Latin Common Turkic

Өмірбаян - 32

Süzlärneñ gomumi sanı 3925
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2113
35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
жасырып, бір жапырақ нан, қант, кəмпиттерін қалтасына тықпалайды.
Жігіт олардың көңілін қимайды, қаламай тұрса да қолдарын қақпайды.
Рахметін айтып, алғысын жаудырады. Ол бейшараларға жылы сөзден басқа
не керек дейсің, жымыңдасып мəз болып қалады.
Аяған кемпірлер берген нан, кəмпит, қантын біраздан бері сөек тартып
жатқан Саламон патшаға тасыйды. Напалеонның сөзіне сенген бейшара
депутаттардан қорқып, зынданға тығыламын деп екі өкпесіне суық тигізіп,
мұрттай ұшқан. “Əй, осының беті бері қарамас-ау” деп ойлаған, орнынан
тұрып кететіндігіне дəрігерлер де сене қоймап еді, жаны сірі неме екен,
аман қалды əйтеуір. Ұзақ төсек тартып, саржамбас болып жатқандықтан өз
еркімен тұрып, жүре алмайды. Тамақты төсегіне əкеліп береді. Өзі
соншалық ашқарақ. Алдына келген асты əпсəтте қисыпыр қылады, сонда
да ішін жылан жалағандай жалаңдап отырады. “Осының асқазаны тас
қорытатын шығар” деп Аяған таң қалады.
– Саламон патша, сізге қыздар беріп жіберді,–деп алып келген заттарын
бүкіш шалдың тумбасының үстіне қояды. Сол сəтте оның қабағының
қыртысы жазылып, көзіне нұр ойнап шығып, жүзі бал-бұл жанады.
Саламон патшаны “зынданға” қамап, өлтіріп қоя жаздағаны үшін Напалеон
жазасын тартқан. Қазір ол басқа палатада тұрады. Бұрынғыдай əр сəт
сайын қыдыңдап, өзі əрең жүрген бүкіш шалдың мазасын алмайды. Кей
күндері есіктен сығалап, ішке кіре алмай мөлиіп тұрады бейшара.
Күн суыта бастағанда “беті бері қараған” біраз адам ауруханадан шығып
кеткен. “Мені де босатар” деген есек дəмемен бас дəрігерге барып,
жағдайын түсіндірмек болған. Ол сыңарезулей күліп, Аяғанды жүре
тыңдады, ашуға мінген жігіт шыдай алмай айқайды салып, жағасына
жармасқан.
– Сендер мені заңсыз ұстап отырсыңдар. Бұларың қылмыс. Үлкен
мамандарды шақырып, консилиум жасаңдар. Мен саумын! – деп айқайлап,
тамағын езіп-езіп жіберген жігітті бас дəрігер жүрегінің тұсынан қатты
ұрған. Ол екі бүктеліп отырып қалды. Сол екі арада санитарлар жетіп келіп,
дем жетпей екі бүктеліп отырған жігітті сүйреп ала жөнелді.
– Бəрі жағаға жармасады, жарыместер! – деген бас дəрігер қисайып кеткен
галстугын түзеп тұрып. – Артығырақ дозамен укол беріңдер. Оған сол
керек шығар.
Бас дəрігердің айтуымен артық дозамен ине салғаннан кейін ес-түсінен
айырылып, не өлі емес, не тірі емес, екі дүниенің ортасында былқ-сылқ
етіп ұзақ жатқан. Бір пенде келіп, басын сүйеп, аузына су тамызбады. Қолаяғы байлаулы, темір төсекке таңылған ол өлердей қаталап, таңға дейін
əрең шыдаған. Таң атқанмен де жанына ешкім жолай қоймады. Дауыстап
шақырды, барын салып айқайлады, санитарлар келіп санын шымшылап, қу
жанын одан сайын қинады. Аяған оларға жалынды, жалбарынды. Бірақ
мұнысынан ештеңе шықпады, олар қиналып жатқан бейшараның аузына
бір тамшы су тамызудың орнына мазақтап күлді.
– Өзіңе сол керек. Енді артыңды қысып, тыныш жүретін боласың,
кеңкелес,– деді шығып бара жатып. Екіншісі тарқылдап күлді.
Түске қарай екі дəрігер келіп, тілі тобарсып аузына сыймай, шөл қысып,
қиналып жатқан жігітті қараған болып кетті. Түскі тамақты ішуге шамасы
жетпеді, бір стакан сары суды сіміріп алды да, сұлқ түсіп жатып қалған.
Дəрінің əсері ме, жоқ əлде, ортаның ықпалы ма, соңғы уақытта Аяған
мінезінің өзгере бастағанын байқап жүр. Қақаған суықта есік алдындағы
лапастың алдында бүрісіп отырады да қояды. Əлдекім іздеп келіп қалатын
сияқты елегізіп, палатаға сыймайды.
Камал, Қанат, Ерік үшеуі келіп, біраз əңгіменің басын қайырған. Мына
жындыханадан қалай босатып алуға болатындығы туралы ой бөліскен, олар
арыз жазып, үлкен үйге бармақшы еді. Көптен бері жігіттерден хабар жоқ.
Соған қарағанда бір төтен жағдай болған сыңайлы. Мұса, Жақия қарап
жатсын ба, сірə.
