Latin Common Turkic

Тар Жол, Тайғақ Кешу - 13

Süzlärneñ gomumi sanı 3623
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1869
33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
52.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
жытып кететін сұрқиялар. Мұны біз көрмей отырғанымыз жоқ. Түркістанда
қанша уақыт қылышынан қан тамып тұрған жəне «бұқара пайдасы» үшін
Қоқанда қырғын жасаған Пірпловтар, Стасковтар осы күні Қоқанда жүр...
Бұқара
қожайындығы,
жұмыскерлер
қожайындығы
дегенде
большевиктердің ауыздары тола кетеді. Біздің Түркістан мен Қазақстанда
бұл сөздердің не мағынада жүретіндігін білеміз. Бізде я халық
қожайындығы болады. Я бұқара қожайындығы атын жамылған бұзақылар
қожайындығы болады. Шын бұқара қожайындығы жалпы халық
қожайындығынан басқа бізде болуға мүмкін емес!..
(«Бірлік». Газеттің уақытша редакторы С. Қожанұлы )
1918 жылдың жазы шықты. «Алашорда» да жəне оның інішектері де
қарап жатпады. Бұлардың Омбыдағылары большевиктерге қосылған Мұқан
Əйтпенұлы мен Көлбай Тоғысұлының арасына от жақты. Екеуін
жауластырды. «Киімді шайтандардың» əрекеттерімен ақырында Көлбай
Мұқанды арестовать еткізіп қаматты. Сонсоң тез Мұқан қамаудан шықты.
Енді Көлбайдың үстінен қаралайтын материалдар жинап, Совдеп арқылы
Көлбайды қаматтырды.
Омбыда оқып жүрген жастардың 1914 жылдан бері келе жатқан
«Бірлік» ұйымының мүшелерінің көбі əбден «Алашорданың» жолына түсіп
алған соң, жүректері сезімді біраз жас «Бірлік» ұйымынан шығып, Совет
туының астына кірген. Олардың үйткенін айтып кеткем. Кейін толығырақ
баяндаймын... Ал «Бірлікте» қалған «Алашорданың» қазақтары Көлбайға
аласұрып жабылды. Көлбайдың үстінен қаралап, Совдепке «материалдар»
жинап жаудырды. Елде болыстық билік, старшындық, «партия»
таластарында бірін-бірі қаралауға, өтірік арыз, ұятсыз шағымдарды көп
көріп, ысылып қалған қазақ балалары «материалдар» жинауға қандай ұста
болады!
Менің өз басым Көлбайды ақтауға ақтығын білмеймін. Қаралауға
қаралығын білмеймін. Бірақ Омбыда оқып жүрген «Бірлік» ұйымындағы
«Алашорда» ұландары Көлбайды Совдепке қаралауға материал тапты.
Семейдегі «Алашорда», «Сарыарқа» газетіне телеграммалар соқты,
«Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы 15 сəуірдегі 38-нөміріндегі басылған
Омбыдағы «жас алаштардың» телеграммаларының түрі мынадай еді:
ОМБЫДАН ТАҒЫ ТЕЛЕГРАММАЛАР
Күндіз 11 сəуірде Омбыдан «Сарыарқа» басқармасына тағы екі
телеграмма алынды. Бірі: «Көлбайға қосарланып, Шаймерден Əлжанұлы,
Сүлеймен Тоғызұлдары да абақтыға жабылды. Көбекұлының да
жабылатын ыңғайы бар. Көлбай бұрын қандай жұмыс істеп жүрген кісі
екенін айтып беруге Ермекұлы мен Сəрсенұлын жіберіңіздер. Телеграмма
беруші: Кашарский».
Екінші телеграммада: «Ескіше 17 апрельде Омбыда жалпы бұқара
кедейлердің съезі болады. Съезд Көлбай жұмыстарына байланысқан
мəселелерді қарастырмақ. Съезге Сəрсенұлын жіберуіңізді сұраймыз»
деген. Телеграмма беруші: «Бірлік».
«Алашорданың» кəрілері, жастары болып, Көлбайды қаматты. Тағы
Ысқақ Көбекұлының соңына түсіп, қаматуға əрекет қылды. Бірақ Ысқақты
Қызылжардағы қазақ жұмыскерлері бермеді. Көлбайды да Қызылжардағы
қазақ жұмыскерлері шығарып алуға əрекет қылды. Бірақ чехтардың бунты
олардың, əрекетін аяқтатпай кетті. Көлбайды жамандайды. Көлбайды
айыпты дейді. Көлбай жаман болсын, ал Шаймерден мен Ысқақ не қылды
екен?..
Бұлардың жазасы не?
Бұлардың жазасы белгілі. Бұларды жазасы большевиктерге қосыла
Совет үкіметін қуаттауы. «Алашордаға» қарсы болуы. Бұлардың жазасы
сол! Бұл — бұл ма! Көлбай жабылған соң «Алашорданың» «Бірлік»
ұйымындағы жас «ұландары» дұшпандарын тегіс жоқ қылуға кірісті.
