Latin Common Turkic

Өмірбаян - 17

Süzlärneñ gomumi sanı 3915
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
жаңылып, тыпырлап алқымына келіп тығылды. Мана телефонмен
сөйлескенде Асылхан аса көңілсіз секілденген, жарытып ештеңе айтпады.
Бар болғаны “Алмасты таба алмадым, аылға кетіпті” деді. Оны таппаған
күнде қайтып оралып, Аяғанның шаруасына байланысты ақылдасуы керек
еді ғой.
“Бəлкім, Алмас екеуі ренжісіп қалған шығар” деп ойлады қыз. Соңғы бірер
ай бойы ол хабар-ошарсыз жатып алды. Неге қашқақтап жүргенін, несімен
жақпай қалғанын Хадиша мүлде білмейді. Асылханға бұл туралы тіс
жарып əңгіме айтпаған. Солай бола тұра ол бір кілтипанның барын
сезетіндей болып көрінуші еді.
Ол неге келмейді? “Алмас басқа біреуді тауып алған шығар” деген ой
қыздың қуанышқа қаталаған жетім жүрегін аяусыз талап, жарық дүниеден
баз кештіретін. Өмірдің барлық құқай-қиянатын үн-түнсіз жүріп көтеруге
үйренген қыз бұған да көнді. Жанын жегідей жеген азабын, басын
қаңғыртқан қайғысын пенде баласына сездірмеуге тырысты.
“Аяған атаға деген ниеті жақсы еді ғой. Ол кісінің басына іс түскен сəтте
тұра қашқаны қалай?” деген сумақай ой əр сəт сайын Хадишаның алдынан
көлденең шыға беретін. Ол ең сүйікті адамының сатқындық жасап, жалт
бергенін, Аяғанға қарсы топтың жағына шығып үлгергенін мүлде
білмейтін. Əртүрлі ой келгенмен Алмасты ешқашан жамандыққа қиған
емес. Ол əне-міне дегенше келіп қалардай үнемі үміттеніп, елегізіп ол
тосып жүргені. Ара-тұра бір күдік қарабас жыландай шақшадай басын
жалмаң еткізіп көтеріп алатын да, қыздың жетім жүрегін тістелеп, уын
жаятын. Сол жылан-күдік қазір де бұғып келіп, Хадишаға улы тісін қатты
қадады.
“Асылхан жатақханадан шыққаннан кейін осында келген екен ғой” деп
ойлады аунақшып жатқан қыз. “Неге?”. Жолындағыларды сыпырыпсиырып алып кететін селдей екпінді қалың ой ұлы тосқауылға тап
болғандай лықсып келіп тоқтады. “Неге?” Хадиша жалғыз сөзден тұратын
сұраққа жауап таба алмай деңбекшіді. “Бəлкім, Алдияр аға біліп айтқан
шығар. Əлдекімнің əзəзілдік жасауы да мүмкін-ау” деп өзін өзі сабырға
шақырып, жұбатпақ болған, бірақ жылан-күдік шегінбеді, улы тісін қыздың
жанына батыра түсті.
“Апыр-ау, осы мен неге жатырмын? Неге Асылханды іздемеймін?!”
Əлеуетті күш Хадишаны төсектен жұлып алды. Телефонды ас бөлмеге
алып барып, жатақханаға қоңырау соқты. Түннің бір уағында кезекші
кемпір жоғары көтеріліп, есік қағып жүрсін бе, Хадишамен дұрыстап
сөйлеспей трубканы тастай салды. Қайта қоңырау соғып еді, ешкім
көтермеді, амалы таусылып аласұрған қыз шамы сөніп қалған Алдекеңнің
бөлмесінің есігін қақты.
Екі шал үн-түнсіз жатқанмен əлі ұйықтамаған еді, олар ойдың
шыңырауына түсіп кеткен-ді. Хадиша есікті сəл ғана ашты, дəліздегі жарық
қараңғы бөлмеге лап қойды. Қуат қария əлі жатпапты, малдасын құрып,
ерні жыбырлап, күбірлеп сөйлеп отыр екен. Басы салбырап кеткен. Алдияр
да ұйықтамапты, көзі жұмулы, қабағы шытқыл, іштей қатты қиналған
адамның сиқы.
– О не қарағым, – деп Қуат қария басын шалт көтеріп алды. – Шам жақ.
Қыз шам жақты. Алдияр сол қолын тіреп, басын көтеріп отырды.
– Мен Асылханның жатақханасына барамын, – деді қыз.
Қуат қария орнынан тұрып, үн-түнсіз киіне бастады.
– Алдымен жедел жəрдемнің ауруханасына барыңдар,– деді Алдияр.
Айтарын айтып алып, қатты қысылды. “Əттеген-ай, алжасқанның сөзін
айттым-ау” деп қиналды.
Қыздың көзіне жас үйірілді. Профессордың мына сөзіне қарағанда оның да
көңіліне күдік шапқан тəрізді. Əзəзілдер əлдеқашан жеңіске жеткен, енді
қарға адым жер мұң болып, мешел баладай омалып жатқан шалға түн
жарымда телефон соғып, мазасын алатындай жөні жоқ.
