі
қашып, үйге сыймай аласұрған Алмаста дəл қазір тұйықтан шығар жол
табар ақыл жоқ еді. Дел-сал болып, сұлық түсіп отырған қыздың көңілін
аулап, жылы, жақсы сөзін есепсіз шашты. Мұнысының құр далбаса екенін
біле тұра көсемсіді. Қыздың қабағының қыртысы жазылғанмен көзіндегі
мұң тарқамай қойды.
Сарғайып таң атқан кезде үйге сыймай тықыршып əрең отырған жігіт
Хадишаны қысып, құшақтап, сұп-суық ернінен, тамағынан сүйді де,
асығыстығының себебін сан қайталап түсіндіріп, кетіп қалды.
Хадиша лəм деместен есік алдына шықты. Ұзап бара жатқан Алмасқа
қарап, жүрегі жылап, мұңайып тұрған қыздың қу көңілі бір
жаманшылықты сезді.
*
*
*
Студкеңес мəжілісінің хаттамасы мен ректордың атына жазылған хатты
пəпкесіне салып алғаннан кейін Алмастың ойы онға, санасы санға бөлініп,
бір тоқтамға келе алмай, екі ұдай күйге түсті. Жатақханадан ерте шығып
кеткенмен лекцияға əдейі бармай қалды. Курстастары жан-жақтан
жабылып, түтіп жеп қоюы мүмкін. Олардың алдында жер болып тұрғанша
лекцияға бармағанды жөн көрді.
Бірге оқитын жолдастарына қиянат жасағаны кісілікке, адамгершілікке
жата ма? Ертең басқалардың бетіне қалай қарайды? Сонда қайтпек керек?
Жақияның дегенін орындамаса омақаса құлайды, ол аяйын деп отырған
жоқ. Аңысын аңдып жүріп, қайтып тұрмастай етіп құлатады. Қатарға
қайтып қосылу үшін қысқа өмірі жетер ме, сірə! Омақаса құлаған соң ес
жиып, болашақтан үміттену бос далбаса тірлік болып қалар, бəлкім. Сүйек
болар жанашыр кімі бар? Əкесі анау, қалт-құлт етіп өз күнін əрең көріп
жүрген бейшара. Жалғыз бауыры басқаға тəуелді. Анда-санда салып
тұратын отыз сомына рахмет, ол шіркін кімге тұлға болып жарытпақ?!
Ешкімі жоқ. Ендеше мықтымен жағаласпа, оның ыңғайына жығыл,
дегеніне көн. Қаңтарбаев пен Елемесов сияқты сыпыраның ішінде отырып
ержеткен, əкенің дəулетінің арқасында дүние-мұхиттың шəрбетіне жүзіп
жүріп қанған еркетотай емес. Өмірдің қандай екенін біледі. Өмір қатал. Ол
өзінің бақыты үшін күресе алмайтындарды аямайды. Ешкімнен кем емес,
басқалар сияқты бақытты өмір сүргісі келеді. Күреседі. Күрестің заңы
жығу, не жығылу. Не жығу, не жығылу... Тең түсу – жеңіліс...
Ол 28 – панфиловшылар паркінің ішінде əрі-бері қыдырып ұзақ жүрді,
балалық шағын, бейнесі есінде еміс-еміс қалған анасын ойлады. Аяғанның
отбасын есіне алды, көз алдында оның үш баласының бейнесі келді.
Көздері жаудырап, үлкендерге жасқана қарайтын сүйкімді балаларды
жүрегі езіле аяп кетті. Кеше оларға тəтті-тəмелек ала бармағанына өкінді.
Жан-жаққа тарап кеткен мың сан ойы жиналып, бір арнаға түсті де,
Хадишаға тірелді. Алматың көңілін өкініш пе, жоқ əлде реніш пе, əйтеуір
бір жексұрын сезім жайлады.
“Бала дейді... Ол кімге керек? Жо-жоқ, алдырту керек” деп күбірледі. “Ал
егер ол көнбей қойса ше?” Осындай күдік жолын кесті, аяңдап келе жатқан
жігіт шошынып, оқыс тоқтады. Хадишаның көнбеуі мүмкін бе? Мұның
ниетін білсе ол қыр соңынан қалмайды. Босанып алса ешқайда қашып кете
алмайды, аяғына тұсау салынады. Пəтерден пəтерге көшіп, тапқаны
тамағына жетпей, кисе киімге жарымай тентіреп жүрсін. Қызыл қарын жас
бала мен қу құлқынның қамын ойлап, үзеңгі бауы сегіз қабат əлдекімдерге
жарамсақтанып, зар қағып табанынан таусылсын. Есебін білер ептілер
аспанға шарықтайды. Ал бұл...