Анда-санда туыстарын іздеп келіп, жан-жағына үркектей көз тастайтын
адамдарға таң қалып, ұзақ қарап тұратыны бар. Олар сақал-шашы рабайсыз
өсіп, ағарып кеткен, сықпыты ауруға ұқсағанмен көзінде мұңлы сағыныш
бар жұмбақ пендеден қорқатын тəрізді. Оған мүлде назар аудармауға
тырысады. Қалт еткенді қағыс жібермейтін Аяғанның сұңғыла көңілі
босап, күйініштен көз шарасы жасқа толады.
Соңғы уақытта ол тым мазасыз. Аурухананы қоршаған биік дуалды
жағалап, саусақ сұғар саңлаудан сыртқа үңіледі де немесе сол тесікке
құлағын тақап, дыбыс аңдиды. Трамвайдың дүрсілі мен машиналардың
шуынан басқа ештеңе естілмейді. Сыртқы дүниеден мүлде хабар жоқ, сол
баяғы бейқұт тірлік, мамыражай өмір өз заңымен ілгері жылжып жатқан
сияқты болып көрінгенмен жігіттің көңілі алаңдап, байыз таба алмай
тыпыршиды. Анау күні екі санитардың əңгімесін құлағы шалып қалған.
Олардың айтысына қарағанда, Алматыда екі күн бойы қазақ студенттері
мен жұмысшы жастардың қатысуымен үлкен ереуіл болған көрінеді. Толып
жатқан адам өліп, Алматыны əр жақтан келген мыңдаған əскер қоршап
алған тəрізді. Екеуінің сыбырласып сөйлескен əңгімесін естігелі бері түнде
ұйқы жоқ, көзі ілініп бара жатқан құлағына дүрліккен жұрттың дүбірі
шалынып, шошып оянады. Əбден зəрезеп болып қалған сорлы басы, сол
ереуілге қатысың бар деп үш əріптің адамдары ойда жоқта сап ете түсердей
жүрегін үрей шымшиды.
Шындықты білетін ешкім жоқ. Əңгіме сұрайын десе дəрігерлер мұны кісі
екен демейді. Бір-екеуін жағалап, хабар білгісі келіп еді, ол шіркіндер
айқайды салып, маңына жолатпады. Олардан ештеңе сұрап біле алмасына
көзі жеткен Аяған екі-үш күннен бері туыстарына келіп, кететіндердің
жолын тосып жүр. Бірақ ерегескендей сол хабар шыққалы бері ешкім келе
қоймады.
Қазір де міне, темір қақпаның түбіндегі жуан терекке бекіткен тақтай
орындықта отыр. Отырған жері ық, соған қарамастан желтоқсанның қара
суығы табанынан өтіп, шекесіне жетті, тісі-тісіне тимей қалшылдап тоңса
да кеткісі жоқ. Бүгін ешкімнің келмейтіндігіне көзі жеткен соң орнынан
тұрып, əрі-бері жүгіріп, денешынықтыру жаттығуларын жасауға кірісті.
Бойы сəл жылынды. Кенет қақпаның алдына машина келіп тоқтады.
Жаттығу жасап жүрген жігіт теректің тасасына тығылып, кірпік қақпай
қақпаны аңдыды. Көпке дейін үлкен есік ашыла қоймады.
– Балам-ау, мені қайда алып келдің?
– Басқа амалым болмады. Жан сақтаудың жалғыз жолы осы, əке,– деді
біреуі.
– Құдай мені қанды қырғын соғыстан осыны көрсін деп əдейі аман алып
қалған ғой, сірə,– деді қарлыққан дауыстың иесі.
– Артық сөздің керегі жоқ. Мұнда бөтен адамдар бар.
– Бөтен... Бəрі бөтен. Мен де бөтенмін,– деді қарлыққан дауыстың иесі. –
Бөтен екенімді 17 желтоқсанда білдім.
– Үндемеңіз дедім ғой. Үндемеңіз!..
– Ал үндемедік,– деді мырс-мырс күліп. – Үндемей жүріп жеткен жеріміз
осы болды. Үн шығарып ек басымыз жарылды.
– Үндеуге болмайды деймін. Не деген түсінбейтін адамсыз?!
– Жер басып жүруге болмайтын шығар. Не жазып ем жаратқанға?!
– Сіз асарыңызды асап, жасарыңызды жасадыңыз. Қойыңыз, күйіп тұрған
заманда бекер күйдірмеңіз.
– Өл дейсің бе маған енді...
– Айтаққа ерген ақымақ балаларға қосылып неңіз бар еді?! Олар шетіне
маскүнем, шетінен наркоман... Ал сіз... Міне, соның нəтижесі.
“Апыр-ау, мынау таныс дауыс қой. Кім болды екен?!” Аяған қаншалық бас
қатырғанмен əлгі дауыстың иесін есіне түсіре алмай-ақ қойды.
– Қартайғанда шығардыңыз өнерді. Хомейни... Аятолла Хомейни болғыңыз
келді ме?
– Аятолладай елімнің жыртығына жамау болуға жарасам арман не?!
– Елдің жыртығы əлдеқашан бүтінделген. Жыртыққа жамау салу жоқ қазір.
Ол кешегі күн.
– Бүгінгі күн – кешегі күннің жалғасы, балам.
– Кешегі күн жоқ, əке. Бүгінгі күн мүлде басқа. Мүлде жаңа...
