Latin Common Turkic

Өмірбаян - 33

Süzlärneñ gomumi sanı 3961
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2215
35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
жатқан шалға ұрлана қарады. Оның көз шарасы жасқа толып кетіпті.
51
Жүнді білек санитардан таяқ жегеннен кейін беті қайтып қалды ма, Ес
қария бейуақытта сыртқа шығып, қыдырмайтын болған. Шыға қалса
жататын жерінен алысқа ұзамайды. Көп жағдайда Саламон патшаның
аяқталмайтын жүйесіз əңгімесін тыңдап, ұзақты күн бөлмеде отырады
немесе дəлізге шығып, аурухана ауласының бір бұрышындағы қос
төмпешікке барып, зар еңіреп, жоқтау айтып тұратын кемпірмен
шүйіркелеседі. Екеуі көптен таныс сияқты. Алғаш келгендегідей емес,
кемпірге ем дарыған сияқты, оңалған, сөзі түзеліп қалыпты. Аузынан
темекісі түспейді. Кейде шалды өзі іздеп келіп, сыртқа ертіп шығады. Балашағасы жоқ жалғызбасты болғанына қарамай іздеп келушілер көп.
Аяғанның естуінше, келетіндер інісі мен сіңілісінің балалары көрінеді. Екі
күннің біріне оны-мұнысын арқалап келіп тұратын бірінен-бірі аумайтын
қыздар мен ұлдарды көргенде іші жылып, көңілі босайды.
Олар əкелген жылы-жұмсақты кемпір Еске тасыйды. Жылы-жұмсақтың
қызығын əрине Саламон патша көреді. “Ақсақ қой жатып семіреді”
дегендей ауырғалы бері оның қарны шығып, домалана бастады. Қу жанын
күтуге келгенде одан ұқыпты адам жоқ. Ал Ес мүлде басқа.
Біз асарымызды асадық, жасарымызды жасадық қой, қарағым. Заман
сендердікі. Біз о-онау жақтың кісісіміз,– дейді кейде. Аяған бір бөлмеде
жатқан екі шалды салыстырады. Мұндай жатып семірген “патшаны”
кінəламайды, дертке шалдығып, санасы семіп, кəріп болып қалған кəрі
шалды аяйды.
Қазір де кемпір əкелген тамақты сылпылдатып соғып отырған шалға
соншалық бір аяушылықпен қарап, мұңға батқан. Жанашыр бір адамы жоқ
бейшара жалғыздыққа əбден көндіккен. Өзіне ешкімнің жаны ашымасын
біледі, сол себепті де қу тіршілік үшін жанталасып бағады. Өмір сүру
неғұрлым қиындаған сайын пенде баласының оған деген махаббатының
күшейе түсетіні несі екен?! Адам баласының табиғаты қызық-ау. Қашанда
қиынға жүгіреді. Қиналып тапқан бір уыс дəнді мейіз қосып пісірген ақ
тоқашқа айырбастамай шалқаятынын қайтерсің. Мейманасы асып,
шалқып-тасып жүріп ғұмыр кешкен пенде өмірдің шын бағасын білмейді.
Ешқашан қиындық көрмеген, қарны ашып, көрінгеннің қолына
телмірмеген үзеңгі бауы алты қарыс пендеге бəрі арзан. Өмір де, адамның
басы да... Бəрі, бəрі арзан...
Аяғанның ойын есік алдында отырған шал мен кемпірдің əңгімесі бөлді.
– Жалғыз да болсаң балаң бар. Менде мына таяқтан басқа ешкім жоқ,– деп
күрсінді кемпір.
– Дүниенің бəрін сол бала үшін тəрк қылғанмын. Бала – болашақ. Болашақ
бетіме түкірмесін дедім, Рахия. – Шал бір сəт үндемей қалды. Кемпір
тартып біткен темекісін терезеден сыртқа лақтырып тастап, екіншісін
тұтатты. – Е-е, көнемін де тағдырдың басқа салғанына.
– Көнбегенде қайда барасың? Біз көнуге жаратылған пендеміз, Ес-е-к-е-е...
Қылышынан қан тамған заманның тəлкегіне шыдап, лəм деместен жүре
бердік. Соның арқасында аман қалдық, əдірем қалғыр. Заманмен
жағаласқан небір марқасқалардың басы допша домалап, əлдекімдердің
аяқтарының астында жатты. Е-е-й, азабымнан басқаның бəрін ұмыттым
мен бейбақ...
– Болған сондай заман. Шыбын жан үшін құлдық ұрдық, құл болдық қой,–
деді шал қажыңқы дауыспен. – Бас көтерер азаматтың басын алды. Қара
басының қамы үшін туғанына қастық қылар қорқаулар қай үкіметке де
керек. Солар аман қалды ғой.
– Ой, алла-ай! – деп кемпір түтінге тұншығып, күрк-күрк жөтелді.
– Ар мен ақыл ағайын деуші еді бір қария.
– Ар мен ақылда иман жоқ,– деді жөтелі басылмаған кемпір қинала
дауыстап.
– Тастасаңшы осы құрғырды,– деп кейіді шал. Кемпірдің жөтелі əрең
дегенде басылды. Əжептəуір қиналып қалған екен, кеудесі сырылдап, əзер
дем алып отыр.