Олар телефон соғып, мазалауды қойғалы да біраз жыл. Ең соңғы рет Мұса
Байларовтың шəуілтектерінің талауына түсіп, қайтып бас көтере алмастай
болып жеңіліп қайтқан күні əзəзілдер бірінен кейін бірі телефон соғып,
“жеңілісімен” құттықтап мазалаған. Содан кейін мына кеселге ұшырап,
ұзақ уақыт саржамбас болып, ауруханада жатты. Қайтып келген соң құлағы
тыншыған, Байларовтың адамдары мұны ұмытқандай еді.
Алдиярдың сөзі қызға жүрегіне біз сұғып алғандай əсер еткенмен ауыл
адамының əдебіне бағып, тілінің ұшындағы тұрған сөзін іркіп, үндемей
теріс айналды.
– Жеті түнде сені жалғыз жібере алмаймын, қызым. Мен бірге барамын,–
деді Қуат қария. Демнің арасында киініп үлгеріпті.
– Дұрыс, қария. – Алдияр оның мына ісіне шын ризалығын білдіргендей
жанынан өтіп бара жатқан Қуаттың қолынан ұстап, ақырын ғана сілкіді. –
Телефонды менің жаныма қойып кет, қызым. Столдың үстінде телефон
анықтамасы бар еді. Мүмкіндік болса хабарласып тұрыңдар.
Қыз бен шал машина ұстап, Асылхан тұратын құрылысшылар тұратын
жатақханаға келді. Есік алдында отыратын вахтер кемпір түн жарымында
мазасын алған келімсектерді жерден алып, жерге салып, біраз тулады.
Хадишадан болған жағдайды естігеннен кейін ғана асып-сасып, “ой,
божесін” сан қайталап, үстіңгі қабатқа жүгірді, көп кешікпей Асылханмен
бірге тұратын Жайдарды дедектетіп сүйреп алып келді. Жайдырды көрген
сəтте Хадишаның көңіл түкпірінде жылт-жылт жанған əлсіз шырақ лып
өшті.
Жігіттің есі шығып кетіпті, аман-сəлем жоқ, келген бетте:
– Асылхан қайда? – деді түйеден түскендей дүңк етіп. Хадишаның көзінен
мөлт етіп жалғыз тамшы үзіліп түсті.
– Е-е-е,– деп күрсінді шал. – Алдекең біле-е-д-е-е... Жүр, қызым, жүр...
– Қайда барасыздар? – Сұрағына жауап ала алмаған, істің мəнісіне түсінбей
есеңгіреп тұрған Жайдар есікке беттеген шалдың шалғайына жармасты. –
Ата-оу, не болғанын айтыңызшы ең болмаса.
– Не болғанын білсем жеті түнде мұнда келемін бе, балам-ау,– деп шал
тағы да күрсінді. – Не болғанын білейік деп тентіреп жүрміз.
– Тұра тұрыңыздар, мен бірге барамын,– деп ол жоғарғы қабатқа жүгіріп
шығып кетті.
Шал мен қыз сыртқа шықты. Вахтер кемпір мұрны шуылдап көз жасын
сығып-сығып алды да, белгісіз біреулердің жер-жебіріне жетіп, жекен суын
ішкізіп, бұрқылдап сөйлеп жүр. Сөзінің ыңғайына қарағанда, Асылханға
қастандық жасағандарды білетін сияқты, бірақ ешкімнің атын атамайды.
Қуат қарияның қабағы тырысты. Жайқиған сары кемпірдің қылығына
наразы бола тұра үндемеді, тілін білсе “жамандыққа бастама” деп тиып
тастар еді.
– Мына кемпірдің ниетінің жаманы-ай,– деп күңіренуден аспады.
Жайдар көп күттірмеді. Үшеуі таксиге отырып, жедел жəрдем
ауруханасына тартты.
– Қазақтың баласы екенсің, қарағым. Адам жоғалтып, іздеп жүрміз. Кетіп
қалмай, бізді тоса тұр. Жеті түнде қай кəпірге жалынып жүреміз,– деді Қуат
жедел жəрдем ауруханасының алдына келген кезде такси айдаушыға
жалынғандай болып. Қалтасынан жиырма бес сом шығарып, мұртты
жігітке ұсынып еді, иманы бар жан екен, шоршып түсті.
– Ой, ақсақал, қайдағыны шығармаңыз. Мынауыңыз көп. Есептегіш баржоғы алты сом соқты,– деп шалдың қолын қақты.
– Əй, шырағым, мынаны атамнан тəбəрік деп ал. Мен сияқты жетпістен
асқан ауылдың шалы сенің мəшинеңе күн сайын отыра бермес. Ал,
қарағым, ырым ғып ал,– деді шал қиналып. Жігі қынжыла тұра шалдың
бергенін алды.
Келіп түскен ауруларды қабылдайтын бөлмеге барып, Хадиша мен Жайдар
екі жақтап түсіндіруге тырысты.
– Фамилиясын айтыңыздар, – деді кезекші дəрігер олардың сөзін бөліп.
– Мұсаханов Асылхан.
– Ондай адам түскен жоқ.
– Е-е, алла! – деп, Қуат қария іштей күбірлеп, бетін сипады. Хадишаның
жүзіне қан жүгірді.
– Е-е, бəсе! Асылхан үш-төрт адамға əл бермейді. Ақбота екеуі қыдырып
жүрген шығар,– деп Жайдар тарқылдап күлді. – Ақботасы үшін ол МеккеМəдинеге еңбектеп барудан қашпайды.
