Latin Common Turkic

Тар Жол, Тайғақ Кешу - 16

Süzlärneñ gomumi sanı 3799
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1969
34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
қарауылда тəуірлеу солдат тұрғанда, аяңдап өтіп бара жатқан
жақынымызбен сөз қатысып та қаламыз...
Бір күніміз бір күнімізге ұқсайды. Уақыт өтпейді. Тіпті ақырын
жылжиды. Шикі піскен наннан жасаған дойбы, шахмат ойнаймыз. Əңгіме
сөйлейміз. Кей уақытта бірімізді-біріміз қажап, ойнап та қоямыз.
Мен терезеден көп қараймын... Күн сайын болмаса да, əлгі шашына
қызыл лента таққан қыз бала терезе тұсынан қарап өтіп жүреді. Ақырын
бас изеп амандасамыз. Күн сайын балапандарын шұбатып, терезенің
тұсындағы ойпаң көгалға ақ қаз өтеді. Əуелдегі жұмыртқадан жаңа шыққан
шүйкедей сарыүрпек балапандар енді үлкейіп, темірқанат болып қалды...
Дегенмен күн жылжып өтіп барады...Тұтқындарды қозғап, бір бөлмеден бір
бөлмеге ауыстыра береді. Терезесі тысқа қарамаған бөлмеге кіргізгенде,
дүниеде бос жүрген жанды көзбен де көре алмай қалғандықтан, тіпті ауыр
қапаланамыз...
Бір күні Байсейіттің туғандары жəрдем сұрап «Алашордаға»
телеграмма соғыпты. Өйткені «Алашорданың» Мұқаметжан Тынышпайұлы
мен Серікбай Ақайұлы Түркістаннан Ақмола уезінің шетін басып Семейге
қашып бара жатқандарында, Байсейіт кез болып, шығарып салған еді ғой.
Міне, енді қысылғанда сол «Алашорда» отағасыдан «жақсылыққа —
жақсылық» сұрапты. Осылай қылғандарын түрмедегі бізге білдірді. Біз
«Қайтер екен?..» — деп отырдық. Байсейіт едəуір үмітті болып отырды.
Бір күні терезеден қарап отыр едік. Байсейіттің бір кішкене інісі
терезенің тұсынан қарап, анадайдан жүгіріп өтті. Біз қарай қалдық. Бала
біздің қарай қалғанымызды көріп, өз бетімен өтіп бара жатқан балаша
жүгіріп, бізге қарамай, алдына қарап дауыстады.
— Əй, əй!.. Сүйінші!.. Бəкем босанатын болды... — деді.
Ананың қулығына түсіне қалдық. «Байсейіт босанады екен» деп
қуаныстық. Біраздан соң терезенің анадай тұсынан Байсейіттің келіншегі,
қайын енесі жəне де түрмеге біраз отырып шыққан қайын атасы Наурызбай
фельдшер, əлгі бала, бəрі бірге өтті. Бəрінің беттері жадырап, гүл-гүл
жайнап қуанған. Атасы Наурызбай бөркін қолына алған. Терезеден қарап
тұрған бізге ишарат қылып, Наурызбай бөркін бір-ақ бұлғады...
«Алашорда» Тынышпайұлынан, Ақайұлынан «Байсейітті босатсаңыз
екен...» деген телеграмма келген екен...
Бірақ онымен Байсейітті босатпады.
Біраз уақыт өтті. Біз түрмеге түскеннен кейін жұмыртқадан шыққан,
əлгі шүйкедей үрпек қаз балапандары енді құс болып ұшып кетті.
Түрменің тəртібі бұрынғыдан гөрі тəуірлеу болды. Əрине, өйткенімен
қарауылға келген кейбір офицерлер, түрменің кейбір ұлықтары зекіріп
қояды. Кейде тіпті нағыз хайуандық сөздерді шығарып қояды. Боқтайды,
сөгеді. Бір күні күндегідей таңертең біздің бөлмені ашып, ішкі қамау қораға
шығарды. Қораның ішінде бір жолдас екеуміз шұңқырмен суық су алып,
бетімізді шайып тұрдық. Мен аяғымдағы темір шынжырдың тілерсектегі
шеңберін балтырыма сырып қойып тұр едім. Түрме бастығының Фролов
деген орынбасары жанымыздан өтіп бара жатты. Ашаң, мұртты, аққұба
жігіт еді. Бір жақ бетінің жалпақ қып-қызыл теңбіл қалы бар еді. Түрмедегі
қазақтар оны «қалды бет» деуші еді. Орыстар «краснощекий» деуші еді.
«Қалды бет» (Фролов) тұра қалып маған қарап, қасымызға келді. Маған
зекіреді:
— Шынжырды өстіп сала ма екен?.. Əлі шынжыр салуын білмейсің!..
«Арестант» дейді сендерді!.. (Не умеешь кандалы носить! Еше арестантом
называешься!) — деді.
Бұған не дерсің!..
Шілде өтті. Егін алатын уақыт болды. Түрмеге сырттан ас келіп тұрады.
Қалай болғанмен түрменің ішкі тəртібі бұрынғыдан едəуір жөндемді
болды.
Түрмеде өз əлінше əр түрлі оқиғалар болады. Кейбір оқиғалары бұл
күнге шейін ап-айқын есте.