Алмас тұңғиыққа шым батып бара жатқандай сезінді өзін. Сол тереңнен
қалай шығарын білмей далбасалаған жігіттің ойына Жақия түсті. Селк етіп,
бойын жинап алды. Барлық жол сол кісіге барып түйіседі екен. Тізгін
соның қолында. Ол көңілі түссе жарылқайды, кектессе қазық қылып қағып
жібереді. Сондықтан соның айдауына да, байлауына да көнбеске лажы жоқ
екен.
Алмас асыға басып, институтқа қарай адымдады.
16
Қазан айының оныншы жұлдызында Аяғанның отбасы профессор Алдияр
Ақпанұлының пəтеріне көшіп келді. Жылы үйге келген соң балалар
жетісіп, жырғап қалды. Кішкентай бала десе емешегі езіліп тұратын
профессорға үшеуі тез арада бауыр басып алды, ол кісінің Бибіге деген
көңілі көл-көсір. Кішкентай қыз бақшадан келісімен шалды төңіректейді.
– Ата, ертегі айтып берші,– дейді. Профессор ойдан құрастырып, Елжас,
Олжас, Бибі, Хадиша туралы қызық-қызық ертегілер айтудан жалықпайды.
Кішкентай қыз ертегі тыңдап жатып ұйықтап қалады.
Ертегіге екі бала да құмар, əсіресе өздері туралы көбірек айтқанды
қалайды. Шалдың ертегілері көңілді, кейіпкерлерінің барлығы жақсы
адамдар болып келеді.
Асылхан мен Ақбота осы үйдің адамдарына айналды. Үйді тазалау, тамақ
жасау екі қыздың міндеті, Асылхан алып кел, барып келге таптырмайтын
қолғанат. Біраз күннің ішінде профессордың жүзіне қан жүгіріп,
басқалардың көмегімен бөлменің ішінде əрі-бері жүруге жарады.
Тамырына нəр бармай семіп, қурап бара жатқан ағашты суғара бастаса
өзегі қоректеніп, бүршік жарады. Солып, сөніп бара жатқан Алдияр ақсақал
жанашырларының арқасында қайтадан қатарға қосылып, адамша өмір сүре
бастады.
Алғашқы əлетте Хадиша үлкен кісіден ыңғайсызданып, үш баланы бір
бөлмеге қамап алып, тым-тырыс отыратын. Шал оның мұнысын сезіп
қалып, реніш білдірген. Бірақ интернатта өскен, əркімнің бетіне жаутаңдап
жүріп ержеткен қыз бөтен үйде еркіндікке мүлде үйрене алмай-ақ қойды.
Шалдың ниетін таныған соң балалар мүлде еркін болып алды. Əсіресе Бибі
ерке. Бақшасынан келісімен үш бөлмелі үйді басына көтеріп Алдияр
қарияның төсегіне шығып секіріп, кеудесіне мініп алады. Біраздан бері
төсекке байланып, қимыл-қозғалыссыз, қараусыз жатып қалған шал мүлде
қабақ шытпайды. Балаларға сес көрсетіп, быж-тыж болып жүретін
Хадишаға ренжиді.
Қызым, балалардың бетінен қақпа. Жүгірсін, ойнасын. Іші пысады
баланың,– дейді езу тартып. – Бір жаман немерем болса деп армандаушы
едім. Құдай менің тілегімді қабыл көрмеді ғой. Үш бөлмелі үйде күні бойы
жападан жалғыз қимылсыз жату оңай ма. Маған балалардың у-шуынан
асқан ем жоқ.
Шекесіне тағдырдың таяғы көп тиіп, жасқаншақ болып өскен қыз көп
уақыт өтпей-ақ қарияның өтінішін ұмытып, бірін-бірі қуалап, күлкіге
қарық болып жүрген үшеуіне қабақ шытады. Оңашалап алып, ақыл айтады.
Атаның мазасын алмаңдар, ол кісі ауырып жатыр. Сендер шуласаңдар ол
жазылмайды,– дейді. Ересектеу Елжас түсінеді, екі кішкененің санасына
сəуле түспейді. Бір сəт томпиып-томпиып үнсіз отырып қалады. Аяқ
астынан тəртіпті болып, үнсіз қалған балалардың жағдайын Алдекең бірден
біреді де, даңғазаны өзі бастайды.
Балалар, қайдасыңдар? Неге билемейсіңдер? – дейді. Оларға осы сөз жетіп
жатыр. Ешкімді жалындырмайды, айқай-шуға қайта кіріседі. Екі
кішкененің жиі-жиі ренжісіп қалатыны бар. Мұндайда Елжас қарындасына
жақтасып, інісіне қол жұмсайды. Ол əрине жылайды, оған қосылып Бибі
көз жасына ерік береді. Екеуі үйді басына көтеріп, шал жатқан бөлмеге
кіреді. Күнделікті жағдай қазір де қайталанды. Ас үйде тамақ қамымен
жүрген Хадиша жүгіріп келді. Бибі профессордың кеудесіне мініп
үлгеріпті, Алдекең көз жасын көлдеткен Олжасты басынан сипап, жұбата
алмай əуре.