Үшеуі көңілдерін осылай жұбатып, енді кетуге ыңғайланғанда манадан бері
үнсіз тұрған медбике қыз:
– Осыдан екі сағат бұрын бір қазақтың жігітін алып келген. Мұрты бар,
жалаңбас,– деп үшеуінің бетіне алма-кезек көз жүгіртті. Өзі қорқып тұрған
сияқты.
– Түрі қандай, түрі? – деді Жайдар тақымдап. Медбике қыз жанарын
жығып, бас шайқады. – Киімі ше? Қолында А.А. деген қос əріп...
– Біл-мей-мін,– деді жасқа тұншығып. – Ол бір телефонды жəне қыздың
есімін атады. Жəне бір сөз... – Қыз қалтыраған қолымен маңдайын ұстап,
ұзақ ойланды. Мықтап қорқып қалса керек, тұла бойы қалш-қалш етеді.
Суықта қалғандай тісі-тісіне тимей сақылдайды. – Гер-р-к-у-лес...
– Геркулес?
– Иə, иə... Сонан соң Ақбота деді. Сонан соң алпыс тоғыз, он, нол...
– Ол... Ол қайда қазір?
– Ол... Ол жоқ! – деп медбике қыз егіліп жылап қоя берді.
А-а-сыл-х-а-а-н!..
– Хадиша шыңғырып жіберді.
24
Екі күннен кейін Асылханның табытқа салынған денесін Мұсахан қария
бастап келген ағайынды бес ұл шыр етіп дүниеге келген кіндік жұртына –
ата-бабасына мəңгілік жайлы мекен болған қасиетті туған жеріне алып
кетті...
Аяулы азаматты шығарып салуға көп адам келген жоқ. Оның кім екенін
төңірегінде жүрген азын-аулақ адамдардан басқа ешкімде білмейтін. Ол
əзірше ешкім емес еді. Сұм дүние нағыз азаматты, өзге үшін ойланбай
өзегін жұлып бере салуға дайын, өзге үшін өз өмірін қиюдан тайынбайтын
ұлды əлі ешкім емес кезінде қыршынынан қиды. Сөйтіп Жер-Ана тағы бір
ұланынан айырылды.
Ұлының мəйітін моргтен алып шыққанда көзіне жас алмаған діні қатты əке
қарғадай қыз келіп, Асылханның өлі денесін құшақтап, атын атап,
құлағына дауыстап оята алмай, амалы құрыған соң зар еңіреп жылағанда
шыдамай еңкілдеп қоя берді. Келін болып түспей жесір атанған мұңлықпен
бес ұл кезек-кезек көрісіп, жиналған жұрттың барлығын жылатты.
Досының қазасы туралы хабарды кеш естіген Алмас машина енді жүргелі
тұрғанда келді. Жалаңбас, жүгіріп келген сияқты, пальтосының өңірі
ашылып кеткен, ентіге дем алады. Өң жоқ, түс жоқ, боп-боз болып кеткен.
Оны көріп, көз жасы жаңа əзірде ғана құрғаған Хадиша қайтадан егіліп қоя
берді. Асылханның бес бауыры Алмаспен көрісіп, жиналған жұртты тағы
да бір толқытты.
Ертелі күнді кеш қылмаңдар, шырақтарым. Біраз жер жүреді екенсіңдер.
Ел-жұрт күтіп отыр дегендей... Жолдарыңнан қалмаңдар. Анасына тезірек
жеткізіңдер азаматты,– деп Қуат қария ақыл айтты.
– Мен бірге барамын,– деді жылап тұрған Алмас.
– Жеңіл шығыпсың балам. Жол қашық. Мына түріңмен үсіп өлесің,– деп
Мұсахан қария қарсы болып еді, Алмас көнбеді.
– Барамын,– деді жасты көзбен ақсақалға жалт қарап. Хадишаның жүрегі
езіліп кетті. Жүгіре басып үйге кірді де, түйе жүннен тоқылған кеудешесін,
түбіт шəлісін жəне анасынан қалған мұра – жүн салып қабыған қалың
көрпені алып шықты.
Жүріп бара жатқан машинаны қуып жетті де, қолындағы заттарын кузовқа
лақтырды.
– Алмас, көрпеге оранып отыр. Тоңып қалма.
Алмас оған жалт қарады, Хадишаның көзінен өзіне деген жылылықты, ең
бір жақын адамында ғана болатын ерекше мейірімді таныды.
Дəл осы күні радио атаулы таңертеңнен бастап қаралы музыка ойнады.
Еңсесін басқан қасіретті көтере алмай жатып қалған Ақботаға бұл ең
сүйікті адамының, Асылханының қазасына аза тұтып, қайғырған көптің
назасы секілденген. Азалы əуенге қосылып егілген бейшара қыз сол күні
Леонид Брежневтің қайтыс болғанын білген жоқ
25
Аяулы азаматтың қазасы ешқандай туыстығы болмаса да бір əкенің
балаларындай бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, өз шындығын, кез
келген сəтте қорқау қасқыр сынды қараулықтың жемтігіне айналып кетуі
мүмкін тағдырын қорғау үшін жаланың құрбаны – Алдияр Ақпанұлының
шаңырағының астына жиналғандарды есеңгіретіп кетті. Ол жаны жаралы,
көңілі жарым бір топ адамның арқа сүйері, ұйытқысы еді. Жігіттің
өлімімен бірге сол шаңырақты көтеріп тұрған діңгек құлағандай болды.