Бір бөлмеден бізді бір бөлмеге көшіріп, түрменің жеті-сегіз бөлмесін
көрсетті («Біз» дегенім қазақ жігіттері).
Тұтқындарды екшеп-екшеп, елу шамалы адамды «большевиктің
түзелмейтіндері» деп жатқызып қойды. Бұлардың ішінде қазақтан сегізтоғызбыз. Түрмедегілерді бір бөлмеден бір бөлмеге көшіре бергенде, шама
келгенше қазақ жігіттері «бір қос» боламыз. Терезесі сыртқа қараған бөлме
тура келгенде, төрт қырлы темірмен торлаған терезенің үйге ауа кіргізетін
ашық көзінен көшеге телміріп қарап тұрамыз. Түрменің көшесінен əлі де
достарымыз, туғандарымыз өтіп жүреді. Ақырын аяңдап, салбырап, көздері
мөлтілдеп, терезенің тесігіне қадалып қарап өтеді. Біздің бас изеп
амандасқанымызға мұңайып, жай ғана иектерін көтеріп амандасады. Кей
уақыттарда бір танымайтын адамдар да қарап, амандасып кетеді. Кімнің
шын дос, кімнің шын қас екені тар жол, тайғақ кешуде ғана мəлім болды.
Достар түрменің көшесінен темірмен торлаған қара терезеге телміріп
талай қарап өтісті. Қырдан келген Ақшал, Ұйтқыбектер, біздің əкеймен
бірге жабырқап, телміріп амандасып талай өтті. Өзге қазақ жігіттерінің де
туғандары, дос-жарлары түрменің көшесінен өтіп жатады. Орыс
жолдастардың туғандары терезенің алдынан күн сайын өтіп жатады.
Əсіресе түрмедегілердің қатындары: олардың ішінде Павловтың қатыны.
Біздің қазақтан Абдолланың келіншегі дамыл алмады. Құсайын мен
Байсейіттің келіншегі дамыл алмай ас тасы. Абдолланың келіншегі Бану
ешкімнің
есінде
жоқ
амалдармен
түрменің
бастықтарына,
бақылаушыларына сездірмей бізге хатпен ылғи хабар жазып тұрады.
Бану бір жапырақ қағазға орап, бір қайнатым шай жібереді. Шайды
ашып түрменің бақылаушысы қағазын көріп, жазусыз ақ қағаз болған соң
тимей, қайтадан шайды орап бізге жібереді. Біз шайды алып, шай ораған
төрт бұрышты қағазды суға малып алсақ, бадырайып ақ қағазға жазу
түседі. Шүпірлесіп оқып, хабарға кенеліп қаламыз.
Бану біздің көйлегімізді жуғызып жібереді. Көйлекті кисек бір жеңінің
түймесі жоқ. Əуелі жең түймесінің жоқ екенін білмей, жеңді түймелеуге
түйменің орнын іздеп, сипалап қараймыз. Қарындашпен ұп-ұсақ қылып
түйме орнына жазған төрт əріпке көзіміз түседі.
Төрт əріп — «қара» деген сөз.
Көйлек жең үшінің қабаттарын, иініштің қабаттарын сөгіп жіберіп
қарасақ, ұп-ұсақ машық қылып жазған Банудың жіберген хабарларын
тауып аламыз.
Бұл үлкен жақсы болып тұрды. Өйткені түрмеге келіп бізбен жолығуға
ешкімге рұқсат қылмайды. Есебін тауып, қоймай сұрағандарды ғана,
ұлықтардың «рақымдары» түскенде ғана түрменің ішіне кіргізіп,
бақылаушының көзінше бес-он минутке жолықтырады. Қазақта
Жұмабайдың əкесін түрмеге кіргізіп, Жұмабаймен бес-алты минут
сөйлестіргенін білемін. Омбыдан оқудан қайтқан кезінде, айт уақытында
Гүлшарап деген қызды түрмеге енгізіп, бес минуттей менімен
сөйлестіргенін білемін (Түрмедегілердің түрлерінің өзгергендігі сонша,
Гүлшарап алғашқыда мені анадайдан таныңқырамай қалды).
Орыс əйелдерінен тұтқындарға хабарды көп тасып, көп қызмет қылған
Павловтың қатыны. Бұл кісінің тапқыштығы, қулығы жұрттың бəрінен де
асты... Бір күні мынандай бір хабар берді.
Хабарында: «Сендерге өлім жазасы болатын-болмайтыны бір-екі күннің
ішінде мəлім болады. Егерде хабар жаман болса, мен түрменің жанынан
өткенімде басымдағы орамал қара болар. Хабар жақсы болса, басымдағы
орамал қызыл болар», — депті.
Біз отырған кішкентай бөлмеміздің терезесі ол уақытта ішке қараған
еді.
Бір күні «түрмеге Павловтың қатыны кірді!..»—деген сөз
бөлмедегілерді елеңдете қалды... Мен терезеден қарап, анда-санда біренсаран келген адамдарды тұтқындармен жолықтыруға кіргізетін қуыстың
есігін аңдып тұрдым. Лезде Павловтың қатыны қайта шыға келді. Үстібасына киген киімдерінің бəрі теп-тегіс қап-қара!.. Əйелдің соңынан
шынжырын сылдыратып Павлов шыға келді. Қасында бақылаушы. Əйел
бұрыла беріп, қайырылып, бақылаушының көзінше Павловты жылдам
құшақтай алып сүйіп алды да, көзінің жасын моншақтай домалатып, төгіптөгіп жіберіп, жылап жүре берді... Əйелдің көз жасын көріп, жүрекке шоқ
түскендей болды.
