Latin Common Turkic

Өмірбаян - 18

Süzlärneñ gomumi sanı 3882
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2154
36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
52.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
– Шүкір, қарағым. Бір алланың демеуімен қыбырлап жүрміз əйтеуір.
– Заман тыныш, ел тоқ. Бұл бір қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман
болды ғой. Қиыншылықтың бəрін сіздер көрдіңіздер. – Мұса сəл қабақ
тыржитып, қиналғандай басын əрі-бері қозғап қойды. – Төңкеріс,
коллективтендіру, аштық, отыз жеті, сонан соң соғыс... Сіздердің
барлықтарыңыздың кеуделеріңізге бір-бір жұлдыз тағып қойса жарасар еді.
– Рахмет, шырағым! Осыған да тəуба. Өкіметтен өрден сұраған жоқпыз.
Мынаны ал деді, алдық. Өрден үшін соғысып, өрден үшін еңбек еткен
жоқпыз. Періштеміз қағып, оқ пен оттың ортасынан аман келдік. Тəуба
осыған да...
– Міне, міне! Сіздер нағыз коммуниссіздер... Ал қазіргілер тұяғы
қимылдаса аузын ашады.
Тышқанның ізіндей ғана қайқы қасы бар, аршын төс сұлу келіншек столға
тəтті тоқаш, конфет қойып, шай əкелді. Екі кесеге қаймақ қатқан шай
құйып, аяғының ұшынан басып, шығып кетті. Жүріс-тұрысына қарағанда
ректордан өте қатты қаймығатын тəрізді.
– Шай алып отырыңыз,– деп тəтті мен тоқашты Қуаттың алдына
жылжытты. – Дəм алыңыз.
– Рахмет шырағым! Шай ішіп, алтын уақытыңды алмайын. Ісім түсіп, келіп
отырмын. Қазақтың баласы екенсің. Жарылқап тастамасаң да, зарыма
құлағыңды тос. Құлағыңа кірсе жүрегіңе жетер. Нақақ күйген бір қазақтың
баласына қол ұшып берер деп келдім. Көптігінен қорлық көріп, жерге
сыймай қадыры кеткен қазақтың баласы жоқ əлі.
– Иə, ақсақал, иə!.. Өте дұрыс айтасыз. Көп болып құнымыз түсіп,
қадырымыз кеткен жоқ. Өз қадырымызды өзіміз кетіріп жүрсіз.
– Сөз түсінер, кісінің парқын білер бала екенсің, шырағым. Саған мені
өздеріңді басқаратын міністірдің орынбасары жіберді. – Шал қанша
ойланса да жіберген адамының атын есіне түсіре алмай қойды. Бір
жапырақ қағазға жаздырып алмағанына өкінді. – Аты-жөні есімнен шығып
кетіпті.
– Иə, айта беріңіз. Ол кісінің аты-жөнінің бізге керегі бола қоймас,– деп
Мұса жылы жымиды.
– Айтсам шырағым, мен Аяған деген кəндидат баланың əкесімін. Ныспым
Қуат. Оны біреулер жала жауып, қаматып қойыпты,– деп қалтасынан
жаялықтай беторамалын алып, маңдайынан шып-шып шыққан терді
құрғатып, мықтап тұрып сіңбірінді. – Сен інстөттен шығарып жебіріпсің
оны. Балада жазық жоқ бала əлі жас.
– Иə, ақсақал, дұрыс айтып отырсыз. Бала жаз, жазығы жоқ,– деп, ректор
құптағандай бас шұлғыды. – Сөзге еріп, теріс жолға түсіп кеткен. Бүкіл
Алматы білетін дəукес, пəлеқор адамның айтқанымен жүріп, біздің
тəрбиеге көнбеді. Аяған сияқты халқымыздың дарынды, білімді баласын
мүйіздеп, қысастық жасайтындай ақымақ емеспіз, ақсақал. Бізді мұнда
үкімет “қара басыңның жағдайын жасап, тынышт отыр” деп жіберген жоқ.
Біреу тəртіп бұзса, теріс жолға түссе басқадан емес, менен сұрайды.
– Дұрыс-ау,– деп бас шұлғып, ректордың сөзіне имандай ұйып отыр. Мына
бала тыңдаушысын иландырып, асықпай баппен сөйлейді екен. “Апыр-ау,
мына бала Алдекең айтқандай емес, ақылды, көшелі кісі ғой. Түсі жылы
екен өзінің” деп ойлады шал.
– Аяған үшін мені шырылдатты. Оны, қазақтың баласын қорғау менің
азаматтық міндетім. Біреуі құласа екіншісі бар ғой дейтіндей көп емеспіз.
Бірімізге біріміз сүйеніп, ілдалдалап жүрген халықпыз, ақсақал. Аяған
секілді бірінен кейін бірі күйіп кете берсе Алматыда қазақтың бір зиялысы
қалмас. Мұны түсінбейтін мен кеще емеспін. Білемін, түсінемін. Қазақ
баласының өскені, абыройлы болғаны керек маған. Мен, құдай деп
айтайын, ешкімді жүзге, руға бөлмеймін, ақсақал. “Жүзге бөлінгеннің жүзі
күйсін” дейтін адаммын.
– Дұрыс-ау... Дұрыс қой...
