Latin Common Turkic

Өмірбаян - 05

Süzlärneñ gomumi sanı 3872
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2180
37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
53.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
61.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
рет тоқтады, өте ауыр жүк көтеріп келе жатқандай демігіп, денесін суық
тер басты, көзі қарауытып, басы айналды. Аялдама алыстап кеткен тəрізді,
жеткізбей діңкесін құртты. Орта жолда кідіріп, қазандай тастың үстінде
терін сүртіп, ұзақ отырды.
“Мына түріммен Татаркаға жете алмаспын-ау. Үйге қайтайын” деп түйген.
Есіне сап етіп Мəскеуден келетін хат түсті де, жеңіл қозғалып, орнынан
тұрды. Осы сəт басы айналсын. Бір аттаса құлап түсетін тəрізді. Оның
қиналып тұрғанын жанынан өтіп бара жатқан орыс жігіті байқап:
– Сізге не болды? – деп қолтығынан сүйеді.
– Рахмет! Ештеңе болған жоқ,– деп қинала езу тартты келіншек. Қайтадан
тасқа отырды. Жігіт Əсемнің қарысып қалған саусақтарын уқалап жатып
əрең жазды. Сонан соң Бибіні көтеріп, аялдамаға жеткізіп салды.
Əсем екі баласын бақшаға тапсырғаннан кейін ілби басып почтаға келген.
Ішке кіріп баруға батылы жетпей есік алдындағы орындыққа жайғасты.
Күніне екі рет келеді, почташы қыздар да ығыр болған сыңайлы. Əсемнің
қарасын көрген сəтте қабақтары түйіліп, қауырт жұмыстары көбейіп,
қолдары босамай қалады. Əсем мұндайда маңдайын есік жақтауына ұрып
алғандай кілт тоқтайды.
– Сізге ештеңе жоқ,– дейді қыздардың бірі.
Жүрегі сыздап ауырып, есіктің жақтауына сүйеніп, сыртқа шығады.
Бүгін бірден кіріп бармай есік алдында бөгеліп қалған себебі – қыздардың
“жоқ” деген сөзін естігенде құлап қаламын ба деп қауіптенді. Есік алдында
өткен-кеткенге көз түрткі болып отыра берген де оңай емес екен. Ішке
кіргендер де, сыртқа шыққандар да қарамай өтпейді.
Ішке кірерде алдында “Аяғанымның жолын оңғара гөр” деп құдайына
жалбарынды. Жасқана тұрып имене басып, ішке кірген. Бұл жолы тақ ете
қалатын қыз оны байқамады ма, үндемеді. Келіншек кішкене ғана көзі бар
терезенің алдына келіп үн-түнсіз тұрды. Жүрегі дүрс-дүрс етеді. Қолы
қалтырап, Аяғанның паспортын қызға ұсынды. Почташы қыз паспортқа
мүлде қараған жоқ, келіншектің қолына жоғары жағына қызыл əріптермен
“КПСС” деп жазылған аппақ конвертті ұстата салды.
– Мына жерге қол қойыңыз,– деді, сонан соң Əсемнің алдына дəптерін
ашып қойып.
Өмірінде дəл бұлай толқымас, қолы дірілдеп, қалам ұстай алсашы. Əрең
дегенде дəптердің бетіне шимайлап белгі салған болды. Конвертті кеудесіне
басып, асығыс сыртқа шықты. Қуаныштың əсерінен дімкəс жүректің
дүрсілі күшейе түскен. Жаңа ғана қарға адым жер жүру мұң болып, демігіп,
көзі қарауытып, құлап қала жаздап еді мол қуат біткендей жүгіре басып
аялдамаға жетті. Мəскеуден, Орталық партия комитетінен келгені шын ба
дегендей аппақ конвертке қайта-қайта қарайды. “Шын, шын” дейді жүрегі
алып ұшып. “Шын!” деді. Бір ауыз сөзге тілінің икемі əрең келді. Кенет
тіліне кермек дəм білінді. Енді түсінді, егіліп жылап тұр екен. Көзінен
аққан ағыл-тегіл жас бетін айғыздап, омыруына құйылып жатыр.
Қуанғаны соншалық, Əсем бір орнында байыз тауып тұра алмай
тыпырлады, автобус жуық арада келе қоймаған соң келесі аялдамаға қарай
жаяу жүре бермек болған. Екі-үш адым аттады ма, жоқ па, көзі қарауытып,
екі аяғынан жан кетіп қалған тəрізденді, құлағы шыңылдап тұрды да тарс
бітіп қалды. “Құлаймын-ау” деп ойлады, сұрапыл үрей дімкəс жүректі
аямай қыршып алды. Екі тізесінің бүгіліп бара жатқанын сезді, айқайламақ
болған, бірақ əл-дəрмені жетпеді, теңселіп тұрып құлап түсті.
8
Үлкен ұлын жолшыбай мектебіне қалдырып, қаланың шетіндегі жұмыс
орнына кешігіп жеткен Аяғанның көңілінде еш күдік жоқ еді. Киімін
ауыстырып, жұмысқа кіріскен. Істейтін жұмысы – есік-терезе сырлайды,
үйдің төбесін, қабырғаларын əктейді. Жаңа кəсібіне төселе
қоймағандықтан оны құрылысшы қыздар күлкіге айналдырып, ортаға алып
мазақтайды.