– Елу жыл серік болған қарағым еді, тастап кету қайда енді. Кетсек бірге
кетерміз,– деді кемпір ентіге сөйлеп.
– Е-е,– деді шал дауысын созып. – Ар мен ақыл əлсіздерді төңіректейді.
– Ар мен ақыл кісі таңдайды де...
– Болып алған адамға ар мен ақыл неге керек? Ақыл – азап, ар – алдамшы,–
деді шал сақалын саумалап отырып. Осыдан кейін екеуі көп уақытқа дейін
үн-түнсіз отырды. Аяған киініп, дəлізге шықты. Сыртқа қарап отырған шал
мен кемпір қатарларына келіп тұрған жігітті байқамады.
Жаңа түскен ауруларға арналған корпустан шашын тықырлап алдырып,
жиырманың бесеуіне еркін жетпеген қолы кісендеулі жігітті айдап шықты.
Жігіт төңірегіне алақ-жұлақ қарап, екі санитардың біреуін теуіп жіберді де,
ышқына айқай салды.
– А-а-а, убица!
– Тəңірім-ай! – деді кемпір шошына дауыстап. – Сол ғой, сол... Туған
анасын бауыздап өлтіріпті анау сүмелек.
– А-а-н-о-оу ма? О-о-н-о-у...
– Атам қазақта жоқ індет қой бұл. Ой, сұмдық-ай!..
Заманның ерті бұл, заманның...
Екі санитар ышқына дауыстап, шыңғырып дүниені дүрліктірген жігітті екі
қолтығынан ұстап, сүйреп алып кетті. Кемпір орнынан созалаңдай тұрып
жатып:
– Сыртқа шығып, əрі-бері жүрейік,– деді. – Сен де жүр, балам. Жер тайғақ.
Есекең екеуміз тайып жығылсақ, қайтып тұра алмаймыз.
Шал мен кемпір Аяғанның екі қолтығына жармасты.
Ауа демінде ызғар бар екен. Көпшілік жүретін жол тайғанақ, жауған қарды
аурулар күрекпен аршып еді, қайта түскен қырбақ еріп, жолға мұздақ
байланыпты. Шал мен кемпір қысқа тұсалған аттай кібіртіктеп, жүре алмай
келеді. Жығылып қаламын-ау деп үрейленген адамдардың əңгімелері
қайдан жараса қойсын. Кемпір адым аттаған сайын “аллалап”, Аяғанға
жабыса түседі. Естің жағдайы одан да мүшкіл. Таяққа сүйенген ақсақ
адамға мұзды жолмен жүру оңай ма?!
Жаяулар салған тар жол. Үшеуі қатар жүре алмайтын болған соң Аяған екі
кəріні олай қарай сүйремеді. Мынандай тайғақ жолда екі кəріні құлатпай
алып жүру оңай емес екен, біраз ұзағаннан кейін қара терге түсті. Оның
шаршап қалғанын сезді ме Ес қария:
– Балам, кейін қайтайық,– деді тоқтай қалып. Ешкімнің келісімін күтпестен
жалғызаяқ жолға түсіп алып, ағаш аяғын сүйретіп ілгері жүрді. Кемпір
оның соңына түсті.
– Е-е, Есеке, өстіп жүріп бір күні қылжия саламыз,– деді кемпір басын
изектетіп. – Ненің желігі екенін қайдам, далаға шыққым келеді де тұрады.
– Палата ысып кетті ғой тегі. Кейде ауа жетпейді. Е-е, алла! Бала-шағаның
жанына барған соң ал,– деп шал бетін сипады. Ерні қимылдап, күбірлеп
жаратқанға жалбарынды. Кенет күтпеген жерденалдыларынан Напалеон
шыға келді.
– Мен құдаймын! – деп кеудесін ұрып, жолдарын бөгеп, тəлтиіп тұра
қалған Напалеонға екі кəрі үрке қарады.
– Құдаймен ойнама, қарғысына ұшырайсың,– деді кемпір оны жақтырмай.
– Маған қарғыс жағады,– деп қарқылдап күлді ол.
– Құдайдың қарғысына ұшырасаң ауыз ашуға шамаң келмей қалар,
бейшара.
– Құдай деймісің? Оны жабылып жүріп əлдеқашан өлтірмеп пе едіңдер,–
деп Напалеон дарақылана күліп, Естің арқасынан қақты. – Сталин
жолдастың арқасында құдайдан құтылғансыңдар. Ал ол кеткелі бері
ешкімге сенбейтін болдыңдар, ешкімге!.. Өңкей сатқындар! Педераздар! –
Напалеон қабағын қарс түйіп алып, үшеуіне кезек-кезек ежірейе қарап əрібері бөстеңдеп жүрді. – Құдай деген мына мен. Күніне үш уақ менің
атымды ауызға алып, табынсаңдар көп уақыт өтпей мына дөделерің
құдайға айналады. Құдай қолдан жасалады, жолдастар!
Шал мен кемпір үн-түнсіз бір-біріне қарады да, ақырын ғана күрсініп
қойды. Ауру адамның мінез-құлқын əбден зерттеген Аяған Напалеон
əңгімесін аяқтағанша орнынан қозғалған жоқ. Алғашқы күндегідей емес,
осы уақытта ол аса шыдамды. Өзіне бағыштап сөз айтқан аурулардың
сөзін аса сабырлылықпен бөлмей тыңдайды, олардың көңіліне қарап, реті
келсе құптап, қуаттап қояды. Оның қолынан осыдан басқа не жақсылық
келсін. Тіріге тірінің қайырым, жақсылық жасауы міндет.