Алашорданың жолына қарсы болып «Бірліктен» шығып, революция
жолына кірген, «демократ советін» (Демократический совет учащихся)
ашқан Омбыда оқып жүрген Таутан Арыстанбекұлын, Жанайдар
Садуақасұлын, Əбілқайыр Досұлын, Қамза Жүсіпбекұлдарын да Совдепке
қаралап, абақтыға жаптырмақ болды. «Бірліктің» екі-үш балалары милиция
ертіп келіп, Таутан мен Қамза, Əбілқайырды, Жанайдарды аңдап апарып
абақтыға жапқызды... Міне, «Алашорданың» жеткіншектері осындай
қылған. Тамаша емес пе?.. Нағыз əкелерінің балалары емес пе?
Шаймерден, Таутан, Қамза, Əбілқайыр, Жанайдарды Совдеп тезінен
босатқан. Міне, бұл оқиға осылай болған!
Омбыда кедейлердің съезі шақырылды. Съезге біздің Ақмоладан екі кісі
жібердік. Бірі: жолдас Шүкен Тінəліұлы деген жұмыскер, совдептің
мүшесі, большевик. Екіншісі: Ақмола жақтағы белгілі шешен Көшербай
Жаманайұлы, о да большевик жəне «Жас қазақ» ұйымының белгілі
мүшесі...
Бірінші май болып қалды.
Май мейрамын үлкен көңілді, көтеріңкі қылып өткіздік. Совдеп
мүшелері, əр түрлі кəсіп ұйымдары, жаңадан жасалған аз ғана қызыл
əскеріміз ту көтеріп, төңкеріс өлеңдерімен Ақмоланы аралап, көп жерде
митинг құрып, сөздер сөйленді...
Омбыда оқып жүрген Ақмоланың мұқтаж балалары мен «Жас қазақ»
пайдасына кешке қазақша ең бірінші Ақмолада болған үлкен сауық
жасалды. Сауыққа соның алдында ғана жазылып біткен «Бақыт жолына»
деген менің пьесам қойылды.
Сауықта орыс-қазақ иін тіресіп тұрды. Сауықты көруге жұрттың
ынтасының зорлығынан, сауық екі күн болды. Екеуінде де жұртқа орын
жетпей қалды. Ойнаушылар «Жас қазақ» ұйымының мүшелері еді. Бəкен
Серікбайұлы, Көжебай Ерденайұлы, Өмірбай Донентайұлы, Салық
Айнабекұлы, Бану, Шарапат жəне Бейсенұлы, тағы басқалар...
Совдеп істері күн сайын жөнделе берді. Совет үкіметін нығайтуға қырға
совдеп мүшелерін шығарып жаттық...
Əлгі Керенский заманында, қазақ комитетінің заманында, 1916 жылғы
қазақ көтерілісінде, елге патша əскерін алып жүріп, елді шапқаны үшін
үстерінен халық екі жүз шамалы арыз түсірген Олжабай болыс пен Əлкей
болысты ұстатуға, малдарын қазынаға алдыруға 15 қызыл əскер мен
Жұмабай Нұркеұлын шығардық. Жəне қырға, екінші жаққа, милиция
қосып беріп, Байсейіт Əділұлын шығардық. Аз болса да Қызыл əскердің
штабы құрылды. Штабқа Ресейден келген Зимин жəне Авдеев деген екі
матрос пен Баландин деген бір кəрі солдатты бастық қылдық.
Нілді, Спасск, Қарағанды заводтарымен қатынасымыз жиіленіп,
байланысымыз күшейді. Заводтарда да Совдеп құрылды. Заводтардан
уездік Совдепке өкілдер жиі келе бастады. Біздің Совдептің мүшелері де
заводтарға барып келіп жүрді. Совдептің қазақ мүшелерінен Тұрысбек
Мыңбайұлы заводқа барып келді. Арын барып келді. Заводтар туралы
баяндама жасалып, Совдеп заводтардың, жұмыскерлердің тұрмыстарын
жөндеуге əрекет қылды. Заводтарды мемлекет қазынасына алуға кірісті.
Спасск, Нілді, Қарағанды заводтарының жұмыскерлер Совдепінен біздің
уездік Совдепке өкілдер келді. Іштерінде жолдас Нейман мен Орынбек
Бекұлы бар. Заводтың жайы туралы бұлар Совдепке баяндама жасады.
Совдептен ақша сұрады. Мылтық сұрады. Совдеп заводтарды қазынаға
алуға қарар шығарды. Спасскінің жетпіс мың пұт мысын алдыруға қарар
қылды. Заводтардағы жұмыскерлердің мылтық алып, жарақтанғанын бір
ауыздан мақұл тауып, жұмыскерлер өкілдеріне (Нейман мен Бекұлдарына)
ақша берілді. Қолдағы бар мылтықтардан мылтық та берілді. Содан кейін
Ақмолаға мылтық, пулемет сұратуға, Омбыға жəне Қызылжарға Қызыл
əскер штабының мүшесі матростар Зиминді, командирі Капыловты, Спасск
заводының жұмыскері, Совдептің мүшесі Прудов деген жігітті жібердік.
Совдептен ақша мен мылтықтарын алып болған соң, қызметтен кейін,
Орынбек Бекұлы менің пəтеріме келді. Сөйлестік. Бұрын маған Бекұлын
«Зерек, шешен жұмыскер...» — деп Прудов мақтаушы еді. Бекұлынын
шешендігін Совдепте баяндама жасағанда-ақ көріп едім. Біздің пəтерде
сөйлесіп отырдық. Завод туралы əңгіме қылдық. Қазақ жұмыскерлері
туралы, Совет үкіметі, большевик партиясы туралы сөйлестік. «Алашорда»
туралы пікірі айқын емес, былқылдақтау екен. Біраз түсіндіріп сөйледім.
