Latin Common Turkic

Өмірбаян - 29

Süzlärneñ gomumi sanı 3931
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2161
34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
тоза бастаған тəрізді. Бір замандарда екі беті май жаққандай жылтырап
тұрушы еді. “Сенің кожаң жақсы, сондай нежный” дейтін көңілі жақын
əйелдер. Ол дəурен көзінен бұлбұл ұшты. Күйкі тірліктің уайымымен бас
қатырып, болар болмасқа шаршап жүргенде уақыт шіркін мұны біраз жерге
алып кетіпті. Бұрылып соңына қарауға да мұршасы болмапты. Енді бір
ұйықтап тұрса кеудесі сырылдаған шалға айналады екен. Кеудесі сыр-сыр
етіп, сүйегін сүйретіп, көзі жасаурап жүрер.
– Да-а,– деді күрсініп. – Өмір деген зыр ете қалды.
Кəсіподақ ұйысмы төрағасының үйіне телефон соқты.
– Жаңа ғана Мұсекеңмен сөйлестім,– деді амандық-саулық сұрасқаннан
кейін. – Ертең сағат он бірде Алдияр Ақпанұлының денесін бас корпусқа
алып келесіз. Қоштасу сол жерде болады.
– Студенттер сіздікі. Бүлдіріп жүрген солар.
– Олардікі ақымақгершілік. Алдияр Ақпанұлына түрмеден шыққан
антилер емес, біз ие болуымыз керек. Оның орны бөлек. Ол халықтың
данасы.
– Осы сөзіңізді екі жыл бұрын айтқанда, бəлкім, Алдияр Ақпанұлы бізді
осы жолы шаршатпас па еді,– деп күлді кəсіподақ ұйымының төрағасы.
Абдырап қалған Жақия:
– Адрестен қателестіңіз. Бұл Мұса Байларовичке айтылатын сөз,– деді.
Оның сөзі кəсіподақ басшысына ауыр тиді, солай бола тұра ол жеңілгенін
мойындай салған жоқ.
– Сөзіңізді Мұсекеңе осы күйінде жеткізуге рұқсат етіңіз,– деді. Мұндайды
күтпеген Жақияның жаны шығып кете жаздады. Ежелгі əдетімен бұл жолы
да сөз таластырмай жата кетті.
– Жеңілдім. Есеп 1:0,– деп қиналып күлді. – Мен Мұсекеңнің тапсырмасын
айтайын деп телефон соққан ем.
– Мұса Байларовичпен сөйлестім, білемін. Сау болыңыз!
Трубканы орнына қойып, ойланып тұрып қалды. Жаңағының сөзінен
түсінгені – Мұса Байларов барлық шаруаға өзі кірісіп жатқан сияқты.
Сонда мұның үлесіне тиетіні қандай шаруа? Бұрын да осылай болатын,
Мұса тапсырманы беріп-беріп алып, өзі кірісіп кететін. Қандай қиын шаруа
болса да оп-оңай бітіп жататын. Мұсаның осы құдіретіне аса
таңырқағанмен құпиясын біле алмай-ақ қойды.
Бір жақсысы – соңынан шақырып алып, “айтқанды орындамадың” деп
кінəлап, көзге шұқымайды. Сол шаруаны Жақияға тапсырғанын ұмытып
кеткендей сыңай танытады. Бірақ оның ұмытпайтындығын,
қарауындағылардың əр басқан адымын аңдып отыратындығын іші сезеді.
Мұсаның білмейтіні жеті қат жердің астында. Республикада болатын ірі
өзгерістерді күні бұрын біліп, соған орай əрекет жасап отырады. Кіммен
байланысы бар, қолдаушысы кім? Бұл Жақияға жұмбақ.
Ректорының жұмбағын шеше алмай шаршаған Жақияның кірпігі түннің бір
уағында əрең айқасты.
45
Кешкі апақ-сапақты сыртқа шығып кеткен Сыздық содан үшті-күйлі
жоғалды. Студенттер жабылып іздеп, таба алмай сабылып қайтты.
Бостандыққа шыққан сабаздың ескі таныстарын жолықтырып, ащы суға
шөлін қандырып, ешкім білмейтін жерде қылжиып жатқанын Аяған іштей
бағамдады. Жетесіз ұлдың əкесін шығарардың алдында лəйліп кеткеніне
соншалық қатты күйінді. Əкесіне топырақ салуға келмей қала ма деп
қауіптеніп, студенттерді əрі-бері жүгіртіп, онысынан нəтиже шықпаған соң
таңның атуын күткеннен басқа амалының қалмағанын түсінген. “Əкесіне
бір уыс топырақ салу үшін еңбектеп болса да жетер” деп өзін өзі жұбатқан.
Аяғанның көңілінде Сыздықтан басқа алаң жоқ еді. Алдияр Ақпанұлын
жерлеуге байланысты дайындық жұмыстары аяқталып, көңілі байыздаған.