– Жігіттер жыласа шашы түсіп қалады,– деді шал. Баланың даусы сап
тиылды. Шал енді кішкентай қызды жұбатуға кірісті.
Бибі “шашың түседі” дегенге түсінбейді, оны қойдырудың əдісі мүлде
басқа. Алдияр қыздың бетінен сүйіп, арқасынан қақты.
– Менің қызым бəрінен ақылды, бəрінен күшті, бəріңнен сұлу. Мен оған кө-ө-п тəтті тоқаш сатып беремін,– деді. Бибінің дауысы бəсеңдеді, басын
көтеріп:
– Міне, мұнша балмұздақ сатып бей,– деп он саусағын көрсетті.
– Тағы да міне, бесеуді қос,– деп профессор икемге келетін сол қолын
көтеріп, бес саусағын көрсетті.
– Сен де көтей қолыңды,– деп Бибі өкпесі əлі тарқай қоймаған ағасына
бұйыра сөйледі. Ол бірақ қарындасының дегеніне көнбей, теріс айналды.
Оның орнына Хадиша саусақтарын жайды. Кішкентай қыз қуанып, қол
шапалақтады. – Көп-көп балмұздақ жегім келді.
– Балмұздақты жазда, күн ыстықта жейді.
– Ой, ыстықтап кеттім,– деп қыз кеудешесін шешіне бастады. Профессор
мен Хадиша жарыса күлді. Осы сəтте есік шырылдады.
Келгендер Асылхан мен Ақбота екен. Бауыр басып қалған балалар
жарысып барып, жігітке жармаса кетті, ол алдымен Бибіні көтеріп, бетінен
сүйді, сонан соң екінші қолымен Олжасты іліп алды.
– Маған не əкелдің?– деді Бибі бетінен сүйгізгеннен кейін қолын
сумаңдатып жігіттің омырауына тығып жіберді.
– Алма, конфет əкелдім. Өлең айтпасаң бермеймін.
Бақа, бақа балпақ,
Басың неге жалпақ,–
деп тақылдады Бибі. Бұлқынып жерге түсті де Асылхан көтеріп келген
үлкен сумкаға қолды салды. Олжекең де қарап қалған жоқ.
– Жүріңдер, жуып берейін.
Ақбота екі баланы асүйге алып кетті. Асылхан аяғын шешіп, профессордың
бөлмесіне кірді.
– Аяғаннан хабар білдіңдер ме?– деп сұрады Алдекең.
– Жан-жақты тексеріп жатқан сияқты. Білгенім – шындық жоқ, жала көп.
Профессор лəм деместен екі көзін төбедегі бір нүктеге қадап, қимылсыз
ұзақ жатты.
– Студенттердің хатына жауап келмеп пе?
– Келмепті. Алмасты таба алмай қойдым. Ол студкеңестің төрағасы
болыпты.
– Е-е-е,– деді Алдекең дауысын созып. Дауыс екпініне қарағанда бұл хабар
оған ұнамаған сияқты. Асылхан оған ұрлана қарады. Шал екі көзін жұмып
алыпты, қабағы шытыңқы, ауруы жанына батып, қиналып жатқан адамға
ұқсайды. Алғаш көргендегідей емес, жүзіне шыр кірген, бетіне қан
жүгірген. Жігіт төңірегін шолды, үйдің іші мұнтаздай таза. Хадиша
бейшара қарап отырмайтын тəрізді, екі қабырғаны түгел алып тұрған
кітаптар шаңнан тазарыпты, сөрелердің əйнегі шаммен шағылысып,
жарқырап көз жасқайды. Осы үйге бірінші рет бас сұққан күні шаңның иісі
танауын қытықтап, қайта-қайта түшкіріп, мазасы кеткен. Бөлменің бұрышбұрышы сүңгілерден тазарған. Шалдың үстінде тап-таза ақ жейде. Сақалмұртын өткен жолы келгенде өзі қырып берген, қайтадан тікенектеніп
қалыпты.
Хадишаға іші жылып, көңілі марқайды. Оған Алдекеңнің де риза екендігіне
күмəні жоқ, “Хадишадай аруға қолы жеткен адам бақытты екен” деді.
Оның басқаға емес, өзінің ең жақын досына бұйырғанына қуанды.
Кішкентай кезінен жетім қалып, өмірдің теперіш-тепкісін көп көрген
Алмасқа іштей бақыт тіледі.