– Жоғарғы жақ тізеге салғанда қарсыласуға шамамыз келмейді, – деп
қинала қабақ шытқан Мұса ақырын ғана күрсінді. – Оның үстіне Аяғанға
ақыл кірмей-ақ қойды. Көпшіліктің ыңғайына көніп, кешірім сұраудың
орнына өршеленіп кетті. Қой дедік, қоймады. Үлкенді үлкен, кішіні кіші
демеді. Сонымен көпшіліктің ұйғарымымен қызметтен кетті.
– Қызметі бар болсын!– деп күйінді шал. Мұсаның сөзіне сенгені
соншалық, жалғызының ағат ісіне өлердей күйінді, қатты күйзеліп,
күйгелектене бастады. Көлдей орамалмен маңдайын сүртті, мойнына
құйылған терді құрғатты. – Қызметтің керегі жоқ оған. Басын арашалап
бер, ауылға алып қайтамын. Қой бақса да өштен өліп, көштен қалмас.
– О-о-й, ақсақал! – деп күлді ректор орнынан тұрып. Қолын қалтасына
салып, əрі-бері жүрді. – Мені бір қолынан бəрі келетін ү-ү-л-кен бастық деп
деп ойлайсыз-ау деймін. Аяған ешкімге бағынбайтын, араша бермейтін
мекеменің қарауына өтіп кетті. Тым кеш қимылдапсыз, ақсақал.
“Мылқаудың қолына, кереңнің астына түспе” дейді қазақ. Мылқауыңыз да,
кереңіңіз де сол мекеме.
– Міністірдің орынбасары “балаңыз Мұса Байларовтан кешірім сұрап,
кемшілігін мойындаса мəселесі шешіледі” деп саған жіберді, шырағым.
– Кешірім сұрайтындай Аяған маған жаманшылық жасаған жоқ. – Мұса
ахахалап күліп келіп, орнынан тұруға əрекет жасаған шалды қолтығынан
демеді. – Мəселе маған қарап тұрса неге көмектеспейін. Аяғанды ақтап,
айыбынан тазартып алып келіңізші, ертең-ақ деканның орынбасары етіп
бекітейін.
– Басы аман болса ер азамат жұмыссыз қалмас,– деп Қуат қария қабақ
шытты. Ректордың бұлтаңын аңғарды, ниетін түсінді. Көңілі жасып,
теңселе басып, шығар есікке беттеді.
– Солай, ақсақал, КГБ дегеніңіз ешкімге бағынбайтын мекеме,– деді шалды
қолтықтап келе жатқан Мұса.
– Е-е,– деді шал дауысын барынша созып. – Кеңес үкіметінде партияға
бағынбайтын да мекеме бар ма еді?
Мұса қарқылдап күліп жіберді. Оның мұнысы үйреншікті əдет, керек
уақытында ғана пайдаланатын əдіс тəрізденді шалға.
– Енді жалғыз ғана есік қалды мен ашпаған,– деп күрсінді титықтап
шаршаған шал.

 
Мұса Байларовқа барғанын, екеуінің арасында болған əңгімені Алдиярдан
жасырды. Оның қайда барып келгенін білсе профессордың тұлан тұтып
ашуланатыны анық еді. Ректорға барайын деген ойы жоқ-ты, министрдің
орынбасары емексітіп, сөнуге айналған үмітін тұтатты, соның сөзіне
иланып, екі өкпесін қолына алып, адасып жүріп жеткендегі естігені əлгі.
Ректор жылы-жылы сөзбен алдап, түк шешпей шығарып салды.
Алдекеңнің айтысына қарағанда, “үлкен үйден” де шын жанашыр адам
табылмаған сияқты. Ондағылардың əрқайсысының айныласатын саласы, өз
шаруасы бар көрінеді. Аяғаныма араша сұрап барамын деп отырған адамды
профессор жерден алып, жерге салып, сілікпесін шығарды. Бұлардың жанжаққа жазған арыздары жиналып, соның алдына келеді екен де, əлгі соның
барлығын ешкімге көрсетпей жылы жауып қоятын көрінеді. Алдиярдың
сөзіне қарағанда, бұлардың барлығы да жең ұшынан жалғасқан, бірін-бірі
қолдап, қорғап жүреді екен, бірін-бірі ешқашан жауға бермейді дейді. Оның
сөзіне иланбасқа Қуаттың амалы кəні?! Екі жетінің ішінде қаншама
адамның алдына барды, барлығының жауабы ұқсас. “Сөз түсінер жүрегі
бар, кісіге деген аяушылық сезімі бар бір қазақ табылмас дейсің бе. Қазақ
азаматтарының барлығы ұсақтап кетпеген шығар-ау” деген үміт шалды
қайда сүйремеді. Енді міне, бар сенімі бір ғана үйде. Жалғызының тəлкекке
түскен тағдырына сол үйдегі иманы бар адамдар ара түсіп, ақтап алып
қалмаса басқа ешкімнің де қолынан келмейтіндігіне көзі əбден жетті. Ит
арқасы қияндағы Мəскеуге бара алмайды, екі көзі бірдей əз соқырдан
айырмашылығы жоқ, өз бетінше жол тауып жүру қайда, жөн сұрайтындай
тіл білсе бір сəрі. Сəмөлетіне отырып, Мəскеуіңе барар-ау, жеткізіп ойын
айта алмаған соң бекер салпаңдап не соры. Жасы келіп, сүйретіліп əрең
жүргенде əлдеқандай жағдайға ұшырап сүйегі далада қала ма, кім білсін.