Сүйікті ұстазының денесін дұшпандарының қолына бермегеніне қуанышты
еді. Мұны өте үлкен жеңісінің санатына қосқан. Бұл жеңіс əрі қарай
жалғаса берердей болып көрінген. Студенттердің өзіне деген ниет-пейілін
таныған соң көңілі көтеріліп, ширыға түскен, сары ізіне шөп салып
қорлаған дұшпандарымен күресуге белді бекем буған. Бұдан басқа жолдың
қалмағанын түсінген Аяған өзіне емес, кішкентай кезінен жүрегінің
құндағына бөлеген, Шындық атты ұлы күшке сенген. Көңілі сан рет қалып,
атар таңнан қарадай түңілгенмен саяқ жігіттің одан басқа сенері де
сүйенері де жоқ еді. Жеңілістің ащы дəмін татып, жаны күйзелген қиын
сəтте ешкімге əл бермейтін ұлы күш əне-міне дегенше келіп, құтқарып
алардай болып көрінетін. Əділетсіздіктің тас түрмесінен сол ұлы күш алып
шықты деп ойлайтын жігіттің сенімі соңғы күндері күшейе түскен.
Құдайдай табынып жүрген Шындығының Байларов секілділердің бір
сілкігеніне жарамай құлап қаларын ол білмейтін еді.
Шындық деген ұғымның уақытқа тəуелді екенін, өзі өмір сүрген заманның
қабағына қарап, сөзін сөйлейтіндігін Аяған толық ұғына алмаған. Оның
сенген Шындығы ұйқының құшағында маужырап жатқан...
Аяқ астынан жоғалып кеткен Сыздық ертеңгісін сағат тоғыздан өте бере
қайтып оралды да, Аяғанға жөнсіз соқтығып, шу шығарды. Түнімен ішкен
сияқты, мастығы əлі тарқамапты.
– Менің əкемді қорлауға саған кім право берді а? Əкеңді танытып
жіберейін бе а?! Вот шизик а!.. Мен сенің билеп-төстеп, ойыңа келгенді
істеуіңе жол бермеймін. Давайте вес шуруйте отсюдева! – деп қой
қайырғандай ысқырып, Аяғанның кеудесінен итеріп-итеріп жіберді. –
Валяй!
– Қой, Сыздық, аруақтан қорықсаңшы,– деді Аяған оны тыныштандырмақ
болып. Сол сол-ақ екен Сыздық тарғыл даусын барынша созып, айқайқа
басты.
– Сволочи! Вы убили моего отца! Задушу всех! Ненавижу вас! Милиция!..
Бұдан арыға Аяғанның шыдамы жетпеді, ұмтылып барып, бар дауысымен
бақырып, аттандап тұрған Сыздықты шапалақпен салып жіберді. Түртіп
қалса құлайын деп тəлтіректеп тұрған əлжуаз бейшара мұрттай ұшты. Екі
студент қолтықтап, көтеріп тұрғызған. Сыздық бақырып келіп, ашудан
қалшылдап тұрған Аяғанның жағасына жармаса кетті.
– Қой, Сыздық! – деді ол қатқыл дауыспен.
– Сволочь! Зараза!
Осы кезде үйге ақ халат киген бірнеше ер адам жəне екі милиционер сау
етіп кіріп келді.
– Мынау менің əкемді өлтірген, мынау!.. – деп Сыздық қамсыз тұрған
Аяғанды іштен теуіп жіберді. Есе қайтармақ болып тұра ұмтылған жігітке
ақ халат киген екі бірдей ер адам жабыла кетті де, сүйрелеп сыртқа алып
шықты.
– Жолдастар, біз бүгін сүйікті ұстазымызды соңғы сапарға шығарып
саламыз. Түсініңіздер... Мені қайда алып барасыздар? – деп шырылдаған
Аяғанның əлгі екеу құлағына да қыстырмады.
– Бір сағаттан соң қайтып келесің.
Босанып кетпек болып бұлқынған Аяғанды ақ халат киген екі жігіт сүйреп
апарып жедел жəрдем машинасына кіргізді. Қаптап тұрған студенттер ес
жиғанша машина жүріп кетті.
Тізесінен жан кетіп, басы былқ-сылқ еткен Сыздықты екі милиционер
қолтықтап, өз машиналарына апарып отырғызды.
Осы кезде үйдің іргесіне ақ волга келіп тоқтаған. Мұса Байларовты бəрі
таныды.
46
Аяған ауланы аралап ұзақ жүрді. Жан-жағы биік дуал. Кірер есік бар,
шығар есік жоқ. Бұл жерден қашып кетудің ешқандай амалын таппай
шаршады. Тағдырдың басқа салғанына көнбеске амалының қалмағанын
түсінді.
Түрмеден айырмашылығы – шатақ шығармай тəртіпті, тіл алғыш болып
жүргендер көзі бозарып қамауда жатпайды, жындыхананың тірлігіне
қолқабыс жасап, ұсақ-түйек шаруамен айналысады. Ал тəртіп бұзған
“тентекке” аяушылық жасамайды.
Аяған жындыханаға түскен күні дəрігерлердің дегеніне көнбей тулап,
мұндағыларға денінің сау екенін дəлелдей алмай шаршаған. Олар түсіне
қоймаған соң талағы тарс айырылып ашуланды, дəрігерлер мен
медициналық қызмттегі жігіттерді бар білер ащы сөздермен сықпыртты.
Бəрінің еті өліп кеткен бе, ешқайсысы шамданбады, аузы көпіріп сөйлеп
тұрған жігітті мазақтағандай мырс-мырс күліп, жайбарақат отыра берді.
Өзінің артық кеткенін, айқайлаймын деп қателескенін соңынан түсінген
Аяған жағдайын айтып жалынған, дəрігерлердің бірде біреуінің жүрегі
жібімеді. Столды қоршап тасмүсіндер отырған сияқты, езулерінде
жымысқы күлкі, ештеңе естімейді, бəрі шетінен керең. Дəрігерлер
шырылдап айтқан шын сөзіне селт етпеген соң амалын тауып, қашып
шығуға бел буған.