«Алашорда» баяғы хандықты аңсаған далбас, қазақ жұмыскерлеріне, қазақ
кедейлеріне, «Алашорда» да, Абылай да, Николай да бəрібір... — дедім.
Бекұлы біздің «Тіршілік» газетімен қатар «Сарыарқа» газетін алып
оқиды екен... «Сарыарқа» туралы, оның жазушылары туралы түсіндіріп,
біраз сөз айттым. Біраздан соң Бекұлымен пікіріміз үйлесті. «Алашорда»
туралы пікірі айқындалды. Революцияның жолында енді екпіндірек іске
кірісу керек екенін айтып, менімен қош айтысты...
Мамыр айында, 1918 жылы, Омбыда оқудағы «Алашорда» жастарының
ұйымына айналған «Бірлік» ұйымы «жалпы жастар съезін» жасады. Съезге
əр жердегі жастар ұйымынан екіден өкіл шақырды. Біздің «Жас қазақ»
ұйымынан Абдолла Асылбекұлын жібердік. Біріне Омбыда оқып жүрген
Жанайдар Садуақасұлын сайлап, телеграмма бердік...
Мамырдың аяқ кезінде съезшілеріміз қайтты. Кедейлер съезіне кеткен
Шүкен мен Көшербай бұрынырақ қайтты. Олардың баяндамасын
тыңдадық. Олардан кейін Абдолла қайтты. Абдолла баяндама жасады.
Барып қайтқан «жастар съезіне» Ақмола, Семей, Қостанай
губернияларының жастар ұйымдарының өкілдері жиылыпты. Съезд
мəжілісі қызу өтіпті. Əсіресе «Алашорда» мəселесін қарағанда, онан соң
«Совет үкіметін тану, танымау» мəселесін қарағанда өте қызу болыпты.
Съезде үш пікір көрініпті. Бірі – оң, бірі – сол, бірі – орта ( «левое»,
«правое», «среднее» ).
Əрине, «Алашордаға» қарсы болған «сол» пікірлі біздің өкілдер:
Абдолла Асылбекұлы мен Жанайдар Садуақасұлы жəне сол Омбыдағы
«демократ Советтің» өкілдері — Əбілқайыр Досұлы, Қамза
Жүсіпбекұлдары қарсы болғанмен не керек, бұлар азшылық болған.
«Совет үкіметін тану, танымау» мəселесін қарағанда, съезд мəжілісі
едəуір қызу болған. Əлгі үш пікір айқын соғысқан. Майдандасқан. Совет
үкіметі жағындағы «сол» (левое) пікірлі Асылбекұлы, Жанайдар
Садуақасұлы, Əбілқайыр Досұлы, Қамза Жүсіпбекұлы бұлар бірыңғай.
Бұларға əлгі «Алашорда» мəселесін қарағанда «орта» пікіріне (центровое)
«тең ортақ» болған Əбдірахман Байділдаұлы қосылған. Бұларға қарсы,
Совет үкіметіне қарсы «Бірліктің» бастықтары «оң» (правое) пікірлі
Кеменгерұлы, Смағұл Садуақасұлы, Ғаббас Тоғжанұлы, Сайдалыұлы,
Сейітұлдары болған. Бұлар Қази оққа ұшқанда қылған анттарын мықты
ұстаған.
Семейде «Алашорда» милициясының бастығы, айтылмыш Қази деген
жігіт большевик солдаттары атқан оққа ұшқанда, Омбыда оқып жүрген
«Бірлік» ұйымындағы жаңағы аттары айтылған ұландар «Қазидың жолын
ұмытпасқа ант қылған...» еді. Ант қылып «Сарыарқа» газетіне телеграмма
соққан еді. Телеграммалары «Сарыарқа» газетінің 1918 жыл, 15 сəуірде
шыққан 38- нөмірінде басылған еді. Телеграммалары мынау:
«КӨҢІЛ...
От жанды, ұлт қанды, есіл қыршын жас Қази бауырымыздың мезгілсіз
қаза тапқанына өте қайғырамыз. Бірақ Қазидың арманы жоқ— ұлт
жолында тұңғыш құрбан болды. Жастарға жолбасшы жұлдыз, түпкі идеал
болды. Біздер Қазиды жəне оның үлгілі жолын ұмытпасқа, құдай алдында,
ар алдында уəде бердік. Сол уəдеге бірінші негіз салу үшін 20 апрельде
қазақша «ойын» жасап, түскен сап пайданың жартысын, артта қалған бір
жасар ұл баласының тəрбиесіне бермекші болдық. Жəне басқа уақыттарда
жəрдем көрсетіп тұруға қаулы істедік.
«Бірлік» қауымының жастары...»
Міне, осы «ант уəделерін» мықтап ұстаған. Жəне Семей жастарының
өкілі Мұхтар Əуезұлы Совет үкіметіне қарсы болған. Қостанай
жастарының өкілі Мұрзаұлы қарсы болған. Тартыс едəуір қызған. Біздің
өкілдердің дүмпуімен көпшілік ақырында: «...Совет үкіметін танимыз,
өзімізге тимесе...» деген қарар шығарған. Жəне съездің көпшілігінің
қаулысы бойынша Ақмола, Семей, Қостанай губернияларындағы барлық
жастар ұйымдарының аттарын қалдырып, жалпы бір атпен «Жас азамат»
деуге қаулы қылған. «Жас азаматтың» басқармасын (ЦК) сайлаған.