Бір адамның тағдырын Қазақстан үкіметі де шешер. Алысқа салпаңдап, ат
арытпай-ақ есігін күзетіп, түнеп жатса да осындағы үлкендерге жолығуға
тырыспай ма, тəйірі. Шаруасын реттеп, тезірек ауылға қайтпаса болмас.
Кемпір жалғызілікті. Ол сорлы не күйде? Қартайғанда шықты дертінің бəрі.
Өлместің күнін көріп, сүйретіліп жүрген шығар бейшара. Хат жазып, хабар
берердей сауаты болса кəні. Екі көзі төрт болып, жолға қарап алаңдап, үйге
сыймай жүрген шығар. “Үлкен үйдегілер” Аяғанын шығарып бермесе, есік
тоздырып, тентіреп қашанғы жүреді, жалғызды бір құдайға тапсырып,
келіні мен немерелерін алып, ауылға қайтқаннан басқа амалы бар ма?!
Осындай ойлар иектеген шал келінімен кеңескенді мақұл көрді. Кешкі
тамақтан кейін ойын алдымен Алдиярдың безбеніне салып, ол кісі лəм
деместен қабағы тұнжырап, үнсіз отырып қалған. Қуат оның неге
қиналғанын сезді, балаларға əбден бауыр басып алған, олардан ажырап,
соқа басы сопайып жалғыз қалудан өткен азап бар ма?! Балалар кетсе
Хадиша да жөнін табар. Бейшара қатты шаршап жүрген сыңайлы. Көзінің
терісінде айықпас мұң жатқандай болып көрінеді.
– Өзіңіз білесіз, қария. Менде қарсылық жоқ. Бала-шаға сіздікі,– деп
күрсінді Алдияр. – Біз өлместің күнін көрерміз.
– Қиналып отырғаныңызды білемін, Алдеке. Менде басқа амал қалмады.
Ауылда кемпір жалғыз. Өзі дертті. Мен мұнда, ол анда... Жалғыз ұлдың
шаруасы бір жақты болмаса балаларды алып кетпеске амалым кəні. Жол
алыс. Ит өлген жерде тұрамыз. Қайта-қайта сүйегімді сүйретіп келе
алмаймын.
– Өзіңіз білесіз, қария. Бала-шағаңызға таласым жрқ. Тұрамын десе үй,
міне, менде үйге ие болады дейтіндей есі дұрыс бала да жоқ. Сыздықтың
енді қашан келері бір құдайға ғана аян,– деп профессор ежелгі əдетімен
көзін шала жұмып, үнсіз қалды. – Қашан келсеңіз де есігім ашық, төрім
сіздікі.
– Рахмет, Алдеке! Жақсылығыңыз адамнан қайтпаса құдайдан қайтсын...
– Ауруханаға Аяғанның шаруасына бола жатпап едім. Күннен күнге
нашарлап барамын. – Профессор кеудесін кере дем алды. Сонан соң еті
қашып, қу сүйегі қалған сол қолын əрі-бері қозғап, саусақтарын ашыпжұмып, жаттығу жасады. – Соңғы кезде сол қолым, аяғым, кейде бетім
ұйып қалатын болып жүр. Ондай кезде мүлде қимылдай алмаймын.
– Денсаулық керкек, Алдеке-е... Денің сау болмаса қызық-шұжықтың бəрі
бекер.
– Иə,– деді Алдияр мұңайып. Көзін жұмды, біраз уақыт үнсіз отырып
қалды. – Жаман немелерге бауыр басып қалып ем. Оларсыз қалай
тұрарымды білмеймін. Əсіресе Бибіні сондай жақсы көремін. Алдыма
алып, иіскеп, сүйсем жанымды жегідей жеген сарыуайымнан, қаптаған
қалың ойдың қыспағынан тез құтыламын.
Қуат қария оны қалай жұбатарын білмей, тұйықтан шығып кетер жол
таппай қиналды. Алдиярдың алдында қарызға белшесінен батқанын,
жақсылыққа жақсылықпен жауап беру керектігін түсінді. Немерелерін
бөліп-жарып қалай қалдырып кетпек? Екі кəріге олардың өздері түгіл
басқан іздері қымбат. Үш немерені мұнда қалдырып кетсе кемпір екеуінің
ішкені ірің, жегені желім болып, құсадан өлмей ме. Қалдыра алмайды
боталарын. Келін не дер екен?
– Əсем шырағым,– деп дауыстады шал. Көзін шала жұмып, ойға батып
отырған Алдияр селк етіп, басын көтеріп алды. Қуат оның көзінен үрей
көрді.
Қалыңдап киініп, басына түбіт орамал салған Əсем имене басып, босағадан
аттады да, сəл иіліп ізет жасады, төрге озбай иба сақтап тұрып қалды.
– Отыра ғой,– деді Алдияр екінші креслоны иегімен нұсқап. Келіншек
именшектеп, орнынан қозғала қоймады. Шешесінің соңын ала бөлмеге
кірген Бибі жүгіріп барып, Алдекеңнің мойнына асылды.
– Ата, сенің ейніңді бояп бейемін,– деп шалдың ерніне далап жаққысы
келген қызына Əсем:
– Таста қолыңдағыңды! – деп зекіріп ұрысты.