Жиналған дəрігерлер өзара күбірлесіп, бір шешімге келгеннен кейін кетуге
ыңғайланған сəтте ол ышқынып шығар есікке ұмтылды. Жармаса кеткен
қопалдау келген ұзын сары жігітті бір жұлқып лақтырып жіберіп, сыртқа
шыққан күйі беті ауған жаққа тұра қашқан. Үш-төрт жігіт тапырақтап
соңына түскен. Қашып барып биік дуалға тірелген ол жандалбасалап, қалай
қарай маңдай түзерін білмей тыпырлап тұрғанда қуғыншылар қоршап
алды.
Жақындамаңдар, жарып өлтіремін! – деп айбат шеккенмен олар шегінбеді.
Екеуінің қолында дубинка – таяғы бар екен. Айқайлап тұра ұмтылған
Аяғанды екеуі қақ маңдайдан екі ұрып, сұлатып салды да, сүйреп ала
жөнелді. Есеңгіреп құлаған жігітте қауқар қала ма, қарсыласуға шамасы
келмеді. Оны сүйреп алып келген күйі етпетінен жатқызып, тыпыр еткізбей
басып тұрып, дəрі құйды. Бұдан арғысын білмейді, көзін ашқанда қапқараңғы бөлмеде темір төсекте таңулы жатыр екен.
Тілі аузына сыймай қаталаған ол бұлқынып босана алмаған, дауыстағанмен
жанына ешкім жоламады. Қараңғы бөлмеде жалғыз екенін біліп, тілін
тістеді.
Таяқ басына қатты тиген тəрізді. Шөл қысып, басы шытынап, қай
айырылып кете жаздап таң атқанша азапқа түскенін ойласа аза бойы қаза
болады. Екі дүниенің ортасында екі есті күйде жатқан жігіттің аузына су
тамызатын бір жанашыр табылмады.
Сағат тоғыздың шамасында маңдайынан таяқпен ұрып құлатқан жігіт
тамақ алып келген. Араларында ештеңе болмағандай ыржиып күлді,
Аяғанның жаны қиналып, əрең шыдап жатқанына мүлде көңіл бөлмеді. Екі
қолын шешіп, ботқаны алдына қойды да:
– Тағы қашасың ба? – деп ырқ-ырқ күлді.
Аяған сыра түстес сары суды сіміріп жіберді. Бірақ шөлі қанбады. Бір
стакан су көні кепкен тақырға тамған тамшыдай ғана болды, егеуге
айналып, тобарсыған тілі де жібімеді.
– Су-у..– деді Аяған оған жалбарына қарап. Жігіт мырс-мырс күлді.
– Норма. Артық су жоқ.
– Шөлдеп өліп барамын.
– Өлмейсің. Осы уақытқа дейін сендейлердің өлгенін көрсем көзім
шықсын.
– Ағатай, тағы бір стакан су берші.
– Жаның қиналған сайын шыныға түсесің,– деп ырқылдап күлген дəу қара
кетіп қалған.
Одан бері қаншама күн өтті. Қазір Аяған өткен күннің есебінен жаңылып
қалатын болып жүр. Біріне бірі ұқсас күндерді санағысы келмейді.
Алғашқы əлетте жындыханадан көп ұзамай шығатындығына сенімі бар еді.
Жағдайын айтпақ болып соңына түскенмен бас дəрігер маңайлатпай қойды.
Ауру еместігін айта бастаса дəрігерлер сөзін бөлмей өте мұқият тыңдап
алады да, жылы-жылы сөйлеп көңілін жұбатады. Амалы құрыған соң
ашуланады, айқайлайды. Оларға керегі де осы, үш-төртеуі жабылып
жығып, дəрі құяды. Содан не өлі емес, не тірі емес, мең-зең болып жатады.
Кейінгі уақытта мүлде тыныш, ешкімге жалынып жағдай айтпайды,
жападан-жалғыз отырып алып ой түкпірін ақтарады. Ойша өмір сүруге де
үйренді. Кей күні бала-шағасын есіне алып, ешкімнің көзіне түспей егіліп
жылайды. Кейде ойша балаларымен қауышып, сырласып жетісіп қалады.
Сыртқы дүниемен байланыс мүлде жоқ. Ешкім іздеп келмейді, қалада екі
туып бір қалған дейтіндей жанашыр жақыны жоқ. Іздеп келіп қалар
студенттерді күтіп еді, олар хабарсыз жатыр. Аяғанды қайда алып кеткенін
олар қайдан білсін. Сол күнгі болған жағдай есіне түссе ызадан жарылып
кете жаздайды. Қарсыластары пысықтық жасап, алдын кесіп өтіп,
ойларына келгенді істеді. Сыздықтың екі кештің арасында аяқ астынан
жоғалып кетіп, ертесіне мас болып келіп, мұның жағасына жармасуы,
аузына түскен сөзді айтып лағнаттауы, артынша жедел жəрдемнің келе
қалуына қарағанда бұның əдейі ұйымдастырылған шаруа екенін іші сезеді.