– Сіз жұмысты қойып, бізге шай қайнатып, тамақ жасап беріңіз, аға.
– Қандай тамақ жасай аласыз?
– Шай қайната аламын, ет асамын,– деп Аяған шынын айтты.
– Өлə, ет асамын дейді!.. Нан илей аласыз ба?
– Дүкеннен дайын кеспе сатып аламын,– деді жігіт сөзінен жаңылмай.
– Өй, мына ағай бəрін біледі ей, өлə!..
– Шіркін-ай, тамақ жасап, кір жуып, үй тазалайтын жігітке тисем ғой,– деп
қыздардың бірі сылқ-сылқ күлді.
– Еркектер қолы жеткенше алдында құрдай жорғалайды. – Қыздардың
ішіндегі кекселеу келген, əрдайым күңкілдеп сөйлеп, əлдекімдерді
жазғырып жүретін қатқан қара келіншек күліп тұрған Аяғанға жақтырмай
қарады. – Қолы жеткеннен кейін оңбағандар тəубасын ұмытады. Өтірік
күледі, өтірік сөйлейді. Мүлəйімсіп тұрып уəдені береді, береді... Артынан
танып кетеді.
– Мен ешқашан уəдемнен танған емеспін, – деді Аяған бояуға былғанған
қолымен мұрнын ұстап. Қыздар ду күлді. – Үйленбей тұрғанда берген
уəдемді орындап жүрмін.
– Қандай уəде беріп едіңіз, ағай?
– Кеудемнен шыбын жаным шыққанша сүйіп өтемін дегенмін. Бұл бір.
Аузыңнан шыққанды қалт еткізбей орындаймын дегенмін. Бұл екі. Сонан
соң... – Берген уəдесін ұмытып қалғандай қасақана аспанға қарап,
ойланған болды. Ұзақ үнсіздікке шыдамаған қыздар жан-жақтан жамырай
бастады. Аяған жымиып күліп, дұрыс айтасыңдар дегендей бас шұлғып
тұр.
– Балаларды бақшаға апарып, алып келемін деген шығарсыз.
– Дегенмін...
– Үй тазалаймын, кір жуамын, базарға барамын дегенсіз.
– Дегенмін...
– Сонда сенің қатының немен айналысады?– деп қара келіншек төбеден
түскендей дүңк ете қалды.
– Дем алады,– деп Аяған келіншекке күле қарады. – Кітап оқиды, театрға
барады, қыдырады. Дүниені аралап, саяхат жасайды. Курортқа барады.
– Білеміз ондай қатындарды,– деді қара келіншек түсі бұзылып. Қолындағы
щеткасын қызыл қоңыр бояу құйылған шелекке былш еткізіп тастай салды
да, отыра қалып, темекі тұтатты. – Бұлғаң-бұлғаң етіп күні бойы көшеде
жүреді. Ақша көп, қол бос... Сөйтіп жүріп ол немелер ойнас жасайды. Балашағаның екі көзі төрт болып, əлгі жəлəптің жолын тосады. Ал ол жəлəптар
бұл кезде шарапқа сылқия тойып алып, үстінде лыпасы жоқ, ес-түсін
білмей жатады.
– Ой, сіз не деп кеттіңіз?! Өлə!.. Білмейтін адамыңызды неге қаралайсыз?–
деп қыздардың бірі шырылдап араға түсті. Оны қостап басқалары да
шуылдай бастады. Қара келіншек бұғалығын ала қашқан асаудай аласұрып,
ешкімге ерік бермей кетті.
– Біреудің қаңсығын екінші біреу таңсық көреді, əдірем қалғыр,– деп
шаптықты қара келіншек. – Көзі қарайған еркектер сондай салдықылардың
соңында жүреді сүмеңдеп. “Көзі қарайған там сүзеді” деуші еді анам.
Аяған мына келіншекке не дерін білмей абдырады. Күлкі болсын деп
айтқан сөздерін үп-үлкен адамның түсінбегеніне қайран. Өмірде жолы
болмаған, тұрмыс құра алмаған көріксіз əйелдердің мінезін бір кісідей
білемін дейтін Аяған олар отырған ортада абайлап сөйлеп, қалжыңды
ретімен, жөнімен айтушы еді. Соның өзінде ол шіркіндер жоқ жерден ілік
іздеп, ілінісіп отыратын. Оларға мақтасаң да, үндемей отырсаң да
жақпайсың. Адресіне жылы сөз айтсаң “сен мені кекетіп отырсың” деп
шатақ шығаратын əйелдің талайын көрген.
Аяған темекісін үсті-үстіне сорып, көк түтінді құныға жұтып, қабағы
тыржиып отырған келіншекке ұрлана көз тастады. Енді таныды, мынау
сондай əйелдердің бірі тəрізді. Қолы қалтырап отыр, көзі қызарып кеткен.
“Мынаның дені сау емес шығар” деп ойлады жігіт.
Əшейінде əділдікті жақтап, ешкімге сөз бермей шуылдап шыға келетін
қыздар үнсіз, қара келіншек ештеңе айтпағандай араларында əзіл-қалжың
болмағандай əрқайсысы жұмысқа қызу кіріскен. Бұл жерде қалса əңгіменің
осымен тəмəмдалмасын біліп, Аяған есік алдына шықты.