Қара киімді көріп, «енді жұмыс шындап-ақ біткен екен!» — дедім.
Жолдастарға айттым. Жолдастар да: «Жұмыс енді біткені ғой...» —
десті.
Есік ашылған кезде Павловтан сұрасақ, бір баласы өлген соң əйелі қара
киім киініп келіп, соның хабарын беріп кеткен екен.
Саясат туралы, біздің жұмыстарымыз туралы жазбай, ашық қылып жай
шаруа туралы жазса, бізге бір кезде түрменің бастығы хат та өткізетін
болған.
Бір күні бізге Омбыдан бір ашық хат келді. Хатты Омбыда оқып жатқан
Жанайдар Садуақасұлы жазыпты. Хатты орысша былай деп жазған:
«...Вахтча Укметов болен туберкулезом. Хирурги отказываются лечить.
Улькенбек Сабитов выздаравливает. Благополучно приехал. Днче.
Жанайдар »
Бұл орысша жазған ашық хаттың қазақшасы мынау:
«Уақытша үкімет баласы науқас: күрт ауру. Тəуіптер «жаза алмаймыз»
дейді. Үлкенбек Сəбит баласы сауығып келеді. Аман-есен келдік. Дінше.
Жанайдар»
Хатты оқып, əжептəуір қуанып, көтеріліп қалдық. Хабарды орыс
жолдастарға да беріп қалдық.
Бұл жұмбақтау хаттың шешуі мынау еді:
Ақтардың уақытша үкіметі нашарлауға айналды. Күші азайды. Жұрт
теріс қарай бастады. Большевиктердің кеңесі — Совет өкіметі оңалып
күшейе бастады... — деп Жанайдар қол қойған.
Ал хаттың соңында «Чита жақтағы атаман Семеновке қарсы фронтынан
аман-есен қайтып келдім»,—деп Дінмұқамбет жазған.
Түрмеде, таршылықта, əрбір жылы хабар кісіге рух береді. Достық
ниетін білдірген адам тұтқынға үлкен күш-қуат береді. Достың — достығы,
қастың — қастығы, адамның адамшылық жəне түрлі хайуаншылық
мінездері тар жол, тайғақ кешуде ғана анық білінеді екен. Бұрын, біз күшті
болып жүрген уақытта, дос болып көрініп, жылмаңдап жүрген адам
суретіндегі талай пасықтар басқа қиыншылық түскенде жондарын көрсетті.
Кейбіреулері достық орнына жығылған үстімізге жұдырық та салды.
Қазақтың: «дос аз, дұшпан көп...» деген ескі қағидасы осындай тар жол,
тайғақ кешуде айқын көрінеді екен.
Қанша жолдас болып көрініп, жақсы болып көрініп жүрген адамдарды,
қанша уақыт бір қауымда, бірге қызмет қылып жүрсе де, кісі анықтап
білмейді екен. Мұның бəрін айдан айқын сол төңкерісте көрдік. Біреуді
біреу кеңшіліктегі білуімен «пəленді мен білем» деп айтуға болмайды екен.
Адамның шын пиғылдары, шын жаратылысы қиыншылықта ғана анық
білінеді екен. Азаматты шындап сынағың келсе тар жолда ғана көру керек
екен.
Кеңшілікте бұрын «жақсы» деп жүрген талай кісінің тар жолда
адамшылығы жоқ болып шығуы мүмкін екен. Жəне бұрын, жайшылықта
«жаман адам» деп жүрген талай адамдар тар жолда өте жақсы болып
шығуы мүмкін екен.
Кеңшілікте кеудесін соғып, «мен, мен...» деп, көкіп жүрген адамдарды
тар жолда, ұлы сында көру керек екен.
Оған мысал мынау:
Ақмолада Октябрь төңкерісінің қарсаңында бола бастаған митингжиылыстарда бір орта бойлы, қоңыр сақалды, қоңыр мұрт. Бачок деген кісі
шығатын. «Екібастұз заводының жұмыскерімін», — дейтін. Өзі сөйлемпаз,
үстінде киімдері жаман, «1905 жылдың революциясына қатысқанмын», —
дейтін.
Міне, осы Бачок Ақмоланың жас большевиктеріне бас болған.
Ақырында, біз оны Ақмоланың Совдепіне бастық қылғамыз... «Бұрын
левый эсер едім, енді большевик болдым...» — дейтін.
Ақмолада бұрын большевик партиясы жоқ болған соң, сол Совдеп
жасаудың алдында, Ақмоланың уездік начальнигінің мекемесінде ең
бірінші большевик ұйымын — орысы бар, қазағы бар, — біз ашқамыз.
Большевиктердің бастығы болып жүрген Бачок жəне бізге бір үлкен ер
көрініп жүрген Бачок Ақмоланың Совдепін контрреволюционерлерге босқа
бергізді. Совдепке қарсы көтеріліс болайын деп жатқанын Совдептің
жалпы мүшелері түгіл, президиумның мүшелері бізге де хабар қылған жоқ.