– Көрдім кеше,– деп мырс күлді шал. – Нəтижесі мынау жара.
– Нəтижесі алда. Шекедегі жара жазылар,– деп күрсінді баласы. – Сіз, əке,
саяси қылмыс жасадыңыз.
– Мен бе? Маған айтасың ба?
– Сіз!..
– Мен отыз алтыншы жылдан коммунистік партияның мүшесімін.
– Ойнамайтын көзіріңізді көлденең тарта бермеңіз, əке. Елу жылдық
партстаж гарантия емес.
– Құдай берген жанын өзі алады,– деді шал. Осыдан кейін əке мен бала
үнсіз қалды. Аяғанның есіне əкесі түсті.
“Олар не күйде екен? Мені жоғалтып алып, қан жұтып жатқан шығар.
Хадиша барды ма екен?”
Осы сияқты сұрақтар жолын кесті. Көңіліне қара шауып, жанын мұң баурап
алды. Хадиша ауылға кеткелі де біраз уақыт болған. Аяған осы бір ұзақ
үнсіздіктен қорқады.
– Өзіңізді өзіңіз сыйласаңыз ақымақ балаларға еріп, алаңға шығар ма
едіңіз,– деді баласы. Аяған елең етіп, қаптап келіп қалған қалың ойдан тез
арылды. Қақпаның дəл түбіне келіп, сыртқа құлақ тосты.
– Шиеттей балалар шырылдап жатқанда қалай шыдап отырайын.
Жасырмаймын, таяғыма сүйеніп, алаңға барғаным рас. Басқалар секілді
үйімде отырып ұрандап, жала жұғады деп қорыққаным жоқ. Маған халқым
қымбат,– деді шал. Түрін көрмеген ақсақалға Аяған разы болып тұр.
– Сіз партияның саясатына қарсы шықтыңыз.
– Мен əділетсіздікке қарсы шықтым.
– Қандай əділетсіздікке? Қандай? – деп баласы ашуланып, дүрсе қоя берді.
– Бəлкім, Пленумның шешіміне қарсы шығарсыз. Солай ма? Бұл орыс
халқына, партияға қарсылық!..
– Партия бір ғана орыс халқының меншігі деп кім айтты саған? – деп ашуға
мінген шал дауысын көтере сөйледі. Екінші адамның беті қайтып қалған
сияқты, дауысы бəсең шықты.
– Т-и-ш-е-е! Орыс халқы – ұлан байтақ Россия... Олар көп. “Кімнің
арбасына отырсаң соның əнін айт” дейді, əке. Қонаев жоқ. Қазір Колбин. Ко-л-б-и-н...
– Ұлттық белгі емес, адамгершілік, ар сөйлейтін тұста мен неге үндемей
қалуға тиіспін? Жə, селкілдеме! Лениндей кемеңгерді туған ұлы халықтан
Ежов сияқты қаныпезер де шыққан.
– Т-и-ш-е! – деді баласы үрейленіп. – Ежоқ жоқ қазір, жоқ! Есіңізді
жиыңыз! Болды, əңгіме осымен бітті.
Ол темір қақпаны тарсылдатып ұра бастады. Бейқам тұрған Аяған селк ете
түсті де, теректің тасасына тығылды. Жуықарада ешкім келе қоймады.
– Қалшылдама, балам. Орыстың қадырын сене гөрі мен жақсырақ білемін.
Мен олармен бірге қан кешіп жүріп, Отанымды азат еткенмін. Үш бірдей
бауырыма Россия жері мəңгілік мекен болған. Мен бір аяғымды Мəскеудің
түбінде фашистерге садақаға бергенмін.
– Соның барлығын бір күндік ісіңіз жуды да кетті. Еңбегіңіз зая, əке.
Еңбегіңіз – еш, тұзыңыз – сор болды.
– Солай ма еді! – Шалдың дауысы бұзылды. Баласының жаңағы сөзі
шамына тиіп кеткен тəрізді. – Мына аяғым қайта өсіп шығады екен ғой. Үш
бауырым тіріліп келіп, көзайым болады екенмін-ау...
– Тынышталыңыз, əке,– деді баласы жалынышты үнмен. – Мына шу
басылғанша осында боласыз. Екі елі ауызға бес елі қақпақ. Ештеңе
білмейсің, алаңға шыққан жоқсыз.
– Жетпіс жеті жыл айтпаған өтірігімді енді қайтып айтамын? – деді шал
жыларман болып. – Балалар мен қыздарды шырылдатып итке талатқан əбес
əрекетті қай жерде болса да айтамын.
– Жала! Мұныңыз шындыққа қиянат. Олар наркомандар! – деп шамданды
баласы.
– Екі солдат қарғадай қызды шырылдатып сүйреп барады екен, арашалап
алайын деп тұра ұмтылдым. “Ол – ана. Анаға қол көтеруге болмайды”
дедім. Еңгезердей біреуі жалт бұрылды, алдымен кеудемдегі орденіме
қарады. “Міне жау! Кеңес үкіметінің барлық жақсылығын көрген. Өзі
орыстарға қарсы” деп айқайлап келіп, қақ маңдайымнан қойып жіберді.
Бұл да жала шығар, сірə.
– Кінəңіз бар себебі.
– Отаным үшін жанымды аямаған мен, қарт коммунист Кеңес солдатынан
таяқ жедім,– деді шал күйінішті үнмен. – Үндемеуім, сойылға
жығылғанымды жасыруым керек екен.