Басқармасының
төрағалығына
Мұрзинді,
мүшелігіне:
Смағұл
Садуақасұлын, Мұратбек Сейітұлын, Гуля Досымбекованы, Əбдірахман
Байділдаұлын сайлаған. Əбдірахманды «сол» пікірлілердің (Досұлы, Қамза,
Жанайдар, Абдолла) дүмпуімен сайлаған. «Жас азамат» ұйымының тілі
қылып «Жас азамат» атты газет шығармақ болған. Газеттерін Қызылжарда
жабылып қалған Көлбайдың газеті «Үш жүздің» орнына шығармақ болған.
Шығарушылыққа Кемеңгерұлын сайлаған...
Омбыдан бұл съезден қайтып, Абдолла Қызылжар қаласына келген.
Ондағы большевиктердің, Совдептің бас адамдарының бірі Ысқақ
Көбекұлы, Шаймерден Əлжанұлымен, Кəрім Сөтешұлымен сөйлескен.
Жəне сол Омбыға барып келе жатқан Көкшетау совдепінің мүшесі,
большевиктерінің бастықтарының бірі Сабыр Шəріпұлымен — бəрі бас
қосып сөйлескен. Бұл төртеу-бесеуі бас қосып сөйлесіп, большевик
партиясына қазақ жұмыскер-жалшыларын көбірек
«Алашордамен» оңдап күресуге план жасаған.
шақыруға
жəне
Біз Абдоллаға:
— Омбы қалай?.. Омбыдағы қазақ жұмыскерлері қалай?.. Пароходта,
темір жолда жұмыс қылатын қазақтар?.. Жəне Қызылжардағы
жұмыскерлер қалай екен? — дедік.
Абдолла:
— Қызылжардағы біраз жұмыскерлер қолдарына мылтық алып, қайрат
қылып жүргені белгілі ғой. Бұлардың бастығы Ысқақ Көбекұлы. Бұлар
тіпті жақсы. Анау күні Қызылжарда Совдепті құлатпақ болып ақтар қауіп
қылғанда бұлар көп қайрат көрсеткен. Онан соң Омбы жұмыскерлері де
жақсы. Жиырма шақты қазақ жұмыскерлері қызыл əскерге тіленіп жақында
кірді. Көзі ашық бастықтарын көрдім, біртүрлі жақсы... Угар Жəнібекұлы,
Мұхаметқали Тəтімұлы, Қазыбек Мұқайұлы... — деді.
Бұлар қазақ жұмыскерлерінің кəдімгі өзімізге белгілі жыл құстары.
Бұлар ең алдымен бір қолымен қызыл ту көтерген, бір қолымен пулемет
көтерген шын батырлар. Бұлардың ішіндегі Угар Жəнібекұлы 1912 жылғы
жер-дүниеге мəлім Сібірдегі Лена заводындағы жұмыскерлер атылуында
болған жігіт (знаменитый Ленский расстрел). Біреулер Абылайдың
Кенесары, Наурызбайдың, Сыздықтың «батырлықтарын» аузының суы
құрығанша мақтайды. Бұлардың батырлықтары ел талау ғана еді, ал шын
батырлар əлгі қызыл ту ұстап, қызыл əскер болып, еңбекші табы үшін оққа
қарсы шыққандар. Міне, бұларды мақтауға болады.
Бұлар туралы бажайлап кейін айтармын...
Сөйтіп, Омбы, Қызылжардан қайтқан Абдолланың баяндамасын
тыңдадық. Абдолла қылған баяндамасында Советке қауіпті жайларды да
айтты:
— Офицерлер, байлар, казак-орыстар жақында бір ереуіл жасамай
қоятын емес. Ол жерде, бұл жерде, офицерлер, байлар, казак-орыстар
жиналып қозғалып, даярланып жүргендерін көп айтады. Көкшетауда казакорыс офицер Анненков деген орман арасында əскер жинап жүр дегенді
Сабыр Шəріпұлы айтып, оларды құртуға Омбыдан күш сұрап еді. Омбы
мұны елеген жоқ. Келе жатып, жолшыбай, мұның анық екенін мен өз
көзіммен көрдім. Менің алдымда, бір станцияда Анненковтың жарақты
казак-орыстары почтаны талап, бір-екі милициясының мылтығын тартып
алып кетіпті. Көкшетау маңайында да осындай көрінеді. Онан соң,
Омбыдағы «Алашорданың» адамдары, «Бірлік» ұйымының бастықтары да
бірдемеге астыртын даярланып жүрген тəрізді. Олардың да аналармен
астыртын сөздері бар тəрізді. «Алашорда» жастарының біреуі бір жерге бір
жасырын сөзге барып келді десті. Онан соң Қызылжар маңайында тіпті
жаман көрінеді. Түнеугі бунт шығарғандардың түпкі аман қалған тамыры
қайта қозғалып жатқан тəрізді... —деді.
— Біздің, əлгі Омбы, Қызылжарға қару-жарақ сұратып жіберген
кісілеріміз қайда? — дедік.