Аңғарғаны – аурулардың ішінде небір сұңғылалары бар. Кейде ойлайды,
“əй, осылар мұнда ақылы асқандықтан келіп түскен шығар” деп. Енді бірде
сол адамдары тілін шайнап, езуі көпіріп, асхананың алдында бұтына
жіберіп тұрады немесе кім көрінгеннен қашып, бұрыш-бұрышқа тығылып
жүреді.
Напалеон өзінің құдайға “айналғанын” үшеуіне мойындатқанына ырза
болғандай ауланы басына көтеріп, тарқылдап күліп, анодай жерде қиды
қағазға орап түтіндетіп отырған екеуге қарай кетті.
– Е-е, бейшара, бұл да шаршап қалыпты,– деп күрсінді кемпір. – Сталиннің
суретін тастамаушы еді.
– Одан ештеңе шықпасына көзі жеткен ғой, сірə,– деп күлді далаға
шыққалы ауыз ашпаған Аяған. – Сталиннің орнына өзі құдайға айналмақ...
– Е-е-е, бейшара!.. Пенде баласы болмасқа ұмтылады екен-ау, тəңірім-ай!..
Е-е-е,– деп кемпір ілгері жүрді. – Дұрыстап сүйе, балам. Бірер күнде үйге
шыққалы отырғанда бір жерімді сындырып алмайын.
Аяған шал мен кемпірді сүйемелдеп ішке кіргізіп жібергеннен кейін, есік
алдында қыдырыстап біраз уақыт жүрді. Ойы онға, санасы санға бөлінді.
Есептеп көрсе мұнда келгеніне де біраз уақыт болып қалыпты, кең дүниеге
шығудың жолын іздеп, жанталаса əрекет жасаудың орнына моп-момақан
болып, осы тіршілігіне көңілі тоқ пендедей тыныш жүр. Өзі үшін ешкімнің
есік тоздырып, қуанып жүрмегенін біледі. Əкенің жағдайы анау. Біреу
жетектемесе өз бетінше жол таба алмайды. Ауылға кеткен Хадишадан
хабар жоқ. Сенім артқан студенттерінің қандай жағдайға тап болғанын
ешкім білмейді. Екеуара күңкілдесіп сөйлескен дəрігерлердің сөзінен
аңғарғаны – студенттерді жаппай оқудан шығарып, алаңға барғандарын
жазалап жатса керек. Оларды түгелдей суретке түсіріп алған дейді. Тарих
факультеттерінің студенттері мұндай сын сəтте бас амандығын ойлап,
бұғып қалмайды. Тісін қайрап, оңтайын күтіп жүрген Жақия ешкімді
аямайды, аянбайды. Кім біледі, мұның күткен жігіттері көздері бозарып,
түрмеде жатқан шығар. Сол бейшаралар абайламай арандап қалмаса жарар
еді. Бəрі шетінен қызба.
Аяғанның жалғыз тілегі – жігіттердің амандығы. Алып-қашты
əңгімелерден оның жаны шошыйды. Білемін дейтіндерден сұрай қалса қара
аспанды төндіріп, ақырзаманды жақындатып қояды. Сондай бір үрей осы
күні жындыхананың ауласында қыдырып жүр. Аурулардың кейінгі уақытта
сыртқа шықпай қалған себебі – осыған байланысты екенін Аяғанның іші
сезеді. Асхананың іші шаң-шұң айқай. Əртүрлі ұлттың басы қосыла қалса
сыпайымсып, дипломатия сақтап тұрмайды, ең үлкен сөзден бір-ақ
бастайтын əдет тапқан. Соңғы кезде жиі-жиі төбелес шығып қалатын
болып жүр. Қолдарында таяғы бар санитарлардың қарасы көрінген сəтте
ешкімге əл бермей өршелене айқайлап, қырып кетердей қимыл жасаған
“мықтылар” мысық көрген тышқандай тым-тырақай қашады.
Ауруханадағы жағдай шиеленісіп, басымен қайғы болып жатқан жұрт ұлт
намысын жыртып, кеңірдектесіп төбелесіп қалып жүргенде сырттағы, кең
дүниедегі өмірдің қайнап жатқанын Аяған ойша шамалайды. Ұлты басқа
дəрігерлердің қазақ студенттерін жерден алып, жерге салғанын өз
құлағымен естіп, оларға дүрсе қоя бергені бар. Сол үшін артық дозалы ине
егіп, ес-түсін білмей, тілі салақтап, екі дүниенің ортасында жатқан. Бұл
жолы еш өкінген жоқ. Əділетсіз жазаны туған халқым үшін алдым деп өзін
өзі жұбатты. Жаны қанша қиналса да, лəм деп жақ ашпай шыдады.
Студенттерін, өз ұлтын қорғап, шырылдағаны үшін кейбір дəрігерлерге
жақпай жаза тартты. Сонда шынын айтуға, жақынын қорғауға қақысы жоқ
па? Дəл осындай құлқының бар екенін ешкім де жоққа шығара алмайды.