Өзі ең алдымен қолға түсіп, атыса бастаған қызыл əскерге «атпа» деп
бұйрық қылып, тоқтатты.
Ал онан соң түрмеге түсіп, аяғына темір шынжыр киілгеннен кейін:
— Мен левый эсермін. Мен большевик емеспін ғой... — деген əнге
басты!..
Жалғыз Бачок емес, Ақмолада кеңсе қызметкерлері ұйымының өкілі
болып, кеудесін қағып, Совдептің президиумына кіріп жүрген бір кісі бар
еді. Контрреволюция жеңіп, Совет үкіметінің адамдарын ұстап қамап
жатқанда, о да тұтқынға алынған. Бұл кісіні тұтқынға алып айдап, казакорыстың станицасына əкелгенде, тұтқында отырған большевиктерді
боқтап, «мен большевик емеспін!»—деп жылап, босанып кетті.
Онсоң біз көп сырларын білмейтін, бірақ үлкен əлеуметшіл Петракеев
деген ерлі-байлы кісілер бар еді. Бұлар Совдепте болған жоқ еді. Ақтар
абақтыға бұларды да бізбен бірдей қылып, қамап қойған еді. Бұлар нағыз
ер азаматтар болып шықты.
Түрмеде, алғашқы қысталаң уақытта, тағы да кейбір жігіттердің өте
нашарлықтары білгіші. Бір күні Байсейіт осы айтылған жаман қулықтары
көрінген адамдарға қарап отырып тарықты.
— «Ойпырым-ай, мыналар ішімізде жүріп істің тізгінін ұстасып
жүргенде, бізді не қылып жер жұтып кетпеген!.. Қайта, үш-төрт ай құламай
отырыппыз-ау!.. Ойпырым-ау, бұлар кімді оңдырсын!..» — деп тарығып,
басын шайқады.
Байсейіттің кейіп айтқан осы сөзін қазірге шейін ұмытпаймын.
Жайшылықта сырттан жап-жақсы болып жүрген кейбір адамдардың тар
жерде ғана нағыз, шын қулықтарының қандай екендігі айқын көрініп
шығады екен. Неше түрлі лас, жеркеніш мінездер, неше түрлі төмен,
уақтық қылықтар үлкен сын, қиын өткелдерде білінеді екен. Мəселен,
осындай ретпен өзге жолдастардың көбіне-ақ сүйкімсіздіктері білінген
Вязов деген мен Баландин деген еді. Біз бұлардың нашар мінездерін əңгіме
қылғанда, күйгелек Байсейіт шыдамай айтып салатын еді.
Отырған бөлмеміздің бір бұрышында бір күні Вязов бір-екі жолдасқа
бірдемені айтып, құнжындап сөйлеп отырды. Бөлмеде жиырмадан аса адам
бар еді. Түрменің тақтай сəкісі жоқ. Жолдастар тас еденде шөп салған
қапшықтарға сүйеніп, жағалай, екіден-үштен сөйлесіп отыратын не
жататын. Бұрышта біреулерге сөз сөйлеп, қоймай. Вязов құнжыңдап
отырды. Қарсы бұрышта Байсейіт күйгелектеніп, оны жақтырмай, бізге
қарап, қабағын тыржитып отырды.
— Əй, анау не былшылдап отыр?.. Əй, анау былшылын неге қоймайды!
— деп отырды. Вязов сөйлей берді.
Байсейіт шыдамай, Вязовты шақырды.
Вязов:
— Немене!?
Байсейіт шақырды, қоймады. Вязов Байсейіттің қасына келді.
— Немене? — деді.
Байсейіт Вязовтың бетіне қадалып қарап тұрып:
— Неге сен ақымақсың? Почему ты дурак? — деді.
Əрине, Вязов ашуланды.
— Бұл не дегенің, бұл не сөзің? — деп, Байсейітке қадалды. Байсейіт
жауап бермеді. Енді Вязовқа қарамады.
— Басқа айтар ештеңем жоқ! — деп жата кетті. Орысша «Больше
нечего!» Байсейіттің осынысын өмірімде ұмытпайтын шығармын. Мұны
жолдастар да ұмытпаған шығар. Сол үлкен сында, тар жол, тайғақ кешуде
шын қасиетті адамдардың жаратылыстары айқын көрінеді екен.
Мəселен: Катченко, Олейников, Богомолов, Авдеев, Монин, Шапран,
Трофимов, Грязнов, Мартылого, Павлов, Котов, Анапченко, Кондратьева,
Кременский, Афанасьев жəне əлгі ерлі-байлы Петракеевтер, тағы да басқа
талай жолдастар шын еңбекші тап азаматтары екендіктерін көрсетті. Жəне
еңбекші тап азаматтары екендігін біздің іріктеліп шыққан қазақ-ноғай
жолдастар да көрсетті. Олардың есімдері белгілі. Іріктеліп шыққан қазақноғай жігіттерінен «ши» шыққандарын білмеймін. (Əрине, іріктеліп
шыққандарынан ғана «ши» шықпады.)
Жоғарыда айтылған орыс, қазақ, ноғай жігіттерінің анық кім
екендіктері сол тар жолда ғана анық білінді.