— Олар қару-жарақты едəуір қылып алды. Менімен бірге шығып еді.
Мен асығып жүріп кеттім. Олар да енді келіп қалар, — деді.
Əңгіме солай... Бір катер таянған тəрізді. Шала өлген жылан əлін жинап,
ақырын қозғалып, қапысын тауып атқуға даярланған тəрізді.
Ақмолада темір жол бойында (вокзалда) жұмыс қылып жүрген,
қаладағы Ысқақ байдың көк үйінде жатқан қазақ жұмыскерлерін
жарақтандыруға Совдепте мылтық болмады.
Ол екі арада Ақмоланың оңтүстік жағына шыққан Совдеп мүшесі
Байсейіт Əділұлы қайтып келген. Совдепке баяндама жасаған. Мұның
жүрген жері көбінесе қазақ арасы. Бұл тыныштықтан басқа бөтен сөз
айтпады.
Баяндамасынан кейін менің пəтеріме келіп, біраз сипақтап, ел жайын
əңгіме қылып отырды да:
— Саған біраз сөз айтайын деп келдім, — деді.
— Не?.. — дедім.
— Сен қалай қарайтыныңды білмеймін... Мен бір жұмыс істеп келдім,
— деді.
— Айт енді істегеніңді...—дедім.
— Мен сол арғы елде, бір ауылда, əлгі Қоқан автономиясының бастығы
Мұқаметжан Тынышпайұлы мен Серікбай Ақайұлына кез болдым.
Қастарында жолдасы бар. Түркістан жағынан жылыстап қашып келеді
екен... — деді.
— Е, олар қайда? — дедім.
— Олар Семей кетті, — деді былжырап.
— Қалай кез болдың?.. Неге алып келмедің?.. — дедім.
— Алып келуге ұялдым... Бір ауылда түстеніп, бөлек қоста жатыр екен.
Салт атқа мінген. Киімдері ишандардың киімдеріндей. Мен əлгі ауылдың
иесінің үйіне келіп түсіп едім... Бір ауылдан естіп келіп едім. Əлгі ауыл
иесінің үйіне түсіп біраз отырған соң: «Тынышпайұлдарын барып көрейін»,
— дедім. Ауыл иесі де жаман қорықты. Тынышпайұлы да жаман қорықты.
Қостарына бардым. Екеуі де бір түрлі түстері бұзылып. Сасып, менімен
түрегеліп амандасты. Сонан соң амандасып, көңілдерін орнықтырдым, —
деді.
— Сөйтіп қоя бердім де... — дедім.
— Иə... Тигем жоқ. Қайта жүретін жолдарын туралап, жолдағы елдерін
айтып жібердім... — деді.
Міне, саяси дұшпанына, «Алашорда» бастықтарына біздің жолдас
бүйткен.
Ал «Алашорда» қайтер еді?.. Бұған
«Алашорданың» қайткенін көргеміз, көреміз...
дүдамал
жауап
жоқ.
Ақмоланың орыс, қазақ болыстарында, болыстық, ауылдық совдеп
сайлатуға елге комиссарлар шығардық. Сайлауға қолдары босарлық Совдеп
мүшелері мен көбінесе «Жас қазақ» ұйымының жастары шықты. Сайлау
нұсқаларын өзіміз жасап бердік...
Совдепке Қызылжар, Омбыдан бір-екі тығыз телеграмма келді. Бірінде:
«Ресейден Сібірді басып еліне чехословак əскері қайтып барады. Бір бөлегі
Қызылжарға келді. Бұлар совет үкіметінің қару-жарақтарыңды тастап кет
деген бұйрығына көнбей келеді. Бұлардың жарақтарын алып жібер деген
бұйрық бар. Қызылжар Совдепі отарбада, вокзал маңына келіп тұрған
чехословактарға «жарақтарыңды қалдыр» деп сөз салып тұр.
Чехословактардан көбінесе жанжал шығуға мүмкін. Сіздерде қамсыз
болмай тұрыңдар...»—деген.
Екінші телеграммада: «Тез əскер жасауға пəлен жастағыларды
жинаңдар...»— деген.
Совдептің мүшелері дағдарыңқырады... Тағы да соғысқа баруға
ешкімнің ынтасы жоқ екені жұрттың бəріне белгілі.
Қалай болар екен? Қалай қылу керек?
Совдеп дағдарса да, белгілі жастағыларды
(мобилизация қылуға) тығыз жарлық шығарды.
əскерге
жинауға
Совдептің мəжілісінен пəтерлерімізге қайттық. Ертеңінде таңертең
менің пəтеріме Бəкен келді. Қызмет қылмайтын күн еді.
— Немене? Не хабар бар? — дедім.
— Еш хабар жоқ. Тым-тырыс. Жанжал болады ғой, түрі жаман. — деді.
Сол күні Бəкен, Абдолла. Өмірбай, Нұрғайын — бəріміз Есіл бойына,
көкке шықтық. 1918 жылдың жазы шыққалы қаладан бірінші ғана көкке
шыққанымыз сол еді. Көкке аунап. Есіл жағасында жаттық. Алтыатармен
нысана аттық. Есілдің жағасы көк жапыраққа оранған. Қалың, көкөрім тал.
Біз жатқан жер талсыз жиек. Көк шалғын. Есілдің суы көкпеңбек көк
жібектей иреңдеп, шымырлап ағады. Аспан да жұп-жұмсақ көк торғындай.