– Бəріміз жабылып, араша түспесек олар Аяғанды жеп қояды,– деді, біраз
үнсіздіктен кейін профессор көзін ашып, асықпай сөзін сабақтады. –
Мəскеуге, Қазақстанның Орталық партия комитетіне, Жоғарғы жəне
арнаулы орта білім министрлігіне қайта-қайта арыз жаза беру керек.
– Олар бірнеше рет тексеріп кеткен жоқ па?
– Олар мұндағы ордалы қасқырдың сойылын соғып жүр ғой, қарағым,– деп
күйіне сөйледі Алдекең. – Көрмеймісің, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне
дейін жаулап алған. – Шал күйініп, жылайтын адамдай қабағын қарс түйіп,
қабырғада ілулі тұрған суретінен көз алмай үн-түнсіз қалды. Жігіттің
аузына жөндем сөз түспей дағдарды. – Оларды жеңу қайда!.. Қарсылық
түгіл, қара басыңды қорғай алмай қор боласың. “Айласыздың батыры айға
шабады” деген сөз бар. – Шал ызалана мырс күлді. – Сол батырдың кебін
киіп, жатысымыз мынау. Айқай дүние, ай, дүние-ай!.. Ешкімге керек
болмай ақиқаттың қадыр-қасиеті кетті-ау.
Асылхан үнсіз. Ақиқаттың қай кезде тым арзандап, ешкімге керек болмай
қалатынын біледі. Бірақ біржола қасиеті кетіп, қадыры қашады дегенге
сенбейді. Бір басының қайғы-қасіретін бүкіл қоғамның басындағы дертке
бағалағаны қалай? Профессордың осындай жағдайға тап болып, ғаріп қалге
түсіп, мешел баладай қозғала алмай жатуына қоғам кінəлі ме? Оны жанжағынан жабылып талап, мүйіздеп құрдымға құлатқан қоғам емес ғой, бұл
жеке адамдардың ісі. Жеке адамның, тіпті мемлекет басында отырған
кісінің кемшілігіне бола қоғамға топырақ шашу ақылға сия ма?
Алдияр ақсақалдың көңіліне қарап, ойын ашып айтпай, үнсзі отыр. Көңілі
жарым, жаны жаралы адам не айтса да жарасады. Артық ауыз сөзі үшін
ондай пенделерді жазғырудың əбес боларын жігіт біледі.
– Столда екі конверт жатыр. Почтаға салып жібер, қарағым. Менің
қолымнан жан-жаққа жат жазғаннан басқа не келсін. – Сол қолын тіреу
етіп, басын көтерді. Асылхан қолтығынан демеп, арқасына жастық қойды.
– Келін қалай екен?
– Əлі бір ай жататын көрінеді.
– Аяғанның түрмеге түскенін келінге айтып қоймаңдар.
– Мəскеуге іссапарға кетті дедік.
– Е-е,– деді шал əнтек жымиып. – Ол сендердің сөздеріңе сенер ме екен.
– Үш баланы шал-кемпір ауылға алып кететін сияқты,– деп жігіт тосын
əңгіменің шетін шығарды.
– Балаларды ма? – Профессордың қабағы қыртыстанып, езуіндегі күлкі
табы зым-зия жоғалды. – Əсем ауруханадан шыққанша балалар осында
бола тұрса қайтер ед. Балаларын көріп тұрса көңілі алаңдамайтын еді ғой.
Неге асықты екен? – Əттеген-ай, ə!
– Аяғанның жағдайын əке-шешесі естісе шала бүлінетін болды,– деп
Асылхан қынжыла бас шайқады.
– Олар қашан келеді екен?
– Бүгін деп естідім.
– Осында түссін. Шалмен өзім сөйлесіп көрейін. Ауылдың қарияларын
білемін ғой. Балаң үкіметке қарсы сөз айтты десе болды, байыбына бармай
жатып бəрінен түңіліп, безіп шыға келді,– деп езу тартты Алдекең. –
Сталиннің заманын көрген, ептеп басына таяқ тиген адам болса қауіпсіздік
комитетінің атын естігенде-ақ талып жығылар. О-о, біздің заманымызда
НКВД деген жаналғышпен бірдей еді ғой, қарағым.
– Ата, тамақ дайын болды,– деді Хадиша жұмсақ үнмен, шалға ізет жасап,
сүйкімді жымиды.
– О-й-н-о-лайын! – деп шал емірене дауыстады. – Хадишам келіп, көзім
ашылды. Осы қызым болмағанда бұл уақытта аталарыңның Көктөбеңнің
қай пұшпағында жатарын кім білсін. Əлде Көктөбеден орын тимей
Боралдай жаққа жылжып кетер ме еді.
– Сіз жүз жасайсыз, аға!– Асылхан жігерлене сөйледі. – Аяғанды арашалап
алу сіздің ғана қолыңыздан келеді. Сондықтан сізге босаңсуға болмайды.