– Айқайлағанмен қолыңыздан не келеді? Қарсылассаңыз тура жібереді.
Сондықтан үндемеңіз, ə-ə-к-е... Үндемеңіз!
Аяған аяңдап келіп темір қақпаның иненің көзіндей саңлауынан сығалады.
Таяқ ұстаған ақ сақалды шалды көрді, баласы теріс қарап тұр екен.
Əлдекімге ұқсайтын тəрізденді, оның кім екенін бірақ біле алмады. Дауысы
да соншалық таныс.
– Алаңды əскермен қоршап, тəңкі əкелетіндей неден, кімнен қорықты екен,
а?
– Шектен шығып барасыз. Еске салмаңыз ол күнді. Алаңдағы жағдай
достыққа жасалған қиянат.
– Достық деймісің? – Шал мырс күлді. Сонан соң біраз уақыт үнсіз қалды.
– Достық деген Қарағандының көмірі, Қаратаудың, Маңғыстаудың қазба
байлығы ма, балам? Əне, Семейде талай жылдан бері дүңкілдетіп бомба
жарып жатыр. Бəлкім, достық деген сол шығар.
– Қойыңыз деймін, қойыңыз! Семейде не шаруаңыз бар? Онда радиация
жоқ.
– Жоқ болса жоқ шығар. Бірақ мүгедек болып туған балалар көп дейді ғой.
Бірінің көзі, бірінің қол-аяғы жоқ дейді. Күні ертең басы жоқ балалар келсе
ше дүниеге? Е-е, жалған дүние-ай,– деп күйіне дауыстады шал. – Əне,
солар біздің болашағымыз.
– Үй артында адам бар,– деді баласы. Бірақ шал оны тыңдамады.
Ұйықтап қалған шындық оянып, өзінің бар екенін айту үшін алаңға
шыққан. Оны итке талаттық қой, балам.
– Шындықты емес, экстремистерді, наркомандарды, бұзықтарды... Оларды
ату керек! – деп тістене кіжінді баласы.
– Саған нысана болсам арманым жоқ, балам.
– Жүйкемді тоздырмаңыз, əке,– деді абыржып қалған жігіт шаршаңқы
дауыспен. – Дүние сізбен бітпейді. Ол жалғаса береді. Бізге əлі өмір сүру
керек. Кешегі күн өмір емес, тарих.
– Иə, біз кешегі күнбіз. Біз тарихпыз. Сондықтан да ешкімге керек
емеспіз,– деп күрсінді шал. Аяғанның есіне Алдияр Ақпанұлының “тарих
үкімет басына келгендерге əрқашан кедергі жасайды. Сондықтан оны
дүркін-дүркін жаңалап отырады” деген сөзі түсті. Мына шал да осы ойды
жаңғыртып тұр.
– Біз жемтікпіз, əке. Тарихтың жемтігіміз.
– Еш болған қайран еңбегім-ай,– деп күңіренді шал. – Жемтік болсын деп
өсірмеп ем сені.
– Осымен сөз бітті. Осы төңіректе біреу жүрген сияқты,– деді баласы
қақпаға бұрылып. Саңлаудан сығалап тұрған Аяған өз көзіне өзі сенбеді.
Мұса Байларовты көрмегелі не заман. Мүлде өзгермепті. Бұрын аса
сабырлы, байсалды адам болып көрінуге тырысатын. Қазір басқа, жанжағына күдіктене қарап, тықыршып тұр. Пəле-жаладан аман-есен құтылу
үшін əкесін жындыханаға салмақ сияқты.
– Сіз осында қала тұрасыз. Шу басылғанша əрине. Түсініңіз, жауым аз
емес, əке,– деді ұлы мұңайып.
– Мені қорламай ауылға, ағайын-туғанға жібер, балам,– деп қиылды шал.
– Ағайында өсектен басқа ештеңе жоқ. Маған жаныңыз ашыса, мен десеңіз
осында боласыз. Сіз осында жатсаңыз ғана менің жаным қалады.
Дұшпаным біліп қалса, соңыма шам алып түседі. Бəрін сыпырып алады,
бəрін... Қызметті де, қызыл билетті де... Колбин ешкімді аяйын деп отырған
жоқ, əке. Ары қарай маған өмірдің керегі жоқ. Асылып өле саламын.
– Жə, жə! Жалғызым үшін жан пида. Сен үшін өмір сүрдім, сен үшін өлсем
арман не?!
– Рахмет, əке! – деді Мұса əкесін құшақтап.
– Жүректегі жара ешқашан жазылмас, сірə...
– Уақыттан ұлы емші жоқ. Шыдайық, əліптің артын бағайық. Менің
уақытым бітті. Əркімнің артында бір-бір жансыз. – Мұса ашуланып, темір
қақпаны теуіп-теуіп жіберді де, айқай салды. Аяған шошынып, кейін
шегініп кетті. – Ə-ə-й, кім бар анда? Бері кел!..
Ешкім жауап бермеген соң Мұса темір қақпаны дүңкілдетіп ұра бастады.
Аяған аңдап барып, кезекші дəрігерге адам келіп тұрғанын хабарлады. Өзі
ілесіп келіп, қақпаның есігін ашуға көмектесті. Мұса Байларов сақалшашы өсіп, ағарып кеткен Аяғанға үрейлене жалт қарады, бірақ танымады.