– Не қызық көрдіңіздер?– деп сұрады есік алдында жүрген Асылхан
жанына келген Аяғанға күле қарап. – Қыздарды күлкіге қарық қылдыңызау, аға.
– Оларға əзіл, күлкі керек,– деп жымиды Аяған.
– Күлмесе қыз бола ма. Қазақтың қызының бетіне қарасаң күледі. –
Балтасын құмға шаншып, Аяғанның жанына жайғасты. – Үйлеріңіз салқын
емес пе?
– Көмір түсіре алмадым,– деді Аяған шаруаға қырсыздығына қысылғандай
жүзі қызарып. – Əсем ауырыңқырап жүр. Жүрегі бұрыннан ауырушы еді.
Жүзін көлеңке шалып, мұңайып қалды. Екеуі біразға дейін лəм деспей
үнсіз отырды. Əншейінде жоқтан өзгеге күліп, мəз-мейрам болып жүретін
қыздар да тым-тырыс тынған. Аракідік жоғарғы қабаттан құрылысшы
жігіттердің əлдекімді іздеген айқайы естіледі.
– Мəскеуден хабар жоқ. Мұндағылар да үнсіз. Аяған Қуатов деген
азаматтың болғанын біржола ұмытып кеткен сияқты,– деп қинала сөйледі
жігіт. – Не істерімді білмей басым қатты.
– “Иттің иесі болса, бөрінің тəңірісі бар”, аға. Сізді нақақ күйдіріп қойып,
үкімет қарап отырмас,– деп жұбатты Асылхан.
– Мен сияқтылардың тағдыры жеке адамдардың қолында, Асылхан,– деп
күрсінді Аяған. “Басына түскен істің дұрыс шешілетіндігіне сенімі
қалмағанына қарағанда соңында жүрген жауы аса күшті-ау, сірə” деп
ойлады жігіт.
– Адамның барлығы қарау, қатыгез емес шығар, аға. Арызыңыз иманы бар
кісінің қолына түссе, дұрыс шешілер.
– Бұл заманда біреу үшін біреу бас ауыртып жата ма?! Бастық
орынбасарына, ол қызметкеріне, қызметкер тағы біреуге тапсырады.
Сонымен жазған арызың бірден бірге көшіп жүріп ең ақыр аяғында өзің
кінəлаған кісінің қолына түседі,– деп Аяған күйініштен мырс-мырс күлді. –
Бізде мəселенің бəрі қағаз жүзінде дұрыс шешіледі. Қағаз дұрыс жазылса
адам қырылып жатса да ешкімнің басы ауырмайды.
Аяғанның айтар сөзі көп еді, көңілдегі көп ойдың көмейі енді ашылғанда
əне-міне бітеді деп жүрген бес қабатты үйдің іргесіне көк волга келіп
тоқтады. Аяған мен Асылхан машинадан түскен екі жігітке бəлендей мəн
берген жоқ. Біткелі тұрған үйден пəтер алатындар түсте, кешке қаптап
кетеді. Қыздардың жұмысына көңілдері толмай бұрқылдап сөйлеп, ренжіп
кететіндері де аз емес.
Жұмбақ жүрісті екі жігіт жақындап келіп сəлем берді. Өздері соншалық
сыпайы, екеуі де жас, жақсы киінген, сымбатты.
– Төрге шығыңыздар,– деді Асылхан орнын босатып.
– Шықтық, рахмет!
– Пəтер көруге келдіңіздер ғой шамасы.
– Біз жолдасымызды іздеп жүр едік.
– Мен емеспін бе? – деп күлді Асылхан. – Бəлкім мына кісі шығар.
Аяғанға екеуі де назар тоқтатып, бажайлай қарады. Екеуінің көзінде де
адам түсіне бермейтін жұмбақ сыр бар секілденді Аяғанға. “Осылар
Геркулес пен Арабты іздеп келген жоқ па екен?” деген қорқынышты ой
оның көңіліне үрей қамады. Ол сақтық жасап, орнынан тұрып кетті. Жүрегі
жақындап қалған қауіптен хабар бергендей лүпілдеп келіп алқымына
тығылды. Аяған əр қимылын қағыс жібермей бағып тұрған бейтаныс екеуге
үрейлене жалт қарады.
– Біз Аяған Қуатов деген жолдасымызды іздеп келдік,– деді келбеті келісті,
ұзын бойлы орыс жігіті. Аяғанның танауы қусырылып, түсі қашып кетті.
Миын ашытып, жүрегін аяусыз талап жүрген қорқау қорқыныш ақиқатқа
айналды. Мына екеуін Геркулес пен Арабтың жіберген адамдары деп
ойламаған əдепкіде. Жоқ, бұлар олардың сыбайластарына мүлде
ұқсамайды. Аяғанның санасына сəуле түскендей болды, Жақия мен оның
сыбайластары, бұл білместікпен намысына тиіп, балалық шалалықпен
жағасына жармасқан үстем топ қарап жатпайды екен, олар кешіре
алмайтындығын, қарсыласқанды жерге қазық етіп қаққанша тыным
таппайтындығын дəлелдейді.
– Мен Аяған Қуатов,– деді жігіт қорқып тұрғанын жасырғысы келгендей
езу тартып. Орыс жігіті қалтасынан қып-қызыл куəлігін алып көрсетті де,
қайтып салып қойды.