Алдияр мен Қуат қариялар ақылдаса келіп, Асылханның дос-жарандарын,
еңбектес серіктерін шақырып, жетісін беруді ұйғарды. Бар салмақ
Хадишаға түсті. Күндіз жұмыста, балаларды бақшаға алып бару, алып келу
соның мойнында. Тамақ жасау, үй тазалау, бір топ адамның кірін жуу оңай
ма, аз уақыттың аралығында бейшара қыз көзі шүңірейіп, жағы суалып
жүдеп кетті. Сонда да қыңқ деп, қабақ шытпайды. “Оу, соы сендердің
маған өткізіп қойғандарың бар ма?” дер еді басқа біреу. Хадиша бейшарада
артық сөз жоқ, жымиып күліп жүріп барлық шаруаны тап-тұйнақтай
тындырады.
Бұл жолы да тепеңдеп өзі жүгірді. Жайдар көмектеспегенде мүлде үлгере
алмас еді. Соншама адамға дастархан жасау оңай ма?! Басын қайғы
қаңғыртып, есеңгіреп қалған Ақботаны мазалағысы келмеген. Ол бейшара
Асылханды жерлеп келгеннен кейін жатақханаға бармай осы үйде қалған.
Жайшылықта жеңіл-желпі қиындыққа қыңбайтындай болып көрінетін
Ақботаны дəл осындай күйрек деп ойламаушы еді. Түні бойы дөңбекшиді,
күрсінеді, дауыс шығармай егіліп жылайды. Кейде шырт ұйқыдан оянып
кетеді, егіліп жылаған құрбысын жұбата алмай шаршайды. Оған қосылып,
өзі жылап тынады.
– Менің де өлгім келеді,– дейді қыз тұншығып. – Асылханға барамын.
Онсыз өмір сүргім келмейді.
– Қойшы қайдағыны айтпай,– дейді Хадиша оны құшақтап. Көз жасын
сүртіп, жұбатуға кіріседі. – Менің анам тым ерте кетті ғой. Бота. Ол кезде
мен небəрі тоғыз-ақ жаста едім. Анасыз өмір сүру мүмкін еместей
көрінетін. Көп ұзамай өлемін деп ойлайтынмын. Сөйтіп жүргенде біраз
уақыт өтті. Анам алыстай берді, алыстай берді. Мен жалғыз өмір сүруге,
жалғыздыққа үйрендім.
– О-о-ой, Хадиша, маған онсыз өмір жоқ. Асылхандай адам табылар ма
енді. Жоқ, жоқ!..
– Уақыттан күшті емші жоқ, Бота. Уақыт барлық ауруды жазады. Уақыт
өтеді, бəрі қалпына келеді,– дейді Хадиша сəуегейлік жаса. Ақбота басын
шайқайды.
– Бəрібір Асылхан қайтып келмейді. Ол жоқ,– дейді де Хадишаны
құшақтап алып, қоймай өксиді.
– Бибі оянып кетеді,– дейді оны жұбатудың басқа амалын таппаған
Хадиша. Осыдан кейін ғана Ақбота өзін өзі қолға алып, дауысы
тиылғанмен түннің бір уағына дейін көзі ілінбейді, іштей егіліп жылап
жатады.
Асылханның жетісін беретін күні Əсем ауруханадан шықты. Ауруханада
ұзақ жатып əбден əлсіреп қалған келіншек Асылханның қазасын естіп,
талып қала жаздады. Дауыс шығарып жылауға шамасы жоқ, екі көзінен
мөлт-мөлт тамған жасты қайта-қайта сүрткіштеп, демікті де қалды. Жедел
жəрдем шақырып, дəрі еккеннен кейін ғана дұрысталып, беті бері қарады.
Балаларының ортасына келіп, Бибіні құшақтап, Олжасы мен Елжасын
аймалап сүйіп, мауқын баса алмай отырған келіншек Асылханға арнап
жайылған дастарханнан дəм татып, боталарына қайтып оралды. Асыл
азамат туралы жақсы-жақсы сөздерді естіп, жайбарақат отыра алмасын
сезді, басқалар да қолқаламады.
Профессор Алдияр Ақпанұлының үйіне Асылханмен жос-жар болған қызжігіттер, бригаданың мүшелері түгел жиналды. Қуат қария Асылханның
аруағына бағыштап құран оқып, дастарханға бата жасады. Сөзді бірінші
болып Алдияр бастады.
– Шырақтарым,– деді ол дауысы дірілдеп. Көңілі бұзылды ма, бір сəт үнсіз
қалды. – Кеше ғана араларыңда жүрген азамат бүгін аруақ. Ол... Біздің
Асылханымыз қара ниет залымның қолынан қаза тапты. Жаманшылық
əрқашан үстем, шырақтарым. Ол жалаңдаған қанжарын жақсы адамға
жұмсайды. Бірақ жақсы адам ешқашан өлмейді. Ол... Біздің Асылханымыз
өлген жоқ. Ол біздің жүрегімізде... – Алдиярдың иегі кемсеңдеп, көзіне жас
үйірілді. Бір сəт үнсіз қалды. Қыстығып əрең отырған Ақботаның көз жасы
парлап қоя берді. Оған басқа қыздар қосылды. – Жылағанмен Асылхан
оралмайды, шырақтарым. Асыл азаматты еске алып, дəм ауыз тиіп
отырыңдар.