– Əй-й, шырағым-ай! Біздің əрекет құр далбаса болып шыға ма деп
қорқамын,– деді шал шаршаңқы дауыспен. – Қарап жатып өлмек жоқ. Жаға
жыртыспақ та жан сақтау үшін жанталасамыз. Көмектесіп жібер, шырағым.
Жігіт оны қолтығынан демеп тұрғызды да, сүйемелдеп ас ішетін бөлмеге
алып келді. Хадиша əзірлеген тамақты алдарына ала бергені сол еді
телефон шырылдап қоя берді. Трубканы Ақтоба көтерген.
– Алло, сізге кім керек? Қуат! Мұнда ондай адам тұрмайды.
Шалдың есімін құлағы шалып қалған Асылхан орнына атып тұрып, дəлізге
жүгірді.
– Ол деген Аяған ағаның əкесі емес пе. Қап! – деп санын сарт еткізіп салып
қалды. Ақбота абыржып, əпсəтте жүзі қызарып шыға келді.
– Жə, таусылма! – деп дауыстады Алдияр Ақпанұлы. – Біраздан кейін
қайтадан телефон шалар.
Профессордың айтқаны келді, олар тамақтанып болған кезде телефон
шырылдады. Трубканы Асылхан көтерді.
– Əлеу бұл қайдан? – деді аржақтағы дауыс.
– Профессор Алдияр Ақпанұлының үйіне түстіңіз.
Аржақтағы адам тым-тырыс, əрі-бері өткен машиналардың даусы естіледі.
– Алло, алло!..
– Əлеу, пірəпесір, ассалаймағалейкүм! Бала-шаға, мал-жан аман-есен бе?
Мен ауылдан келдім. Əлеу-əлеу!..
– Иə, иə қария...
– Менің немерелерім қайда?
– Ата, ассалаумағалейкөм! Қай жерде тұрсыз?
– Көшеде,– деді шал. – Əй, бұл кім өзі?
– Асылхан деген балаңызбын. Қай көшеде тұрсыз?
– Алматының көшесі. Төрт қабатты үйдің жанында.
– Көшенің аты қандай?
– Əй, өзің қызық екенсің. Мен қайдан білейін, ауылдан келдім,– деп
шамданды шал. Не істерін білмей, не дерін білмей жігіттің дымы құрыды.
– Қай жерде тұрғанын білмейді,– деді трубканы алақанымен жауып тұрып.
– Ата, жаныңыздан өтіп бара жатқан адам болса шақырыңызшы.
– Əй, тауарыш! – деген дауысы естілді шалдың. Жігіттің езуінде күлкі
үйірілді. Шауып келіп, жанында тұрған балаларға көзін қысты.
– Аталарыңмен сөйлесесіңдер қазір.
– Алло, тыңдап тұрмын,– деді трубканы алған адам.
– Кешіріңіз! Біздің шал қай жерде тұрғанын түсіндіріп айта алмады.
Мүмкін болса сіз айтып жіберсеңіз,– деп қиылды жігіт. Шалдың қай жерде
тұрғанын дəл біліп, Қуат қариямен сөйлесті. – Қазір немерелеріңізбен
сөйлесесіз. Біз барғанша тапжылмаңыз.
Трубканы Олжасқа ұстата салды да, асығыс киініп, Елжасты жетелеп, шыға
жөнелді. Такси де оңай табылды. Жанына келіп, тоқтай қалған машинаға
шал мүлде мəн бермеді. Екі иығы селкілдеп жылап тұрған секілді.
– Ботам... Қоңыр қозым!.. Қазір барамын,– дейді егіліп.
– Ата! – деп дауыстады машинадан секіріп шыққан Елжас. Екі иығы
селкілдеп жылап тұрған шал жалт бұрылды. Жүзі сора-сора, əбден
жылаған. Немересін көріп, құшағын жая ұмтылды.
– Құлын-е-м!..
– А-а-т-а-а!..
Ата мен немеренің құшағы айқаса кетті.
Асылхан салбыраған трубканы көтеріп, құлағына тосты. Бибі сөйлеп тұр.
– Ата, сен маған не əкелдің? Көп-көп балмұздақ жегім келді...
Ата мен немеренің құшағы жуықарада жазылмайтын сияқты.
Шал немересінің əр-əр жерінен сүйіп, иіскелеп, мауқын баса алмай жатыр.
Екі көзі меймілдеген жас.
– Ата, машина тосып қалды, жүрейік.
Қуат ақсақалдың үлкен алақоржынын машинаның жүк салғышына
орналастырып, шалды қолтықтап артқы орындыққа жайғастырды. Жол
бойы маңдайшадағы айнадан шалға қарады да отырды.