– Бояй берсін. Балама ұрыспа, келін,– деп профессор Бибіні құшағына
қысып, маңдайынан сүйді. Кішкентай қыз атасын арқа тұтып, шешесіне
тілін шығарып мазақтап, қыр көрсете бастады.
– Мамаларды ренжітуге болмайды, қызым.
– Өзі ғой биінші тиіскен,– деп қыз ернін бұртитты.
– Ал кəне, атаңның ернін бояйсың ба?
Бибі қуана бас шұлғып, қол шапалақтап, “жұмысына” кірісті. Əсем
қызының мына қылығына өлердей қысылғанмен үлкен кісінің көңіліне
қарап үндемеді.
– Шырағым,– деді манадан бері ойға шомып, үнсіз отырған Қуат. – Мен
келгелі жарты айдың жүзі болды. Бармаған кеңсем, қақпаған есігім жоқ.
Бас иіп, жалынбаған кісім де қалмады-ау деймін. Аяғанның ісі тым
қиындап кеткен-ау, сірə. Көмектесейін деген бір пендені көрмедім. Бəрі
бірімен бірі келісіп алғандай қара аспанды төндіріп, Асан қайғының зарын
айтады. Ендігі үмітім “үлкен үйде”. Ертең Қонаев ақсақалға барамын.
Шешсе шешті, шешпесе қызыл белетін тастаймын да кетемін. Маған
жалғыздың жөні бөлек.
Алдекең бұрылып, Қуаттың ештеңеден қайтпасқа бекінген айбарлы жүзіне
сəп салып ұзақ қарады. Адам ашуланғанда тым айбатты көрінеді екен.
“Қонаевқа кіре алмайсың-ау, қартым. Божбан сарыға ғана қолың жетер.
Партияның орталық комитетінен көңілің қалып, біржола түңіліп кететін
болдың-ау” деп ойлады профессор. Қуаттың десін қайтармас үшін ойын
ашып айтуға ынталанбады.
– Сонан кейін ауылға қайтамын. Нұрша жалғыз қалды. Ол бейшара не
күйде? Орнынан тұра алмай, омалып жатқан шығар апаң.
Əсемде үн жоқ. Басын төмен салып, еті қашқан шидей-шидей саусақтарын
сыртылдатып, мазасызданып тұр. Атасының айтқанын келіншектің құп
көрмегенін Алдиярдың сұңғыла көңілі бірден сезді. Алдында отырған
Бибіден айырылып қалардай сол қолымен оны бауырына тартып, құшағына
қыса түсті. Атасының бетін əлеміштеп бояп тастаған кішкентай қыздың
ойында ештеңе жоқ, сықылықтап күліп, мəз болып отыр.
– Сендерді мұнда қалдырып, кемпір екеуміз тыныш жата алмаймыз,
шырағым. Жер аяғы алыс, шауып келіп тұратындай күш-қуат жоқ бізде,–
деп күрсінді шал.
– Ата-оу, – деді Əсем жанары жасқа толып. – Айналайын, ата-оу, Аяғанды
жалғыз тастап, қалай кетеміз? – Шал бүкшие түсті. Оның екі қолының
қалтырай бастағанын Алдияр анық көрді. Сақалы селк-селк етеді. – Сіздің
Аяғаныңыздан басқа кіміңіз бар еді, ата-оу?! Менің Аяғанымнан басқа
кімім бар еді?! Аяған жалғыз. Басына іс түскенде жалғызымды тастап
қалай кетемін?
Қуат қарияның басы салбырап кеткен, екі иығы селкілдеп, үнсіз егіліп
жылап отыр. Бетін жас жуған келіншек шалдың қарсы алдына тізерлеп
отырып, алақандай ғана жібек орамалымен оның көзін сүртті. Шал көкірегі
қарс айырылардай терең-терең күрсініп:
– Жөн,– деді. – Жөн, шырағым...
Екі қолымен келінінің бетінен қысып ұстап, маңдайынан сүйді.
– Қосағыңмен қоса ағар, шырағым,– деп əрең деп орнынан тұрды да,
теңселе басып, сыртқа шығып кетті.
Алдиярның ернін, бетін қызартып бояп болған Бибі енді оның маңдайын
əлеміштеуге кіріскен еді. Шалдың түрін көріп, Əсемнің бетінің оты шықты.
– Менің қызым суретші болады,– деп күлді Алдияр. Ұялғанынан Əсем
бетін басып, теріс айналды.
Ертесіне Қуат қария таң азаннан тұрып, үлкен үйге баруға дайындалды.
Бұл жолы таңғы намазын асықпай отырып əдеттегіден ұзағырақ оқыды.
Асықпай жуынып, кірлеп қалған жейдесін ауыстырып киді. Хадиша
оянғанда ол барып киініп, жүріп кетуге дайын отырған.
– Қызым, мені Қонаев ақсақалдың кеңсесінің алдына жеткізіп сал,– деді
қызға.
– Ата-ау, сағат əлі алты жарым. Олардың қызметі сағат тоғызда басталады,–
деп күлді Хадиша.
– Тоса тұрамын ғой, қарағым.
Екеуінің дауысынан Алдияр оянды.
– Қария, шам жағып жіберіңіз.