Бір күн бұрын кешкілік Жақияның келуі бекер емес. Оның жай жүрмегенін
сонда-ақ түсінуі керек еді. Қырық жасқа келіп, біраз өмір көрдім дейтін
Аяған тəжірибесіздігіне осы жолы көзі анық жетті. Оларды қара күшке
салып алысып жеңе алмасын іштей мойындады. Заманның əдіс-айласын
əбден меңгерген Жақия секілділер оңайшылықпен алдырмайды екен.
Оларды жеңетін жан тумаған да шығар. Мұса Байларов бастаған топтың
күшті болатыны – уақыт соларға қызмет істейді екен. Аяған осыны ұқты.
Ол жеңілгенін мойындай тұра мойымады. Өзіне, өзі сияқтыларға қызмет
ететін уақыттың күндердің күнінде келетіндігін түйсігі арқылы сезді.
Қашан болсын сол бір атты күн ойламаған жерден сап ете түсердей үнемі
елегізіп жүреді. Кейде үміті үзілгендей аяқ астынан өзгереді, қараптан
қарап отырып ашуланады. Мұндай сəтте өзін төңіректейтін ауруларды
мүлде жақтырмайды, айқайды салып, қуып жібереді. Ол бейшаралар əбден
запыс болып қалған сияқты, Аяғанның даусы шыққан сəтте қалшылдап
тұра қашады. Ұзап барып түнеріп отырған жігітке мөлиіп қарап тұрады.
Аяған ашуы басылып, өзіне өзі келгенде ұзап кете алмай тұрған
бейшараларды керемет аяйды.
Жындыханаға түскелі бері оны мұндағылардың біразы төңіректеді. Қанша
жерден есі ауысқан дегенмен өздерін қорғай алатын адамды олар да
таныйды екен. Мұның кім екенін білмей жатып “қорқытып” алмақ болып,
жағасына жармасқан үш тентекті оп-оңай “жуасытты”. Содан бері олар
Аяғанға жуымай, қашып жүреді. Күштілерден теперіш көрген əлсіздердің
барлығы үнемі Аяғанның соңынан қалмайды. “Тентектер” жақындай
алмай, алыста тұрып жұдырық көрсетеді.
Жындыхана тұрақты мекеніне айналған, үнемі жетектесіп жүретін ек
кемпір таңертеңнен кешке дейін Аяғаннан екі елі қалмайды. Екеуінде үн
жоқ, аяқтарын тырпылдатып, салпаңдап ереді де жүреді. Жастары сексенге
тақап қалған екі кемпірді аяғандықтан дауыс көтеріп, зəре-құтын
қашырмайды. Өздерінің мінез-құлқы да қызық. Кейде жұртан жасырынып,
нан жеп отырады. Анау күні Аяған аяқ астынан жоғалып кеткен екеуін
іздеп, тығылып нан жеп отырған жерде үстінен түскен. Екі бейшараның
зəрелері ұшып, аузындағы нанды жұта алмай тыпырлады. Қазақ кемпір
орнынан тұра салып бір жапырақ нанды Аяғанға ұсынды.
– Же... Жеп ал. Қарның ашады.
Аяған күлген. Екі кемпір мұның бұл қылығына түсінбеді. Жақсы көріп,
сыйлап жүретін жігіттің нанды алмағанына кəп-кəдімгідей ренжіп қалған.
Осыдан кейін олар жоламай кететін шығар деп ойлаған. Психикалық ауруға
шалдыққан адамдар ештеңені есте сақтай алмайтын болу керек, артыншаақ екеуі ежелгі əдетімен жетектескен күйі Аяғанға ілескен.
Екі кемпірдің соңынан сүмеңдеп қалмайтын еңкіш тартқан бəкене, бүкір
шал бір заманда үлкен қызмет істеген деп естіді. Оның қазіргі түрі адам
күлерлік, қашан болсын мойнынан сірне-сірне болып түсі оңып кеткен
галстугын тастамайды. Онысын кейде жалаңаш мойнына байлап алады.
Шамасына қарамай кемпірлерге қырындайтын əдеті бар екен, оның осы
қылығын алғаш білген күні Аяған күлкіге қарық болған. Қартайған
шағында ұрғашы көрсе ұрынып жүретіндігіне қарағанда, жас кезінде көзі
түскенді құр жібермейтін жұпаркіндік болған тəрізді.
Екі кемпір одан қорқа ма, жоқ əлде басқа бір себебі бар ма, үнемі
жетектесіп қашып жүреді. Бүкір шал ауқасы салбыраған бұқа сияқты,
қашқан кемпірлерді қуалап, бүкшеңдеп бара жатады.
Аурулардың барлығына бүйідей тиетін бір əпербақан бар, одан барлығы
қорқады. Қайда жүретінін Аяған білмейді, оны сирек көреді. Кейде аяқ
астынан сап ете қалады да, емін-еркін қыдырып, беймарал жүрген
аурулардың апшысын қуырып, берекесін алып жібереді. Мұндағы жұрт
одан емес, əлгінің қолындағы Сталиннің үлкейтілген суретінен қорқатын
сияқты. Əсіресе екі кемпірдің зəре-құты қалмайды. “Күн көсемнің” қарасы
көрінгенде жалп-жалп құлап, еріндері жыбырлап, сөйлеп жатады. Бүкіш
шал да екеуіне қосылып, қолын жайып, күбірлеп отырады. “Мен Напалеон
Бонапартпын” деп кеуде қағып жүретін əпербақан Сталиннің заманын
қайта орнатқандай екі езуі екі құлағына жетіп, талтаңдап кетіп бара
жатады.