Төс қалтасынан бір жапырақ қағазды суырып алып, дəрігерге ұстата салды.
– Бас дəрігермен келісілген,– деді Аяғанға қарап тұрып. Қайдан көргенін
есіне түсіре алмай тұрған сеуілді. – Сізге ескертемін деген.
– Иə, білемін. Жүріңіз, ақсақал...
– Ұлыиісті алып келіп тұрыңдар. Оны көрмесем, маңдайынан иіскемесем
құса болып өлермін.
– Мақұл, əке. Əкеліп тұрамын ғой,– деді өзінен көз алмай түнеріп тұрған
жүзі таныс жігіттен қаймыққан Мұса. Аяғанның оған арналған сөзі көп-ақ
еді, үлгере алмады. Мұса есікті тарс жапты да, жебей басып, қол созымда
тұрған машинасына ұмтылды. Жаңағы жігіттің Аяған Қуатов екенін
машинасына отырғанда бір-ақ біліп, жүрегі зырқ ете қалды.
– Ит! – деп кіжінді Аяған. – Адам емес, хайуан!
50
Қаншалық құмартқанмен Алматыдағы желтоқсан дүрбелең туралы Аяған
айызы қанып, əңгіме ести алмады. Дəрігерлердің қабағынан байқағаны –
бұрынғыдай емен-жарқын емес, бірімен бірі шешіліп сөйлеспейді,
араларында бəлендей қақтығыс болмағанмен мұндағылар орыс-қазаққа
бөлініп алған сыңайлы. Соған қарағанда, үлкен дүрбелең болған-ау деп
ойлайды. Нақты дерегі жоқ алып қашты əңгімелерден кісінің жаны
шошиды. Анда-санда туыстарына келіп, кетіп жатқандардың сөздерін
құлағы шалғаны бар. Орыстардың айтуына қарағанда, қазақ студенттер
қаланың бір шетіндегі бақшаға басып кіріп, кішкентай орыс балаларын
өлтіріп кеткен көрінеді. Осылай деп еңіреп жылап отырған кемпірді көріп,
Аяған жағасын ұстады. Əкесіне келген қазақ қызы алаңға шыққан
жастарды танкпен таптағанын, жүздеген адамның қаза тапқанын айтып,
жылап отырды.
– Өзің көрдің бе? – деп сұраған Аяған.
– Құрбым айтты,– деді қыз. Бəрі осылай дейді. Ешқайсысы өз көзімен
көрмеген, біреулерден естіген. Аяғанның аңғарғаны – əркім өз ұлтын
жақтайды, орыс пен қазақтың арасы тым ашылып кеткен сияқты.
Мұса Байларовтың əкесін Напалеонның орнына əкеліп жатқызған. Шалдан
сыр тартып көріп еді, мүлде ештеңе білмейтіндей меңірейіп отырып алды.
Балама жаманат жұғады деп қауіптенетін тəрізді.
Соңына шам алып түсіп, сары ізіне шөп салып, осы жағдайға душар еткен
кісінің əкесі екенін біле тұра Ес қарияға Аяғанның көңілі құлады. Ұлы
екеуінің арасындағы əңгімені толық естіп, шалдың кім жəне қандай жан
екенін білмесе оған соншалық ілтипат көрсетпес еді. Алғаш көрген сəттеақ ол Алдияр Ақпанұлына ұқсайтын секілденген. Несі ұқсайтындығын
қанша ойланса да таба алмай діңкелеген. Шалдың нені болса да бетке тура
айтатын мінезі, көрінгенге сыр ашпайтын қасиеті, тауып сөйлейтін
ерекшелігі Аяғанның есіне əр сəт сайын ұстазын салады. Алдияр мен Есті
құдіреті күшті құдекең бір материалдан жасай салғандай болып көрінеді.
Айырмашылық – сыртқы пошымдарында ғана. Ес еңселі, етжеңді келген,
дөңгелек жүзді кісі. Сиректеу сақалын еркіне қоя беріпті. Күні бойы
сақалын саумалап, аллалап отырғаны. Сыртқа да көп шықпайды, орысшаға
шорқақ болғандықтан іші пысып жататын Саламон патшамен шешіліп
сөйлеспейді, оның үстіне бүкір шалдың шалды-күйлі сөздерін естіген соң
көңілі суып қалған сыңайлы. Бүкіш шалдың сұрақтарын естімеген адам
болып жата береді. Келгелі бері Аяғанмен де шешіліп сырласып, қарық
бола қойған жоқ. “Мұндағылардың барлығы ақылынан алжасқан адам” деп
ойлайтын болу керек, бəріне күдікпен, сенімсіз көзбен қарайды. Өзіне
бағышталған сөзді жауапсыз қалдырады немесе сылтау айтып құтылады.
Келгелі бері шалды айналдырып, оның əңгімесіне шөлдеп жүрген Аяған
бүгін де оны сөзге тартты.
– Ақсақал, сыртқа шығып, таза ауа жұтып қайтпаймыз ба. Бүгін жексенбі.
Əрі-бері жүріп, қан таратып қайтайық,– деп өтініш білдірген Аяғанға шал
аларып бір қарады да, үндемей отыра берді. “ Қимылсыз жата бергеннен
пайда жоқ. Сізге қимыл-қозғалыс керек, қария.