Қуат бөлмеге кіріп, шам жақты. Екі көзі ісіңкі, əрі қызарып кетіпті. Түнімен
ұйықтамай шыққаны көрініп тұр. Жалғыз ұлдың уайым-қайғысын көтере
алмай сансырап жүргенде Əсемнің кешегі сөзі тым ауыр тиген тəрізді.
Келінімен салғыласып жатсын ба, оның сөзін іші қаламаса да үндемеді. Екі
кəрінің бар үміті – балалары, тілегі – солардың амандығы. Немерелерін
мұнда қалдырып кетіп, шал мен кемпір жаны шыдап жата алмас. Көп
ұзамай жолдың алыстығына қарамай артынып-тартынып қайтып
келетіндігіне Алдиярдың шүбəсі жоқ.
– Қария, үлкендердің біреуіне кіруге мүмкіндік туса құры қол баруға
болмайды. Арыз апару керек.
– Алдеке-ау, арыз жаза алатын өнерім болса күрек ұстап жүрер ме едім.
Кетпен, шалғы ұстаудан басқа менің қолымнан не келсін.
Алдияр күлді. Ең негізгі шаруасын реттей алмағанына қысылғандікі ме,
Қуаттың түрі адам аярлықтай өзгеріп кетті. Профессорға қарап, жаутаңдап
тұр.
– Арызды біреуге жамандық жасау үшін емес, өзіңді қорғап қалу үшін
жазып үйрену керек, қария.
– Қолыма қалам ұстасам ой қашып кетеді, Алдеке. Қалам – құрық, ой –
асау.
– Столдың үстінде конверт жатыр. Оның ішінде сіздің атыңыздан
жазылған арыз бар. Жоғалтып алмаңыз.
Қуат қария столдың үстінде жатқан конвертке үрке қарады. Бұрын арыз
десе төбе шашы тік тұратын шалға стол үстіндегі төртбұрышты қағаз
құтқарушысындай болып көрінді. Оны ұқыптап төс қалтасына салып алды.
– “Жығылсаң нардан жығыл” деген. Қонаевтың өз атына жаздым,– деді
Алдекең күлімсіреп.
Шай ішіп, əлденіп алғаннан кейін Хадишаға ілесті. Ол қарияны Орталық
партия комитеті орналасқан үклен үйге жеткізіп салып, одан ары қарай
жұмысына кетпек.
Көше лайсаң. Кеше аяқ астынан ауа райы өзгеріп, қалың қар жауған. Күн
екіндіге ауғанда аспан шайдай ашылып, жарқырап күн шықты да, буыны
бекіп үлгермеген ұлпа қар ери бастады. Түн май тоңғысыз дылы болды, тау
аңғарына аңқылдап жылы жел ұрды да тұрды. Кеше жауған аппақ ұлпадан
жұқана қалмаған, көше көшемен жайылып ағып жатқан тауға түскен
қардың суы.
– Құдая тоба, қайтадан жаз шыға ма қайтеді,– деп сөйлеп қояды Хадишаға
əрең ілесіп келе жатқан шал. Демнің арасында пысынап, терлеп кетті.
– Алматының ауа райы күнде өзгеріп тұрады, ата,– деп күлді қыз.
Тоныңызды неге тастап кетпедіңіз?
– Ой, шырағым-ай, біз үп еткен желді көтере алмаймыз ғой. Сендер ғой
қақаған қыста да жалаңбас жүре бересіңдер. Ал біздің үстімізден қырық
күн шілдеде кеудешеміз түспейді.
Екі ара жақын болған соң Хадиша шалды жаяу алып келген. Қатты
жүрмесе де ентігіп тұр. Сүме-сүме болып терлегенмен тұмағын милығына
түсіре басып киіп алыпты.
– Ата, Орталық комитет мынау,– деді жоғары көтерілетін баспалдақтарға
табаны тиген кезде Хадиша тоқтап. – Есігі ашық шығар. Мен жұмысқа
барайын. Жолыңыз болсын!
– Көсегең көгерсін, қызым!
Хадиша жүгіре басып кетіп қалды. Қуат қария биіктеу жерге орналасқан
əсем ғимаратқа қарап, біраз кідірді. Ғимараттың төбесіндегі желбіреген
Туға көзі түсті. Бойына ерекше күш бітті. Жалғызының мəселесі дəл бүгін
дұрыс шешілетіндей емпеңдеп алға ұмтылды. Баспалдақпен жоғары
көтеріліп келе жатып:
– Е-е, алла, өзің жар бол жалғызыма! – деп жаратқанға жалбарынумен
болды.
Үстінде қара тоны бар, тұмағын милықтата басып киген қаба сақал қара
шалға есік алдында тұрған милиционер тосырқай қарап, жолын кесті.
– Қазақтың баласы екенсің, шырағым мені кіргізіп жібер. Қонаев ақсақалда
шаруам бар еді,– деді шал. Оның мына сөзінен кейін милиционер тіпті
қатайып, оны бір адым ілгері бастырмай қойды.
– Рұқсат қағазсыз кіргізе алмаймын.
– Ой, шырағым, мен кəмөнеспін,– деп қалтасынан қызыл белетін шығарып
көрсетті. Қуаттың таң қалғаны, милицонер партиялық билетке мүлде көз
қырын салмады. – Бір жапырақ қағаз партия билетінен құнды болғаны ма?
Өй, жолың болғың!