Көз жастарыңды тиыңдар, қарақтарым. Асылханға ауыр тиеді,– дед Қуат
қария. – Бұл Асылхан баламның құрметіне жайылған дастархан. Аруаққа
тие берсін деп дəм алыңдар.
Өзі шелпектің шетінен үзіп алып, аузына салды. Манадан бері бастары
салбырап, үн-түнсіз отырған жұрт қимылға көшті. Сөз бастағысы келіп,
тілі қышып отырса да, олардың тəбетін бұзбайын деп Алдекең сабыр
сақтады.
– Əлгі залымдарды тапты ма екен? – деп сұрады біраздан кейін Қуат қария.
– Геркулес пен Араб қайда қашып құтылар дейсіз. Іздестіріп жатыр ол
сүмелектерді.
– Ой, жауыздар-ай! – деді Сергей қинала бас шайқап. Көзінде үрей бар. –
Аңдып жүрген ғой. Олар ешкімді аямайды. Екеуі де отырып келген. Ондай
қанішерлерді түрмеден шығаруға болмайды. Дереу апарып қамамаса тағы
да біреудің обалына қалады.
– Атып тастау керек оларды! – деп кіжінді келгелі бері қабағы ашылмай,
тұнжырап отырған Алдияр Ақпанұлының қимылын аңдыған Сыпатай. –
Баяғыда атып тастаса біз бүгін қасіретке қақалып отырмас едік қой,
əкеңнің!.. Асылхан бауырмыыз күліп-ойнап ортамызда жүрер еді. –
Сыпатай басын тұқшитып, қалтасынан беторамалын алып, көзін сүртті.
Хадиша анық көрді, бригадирдің көзі мүлде дымданбапты. Ұнатпайтын
адамның жəдігөйлігіне ашуы келгенмен үлкендердің алдында əдеп сақтап,
тілін тістеді. – Асылхан менің баламдай еді. Ағалап алдымнан қия
өтпейтін. Ой, несін айта берейін, болайын деп тұрған бала еді. Амал қанша.
Сыпатайдан кейін басқалар да Асылхан туралы білгендерін айта бастады.
Ақбота төмен қарап, үн-түнсіз отыр. Мыналардың əңгімесі жарым көңіліне
жұбаныш болар емес. Олар қанша мақтап, марапаттағанмен бірде-біреуі
Асылханның қандай азамат екенін білмейді екен. Ақбота енді түсінді,
қанша уақыт бірге жүрсе де мыналардң ешқайсысы оны өзіндей танып,
өзіндей бағалай алмапты. Бұлар Асылханды танып үлгермепті. Демек күні
ертең-ақ ұмытып етеді. Қыз күрсінді. Орнынан тұрып кетті. Балаларының
ортасына келіп, мəз-мейрам болып отырған Əсемнің жанына тізе бүкті.
Үлкен ас келді. Қуат қария күбірлеп құран оқыды. Ең соңында:
– Мұсаханұлы Асылханның аруағы разы болсын. Оған құдайдйың рахымы
түіп, пайғамбарлардың шапағаты тисін. Ағайын-туғаны аман-есен болып,
жамандық көрмесін. Алла-тағала осы үйдің дастарханына береке беріп,
мерейін үстем етсін. Аумин! – деп бетіп сипады. – Ал, қарақтарым, дəм
алыңдар. Асылханға тие берсін.
– Асылхан сияқты жігіттерді біртуар дейді. Ол нағыз ер. Біз осы күні Ұлы
Отан соғысында ерлік көрсеткен Мотросов, Сұлтан Баймағанбетов сияқты
батырларды мақтаймыз ғой. Менің ұғымымда, Асылхан солар сияқты ердің
ері. Кез келген жұмыр басты пенде өзін өзі оққа байлап, отқа лақтырмайды.
Үлкен тəуекелге бару үшін үлкен жүрек керек адамға. – Профессордың
сөйлей бастағанын құлағы шалған Ақбота босағаға келіп, есіктің
жақтауына сүйеніп тұрған. Үлкен кісінің мына сөзінен кейін көңілі босап,
көзіне жас іркілді. – Асылхан сондай үлкен жүректі адам еді. Шындық үшін
шырылдап барып, отқа түсіп кетуден тайынбайтын. Көңілі түскен адамына
көмектескісі келсе оған жанып тұрған от та, жауып тұрған оқ та кедергі
жасай алмас еді. Үлкен парасат иесі, нағыз азамат қана осындай тəуекелге
бара алады, жігіттер,– деді жасаураған көзін жұмып, терең күрсінген
Алдияр Ақпанұлы. – Мен оны аз ғана уақыттан бері білемін. Оның мен
байқамаған, мен сезбеген, білмеген асыл қасиеттері де көп шығар. Менің
бір ғана ақиқатты айтқым келіп отыр. Асылханды үлкен болашақ күтулі
еді...
Ақботаның екі иығы селкілдеп, өксіп-өксіп жылады.Хадиша құйып
отырған сорпасын тастай салып, Ақбота қолтығынан демеп, басқа бөлмеге
алып кіріп кетті. Жым-жырт тыныштық орнады.