Анау күні Аяған бір сұмдықты көріп, қатты шошыды... Аппақ қудай
шашын жайып жіберген, үсті-басы өрім-өрім, кісі қарайтын сықпыты жоқ
кемпір шеткі бөлмеден таяққа сүйеніп шықты да аумағы ат шаптырым
ауланың бір бұрышында томпайып жатқан қос төмпешікке қарай беттеген.
Екі көзі қып-қызыл екен.
“Бұл не істер екен” деп бақылап отырды. Кемпір қос төмпешіктің қасына
келген соң аңырап қоя берді. Бейшараның дауысы соншалық ащы болар ма.
Аяғанның жүйкесі шымырлап, кеудесін өксік құлдаған.
Оның зарынан ұққаны – қос төмпешіктің бірінің астында отыз сегізінші
жылы атылып кеткен күйеуі, екіншісінде түрмеде дүниеге келіп, бір
жетіден кейін шетінеп кеткен нəрестесі жатыр екен.
Кемпір зарлап отырып жоқтауын айтып тауысқан соң құран оқыды. Сонан
кейін темекісін бұрқыратты.
Екі кемпір тым-тырыс тынған. Екеуі де темекісін бұрқыратып отырған
кемпірден көз алмайды. Екеуі одан қаймығатын сыңайлы. Əрқайсысы өз
бетінше сыбырлап сөйлеп отыр. Олардың сөзінен Аяғанның түсінгені –
кемпірдің аты Рахия екен.
Кейін білді, Рахия есімді кемпір “күйеуім мен балам осы төмпешіктердің
астында жатыр” деп алданатын көрінеді. Анда-санда тұлыпқа мөңіреген
сиыр сияқты қос төмпешіктің жанында тұрып, жоқтау айтып, ішін бір
босатып алады екен.
Соңынан қалмайтын екі кемпір өздерінің төрт құбыласы түгелдей Рахияны
мүсіркеп аяйды.
– Құрысын,– адамның басына бермесін,– дейді неміс кемпір күрсініп.
– Обал-ай! Сорлы-ай! – дейді қазақ кемпір иегі кемсеңдеп. Екеуі де
жылаған болады, бірақ көздерінен жас шықпайды. Екеуі де қызық,
шүңкілдесіп сөйлесіп отырады, сөздері анық емес, олардың не айтып
отыратынын Аяған түсіне алмай-ақ қойды. Құлақтары ауырлап қалған кəрі
кісілер сыбырласып отырып бірін-бірі қалай түсінеді екен деп таңырқап
жүретін. Кейін білді, олар бірін бірі мүлде тыңдамайды екен. Сырт көзге
бірін-бірі мұқият тыңдап, жақсы түсінгендей болып көрінеді.
Ал бүкіш шалдың екі көзі кемпірлерде. Тышқан аңдыған мысық секілді
екеуінің қалт еткен қимылын бағып, жалмаңдап отырады. Кейде бір
кемпірлердің қолынан ұстап, кемсеңдейтін əдеті бар. Оның осы қылығына
Аяған мүлде түсіне алмайды.
Жындыхананы сыртынан көргені болмаса ішіне кірмеген еді. Биік дуалдың
ішінде есі ауысқан, ешкімге керексіз болып қалған пенделер жүретін
секілденетін. Бұл жерде де өмір бар екен. Қайнап жатқан қоғамнан бөлініп
қалған мекеменің тірлігі мүлде басқа екен. Қолына дубинка-таяқ ұстаған
медағалар жындыхананың сырттағы өмірге, Кеңес қоғамына ешқандай
қатысы жоқтығын ауруларға əр сəт сайын дəлелдеп, ұнамағандарына күш
көрсетіп жатады. Адамды аяу дегенді əлдеқашан ұмытқан медағалардан
түртіп жіберсе құлап түсетін, сүйегін сүйретіп əрең жүрген кəрі-құртаң
түгіл Аяғанның жүрегі запыс болып қалған. Жындыханаға түскелі түсінгені
– ақылдан қауқар қашып, қара күш үстем болған жағдайда адам
арзандайды екен. Осы шындықты мойындағысы келмей, “мінез” көрсетіп,
өзінің тірі пенде екенін танытпақ болғандарды медағалардың
аямайтындығын Аяған сан рет көрді. Жындыға да жан керек. Зығырданы
қайнап, кеудесіне ашу тығылғанмен өзін-өзі ұстайды, қолы дүниенің
тұтқасына ілінгендей алшаң басып келе жатқан медағаларға тура қарай
алмай жанарымен жер шұқып, мөлиіп тұрады. Олар ұзап кеткеннен кейін
хан сыртынан жұдырық көрсетіп, айбат шегеді бейшаралар.
Жетектесіп қыр соңынан қарға адым қалмайтын екі кемпірдің өзін неге
төңіректейтінін түсінгелі бері оларды қанатының астына алып, қамқор
болып жүр. Анда-санда екеуін детектетіп қуып, маза бермейтін бүкіш
шалға айбат көрсетіп, ұрысқан болады. Оның түрі мұндай сəтте өзгеріп
кетеді. Жетім бала сияқты шел басқан көздері жыпылықтап, жылайтын
кісідей иегі кемсеңдеп, мөлиіп тұрады.