– Тəртіп солай, ақсақал.
– Мен сені алдап тұр дейсің бе? Мен еліме еңбегім сіңген адаммын.
Ардагермін, шырақ.
Тонын шешіп алды. Ондағы ойы – орден, медалдарын милицонер жігіт
көрсе, жібір деген. Мына жігіт оларына да бəлендей мəн бере қоймаған
секілді. Шалдың ордендеріне селсоқ қана көз қиығын тастады.
“Мынау бір діні қатты неме екен. Мына сұрымен кіргізе қоймас.
Тəжікелесіп тұрғанша қағазын алайын” деп ойлады шал.
– Əй, шырағым, сен маған жөніңді айт. Қонаевқа қалай жолығамын?
– Білмеймін, ақсақал. Осы үйдің күншығыс жағында рұқсат қағазын
беретін орын бар. Сол жерден сұрап біліңіз,– деп ол шалды шығарып
салды.
Шал аң-таң. Жаңағы бала партиялық билетіне мүсіркей қарады. Күні
бүгінге дейін партбилетке ашылмайтын есік жоқ деп ойлайтын. Өзге түгіл
кемпіріне ұстата бермейтін ең асыл затының құны əпсəтте түсті де қалды.
Жап-жас жігіт жетпістен асқан шағында таңғажайып жаңалықты алдына
жайды да салды. Партбилетпен партияның Орталық комитетіне кіруге
рұқсат жоқ екен.
“Ой, алла-ай! Мынау бір сұмдық болды ғой. Мұны Қонаев ақсақал
білмейді-ау. Жаңағы баланың шикілігі ғой. Жап-жас неме екен. Қайдан
білсін” деп өзін өзі жұбатты.
Рұқсат қағаз беретін келіншек те айтқанын орындай салмай діңкесін
құртты. Шал оған қайта-қайта партиялық билетін ұсынады, келіншек
қайтарып береді.
– Кімге келдіңіз? – дейді.
– Үлкен кісінің өзіне, Қонаев жолдасқа келдім,– дейді. Келіншек жымиып
күліп, партбилетін қайтарып береді.
– Фамилияңыз тізімде жоқ, ата. Қағаз бере алмаймын,– деді келіншек.
Тілдей қағазға əлдекімнің телефонын жазып, шалдың қолына ұстатты. –
Осы адаммен сөйлесіп көріңіз.
Шал қолы қалтырап келіншек жазып берген сандарды терді. “Алло” деген
сыпайы, жұмсақ дауыс естілді.
– Бұл қайдан? – деді шал. Аржақтағы адам тым-тырыс. – Əлө, əлө!...
– Иə, тыңдап тұрмын.
– Əй, шырағым, мен Сағынтаев Қуат деген шалмын. Ит арқасы қияннан
келдім. Кəнөнес партиясының мүшесімін. Ардагермін. Ушасник войнамын.
Мыналарың мені ішке кіргізбей, қасарысып отыр,– деді милиционер мен
келіншектің ызасы өтіп, ашуға мінген шал шамданып. – Мен Əмрикеден
келген шпион емеспін. Ешкімге қастандық жасамаймын. О несі ей адамды
сонша қорлағаны?!
– Не шаруамен келіп едіңіз, ақсақал? – деп сұрады бейтаныс адам.
– Əй, шырағым, тлипонмен айтатын сөз емес менікі. Қонаев ақсақалға
кіремін,– деп төтесінен тартты. – Баламды кінəсізден кінəсіз қамап
қойыпты. Жұмыстан шығарып жіберіпті. Қонаев ақсақалға осыны айтайын
деп келдім.
– Ақсақал, Димаш Ахметұлы Алматыда жоқ.
– Алла құдай-ай! – деп күйінген шал санын соқты. – Сорым қалың екен-ау.
– Күте тұрыңыз.
Қонаевтың орнында болмағанына күйініп, күйзеле бас шайқап, терін
құрғатып отырған. Аласа бойлы божбиған сары жігіт келіп:
– Сағынтаев Қуат сіз бе? – деді аман-сəлем жоқ.
– Мен, шырағым, мен,– деп қалбалақтады. Жігіт кішкентай терезені ашып,
манағы келіншекпен қысқаша тілдесті де, бір жапырақ қағаз алып, Қуат
қарияның қолына ұстатты.
– Жоғалтып алмаңыз.
Тілдей қағазды ықтияттап төс қалтасына салып, алға түскен жігіттің
соңына ілесті. Тəпелдек жігіт лəм деместен шалды шағындау бөлмеге
бастап кірді де, орындық ұсынды. Өзі асықпай орнына отырды да,
шалқалай жатып, көзін шала жұмып, шалға барлай қарады.
– Атың кім, шырағым? – деп сұрады Қуат жайғасып отырып алған соң.
– Сергекбаев,– деп келте қайырды божбан сары.
“Қабағы қалың екен, нойыстау біреу болмаса қайтсін” деп ойлады шал.
– Е-е, дұрыс екен. Қай елдің баласысың, шырағым? Руың кім? – деді шал.
Жігіттің қабағына қарап, жөнсіз сұрақ қойғанын түсініп, ыңғайсызданып
қалды.
– Келген шаруаңызға көшіңіз, – деді ол шытынап. – Руды кейін ет жеп,
сорпа ішіп отырып сұраса жатармыз.