Қай заманда болсын, қандай қоғамда болсын күшті күштілігін істемей
тұрмайды екен. Ол жолы Аяған ұлтының, халқының намысын жыртқаны
үшін емес, “психикалық науқасының асқынып, адам өміріне қауіпті
əрекеттер жасағаны” үшін тиісті емін алады. Бұл жерде заң жүрмейді. Ал
заң кейде шамадан тыс күшті əрі қатал болып кетеді. Заңның өзі Аяғанға
аузымен құс тістеген “күштінің” ықпалында жүргендей болып көрінеді.
Əрқашан заңның артқы жағында көзге көрінбес алып күш иесі тұрған
сияқтанады. Заң кесіп түсетін тұста кібіртіктеп, əлдекімге жаутаңдайтын
тəрізді, керісінше, кейде жөнсіз жерде алмас қылышын қынабынан жарқ
еткізіп суырып алады...
Əділдіктің барына, үлкен Шындықтың ешқашан жоғалмайтындығына
сенетін Аяғанның көңілі кейінгі уақытта күдікке күпті. Тасқа шапса да
мұқалмаған сенімі осында түскелі, қу тіршілікті қиып кете алмай
сүйретіліп жүрген əртүрлі адамдарды көргелі бері жасып қалғандай.
Ешкімде, ештеңеде шаруалары жоқ, жетектесіп күн өткізіп жүрген екі
кемпірдің өмірі көп ой салды. Жанталаспай, жанықпай тып-тыныш жүретін
екі кемпір өздерінше бақытты. Олардың ұйқы мен тамақтан басқа уайымқайғысы жоқ. Ал дені сау адамдар оларға күле қарайды. Өйткені олар кем,
жарымес. Ақылы асқан адамдардың тіршілігін ойласа, кеудесіне ашу
тығылады. Кей сəтте олар Аяғанның көз алдына алмас тісті акула болып
елестейді. Акула секілді ешбір заңға бағынбайтын, қара басының мүдесін
бəрінен жоғары қоятын озбыр жандардың қиянатының құрбаны болған
ұстазы Алдияр Ақпанұлының қайғылы тағдыры Аяғанның жүрегіндегі
жазылмас жара. Ол ешқашан емге көнбейді. Алдияр Ақпанұлы жоқ,
бақилық сапарға кетті, оның өліміне негізгі айыпкер Мұса Байларовты қара
жердің бетінен тып-типыл жоғалтып жіберсе де ол қайтып оралмайды.
Алдияр Ақпанұлы қатыгез қараулықтың бірінші де, ең соңғы да құрбаны
болмас. Озбыр жандар жер басып жүрсе талай марқасқа азаматты əдісін
тауып, морт-морт сындырар. Адамды сындырудың мың-сан əдісін біледі
олар.
Бір-бірімен жең ұшынан жалғасып жатқан топ бірін бірі жауға бермейді,
оларды жеңу мүмкін емес екен. Аяған осыны ұқты. Олармен беріспей
күресудің бір жолы – дəл өздері секілді топ құрып, тізе қосып, əрекет жасау
екен. Ол үшін екінші біреудің, Мұса Байларовқа қарсы “мықтының”
қолтығына кіріп, соның сойылын соғуға тиіс. Түрмеде жатып ойланды,
жындыханада жатып ойланды, бұдан басқа жол таппады. Қасқыр пейілді
заманға жалғыз жүріп жол тауып, мақсатқа жетудің мүмкін еместігіне, тіпті
оны былай қойғанда, адам сияқты өмір сүрудің аса қиынға түсетіндігіне
көзі жетті. Бір ғана жол – қарғылы төбетке айналып, біреудің балтырын
қауып, бетін тырнап, арпылдап төсіне шапшу арқылы ғана дегеніңе жете
алады екенсің. Өмірдің осындай жазылмаған заңын мойындап, мойнына
шынжырбау салғандар ғана мұратына жетіп, шайқалған сайқал дүниенің
қызығын шайқап жүріп көретін сыңайлы. Көнбегеннің өмірі – қорлық.
Өзіңді сындыра алмаған жағдайда озбыр қауым азуын бала-шағаңа
ақситады екен. Бала – адамның бауыр еті. Бала үшін əке жанып тұрған отқа
түсуден тайынсын ба?!
Ішін өртеген күйініш жігіттің езуіне күлкі үйірді. Бірақ қабағының
қыртысы жазылмады, мұң ұялаған мұздай суық екі көз жылымады.
Езуіндегі болар-болмас күлкі ащы мысқыл еді. Ішті өртеген күйініштің
сыртқа шашылып шыққан сынығы еді.
– Əй, үндемес! – деп дауыстады əлдекім. Ойға батып, аяңдап келе жатқан
Аяған селк етіп, басын көтеріп алды. Қарсы алдында екі бүйірін таянып,
тəлтиіп Напалеон тұр екен. “Үндемес” соның қойған аты. Қабағы қату, екі
көзі шыныдай шытынап кетейін деп тұрған тəрізді. Қолында күрек. Аяған
тіксініп қалды.
– Əй, мен сенің басыңды қақ айырамын! – деді Напалеон тістене кіжініп.
– Е неге? Менің не жазығым бар?
– Жазығың сен жаусың. Халық жауысың.
Аяған мырс күлді. Күрегін оңтайлай ұстаған Напалеоннан қорқа тұра
орнынан қозғалған жоқ. Қиымыл шабан шалда қандай қауқар қалды дейсің
деп көңілін демдеген.