Алыстағы далалар да көкпеңбек... Балдырған көк жапырақты көк-өрім тал.
Көкорай шалғын. Көк иірім мөлдір су. Көк торғын аспан. Жер де, аспан да
— бəрі де көкпеңбек. Ауа толған жаздың дымқыл жас жұпар иісі бойды
алады. Қалың көк жібектің үстінде аунап бой жазғандай əнгімелесіп
жаттык. Жүрек бір зор істі сезгендей соғады.
V. ЧЕХОСЛОВАК ЛАҢЫ,
АҚМОЛАДА СОВЕТ
ҮКІМЕТІНІҢ ҚҰЛАУЫ
(1918 жыл, 3 маусым)
Түн ортасына шейін жазу жазып отырып, кеш жатып, кешірек тұрдым.
Жатқан пəтерім Мұқымбай деген сарттың жесір қатынынікі еді. Жуынып
болып шай ішіп отырғанымда, жатқан үйімнің бір кішкене баласы жүгіріп
кіріп келді.
— Казак-орыстар станицада жиналысып жатыр. Бəрі қылыш-мылтық
асынып алыпты. Бір тобы Совдепке кетті. «Совдепті ұстаймыз», — дейді.
«Омбыда, Қызылжарда Совдеп қалыпты дейді...»—деді.
— Не дейді?.. Бар, біліп кел, — деп, баланы қайта жібердім. Бала
жүгіріп кетіп, тез қайтып келді.
— Совдепті барып қамап, есіктерінің алдында тұр. Совдепке барып
отырған Бачок, Монин, Павловтарды ұстап əкетті. Енді бір аттылар
Кубриннің үйіндегі қызыл əскерлерді қамап тұр... — деді.
Ол арада үйге біздің «Жас қазақ» ұйымының мүшесі Кəрім деген жігіт
асығып кіріп келді. Болып жатқан оқиғаны айтты.
— Сен енді тез қаш, — деді.
Ол оны айтып отырғанда, үйге Совдептің мүшесі Шүкен Тіналин деген
қазақ жұмыскері асығып кіріп келді. О да оқиғаны айтып:
— Қарағым, енді тез бойтаса қылайық. Алдымен енді сені іздейді ғой,
— деді.
Ол арада тағы бір-екі досжар адамдар келді. Бəрі де «тез қашу керек»
дегенді айтты. Жəне ол арада пəтер үйдің баласы тағы да жүгіріп келді:
— Казак-орыстар күжілдеп Совдептің өзге мүшелерін ұстап əкелу керек
деп жатыр, Бəкенді казак-орысы бар, қазағы бар, төрт-бес кісі айдап алып
барады. Станицаның маңайы толған атты, жаяу халық. Шəріп Ялымұлы ат
үстінде, жиналған жұртқа айқайлап сөйлеп: «Сəкенді, Абдолланы ұстап
əкелу керек деп жатыр», — деді.
Шаңқ-шұңқ еткен мылтық даусы естіліп қалды.
Отырған жолдастар шыдай алмады.
Маған:
— Енді тез жөнелу керек, — деді.
Мен:
— Жолдастар тұтқынға алынған болса, мен не бетіммен қашамын? —
дедім.
Мылтық даусы шаңқылдап жатыр. Жолдастар қобалжып, мені
қиыңқырамай, мені қашыруға үй деп-бүй деп отырды да болмаған соң бəрі
шығып кетті.
Мен пəтер иесі əйелді шақырып алып, пəтер ақысын төлеп, кітап, қағаз,
нəрселерімді көрсетіп, тапсырып, өзім даярланып отырдым.
Мылтық даусы біресе бір-бірлеп, сирек-сирек, біресе топталып атылып
тұрды. Көшеде шауып өткен атты кісілердің дүсірлері шыға бастады.
Пəтер иесі əйел бір кіріп, бір шығып, маған:
— Ойбай, астыңғы біз отырған үйге барып отырыңызшы. Мұнда сізді
іздеп келеді ғой енді, — деп қоймады.
Кешікпей қару-жарақты, едіреңдеген бес-алты атты кісі қораға кіріп
келді: төртеуі ноғай, екеуі казак-орыс.
Мені тұтқынға алды. Мылтығымды тартып алды. Біраз бермей тұр едім,
біреуі арт жағымнан келіп, қамшымен бір-екі салып-салып қалды.
Пəтерден алып жөнелді...
Күн ашық, жылы еді. Шаңқылдап, жаңғырығып анда-санда атылған
мылтықтың дауысы қақ тулаққа тиген сабаудың дауысындай. Ерсіліқарсылы шапқан атты кісілердің дүбірі, əр жерде шулаған, ереуілдеп
самбырлаған жұрттың дауысына қосылып қаланы сəйгел тиген сиырға
ұқсатты.
Көше бойы дүсірлеп, шаңдатып, ерсілі-қарсылы шапқылап жүрген атты,
жаяу халық. Біреулер тамаша үшін жүр. Қару-жарақ асынған алты атты
кісі, төртеуі татар, екеуі казак-орыс, мені көше бойы айдап, казак-орыстың
станицасына əкеле жатыр.