Қарияның көз жасы үйге жеткенше тиылмады. Немересінің сүймеген жерін
қалдырмады. Атасын Елжас та сағынып қалыпты, шалдың мойнынан
қапсыра құшақтап, қуаныштан жадырап күледі. Үндемей томаға-тұйық
жүретін баланың көзіндегі мұңды көріп, Асылханның жүрегі ауыратын.
Елжастың шаттыққа толы жанарында сол мұңның ізі қалмапты.
Қорбаңдап табалдырықтан аттаған қара шалды Олжас аталап келіп бас
салды. Ағасы не істесе соны қайталайтын Бибі аталап оның соңынан тұра
жүгірген, басында тұмағы, үстінде қара тоны бар қаба сақал бейтаныс
шалды көріп, қалт тоқтады, бажайлап қарады, сонан соң бақырып кейін
қашты. Қуат қария пысынап терлеп кеткеніне қарамай немересін көтеріп
алып, бауырына басқан күйі көзінен мөлт-мөлт шыққан жасын сүртпестен
ұзақ тұрды. Шалға қарап тұра беруге Хадиша мен Ақботаның жүздері
шыдамай, көздеріне іркілген жасты саусақтарымен қағып түсіріп, теріс
айналған.
– Аталарыңды бері алып келіңдер,– деп дауыстады Алдияр қария.
– Ата, шешініңіз,– деп бəйек болған Асылхан шалдың тоныны іліп,
тұмағын алды. Жуынатын бөлмеге кіргізіп, су ағызып берді. Жуынып
шыққан Қуат қарияны ас үйге бастап келді.
Өзіне қадала қарап қозғалмай стол басында отырған шашы таза ағарған,
сары аурудан тұрғандай жүдеу шалды көріп, Қуат қария ауылдың əдетіне
бағып, қос қолымен кеудесін басып тұрып сəлем берді.
– Орнынан тұрмады, сол қолын берді деп сөге жамандамаңыз, қария,– деп
күлімсіреді профессор сол қолын ұсынып жатып. – Осылай кəріп болып
қалдым.
– Алланың ісіне қайран бар ма? – деп күрсінді Қуат қария.
– Алланың ісіне айып жоқ, адамның ісі болса ше?
– Е-е, жаратқан-ай! Адамның ажалы адамнан болып жатыр ғой.
– Алыс жолдан шаршап келген шығарсыз, шай ішіп, жан шақырып
алыңыз,– деді профессор сол қолымен тəтті тоқашты Қуат қарияның
алдына қарай жылжытып. Сонан соң есіктен жылтыңдап қара жүрген
Бибіні өзіне шақырды. – Қызым, бері кел.
Кішкентай қыз жүгіріп келіп Алдекеңді құшақтай алды. Немересінің
бетінен сүймек болып, қолапайсыздау қозғалып барып, Бибіні құшақтамақ
еді, қыз қаба сақал шалдан қорқып, шырылдап профессордың құшағына
тығылды.
– Қызым-ау, ол өзіңнің атаң ғой. Алыста, ауылдан келді.
– Еһе, менің атам емес,– деп Алдекеңнің мойнынан қапсыра құшақтап
алған қыз.
– Ой, алтыным! Ой, жарығым! Атаңды жатырқап қалыпсың ғой, өзің,– деп
көзіне келіп қалған жасты мына жалпақ алақанымен сүртті. Көңілшек
шалдың мына қылығы Хадиша мен Ақботаның көздеріне жас үйірді.
– Оу, ұмытып кетіппін ғой. Қоржын қайда, қызым? – деп қорбаңдап
коридорға шығып кетті. Үлкен ала қоржынды мықшыңдап əрең көтеріп
кіргізді де аузын шешті. – Əжелерің сендерге құрт, май, ірімшік бері
жіберіпті. Алыңдар, боталарым, жеңдер...
– Атаңа бетіңнен сүйгіз,– деді профессор қыздың құлағына сыбырлап. –
Қарашы əне, саған құрт, ірімшік алып келіпті.
– Біл-ақ лет сүй,– деді қыз, Қуат қарияның алдына келіп, бетін тосты. –
Сақалыңды былай талтшы...
Шал немересін бауырына басып, көңілі босап, көзін жұмып алып, біраз
уақыт үнсіз қалды. Көзін ашып алып, қайта жұмды. Екі көзінен ыршып
шыққан қос тамшы мөлтілдеп сəл тұрды да, тамып түсті. Құрт пен
ірімшіктен құр қаламын деді ме, қыз тыпырлай бастады. Қария немересінің
маңдайынан иіскеді.
– “Бармасаң келмесең жат боласың” деген осы,– деп күрсінді шал. Сонан
соң Хадишаның қаймақ қатқан қызыл күрең шайын сораптауға кірісті.
Демнің арасында пора-пора болып терледі. Көлдей орамалымен терін
құрғатты.