– Сіз бізбен бірге жүресіз.
Аяған түсінді, себебін сұрап, бас ауыртқысы келмеді. Суық жымиып, аңтаң қалып тұрған Асылханға бұрылды. Өңі бозарып, танауы қусырылып
кетіпті.
– Киімімді ауыстырып келейін,– деп, Аяған таяқ тастам жердегі вагонға
қарай жүрді, оған бүркіт тұмсық жігіт ілесе жүрді.
– Жұмыс ауыр ма? Табыс та көп шығар,– деп сұрады Аяғанды көзімен
ұзатып салған орыс жігіті.
– Қыздарды киноға алып баруға жетеді. – Асылхан қолын қалтасына салып,
өзіен əлдеқайда ұзын жігітке қарап, екі бүйірін таянып, талтайып тұрды. –
Аяғанды қайда алып барасыздар?
Жігіт жауап берудің орнына оны мазақтағандай сыңарезулей күлді.
Асылхан өзін менсінбей тұрған жігіттің қитығына тию үшін əдейі қисық
сөйледі.
– Сержант, жұмысыңның қандай екенін көрдім. Ақшаны көп төлейтін
шығар.
– Қыздарға балбұздақ алып беруге жетеді.
– О-һ-һ-о!– деп Асылхан ысқырып жіберді. – Білдік. Қарап жүрмей
мемлекетті теспей сорып жатқан сендер екенсіңдер ғой.
– Балақай, біреуден үйренген сөзіңді шаша берме,– деді жігіт қабақ шытып.
“Əдепсіз” жігітпен сөйлескісі келмегендей теріс айналды.
– Білемін, сендердің денсаулықтарыңа шындық жақпайды.
– Шындық деген немене? – деп ол Асылханға жалт қарады. Жаңа ғана
күлімдеп тұрған көзі шатынап, суық ызғар шашады. – Жаның аман болсын,
үлкейгенде білерсің шындықтың не екенін. Қазірше ақылың жетпейтін
мəселеге бола басыңды ауыртпа, балақай.
Ол мазақтағандай миығынан күлді. Асылхан жауап қайтарамын дегенше,
Аяған мен бүркіт тұмсық жігіт қайтып оралды.
– Асылхан, мынау үйдің кілті еді,– деді Аяған. Жаңа ғана мығым тұрған
сияқты еді, демнің арасында жасып, жүні жығылып қалыпты. – Əсемнің
денсаулығы болмай жүр дедім ғой. Қолың тигенде көмектесіп, қолқабыс
жасап тұршы.
– Ой, аға, сіз айдалып бара жатқан адамның сөзін айтасыз-ау,– деп Асылхан
қарқылдап күлді.
– Əсем мазасызданбасын,– деді Аяған мұңайып. Көңілі босап, иегі
кемсеңдеді. – Балаларға көз қырыңды сала жүр, бауырым. Елжас он екінші
мектепте оқиды. Үйді тауып бара алмаушы еді.
Күні батуға таянғандай таусылып сөйлеп тұрған Аяғанды қалай жұбатарын
білмей Асылхан əжептəуір абыржыды. Əзілге шаптырып, күлкіге бұрайын
десе Аяғанның ренжіп қаларын іші сезеді. Дардай жігіт болар-болмасқа
босап, жыларман қалге түсер деп ойласашы тегі. Басына қиын іс түсіп,
қуғын көріп, мықтылармен жағаласып жүрген жігітті өмірдің ыстықсуығына шыныққан деп ойлайтын, мүлде олай емес екен. Аяғанның көзі
бал-бұлдап жылайын деп тұрған секілді. Өзінен қабылдау емтиханын алған
жігітке мүлде ұқсамайды, ол ешкімнің алдында бас имейтін, басына қандай
қиындық туса да жабырқап, жасымайтын бірбеткей, рухы күшті жігіт
болып көрінген. Енді міне, қолынан ештеңе келмейтін, күні басқаға қарап
қалған мүсəпір. Асылхан оны аяп кетті.
– Сіздер Аяған ағаны қанша сағат ұстайсыздар?
– Қанша сағат ұстайтынымыз Қуатов жолдастың өзіне байланысты,– деді
құс тұмсық жігіт.
– Əсем мазасызданбасын,– деді Аяған кетіп бара жатып. Асылхан түкке
түсінбей аң-таң болып, мелшиіп тұрып қалды.
*
*
*
Сыртынан ғана көріп жүретін Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің үйіне
бірінші рет кірген Аяғанның санасын қорқыныш жаулап алды. Жұмбағы
көп үйдің табалдырығынан аттаған сəтте тізесі дірілдеп, құлағы
шыңылдады, үрейдің соққысы қаттырақ тиді ме, шеке тамырлары
білеуленіп шыға келді. Бұл үйден енді ешқашан шыға алмайтындай көңілін
өксік құлдады.