– Е-е, иə... Жөн біліскен дұрыс қой, шырағым. Сүйек сұрасқанның айыбы
болмайды. Кім біледі, жақын туыс шығармыз. Бəлкім, жекжат болып
қалармыз.
Жігіт бедірейіп үндемеді. Екі беті онан сайын божбиып, көзі жұмыла
түскен. “Мынау неге тырсиып отыр? Алдияр айтып жүрегн адам осы болып
жүрмесін” дегенойға келген шал оған бажайлай қарады. Үлкен столдың
басында ол тұрқы ұзын, еңсесі биік атқа мінген бала сияқты көзге қораш
көрінеді екен. Көзқарасы зілді. Жас шамасы елудің мол ішіне кіріп кеткен
кексе адам тəрізді.
Қуат болған жайларды асықпай отырып егжей-тегжейлі баяндап шығамын
деп ойлаған. Божбан сары шалды алысқа ұзатпады.
– Ақсақал, бұл шаруаны мен бес саусағымдай білемін. Ұйымдастырып
жатқан арыздарыңыздың барлығы менің тартпамда жатыр. – Ол
суырмасынын бір топ арызды алып, шалдың алдына тастады. – Бəрі бір
адамның қолынан шыққан. Алдияр Ақпанұлының жазған арызы онға жетіп
қалады.
– Əділдікке жете алмаса жазбағанда қайтеді.
– Əділдік? – Божбан сары мырс күлді. Көзін сығырайтып, шалға зəрлене
қарады. – Оныкі дұрыс та, бір қауым елдікі бұрыс па? Мəселе ол кісі
ойлағандай шешілсе əділ де, басқаша болып шықса əділ емес пе сонда?
– Алдекең үлкен ғұлама адам, шырағым,– деді шал əдеттегідей сақалын
саумалап. Тонын шешіп, алдына көлденең тастады. “Өтірік – ұят, шын –
мият” дейді. Пайғамбар жасынан асқан кісі өтірікке баспайды. Алдекең
сен, шырағым.
– Сену, сенбеу біздің шаруа,– деп сызданды Сергекбаев шалқалай отырып,
көзін ежелгі əдетімен шала жұмып сығырая қарады. – Ал сіздің
балаңыздың шаруасына келетін болсақ мəселе былай. – Еңсесін тіктеп,
түзеліңкіреп отырды да, қоңыр папканың ішінен тағы біраз қағазды алып,
парақтауға кірісті. – Оның жұмыстан шығарылуы заңды. Міне, мынау
протокол. Оны Қазақ ССР КЗОТ-ның 33 статьясы 2тармағына оарй 1982
жылдың тамызының жиырма төрті күні қызметтен босатқан.
– Əй, шырағым! Ұлымның қызметін даулап келіп отырған жоқпын. Басы
аман болса жұмыс табылар.
– Ал енді оның қамалуына келетін болсақ,– деп Сергекбаев тағы да он
шақты парақ қағазды шалдың алдына тастады. Алдында улы жылан
жатқандай шал божбан сары тастаған қағаздарға үрейлене қарады. – Совет
заңы өте əділ заң. Ол ешкімге қиянат жасамайды. Қуатовтың қамалуын
Мұса Байларовтан көруіңіз қате. Ол өте əділ, адал жігіт.
– Сонда кім кінəлі?
– Бəсе, кім кінəлі? – деп шалға түйіле қарады божбан сары. – Əрине
балаңыздың өзі кінəлі. Алдыңызда жатқан қағаздарда бəрі жазылған.
Шал қағазды Сергекбаевтың алдына қарай жылжытты.
– Менің Аяғаным ондай лас іске араласпайды. Ол таза. Мен елу жылдан
бері партия мүшесімін. Партбилетімнің атынан ант етемін, ол кінəсіз,– деді
Қуат қария. Божбан сары оны мазақтағандай сыңарезулей күлді.
– Біз сізге, иə болмаса сіздің 50 жыл бұрын алған партбилетіңізге емес,
нақты документке сенеміз. Міне, бізге КГБ-ның берген жауабы. Осылардың
негізінде құрметті профессор мырза арыз берген органдарға жауап
жазамыз. Аяған Қуатов антисоветчик, мемлекетке зиянды адам дейміз.
– Жоқ, бұл жала! – деп айқайлады шал.
– Оның істеген қылмысына куəлар бар. Мынау солардың
түсініктемелерінің көшірмесі. Олардың сөздері Қуатовтың қаны сорғалаған
ұлтшыл екенін, Советтік қоғамға жат элемент екенін растайды.
– Жала! Жала мұның бəрі!..
– Бұл жерде айқайлауға рұқсат етілмейді,– деп Сергекбаев қабақ шытып,
түсін суытты.
– Шырағым,– деді нəті жуасып қалған шал шаршаңқы үнмен. – Бармаған
жерім қалмады. Жалғыз үмітім осы үйде Қонаев жолдаста еді. Шындықты
осы шаңырақтан табамын деп келген ем. Көмектес, шырағым. Жалғыз ұл
еді маңдайымдағы.
– Менің қолымнан келмейді. Советтік қоғамға жат элементті Орталық
комитет ешқашан қорғамайды. Ол өзіне тиісті жазасын алады. Ал сіз
болмас іске бола шаршамай ауылыңызға қайтыңыз. Түрме – тəрбие мектебі.