Бұлар ұлы сыннан, ұлы өткелден жығылмай бір өтті. Əрине, тұрмыстың
ұзақ жолында жөнінен адасып, əркім-ақ сүрініп жығылуға мүмкін. Əрине,
тіршіліктің талқысында талайлар əр түрлі себеппен құлқы өзгеріп, жаман
құлықты болып кетуге де мүмкін.
Үлкен сыннан өтпеген адамның «мен пəлендеймін» дегеніне онша нана
қою бекер.
Ниетің «не өлу, не жеңу...» болып жаумен майдандасқанда, не
майдандасқан жаудың қолына түсіп, жаудың темір торлы тас қамауында
отырғанда, қол-аяғың темір шынжырда болып, жаның қылышыңның
қырында болса ғана, яки осы тəрізді ұлы сында болса ғана, қандай жігіт
екенін білінеді. Əйтпесе, өзіңді-өзің қандай адамсысаң да, қандай жігіт
екеніңді бекітіп айту қиын.
«Батырсыған жігітті жау келгенде көреміз, шешенсіген жігітті дау
келгенде көреміз!..» деген қариялардың сөздері тұрмыстың көп сынынан
өткен, дұрыс сөз.
Түрменің картоп, капуста еккен бақшасына кейбір жолдастарды
жұмысқа апара бастады.
Бақша қаланың шетінде, Есіл өзенінің жағасында. Енді барлық
тұтқындардың жақындары түрме бақшасын аңдитын болды. Бақша
жұмысына барған жолдастарға келіп, бəрі жолығып, тілдесіп тұратын
болды. Бақша арқылы қатынас үлкен жақсы болды.
Бақшаға жұмыс қылуға түрменің бастықтарына жаққан, не пара берген
тұтқындарды ғана апарады. Əрине, қол-аяғында шынжыры жоқтарды ғана
апарады. Шынжырлылардан апарғысы келсе, шынжырын алып тастап
апарады. Қазақтан бақша жұмысына ең алдымен Құсайынды апарды.
Сонан соң Байсейітті, онан соң Жұмабайды апарды. Орыстан Бачок, Вязов,
Павлов, Трофимов, Олейников, Кременский, Пьянковский, тағы
басқаларды апарды. Жарық дүниеге шығып, бұларға жақсы болды. Бақшаға
келген жақындарымызбен жолығып сөйлесіп, бізге айтып келеді.
Сол уақытта Ақмолаға оба ауруы келді. Қырдан келіп жүрген
Байсейіттің əкесі обадан өлді. Байсейіттің əкесі ауырып қалды деп, бүгін
бізге хабар келіп, бақшаға жұмысқа кеткен Байсейіт түрменің
ұлықтарының аузына ақша тығып, бір бақылаушымен бақшадан қайтпай
қалды.
Біз терезесі түрменің ішкі қорасына қараған бөлмесінде едік. Ертеңінде
күн шығып келе жатқанда, мен тұрып, терезенің тор темірінен ұстап, ашық
көзінен қарап отырдым. Түрменің қорасына бір бақылаушымен Байсейіт
кірді. Байсейіт келіп, мен қарап отырған терезенің түбіне сүйене кетті...
— Сəкен... Менің əкем өліп қалды... — деп ақырын жылап жіберді.
Менің де көзімнен жас шықты. Түрмеге келгелі тас болып қалған көңілден,
қатып қалған көзден кек қайнаған жүрек елжіреп еріксіз жас шығарды.
Бақшаға жұмысқа баратын жолдастар арқылы, өзгеміз де жұмысқа
шығуды қарастырдық.
Құсайын начальникпен «дос» болып алды. Кейде бақшаға қонып
қалатын болды. Бір қонғанда Сербовты жəне гарнизон бастығын қонақ
қылыпты. Қаланың тағдыры, біздің тағдырымыз бұлардың қолында
болғандықтан, содан кейін бұлар Құсайынды екі-үш күннің ішінде
түрмеден босатты.
Құсайын мен Байсейіттің түрме бастығына сый ретінде алып берген
арағының арқасында, Жұмабайлардан соң бақшаға Абдолланы апарды.
Бақшада түрменің бастығын тұтқындар түрлі сыймен сыйлайтын
болды. Түрмеге қайтқанда айта келеді. Жұмысқа шығаратындардан əуелі
шынжырын алады.