– Сен Қытайдың шпионы екенсің. Маған сондай хабар жетті.
– Иə, айта беріңіз.
– Мойындайсың ғой.
– Тағы не айтасыз?
– Ах, жау! Халық жауы! – деп күрегін сілтеп қалды. Аяған қорғанып
үлгермеді. Күректің ұшы сол жақ шекесіне қатты тиді. Қан бұрқ ете түсті.
Қанды көргеннен кейін Напалеон одан сайын құтырды, айқайға аттан
қосып, бетін қып-қызыл қан жауып кеткен жігітке ұмтылды. Оның қалт
еткен қимылын аңдып, дайын тұрған Аяған күректің сабына жармаса кетіп,
бір жұлқып жұлып алды да, шалды шалып құлата салды. Қанына қарайып,
өлердей ашуланса да орнынан тұра алмай тыпырлаған шалға қол жұмсаған
жоқ. Бар болғаны – төрт тағандап орнынан тұра берген Напалеонды
жұмсақ жерінен табанымен итеріп, қайт құлатты да, күрек кесіп, қан ағып
тұрған шекесін алақанымен басып, өзі тұратын корпусқа қарай аяңдады.
– Жау! Қытайдың шпионы! Алаңға қазақтарды бастап шыққан осы,– деп
Напалеон айқайлап қалды.
“Апыр-ау, осы мен бұл жерде неге жүрмін?”
Аяқ астынан келген ой қосымша соққы болып тиді, көзі қарауытып, құлағы
шыңылдады. Ту-у алыстан қыз баланың шыңғырған ащы дауысы құлағына
талып жетті.
“Бибінің дауысы ма мынау? Сол ғой... Сол! Құлыным-ай!”
Беті-басын қып-қызыл қан жауып кеткен жігіт теңселе басып кіріп келгенде
дəлізде жүрген аурулар тұрған орындарында қалшиып қатты да қалды. Тек
Ес қария ғана:
– Қарағым-ай, аман екенсің-ау əйтеуір,– деп келіп, қолтығынан демеп,
дəліздің түкпіріндегі санитарлардың бөлмесіне қарай алып жүрді.
Ту-у алыста Бибісінің шыңғырған дауысын тағы да естіді. Біз сұғып
алғандай жүрегі шаншыды.
52
Түннің бір уағына дейін көзі ілінбей қойды. Басы ауырып, мазасы кеткен
соң орнынан тұрып, дəлізге шықты. Рахия кемпір күндегі дағдысы
бойынша темекісін бұрқыратып, ойға шомып отыр екен. Аяғанға мүлде
көңіл аудармады. Біраздан кейін аһлеп-уһлеп Ес шықты.
– Ə-ə, қалай екен? – деп кемпір мырс күлді. – Бала үшін ата мен ана отқа
түседі.
– Көнеміз де қайтеміз.
– Ол неменің өзі жоламай кетті ғой. – Шал қинала қабақ шытып, ақырын
ғана күрсінді. – Ондай баланың барынан жоғы жақсы. Əдірем қалғыр
жүгермек!..
– Аман болсыншы əйтеуір,– деді шал. Көзі жапақтап, адуын кемпірге
жасқана қарап қойды. – Аман жүріп, ел-жұртына қызмет жасасын. Біз
асарымызды асадық, жасарымызды жасадық.
– Пшту! – деді кемпір астыңғы ернін шығарып. – Туған əкесін керек
қылмаған бала ел-жұртты қайтсін.
– Балада жазық жоқ, Рахия. Бұл заманның қылығы.
– Со-о-н-о-у аштық жылдары өлмелі əкесін арқалап жүріп аман алып
қалған азаматтарды көргенбіз. – Рахия басын изектетіп, жасаураған көзін
көйлегінің етегімен бір-бір сүйкей салды. – Əкесі соғысқа кеткенде іште
қалған азаматтың талайын қырық жылдан кейін əкелерінің сүйегін ит өлген
жерден арқалап əкеліп, туған жеріне арулап жерлегенін білмеуші ме едің
сен?!
– Білемін, Рахия, білемін...
– Айналып кетейін олардан,– деп көңілі босаған кемпір көзіне жас алды. –
Сенің балаң безбүйрек екен.
– Балада кінə жоқ,– деп күбірледі шал. – Заман... Заман сондай. Бала
інтірнəтта өсті. Ата-ананың мейірім-шапағатына қанбай, олардың қасиетін
білмей өсті. – Кемпірдің сөзі жанды жеріне дөп тиді ме, шал жүрегін
күйдірген запырандай ащы сөздерін ірікпеді. – Ол неме інтірнəттың баласы
болып өсті де, інтірнəттың баласы болып қалды.
– Інтірнəттың балалары,– деп күбірледі кемпір. – Інтірнəттың балалары көп
дейді ғой тегі.
– Е-е, үйі інтірнəт болған шал-кемпірлер аз ба?
– Інтірнəт түрме, аурухана... Бірінен біріне ауысумен өтіп келеді өмірім. Е-
е, алла, бұған да тəуба,– деді кемпір бетін сипап.
Аяғанның есіне осыдан он бес жыл бұрын шетелге бірге барған жігіттің
айтқан əңгімесі оралды.