Айдаушылардың бастығы белгілі Шəріп Ялымұлы, біреуі — Нұркей
деген бір дүкенші (бай татар), үшіншісі — атбазарында сауда қылатын бір
татар, төртіншісі—болыстарға тілмаш болып жүретін көне ат базарында
сауда қылатын Нұри Тойғанұлы деген татар.
Өкпелері көтерілген. Көздері ежірейген. Танаулары сəйгел тиген
сиырлардың танауларындай желбірейді. Күжілдеп, жан-жақтағы көше бойы
үйлерден шығып тұрған халыққа қарап айқайлайды.
— Ə-əй! Сендердің қораларыңда большевиктер жоқ па?! Міне, біз
большевиктің қасқырын ұстадық!..—дейді. «Но, жүр!.. Айда, аяғыңды бас,
аяғыңды!» — деп, мені қамшымен ұрып қояды. Əсіресе көп ұратын
Тойғанұлы. Мен Ялымұлына қарап:
«Шəріп абзи, сіз оқыған адамсыз ғой, мені ұрғызбай апарыңыз, көшеде
қолмен ұру адамшылыққа жатпайды ғой...»—дедім.
Елірген ессіз «адамшылықты» не қылсын. Ұрып қояды...
Алдымыздан екі-үш салт атты қазақ шыға келді. Біреуі артымнан келіп,
мені қамшымен салып қалды. Қарасам, бір қара сақалды, шұбарлау,
бұржық бет қазақ. Мен бетіне қарап жай күлдім де:
— Е, сіз де ұрып қалыңыз, менің сізге де қылғаным бар шығар!.. —
дедім.
Қазақ шегініп кейін қалды. Айдап казак-орыстың станицасына əкелді.
Станицаның алды гу-гу, толқындай қозғалып, қайнаған халық. Қазақ, татар,
орыс, қатын, бала-шаға. Гулеген, гүжілдеген сөз. Ерсілі-қарсылы шапқан
атты кісілер. Анда-санда атылған мылтық дауысы. Шаң-шұң, шатыршұтыр, ың-шың дауыс шаңмен араласып аспанға ұшады. Жұрттың көбініңақ əбден өкпесі көтерілген. Естен, ақылдан айырылған қалың надан тобыр
сəйгел қуалаған сиырдай. Көздері ежірейіп, танаулары шелектей болып
елірген, күжілдеген. Елірген ес жоқ, надан тобыр — бəрі өкірген сиырдай
гулеп, большевикке лағнет айтады. Бəрі уыстап топырақ шашады. Мені
станицаның алдына айдап əкелген кезде, есі шыққан тобырдың көбі
қозғалып маған таянды. Жаяу тобырдың ішінде ең алдымен маған қарсы
келген қазақ — Нұржан деген ақсақалға көзім түсті. Қолында əдемі қара
таяғы бар. Көзі мəлік болған сиырдың көзіндей қызарған. Маған жанасып
келіп, сүзетін сиырша қарап, мені балағаттады.
Мен ішімнен ыза болып жай:
— Сізге жол болсын?.. Сіз ылғи бізбен бірге болған адам едіңіз ғой?..
Сіз бізбен бірге Совдепте де болған жоқ па едіңіз?—дедім.
— Былшылдама, сен не қылмадың!.. Бəлем, енді сазаң берілер,
қылармын саған! — деді Нұржан.
Сол арада гулеп, қозғалып, еліріп таянып келген жаяу тобырдың біразы
шулап келіп маған жабылып қалды.
Қолы жеткені мені ұрды.
Ың-шың, шаң-шұң, пəлен-түген деп жатыр.
«Большевик!», «Бұзылған!», «Кəпір!», «Дінсіз!» — деген сөздер
естіледі.
Көтеріліп, бірінің басынан бірі асырып сілтеген жұдырықтар мені
тұншықтыруға айналды.
Жұрттың ұрғанынан қорқып бар күшті жинап, «шынымен болысатын
ешкім болмағаны ма?..» — деп, тез халыққа көз жібергенімде, бір
Сүлеймен қажы деген қазақ ұмтылып омыраулап келіп, мені тез қолтығына
алып, жабылған тобырдан алып шықты. Жұртқа енді ұрғызбай, жылдам
станицаға əкеп кіргізді.
Станицаның іші əбігер. Мылтық ұстаған сақалды, сақалсыз, жас казакорыстар. Қылыш, алтыатар тағынған офицерлер сарт-сұрт жүгіріп кіріпшығуда. Станицаның ішінде кейбір жай отырған казак-орыстар да бар.
Мылтық асынғандарының түрлері жинақ. Қимылдары шапшаң. Лепіріп,
кіріп-шығып жүр. Бəрінің бастығы Кучкопский. Гүжілдеп бұйрық қылып,
асынған қылышын сүйретіп сартылдап кіріп-шығады. Сүлеймен қажы мені
икемдеп, шала-пұла тінткен болып, төргі бір бөлмеге əкеліп тығып жіберді.
Бөлмеге кіріп келіп, қамаулы отырған Совдептің төрағасы Бачокты,
оның орынбасары Бəкенді, комиссарлары Монинді жəне Совдеп мүшесі
Кондратьева деген əйелді көрдім.
Шолақ-шолақ сөз қатысып, бəріміз дағдарып отырдық.
— Атысқан кім?.. — дедім.
— Біздің қызылəскерлер, — деді.
— Өзге жолдастар қайда? — дедім.
— Павловтар да осында, мына бөлмеде, — деді.