Бір күні менің де шынжырымды алды... Ертеңінде мені де жұмысқа
апарды... аяқ бауын алып жіберген сұңқардай көшеге шықтық. Бостандық
жат тəрізді. Тысқа шығып, кең дүниені, еркімен қыбырлаған тіршілікті
көріп, дүниеге жаңа ғана келгендей болдым... Қалада қыбырлап жүрген
жанның бəрі де маған бір түрлі жат тəрізді... Қаланың шетімен айдап
бақшаға апарды. Уақыт күзге салым кез. Жанға жайлы, күншуақ жылы
қоңыр еді. Жер мен көк сыры кетсе де сыны кетпеген сұлудай еді. Түрменің
бақшасына келіп отырдық... Бақша қаланың жанында. Есіл өзенінің
жағасында. Уақыт түс мезгілі еді. Бақша ағаштарының жапырақтары əлі
көк. Бірақ кейбір ағаштардың əсіресе терек ағаштардың жапырақтары
кəрілік таянған адамдардың бурыл тартқан шашындай шалғырттанып
сарғая бастаған. Бақшаның іші күншуақ. Кішкентай майда жел ағаштардың
жапырақтарын желбіретіп ойнатады. Желмен жыбырласып ойнаған көп
жапырақтың ішінсн ертерек өмірі біткен, сарғайып қуарып сөнген
жапырақтар ақырындап үзіліп жерге түседі. Бақшаның шетіне қыранға
шығып, жан-жаққа қарасаң, қиырсыз кең, көлбеп барып аспанмен
құшақтасқан ен дала көрінеді. Бақшаның іші сағат сайын тұтқындарға күш
береді. Қан азайып, əл кетіп, семген тəннің тамыр-тамырларының қаны
лыпылдап сағат сайын күшейеді. Үш ай жаз бойы ауыр халде,
шынжырланып сасық, тар қапаста отырып азап тартып, енді мына бақшаға
шыққан тұтқындар қымыздай қуатты, күмістей таза ауадан дем алып,
жадырап мас болған тəрізді. Бақша қаланың жанында. Есіл өзенінің
жағасында. Қолдарымызға күрек, шот алып, сыбанып, көйлекшең
бақшаның жағасында ор қазуға даярландық...
Əуелі бақшаны араладық. Күзетші — түрменің қызметкерлері.
Жан-жаққа, қалаға, əсіресе ел жаққа, далаға қарауымыз көп. Жан-жақта
қыбырлап, өз бетімен кетіп бара жатқан, өтіп бара жатқан адамдар көрінеді.
Жан-жаққа қарап тұрып, дəл түнеугі күнгі терезеден көргендей, жаман
сынық ағаш арбаға өгіз жегіп, арбасына тезек артып, өзі жаяулап қыбырлап
бара жатқан қазақты көрдім. Жəне бірен-саран асықпай салт кетіп бара
жатқан қазақты көрдім. Ат жеккен қорапты арбасымен жортып бара жатқан
қала адамдарын көрдім. Бірен-саран қырдан келген түйелі қазақтарды
көрдім. Міне, осының бəрін көріп тұрған тұтқын тіршіліктің не екенін,
бостандықтың не екенін анадан туғалы жаңа ғана білгендей болады.
Қапасты көрмеген адам бостандықтың қадірін біледі деп ойлауға тіпті
болмайды.
Міне, сондағы түрме бақшасының түрі жəне көңілге берген əсерлері
осындай еді.
Бақшаның шетіне, қыран жағына шығып тұрдым. Оңтүстікке, ел жаққа
қарап тұрдым. «Тұтқыннан қашып кетсем, анау қиырсыз кең еркін далаға
сіңіп кетсем... анау түйелі қазақтармен бірге кетсем, не анау ағаш арбаға
өгіз жеккен қазақпен бірге кетсем... бостандықты, елді енді бір көрсем!..»—
деген тілек көкірекке сыймайды.
Бозарып солған тұтқындардың беттеріне қызарып қан жүгірді. Əр
тұтқынның көзінің түбіне тұнған ауыр бейнеттің көлеңкесі кетіп, жанары
жайнап, үміт сəулесі жанған тəрізденді. Кешікпей туғандарымыз,
достарымыз келді. Елден келіп жатқан біздің əкей де келді. Сөйлесіп
кенелдік те қалдық.
Бақшада жұмыс қылу бізге ұжмақтан кем болмады. Бақшадағы қазып
алып жинап жатқан картопиядан жəне басқа да «шөп-шаламдардан» турап
салып, қаладан ет алғызып, бақырға бақшада сорпа істедік. Бақшада
бақырға пісірген еттің дəмі балдай...
Бақшаға бəрімізді күн сайын апармайды. Ауыстырып кезек-кезек
апарады. Үш-төрт күн кейбіреулерімізді апармай да қояды. Бір күні көп
жолдастарды конвоймен моншаға апарды. Мен де бардым. Көше бойы
халыққа сыймай кетті. Көбі тұтқындардың жақындары. Арасында біздің
əкей де жүр. Моншаның сыртқы есігінде əкеймен амандасып, тез сөз
қатыстық. Əкей сол жерде қош айтысты, енді елге қайтпақ болды.
Бақша жұмысына барып жүрміз. Үкіметтің істеп жатқан істері қандай
екенін, жүргізіп жатқан саясаты қандай екенін, халықтың көзқарасы қандай
екенін əбден анықтап білдік. Бақшаға барғанда, бақшадан қайтып келе
жатқанда, жолшыбай қалыс адамдардан да бізге жолығушылар көп болды.
Бəрі де ақ казак-орыс үкіметіне наразылықтарын білдіреді. Бізге достарын
білдіреді. Қасымыздағы бақылаушылар дəл сол жерде жуас болды.
Қасымызға келіп-кеткендерге үндемейтін болды. Келіп жолығып кетіп
жүргендердің кейбіреулері тек қолымызды ұстап, қысып кетеді.
Кейбіреулері тек амандасып кетеді.
Казак-орыстар көтеріліс жасаған күнгі — Совдеп құлаған күнгі
надандардың көбінің еліргендігі басылып, енді əбден естері кіріпті. Аз
уақытта казак-орыстың тепкісін көргендер Совдепті ойлай бастапты.
Ақмолада « Алашорданың» уездік үкіметін ашыпты. Үкіметтің басында
отырғандар, əлгі большевиктерді тергеген комиссиядағы Мəнтен молда.