Ішке кірген соң ұзын бойлы орыс жігіті оңға бұрылып кетті де, оны бүркіт
тұмсық жігіт екінші қабатқа бастап алып шықты. Тым-тырыс, қарсы
кездескен пенде жоқ. Адым аттаған сайын Аяғанның жүрегі лүпілдеп, əнеміне дегенше гүмп етіп қайтып шыға алмас тұңғиыққа түсіп кететіндей
үрейленеді. Алда не күтіп тұрғаны бір құдайға аян. Бұл үйден
жақсылықпен құтылмасын біледі. Қолдарынан өлген адамды тірілтуден
басқаның бəрі келетіндер аямасқа бекінген екен, енді міне, мұны тірі пенде
шыға алмас зынданға алып келе жатыр. Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті
айналысатындай не бүлдірді? “Пара алдың” деген желеумен милиция біраз
əуреледі. “Аққа құдай жақ” демекші, адалдығының арқасында құтылып
шықты. Сары ізіне шөп салып, қыр соңына шырақ алып түскен жаулары
қолының ұзын екенін көрсетіп, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінен бір-ақ
шығарды. Алдияр Ақпанұлын шаршатқан да осы мекеме болатын. Бірімен
бірі жең ұшынан жалғасып жатқан қарға тамырлы қазақ атса оқ, шапса
қылыш болатын құдайдың құлын бұл мекемеден де тапқан. Басқа жағынан
ілік таба алмаған соң саяси айып тағып, қайтып тұрмастай етіп ұрып
құлатпақ болған тəрізді. Бұлардың талай сый əзірлеп отырғанына
Аяғанның күмəні қалмады.
Ұзын коридормен жүріп келе жатып ол сан түрлі ойға кетті. Санасын үрей
билеп, көңілі қобалжығанмен үкіметке, партияға қарсы ештеңе жасамаған,
өзінің ақтығына имандай сенген жігіт ақыр түбі Ұлы Шындықтың
жеңетіндігіне сенуге тырысты.
Оны түкпірдегі бөлменің алдына алып келді де, бүркіт тұмсық жігіт ішке
кіріп кетті. Көп ұзамай қайтып шығып, есікті кең ашып:
– Кіріңіз,– деп өзі кетіп қалды.
Имене басып ішке кірген Аяған төрде отырған кісіге жасқана қарады. Жасы
қырықтан енді асқан, дембелше келген, шашын қысқалап қырықтырып, тік
қайырған сары жігіт жылы қарсы алды.
Жоғары шығыңыз! Мазаңызды алғанымызға кешірім өтінеміз,– деп жылы
жымиды. Өңі жылы екен, Аяған көңіліне осыны медет тұтты. Санасын
жаулап алған қорқыныштың іргесі сетінеген секілді. Бөлме иесі нұсқаған
орындыққа отырғаннан кейін төңірегіне көз жүгіртті. Шағын бөлмеде төрт
орындық, терезенің түбінде бір тумбалы стол, бұрышта сейф тұр.
Аяғанның көзі оң жақ қабырғада ілулі тұрған Дзержинскийдің портретіне
түсті. Қанша көріп жүрсе де аңғармапты, мына кісінің жүзі соншалық суық,
тіпті аса зəрлі екен. Томпайып шығып тұрған екі көзі оның қатыгездігін
танытқандай.
– Феликс Эдмундовичті əр суретші өзінше көреді. Суретші болсаңыз сіз
басқаша салар едіңіз. Солай емес пе?
Қапелімде не дерін білмей сасып қалды. Жігіттен көз алмай қадалып
отырған бөлме иесі мұны бірден аңғарды.
– Феликс Эдмундовичті екінің бірі ұната бермейді. Əсіресе мұнда істі
болып келгендер,– деп күлді ол. Аяған онан сайын абыржыды. “Мынау
адамның ішіндегісін білетін пəле ғой” деп ойлап, сары жігітке тіксіне
қарады.
– Жақсы,– деді сары жігіт алдында жатқан папкасын ашып. – Сіз Аяған
Қуатовсыз. Жасыңыз отыз үште. Дұрыс айттым ба?
– Иə.
– Қазақ ССР тарихынан лекция оқисыз. Дұрыс па?
– Иə.
– Оқу бітіргеніңізге он жыл болыпты. 1972 жылдан бері институтта
істейсіз. Дұрыс па?
– Иə.
– Он жылдан бері алдыңыздан қанша студент өтті?
– Санаған жоқпын.
– Лекцияңызда тақырыптан шығып кететін кездеріңіз жиі болып тұра ма?
Мынаның қайда апарып арандатқалы отырғанын іштей сезген Аяған оның
сұрағына бірден жауап бермей жымиып күлді. Сары жігіт кірпік қақпай
қадалып отыр.
“Қашқанмен құтылмайсың. Қақпайлап қақпаныма түсіремін” дегендей
сенім бар түрінде.
– Мұнда солай деп жазылыпты.
– Қалай деп?
– Тақырыптан шығып кетеді, патриоттық əңгімелер айтады деп.
– Мысалы...
– Мысалы, Ермак туралы...
– Иə, Ермак туралы айтқанмын,– деп күмілжіді Аяған. Өрттің қайдан
шығарын енді білді. “Əңгіме студенттерден шыққан болды” деп ойлады.
– Қалай ойлайсыз, Ермактың жорығы прогрестік роль атқарды ма, жоқ
əлде... – Комитет қызметкері сөзінің аяғын үзіп, Аяғанның қалт еткен
қимылын, жүзіндегі нышанды аңдыды. – Тарихшының көзімен қарағанда,
Ермактың Сібірді бағындыруының прогрестік ролі бар ма?