– Айтып отырған сөзіңіз шындық, аға,– деді бір уақытта Сыпатай түкірігі
шашырап. Маңдайынан шып-шып терді алақанымен сылып тастап,
қабағын түйіп алып, тас мүсіндей қимыл-қыбырсыз қатып отырған
Алдиярға қарап, жарамсақтана жымиды. Күші, абырой-беделі асып, мысы
басып тұратын адамдарды арқа тұтып, солардың ығын паналап үйренген
Сыпатай бұл жолы да ескі əдісіне салды. – Данышпандық сөз айттыңыз.
Біздің Асылхан дəл сіз айтқандай жігіт еді ғой, марқұм. Біреуге көңілі
құласа ештеңеден қайтпайтын. Сөйтіп жүріп арандап қалды ғой бейшара. –
Тағы да манағы əдетіне бағып, басын тұқшитып, көзін сүрткен болды.
“Айналамдағы адамдар бəрін көріп отыр-ау. Осыным əбес-ау” деп
қымсынған жоқ. – “Қазақтың қатындары сен сияқты ұлды күнде таба
бермейді, арандап қалмай абайлап жүр” деп талай айттым. “Ой, аға, мен
суға салса батпаймын, отқа салса жанбаймын” дейтін. “Бəле жұғады, одан
алыс жүр, мен антилерді он шақырымнан таныймын” дедім. Түсінбеді
мені. Сол антиді қорғаймын деп бандиттермен төбелесті ғой бейшара. О-ой, қайран ерім-ай! Иттің баласын сұлатты да салды. Омадай болған немені
бір-ақ ұрып құлатты. Айтсам сенбейсіздер ғой тегі... Кəдімгі кинодағыдай...
Ол екеуінен Асылханның арқасында құтылғанбыз.
– Геркулес пен Араб басымызға шығып алды еді.
– Ақыры солар жетті түбіне,– деді Сыпатай, жылайтын адамдай иегі
кемсеңдеп, қол орамалымен көзін сүртті. – Ал ол иттің ғана баласы бəрін
бүлдіріп алып, түк білмегендей тып-тыныш жатыр.
– Кімді айтып отыр? – деп жиналған жұрт бір-біріне қарап, сыбырласа
бастады. Кінəлі адам осы дастарханның басында отырғандай бір-біріне
күдікпен көз тастайды, Алдиярдың өзі Сыпатайдың мына сөзінен кейін
қозғалақтап, “мынау не бықсытып отыр” дегендей мойын бұрып,
бригадирге түксие қарады.
– Ой, ит-ай! Біздің Асылханның басын оп-оңай айналдырып алды. Өзі
ғалым, өзі кандидат нəук, еще құрылысқа келіп қара жұмыс істейді, – деп
Сыпатай бас шайқап, ыржиып күлді . – Неге? Сендер осының себебін
ойландыңдар ма? Жоқ, бірде біреуің ойланған жоқсыңдар. Ал мен бірден
білдім. Оны Кеңес үкіметінің жаулары біздің арамызға үгіт жүргізу үшін
əдейі жіберген.
Осы кезде қонақтар отырған бөлмеге Бибі, оның соңынан Олжас жүгіріп
кірді. Қыз төмендеу отырған Алдиярдың алдына шықты, Олжас өз атасына
беттеді.
– Ой, алтындарым! – деп Сыпатай енді екі баланы мақтауға кірісті. – Міне,
біздің болашағымыз осылар. Антилерге қарсы күресетін осылар. Бақытты
болыңдар айналайындар...
– Бригадир, сен кімді айтып отырсың? – деп сұрады Сергей.
– Өй, баяғыда бізде істеген кандадт нəукті ұмытып қалдың ба?
– Сыпеке, қайдағыны айтпай тыныш отырыңыз,– деді Жайдар көз астымен
екі шалға ұрлана қарап. Екеуінің де түсі қашып, қабақтары қыржиып,
тістеніп əрең шыдап отырған тəрізді. Əсіресе Қуат қарияның қабағы қату,
қаба сақалы селкілдеп, басы қалтаңдай бастаған. Төңірегіне бажайлап
қарап, жұрттың пейілін байқап, сезіп отырған Сыпатай жоқ, дастархан
басындағылар үндемегенге үдей соғып, екпіндеп барады.
– Өзің білмейді екенсің. Білетін адамның аузына қақпақ болма. Вот солай,
бала. Мен айтсам, сен сияқты шикі балдарға сабақ болсын, Асылхан
сияқты адасып, арандап қалмасын деп айтамын. Ал сен болсаң маған
замешание жасап...
Қуат қария əңгіменің кімге қарай ойысып бара жатқанын сезіп, əрең деп
орнынан тұрды да, теңселе басып, дəлізге шықты. Оның неге тұрып
кеткенін Алдияр, Хадиша, Жайдар үшеуінен өзге ешкім де білген жоқ.
– Қойыңыз, аға, ұят болады. Біреуге күйе жақпаңыз,– деп Хадиша қаттырақ
айтып еді, бригадир өршеленіп кетті.
– Міне, бұлар үнемі осы, қария. Аға сыйлауды білмейді. Беттен алады. Бəрі
өзіміздің қазақтың балдары. Мен ғой бұлардың əкесіндей адаммын.
Коммунистпін. Бригадирмін. Сабақ болсын, ауылдан келген қазақтың
балдары арандап қалмасын деп шыбын жаным шіркей болады. Ол иттің
күшігі түрмеде жатыр. КГБ-ның адамы мына мені шақырып, түсініктеме
алды. Во-о, мəселе қайда?!. Ал сендер түк білмей тұрып, оны
жақтайсыңдар.