Тəшти сəудегер, Олжабай болыс, Төлебай тілмаш, Нұралиндер, Түсіп
докторлар — бұлар казак-орыстың шоқпары екендігін бұқара халық əбден
айқын көріпті. Нашарлар байларға сөз айта алмайтын болыпты. Болыстар,
саудагерлер, молдалар əбден ұяттан, ардан кетіпті. Бұлар «Алашордамыз»
деп, қоразша қоқырайып алыпты. «Нашар теңдігі», «əйел бостандығы»
деген сөзді мазақ қылып, жерге таптапты. «Алашорда» отағасының
босағасын көрген сорлылар Совдепті жоқтайтын болыпты.
Бір күні түрменің бақшасынан он бес, жиырма кісі тұтқын жұмыстан
қайтып келе жаттық. Бізді жұмысқа алып барып қайтатын түрменің
мылтық тағынған бақылаушылары артымызда, қасымызда. Күн сайын бізді
ерте тұрғызып, əр бөлмеден жинап, қатарлап тізіп, айдап түрме бақшасына
апаратын. Жұмысқа барғанда, қайтқанда қаланың «Славодка» деген шет
жағын аралап өтетінбіз. Міне, сөйтіп, жұмыстан бір күні тізіліп қайтып
келе жатыр едік... «Славодканың» бір кішкентай, жапырайған пəтерінің
алдында бір қазақтың əйелі шығып тұр екен. Қабағы қатқан. Бетінде қан
жоқ. Жанына ауыр қайғы батқан тəрізді. Бізге қарап тұрды. Біз оннан аса
орыс, екі-үш қазақ əлгі əйелдің жанынан өте бергенімізде, əйел бізге қарап
тұрып, қолын кеудесіне қойып сəлем берді. Əйелдің қайғылы жүзі əлі күні
есімде!..
Тағы бір-екі рет мұңды əйел бізге сөйтіп сəлем беріп қалды.
«Алашорда» отағасының босағасын көрген əйел екендігінде шегім
болған жоқ... Сөйтіп, түрме бақшасына жұмысқа барып жүрдік. Жарық
дүниені көріп, көңіл шіркін бостандыққа талпынды. Жолдастың бəрі де
сарғайды. Бəрі де сағынды. Бостандықты қаттырақ сағынған əсіресе қазақ
жігіттері, оның ішінде Байсейіт екеуіміз...
«Қашу деген қиял өте күшейді. Қашудың барлық жобасы көз алдыма
елестейді. Байсейіт екеуміз сөйлесіп, сөзді бекітіп, жастарға айттық. Жоба
мынандай: Бəрімізге қазақша киім алдыру. Туғандарымызға, достарымызға
қашу шартын айту. Сөз байлау.
Бақша Есіл өзенінің жағасында. Өзеннің бойында, жиырма қадамдай
бергі жағасында, бақшаға таяу, бір нашар қазақ тұратын жер үй бар. Бұл
қазақтың баласы Айтжан деген бала бізбен дос. Өзі — біздің «Жас
қазақтың» мүшесі. Біздің ойымызша: «Сол үйде ар жағынан бізге
даярланған салт аттар дайын болып тұрса, біз күзетшінің көзі тайған
уақытта ептеп, бақшаның таса, ойпаң жерлерімен жүріп отырып сол үйге
барып, даяр тұрған салт аттарға міне сала жөнелсек жəне біз қашпас бұрын
қырдан келіп жатқан туғандарымыз елге қайтып кетуі керек, əйтпесе
оларды ұстап алады», — дейміз.
Байсейіт екеуміз бұл сөзді жолдастарға айттық. Жолдастар қарсы
болды.
Бақшаның шетіндегі орды қазған болып, күншуақта сөйлесіп отыр едік.
Байсейіт екеуміздің қашайық дегенімізге Бəкен, Абдоллалар көнбеді.
Өзенді айналып, бақшаға келе жатқан бір-екі атты, бір арбалы кісілерді
кердік... Тани қалдық. Бізге келе жатқан жолдастардың туғандары екен.
Бақылаушылар алыстан қарап, бақшада жүреді. Келген кісілерге ештеңе
демейді. Келді. Амандасып, сөйлесіп отырдық. Бақылаушы қасымызға
келіп, анандай тұрды. Біраздан соң салт атпен Құсайын келді. Амандастық,
күлістік. Құсайын аттан түсіп, қасымызға отырды. Əңгіме сұрап жатырмыз.
Біраз əңгіменің ішінде Құсекең өзінің түрмеден босанып шыққан бір
лажын айтты. Ол қайласы мынау:
Құсекең түрменің бақшасына жұмыс қылуға ең алдымен шыққандармен
бірге шыққан. Құсекең жұмыста жүргенде, өзгелерден көп еркін жүретін.
Жəне бақшада жүргенде түрменің бастығын «сыйлап», онымен жақын
достау болатын. Құсекең «досы» арқылы бір күні кешке бақшаға шатыр
тігіп, Ақмоланың тағдырын ұстап отырған үш əкімді қонаққа шақырған.