– Жарықтық үнді шайының бір қасиеті бар.
– Шайдың қадырын өзіңіз сияқты кемпірі бар қариялар білер. Мен секілді
жетім шалға бəрібір,– деп жымиды Алдекең.
– Шырағым,– деді шал шай құйып отырған Хадишаға. – Қоржынның
екінші басында келіннің, балалардың сыбағасы бар еді. Кəлəделниктеріңе
салып қойшы.
Шай ішіліп болғаннан кейін профессор Асылханның көмегімен өз
бөлмесіне жетіп, төсегіне жайғасты.
– Қарияға төрге көрпе төсеп, шынтағына жастық тастаңдар, балалар.
Оның аузынан шыққанды қалт еткізбей орындайтын Хадиша алдымен
кілем жайып, оның үстіне төр көрпе төсек, екі жастық тастады. Қыздың
қимылын бағып тұрған Қуат қария ризалығын жасыра алмай Хадишаның
маңдайынан сүйді.
– Бақытты бол, айналайын,– деді еміреніп. Ол шығып кеткеннен кейін
малдас құрып отырды. – Қызыңыз ба, келін бе?
Алдияр бас шайқады.
– Бұл бір ұзақ əңгіме.
Бөлмеге үш бала кірді. Екі ұл Қуат қарияны құшақтап, қыз профессордың
алдына отырды. Барлығы мəз. Томаға тұйықтау болып жүретін Елжас
мүлде өзгерген, бұрын үлкен адамдардай өзін соншалықты салмақты
ұстауға тырысатын бала атасы келгелі бері тарқылдап күліп, бір бөлмеден
екіншісіне жүгіріп, інісімен алысып, əбден тайраңдады...
– Менің атамның сақалы жоқ,– деп Бибі профессордың мойнын
құшақтады. – Сендейдің аталайыңның сақал мынандай...
– Біз саған құрт, ірімшік бермейміз. Өзіміз жейміз,– деп сес көрсетті Елжас.
Кішкентай Бибіге бар шындықты айтып салуға батылы бармай, екінші
жағынан Алдияр атасын аяп, əжептəуір қиналды. “Қуат атам Бибіге ренжіп
қалатын болды-ау” деп ойлап, қабағы түсіп кетті.
– Бибі, Қуат ата бəріміздікі,– деді Елжас қабағы тұнжырай қалған
профессорға жасқана қарап. – Алдияр ата да бəріміздікі...
– Иə, саған!.. Алдиал ата менікі. Ешкімге беймеймін.
Атасының мойнынан құшақтап алған. Профессордың жүрегі елжіреді.
Кішкентай қызды əр-əр жерінен шөпілдетіп сүйжі. Есіктен Хадишаның
басы көрінді.
– Кешіріңіздер, деді ол қысыла күлімсіреп. – Елжас, сабағыңа дайындал.
Олжас, Бибі, жүріңдер, далаға шығамыз.
– У-у-р-а-а! – деп Олжас орнынан атып тұрды.
– У-у-л-а! – деп Бибі де жерге секіріп түсті.
Екі шалды оңаша қалдырып, барлығы жөніне кетті.
Екеуінің əңгімесі олар қайтып оралғанда енді-енді қыза бастаған.
Алдиярдың іші əбден толып қалған екен, əке-шешесін ақтың əскерлері киіз
үйге қамап, өртеп жібергенінен бастап əңгімеледі. Үлкен дəрежеге
бейнетпен жеткен Алдекеңнің азапқа толы өмірі туралы əңгімені Қуат
қария малдас құрып, тапжылмай отырып тыңдады. Бір кісідей қиындық
көрдім деп ойлаушы еді. Профессордың өмірімен салыстырғанда мұнікі
ауызға алуға да тұрмайды екен. Ол жетім қалып, телім-телімі шығып,
көрінгеннің есігінде жүрген жоқ, анасы ертеректе қайтыс болғанмен əкесін
беріде өз қолымен жерледі. Жұрттың баласы ашығып, тышқан аулап жан
сақтап немесе талғажу етер дəн таппай ісіп-кеуіп, қырылып жатқанда
шаруақор əкенің арқасында тірі қалды. Марқұм əкесі шаруаға мығым, еті
тірі адам еді. Осынау ұлан-байтақ даланы аштық жайлап, қалың жұрт
таңдайға салар бір түйір дəн таппай босып кеткенде Сағынтай қарасуға
қармақ салып, бала-шағасын балықпен асырады. “Ой-бай, жылан
жемейміз” деп кесірленген кейбіреу бала-шағасының обалына қалды.