Ермактың атын естіме делебесі қозып, Өзін-өзі ұстай алмай кететін Аяған
бар шынын ақтарып айта салғысы келіп оқталды, бірақ біржола сейіліп
болмаған қорқыныш жолын кесті. Айтылған сөз – атылған оқ. Ермак
туралы пікірін жасырған емес. Бұл жолғы қылығына өзі де түсіне алмай
отыр.
“Осы мен неден қорқамын? Осыған дейін сан рет айтқан пікірімнен қайта
алмаймын ғой” деп өзін-өзі қамшылады. Аяқ астынан оянған өжет сезім
“өзекті жанға бір өлім, қорықпа, айт” деп намысын түртпектеді.
– Менің білетін Ермагым – басқыншы,– деді Аяған батылданып.
Дауысында діріл жоқ, жігерлі, батыл. “А-а-а, солай ма еді?” дегендей
комитет қызметкері қасын керіп, таң қала қарады. – Ол қазақтарды аяусыз
қырған. Бұл тарихи шындық. Сонан соң Ермак қаласының аты дұрыс
қойылмаған. Қалаға кіреберісте Ермактың қылыш ұстаған үлкен ескерткіші
тұр. Ленинге де дəл сондай үлкен ескерткіш орнатылған жоқ қой. Біздің
социалистік қоғамға Ермак мырзаның қандай еңбегі сіңді? Құдайшылығын
өзіңіз айтыңызшы. Ескерткіштің тұғырында “Ермаку Тимофеевичу –
покорителю Сибири от благородных потомков первоцелинников” деген
жазу бар. Сонда тың игерушілер де Қазақстанға Ермак сияқты мақсатпен
келген бе?
Комитет қызметкері жылы шырай танытып, бас шұлғып қояды. Қолдап,
қуаттап отырған сияқты. Қызуланып сөйлеген Аяған өзінің тым артық кетіп
қалғанын сезіп, тілін тістей қойды.
– Айта беріңіз, тоқтамаңыз. Əңгімеңіз енді қызып келеді.
– Басқа айтарым жоқ,– деп күңкілдеді жігіт. – Мұның сізге не қажеті бар?
– Ермак туралы пікіріңізді білгім келеді,– деді сары жігіт шалқайыңқырап
отырып. – Біреулер Ермакты батыр деп мақтайды.
Аяған оның түпкі ойын танып, жетегіне жүргісі келмей, естімеген кісідей
қырын қарап, үнсіз тынды.
– Орыс жазушылары ол туралы кітап та жазды ғой деймін. Оқыған жоқсыз
ба?
– Мені мұнда Ермак туралы лекция оқуға шақырдыңыздар ма?
– Ондай ниетіңіз болса біз дайынбыз.
– Сіз мысық, мен тышқан емеспін ғой, жолдас,– деді Аяған шамданып. Аяқ
астынан батылданып, сары жігітке тік қарап, тік сөйлегеніне өзі де қайран
қалды.
– Рас айтасыз. Əңгіменің турасы жақсы,– деді комитет қызметкері.
Папкасынан бір парақ қағаз алып, Аяғанға көрсетті. – Үстіңізден арыз бар.
Бір топ адам қол қойған.
– Шет елге қашқалы жүр дей ме?
– Шет елге қашқысы келетіндердің жолы ашық,– деді комитет қызметкері
жымиып күліп. – Ондай ойыңыз болса бетіңізден жарылқасын.
Мынаның əден төселген, тісқаққан адам екенін Аяған түсінді. Анау жолғы
тергеуші тəрізді болар болмасқа дауыс көтеріп, шыжбалақтамады. Əр сөзге
жауабы дайын. Қарсы алдындағы адамның не айтарын алдын-ала біліп
отыратын сияқты. Абайлап, аңысын аңдып сөйлемесе мынаның шоққа
отырғызып кетерін ол білді.
– Сізге тағылған үлкен айып – Ауғанстан мəселесі,– деді ол тор көз
дəптерге жазылған жазуға үңіліп. Əр сөйлемнің астын көк жəне қызыл
қарындашпен сызып қойыпты. Соған қарағанда екі түрлі айып тағылған
сыңайлы. “Қызылы ауырлауы, көгі жеңілдеуі шығар” деп түйді Аяған.
– Ауғанстанға менің қандай қатысым бар?
– Соны айтамын-ау. Бəсе, Ауғанстанда неңіз бар сіздің? Онда соғыс жүріп
жатыр. Ауған соғысына қатысқан жоқсыз, ондағы жағдайды мүлде
білмейсіз. Соған қарамастан əртүрлі пікір айтады деп жазылыпты мұнда.
– Ауған соғысында жалғыз інім қайтыс болған,– деді Аяған мұңайып.
– А-а-а, солай екен ғой. Түсіндім,– деп жігіт қағазына əлдене деп жазып
жатып.
Аяған басын төмен салып, ойланып қалды. Сенімді дейтін бір топ
студенттің ортасында тұрып Ауғанстанда азамат соғысының жүріп
жатқанын, біздің мемлекеттің жөнсіз киліккенін, үкімет басшыларының
білместігінен толып жатқан жас жігіттердің қырылып қалғанын айтқаны
есінде. “Жоқ, айтқан емеспін” деп бетпақтыққа салуға ар-ұяты жібермеді.