– Мен оларды жақсы көремін,– дейді жыламсырап. Күлкі қысқан Аяған
теріс айналып кетеді де:
– Екеуін де жақсы көресіз бе? – деп сұрайды.
– Қайсысы көнсе сонысын жақсы көремін,– дейді шал Аяғаннан бір көмек
болардай еміне түсіп.
– Екеуі де көнсе ше?
– Екеуі де көнсе... Екеуі де... Онда екеуімен кезек-кезек жүремін,– дейді
қуаныштан жүрегі жарылардай болып.
– Олар сізді ұнатпайды. Басқа біреуді тауып алған-ау, сірə,– дейді жігіт.
Шал кемсеңдеп жылап, теріс бұрылады да, бүкшеңдеп кетіп бара жатады.
Жындыханада түрмедегідей қыспақ жоқ, басқалардың мазасын алмасаң
сенде ешкімнің шаруасы болмайды, дəрігерлердің айтқанын орында,
белгіленген емді қабылда да еркін жүре бер. Ал қылдан тайып, қыңырлық
көрсеткендер жазатын тартып жатады. Əлдекімдердің өкірген, шыңғырған
дауыстарын Аяған жиі естиді. Алғаш төбе шашы тік тұрып, жаны шырқыра
кетуші еді, жүре келе бойы үйренді.
Кеше оны басқа бөлмеге ауыстырған. Жанына екі ауруды əкеліп қосақтады.
Бірі Сталиннің суретін көтеріп жүретін сыриған көсе шал, екіншісі
сүмеңдеп кемпірлердің соңынан қалмайтын бүкіш. Көсе шалдың ең
қастерлі мүлкі – Сталиннің суреттері екен, біреуін төсегінің тұсына іліп,
екіншісін тумбаның үстіне қойды.
– Біз жаңа қонысқа көшіп келдік, Иосиф,– деді дауысы дірілдеп. Сонан соң
əскери адамдарша қолын шекесіне апарып, Аяғанға құрмет көрсетті. –
Алдыңда тұрған генерал Малинин. То есть Напалеон Бонапарт.
– Өте жақсы! – деген Аяған қолын ұсынып. Бірақ Напалеон болып алған
көсе шал кесірленіп оның қолын алмады.
– Мен Напалеон Бонапарт... Мен император... Ал сен...
Жігітті кемсіткендей ерінін шығарып, мырс-мырс күлді де, тумбочканың
үстіндегі Сталиннің суретін көтеріп, əскери жүріспен бөлмеден шығып
кетті.
– Бұл кім? – деп сұрады Аяған қоянның көжегі секілді бүрісіп отырған
бүкіш шалдан.
– Т-с-с,– деді ол көзі бағжаңдап, жан-жағына жалтаң-жалтаң қарады.
Ешкімнің жоқтығына көзі əбден жеткеннен кейін сыбырлай сөйледі. –
Бұрын НКВД да істеген. Түрменің бастығы болған. Ал қазір император...
Напалеон Бонапарт.
– Сіз кім болып істедіңіз?
– Мен бе? Е-һ-е,– деді бүкіш шал көңілденіп. – Біз деген социализмді мына
қолмен құрғамыз. Сен білмейсің менің кім екенімді. Білмейсің!
– Білсем сұрап нем бар.
– Білмейсің, – деп бүкіш шал екі қолын артына ұстап, бөлмені кезіп кетті.
Анда-санда “білмейсіңін” қайталап қояды. Бір кезде бөлменің қақ ортасына
келіп, қалт тоқтады да, бағжаңдап Аяғанға қарады. – Біз қай жерге келіп
едік?
– Кешегі жерге...
– А-а... Кешегі жер? Ол қай жер?
– 1937 жылы он адамды ұстатып жібердім дегенсіз.
– Жала! – деп шырылдады шал. – Менің жауларымның ойлап тауып
жүргені. Менде жау көп.
– Он болмағанмен де үш-төрт адамды атқызған шығарсыз,– деді Аяған оған
тесіле қарап. Бүкіш шал оған шошына жалт қарады да, көзін алып қашты. –
Мен білемін. Жасырмай-ақ қойыңыз.
– С-с-а-а-ғ-а-н кім айтты?
– Құжатты өз көзіммен көрдім.
– Қ-қ-а-ш-а-н?
– Жақында. Ол құжаттар газеттерге басылады екен,– деді Аяған қасақана.
Бүкіш шалдың үні өшті. Екі қолы дірілдеп, жылайтын адамдай игі
кемсеңдеп, басы қалтаңдады. Сосын өзінің қылмысын білетін жігіттің
жанында отыра алмай қисалаңдап далаға қашты.
Осы жағдайдан кейін-ақ бүкіш шалдан маза кетті. Түні бойы күбірлеп
сөйлеп, кемсеңдеп жылап, көзі ілінбей қояды.
– Өтірік айтамын. Ондай құжат жоқ. Газетке де шықпайды. Тыныш жатып
ұйықта,– деген Аяғанның сөзіне мүлде сендей қойды.
– Ол документ газеттерге басылса маған не істейді а? – деп түннің бір
уағында Аяғанды оятты. – Соттап, Қолымаға айдай ма?
– Жоқ, соттамайды. Пенсияңызға ақша қосып береді,– деді ұйқысырап
жатқан Аяған.
– Неге? Не үшін?
– Еңбегіңіз үшін. Социализмді қолыңызбен құрып, ны халық жауларынан
тазартқаныңыз үшін...