– Мені бесіктен белі шықпай жатып анамның құшағынан балалар үйі
жұлып алған,– деп еді ол мұңайып. – Мереке сайын салтанатты шеруге
Берияның суретін көтеріп шығушы едім. Басқа балалар маған
қызғанышпен қарайтын. Менің мерейім үстем еді. Берия секілді үлкен адам
болсам деп армандайтынмын. Ал Сталиннің суретін көтеріп шығу
барлығымыздың арманымыз болатын. Олардың кім екенін кейін білдік қой.
Менің мемлекет басшыларына деген сенімімді, солардай болсам-ау деген
ізгі арманымды Берия талқандап кетті. Осы күні солардың қай-қайсысы
болмасын маған уақытша адам сияқты болып көрінеді.
Сол жігіттің аты-жөнін де, түр-тұлғасын да ұмытыпты, ал айтқан əңгімесі
тасқа қашалған жазудай жадына өшпестей болып жазылып қалды.
– Үйге шықсам балаға тілипон соғып айтамын. Іздеп барып, əдірем
қалғырдың ит терісін басына қаптамасам ба!.. Ұмытпай əдресін жазып бер.
Жалғыз əкенің қадырын білмеген безбүйректің көзіне көк шыбын
үймелетпесем атымды басқа қой,– деп Рахия даурыға сөйлеген. Дауысы
тым қатты шықты ма, есіктен қылтиып санитардың басы көрінді.
Ұйқысынан жаңа оянған тəрізді, екі көзі қызарып кетіпті. Ол қабағын
шытып, жұдырығын көрсетті.
– Қайтайық моламызға,– деді кемпір сүйретіліп орнынан тұрып жатып. – Ее, алла! Осыған да тəуба!..
Орнына келіп жатқанмен шалдың қозғалып кеткен көңілі орнына түспеді.
Рахияның сөзі мұңға толған кəрі жүректі аямай осып кеткен сияқты.
Жалғыз ұлына іштей лағнет айтып жатқандай, қайта-қайта көкірегі қарс
айырылардай күрсінеді де, күбірлеп сөйлейді. Баласының кім екенін,
қандай адам екенін, кімдерге қиянат жасағанын айтып, кеудесіне толып
қалған ыза мен ашуын сарқып тастағысы келіп оқталғанмен шалдың түрін
көріп, жігіттің батылы бармады. Азапқа түсіп, қиналып жатқан шалды
аяды. Тірі пендеге қиянат жасап көрмеген Аяған қандай қиын жағдайда да
ешкімге жамандық жасай алмасына тағы да көзі жетті. Өзінің орнында
Жақия болса кімге лағнет айтарын білмей қиналып жатқан шалды одан
сайын тұқыртып, жерлеп, жекен суын ішкізетіндігін ойлап, Аяған жұмсара
түсті. Басының қатты ауырғанына қарамастан шалды сөзге тартты.
– Қария, көрші болғанымызға біраз уақыт. Əрі дұрыстап жөн сұраса алмай
жүрміз ғой,– деп күлді Аяған. Шал басын көтеріп отырды. – Менің Алдияр
Ақпанұлы деген ұстазым болды. – Алдекеңнің атын естігенде қандай күйге
түсер екен деген оймен шалға қадала қарады. Ол мүлде селт етпеді, меңіреу
адам сияқты басын изектетіп, мең-зең болып отыр. – Сізге қарасам сол кісі
есіме түседі. Сіз екеуіңіз сондай ұқсайсыз. Сіздер ақылдан, ардан жаралған
адамсыздар, қария.
– Е-е, – деп көкірегі қарс айырылып кетердей күрсінді шал. – Дүние ойлап
тұрсам шолақ екен депті біреу. Көзі ашып-жұмғанша өте шықты. Біз кешегі
күнге айналдық. Кешегі күн...
– Кешегі күн өмір емес, тарих. Ал ертеңгі күн – ертегі. Оның тіпті болмауы
да мүмкін ғой, қария. Тарихымызды ертегіге айналдырып жіберген
халықыз біз,– деп жымиды Аяған. – Кешегің де ертегі, ертеңің де ертегі. Ал
өмір деген бүгінгі күн. Орысша айтқанда, жизнь – это всегда сегодня. Ал
сіздің барлық қызығыңыз алда əлі.
– Е-е, қарағым-ай! Біз қан базардан қайтып келген адамбыз. Ілдалдалап
жүріп өмірімізді өткіздік. Қысқа өмірдің мəнді бөлігі түрмеде, айдауда,
соғыста өтті. Сен ақылды сөздер айтып жатырсың. Ал бізде өз пікіріміз
болған жоқ. Тірі жүру үшін ақылдың, пікірдің керегі жоқ еді бізге. Біз
орындаушы болып өттік.
Шал сауалын саумалап, үнсіз отырып қалды. Аяған жиі-жиі жөтелетін ескі
трактордың көксау моторы сияқты анда-санда тынысы тарылып, пырқпырқ етіп ұйықтап жатқан Саламон патшаға қарады. Бұрын да өмірдің
рахатын көрген, қазір де дүниесі түгел “патша” сонау ерте дүниеде туып,
содан бері тірі жүрген адам тəрізді. Ол əлі де мың жыл жасайтын сыңайлы.
Аяған ақырын ғана күрсінді.