– Қимылдап-қимылдап болғанмыз, шырақ. Ұзынымыздан түсіп,
қимылдамай жататын уақытымыз келген біздің,– деді шал тық-тық
жөтеліп.
– Жаны жайсаң жақсы адамдар бүгін де, ертең де, қырқасы, əрқашан керек,
қария. Басқаға керек болмасаңыз да қоғамға, адамдарға керексіз,– деді жігіт
екі көзін шалдан алмай. Ес қария селк етіп, оған жалт қарады. – Заман да,
қоғам да жақсы адамдардың аздығынан қасірет шегеді.
– Е-е, солай де... Солай екен-ау,– деп кеңк-кеңк күлді шал. – Отыз екідегі
нəубет, отыз жетідегі зобалаң жақсылардың аздығынан болған екен-ау.
– Естисіңдер ме? – деп тып-тыныш жатқан Саламон жастықтан басын
жұлып алды. – Сыртта бір сұмдық болып жатқан сияқты. Рекет!.. Қашу
керек!.. Полундра!..
– Жан тəтті болған жастық шақта бас сауғалап қашқанбыз. Енді қашқанда
ұшпаққа шықпаймыз,– деп күрсінді Ес қария.
– Ақсақал, жындыхана Кеңес үкіметіндегі ең қауіпсіз орын,– деді Аяған,
тыпырлап орнынан тұра алмай жатған бүкіш шалды тыныштандырмақ
болып.
– Олар мұнда келмей ме?
– Келмейді.
Саламонның көңілі орнына түскен тəрізді. Көзіне жылт ойнап шығып,
рахаттанып қарнын сипады.
– Жақында пенсия өседі. Партияға мүше болғаныма елу жыл толады. О-һ-о,
əлі өмір сүреміз біз,– деді күлмеңдеп. Ес қария ақырын ғана күрсініп
қойды.
– Естімеген елде көп деген...
– Естисіз, қария,– деді Аяған күйінішті үнмен таусыла сөйлеп. – Туған
анасын бауыздап өлтірген жауызды осында алып келген екен, ол қашып
кетіпті.
– О-о, тоба!
– Бұл үй адамға да, наданға да пана болып тұр ғой қазір.
Естің қабағы шытылды. Аяғанның аузынан шыққан сөзді өзіне арналғандай
ауыр қабылдады. Айтып жіберетін ащы сөз тілінің ұшына келгенмен шал
ашуын сабырға жеңдірді. “Ауру адаммен” шапылдасып, шатақтасып
жатқанды дұрыс көрмеді.
– Менің бетіме түкірмеген сен қалып едің, балам. Пенде баласына
бастырмап ем кеудемді. Қартайғанда көрдік-ау қорлықты,– деп егілді шал.
Өзінің аңдамай ағат айтып қалғанын түсінген Аяған шалды құшақтап:
– Кешіріңіз, – деді. Ес қария үнсіз қалды. – Сонымен сыртқа шықпаймыз
ба? – Шал үнсіз бас шайқады. – Менімен қатар жүргіңіз келмейді. Себебі –
мен жындымын. Ал сіз сап-саусыз,– деп мырс күлді жігіт. Ес оған жалт
қарады. Екеуінің көздері тоқайласқан, шал басын тұқшитып, “аллалап”
сақалын сыйпады. Неге екенін өзі де білмейді, осы жігіттің алдында жүні
жығылып, абдырап қалады. Қай уақытта болса да өзінен көз алмай қадала
қарап тұрғаны, кірпік қақпайды, жүзі жылымайды. “Е-е, бейшара, ауру ғой”
деп мүсіркейтін. Байқап қараса сөзі пысық, ауру адамға ұқсамайды. Сақалмұртын, шашын өсіріп жібергені болмаса басқа аурулар секілді əбес
əрекетке бармайды, ешкімге қосылмай жападан-жалғыз сыртта жүреді. Бір
уақытта қалшылдап тоңып, бөлмеге келеді де, шалқасынан түсіп жатып
алып, терең ойға батады.
– Мен бəрін білемін, қария. Жалғыз баласы үшін басын оққа байлаған
талай адамды білеміз.
Шал көкірегі қарс айырылардай күрсінді. Лəм деместен орнынан тұрып,
қыстық пальтосын киді де, есікке беттеді. Аяған оның соңынан ерді.
Жапалақтап қар жауып тұр екен. Жер дүние аппақ. Күндегідей емес, ауа
жұмсарыпты. Аяған аспанға қарап, аузын ашты. Бетіне қонған ұлпа қар
еріп, мойнына қарай сырғанады. Ол жата қалып, қарға аунады. Қар
көрмегелі қанша уақыт. Қыстайғы өмірі түрмеде өтті. Мамыр айында
түрмеден шыққанда жерде алашабыр қар бар еді. Бірақ ол мынау сияқты
аппақ, тап-таза емес, əбден кірлеген, сүрленген қар болатын.
– Қария, қардың иісі қандай тамаша! – деп дауыстады Аяған. Жұп-жұмсақ
қарды көсіп-көсіп алып, құшыры қанбай иіскелеп, сонан соң бетін жуды.
Қарға аунап, қарқ-қарқ күлген жігіттің əбес əрекетінен күдік алып қалған.
Оның сөзіне бола сыртқа шығып кеткеніне өкініп келеді.