– Рас айтасың. Социализм үшін біз аянғанымыз жоқ,– деді шал көңілденіп.
– Қанша қосады екен а?
– Халық жауының əрбіреуі үшін он процент.
– Оһ-һо! – деді шал төсегіне қарай кетіп бара жатып. Аяған басын бүркеніп
алды. Мынаның талайдың басын жалмаған қандықол екеніне көзі анық
жетті. Ұйқысы шайдай ашылып кетті. Есіне Жақия, Мұсалар түсіп, қаны
қызып, кеудесіне алу тығылды.
“Өмірде жаман адамдар өте аз” деп ойлайтын. Олардың аз еместігіне соңғы
бір жылдың ішінде көзі анық жетті. “Басына іс түскен екен азаматтың. Қол
ұшын беріп, көмектесіп жіберейін” деген дұрыс адамды да көрді. Қаншама
жерге арыз жазды, қаншама адамның алдына барып кішірейді, бірақ көмек
қолын созған ешкім жоқ. Бір жақсы адамды түрмеде жатқанда кезіктірді.
Сол Міртемір сияқты азаматтар көп болса жаманшылық күшейіп кетпес
еді. Кім білсін, жақсы адамдар аз емес шығар. Кісінің жақсы, жаманын білу
үшін оның өткен өмірін зерттеу керек шығар. Қылмысқа белшесінен
батқан пенде ішінде ит өліп жатса да жымиып күліп, жылмиып жүре
береді. Сен оны өзіне деген ниетіне, көзқарасына байланысты жақсы иə
жаман адамдардың тобына жатқызасың. Пенде баласын танып, білу қашан
оңай болыпты?! Мынау жатқан бүкіш шалды мүсіркеп, аяп жүрген.
Алданыпты. Бұл нағыздың өзі екен. Қолы қан екен мұның.
Аяған күрсінді. Бүкіш шал күбір-күбір етіп, алып жүрген пенсиясына
ойындағы ақшасын қосып, есебі дұрыс шықпай, əлдекімді боқтап отыр.
Таң атар атпастан тұрып, жұрттың мазасын алатын Напалеон бүгін де
əдетінен жаңылмай:
– Тұрыңдар! – деп айқайды салды. Күбірлеп жатқан бүкіш шал лəм
деместен орнынан тұрып, асығыс киіне бастады. Аяған сағатына қарады,
бестен он-ақ минут өтіпті.
–Тұр ей! – деп айқайлады Напалеон көзі ашық жатқан Аяғанға зілдене
қарап. Бірақ ол қозғала қоймады.
“Осының да өткен өмірі былық шығар. Қанша адамның қаны бар екен
мойнында? Кім білсін, бəлкім, Ілияс, Сəкен, Бейімбеттерді атқан қандықол
құныкер осы шығар” деп ойлады жігіт.
– Напалеон, сен ақырын жүгірші,– деп өтінді бүкіш шал.
– Тұр ей! – деп тағы да айқайлады Напалеон. Аяған тұра қоймаған соң
тепсініп, жанына жетіп келді де, зіркілдей сөйледі. – Ұлы көсемнің алында
сен неге тік тұрмайсың, оңбаған?
– Мазамды алмаңызшы,– деді жігіт жалынғандай болып. Оны тыңдағысы
келіп тұрған Напалеон жоқ. Сталиннің суретін жоғарылатып көтеріпкөтеріп қояды. Аяғанның көңілін күпті қытықтады. Енді ұйықтай
алмайтынын білгеннен кейін “осылар не істер екен” деген оймен орнынан
тұрып киінді.
– Қайда барамыз?
– Жүгіреміз, жаттығамыз. Біз əрқашан күшті болуға тиіспіз.
Сыртқа шыққаннан кейін Напалеон аумағы үлкен ауланы айналып,
бүлкілдеп желіп жөнелді. Бүкіш шал қисалаңдап оның соңына ілесті. Аяған
екеуінің мына қылығын қызық көріп, күліп тұрған. Біраз ұзап барып
Напалеон соңына бұрылды, қалып қойған жігітті көріп, ашулана
айқайлады.
– Неге тұрсың, оңбаған! Жүгір!
Аяған екеуінің соңынан тұра жүгірді. Сол екпінмен екеуін қуып жетіп,
алдыға түскен, Напалеон шоқ басып алғандай баж ете қалды.
– Көсемнің алдына неге түсесің, оңбаған!
Көсе шалдың сөзі жігіттің шамына тиді. Тиісерге қара таппай іштей
ширығып, шамырқанып жүрген Аяған шарт сынды. Шалдың қолындағы
Сталиннің суретін жұлып алды да, құлаштап тұрып лақтырып жіберді. Екі
шалдың баж еткен дауысы қатар шықты. Қабағы түнеріп, қарсыласқан
пендені шайнап тастардай болып түтігіп тұрған ашулы жігіттен қорқып
қалған екеуі лəм деместен суретке жарыса жүгірді.
“Бұларды қорқытып қоймаса басқа шығып кетер, сірə” деп ойлады Аяған,
суретті көтеріп, қайтып келе жатқан екеуіне зілдене қарап.
– Кешірім сұра,– деп тепсінді Напалеон.
– Сұра, сұрай сал,– деп бүкіш шал араға түсті.
– Кімнен?
– Көсемнен...
– Иосиф Виссарионұлы қандықол құныкер.