– Осынша жасқа келіп, жүрегіне кір түсірмеген, арына шаң жұқтырмаған
азамат аз, қария. Алдияр Ақпанұлы сондай асыл азамат еді. Сіз оны
білесіз,– деді Аяған оған тура қарап. Тағы қателесті, шал оған сыр
алдырмады. Танымайтын, білмейтін кісінің сыңайын танытып отыр. – Ол
көптің адамы еді. Қара басының қамынан басқа ештеңе ойламайтын
қараниет пенделердің қаза тапты асыл азамат.
– Е-е, алла! – деді шал көкірегін кере дем алып. Қабағы түнеріп, танауы
қусырылды. Жар жиегіне қарай сүйрелеп, тықақтап отырған Аяған мүлде
назар салмады. – Болған сондай бір асыл адам. Қылышынан қан тамып
тұрған заманда басын қатерге тігіп, Кенесары бабамның аруағын асырған
ол. Ал менің ұлым... Менің жалғызым бабасының аруағына... – Шал ары
қарай сөйлей алмай өз деміне өзі тұншықты. – Сол үшін білетіндер мені
көзге шұқиды. Е-е, менің сөзім кім, өзім кім? – Салбырап түсіп кеткен
басын шалт көтеріп алып, жігітке ала көзімен ұнатпай қарады. Тышқақ лақ
құрлы құным болса күнім батарда көзім бозарып, осында жамар ма едім?!
Адам өз қолын өзі кеспейді, қарағым.
– Балаңыздың əрекеті бір адамға, бір сізге ғана жасалған қиянат емес,
қария. Бұл ата дəстүрге, туған халқына жасалған қиянат. Бұл туған əкесін
ғана емес, туған халқын, ата-баба салтын жек көрудің белгісі. Бұл
имансыздық! – деді ашуға булыққан Аяған қалшылдап. Басы қалтаңдап,
кемсеңдеп отырған шалға жаны аши тұра өзін өзі ұстай алмады. Көкірегіне
толып қалған ащы запыранды бір-ақ қотарды. – Ондайлар қара басының
пайдасы үшін бүкіл халықты жек көруді үйренді.
– У-у-й! – деді шал. Аузынан отты леп шыққан сияқты.
– Ұлттық сөзім өлген жерде адам да өледі,– деді Аяған қинала қабақ
шытып. Басы қақ айырылып кетердей ауырып тұрса да, ашу-асаудың басын
бос жіберді. Кеудесіне толып қлаған ыза-өртті сөндіре алмай-ақ қойды. –
Ұлтын сүймейтін, ана тілін білмейтін жанның жəндіктен айырмашылығы
қайсы? Оған өнердің, əдебиеттің, тарихтың, мəдениеттің, қысқасы,
ештеңенің керегі жоқ. Оған қыбырлап тірі жүру ғана керек. Оған бəрібір.
Ондайларды туған халқының тағдыры мен тарихынан гөрі дүниенің бір
бұрышындағы ешкім білмейтін халықтың мəселесі көбірек толғандырады.
Өз халқының басы жарылып, көзі ағып түссе да қабырғасы қайыспас.
Себебі – оларда тек жоқ, қария. Олар ойнастан туған бала сияқты.
– У-у-һ! – деп шал тағы да күрсінді. Қос алақанымен бетін жауып, өксіп
қоя берді. Одан мұндай қылық күтпеген Аяған алғашқыда абдырап қалған.
Көмейінен лек-лек болып төгіліп жатқан ызалы сөздерді тежеу үшін дəлізге
шығып кетті. Енді байқады, екі беті от болып жанып тұр екен. Басы сынып
əкетіп барады. Күрек маңдайын қақ айырып кеткен сияқты, қолы сəл тиіп
кетіп еді, жанын көзіне көрсетті. Құлағына тосын үн шалынды. Жанжағына алақтады, ешкім жоқ. Енді ғана аңғарды, Ес қария əлі өксіп отыр
екен. Шалдың көкірегінің со-о-н-о-у бір терең шыңырауынан көтерілген
зарлы дауыс Аяғанның ызаға қақалған жүрегін аямай шағып алды.
“Бекер болды-ау. Жарымжан адамды сонша сөккенім не? Əй, ақымақ
басым!” деді Аяған қынжылып. Қол тигізбей қақсап ауырған басы
жарылып кетердей зəресі ұшқан жігіт қинала ыңырсып, палатаға қайтып
келді де, аналгин ішті.
Ес бетін қос алақанымен жауып, өксіп отыр екен. Аяған келіп құшақтаған
кезде дауысы шығып кетті.
– Ай-й, ит өмір-ай!..
– Кешіріңіз мені,– деді жігіт оның сақалынан сүйіп. – Айтпасқа амалым
қалмады. Көкірегіме толып қалған запыран шыдатпады.
– Дұрыс,– деді қарт кемсеңдеп отырып. – Айтатын жөнің бар, балам. Сен
айтпағанда кім айтады?! Біз үндемей жүріп өттік өмірден. Халқымыз аштан
қырылып жатқанда Голощекиннің бетіне қарап, жарамсақтана жымидық.
Тірі қалу үшін бірге туған бауырымызды, əкемізді НКВД-ға ұстап бердік.
Қу жанның амандығы үшін не істемедік біз?! Біз бəріне қызмет еттік,
қарағым. Тек адамға, туған халқымызға қызмет еткен жоқпыз. Жетпіс жеті
жыл ғұмыр кештім. Біздің ғұмыр құлдықпен өтті. Өмір – зая... Өмірім зая...