Өз шындығын дəлелдеп, айтыса кеткенмен ештеңе өнбесін, керісінше,
басына бəле тілеп аларын түсініп, тілін тістеп отыр.
Сары жігіт тартпасынан үш-төрт бет қағаз алып, Аяғанның алдына
тастады. Əр бетке жеке-жеке басылған текстің бас жағындағы “азаматтар”
деген сөзді оқып, селк ете түсті. Дəл осындай бір жапырақ қағазды осыдан
екі-үш ай бұрын көргені бар. Ұмытпаса, біреуін қалтасына салып, үйіне
апарып оқыған. Аяғанның ұғымынша, Кеңес мемлекетінің кемшілігін,
үкімет басшылары жіберген қателіктер мен олар туралы анекдоттарды
ауызша айтуға болғанмен қағазға түсіру жəне халыққа тарату мүлде ақылға
сыймайтын іс еді. Алдында жатқан қағазды оқуға жүрегі дауаламады. Көзі
бір бет қағаздың орта тұсындағы асты қызыл қарындашпен сызылған
сөйлемге түсті.
“Ауғанстанға əскер апару – Кеңес үкіметін басқарып отырған қателігі. Бұл
– қылмыс. Ауғанстан халқының кінəсі жоқ. Оларға бостандық беру керек.
Ауғанстандағы əскерді қайтаруды талап етеміз”.
Аяған өзін батыл адаммын деп есептейтін. Бірақ мынандай мазмұндағы
үнпарақ жазатындай батыл қимылға бара алмасын дəл қазір іштей
мойындады. “Мемлекет басшысын ашық сынау үшін не жынды болу керек
немесе дүниеден баз кешіп, тəуекелдің қанжығасына байлап беру қажет-ау”
деген ой келді оған.
– Сіз қалай ойлайсыз, Ауғанстанда болып жатқан жағдай Кеңес үкіметінің
үлкен саясаты емес пе?! – деді сары жігіт, тағы да Аяғанға тесіле қарап,
жымсия күлді. – Біздің жігіттер ол елде интетнационалистік міндетін
атқарып жүр ғой. Солай емес пе!
Аяған не дерін білмей дағдарды. Өтірікке үйренбеген басы бұл жолы да
жауырды жаба тоқуға жарамай ұсталып қалды.
– Сіз немене қарсысыз ба? – Аяған жауап берудің орнына күрсінді. – Қызық
екен. Сонда мыналардың сіз туралы жазып отырғаны шын ба? “Кеңес
үкіметіне жан-тəнімен қарсы” деп жазады.
– Жала! – деді Аяған ашуға мініп.
– Үнпарақты жазған кім дейді.
– Қатысым жоқ. Ондай шаруамен айналыспаймын.
– Енді қандай шаруамен айналысасыз?– деп күлді жігіт. – Екінші бір хатта
сіздің мемлекетке қарсы үгіт жүргізгендігіңіз туралы айтады.
– Мысалы,– деді Аяған ызаға булығып. Санасын жаулап алған қорқыныш
ізім-қайым жоғалып, оның орнын қорғану инстинкті басты. Мынандай
жағдайда сыпайымсып, сызылып отыруға болмасын түсінді.
– Бір хатта Қуатов Аяған деген азаматтың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1948
жылы қабылдаған адам правосы жөніндегі жалпылық декларациясын
көбейтіп таратқаны туралы жазылды. Дəл сол хатта Қуатовтың
студенттерге Мағжан өлеңін жатқа оқығаны айтылады. Ал мына хатта
Брежнев жолдасты мазаққа айналдырып, анекдоттар айтқаныңыз əңгіме
болады,– деді жігіт Аяғанның долырып, нарттай болып қызарып кеткен
жүзіне тесіле қарап. – Бізде мысал жетеді. Біз сол үшін айлық алып
отырмыз.
Аяғанның тұла бойын тер жапты, аяқ астынан бас көтерген батылдық зымзия. Екі иығына албастыдай мініп алған қорқыныш екі өкпеге тепкілеп,
тынысын тарылтып барады. Соңына мықтап түсіпті, аузынан шыққан
сөздің бəрін тізіп жазып жүріпті. Бұл ештеңе сезген ед, білген де жоқ.
Дүниеде жауым бар, олар осыншалық аяусыздық жасайды, қатыгездікке
барады-ау деген күдік санасына кірмеген. Жақиямен тікелей іске қатысты
тіл табыса алмады. Алдияр Ақпанұлының жағына ұстазы болғандықтан, ол
кісінің ісінің дұрыстығына көзі жеткен соң шықты. “Бізді қолдамаған адам
жау. Сондықтан оны құрту керек” деген принциппен өмір сүрсе дүниеде
əділет бола ма?! Ақиқатсыз өмір сүру мүмкін бе?! Аяған ақиқат атты
арғымаққа міндім, енді Ұлы Мақсатыма кедергісіз жетемін деп ойлаған,
сенген. Адамдардың барлығын дос санады, барлығына ақ жүрегінен
шыққан адал сөзін айтты. “Шын – мият, өтірік – ұят” дейтін əкесі екі
сөзінің бірінде. Осы ұғым Аяған өмірінің бағдары болған. Шын жүректен
айтылған сөздері күндердің күнінде алдынан шығып, зиян жасайтынын
зерделесе жұмған аузын аша ма? Адамдарға сеніп үйренген аңқу басы
қыздырманың қызыл тіліне ілесіп, арандапты ақыры. Аңғалдық! Осынша
аңғал болмаса абайлар еді ғой.