– Т-и-и-ш-е! Төңіректің бəрі құлақ,– деді зəресі ұшқан бүкір шал екі көзі
бағжаңдап. Аяған оларды мазақтағандай мырс-мырс күлді де, шұғыл
бұрылып, кетіп қалды.
Осы оқиғадан кейін Напалеонның беті қайтып қалған ба, таң атпая оятып,
мазасын алмайды. Ол тек бүкіш шалға мəтіби. Қашане көрсең сол
бейшараны қисалаңдатып қуалап жүреді, ол жүгіруге жарамаса мұрнын
тескен тайлақтай сүмеңдетіп ертіп алады.
Сталин жолдастың жаулары социализмнің жаулары,– деп даурыққан
Напалеонға таяқ ұстаған медағалар ауыз ашпайды. Қолдарын айқастырып,
мырс-мырс күліп, тəлтиіп тұрады. Аяғанның бір таң қалғаны – биік
мансапта отырғандар момын, тіл алғыш орындаушыларды қолдап,
қолпаштап қолтықтарынан демейтін, мұндағыларға да сондай үндеместер
ұнайды екен. Олардың ұғымынша санасына ақылдың сəулесі түспейтін
адам өліп қалмау үшін ғана тырбанып жүрген екі аяқ, екі қолы бар пенде
екен. Өз дегенімен өмір сүруге қақысы жоқ құлағы кесік құл екен. Құл...
Құл... Құл... Құлағы кесік құл қай заманға да, қай елге де артықтық етпеген.
“Құлы көп мемлекет күшті мемлекет. Диктаторға азырақ адам, көбірек құл
керек. Сталиннің заманында бəріміз құлағы кесік құлға айналып кеткенбіз,
шырағым” дейтін Алдияр Ақпанұлы.
Жындыхана Сталин билеген қатыгез заманның кішкентай моделі сияқты
əсер қалдыратынын Аяған соңғы кездері ғана біліп жүр. Ол адамы
арзандап, пəруай пендеге айналған, қара күш – қиянаттың айдарынан жел
ескен болмысы бөтен ортаға келгелі бері кешегі заманға шегініп кеткендей
əсерге бөленді. Алғашқы күндері мұндағының бəрі тосын, жат болып
көрінген. Көзі үйренгеннен кейін таңырқауды қойды. Адамның еркі өз
ортасының жазылмаған қағидаларына тəуелді екен. Қаншама қашқақтап,
шеттеп, бөлектенгенмен бұл ортадан тыс өмір сүре алмайтындығына
Аяғанның ақылы жетті. Мəжбүрлік деген ешкіммен есептеспейтін сұрапыл
күш оны өз дегеніне иіп əкеліп көндірді. Ол қазір жетектесіп жүретін екі
кемпірмен, қолдарын қанға малып алған бүкіш шалмен өзін аса жек көретін
Напалеонмен де əмпей. Араларында жер мен көктей айырмашылық бола
тұра, өзін мыналардың санасына кіріп-шықпайтын мəселелер
толғандырғанмен реті келгенде əңгімелеседі, ортақ тіл табысуға тырысады.
Ақылым артып тұр дегенмен адам өзінің екі аяқ, екі қолы бар пенде екенін
басына осындай қиындық түскенде амалсыз мойындайтын көрінеді.
Жалғыздық тірі пендеге емес, құдайға ғана жарасады екен. Адам
баласының жалғыздықты жеңе алмайтындығына көзі түрмеде жатқанда
жеткен Аяған өмір сүру үшін санасы семген жандардың тобына ықтиярсыз
қосылды.
“Сынықтан басқаның бəрі жұғады” деген сөз рас болу керек. Осы күні оған
шүңкілдесіп отыратын екі кемпірдің тірлігі, олардың соңынан сүмеңдеп
қалмайтын бүкіш шалдың езуге күлкі ұялатар ісі, жарымжан жандарды
Сталинмен қорқытып, даурығып лаң басып жүретін Напалеонның
əпербақан əрекеті ерсі көрінбейді. Анда-санда таяғына сүйеніп, сүйретіліп
сыртқа шығатын, қос төмпешіктің жанында аңырап зарлап, жоқтау айтып
тұратын Рахияның ісі, кең ауланың бұрыш-бұрышында күбірлеп сөйлеп,
қарқылдап күліп немесе егіліп жылап отыратын пенделердің өміріне
Аяғанның көңілі де, көзі де үйренді.
Бұл да өмір. Бұл өмірдің өз қуанышы, адамның жүрегін жылатар күлкісі,
қабырға қайыстырар қайғысы болады екен. Аяған сол қуаныш, сол
қайғыдан өзінің тыс қала алмайтындығын түсінді. Қашан мынау қарғыс
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Өмірбаян - 30
  • Büleklär
  • Өмірбаян - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2343
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2206
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3946
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2216
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3919
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2281
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2180
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3962
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    38.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2227
    36.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2066
    37.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3942
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4010
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2308
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2069
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2318
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3894
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2290
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3979
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2333
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3945
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2168
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3915
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3882
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2154
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3928
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2276
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2270
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4009
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2220
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3915
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2159
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3966
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2184
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3950
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2293
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2284
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 4037
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2421
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2292
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3889
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2140
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2161
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3943
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2207
    37.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 3860
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2225
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2113
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 33
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2215
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 34
    Süzlärneñ gomumi sanı 3902
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2224
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 35
    Süzlärneñ gomumi sanı 3386
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2046
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.