– Босап, болдырап отырған шал қабағын қарс түйіп, жүзі сұрланып,
қатайып алды. – Ұлыиіс деген жалғыз немерем бар. Қазақпын деуге
намыстанады. Ол – менің болашағым. Бөтен. Мен де оған бөтенмін...
Жатпын. Өз шаңырағыма, өз баласына сыймай, жат болып, далада қалған
жалғыз ғана мен дейсің бе? Жоқ, жоқ! Көп олар, өте көп!..
Ары қарай тілі икемге келмеді. Иегі кемсеңдеп, басы қалтаңдап отырған
шалдың көзінен жас парлап қоя берді...
53
Дəл бұлай болады деген ой Аяғанның түсіне кірмеген. Басы сынып
кетердей ауырып, таңатқанша кірпік ілмеген жігіттің көзі енді ілінгенде
санитар келіп, оятып алды да, жетелей жөнелді. Ұйқы меңдеген Аяған жөн
сұрайтындай қалде емес еді. Өзін қарап жүрген дəрігердің алдына келгенде
ұйқысы шайдай ашылды. Басын таңған дəкені алып, ырсиып тұрған
жараны қайта жауып, тазалап дəрілеген соң:
– Бұл саған ескерткіш,– деп күлді дəрігер. – Бұдан кейін қолымызға түсуші
болма. Үйіңе қайта беруге рұқсат.
Басы ауырып тұрған Аяған қинала езу тартты. Өзін кекеткендей жымиып
отырған дəрігерге ашулана жалт қарап:
– Бастағы жара жазылар. Сендерің ескерткшітерің мұнда, жүректе,– деді
кеудесін дүңк-дүңк ұрып. Ол жара ешқашан жазылмайды. Менің тəніммен,
жаныммен көрге бірге түседі.
– Бекер ашуланба, жігітім. Менде кінə жоқ,– деді дəрігер қызарақтап. –
Сізді осында əкеліп салдырған адамға айтыңыз өкпеңізді. Мынау
қағазыңыз. Хош болыңыз!..
Ауруханадан шығарылғаны жөніндегі қағазды көкірегіне басқан күйі
жүгіріп отырып бөлмесіне келді.
– Ақсақал! – деп шалды құшақтай алды. – Мені босатты! Мен... Мен...
– Алда айналайын-ай! Босатты деймісің?!
– Мен кетемін қазір! Ауылға, балаларыма барамын!..– деп Аяған жымиып
күлді. Тамағын ып-ыстық қатты зат келіп кептелді, екі көзінен мөлт-мөлт
етіп шыға келген тамшыларды сұқ саусағымен қағып тастады.
– Жолың болсын, қарағым! Бала-шағаңның қызығын көр... Басың аман,
бауырың бүтін болсын!
– Рахмет, қария! Сіздің ұрпағыңызға бақыт тілеймін,– деді көңілінде кірбің
жоқ жігіт. Шал ернін тістеп, жанарын жықты.
– Сен бізді ұмытпай келіп тұр,– деді Саламон патша жігіттің қолын
сілкілеп. – Мені іздейтін ешкім жоқ, өзің білесің. Маған жақсы-жақсы
тамақ ішу керек. Менің өмір сүргім келеді.
– О-о, сіз əлі көп жасайсыз,– деді Аяған оны құшақтап.
– Рахмет! – деді бүкіш шал көзі жасаурап. – Менің өлгім келмейді.
– Біз сан рет өлдік. Бірақ бірде бір рет шындап өлгеміз жоқ,– деп күрсінді
шал орнынан тұрып жатып. – Біз қандай биіктен лақтырса да төрт аяғымен
түсетін мысық сияқтымыз. Біз мысықпыз!
Саламон патша Есті мазақтағандай мырс-мырс күлді.
– Һе-һе! Мысық! Еще өзі орден тағады жарымес,– деді. Ес оның сөзіне мəн
берген жоқ, ойға батып сілейіп тұр.
Өзімен бірге алып кететін ешқандай заты болмаса да Аяған төсегінің əр-əр
жерін сипалап, сипақтап ұзақ жүрді. Аурухананың киімін басқа корпусқа
барып ауыстыру керектігін біледі, əлденені ұмыт қалғандай қайта-қайта
тумбасын аша береді.
– Қарағым, Аяған,– деді Ес оның жанына келіп. Жігіт тіктеліп, шалға
бұрылды. – Мен өлімнен қорықаймын. Ұяттан, жалғыз ұлымның жолын
кесіп, жүргізбей қоятын, өле-өлгенше алдымнан шыға беретін ұяттан
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Өмірбаян - 34
  • Büleklär
  • Өмірбаян - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2343
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2206
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3946
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2216
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3919
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2281
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2180
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3962
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    38.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2227
    36.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2066
    37.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3942
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4010
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2308
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2069
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2318
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3894
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2290
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3979
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2333
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3945
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2168
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3915
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3882
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2154
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3928
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2276
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2270
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4009
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2220
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3915
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2159
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3966
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2184
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3950
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2293
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2284
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 4037
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2421
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2292
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3889
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2140
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2161
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3943
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2207
    37.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 3860
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2225
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2113
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 33
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2215
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 34
    Süzlärneñ gomumi sanı 3902
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2224
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 35
    Süzlärneñ gomumi sanı 3386
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2046
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.