Қымыз алғызып, арақ алғызып, қой алғызып сойған. Өзі сол кеште бақшаға
қонып қалып, қонақтарын — гарнизонның бастығын, Сербовты, түрменің
бастығын — бəрін сыйлаған. Құсекеңнің өзі ас əзірлеп, тік тұрып,
«құрметті» қонақтарының алдында қызмет қылған.
Міне, сол арада «құрметті» қонақтары ішіп-жеп қызып, есіре бастапты.
Бір мезгілде шатырдың ішінде қызып отырып, «большевиктерді тергеу
жəне жою» комиссиясының төрағасы Сербов шатырдың есігінде тұрған
Құсайынға:
— Ей, большевик, кел, сен де арақ ішіп жіберші! — депті.
Құсекең:
— Рақмет, пожалуйста!.. Спасибо!.. Өздеріңіз іше беріңіздер! Meн
сіздерге қызмет қылсам болады. Бірақ сіздерден бір сұрайтыным: мені
«большевик» демесеңіздер екен. Большевик десеңіздер маған ауыр тиеді.
Онда мені жəбірлеген боласыздар... — депті.
Сербов пен гарнизон бастығы:
— Е, сен большевик емессің бе? — депті.
Сол арада Құсайын:
— Мен большевик емес едім, мен босқа күйіп отырмын... — деп,
тұтқындардың тағдыры қолдарында тұрған «ұлықтардың» алдында
сөйленіпті-ай кеп, сөйленіпті...
Сербов пен гарнизонның бастығы:
— Ендеше мұны тексеру керек екен... — деп Құсайынды бірге
отырғызып, арақ ішкізіпті.
Біраздан соң Сербов бір жерге барып келуге кетіпті. Гарнизон бастығы
мен Құсайын, түрменің бастығы үшеуі оңаша қалғанда Құсайын өзінің
құмалақшы, «балгер» екенін білдіріпті.
Құсайынның балгер екенін білген соң гарнизонның бастығы жас жігіт
қуанып ұстай алыпты:
— Жақсы болды ғой, кəнеки, маған қазір бал ашып берші, — депті.
Құсайын сол жерде дереу қалтасынан шүберекке түйген құмалағын
суырып алыпты. Шатырдың ішінде үстелге жайып салып, құмалақты
тартып жіберіп, сөйлепті. Сөйлегенде бүй депті:
«Жолыңыз болады екен. Бақытты болады екенсіз. Жақын арада
даражаңыз артады екен. Өмір жасыңыз ұзақ болады екен...» — депті.
Оған ұлық мəз болып күліпті.
— ...Əйел сүйе ме екен мені?.. Қазір мені жақсы көретін əйел жоқ па
екен? Соны айтшы!..—депті.
Сол қаланын бір Ланшукова деген орыс қызының соңынан Сербов пен
гарнизон бастығынын жарыса жүгіріп жүретінін Құсайын білетін.
Құсайын тұқиып құмалақты қайтадан тартып жіберіп, күбірлепкүбірлеп, құмалақтарды қолымен араластырып мылқауша мыңқылдап
жіберіпті.
— Өзіңізді əйелдің шындап ұнатпаған жері болған жоқ екен. Қазір
Ақмолада талай əйелге ұнайды екенсіз. Əсіресе бір қара көзді сұлу сұрша
қыз сізге ғашық екен. Бірақ ғашықтығын анықтап айта алмай жүр екен.
Өйткені ол əйелге сізден басқа да бір адам құмар екен. Құмарлығын əйелге
сездіріп жүр екен,—депті.
Гарнизон бастығы ұшып түрегеліп, секіріп қуаныпты. Құсайынның
аркасына қағып, шатырда отырған түрменің бастығына қарап:
— Мынау бір ақылды қазақ екен!.. Мен енді бұны тез босаттырам! —
депті.

 
Міне, содан кейін екі-үш күннен соң Құсекеңді түрмеден босатқан.
Міне, Құсайынның босауында осындай əңгімелер болған.
Байсейіт екеуміз ақылдасып, қашпақ болдық. Қазақша киімдер
алғыздық. Бір күні таңертең мен беті-қолымды жуғанымша
бақылаушылардың бастығы асықтырып, жолдастарым бақшаға кетіп
қойды. «Қап!» — деп мен бара алмай қалдым. Дəл сол күні қашуға анықтап
сөз бекітпек едік. Кешке шейін тықыршып отырдым. Кешке жолдастардың
Байсейіттен басқасы жұмыстан қайтты. Байсейіт қашып кетіпті.
Түрмедегі жолдастар елеңдеп қалды. Кейбіреулері Байсейіттің кеткеніне
ренжіді. Кейбіреулері «ұстап алмаса игі еді» деп қауіптеніп отырды.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Тар Жол, Тайғақ Кешу - 17
  • Büleklär
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3972
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2013
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3904
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1996
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3838
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1924
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3608
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1776
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3648
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2033
    30.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3435
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1828
    26.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3557
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1757
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3681
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1933
    32.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2117
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3724
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2085
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3813
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2056
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3568
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1808
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3623
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1869
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3682
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1929
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3821
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2006
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3799
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1969
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3530
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1883
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3815
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1901
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3875
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2023
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3749
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1788
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3954
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1853
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3804
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1970
    32.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3889
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1937
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3923
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3921
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2114
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3963
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2044
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3985
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1960
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3722
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1980
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 3755
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2084
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3587
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2183
    28.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 2577
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1633
    25.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.