– Қария, мен де өзіңіз сияқты мұнда күшпен түскен кісімін,– деді жүгіріп
келген жігіт оны құшақтап. – Жерге аунағаныма қарап, қорқып қалмаңыз.
Мен де адаммын ғой, қария-ау. – Аяған əнтек езу тартып, сөзін жалғады. –
Сіз секілді жанымды мазалаған ойларымды ашық айтқаным үшін Кеңес
үкіметінің саясатына қарсы деп түрмеге қамады. Ол жерден ақталып
шығып ем, осында əкеліп қамады. Кешірмеді. Шырылдап шындықты
айтқанды өгейсітіп, өкпеге тебе берсе оның төрінде жағымпаздар мен
қорқақтар, қара басының қамы үшін туған əкесін оққа байлап кететін
шіріктер қалмай ма, қария-ау.
– Əй, жерге қараттың-ау мені. Тірідей көмдің-ау əкеңді. Бар арманым – сені
жеткізіп, қызығыңды көру еді. Жеттім арманыма,– деп күңіренді шал.
– Мен балаңыз екеуіңіздің араңызда болған əңгімені түгел естідім,– деп
Аяған төтесінен тартты. Жайбарақат келе жатқан шал селк етіп, қалт
тоқтады да, жігітке күдіктене қарады. – Сіз маған өте ұнадыңыз, қария.
Сізге басымды иемін. Сіз сияқты асыл азаматтар сирек. Өте сирек. Кімнің
кім екенін басыма іс түскелі біліп жүрмін. Қолында барда бетіңе
жылтырағандар басыңа іс түскенде танымай кетеді екен. Мен жалғыз
қалдым. Шындықты айттың деп бəрі теріс айналды. Тілімнің құрып бара
жатқанын айттым. Ділімді қорғадым. Сол үшін Кеңес үкіметінің саясатына
қарсы адам болып шықтым ғой, қария,– деп күлді қызулана сөйлеп келе
жатқан жігіт. Шалдың оған деген ниеті түзеле бастаған секілді. Жігітті
қолтықтап алған. – Қымс етсе саясат шығады алдымыздан. Адам болмаса
ол кімге, неге керек? Айтыңызшы білсеңіз. Қай мемлекетте ең алдымен
адам, сонан соң саясат керек емес пе, қария?!
– Е-е, жалған дүние-ай! – деп күңіренді шал. – Адам арзандап кетті ғой,
қарағым. Саясат – параоуоз, адам сол параоуоздың пешін қыздыратын отын
сияқты болып қалды қазір. Е-е-е!.. Не дейін-ай. Білгенімді айта алмай
омалып отырысым мынау. Əттең-ай, аяғым тұсаулы, қолым байлаулы,
аузым құлыптаулы ғой. Əй, заман-ай!
– Адам – робот, адам – құл. Ол еркін ойлауға, еркін сөйлеуге тиіс емес
дейді біреулер. Шеңберден шыға бастаған еркін ойлы азамат саясатқа
қарсы күш ретінде жазаланады. Мысалы, мына сіз жəне мен, – деп Аяған
шалды иығынан ақырын ғана түртті, сосын өз кеудесін нұқыды. – Азаттық
жоқ жрде қоғам – аквариум. Біз аквариумдағы балық сияқтымыз, қария. Ал
біреулерге сол аквариумдағы өмір ұнайды. Суы борсып кеткенмен онда
акула жоқ. Əсіресе Саламон мен Напалеон сияқтыларға сондай өмір керек.
Өйткені олар – құл. Екеуі де мұртты көсемнің ықпалынан ешқашан шыға
алмайды. Ешқашан!.. Оларға азаттықтың керегі жоқ, қария. Азаттық өзін
өзі сыйлайтын ақылы бар адамға керек. Ал сіз мүлде басқасыз, жасыңыз
солармен қарайлас болғанмен, əлгілермен бір заманда өмір сүргенмен
оларға мүлде ұқсамайсыз. Сіз Алдияр Ақпанұлына ұқсайсыз. Сондай бір
ғұлама болған. Оның көрмегені жоқ, қария.
– Е-е, біз не көрмедік!? Отқа салды – жанбадық, суға салды – батпадық.
Партиямыз өл деді, өлдік. Өлтір деді, өлтірдік,– деп күрсінді шал.
“Құлы көп мемлекет – күшті мемлекет” дейтін Алдияр Ақпанұлы.
– Кемшілік қоғамда емес, шырағым, адамда... Қоғам – кеме, қалай бұрсаң
солай жүреді.
– Қоғам – пойыз. Ол темір жолмен ғана жүре алады. Жол-жүйе.
Социалистік жүйе. Сондықтан пойыз сол жолдан шыға алмайды. Жолдан
шықса апатқа ұшырайды, қария.
– Алматыдан шыққан пойыз Мəскеуге, Ленинградқа да бармай ма?! – деді
шал жігіттің түпкі ойын танып. – Бұл заманда пойыз бармайтын қала жоқ,
қарағым.
– Қария, пойыз аса сенімді көлік болғанмен Америкаға, Жапонияға бара
алмайды.
– Е-е, қарағым, күндердің күнінде мұхиттың үстіне де, көпір салынар.
– Ой, айтасыз-ау, қария! – деп қарқылдап күлді Аяған.