Қарасудың балығы қыста да азық болған. Жұрттың “жылан” деп жүргені
патша балық екен. Патша балықты айтып тамсанып, аузының суы құритын
талай адамды кездестірді осы өмірінде. Қалың елдің қабырғасын
қайыстырған қаралы жылдар Сағынтайдың үйін айналып өтті. Одан кейінгі
бүкіл халықтың басына туған ауыр күндерде Қуат ел қатарлы қолына қару
алып, Отанын қорғауға қатысты. Құдайдың құзыры жауып, аман-есен
қайтып оралды. Үлкен ерлік жасап, аты аңызға айналған жоқ, бастың
амандығын ойлап, жан сауғалап, бұғып та қалмады, белуардан су кешіп, ақ
қар, көк мұзда апталап, айлап жататын кездері болған.
“Көппен көрген ұлы той” демекші, Ұлы Отан соғысында көрген қиямет,
қиыншылықтар барлық халыққа ортақ болғандықтан қария басынан
өткендерін əңгімелеп, кеуде қағуды ерсі көрді. Кейбіреулер секілді соғысқа
қатысқанын бұлдап, орден-медальдарын сылдырлатып, темтеңдеп есік
тоздырып жүретін əдеті жоқ. “Көп қатарлы елімді, Отанымды қорғадым”
дейді сұраған адамға. “Ақсақал-ау, өзіңіз майдангерсіз, ордендеріңіз бар,
неге жеңілдікті пайдаланбайсыз” дейді білетіндер сыр тартып. “Е-е,
шырағым-ай, өзіміз екі баспыз, тарығатындай не зауал туды дейсің. Тəубе
деп қойсаң бəрі орнына келеді” дейді қария.
Аса діндар болмағанмен ептеген молдашылығы бар, аузынан тəубасы
түспейді. “Жалғыз ұлдың абыройы көтеріліп жүрсе осының арқасы” деп
ойлайды. Тəубашылдығының арғасында жаманшылық көрген жоқ.
Соғыстан келгеннен кейін колхоздың жұмысын істеді, күн деген жоқ, түн
деген жоқ. Адал еңбегі абырой əперді, үкімет пен партия еңбегін бағалап,
кеудесіне екі рет орден қадады. Айналайын үкіметі мен партиясынан
көрген жақсылықтары аз емес қой. Жасы келгеннен кейін құрметті
демалысқа шығарып салды. Алатын пенсиясы кемпірі екеуіне кең қолынан
жетеді. Сол пенсиядан жырымдап жүріп жинаған ақшасы бар. Құдайға
шүкір, көп қатарлы өмір сүріп жатыр.
– Е-е, тəуба! – деп Қуат қария бетін сипады. Бөлмеге имене басып, Хадиша
кірді. Ежелгі дағдысымен екі шалға кезек-кезек жаутаңдай қарап, жылы
жымиды.
– Ата, сізге төсек салып қойдым.
– Қызым, атаңа төсекті осы үйге сала ғой. Əңгімелесіп жатайық,– деді
Алдияр, “дұрыс айттым ба” дегендей сұраулы жүзбен Қуатқа қарады.
– Иə, ұйқы шіркін келе қоймас.
Түзге отырып келіп, шамды өшіріп жатқан соң екі шалдың əңгімесі əрі
қарай жалғасты. Өзінің өміртарихын айтып болып, Аяғанның жағдайына
ауысқан кезде Қуат қария басын көтеріп отырды. Біраздан кейін көңілі
босап, іштей егілді. Жалғыз ұлдың жағдайы қабырғасына батып, ішін ит
тырнағандай қиналды. Профессор оның егіліп отырғанын көрмесе де іштей
сезді. Шалдың көңілін жұбату үшін өзінің Ай бағып қарап жатпағанын,
жос-жарандарының оны құтқарып алуға кіріскенін тілге тиек етті. Қуат
қарияның үміт шырағы тұтанғанмен құлазыған көңілі қалпына келе
қоймады. Ол сарғайып таң атқанша дөңбекшіп, кірпік ілмеді. “Жалғызыма
жанашыр бола гөр” деп жаратқанға жалбарынды. Болар-болмасқа босап,
бордай тозбайтын діні қатты шал бүгінгі қылықтарын – немерелерін
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Өмірбаян - 14
  • Büleklär
  • Өмірбаян - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2343
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2206
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3946
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2216
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3919
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2281
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2180
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3962
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    38.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2227
    36.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2066
    37.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3942
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4010
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2308
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2069
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2318
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3894
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2290
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3979
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2333
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3945
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2168
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3915
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3882
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2154
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3928
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2276
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2270
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4009
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2220
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3915
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2159
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3966
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2184
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3950
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2293
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2284
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 4037
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2421
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2292
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3889
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2140
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2161
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3943
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2207
    37.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 3860
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2225
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2113
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 33
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2215
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 34
    Süzlärneñ gomumi sanı 3902
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2224
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 35
    Süzlärneñ gomumi sanı 3386
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2046
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.