“Декларацияны көбейтіп тараттың” дегені шындыққа жақын жуымайтын
жала. Əлдекім Аяған Қуатовтан диссидент жасағысы келіпті. Мұның
атамекенінде жер басып тірі жүргенін қаламайтын пенделер бар екен.
Аяған Қуатовтан құтылса өрісі кеңір олардың. Құтылар түбінде. Жала
жауып жеңе алмаса əділетсіз қара күшке тапсырар азаматтың тағдырын.
Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін оқыды ма екен осылар? Айналайын орыс
халқы өмір бойы Кеңес үкіметіне қарсы болған Бунинін далаға тастады ма?
Бунинді басына жастанып жатып оқитын орыс халқы қолына қару алып,
кеңес үкіметіне қарсы шығып па еді? Мағжанның өлеңдерін жатқа білетін
қай қазақтың үкіметке, жаңа қоғамға деген көзқарасы өзгеріп кетіп еді?!
Мағжанды еске алған, өлеңдерін жатқа білетін, оны кие тұтатын адамдарды
жазалау керек болса, онда “жорықты” халықтың мақтанышы, ары, ұяты деп
есептелінетін ақсақалдарды кінəлаудан бастасын. Солардың арасында
Мағжан ақынды еске алмайтыны, еске алғанда аяныштан күрсінбейтіні
жоқ. Халық арманда кеткен асыл азаматын жоқтаса несі айып!?
Осының барлығын қарсы алдында өзіне күле қарап отырған түрі қазақ, түсі
орыс жігітке таусылып айтқысы келіп құлшынды. “Бұл бəрібір түсінбейді.
Түсінгісі келмейді” деп ойлап, тілін тістеп алды.
– Сіз біздің мекемені жазалаушы орын деп ойламаңыз,– деді жігіт
күлімсіреп. Енді байқады, көзі жасыл екен. Алғаш көргенде көзінің түсі
басқашалау сияқтанған. “Əлде өзгеріп тұра ма екен. Қараңғыда жанатын
шығар” деп ойлады Аяған. – Біздің міндетіміз – кінəсі бар, қателескен
адамдарды ұстап алып, жазалай беру емес, оларды тəрбиелеу. Социалистік
қоғамдағы əрбір мекеме мейлі ол тəртіп сақтау ұйымы, Мемлекеттік
қауіпсіздік комитеті болсын, бірінші кезекте тəрбие мектебі. Ал тəрбиеге
көнбеген адамдармен сөз басқа. Сіз мені дұрыс түсінді деп ойлаймын.
Ой түкпірін ақтарып, жанын жеп мазасызданып отырған Аяған оның сөзіне
мүлде құлақ қоймады. Бөлмеге бүркіт тұмсық жігіт кіргенде ой желісі
үзілді.
– Сіз жарты сағатқа басқа бөлмеге бара тұрыңыз,– деді сары жігіт жымсия
күліп.
Бүркіт тұмсық жігіт Аяғанды дəліздің орта тұсындағы сырты қаңылтырмен
қапталған есіктің алдына алып келіп, қалтасын тінтіді.
– Тəртіп осындай...
Бөлмеге кіргізіп, сыртынан жауып кетті. Аяған төңірегіне көз жүгіртті.
Жалғыз орындықтан басқа көзге түсер ештеңе жоқ. Терезеге темір тор
салынған. “Бұл жауапқа шақырылғандарды уақытша қамайтын бөлме
болды” деп ойлады Аяған.
Ол аядай бөлменің ішінде əрі-бері теңселіп жүріп, жасыл көзді жігіт
екеуінің арасындағы əңгімені есіне түсіріп, ой безбеніне салды.
Ермак туралы пікірі əрқашан ашық. Оның басқыншы екені, қылышынан
қан тамған аса қатыгез адам болғаны тарихи шындық. Оның қатыгездігі
туралы орыс жазушылары мен тарихшылары жеріне жеткізе жазған, Аяған
жанынан шығарып, жаңалық ашқан жоқ, Ермак Тимофеевичке жала
жапқан, күйе жаққан емес, тарихи деректерге сүйенді. Ермак туралы
пікірің қате деп жазалай алмайды. Барлық кілтипан Ауғанстанға
байланысты екенін іші сезеді. Жалғыз інісінің қазасы өте ауыр тиді, басына
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Өмірбаян - 06
  • Büleklär
  • Өмірбаян - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2343
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2206
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3946
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2216
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3919
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2281
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2180
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3962
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    38.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2227
    36.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2066
    37.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3942
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4010
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2308
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2069
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2318
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3894
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2290
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3979
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2333
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3945
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2168
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3915
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3882
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2154
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3928
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2276
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2270
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4009
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2220
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3915
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2159
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3966
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2184
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3950
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2293
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2284
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 4037
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2421
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2292
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3889
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2140
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2161
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3943
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2207
    37.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 3860
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2225
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2113
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 33
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2215
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 34
    Süzlärneñ gomumi sanı 3902
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2224
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Өмірбаян - 35
    Süzlärneñ gomumi sanı 3386
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2046
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.