Жындыханада түскелі бері адам сияқты көңіліндегі ойын ірікпей ақтарып,
шешіліп сырласқаны осы. Жаны жадырап, бір жасап қалды. Жапалақтап
жауған аппақ қардың астында екеуден екеу қыдырып ұзақ жүрді. Ақ қар
жамылып, қыдырып жүрген екеуін көріп, терезенің түбінде телміріп,
далаға қарап отырғандар сыртқа шықты. Біреулері жалаңаяқ, жалаңбас
жүр. Қарға аунап, қар асап, сақ-сақ күліп жүргендерге қарап, Ес қария
состиып тұрып қалды. Көзі ашып-жұмғанша болған жоқ үш корпустан үш
санитар шыға келіп, айқайға басты. Жаңа ғана рахаттанып күліп жүрген
аурулар қасқыр көрген қояндай жан-жаққа тым-тырақай қашып жөнелді.
Біреуі ғана жатқан орнынан тұрмады. Жүгіріп келген санитар “тұр” деп
ақырды, бірақ ауру орнынан қозғалмады. Ашуға мінген санитар қолындағы
таяқпен арқасынан салып-салып жіберді. Жаны дызыққан Ес арашаға
түспек болып шырқырап ұмтылған, оны Аяған жібермей ұстап қалды.
– Бұл – дурдом. Мұнда таяқпен де емдейтін тəсіл бар. Бөлмеге барайық.
Бізді де аямайды,– деді жігіт суық жымиып. Бұлардың қолына түсе
көрмеңіз.
– Е-е-е, қара күш ақылдан озған заман болды ғой бұл,– деді қалшылдап,
өзіне өзі келе алмай тұрған Ес қария. – Адам арзандағанда осылай болады.
– Бағасы арзандамаған адамды бұл жер қабылдамайды. Уциненный товар
дейді біздің сауданың тілінде. Ақылы асқан бекзаттардың үйі жоғарыда, тау
бөктерінде,– деп мырс күлді Аяған. – Тезірек жүріңіз, анау келе жатыр. Ол
сізге адам деп емес, ауру деп қарайды.
– Мен аурумын, қарағым,– деді шал күйінішті үнмен. – Жанымда жазылмас
жарам бар.
– Болыңыз, қария, болыңыз!..
– Ажалдан қорықпаған Ес адамнан қорықпайды, балам. Құдайға керек
болмаған ақсақ шал пендеге керек болсын ба?!
Қолында таяғы бар жүнді білек дəу жігіт ентігіп жүгіріп келген бойда
ақырып, шалдың жағасына жармасты.
– Далаға шығуға кім рұқсат берді саған?
– Қарағым, жағамды жібер, мен əкеңдей адаммын.
– Ə-ə, қарсыласасың ба?
– Жібер иттен жаралған! – деп ашына айқайлаған шал оны шапалақпен
салып жіберді.
– Ах, əкеңнің!..
Жүнді білек дəу санитар таяққа сүйенген шалды бір жұлқып, жалпасынан
түсірді. Арашаға жүгірген Аяғанды таяқпен салып жіберді де, тыпырлап
орнынан тұра алмай жатқан шалды екі-үш рет оңдырмай тепті.
– Жат солай, жарымес! – деді де тым-тырақай болып жан-жаққа шашырай
қашқан ауруларды қуалап кетті.
– Кешіріңіз, қария,– деді шалды қолтықтап тұрғызып жатып Аяған. – Мен
кінəлімін.
Шалда үн жоқ. Қалш-қалш етіп əрең жүріп келеді.
– Жалғызымның жақсылығын көрдім ақыры. Ұшпаққа алып шықамын
деуші еді. Алып шықты,– деді жасқа тұншығып. Содан бөлмеге кіргенше
дымы шықпады. Аяған қалбалақтап жүріп шалдың киімін шешіндіріп,
сыртқа алып шығып, қарын қақты. Қайтып кіріп, суыққа тоңып, дір-дір
еткен Есті төсегіне жатқызды.
– Кешіре алсаңыз кешіріңіз, қария,– деді шалға тура қарауға батылы жетпей
тұрған жігіт күмілжіп. Ес қинала езу тартты.
– Мұса! Қайда жүрсің, Мұса? – деді шал біраздан кейін сыбырлап сөйлеп. –
Перзенттік парыз, қарызыңнан құтылдың сен. Сен үшін өмірдің қызығын
тəрк етіп ем. Сен үшін қанды қырғын соғыста өліп қалмай, кеудемді
сүйретіп аман келіп ем, Мұса. Неге үндемейсің, Мұса? Мұса-а!
Бөлменің ортасында состиып тұрған Аяған баласының атын атап, сөйлеп
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Өмірбаян - 33
  • Büleklär
  • Өмірбаян - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2343
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2206
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3946
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2216
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3919
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2281
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2180
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3962
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    38.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2227
    36.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2066
    37.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3942
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4010
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2308
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2069
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2318
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3894
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2290
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3979
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2333
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3945
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2168
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3915
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3882
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2154
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3928
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2276
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2270
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4009
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2220
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3915
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2159
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3966
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2184
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3950
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2293
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2284
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 4037
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2421
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2292
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3889
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2140
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2161
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3943
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2207
    37.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 3860
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2225
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2113
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 33
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2215
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 34
    Süzlärneñ gomumi sanı 3902
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2224
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 35
    Süzlärneñ gomumi sanı 3386
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2046
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.