– Ұялсаңызшы! Ол кісіде неңіз бар? Асылхан туралы айтыңыз. Шаңыраққа
қарап қойыңыз, Сыпеке,– деп Жайдар қабақ шытты. Оның нені меңзегенін
тауықтікіндей ғана миы бар Сыпатай қайдан түсінсін. Одан сайын
өршеленді.
– Шаңыраққа қараса қорқады дейсің бе? Біз далада түнеп жүрген жоқпыз.
Мұндай үй бізде де бар. Можымыт біздің үй бұдан... – Сыпатай жанжағына қарап алып, тағы бөсті. – Артық шығар дажы... Біліп қой, бала, мен
именно Асылхан туралы айтып отырмын. Оның өлімі сен сияқты шалтайбалтайларға сабақ болсын деп айтып отырмын. Аяған сияқты антилерге
алданып қалмасын деп айтып отырмын. Ондайлардың көзіне көк шыбын
үймелету керек. Вот так, вот!..
– Əй! – деді бұдан арыға шыдай алмаған Алдияр шаңқ етіп. – Сен сол
Аяғанның дастарханында отырсың. Сен жерден алып, жерге салып отырған
азамат мына бүлдіршіннің əкесі.
– Ой, алтыным! Бақытты бол, айнам,– деді Сыпатай бетк бүлк етпестен.
Ашулы шалға қарап, арсыз жымиды.
– Сенде ұят жоқ, бригадир,– деді Сергей оған алара қарап. Сыпатайдың
езуіндегі арсыз күлкі лып өшті. Ол дастархан басында отырғандарға
жағалай сүзіліп қарап шықты. Өзін бірде бір адамның ұнатып отырмағанын
сезді, бəрінің түсі суық, қабақтары шытқыл. Ол суық жымиып, орнынан
тұрды да:
– Мен мұндай дастарханда отыра алмаймын. Мен коммунистпін,– деді де
Алдиярдың алдында отырған Бибіге қарады, бірақ алғаш көргендегідей
айналып-толғанған жоқ.
Сыпатай шығып кеткеннен кейін дастархан басындағылар бас көтере
алмай, бригадирлерінің сөзіне өлердей ұялып, төмен қарап отырып қалды.
Əсемнің өксіп жылаған үнін, Қуат қарияның басу айтқан сөзін барлығы
естіді. Дастарханның берекесін кетіріп, отырыстың шырқын бұзған
ақылсыз бригадирлеріне бəрі ызалы еді, əсіресе қыздар жағы ұяттан өртене
жаздап отыр.
– Жаңа орнынан тұрып кеткен Аяғанның əкесі. Осында жүгіріп жүрген үш
бала сол шалдың немерелері,– деп ақырын ғана күрсінген Алдияр мойын
бұрып, ас үйде жүрген Хадишаға дауыстады. – Қызым шай əкеліңдер.
– Бригадир үшін кешірім сұраймыз. Ол ағамыз осындай,– деді Жайдар
қысыла күлімсіреп.
– Аяған ағаны бəріміз жақсы көреміз.
– Ол кісіні үкіметке қарсы дегенге ешкім сенбейді.
– КГБ неге Сыпатайды шақырады? Түсініктемені бізден алсын.
– Бəрімізді шақырсын.
– Өзіміз жазып апарып береміз,– деп жиналған жұрт шуылдай бастады.
Əңгіменің беталысы өзгергенін басқа бөлмеде отырып естіген Қуат қария
қайтып келіп, Алдекеңнің қасына жайғасты. Оған ілесіп келген Елжас пен
Олжас аталарының екі тізесіне мінді.
– Ол жағын өздерің білесіңдер, шырақтарым. Көздерің ашық, ақылдарың
жетеді. Сендерді ешкім жетектеп жүрген жоқ,– деді Алдияр көңілі босап.
Мына жастардың Аяған үшін ештеңеден қайтпайтынын іші сезіп отыр. –
Бүгін мұнда Аяғанның мəселесін ақылдасу үшін емес, күні кеше арамызда
жүрген аяулымыз Асылханды еске түсіру мақсатымен жиналдық. Ондай
жігітті... Асыл азаматты əрқашан еске алып жүрген лəзім, шырақтарым.
– Аяған ағаға деген Асылханның көңілі ерекше еді. “Мұндағылар əділ
шешпесе Москваға барамын. Əділдікке жеткенше тоқтамаймын” деуші еді.
Екеуміз түннің бір уағына дейін ұйықтамаушы едік.
Жайдардың көзі Қуат қарияға түсті, сақалады дəл манағыдай селкілдей
бастапты. Екі көзі боталаған. “Жұрттың көңілін босатып, тынышын алмай
неге жайыма отырмадым” деп жігіттің мазасы кетті.
– Ə-ə-й-й, есіл ерім-ай!– деді Қуат қария кемсеңдеп. – Жақсылығың
мойныма қарыз болды-ау. Сол жақсылығыңды қайтсем ақтармын?!
– Жə, қария босамаңыз,– деді Алдияр шалды арқасынан қақты. – Əңгімені
жалғай бер, Жайдар шырағым.