И сонан соң Димаш Ахметовичтің басын қатырмаңыз.
– Жалғыз үмітім бар еді, ол да сөнді,– деді шал басын изектетіп отырып.
Қалтасынан аппақ шүберекке мұқият оралған партия билетін алып,
Сергекбаевтың алдына қойды, сонан соң омырауындағы орденмедальдарын бір-бірлеп ағыта бастады.
– Мұныңыз не? Болмайды, дұрыс емес! – деп Сергекбаев шолтаң етіп
орнынан атып тұрды. – Партбилетіңізді алыңыз, орден-медальдарыңызды
қайта тағыңыз.
– Ары тұр! – деп шал оны кеудесінен итеріп жіберді. Сергекбаев
шалқалақтап барып, бойын əрең түзеп алды. Мына шалды соншама қарулы
деп ойламаған, қайта ұмтылуға жүрегі дауаламады.
Қуат қария орден-медальдарын түгелдей ағытып алды да, Сергекбаевтың
столына қойды.
– Маған мыналар емес, бала керек. Ол жалғыз. Менде Аяғаннан басқа
ешкім жоқ. Мыналар жалғызымның жалғыз тал шашынан садақа кетсін!..
– Ақсақал, тұра тұрыңыз!
Шал оның сөзін құлағына да қыстырмады, пора-пора болған көз жасын
сүртпестен дəлізге шықты да, беті ауған жаққа қарай аяңдады. Қарсы
кездескен бірнеше адам ығысып, жол берді. Ұзын дəлізбен жүре-жүре
тұйыққа сəл кідірді де, келген ізімен кері қайтты.
“Аяғаным үшін жаным құрбан. Мені қамасын. Жалғызыммен бірге
жатамын. Кемпірді де қамасын. Бəрін, келінді, немерелерімді... Бəріміз
бірге боламыз. Аяғанымды қайда жіберсе де, сүйегімді сүйретіп, бірге
кетемін. Қалмаймын жалғызымнан” деп күбірледі көзінен аққан жас
сақалын жуып келе жатқан қарт. Кенет əлдекім қолтығына жармасты,
божбан сары екен.
– Ақсақал, сабыр етіңіз. Бөлмеге барайық,– деді сыбырлай сөйлеп.
Манағыдай емес, жүні жығылып, жуасып қалған. Өзі абыржып тұрған
сияқты, жан-жағына жалтақ-жалтақ қарап қояды. – Жүріңіз, ақсақал...
– Жібер!..
Қуат оны ақырын ғана итеріп жіберді. Божбан сары қайта ұмтылған,
іргедегі есіктен дəлізге шыға келген жас жігітті көріп, қалт тоқтады.
Жылмиып тұрып, жымиып күліп сəлем берді. Орта бойлы, көмірдей қапқара шашын бір жағына қарай жыға тараған, жас жігіттің өңі жылы екен,
шалға күле қарады. Қуат оның шарасы кең көзінен мейірім көрді.
– Ассалаумағалейкүм, қария! – деп келіп, Қуаттың қолын алды. Божбан
сарының тыпыршып, абыржыңқырап тұрғанына қарап, мына жігіттің бекер
адам емес екенін түсінді.
– Əліксалам, шырағым! – деді шал жасты көзбен жігіттің нұрлы жүзіне тік
қарап. “Иман жүзді бала екен. Құдай-ау, мынау менің Аяғанымнан да жас
қой” деп ойлады қарт.
– Қария, сізді кім ренжітті? – деп Қуатты қапсыра құшақтап, арқасынан
қағып жұбатпаққа ниеттенді. Көңілі босап, мұңын кімге шағарын білмей
əзер тұрған Қуат бұдан арыға шыдамады, екі иығы селкілдеп, егіліп қоя
берді.
– Сабыр етіңіз, қария! – Жас жігіт шалды қолтықтап, іргедегі бөлмеге алып
кірді. – Айгүл, бір стакан су алып келіңізші.
Бұлар кіргенде лып етіп орнынан тұрған келіншек сондай жылдамдықпен
бөлмеден шығып кетті.
Жас жігіт Қуатты қолтықтаған күйі оң жақ бүйірдегі кең бөлмеге кіргізіп,
сүйемелдеп орындыққа отырғызды. Соның арасынша бір стакан су алып
Айгүл де келді. Тамағы кеуіп, тілі тобарсып қалыпты. Суды бір ұрттап,
аузын шайқады да, жұтып жіберді.
– Мен Қуандық Сəруаров деген балаңыз боламын, қария,– деді қарсы
алдына келіп отырған жігіт. – Қайдан келдіңіз?
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Өмірбаян - 19
  • Büleklär
  • Өмірбаян - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2343
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2206
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3946
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2216
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3919
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2281
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2180
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3962
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    38.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2227
    36.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2066
    37.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3942
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4010
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2308
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2069
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2318
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3894
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2290
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3979
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2333
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3945
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2168
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3915
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3882
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2154
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3928
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2276
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2270
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4009
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2220
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3915
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2159
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3966
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2184
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3950
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2293
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2284
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 4037
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2421
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2292
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3889
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2140
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2161
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3943
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2207
    37.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 3860
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2225
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2113
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 33
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2215
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 34
    Süzlärneñ gomumi sanı 3902
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2224
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 35
    Süzlärneñ gomumi sanı 3386
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2046
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.