Бармақты шайнап отырдық.
Мылтық даусы басылды. Бірақ самбырлаған сөз, шабу, шаң-шұң
басылатын емес. Бəрінің бастығы Кучковский екпіндеп, самбырлап əмір
беріп жатыр. Біраздан соң ұрып, Байсейіт Əділұлын əкеп біз отырған жерге
сүңгітіп жіберді. Байсейітті қаланың шетінен ұстап əкелген екен.
Абдолланы айдап қуып жүріп, көп ұрған екен.
Сөйтіп біраз большевикті біз отырған үйге тығып болды. Көбі ұрылған.
Беттері, бастары қан. Əсіресе Катченконың беті көбірек қан...
Бəріміз бас қосқан соң, істің мəн-жайын көрген соң, бармақты шайнайшайнай отырдық. Елірген тобыр станицаның маңайын жынның
ойнағындай қылды. Станицаны айналып алған. Ес жоқ. Азан-қазан. Көбі
тамашаға жүргендер. Асыққан, жүгірген жаулар. Жиналған ат. Біреу
дүсірлеп атпен тұра қамшылап кетіп жатыр, келіп жатыр. Тамашаға
жиналғандардың кейбіреулері, ұсталған большевикті көріп, жығылған
үстіне жұдырық салып та қалады. Төніп келіп, біз отырған бөлменің
терезелерінен қарайды... Біреу терезені қағады. Қарадық. Қилыбай деген
қазақ шал. Құнжыңдап, қолын шошаңдатады. Не деп тұрғанына түсінбей,
қадала қарадым. Көзіне көзім түсті, бет-аузы, көзі жыны ұстаған
бақсыныкіндей.
Маған қарап, қарға тұяқ жұдырығын түйіп, бірдеме деп кіжінген тəрізді
болады. Терезеден о да бізге айбат шашқан болады. Сорлы!.. Сорлы!.. Не
шара бар? Бетіне қарап, тек: «бейшара, бейшара!..» –деп, басымды изедім.
Жəне біреулер келіп терезені қағып кіжінді. Басыбек деген саудагер
қазақтың баласы. Боқтайды. Əсіресе Бəкен мен Байсейіттің атын айтып
боқтайды. Басыбек баласының үйінде жүрген бір жалшы, ақысын бермеген
соң, Бəкенге келіп арыз береді екен. Бəкен мен Байсейіт Басыбек баласын
шақыртып алып, жалшыға табанда екі жүз сом алып береді екен.
Міне, енді саудагер, Басыбек баласы Байсейіт пен Бəкенді, олардың
жолдас совдепшілерін аясын ба!..
Сөйтіп, казак-орыс оп-оңай қаланы алды. Казак-орыстардың оп-оңай
Ақмоланы алғандығына осы күнге шейін жолдастар Совдептің төрағасы
Бачокты айыптайды. Айыптайтын себебі: Бачок ешкімге Ақмолада
болайын деп жатқан оқиға туралы біле-тұра хабар берген жоқ. Əуелі
Совдептің басқармасына да айтқан жоқ. Егерде уақытында қамданып,
большевиктер алдын ала казак-орыстар көтеріліс жасайтынын біліп
отырса, мұндай болмас еді. Совдептің тұтқынға алынғанына қарамай,
азғана қызылəскеріміздің штабы казак-орыстарға берілмей атыс қыла
бастағанда, тұтылған Бачокты казак-орыстар біздің штабқа алып барыпты.
Атысып жатқан қызылəскерді Бачок тоқтатыпты...
Бесін ауа бəрімізді қағазға тіркеп, жарақты казак-орыстар тысқа
шығарып, атты, жаяу айдап жүрді.
Əлі де қамалап шұбаған тобыр. Көше бойы таңырқап қараған халық.
Кейбіреулер қуанады. Бір казак-орыс кемпірі қақпасының алдында қарап
тұрып шоқынып жатыр. Бізге қарап қойып, түртініп: «Шүкір құдайға»
(«Слава богу!»)—дейді. Қуанатын, əрине, байлар, онсоң казак-орыстың
кемпір-шалдары.
Бізді айдап кеп, бір көшедегі күйген кірпіш сарайға қамады. Казакорыстардан есікке күзет тұрды. Кеше бұғып жүргендер қалаға ие болды.
Көбінде ес жоқ. Əсіресе казак пен татар байларында ес жоқ. Шəріп
Ялымұлы мас. Əңгіленіп алған. Қолында алтыатары бар. Біздің сарайға
талай келді.
Біз сарайға келген соң да, ұсталған бірен-саран большевиктерді əкеліп
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Тар Жол, Тайғақ Кешу - 14
  • Büleklär
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3972
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2013
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3904
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1996
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3838
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1924
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3608
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1776
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3648
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2033
    30.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3435
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1828
    26.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3557
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1757
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3681
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1933
    32.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2117
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3724
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2085
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3813
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2056
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3568
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1808
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3623
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1869
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3682
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1929
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3821
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2006
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3799
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1969
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3530
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1883
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3815
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1901
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3875
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2023
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3749
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1788
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3954
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1853
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3804
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1970
    32.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3889
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1937
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3923
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3921
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2114
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3963
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2044
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3985
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1960
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3722
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1980
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 3755
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2084
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3587
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2183
    28.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 2577
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1633
    25.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.