– “Ақбота оқуын бітірсе туған ауылыма барамын, өз жобаммен көп қабатты
үйлер саламын. Сырттай оқимын, тарихшы боламын” дейтін. Ақботаға
деген көңілін айтпаңыз... Жоқ, тілім жетпейді,– деп Жайдар мұңайып
отырып қалды. Қыздар мұрындары пысылдап, көздерін сүрте бастады.
Барлығының көзі демнің арасында қызарып шыға келіпті. Көрші бөлмеден
Əсемнің əлсіз дауысы естілді.
– Қой енді, Ақбота! Қой, жаным... Жылай бермеші, айналайын. Ақылың
бар ғой, қалқам. Бізге де жаның ашысыншы, Ботам. Ботам!..
Кенет əлдекімнің ашулы, айбарлы дауысы естілді. Бөлмедегілер елеңдесіп,
тым-тырыс тынған.
– Қой енді, боздай бермей! Сенің зарың құлағына жетсе бір жетіден бері
орнынан тұрып келмес пе еді. Қымс етсе көз жасыңды көлдетіп, еңіреп қоя
береді екенсің. Онсыз да қабырғасы қайысып, қайғы жұтып жүрген
жұрттың жанын қинама. Басыңа түскен азапты үндемей көтер...
Хадишаның даусын барлығы таныды. Қуат қария екі көзін жұмып алған.
Қыздың айтқан сөздерін құптағандай бас шұлғып отыр. Алдекең өзіне тура
қарауға именіп, иба сақтап, сызылып тұратын ұяң қыздың мына қылығына
таңырқап, ептеп қана езу тартты. Хадишаның үлкен адамгершілігіне,
мейірбандығына сүйсініп жүретін, бұл жолы оның қайсарлығына, керек
кезінде мінез көрсете алатын естілініне іші жылып қалды.
– Біз қайтайық,– деді жігіттердің бірі.
– Аяған аға үшін бəріміз күресеміз,– деп Жайдар екі шалды кезек-кезек
құшақтады. – СЭКАсына да барамыз керек болса... Жігіттерді
ұйымдастырамын...
– Рахмет шырақтарым! Асылханның аруағы разы болсын!
Қуат қария қыбылаға қарап, ұзақ күбірледі. Басқалар қол жайып шалдың
селкілдеген сақалына қарап отыр. Қолы талып кетті ме, кішкентай Бибі
аузын бұртитты.
– Ата, болмайсың ба тегі...
– Мұсаханұлы Асылханға құдайдың рахымы жауып, пайғамбар атаулының
шапағаты тие берсін. Оның аруағы баршаңызды желеп-жебеп жүрсін.
Жақсылықта, қуанышта жолығайық. Аумин!
– Аумин!..
26
Қуат қария қалаға келгелі жарты айдан асып барады. Табанынан таусылып,
бармаған жері, ашпаған есігі қалмаған шығар. Тіпті Мұса Байларовтың
алдына да барып шықты. Түрін көрмей тұрғанда “əй, бір сиқың жоқ
сұмырай шығарсың” деп ойлаған. Мұсаны көргенде өз көзіне сенерсенбесін білмей атшаптырым кабинеттің кіреберісінде бір сəт абдырап,
аңырайып тұрып қалды. Ұзын бойлы, атжақты, аққұба өңді, жылы жүзі
жігіт орнынан тұрып келіп, тосылып тоқтап қалған қарияның қолын алып,
ерекше ілтипат көрсетті.
– Ассалаумағалейкө-өм, ақсақал! Жоғары шығыңыз.
– Əликісалам,– деді шал ақырын ғана. “Шыны ма, жоқ өтірігі ме” дегендей
сұраулы кейіппен ректордың кісіге мейірмен қарайтын шарасы кең көзіне
назар тіктеді. Жас шамасы қырықтан енді ғана асқан тəрізді. Саусақпен
санарлық қана ағы бар мойыл қара шашын шекесінің тұсынан қақ жарып,
оң жағына жатқызып, жылмитып тарап қойыпты. Сол қолының шылдыр
шүмек саусағына жалпақ сақина салған, үстінде ине-жіптен жаңа
шыққандай қара костюм, əппақ жейдеге қызыл жолағы бар көгілдір галстук
жарасып тұр.
Ол өз өзінен қысылып, тартыншақтап тұрған шалды қолтықтап, төрге алып
шықты да жұп-жұмсақ креслоға отырғызды, сонан соң столының жанына
барып, бір нүктені басты да:
– Роза, шай алып кел,– деп тапсырды. Өзі шалдың қарсы алдына –келіп
жайғасты. – Денсаулығыңыз қалай, қария?
– Шүкір аллаға...
– Ат-көлігіңіз аман-есен келдіңіз бе?!
– Шүкір..
– Ауыл-еліңіз аман-есен бе?
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Өмірбаян - 18
  • Büleklär
  • Өмірбаян - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2343
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2206
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3946
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2216
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3919
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2281
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2180
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3962
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    38.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2227
    36.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2066
    37.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3942
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4010
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2308
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2069
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2318
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3894
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2290
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3979
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2333
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3945
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2168
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3915
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3882
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2154
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3928
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2276
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2270
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4009
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2220
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3915
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2159
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3966
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2184
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3950
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2293
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2284
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 4037
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2421
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2292
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3889
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2140
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2161
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3943
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2207
    37.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 3860
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2225
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2113
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 33
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2215
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 34
    Süzlärneñ gomumi sanı 3902
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2224
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 35
    Süzlärneñ gomumi sanı 3386
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2046
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.